Шетелдік валюталармен жасалатын операциялар


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 31 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Кіріспе . . . 3-4 бет

Негізгі бөлім

1 тарау. Сыртқы экономикалық қызметтің жалпы мәліметтері.

1. 1. Сыртқы сауда қызметінің түсінігі . . . 5-9 бет

1. 2. Шетелдік валюталармен жасалатын операциялар . . . 10-13бет

1. 3. Хеджерлеу . . . 14-15 бет

2 тарау. Кәсіпорынның сыртқы экономикалық қызметтің есебі

2. 1 Тауарды импорттау және экспорттау бойынша жасалатын

операциялар есебі . . . 16-19 бет

2. 2 Шетелдік валюта операцияларының есебі . . . 20-24 бет

2. 3 Толлинг операциялар есебі . . . 25-26 бет

2. 4 Франчайзинг бойынша жасалатын операциялар есебі . . . 27-31 бет

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

Халықаралық экономикалық қатынастың дәстүрлі және ең кең дамыған нысанына - сыртқы сауда жатады. Дүниежүзіндегі елдердің барлығы үшін сыртқы сауданың ролі ерекше маңызды.

Американ ғалымы Дис Сакстың пікірінше: « қандай бір ел болмасын, оның экономикалық жетістігі сыртқы саудаға байланысты. Дүниежүзілік экономикадан оқшауланып, ешқандай ел дені сау, жөні түзу экономика жасай алған жо қ».

Осы тақырыпты таңдағаным Қазақстан Республикасындағы кәсіпкер-лікпен айналысатын әр-түрлі меншік нысанындағы ұйымдардың сыртқа саудамен байланысты шаруашылық операциялардың бухгалтерлік есебін жүргізу тәртібімен, шетел валютасымен жасалатын операциялардың есепке алынуын, құжатпен ресімделуін тереңірек зерттеу .

Жаһандану жағдайында әлемдік экономиканың үрдістерінен сырт қалу елдің экономикалық жағдайының, даму деңгейінің, технологиялық даму мен ұлттық бәсекелестік қабілеттілігінің шегеріп қалуына әкелуі мүмкін. Сондықтан сыртқы экономикалық қатынастарды дамыту әрбір кәсіпкер үшін қазіргі заманның талабы болуда.

Қазақстан өз экономикалық даму бағдары да сыртқы экономикалық іс-әрекетті ырықтандыруға, әлемнің жаңа технологияларын жетістіктерін кеңінен пайдалануға бағытталған.

Қазақстан Республикасы егемендігін алғалы бері өзінің экономикасын дамыту үстінде. Ол үшін еліміздің шекаралары ашылып, еркін сауда қарым - қатынастары орнатылуда. Елімізге шетел қаржысы, яғни инвестициялар, ірі шетел компаниялар мен банктердің инвестициялары жобаларды дамыту үстінде. Әр жыл сайын еліміздің басшысы Н. Ә. Назарбаев өз халқына экономикалық әлеументтік аспектілерге қатысты жолдауын ұсынады. Оның басты мақсаты «Қазақстан 2030» стратегиясын орындауға алғы шарттар жасау. Бұл 2030 - дағы стратегиялық жоспарда мемлекетімізді нарықтық экономикаға көшіру мен еліміздің әл - ауқатын дамыту, тұрғындардың әлеументтік жағдайын жақсарту көзделген. Бұл мақсаттарға жету үшін мемлекетіміз көп шаралар қолдануда. Соның бірі сыртқы экономикалық қызметті дамыту. Бұл жерде оның тек ұлттық валютада ғана емес, сондай - ақ шетелдік валютада да ресурстарды қалыптастыру көзделген. Ең көп көңіл бөлінетініміз ол - экспорт пен импорт.

Экспорт - дайын өнімді, шикізатты, тауарларды және т. б. мемлекеттерге шығарып сату.

Импорт - басқа мемлекеттерден әкелінетін тауарлар мен өнімдер.

Өнімдердің қазіргі қалыптасып отырған құрылымына байланысты. Қазақстан экспортының едәуір үлесі әзірше шикізатқа, түтсі металдарға, мұнайға, отынға және шала фабрикаттар тиіп отыр.

Біздің мемлекетімізге импортталатын тауарлар өте көп. Бірақ олардың барлығы арнайы тексерулерден өткізіліп, белгілі салық мөлшерін төлеп (ҚҚС, акциз, БАЖ салығы, кеден алымдары мен салымдары және т. б. ), арнайы бухгалтерлік құжаттар толтырылады (Накладной, консаменттер, шот- фактура, техникалық құжаттар) .

Бұл операциялар тек қана ұлттық валютада ғана емес, сонымен қатар шетел валютасында өткізілуі мүмкін.

Мұндай операцияларға: шетел валютасымен берілген немесе алынған несиелер, шетелдік валютаға алынған тауарлар, өнімдер және т. б жатады. Біз оларды есептеу үшін бас шоттар жоспарында көрсетілген «шетелдік валюта мен ақша қаражаттарын есептеуге арналған» мына шоттарды қолданамыз. Олар 1050, 1020 субшоттары 1250, 5020, 3310 т. б. яғни біз мұндай операцияларды бөліп көрсетеміз. Бірақ операцияларың барлығы ұлттық валютада көрсетіледі.

Осы «Сыртқы экономикалық қызмет есебі» атты курстық жұмысты жазу барысында, оның бөлімдерін толықтай қарастырылып, негізгі 2 бөлімге бөлінді. Яғни сыртқы экономикалық қызметтің мәні, негізгі түрлері және оны жүзеге асыру құралдарын нақты көрсетіп, осыған байланысты шаруашылық әрекеттерін құжатпен рәсімдеу, бухгалтерлік есеп шоттарында бейнелеу, валюта бағамдары айырмаларын есепте көрсету, кедендік алым салықтарды тауардың өзіндік құнына қосу жайлы нақты шоттар корреспонденциялары келтіріп, ұйымның сыртқы сауда жөніндегі шетелдік контрагенттермен қаржылық қарым қатынастарының бухгалтерлік есебін жүргізудің мәні ашылады.

Курс жұмысын жазу барысында халықаралық қарым қатынастарды реттейтін бірқатар заңнамалық-нормативтік актілермен таныстым.

1 тарау. Сыртқы экономикалық қызметтің жалпы мәліметтері.

1. 1. Сыртқы сауда қызметінің түсінігі.

Сыртқы сауда - тауарлармен қызметті ішке енгізуден (импорттан) және сыртқы шығарудан (экспорттан) тұратын елдер арасындағы сауда. Сыртқы экономиканың басты көздерінің бірі - сыртқы сауда. Ал сыртқы сауда саясатына келетін болсақ - белгілі бір елдің немесе елдер тобының сыртқы сауда қатынастарын дамыту жөніндегі экономикалық, саяси, ұйымдық шаралар жүйесі және де экспортпен импорттың географиялық және тауарлық құрылымының көлемін анықтауды қамтиды. Сыртқы сауда айналымы - сыртқы сауда дамуының жинақталған көрсеткіші, алыс-беріс арқылы жүзеге асырылады.

Жалпы сауда саясаты бұл - ұлттық өнеркәсіпті шетелдік бәсекелестерден қорғау, экспортты ынталандырумен диверсификациялау, елде жұмыс орындарды құру сондай-ақ т. б. елдің дамуын жетілдіретін шараларды іске асыру жөніндегі саясатты айтамыз.

Сыртқы экономикалық қызмет - сыртқы экономиканың байланыстарды реттеу тәртібін анықтау және елдің халықаралық еңбек бөлінісіне қатысуын оңтайландыру бойынша мемлекет пен оның органдарының нысаналы түрде бағытталған іс-әрекеті.

Сыртқы экономиканың негізін құраушыларға жататындар:

- сыртқы сауда саясаты (құрамына экспорттық және импорттық саясат кіреді)

- шетел инвесторларын тарту және шетелдегі ұлттық капитал салымдарын реттеу саласындағы саясат.

- валюталық саясат.

Сонымен бірге, сыртқы экономикалық саясат жекелеген мемлекеттер-мен, аймақтармен сыртқы экономикалық операцияларды жүргізудің геогра-фиялық теңестірілуі міндеттерін де шешеді, бұл тәсілдің экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етумен байланысқан.

Сыртқы экономикалық саясат - сыртқы экономикалық қасиетті де (СЭҚ) реттейді, оның айрықша белгілеріне мыналар жатады:

- тауарлар мен қызметтердің халықаралық сауда саттығы.

- материалдар, ақша, еңбек және интеллектуалдық ресурстардың халық-аралық қозғалысы.

Кәсіпорынның сытрқы экономикалық қызметін тауарларды экспортау мен импорттау, толлингтік операциялар болып табылады. Тауарларды экс-порттау - тауарларды сатып алушының еліне жөнелту арқылы шетелдік сатып алушыға сату; импорттау - тауарды сатып алушының еліне әкелу арқылы шетелдік сатушыдан алу.

Сыртқы экономикалық мәміле контрактімен рәсімделеді, онда олардың құқы, міндеттері мен тараптардың жауапкершілігі көрсетіледі. Сондықтан дұрыс рәсімдеу үшін Халықаралық әзірлеген халықаралық сауда терминін пайдалануды ұсынады.

«Инкотермстің» барлық термині төрт базалық категорияға топталған.

Топ: Топ
Жабдықтаудың шартты белгілері: Жабдықтаудың шартты белгілері
Франкировка жағдайы (тасымалдау шарты): Франкировка жағдайы (тасымалдау шарты)
Топ: E
Жабдықтаудың шартты белгілері: EXW
Франкировка жағдайы (тасымалдау шарты): Завод франкосы
Топ: F
Жабдықтаудың шартты белгілері:

FCA

FAS

FOB

Франкировка жағдайы (тасымалдау шарты):

Еркін тасымалдаушы.

Еркін кеме бортының жағасына дейін әкелу.

Еркін бортқа әкелу.

Топ: C
Жабдықтаудың шартты белгілері:

CFR

CIF

CPT

CIP

Франкировка жағдайы (тасымалдау шарты):

Құны жіне фрахтысы.

Құны, сақтандыру және фрахтысы.

Тасымалдауға дейін төленген.

Тасымалдау мен сақтандыру төлемі жүкті тасымалдауға дейін төленген.

Топ: D
Жабдықтаудың шартты белгілері:

DAF

DES

DEO

DDU

DDP

Франкировка жағдайы (тасымалдау шарты):

Шекараға дейін жеткізілген.

Кемеден жеткізілген.

Кеме тоқтайтын жерге дейін, яғни айлаққа дейін жеткізілген (баж салығы қосылған) .

Баж салығы төлемей жеткізілген.

Баж салығын төлеп жеткізген.

« Е » тобының шарты бойынша сатып алушы сатушының қоймасынан жөнелтуге дайын тұрған тауарды алады.

«F» тобының шарты бойынша, сатып алушы көрсеткен транспорттық құралына дейін тауарды сатушының өзі жеткізіп беруге міндеттелген.

« С » тобының шарты бойынша сатушы тасымалдаушылармен шартқа отырады, бірақ жүкті жөнелткеннен кейін пайда болатын шығыстарға және тауардың бұзылуына жауап бермейді .

«Д» тобының шарты бойынша сатушы барлық тәуелділіктерді және жүкті белгілеген жеріне дейін жеткізіп беруімен байланысты шығындарды өзіне алады.

CIF тауарды жеткізіп беру жайғдайында сатушы жүктің әрбір тоннасын сақтандырады, фрахтысын анықтайды, жүк жөнелтетін портқа жеткізіп, өз есебінен мерзіміне сай порт кемесіне тиеді және сатып алушыға құжаттарын қоса береді. Сатушының міндетіне тауарды транспорттық тәуелділігіде кіреді.

Сөйтіп, CIF шарты кезінде сатып алушының жабдықтаушыға төлейтін бағасының ішіне тауардың құны, фрахтысы және сақтандырулар кіреді.

DAF жағдайында экспорт үшін рұқсат етілген белгіленген орнына дейін тауарды жеткізіп беру бойынша жауапкершілікті сатушы алады, ал сатып алушы көрсетілген орнына және көрсетілген уақытында тауарды қабылдап алуға міндетті.

FAS - жабдықтау шартына сәйкес сатушы кеме бортына дейін тауарды аз есебінен жеткізіп беруді мойнына алады. Ал содан кейінгі шығыстарды сатып алушы алады. Транспорт құралына дейінгі тауардың бұзылуын және басқа да шығындарын сатушы өз мойнына алады.

FOB - сату жағдайына сәйкес жабдықтаушының бағасына тауардың құны, кеме бортына арту және оған дейін жеткізу шығыстары және т. б кіреді.

«Интотермс» ұсыныстық сипатта болады және оның белгілі бір бөлігін немесе толық көлемін пайдалануы тараптарының келісіміне байланысты болып табылады.

Қазақстан Респуликасы аймағына әкелінетін және оның шекарасынан шығарылатын барлық тауарлардың кедендік бақылаудан өтетіндігін көрсетеді. Бұл кезде заңда қаралған кедендік төлемдер экспорттауға да, импорттауға да салынады, оның құрамына мыналар кіреді:

  • Кедендік баж салығы.
  • Кедендік рәсімдеу үшін кедендік алымдар.
  • Тауарды сақтауға алынатын кедендік алымдар.
  • Шығарып салғаны үшін кедендік алымдар.
  • КР - ның кедендік органына лицензия бергені үшін алынатын салымдар.
  • Кеден ісін рәсімдеу бойынша машықтанған мамандық аттестатын бергені үшін алым.
  • Алдын ала қабылданатын шешімдер үшін төлем.

Бұл төлемдердің көбісінің мөлшері кедендік тауар құнына тәуелді болып келеді, олардың құрамына шерелдік валютамен есептелген тауардың нақты құны және шетелде төленген үстеме шығысы кіреді. Егерде үстеме шығысын жабдықтаушының өзі төлесе, онда ол тауардың нақты құнына бағаның бір элементі ретінде болады және оны сатып алушы өтейді.

Кедендік төлемді есептеудің негізін тауардың кедендік құны құрайды. Тке кейбір арнайы кедендік төлемдерін, яғни, тауар бірлігі үшін белгілен-ген мөлшерде есептелетіндерін қоспағанда.

Қазақстан Республикасының кедендік аумағынан тысқары жерлерге шығарылатын тауарлардың кедендік құны; шот - фактурада көрсетілген бағасына, сондай - ақ, егер шот - фактураға енгізілмеген болса, онда мұндай нақты шығындар; тауарды әуе айлағына, айлаққа немесе басқадай жерге дейін жеткізіп беруге жұмсалған шығындары; сақтандыру сомасы; комиссиялық және брокерлік сыйақылары; сондай - ақ Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасына сәйкес бағаланатын тауарлармен біртұтас нәрсе ретінде қаралмаса, контенерлердің немесе бірнеше рет қайталанып айналымда болатын ыдыс құндары буып - түю құндары негізінде анықталады.

Қазақстан Республикасының кедендік аумағына сырттан әкелінетін тауардың кедендік құны мынадай әдістерді қолдану арқылы анықталады: сырттан әкелінетін тауарларға жасалынған мәміле бағасы бойынша; бірыңғай тауарларға жасалған мәміле бағасы бойынша; құнан шигеру әдісімен; құнға қосу әдісімен; резервтік әдісімен жасалады;

Кедендік төлем мөлшерлері мынадай түрлерге бөлінеді:

  1. Адвалорлық - салық мөлшері салынатын тауарлардың кедендік құнына процентпен есептелінеді.
  2. Ерекше - салық мөлшері салынатын тауарлар бірлігінің белгіленген мөлшерімен есептелінеді.

Сыртқы экономикалық қызметте қолданатын негізгі құжаттар болып:

  1. Техникалық құжаттаулар - техникалық төлқұжаты, сызбасы, жинау бойынша нұсқауы, монтаждау, басқару және жөндеу, техникалық жағдайын сипаттайтын құжаты және т. б.
  2. Тауарлы - ілеспе құжаттаулар - тауар сапасының сертификаты, буып - түю парағы, құрастырушы тізімдемесі.
  3. Транспорттық, экспедиторлық және сақтандыру құжаттаулары - теміржол накладнойы және оның көшірмесі, сақтандыру полюсі немесе сертификаты:
  4. Қойма құжаттаулары - экспорттау тауарына портта берілген қабылдау актісі, тауардың сақтауға алынғаны туралы қойманың қол хаты, басқа да кепілдік куәлігі т. б
  5. Есеп айырысу құжаттаулары - шот фактурасы және аударма векселі:
  6. Банкі құжаттаулары - валютаны аудару өтініші, инкассо тапсырмалары, аккредитив ашу туралы тапсырмалар, чектер, Қазақстан Республикасының кеден депозитіне қаражатты аудару туралы тапсырмалары, есеп айырысу және валюталық шоттар бойынша жасалған операциялардың көшірмесі;
  7. Кедендік құжаттаулар - кедендік жүк декларациясы, тауардың шығуы туралы сертификаты, баж салығын төлегені туралы анықтама, акциздер және алымдар;
  8. Талап құжаттаулары - шағымдық хат, сотқа немесе арбитражға қойған талап арызы;
  9. Бұзылған және кем шыққан жөнінде жасалған құжаттар - кем шыққанға жасалған комерциялық актілер, авария сертификаты;

сыртқы экономикалық қызмет бойынша есеп айырысу шетелдік валюта бойынша жүргізіледі. Нақты мысалдарды қарастырмастан бұрын шетелдік валюта бойынша жасалатын операцияларына тоқталамыз.

1. 2. Шетелдік валютамен жасалатын операциялар.

Шетелдік валютамен жасалатын операция. Валюталық операциялар кәсіпорынның сырқы экономикалық қызметімен тікелей байланысты. Валюталық операциялардың бухгалтерлік есебі кейінгі қосымшалар мен өзгерістермен қоса субъектілердің қаржы-шаруашылық қызметінің бухгалтерлік есеп шоттарының Типтік жоспары негізінде жүргізіледі.

Сыртқы экономикалық операциялар есебінің ерекшелігі есеп тенгемен де, шетелдік валютамен де жүргізілуінен тұрады.

Кәсіпорындарда сыртқы экономикалық қызметтің жүргізілуіне байланысты барлық операциялардың есебі шоттарды салыстырмалы түрде жүргізіледі. ҚР - сы территорияснда операция жасалған кездегі нарық белгілеген бағамды қолданып қазақстандық теңгемен есептелуге тиісті ақшалай қаражатқа байланысты туындайтын қатынастарды реттейтін ҚР - ның 2010. 30. 06. № 297-ІV ҚР Заңымен 246-бап өзгертілді (2010 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) .

«Кеден одағында кедендік әкелу баждарын (өзге баждарды, балама әрекеті бар салықтар мен алымдарды) есепке алудың және бөлудің тәртібін белгілеу мен қолдану туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы.

Баждарды есепке жатқызу және бөлу тәртібін қолданысқа енгізу Тараптардың кедендік аумақтарын бірыңғай кедендік аумаққа бірлестіру және кеден одағын қалыптастыруды аяқтау туралы шешім қабылдау шарттарының бірі болып табылды.

Бөлу мынадай:

Қазақстан Республикасы-7, 33% (жеті бүтін жүзден отыз үш пайыз) ;

Беларусь Республикасы-4, 7% (төрт бүтін оннан жеті пайыз) ;

Ресей Федерациясы-87, 97% (сексен жеті бүтін жүзден тоқсан жеті пайыз) нормативтері бойынша жүзеге асырылатын болады.

Бұл нормативтер 2 жыл бойындағы импорт пен баждардың орташа ставкалары негізінде есептелген. Норматив үш мемлекеттің баждарының сомасына қолданылатын болады. 2009 жылы үш ел 17 млрд. доллар кедендік баж жинады. Сондықтан ақшалай түрдегі норматив неғұрлым үлкен соманы құрайды және Қазақстанның экономикалық мүддесіне жауап береді.

Сыртқы экономикалық қызмет қатысушылары үшін баждарды төлеу тәртібі өзгермейді. Төлеу бұрынғыдай теңгемен, сол бюджеттік сыныптама кодына жүргізілетін болады. Баждарды есепке жатқызу және бөлу тетігі әрбір елдің Қазынашылығы арқылы жүзеге асырылатын болады.

Тараптар арасындағы кедендік баждарды бөлу күн сайын жүзеге асырылатын болады. Уақтылы аудармағаны үшін айыппұл пайызы көзделген. Бұл ретте басқа елдерден түсетін баждарды бөлуден кірістердің түсуі Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі арқылы жүзеге асырылатын болады. Бақылау мақсатында мұндай кірістер бюджеттің атқарылуы туралы есепте оқшауланып көрсетіледі.

Бұдан басқа, бақылау мақсатында Тараптар Қазынашылығы мен кеден органдары арасында ақпарат алмасу көзделген. Қазынашылықты бақылауды Тараптардың Есеп комитеттері жүргізеді. Тұтас алғанда, Келісімнің орындалуын бақылау Кеден одағы комиссиясына жүктеледі.

Кедендік одақта жанама салықтарды өндіріп алу хаттамаларын ратификациялау жөнінде ҚР Заң жобалары туралы.

Қазақстан Республикасының 3 Заң жобасы:

1) кедендік одақта тауарларды экспорттауда және импорттауда, жұмыстарды орындауда, қызметтерді көрсетуде жанама салықтарды өндіріп алу қағидасы туралы 2008 (екі мың сегізінші) жылғы 25 (жиырма бесінші) қаңтардағы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау жөнінде;

2) жанама салықтарды өндіріп алу тәртібі мен кедендік одақта тауарларды экспорттау мен импорттау кезінде олардың төленуін бақылау тетігі туралы хаттаманы ратификациялау жөнінде;

3) кедендік одақта жұмыстарды орындауда, қызметтерді көрсетуде жанама салықтарды өндіріп алу тәртібі туралы хаттаманы ратификациялау жөнінде.

Осы қарастырылған үш хаттамалар 2009 жылғы 11 желтоқсанда Санкт - Петербургте қол қойылған.

Бірінші Хаттама Кеден одағының шеңберінде жанама салықтарды өңдіріп алу туралы келісімге өзгерістер енгізеді. Өзгерістермен мыналар айқындалады:

біріншіден, акцизделетін маркіленетін тауарлар бойынша өндіріп алу ұлттық заңнамаға сәйкес жүргізіледі;

екіншіден, арнайы экономикалық аймақтарға импорттау кезінде жанама салықтар АЭА жөнінде халықаралық келімдермен бекітіледі.

үшіншіден, жанама салықтар туралы негізгі Келісімнің күшіне ену тәртібі өзгертіледі.

Екінші заң жоба кеден одағында тауарларды экспорттау және импорттау кезінде жанама салықтарды өндіріп алу тәртібі туралы хаттамаға қатысты. Өндіріп алу қағидалары негізгі Келісімде белгіленген, ал өндіріп алу мен әкімшілендіру механизмдері осы хаттамада белгіленген. Сонымен бірге, жанама салықтардың төлену есебі үшін мына жаңа құжаттар енгзізіледі:

тауарларды әкелу және жанама салықтардың төленуі туралы өтініш (кедендік жүк декларацияның оңайлатылған варианты), ол Қазақстан Республикасы аумағына тауарларды кіргізу фактісі орын алған жағдайда айына бір рет ұсынылады импортталатын тауарлар туралы жанама салықтар жөнінде декларация.

Өтініш мына реквезиттерді қамтиды: жабдықтаушының, тауарлардың аты жөнін, олардың көлемін, тауарлар әкелінетін келімшарт туралы мәліметтерді, төленуге тиіс жанама салықтардың сомасы.

Үшінші заң жоба кеден одағында жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету кезінде жанама салықтарды өндіріп алу тәртібі туралы хатттамаға қатысты. Ол кеден одағында жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету кезінде жанама салықтарды өндіріп алу мен әкімшілендіру тетігін белгілейді. Сондай ақ хаттамада жұмыстарды, қызметтерді өткізу орны қолданыстағы Салық кодексінде бекітілген қағидаларға сәйкес анықталған.

Кеден одағы шеңберінде жанама салықтарды алу қағидалары туралы келісім 2009 жылғы 3 сәуірінде ратификацияланды. Сіздерге ұсынылған 3 Хаттама негізгі Келісімнің қолдануын айқындайды және кеден одағына мүше мемлекеттердің өзара саудадағы жанама салықтарды әкімшілендіру тәртібін регламенттейді.

«Кедендік статистика орталығы мәртебесі туралы хаттаманы» және «Сыртқы сауда статистикасы мен өзара сауда статистикасының деректерін беру тәртібі туралы Хаттаманы» ратификациялау мәселесі бойынша баяндама

2009 жылғы желтоқсандағы Санкт-Петербург қаласында Еуразиялық экономикалық қоғамдастық Мемлекетаралық кеңесінің (кеден одағы жоғарғы өкілет) отырысында кеден одағы тауарларының сыртқы және өзара саудасының кедендік статистикасын жүргізу туралы келісім (2009 жылғы 17 ақпанда № 134-IV Қазақстан Республикасы Заң рафикацияланған) ережелерін іске асыру мақсатында, үкімет басшысы деңгейінде «Кеден одағы комиссиясы Кедендік статистика орталығының мәртебесі туралы хаттамаға» және «Сыртқы сауда статистикасы мен өзара сауда статистикасының деректерін беру тәртібі туралы Хаттамаға» қол қойылды.

«Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 2) және 5) тармақшаларын басшылыққа ала отырып, сондай-ақ Қазақстан Республикасының ұлттық заңнамаларына көзделгендерге қарағанда халықаралық шарттар өзге ережелерді белгілейтінін ескере отырып көрсетілген халықаралық нормативтік құқықтық актілер ратификациялауға жатады.

1. 3. Хеджерлеу.

Хеджерлеу - шығындардан сақтану немесе қорғану - шетелдік валютамен мәмілелер бойынша есеп айырысу уақытында болуға тиісті және талап етілетін валюталық есеп беруде соманың белгілеу мақсатында жүзеге асатын мәмілелер.

Хеджерлеудің үш түрі бар: болашақтағы тапсырысқа хеджерлеу: жүкқұжат бойынша хеджерлеу; алыпсатарлық хеджерлеу.

Хеджерлеу есебі «қаржылық құралдар: мойындау және бағалау» 39 қаржылық есеп берудің халықаралық стандарттарымен реттеледі.

Осы құжатқа сәйкес бухгалтерлік есепті хеджірлеу олардың әділ бағасын өзгерту хеджерленетін баптың ақша қаражатының ағынын немесе әділ бағасын өзгертуді толығымен немесе жарым - жартылай өтелуі үшін осылайша хеджерлеудің бір немесе бірнеше құралдарын пайдалануын білдіреді.

Әділ баға, құн - тәуелсіз тараптардың мұндай операцияларды жасауға ниеттеген, хабарландырылғандар арасындағы актив ауыстырылатын немесе міндеттеме өтелетін сома.

Хеджерленетін бап - актив, міндеттеме, тұрақты міндеттеме немесе күтілетін болашақ мәміле, ол:

а) кәсіпорындағы әділ баға, құнды өзгерту немесе болашақтағы ақша ағынын өзгерту тәуекеліне әкеледі; немесе

б) хеджерлеуде есеп мақсаттары үшін хеджерлеуші ретінде белгіленген.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Валюталық нарық
Ұлттық және дүниежүзілік валюталық жүйе
Валюталық операциялар туралы
Валюталық нарықтар
Шетелдік валютамен жүргізілетін операциялардың салдары
Валюталық бағамдар өзгерісінің әсерінің есебі
Шетелдік және ұлттық валюталармен операциялар
Валюталық операциялар есебі жайлы
Валюталық операцияларды тіркеу
Валюталық жүйелер
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz