Шығыста қазан шұңқыр Шығыс Африка тау қыратының жарқабақты шетімен күрт шектеледі, одан
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
1 САХАРА, СУДАН ЖӘНЕ ОРТАЛЫҚ АФРИКАНЫҢ ФИЗИКАЛЫҚ- ГЕОГРАФИЯЛЫҚ
СИПАТТАМАСЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
5
1.1 Географиялық
орны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ..5
1.2 Жер
бедері ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... 6
1.3 Климаттық факторлар
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... 10
1.4 Ішкі
сулары ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... 13
1.5 Пайдалы
қазбалар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... 16
2. САХАРА, СУДАН ЖӘНЕ ОРТАЛЫҚ АФРИКАНЫҢ ОРГАНИКАЛЫҚ
ДҮНИЕСІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...18
2.1 Өсімдіктер
жамылғысы ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... 18
2.2 Жануарлар
әлемі ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ...21
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... .24
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... 25
ҚОСЫМШАЛАР ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... .26
КІРІСПЕ
Жұмыстың көкейтестілігі: Сахара түгелімен африка платформасының шегінде
орналасқан, оның көпшілік бөлігі негізі кристалдық және вулкандық
жыныстардан түзіліп, горизонталь тұнба шөгінді қабаттарымен көмкерілген
үстірт болып табылады. Кей жерлерде жер бетіне ежелгі қатпарлы негіз шығып
жатады да биік таулы қырат құрайды немесе күмбез тәріздес қыраттар түрінде
ежелгі интрузиялар шығып жатады. Жер беті шөгінді тау жыныстарымен
көмкеріліп жатқан жерлерге нағыз төрткүл және куэсталық үстірттер мен тау
жұрнақтары тән.
Сахараның көп учаскелері моноклиналды құрылымды болып келеді. Де жақсы
көрінетін куэсталық кемерлер құрайды. Рельефтің мұндай типі солтүстік-
шығыстан Ахаггар тау қыратын қоршаған Тассилин-Адджер үстіртіне,
солтүстікке таман орналасқан Тадемоит үстіртіне, Антиатласты жиектеген
Джебель-Бани таулы үстіртіне және басқаларға тән. Сахараның куэсталық
рельефінің құрылуында тектоникалық және мұз басудан кейінгі, қазіргі
заманға қарағанда тектоникалық және мұз басудан кейінгі, қазіргі заманға
қарағанда анағұрлым ылғалды кезеңде орын алған эрозиялық процестердің рөлі
зор.
Судан жалпақ өңір түрінде бүкіл материк арқылы дерлік батыстан шығысқа
қарай, Атлант мұхитынан Эфиоп тау қыраттарына дейін созылады. Оның оңтүстік
шекарасы Сахарамен шекарасы сияқты зоналық жағдайлармен анықталған,
сондықтан онша айқын көрінбейді. Ол Гвинея және Камерун қыраттарының
солтүстік беткейлері арқылы өтіп, содан кейін Чад көлі бассейнімен бір
жағынан Нілдің сол жақ салаларының, екінші жағынан Конгоның оң жақ
салаларының аралығы жүреді.
Жұмыстың мақсаты мен міндеттері: Сахара, Судан және Орталық Африкаға
физикалық-географиялық сипаттама беру:
- Географиялық орнын анықтау;
- Жер бедерінің басты ерекшеліктерін анықтау;
- Геология құрылымын анықтау;
- Климаттық факторларын анықтау;
- Ішкі суларын анықтау;
- Пайдалы қазбалар анықтау;
- Органикалық дүниесіне сипаттама беру.
Жұмыстың құрылымы. Жұмыс 2 бөлімнен тұрады. Алғашқы бөлімде Сахара,
Судан және Орталық Африканың физикалық-географиялық орнына сипаттама
беріліп, тақырыптың мәні ашылады. Екінші бөлімде сол аймақтың органикалық
дүниесіне сипаттама жаздым.
Жұмысты жазу барысында оқулықтар, газет-журналдар мен қатар интернет
желісі де пайдаланылды.
Зерттеу әдістері: физикалық-географиялық және математикалық,
экологиялық, картографиялық, биологиялық және тарихи зерттеулер.
Зерттеу пәні: Құрлықтар мен мұхиттар физикалық-географиялық курсы.
Зерттеу орны: физикалық және экономикалық география кафедрасында
1.САХАРА, СУДАН ЖӘНЕ ОРТАЛЫҚ АФРИКАНЫҢ ФИЗИКАЛЫҚ ГЕОГРАФИЯЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ
1.1 Сахара, Судан және Орталық Африканың географиялық орны
Тропиктік шөлдерде Африканың солтүстігінде ұлаңғайыр территорияны алып
жатыр. Шөл және шөлейт ландшафттар Атлант мұхитынан Қызыл теңізге дейін,
Атлас тауларының етегі мен Жерорта теңізі жағалауынан Сенегал өзенінің
төмеңгі ағысынан бастап, Чад көлі арқылы Нілдегі Хартумға өтетін сызыққа
дейінгі жердің өн бойына созылып жатыр. Осынау 7 млн. км2 орасан зор
кеңістікті Сахара деген жалпы географиялық атаумен біріктіріп атайды.
Сахараның географиялық шекарасы барынша айқын. Тек қана оңтүстікте,
табиғат жағдайлары шөлейттен саваннаға бірте-бірте ауысатын жерде анық
физикалық-географиялық шекара жоқ. Сахара оңтүстікте тұрақты жауын-шашынды
кезеңі бар жерде аяқталады.
Сахара түгелімен африка платформасының шегінде орналасқан, оның
көпшілік бөлігі негізі кристалдық және вулкандық жыныстардан түзіліп,
горизонталь тұнба шөгінді қабаттарымен көмкерілген үстірт болып табылады.
Кей жерлерде жер бетіне ежелгі қатпарлы негіз шығып жатады да биік таулы
қырат құрайды немесе күмбез тәріздес қыраттар түрінде ежелгі интрузиялар
шығып жатады. Жер беті шөгінді тау жыныстарымен көмкеріліп жатқан жерлерге
нағыз төрткүл және куэсталық үстірттер мен тау жұрнақтары тән. (сурет - 1)
Географиялық орындарын анықтау физикалық картасы пайдаланылады.
Бұл облыс жалпақ өңір түрінде бүкіл материк арқылы дерлік батыстан
шығысқа қарай, Атлант мұхитынан Эфиоп тау қыраттарына дейін созылады. Оның
оңтүстік шекарасы Сахарамен шекарасы сияқты зоналық жағдайлармен
анықталған, сондықтан онша айқын көрінбейді. Ол Гвинея және Камерун
қыраттарының солтүстік беткейлері арқылы өтіп, содан кейін Чад көлі
бассейнімен бір жағынан Нілдің сол жақ салаларының, екінші жағынан Конгоның
оң жақ салаларының аралығы жүреді.
Орталық Африканың табиғат жағдайларының қалыптасуына оның экваторлық
белдеудегі және субэкваторлық белдеулердің оңтүстік және солтүстік шет
аймақтарындағы орнының ерекше үлкен маңызы бар.
Ішкі табиғи айырмашылықтары рельефке және экваторға орай алып жатқан
орнымен байланысты. Экваторлық Африка саванналық учаскелермен ұштасып
жатқан тропиктік ормандардың әр түрлі типтерінің таралуы тән. Оның алабында
екі физикалық-географиялық облыс – Гвинея жағалауы және шеткі таулары бар
Конго қазан шұңқыры ерекшеленеді.
Солтүстік-Гвинея облысы
Облысқа Гвиней шығанағының солтүстік ойпаты жағдайларының кең өңірі,
сондай-ақ Солтүстік Гвинея қыраты кіреді. Облыс климаты-субэкваторлықтан
экваторлыққа өтпелі болып келеді.
Конго қазан шұңқыры және шеткі таулар
Бұл орасан зор физикалық-географиялық облыс экватордың екі жағымен,
Атлант мұхиты жағалауларынан Шығыс-Африка тау қыраттарына дейін созылады.
Солтүстікте оның шекарасы шамамен 50 с.е. бойымен, оңтүстікте – 100 о.е.
біршама оңтүстікке қарай өтеді. Облыс алабын Конгоның орта ағысының жайпақ
қазан шұңқыры және оны қоршаған Конго мен Африканың басқа да өзендерінің
бассейнінің суайрығын құрайтын қыраттар кіреді.
1.2 Жер бедері
Сахараның қиыр шығысында, Қызыл теңіз бен Ніл аралығында кристалдық
негіз сәл көтеріңкі келіп, кей жерлері мезазой құмтастарының қабаттарымен
жабылған. Онда биіктігі 2000 м дейін баратын төрткүл үстірттер көтеріліп
тұрады, эрозиялық күшті тілімделудің болғандығын дәлелдейтін бұларды терең,
құрғақ шатқалдар кесіп өтеді. Облыстың бұл бөлігі Аравия және Нубия шөлдері
деген атаумен белгілі.
Нілден батысқа таман дүние жүзінде ұлаңғайыр құм жинақталған Ливия
шөлінің үстірті өтеді. Солтүстікте Сахараның беті бірте-бірте аласарады,
онда бірнеше терең ойыстар орналасқан, олардың кейбіреуі теңіз деңгейінен
төмен жатыр. Түбінің абсолюттік белгісі – 133 м. қаттар ойыстар – Жердегі
ең терең құрғақ ойыстардың бірі. (сурет-2) Сахараның жер бедері картасы.
Сахараның орталық бөлігін де кристалдық және вулкандық жыныстардан
түзілген биік тау қыраттары мен үстірттер түзеген. Олар: Тибести, Ахаггар,
Ифорас т.б. тау қыраттары. Тибести тау қыратының ең биік шыңы – сөнген Эми
–Куси вулканы (3415 м), кратерінің диаметрі 12 км, бұл бүкіл Сахара
облысының ең биік шыңы. Массивтердің рельефі қатты тілімденген, олардың
беткейлері құзды және жартасты, етектерін түрлі ірі қираған материалдар
басып кеткен.
Сахараның қалған бөлігінде Сахараның қалған бөлігінде 300-400 м
биіктіктер белең алған. Жер бетін ізбес тасы, құм тас және сазды
жыныстардың қабаттары жапқан.

Сахараның шөлді үстірттерінің бетін арабтар уэд деп атайтын арналар
жүйесі торабы кесіп өтеді. Тек сирек жауатын жаңбырдан кейін ғана бұл
арналар суға толады, бірақ ары кетсе бірнеше күннің ішінде, кейде бірнеше
сағаттан кейін ол сулардың жұрнағы да қалмайды. Уэдтердің көпшілік бөлігі
негізінен сахара тау қыраттарының беткейлерінен жан-жаққа салаланып
тарайды, бұлардың өзі Сахарада эрозиялық қолаттар торабынан пайда болған
плювиал кезеңінде суайрық қызметін атқарады. Қазіргі кезде олардың түбін
аллювийлік құм материалдар басып қалған немесе саз жыныстары қатайтқан.
Көптеген уэдтер көлемі мен тереңдігі әр түрлі тұйық ойыстарға
аяқталады, бұл да Сахара рельефі ерекшеліктерінің бірі болып саналады.
Жауыннан соң ойыстар азғана уақытқа суға толады. Кейбір ойыстардың
(себхтердің) түбін тұз қабыршағы жауып жатады, ал жер асты ағыны барларының
түбі тұзданбаған. Ойыстардың пайда болуында тектоника, жер асты эрозиясы
процестері, карст түзілістері және үйінділерді жел үріп кетуі роль
атқарған.
Үйілу процестерінің пәрменді түрде жүруі және олардың Сахарадан тыс
шықпауы ұлан – асыр кесек материалдардың шоғырланып қалуына әкеп соқты.
Шөлдің кейбір бөліктеріне, әсіресе куэста үстірттердің араларындағы
ояндарға және кең-байтақ тұйық қазан шұңқырларға эрг деп аталатынорасан зор
мөлшерде дюна құмдарының жинақталуы тән. Қозғалыссыз өлі, құм
учаскелерімен қатар аумақты жерлерді алып жатқан құм дюналары да баршылық,
бұлар үнемі басым желдің бағытына қарай көшімен болады. Құм әсіресе Ливия
шөлінде өте көп шоғырланған. Дюналардың салыстырмалы биіктігі онда 3000 м
жетеді.
Сахараға малта тестан тұратын қабаттары бар, кейде бетін құм жапқан
орасан зор тегіс учаскелер (рег немесе серир) тән.
Сахараның да көп жерінде кристалдық жыныстардың қирауынан пайда болған
қиыршық тас үйіліп жатады. Мұндай тастақ алаптар хамада деп аталады.
Хамаданың қиыршық тасты үйінділерінің арасынан жартасты, қия беткейлі оқшау
үстірттер – гара көтеріліп тұрады.
Суданның рельефі бірсыдырғы және Африканың көршілес облыстарынң
рельефінен айырмашылықтары аз. Жер беті құрылысының басты ерекшелігі –
қалың шөгінді қабаттармен жабылған көлемді жайдақ қазан-шұңқырлар мен
оларды бөліп тұратын кристалдық массивтердің алмасып келуі. Суданның қазаан
шұңқырлары 400 м биіктікке сирек жетеді, олар бір-бірінен биіктігі 2000 м
асып түсетін қырқалармен бөлінген.
Қиыр батыста Атлант мұхитының маңында өзіне Сенегал мен Гамбия
өзендері бассейндерінің едәуір бөлігін қосып алатын Сене-гамбия
аккумуляциялық ойпатты жазығы жатыр. Оңтүстік-шығыстан оны Солтүстік Гвинея
қыратының беткейлері тұйықтап тұр, қырат Фута-Джаллон массивінде 1366 м
биіктікке жетеді. Осы қыраттан солтүстікке таман Батыс Судан үстіртті
орналасқан. Платформаның кристалдық фундаменті үстірт алабында құм
тастардың қалың қабаттарының астында жатыр. Өзен аңғарлары оларды
оқшауланған төрткүл қыраттарға бөліп-бөліп тастайды. Шығыста үстірт
эрозиялық кемерлер түрінде орта Нигердің ауқымды қазан шұңқырына құлайды,
қазан шұңқырдың алабында зор өзен меандрланады да, көптеген ескі арналар
жарыса жүретін тарамдарға бөлініп кетеді. Осы жерлерде жекелеген төбелер
мен төрткүл қыраттар бой түзеген. Оларда әдетте елді мекендер орналасқан.
Нигер жайылған кезде барлық жерді суалып кеткенімен, бұл қыратты
учаскелерді су баспайды. Нигер қазан шұңқырының солтүстігінде өсімдік
жапқан дюналық рельеф айқын көрінеді.
Нигер қазан шұңқыры шығысынан кристалдық жыныстардан тұратын
массивтермен және үстіртпен шектелген, сонымен бірге ең биік үстірті – Буч
2000 м-ден асады. Шығыста ол Чад көлінің қазан шұңқырына құлайды, оның
ішінара жауын-шашынға, жауу мөлшеріне қарай пішінін өзгертіп отыратын тайыз
көл алып жатады. Қазан шұңқырдың ең төмеңгі бөлігі – Боделе ойысы 200 м
төмен жатыр. Шамасы, ертеректе бұл ойыста көл болса керек. Мұны оған қарай
көрші үстірттерден бағытталған құрғақ арналар жүйесі аңғартады.
Оңтүстіктен Чад өзенінің қазан шұңқыры Камерун массивінің сілемдерімен,
шығыстан ең биік шыңы Джебель- Марра 3000 м-ден асатын Дарфур кристалдың
үстіртімен тұйықталған.
Суданның шығысына Ақ Ніл қазан шұңқыры орналасқан. Оған шығыстан
Эфиоп тау қыратының қия беткейлері, оңтүстіктен –Шығыс Африка таулары
жақындап келеді. Чад көлі мен Ақ Ніл бассейндерін бөліп тұратын суайрық
қырат, барынша қатты жыныстардан тұратын жекелеген тау жұрнақтары бар
биіктігі 500-700 м үстірт болып келеді. Ақ Нілдің қазан шұңқырының беті
жайпақ, өзен арналары өте аз ойылған. Бүкіл қазан шұңқыр батпақтанған, ал
өзен жайылған кезде оның көпшілік бөлігі су астында қалады.
Солтүстік Гвинея қыраты Гвинея шығанағын көмкереді де оған қарай
сатылап түседі. Оның басым биіктіктері 500-600 м максимум биіктігі – 2000 м-
ге дейін жетеді. Ұыраттарды кристалды жыныстар құрайды, олар кейбір
жерлерде горизонталь жатқан құм тастармен жабылған. Қыраттың оңтүстік шеті
өзендермен тілімделген, олардың қысқа (200-300 км-ден артық емес) және
терең ойылып кеткен аңғарларын қыраттан жағалаудың төбелі бетінің арасында
шошиып тұратын аласа тау жұрнақтары бөліп тұрады.
Қазан шұңқырдың рельефінде бірнеше саты анық оқшауланады. Оның
төмеңгі бөлігі Конгоның орта ағысындағы биіктігі 500 м-ден артпайтын кең
жазық құрайды. Бұл жазықтың негізгі бөлігі ежелгі көлдік аллювийдің қалың
қатарынан түзілген, ал өзендерді бойлап жас аллювийлік шөгінділердің
өңірлері созылып кетеді. Жазықтың беті мүлде тегіс деуге болады, өйткені ол
Атлант мұхитына қарай ағып кеткен көлдің түбі болған. Оның қалдықтары – II
Леопольд және Тумба көлдері. Мезазой жасындағы көл қабаттарының астында
жазық алабында ежелгі мұздық шөгінділерінің қабаттары жатыр. Олар палеозой
эрасының аяғында оңтүстік жарты шар материктерінің ұлаңғайыр территориясын
басқан қалың мұздықтар әрекетінің нәтижесі.
Оңтүстікте және шығыста қазан шұңқырдың орталық бөлігінің тегіс
рельефінде айқын көрінетін кемер арқылы биіктігі 500-1000 м үстіртке
ауысады. Үстірттің рельефінде айқын көрінетін палеозой мезазойдың тұнба
шөгінділерінен тұрратын беті көптеген сарқырамалары бар өзендердің терең
шатқалдарымен тілгіленген. Аңғарлардың мұндай құрылымы – мезазой эрасының
аяғында өткен және қазан шұңқырдың осы биік сатысының пайда болуына әкеліп
соққан көтерілулерден өзен эрозиясының жандануының нәтижесі.
Конго қазан шұңқыры барлық жағынан бірдей биіктігі 2000 м-ге жететін
және онан да асатын тау үстірттерімен тұйықталған, оңтүстігінде сатыланып
Лунда таулы үстірті бой түзеген, ол бейне бір ендік бағыттағы жота құрып,
Конго мен Замбези өзендері арасында суайрық қызмет атқарады. Шығыста қазан
шұңқыр Шығыс Африка тау қыратының жарқабақты шетімен күрт шектеледі, одан
Лунда таулы үстіртіне қосылып кететін сілемдер тарайды. Солтүстікте биік
үстірт Конго бассейнін Ніл, Чад көлі және Нигер бассейндерінен бөліп
тұрады. Қырат алаптар қазан шұңқырды батысынан да шектеп, оны Атлант
мұхитының жағалық ойпаттарынан бөліп тастайды. Осы қыраттарды Конго енсіз
жас эпигенетикалық аңғар жасап кесіп өтеді, осы алапта өзен, Африканы
зерттеуші Ливингстонның есімімен аталатын ондаған сарқырамалар құрайды.
Қазан шұңқырды шектеп жатқан үстірттер мен қыраттарға көбінесе орман
шекарасынан биікке көтеріліп тұратын жекке жұмыр шыңдар немесе вулкан
конустары шошайып тұратын тегістелген беттер сипаты. Сатылы қия беткейлерді
шатқал тәрізді, тар аңғарлар кесіп өтеді. жер бетінің мұндай сипаты –
Африка платформасының шеткі бөліктерінің жуырда ғана жасаруының нәтижесі.
Шеткі таулар мен Атлант мұхитының арасында аккумуляциялық құмды
ойпатты жазық жатыр. Ол бірте-бірте төмендей түсіп, мұхит деңгейінің
астында су асты платформасы түрінде жалғасып кете береді. Жаға сызығы
барлық жерде дерлік түзу сызықты болып келеді. Судың таяздығы және жақсы
ықталған қойнаулардың жоқтығы Африка жағалауының осы бөлігінде кеме
қатынасына өте қолайсыздық туғызады. Кейбір теңіз басқан өзен сағаларында
ғана шағын порттар орналасқан.
1.3 Климаттық факторлар
Сахара болмысы жыл бойы құрғақ тропиктік ауаның үстем болуымен
байланысты. Оның көпшілік бөлігінің климаты шұғыл континенттік, жауын-
шашынның жылдық жиынтығы барлық жерде дерлік 50 мм-ден аз. Ішкі аудандарда
жауын-шашын кейде қатарынан бірнеше жыл бойына жаумайды және жаңбырдың
жаууы кездейсоқ сипатта болады. Мұндайда кейде су басуын тудыратын нөсер
өтеді. Жауын – шашынның біршама артуы тек биік тау қыраттарының
беткейлерінде ғана байқалады, бірақ онда да оның жылдық жиынтығы 100 мм
жетпейді. Шөлдің солтүстік және оңтүстік шет алқаптарында жауын-шашын
анағұрлым тұрақты жауып тұрады және ол жылдың белгілі бір кезеңдеріне сай
келеді. Солтүстікте жаңбыр күзде, қыста және көктемде, ал оңтүстікте –
жазда жауады. Азды – көпті тұрақты жауын-шашынды бұл өңірлер солтүстікте
Сахарадан Атлас облысына, ал оңтүстікте Суданға өтпелі орын алады. (сурет-
3)
Сахарада ауа әрдайым құрғақ және шаң тұнып тұрады, оның облыстырмалы
ылғалдылығы өте аз, кейде 25%-тен төмен. Аспан айналып жерге түсетіндей
ыстық күндері ауа өте қатты және әркелкі қызғанда көріну жағдайлары
бұрмаланады., сағым ойнап, көк жиектен өмірде жоқ өзендер, көлдер мен
таулар көрінеді. Сахарада жауын-шашынның аздығымен қатар дүние жүзіндегі ең
күшті буланушылық байқалады. Жыл ішінде осынау ыстық шөлде қалындығы 6 м
дейін баратын су қабаты булана алады. Күшті желдер булануды онан сайын
күшейте түседі. Мейлінше тұрақты жазғы желдер-пассаттар солтүстік және
солтүстік-шығыстан құрғақ және ыстық ауа алып келеді. Жазда өтетін
атмосфералық депрессиялар өте күшті құм және шаң борандар туғызады – бұл
Сахарадағы басты апаттың бірі.
Облыс температурасының ағымына тәуліктік және жылдық күрт контрастар
тән. Жазда күннің ыстықтығы +500С-ге жетеді, ал шаң мен құм ала келетін
тұрақты ыстық әрі құрғақ желдер оның үстіне жер апшысын қуыра түседі.
Сахарада көлеңкенің өзінде болатын абсолют максимум (+500С) бүкіл жер
шарының абсолют максимумы болып табылады. Топырақ беті +60 -80 С-ге дейін
қызады. Жазда, түннің өзінде температура +300С-ден болмайды, тәуліктік
ауытқулар 30-500С-ге жетуі мүмкін.
Қыс айларында ауа анағұрлым қоңыр салқын және бір қалыпты, өйткені бұл
кезде антициклондық ауа райы қалыптасады. Күндіз температура +20 – 250С
шамасында тұрса, түнде қатты жылу қайтару салдарынан ауа 00С- ге дейін
салқындайды, ал кейде үсік қатты соғатыны сондай, ыдыстар мен қолдан
жасалған су алқаптарындағы су қатып қалады. Тауларда -180С-ге дейін аяздар
байқалған.
Сахараның Атлант мұхитының суық Канар ағысы өтетін жағасын алып жатқан
батыс шеті – шөлдің басқа бір жағалық типі болып табылады. Ондағы
температура мұхиттың жақындығына байланысты бәсеңдеу, ауаның салыстырмалы
ылғалдылығы 75-80%-ке жетеді, жағалауда жанды жайландыратын бриздер соғады,
бірақ жауын-шашын Сахараның ішкі аудандарына қарағанда онша көп жаумайды.
Судан шегінде температуралық жағдайлар салыстырмалы түрде аз өзгеріп
тұрады, топырағы мен өсімдігінің сипаты мен ең алдымен жауын-шашын
мөлшеріне және оның жыл ішінде бөлінуіне байланысты болады. Сахараның шөл
жағдайларынан Суданның саванналарына өту жаңбырдың тұрақты маусымының орын
алуымен байланысты болады. Облыстың солтүстік шекарасы маңында осынау
ылғалды жаз маусымы екі айдан артыққа созылмайды, ал жылдық жауын- шашынның
жалпы мөлшері шашынның жалпы мөлшері 300 мм-ден артпайды. Оңтүстік шекарада
ылғалды кезеңнің ұзақтығы 10 айға жуық созылады, ал жауын шашынның жылдық
мөлшері батыста 2000 мм және шығыста 1000 мм –ге дейін ұлғаяды. Жауын-
шашынды оңтүстік-батыс экваторлық муссон әкеледі, сондықтан оның мөлшері
оңтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа қарай азаяды, жаңбырлар кезеңінде ауа
ылғалды әрі қапырық болады, адамдар тұрақты буланудан зардап шегеді. Қысқы
құрғақ кезеңде Сахара жағынан ыстық әрі құрғақ харматтан соғады. Оның
әсерімен ылғалдың орасан зор мөлшері буланып кетеді де көптеген өсімдіктер
қурап, жапырақтары түсіп қалады, ал адамдар мен жануарлар үнемі судың
жетіспеушілігін сезінумен болады.
Суданда ешбір айда орташа температура +200С –ден төмен түспейді.
Еңжоғары температуралар қуаңшылық пен ылғалды маусымдардың аралығында
байқалады. Чад көлі маңындағы және Ақ және Көгілдір Ніл өзендері
аралығындағы апрель, майдағы орташа температура +30 – 350С, ал орташа
максимум +400С-ден асады. Осындай өтпелі кезде ауа райы әдетте тұрақты
болмайды, көбінесе дауыл соғып, нажағай ойнайды.
Қуаңшылық кезіндет дүркін – дүркін өрт шығып, ұлаңғайыр алқаптардағы
өсімдік атаулыны тып-тыпил қылып құртып кетеді. Жергілікті халық жаңбыр
жауу маусымы қарсаңында егістік алаптарды тазарту үшін құрғақ шөптерді
өртейді. Жер пайдаланудың мұндай жүйесі өсімдіктердің флоралық құрамына көп
зиян келтіреді де топырақтың тозуына және су алқаптарының құрғауына әкеп
соғады.
Гвинея жағалауы жылдың көп уақытында тау беткейлеріне мол жауын-шашын
әкелетін оңтүстік-батыс муссонының ықпалында болады. Жағалаудың оңтүстік
бөлігінде және әсіресе Камерун массиві беткейлерінде жауын-шашын бүкіл жыл
бойына түседі, дегенмен максимумның екі кезеңі айрықша бөлініп тұрады.
Солтүстікке қарай олар бірте-бірте жаңбырдың ұзақ жауатын бір кезеңіне
қосылып кетеді, бұл муссонның барынша қуатты кезеңіне сай келеді. Солтүстік-
шығыс пассат Гвинея жағалауына тек қыста, оңтүстік-батыс муссон әлсіреген
кезде енеді. Жағалауға жеткен солтүстіктің құрғақ желі ауаның салыстырмалы
ылғалын төмендетеді де адамдар мен малдарға жақсы әсер етеді.
Камерун массивінің мұхитқа қарап тұрған беткейлеріне жауын-шашын
9000мм-ден астам түседі. бұл – бүкіл Африканың максимум мөлшері. Мұндай көп
жауын-шашын жауған кезде Фако шыңына қар түседі. Басқа аудандарда жаға
сызығының бағыты мен тау беткейлерінің экспозициясына қарай жауын-шашынның
жалпы мөлшері 2000 мм–ден 3000 мм-ге дейін ауытқып тұрады. Оңтүстік–батыс
муссон жағалауға қарай қиялай соқпай, оған параллель соғатын кейбір
жерлерде жауын-шашын мөлшері 1000 мм–ден артпайды. Мысалы, жағаның дөңі
жауып тұрған Аккара ауданында жылына 600-700 мм жауын-шашын түседі.
Конго қазан шұңқыры – бұл мол жауын-шашынмен бір қалыпты жоғары
температуралар облысы. Дегенмен оның орасан зор территориясында климаттық
жағдайлар барлық жерде бірдей емес. Басты айырмашылық жауын-шашынның
мөлшері мен режиміне байланысты болады, ал температуралық жағдайлар
салыстырмалы түрде өзгереді.
Жауын-шашынның нағыз экваторлық режиміне Конго бассейнінің жазықтық
бөлігіне тән, мұндағы жауын-шашынның жылдық жиынтығы 1500 мм-ден асады,
күннің зениттегі орнымен байланысты ылғалды кезеңдер неғұрлым құрғақ
кезеңдерден тек жаңбырдың үдей түсуімен айрықшаланады. Тіптен ең құрғақ ай
– январьда айлық жау мм-ге жетеді.
Қазан шұңқырдың солтүстік және оңтүстік шет аймақтарында жаңбырдың екі
кезеңі бірте-бірте ұзақ жауатын бір кезеңге бірігіп келді, оны біршама
қысқа қуаңшылық кезең алмастырады. Бұл режим әсіресе оңтүстік-шығыста айқын
көрінеді, онда қыс айларында – июнь, июль және августа жауын-шашын жалпы
болмайды. Солтүстік оңтүстікке қарағанда мейлінше төмеңгі еңдіктерге
орналасқан, сондықтан да онда солтүстік жарты шардағы қыс кезіндегі құрғақ
кезең біршама азырақ байқалады, дегенмен Конгоның оң саласы – Убангидің
бассейнінде декабрь мен январьда жауын-шашын мөлшері күрт төмендейді.
Атлант жағалауының экватордан оңтүстікке қарайғы жерінде Бенгел суық
ағысының әсерімен жауын-шашын мөлшері азаяды да басқа аудандарға қарағанда
жағалаудағы орташа температура төмен болады. Экватордан солтүстікке қарай
ағыстың ықпалы тарамайды және жағалауды жиектеген қыраттардың беткейлеріне
оңтүстік-батыс экваторлық муссоны басқа территорияларға түсетін жауын-шашын
мөлшеріне қарағанда мұнда жауын-шашынды көбірек әкеледі. Жауын-шашынның
біршама азаюы оңтүстік экваторлық муссон әлсіреген кезде солтүстік жарты
шардың тек жаз айларында байқалады.
1.4 Ішкі сулары
Сахарада жер беті суы жоқтың қасы, сумен қамтамасыз етудің көзі – жер
асты сулары адамдардың, малдардың және өсімдіктердің күн көріс көзі де осы
су. Жер асты суына құмды шөлдер біршама бай. Құм астының кейбір жерлерінде
жер асты суларының бұлақтарына бастама айтарлықтай қалың горизонттары
жатады. Көптеген уэдтердің жер асты ағындары болады. Сахарада суды көпшілік
жағдайда құдықтардан алады. Соңғы кездері сумен қамтамасыз етуде
насостармен жабдықталған және қысымды горизонттардың сенімді де тұрақты
суларын пайдаланатын терең артезиан құдықтары үлкен роль атқарады.
Сахараның шеткі бөліктері мен кейбір таулы аудандарында соңғы плювиал
кезінен бері сақталып қалған және жер асты көздерінен қорек суы таза көлдер
бар.
Облыс алабындағы бірден-бір әрі тұрақты арна ағысы- Ніл. Әлденеше жүз
километр бойы көбірсіген шөлді басып ағып, оған жан бітірген бұл өзен –
Африка табиғатының тамаша құбылыстарының бірі болып танылады. Әлбетте
Нілдің болмысы оның шөлден тыс жерлерден алатын су көздерімен байланысты.
Сахараның топырақ жамылғысы үзік-үзік. Құмды және тасты ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz