Билік бөліну принциптері



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 34 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ

І ПРЕЗИДЕНТТІК ИНСТИТУТ ПАРОДИГМАЛАРЫ
1.1 Президенттік институттың қалыптасу
тарихы ... ... ... ... ... ... ... . ...
1.2 Билік бөліну
принциптері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
...
1.3 Тежемелік әрі тепе-теңдік
жүйе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

ІІ ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ПРЕЗИДЕНТТІК НЫСАНДАҒЫ
РЕСПУБЛИКАЛАР ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
2.1 Президентура және оның
бөлінуі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2.2 Еуропа континентіндегі президенттік
республикалар ... ... ... ... ... .
2.3 Азия, Африка, Латын Америкасындағы президенттік
республикалардың даму
ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ...

ІІІ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ БАСҚАРУ ЖҮЙЕСІ, ӨЗІНДІК ДАМУ ЖОЛЫ

ҚОРЫТЫНДЫ

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

КІРІСПЕ
Мемлекет - әлеуметтік басқарудың негізгі субьектісі. Мемлекеттің
басқарудың нысаны қазіргі таңда мемлекеттің экономикалық, әлеуметтік, саяси
дамуында, халықаралық қатынастарда елеулі, үлкен роль атқаратыны белгілі.
Сондықтан ол сұрақ қазіргі кезде өте бір өзекті мәселелердің бірі болып
отыр.
Президенттік институт - әр кез ауысып отыратын экономикалық,
әлеуметтік, саяси, халықаралық шарттарды көрсететін конституциялық институт
болып табылады. Қазіргі таңда, ол еліміздегі ең жоғарғы институт болып
табылады. Ол, сонымен қатар үкіметті, министрліктерді, ведомстваларды және
бюрократия аппаратын қосатын атқарушы биліктің шыңы. Тарихи кезеңде жақында
ғана пайда болып, әлемге кең таралды. Президентураның классикалық және
негізгі модельдеріне негізделген көптеген түрлері бар. Американдық және
француздық үлгі.
Курстық жұмыстың өзектілігі: Президенттік институттың этникалық келісім
мен қоғамның консолидациясына әсер етуі. Әлемде саяси тұрақтылық пен
бейбітшілік сақтаудағы ролі.
Курстық жұмыстың мақсаты: Президенттік институтты толық зерттеп, дүние
жүзіндегі президенттік басқару нысанындағы мемлекеттер мен Қазақстан
Республикасын салыстыру, ұқсастықтар мен ерекшеліктерін анықтау.
Курстық жұмыстың міндеттері:
1. Президенттік институттың қалыптасу тарихы мен дамуын зерттеу.
2. Дүниежүзіндегі президенттік басқару нысанындағы республикалардың
ерекшеліктерін анықтау.
3. Президенттік институттың Қазақстан Республикасының дамуына әсер
етуін зерттеу.
Курстық жұмыстың әдістемелік негізіне: Қазақстан және Ресей ғылымдарының
еңбектерін басшылыққа алдынды. Н.А.Сахаров, Б.Н.Хропанюк, Н.И.Матузов және
А.В.Малько, Е.Чиркин сияқты белгілі орыс ғылымдары мен Қазақстандық атақты
ғылымдар Ғ.Сапарғалиев, С.Зиманов еңбектерін пайдаланылды. Сонымен қатар,
басшылыққа еліміздің Ата-Заңымыз – Конституциямызды алдынды. Архивтік
құжаттар, интернет желісінен алынған деректер, газет материалдары да өз
орнын тапты.

І ПРЕЗИДЕНТТІК ИНСТИТУТ ПАРОДИГМАЛАРЫ
1.1 Президенттік институттың қалыптасу тарихы

Алғашқы президенттік институт деген ұғым Америка Құрама Штаттарында
қалыптасқан болатын.
Билік бөліну принципі күшейіп келе жатқан буржуазия мен феодалдық
абсолютизм арасындағы күрес, қайшылықпен байланысты болатын. Король билігін
шектеу мақсатымен жас буржуазия идеологтары (Дж. Локк, Ш.Л.Монтескье және
т.б.) билік бөліну принципі тезисін ұсынған болатын. Соның ішінде көбірек
қолдау тапқан Ш.Л.Монтескье идеясы еді. Ол былай тұжырымдалады: заң
шығарушы, атқарушы, сот билігі. Заң шығарушы билігі – халық сайлайтын
парламентке берілсе, атқару билігі – мемлекет басшысына, яғни сол кездегі
мұрагерлік монархқа берілген. Сот билігі тәуелсіз судьялармен жүзеге
асырылған болатын. Қылмыстық істерді қарау халықтың қатысумен өтті
(присяжные судья, суды шеффенов және бөлек т.б. соттар). 1, 327 б.
Осы билік бөліну принципі алғаш жазылған Конституция 1787 жылғы
Америка Құрама Штатының Конституциясында көрініс тапқан. Америка Құрама
Штаттар Конституциясын Біз, Құрама Штаттардың халқы... деп басталады.
Билік бөліну принципі Конституцияда толық қолданған. Яғни, заң шығарушы –
Конгресс, атқарушы – президент, сот билігі соттар. Сонымен қатар,
мемлекеттік биліктің құқықтық бөлінуін де үлгі етіп алған болатын. Осы екі
бөліктің қолдануы қазіргі конституциялардың көбіне тән. Сонымен қатар,
қазіргі елдердің конституциялары биліктің бөліну принципінің
модификацияларына ұшыраған болатын.
Біріншіден, кейбір мемлекеттік бұл билік бөлудің үштігіне кірмейді.
Бұл қағидада, кейбір мемлекеттердің президенттеріне, яғни мемлекет
басшыларына тән болып келеді. Мысалға, біздің еліміздің Конституциясы
бойынша президент мемлекеттік биліктің үш тармағының біріне де жатпайды.
Ата заңымыздың ІІІ бөлімінің 40 бабында былай көрсетілген:
Бірінші тармақша: Қазақстан Республикасының Президенті – мемлекеттің
басшысы, мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттарын
айқындайтын, ел ішінде және халықаралық қатынастарда Қазақстанның атынан
өкілдік ететін ең жоғарғы лауазымды тұлға.
Екінші тармақшасында: Республиканың Президенті мемлекеттік биліктің
бірлігінің, Конституцияның мызғымастығын, адам және азамат құқықтары мен
бостандықтарының нысаны әрі кепілі.
Үшінші тармақшасында: Республика Президенті мемлекеттік биліктің
барлық тармағының келісіп жұмыс істеуін және өкіме органдарының халық
алдындағы жауапкершілігін қамтамасыз етеді.
Конституциямыздың бірінші бөлімінің үшінші бабының төртінші
тармақшасында: Республикада мемлекеттік билік біртұтас, ал Конституция мен
заңдар негізінде заң шығарушы, атқарушы және сот тармақтарына бөліну,
олардың тежемелік әрі тепе-теңдік жүйесін пайдалану арқылы, өзара іс-қимыл
жасау принципіне сәйкес жүзеге асырылады.5. 17б.
Екіншіден, конституцияларда биліктің төртінші тармақшасы туралы да
айтылып өткен. Латын Амырикасының бірқатар елдерінде конституциялық
доктрина төрт билік тармағынан құрылған. Қосымша төртінші билік тармағы
болып сайлау тармағы қосылған. Никарагуа 1987 жылы, Колумбия 1991 жылы,
Бразилия 1988 жылы, Венесуэлла 1999 жылы және т.б. конституцияларда
көрсетілген. Сайлау тармағына сайлау корпусын құрайтын мемлекет азаматтары
кіреді. өзінің ұйымдастыру белгісін бұл тармақ сайлау регистрін құратын
орган болып қалыптасқан, арнаулы сайлау трибуналарынан құрылған. Бразилия
мемлекетінде бұл жүйе иерархиялық сипатқа ие болып, жоғары сайлау сотымен
аяқталады. Венесуэлла Конституциясында төртінші тармақ – азаматтық деп
аталады. Ол Республикалық моральдық кеңеспен жүзеге асырылады. Оның басында
Халық Қорғаушысы тұрады (адам құқығын қорғайтын адам ретінде). Сонымен
қатар, ол кеңеске Халықтық Министрліктің басшысы да кіреді және Бас
бақылаушы Жергілікті жерлерде Кеңес өзінің органдарын бақылайды. Кеңестің
негізгі мақстаы: алдын-алу, тергеу және жазалау. Яғни халықтың этикаға
қарсы әрекеттердің алдын-алу, халықтық байлықты сақтау, азаматтықты
тәрбиелеу, әлеуметтік жауапкершілік пен әлеуметтік әдептілікті дамыту.
Конституцияның 274 бабы.1. 355б.
Әдебиеттерде учредиталық билік туралы да айтылады. Бұл биліктің
мағынасы мынада: халық арнаулы жиналыс сайлау арқылы конституция қабылдау
және сол арқылы қоғамның принциптерін және мемлекеттік ұйымдастырудың
негізін қалауға құқығы болады.
Төртінші билік тармағы деп бұқара ақпарат құралдарын да атайды. Бұқара
ақпарат құралдары қоғамның әлеуметтік ойын білдіреді. Бірақ, ол әлеуметтік
жағынан ғана қарау болып табылады. Бұқаралық ақпарат құралдары билік
тармағына жатпайды. Египет елінің Конституциясының 206 бабында 1980 жылғы,
пресса – халықтық тәуелсіз билік деп айтылады. Сонымен қатар,
корпаративтік, идеологиялық, техникалық, діни биліктер де мемлекеттік билік
деп танылмайды. Мексика мемлекетінің Идальго штатында төртінші билік
тармағы деп муницаналды билік алынған болатын, бірақ көптеген мемлекеттерде
жергілікті өзін-өзі басқару мемлекеттік билік ретінде танылмайды.Заңтануда
өте сирек бақылаушы мемлекеттік билік туралы айтылады. Кейбір таңдаулы
конституцияларда дамушы елдердің, партиялық билік туралы да айтылады.
Партиялық билік ерекше таралған мемлекеттік билік түріне жатады.
Үшіншіден, билік бөліну теориясы билік тармақтарының арасына қытайлық
қорған орнату деген сөз емес. Ш.Л.Монтескьенің өзі билік тармақтары бір-
бірімен келісе отырып жұмыс атқару керек деп айтып өткен болатын.оларды
мүлде бөліп тастауға болмайды, өйткені ол бір институт болып табылады және
бірыңғай мемлекеттік билікке жатады. Бір мемлекетте бірнеше мемлекеттік
биліктің болуы мүмкін емес жағдай. Кейбір тарихи және қысқа мерзімді
кезеңдерде бұндай жағдай орын алған болатын. Мемлекетте екі биліктің қатар
болуы, саяси және мемлекеттік билік. Саяси билік бұл – белгілі бір
әлеуметтік топтың және өздері құрған органдардың билігі. Мемлекеттік билік
– бұрын болған мемлекеттік органдардың ары қарай жұмыс атқара беруі.
әлеуметтік және саяси бірыңғай мемлекеттік билік керек жағдайда өзінің
билік тармақтарының жұмысын шектеуі мүмкін. Бұл шектеу олардың
элементтерінің бірігіп жұмыс атқаруын, бір-біріне тәуелді болуын және бір-
бірінің ісіне араласуын қамтамасыз етеді. Заң деп аталатын актты
қабылдайтын орган заң шығарушы – парламент болып табылады.
Заң шығарушы сипатымен айқындалатын орган парламент болып табылады.
Бірақ, кейбір мемлекеттерде, мысалы Ұлыбритания мен Үндістанда парламент
мемлекет басшысы функциясын жүзеге асырады және парламенттің қолы
қойылмаған акт немесе заңның заңдық күші болмайды. Заңдарға қол қойып, вето
құқығына ие болған мемлекет басшысы заң билігін жүзеге асырады. Екіншіден,
төтенше жағдайларда ғана емес, сонымен қатар әдеттегі жағдайларда
делегировандық заң шығармалық деп аталатын немесе атқарушы органдар
қабылдайтын актілердің заңдық күші болуы да тән.
Заңшығармашылық сферасына атқарушы билік қана емес, сонымен қатар
соттар да араласуы мүмкін. Яғни, конституциялық және жоғары соттар. Олар
заңдарды конституцияға сай емес деп жариялап, оларды заңдық күшінен айыруға
да құқығы бар.
Сонымен қатар, парламент те атқарушы және сот функцияларын атқара
алады. Яғни бұқаралық заңдардан ерекше жеке заңдарды шығару басқаруды
ұйымдастыру мағынасын береді. Сол арқылы парламент кейбір кезеңдерде
атқарушы билікті ауыстырады. Парламент бірқатар сот функцияларына да ие
болады. Мысалы: кейбір бірқатар елдерде ол кінәлілік қорытынды қабылдау
өкілеттілігіне және оны жоғарғы лауазымды тұлғалар (президент, министрлер,
және т.б.) сотына беруге ие болады. Ал кейбір басқа мемлекеттерде істі
импичмент тәртібінің ережесі бойынша соттық процесс ретінде қарастырады
(Шыныда, жоғарғы палата лауазымды тұлғаны орнынан босату туралы ғана шешім
қабылдайды, ал оларды соттайтын кәдімгі соттар болып табылады).
Белгіленген билік тармақтарының бір-біріне кіруі, араласуы нәтижесінде
конституциялық құқықта билік бөліну принципіне белгілі бір толықтырулар
енгізілген болатын. Біріншісі, тежемелік тепе-теңдік жүйесі болса, екіншісі
биліктің балансын қамтамасыз ету жағдайы , ал үшіншісі соңғы онжылдық та
қалыптасқан билік тармақтарының субсидарлық жағдайы. Алғашқы екі проблема
Америка Құрама Штаттарының Конституциясын қабылдау барысында шешімін тапқан
болатын, бірақ олардың толық құқықтық бақылауы кейінірек Америка Құрама
Штаттарының Жоғарғы Сотында конституцияны талқылау барысында практикада
қолданылады. Конституция аталары Америка Құрама Штаттарында билікті
ұйымдастыруда, мемлекеттік билік тармақтарының ешқайсысы бір-бірінен асып
кетпеуіне айырықша көңіл бөледі.оларды координациялары билік балансы
деген атқа ие болды. Мемлекеттік билікті бөлу ғана емес, онымен бірге
биліктің балансы да бірқатар мемлекетттердің конституцияларына да кірген
болатын. Мысалы, румыния мемлекеттінің 19,91 жылғы Конституциясына
өзгерістер мен толықтырулар енгізу арқылы 2003 жылы енгізілді.
Тежемелік тепе-теңдік жүйесінің де мақсаты бір. әр тармақ өз жұмысын
атқара отырып, келесі тармақтың билігін шектеп отырады. Бразилия, Мексика,
Америка Құрама Штаттарының және өзге де президенттік басқару нысандағы
республиканың президенттері конгресті таратуға құқығы жоқ, импичмент
жағдайларын қоспағанда. Президент конгресстің заңын вето құқығы арқылы
ұстап қалуы мүмкін, бірақ оны конгресс 23 дауысымен жеңіуі де мүмкін
болатын жағдай. Америка Құрама Штаттарында парламент жағынан министрлерге
вотум сенімсіздігі қарастырылмаған, оларды бұндай жолмен жұмыстан шығару
мүмкін емес, бірақ, министрлердің тағайындалуы палатасы – сенат келісімі
арқылы жүзеге асырылады. Президенттік республикаға қарағанда, парламенттік
немесе парламенттік монархия елдерінде тежемелік тепе-теңдік жүйесі мүлде
бөлек жұмыс жасау механизіміне ие. Ол елдерде үкімет вотум сенімсіздігі
нәтижесінде отставкаға кетеді, бірақ мемлекет басшысы үкіметті отставкаға
жіберу немесе парламентті тарату туралы шешімді өзі қабылдайды. Сол сияқты
бүкіл мемлекеттерде билік тармақтарының өзара қатынасы, билік бөліну
принципі және тежемелік тепе-теңдік жүйесі тән болып келеді.
Билік тармақтарының субсидиарлығы идеясы алғаш рет Еуропаның одақтың
өзінің органдарымен практика жүзінде жұмыс істеу нәтижесінде пайда болды
және кейінірек мемлекет ішілік қатынастарға ене бастады. Оның мағынасы
мынада: бір тармақ конституцияда көрсетілген ретте басқа билік тармағының
жұмысына араласып, көмек беруі. Субсидиарлық сонымен қатар, белгілі бір
органның белгілі бір артықшылықтарға ие болып, бір жұмысты іске асыруға
қабілетінің басқа органдарға қарағанда көбірек болуы арқылы да
түсіндіріледі.
Биліктің бөліну принципі билік тармақтарының арасында құқықтық
негіздегі әр түрлі конфликтілік жағдайларға әкеп соқтырылуы мүмкін, бірақ,
мұндай келіспеушіліктерді үлкен күреске айналдыруға болмайды. Принциптік
сұрақтар бойынша мемлекеттік саясатта барлық билік тармақтары келісіп жұмыс
істеуі керек, әйтпесе қоғамды басқару мүмкін емес. Егер келіспеушіліктер
үлкен күреске ұласқан жағдайда бұзылу қауіпін тудырады.
Қазіргі заманғы шетел саясаттануында билік бөліну принципіне жаңаша
көзқарастар пайда болды. Яғни олар орнатылған билік (көпшіліктің билігі)
және қарама-қарсы билік (оппозиция, трибунал) деп бөлінеді.
Басында биліктің горизонтальды бөлінуі туралы айтылған еді. Ол кезде
мемлекеттің әкімшілік-территориялық құрылымы ескерілмейді. Территориялық
ұжымның бұқаралық билікпен концепциялық байланысында биліктің мемлекетік
пен бұқаралық биліктің жергілікті өзін-өзі басқаруына бөлінуі. Жергілікті
өзін-өзі басқару жергілікті жерлерде жүзеге асырылады.
Биліктің бөлінуі демократиялық концепция. Ол авторитаризм,
тоталитаризмге қарсы бағытталған. Дегенмен, биліктің бөлінуінің принципінің
мағынасын асыра сілтеу нәтижесінде, ол да кері жағдайларын тигізуі мүмкін.
Қорыта келе, биліктің бөлінуі және бірыңғай мемлекеттік биліктің
қатынасы бөлек емес. Олар тек әр түрлі бағандарда орналасқан. Биліктің
бөлінуі бірыңғай мемлекеттік саясатты, қоғамдық сұрақтарды шешуде бірыңғай
істерді атқаруды талап етеді. Ал бірыңғай билік еңбектің бөлінуін де
қарастырады (Карл Маркс).
Мемлекеттік биліктің бірыңғайлығы және биліктің бөліну принципі,
олардың қарым-қатынасы, тежемелік тепе-теңдік жүйесі және билік
тармақтарының субсидиярлығының болуы өте ыңғайлы және өнімді қадам болып
табылады. Бұл бөліну қазіргі заманғы Конституциялардың көбіне тән. Оның
айқын мысалы, Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 30 тамыздағы
Конституциясының 3бабының төртінші тармақшасында жазылғаны: Республикада
мемлекеттік билік біртұтас, ол Конституция мен заңдар негізінде заң
шығарушы, атқарушы және сот тармақтарына бөліну, олардың тежемелік тепе-
теңдік жүйесін пайдалану арқылы, өзара іс-қимыл жасау принципіне сәйкес
жүзеге асырылады. 5. 7б.
Қазіргі кезде ғылымда мемлекет нысанына байланысты бірнеше ұғымдар
қалыптасқан, яғни мемлекеттің басқару нысаны, мемлекеттің құрылымдық нысаны
және саяси немесе мемлекеттік режим. Мемлекеттің нысаны деген терминге
доктриналық тән және ол термин көп уақыт бойы конституцияларда қолданылған
емес.
Конституциялық дамудың жаңа тенденциялары мемлекет нысанының
конституциялық бақылаудың маңызды бөлшегі екенін көрсетіп отыр. Көптеген
елдердің Конституцияларында мемлекет нысанына арналған бөлімдері бар.
Мысалы, Турцияның 1982 жылғы Конституциясында, Сальвадор мемлекеттінің 1983
жылғы және Эфнопияның 1987 жылғы Конституциясында. Дегенмен, көптеген
мемлекеттердің конституцияларында мемлекет формасының негізгі элементтері
толық көрсетілмесе де, оның синтездік құрылымы оңай түсіндіріледі. Сол
ретте, Бразия елінің 1988 жылғы Конституциясында – федерациялық республика
және демократиялық құқықтық мемлекет туралы айтылған. Марокко мемлекетінің
1972 жылғы Конституциясында – унитарлы, демократиялық және әлеуметтік
монархия туралы айтылған, ал Франция мемлекетінің 1958 жылғы
Конституциясында – біртұтас, жариялы, әлеуметтік демократиялық республикасы
туралы толық баяндалған. 1991 жылғы Колумбия Конституциясы мемлекетке
партиципаторлық республика деген мәлімдеме берді.
Сонымен, қорыта келе мемлекет нысаны дегеніміз – ол конституциялық
құқықтың әлеуметтік, жариялы институты.
Мемлекет нысаны дегеніміз – мемлекеттің басқару, құрылымдық нысаны,
саяси режимі сияқты бір-бірімен байланысқан үш элементтің жиынтығы.
Мемлекет формасын құрайтын элементтердің жиынтығы конституциялық құқықта,
мемлекет формасы әлеуметтік институтының подинститутары болып табылады.
Мемлекеттік биліктің біртұтастығымен қатар, оның бөліну принципіне сәйкес
әлемдегі мемлекеттер поликратиялық (көп адамның билігі) және монократиялық
(бір адамның билігі) мемлекет формасына бөлінеді. Осы екі нысандағы аралық
жағдайда сегментаралық республика қалыптасады. Поликратиялық мемлекеттік
нысаны биліктің әр түрлі мемлекет органдары арасында бөлінумен сипатталады.
Яғни, заң шығарушы орган – парламент, атқарушы билігі – мемлекет басшысы
мен үкімет қолында, ал сот билігі – соттармен жүзеге асырылады. Тежемелік
әрі тепе-теңдік жүйесі қалыптасқан, демократиялық саяси мемлекеттік режим
орнатылған, мемлекеттік басқаруда халықтың тікелей қатысуымен сипатталатын
форма болып табылады.
Монократиялық мемлекеттік форма тек қана бір органнның немесе бір
адамның шексіз билігімен сипатталады. Билік бөліну принципі заң немесе факт
негізінде жоққа шығарылады, ал жергілікті өзін-өзі басқару танылмайды.
Барлық мемлекеттік билік тек қана бір адамның қолында шоғырлануы мүмкін.
Мысалы, кезіндегі Германия, Италия, Испаниядағы сияқты – фюрерге, дучеге,
каудильоға. Бұрынғы өткен тарихи кезеңдерде Африка континентінің көптеген
елдерінде (Гвинея, Заир, Малави, Тунис, Кения және т.б.) билік өмірлік
президенттердің қолында шоғырланған болатын. Ол өмірлік президент
елдегі жалғыз басқарушы партияның да басшысы болатын.
Ал, сегментарлық мемлекеттік формада (латынша segmentum – бөлік)
мемлекеттік билік әр түрлі бөліктерден құрылады, ал ол бөлік бірлесіп
біртұтас мемлекеттік билікті ұйымдастырады. Сегменаралық мемлекеттік
формада поликратиялық және монократиялық нысандардың белгілері бірдей
байқалады, сонымен бірге ол формада автолитаризм, тоталитаризм және
демократияның да бөліктері бар.2. 30б.
Мемлекеттік билікті ұйымдастыру сайлау арқылы жүзеге асырылады, бірақ
сайлауға жіберілетін партия сандары шектеулі болады. Мысалы, Индонезияда
1999 жылға дейін үш партия, Ингерияда – екеуі, кейінірек үшеу,
көппартиялыққа қол жеткізгенге дейін, Сенегалда – төртеу және т.б.
Парламентке сайлаудың ешқандай принципиалды мағынасы болмайды, өйткені
шешуші рольді басқарушы орган немесе мемлекет басшысы атқарады. Оған айқын
мысал, Латын Америкасының көптеген президенттік республикалары, Иордания,
Марокко, Тайланд мемлекеттері. Конституциямен билік бөліну принципі
қолданса да, іс жүзінде тежемелік тепе-теңдік жүйесі танылмайды.
Мемлекеттік басқару формасы деген термин жоқ, дегенмен ол ұғым
көптеген елдердің конституцияларында қолданылған. Әрбір мемлекеттің
басқару принципі – монархия (Испания Конституциясы 1978 жылғы) немесе
республика екені бекітілген (Германия 1949 жылғы Конституция).
Мемлекеттің басқару нысаны дегеніміз – мемлекеттік биліктің жоғарғы
органдарының құрылуы және ұйымдастырылуы, сонымен қатар осы органдардың
өкілеттілікті бөлуің өзара қатынасы. Мемлекеттің басқару нысаны екіге
бөлінеді:
• Монархия
• Республика.
Осылардың ішінде ең көп таралғаны президенттік республика болып
табылады. Әлемде 230-дан астам мемлекеттердің жартысынан көбі президнтттік
республикалар болып табылады.
Бірақ, қазіргі кезде бұл ерекшеліктер жойылып, аралас формалар пайда
бола бастады. Мысалы, монархияда республиканың белгілерінің болуы.
Периодикалық, 5 жылда бір рет Малазияда монархтың сайлануы немесе Біріккен
Араб Әмірліктерінде ұжымдық монархтың болуы.
Республика –жоғарғы мемлекеттік билік органы белгілі бір мерзімге
сайланады. Сонымен қатар, республиканың кейбір формаларында президент
белгілі бір әскери немесе революциялық кеңеспен, елдегі төңкерістен кейін
сайлануы мүмкін. Президенттік республикалар әлемде кең таралған. Мысалы,
1890 жылдардың басында Африка материгінде мүлде парламенттік республикалар
болмаған, ал қазіргі кезде парламенттік республикалар Латын Америкасында да
жоқ.3. 75б.

ІІ ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ПРЕЗИДЕНТТІК НЫСАНДАҒЫ РЕСПУБЛИКАЛАР ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ
ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Президенттік республикада билік үш тармаққа бөлінеді: заң шығарушы –
парламент, атқарушы – үкімет, сот төрелігін – соттар атқарады. Президент
өзі тағайындаған министрлер арқылы елді басқарады. Үкімет парламент
алдында есеп береді, президент алдында жауапты.
Классикалық президенттік республикада премьер-министр лауазымы жоқ.
Мемлекеттің басқару формасына халықаралық жағдай, мемлекеттің
арасындағы қарым-қатынастар және абыройы күшті адамдардың істері де әсер
етеді. Отарлық мемлекеттің басқару нысанына бұрынғы метрополия
мемлекеттердің нысаны үлгі болатыны мәлім. Дамыған елдердің саяси-
мемлекеттік құрылысы, олардың демократиялық іс-әрекеттері дамушы елдерге
көп әсер етуі объективтік процесс. Мысалы, Ұлыбритания бүкіл Еуропа
континентіне, Жапония мен Скандинавия мемлекеттеріне өзінің шектелгекн
Конституциялық монархиясын үлгі ретінде сыйлағаны белгілі. Ал, Америка
Құрама Штаттары өзінің көрші мемлекеттеріне посттоталитарлық мемлекеттерге
республиканың әсерін тигізді.
Франциядағы Де Голль құрған парламенттік республика да кейбір
мемлекеттерге әсерін тигізді. Республиканың мемлекеттік құрылысына саяси
күшті адамдардың қызметі және жүргізген саясаты әсерін тигізді. Гитлер,
Рузвельт, Шыңғыс хан, Абылай, І Петр, Ататүрік және басқаларын еске алсақ
дұрыс болады.4. 27б.
Президент министрлерді тағайындайды, мысалға Америка Құрама Штаттары
мен Бразилия мемлекеттерінде сияқты, министрлер президент кабинетін
құрады, президент басқарушы партияның лидері болып табылады. Бірақ,
көптеген мемлекеттерде президент өзінің партиядағы жұмысын тоқтатады.
Президент министрлерді тағайындауда толық еркіндікке ие болады. Бірақ,
Нигерия мен Америка Құрама Штаттарында министрлерді тағайындауда
парламенттің жоғағы партиясы – сенаттың келісімі қажет. Ереже бойынша,
министрлер тек қана президент алдында жауапты және олар парламент вотумы
арқылы қызметінен кетірілмейді.
Айтылып кеткендей, көптеген президенттік республикаларда премьер-
министр лауазымы болған жағдайда, ол әкімшілік премьер ғана болады (Египет,
Перу, Сирия және т.б. сол сияқты мемлекеттерде). Заңдылық бойынша ол
үкіметке басшылық жасайды, бірақ іс жүзінде мемлекетті президент
басқарады.
Президенттік республикада қатаң биліктің бөлінуі тән: президенттің
парламентті мерзімінен бұрын таратып жіберу құқығы жоқ (бірақ іс жүзінде
бұл құбылыс дамушы елдерде байқалады. Мысалы, 1993 жылғы Перу
мемлекетінің президенті конституцияның қолданылуын шектеп, парламентті
таратып жіберіп, жаңадан сайлау өткізді), бірақ парламенттің де
министрлерді вотум арқылы тарату құқығы жоқ. Кейбір жағдайларда
президенттік республикада парламент министрлерді орнынан босату құқығына
ие. Мысалы, Уругвай, Коста-Рика. Бірақ шешуші дауыс – президентке
беріледі.
Үкіметтің президент алдындағы жауапкершілігі президенттік
республиканың негізгі белгісі болып табылады. Дегенмен, ондай елдерде
парламент елді басқаруда, бақылауда белгілі бір артықшылықтырға ие болады.
Кейбір елдерде парламент мемлекеттік басқаруда елеулі роль атқарады.
Мысалы, Америка Құрама Штаттары мемлекеті, ал кейбір мемлекеттерде оның
ролі шамалы аз. Мысалы, Мексика мемлекеті.
Президенттік республикада мынандай жағдай орын алуы әбден мүмкін:
президент бір саяси партияға, ал парламенттегі көп орын басқа оппозициялық
партия иелігінде болуы мүмкін. Мұндай құбылыс, Венесуэллада, Коста-
Рикада, Америка Құрама Штаттарында бірнеше рет орын алған болатын.
Шығыс елдерінде президенттің ролі өте жоғары. Көбінесе олар
мемлекеттегі немесе партиядағы басшылықты мұрагерлік жолмен әкесінен
баласына қалдырып кететін жағдайлар орын алады. Мысалы, КХДР 1993 жылы,
2003 жылы Азербайжан, 2000 жылы Сирия, 2000 Ирак мемлекеттерінің басшылары.

Латын Америка елдерінің көбі суперпрезиденттік республикалардың айқын
мысалы болып отыр. Суперпрезиденттік республикаларда мемлекет басшысының
рөлі жоғары болады, ерекше өкілеттіктер атқарады, ал ең батысы ол армияға
сүйенеді. Бірақ соңғы онжылдықта Азия мен Африка континенттерінде де
осындай мемлекеттер пайда болып, ондағы президенттің билігі одан сайын
күшейді. Олар мемлекеттегі жалғыз билік етуші партияның басшысы болды.
Президенттер мемлекеттің бас идеологтары, мемлекеттегі әлеуметтік
идеологияны уағыздаушылар. Оған мысал ретінде, Гана – Кваме Нкруме
президенті тұсында, Гвинея – Секу Туре президенті кезінде, Заир – Мобуту
президенті тұсында, Түркіменстан – Сапармурат Ниязов кезінде. Осындай
көшбасшылардың көбі конституциямен немесе басқа актілермен өмірлік басшы
ретінде тағайындалған болатын. Мысалы: Заир, Уганда, Түркменстан,
Экваторлық Гвинея және т.б. Осы әдіспен президенттік-монократиялық
республика пайда болды, яғни ол президенттік абсолютизмнің мысалы болып
табылады. 80-90 жылдары және ХХ ғасырдың 90 жылдарының басында
тоталитаризмнің құлдырауы нәтижесінде бұл форма заңдық құбылыс ретінде
жойылды. Республиканың ерекше формасы кейбір мемлекеттерде әскери төңкеріс
нәтижесінде орнайды. Бұл дамушы мемлекеттерде жиі байқалатын құбылыс.
Латын Америкасында тәуелсіз мемлекеттер пайда болуынан бастап ( 200 жыл
шамасында) осы ауданда, сонымен қатар, Азия және Африка мемлекеттерінде
мыңнан астам төңкеріс болып өтті. Олардың көбі сәтті аяқталып, басқа жаңа
басқару жүйесіне көшуге мүмкіндік туғызды. Осындай жағдайда парламент
таратылады (ерекше жағдай 1964 жылы Бразилияда орнаған болатын, онда
парламент таратылмай, тек қана тазартылды) және үкімет пен президент
орнынан босатылады. Ол кезде жаңа жоғарғы орган - әскери кеңес
(революциялық немесе ұлттық сақтау кеңесі және т.б.) құрылады. Оның
көшбасшысы – мемлекет басшысы – президент болып тағайындалады. Жергілікті
жерлерде әскери губернаторлар, коменданттар тағайындалады. Бұрынғы
органдардан азаматтық соттар сақталады, олармен қатар, параллель - әскери
трибукалдар тағайындалады. Осы негізде фактылық республика мемлекеттік,
республикалық мекемелерсіз құрылады. Ол милитарлық президенттік республика
деп аталады. 14. 65б.
Президент билігінің күшеюімен қатар, бірқатар елдерде президент
билігінің төмендеуі тенденциясы да байқалады. Соның нәтижесінде
президенттік республикалар парламентаризмнің элементтерімен пайда болады:
президенттік-парламенттік немесе парламенттік-президенттік республикалар.
Одай республикаларда президент азаматтармен тікелей сайланады, парламенттің
қатысуынсыз, бірақ мұндай басқару жүйесінде сенімсіздік вотумы парламентке
немесе министрлерге берілуі мүмкін. Олар сонымен қатар президент алдында
жауапты болып табылады. Яғни, екі деңгейдегі жауапкешілік. Бірақ мұндай
жауапкершіліктің бірнеше түрі бар: дегенмен, ең бастысы министрлердің
президент алдындағы жауапкершілігі. Осыған мысал ретінде Венесуэлла,
Колумбия, Уругвай, Перу, Эквадор және т.б. Латын Америкасы елдерінің
бірқатарында Конституцияларындағы өзгерістерге байланысты. Олардың негізгі
заңдарында парламент депутаттардың 23 дауысымен министрлерге сенімсіздік
білдіре алады. Сонымен қатар, президент белгілі бір жағдайларда
сенімсіздік вотумына қарамастан үкіметті немесе министрлерді таратуға
міндетті емес. Президент кез келген уақытта үкіметті парламенттің
келісімінсіз, өзінің қалауы бойынша таратып жіберуі мүмкін, бірақ ондай
жағдайда, төменгі палатаға сайлау өткізілмейді.
Жартылай президенттік республикада үкіметтің өзі де сенімсіздік
вотумын білдіре алады. Сол әрекет арқылы үкімет парламентке заңның
қабылдануын қалайды, әйтпесе өзінің отставкасымен қорқытады. Көптеген
жартылай президенттік республикаларда президенттің жарлықтары тек премьер-
министр қол қойғаннан кейін ғана күшіне енеді. Осындай құбылыстар
президенттік-парламенттік немесе парламенттік-президенттік республикалардың
пайда болуына әкеліп соқтырады.
Монархияның элементтері бар республикалар. Басында өмірлік
президенттер туралы айтылған болатын. Ондай лауазым алғаш рет Югославияда
пайда болды. Югославияның тұңғыш президенті Иосипа Броз Тито югославия
халықтарының көтерілісін басқарған фашистерге қарсы ол Югославия
мемлекетінің өмірлік президенті болып сайланады. Кейінірек Азия мен
Африкада да бұл жүйе орнатылды: 60 жылдары – Индонезияда, 70 жылдары –
Тунисте, Угандада, Малавиде, Орталақ Африка республикасында, Экваторлық
Гвинеяда және т.б. елдерінде орнады. Өмірлік президент лауазымы бір
партиялық жүйемен сәйкес келетін. Ол халықтық рухани басшысы деп
аталатын. Әдетте президент бір үстемдік етуші партияның басшысы болып
табылады. Өмірлік президенттердің бірі Ж.Б.Бокасса одан әрі кетті – ол
өзін Орталық Африка Республикасының императоры етіп жарияланады. Корея
Халықтық Демократиялық Республикасында Президент Ким Ир Сенаның ұлы оның
мұрагері және мемлекеттің өмірлік басшысы болып жарияланды. Өмірлік
президент институты республикаларында монархия формасының элементтері
байқалады.
Республиканың ерекше формасы – теократиялық (клерикальдық) республика
болып табылады. Ондай мемлекетте басшы мусулмандық рухани тұлға болады.
Ондай мемлекеттің мысалы Иран Исламдық Республикасы болып табылады.
Президент және Парламент сайланады, бірақ негізгі рольді мемлекеттік рухани
басшы (рахбар) атқарады. Ол мұсылмандық фундаментализм негізінде
қалыптасқан. Жоғарғы мемлекеттік басшы мұсылмандық эксперт кеңесімен
сайланады.
Сонымен, қорыта келе, республикалардың бірнеше түрлері болады.
Олардың өзіндік ерекшеліктері болады. Әр республиканың қалыптасуы белгілі
бір тарихи кезеңмен байланысты. Сыртқы қоғамдық қатынастар елеулі роль
атқарады. Президенттік басқару институты Үндістанда жиі қолданылады, 100
реттен астам қолданылған болатын.1. 155б
Президентура. Президентураның екі негізгі формасы болады: біртұтас
(президент) және ұжымдық (президенттік кеңес, Иеменде, Суданда, Алжирде
болған, Мемлекеттік Кеңес Кубада, президенттік Босния мен Герцеговинада
(1995 жылы) оның құрамына үш мүше тағайындалды – босниялық, храват және
серб). Иран мемлекетінде президентура мемлекеттің басшысы мен президент
алдында бөлінген. Ол екібасшылық президентура деп аталады. Мемлекет
басшысы факих – мемлекеттің бас саясатын анықтайды. Қытай мемлекетінің
ерекшелігі мемлекет басшысы бар, бірақ мемлекеттің негізгі басқарушы күші
Парламенттің тұрақты комитеті болып табылады.
Президент мемлекеттік билік жүйесінде әр түрлі орын алады: мемлекет
басшысы болады (Германия), мемлекет басшысы және аткарушы билік басшысы
функцияларын бірге атқарады (Бразилия, АҚШ) мемлекет басшысы, әкімшілік
премьер бола алады (Египет,Франция). Президент белгілі бір мерзімге
сайланады: Латвияда – үш жыл, АҚШ-та, Бразилияда – төрт жыл, Францияда
(2000 жылдан бастап) – бес жыл, Египетте – алты жыл, Өзбекстанда – жеті
жыл. Сонымен қатар, жоғарыда айтылған өмірлік президенттер де болады.
Мемлекет президенті болып сайлану үшін келесі шарттар, талаптар
қойылады: азаматтық (Польша мемлекетіндегі кандидатқа сайланушы адамның
тағы қосымша екі мемлекеттің азаматтығы болды: канада және перуандық),
әрекет пен құқық қабілеттілігінің болуы, белгілі бір белгіленген жас
мөлшеріне толуы. Әдетте 35 жас, Никарагуада – 25 жас, Венесуелада – 30
жас, Болгарияда – 40 жас, КХР-да – 45 жас, Италияда – 50 жас. Сонымен
қатар, жас шектеуі де ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мемлекеттік аппарат түсінігі және түрлері
Мемлекет механизмі және басқару органдары
Қазақстан Республикасындағы мемлекет басқару негізі
Биліктің бөліну принциптері
Мемлекеттік аппарат
Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының конституиялық жүйесі
Мемлекеттік аппарат қызметкерлерінің негізгі міндеттері
Мемлекет механизмі туралы
Орталық атқарушы органдар
Егемнді мемлекеттік билікпен құқықтық мемлекеттік мүшемен білдіру, егеменді билікті мемлекетпен қоса бағынуды хабардарлау түрінде себебі
Пәндер