Мұрагерлік құқықтың түрлері



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 23 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3

І тарау. Мұрагерлік құқықтың түсінігі және мұрагерлік құқықтық
қатынас...5

1. Мұрагерлік құқық институтының пайда болуы мен
дамуы ... ... ... ... ... ... ... .. 5
2. Мұрагерлік құқықтық қатынастың түсінігі және оның
элементтері ... ... ... ... 6
3. Құқықтық мирасқорлықтың түсінігі мен
мәні ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .8

IV тарау. Мұрагерлік құқықтың тарихтағы
көрінісі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 9
2.1. Рим құқығындағы мұрагерлік
қатынас ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... .9
2.2. Қазақ қоғамындағы мұрагерлік
құқық ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
..12

ІІІ тарау. Мұрагерлік құқықтың
түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
.15
3.1. Өсиет бойынша және заң бойынша мұрагерліктің ережелері мен
ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...15
3.2. Өсиеттің нысаны. Құпия
өсиет ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... .16
3.3. Ұсыну құқығы бойынша мұрагерлік және мұрадағы міндетті
үлес ... ... ... ... ...18

IV тарау. Мүліктің жеке түрлеріне мұра қалдырудың
ерекшеліктері ... ... ... ...19
4.1. Мүліктік құқық және мүліктің жеке түрлерін мұраға
қалдыру ... ... ... ... ... ... ...1 9
4.2. Мұрагерлердің құқықтарының пайда болу
мәселелері ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ...20

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 21

Қолданылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ..23

КІРІСПЕ

Қазақстанда 1990 жылдардың басындағы экономикалық, саяси, әлеуметтік
жағдайлардың күрт өзгеруі, құқықтық реттеулерге де әсерін тигізбей қоймады.
Еліміздегі соңғы жылдардағы оқиғалар, бүтіндей тұтас құқықтық реттеулердің,
соның ішінде мұрагерлік құқықтық реттеу қажеттілігінің әлдеқашан пісіп
жетілгенін байқатты. Құқықтық мемлекетімізде және ашық демократиялық
қоғамымызда, азаматтық-құқықтық қатынастарға қатысушылар шеңберінің едәуір
ұлғайғанын, сонымен қатар азаматтық-құқықтың жеке құқықтық институттарының
көбейгенін, азаматтың жеке меншігінде болатын мүліктің саны мен құны
шектелмейтінін (ҚР-ның АК-нің 191 бабының 1,2 тармақтары), сонымен қатар
т.б. жағдайлардың көз алдымызда қарқынды түрде қалыптасуын байқаймыз.
Осының барлығы күнделікті тіршілікте және заңда белгіленген ережелерге
қарама-қайшылық туғызатыны сөзсіз.
Кез келген қайта құру түрі, ең алдымен идеологиялық, әлеуметтік,
психологиялық тәсілдер мен қағидалардан көрініс табады және көптеген
сұрақтардың туындауына алып келеді. Оның бірі әрі қарай дамудың жолы қалай
болмақ, қоғамдық өмірдің қайта құруы қандай мақсатта жасалмақ деген
әлеуметтік-экономикалық, саяси, құқықтық-қатынастар, әдет-ғұрып, діни негіз
дәстүрлері әсерінен қалыптасқан қоғам дамуының ерекшеліктерін ескерместен
өмір сүре алмайды. Мемлекет экономиканы реформалау барысында монополиядан
бас тартып, жеке меншікке ауысуы Қазақстанның экономикалық реформасының
маңызды бағытына айналды және ол мұрагерлік құқық институтына әсерін
тигізді.
Құқық нормаларының ескіруі құқық қолдану тәжірибесінде коллизияның
пайда болуына әкеп соқтыратыны, сонымен қатар іс жүзінде азаматтардың
мүдделерін толық көлемде жүзеге асырумен және оны қамтамасыз етуге кері
әсерін тигізетіні жасырын емес. Ұзақ уақыт қолданыста болған Қазақ КСР-нің
АК-сі шаруашылық үрдістерді басқарудың тоталитарлық үлгісінен нарықтық
үлгісіне ауысу жағдайында жаңа уақыт талабына жауап бермейтін дәрежеге
жетті. Осыған орай, Конституциямызға және бүтіндей дерлік құқық салаларына,
соның ішінде мұрагерлік құқықты реттейтін заңдарға да жаңа ережелер
енгізілді. Айта кететін жағдай, егер Қазақ КСР-нің АК-нің VIII Мұрагерлік
право бөлімі 35 баптан тұрса, қазіргі ҚР-ның АК-нің VI Мұрагерлік құқық
бөлімі 48 бапты қамтиды. Яғни, мұрагерлік құқық ережелеріне жаңа заман
талабына сәйкес бірнеше жаңа баптар енгізілді.
Мұрагерлік мүліктік қатынастарды құқықтық реттеу конституциялық,
азаматтық-құқықтық нормасы бойынша өзінің мұра қалдыру мүмкіндігін және
азаматтың қайтыс болған жағдайда өзіне тиесілі мүлкін өз ықтиярымен билік
ету бойынша өсиет қалдыруы, не болмаса заңды мұрагерлік бойынша
мұрагерліктің жүзеге асуы, сонымен қатар осы мәселелер бойынша өзге
тұлғалардың мүлікке қол сұғуынан құқықтық қорғау тәсілдері бекітілген. ҚР-
сы Конституциясының 26 бабына сәйкес: 1. Қазақстан Республикасының
азаматтары заңды түрде алған қандай да болсын мүлкін жеке меншігінде ұстай
алады.
2. Меншікке , оның ішінде мұрагерлік құқығына заңмен кепілдік
беріледі, -деп көрсетіліп, бекітілген. Яғни, азаматтардың мұрагерлік
құқығы заң жүзінде танылады және сақталады.
Жалпы мұрагерлік құқықтың өсиет бойынша және заңды мұрагерлік құқық
мәселелеріне арналған құқықтық нормалар заң шығарушылардан дәлділікті, ой-
тұжырымдарының анықтығы мен айқындығын талап етеді. Бұл әрбір азаматтың
басқа да мүдделерін қорғайтын мұрагерлік ерекшелігімен байланысты.
Мұрагерлік институттың консервативтілігі соншалық, оған қандай да бір
маңызды өзгерістерді қолдану мүмкін емес, себебі оны қайта қалпына келтіру
қиынға соғады. Дегенмен де уақыт өз толықтыруларын енгізіп отыр, бұл
өмірдің өзгеруімен, сондай-ақ адамдардың өз талаптарының өзгеруімен де
байланысты. Мұндай жағдайда қоғамда болып жатқан өзгерістерге
соқтықпайынша, мұрагерлік құқық институты өзгеріссіз қалуы мүмкін емес. Ол
барлық құқық сияқты бүтіндей жаңа уақыттың және жаңа саясаттың талаптарына
жауап беруі керек. Аталған мәселелер теориялық деңгейде өңделмесе,
мұрагерлік құқықтық қатынастарды реттейтін азаматтық заңдарды толық
жетілдіру процесі қиындайды.
Жоғарыда айтылған мәселелер және теориядағы мұрагерлікке қатысты өзге
де мәселелер, заңдар мен тәжірибелер ғылыми-теориялық зерттеулерге мұқтаж.
Сонымен қатар мұрагерлік құқық институтында құқықтық реттеулерді толық
жетілдіру бойынша, соның ішінде меншік құқығына ие болу және т.б.
мұрагерлік құқық институтына қатысты өзге де мәселелерді өңдеу және оған
баға беру керек. Мұрагерлік қатынастарды реттейтін негіздердің жүйесін
дамыту мәселелерінің мәнін түсіну қажет, сонымен қатар нотариалды және сот
тәжірибесінде азаматтардың мұрагерлік құқығын жүзеге асыру кезінде пайда
болатын мәселелердің онды жолдарын табу қажет.
Демек, зерттеу жұмысының өзектілігі мұрагерлік институтын жан-жақты
және терең теориялық зерттеу қажеттілігінің алдын ала анықтау, сонымен
қатар осы салада пайда болған құқықтық мәселелерді кешенді шешу болып
табылады.
Берілген тақырыптың маңыздылығы бойынша курстық жұмыстың мақсаты
мұрагерлік құқық институтының даму тенденциясын білу болып табылады, яғни
қазіргі мемлекеттің даму кезеңі мен кеңес дәуіріндегі мұрагерлік туралы
заңнамаларды салыстыру және мұрагерлік құқықтың өзекті мәселелері жан-жақты
талдап зерттеледі.
Аталған мақсатқа жету үшін келесідей міндеттер қойылады:
- Мұрагерлік құқықтың тарихын зерттеу негізінде өсиет бойынша және заң
бойынша мұрагерліктің қалыптасуымен даму ерекшеліктеріне талдау жасап,
олардың өзекті мәселелерін анықтау;

- Кез келген қайтыс болған адам мұра қалдырушы болмайды, яғни
азаматтың тірі кезінде оған тиесілі болған мүліктің мұрагерлеріне
ауысуын қарастыру;

- Мұрагерлік құқықтық қатынастың құрылымын саралау;

- Өсиет қалдырушының өсиетті құруға байланысты пайда болатын
мәселелеріне талдау жүргізу,

- Мүліктің жеке түрлерін мұраға қалдыру ерекшеліктеріне талдау жүргізу;

- ҚР-ның мұрагерлік құқық туралы қазіргі қолданыстағы заңнамалар бойынша
сот тәжірибесіндегі істерді саралау және оны зерттеп білу.

Курсттық жұмыс өзімен бірге кріспені, төрт тарау мен қорытындыны қамтиды.

І ТАРАУ. МҰРАГЕРЛІК ҚҰҚЫҚТЫҢ ТҮСІНІГІ ЖӘНЕ МҰРАГЕРЛІК ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚАТЫНАС

1. Мұрагерлік құқық институтының пайда болуы мен дамуы

Әр қоғамдық құрылымда мұрагерлік құқықтың өзіндік орны бар. Құқықтық
институт ретінде мұрагерлік құқық рудың жіктелуінен, жанұяның жекеленуінен
бастау алды және осыған байланысты жеке меншік құқығының дамуы негізінде
пайда болды. Барлық әлеуметтік-экономикалық формацияда мұрагерлік құқықтың
меншік қатынасымен байланыстылығы байқалады.
Мемлекет пен құқық құрылғанға дейінде меншік (экономикалық мағынада)
бар болды, ал меншікке құқық тек мемлекет қалыптасқаннан кейін меншікке
құқық берілді, сол сияқты мұрагерлік құқықта мемлекет құрылғаннан кейін
пайда болды. Тарихи талдаулар жасауымыздың нәтижесінде бұл мұрагерлік
институты өзінің даму барысында мемлекет басқарулардың уақыты мен мақсатына
сәйкес көптеген өзгерістерге ұшыраған. Осыған сәйкес мұрагерлік мәселелерді
реттейтін ережелер өзгеріп отырды. Бұл өзгерістер көбіне мұрагерлік
кезектер мен тәртіптерге қатысты, мұрадағы міндетті үлес, мұрадан лайықсыз
мұрагерлерді мұрадан шеттету, сонымен қатар өсиетті билік ету
мүмкіншіліктерінің шектеулеріне байланысты болды.
Осыған орай, барлық саяси, экономикалық, әлеуметтік және идеологиялық
тарихи өзгерістер жалпы құқыққа, соның ішінде мұрагерлік құқыққа әсерін
тигізіп отырды.

2. Мұрагерлік құқықтық қатынастың түсінігі және оның элементтері

Заң ғылымында құқықтық қатынас күрделі жүйе ретінде қарастырылады, ол
жеке-жеке үш элементтерден тұрады. Олар: субъект, объект (пән) және мазмұн
(субъективтік құқық пен міндет).
Мұрагерлік құқықтық қатынастың субъектісі мұрагерлік құқықтық қатынасқа
қатысушы тұлғалар, яғни мұра қалдырушы мен мұрагер болып табылады.
Мұрагерлік құқықтық қатынастың объектісі мұрагерлік құқықтың негізіне
сәйкес, мұра қалдырушының мүліктік жиынтықтарының (соның ішінде мүліктік
құқығы мен міндеті) бірыңғай тұтас нәрсе ретінде мұрагерлеріне ауысуы болып
табылады.
Өсиеттік бас тартылушылар (легаттар) дербес субъект бола алмайды.
Нотариус қатысты субъект болып табылады.
Мұрагерлік құқықтық қатынас құрамының үшінші элементі мазмұн болып
табылады. Мұрагерлік құқықтық қатынастың мазмұны ҚР-ның АК-де белгіленген
мұрагерлік құқыққа қатысушы тараптардың құқығы мен міндетінің жиынтығы.
Мұрагерлік құқық субъектілердің одан әрі қарай заңдық қатынастарда
тағдырын анықтау, осы қатынасқа құқығы бар тұлғаларды анықтау үшін тұлғаның
қайтыс болуына байланысты пайда болатын құқықтық қатынастардың сипатын
сараптауымыз қажет. Революциядан бұрын орыс цивилистері заңдық қатынастарды
(қазіргі құқықтық қатынас) субъективтік құқық деп түсінген, яғни өзге
тұлғалардың қажеттерін қанағаттандыруды қамтамасыз етуді жүзеге асырған, ол
екі тұлға арасындағы байланыс сияқты, өзара талаптар мен міндеттерді
белгілеген. Қазіргі уақытта құқықтық қатынастарға қатысушы тұлғалардың
құқықтары мен міндеттерінің өзара байланысын айтуға болады. Осыдан
мұрагерлік құқықтық қатынасты түсіндіруге болады. Яғни, қайтыс болған
азамат (мұра қалдырушы) мүлкінің басқа адамдарға (мұрагерлерге) ауысуына
байланысты реттейтін қоғамдық қатынастар.
Мұрагерлік құқықтық қатынастың субъективтік құрамын сипаттаған кезде,
сонымен қатар осы субъектілердің құқықтық қатынастарымен, олардың құқықтық
статусы туралы айтатын болсақ, ең алдымен ҚР-ның АК-дегі осы субъектілердің
нақты нормаларда қалай аталатынына тоқталайық. Мұрагерлік құқық бойынша
ауысатын мүлік иесінің аталуы әртүрлі. Бір жерде қайтыс болған азамат ҚР-
ның АК-нің 1038 бабында, кейбір жерде мұра қалдырушы ҚР-ның АК-нің 1040
бабы, 1042 бабы, 1043 бабы, 1044 бабы, 1045 бабы және т.б., кейбір жерде
өсиет қалдырушы ҚР-ның АК-нің 1046 бабы, 1047 бабы, 1048 бабы және т.б.
деп көрсетілген. Бір баптың өзінде екі түрлі атаумен де аталатын ержелер
кездеседі. Мәселен, ҚР-ның АК-нің 1046 бабында өсиет қалдырушы және мұра
қалдырушы деп көрсетілген. Бұл жағдайлар құқық қолдану кезінде бірдей
талқылауда кедергі жасауы мүмкін. Әрине бұл сөздер бір тұлғаға қатысты
екені түсінікті, дегенменде құқық қолдану органдардың, әсіресе соттардың
шешімі кезінде, мұндай жағдайларды жібермеу керек. Өйткені азаматтық заңның
өзінде бұл келеңсіздікке қатысты арнайы бап қарастырылады. ҚР-ның АК-нің 6
бабына сәйкес, Азаматтық заң қалыптары оларда айтылған сөдердің дәлме-дәл
меніне сәйкес түсінілуі тиіс. Заң қалыптарының мәтінінде қолданылған
сөздерді әр түрлі түсінуі мүмкін болған жағдайда Қазақстан Республикасы
Конституцияның ережелеріне және азаматтық заңдардың осы тарауда, ең алдымен
оның 2 бабында баяндалған негізгі қағидаттарына сай келетін түсінікке
басымдық беріледі деген.
Қайтыс болған азамат, мұра қалдырушы, өсиет қалдырушы ұғымдарын
бірыңғай түсіндірсек. ҚР-ның АК-нің 1046 бабында, қайтыс болған азаматты,
2 ұғымда көрсетсек, яғни мұра қалдырушы және өсиет қалдырушы.
Нақты тоқталып өтсек, ҚР-ның АК-нің 1046 бабының 6 тармағында, мұра
қалдырушы жасалған өсиеттің оны жасағаннан кейін кез келген уақытта күшін
жоюға және өзгертуге ерікті және күшін жоюдың немесе өзгертудің себебін
көрсетуге міндетті емес деген. Мұнда мұра қалдырушы ұғымы тектік
мағынада айтылады. Себебі, қайтыс болған азамат өсиет қалдырғанымен, оны
қайта өзгертуге болады деген сөз, қайтыс болған азамат өсиет қалдырмауы да
мүмкін дегенді білдіреді.
Өсиет қалдырушы ұғымы тек өсиет қалдырған азаматқа қатысты айтылады,
мұраға қатысты түрлі ұғымда айтылып тұр. Өсиет қалдырмай, қайтыс болған
адамды немесе мұра заңды мұрагерлік негізде жүзеге асатын болса, қайтыс
болған азаматты өсиет қалдырушы деп айта алмаймыз.
ҚР-ның АК-нің 1046 бабының 7 тармағына сәйкес, мұра қалдырушының
өсиетте өзі мұрагер етіп тағайындаған адамдарға, олар қайтыс болған
жағдайда өз кезегінде өсиет еткен мүлікті белгілі бір түрде билік еті
міндетін жүктеуге болады, деген. Мұнда мағынасына қарай түрлі ұғымға
қатысты айтылғандықтан мұра қалдырушы ұғымын өсиет қалдырушы ұғымына
ауыстыру ұсынылады. Себебі, мұнда тек өсиетке қатысты, өсиет бойынша
туындайтын құқықтық қатынастар туралы айтылып тұр.
Бұл жерде Мұра қалдырушы тектік ұғымда, ал өсиет қалдырушы, қайтыс
болған азамат және т.б. түрлі ұғымда айтылады.
Тектік ұғым жалпы түп негізін кең ауқымды түсіндіретін ұғым. Түрлі ұғым
тектік ұғымның белгілі бір бөлігі ретінде түсіндіріледі.
Сонымен, мұрагерлік құқықтық қатынастардың субъектілеріне қатысты Мүра
қалдырушы ұғымы өсиет қалдырушы, қайтыс болған азамат және т.б.
ұғымдарына қарағанда тектік мағынада берілген.
Бұл бөлімшеде, сонымен қатар мұраның ашылуы, мұраның ашылу орны,
лайықсыз мұрагер мәселелері қарастырылады. Осы мәселелерге қатысты келесі
мән-жайларды айтуға болады. Біріншіден, мұрагерлік мүліктік құқықтық
қатынастардың жиынтығы нақты заңды фактілерге байланысты –мұра қалдырушының
өлімі. Екіншіден, мұраның ашылу уақытына анықтама бере отырып, заң
шығарушылар коммориенттерге қатысты ережелерде бірнеше мәселелердің шешуін
тапқан, мысалы, бір күнде қайтыс болған адамдар бірінен кейін бірі мұрагер
бола ала ма жоқ па немесе мұраның ашылу орны бойынша жаңа критерийлер
ұсынылған. Үшіншіден, бұрынғы Қазақ КСР-нің АК-нің заңдарына қарағанда
лайықсыз мұрагер деп танылған тұлғаларға қатысты ережелер нақты, түсінікті
және олардың кінәлары анықталынған. Мұрадан лайықсыз мұрагерлерді шеттету
үшін ниет негіз болып табылады.

3. Құқықтық мирасқорлықтың түсінігі мен мәні

Зерттеу барысында байқағанымыздай , тірі кезінде барлық құқықтық
қатынастарға қатысушылар оның қайтыс болуымен байланысты тоқтатылады.
Азамат қайтыс болғаннан кейін басқа субъектіге (құқықтық мирасқорға) мұра
қалдырушының құқығы мен міндетінің ауысу қажеттілігі пайда болады. Мұндай
құқықтық мирасқорлық кезінде құқық берушінің құқығы мен міндеті құқық
қабылдаушы мирасқорға ауысуының заңдық орны бар екенін айта кету керек.
Субъективтік құқықтың ауысуы (құқық пен міндет) құқықты қабылдаушы
тәртібімен бір тұлғадан екінші тұлғаға ауысады.
Құқықтық қатынастың субъективтік құрамының өзгеруі кезінде құқықтық
мирасқорлық өрбиді, бұл кезде бұрынғы және жаңа құқықтық қатынастардың
өзара байланысының орны байқалады.
Мұрагерлік құқықтық қатынастардың құқықтық реттелуінің негізгі мақсаты
мұра қалдырушының мүлкінің мұрагерлеріне заңды негіздерге сәйкес ауысуы
болып табылады. Мұрагерлік құқықтық мирасқорлықтың мағынасы меншік иесі
қайтыс болған кезде оған тиесілі мүліктің мұрагерлеріне ауысуы болып
табылады. Азаматтың әмбебап құқық мирасқорлығы мұрагерлік кезінде орын
алады және бұл құқықтық мирасқорлық мұрагерлік институттың негізі болып
табылады.
Әмбебап құқық мирасқорлықтың тағы бір ерекшелігі, мұрагер мұрагерлік
құқық бойынша ауысатын мүліктің белгілі бір бөлігін қабылдап не мүліктің
бір бөлігінен бас тарту емес, ол бүтіндей дерлік бірыңғай тұтас нәрсе
ретінде мұрагерлік мүліктің бірақ мезгілде мұрагерлеріне ауысуы.
Әмбебап құқық мирасқорлыққа қарама-қарсы сингулярлы құқықтық
мирасқорлық тауар ауыстыру (сауда-саттық) қажеттілігі салдарынан пайда
болған. Сингулярлы құқықтық мирасқорлықтың әмбебап құқықтық мирасқорлықтан
айырмашылығы барлық құқықтары мен міндеттерінің жиынтығына ие болмайды, ол
тек бір немесе бірнеше қандайда бір жеке құқыққа ие болады не құқық
берушіге тиесілі болған құқық пен міндеттің жиынтығынан жеке бір құқық пен
міндеттің ауысуы қарастырылады. Бұл жағдай, егер мұра қалдырушының
мұрагерге үшінші жақтың пайдасына нақты міндеттемені жүктеуге қатысты
айтылады.
Кейбір авторлар, мұрагерліктің тек әмбебап нысаны болу керек дейді,
яғни өсиеттік бас тарту кезінде қайтыс болған азаматтың жеке құқығы
мұрагерлік болмайды, деп көрсетеді. Бұл сингулярлы құқық талаптарына сәйкес
жүзеге асырылады және ол тек өсиет бойынша мұрагерлік құқықтық қатынасқа
байланысты. Бұған мысал, өсиет қалдырушы өз өсиетінде мүлікті бір (бірнеше)
мұрагеріне өсиет құра отырып, үшінші жақтың пайдасына қандайда бір мүлікке
құқық қалдыра алады.
Сонымен мұрагерлік, әмбебап құқық мирасқорлық мұрагерлік құқық
институтының негізі болып табылады. Кейбір жағдайда әмбебап құқық
мирасқорлық талаптардан басқа, сингулярлы құқықтық мирасқорлық (өсиеттік
бас тарту) талаптарымен жүзеге асады.

ІІ ТАРАУ. МҰРАГЕРЛІК ҚҰҚЫҚТЫҢ ТАРИХТАҒЫ КӨРІНІСІ

2.1. Рим құқығындағы мұрагерлік қатынас

Рим құқығында мұрагерлік институты ерекше орынға ие. Мұрагерлік
институты рим заңгерлерімен өнделген институт болды. Рим заңгерлері
көптеген түсініктер мен ережелерді өндеді. Мұрагерлік –қайтыс болған
адамның мүлкінің бір немесе бірнеше тұлғаға өтуі. Мұрагерліктің нәтижесінде
әмбебап құқыққабылдаушылық болады. Осы кезде рим құқығы сингулярлық
құқыққабылдаушылықты да білді. Сингулярлық құқыққабылдаушылық бойынша
мұрагерге мұрагердің барлық құқықтары емес, кейбір құқықтары ғана өтеді.
Мұрагерлік құқықтың нормалары мүлікке ие болу тәсілдеріне жатады. Рим
заңгерлерімен мұрагерлік құқықтың қажетті мұрагерлік, мұрагерлік
трансмиссия, өсиеттен бас тарту, ұсыну құқығы сияқты мұрагерлік құқықтың
институттары өңделді.
Рим мұрагерлік құқығының дамуының қалыптасу кезеңін төртке бөлуге
болады: цивильдік құқық бойынша (hereditas), преторлық эдикт бойынша
(bonorum possessio), императорлық заңдар және Юстиниан заңдары бойынша.
Цивильдік құқық бойынша мұрагерлік. Римде, барлық жерлердегі сияқты
мұрагерліктіің пайда болу мерзімі бойынша мұрагерліктің негізі заң бойынша
мұрагерлік болды (hereditas legitima). Бұл бойынша мүлік отбасында қалып
отырды.
Рим мұрагерлік институтының сипаты, оның әр кезеңде де: nemo pro parte
testatus, pro parte intestatus decedere potest –бір адамның мүлкі бір
мезгілде өсиет бойынша мұрагерлік және заң бойынша мұрагерлікпен берілуі
мүмкін емес –деген ережемен анықталады.
Мұрагерлік құқығының бұл кезеңде дамуы өсиет қалдырудың еркіндік
қағидасының айқын болуымен ерекшеленеді. Когнаттық туыстық бұл кезеңде заң
бойынша мұрагерлікке құқық бермеді.
Преторлық құқық бойынша мұрагерлік. Цивильдік мұрагерлікпен қатар
преторлық мұрагерлік бекітілді. Бұл туралы Цицеронның шығармаларында
айтылған. Мұрагерлікке қатысты реформалар претормен республика кезеңінде
басталып принципат дәуірінде аяқталды.
Агнаттық туыстыққа байланысты өмірдің жаңа сұрақтары барлық әлеуметтік-
экономикалық құрылымның өзгеруі претормен ескеріліп, қандық бойынша туыстық
заң бойынша мұрагерліктің негізі бола отырып, алғаш рет преторлық құқықта
танылды және император заңдарында көрініс тапты.
Претор мұрагерлік мүлікті иеленуге байланысты ерекше интердикт
–interdictum quorum bonorum-ді бекітті. Бастапқыда бұл интердиктіні претор
наразылықты қарағаннан кейін цивильдік құқық бойынша кімді мұрагер деп
таныса соған берді. Мұндай жағдайда претор цивильдік құқықты дамытуға
байланысты қолдану мақсатында әрекет етті. Бірақ, жақын туыс мұрагерлікті
қабылдамаса, ол келесі туысқа өтпей иесіз болып қалатын немесе кез келген
тұлғаға берілетін, сондықтан осындай жағдайлардан арылу үшін және
мұрагерлік мәселесінің күрделілігіне байланысты претор мұрагерлік иеленуді
bonorum possession берді, яғни мұрагерлік келесі туыстарға берілді. Бұл
жағдайларда претор цивильдік құқықты толықтыру үшін әрекет етті.
Кейін, bonorum possession эмансипацияланған балаларына, яғни әкесінің
билігінен шыққан балаларына және мұрагерліктен шеттетілген балаларына
берілді. Бұл жағдайда да претор цивильдік құқықты түзету үшін, когнаттық
туыстықты заң бойынша мұрагерлікпен байланыстырды.
Осылайша мұрагерліктің цивильдік жүйесімен преторлық жүйе қалыптасты.
Цивильдік норманың ескірген нормаларының орнына преторлық қағидаларға
негізделген норма келді.
Император заңдары бойынша мұрагерлік. Мұрагерлікке принципат дәуірінде
әсіресе империя дәуірінде көп көңіл бөлінді. Осы кезеңде мұрагерліктің
преторлыө жүйесінің негізгі бастамалары бекітілді.
Император қаулылары және сенатусконсульттар қандық туыстық тенденциясын
дамытты және бұл аналық мұраға балаларының құқықтарын заңдандыруды
кеңейтті. Осы кезеңде ана тарапынан туыстарға мүлікті мұраға қалдыру
мәселелері қалпына келтірілді.
Юстиниан құқығы бойынша мұрагерлік. Мұрагерлік құқығының дамуы Юстиниан
новеллаларында аяқталды.
Өсиет бойынша мұрагерлік. Рим құқығында өсиет бойынша мұрагерлік заң
бойынша мұрагерлікке қарағанда кейінірек пайда болды. Ульпиан өсиетке
мынадай анықтама берді: Testamentum est mentis nostrae iusta contestation
in id sollemniter factum, ut post mortem nostrum valeat –Өсиет еркімізді
құқықтық білдіру, біз қайтыс болғаннан кейін әрекет ету үшін жасалған.
Өсиет заңды нәтиже беру үшін мынадай талаптар қойылды: а) бекітілген
нысанды; б) белсенді өсиеттік құқыққа қабілетті тұлға жасауы; в) енжар
өсиеттік құқыққы қабілетті тұлғаны тұлғаның мұрагері деп бекіту.
Гайдың айтуы бойынша, ерте құқықта өсиеттің екі нысаны болған. Біріншісі
жылына екі рет шақырылатын халық жиналыстарында жасалды. Өсиет қалдырушы
ауызша нысанда өзінің еркін халыққа жариялады, мұрагерді тағайындады.
Сонымен қатар легат туралы билік ете алатын, әйеліне және балаларына
қамқоршы бекіте алатын. Екінші нысан бойынша өсиет жария түрде болды. Соғыс
кезінде өсиет қалдырушының еркі жауынгерлер алдында жарияланатын.
Өсиеттің екі нысанында кемшіліктер болды. Олар:
1) өсиеттің екі нысаны да жария түрде болды, бұл көп жағдайда өсиет
қалдырушының мүдделеріне сәйкес келмейтін;

2) бірінші өсиет жылына екі рет жарияланатын, ал екіншісі әскер құрамына
кірмейтін тұлғалар үшін, соның ішінде кәрі адамдар мен ауру адамдар
үшін қолы жетпейтін өсиет.

Аталған өсиеттің нысандары қолайлы болған жоқ және өмірдің
қажеттіліктерін қанағаттандыра алмады және тәжірибе тиісті қажеттіліктерді
қанағаттандырудың жаңа тәсілдерін манципацияны қолдану арқылы тапты. Осыған
байланысты рим құқығында өсиеттің үшінші нысаны пайда болды және ол
қорғасын мен таразының көмегі арқылы жүзеге асырылатын мұрагерлік деп
танылды.
Жоғарыда алғаш айтылған өсиеттің жалпы кемшілігі:
Familiae emptor өсиет қалдырушының барлық мүлкінің иесі болып танылды,
яғни ол heredis loco –мұрагер жағдайында болды. Бірақ оның міндеттерді
(nuncupatio) орындауы тек fides –адамгершілікпен ғана санкцияланған жоқ,
өсиетте бас тартылған кез-келген тұлға қоюға құқығы бар талаппен де
санкцияланды. Бірақ, familiae emptor өсиет пен өсиет пайдасына жасалған
тұлғаның арасындағы заңды құрал болды.
Уақыт өте келе өсиеттің жазбаша нысаны ауызша нысанды ығыстырып
шығарды. Доминат кезінде өсиеттің жаңа жария нысаны пайда болды: соттың
алдында жарияланған өсиет және императорға сақтауға берілетін өсиет.
Өсиет заңды күшке ену үшін, өсиеттің нысанын сақтау жеткіліксіз,
сонымен қатар өсиеттік құқық қабілеттілік болуы керек.
Заң бойынша мұрагерлік. Заң бойынша мұрагерлік өсиет жарамсыз деп
танылған жағдайда немесе өсиет болмаған кезде қолданылады.
Мұрагерлік жүйесі ерте цивильдік құқық бойынша XII кесте заңдарының
ережелері бойынша анықталды: Si intestate moritur, cui suus heres non
essit, agnatus proximus familiam habeto. Si agnatus nec essit, gentiles
familiam nabento –егер кімде-кім өсиетсіз өлсе және өзінің мұрагерлері
болмаса, онда мұрагерлікті жақын агнат қабылдасын. Егер агнат та болмаса,
мұра туыс мүшесіне берілсін.
Осы ереже бойынша мұрагерлердің үш кезегі бекітілді. Претор эдиктісімен
мұрагерлердің төрт кезегі бекітілді. Мұрагерліктің дамуының соңғы кезегі
Юстиниан новелласы бойынша қорытындыланды. Юстиниан заңы мұрагерлікті
түпкілікті өзгертті. Новеллада 118 (543 ж.), кейіннен 127 (548 ж.)
новелламен мұрагерлік кезегін когнаттық туыстықпен анықтады.
Юстинианның новелласына сәйкес мұрагерлердің төрт кезегі болды. Бірінші
кезекте: ұлдары, қыздары ерте қайтыс болған балаларынан немерелері.
Немелері мен келесі дәрежедегі ұрпақтары ұсыну құқығы бойынша мұрагерлікке
ие болды. Бұл кезекте жынысына, әкесінің билігіне және туыстық дәрежесіне
қарамастан мұрагерлікке ие болды.
Екінші кезек бойынша мұрагерлік шақырылды, егер бірінші кезектегі
мұрагерлік болмаса. Оған әкесі, шешесі, атасы және әжесі, толық туыстар
және олардың балалары шақырылды. Бұл жерді толық туыстар дегеніміз әкесі
және ортақ туыстар. Үшінші кезек алдыңғы кезектегі мұрагерлер болмаған
кезде шақырылды. Бұлар толық емес ағайындылар және ерте қайтыс болған толық
емес туыстарының балалары. Толық емес туыстар әкесі немесе шешесіне ортақ
туыстар. Ал, олардың балаларын мұраға шақыратын, егер әке-шешелері қайтыс
болған болса, солардың үлесі ретінде. Төртінші кезек жанама туыстар
арасында шақырылатын.
Новеллада артында қалған жұбайының мұрагерлігі туралы ештене
айтылмаған. Юстиниан жүйесі бойынша енгізілген өзгеріс бойынша артында
қалған жұбайы мұрагер болады, соңғы кезек бойынша Бірақ, Юстиниан мынадай
ережені бекітті: табысы жоқ жесір (uxor indotata) кез-келген мұрагермен
қатар 100 фунт алтыннан аспайтын мөлшерде мұрагер бола алатын. Өз
балаларымен мұрагер бола отырып, ол узуфрукт алу құқығына да ие болды. Егер
барлық кезек бойынша мұрагерлер болмаса ол мемлекеттік қазынаға немесе
монастырға не шіркеуге өтетін.
Бастапқыда өсиет қалдырушы өзінің мүлкіне билік етуге қатысты шексіз
еркіндікке ие болды, бірақ біртіндеп өсиет қалдырушыға шектеулер беріле
бастады. Бұл шектеулер бойынша өсиет қалдырушы өзінің туыстарына қатысты
қамқорлық жүргізуі тиіс болатын. Осыған байланысты қажетті мұрагерлік
институты пайда болды.
Классикалық кезеңде жақын туыстары мұрадағы міндетті үлеске ие болды.
Мұрадағы міндет үлесі заң бойынша мұрагерлік бойынша қалдырылатын үлес
бойынша анықталды. Бұл үлес (portia debita ) легат жолымен де орнай
алатын.
Юстинианның 118 новелласында міндетті үлес мөлшерін көбейтті.
Үлкен патриархальдық отбасының ыдырауына байланысты агнаттық туыстық өз
маңызын жойды және мұрагерлер мұрагерлікке кезектілік бойынша шақырылды.

1.2 Қазақ қоғамындағы мұрагерлік құқық

Қазақ арасындағы әке мұрасы мен мұрагерлік құқық өз алдына бөлек сөз
етуді қажет ететін қызық мәселенің бірі. Бұл мәселеге ежелден бері көңіл
бөлінуде, тіпті Тәуке ханның Жеті жарғысында да ол көрнекті орын алған.
Қазақ қазақ болғалы әке артында қалатын мұраға жазба түрде өсиет
қалдыру дәстүрі болған, өкінішке қарай сол өсиет жазылған деректердің бір
де бірі біздің заманымызға келіп жетпеген. Жазба өсиетпен қатар куәлар
алдында марқұмның өлер қарсанында ауызша айтатын өсиеті болған. Мұрагерлер
өсиетті бқлжытпай орындауға тырысатын. Осы әдет-ғұрыптар жөніндегі деректер
төңкеріске дейінгі көптеген авторлардың баяндауы мен архив өоймаларында
жақсы сақталған. Қазақтың әдеттік хұқы бойынша әке мұрасына иелік ететіндер
марқұмның балалары, әйелдері, аға-інілері, жақын туыстары, қала берді
аталас ағайындары болатын. Мәселен, 1907 жылы Баянауыл аймағында өмір
сүрген баласыз Дүржан деген кісі өлгенде оның көптеген малына, мүлкіне аға-
інілері, олардың балалары, тағы өзге туыстары мұрагерлік еткен. Оның қара
шаңырағы мен жас тоқалына інісінің баласы ие болған.
Осындай әдеттік құқықтың қазақ арасында күшті болуының салдарынан
меншігіндегі мал-мүлкін өнер алдында өз туысынан басқа бөтен адамға
қалдыруға қақысы болмаған. Тіпті өлер алдында тікелей мұрагері
болмағандықтан, мал-мүлкін түгелдей бөтен рудың біреуіне қалдыруға өсиет
еткеннің өзінде марқұмның руластары бұл мәселені билер алдына қояды. Ал,
билер мұндайда мұраны өлген адамның руына қалдырып, өсиет етілген адамға
жолын беріп риза ететі. Кейбір жағдайда қимас досына мұра есебінде бергісі
келген малын, затын өз мұрагерлеріне тапсырып кетуге ерікті болған. Мұндай
өсиетті кезінде жақсылығы өткен сыйлас досына тіршілігінде қаруын қайтара
алмай дүниеден өтетін адамдар ана дүниеде қарыздар болмау үшін де
жасайтын. Бұл өсиет ешбір қалтқысыз орындалатын.
Өлген әкенің артында мұра есебінде мал, жер-су (қыстау), үй-жай, мүлік,
ақша және жесір қалады. Тіпті ертеректе әке мұрасына құл мен күң де енетін.
Мұндай мұраны әке өлгеннен соң бөлісу мәселесі әр түрлі жағдайларға
байланысты орындалатын. Ол жағдайлар негізінен өлген адамның жасына
байланысты болатын.
Егер әке орта жастан асып, немесе қартайып өлген уақытта ол өзінің
тіршілігінде артында қалатын мұрагерлеріне тиісті үлесін беріп, ұлын қяға,
қызын қыяға қондырып үлгірген жағдайда қара шаңыраққа, мал-мүлкіне
ешкімнің дауы болмай, оған енші алмаған кенже баласы түгелдей ие болады.
Мұндай жағдайда әке артында тірі қалған шеше алдына екінші рет күйеуге шығу
мәселесі к.н тәртібінде болмайтындықтан, мирас қатарынан шығып қалады да,
кіші баласының үйінде отыра береді.
Тіршілігінде көп әйел алып, олардың еншісін әуелден бөлек ұстаған
жағдайда, мұраны әр әйелдің бөлінбеген кенже баласы иемденетін. Әйелдер
және олардан туған балалар арасында да мұра үшін дау-шар болмайтын. Егер
әйелдердің ішінде жасы болса, ол әмеңгерлік әдеті бойынша жақын әмеңгерінің
біріне өзіне тиісті үлесімен тұрмысқа шығатын. Мұндай әйелдердің жас
балалары болса олар да өзімен бірге болатын.
Әке жастай өліп, артында жас балалары мен жас келіншегі қалса,
жоғарыдағы айтылған әмеңгерлік әдет бойынша өлген адамның бірге туған ағасы
не інісі, ондай туысы болмаса немере, шөбере туысқандары, қала берді аталас
ең жақын жанашыры жеңгесіне үйленіп, балаларын өз қамқорлығына алатын да,
мал-мүлікке заңды түрде иелік ететін. Жесір қалған ана күйеуге шықпай,
балаларын бағып отыра берем десе, оған зорлық жасамайтын. Бүкіл туыстар
болып жетім қалған балалар мен жесір келін не жесір жеңгеге қамқорлық
жасайтын. Жесір әйел әмеңгерлік әдетке мойынсұнбай, басқа біреуге өз
еркімен тұрмысқа шыққысы келсе, немесе төркініне кетпек болса, оған өзінің
киім-кешек, төсек орны мен мінер атынан басқа ештеңе берілмейді. Әрине
төркінінен келген жасауынан сақталғандары болса, оған ешкім таласпайтын.
Бірақ тиетін күйеуінің айып ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Құқық және заң. Мұрагерлік құқық
Мұрагерлік құқық
Мұрагерлік құқықтың жалпы ережелері
Мұрагерлік құқықтық қатынастың құрылымын саралау
Мұрагерлік құқықтың түсінігі және мұрагерлік құқықтық қатынас
Қазақстан Республикасының заңнамасы бойынша мұрагерлік қатынастар мәселесі.
Халықаралық жеке құқықтың әдістері
Англияның азаматтық құқығының негіздері
Мұрагерлік құқық қатынастарының пайда болуының негізі мұра
Мұрагерлік құқық ұғымы және түрлері
Пәндер