ХIX–XX ғ. басындағы тарбағатай өңірінің қазақтары (тарихи-этнографиялық зерттеу)
Кіріспе
Негізгі бөлім
Қорытынды
Негізгі бөлім
Қорытынды
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Еліміз тәуелсіздігін баянды етуге ұмтылған, ғаламдану белең алған заманда халқымыздың ғасырлар бойы қалыптасқан әдет-ғұрыптары мен салт-дәстүрлерін зерттеу арқылы ұлттық болмысты, менталитетті жете танып білудің көкейкестілігі артып отыр. Тоталитаризмнен кейінгі кезеңде отандық тарих пен төлтума мәдениеттің жете зерттелмей келген кейбір тұстарына жіті назар аударылып, соның ішінде қазақ мәдениетіндегі жалпы этникалық, аймақтық және жергілікті этнографиялық ерекшеліктерге арналған ізденістер жандана түсті.
Қазақ халқының тарихын, мәдениетін, тұрмыс-тіршілігін зерттеуде белгілі бір аймақта өмір сүретін қазақтардың этнографиялық болмыс-бітімін сипаттай отырып, ондағы ерекшеліктерін, басқалардан даралап тұрған айырмашылығы мен ұқсастығын айқындаудың ғылыми маңызы зор екендігі белгілі. Мұндай этнографиялық ерекшеліктерді жіктеп, саралау арқылы біртұтас қазақ мәдениетінің кешенді төлтума бейнесі хақында, сондай-ақ көрші жұрттар арасындағы тарихи-мәдени ықпалдастық, байланыс туралы мағлұматтар кеңейе түседі, әрі ондай байланыстар мен өзгерістерге түсудің тетігі, себеп-салдары туралы кеңірек танып білеміз. Сол арқылы төл мәдениетімізді дәріптеудің, дамытудың жолдарына жауап таба аламыз.
Еуразия даласының қомақты бөлігін алып жатқан қазақ халқының мәдениетінің біртұтастығы, бірегейлігі көптеген зерттеушілердің назарына ілікті. Жалпы халық мәдениетінің біркелкілігі оның ілкідегі мемлекеттілігінен бастау алып, ғасырлар бойы қоғамдық-әлеуметтік, саяси, технократтық өзгерістермен байланыста жүрілетіндігі белгілі.
Қазақ мәдениеті өзінің негізгі модельдік-типтік (үлгі-нұсқалық) қасиеттері жағынан біркелкі болғанымен, таралған тарихи-географиялық аймақтарында өзіндік ерекшеліктерімен де, әдет-ғұрыптарындағы кейбір азын-аулақ өзгешеліктерімен де аздап түрленетіні хақ. Кең сахарадағы қазақтар ХІХ ғасыр мен ХХ ғасырдың басындағы жағрафиялық орналасуы, жер жағдайы, қоршаған ортаға негізделген әлеуметтік-экономикалық, шаруашылық-тұрмыс жай-күйі, отарлау саясаты, жерге орналастыру, әкімшілік бөлініс, технократтық ықпал, көрші мемлекеттермен арадағы қатынас және т.б. толып жатқан факторларға байланысты өзіндік жергілікті этнографиялық дамуды бастан кешірді.
Тақырыпқа өзек болып отырған осындай жергілікті өзгешеліктерді түсіндіруде М.Г.Левин, К.В.Чистов, Н.Н.Чебоксаревтар ұсынған “шаруашылық мәдени тип” (осыдан былай - ШМТ) қағидасы көп мәселенің басын ашуға арқау болады. ШМТ дегеніміз белгiлi бiр табиғи-жағрафиялық жағдайдағы халықтың әлеуметтiк-экономикалық даму деңгейiне сәйкес қалыптасқан шаруашылық пен мәдениеттегi

1 Левин М.Г., Чебоксарев Н.Н. Хозяйственно-культурные типы и историко-этнографическое области. // - СЭ. -1955. -№ 4. - С. 3-18.
2 Андрианов Б.В., Чебоксарев Н.Н. Хозяйственно-культурные типы и проблема их картографирования // - СЭ. - 1972. -№ 2. - С.3-17.
3 Потанин Г.Н. Очерки Северо-Западной Монголии. - СПб., 1881. - Вып.2. - 181 с.
4 Обычай казахов Семипалатинской области // Русский вестник, 1878. - № 9. - С. 23-46.
5 Дужан К. Свадебные обряды у киргизов Кокбектинского округа // Северная пчела, 1855. - № 92. - С.16-18.
6 Грумм-Гржимайло Г.Е. Западная Монголия и Урянхайский край. - Л., 1926. - Т. 3. - 895 с.
7 Аргынбаев Х.А. Историко-культурные связи русского и казахского народов и их влияние на материальную культуру казахов в середине ХІХ и нач. ХХ веков (По материалам Восточного Казахстана) // Труды ИИАЭ. - Алматы, 1959. - Т. 6. - С.19-90.
8 Төлеубаев А.Т. Реликты доисламских верований в семейной обрядности казахов (ХІХ- нач. ХХ в.). - Алма-Ата: Ғылым, 1991. -213 с.
9 Аджигали С.Е. Основные особенности погребально-поминальной обрядности казахов Жетысу // Жетісу тарихы мен мәдениеті. ІІ-кітап. - Талдықорған, 1992. - 94-109-бб.
10 Аристов Н.А. Заметки об этническом составе тюркских племен и народностей и сведения об их чиленности. - СПб., 1897. - 486 с.
11 Казахско-русское отношения в XVІ-XVІІІ веках. - Алма-Ата: Наука, 1961. - 288 с.
12 Садықанұлы Бейсенғазы. Қаракерейдегі бес байыс елінің орысқа бодан болуы // Қазақ тарихы, 2005. - № 2. - 34 -36-бб.
13 Материалы по киргизскому землепользованию, собранные и разработанные экспедицией по исследованию степных областей / Под рук. Ф.Щербины. - СПб., 1905. - Т. 8. Зайсанский уезд. -521 с.
14 Материалы по киргизкому землепользованию, собранные и разработанные экспедицией по исследованию степных областей / Под рук. Ф.Щербины. - СПб., 1905. -Т. 9. Усть-Каменогорский уезд. -562 с.
15 Токарев С.А. Докапиталистические пережитки в Ойротии. - М.-Л.: ОГИЗ Соцэкгиз, 1936. - 155 с.
16 Кон Ф. Предварительный отчет по экспедиции в Урянхайскую землю // Известия Восточно-Сибирского отдела ИРГО. - 1903. - №1. - С. 56-64.
17 Арғынбав Х. Қазақ халқының қолөнері. - Алматы: Өнер, 1987. - 128 б.
18 Захарова И.В., Ходжаева Р.Д. Казахская национальная одежда (ХІХ- начало ХХ вв. ). - Алма-Ата: Наука, 1964. -178 с.
19 Этнография питания народов зарубежной Азии. Опыт сравнительной типологии. - М.: Наука, 1981. - 256 с.
20 Белиловский К. Женщины инородцев Сибири (Медико-этнографический очерк). - СПб., 1894. - 121 с.

Автореферат диссертации
ХІХ–ХХ ғ. басындағы Тарбағатай өңірінің қазақтары (тарихи-этнографиялық
зерттеу)
ӘОЖ 39 (=512.122) (574.4)
Қолжазба құқығында
Егізбаева Меруерт Қарпыққызы
ХІХ–ХХ ғ. басындағы Тарбағатай өңірінің қазақтары
(тарихи-этнографиялық зерттеу)
07.00.07 – этнография, этнология және антропология
Тарих ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін
дайындалған диссертацияның
авторефераты
Қазақстан Республикасы
Алматы, 2007
Жұмыс әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің археология және
этнология кафедрасында орындалды.
Ғылыми жетекшісі: тарих ғылымдарының докторы,
профессор Төлеубаев Ә.Т.
Ресми оппоненттер: тарих ғылымдарының докторы,
профессор Артықбаев Ж.О.
тарих ғылымдарының кандидаты,
доцент Қартаева Т.Е.
Жетекші ұйым: ҚР Білім және ғылым министрлігі
Р.Б.Сүлейменов атындағы Шығыстану
институты
Диссертация 2007 жылы “_____” ____________________ сағат _________
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің
Ш.Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының тарих ғылымдарының
докторы (кандидаты) ғылыми дәрежесін беру жөніндегі ОД 53.33.01
Диссертациялық кеңес мәжілісінде қорғалады (050010, Алматы қаласы,
Құрманғазы көшесі, 29).
Диссертациямен Ш.Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының
қолжазбалар қорында танысуға болады.
Автореферат 2007 жылы “____” _______________ таратылды.
Диссертациялық кеңестің
ғылыми хатшысы, тарих
ғылымдарының кандидаты Қ. С. Алдажұманов
КІРІСПЕ
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Еліміз тәуелсіздігін баянды етуге ұмтылған,
ғаламдану белең алған заманда халқымыздың ғасырлар бойы қалыптасқан әдет-
ғұрыптары мен салт-дәстүрлерін зерттеу арқылы ұлттық болмысты, менталитетті
жете танып білудің көкейкестілігі артып отыр. Тоталитаризмнен кейінгі
кезеңде отандық тарих пен төлтума мәдениеттің жете зерттелмей келген кейбір
тұстарына жіті назар аударылып, соның ішінде қазақ мәдениетіндегі жалпы
этникалық, аймақтық және жергілікті этнографиялық ерекшеліктерге арналған
ізденістер жандана түсті.
Қазақ халқының тарихын, мәдениетін, тұрмыс-тіршілігін зерттеуде белгілі бір
аймақта өмір сүретін қазақтардың этнографиялық болмыс-бітімін сипаттай
отырып, ондағы ерекшеліктерін, басқалардан даралап тұрған айырмашылығы мен
ұқсастығын айқындаудың ғылыми маңызы зор екендігі белгілі. Мұндай
этнографиялық ерекшеліктерді жіктеп, саралау арқылы біртұтас қазақ
мәдениетінің кешенді төлтума бейнесі хақында, сондай-ақ көрші жұрттар
арасындағы тарихи-мәдени ықпалдастық, байланыс туралы мағлұматтар кеңейе
түседі, әрі ондай байланыстар мен өзгерістерге түсудің тетігі, себеп-
салдары туралы кеңірек танып білеміз. Сол арқылы төл мәдениетімізді
дәріптеудің, дамытудың жолдарына жауап таба аламыз.
Еуразия даласының қомақты бөлігін алып жатқан қазақ халқының мәдениетінің
біртұтастығы, бірегейлігі көптеген зерттеушілердің назарына ілікті. Жалпы
халық мәдениетінің біркелкілігі оның ілкідегі мемлекеттілігінен бастау
алып, ғасырлар бойы қоғамдық-әлеуметтік, саяси, технократтық өзгерістермен
байланыста жүрілетіндігі белгілі.
Қазақ мәдениеті өзінің негізгі модельдік-типтік (үлгі-нұсқалық) қасиеттері
жағынан біркелкі болғанымен, таралған тарихи-географиялық аймақтарында
өзіндік ерекшеліктерімен де, әдет-ғұрыптарындағы кейбір азын-аулақ
өзгешеліктерімен де аздап түрленетіні хақ. Кең сахарадағы қазақтар ХІХ
ғасыр мен ХХ ғасырдың басындағы жағрафиялық орналасуы, жер жағдайы,
қоршаған ортаға негізделген әлеуметтік-экономикалық, шаруашылық-тұрмыс жай-
күйі, отарлау саясаты, жерге орналастыру, әкімшілік бөлініс, технократтық
ықпал, көрші мемлекеттермен арадағы қатынас және т.б. толып жатқан
факторларға байланысты өзіндік жергілікті этнографиялық дамуды бастан
кешірді.
Тақырыпқа өзек болып отырған осындай жергілікті өзгешеліктерді түсіндіруде
М.Г.Левин, К.В.Чистов, Н.Н.Чебоксаревтар ұсынған “шаруашылық мәдени тип”
(осыдан былай - ШМТ) қағидасы көп мәселенің басын ашуға арқау болады. ШМТ
дегеніміз белгiлi бiр табиғи-жағрафиялық жағдайдағы халықтың әлеуметтiк-
экономикалық даму деңгейiне сәйкес қалыптасқан шаруашылық пен мәдениеттегi
ерекшелiктердiң табиғи-тарихи жүйесi [1, 4 б.]. Шаруашылық мәдени типтiң
қайсысы болсын табиғи ортамен болатын қоян-қолтық байланыс барысында
бiртектi этникалық нышандарды бойына жинайды. Осыдан келіп этникалық бітім
айқындалып, сан-салалы мәдени айғақтар саралана бастайды. Осы орайда, оның
екi жақтылығы, яғни табиғат пен адам тарихтарының бiр-бiрiмен өте тығыз
сабақтастығы және өзара себеп-салдарлық байланысы маңызды орын алады.
Этникалық дәстүрдегi шаруашылық болмысы материалдық және рухани мәдениеттiң
оңтайлы сұлбасын жасайды. Осындай факторлар мен оның даму бағдарына
байланысты оның тарихи-этнографиялық аймағы дараланады [2, 17 б.]. Бұған
әрине, қоғамдық саяси даму тенденциялары да үлкен әсер ететіндігі белгілі.
Тарихи-этнологиялық ізденістердің белгілі бір аймақтық, өлкелік аумақтағы
зерттеулер аясында жүрілуі салыстырмалы-салғастырмалы материалдардың
базасын толықтыра отырып, ғылыми теориялық, әдістемелік пайымдар жасау
тұрғысында ғылым үшін аса үлкен маңызға ие екендігіне күмән тумаса керек.
Патшалық отарлау мен коммунистік жүйеде өмір сүрген кезінде қазақ этносының
этникалық, биологиялық, рухани күш-қуатының қоры бола білген түрлі
этнографиялық аймақтар қазақ халқының тарихи-мәдени-биологиялық қоры,
қорғаныс ошағына айналды. Осындай ірі локальдық қазақы Торғай, Қарқаралы,
Шұбартау-Абай, Созақ, Маңғыстау, Атырау, Шалқар, Ырғыз, Жымпиты, Кеген-
Нарынқол сияқты және т.б. толып жатқан аймақтар қатарында Тарбағатай өңірі
де орын алады. Бұл аймақтар туралы арнайы тарихи-этнографиялық зерттеулер
ішінара болса да бірлі-жарым жүргізілді.
Сондай бір арнайы зерттеуді талап ететін этнографиялық локальдық аймақ
Тарбағатай қазақтары туралы арнайы тарихи-этнографиялық зерттеу жоқтың
қасы. Қытай және Ресеймен шекаралас орналасқан олардың тұрмысында, салт-
дәстүрлерінде, әдет-ғұрыптары, дәстүрлі шаруашылығы, кәсібі, мінез-құлқында
өзіндік ерекшелігі бар. Себебі, Тарбағатайдың теріскей бетінде ұзақ жылдар
томаға тұйықтау қалған, орыс мәдениетінің әсеріне аз ұшыраған қазақ
халқының бұл тобында этнографиялық дәстүрдің табиғи қалпы мейілінше
сақталды. 1955 жылдардан 1963 жылдарға дейін Қытайдан елге оралған
қазақтардың дені осы өлкеге көптеп қоныстануы аталмыш өлкеде белгілі бір
этнографиялық ерекше келбеттің қалыптасуына әсер еткені белгілі. Сондықтан,
қазақ тарихы, мәдениеті үшін маңызы зор зерттеу нысаны ретінде
Тарбағатайдың теріскей бетін мекендейтін қазақтардың ХІХ ғасырдан бастап ХХ
ғасырдың бастапқы кезіне дейінгі тарихи этнографиясын кешенді түрде зерттеу
алынды.
Тақырыптың зерттелу деңгейі. ХІХ-ХХ ғ. басында отарлаушы Патша өкіметіне
әкімшілік аумақтық жағынан басқару үшін жергілікті халықтың тарихын, тұрмыс-
салты, әдет-ғұрпы мен мінез-құлқын жете, кешенді танып білу қажеттілігі
туындады. Осы саясатты жүзеге асыру үшін қазақ даласына аттанған
саяхатшылар мен зерттеушілердің, ел арасынан әр түрлі жолдармен мәліметтер
жинаған патша шенеуніктерінің жазба деректері қарастырылып отырған
тақырыпқа қажетті жан-жақты мағлұматтар береді. Әсіресе, И.Г.Андреев,
И.Сиверс, С.Б.Броневский, Н.Д.Абрамовтың мақалаларында Тарбағатай
қазақтарының рулық құрамы, орналасуы, шаруашылығы туралы нақты мәліметтер
бар. Қазіргі күнде із-түссіз жойылып кеткен архив деректері мен ел арасынан
тікелей жинаған мағлұматтар негізінде жазылған А.И.Левшиннің 1882 жылы
жарық көрген белгілі монографиялық еңбегінің маңызы ерекше.
Белгілі саяхатшы Г.Н.Потаниннің “Очерки Северо-Западной Монголии” [3]
еңбегі мен бірқатар мақалаларындағы Тарбағатайдағы қазақ рулары, олардың
мал шаруашылығы, қолөнері, аңшылығы, әдет-ғұрып, салт-дәстүрі турасындағы
мәліметтері өте құнды. Ал, заттық және рухани мәдениеті туралы мәліметтер
белгілі түрколог В.В.Радловтың, атақты Ш.Ш.Уәлихановтың еңбектерінде
кездеседі.
Орыс мерзімді басылымдары мен әдеби, әскери журналдарда тақырыпқа қатысты
жарық көрген жарияланымдар баршылық. Солардың бірі – “П.” деген лақап атпен
жариялаған автордың “Обычаи киргизов Семипалатинской области” [4] және
К.Дужанның “Свадебные обряды у киргизов Кокбектинского округа” [5] деп
аталатын көлемді мақалаларында осы өңір қазақтарының әдет-ғұрыптары жөнінде
құнды деректер молынан келтірілген.
Орыс Географиялық Қоғамының жазбаларында жарияланған мақалалар ішінде
Тарбағатай өңірі қазақтарына байланысты мақалалар біршама: Г.Катанаевтың,
Н.Я.Коншиннің мақалаларында әлеуметтік-тұрмыстық жағдайы, салттарына
кеңірек тоқталады. Ал, тұрмыс-салты мен мінез-құлқы және Тарбағатайдағы
рулардың орналасуы туралы құнды мәліметтер Г.Е.Грумм-Гржимайлоның “Западная
Монголия и Урянхайский край” [6] атты үш томдық еңбегінде кеңінен
баяндалады.
Қазақ тарихы мен мәдениеті туралы қалам тербеген Ш.Құдайбердіұлы мен
М.Тынышпаев, М.Ж.Көпеев еңбектерінде осы өңір руларының орналасуы, санына
байланысты мәліметтер бар. Алайда бұл мәліметтер мұқият қарастыруды қажет
етеді.
Сондай-ақ, Н.А.Трофимук, С.И.Руденко және Ә.Х.Марғұланның Шығыс Қазақстан
қазақтарының тамағы, салт-дәстүрі, киімі, ру-тайпалық құрылымы, орналасуы
туралы кең көлемде жан-жақты мәселелерді қамтыған этнографиялық зерттеулері
1930 жылы “Казаки” жинағында жарық көрді. Мұндай этнографиялық
экспедицияларды Д.Рахметов пен М.Ураловтар 1946-1948 жж. аралығында Семей
және Шығыс Қазақстан облыстарында жүргізді. Орыстармен қарым-қатынас
нәтижесінде пайда болған шығыс қазақтарының дәстүрлі заттық мәдениетіндегі
кейбір өзгерістер туралы Х.А.Арғынбаев жазды [7]. Бұл өңірде мекендейтін ру-
тайпалардың құрылымы мен олардың әр кезеңдегі мекені, қонысы, бөлісі туралы
деректер М.С.Мұқановтың “Этнический состав и расселение казахов Среднего
жуза” (Алматы, 1974) еңбегінде кеңірек айтылады. Кейін Х.А.Арғынбаев,
М.С.Мұқанов, В.В.Востров біріккен авторлығымен жарық көрген “Қазақ шежіресі
хақында” еңбекте ішінеара толықтырулар қамтылған.
“Хозяйство казахов на рубеже ХІХ-ХХ веков” деген ұжымдық зерттеуде осы
аймаққа байланысты қысқа болса да, құнды мәліметтер бар.
Басқа өңір қазақтары туралы ғылыми еңбектер зерттеу нысанына тікелей қатысы
болмаса да, салыстыру шендестіру үшін маңызы бар. Әсіресе, көршілес Таулы
Алтайдағы Қосағаш ауданын мекендеген қазақтар туралы А.В.Коноваловтың
“Казахи Южного Алтая” зерттеуінде дәстүрлі әдет-ғұрыптар мен материалдық
мәдениеті туралы тоқталған. Белгілі ғалым У.Х.Шәлекеновтың “Казахи низовьев
Амударьи” еңбегі салыстырмалы түрде қарастыруда маңызы ерекше.
Дәстүрлі отбасылық әдет-ғұрыптар мен наным-сенімдер мәселесіне байланысты
Ә.Т.Төлеубаев еңбегінің маңызы зор [8]. С.Е.Әжіғалидың “Генезис
традиционной погребально-культовой архитектуры Западного Казахстана”,
“Архитектура кочевников-феномен истории и культуры Евразии (памятники Арало-
Каспийского региона)” атты монографияларында қазақтардың мемориалдық-
ғұрыптық ескерткіштері мәселесіне жете тоқталады. Әсіресе, “Основные
особенности погребально-поминальной обрядности казахов Жетысу” [9]
жарияланымындағы тұжырымдарының этнографиялық зерттеу үшін маңызы зор.
Белгілі ғалым-антрополог О.С.Смағұлұлы және К.Бекетайқызы, А.Оразаққызының
“Алтай қазақтары” еңбегінде этникалық антропологияның талабына орай
қазақтарды алғаш рет өңірлік тұрғыдан кешенді зерттеулер арқылы алынған
соматологиялық, одонтологиялық анықтамалардың ғылыми талдаулары ұсынылды.
Қазақ халқының дәстүрлі мәдениетін көшпелі этноэкологиялық жүйедегі,
күрделі социум құрылымындағы үйлесімді форма ретінде қарастырған Нұрсан
Әлімбайдың “Традиционная культура жизнеобеспечения казахов. Очерки истории
и теории” атты кітаптағы тиісті тарауларын және оның басқа да ғылыми
теориялық зерттеулерін ерекше атаған абзал. Дәстүрлі қазақ қоғамын, оның
этноәлеуметтік ерекшеліктерін және қазақ этнографиясын зерттеуде
Ж.О.Артықбаевтың “Казахское общество в ХІХ в.: традиции и инновации”,
“Қазақ этнографиясы: этнос және қоғам. ХVІІІ ғ.” атты еңбектерінің орны
бөлек. Аталмыш авторлардың ғылыми тұжырымдары да біздің зерттеуімізге
ғылыми-теориялық арқау болды.
Г.С.Нұрғалымованың “Шығыс Қазақстанның көне тарихы мен мәдениеті” деген
еңбегінде осы өңірді мекен еткен тайпалар туралы мәліметтер келтіріліп,
шығыс өңіріне түрлі мақсатпен келген елшіліктер мен экспедициялар деректері
сараланады. Сонымен қатар, елді-мекен, жер-су атауларының тарихы да аталмыш
еңбекте кеңінен баяндалады.
Жоғарыда айтып өткеніміздей локальдық қазақ этнографиялық топтары жайындағы
1990-жж. жанданған зерттеулер қатарындағы Атырау, Маңғыстау, Орынбор,
Өзбекстан, Торғай, Омбы, Жетісу қазақтары туралы зерттеген Ү.Қыдыралин,
Ө.Озғанбаев, Д.Ескекбаев, А.Б.Қалыш, Б.Қалшабаева, С.Кенжеахметұлы,
Ш.Ахметова, Н.Байғабатовалардың еңбектеріндегі соны пайымдаулар мен бұрын-
соңды қазақ этнографиясында беймәлім немесе көмескі болып келген тың
мәлімет, құнды деректердің тақырыпқа жанама түрде қатыстылығы бар.
Дегенмен, Тарбағатай қазақтарымен тарихи-мәдени, туыстық байланыста болған
Моңғолиядағы, Қытайдағы қазақтар туралы соңғы кезде жарияланған
Б.Кәмалашұлы, З.Қинаятұлы, Қ.Мұхамадиұлы, Д.Қатран, Н.Мұқаметқанұлы,
Ж.Сәмитұлы, Б.Бопайұлы, С.Зейнолла және т.б. авторлардың тарихи,
этнографиялық тақырыптағы еңбектеріндегі мәліметтерде тақырыпқа қатысты
қырлары мен мәліметтер, кейбір сирек кездесетін әдет-ғұрыптардың
параллельдері мен салыстырмалылық үшін мәні үлкен.
Қазақ этнографиясының жекеленген тақырыптар саласындағы еңбектерден де
зерттеуімізге қатысты қырларын көре аламыз. А.У.Тоқтабаевтың төрт түлікке
қатысты, бала тәрбиесі, әлеуметтену турасындағы С.П.Кульсариеваның,
қолөнердің түрлі салаларына байланысты Ш.Ж.Тоқтабаева, Р.Бекназаровтардың
еңбектерінің зерттеуімізге қатысты тұстары баршылық.
Зерттеудің деректік негізі. Диссертациялық жұмыстың деректік негізінің
денін түздік этнографиялық экспедиция материалдары құрады. 2002, 2003, 2004
жж. Шығыс Қазақстан облысының Тарбағатай, Аягөз, Зайсан аудандарынан ел
арасынан жинақталған этнографиялық мәлімет, дерек, мағлұматтармен қоса
Шығыс Қазақстан облыстық этнографиялық музейі, Семей қалалық өлкетану
музейі, Тарбағатай аудандық өлкетану музейіндегі жәдігерлер негізге алынып,
еңбекке қамтылуымен тақырыптың мәнін аша түсті.
Дереккөздердің бір бөлігі – мұрағат деректері Қазақстан Республикасы
Орталық Мемлекеттік мұрағатында, Семей, Өскемен облыстық мұрағаты және
Ресейдің Омбы мемлекеттік мұрағаты қорларында сақталған. Олардың ішіндегі
бастылары ҚР ОММ-дың бірнеше қорларында: 8-қор “Управление государственными
имуществами в Акмолинской и Семиреченской областях”, 15 қордағы-
“Семипалатинское правление Министерства внутренних дел (1854-1919 гг.)”; 19
қор - “Заведующий переселенческим делом в Семипалатинском районе главного
управления землеустройства и земледелия г. Верного Семиреченской области”;
64 қор - “Канцелярия Степного генерал-губернатора г. Омск”; сондай-ақ 338,
345, 369, 437 Омбы, Ақмола облыстық Ішкі істер басқармасының, Сібір
қазақтары басқармасы, шекаралық басқарма, бекет-станицалар басқармасының іс-
қызметіне қатысты мұрағат жазбалары зерттеуімізге деректік арқау болды.
1897 ж. жүргізілген санақ нәтижелерінің Семей облысына қатысты тұстары мен
Ф.Щербина жетекшілігімен жинақталған 13 томдық “Материалы по киргизскому
землепользованию” экспедициялық жинағындағы Зайсан және Өскемен уездеріне
қатысты 8 және 9 томдарындағы және дәл сондай жолмен 1913 ж. жүрілген іс-
науқанның нәтижелері қамтылған 2, 3 томдардағы мәліметтердің деректік мәні
үлкен. Оларда өңірдің табиғи-географиялық, жер жағдайы мен шаруашылығына,
жерді пайдалануына, орналасуына байланысты деректер көптеп кездеседі.
Зерттеудің мақсаты мен негізгі міндеттері. Тақырыптың негізгі мақсаты
-Тарбағатайдың теріскей беті қазақтарының тарихи-этнографиясын,
жалпықазақтық этнографиялық болмысымен шендестіре, сабақтастыра зерттеу,
сондай-ақ, осы аймақ қазақтарының тұрмыс-салтындағы өзгерістер мен
ерекшеліктерді зерделеу. Ғасырлар бойы Қытаймен, Ресеймен, Моңғолиямен
көршілес өмір сүрген өңір қазақтары мен көршілес халықтармен арадағы
шаруашылық, рухани және материалдық мәдениеттер саласындағы ықпалдастық
байланыстарды, бір-біріне тигізген әсерін сараптау да зерттеу мақсатының
бірі. Осыған орай зерттеу жұмысының алдына мынадай нақтылы міндеттер
қойылды:
- Қазақ руларының аталмыш өлкеге орналасуының тарихи алғышарттары мен
жағдайы, оның мерзімін анықтау;
- Тарбағатай өңірі қазақтарының ХІХ-ХХ ғасырдың басындағы орналасуын, рулық
құрамын, санын, қыстау-жайлау аумақтарын анықтау;
- Өңірді жайлаған қазақтардың орналасуына, олардың бұрыннан қалыптасқан
тарихи-туыстық-әлеуметтік-экономика лық қатынастарына патша өкіметінің
әкімшілік реформаларының әсерін анықтау;
- Тарбағатай өңірі қазақтарының мал шаруашылығы, егіншілігі, қосалқы
кәсіптері, сауда-экономикалық қатынастарының тарихын сипаттап жазу;
- Қарастырып отырған өңір қазақтарының материалдық мәдениеті, салт-санасы,
дәстүрлеріндегі жалпы қазақи үрдістер мен жергілікті өзгешеліктерді
сараптау.
Диссертациялық зерттеудің ғылыми жаңалығы. Диссертация үлкен локальдық
қазақы аймаққа жататын Тарбағатай қазақтарын жан-жақты, терең де ауқымды,
әрi жүйелi зерделеген арнайы тұңғыш зерттеу болғандықтан тың ғылыми еңбек
болып табылады. Зерттеудiң деректiк негiзiн құрайтын бұрын ескерусiз қалып
келген мұрағаттық, музейлік мәлiметтер мен бүгiнге дейiн қордаланған
баспасөз, тiлдiк, фольклорлық, эмпирикалық ауызша мәліметтер мейлiнше толық
қамтылып, арнайы зерттеу деңгейiнде алғаш рет жүйелi түрде сараланып отыр.
Демек, диссертацияның нәтижелерi – Тарбағатай қазақтарының ру-тайпалық
құрылымы, заттық, шаруашылық мәдениеті, отбасылық әдет-ғұрыптары сияқты
iргелi мәселелер жөнiндегi бiрыңғай жүйеленген тың эмпирикалық пайымдаулар,
жаңа теориялық байламдар мен ой-тұжырымдар зерттеудiң сонылығының мәндi
айғақтары болып табылады.
Қорғауға ұсынылатын негізгі ғылыми тұжырымдар:
- Қазақ тайпа-рулары өздерінің байырғы мекені Алтай мен Тарбағатай,
Жетісуға 1752-1763 жж. келіп қоныстанып, орналасу үрдісі XVIII ғ. соңына
дейін жалғасты. ХІХ ғ. бас кезінде шаруашылық негізі болған төрт түліктің
қамы, өріс-қоныс, жайылым үшін Тарбағатайдың күнгей жағына да қоныстанды.
- ХVІІІ ғ. екінші жартысының соңына ала Тарбағатай өңіріне найман
тайпасының қаракерей, матай, дөртуыл руларының аталары, он екі ата абақ-
керей рулары, азын-аулақ арғын мен уақтар келіп орналасты. Сол сияқты
бұлардың арасынан Ұлы жүзге кіретін аздаған шанышқылар мен Кіші жүз-алшын
мен тамалар да ұшырасты.
- ХІХ ғ. екінші жартысынан басталған реформалар салдарынан ру-тайпалардың
дәстүрлі орналасу, қоныстану жүйесі, көші-қон жолдары бұзылды. Өздерінің
бұрынғы жерлерін қазақтар енді жалға алатын болды, малынан айырылып
кедейленгендер егін егіп, жатаққа айналды. Ресми статистикада көрініс
таппаған ел ішіндегі қысқа мерзімдік маусымдық (қыстау-жайлау, мал
отарлату, жылқы қыстату т.б.) миграциялар бой көрсетті, атап айтсақ жұт
жылдары қазақтар Қытай жеріне де өтті, ол үшін көп салық төледі.
- Заттық мәдениет, оның ішінде баспана, киім-кешек, тағамы және адам өмірін
қамтыған маңызды салт-дәстүрлер, яғни тіршілік цикліне қатысты отбасылық
әдет-ғұрыптары толық сипаттамасын алды. Сондай-ақ, Тарбағатай қазақтарының
отбасылық дәстүрлеріне байланысты этноаймақтық ерекшеліктері анықталды.
- Тарбағатай өңірінің табиғи-экологиялық ортасымен шаруашылық харекеттері
өзара тығыз байланысты болды. ХІХ-ХХ ғ. басында дәстүрлі шаруашылық мал
шаруашылығы және әртүрлі қосалқы кәсіптерден тұратын (балықшылық, аңшылық,
қолөнер т.б.) тұтас бір жүйені құрады. Алайда, жетекші сала болып көшпелі
мал шаруашылығы қала берді.
Жұмыстың теориялық және практикалық құндылығы, қолданыс салалары.
Диссертацияның материалдары мен қорытындыларын қазақ халқының
этнографиясына қатысты аймақтық атлас жасауда, этнографиялық еңбектер мен
өлкетану туралы еңбектер жазуға пайдалануға болады. Сонымен қатар, қазақ
халқының дәстүрлі мәдениеті тақырыбындағы арнаулы курстарға арқау бола
алады. Зерттеудің теориялық маңызы ұлттық этнографияны қазіргі заман
талаптарына сай, жоғары деңгейде дамыту қажеттілігімен айқындалады.
Зерттеудің хронологиялық-аймақтық шеңбері. Диссертациялық зерттеу ХІХ ғасыр
және ХХ ғасырдың бас кезеңін қамтиды.Тарбағатайдың күнгей жағы Қытай жері
болғандықтан, еңбекте негізінен Тарбағатайдың қазақстандық аймағы, яғни
теріскей беті қарастырылды. Аталмыш аймақтың аумағына қазіргі Шығыс
Қазақстан облысының Тарбағатай, Ақсуат, Ақжар, Аягөз, Зайсан, Көкпекті
өңірлері жатады. Тарбағатай өңіріне ХІХ ғасыр және ХХ ғасырдың басында
Зайсан және Өскемен уездерінің территориясы қарасты болды. Сондықтан да,
диссертацияда негізгі қарастырылған аймақ осы екі уездің территориясы.
Диссертацияның зерттеу нысаны – ХІХ ғасырдағы және ХХ ғасырдың басындағы
Тарбағатай өңірінің қазақтары.
Диссертацияның пәні – Тарбағатай өңірі қазақтарының тарихи-этнографиясы.
Диссертацияның методологиялық негізі мен зерттеу әдістері. Тақырыпты жаңа
көзқарас тұрғысынан саралауда қазiргi кезеңде қалыптасқан обьективтiк және
сыни талдау мен сыни зерделеу принциптерi басты ұстанымда болды.
Диссертацияның әдiстемелiк негiзi – тарихилық және жүйелiлiк болып
табылады. Сонымен бiрге, локальдық этнографиялық зерттеудегі бiрден-бiр
тиiмдi жолы ретiнде проблемалық-хронологиялық, салыстырмалы-тарихилық
тәсiлдер қолданылды. Әсiресе, салыстырмалы мәлiметтердi жүйелеу локальды
этнографиялық топ пен оған жапсарлас жатқан басқа ру-тайпалар мен этникалық
байланыста болған өгей жұрт өкілдері арасындағы байланыс пен оның әсері,
салдарынан туындайтын нәтижелерді анықтауға негiз болды.
Сондай-ақ, Кеңес этнологиясы мектебінің ірі теоретиктері Ю.В.Бромлей,
Э.С.Маркарян, С.М.Абрамзон, С.А.Токарев, С.А.Арутюнов, М.Г.Левин,
К.В.Чистов, Н.Н.Чебоксарев, В.И.Козлов, М.В.Крюков және отандық этнографтар
Х.А.Арғынбаев, М.С.Мұқанов, У.Х.Шәлекенов, Ә.Т.Төлеубаев, Ж.О.Артықбаев,
С.Е.Әжiғали, Н.Әлiмбай қатарлы ғалымдардың еңбектерiндегi дәстүрлi мәдениет
саласындағы этностық теориясы, мәдени-шаруашылық-нысан, этникалық үрдістер,
этнографиялық топтар жөніндегі теориялық қағидалары мен тұжырымдары
диссертацияның әдiстемелiк арқауын айқындауға негiз болды.
Ж.О.Артықбаев, С.Е.Әжiғали сынды ғалымдар қолынан бұрын-соңды шыққан
бағдарлама – сұрақнама әдістемелік құралдары тақырыпқа қатысты эмпирикалық,
экспедициялық материалдар жинақтауға арқау етілді.
Зерттеу жұмысының сыннан өтуі және мақұлдануы. Диссертациялық зерттеу
жұмысының негізгі тұжырымдамалары төрт халықаралық ғылыми-практикалық
конференцияларда баяндалды. Зерттеу тақырыбының мазмұнына сәйкес төрт
ғылыми мақала жоғары аттестациялық комитеттің тізіміне енген журналдарда
жарық көріп, сыннан өткен. Диссертациялық ізденіс әл-Фараби атындағы Қазақ
ұлттық университетінің археология және этнология кафедрасында орындалып,
осы кафедрада және Ш.Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының
Этнология және антропология бөлімінде талқылаудан өтіп, қорғауға ұсынылды.
Диссертацияның құрылымы. Зерттеу жұмысы кіріспеден, үш бөлімнен,
қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен және қосымшадан тұрады.
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
Кіріспеде зерттеу тақырыбының өзектілігі негізделіп, зерттелу деңгейі,
деректік негіздері және ғылыми жаңалықтары, мәселенің теориялық-
методологиялық негіздері, мерзімдік шегі мен қорғауға ұсынылатын
тұжырымдары айқындалған.
“ХІХ-ХХ ғасырдың басындағы Тарбағатай өңіріндегі қазақ руларының орналасуы”
аталатын бөлімде өңірге қазақ руларының орналасуы, патшалық Ресейдің
отарлау саясаты мен жүргізген реформаларының олардың тарихи тағдырына әсері
туралы қарастырылады.
Тарбағатай өңірі үлкен аумақты қамтиды. Ол бүгінгі Шығыс Қазақстан
облысының Аякөз, Тарбағатай, Көкпекті және Зайсан аудандары орналасқан
жерлер. Бұл өңірде орта жүз рулары, негізінен найман тайпасы қоныстанған.
Бұл аумақ ХІІІ ғ. бас кездеріне дейін, ХІ-ХІІІ ғғ. арасында кіндік Азияда
дербес мемлекет ретінде өмір сүрген Найман саяси-этникалық бірлестігіне
қарады. Н.Аристовтың айтуынша наймандар ІХ ғ. Орхоннан Ертіске дейінгі
аралықты алып жатты [10, 83 б.]. Тарихи зерттеулер Таян ханның тұсында
наймандар Орхон өзенінен бастап Ертіс, Алтай сілемдері, тіптен Қалба,
Шыңғыс тауларына дейінгі аралықты мекендегендігін көрсетеді.
ХІІІ ғ. бастап Шыңғысхан шапқыншылығы кезеңінде найман, керей, жалайыр,
қоңырат, меркіт және т.б. тайпалардың бір бөлігі өздерінің ата қоныстары
Моңғол үстірті мен Алтайды тастап, бүгінгі Қазақстанның жеріне қарай қоныс
аударды. Кейін тарих сахнасынан көтерілген Жоңғар мемлекеті бүгінгі
Қазақстан жерінің үлкен бөлігін, шығыс, оңтүстік-шығыс, солтүстік-шығыс
аудандарын түгелдей және орталық аумақтың кейбір бөліктерін иелігіне алды.
Мәселен, ХVІІІ ғ. будда ғұламасы Зая Пандита өмірінен хабар беретін “Зая
Пандита (Материалы к биографии)” атты монастырьлік құжаттарға негізделіп
жазылған ғұмырнамалық еңбегі (Элиста, 1999) сол кездегі қазақ және батыс
моңғол тайпаларының көші-қондарын тарихи-географиялық тұрғыдан анықтауда
маңызы зор. Ғұламаның Жоңғар иеліктері бойынша болған жерлерінің арасында
оның 1639 ж. Өмирту тайжының Тарбағатай ауданындағы Қарғыбаны, ал 1643 ж.
Қарқаралыдағы Қазылықты қыстап шыққаны туралы жазады. Бұл деректерді
пайдаланып белгілі ғалым Ж. Артықбаев, оның Алтай, Тарбағатай, Жетісудан
бастап сонау Еділге дейінгі аралықтағы қозғалысын нақтылап көрсеткен
(Алматы, 2003.).
Отыз жылдан астам уақытқа созылған жоңғар-қазақ соғысы ХVІІІ ғ. 40-жж.,
анығы 1745 ж. Қалдан-Серен қонтайжы қайтыс болғаннан кейін, шешуші кезеңге
қарай аяқ басқан кезде босаған жерлерге қазақ руларының жылжып қоныстануы
басталады. Ең бірінші Сарыарқаны жайлап жүрген наймандар, олармен бірге
керей, уақ және т.б. рулардың оңтүстік-шығысқа қарай қозғалғанын байқауға
болады. Мысалы, найманның үлкен руының бірі - буралар ХVІІІ ғ. 40-шы
жылдарында Елек бойын жайлап жүрген. 1742 жылы маусым айында
қарақалпақтарға бағыт түзеген ағылшын көпесі Гок Орынбор маңындағы Елек
өзенінің бойында отырған Бура Қонақай батырдың ауылында болғандығын айтады
[11, 206–207 бб.]. Сол Қонақай батырдың зираты мен ұрпақтары Жарма
өңірінде. Бұл – найманның бура аталары аталған өңірге XVІІІ ғасырдың ІІ
жартысында келгендігін көрсетеді.
Белгілі ғалым М.Мұқановтың “найман және басқа рулардың Сарыарқадан кетуін,
олардан саны көп арғын тайпасының оларды ығыстыруы салдарынан болды”–деуі
қисынға келіңкіремейді. Экстенсивті мал шаруашылығымен айналысатын
көшпелілерге үлкен жайылымның қажеттігіне байланысты олар Ертіс бойы,
Алтай, Тарбағатай, Жетісудан мол өріс-қоныс алып қалуға күш салды. Бірақ,
жоңғарлардан қалған жерлерге тікелей құқығымыз бар деп есептеген қытайлар
ол жерлерден қазақтарды ығыстырған. Бірақ, соған қарамастан өздері
жоңғарлардан босатқан осы өлкелерге қазақтар ұмтылуларын тоқтатпады.
Сөйтіп, Тарбағатай теріскейіне қазақ руларының келіп орналаса бастауын
деректерге сүйене отырып 1758-1759 жылдар деп топшылаймыз. Дәлірек
айтқанда, найманның қаракерей тобына кіретін мұрын, байжігіт, қыржылар
Аякөзден Шілікті аңғарына дейінгі аралыққа орналасты. Төртуылдар Зайсан
ойпатының оңтүстігіне – Сауыр мен Алтайға орналасты. Ал, ақнаймандар
басында теріскей Тарбағатайдағы Қарғыба, Базар, Бөкен, Шегелек өзендерінің
бойын жайлап жүрді. Ақжар өңірінде Байжігіттен тарайтын алты Жұмық (оған
Болат, Сайболат, Қожан, Қараша, Саты, Тәуке жатады) пен бес Саты (оған
Бұрымбет, Есенгелді, Дәулетбай, Қайқы, Төлебай аталары жатады) ұрпақтары
тұрады. Қазақ руларының адам мен мал санының өсе түсуіне байланысты азды-
көпті жоңғарлар өңірден біржолата ығыстырылып шығарылғандығын ауызша
деректер қуаттайды.
Тарбағатай өңірін жайлаған қазақ рулары қазақ сахарасын жайлаған басқа
қандастары қатарлы Ресей бодандығына өту мәселесін міндеттілік емес деп
қараған олар орыс бекіністерінен алысқа жылжып, түкпірге кете берді. Бұл
жәйттер патшалық Ресей әрекетін қазақтардың өз тірлігі мен тағдыр-талайына
қарама-қайшы құбылыс ретінде қабылдап, оған селқос қарауының негізінде
отарлық саясатқа деген ішкі қарсылығы да еді - дейді мәлімет берушілер.
Расында да, қазақтардың бұлайша пайымдауының байыбына бармай, сенбестік
танытқан патша өкіметі қазақ рубасыларын әлсін-әлсін түртпектеп, бұрынғы
берген анттарына адалдықтары жөнінде қайталап ант беру мәселесін көтерді.
Сыртқы саясатында Қытайдан гөрі Ресейлік бағытты басым ұстанған хан Абылай
қайтыс болғаннан кейін, барлық орта жүз рулары да осы бағытты ұстанды деу
ақиқатқа жанаспайды. Тарбағатайды жайлаған рулардың тәуелсіздігін сақтау
үшін ХІХ ғ. бірінші жартысында бірде Ресеймен, бірде Қытаймен алысқан
Сыбанқұл төре Ханқожаұлының осы өңірдегі қозғалысы екі жаққа да бодан
болмай тәуелсіз өмір сүру саясатын аңсағандық еді. Дербестік үшін күрескен
оның руластары мұрынның көрнекті өкілдері тоқабай Қожакелді батыр, мырзас
Тәукебай Жәпекұлы орыс қолынан қаза тапты [12]. Абақ-керейлердің қытай
ықпалына көбірек өтіп, олардың Тарбағатай, Сауырдан да әрі арғы беттегі
Алтай жеріне тереңдей енсе, екінші бөлігі Зайсан, Кішкене тау, Маңырақ,
Кендірлік, Көкпекті елді мекендеріне келіп қоныстанды.
ХІХ ғ. басындағы қазақ қоғамындағы қалыптасқан саяси және әлеуметтік-
экономикалық жағдай Ресейдің қазақ елінің саяси тәуелсіздігін бүтіндей
жоюға батыл қадамдарға баруына мүмкіндіктер берді. 1822 жылы 22 шілдеде
қабылданған “Сібір қырғыздары туралы Жарғыда” Орта жүзде хандықты жою
белгіленді. Омбы облысы Омбы, Петропавл, Семей, Өскемен болып ішкі
округтерге және ерекше мәртебе бойынша құрылған сыртқы округтерге бөлінді.
Бұл кезеңде Тарбағатаймен жапсарлас жатқан Зайсан өңірі әлі толық Ресей
ықпалына өтпеген болатын. Алтай мен Сауырда жүрген керейлердің кейбір
бөліктерінің “бодансыз керей” деп аталулары да сол кезде пайда болған.
Ресейге қарсы бағытын ұстанған матай-қарауылжасықтар мен мұрындардың
билеушісі Данияр Ханқожиннің 1840 жылдың жазында тұтқындалуы мен Қытай
Бөкен шекара бекеті маңындағы орыс жағының батыл шаралары жоғарыда айтылған
рулардың Ресей бодандығына өтуіне бет бұрғызды. 1840 жылы 3 тамызда 800
түтін Ресей бодандығына өтеді. Сөйтіп, Қазақстан аумағындағы Орта жүздің
Ресейге қосылуы тұтас бір ғасырдан астам уақытқа созылып, ХІХ ғасырдың 60-
ж. аяқталғаны мәлім. Сондай-ақ, зерттеу барысында Тарбағатай өңірін
қоныстанған рулардың аталмыш өңір ежелден мекендеп келе жатқан ата қонысы
екендігіне көз жеткізуге болады.
Хандық биліктің жойылуы және 1822, 1838, 1854 жылдарда жүрілген реформалар
патша үкіметінің отарлау саясатынан туындап жатса да, қазақ қоғамында
өзгерістер әкеле бастады. 1868 ж. 21 қарашада “Орынбор және Сібір
ведомстволары (қырғыз далаларын) және Орал және Сібір казак әскерлерін
басқаруды қайта құру туралы заң” енгізілді. Ол бойынша Орал, Орынбор,
Ақмола және Семей сияқты төрт облыс құрылды. Тарбағатай қазақтары негізінен
Семей облысының құрамына енді. Басқарудың жалпыресейлік жүйесіне көшу 1891
ж. 25 наурызда күшіне енген “Ақмола, Семей, Жетісу, Орал және Торғай
облыстарын басқару туралы заң” арқылы жүзеге асты. Жоғарыда айтылғандай
Тарбағатайдың теріскей бетінің қазақтары Семей облысы, оның ішінде, әсіресе
Зайсан, Өскемен уездерінің территориясында орналасты.
Семей облысының оңтүстік шығыс бөлігінің ең шеті - Зайсан уезі болды.
Табиғаты, климаты жағынан уез өзінің әр келкілігімен ерекшеленеді. Оның
территориясында Оңтүстік-батыс Алтайдың таулы жоталары, таулар арасындағы
кең жазықтар мен далалар, көптеген су көздері орналасқан. Мұнда
Қазақстандағы ірі көлдердің бірі – Зайсан, Марқакөл және т.б. ұсақ көлдер
бар. Уез территориясымен Қара Ертіс, Ертіс көптеген тау өзендері (Қалжыр,
Алқабек, Кендерлік, Көкпекті, Қарғыба, Базар, Боғас және т.б.) ағады. Құлжа
келісімі бойынша, Қытайға берілген жерлерде көшпелі қазақ шаруашылықтарының
қомақты бөлігі қалды. Зайсан уезі 49751 шаршы шақырым ауданды қамтыған. Осы
территорияда уездің 17 болысы орналасты. Уездің аумағын найман рулары, атап
айтсақ, 17 болыстың 16-сы наймандарға тиесілі болды [13, 366-371 б.].
Олармен бірге Абақ Керейлер де қоныстанды. Олар шығысында Қытаймен,
солтүстігінде Қаражал-Жеменей өзенімен шектесетін. Қазақтардың кейбір
шаруашылық топтарының Қытай территориясында жазғы жайылымдары болды және
Ресейге де, Қытайға екі жақты бодан болды. Зайсан уезінің территориясында
найманның қаракерей руының ұрпақтары: Байжігіт, Ақнайман, Қожамбет, сонымен
бірге Төртуыл ұрпақтары: Тоқан және Тоғыз рулары орналасты. Территорияның
қалған бөлігінің көбін Қаракерей рулары: байжігіт, ақ-найман, қожамбет және
мұрын болыстары алып жатты. Зайсан уезінің үлкен бөлігін мекендеген
Байжігіт руы батыстан Аягөз өзенінен шығысқа, Төртуыл (Қара Ертіс) мен
Керей (Сауыр жоталары) руларының иеліктеріне дейінгі және солтүстіктен
Көкпекті жерінен оңтүстікке Тарбағатай жоталарына дейінгі үлкен аумақта
қоныстанды. Уездің батыс бөлігін Зайсан наймандарының Мұрын бөлігі алып
жатты (өз аттарын аналары Мұрынның атынан алған).
Уездің үлкен бөлігі қыстаулар жері болды және олар уездің шет жақтарына
орналасты. Қыстау жерлері тау алқаптары (Тарбағатай, Сауыр, Маңырақ, Алтай)
және өзен бойларындағы (Қара Ертіс, Қалжыр, Қарғыба сияқты т.б. өзендер)
малды қатты аяздан қорғайтын қамыстар болды. Күздік жайылымдар негізінен
уездің орталық және солтүстік бөліктерінде орналасты [13, 366-371 бб.].
Егер жайлаулар қауымдық-рулық пайдалануда болып, әрбір ру, қауым белгілі
территорияны иемденсе, қыстаулар жеке отбасылардың иелігінде, мұрагерлікпен
қалып отырды.
Жазғы жайылымдар тау алқаптары мен жазықтарында өзендер бойында орналасты.
Ең кең жазғы жайылымдар уездің солтүстік-шығыс (Марқакөл маңында) және
солтүстік пен солтүстік-батыс бөлігінде (Жоғарғы Ертіс жазықтарында, Қызты,
Көкпекті, Базар және т.б.) болды. Уездің оңтүстік бөлігінде Сауыр тауының
солтүстік беткейінде ғана азғана жазғы жайылым болды [13, 366-371 бб.].
Зайсан уезіне солтүстігінен шектесіп жатқан Өскемен уезінің территориясы
4322974 десятинаны құрады [14, 606 б.]. Пайдалануға жарайтын 3146118,5
десятина жер болды, оның 597436,4 десятинасы орыс халқы үшін алынып
берілсе, 33770 десятинасы Семей уезіне берілді. Осылайша, 1911 ж. қарай
Өскемен уезінің қазақтарының пайдалануында 2548682,1 десятина жер болды,
оның ішінде 13466740,25 десятинасы қыстау жері болды. Уезде 1891 ж. санақ
бойынша 77763 адам болған [14, 3 б.]. Уезд халқы санының өсуі, орыс
қоныстанушыларының келуіне байланысты жайылым жерлердің азаюы, қазақ
шаруашылықтарына жердің жетпеуіне әкеліп соқты.
Қазақтар енді өз жерлерін жалға алатын болды. Мәселен, Шабанбай тауларын 3-
4 ай жалға алғаны үшін 1000 рубль және әртүрлі статьялар бойынша 1000 рубль
төледі. Қыс айларында жерді жалға алғаны үшін, селенияларға 2000 рубль
төленді. Ресейдің отарлау процесі Ертіс желісі бойынша оңтүстікке қарай
жылжыды. ХХ ғ. басында Өскемен уезі 14 болыстан тұрды. Уезд
территориясындағы рулардың басым көпшілігі наймандар және аз бөлігі
керейлер мен уақтар, сонымен бірге төлеңгіттер болды. Уездің солтүстік-
шығысында Нарын өзенінің бойында қаратай руының қыстаулары орналасқан.
Күршім, Жіңішке, Ертіс, Бөкен өзендері бойында және одан әрі Қызылсу өзені
бойымен көкжарлы руы орналасты. Уездің солтүстік-шығысын Сұлусары және Шар
болыстарының құрамына кіретін бура руы жайлады. Керейлер Ұлан және
Шыңғыстай болыстарынан бура және қаратай деген найман тайпалары арасында
кездеседі, оларда тіпті өз старшинстволары да болған жоқ.
ХІХ ғ. екінші жартысынан бастап Тарбағатайдың теріскейін мекендеген рулар
жерлерінің Ресей құрамына өтуіне байланысты терең әкімшілік-территориялық
реформа жүргізуге мүмкіндік туды. Осылайша, Тарбағатай өңірі де
жалпыресейлік даму үрдісіне тартылды және бұл тенденция тереңдей түсті.
“Тарбағатай өңірі қазақтарының шаруашылығы, сауда-саттығы және заттық
мәдениеті” деп аталатын екінші бөлімде Тарбағатай өңірі қазақтарының
шаруашылығы, сауда-саттығы мен заттық мәдениетінің ерекшелігі, қосалқы
кәсіптері қарастырылады.
Тарбағатайдың теріскей бетін мекен еткен рулардың негізгі шаруашылығы – мал
шаруашылығы болды. XІХ-ХХ ғасырдың басында Тарбағатай қазақтары жылқы, қой,
ешкі, түйе және сиыр өсірді. 1876 жылғы статистикалық санақ мәліметі
бойынша Зайсан уезінде 15932 түйе, 77408 жылқы, 22989 сиыр, 590998 қой мен
ешкі болған. Ал осы жылы Өскемен уезінде 2552 түйе, 62678 жылқы, 33909
сиыр, 323402 қой мен ешкі болған. Малдан алатын ет, сүт азық-түлік берсе,
жүн, тері сияқты шикізат көздері тұрмыстық бұйымдармен қамтамасыз етті әрі
басқадай тұтыныс заттарымен айырбас саудаға жүрді. ХІХ-ХХ ғ. басында
Тарбағатай өңірінде қой бүкіл малдың 75% құрады. Таулы және жазықты
жайылымдар қойды көптеп қолға ұстауға мүмкiндiк туғызды.
Мал шаруашылық пен тіршіліктің негізгі арқауы себепті оған қатысты ырым-
тыйымдар жүйесі де көп, әрі бірегей кешенді құрайды. Тарбағатайдағы
қазақтарда мал басы кемидi және, “төл өспейдi” - деген ырым бойынша бастың
тiсi қағылмайтын болса, Қазақстанның солтүстiк және Жетiсу өңiрiн
мекендейтiн қазақтарда сондай-ақ, қырғыздарда малдың басын асар алдында
тiсi қағылып тасталынады. Алайда, шығыста, атап айтқанда, Тарбағатайда осы
өлкемен әдет-ғұрпы жақын Моңғолиядағы, Қытайдың солтүстік-батыс
аудандарының қазақтарында бастың жағы айырылып, тiс арасы мұқият
тазаланады.
Сондай-ақ, ауру, пәле-жаланы малдың сүйегіне, қойдың басына көшіру, қора-
қотанды отпен аластап тазарту, қорадан малды алысқа айдап шығып, “адастыру”
тәрізді жолдармен кешенді түрде жүрілетін аса көне “көшіру” ғұрпы ХХ ғ. 30-
шы жж. дейін кең сақталғандығы дерек берушілердің мәліметінен белгілі болып
отыр.
Жүген құрық тигізбей қоя берген жылқыны мұндағы қазақтар “сетер” деп атайды
және ол моңғолдармен этномәдени байланыс барысында келген түп негізі
тибеттіктерден бастау алатын ғұрып қазақтарда мал жануарды да адами
қасиетке теңеуден, кие мен ырыстың тұрағы деп түсінуден туған. Бұған
байланысты “қара көк жылқы сетер екен, күлмеген, ойнамаған бекер екен”
деген қара өлең жолдары туған. Тарбағатай қазақтарында да басқа
өңірлердегідей мал сатқанда “сілекей алу” ғұрпы атқарылады, яғни сатылатын
малдың бір уыс жүнін аузына сүйкеп (кейде иесінің тозығы жеткен ескі бас
киімімен) алып қалады. Мал сатудағы осыған ұқсас ғұрып сойоттарда,
хақастарда кездеседі және моңғолдарда бұл “хишиг авах”, яғни “малдың құтын
қалдыру” деп атайды [3, 74 б.].
ХІХ ғ. қазақ даласына жүргізілген түрлі реформалар нәтижесінде малы аз
кедей шаруалар көшпелі ауылдан бөлініп, қыстаулар маңында егін салып, шөп
шауып өмір сүре бастады. Олар бидай, тары, арпа, сұлы екті. Жерді суару
үшін тоған, арық сияқты жүйелер салынып, оларды пайдаланудың бір тәртіпке
келтірілуі егіншіліктің өзіндік дәстүрі болғандығын көрсетеді. Әрі оған
қоныс аударып келген орыс шаруаларының әсері едәуір зор болды. Құрғақшылық
уақытта егінді суарудың дербес жүйесі қалыптасқандығының куәсі - Ақжар
маңында Қараша тоғаны, Құрман қажы, Қоңыр қажы тоғандары, XVІІІ ғ. соңғы
ширегі мен ХІХ ғасырдың басында Базар өзенінен тартылған Жәмбике, Төре,
Қарғыбадан тартылған Көкбұқа тоғандары ХХ ғасырдың 40-шы жылдарына дейін
пайдаланылды. Қолдан суару тәсілінің Өскемен, Зайсан уездерінің
қазақтарындағы дамыған жүйесі ХІХ ғ. басында Ертіс өңірінде Досан Ханбабин,
Қылыш Досанов, Қарағұл Досанов, Мұсарапай, Темірхан Тауымов сияқты
сұлтандардың иелігіндегі егістік жерлерінде пайда болып, ұзақ уақыт бойы
жұмыс жасады. Ал, қолдан суарылмайтын жерлерде егіншілікпен тау етегінде,
құнарлы жерлерде отырған қазақтар айналысты. 1891 ж. Зайсан уезінде 52,4%,
Өскемен уезінде 60,7% отбасы егіншілікпен айналысқан.
Қазақтар қосалқы кәсіп түріне жатқызған, шынтуайтқа келгенде тіршілік
болмысы үшін ХІХ ғ. соңына ала өлке тұрғындары үшін маңызы арта түскен
сауда-саттықта мал шаруашылығы мен егін өнімдері айырбас саудаға түсіп
тұрды. Ресей, Қытай сияқты көршілес елдермен сауда саттық байланыс
Тарбағатай өңірі қазақтары қоғамында экономикалық, мәдени өзгерістерге және
шаруашылығының дамуына үлкен әсерін тигізді. Ресей мемлекеті басқа елдермен
оның ішінде Қытаймен сауда байланысын нығайту үшін Семей, Өскемен,
Бұқтырмада және т.б. жерлерде сауда кедендерін аша бастады. Қазақтармен
арадағы сауда орыс кәсіпкерлеріне пайда үшін пайдалы болғандықтан бұл
салаға үкімет тиімді де қолайлы жағдай туғызды. Тарбағатайдың теріскей
бетіндегі сауда қатынасында Қоянды, Сарымсақты, Ірбіт жәрмеңкелері маңызға
ие еді. Саудагерлердің тізімінен көптеген қазақтардың, соның ішінде Бура-
Найман болысының сұлтаны Нұралы Әлімовтің атын кездестіруге болатын.
Аңшылық өнімдері, олжаларынан көбіне аң терісі сатуға көп түсіп тұрды.
“Тіршілігін аңшылықтан бастап байып кеткендердің бірі Жанан ұлы Бұланның
дәулеті аса жүйрік Құмай атты қызыл тазысы алған түлкі олжасынан басталған
екен. Ол аңнан түскен малды саудаға салу сол арқылы кейіннен керемет
байыған”, - деген деректер бар. Аң аулаудың негізгі бір тәсілі ол-аңды
атпен қуып, ит жүгіртіп ұстау, қыран құстарға ілдіру, аңға қақпан, тор құру
т.б. түрлерімен қоса, шиті мылтықпен атып алу т.б. көптеген тәсілдер қатар
жүрілді. Бұл өңірдің қазақтары негізінен қасқыр, түлкі, қоян, суыр, борсық,
қарсақ, арқар, саршұнақ, күзен сияқты аңдарды аулаған. 1909 жылы Зайсан
уезінде 200 отбасы аңшылықпен айналысып, одан 4051 сом таза пайда көрген.
Онда негізінен қасқыр, түлкі, аю, қабан аулайды. Сол жылы Өскемен уезінде
506 қазақ отбасы аңшылықпен айналысып, ауланған аң терілерін 5147 сомға
сатқан.
Аңшылықтың Тарбағатай өңірі қазақтары үшін белгілі деңгейде мұқтаждарын
өтеумен бірге, саятшылық құрып, көңіл көтеру сияқты бірнеше пайдалы жақтары
болды. Аңшы олжасын қасындағы адамға “байлайтын” дәстүр бүгінгі күнге дейін
сақталған. Бұндай ғұрыптар аңшылықпен айналысатын басқа да халықтарда
кездесетін. Мұндай ғұрып қалмақтарда, моңғолдарда, сойоттарда эвенкілерде
бар және соңғыларында оны “нимат” деп атаған [15, 37 б.; 16, 151 б.].
Бұл өңірде балық аулау негізгі кәсіп болмағанымен малынан айырылған
халықтың кедей бөлігі күн көріс арқауы еткен. Әсіресе, Зайсан, Қыран,
Марқакөл, Ертіс бойында қоныстанған қазақтар балық аулаумен айналысып, оны
тамаққа да пайдаланатынын Г.Е.Грумм-Гржимайло айтады [6]. Сол кездегі балық
аулауға байланысты деректер өте аз болғанымен аулаудың қарапайым түрлерін
қолданғанға ұқсайды. Балық аулауға бақан, кәдімгі таяқтар, ілгектерді
пайдаланды және “балықты айдап” келіп, ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz