Сот төрелігіне және жазалардың орындалу тәртібіне қарсы қылмыстардың жалпы сипаттамасы
Мазмұны
Кіріспе
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ...9-10
Негізгі бөлім
1 Сот төрелігіне және жазалардың орындалу тәртібіне қарсы қылмыстардың
жалпы сипаттамасы
1.1Сот төрелігіне және жазалардың орындалу тәртібіне карсы қылмыстардың
үғымы және
тұрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... 11-13
2.Сот төрелігінің конституциялық құқықтарын жүзеге асыруын қамтамасыз
ететін қоғамдық қатынастарына қол сұғу қылмыстары
2.1Сот төрелігін асыруға және алдын ала тергеу жүргізуге кедергі
жасау ... 14-20
3.Соттың міндеттері мен мақсаттарына сәйкес құқық қорғау органдарының
қалыпты қызметін қамтамасыз ететін қатынастарға қол сұғатын қылмыстар
3.1 Сот төрелігін немесе алдын ала тергеуді жүзеге асырушы адамдардың
өміріне қол
сұғу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... 21-28
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .28-29
Пайдаланылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... .30
Кіріспе
Курстық жұмыста қарастырылып отырған Сот төрелігіне және жазалардың
орындалу тәртібіне қарсы қылмыстардың жалпы сипаттамасы және түрлері, яғни
еліміздің Конституциясының 7-тарауына сәйкес Сот билігін тек сотқана жүзеге
асырады. Соттардың Конституциямен баянды етiлген адамның және азаматтың
құқықтары мен бостандықтарына нұқсан келтiретiн заңдар мен өзге де
нормативтiк құқықтық актiлердi қолдануға хақысы жоқ. Егер сот қолданылуға
тиiстi заң немесе өзге де нормативтiк құқықтық акт Конституциямен баянды
етiлген адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарына нұқсан
келтiредi деп тапса, iс жүргiзудi тоқтата тұруға және осы актiнi
конституциялық емес деп тану туралы ұсыныспен Конституциялық Кеңеске
жүгiнуге мiндеттi[1].
Құқық қорғау органдары елімізде заңдылықпен құқықтық тәртіпті
қамтамасыз етуде, жеке адамды, оның заңды құқықтары мен мүдделерін, жеке
меншікті, қоғамдық тәртіппен қоғамдық қауіпсіздікті, қоршаған ортаны,
Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысын және оның аумақтық
тұтастығын қорғау ісіне басты рөл атқарады.
Құқық қорғау органдарының қызметтеріне заңдылықтың сақталуына Қазақстан
Республикасының ҚК 15-тарауында қамтылатын сот төрелігіне және жазалардың
орындалу тәртібіне қарсы қылмыстардың жауапкершілігі туралы Қылмыстық
кодекстің қалыптары (нормалары) жүзеге асырады[2].
Қылмыстық кодекс әділ сот органдары деп - сотты ғана емес, сонымен
бірге қылмыстық және азаматтық істерді соттың дұрыс шешілуін қамтамасыз
ететін органдары; прокуратура, әділет, алдын ала анықтау, алдын ала тергеу
органдары, сондай-ақ соттың тағайындаған жазасының орындалуын қамтамасыз
ететін мекемелер түсіндіріледі. Сот төрелігі мен жазалардың орындалу
тәртібіне қарсы қылмыстар аталған органдардың қалыпты қызметін айтарлықтай
бұзады, олардың беделін түсіреді және жеке адамның, сондай-ақ ұйымның
мүдделеріне елеулі зиян келтіреді.
Сот билiгi Қазақстан Республикасының атынан жүзеге асырылады және
өзiне азаматтар мен ұйымдардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды
мүдделерiн қорғауды, Республиканың Конституциясының, заңдарының, өзге де
нормативтiк құқықтық актiлерiнiң, халықаралық шарттарының орындалуын
қамтамасыз етудi мақсат етiп қояды.
2. Сот билiгi Республика Конституциясының, заңдарының, өзге де
нормативтiк құқықтық актiлерiнiң, халықаралық шарттарының негiзiнде
туындайтын барлық iстер мен дауларға қолданылады.
3. Соттар шешiмдерiнiң үкiмдерi мен өзге де қаулыларының Республиканың
бүкiл аумағында мiндеттi күшi болады.
Соттардың Конституциямен баянды етiлген адамның және азаматтың

Қазіргі кезде қалыптасқан әділ сотқа қарсы қылмыстар жүйесі әділ сотты,
прокуратура қызметін, тергеу және алдын ала анықтау органдарының, сондай-ақ
заңды күшіне енген үкімдер мен шешімдерді орындауға келтіретін органдардың
қызметінің қылмыстық-құқықтық қорғауын қамтамасыз етуге арналған қалыптарды
енгізу.

1.1 Сот төрелігіне және жазалардың орындалу тәртібіне қарсы
қылмыстардың ұғымы және түрлері

кодекстің қалыптары (нормалары) жүзеге асырады[1].

мүдделеріне елеулі зиян келтіреді[2].
Сот төрелігіне және жазалардың орындалу тәртібіне қарсы қылмыстардың
туыстық объектісі болып — әділ сотты жүзеге асырудағы кұқық қорғау
органдарының қалыпты қызметі табылады.
Әділ сотты жүзеге асыру кең мағынада түсіндіріледі, яғни тікелей сот
органдарының қызметі ғана емес, сонымен қатар әділ сотты оларсыз жүзеге
асыру мүмкін емес органдардың қызметі (прокуратура, алдын ала анықтау
органдары, үкімдерді орындау және т.б.).

Сот төрелігін және олардың жазаларының орындалу тәртібіне қарсы қарсы
кейбір қылмыстар басқа тікелей объектіге, яғни құқықтары мен мүдделері
заңмен қорғалатын жеке адамға да қол сұғады. Мұндай қылмыстарға: сот
төрелігін немесе алдын ала тергеуді жүзеге асырушы адамның өміріне қол сұғу
(ҚК 340-бабы), көрінеу кінәсіз адамды қылмыстық жауаптылыққа тарту (ҚК 344-
бабы), көрінеу заңсыз ұстау, қамауға алу немесе қамауда ұстау (ҚК 346-
бабы), көрінеу әділетсіз сот үкімін, шешімін немесе өзге де сот актісін
шығару (ҚК 350-бабы), жалған жауап беруге немесе жауап беруден жалтаруға,
жалған қорытынды беруге не қате аударуға сатып алу не мәжбүр ету (ҚК 354-
бабы) жатады[21].
Қылмыс объективтік жағынан көбінесе әрекет жасау жолымен жасалады. Тек
кейбір мынадай қылмыстар: куәнің не жебірленушінің жауап беруден бас тартуы
немесе жалтаруы (ҚК 353-бабы), сот үкімін, сот шешімін немесе өзге де сот
актісін орындамау (ҚК 362-бабы), қылмыс туралы хабарламау (ҚК 364-бабы),
әрекетсіздік жолымен жасалады.
Сот төрелігіне және жазалардың орындалу төртібіне қарсы қылмыстардың
субъектісінің бірі болып —лауазымды адамдар ғана табылады: көрінеу кінәсіз
адамды қылмыстық жауаптылыққа тарту (ҚК 344-бабы), қылмыстық жауаптылықтан
көрінеу заңсыз босату (ҚК 345-бабы), көрінеу заңсыз ұстау, қамауға алу не
қамауда ұстау (ҚК 346-бабы), жауап беруге мәжбүр ету (ҚК 347-бабы), көрінеу
әділетсіз сот үкімін, шешімін немесе өзге де сот актісін шығару (ҚК 350-
бабы), ал екіншісі: лауазымды адам болып табылмайтын, бірақ арнайы
субъектінің өзгедей белгілеріне ие адамдар: көрінеу жалған жауап беру,
сарапшының жалған қорытындысы немесе қате аудару (ҚК 352-бабы), куәнің
немесе жөбірленушінің жауап беруден бас тартуы немесе жалтаруы (ҚК 353-
бабы), алдын ала анықтау немесе алдын ала тергеудің деректерін жария ету
(ҚК 356-бабы), судьяға және қылмыстық процеске қатысушыларға қатысты
қолданылатын қауіпсіздік шаралары туралы мәліметтерді жария ету (ҚК 356-
бабы), бас бостандығынан айыру орнынан, тұтқындаудан немесе қамаудан қашу
(ҚК 358-бабы), қылмысты атқару мекемесі әкімшілігінің талаптарына қасақана
бағынбау (ҚК 360-бабы)[21].
Қылмыс субъективтік жағынан қасақаналық ниетпен жасалады. Құқықтық
әдебиетте сот төрелегіне және жазалардың орындалу тәртібіне қарсы
қылмыстардың тұрліше дәрежелеуін кездестіруге болады. Кейбір ғалымдар
аталған қылмысты қылмыс субъектісінен тәуелді топтарға бөледі, ал басқалары
- тікелей объект бойынша топтарға бөледі. Біздің заң үшін осы қылмысты
тікелей объект бойынша төрт топқа бөліп қарау ыңғайлы.
Әділ соттың Конституциялык принциптерінің жүзеге асыруын қамтамасыз
ететін қоғамдық қатынастарға қол сұғу — қылмыстың 1-ші тобы, бұларға сот
төрелігін жүзеге асыруға және алдын ала тергеу жүргізуге кедергі жасау (ҚК
339-бабы), көрінеу кінәсіз адамды жауаптылыққа тарту (ҚК 344-бабы),
қылмыстық жауаптылықтан көрінеу заңсыз босату (ҚК 345-бабы), көрінеу заңсыз
ұстау, қамауға алу немесе қамауда ұстау (ҚК 346-бабы), жауап беруге
мәжбүрлеу (ҚК 347-бабы), параға немесе коммерциялық сатып алуға арандату
(ҚК 349-бабы), көрінеу әділетсіз сот үкімін, шешімін не өзгедей сот актісін
шығару (ҚК 350-бабы), адвокаттар мен өзге адамдарды, азаматтарды қорғау
және оларға заңгерлік көмек керсету жөніндегі заңды қызметіне кедергі
жасауды (ҚК 365-ба-бы) жатқызуға болады.
Сот төрелігін және жазалардың орындалу тәртібін қарсы қылмыстардың
екінші тобы олардың міндеттері мен мақсаттарына сәйкес құқық қорғау
органдарының қалыпты қызметін қамтамасыз ететін қатынастарға қол сұғады.
Бұларға: сот төрелігін немесе алдын ала тергеуді жүзеге асырумен адамдардың
өміріне қол сұғу (ҚК 340-бабы), сот төрелігін жүзеге асыруға немесе алдын
ала тергey жүргізуге байланысты қорқыту немесе күш көрсету әрекеттері (ҚК
341-бабы), сотты құрметтемеу (ҚК 342-бабы), судьяға, прокурорға,
тергеушіге, алдын ала анықтауды жүргізуші адамға, сот приставына, сот
орындаушысына қатысты жала жабу (ҚК 343-бабы), судьяға қылмыстық процеске
қатысушыларға қатысты қолданылатын төуелсіздік шаралары туралы мәліметтерді
жария ету (ҚК 356-бабы), қылмысты жасыру (ҚК 363-бабы), қылмыс туралы
хабарламау (ҚК 364-бабы) жатады.

үшінші тобы іс бойынша ең анық дәлелдерді алуды қамтамасыз ететін
қатынастарға кол сұғады: айғақтарды бұрмалау (ҚК 348-бабы), көрінеу жалған
сөз жеткізу (ҚК 351-бабы), көрінеу жалған жауап беру, сарапшының жалған
қорытындысы немесе қате аударуы (ҚК 352-бабы), куәнің немесе жөбірленушінің
жауап беруден бас тартуы немесе жалтаруы (ҚК 353-ба-бы), жалған жауап
беруге немесе жауап беруден жалтаруға, жалған корытынды беруге не қате
аударуға сатып алу не мәжбүр ету (ҚК 354-бабы).

төртінші тобы сот актісін жүзеге асыруды қамтамасыз ететін қатынастарға қол
сұғады: сотталған немесе иелік етуге тыйым салынған не тәркілеуге жататын
мүлікке қатысты заңсыз әрекеттер (ҚК 357-бабы), бас бостандығынан айыру
орнынан тұтқындаудан немесе қамаудан қашу (ҚК 358-бабы), бас бостандығынан
айыру тұріндегі жазасын өтеуден жалтару (ҚК 359-бабы), қылмыстық-атқару
мекемесі әкімшілігінің талаптарына қасақана бағынбау (ҚК 360-бабы),
қоғамнан оқшалауды қамтамасыз ететін мекемелердің қалышы қызметінің
тәртібін бұзу (ҚК 361-бабы), сот үкімін, сот шешімін немесе өзге сот
актісін орындамау (ҚК 362-бабы).
2. Сот төрелігінің конституциялық құқықтарын жүзеге асыруын қамтамасыз

2.1 Сот төрелігін асыруға және алдын ала тергеу жүргізуге кедергі жасау
Қазақстан Республикасы Конституциясының 77-бабында айтылғандай, сот
төрелігін жүзеге асыру кезінде сотгың тәуелсіздігін, сондай-ақ істі тергеу
кезіңде прокурордың, тергеушінің, алдын ала анықтауды жүргізуші адамның
тәуелсіздігін қамтамасыз етуге арналған.
Қылмыстың объектісі болып -сот төрелігін жүзеге асыру жөнінде сот
төрелігін, прокуратура, тергеу және алдын шіа анықтау органдарын қалыпты
қызметі табылады.
Осы қылмыстың объективтік жағын жоғарыда аталған құқық қорғау
органдарының қызметіне араласу (қол сұғу) құрайды. Араласу әр тұрлі болуы
мүмкін: өтініш тұрінде, талап ету, бопсалау, өзара келісу, қандайда бір
көмек көрсетуге уәде беру және т.б. Бұлар тікелей судьяға, прокурорға,
тергеуге жеке істі тергеу кезінде анықтама жүргізуші адамға істі өзінің
пайдасына шешу мақсатында ықпал көрсету өтінішімен аталған адамдарға келу
жолымен болуы мүмкін. Араласу қылмыстық немесе азаматтық істерді немесе
өзге материалдарды қарау кезінде судьяға немесе судьяларға ықпал
көрсетуімен білдіреді. Мысалы, кінәліні ақтау немесе кінәсізді соттау,
талашсердің немесе жауапкердің пайдасына істі шешу, істі қайтадан тергеуге
жіберу және т.б. өтініш немесе талап. Қылмыстық істі тергеуіне араласу
прокурорға, тергеушіге немесе алдын ала анықтауды жүргізуші адамға
бұлтартпау шарасын таңдау туралы, айыпкер ретінде жазаға тарту туралы,
кінәлі жасаған қылмысты дәрежелеу туралы қысым көрсету тұрінде болуы
мумкін.
Қылмыс - формальды құрамды қамтиды, қылмыс осы аталған адамдардың
қызметіне араласу сәтінен аяқталады.
Қылмыстың субъектісі болып —есі дұрыс, жасы 16-ға толған адам табылады.
Субъективтік жағынан - қаралатын қылмыс тікелей қасақаналық ниетпен
жасалады. Кінәлі адамға сот төрелігін немесе істі жүргізуді жүзеге асыру
жөнінде құқык корғау органдарының қызметіне араласатынын жете түсінеді және
осындай әрекст жасауды қалайды.
Қылмыстың себебі (мотиві) әр тұрлі: адамның жеке қызығушылығы, бас
пайдасы үшін қызмет бабын пайдалану және т.б.
Қылмыс жасаудың мақсаты - сот төрелігін жүзеге асыру немесе істі жан-
жақты (дәйекті) зерттеуге кедергі келтіру болып немесе алдын ала анықтауды
жүргізуші адамның қызметіне кедергі келтіру.
ҚК қаралатын баптың 1-ші бөлімі сот төрелігін жүзеге асыруға кедергі
жасау мақсатында соттың қызметіне қандай да болмасын нысанда араласқан
жағдайда, ал 2-ші бөлімі істі жан-жақты, толық және объективті тергеуге
кедергі келтіру мақсатында қандай да болсын нысанда құқық қорғау
қызметкерінің қызметіне араласқан жағдайда қолданылады.
ҚК қаралатын баптың 3-ші бөлімі адам өзінің қызмет өкілеттілігін
пайдаланын, қылмыстық әрекет жасағаны үшін жауаптылықты көздейді. Әділ сот
мүдделеріне қарамастан, адам жоғарғы дәрежедегі қоғамдық қауіпті әрекетті
жасайды.
Көрінеу кінәсіз адамды қылмыстық жауаптылыққа тарту 344-бап.
Бұл қылмыстың қоғамдық қауіптілігі — азаматтардың құқықтарының елеулі
бұзылатындығымен және кінәсі жоқ адамды соттауға дейін апаратын ауыр
зардаптарға апаратындығымен айқындалады.
Қылмыстың тікелей объектісі - қылмыстық жауаптылыққа тарту құқығы
берілген кұқық қорғау органдарының қалыпты қызметі. Екінші міндетті объект
болып - жеке адамның мүдделері табылады. Қылмыс қос объектілі
болып табылады.
Осы қылмыстың объективтік жағы - кінәсіз адамды көрінеу оған
жеткілікті негіздерсіз қылмыстық жауаптылыққа тартудан тұрады.
Қылмыстык жауаптылыққа тарту адамды оны айыпкер ретінде жауаптылыққа
тартуын білдіреді:
а) қылмыс жасаған деп табылмайтын әрекеттер жасауда айып тағылған
адам (мысалы, олжа табу мақсатынен тауарларды сатып алу немесе қайта сату);
б) қылмыс шындығында болмаған оқиға үшін қылмыстық жауаптылыққа
тартған адам (оны адам өлтірген деп айыптайды, ал шындығында, өлтірді деген
адам тірі - қылмыс оқиғасы жоқ);
в) қылмыс жасауға қатысы жоқ адам немесе өзі
қылмыс жасаған қылмыстық жауаптылыққа негізді тартылған адам және сонымен
бірге қасақана негізсіз –ол жасамаған өзге қылмыс үшін жауаптылыққа
тартылған адам;
г) азырақ ауыр қылмыс жасаған адамды қасақана
ауыр қылмыс жасаған деп қылмыстык жауаптылыққа тартылған адам;
д) қылмыс құрамының барлық белгілерін қамтымайтын әрекеттер
жасағаны үшін қылмыстық жауаптылыққа тартылған адам. (Мысалы, субъектіде
өзгедей жеке пайда табу мақсаты болмаған жағдайдағы жалдамалық үшін).
Аталған әрекеттер, сондай-ақ әкімшілік, тәртіптік немесе өзгедей
жауаптылыққа, қылмыстық жауаптылықтан басқа заңсыз тарту нақты шарттарда,
лауазымдық қылмыстар үшін, егер қылмыс субъектісі судьялар болып табылса,
ҚК 350-бабы бойынша дәрежеленеді. Қылмыстық жауаптылықтан қасақана заңсыз
босату - ҚК 345-бабы бойынша дережеленеді.
Қылмыс кінәсіз адамды кылмыстық жауаптылыққа тарту туралы қаулыға айып
таққан сәттен бастап аяқталады.
Қылмыстың субъективтік жағы - тікелей қасақаналықпен жасалады. Кінәлі
адам адамның қылмыс жасауда да кінәсі жоқ екенін жете түсінеді сонда да өз
еркінен оны айыпкер ретінде жауаптьптыққа тарту туралы қаулы шығарады.
Қылмыстың мақсаты мен себебі (мотиві) әр тұрлі болуы мүмкін: пайда
табушылық, кек алу, көре алмаушылық, мансапқорлық, жек көрушілік.
Қылмыс субъектісі - алдын ала анықтау, алдын ала тергеу жүргізуші
адамдар немесе прокурор.
Осы кылмыс құрамының дәрежелеуші тұрі болып кінәсіз адамды ауыр немесе
аса ауыр қылмыс жасады деп айыптаумен ұштасқан қасақана қылмыстық
жауаптылықка тарту табылады (талданатын баптың 2-ші бөлімі). Мұндай
қылмыстың белгілері ҚК 10-бабында көрсетілген.
Қылмыстық жауаптылықтан көрінеу заңсыз босату 345-бап.
Бұл қылмыстың жауаптылығы әділ соттың ешқандай кінәсі жоқ адамның
сотталуы тиіс емес, керісінше, кінәлі адам жазадан қашып құтылуға тиіс емес
негізгі принциптерінің бұзылатындығымен қорытындыланады. Бұл қылмыс
жәбірленушінің мүддесін елеулі тұрде бзады.
Бұл қылмыстың объектісі - әділ сот мүдделері, алдын ала тергеу және
прокуратура органдарының калыпты қызметі.
Қылмыстың объективтік жағы заңмен көзделген қылмыс құрамының барлық
белгілерін қамтитын әрекет жасаған адам жеткілікті негіздерсіз қылмыстық
жауаптылықтан босатылғандығымен қорытындылады. Мысалы, адамға ҚК 9-бабы, 65-
69, 76-баптары, 2-ші бөлімі негізсіз қолданылады, оның кінәсі бар бола
тұрып кінәсіз деп танылады немесе т.б.
Қылмыс құрамы - формальды. Қылмыс адамды қылмыстық жауаптылықтан босату
туралы, қылмыстық істі қысқарту туралы заңсыз қаулы шығарылған сәттен
бастап аякталады.
Қылмыс қасақана әдейі, тікелей ниетпен жасалады. Қылмыстың себебі
(мотиві) әр тұрлі: кек -алу немесе жекелеген себептер (мотивтері),
мансапқорлық, жеке басының пайдасы және т.б. Күдікті адамды немесе
айыпкерді қылмыстық жауаптылыктан пара алғаны үшін заңсыз босату -
қылмыстық жауаптылықтан заңсыз босату туралы және пара алғандығы туралы
баптардың жиынтығы бойынша дәрежелену керек.
Қаралатын қылмыстың субъектісі - арнайы занда
корсетілгеңдей прокурор, тергеуші немесе алдын ала анықтау жүргізген
адам болып табылады.
Көрінеу заңсыз ұстау, қамауға алу немесе қамауда ұстау 346-бап.
Қазақстан Республикасының Конституциясының 16-шы бабына сәйкес жеке
бостандық әрбір адамның ажырамас құқығы болып табылады.
Тікелей объект - прокуратура, алдын ала анықтау, алдын ала тергеу
органдарының қалынты қызметі, сондай-ақ азаматтардың құқығы.
Объективтік жағынан қылмыс:
а) заңсыз ұстау;
б) заңсыз қамауға алу,
в) заңсыз қамауда ұстау бейнесінде жасалады.
Аталған әрекеттер, егер оларға заңсыз негізде жүргізілсе, заңсыз деп
табылады.
Ұстау, қамауға алу, қамауда ұстау қылмыстық процессуальдық заңдармен
белгіленген жеткілікті негіздерсіз және занды бұзын мұндай әрекеттерді
жасау қылмыстык, жауаптылыққа тартқызады.
Ұстау - қылмыс жасауда күдікті адамды тергеу, алдын ала тергеу
органдарының қызметкерлері арқылы қысқа мерзімге бас бостандығынан айыруды
білдіреді, қылмыстық-процессуальдық заңдарға сәйкес адам, егер ол қылмыс
жасауда күдікті болып танылса, қылмыс жасалған жерде немесе қылмыс
жасалғаннан кейін тікелей ұсталса, сондай-ақ, егер көрген адамдар осы
адамды қылмыс жасаушы деп көрсетсе немесе оның бойында немесе оның үйінде
анық қылмыс іздері табылса ұсталуға жатады. Сонымен қатар, егер адам қашуға
оқталса немесе тұрақты тұратын жері болмаса немесе оның жеке басын анықтау
мүмкіндігі болмаса, ұстау занды деп есептеледі. Анықтаушы немесе тергеуші
ұсталған адамды анықтау немесе алдын ала тергеу органына әкелгеннен кейін
үш сағаттан асырмай ұстағандығы жөнінде хаттама жасайды және хаттама
жасаған сәттен бастап он екі сағат ішінде адамға ұстағандығы жөнінде
прокурорға хабарлайды. Полиция органдары әкімшілік жағымсыз әрекет жасаған
адамдарды үш сағатқа дейін ұстауға құқылы.
Сонымен қатар анықтау органдарында жатқан адамдар полиция бастығы
немесе судья материалдарды Караганда ұстауға құқылы. Егер осы жағдайда
полиция қызметкерлері әкімшілік ережелерін бұзса, мұндай әрекет тәртіптік
немесе лауазымдық қылмысты құрайды және ҚК осы бабы бойынша дәрежеленеді.
Қамауға алу негіздері мен тәртібі бұлтартпау шарасы ретінде қылмыстық-
процессуальдық заңдармен белгіленген.
Қаралатын қылмыс созылмалы болып табылады және қылмыстың формальды
құрамына жатқызылады. Ол заңмен көзделген мерзім айып тағылмастан немесе
мерзімін ұзартпастан адамды заңсыз ұстаған қамауға алған және қамауда
ұстаған сәттен аяқталған деп есептеледі.
Көрсетілген қылмыстардың субъективтік жағы -тікелей ниетпен
жасалғандығымен сипатталады. Ұстауды қамауға алуды, қамауда ұстауды
жүргізген адам осындай әрекеттер үшін заңды негіз жоқ екенін түсіну керек.
Егер ұстау, қамауға алу немесе қамауда ұстау абайсыздықтан (мысалы, адамды
қателесіп ұстау) болса, онда салақтығы үшін (ҚК 316-бабы) жауаптылық,
туралы немесе қателік жіберген қызметкердің тәртіптік жауаптылығы үшін
мәселе қойылады.
Қылмыстың себебі (мотиві) тұрліше: мансапқорлық, қызмет бабын
пайдаланып бас пайдасын ойлау, өш алу. Бұлар жаза тағайындауда ескеріледі.
Қылмыс субъектісі — анықтау органының қызметкері, тергеуші, прокурор,
судья, яғаи ұстау, қамауға алу, қамауда ұстау құқықтары берілген адамдар.
Көрінеу заңсыз ұстау, қамауға алу, қамауда ұстау қылмысы ауыр
зардаптарға әкеп соқтырған (адам қайтыс болған жағдайдан немесе
жәбірленушінің денсаулығына ауыр зиян келтірілген) жағдайда осы баптың 3-ші
бөлімі қолданылады.
Жауап беруге мәжбүр ету 347-бап.
Бұл қылмыстың қауіптілігі өзінің қызмет жағдайы бойынша ең бірінші
кезекте зандылыкты сақтауға, азаматтардың құқықтары мен мүдделерін қорғауға
міндетті адамның жасайтыңдығымен қорытындалады.
Қаралатын қылмыс құрамының бір ерекшеліктері болып - оның кос
объектілікке жататындығы табылады. Негізі тікелей объектісі болып әділ
сотты жүзеге асыру жөніндегі анықтау және алдын ала тергеу органдарының
заңды қызметі табылады. Күдіктінің, айыпкердің, куәнің, жәбірленушінің және
сарапшының мүдделері - қосымша объекті болып табылады.
Объеқтивтік жағынан - қылмыс тергеуші немесе анықтауды жүргізуші адам
тарапынан заңсыз, яғни заң жол бермейтін әрекеттерді жасау жолымен
қорытындыланады. Бұл жағдайда занда мәжбүр ету тәсілдері атап көрсетілген:
қорқыту, бопсалау немесе өзге де заңсыз әрекеттерді қолдану.
Мәжбүр ету — бұл заңсыз ықпал жасайтын адамдарға қатысты жауап беру
керектілігін, саралшының беретін қорытындысының дәйектілігін бұзатын заңсыз
тәсілдер қолданумен жауап алушыға немесе сарапшыға ықпал жасау.
Қорқыту - жауап алушының жеке басына психикалық ықпал жасау. Қорқыту
жауап алушыға немесе оның жақындарына көрсетіледі. Мысалы, жауап алушыға
қамауға алу немесе қамауда ұстау, жақындары мен туыстары жауаптылыққа
тарту, сондай-ақ күш қолданып қорқыту.
Бопса (шантаж) - жауап алушыны немесе сарапшыны жауап беруге немесе
қорытынды беруге мәжбүр ету максатымен қорқытудан (мысалы, ұятты
мағлұматтарды жұртқа жайып, әшксрелеймін деп қорқыту) тұратын психикалық
ықпал жасаудың бір түрі.
Өзге заңсыз әрекеттерге — гипнозды қолдану, бұрмаланған құжаттарды
пайдалану, есірткі заттарды қолдану, қылмыстық істі жабамын деп жалған уәде
беру, бұлтартпау шарасын өзгертуге, кездесуге рұқсат беруге жалған уәде
беру жатады.
Қылмыс жауап алушының өзіне кажеттті жауапты алған-алмағаңдығынан
тәуелсіз осы аталған тесілдердің бірін қолданып мәжбүр еткен сәттен бастап
аяқталады.
Қылмыстың субъективтік жағы — тікелей касақана
жасалғандығымен сипатталады. Кінәлі өзінің қорқыту жолымен немесе
бопсалау жолымен алушыны жауап беруге, ал сарапшыны қорытынды беруге мәжбүр
ететінін жете түсінеді, және осыны қалайды.
Қылмыс себебі (мотиві) әр тұрлі: мансапқорлық, пайдакүнемдік жәнс т.б.
Бұлар осы қылмыстың дәрежеленуіне әсерін тигізбейді.
Қылмыс субъекгісі - арнайы, тергеуші немесе анықтауды жүргізетін адам.
Жоғары лауазымды адамның өкімін орындау үшін жауап беруге мәжбүр ету
тергеушіні немесе анықтауды жүргізуге адамды жауаптылықтан босатпайды.
Судья бұл қылмыстың субъектісі болмайды. Жауап алушылардың жауап
беруді, сарапшыдан қорытынды беруді мәжбүр еткен жағдайда оның әрекеттері
ҚК 307-бабы немесе 308-бабымен дәрежеленеді. Жауап алушыдан жауап беруге
немесе сарапшыдан қорытынды беруге мәжбұр еткен прокурордың әрекетгері де
осылай дәрежеленеді.
Қылмыстың дәрежелеуші белгілері болып күш қолданумен, қорлықпен немесе
қинап жауап беруге мәжбүр ету табылады.
Күш қолдану ұғымы күдіктіні, айыпталған адамды, жәбірленушіні, кінәні
жауап беруге немесе сарапшыны қорытынды беруге қорқытумен білдіріледі
(мысалы, ұру).
Қорлау деп - жауап берушіге кемсітіп қарау, оның ар-ожданы мен қадір-
қасиетін қорлау, мысалы, қандай да бір бұйрықты орындауға мәжбүр ету,
жәбірленушінің табиғи қажеттілігін өтеуде өтінішінен бас тарту, тамақ, су
бермеу, жарық немесе шу аспап-құралдарын пайдалану және т.б. түсіндіріледі.
Қинау деп - жауап алуға ұзақ уакыт бойы психикалық және дене жағына,
оған ауру, азап өкелетін өрекеттерді (мысалы, ұру, қолын бұрау, денесін
күйдіру және т.б.) түсіну керек.
Параға немесе коммерциялық сатып алуға арандату 349-бап.
Параға немесе коммерциялық сатып алуға арандатуға жауаптылық әділ
сотка қарсы қылмыс ретінде бірінші рет қаралады, себебі бұл қылмыс
мәні бойынша дәлелдері бұрмалаудың арнайы түрімен байланыстырады, оның
жасалуы нәтижесінде кінәсіз лауазымды адамды немесе коммерциялық немесе
өзге де ұйымдарды басқару функцияларын атқарушы адамға заңсыз қылмыстық
жауаптылықка тартуға негіз болып қызмет ететін айғақтар жасанды түрде
құралады, арандату орын алған жердей адамға қатысты органдардың беделі
түсіріледі. Қылмыстың объектісі — әділ соттың мүдделері мен жеке адам.
Пара немесе коммерциялық сатып алуға арандату қылмысының жасалуына
немесе бопсалауға қолдан айғақтар жасау мақсатында объективтік жағынан
алғаңца лауазымды адамға немесе коммерциялық не өзге де ұйымдарда басқарушы
қызметін атқаратын - адамға оның келісімінсіз ақша, бағалы қағаздар, өзге
де мүліктер, мүліктік сипаттағы қызмет көрсетуден тұрады, яғни бөтеннің
мүлкі есебінде өз пайдасына мүліктік пайда алу мақсатында жасалатындығынан
тұрады. Параға немесе коммерциялық сатын алуға араңдатудың заты болып
Қазақстан Республикасының ұлттық валютасындағы ақша, шетеддік валютадағы
ақша, құнды кағаздар, өзге де мүлік табылады (ҚК 202, 311-баптарының
талдауын қараңыз). Лауазымды адам немесе коммерциялык не өзге ұйымдарда
басқарушылық қызмет атқаратын адамдардың ұғымы туралы ҚК 228 және 307-
баптарының талдауын қараныз.
Талданатын бап формальды құрамды қамтиды. Қылмыс ақша, құнды қағаздар,
өзгедей мүлікті берген сәттен немесе мүліктік көмек көрсетуте тырысу
әрекеті жасалған сәттен бастап, олар берілетін адамның алған алмағандығынан
немесе қызмет көрсетуді ол адамның қабылдаған-қабылдамағандығынан тәуелсіз
аяқталады.
"Пара беру" ұғымы ҚК 311-бабын қарауда, ал "коммерциялык сатып алу"
ұғымы ҚК 231-бабында көрсетілген,
"Лауазымды адам" ұғымы ҚК 307-бабын талдауында, ол "коммерциялық не
өзге ұйымдарда басқарушылық қызмет атқарушы адамдар" ұғымы ҚК 228-бабында
көрсетілген.
Қылмыстың субъективтік жағы - тікелей қасақана жасалғандығымен
сипатталады. Кінәлі адам айыптау дәлелдерін қолдан жасауға әрекет
ететіндігін жете түсінеді, және осылай жасауды қалайды.
"Айғақтарды бұрмалау" ұғымы туралы ҚК 348-бабының "бопсалау" ұғымы
туралы ҚК 347-бабын қараңыз.
Қынмыстың субъектісі - есі дұрыс, жасы 16-ға толған адам.
Көрінеу әділетсіз сот үкімін, шешімін немесе өзгедей сот актісін шығару
350-бап.
Судьялардың көрінеу әділетсіз сот үкімін, шешімін немесе сот актісін
шығаруы зандылықты дәрекі бұзғандық болып табылады. Мұның қауіптілігі сол -
заңмен үлкен өкілеттер берілген өзінің қызметін дұрыс орындауға адам
тағдыры, ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz