Сарқылуына байланысты табиғат ресурстарының жіктелуі



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 28 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

Кіріспе 3

1 Табиғат ресурстары және оларды тиімді пайдалану мәселелері 4
1.1 Табиғат ресурстары және олардың жіктелуі 4
1.2 Ресурстарды пайдалану және қоршаған ортаның ластануы 7

2 Жер ресурстарының пайдалану мәселесі
2.1 Су ресурстарының экологиялық мәселелері
2.2 Минералдық ресурстарды пайдалану 10
2.3 Батыс Қазақстан облысының табиғат ресурстары 17

Қорытынды 24

Қолданылған әдебиеттер 25

Кіріспе

Мен бұл курстық жұмысымды Қазақстандағы табиғат ресурстарына арнап жазып
отырмын.

Табиғат ресурстары мен табиғат жағдайларының арасындағы шекара нақты емес.
Мысалы, ауа егер бұрын жоқ табиғат жағдайы болса, қазір табиғат жағдай
және ресурс болып табылады.

Табиғат ресурстарымен қатар табиғат жағдайларын да қарастырамыз. Олардың
табиғат ресурстарынан ерекшелігі — олар адамның өмірі мен қызметіне әсер
етеді, бірақ берілген кезеңде материалдық өндіріске қатыспайды.Табиғат
ресурстарын қазір қолға алған жөн. Мысалы: Ауаның ластануы, ормандардың
құрып бара жатқаны, жануарлар және т.б.

Ауаның, судың, топырақтың ластануы, қалпына келмейтін табиғи ресурстардың
сарқылуы, биосфераның тұрақтылығының бұзылуы мен алуантүрлілігінің кемуі,
адамдардың денсаулығының және өмір сүру жағдайларының нашарлануы күшейіп
отыр.

1. Табиғат ресурстары және оларды тиімді пайдалану мәселелері

2 Табиғат ресурстары және олардың жіктелуі

Табиғат ресурстарына адам пайдаланатын және материалдық игіліктерді

жасау үшін қолданылатын табиғат объектілері жатады.

Ресурстардың жіктелуі. Табиғат ресурстарын бірнеше белгілері бойына
жіктейді. Олар атмосфералық су, өсімдіктер, жануарлар, топырақ, қазба
байлықтар, энергетикалық және т.б. болып бөлінеді. Ең жиі қолда-нылатын
жіктелу ресурстардың сарқыту жылдамдығы немесе қалпына келуіне байланысты
(23-сурет).

- Сарқылуына байланысты табиғат ресурстарының жіктелуі

Ресурстардың сарқылуы бойынша жіктелуінің маңызы — ол адамды қолданылуы
анағұрлым ириоритетті ресурстарды пайдалануға бағыттайды. Оларға ең
алдымен сарқылмайтын ресурстар.Біріншіден бұл ресурстарды пайдаланудың
қоршаған ортаға тигізетін зиянды әсері айтарлықтай болмайды. Оларды толық
пайдалануға мүмкіндік беретін жолдарын жасауы қажет. Екіншіден, қалпына
келетін ресурстарды пайдаланудың болашағы бар. Мысалы өсімдіктер,
жануарлар.

Сарқылатын ресурстарға жақын кезеңде немесе болашақта табиғат қорының
сарқылу қаупі төніп тұрған заттар жатады. Бұларға ең алдымен қазба
байлықтар мен тірі табиғат ресурстары жатады. Ресурстардың сарқылуы
салыстырмалы ұғым.

Сарқылмайтын ресурстарға шексіз ұзақ уақыт пайдалануға болатын ресурстар
жатады. Мысалы, күн энергиясы, жел, теңіздің толуы мен қайту энергиялары.
Бұл жағдайда да сарқылмайтын ұғымы мен салыстырмалы түрде айтылады.
Себебі, әрбір ресурс үшін пайдаланудың шегі болады. Мысалы, белгілі бір
мөлшерден артық күн энергиясын пайдалану жер маңындағы кеңістіктің
температурасының артуына әкеліп, термодинамикалық дағдарысты туғызуы
мүмкін.

Ресурстардың ішінен судың орны ерекше. Су ластану нәтижесінде уақытша
(сапалық жағынан) сарқылады, бірақ сандық жағынан сарқылмайтын ресурс.
Жердегі судың қорының мөлшері өзгермейді. ал оның жеке сфералар (мұхит,
құрлық, атмосфера) немесе түрлері (сұйық, қатты, бу тәрізді) арасында
таралуы әр түрлі болуы мүмкін.

Табиғат ресурстарының сарқылу мәселесі жылдан-жылға өзекті мәселеге
айналып келеді.

Бұл олардың мөлшерінің шектеулілігіне және оларды пайдаланудың артуына
байланысты.

Б. Скиннердің 1989 жылғы мәліметтері бойынша халық санының қазіргі өсу
жылдамдығы жылына 1,7% болған жағдайда ресурстарды пайдалану әрбір 41 жыл
сайын екі еселену керек. Бірақ, мысалы, алтын өндіру жылына 4%-ға артып
отырса, оның екі еселену периоды 18 жыл, минералдық ресурстардың
қолданылуы орташа шамамен жылына 7%-ға артып отырса, ал екі еселену
периоды 10 жыл болып отыр. Адамзат қоғамы көмірді 800 жылдан бері өндіріп
келеді бірақ оның жартысы соңғы 30 жылда өндірілген.

Көміртегінің қосылыстарынан тұратын ресурстарды пайдалану жылдамдығы
ерекше назар аударылады. Себебі олар энергия мен көптеген азық-түлік
алудың негізгі көзі болып табылады. Сонымен қатар, оларды пайдалану
ғаламдық мәселелер: парниктік эффект, қышқылдық жаңбырлар және т.б.
туғызатын атмосфераның ластануымен тығыз байланысты.

Қазіргі кезде табиғатта миллиондаған жылдар барысында жиналған жанғыш
қазба байлықтар бір жылда жағылады. Ғалымдардың жасаған болжамдарының
біреуіне сүйенсек, жанғыш отындарды пайдаланудың қазіргі жылдамдығы
сақталса, онда барланған мұнай қоры шамамен 30—40 жылға, газ 40-50 жылға,
көмір — 70—80 жылға жетеді.Ең көп пайдаланылатын металдарға қатысты (темір
мен алюминий)

Б. Скиннер былай дейді: темір қолданылу мөлшері бойынша қазір бірінші
орында (алюминийден кейін). Оны пайдаланудың қиындықтары, олардың негізгі
массасының мөлшері аз қосылыстарда болуына байланысты. Экологиялық
тұрғыдан темірді қорыту күкіртті ангидрид пен көміртегінің қостотыгымен
ластандырылады. Көмірқышқыл газымен ластану негізінен технологиялық
процесс кокстың пайдаланылуымен байланысты.

Алюминийді қорыту өндірістің энергия сыйымдылығының жоғары болуымен
сипатталады. 1 т металл алу үшін 7 т көмір жанғанда бөлінетін энергияға
тең энергия қажет. Сонымен қатар, алюминий өндірілетін негізгі шикізат —
бокситтің қоры шектеулі. Ол басқа химиялық элементтердің шайылуы
нәтижесінде тропиктік топырақтарда түзіледі. Алюминийді нифелин мен сазды
топырақтан алуға болады. Бірақ, бұл шикізаттардан металды бөліп алу өте
кең мөлшерде энергияны қажет ететіндіктен экономикалық тұрғыдан тиімсіз.

1.2 Ресурстарды пайдалану және қоршаған ортаның ластануы

Қоршаған ортаның ластануы дегенде біз оған тән емес агенттердің енуі
немесе бар заттардың концентрациясының (химиялық, физикалық, биологиялық)
артуын, санның нәтижесінде қолайсыз әсерлер туғызуын түсінеміз.
Ластандырушы заттарға тек улы заттар ғана емес, зиянды емес немесе ағзаға
қажет заттың оптималды концентрациядан артық болуы да жатады.

Ластануды жүйенің тепе-теңдігін бұзатын кез келген агент ретінде
бағалауға болады.

Ластану әр түрлі белгілері бойынша жіктеледі:

• шыгу тегі бойынша:

табиғи және жасанды (антропогенді);

• пайда болу көзіне байланысты:

а) өндірістік, ауыл шаруашылық, транспорттық және т.б.;

б) нүктелік (өнеркәсіп орнының құбыры), объектілі (өнеркәсін орны),
шашыраған (егістік танабы, бүкіл экожүйе), трансгрессивті (басқа аймақтар
мен мемлекеттерден енетін);

• әсер ететін ауқымына байланысты: ғаламдық, аймақтық, жергілікті;

• қоршаған ортаның элементтері бойынша: атмосфера, топырақ, гидросфера
және оның әр түрлі құрам бөліктері (әлемдік мұхит, тұщы
су, жер асты сулары, өзен сулары және т.б.);

• әсер ететін жеріне байланысты: қала ортасы, ауыл
шаруашылық ортасы, өнеркәсіп орындарының ішінде, пәтер ішінде
және т.б.;

• әсер ету сипатына байланысты: химиялық (химиялық
заттар мен элементтер), физикалық (радиоактивті, радиациялық
жылулық, шу, электромагниттік), физико-химиялық (аэрозолдер),
биологиялық (микробиологиялық және т.б.);

• әсер етудің периодтылығына байланысты: бірінші ретті
(өнеркәсіп орындарының қалдықтары), екінші ретті (смогты құбылыстардың
өнімдері); тұрақтылық дәрежесі бойынша: өте тұрақты — жүз және
мың жыл тұратын (азот, оттегі, аргон және басқа инертті газдар),
тұрақты — 5—25 жыл (көмірқышқыл газы, метан, фреондар), тұрақсыз
(су буы, көміртегі тотығы, күкіртті газ, күкіртсутек, азоттың
қостотығы, озон қабатындағы фреон).

Неғұрлым ластаушы зат тұрақты болса, оның қоршаған ортада жиналу
эффекті жоғары. Кез келген ластаушы затты үш параметрі бойынша бағалуға
болады: қоршаған ортаға, түсетін көлеміне, тұрақтылық дәрежесіне қарай.
Мысалы: көмірқышқыл газының қолайсыз эффектісін оның қоршаған
ортаға түсетін көлемше және үш сақталу уақытына, олай болса оның жинақталуы
және осыған байланысты парниктік эффектің пайда болуы қамтамасыз етеді.

Өндірілетін ресурстардың тек 2—3%-ы ғана пайдалы өнім ретінде
қолданылады, ал қалғаны қалдықтар (бос жыныс, шлактар және т.б.).

Адам қызметінің көңіл аударарлық нәтижесіне қоршаған ортаға оған тән
емес, тірі ағзалар үшін бөтен (ксенобиотиктер) заттардың шығарылуы жатады.
Табиғатта 2 мыңдай бейорганикалық және шамамен 2 млн. органикалық
қосылыстар бар. Адам қазір 8 млн.-нан астам қосылыстарды синтездей алады.
Жыл сайын олардың саны бірнеше мыңға артып отырады.

Жер бетіндегі адам мекен ететін кеңістіктің болуы (құрлықтың жалпы
ауданы 149 млн. км2 болса, мұндай жерлердің үлесіне шамамен 48 млн. км2
тиеді) қазіргі дағдарыстың ғаламдық сипатын жоққа шығармайды. Бұл ең
алдымен атмосфера мен судың қозғалғыштығына байланысты. Мысалы, мұнайлы
қабықшамен әлемдік мұхит бетінің 15—25% ластанған. Қазіргі кезде атомдық
двигательдер мен радиоактивті қалдықтардың көмілуі нәтижесінде әлемдік
мұхиттың радиоактивті ластануы зор қаупін төндіріп отыр.

Табиғат ресурстарын пайдалану жылулық ластанумен, яғни жер маңы
кеңістігінде қосымша энергияның жиналуымен байланысты.

Биосфераның жылу балансының бұзылуын атмосфераның шаңдануының артуы,
өсімдік жабынының булануының өзгеруі, топырақ пен су қоймаларының бетінен
ластануының өзгеруі қамтамасыз етеді. Мұнайлы қабықша булануды 20—30% - ға
жейді. Нәтижеде ғалымдардың болжауы бойынша ауаның орташа жылдық
температурасы 1—30С-ға артады. Ал мұның өзі биосфераның термодинамикалық
немесе жылулық дағдарыс жағдайына өтуіне соқтыруы мүмкін.

Жер ресурстарының пайдалану мәселесі

Адамзаттың тарихында адам шамамен 2 млрд.га құнарлы жерлерден
айрылған.Өңделетін жерлер мен жалпы құнарлы жерлердің ауданының кемуі
жоғары жылдамдықпен жалғасуда.Топырақтардың жойылуы, халық санының артуы
адам басына шаққандағы жердің интенсивті түрде кемуіне әкеліп
соқтырады.1950 жылы дүние жүзінде 1адамға 0,24 га егістік жер келсе, 1983
жылы 0,15 га –ға дейін кеміген.

Топырақтың маңызы мен қасиеттері. Топырақтың табиғи ландшафттар мен
экожүйелердегі маңызы зор.Топырақты жекеленген экожүйе деп қарастыруға
болады.В.В.Докучаев ХХ ғасырдың басында топырақты өзіне тән өзара
байланыстары, тіршілік ету заңдылықтары мен өзін-өзі реттеуге қабілетті
табиғи тарихи дене деп қарастырады.

Топырақ- зат айналымның маңызды буыны.Биологиялық айналым топырақтан
басталады: одан минералдық заттар мен су сіңіріледі де,айналым редуцент
ағзалардың қызметімен аяқталады.Топырақтағы детрит пен гумуста, оның сіңіру
комплексінде энергия мен химиялық элементтер шоғырланады.Топырақтың
санитарлық кедергі ретіндегі маңызы өте зор.Бұл қасиет оның тіршілікке бай
болуымен байланысты.Топырақтың тазартушылық рөлі оның физикалық және
химиялық қасиеттеріне байланысты.Ол су мен сулы ерітінділерді тазартуда
күшті сүзгі болып табылады және химиялық элементтер мен қосыыстарды
байланыстыруға қабілетті.Топырақтың буферлік қасиеттері де жоғары.

Топырақтану ғылымының негізін салушылардың бірі В.В.Докучаев топырақтың
планетаның тарихымен, тау жыныстарымен, климатымен, өсімдіктермен,
рельефімен және ландшафтымен тығыз байланысты болатынын атап
көрсеткен.В.В.Докучаев топырақ-ландшафттың айнасы деген.Адамның
топыраққа әсері табиғи ландшафттардың бұзылуымен, алуантүрлііктің
кедейленуімен, экожүйелердің тұрақтылығының күрт төмендеуімен , өнімділігі
мен биомассасының кемуімен сипатталады.

Жер ресурстарына әсер ету - құрлықтағы және құрлық пен мұхит арасындағы
зат алмасудың , радиациялық және су балансының өзгеруі, олай болса
климаттық парметрлердің де өзгеруінің негізгі себебі болып табылады.Табиғи
экожүйелердің жойылуының нәтижесі қатты және химиялық ағыстардың
артуы.Аталған құбылыстар мен өзендердің кебуі, судың сапасының нашарлауына
байланысты.Адамның топыраққа тигізетін кез келген әсері оның энергетикалық
параметрлерінің өзгеруімен сипатталады.Ал бұл параметрлер топырақтың өзін
өзі реттеуші жүйе ретінде тіршілік етуінің бірден бір шарты болып табылады.

Топырақ эрозиясы (грек тілінен аударғанда-бұзамын деген мағынаны
білдіреді) дегеніміз, оның су немесе жердің әсерінен бұзылуы.Су және жел
немесе дефляция эрозиясын бөліп көрсетуге болады.Топырақты бұзатын күш
ретінде біріншісінде,ал екіншісінде ауаның қозғалысы болып табылады.Эрозия
ауаның интенсивті қызметіне дейін де болған.Қатты заттардың беттік сулармен
мұхитқа шайылып келуі, ауада үнемі топырақ шаңының болуы бұл құбылыстың
болуын дәлелдейді.Белгілі мәліметтер бойынша сары топырақтар жел
эрозиясының өнімдерінің ауадан тұнуының нәтижесінде түзілген.

Су және жел эрозиясы брлық жерлерде орын алады.Жел эрозиясының
интенсивтілігі желдің жылдамдығы мен ұзақтығына , кеңістіктің ашықтығына
және топырақтың жағдайына тікелей тәуелді.Ұқсас жағдайларда эрозияға жеңіл
топырақтар көп ұшырайды.Эрозияны топырақтың құрғақтығы, гумусқа кедейлігі
күшейтеді.Жел эрозиясының ерекше түрі құрғатылған жерлерге,
әсіресе,шымтезекті жерлерге тән.Бұл топырақтар материалдың байланысының
төмен болуымен сипатталады.Мұндай эрозиялық процестер Украина мен
Белоруссия территориясында байқалған.

Су эрозиясы , әсіресе, топырақтары интенсивті өңделетін, ашық
кеңістіктерде, жауын шашын мөлшері жоғары болатын аудандарда басым
болады.Су эрозиясы орманды дала зонасында басым.Сонымен қатар , дала және
орманды зоналарда да кеңінен таралған.Топырақты өңдеуден басқа эрозиялық
процестердің болуына,әсіресе таулы аудандарда, үлкен территорияда орманды
кесу,өсімдік жабынын жою,мал жаю,туризм және т.б. әсер етеді.Антропогенді
эрозияның ерекше түріне ирригацияның , яғни топыраққа көп мөлшерде су
массасының берілуіне байланысты эрозия жатады.Бұл су сіңіп үлгермейді
де,топырақ бетімен ағады.Ирригациялық эрозия кезінде бір уақытта эрозия да,
топырақтың сортаңдануы да жүреді.

Жер ресурстарына зиян келтіретін үшінші үлкен фактор-бұл жердің азуы.Оның
орын алу себептері –өніммен бірге қоректік заттардың әкетілуі.Гумустың
жойылуы , су режимінің және басқа да қасиеттерінің топырақтың азуының
нәтижесінде, олардың құнарлығы жойылып шөлге айналады.

Адам үшін қажетсіз түрлердің санын реттеудің биологиялық әдістері биология
мен экологияны білуді талап етеді.Биологиялық агент ретінде антагонист
ағзалар немесе олардың тіршілік өкілдері , экожүйелерге және алынатын
өнімге зиян тигізбейтін кейбір заттар мен агротехникалық шаралар
қолданылады.

Пестицидсіз технологиялар ауыл шаруашылығында кеңінен таралып келеді.Бұл
кезде пестицидтермен қатар минералдық тыңайтқыштар, өсуді жылдамдататын
заттар және т.б. қолдану да кемиді.Шет елдерде өнім химиялық құралдарсыз
өсірілетін шаруашылықтарды органикалық фермалар деп атайды.Мұндай өнімнің
бағасы жоғары болса да, оған деген сұраныс көп.Бірқатар елдерде улы
химикаттарды пайдалануды кеміту бағдарламалары жүзегеасырылуда.

А.В.Яблоков ағзалардың санын реттеудің биологиялық және басқа да химиялық
емес шараларының жүйесін ұсынды.Мысалы:

1. Зиянды түрлердің жыртқыштары мен паразиттері, оларды қолдан өсіру және
экожүйеге енгізу.Оларға құмырсқалар, паразит бунақденелілер, ызылдауықтар,
қанқыз және т.б. жатады.

2.Вирустық және бактериялық препараттар.Мұндай препараттардың үлесі зиянды
түрлермен күресудің биологиялық құралдарының шамамен 10 пайызды құрайды.

3.Популяцияға ұрпақ бермейтін немесе ұрпағына өміршең емес қатарлар беретін
даралар енгізу.Қазір осы генетикалық әдіс кеңінен қолданылып келеді.АҚШ та
аталықтарды толық ұрықсыздандыру әдісі кеңінен қолданылады.

4.Жануарлардың белгілі бір даму кезеңдерін үзу немесе қорқыту мен өзіне
көңіл аударатын табиғи заттарды қолдану не оларға ұқсас заттарды қолдан
жасау.

5.Тек белгілі бір өсімдік түрлерімен ғана қоректенетін жануарлар.Егер
мұндай өсімдік арамшөп болса, онда жануарлар оларды жояды да, ауыл
шаруашылық дақылдарына тимейді.

6.Табиғи пестицидтер.Мұндай препараттарға темекінің сөлі, ұнтағы,
қызан,сарымсақ, түймедағы және т.б. өсімдіктер жатады.Қазір биологиялық
табиғаты бар 800-дей пестицидтерді ауыстыра алатын заттар бөлініп алынған.

7.Пестицидтік қасиеті бар физикалық препараттар. Мысалы, бунақденелілермен
диатомды топырақпен күресу әдісі белгілі.Бұл диатомды балдырлардан
алынған өте ұсақ шаң. Мұндай шаң бунақденелілердің трахеясын тыныс алу
кезінде жауып қалады.

8.Белгілі бір зиянкестерге тұрақты қолтұқымдарды шығарудың селекциялық
әдістері.Мысалы,АҚШ ғалымдары тегіс жапырақты мақта сортын шығарған.Ол
өсімдікке бунақденелінің жұмыртқасын бекітуге мүмкіндік
бермейді.Фтиофтораға тұрақты картоптың тұқымдары шығарылған.Өкінішке орай
өнімділігі жоғары өсімдік тұқымдары зиянкестер мен ауруларға тұрақтылығы
төмен болуымен сипатталады.

9.Интеграцияланған әдістер. Химиялық препараттарды қолдануды мүмкіндігінше
кеміте отырып, биологиялық, агротехникалық және селекциялық әдістерді
үйлесімді түрде қолдану.Бұл әдістер аралық әдістер болып есептеледі.

Экологиялық әдістердің бірі ландшафттардың оптимизациясы. Мысалы,ауыл
шаруашылық танаптарын орман экожүйесімен , орман белдеуімен
кезектестіру.Мұндай жағдайда өзінің қоректену тізбегінде ауыл шаруашылық
дақылдарының зиянкестерін енгізетін жануарлар популяциясын сақтауға
мүмкіндік болады.

Зиянкестермен экологиялық күресу әдістері -ең алдымен экожүйелердің
тіршілік ету заңдылықтарын биологиясын терең білуге негізделген.

2.1. Су ресурстарының экологиялық мәселелері

Қазақстанның су артериялары шамамен 85 мың өзендерден құралған.Ең ірі су
көздеріне Ертіс, Есіл,Іле,Сырдария,Жайық,Шу,Талас,Ас са өзендері
жатады.Соңғы жылдары бірқатар көлдер жүйесінің кебуі байқалыр отыр.Бұл
өзендер ағысының шектен тыс реттелуі мен олардың деңгейінің табиғи
ауытқуларына байланысты болып отыр.Экологиялық жағынан ең қолайсыз жағдайда
Қазақстанның басты су артериясы Ертіс өзені қалып отыр.Оның сулары жоғары
дәрежеде ауыр металдармен ластанған.Негізгі ластаушы заттар мыс, шайынды
сулармен бірге келіп түседі.

Су қоймалары мен бассейіннің су ағыстарына түсетін негізгі ластаушыларға
иондық ағыс,азотты органикалық қосылыстар,фосфор қосылыстары, цинк
жатады.Табиғи суларды ластайтын негізгі химиялық элементтердің барлығы су
ортасына өнеркәсіп орындарының шайынды суларымен келіп түседі.

Каспий аймағының экологиялық жағдайы.Бұл ауданның экологиялық жағдайы
Каспий теңізінің деңгейінің көтерілуіне және жағалаулық теңіз экожүйесінің
антропогенді әсерге ұшырауына байланысты болады.Ғалымдардың болжамдары
бойынша теңіз деңгейінің көтерілуі жағалаулық сызықтың 2400-2700 км
ұзарып,су астында қалған жерлерге тағы да 1,2 -2,2 млн.га қосылуына әкелуі
мүмкін.

Каспий теңізі дүние жүзіндегі бекіре тәрізді балықтардыңең ірі мекен ету
ортасы болып табылады.Сондықтан Каспий мәселесі тек мемлекетаралық қана
емес ғаламдық мәселе болып табылады.Каспийдің биологиялық
биоалуантүрлілігін сақтау бүкіл әлемдік қауымдастықтың жұмысы.1995 жылы
Тегеранда Каспий маңындағы мемлекеттердің өкілдерінің кездесуі өтті.Бұл
кездесудің мақсаты Каспий аймағының экологиялық тұрақтылығы мен оның
ресурстарын пайдалануды басқару концепциясын жасау болып табылады.

Арал теңізінің экологиялық мәселелері.60- жылдардан бастап Арал теңізінің
ауданы кеми бастайды.Суды ауфл шаруашылық дақылдарын суару үшін қолдану
Тянь Шань тауларымен ағып келетін табиғи су ағысын 90%- дан астам
қысқартып жіберді.Теңіз ауданы 2,6 млн. га-ға кеміп,өзінің -60% көлемін
жоғалтты.Арал аймағының экологиялық жағдайы экономиканың дәстүрлі
бағыттарының дамуының мүмкін болмауына әкеліп,бірқатар әлеуметтік және
саяси мәселелерді туғызады.

Арал теңізі Орта Азияның шөлді белдеуінде орналасқан.Көлемі бойынша Арал
дүние жүзінде ішкі су қоймаларының ішінде төртінші орында болған.

Теңіз Тұран ойпатында орналасқан.Қарақұм және Қызылқұм шөлдері Аралды
оңтүстік және шығыс жағынан қоршап жатыр.Судың орташа көлемі – шамамен
1000 км³. Тереңдігі 20-25м, ең үлкен тереңдігі-67м.Жаздағы жауын-шашын
мөлшері шамамен 100мм.

Арал теңізінің су балансы бұрын жауын-шашын мен - 5,9 км³ , өзен ағысымен-
54,8 км³ қамтамасыз етіліп отырды.Орташа булану -60,7 км³.Теңіз деңгейінің
маусымдық ауытқуы -25 см,ал ғасырлық 3м-ден артпаған.Дүние жүзінің ірітау
жүйелері бұл орасан үлкен аумақтың өзендерінің сулылығын қамтамасыз
еткен.Аралдардың су балансын Орта Азияның ірі өзендері-Амудария мен
Сырдария ұстап тұрған.

Балқаш көлінің экологиялық мәселелері. Ағынсыз Балқаш көлі Қарағанды
,Жамбыл,Алматы облыстарымен шектесіп жатыр.Көлдің ұзындығы 605 км, ені
шығыс бөлігінде 9-19км, ал батысында 74км ге дейін жетеді.Шығыс жағында
Балқаш Алакөл көлдер жүйесімен , батыс бөлігі Бетпақдала шөлімен және
оңтүстік шығыс жағы Шу Іле және Іле Алатауымен шектесіп жатыр.Көлдің батыс
бөлігіне Іле өзені,шығыс бөлігіне шағын өзендер Қаратал,Ақсу, Лепсі келіп
құяды.

Балқаш-жартылай тұщы көл.Сарыесік түбегі Балқашты батыс және шығыс
бөліктерге бөледі. Батыс бөлігіндегі су ірі Іле өзенінің келіп құюына
байланыты тұщы болған. Ол көлге жылдық су мөлшерінің 72,2 пайыз береді.
Балқаштың шығыс бөлігіне келіп құятын шағын өзендердің барлығы казір
толығымен дерлік суаруға және шаруашылық қажеттіліктерге жұмсалады. Тек
көктемгі су тасқыны кезінде және мұздықтардың еруі кезінде ғана осы судың
бір бөлігі өзендермен Балқашқа келіп түседі.

Географтар бұл жерді Балқашқа келіп түсетін Іле, Шу, Ақсу, Қаратал, Лепсі,
Тентек, көксу өзендеріне байланысты Жетісу деп аталған.

Балқаштағы су деңгейінің төмендеуі нәтижесінде ондатра өсіру кәсіпшілігі
құлдырып кетті. Бағалы балықтар аулау жылына 40 мыңнан 8 мың центнерге
дейін кеміген. Өзен жағалауларындағы тоғайлы ормандар жойыла бастады.

Кіші өзендерді қорғау мәселесі.Республикамызда 8643 тұрақты және уақытша су
ағыстары белгілі.Олардың жалпы ұзындығы 123 мың км.Қазақстанның өзендерінің
ерекшелігі олардың біртекті таралмауында.Жер бетіндегі су қорына
әсіресе,Орталық және Батыс Қазақстан кедей.Республикамыздың бүкіл жазық
территориялары сирек өзен торымен сипатталады.Ойыл және Нұра бассейнінде ол
бар болғаны км² ге шаққанда 0,13-0,022 км.Шөлейт және шөлді аудандарда
өзендер жоқ деуге болады.Қалың өзен торы Тянь-Шань, Жоғар Алатауы мен Кенді
Алтайдың таулы және тау етегіндегі аудандарында түзілген.Бірақ,осы таудың
сулы өзендерінің өзін суаруға пайдалануға байланысты халық тұщы судың
тапшылығын сезіп отыр.Бұл республика халқынан суды ысырапсыз пайдалану мен
қорғау қажеттілігі туралы ойлануды талап етеді.

Кіші өзендер кіші деп аталғанмен ,олардың экология тұрғысынан алғандағы
маңызы үлкен.Себебі,ірі өзендердің жағдайы кіші өзендерге байланысты.Олар
қан тамырлары тәрізді бүкіл Қазақстан территориясын торлап жатыр.

Республика өзендерінің көп бөлігі Каспий,Арал теңіздерінің, Балқаш және
теңіз көлдерінің тұйық ішкі бассейндеріне ,тек Обь - Ертіс,Есіл және Тобыл
өзендерінің бассейні ғана Солтүстік Мұзды мұхитына барып құяды.

2.2 Қазақстанның қазба байлықтары

Қазақстан минералдық ресурстарға өте бай. Қазақстан дүние жүзінің 186
елінің ішінде вольфрам, қорғасын және барийдің қоры бойынша бірінші орында,
хромит, күміс және цинк бойынша екінші, марганец және молибден — үшінші,
мыс — төртінші, уран — бесінші, алтын — алтыншы, темір кені — жетінші,
қалайы мен никель — сегізінші, көмір мен табиғи газ — тоғызыншы, мұнай
бойынша он үшінші орында.

Қазақстан жерінде хромиттің әлемдік қорының үштен бір, уран мен
марганецтің төрттен бір бөлігі, темір кенінің оннан бір бөлігі орналасқан.

Қазақстанда барланган тас көмір және қоңыр көмірдің қоры 200 млрд.
тоннадан астам. Көмір бассейндеріне Қарағанды, Екібастүз, Майкөбен, Обаған,
Жіліншік, Теңіз-Қорғалжын, Шу, Іле (Қалжат), Төменгі Іле (Оңтүстік-Балқаш)
және Орал-Каспий (Жайың-Жем) жатады.

Қазір Қазақстан көмірсулардың қоры бойынша дүние жүзіндегі ірі
елдердің бірі больш табылады. Мұнайдың барланған қорының көлемі бойынша 12-
орында, газ бен газды конденсат — 15-ші, мұнай өндіру — 23-орында.
Қазақстанның үлесіне барланған мұнай қорының 2%-на дейін (Каспий шельфін
қоспағанда) келеді. 200-ден астам мұнай мен кен орындарының өндірілетін
қоры 2,2 млрд. тонна, конденсат — шамамен 700 млн. тоннаны құрайды.
Еліміздің болжанып отырған мұнай ресурстары шамамен 13 млрд. тонна.

Қазақстанның жер қыртысы мұнай мен табиғи газдарға бай. Каспий маңы
ойпаты, Каспий теңізінің жағалауын қоса алғанда мұнай қоры 7 млрд. тонна.
Бұл мұнай өндірісін жыл сайын 50—100 млн. тоннаға дейін көтеруге мүмкіндік
береді. Қарашығанақ кен орнындағы табиғи газ қоры 1,3 триллион куб метрді
құрайды.

Арал маңында да мұнай мен газдың үлкен қоры, табылған. Алдын ала
жасалған есептеулер бойынша мұнда 350 млн. тонна мұнай мен 100 млрд. куб
метр газ бар. Мұнай мен газга қатысты Торғай, Шу-Сарысу, Зайсан—Алакөл
ировинцияларының болашағы зор. Қазақстанда металл кен орындары барланған.

Темір кендерінің қоры 8 млрд. тоннадан астам. Оның 80% Торғай темір
кен бассейнінде орналасқан. Бассейннің ірі кен орындарына Соколов Сарыбай,
Қашар, Лисаков және Аят кен орындары ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Экожүйелердің біртұтастығы және орнықтылығы. Ғаламдық (глобалдық) биогеохимиялық циклдар. В.И.Вернадскийдің негізгі биогеохимиялық заңдары.Табиғи ресурстардың классификациясы
Ресурстардың жіктелуі
Табиғи ресурстарды басқару
Табиғат ресурстары және олардың жіктелуі
Ресурстардың жіктелуі. Ресурстарды пайдалану және қоршаған ортаның ластануы
Ресурстарды тиімді пайдалану және қоршаған ортаның ластануы
Ресурстарды пайдалану және қоршаған ортаның ластануы
Табиғат ресурстары және оларды тиімді пайдалану мәселелері
Өнеркәсіп саласы
Қоршаған ортаның ластануы туралы мәлімет
Пәндер