АҚШ аумағының негізгі бөлігі


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 24 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Кіріспе . . . 3

1. Америка Құрама Штаттарына жалпы шолу . . . 4

1. 1 АҚШ-ң физикалық-географиялық және экономикалық-

географиялық жағдайы . . . 4

1. 2 АҚШ-ң халқы . . . 8

1. 3 АҚШ-ң шаруашылығы . . . 11

2. Канадаға жалпы шолу . . . 16

2. 1 Канаданың физикалық-географиялық және

экономикалық-географиялық жағдайы . . . 16

2. 2 Канаданың халқы мен ұлттық құрамы . . . 18

2. 3 Канаданың шаруашылығы мен сыртқы байланыстары . . . 20

Қорытынды . . . 24

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 25

Кіріспе

Тақырыптың бірінші бөлімінде Америка Құрама Штаттарының табиғат жағдайы, географиялық орны көршілес мемлекеттердің даму деңгейі, оның экономикасына сипаттама беріледі. Америка Құрама Штаттарына жалпы жолу яғни жалпы географиялық орны көршілес мемлекеттінің даму деңгейіне тигізетін әсері қандай, экономика, ол қай бағытта дамып жатыр, халқы санының өсуі, табиғат ресурстары әсіресе, өндірісінің алатын орны ерекшелігі туралы ауқымды материалдар келтірілді. Ал екінші бөлімде Канаданың әлеуметтік-экономикалық жағдайы, сыртқы экономикалық қарым-қатынастары қарастырылады.

Жұмысының мақсаты - Солтүстік Америка елдерінің өркендеп, даму үстіндегі экономикасының басты саласы машина және химия өнеркәсібінің дамуына талдау жасап, бұл өндірістің қоршаған ортаға әсеріне баға беру және өзара тиімді байланыстың өзекті көздерін айқындау.

АҚШ пен Канада жалпы алғанда колайлы деп бағаланатын экономикалық-географиялық жағдайының басты ерекшеліктері мынадай:

•АҚШ кұрамына енетін Аляска және Гавай штаттары елдің басқа бөліктерімен кұрлық арқылы шектеспейді; бұл ел аумағында біртұтас көлік жүйесін қалыптастыруға кедергі келтіріп, әлеуметтік-экономикалық айырмашылықтарға себепші болады.

  • Елдің шығысында Атлант, батысында Тынық мұхит сулары ұласып жатыр; бұл жағдай АҚШ-тың халықаралық экономикалық қатынастарын дамытуына өте қолайлы әсер етіп, мемлекеттің кауіпсіздігін қамтамасыз етеді.
  • АҚШ өндірісін алуан түрлі шикізатпен және арзан еңбек ресурстарымен қамтамасыз етіп, өз кезегінде дайын тауарларды сатып алатын Латын Америкасы елдерінің салыстырмалы түрде жақын орналасуы ел экономикасының үздіксіз дамуына себепші болады.
  • АҚШ-тың көршілес орналасқан Канадамен және Мексикамен кұрлықтық шекаралары шартты түрде өзен-көлдер, таулы аймақтар арқылы өтуі елдер арасындағы сауда-экономикалық қатынастарының дамуына колайлы жағдай жасайды.
  • Канада - дүние жүзінде жер көлемі жөнінен Ресейден кейін екінші орын алатын, жоғары дамыған ел. Елдің солтүстік бөлігі Канада (архилелаг) аралдарды қамтыса, оңтүстігі мен солтүстік-батысында Америка Кұрама Штаттарымен шектеседі. Астанасы - Оттавақаласы.
  • Канада - жоғары дәрежеде дамыған индустриялы-аграрлы ел. Шаруашылық құрылымында "Үлкен жетілікке" енетін басқа елдер тәрізді, материалдық емес сала басым. Елде алуан түрлі тауарлар: жемістер консервілеуден бастап автокөлік өндіруге дейін дамыған.
  1. Америка Құрама Штаттарына жалпы шолу

1. 1 АҚШ-ң физикалық-географиялық және экономикалық-географиялық жағдайы

  • Жерінің ауданы - 9 млн 363 мың км2
  • Халқы - 290 млн адам (2005 ж. )
  • Астанасы - Вашингтон
  • Мемлекеттік кұрылымы - федерациялық республика
  • Мемлекет басшысы - президент
  • Заң шырарушы органы - конгресс
  • Мемлекеттік тілі - ағылшын тілі
  • Ұлттық валютасы - америка доллары
  • Әкімшілік-аумақтық бірлігі - штаттар және федералдық округ

АҚШ-тың экономикалық-географиялық жағдайы. Мемлекет тарихы

Америка Құрама Штаттары (АҚШ) -дүниежүзіндегі аса ірі мемлекеттердің бірі. Ол жерінің ауданы жөнінен Ресей, Канада, Қытайдан кейінгі төртінші орын алады. Мемлекеттік кұрылымы жөнінен АҚШ 50 штаттан, ел астанасы -Вашингтон қаласы орналасқан Колумбия федералды округінен тұратын федерациялық. республика болып табылады. АҚШ республикасын президент басқарады, ол 4 жыл мерзімге сайланады.

Экономикалық-географиялық жағдайы. АҚШ аумағының негізгі бөлігі Солтүстік Америка материгінде орналасқан, сондай-ақ Тынық мұхиттағы Гавай аралдары да елдің құрамдас бөлігі болып табылады. АҚШ жері бес сағаттық белдеуде жатыр: мұнда батыстан шығысқа қарай тынықмұхиттық, таулық, орталық, шығыс және атлантмұхиттық уақыт ажыратылады. Елдің жалпы алғанда колайлы деп бағаланатын экономикалық-географиялық жағдайының басты ерекшеліктері мынадай:

•АҚШ кұрамына енетін Аляска және Гавай штаттары елдің басқа бөліктерімен кұрлық арқылы шектеспейді; бұл ел аумағында біртұтас көлік жүйесін қалыптастыруға кедергі келтіріп, әлеуметтік-экономикалық айырмашылықтарға себепші болады.

  • Елдің шығысында Атлант, батысында Тынық мұхит сулары ұласып жатыр; бұл жағдай АҚШ-тың халықаралық экономикалық қатынастарын дамытуына өте қолайлы әсер етіп, мемлекеттің кауіпсіздігін қамтамасыз етеді.
  • АҚШ өндірісін алуан түрлі шикізатпен және арзан еңбек ресурстарымен қамтамасыз етіп, өз кезегінде дайын тауарларды сатып алатын Латын Америкасы елдерінің салыстырмалы түрде жақын орналасуы ел экономикасының үздіксіз дамуына себепші болады.
  • АҚШ-тың көршілес орналасқан Канадамен және Мексикамен кұрлықтық шекаралары шартты түрде өзен-көлдер, таулы аймақтар арқылы өтуі елдер арасындағы сауда-экономикалық қатынастарының дамуына колайлы жағдай жасайды [1] .

Мемлекет тарихы. XVI ғасырда Солтүстік Америкаға еуропалықтар қоныс аудара бастады. 1607 жылы қазіргі АҚШ жеріндегі Виргиния штатында алғашқы қоныстар пайда болды. 1620 жылы Массачусетс шығанағы жағалауына ағылшын қоныс аударушылары келіп жетті. Осы аймақта пайда болған Жаңа Англияның тұрғындары янки деп аталды. Қазіргі кезде байырғы америкалықтардың барлығын осылайша атайды. Жаңа Англияда іргетасы қаланған алғашқы қала - Бостон оның орталығына айналды.

Үндістерді табиғат жағдайлары қолайсыз ішкергі аудандарға ығыстырып тастаған еуропалық қоныс аударушылар ауыл шаруашылығымен айналыса бастады. Солтүстікте олар өз фермаларында жұмыс істесе, оңтүстікте ұлан-ғайыр плантацияларды иеленіп, Африкадан әкелінген кұлдардың еңбегін пайдаланды. Құлдар саны XVIII ғасырдың ортасында 300 мыңға жетті. Иеліктердің көпшілігі Ұлыбританияның қол астында болатын. 1763 жылы Ұлыбританияда шығарылған Жарлық бойынша қоныс аударушыларға Аппалачтан батыска қарай жер иеленуге тыйым салынды. Бұл Жарлықка наразы болған қоныс аударушылар бірігіп, өздерінің байырғы отаны - Ұлыбританиямен сауда қатынастарын тоқтатты. Олар 1775 жылы Бостон қаласы маңында бүлікшілерді басу үшін арнайы жіберілген ағылшын әскерлерін талқандады. Виргиниялық жер иеленуші Джордж Вашингтон басқарған азаттық үшін күрес 1776 жылы 4 шілдеде жаңа мемлекет - Америка Құрама Штаттарының пайда болуымен аяқталды. Бұл күн АҚШ-тың тәуелсіздік күні ретінде жылда мерекеленеді. Филадельфия қаласында алғаш АҚШ тәуелсіздігін жариялаған Конституция қабылданған болатын. Сондықтан бұл қаланы АҚШ мемлекетінің "бесігі" деуге болады.

Атлант мұхиты жағалауындағы 13 штатты ғана қамтыған бұл мемлекеттің алғашқы президенті болып Джордж Вашингтон сайланды. 1790 жылы арнайы астана ретінде жобаланған Вашингтон қаласының іргетасы қаланды. Елдің 1787 жылы қабылданған Конституциясына біршама өзгертулер енгізіліп, осы кезге дейін пайдаланылып келеді. Әр штаттың аумағында жергілікті қабылданған заңдар жүзеге асырылады [1, 2] .

Ел тәуелсіздігін алған соң бекітілген АҚШ-тың мемлекеттік байрағында кезектесіп орналасқан 13 қызыл және ақ жолақтар алғашқы біріккен штаттар санын білдіреді. Байрақтың сол жақ жоғары бұрышында бейнеленген жұлдыздар елдегі әкімшілік бірліктердің санын көрсетеді. Қазіргі кезде жұлдыз саны 50-ге жеткен.

Кейінгі ғасырларда ел аумағы кеңейіп, оның кұрамына жаңа жерлер енгізілді. XIX ғасырдың соңы мен XX ғасырдың басында АҚШ экономикасы жедел карқынмен дамып, тез арада дүние жүзіндегі жетекші орынға шықты.

Геосаяси жағдайы . АҚШ-тың геосаяси жағдайы, ұстанған саяси бағыты, ең алдымен, оның дүние жүзіндегі айрықша орнымен анықталады. АҚШ XX ғасырдың басында бейтарап саясат ұстанатынын жариялағанымен, дүние жүзінің саяси картасын түбегейлі өзгерткен аса маңызды саяси оқиғалар бұл мәлімдемені іс жүзіне асыруға мүмкіндік бермеді. Нәтижесінде АҚШ екі дүниежүзілік соғысқа араласып, әлемдегі басқа ірі мемлекеттермен бірге өзінің ықпал ету аймақтарын бөлісті.

Осы ғасырда халықаралық аренада пайда болған орасан зор жаңа ел - Кеңестер Одағы ендігі жерде АҚШ-тың барлық саладағы, ең бастысы қарулану ісіндегі негізгі бәсекелесіне айналды. Әлемдік саясаттанушылар "қырғи қабақ соғыс" деп атаған текетірес кезең 1990 жылдары Кеңестер Одағының ыдырауына байланысты аяқталды. 1945 жылы тамыз айында АҚШ Жапонияның Хиросима және Нагасаки қалаларына атом бомбасын тастады. 1964-1975 жылдары АҚШ Въетнам жерінде соғыс қимылдарын жүргізді. Осы кезөңде бұл шағын елдегі АҚШ-тың тұрақты армиясында 500 мыңдай әскер болған. Барлық бейбітшілік сүйгіш халықаралық қауымдастық осы кезге дейін аза тұтып, еске алатын бұл қайғылы оқиғалар АҚШ-тық "бейбітшілік сүйгіш" саясатына күмән келтіруге себепші болды [2] .

Кеңестер Одағының ыдырауы, Еуропа мен Азиядағы социалистік елдердің даму бағыттарының қайта құрылуы бұл елдерге қатысты АҚШ-тың сыртқы саясатының да өзгеруіне апарып соқты. Жаңадан пайда болған орасан зор ықпал аймағына қатысты АҚШ үкіметі өзіндік жаңа геосаяси бағдар алды. Тәуелсіздік алған жас мемлекеттер көп жағдайда сыртқы саясатың өзін "демократия қамалы" деп санайтын АҚШ тұрғысында айқындай бастады. Демократия шарттары мен адам кұқығы туралы қағидаларды алға ұстанған АҚШ XX ғасырдың соңына қарай Таяу Шығыс пен Югославия жеріндегі соғыс оқиғаларына белсене кірісті. Нью-Йорк қаласында 2001 жылдың 11 қыркүйегінде болған аса ірі террорлық әрекеттерге байланысты АҚШ мемлекетінің Азия аймағына қатысты ұстанған саясаты дүние жүзіндегі саяси күштердің арасалмағын елеулі түрде өзгертті. Сонымен күллі әлем санасатын, 200 жылдан артық, тарихы бар бұл аса ірі мемлекеттің геосаясаты "қай жағдайда да, ең басты орында АҚШ мүддесі" деген ұранға тәуелді болады. Аса күшті дамыған, ядролық қаруға ие жетекші мемлекет ретінде АҚШ өзінің аумағында ғана емес, шекарасынан тыс жерлерде орналасқан иеліктері мен ықпал ету аймақтарында да бұл шарттың мұлтіксіз орындалуын айрықша назарында ұстайды [1, 3] .

Табиғат жағдайлары мен ресурстары

АҚШ аумағының жер бедеріне айқын ажыратылатын бірнеше ірі орографиялық бірліктер тән. Батыста Қордилъера тау жүйесі орналасқан. АҚШ жерінде осы тау жүйесіне енетін Аляска, Брукс, Сьерра-Невада және т. б жоталар, Сеңгір таулары, Үлкен Алап пен Колорадо үстірті орналасқан. Қордильераның ел аумағындағы ең биік нүктесі - Аляска жотасындағы Мак-Кинли тауы (6193 м) . АҚШ-тың шығысында аласа Аппалач тауы орналасқан. Биік таулы аудандар мен тауаралық шөлдер ауыл шаруашылығына қолайсыз. Елдің орталық бөлігінде Ұлы және Орталық жазықтар жатыр. Бұл жазықтар шаруашылық мақсатта кеңінен пайдаланылады: егістіктер мен кұнарлы жайылымдар, негізінен, осы өңірде орналасқан. Ал Мексика шығанағы жағалауы мен Флорида түбегін теңіз деңгейінен 100 м-ге дейінгі биіктіктегі ойпатты жағалық жазықтар алып жатыр.

Алып жатқан аумағының үлкендігіне байланысты АҚШ жерінің климат жағдайлары алуан түрлі. Алясқаның солтүстігінде қаңтарда ауа температурасы -60°С-қа дейін төмендесе, оңтүстіктегі Өлім аңғарында шілде айында +57°С-қа жететін температура байқалған. Елдің солтүстік-батысында жылына 3000 мм-ге дейін жауын-шашын түссе, оңтүстік-батыста оның мөлшері 100 мм-ден де азаяды. Климат жағдайларының әркелкілігі ландшафтылардың күрт айырма жасауына себепші болады. Мысалы, солтүстіктегі Аляскаға көпжылдық тоңдар мен тұманды тундра тән болса, оңтүстіктегі Флорида штатында жыл бойы жайма-шуақ жаз болып, кокос пальмалары мен тропиктік өсімдіктер өсіп түрады. Жалпы алғанда, АҚШ-тық климат жағдайларын қолайлы деп бағалауға болады. Мұнда қоңыржай және субтропиктік белдеудің барлық дерлік дақылдарын, ал Флориданың оңтүстігі мен Гавай аралдарында тропиктік дақылдарды да әсіруге мүмкіндік бар. Оңтүстік-батыста жауын-шашынның жетіспеуіне байланысты егістіктер қолдан суарылады [2, 4] .

АҚШ жеріне табиғат апаттары да тән. АҚШ-тың батысындағы таулы аудандарда жер сілкіністері болып тұрады. Елдің жазық болып келетін орталық бөлігінде аңызақтар мен құрғакшылық, ауаның қарқынды алмасуы нәтижесінде болатын күшті желдер мен құйын тәрізді қозғалатын дауылдар - торнадо жиі байқалады. Қуатты торнадо көп апат әкеледі: жүріп өткен жолында алып ағаштарды тамырымен қопарып, елді мекендерді қиратып кетеді. Максимум жылдамдығы сағатына 800 км-ге жетеді. Ал Атлант мұхиты жағалауындаіы тропиктік ендіктерде жаздың аяғы мен күздің басында мұхиттан соғатын өте күшті, апатты дауылдар болып түрады. Оңтүстік штаттарда кей жылдары болатын аяздар және қардың аса мол түсуі жергілікті тұрғындардың тіршілігіне, көлік қатынасына киындықтар туғызып, ауыл шаруашылығына кері әсерін тигізеді.

АҚШ арқылы Солтүстік Америкадағы ең ірі өзен - Миссисипи ағып өтеді. Өзендер ішкі су жолы ретінде көлік қатынасына қолайлы. Елдің Канадамен шекаралас аймағында Ұлы көлдер шоғырланған. Ал Ұлы көлдерді АҚШ-тың "үшінші теңіз жағалауы" деп атайды. Әулие Лаврентий өзені арқылы Ұлы көлдер жағалауындағы теңіз порттарынан Атлант мұхитына тікелей шығуға болады [4] .

АҚШ жерінде, негізінен, құнарлы қара және коңыр топырақ, ал оңтүстігіндегі ойпаттарда қызыл топырақ таралған. Табиғи өсімдік жамылғысы күшті өзгеріске түскен. Аляска мен Қордильера аймағында ауыл шаруашылығына қолайсыз жерлер басым. Ормандар аумағы қысқарған, қазіргі кезде АҚШ аумағының 25%-ын ғана ормандар алып жатыр.

Жалпы алғанда, АҚШ-тың биік таулы аймақтары мен шөлдері, Аляска штатынан басқа бөліктері адамдардың өмір сүруі мен шаруашылық әрекетіне қолайлы деп бағалануда.

Табиғат жағдайларының алуан түрлілігімен сипатталатын АҚШ жері табиғи ресурстарға да өте бай. Әсіресе минералды шикізат түрлері кең таралған, бұл ел аумағының қалыптасу тарихы мен құрылымдық ерекшеліктеріне тікелей байланысты болады.

Жан-жақты жүргізілген барлау жұмыстарының нәтижесінде 30-дан астам штаттың аумағында көмір мен мұнай қоры бар екені анықталған. Қазіргі кезде 15 штатта көмір өндіріледі, әсіресе Аппалач көмір алабының (Кентукки, Пенсильвания және Теннеси штаттары) маңызы зор. Қазірге дейін Аппалач көмір алабы елде өндірілетін тас көмірдің 80%-ын береді. Мұнай мен газдың аса маңызды кен орындары Мексика шығанағы жағалауынан, Калифорния мен Аляскадан табылған. Оларды өндіруде ұдайы ғылым мен техника жаңалықтары қолданылып отырады. Елдің отын-энергетикалық кешеніндегі олардың үлесі 70%-ды құрайды [3, 5] .

АҚШ энергетикалық ресурстарға да бай. АҚШ өзендерінде су энергиясының аса мол қоры бар. Елдегі ең ірі СЭС тізбектері Теннеси және Колумбия өзендерінде салынған. Колумбия өзеніндегі Гранд-Кули су электр станциясы қуаттылығы жөнінен әлемдегі ең ірі станциялар қатарына жатады. Кейінгі онжылдықтарда энергияның дәстүрлі емес көздері де пайдаланылуда. Мысалы, Калифорния штатындағы Сеңгір таулардың беткейінде жел күшін пайдаланып жұмыс істейтін дүние жүзіндегі ең қуатты электр станциялары орналасқан. АҚШ гелиостанцияларының қуаттылығы жөнінен дүние жүзінде теңдесі жоқ. АҚШ-та геотермалды станциялар да жұмыс істейді, олардың ең ірісі Калифорниядағы Гейзерлер аңғарында салынған.

Алуан түрлі климат жағдайларымен сипатталатын АҚШ жері агроклиматтық ресурстарға да бай. Бұл қоңыржай белдеудің барлық дерлік дақылдарын, сондай-ақ көптеген субтропиктік және тропиктік дақылдарды әсіруге мүмкіндік береді. АҚШ-тың су ресурстары, негізінен, шығыста шоғырланған. Олар энергетикалық маңызымен қатар, көлік қатынасында және егістік жерлерді суаруда пайдаланылады. АҚШ-тың негізгі аумарының жартысына жуығы ауыл шаруашылығына жарамды жерлер (жыртылатын жерлер, шалғындар мен жайылымдар) . Орталық жазықта жыртылған жерлердің үлесі 80%-ға жуық. Аляска мен Кордильера орман ресурстарына бай. АҚШ-та табиғи ресурстарды пайдалану барысында қоршаған ортаға неғұрлым аз зиян тигізетін жаңа технологиялар енгізіліп отырады. Соңғы жылдары АҚШ үкіметі мен кәсіпкерлері өз жеріндегі табиғи ресурстарды үнемді пайдалану мақсатында дамушы елдерден құны арзанырақ шикізат түрлерін сатып алып, өңдеуге айрықша көңіл бөлуде.

1. 2 АҚШ-ң халқы.

Халқы АҚШ халқының жалпы саны (290 млн адам) жағынан дүние жүзінде Қытай мен Үндістаннан кейін үшінші орын алады. АҚШ халқы ұдайы өсуі жөнінен қазіргі заманғы типке жатады: туу өте төмен (14, 2°/ 00 ) > өлу коеффициенті 8, 6°/ 00 , яғни халықтың орташа жылдық өсуі 5, 6°/ 00 -ге тең. Елдегі адамның өмір жасының орташа ұзақтығы еркектерде 75 жас, әйелдерде 80 жас [1, 2] .

Нәсілдік, ұлттық құрамы. АҚШ - көп ұлтты ел. Ресми түрде ел азаматтары шыққан тегіне қарамастан, америкалықтар деп аталатын біртұтас ұлтқа бірігеді. Нәсілдік ерекшеліктеріне қарай америкалықтар 3 топка ажыратылады: еуропалықтар (халықтың 84%-ы) ; африкалықтар (12%) және азиялықтар (4%) -Нәсілдік топтардың ұзақ жылдар бойы араласуынан қалыптасқан жаңа этностық топтардың (метистер, мулаттар және самбо) өкілдері де бар. Қазіргі кезде АҚШ-тағы байырғы халық - үндістердің үлесі 1 % шамасында ғана, халықтың негізгі бөлігін сырттан келгендер кұрайды. Тек XIX ғасырдың басынан бері Жер шарының 70-ке тарта елінен 55 млн-ға жуық адам осында қоныс аударған. XX ғасырдың екінші жартысында иммигранттар арасында еуропалықтар үлесі азайып, Азиядан, Латын Америкасы мен бұрынғы социалистік елдерден қоныс аударушылар көбейді. Соңғы жылдары олардың арасында мамандану деңгейі және білім дәрежесі жоғары азаматтардың саны артқан. Қазіргі кездегі шектеулерге карамастан, иммигранттар есебінен ел халқы жылына 1 млн адамға артты.

Халықтың діни құрамы да өте күрделі. Америкалықтардың діни бағдарының алуан түрлілігі олардың шығу тегімен түсіндіріледі. Ел халқының көпшілігін христиан дінінің әр түрлі бағыттарын ұстанған өкілдері құрайды: Ұлыбритания, Скандинавия елдерінен қоныс аударғандардың ұрпақтары протестанттар болса, ата-бабалары Италия, Испаниядан келгендер - католиктер. Юта штатындағы Үлкен Тұзды көл маңында мормондардың айрықша діни сектасының орталығы қалыптасқан; мұнда діни дағидалар күнделікті өмірдің бұлжымас заңдылырына айналған. Сонымен қатар елде ислам, буддизм дініндегі халықтар да біршама. Байырғы тұрғындарда дәстүрлі діни нанымдар сақталған. Жалпы алғавда, АҚШ-та 250-ден астам әр түрлі бағыттағы шіркеулер жұмыс істейді [5] .

Орналасуы. Ел аумағында халық біркелкі қоныстанбаған. АҚШ халықтың орташа тығыздығы (1 км 2 -ге 28 адам) жөнінен дүние жүзінде он сегізінші орын алады. Халық тығыз қоныстанған аудандар қатарына Атлант мұхитының жағалауы мен Ұлы көлдер маңы, батыстағы Калифорния штаты жатады. Мұнда 1 км 2 -ге 200-400 адамнан келеді. Аляска мен таулы аудандарда халық сирек қоныстанған. Аляска штатының солтүстігінде халық мүлде қоныстанбаған жерлер де бар. Таулы аудандарда халықтың тығыздығы 1 км 2 -ге 1-10 адам ғана болады. Соңғы жылдары оңтүстіктегі штаттарда (Флорида, Техас, Калифорния) халық санының жедел өсуі байқалуда. Бұл халықтың бейнелі түрде "қар белдеуі" аталатын солтүстік штаттардан табиғат жағдайлары неғұрлым қолайлы оңтүстік штаттарға ("күн белдеуі") жиі қоныс аударуымен түсіндіріледі [6] .

АҚШ халқының 3/4-і қалада тұрады, елде жалпы саны 9 мыңдай қала бар. Америка қалалары өзіндік ерекше сипатқа ие. Көбінесе төртбұрыш пішінді болып келетін қала аумағы айқын ажыратылатын зоналардан тұрады. Қаланың орталық іскер бөлігіндегі ("сити") зәулім үйлерде офистер мен банктер, биржалар мен сауда орталықтары т. б. орналасады. Жалпы, Америка қалаларындағы зәулім үйлер қаланың гүлденуі мен даму дәрежесінің көрсеткіші болып табылады. Олар бірте-бірте 3-5 кабатты тұрғын үйлерге ауысады. Қалаларда өнеркәсіптік зона оқшау орналасады.

Америкалықтар көбінесе өз үйінде тұрғанды қалайтындықтан, жеке үйлер орналасқан қала маңының аумағы шамадан тыс ұлғаюда. Географтар бейнелі түрде "бір кабатты Америка" деп атайтын мұндай аудандарда АҚШ-тағы отбасылардың 2/3-сі тұрады. Қаланың орталық бөлігінде тұратын ауқатты адамдардың қала сыртына жаппай қоныс аударуымен сипатталатын урбандалудың бұл түрі субурбандалу деп аталады. Қалалар аумағының ұлғаюы және олардағы халық санының артуы қала агломерациялары мен мегалополистердіц пайда болуына апарып соқты. Қазіргі кезде АҚШ-та аса ірі үш мегалополис бар. Бостоннан Вашингтонга дейін созылып жатқан Солтүстік-Шығыс мегалополисін қысқаша "Босваш", Чикаго мен Питтсбург арасындағы Көлмаңы мегалополисін "Чипиттс", Сан-Франциско мен Сан-Диего қалалары аралығында орналасқан Калифорния мегалополисін "Сан-Сан" деп атайды [5, 7] .

АҚШ-тағы ірі мегалополистер

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Швеция
ТМД Елдері
АҚШ-тың экономикалық-географиялық жағдайы. Мемлекет тарихы
Мал шаруашылыгының негізгі саласы шошқа шаруашылыгы
Америка Құрама Штаттарының рекреациялық ормандары
Экономикалық, әлеуметтік географиясы дәрістік кешен
Ресей Федерациясы
Аумақтар мен басқа да кеңістіктер
Швеция. Мемлекеттің тарихы
Карантиндік зиянды организмдер
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz