Орта деңгейде ағылшын тілін оқытудың әдістері
Ж О С П А Р
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
І-Бөлім. ОРТА ДЕҢГЕЙДЕ АҒЫЛШЫН ТІЛІН ОҚЫТУДЫҢ ЖОБАЛЫ ӘДІСТЕРІ
1.1Орта деңгейде ағылшын тілін оқытудың
әдістері ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... 5
1.2Орта деңгейде ағылшын тілінде ауызша және жазбаша қарым-қатынас жасауға
үйрету ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ..11
ІІ-Бөлім. ОРТА ДЕҢГЕЙДЕ АҒЫЛШЫН ТІЛІН ОҚЫТУДЫҢ ОСЫ ЗАМАНҒЫ ӘДІСТЕРІ
2.1 Орта деңгейде ағылшын тілін оқытудың интерактивтік әдіс ... ... ... ... 17
2.2 Орта деңгейде ағылшын тілін оқытудың үлгілеу әдісі
... ... ... ... ... ... ... ...18
2.3 Орта деңгейде ағылшын тілін оқытудың осы замандық әдістемесіне
сипаттама ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 20
ІІІ. ОРТА ДЕҢГЕЙДЕ АҒЫЛШЫН ТІЛІН ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕЛЕРІНІҢ ӨМІРДЕГІ
ҚОЛДАНЫСЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 25
ҚОРТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...31
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
32
Кіріспе
Соңғы жылдары Қазақстан Республикасының мектептік білім беру саласында
ағылшын тілдерін оқып-үйренуге деген ықылас арта түсуде. Осыған байланысты
қазіргі қоғам шетел тілдерін меңгеру дәрежесіне күннен-күнге көтеріңкі
талаптар коюда.
Ағылшын тілдерін мектепте окытудың негізгі мақсаты, окушылардың шетел
тілін ауызша және жазбаша қатынас құралы есебінде пайдалана алу каблеттерін
дамытуда, яғни өздерінін төл мәдениетін тілін оқып-үйреніп отырған елдің
мәдениетімен салыстыра алу да, әр түрлі әлеуметтік орталарда қабылданған
және қолданылып келе жатқан мәдениеттердің, нормалардың, міндеттер мен
құқықтардың ерекшеліктері мен ортақ белгілерін ажырата білуде жатыр.
Оқытуда қолданылатын әдістер оқушылардың тұлғасына әсер етеді, олардың
сөйлеу, танымдық, шығармашылық қабілеттерін ынталандырады, сыныпта жұмыс
ісстеудің әр түрін қамтитын (жеке, топтық жене ұтымдық) жағдаяттар
туғызады, окушылардың белсенділігі мен дербестігін арттырады.
Әдістеменің ғылым ретінде сипат алуындағы алғашқы бағыттар Б.В.Беляевтің
есімімен ұштасады. Ол әдістемені қолданбалы психология саласына теліді.
Алайда, аудитория жұмысына сай іс әдістерін қолданудағы айырмашылықтар,
материалдарды сараптау - методиканың басты мәселесі болған. Сондықтан
әдістеменің бұл анықтамасы кең жайылған жоқ.
ХХ ғасырдың басында бір мәселе өткір тұрды. Ол – жобалы әдістеме
мәселесі. Бұл - заңды құбылыс. Өйткені, Қазан төңкерісінен кейінгі жаңа
мектептер жаңа әдістердің болуын тіледі. Сол кезеңдерде тікелей (натуралды)
әдіс насихатталды. Ол тәсіл пәнді ағылшын сөздерімен байланыстыратын – тура
принцип негізінде пайда болды. Бұл ағылшын тілін үйренудің еркін
(ассоциативті) әдісі еді.
Батыста аралас әдістеме идеясы туындап жатқан шақта, неліктен мұнда
тікелей әдіс насихатталды? Алдымен, патшаға бағынышты оқу орындарында жай
жаттауға негізделген мәтіндік аударма мен грамматикалық аударма әдістері
үстемдік етті. Осыған жататын тікелей әдіс барынша озық сипатта болды.
Екіншіден, сол уақыттағы тікелей әдіс қарым-қатынасқа тәлімдеуді
көздеді.
Үшіншіден, І дүниежүзілік соғыстан кейінгі Батыста бастау алған өзге
тәсілдерде қарастырылған ұсынымдармен біздің педагог-әдіскер ғалымдар таныс
емес еді.
Бұдан бөлек, көптеген методистер мен мұғалімдер үшін тікелей әдіс жаңа,
еліктіргіш болып саналды. Олар оның тиімділігіне шынайылықпен иланды.
Заман ағымына қарай тікелей әдіске енгізілген өзгерістер педагогикада
туындаған прогрессивті идеялармен терең байланысты.
Көп ұзамай шетел тілдерін оқытудың салыстырмалы әдісі қалыптасты. Бұл
әдіс бойынша шетел тілін үйрету ана тілімен салыстыру негізінде
жүргізіледі. Осы тәсілдің негізін қалаған - педагог ғалым Л. В. Щербу.
Мұның ізін ала тікелей және салыстырмалы әдістерді қиыстыру арқылы
аралас әдіс пайда болды.
Бара-бара ағылшын тілін оқытудың мақсаттары мен оны меңгертуге деген
талап өзгерді. Сөйтіп ағылшын тілін оқыту жүйесі күйзеліске ұшырады.
Дағдарыс жағдаяты әрдайым түбегейлі өзгерісті талап етеді. Осындай, озық
идеялардың жеткіліксіздігі жағдайында коммуникативті оқыту тәсілі
жетілдірілді. Дағдарыс нәтижесінде әдістемелік іздестіру жандандырылып,
шетел тілін оқытудың заманауи әдістемелік тұжырымдамасы дами түсті. Олар:
коммуникативті, интенсивті, іс-әрекеттік және басқалар.
Қазіргі таңда байланыс пен шығармашылық оқытуға негізделген
коммуникативті-бағдарлау әдістемесінің орны бөлек.
Ағылшын тілін оқыту әдістемесі әрдайым толықтырылуы, дамытылуы тиіс.
Жалпы осы курыстық жұмыста Орта деңгейде ағылшын тілін оқытудың жобалы
әдісітеріне тереңірек тоқталынады.
І .ОРТА ДЕҢГЕЙДЕ АҒЫЛШЫН ТІЛІН ОҚЫТУДЫҢ ЖОБАЛЫ ӘДІСТЕРІ
1.1 Орта деңгейде ағылшын тілі оқытудың әдістері
Ағылшын тілі — Үнді-Еуропалық тілдер жанұясының батыс герман тобына
жататын тілі. Герман тобына ағылшын тілінен басқа неміс, норвег, швед,
нидерланд және өзге де тілдер жатады. Ағылшын тілі ежелгі тіл болып
есептеледі, ол қазіргі Ұлыбритания аумағын ежелден басып алған Англо-
Саксондардың тілі, бірақ жауланған келттердің тілдері әсерін тигізген.
Осыдан 300 жыл бұрын ағылшын тілінің жалғыз ғана нұсқасы болған еді. Ол
алғаш Британияда қалыптасты. Бұдан соң ағылшын тілі Америка, Австралия,
Жаңа Зеландия, Индия, Азия және Африка халықтарының ортақ тіліне айналды.
Бірақ, осы аталған елдерде ағылшын тілі әр түрлі деңгейде дамыды, жетілді,
толықты, байыды.
Ағылшын тілі - дүниежүзілік тіл немесе халықаралық тіл. Бірақ, алғаш рет
отарлауды бастаған голландықтар мен испандықтар. Ал, олардың тілі неге
әлемдік тілге айналмады? Өйткені голландықтар біздің тіл көркем, әуезді,
сендер грамматиканы білмейсіңдер, тілді бұзасыңдар, – деп отар елдерді өз
тілінде сөйлетпей қойған. Ағылшындар қалай сөйлесеңдер де өздерің
біліңдер, біз ақпаратты түсінсек болды, – деген. Ағылшын тілінің
грамматикасы екі септіктен тұрады. Сондықтан сөйлеуі - жеңілдеу, бірақ
жазылуы - күрделі.
Ұлттық география қоғамының деректері бойынша әлем халықтарының 70
проценті бар болғаны қырық тілде ғана сөйлейді екен. Әлемдегі ең көп
тараған әрі қытай тілінен кейінгі халық саны бойынша ең көп пайдаланатын
тіл - ағылшын. Ағылшын тілі Ұлыбритания, Америка Құрама Штаттары, Жаңа
Зеландия, Аустралия және басқа елдерде ана тілі болып есептеледі. Одан
басқа көптеген мемлекеттердің ресми тілі болып саналады. Қазіргі қоғамда
ең сәнді болып келетін ағылшын тілінің Америкалық ағылшын, Канадалық
ағылшын, Австралиялық ағылшын, Жаңа Зеландиялық ағылшын секілді түрлерінен
басқа отыздан астам диалектілік түрлері бар. Бірақ олар бір-біріне
ұқсамайды.
Жуықта елімізде Мемлекет Басшысының жетекшілігімен тілдердің үш
тұғырлығы тұжырымдамасы әзірленді. Өз мемлекетінің тілін білу - әрбір
азаматтың борышы. Орыс тілін білу де қосымша дәлелдеуді қажет етпейді, ол
Біріккен Ұлттар Ұйымында жұмыс тілі бола отырып, ұлтаралық қатынас құралы
ретінде маңызды рөл атқарады. Әлемде 250 миллионға жуық адам орыс тілінде
сөйлейді. Бүгінгі күні ағылшын тілін оқып-үйрену аса маңызды қажеттілік
болып табылады. Өйткені ол, шын мәнінде, әлемдік тілге айналып кетті.
Ағылшын тілін меңгермей, жаһандық бәсекеге қабілеттілік туралы айту мүмкін
емес. Сондықтан қазір қытайлықтардың өзі де ағылшын тілін бар ынтасымен
оқып-үйренуде.
Ағылшын тілі — БҰҰ-ның негізгі алты тілінің бірі болып саналады.
Ағылшын тiлi пәнi мектепте бiлiм, тәрбие берумен қатар жасөспiрiмдердiң
жеке бас қасиеттерiн тұлға ретiнде жетiлдiруге, қоғамдағы өз орнын табуға
ерекше ықпал етедi.
Ағылшын тiлi пәнiнiң басты мiндетi - шәкiрттердiң тiлдiк қарым-қатынас
жасай алу бiлiктiлiгiн жетiлдiру.
Орта деңгейде ағылшын тілін оқыту барысында белгілі бір әдістемені
қолдану әр түрлі шарттарға байланысты. Ол шарттардың ең бастысы ағылшын
тілін оқытудың алдына қойылатын мақсат. Сонымен қатар ағылшын тілін оқып-
үйренуге бөлінген уақыт, сағат саны да белгілі бір әдістемені қолдануға
ықпал етеді. Шет ел тілін оқып-үйретуде шәкірттердің жас ерекшелігі де
әдістеме таңдауда ескерілуге тиіс.
Оқыту шарттарының ішінде оқыту мақсаты аса маңызды рөль атқарады.
Қоғамның дамуы, оның басқа елдермен саяси, шаруашылық және өзге де
байланыстары шетел тілін оқытудың мақсаттарын анықтауға тікелей әсер етеді.
Осы замандық ағылшын тілін оқыту әдістерін салыстыра сипаттау өте
маңызды. Өйткені, пайда болған әрбір жаңа әдістің артықшылығы мен кемшілігі
болуы заңды.
Сондай-ақ салыстыра сипаттау оқытушының таңдауы үшін де маңызды.
Әдістердің түрі - сан алуан. Бұл тәсілдердің өзгешеліктерін білмей отырып,
оны таңдау қиынға соғады. Сондықтан да орта деңгейде ағылшын тілін оқыту
әдістемесіне сипаттама беру - тым өзекті.
Аталмыш зерттеудің міндеттері бүгінгі орта деңгейде ағылшын тілін оқыту
әдістерінің негізін салған басты принциптерінен дараланып шыққан. Оқыту
әдістері: Логикалық ойлау; Сатылау; Рольдік ойындар; Тізбектеу әдісі;
Мәдени қарым-қатынас; Проблемалық оқыту; Медиация; Проекттілік (жобалау)
әдісі; Миға шабуыл; Анализдеу; Пікір таластыру; Шығармашылық қалыптасу
әдісі; Болжау; Интерактивті әдістер; Көру, есту кинестетикалық;
Коммуникативтік, Тандем, Витагендік әдіс, Іс-әрекеттік және аралықтан
(қашықтан) оқыту әдісі.
Адамзат тарихында білім берудің әр алуан әдіс-тәсілдері әзірленген.
Ағылшын тілін оқытудың жолдары алдымен оқу мен аудармаға лайықталған білім
беру процесі аясындағы латын және грек тәрізді өлі тілдерді оқыту үшін
әзірленген бағдарламалардан алынды.
Мұндай әдістің негізі XVIII ғасырдың аяғында қаланып, XX ғасырдың бел
ортасында орта деңгейде ағылшын тілін оқытудың Grammar-translational
method (грамматикалық-аударма әдісі) атауымен ресімделді.
Орта деңгейде жоғарыдағы әдіске сай, тілді меңгеру үшін грамматика мен
сөздікті меңгеру қажет болды. Ал мұны жетілдіру процесстері бір
грамматикалық құрылымнан келесіге қарай бағытталған қимыл деп пайымдалды.
Сөйтіп, осы тәсілмен оқытуды жоспарлаған оқытушы, алдымен қандай
грамматикалық құрылымды баяндауды ойластырады. Одан соң сол тақырыптарға
орай жеке сөйлем мәтіндері жинақталады. Бұдан соң олардың аудармасы
қамтылады, алдымен –ағылшын тілінен ана тіліне, кейін – керісінше.
Қолданысқа ертеден кіргеніне қарамастан, бұл әдістің өзіне тән
артықшылықтары бар. Біріншіден, ол грамматиканы жетік меңгеруге жол береді.
Екіншіден, бұл тәсіл - тілді грамматикалық формулалардың қосындысы іспетті
қабылдайтындарға, логикалық ойлау деңгейі тым жоғары жетілген азаматтарға
әбден ыңғайлы. Шетел тілін үйретудің осы тәсілі 50 жылдардың аяғына дейін
үстемдік етіп келді. Айта кететініміз, барлық данышпандар мен феноменальді
білікті аудармашылар қазіргі кезеңге дейін осы әдіспен оқып үйренді.
50 жылдардың орта тұсында бұл тәсіл лингвистердің заман ағымына қарай
қалыптастырған талабына толық жауап бере алмады. Соның нәтижесінде сан
алуан әдіс-тәсілдер дүниеге келтірілді. Солардың бірқатарын сипаттап
көрелік:
60 жылдары пайда болған орта деңгейде ағылшын тілін оқытудың Silent
way (үнсіздік әдісі) атауына лайық, бұл әдістің ағылшын тілін игертудегі
принципі - тіл үйренушіге кедергі келтірмеу әрі оған оқытушының көзқарасын
араластырмау. Осы әдістеме бойынша оқытушы бастапқыда еш нәрсе айтпайды.
Сөздің айтылуының кіші деңгейін оқыту барысында ол күрделі түрлі түсті
таблицаларды қолданады. Кестедегі белгілер мен түстер белгілі бір дыбысты
таңбалайды. Сөйтіп жаңа сөздер таныстырылады. Мәселен, table сөзін айту
үшін алдымен т, одан кейін эй дыбысының белгісі саналатын квадрат
көрсетіледі. Осылайша, квадраттар мен түрлі таяқшалар арқылы жасалған
сабақтағы манипулиямен оқыту ісі өз мақсатына сай ілгерілей береді.
Аталған әдістің артықшылықтары неде? Оқытушының тілді білу деңгейі
оқушының тіл білу деңгейіне ықпал етпей, сөйте келе тілді оқушының
оқытушыдан артық меңгеріп кететін кездері болады. Бұдан бөлек, оқу
процесінде оқушы еркін сөйлеп үйренуге мәжбүр болады. Осы тәсіл жоғары
технологияға құмар жандарға тым қолайлы.
Орта деңгейде ағылшын тілін оқытудың келесі тағы бір қызықты әдіс Total-
physical response (физикалық сезіну әдісі) деп аталады. Бұл әдістің
негізгі ережесінде айтылғандар: Өзіңіздің белгілі бір себептермен өткізіп
алған нәрселеріңізді түсінудің қажеті жоқ. Осы теорияға сай оқушы алғашқы
сатысында ештеңе айтпайды. Алдымен, ол жеткілікті деңгейде білім алуы
керек. Алғашқы жиырма сабақта оқушы үнемі ағылшын сөздерін тыңдайды. Ол не
оқыса да, оқығаны жөнінде тіс жармайды. Содан соңғы оқу процесі - оқығанын
не тыңдағанын қимылмен сезінетін кез. Физикалық қимылдарды білдіретін
сөздер арқылы барлық сөздерді меңгеруге мүмкіндік туады. Мәселен, тұр
деген сөзді түсініп, барлығы орындарынан тұрады, отыр дегенде олар
отырады. Оқушы біраз мәлімет жиғанда барып (алдымен тыңдады, сосын
қозғалыста болды), ол сөйлеуге дайын бола бастайды. Бұл әдістің басымдығы,
оқушы үйрену процесінде өзін өте жайлы сезінеді. Керекті эффект адамның
алуға тиісті ақпаратын жіберіп алу есебінен жетіледі. Тағы бір айтарлығы,
тілді үйрену үрдісінде келтірілген тәсіл бойынша оқушылар бір-бірімен қарым-
қатынас жасай алады.
Орта деңгейде ағылшын тілін үйренудің ойға шому (Sugesto pedia) деп
аталатын әдіске де көңіл бөлген орынды. Бұл тәсіл 70 жылдары қолданысқа
енді. Бұл әдіске сай, ағылшын тілін мүлдем басқа адам бола отырып (әсіресе,
үйрену кезеңінде) ұғынасың. Осындай жолмен тіл үйрену барысында топтағы
барлық оқушылар өздеріне жаңа есім таңдап, жаңа өмірбаян ойлап табады.
Осының нәтижесінде олар өздерін мүлдем басқа әлемде – зердеге тоқыған
ағылшын әлемінде отырғандай күй кешеді, қызықты қиялға беріледі. Мұның бәрі
оқып-үйрену процесіндегі кез келген адамның кеңінен көсіле сөйлеуіне әрі
оның сөзі тұпнұсқаға барынша ұқсас болуына ұйғарылып жасалған.
Орта деңгейде ағылшын тілін үйренудің келесісі - аудиолингвистикалық
әдіс (Audio-lingual method). Ол 70 жылдардың аяғына қарай келіп қосылды.
Оның жай-жапсары келесідей: бірінші кезеңде оқушы фонограммадан немесе
оқытушының түсіндірмесінен тыңдағанын бірнеше рет қайталайды. Одан соң,
оған бір-екі фразаны (тіркесті) айтуға рұқсат етіледі, ал қалғандары да осы
тәріздес қайталаулардан тұрады.
Орта деңгейде ағылшын тілін оқытудың 70 жылдары пайда болған тәсілдің
бірі – коммуникативтік әдіс. Оның басты мақсаты – әңгімелесушілердің
сөздері түсінікті болуы үшін адам баласын бір-бірімен қарым-қатынас жасауға
үйрету. Коммункативтік әдіс қазіргі таңда да жұмыс барысында жиі қолданыс
тапқан. Осы замандық коммункативтік әдіс - білім берудің әр алуан
әдістемесінің даму жолынан өткен, ағылшын тілін үйретудегі бірқатар үлгілі
тәсілдердің үйлесімді көрінісі.
Орта деңгейде ағылшын тілін оқытудың әдіссіз оқыту процесі жүзеге асу
мүмкін емес. Осы оқыту әдісі дегеніміз не? Орта деңгейде ағылшын тілін
оқытудың оқыту әдісі – дидактиканың ең басты құрамды бөлігінің бірі. Оқыту
әдістері білім берудің мазмұны сияқты, оқытудың жалпы мақсаттарымен және
міндеттерімен анықталады. Оқыту процесінің нәтижелі және сапалы болуы оқыту
әдістемесінің тиімді шығармашылықпен жүзеге асырылуына байланысты. Ол -
мұғалім мен оқушының бірігіп жұмыс атқаруы. Оның арқасында білім, іскерлік,
дағдының қалыптасып, оқушының дүниетанымдылығы мен қабілеттілігінің артуы.
Тілді меңгеруде сөздік қордың бай болуы да манызды мәселе.
Орта деңгейде ағылшын тілі сабағындағы сөздік қорды дамыту жұмыстары
мынадай әдіс-тәсілдер арқылы жүзеге асады. Ол – сұрақ-жауап, сөйлесу,
әңгімелесу, әңгіме, түсінігін айтқызу, көрнекілік, аударма, кітаппен жұмыс,
мәтінмен жұмыс әдістері. Әр сабақ сайын тақырыпқа сай көрнекі құралдар,
түрлі суреттер, кестелер, видео кассеталар, тақырыптар бойынша электронды
оқулықтар мен сабақты көркемдеп отырса, оқушылардың сөздік қоры біршама
толығады. Заман өзгерген сайын әдіс-тәсілдер көбейіп, жаңарып, толығып
жатыр. Әр түрлі жаңа технологиялар тәжірибеде қолданылуда. Жаңа
технологияны, әдіс-тәсілдерді тиімді қолдану білім сапасын көтереді. Тіл
үйретудегі ең басты міндет – оқушылардың сөйлеу тілін жетілдіру. Олардың
сөздік қорын дамытуға бағытталған әдістердің жалпы міндеті - сөздің
мағынасын дұрыс түсініп, оны өз сөзінде дұрыс қолдану.
Орта деңгейде ағылшын тілін оқытудың тағы бір әдісі -түсіндіру
әдісі. Жаңа сөз, сөз тіркесі, сөйлемдерді түсіндіруде қолданылады. Сабақ
сайын үйретілетін жаңа сөздер бойынша, яғни сөздік жұмысында іске асады.
Сондай-ақ ағылшын тілі грамматикасының кейбір ерекшеліктері түсіндіріледі.
Орта деңгейде ағылшын тілін оқытудың көрнекілік әдісі – сабақ сайын
жүргізілетін әдіс. Басқа тілді үйретуде ең нәтижелі әрі жиі қолданылады.
Көрнекілік тақырыпқа сай, көзге тартымды яғни эстетикалық талаптарға сай
әрі екі немесе үш түстен болуы керек. Бұл әдістің сөздік қорды дамытуда
орны бөлек.
Орта деңгейде ағылшын тілін оқытудың келесі әдіс – сұрақ-жауап әдісі.
Бұл - балалардың тілін дамыту үшін манызды әдістің бірі. Қай сынып болсын,
сабақтың қай кезеніңде болсын қолдануға қолайлы. Өте белгілі де тиімді
әдіс.
Практикалык әдіске ойын элементтері бойынша тіл үйрену кіреді.
Дидактикалық ойындар оқушылардың білімін бекітіп, сөздік қорын молайтады.
Оқытушы ойынның тәртібін білмейтін балаға үйретеді, түсіндіреді.
Оқушылармен түрлі әдеби-музыкалық ойындар өткізу – олардың сөйлеу машығын
қалыптастыру үшін қажет. Оқушылар сөйлемді оқығанда сөйлеу дикциясын дұрыс
келтіріп үйренеді. Рөлге бөліп ойнайтын ойын баланың ойын өз бетінше
тұжырымдап айтуына көмектеседі.
1.2. Орта деңгейде ағылшын тілін оқытудың ауызша және жазбаша қарым-
қатынас жасауға үйрету әдісі
Ауызша және жазбаша қарым-қатынас сейлеу ерекшелігінің төрт түрінің-
сөйлеу, есту, оқу және жазу- әрқайсысының ерекшеліктерін ескере отырып, бір-
бірімен тығыз байланыста оқытуды қажет етеді. Бұл олардың әрқайсысының
қызметінің негізі бірдей психикалық процестер мен психолингвистикальқ
заңдылықтарға құрылуына ғана байланысты емес. Қарым-қатынас барысында
адамдар оқиды, оқығандарын талқылайды, оны есінде жақсы сақтау үшін қажетті
жазулар жазады, сөйтіп керек болған жағдайда қажетті мәліметті қайтадан
жаңғыртады. Басқаша айтқанда, нақты сөйлеу қарым-қатынасын жүзеге асырудың
бұл әдістері бір-бірімен тығыз араласып жатады және олардың арасына, қандай
да болмасын, белгілі 6ip шекара қою қиын. Сондықтан да оқу процесінде
сөйлеуге үйрену ауызша мәтінді түсіну қабілетін қалыптастырумен тығыз
байланыста жүргізілуі қажет. Екінші жағынан, керісінше, белгілі бір мәтінді
оқығаннан не тыңдағаннан кейін, оқушылар оның мазмұны туралы (ауызша не
жазбаша) өз пікірлерін білдіре алады, сонымен 6ipгe ауызша әңгімелеу
қажетті ақпараттарды жазбаша түрде белгілеумен ұштасып жатуы мүмкін.
Сөйлеуге, оқуға, естуге және жазуға үйрету мәселелеріне саналы түрде қарау
олардың әрқайсысының ерекшеліктерін ескере отырып, материалды өнімді түрде
меңгеру, сөйлеу әрекетінің оңтайлы және өнімді түрлерінің ерекшеліктерін
ескеретін тең мағыналы жаттығуларды пайдалану, қарым-қатынастың ауызша және
жазбаша турлерін сараптау кезінде еске алынуы кажет.
Қазіргі кезде қарым-қатынас дегенді адамдардың бір-біріне белгілердің
(соның ішнде, тілдік белгілердің) көмегімен белсенді түрде өзара әсер етуі,
олардың бірлескен ic-әрекетін ұйымдастыруы деп түсіндіріледі. Осыған
байланысты қарым-қатынастың негізгі сипаттамаларын білу қажет.
1. Кез келген қарым-қатынас (тікелей немесе жанама) оның уәжі мен
мақсатынан басталады, яғни не үшін айтылды, тыңдалды, оқылды, жазылады және
нені көздейді.
Mіне, сондықтан да оқу процесінде оқушылардың әpбіp сөйлеу ic-әрекетіне
түрткі болатын жағдаяттар жасау қажет. Оқушы өзінің сөйлеу әрекетінің
мақсатын, оның акырғы нәтижесін (егер ол осы сөзді айтса, пікіp білдірсе,
мәтінді тыңдаса не оқыса, қандай нәтижеге жететінін) анық болжауы қажет.
2. Қарым-қатынас –белгілі біp нәтижеге жетуге бағытталған жай
ақпарат алмасу ғана емес, олардың мақсаты көбінесе "тілдік байланыссыз"
сипаттағы процеске қатысушылардың бір-біріне өзара белсенді әрекеті. Бұл
жағдайда тіл осы өзара әсер етуші әрекеттердің құралыесебінде қызмет
атқарады.
Сондықтан да сабақта қарым-қатынас орнату барысында шетел тілін үйрену
үрдістерін тек коммуникативті әрекеттерге ғана қосып қоймай, сонымен бipгe
оқушылардын жеке басы үшін аса маңызды заттық-коммуникативтік (И. А.
Зимняя) әрекеттің құрамына да енгізген жөн.
3. Адамдардың өзара белсенді әрекеттерінің белгісі -олардың өзара
әcepi мен өзара түсінушілігі. Бipaқ сөйлесу барысында олар толық қарым-
қатынас орнатып, бірден бip-бірімен толық түсіністік таба алмайды. Бұған
нeгiзгi кедергі болатын жағдайлар - қарым-қатынас жасаушы адамдардың
санасын-дағы әлеуметтік және психологиялық алшақтықтар, ал мәдениетаралық
қарым-қатынастарда —мәдени кедергілер ("мәдени естен тану").
Оқушылардың қарым-қатынас жасау қабілеттерін дамытуды мақсат етіп койған
оқу процесінде оқушыларды шетел тілінде сөйлеушілермен қарым-қатынас жасау
барысында өздерінің сөздерін дұрыс құрауға ғана үйретіп қоймай, сонымен
бipгe олармен басқа мәдениет өкілдері ретінде өзара түсіністікке жетуді де
үйрету қажет.
Орта деңгейде ағылшын тілдерін оқытудың нeгiзгі мақсаты — мәдениет-
аралық қарым-қатынасқа деген қабілеттілікті дамыту - тек осы қарым-
қатынастардың барысында ғана мүмкін. Яғни қарым-қатынас - алға қойылған
мақсатқа жетудің құралы, оқыту құралы деген сөз.
Жоғарыда көрсетілген жағдайлардың шетел тілдерін оқыту барысында қалай
icкe асатындығын орта деңгейде ағылшын тілін оқытудың дәстүрлі сабақ және
көп қолданыла бермейтін дәстүрлі емес, қарым-қатынас сабағы мысалында
("дөнгелек үстел", КТК (КВН), білім эстафетасы) көрелік.
Дәстүрлі сабақ Дәстүрлі емес сабақ
(қарым-қатынас сабағы)
Сөйлеу уәжі
Оқушылардың сөйлейтін себебі: мұны Оқушылар қызықты(белгісіз бір
одан мұғалім талап етеді және олар нәрселерді хабарлау) білу үшін
жақсы баға алғысы келеді тыңдайды
Сөйлеу мақсаты
Оқушылар қатесіз сөйлейді(не Оқушылар өздерінің білмейтіндерін
сөйлегісі келеді); мұндай жағдайда білу үшін, өз жолдастарымен бір
мұғалім негізгі назарды тілдік нәрселер туралы келісу үшін және
қателерге аударады; ең бастысы ақпараттар алмасу мақсатында
–жаттығуды, тапсырманы дұрыс өздерінің жеке қажеттіліктерін
орындау. қанағаттандырады.
Сөйлеудің мазмұны
Мұғалім, оқулық оқушының не туралы Оқушылар сөз болып тұрған мәселелер
айтуы керек екенін анықтайды;мұндай жөнінде өздерінің көзқарастарын,
жағдайларда сөйлеудің мазмұны ойын, пікірін мақсатын, т.б.
оқушының жеке басы үшін аса қажетті білдіреді. Бұл жағдайда өздері әңгіме
нәрсе емес. Мысалы: мәтінді етіп тұрған мәселенің маңызы олар
сөзбе-сөз қайталап айтып беру. үшін белгілі, түсінікті әрі қызық.
Қарым-қатынас құралы
Оқушылар толық сөйлемдер қолданады, Өз ойларын, тұжырымдары мен бағаларын
мұндай жағдайда олар өздерінің бастыоқушылар барлық қарым қатынас
мақсаты қате жібермеу деп есептейді құралдарын қолдана отырып, оның
ішінде ым жасап,қолдарын сермеп
сөйлейді.
Сабақты ұйымдастыру
Бір мәселені, әдетте, бүкіл топ Сөйлеушілер бірін-бірі іждағатпен
болып талқылайды; мұндай жағдайлардатыңдайды,бір-бірінің көздеріне тік
сөйлеп тұрған оқушының не айтып қарайды; олар үшін қалай айтып
тұрғаны(мазмұны),тақырыбы мұғалімнентұрғаны емес, не туралы айтып тұрғаны
басқаға қажет емес. Од, ең алдымен, қажеттірек.
не туралы айтып тұрғанына емес,
қалай айтып тұрғанына көңіл аударады
Тыңдауға үйрету мүмкіндігінше барлық сабақтарда үнемі және мақсатты
түрде:
а) ауызша жаттығуларда жаңа сөздік-грамматикалық материалдарды
меңгеру барысында;
ә) ауызша сөйлеу жаттығуларын орындау кездерінде;
б) мұғалімнің байланыстыру сөздерін, сөйлеу әрекеттерінің бip түрі
есебінде арнайы шығарылған бейнефильмдер мен таспаға жазылған мәтіндерді
тыңдағанда жүргізіледі. Ұсыну қарқыны - қалыпты. Контекске қарап мағынасын
жорамалдауға болатын таныс емес сөздердің көлемі 1%-тен аспауы қажет. Оқыту
мерзімінің ұзақтығы 2 минутқа дейін. Мұндай жағдайларда аудио-мәтіндермен
жұмыс жүргізудін мынадай кезеңдерін ұсынуға болады:
1. Орта деңгейде мәтінмен танысар алдындағы кезең - тілдік және
психологиялық қиыншылықтарды сейілтіп, мәтінмен жұмыс icтeyгe ыңғайлайды;
оқушылардың жеке тәжірибелерін өзектендіреді, негізгі (тірек) сөздерге
сүйене отырып, мәтіннің мағынасын жорамалдайды, мәтінге айдар тауып,
суреттер ойластырады, т.б.
2.Орта деңгейде белгілі бip коммуникативті мідеттерді орындау мақсатымен
мәтінді тыңдау: Listen to the text and say what itis about (бірінші рет
тыңдау үшін); Listen to the text and fill in the scheme (grid) or answer
the questions (Multiple choice).
3. Орта деңгейде ағылшын тілін оқытудың мәтінмен танысқаннан кейінгі
кезең -мәтіннің мазмұнын окушылардың өз ойларын ауызша және жазбаша түрде
тұжырымдау қaбiлeттepiн дамытуға пайдалану.
Бұл кезеңде ұсынылып отырған тапсырмалар репродуктивтік, репродуктивтік-
продуктивтік жене продуктивтік бағыттардағы ептіліктерді дамытуға
бағытталған. Мәтінді тізбектеп айту; мәтінді одан әpi жалғастыру (ауызша
және жазбаша); қызыққызық емес жерлерін талқылау; кейіп-керлердің ic-
ерекеті мен оқиғаларды бағалау; пікір алмасулар; "дөнгелек үстелдер",
рөлдік ойындар; сахнада драмалау.
Сөйлеуге, сөйлесуге үйрену диалог пен монологті қамтиды.
Құймақалыптарды, қайта сұрау кезіндегі сұрақ түріндегі түрлі ескертпелерді,
белгілі бip коммуникативтік (байланыстық) ықыластарды (танысу, кеңесу,
келісу-келіспеу, құттықтау, құттықтауларға жауап, шақыру, т.б.) білдіретін
диалогтік бірліктерді толықтыра және анықтай отырып, әңгіме жүргізе білу
қабілетін жетілдіре түседі.
Орта деңгейде ағылшын тілін оқытудың монологтік сөйлеуге үйрету –
сөйлеудің әңгімелеу, суреттеу, пайымдау сияқты түрлерін одан әpi дамыту
бағытында жүргізіледі. Мысалға, кісінің сыртқы типін, белгілі бip жерді,
ауа райын, табиғат көріністерін, қала мен оның жерлерін сипаттауға үйрету
жалғастырыла береді.
Оқумен жұмыс істеудің бірсыпыра ерекшеліктері бар.
Оқуға үйрету барысында оқушылардың мәтінде берілген ақпараттарды әр
түрлі деңгейде түciнy қабілетіне қарай:
- мәтіннің негізгі мазмұнын түсінуді (танысып оқу);
- мазмұнын толық түсінуді (түсініп оқу);
- қажетті ақпараттарды тыңдап алуды (ізденіп оқу) дамыту мақсат етіп
қойылады.
Жазуға үйрету сөздік және грамматикалық материалдарды оқу барысында
қалыптасқан орфографиялық дағдыларды бекітіп, одан әpi дамыту бағытында
іске асырылады. Бұған орфографиялық ойындар (сөзжұмбақтар, сөз құрастыру,
қалып кеткен сөздерді табу), оқыту және жаттығу сипаттарындағы сөздік
диктанттарды үнемі жаздырып отыру, сөздік-грамматикалық тест (бақылау)
жұмыстары көп жәрдемін тигізеді.
ІІ.АҒЫЛШЫН ТІЛІН ОҚЫТУДЫҢ ОСЫ ЗАМАНҒЫ ӘДІСТЕРІ
2.1. Орта деңгейде ағылшын тілін оқытудың интерактивтік әдіс
Интерактивтік деген сөз энциклопедияда көрсетілгендей, интеракция деген
ұғымнан келіп шығады. Ал интеракция жеке индивидтердің, топтың, жұптың
өзара біріккен әрекетке бір-біріне кезегімен әсер етуі. Жаңа педогогикалық
технология оқушылардың сабақ барысындағы белсенділігін арттыруға тікелей
әсер етеді. Осы тұрғыдан қарағанда Интерактивтік әдіс маңызды ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz