Стандарттау жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 40 бет
Таңдаулыға:   

Кіріспе

Негізгі бөлім

1 Стандарттарды жасау және енгізу

1. 1 Стандарттау жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру

1. 2 Мемлекеттік стандарттарды әзірлеу тәртібі

1. 3 Мемлекеттік стандарттарды әзірлеу жұмысын ұйымдастыру

1. 4 Стандарттың жобасын ( бірінші редакциясын ) әзірлеу

1. 5 Стандартты мемлекеттік бекіту және тіркеу

1. 6 Стандарт жобасының соңғы редакциясын әзірлеу, бекітуге жіберу

1. 7 Стандартты бекіту және мемлекеттік тіркеу

1. 8 Стандарттарды тексеру, жаңарту ( өзгерістер енгізу, қайта қарау) және күшін жою

1. 9 Стандартты тексеру және қайта қарау

1. 10 Стандарттың күшін жою

1. 11 Техникалық шартты әзірлеу, бекіту, тіркеу тәртібі

1. 12 Мемлекетаралық стандарттарды әзірлеу тәртібі

1. 13 Фирма стандартын әзірлеу, бекіту және тіркеу

2 Стандарттарды мемлекеттік қадағалау

2. 1 Қазақстан Республикасының техникалық реттеу туралы заңнамасы

2. 2 Стандарттау аумағындағы нормативтік құжаттарды қолдану

2. 3 Талаптардың сақталуын мемлекеттік бақылау мен қадағалау

3 ҚР-да стандарттау жөніндегі жұмыстарының мемлекеттік басқаруы

4 Қоршаған ортаны қорғауды басқару жүйесін қолдану жөніндегі басшылық және қойылатын талаптар

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Қазіргі кезде ғылыми-техникалық прогрестің қарқынды дамуына, халықтар арасында экономикалық, техникалық және ғылыми қатынастардың дамуына байланысты халық шаруашылығының барлық салаларын стандарттауға көп көңіл бөлінуде. Әлемнің дамыған және дамушы елдерінде, халықаралық, аймақтық, ұлттық ұйымдар мен фирмаларда, түрлі кәсіпорындарда, өндіріс пен экономиканы басқаруда стандарттау мен сертификаттау өте қажет. Ғылым мен техниканың алға басуына, өндірістің дамуына байланысты, стандарттау принциптерін қолданудың өрісі күннен күнге кеңеюде.

1926 жылы кеңес одағында алғашқы мемлекеттік стандарттау жүйесі бидай өнімдері мен қара металдардың стандарттарын қабылдаудан басталды.

Стандарттау ғылым мен техниканың жаңа жетістіктерін негізгі және қолданбалы ғылымдармен ұштастыра отырып өміршең сипатқа ие етумен бірге, сол ғылыми жетістіктерді тездетіп, өндірісте, күнделікті өмірде игеруге мүмкіндік береді. Ол тар шеңберде қалып қоймай, нарықты экономиканың барлық саласын кеңінен қамтиды.

Техниканың дамуы машиналар мен құрал саймандар жүйесінің, кең мағынасындағы заттар мен материалдардың өзара тығыз байланысы арқылы жүзеге асатынын жақсы білеміз. Олай болса, біз стандартқа соқпай тұра алмаймыз. Бұдан шығатын қорытынды: стандарттау өнімнің ғылыми негізделуі, жобалануы, жасалуы мен пайдаланылуы кезіндегі басты бағдарлама өнімнің сапасы мен техникалық деңгейін басқару жүйесінің негізгі буыны болып табылады.

Стандарттау деп ғылым, техника мен экономика саласында бір ізге келтіріліп, белгілі саладағы ең шекті деңгейіне дейн тәртіптелген жүйені айтамыз . Ол нарықты экономиканы басқаруды жетілдіруге, техникалық деңгейін және өнімнің сапасын көтеруге, қоғамдық өндірістің тиімділігін арттырып жетілдіруге, өнім номенклатурасының тиімділігін қалыптастыруға, ресурстарды үнемді және тиімді пайдалануға бағытталады.

Бүгінгі нарықты экономика жағдайында стандарттауда басқа салалар секілді жаңа сипатқа ие болып отыр. Бұған дейін жалпы одақ көлемінде ортақ стандарттау жүйесі болды. Ал енді Тәуелсіз Мемлекеттер Достығында ұзақ жылдар бойы қалыптасқан стандарттық жүйе мүлдем ыдырап, жойылды, әр республиканың өзіндік стандарттау жүйесі болады десек онымыз шындыққа жанаспас еді. Жаңа жағдайға байланысты бұрын жергілікті жерде, әр республикада жете дамыған стандарттау жүйесі бүгінгі өмір талабына орай халықаралық стандарттау деңгейіне көтеріліп, ол бұрынғысынан да байып, толыға түсті, жаңарды және нақты шешімдермен толықтырылды.

Стандарттау өнімнің техникалық деңгейін тұрақты түрде көтеруге, өнімнің орамы мен безендірілуін жақсартуға, жаңа өнімдерді шығару жүйелерінің тиімділігін арттыруға, еңбекті көп қажет ететін жұмысты жеңілдетуге, тағыда сол сияқты іс шараларға өз әсерін тигізіп жатыр. Бұл іс шаралар қолданылатын нормативтік құжаттарды жаңартып отыруға және халықаралық стандарттау бойынша жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Ол құжаттардың негізгілері стандарттар мен техникалық шарттар болып табылады.

Стандарттар Отандық және шетелдік ғылым мен технология, техника мен озық әдістер негізінде құрастырылады. Мұнда ғылыми-зерттеу, тәжірибе - конструкторлық және жобалау жұмыстары негізі ретінде қолданылады.

Мемлекеттік стандарт тауардың сапалы дайындалуына, сол сияқты қолданылуына бірден кепілдеме беретін сенімді буын болып саналады. Стандарттау біріңғай өлшемдер, терминдер мен белгілер, шикі заттар, өндірістік процесстер, сынау және өлшеу әдістері, сол тәрізді адамдардың қауіпсіздігін қорғау мен материалдық бағалы нәрселерді сақтаудың бір ізге келтірілген жүйесі қолданылады. Стандарт сатып алушының экономикалық мүддесін қорғайды. Өйткені стандарт бойынша шығарылған өнімді пайдалану мезгіліне белгілі бір уақытқа кепілдеме қойылады. Егер осы уақыт ішінде сол өнім немесе бұйым ақауланып, жұмысқа жарамай қалса, ол осы бұйымды шығарған кәсіпорынның, яғни дайындаушының есебінен қалпына келтіріліп, тұтынушының шғыны қайтарылады. Яғни белгілі зат өзінің кепілдеме көрсетілген уақытына жетпей істен шықса, ол зат жаңасымен ауыстырылады, не тұтынушының өтінішіне орай оның құны қайтарылады.

Бұл шикі заттарды, материалдар мен еңбек ресурстарын үнемді пайдалануға, еңбек пен сауда мәдениетінің тиімділігін арттыруға, тауардың дұрыс сақталуын, тасымалдау кезінде оның бұзылуына жол бермеуді қамтамасыз етіп, өнеркәсіп пен сауда қызметкерлерінің өз жұмысының түпкі нәтижесіне деген ынтасын арттыруға ықпал етеді. Сондықтан да өнім шығарушылар тауардың сапасына, олардың ұзақ пайдалануға жарамды болуына, техникалық және безендірілу мен оралуы жағынан талапқа сай болуына, адам организімінің физиологиялық ерекшеліктерін ескере отырып осы күнгі сәнге толық жауап беретіндей болып шығуына баса көңіл бөледі.

Бұдан шығатын қорытынды дайын өнімдер мен жартылай фабрикаттардың сапасын технологиялық жағынан жаңарту және еңбек сапасын үйлестіретін комплексті стандарттау бағдарламасын жасау қажеттігі келіп туындайды.

Бір сөзбен айтқанда өнімді жасауды жобалаудан бастап, оның тұтынушы қолына жетуін, одан әрі пайдалану кезіне дейін ортақ стандарт болуы керек.

1 Стандарттарды жасау және енгізу

Стандарттау - бұл тұтынушылардың орынды бағаға алынған затының сапа құқығын міндетті түрде қамтамасыз ететін, не ұсынылған норма, ереже, мінездеменің орындалуы үшін, сонымен қатар еңбектің жағдай жасалуы және қауіпсіздігін қамтамасыз ететін талаптарды талдауға бағыттаған қызмет.

Стандарттау мақсаты - дұрыс және экономикалық нұсқаны іздеу, яғни дұрыс шешім табу. Табылған шешім белгілі бір стандарттау саласында орынды тізбектеуге жетуге мүмкіндік береді. Стандарттау мақсатын қамтамасыз етуіне сәйкес жалпы және одан да кіші бөлімдерге бөлуге болады.

Стандарттаудың нақты мақсаты белгілі бір қызмет аумағы, зат өндірісі, қызмет саласы және басқа да өнім түрлері, өндіріс және тағы басқаға қатысты.

Стандарттаудағы негізгі міндеттері :

  • Техникалық деңгей және өнім сапасына, материалдарға, жартылай

фабрикаттарға және кешенді бұйымдар талаптарын орнатады, сонымен қатар жоғары сапалы өнім өндірісі әдісін жүйелі өндіру және көптүрлі марка, өлшемдерді жоюға жағдай жасайтын өнім өндірісі және жоба жасау саласындағы әдіспен талаптарды орнатады.

  • өндірісті мамандандыру ең маңызды, жағдай ретінде өнім өнеркәсібін

агрегаттау және унификациялау; өндірістік процесстерді механикаландыру және автоматтау кешені, бір-бірімен байланыс деңгейі, бұйымды жөндеуі және таралымын дамыту.

  • Мемлекеттік өлшем бірлігі және толықтығын, мемлекеттік

эталонның физикалық бірлік көлемін жасау және жетілдіру, сонымен қатар өлшемнің жоғары дәлдік әдісін және құралын қамтамасыз ету.

  • Құжат жүйесін жетілдіру, техника-экономикалық ақпаратты кодтау және

біліктеу жүйесін талдау.

  • Маңызды ғылыми, техникалық салада, халық шаруашылығы саласындағы

терминдермен белгілерді қабылдау.

  • Еңбек қауіпсіздігі стандарттау жүйесі, табиғатты қорғау және табиғи

ресурстарды қолдануды жақсарту жүйесінің стандарттарын қалыптастыру.

  • Ішкі сауда, мәдени және ғылыми-техникалық байланыс үшін жақсы

жағдай жасау.

Стандарттарды жасау процессі төмендегі сатылардан тұрады:

  1. стандарт жасауды ұйымдастыру, стандарт жасауға қажетті техникалық тапсырмаларды бекіту;
  2. стандарттың жобасын жасау және оны пікір таласына беру;
  3. әртүрлі пікірлерді талқылау, стандарттың жобасын жасап, оны бекітуге беру;
  4. Стандарттың жобасын талқылау, бекіту және тіркеу;

Ең жауапты саты -техникалық тапсырмаларды жасап анықтау;

Техникалық тапсырмалар стандарттың негізгі мазмұнын, прогресін көрсетеді.

Техникалық тапсырмаларда стандартты жасаудың мақсаты, стандарттың мазмұны, талаптары (көрсеткіштер, нормалар, ережелер), басқа стандарттармен байланысы беріледі. Стандартты жасау жұмысының көлемі анықталады, қажет болған жағдайда жобадағы көрсеткіштерді техникалық - экономикалық негіздеу үшін ғылыми - зерттеу, конструкторлық немесе эксперименталдық жұмыстар жүргізіледі.

Стандарттау тәсілі - стандарттау мақсатына жететін әдіс немесе әдістер жиынтығы.

Стандарттау жалпы ғылымдық және өзіндік тәсілдерде негізделеді:

1) стандарттау объектілерін реттеу;

2) параметрлік стандарттау;

3) өнімді бір ізге салу;

4) агрегаттау;

5) комплекстік стандарттау;

6) озық стандарттау.

Стандарттау объектілерін реттеу - қызмет, үрдістер және өнімдерді стандарттау облысындағы әмбебап тәсілі. Реттеу жұмысының қорытындысы ретінде, мысалы, қосалқы бөлшектерге қойылатын шектеулер. Реттеуді әмбебап тәсілі деп айтсақ, ол бөлек тәсілдерден тұрады: жүйелеу, селекциялау, симплификациялау, типтеу және оптимизациялау.

Стандарттау объектілерін жүйелеу стандарттаудың обектілер жиынтығын ранжирлеу және ғылыми дәйекті тізбектелген классификациялаудың тұжырымдауы.

Стандарттау объектісін селекциялау қоғамдық өндірісте қолданылатын және керекті деп мойындалған нақты объектілерді реттеу.

Симплификаттау - қоғамдық өндірісте қолданылатын және керекті емес деп мойындатылған объектілерді реттеу. Селекциялау және симплификациялау үрдісі қатарлас жүргізіледі .

Стандарттау объектілерін типтеу -типтік (нұсқа) объектілерді жасау қызметі.

Стандарттау объектілерін тиімділеу -тиімді бастапқы параметрлерді табу сонымен қатар сапа және үнемділік көрсеткіштерінің мағынасын табу.

Өнімді бір ізге салу.

Бөлшек түрлері санын орынды қысқарту қызметін, бір қызметтік агрегаттар атауын өнім унификациясы деп атайды. Ол дайын өнімнді жіктеу, ражирлеу, типтендіру, оптимизациялау элементтеріне негізделген.

Бір ізге салудың негізгі бағыттары:

- Бұйым, машина, жабдық құрал және бөлшектердің параметрлік және өлшемдік қатарын жасау;

- Бір ізге салынған бірыңғай өнім тобын жасау мақсатында типтік өнім жасау;

- Бір ізге салу технологиялық процесстерді сала аралық қолданыстағы арнайы өнім өндірісі үшін технологиялық үрдістерді жасау;

- Бұйымдар мен материалдарға қолдануға рұқсат етілген орынды номенклатураға минимум шектеу.

Кешенді стандарттау .

Өнімге қарасты - дайын бұйым сапасына, сонымен қатар оларды шығару кезінде керекті комплектілер, бөлшектер, материалдар және шикізатқа қойылатын өз ара байланысты талаптар.

Озықты стандарттау.

Практикада жетілген деңгейге қойылатын болашақ талаптарды озықты стандарттау деп атаймыз.

Стандарттарды мемлекеттік қадағалау өнеркәсіпте, өндірістік және ғылыми өндірістік бірлестіктерде, ғылыми-зерттеу және жобалық-конструкторлық мекемелерде, транспорт және сауда мекемелерінде, білім беру және медицина салаларында, тағы да басқа қоғамдық ұйымдарда жүргізіледі.

Стандарттау бюросында кәсіпорынның қызметіне сай мемлекеттік стандарттардың болуы, оларға өзгертулердің уақтылы енгізілуі, кәсіпорынның барлық бөлімшелерінің тиісті стандарттармен, нормативтік-техникалық құжаттармен қамтамасыз етілуі тексеріледі.

1. 1 Стандарттау жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру

ҚР Мемлекеттік стандарттау жүйесі бекіткен заңмен стандарттаудың мақсатына жету үшін мына негізгі мәселелері шешілуі тиіс:

  • тұтынушылар мен мемлекетке қажетті қажеттілікті ескере отырып және олрдың қауіпсіздігін қамтамасыз ете отырып өнім, үрдіс, қызмет көрсету сапасына қойылатын тиімді талаптарды бекіту;
  • өнімнің сыйымдылық (конструкторлық, электрлік, электромагниттік, үйлестіру бойынша техникалық үрдістерге, метрологиялық нормалар мен ережелерге талаптарды бекіту;
  • өндірісті, үрдістерді, қызмет көрсетулерді, бақылау (сынау, талдау, өлшеу ) өнім сапасын сертификаттау және бағалауды нормативтік қамтамасыз ету;
  • технико- экономикалық ақпараттар, өнімді каталогтау және штрих кодтауды жіктеу және кодтау жүйесіне енгізу және дамыту
  • қолданыстағы заңды жетілдіру және ҚР реттеу жүйесін қалыптастыру жолында басқа экономикасы дамыған елдердің заңнамаларымен үйлестіру;
  • халықаралық стандарттардың ҚР тікелей қолданылуын қамтамасыз ету, қолданыстағы нормативтік құжаттар мен стандарттау жүйесін халықаралық нормалар мен жүйелермен үйлестіру;
  • стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі жұмыстарды ақпараттық және нормативтік қамтамасыз ету жүйесін жетілдіру және ҚР мемлекеттік қорын қалыптастыру;
  • сертификатталған өнім, үрдіс, қызмет көрсету сапасы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуде нормативтік құжаттардың міндетті талаптарының орындалуын.

1. 2 Мемлекеттік стандарттарды әзірлеу тәртібі

Стандартты әзірлеу алдында дайындық жұмыстарымен қатар мемлекеттік стандарттың өкілетті мекемесіне өтінім келтіреді. Қажетті жағдайда стандартты ынталы түрде әзірлеуге болады. Алайда жұмысты қабаттастырмас үшін стандартты әзірлеу туралы мәлімет мемстандартқа жіберілуі тиіс.

Өтінішті ҚР аумағында орналасқан мемлекеттік басқару ұйымдары, стандарттау жөніндегі техникалық комитеттер, басқа да заңды және жеке тұлғалар бере алады.

Өтінішті даярлау және қарау, мемлекеттік стандарттау жұмыстарының жоспарын әзірлеу ҚР СТ 1. 7 сәйкес атқарылады. Өтінішке стандарт әзірлеудің қажеттілігі мен себептері жазылады, сонымен қатар өтінішке стандарттың жобасы немесе стандарт әзірлеудің техникалық тапсырмасы қосымшаланады.

Техникалық тапсырмада стандартты әзірлеу кезеңдері мен олардың орындалу мерзімі; стандарттың бөлімдері және стандарттауға белгіленген объектінің негізгі сипаттары мен көрсеткіштері; стандартпен бірге берілетін құжаттардың тізімі; стандарттың жобасын қарау немесе ұйғару үшін жіберетін мемлекеттік басқару ұйымдары мен мекемелердің тізімі; нормаларды үйлестірілуі тиіс халықаралыққа сәйкес стандарттар тізімі, тапсырушының басқа да талаптары жазылады.

Мемлекет қажеттілігі үшін әзірленетін стандарттар ҚР-ның « Мемлекеттік сатып алу туралы» заңы бойынша конкурстық негізде дайындалады.

ТК (әзірлеуші мекеме) стандарт жобасын әзірлеу жұмыстарын ұйымдастырғанда, жобасын әзірлеуге қатысатын мүдделі жақтардың өкілдерінен құралатын жұмыс тобының құрамын анықтайды. Бұл топқа алдыңғы қатарлы ғылыми зерттеу, тәжірибелік-конструкторлық ұйымдар мен жоғары оқу орындары енгізілуі керек.

Бекітілген бағдарлама, жоспар және келісімдерге сәйкес жұмыстың атқарылу мерзімін стандартты әзірлеу кезеңдерімен жеке-жеке анықталады.

1. 3 Мемлекеттік стандарттарды әзірлеу жұмысын ұйымдастыру

Жылдық және келешекке арналған жоспарларды Қазақстан Республикасы аумақтарында ұлттық және мемлекетаралық стандарттау жөніндегі жұмыстарды мемлекеттік реттеу, мемлекет, дайындаушы мен тұтынушы мүддесін қорғау саласындағы саясатты жүзеге асыру, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік стандарттар қоры ( ҚР МСҚ ) құрамын жетілдіру, жұмыстарды орындау мерзімі мен тақырыптаманы анықтау мақсатымен әзірлейді.

Мемлекеттік стандарттау жөніндегі жұмыстар жоспарына әзірлеу, қайта қарау, өзгерістерді енгізу және мемлекеттік пен мемлекетаралық стандарттарды жою жөніндегі тапсырмалар қосылады.

Жұмыстар жоспары жиынтық кестеден және екі бөліктен тұрады:

  1. республикада мемлекеттік стандарттау жөніндегі жұмыстардан;
  2. мемлекетаралық стандарттау жөніндегі жұмыстар бағдарламаларының өлігі болып табылатын және Қазақстан Республикасына орындалуы бекітілген мемлекетаралық стандарттау жөніндегі жұмыстардан.

Мемлекеттік және мемлекетаралық стандартты әзірлеуді алдын ала қарастыратын тақырыптарды стандарттау жоспарына бірінші кезек ретінде төмендегілерді қосады:

1) стандарттау, метрология және сертификаттау саласында негізге

алынатын нормалар мен талаптарына, халықтың денсаулығы, өмірі мен мүлігі және қоршаған орта үшін өнімдер, процесстер және қызметтердің қауіпсіздік нормалары мен жалпы техникалық нормаларына, сыныптауға, терминологияға, өнімді буып-түю, таңбалау, тасымалдау және сақтау ережелеріне;

2) халықаралық, аймақтық және ұлттық стандарттарды және

шетелдердің нормалары мен ережелерін Қазақстан Республикасының мемлекеттік стандарттары ретінде тікелей қолдану жұмыстарына.

Мемлекеттік стандарттарды әзірлеудің тапсырушылары ретінде Мемстандарт, Қазақстан Республикасы Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігі, Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі, Қазқұрылыс комитеті және республика аумақтарындағы басқа мүдделі мемлекеттік басқару органдары, қоғамдық мекемелер, заңды жәе жеке тұлғалар болуы мүмкін.

Стандарттау жөніндегі жұмыстар жоспары 1 жылға немесе келешекке 3- тен 5 жылға дейін әзірленеді және қажетті қаржыландырумен қамтамасыз етілген, мемлекеттік және мемлекетаралық стандарттау жөніндегі жұмыстарды орындауға белгіленген тізбесімен, осы кезеңде үнемі күші бар құжат болып табылады.

1. 4 Стандарттың жобасын ( бірінші редакциясын ) әзірлеу

Жұмыс тобы стандарттың жобасын дайындап, оған түсініктеме жазады. Стандарттың түсініктемесіне төмендегідей мәліметтер енгізіледі:

  • стандартты әзірлеудің техникалық-экономикалық негізін келтіру;
  • стандарттау объектісінің сипаттамасы;
  • стандарт жобасының ҚР заңдарынан техникалық регламенттерге,

халықаралық ( аймақтық ) нормаларға, ережелер мен ұсыныстарға, сондай-ақ шетелдердің ұлттық стандарттарына сәйкестігі туралы мәліметтер;

  • стандарт жобасының басқа нормативті құжаттармен байланысы

туралы мәліметтер және оларды қайта қарау, өзгертулер енгізу немесе жою жөніндегі ұсыныстар;

  • стандарт жобасына пікір алу, келісу үшін тарау туралы

мәліметтер;

  • ақпараттық көздер;
  • стандарттау объектісінің патент тазалығы туралы мәліметтер.

Техникалық комитет ( әзірлеуші мекеме ) стандарт жобасының ҚР мемлекеттік стандарттау жүйесінің стандарттары мен заң талаптарына сәйкестігін тексереді және оны түсініктемесінен бірге ТК мүшелеріне және мүдделі мекемелерге жібереді.

Стандарттың әзірленген жобасы және ол туралы мәлімет немесе аннотациясы мүдделі мекемелермен шетелдік әріптестердің іс-пікірлерін алу мақсатымен мемстандарттың WEB - сайтына енгізілуі керек.

Стандарт жобасы стандарттау объектісіне байланысты пікір алу үшін көбінесе стандартқа тапсырыс берушіге, мүдделі мекемелер және қоғамдық ұйымдарға таратылады.

Келісім алу үшін:

  1. тапсырыс беруге;
  2. өнім, процесс пен қызметті нормалау, олардың қауіпсіздігін, бақылау

міндетін жүктеген мемлекеттің бақылау ұйымдарына;

  1. Мемстандартқа;

4 Қазақтың балалар тағамы мен прафилактикалық тамақтану

академиясына;

5 Стандарт жобасын әзірлеуге байланысты қайта қарау, өзгерту немесе

жоюға жататын бір-бірімен байланысты ұлттық техникалық регламент және нормативті құжаттарда әзірлеуші мекемелерге жіберіледі.

Мүдделі мекемелердің стандарт жобасына келісім беру, пікір

дайындау мерзімі, жобаны алған күннен бастап санағанда 1 айдан аспауы тиіс. Бұл уақыт ішінде пікір келтірмесе стандарт жобасы келісілген болып есептеледі.

1. 5 Стандартты мемлекеттік бекіту және тіркеу

Мемлекеттік стандарттау жоспары Мемстандарт уәкіл еткен стандарттау жөніндегі кәсіпорынымен (уәкіл органмен) жоспарланған кезеңге стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі басымдық бағыттарға сүйенген, ТК, МТК, мемлекеттік басқару органдары, заңды және жеке тұлғалардың ұсыныстары негізінде қалыптастырылады.

Жоспарлау кезде ТМД елдері мен Қазақстанда міндетті сертификаттауға жататын ағымдағы және ұзақ мерзімді мемлекеттік және салалық ғылыми-техникалық жұмыстың жоспарлары, Қазақстан Республикасының ғылыми-техникалық жоспарлары, әлеуметтік-экономикалық жоспарлары, Қазақстан Республикасы Үкіметімен қабылданған заңдық және басқа да нормативтік құқықтық актілер, мемлекетаралық стандарттау жөніндегі жұмыстар бағдарламалары ескеріледі.

Мемлекеттік стандарттарды әзірлеу, өзгерістерді енгізу, қайта қарау және жою жөніндегі ұсыныстарды мүдделі және жеке тұлғалар ұсынады.

1. 6 Стандарт жобасының соңғы редакциясын әзірлеу, бекітуге жіберу

Әзірлеу - мекеме ТК келтірілген пікірлерді ескере отырып стандарт жобасының соңғы редакциясын дайындайды.

Қажетті жағдайда стандарт жобасының соңғы редакциясы пікір алу, ұйғарылу үшін қайта таратылады.

Стандарт жобасына келіспеушілік болған жағдайда әзірлеуші - мекеме оларды талқылау және шешу жұмысын ұйымдастырады.

Стандарт жобасына өнім қауіпсіздігін бақылайтын мемлекеттік ұйымдардың келісімі бойынша немесе келіспеушілік мәселесін шешу, мұмкін емес болса, стандарттың жобасы ұйғарылмайды.

Келісімге қол жеткізу мүмкін емес жағдайда стандарт жобасы соңғы шешім шығару үшін Мемстандартқа жіберіледі.

ТК немесе әзірлеуші - мекеме стандарт жобасының түбегейлі редакциясын қарап, бекіту үшін оның екі данасын ( мемлекеттік және орыс тілінде) Мемстандартқа жіберіледі. Олардың әзірлеуші - мекеменің бастығы қол қойған хатпен жіберілген алғашқы нұсқасы болу керек.

Стандарт жобасына қосымша ретінде өнімнің үлгісі көлемі үлкен заттың чертежі (қажеттілік жағдайда) немесе суреті және төмендегі құжаттар бір данадан жіберіледі.

  • стандарттың электрондық нұсқасы;
  • стандарт жобасына түсініктеме қағаз;
  • Мемстандарттан белгіленген форма бойынша пікірлер

жиынтығы;

  • Стандарт жобасының ұйғарылымын растайтын негізгі

құжаттар ( жиналыс хаттамалары ) ;

  • Стандарт жобасының түбегейлі редакциясының қараған

жұмыс тобының жиналысының ( ол жүргізген болса ) хаттамасы;

  • Қабылдау комиссиясының ( дегустация комиссиясының

көркемдік - техникалық кеңестің ) жиналыс хаттамасы немесе өнімді сынау ( қажетті жағдайда ) актісі.

1. 7 Стандартты бекіту және мемлекеттік тіркеу

Мемстандарт стандарт жобасын қарап шығып оны бекіту, толықтыру үшін қайтару немесе жұмыс кестесінен алып тастау туралы шешім қабылдауы. Стандартты бекітерден бұрып Мемстандарт оның республикада қолданылатын заңдардың талаптарына, техникалық регламенттерге, мемлекеттік стандарттау жүйесінің стандарттарына, өзара байланысты мемлекеттік, мемлекетаралық, халықаралық, аймақтық және шетелдердің ұлттық стандарттарының талаптарына, метрологиялық ережелер мен нормаларға, қолданылып жүрген терминологияға, стандарттарды құру және баяндау (жазу) ережелеріне сәйкестігін тексереді.

Мемлекеттік стандарттар Мемстандарттың қаулысымен бекітіліп, күшіне енеді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Стандарттау жөнiндегi техникалық комитеттер
ИСО халықаралық стандарттары
«Ауылшаруашылық өнімдерін стандарттау және сертификаттау» пәнінен оқу-әдістемелік материалдар
Стандарттау, метрология және сертификаттау пәнінен лекция жинағы
Сертификаттаудың заңнамалық базасы жайлы мәлімет
Нормативтік құжаттарды қолдану
Сертификаттаудың мағынасы мен мазмұны
Уәкілетті мемлекеттік орган, құрылымы және міндеті. Техникалық комитеттер
Сапа жүйесін сертификаттау
Стандарттау және маркетингтік зерттеулер
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz