Оқытудың педагогикалық технологияларына сипаттама
МАЗМҰНЫ.
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 2
1. Оқытудың педагогикалық технологияларына
сипаттама ... ... ... ... ... ... 4
1.1 Оқытудың жаңа технологияларын білім салаларында
қолданудың
ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... .8
1.2 Оқытудың жаңа технологияның ерекшелігі мен
тиімділігі ... ... ... ... ...9
1.3 Оқытудың жаңа технологиясы мен оқушылардың даму
мониторингі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... .14
2. Оқытудың жаңа технологияның дифференциалды және дербес
деңгейлік
принциптері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... .17
2.1 Жаңа технологиялардың сабақта
қолдану ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... 20
2.2 Оқыту технологиясының
маңызы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... 21
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ..2 3
Қолданылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ..24
Кіріспе.
Оқытуды технологизациялау идеясының пайда болуы ең алдымен әртүрлі
теориялық және тәжірибелік іс-әрекет аймақтарына техникалық прогрестің
енуімен байланысты. А.С. Макаренко бүкіл әлемдік танымал “Педагогикалық
поэмасында”: “Біздің педагогикалық өндірісіміз ешқашан технологиялық
логикада құрылған жоқ, әрқашан рухани үгіттеу логикасы бойынша құрылған.
Тек сол себепті ғана бізде педагогикалық өндірістің барлық маңызды
бөлімдері жоқ: технологиялық процесс, операциялар есебі, конструкторлық
құралдарды пайдалану, нормалау, бақылау, енгізулер, теріске шығару”.
В.П. Беспальконың айтуынша әрбір іс-әрекет не технология; не өнер
болуы мүмкін. Өнер интуиция негізінде, технология – ғылым негізінде
құрылған. Өнерден бәрі басталады, технологиямен аяқталады, ал педагогикалық
іскерлікке онсыз айналып өтуге болмайды. Экспроматқа қарама-қарсы, интуиция
бойынша әрекет етуден жоспарланған технологиялық іс-әрекетке көшу болып
табылады.
Оқыту технологиясын жаппай ендіруді зерттеушілер 60-шы жылдардың
басына жатқызады және оны алғашында американдық, ал одан соң европалық
мектептің қайта өрлеуімен байланыстырады. Шет елдегі қазіргі заманғы
педагогикалық технологияларды неғұрлым танымал зерттеушілері: Дж. Кэролл,
Л.Н. Ланд, Ю.К. Бабанский, Л.М. Эрдиев, Н.П. Раченко, Л.Я. Зорина, В.П.
Беспалько, М.П. Хомерики және басқалардың ғылыми еңбектерінде көрсетілген.
Қазіргі уақытта технологиялар білім берудің бір түрі ретінде
қарастырылады және психодидактика, қоғамдық психология, кибернетика,
басқару және менеджмент теорияларында бағаланады.
Бастапқыда көрсетілген педагогтар оқыту технологиясы, оқу
технологиясы және педагогикалық технология арасында өзгешелік қоймады.
“Педагогикалық технология” термині тек қана оқытуға байланысты қолданылады,
ал технологияның өзі техникалық құралмен оқытуды түсіндіріледі. Бүгін
педагогикалық технологияны, педагогикалық мiндеттердi шешумен байланысты,
педагогтің жалғастырмалы жүйедегі іс-әрекеті ретінде немесе алдын-ала
жобаланған педагогикалық процестің тәжірибе де тұрақты және жалғастырмалы
шығаруы ретінде түсіндіріледі. Педагогикалық технология туралы бұндай
көріністер былай анықталады:
Өте жоғары деңгейде теориялық дайындығы және бай тәжірибесі бар
мамандардың әр түрлі таңдаулы педагогикалық технологияларды дайындау
мүмкіндіктері;
Мақсатқа сай педагогикалық технологияларды өзіндік таңдау
мүмкіндіктері, мұғалім және оқушылар іскерліктерінің өзара байланысты
мүмкіндіктерімен және шарттарымен байланысты.
Педагогикалық технология – педагогикалық іскерліктердің жетістігіне
жеткізетін ғылыми жобалау және нақты өндіру. Сонымен педагогикалық процесс
белгілі жүйе принциптерінде құрылатын болғандықтан, педагогикалық
технология сыртқы және ішкі болып бөлінеді. Осы принциптерді жалғастырмалы
орындау олардың объективті қарым-қатынасында және педагогтің т ұлғасын
толық көрсететін жинағы ретінде қарастырылуы мүмкін.
Көптеген уақыттар желісінде технология түсінігі педагогикалық
ұғымдар қорынан тыс қалып келді. Шынайы мәні (шеберлік жөніндегі ілім)
педагогикалық міндеттерге: педагогикалық процесті сипаттау, түсіндіру,
болжау, жобалау – сай келсе де, ол технологиялық тіл элементі ретінде
қарастырылды.
Алғашқыда педагогтар педагогикалық технология, оқу –оқыту
технологиясы және тәрбиелеу технологиясы ұғымдарының өзіндік мән
мағыналарына назар аудармай келді. Ал бүгінде педагогикалық технология оқу
және тәрбие аймағындағы педагогикалық міндеттерін шешілуіне байланысты
орындалатын педагог іс-әрекеттерінің бірізді жүйесі ретінде танылуда.
Осыдан педагогикалық технология оқу технологиясы, тәрбиелеу
технологиясы ұғымдары мәндерімен салыстырғанда тереңдеу мен ауқымдылау.
Педагогикалық технология – бұл педагогикалық әрекеттер табысына кепіл
болардай қатқыл ғылыми жоба. Әрі сол жобаның дәл жаңғырып іске асуы.
Педагогикалық технология кешенді, бірігімді процесс. Ол өз құрамына
адамдарды идеяларды, құрал-жабдықтарды сонымен бірге, жоспарлау,
қамсыздандыру, бағалау және білім меңгерудің барша қырлары жөніндегі
проблемалар шешімін басқаруды қамтиды.
Педагогикалық технологиялар көп түрлі болуына қарамастан, олардың іске
асуының екі ғана жолы бар. Біріншісі – теориялық негізде орындалуы
(В.Б.Беспалько, В.В.Данилов, В.К.Дьятченко және т.б.), екіншісі – тәрбие
мен жүзеге келуі (Е.Н.Ильин, С.Н.Лысенкова, В.Ф.Шаталов және т.б.).
Сонымен, технология астарында не жатады? Оқыту технологиясы жөніндегі
идея қай заманда пайда болған?
Мұндай ғылымдық мәні бар ой жаналықты емес. Кезінде оны Я.А.Коменский де
дәріптеген. Ұлы педагог – ғұлама 16 - ғасырда-ақ оқытудың техникалық
(яғни технологиялық) болатынын ауғыздап, оның мүлтіксіз тиімді нәтиже
беретін жолдарын іздестіріп бақты. Я.А.Коменский еңбектеріне үңіле түссек,
педагогикалық технологияға бастау берген даналық пікірлерді табамыз:
Дидактикалық машина үшін қажет нәрсе – 1) түбегейлі ойластырылған
мақсатты; 2) сол мақсаттарға жетуге дәл икемдестірілген жабдықтарды; 3)
мақсатын орындалмауына мүмкіндік бермейтін нақты жабдықтарды қолданудың
мызғымас ережелерін табуымыз керек.
Коменксий заманынан бастап, оқытуды мүлтіксіз әрекеттегі механизмге
сәйкестендіру ұмтылысының талайы күні бүгінге дейін басылған емес. Кейін
оқыту технологиясы жөніндегі көптеген тұжырымдар толықтырылып, нақтыланып
отырды. Әсіресе, техникалық прогрестің әрқилы теориялық және практикалық
қызметтер аймағына енуімен оқуды технологизацияластыру идеясы нығайып, іске
асырыла бастады (П.Я.Гальперин, Н.Ф.Талызина, Ю.К.Бабанский және т.б.).
Осы заманғы дидактикада әрқилы оқыту технологиялары көрініс беріп жүр.
Олардың көп түрлі болу себебі - әр автор мен орындаушының педагогикалық
процеске өзінше жаңалық қосып, технологияға өзгеріс ендіріп баруымен
байланысты.
1. Оқытудың педагогикалық технологиялары сипаттамасы
Оқытудың дәстүрлі (қайта жасау - репродуктивті) технологиясы білім,
ептілік және дағдылары ұсынуға бағытталған. Ол өтіліп жатқан материалдың
игерілуін, қайта жасау деңгейіндегі білім сапасын бағалауын қамтамасыз
етеді. Бұл технологияның ежелгі түрі. Ол бүгінгі таңда да кең таралған
(әсіресе орта мектепте). Оның мәні: жаңаны игерту- бекіту – қадағалау –
бағалау сұлбасы (схема) бойынша оқу процесін жүргізу. Технология негізіне
табысты өмір тіршілігін қамтамасыз ететіндей білім ауқымын анықтауға
мүмкіндік беретін және оны оқушыға жеткізу жолын көрсететін білімдік бағыт-
бағдарлама (парадигма) алынады. Осыған орай оқу – оқытудың басты әдістері
ретінде 1) көрнекілік және онымен бірге жүретін түсіндіру, 2) оқушының
жетекші іс-әрекеттері түрлеріне – тыңдау мен есте қалдыру, 3) басты талап
және тиімділіктің негізгі көрсеткішіне – игерілгенде қалтқысыз қайталап
жаңғырту ептілігі алынады. Мұғалім қызметтері – түсіндіру, әрекеттерді
көрсету, оқушылар орындағандарды бағалау және реттеу, түзету.
Оқыту технологиясы бірқатар маңызды да ұнамды тараптарымен иленген.
Олар – үнемділігі, күрделі материалды түсінуді жеңілдетуі, білім - әдіс –
тәсілдерін пайдалануға икемді келуі. Сонымен бірге дәстүрлі технология
біршама кемшіліктерге де жол береді. Оқыту процесін дараландыру мен
жіктеуге қолайссыз, оқушылардың ойлау қабілетін дамытуға мүмкіншілігі кем.
Дамытушы оқыту технологиясы мектеп тәжірбиесіне енген оқу іс -әрекеттері
арасындағы аса танымалы (Л.С.Выготский, Л.В.Занков, Д.Б.Эльконин және т.б.)
Ғалымдар дәлелдегендей, педагогика бала дамуының өткеніне емес,
болашағына бағытталуына тиіс. Сонда ғана ол оқу процесінде осы нақты уақыт
шеңберіндегі жақын даму процестерін жүзеге асыра алады. Жақын даму
аймағының мәні: бала өз дамуының белгілі кезеңінде оқу міндеттерін
ересектер басшылығында не ақылдылау дос – жарандарымен араласа жүріп шешуі
мүмкін. Келтірілген пікір жария болғанға дейін бала дамуы, әсіресе оның
ақыл-ойының өрістеуі оқу және тәрбие ізімен жүретін мойындалған болатын.
Зерттеулер нәтижесінде (Л.В.Занков) оқу тиімділігін көтеру себебін
оқушы дамуын жеделдетуге болатын дәлелденді. Бұл үшін оқудың жоғарғы
деңгейлі қиыншылықта жүргізу принципін ұстану - басты талап. Егер алдынан
рухани сезімдік күш – қуаттың іске қосылуын қажет ететін кедергілер
(ойын, оқу, тұрмыс) шығып тұрмаса, әрі оларды жеңуге талпынбаса, бала дамуы
бәсеңдейді.
Жоғары қиыншылық деңгейіндегі оқу принципіне орай білім мазмұны және
оны құрастыру реті анықталады. Оқу материалының мазмұн қарқыны ұлғаяды, әрі
тереңдейді, жетекші рол теориялық білімдерге беріледі, дегенмен,
оқушылардың практикалық ептіліктері мен дағдыларының маңызы жойылмайды.
Дамытушы технология талаптарының және бірі – оқу ілгерілі және жедел
қарқында жүреді. Өткендерді жиі әрі бір беткей қайталаулар оқу процесінің
кедергісіне айналып, оқуды жоғары қиыншылық деңгейінде өтуге мүмкіндік
бермейді. Дамытушы технологияны іске асыру сонымен бірге оқушылардың жас
ерекшеліктеріне байланысты жүйелі – іс-әрекеттік оқу бағытын ұстануды қажет
етеді. (Д.Б.Эльконин)
Дамытушы технология идеяларының қатарына сондай-ақ оқу қызметінің
әрқилы жағдайларында оқушылардың қажет болғанды өзінше танып, содан
өздігінен жауап әрекет орындауға (рефлексия) ынталандыру идеясы да кіреді.
Жауап әрекетке (рефлексия) келу дегеніміз баланың өз әрекеттерінің сезінуі
мен түсінуі, оқу іс-әрекеттерінің тәсіл, әдістерін өзінше байқап, тануы.
Рефлексиялық әрекет – қимылдар әрқашан өзіндік қадағалау және
бағалаумен тығыз байланысты болатындықтан дамытушы технология шарттарына
орай оларға да көп мән беріледі.
Дамыту оқыту идеясы бұл күнде еліміздің мұғалімдер арасында кең
қолданымда. Алайда, бұл технологияның кейбір тұжырымдары пікір-таласты
болып жүр. Себебі, оқушылардың бәрі бірдей қиыншылықты деңгей оқуын көтере
алмайды. Солар ішінде тума дайсан қозғалысты тұлғалардың мұндай оқуда әбден
күйзеліске түседі. Сондықтан барша шәкірттерді теңдей шапшаң және жоғары
күрделілік деңгейінде оқытып, тәрбиелеуге болмайды.
Бағдарламастырылған оқыту технологиясының (БОТ) негізгі мақсаты оқыту
процесінің басқару жүйесін жақсарту (П.Я.Гальперин, Л.Н.Ланда, А.М.Матюшкин
және т.б.).
БОТ бастауын берген американдық психологтар мен дидакттар (Н.Краудер,
Б.Скиннер, С.Пресси).
БОТ – бұл арнайы жабдықтар бағдарламастырылған оқулық, ерекше оқу –
машинасы, ЭВМ және т.б. көмегімен күні ілгері дайындалған бағдарлама
орындалатын өзіндік жеке-дара оқыту технологиясы. Бұл технология әрбір
оқушыға өзіндік сапа-қасиеттеріне орай (оқу қарқыны, сауаттылық деңгейі
және т.б.) оқуына мүмкіндік береді.
БОТ –ның өзіне тән сипат белгілері:
- оқу материалының кіші көлемді жеңіл игерілетін бөлшектерге
жіктелуі;
- әр бөлшекті игеруге арналған нақты әрекеттерді орындау нұсқаулары
жүйесінің берілуі;
- әр бөлшек игерілуінің тексерілуі;
- қадағалау тапсырмаларының дұрыс орындалумен оқушы материалдың
ендігі жаңа бөлшегін алып, келесі оқу қадамын іске асыуға өтуі;
- дұрыс жауап бере алмаған жағдайда оқушының қосымша көмек
түсініктемелерін алуы;
- қадағалау тапсырмаларының нәтижесі хатталып, оқушының өзіне де
(ішкі кері байланыс), педагогқа да (сырттай кері байланыс) белгілі
болуы.
Проблемді оқыту технологиясы мұғалім басшылығына өтетін оқушылардың оқу
міндеттерін шешуге орайластырылған өзіндік ізденіс іс-әрекеттерін
ұйымдастыруға негізделеді. Оқыту ізденістері барысында оқушыларда жаңа
білім, ептілік және дағдылар қалыптасып, қабілеттері, танымдық
белсенділігі, қызығуы, ой-өрісі, шығармашыл ойы және басқа да тұлғалық
маңызды сапалары дамиды. (Т.В.Кудрявцев, А.М.Матюшкин, М.И.Махмудов және
т.б.).
Жалпы түрінде проблемді технология сипаты келесідей: оқытушы білімді
дайын күйінде ұсынбай оқушылар алдына міндет (проблема) қояды, оған
қызықтырады және оның шешу әдіс-тәсілдерін табуға ынталандырады. Ал
оқушылар мұғалімнің тікелей басшылығында не өз бетінше олардың шешімін
табудың жолдары мен әдістері зерттейді, яғни болжам түзеді, оның шынайлығын
тексеру тәсілдерін белгілейді әрі талқылайды, дәйектейді, нәтижелерін
талдайды, пікір жүргізеді, дәлелдейді.
Проблемді оқу басқа да технологиялар сияқты өзінің ұнамды да болымсыз
тараптарына ие. Оның тиімділігі: оқушыларға тек қажетті білім, ептілік және
дағдылар жүйесін меңгеруге жәрдемдесіп қоймастан, олардың ақыл-ой дамуына
жол ашады, өз шығармашылық қуатымен берік білім қалыптастыруға көмектеседі,
өз оқу еңбегіне қызығу ұмтылысын дамытады, оқу нәтижесінің бекінуін
қамтамасыз етеді. Кемшілігі : жоспарланған нәтижеге жету көп уақытты талап
етеді, сонымен бірге, оқушылардың танымдық іс-әрекеттерін жүйелі басқару
қиын.
Модульді оқыту технологиясы АҚШ пен Батыс Еуропада 1960 жылдары
дәстүрлі оқуға балама ретінде ұсынылған білім игеру жүйесі. Бұл
технологияның мәні – оқушы модульмен жұмыс орындау барысындағы нақты
мақсатқа өз бетінше (не белгілі шамада мұғалім жәрдемімен) жетеді
(П.Юцявичене, Т.И.Шамова). Модуль – мақсатқа орайластырылған оқу мазмұны
мен оны меңгеру жолдарын (технологиясын ) біріктірген түйін, топ (узел).
Модуль құрамы: әрекеттің мақсаттық жоспары, ақпарат қоры, дидактикалық
мақсатқа жетудің әдістемелік көрсетпелері.
Бұл технологияға орай оқу мазмұны өз алдына белгілі жинақы құрамға
келтірілген ақпараттық топ (блок) күйінде беріледі. Ол ақпарат оқу
мазмұнының көлемін ғана емес, әдістері мен олардың игерілу деңгейін де
көрсететін дидактикалық мақсатқа сәйкес меңгеріледі.
Модульдік оқуда өзіндік жұмыстарға аса көп уақыт бөлінеді. Бұл оқушыға
оқу әрекеттеріне кірісумен өз білімдері мен ептіліктеріндегі кемшіліктерді
байқауына жәрдемдеседі.
Модульдік оқу дәстүрлі білім игеру жүйесімен байланыста пайдаланылуы
мүмкін. Модульдер оқу жүйесінің қалаған ұйымдастырылу формасында орын
тауып, оның сапасын жақсартуға және тиімділігін арттыруға қолданылуы
ықтимал.
Шоғырластырылған (концентрлі) оқыту технологиясы педагогикада ежелден
танымал пәнге шомдыру әдісіне негізделген (П.Блонский, В.Ф.Шаталов,
М.П.Щетинин және т.б.).
Бұл технология жақтастарының пікірі: оқудың дәстүрлі сынып-сабақтық
жүйесінде бағдарламалар мен оқулықтарға сәйкес берілетін оқу мазмұны бөлім,
тақырып, параграфтарға бөлшектеніп, өз алдына шартты дербестенген ауқымда
ұсынылады. Осыдан оқушылардың жеке пәндерден алатын білім, ептілік,
дағдылары жай қалыптасады, Оқу проблемасының ұзаққа созылып өтілуінен,
оқушылардың сабаққа болған қызығушылығы кемиді. Бір дәрістің екіншісінен
алшақты болуынан бір сабақта қабылданған ақпарат келесіге дейін көбіне
ұмытылады.
Пәндердің тұрақты ауысып баруынан оқушы олардың бірде-біріне тереңдеп
ене алмайды. Бір пәннен екіншісіне өтуде бала қиыншылық көреді, көп уақыт
сарп етеді, ендігі сабақ өткендегіні көлеңкелейді, сонымен әр өткен сабақ
өз құндылықтарын жойып барады. Әр дәріс оқушы үшін – жаңа жүктеме,
мұғалімдердің жаңа талаптары, жаңа мазмұнды материал, жаңа көңіл- күй
ықпалдары, т.с.с. осылардың баршасына сәйкес бала икемделіп, оқу іс-
әрекеттерін орындауы шарт. Ал бұл енді қалыптасып жатқан жас буынға оңай
шаруа емес.
Шомдыру оқуында сабақтар топқа (блокқа) келтіріледі, бір күнге не
аптаға межеленіп, қатар өтілетін пәндер саны кемтіледі. Мұндай технология
оқу – оқыту процесін адам қабылдауының табиғи психологиялық ерекшеліктеріне
жақындастыра түседі. Сабақта игерілген материалды ұмытудың алдын алу үшін
оны бекіту жұмыстары сол күні жүргізілуі тиіс, яғни қандай да уақыт
аралығында оқушы басқаларына алңдамай, тек сол пәнмен ғана шұғылданып,
толық шомуы қажет.
Қашықтан оқыту технологиясы – бұл осы заманғы телебайланыс, электорнды
почта, теледидар және интернет жәрдемімен оқу мекемесіне қатыспай-ақ
білімдену қызметтерін пайдалану. Қашықтан оқу қандай да себептермен білім
иеленуге қол жеткізе алмай жүргендердің бәріне бірдей үйде отырып оқу
мүмкіндіктерін ашады (әсіресе мүгедектерге, зағиптар мен есітуден
қалғандарға, т.с.с).
Оқыту технологияларының басқа да түрлері баршылық: әр деңгейлі оқу,
толық меңгеру, ұжымдық ықпалдаса оқу, жобалап оқу, авторлық оқу
технологиясы (мысалы, В.Ф.Шаталов технологиясы) және т.б.
1.1 Оқытудың жаңа технологияларын білім салаларында қолданудың
ерекшелігі.
Соңғы уақытта білімге деген көзқарастың түбегейлі өзгергені ХХІ
ғасырдағы білім беру жүйесі қандай болуы керек? деген сауалға жауап берері
анық. Еліміз бен өркениетіміздің даму деңгейі осы сапалы білім нәтижесінің
нақты көрсеткіші болмақ. Сондықтан да дамып келе жатқан қазіргі таңдағы
білімнің қай саласында болмасын оқытудың жаңа технологиясы тек сипаттама
түрінде ғана емес, шынайы проблемалық негізде болуға тиісті. Жаңа оқу
үрдісінің әдістері мен түрлерін жетілдіруде жаңашыл-педагогтардың озық
дидактикалық идеяларында Нені оқыту?, Қалай оқыту?, Сапасы қандай?
деген сияқты мәселелерді шешуге бағытталған көптеген жаңаша жұмыстарын
көруге болады: В.Ф.Шаталов (тірек сигналдары), Р.Штейнердің (ерік таңдау
идеясы), С.Н.Лысенконың (оза оқыту), П.Эрдниевтің (ірі блоктар идеясы),
Л.В.Занковтың (дамыта оқыту), Л.С.Выготскийдің (жақын даму аймағы), т.б.
Аталған дидактиктердің біліміне сүйене отырып, қазіргі таңда оқытудың
әртүрлі жаңа технологиялары қарастырылып, оны қолдануды жүзеге асыруда
көптеген жұмыстар жүргізіліп, нәтижесін танытып жатқан бірқатар түрлерін
атауға болады: Сын тұрғысынан ойлауды дамыту, ойын арқылы оқыту
технологиясы, білім беруді ізгілендіру технологиясы, модульдік оқыту
технологиясы және т.б.
Білім берудің әрбір сатысы жоғарылаған сайын олардың білімді қабылдауы
өзгеріп, өтілетін пәндер жүйесі күрделене түседі. Сондықтан да баланың жас
ерекшеліктерін, әр сатыдағы қабылдау мүмкіндіктерін ескере отырып, дамып
жатқан оқытудың жаңа технологияларын тиімді пайдалану ең маңызды болып
отыр.
Білім берудің ең төменгі сатысы – интеллектінің даму іргетасы, оқу
әрекетін қалыптастырудың ең қуатты кезеңі. Бірақ, бұл сатыдағы баланың есте
сақтау қабілеті, затты қабылдауы нашар болып келгенімен, білуге құштар,
барлығын көзбен көруді ұнатады. Сондықтан да оқу ойын түрінде, модульдік
оқыту, білім беруді ізгілендіру технологиялары ретінде қолданып отырады.
Келесі саты – орта саты, мұнда барлық білімнің негіздері қаланады.
Материалдары күрделірек болғандықтан бірден түсінулері де қиынға соғады.
Сондықтан да жас ерекшелігі мен пәннің күрделілігі ескеріліп, дамыта оқыту,
проблемалық оқыту, түсіндіре басқарып оза оқыту, модульдік, тірек
сигналдары арқылы оқыту, оқытудың компьютерлік технологиясы тиімді түрде
қолданылу көзделіп отыр.
Ал жоғарғы саты, яғни орта кәсіптік және жоғары білім сатысы - өз
бетімен оқу дағдыларын игере алатындықтан, белгілі мәселе төңірегінде ой
қозғай алатын, жеке пәндерге деген талғамы, талғауы бар саналы азамат
ретінде танимыз.
Осындау ерекшеліктерге ескере отырып бұл сатыда: сын тұрғысынан ойлауды
дамыту, деңгейлік саралап оқыту, бағдарламалап оқыту, оқытудың компьютерлік
технологиясы, ынтымақтастық педагогикасы, өздігінен дамыту технологиясы,
дамыта технологияларын пайдаланып, жетістіктерін күтуде.
Дегенмен де оқу-тәрбие үрдісінде жаңа педагогикалық технологияларды
ендірудің алғашқы шарттарының бірі – білім берушінің инновациялық іс-
әрекетін қалыптастыру. Жаңа педагогикалық технологияларды меңгерген әрбір
оқытушы өз сабағында жақсы нәтижені көре алады.
Оқытушы алғаш жаңа педагогикалық технологияларды оқып үйренеді,
екіншіден, меңгереді, үшіншіден, оны тәжірибеде қолданып, төртіншіден,
дамытып нәтижесін байқайды.
1.2 Оқытудың жаңа технологияларының негізгі ерекшеліктері.
ХХІ ғасырдағы білім беру жүйесі қандай болу керек? Деген мәселе әркімді
де толғандырары сөзсіз. Американдық мұғалімдердер ассоциациясының вице-
президенті, доктор А.Урбански білім берудің болашақ мұратын былайша
сипаттайды: Оқыту ойлауға үйретуге негізделуі тиіс Осыған байланысты оқу
үрдісіндегі өте маңызды кезең – рефлексті емес, басымдылықтан ойлау
әдістері мен амалдарын саналы түрде игеруге көшу.
Жаңа оқыту технологиясы бойынша материал сипаттамалы түрде емес, шынайы
проблема негізінде берілуі тиіс. Көптеген ғалым- әдіскерлер Методология
мәселені шешеді деп есептейді. Бұдан басқа кейбір белгілі әдіскерлер
оқытудың жаңа жүйесінде мұғалім назары дұрыс жауап алудың оның қандай
жолмен алынғандығын түсіндіруге көшуге ауады, - дейді.
Адами қарым-қатынастар оқу-тәрбие үрдісінің нәтижелерін белгілейтін
маңызды фактор болып табылады. Сондықтан жаңа технологияның негізі
саналатын ізгілендіру мен демократияландыру – мектептегі оқу үрдісін
жетілдірудің басты ұстанымдары.
Балаларға ізгілік тұрғысынан қарау дегеніміз:
- балаларға деген ұстаздық сүйіспеншілік, олардың тағдырына алаңдау;
- баланың болашағына, қабілетіне сену;
- ынтымақтастық, қарым-қатынас шеберлігі;
- тікелей қысым көрсетпеу;
- баланы ынталандыру;
- баланың кемшіліктеріне шыдамдылық көрсету.
Қарым-қатынастарды демократияландыру дегеніміз:
- мұғалім мен оқушының тең құқықта болуы;
- оқушының еркін таңдауына мүмкіндік құқығы болуы;
- қателесу құқығы;
- өзіндік көзқарас құқығы;
- балалар құқықтарының конвенциясын сақтау;
- қарым-қатынас стилі, тиым салмау-бағыт беру, басқармау –
бірігіп тең басқару, зорла мау – ұйымдастыру, шектемеу –еркін таңдау
мүмкіндігін беру.
Ынтымақтастық педагогикасы – білім беруде көптеген жаңалықтарды өмірге
келтірген, оқушылармен, ата-аналармен қарым-қатынасты, т.б. көптеген
жағдайларды қамтитын, аса бай педагогикалық қатынас. Бұл технологияның
атауын 80жылдардағы жаңашыл педагогтар ұсынды. Олардың жинақтаған іс-
тәжірибесінде қазіргі заман мектебінің ең жақсы дәстүрлері мен отандық және
шетелдік психологиялық-педагогикалық тәжірибе мен ғылымның жетістіктері
көрініс тапты. Қазақтың көрнекті ұстаздарының бірі, ағартушы-педагог
С.Көбеевтің ұстаздық қызметінде баламен ынтымақты қарым-қатынас туралы
айтылғаны мәлім. Тұтас технология ретінде ынтымақтастық педагогикасының
нақты үлгісі жоқ, реттеу-атқару жабдықтамасы қалыптаспаған. Ол жүздеген
мақалалар мен кітапшаларда шашыранды түрде беріліп келеді. Оның идеялары
барлық қазіргі заманғы педагогикалық технологияларға енгізілген. Сондықтан
ынтымақтастық педагогикасын ерекше түрдегі сіңімді технология деп
қарастыру керек, ол – жаңа педагогикалық ой-өрістің нышаны, прогрессивті
идеялардың қайнар көзі. Сондықтан қазіргі көптеген педагогикалық
технологияларға олардың құрамды бөлігі ретінде енеді.
Орта білім тұжырымдамасында ынтымақтастық ересектер мен балалардың
өзара түсінігімен бекітілген, біріге даму әрекетінің идеясы ретінде
түсіндіріледі. Ынтымақтастық- оқушы мен ұстаздың бір-бірінің жан дүниесін
түсініп, ортақ іс- әрекетінің барысы мен нәтижесінде бірігіп талдауы. Қарым-
қатынас жүйесі ретінде ынтымақтастық сан алуан болғанымен, оның ішіндегі ең
маңыздысы-мұғалім –оқушы қатынасы. Оқытудың дәстүрлі түрі мұғалімге
педагогикалық үрдіс субьектісі, ал оқушыға – обьектісі ретінде қарауға
негізделген. Ынтымақтастық тұжырымдамасын да оқушы өз оқуының субьектісі
деп қаралады. Сол себепті бір үрдістің екі жасы кіші тәжірибесі аз, бірақ
жастық жалыны бар кішісіне түсінікпен қарап жұмыс істеуі тиіс. Оқушы
-оқушы қатынастарындағы ынтымақтасты мектептегі ұжымдар арасында
достастық, бірігіп жұмыс істеу, реніш-қайғыны бірге бөлісу, шығармашылық
одақта болу, біріге басқару сияқты әр алуан түрде жүзеге асады.
Ынтымақтастық педагогикасының шеңбері өте кең, ол мұғалім мен оқушы, оқушы
мен оқушы арасында ғана емес, мектеп әкімшілігі мен оқушылар, мұғалімдер
мен мектеп басшыларының көпшілікпен ата-ана, қоғамдық және еңбек ұжымдары,
тағы басқа ара қатынасында да орын алады. Ынтымақтастық педагогикасы
негізінен: 1) балаға тұлға ретінде ізгілікті қарым-қатынас; 2)
белсенділікті арттыратын және дамытатын дидактикалық кешен; 3) тәрбиелеу
тұжырымдамасы; 4) ортаны педагогикаландыру бағытында жүзеге асады.
Мектептің міндеті осы ішкі мүмкіндіктер мен қабілеттерді оятып, өміршең
етіп, оларды тұлғаның толық және еркін дамуына пайдалану.
Ізгілікті бағыттың негізгі идеялары мынадай:
- оқушылармен ұнамды қарым-қатынас;
- қысым көрсетпей еркін оқыту;
- тірек идеясы;
- оқушылар ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz