Тасымалдау келісім шарты



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 17 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
1 Көліктік-экспедициялық қызмет
көрсету ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...4
2 Тасымалданатын қағаз жүгінің
сипаттамасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 6
3 Жүкті тасымалдауға арналған вагон
түрі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 7
4 Тасымалдау құжаттарын
әзірлеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... 8
4.1 Тасымалдау құжаттарының
түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..1 1
4.2 Тасымалдау келісім
шарты ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ..12
4.3 Тасымалдау құжаттарын толтыру
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..16
Қолданылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... 17

Кіріспе

Қазақстанның қарыштап қайта түлеп, жаңғырып келе жатқаны соншалық,
реформаторлық деп есептелген көптеген шешімдер онсыз да аян нәрсеге
айналуда. Әлемдік экономикалық ғаламдануы кезеңінде, ТМД мен Балтық бойы
елдерінде нарықтық қатынастардың даму дәрежесіне сәйкес тасымалдау
үдерісіндегі және оны қамтамасыз етудегі бәсекелестік халықаралық сипат
алуда. Әрине, бәсекелестіктің пайда болуы және дамуы қамтамасыз етуші
қызмет көрсетулерінің бағасын тұрақтандырып, икемділігін арттырады, сапасын
кепілді түрде көтереді.Қазақстан темір жол көлігінің қызмет етуі, қайта
құрылымдаудың мақсаттары мен жолдарын түсінудің тереңдігін бейнелейді,
стандартты емес шешімдерді іске асырудағы батылдығының дәрежесін
көрсетеді. Темір жолдар жүзеге асырып отырған жолаушылар мен жүктерді
тасымалдау үдерісін тұғырнамалық тұрғыдан өзара байланысты екі процеске –
тасымалдауларды жүзеге асыру мен осы сөздің кең мағынасында алғандағы
қызмет көрсетуге бөлу көздерлген болатын. Осы жұмыста қарастырылған
Қазақстандағы темір жол көлігінің тиімді қызмет етуі атты тақырыбында
көптеген мәселелер
Қазақстанның темір жолдарының дамуынан бастау алып, қызмет етуіне
дейінгі шақтары қарастырылды. Жүк тасымалдауды ұйымдастыруда, сондай-ақ
теміржол саласының тоқтап қалусыз, үзіліссіз жұмыс істеуіне жүкті
тасымалдауды жоспарлау негіз болады. Жүк тасымалдауды жоспарлаудың мақсаты:
мүмкіндігінше аз шығынмен тасымалды көлік түрлеріне шығынды үнемдеу
мақсатында бөлуде, жүк тасуда тепе-теңділікпен қамтамасыз
етуде және жүк артудың ырғақтылығы, сонымен қатар бар ресурстарды тиімді
пайдалануда, техникалық мүмкіндіктерде, магистралдық желі мүмкіндіктерінде,
жүк жіберушінің сұранысын уақытында және толық қанағаттандыру болып
табылады. Заңдылық тұрғыда тасымалдауды жоспарлау айтарлықтай өзгертулерге
ұшыраған жоқ. Тасымалдаудың жоспары жылдық жоспарлау, айлық
жоспарлау және өтінім негізіндегі жүк жөнелту болып бөлінеді. Басты
жоспарлау тасымал көлемін және теміржол саласы даму стратегиясын
анықтауға мүмкіндік береді. Жылдық жоспарлау есебімен халықаралық
тасымалдың транзитті тарифін қолдану сұрақтары ыңғайланады. Сондай-ақ,
республикалық, халықаралық қатынаста отандық жүк жөнелтушілерге тарифті
төмендету мүмкіндігін туғызады. ҚР Теміржол көлігі туралы Заңына сәйкес,
тасымалдар берілген тапсырыс негізіндегі келісім және жүк жіберуші мен
тасымалдаушы арасында бекітілген жүкті тасымалдау туралы келісімге сай
орындалады. Келісім-шартпен тасымалдың мерзімі, көлемі, көлік құралымен
қамтудағы талаптары мен тәртібі және жүкті тасымалға әкелу анықталады.
Жоспарланған айлық тапсырысы бойынша жүк тасымалдау келісімінің бірі болып
табылады.

1 Көліктік-экспедициялық қызмет көрсету

Көліктік-экспедициялық қызмет көрсету (КЭҚ) – өнімді өндірушіден
тұтынушыға тауарды жеткізу бойынша барлық оталар мен қызмет көрсетулердің
кешенін қамтитын тасымалдау аумағындағы жұмыс.
Көліктік-экспедициялық қызмет көретудің жұмысы мынаған негізделген:
жүкті жүк иесінен қабылдап, тасымалдауға дайындайды және көлік құралына
тиеледі, бір көлік түрінен басқа көлік түріне қайта тиеледі, егер де қажет
болса керекті жерде сақталады, көлік құралынан түсіріледі және жүк
қабылдаушыға тапсырылады.
КЭҚ құрылымын талдау үшін оның үш құраушысымен байланысын
қарастырамыз: көліктік, экспедициялық және делдалдық қызмет көрсету.
Көліктік қызмет көрсету жүк жіберушіден жүк қабылдаушыға жүкті
жеткізуді іске асыру және тасымалдау барсысында барлық жол бойы тиеу-түсіру
жұмыстарын (ТТЖ) орындауға бағытталған қызмет. Тиеу-түсіру оталары
жүктерді жеткізу үрдісіндегі міндетті элементтер болып табылады және
тікелей клиенттердің территорияларында орындалады, ол таратушы
орталықтарда, көлiк түйiндерiне, сонымен бiрге өнімді бір көлік түрінен
басқасына ауыстырып тиегенде.
Экспедициондық қызмет көрсету – жүкті тұтынушыға дер кезінде және
сапалы жеткізуді қамтамасыз ететін және өзіне даярлық-қорытынды қызмет
көрсету, қоймалық және экспедициондық қызметтерді қосатын қызмет.
Даярлық-қорытынды қызмет көрсету жүкті жеткізу технологиялық
үрдісінің элементі болып табылады және өзіне жылжымалы құрамды (ЖҚ) тиеу
орнына беру, жүктерді тасымалдауға дайындау (жүкті тасымалдау жағдайына
келтіру, маркировкасын жапсыру, жүктің сапасы мен санын тексеру, өлшеу,
контейнерлер мен поддондарды бөлу және т.с.с.), жүкті қабылдау мен
тапсыруды қосады.
Делдалдық қызмет көрсету өзіне делдалды-ұйымдастыру, консультациялы-
аналитикалық және ақпараттық қызмет керсетулерді қосады және бірінші
кезекте жүкті жүк алушыға сапалы жеткізуге негізделген.
Экспедитор – көліктік экспедициялық қызметтерді (КЭҚ) ұйымдастыратын
және ұсынатын, көліктік экспедиция шартының тарабы.
Көліктік-экспедициялық қызметтің тұтынушылары (тапсырыс берушілер,
клиенттер) –заңды немесе жеке тұлғалар, олар үшін көліктік экспедицияның
келісім шарты бойынша экспедитор КЭҚ-ны жүзеге асырады.
Жүкжөнелтуші – экспедиторға жүкті тапсыруға көліктік экспедиция-
ның келісім шарты бойынша уәкілеттендірілген, КЭҚ тұтынушысы.
Жүк қабылдаушы – экспедитордан жүкті қабылдаудан көліктік
экспедицияның келісім шарты бойынша уәкілеттендірілген, КЭҚ тұтынушысы.
Тасымалдаушы – өзіне тапсырылған жүкті тағайындалған пунктке
жеткізуге және жүкті жүк қабылдағышқа беруге немесе басқа көліктік ұйымға
беру міндеті жүктелінген, тасымалдау келісім-шартының тарабы.
Жүкті жекізу – мерзіммен, тәртіптермен, сақтықтармен және т.б.
байланысты анықталған шарттардың орындалуымен жүкті жөнелтушіден жүкті
қабылдаушыға дейінгі жүктің орын ауыстыру үрдісі.
Жүкті тасымалдау – жөнелту пунктінен тағайындалу пунктіне дейінгі
анықта
Аралас тасымалдау – жүкті екі немесе одан көп тізбектей жұмыс
істейтін көлік түрімен тасымалдау.
Аралас тасымалдау операторы – өз атынан немесе басқа оның атынан
әрекет ететін тұлға арқылы жүк иесімен аралас тасымалға келісім-шартқа
отырады, желісім-шарт тарабынан өкілдік етеді және оның орындалуына
жауапекршілікті өзіне қабылдайды.
Тікелей аралас тасымалдау – барлық жүру жолында бір тасымалдау
құжатымен рәсімделеді, мысалы теміржолдық, автокөліктік немесе ішкі су
көлігімен.
Комбинирленген тасымалдау – жүкті түсіріп-тиеусіз орындалатын аралас
тасымалдау. Бұл жағдайда жүк барлық жүру жолында бір контейнерде,
ағытылатын шанақта және т.б. тасымалданады.
Контрейлерлік тасымалдау – төмендетілген биіктігі бар темір жол
платформасы бойынша автокөліктік құралдардың тасымалдау жүйесі
(автокөліктер, жартылайтіркемелер).
Соңғы кезде тассымалдауды ұйымдастырудың әр түрлі әдістерін белгілеу
үшін жалпы түбірі modal негізделген терминдер кең қолданысқа ие болды, ол
тасымалдаудың ұйымдастыру түрін айқындайды (көлік түрін).
Интермодальды тасымалдау – бір жүктік бірлікте немесе жүктің өзін
тиеп-түсірусіз көліктік құралда көліктің бірнеше түрлерімен жүкті тізбектей
тасымалдау.
Мультимодальды (трансмодальды) тасымалдау – бир тасымалдау құжатын
рәсімдеу кезінде тасымалдауды ұйымдастыратын тұлға оған қатысатын көлік
түрлерінің санынан тауелсиз барлық жүру жолында жауапкершиликти өз мойнына
алатын тасымалдау түрі.
Амодальды тасымалдау – көлік түріне тәуелсіз бір диспетчерлік
орталықпен басқарылатын және анықталған маршрут бойынша орындалатын
тасымалдау.
Юнимодальды тасымалдау – көліктің бір түрімен жүкті тасымалдау (бір
немесе бірнеше тасымалдаушылармен) егер тасымалдаушы біреу болса, ол өзінің
жеке көліктік құжатын құрады – накладная, коносамент және тағы басқалары.
Егер тасымалдаушылар бірнешеу болса олардың біреуі барлық тасымалдауды
қамтитын өтпелі коносамент жасауына болады.

2 Тасымалданатын жүктің сипаттамасы

Қағаз – ағаш діңдерінен  жасалады. Қағаз өндіру үшін
қолданылатын   ағаштар кесіліп, бөрене халіне келтіріледі. Алдымен
қабықтары алынып, кейін майда-майда бөлшектерге бөлінеді. Бұл бөлшектер
жуылып, ұнтағыш машинадан өтеді. Машинаның ішінде әртүрлі химиялық
заттармен араластырылып, талшықтарға бөлінеді және қамыр халіне
келтіріледі. Бұл қамыр ағаруы үшін жеке бір процедурадан өтеді.
Кейін қамыр миксерге (араластырғышқа) салынады. Қамырдың ішіне
қағаздың сапасын, суға төзімділігін арттыратын, немесе рең беретін түрлі-
түсті химиялық заттар қосылады. Миксерден шыққан қамыр бір текті халге
келеді. Қамыр жылжымалы лентаның үстіне төселеді.  Суы сүзілетін және
тығыз цилиндрлердің арасынан өтеді. Осылайша қағаз беттері пайда болады.
Соңында ыстық цилиндрлердің арасынан өтіп, құрғатылады. Маңызды кезең:
қағаз, мысалы ұн секілді әртүрлі сұрыпты болуы мүмкін. Мысалы, гофрлеуге
арналған Б-0, Б-1, Б-2, Б-3 қағазы немесе тегіс қабаттарға арналған К-1, К-
2 қатырма қағаздары. Ал қағазды әр түрінің өз сипаттамасы бар: ажырау,
езу, ығал тарту және басқа да параметрлері, олар әрі қарай не үшін
қолданылатынын анықтайды: мысалы, қатырма қағаздан жасалған қорап дайындау
үшін қажетті қағаз немесе қатырма қағаздың ылғал тартқыштығы өте төмен
болуы керек. Фабрикадан шыққан қағаздар үлкен рулон түрінде шығады. Оны
өңдеушілер қалаған көлемде қырқып сатады. Қағаз құрғақ әрі суға төзімсіз.
Сондықтан судан қорғау міндетті. Судан қорғау мақсатында біз жабық вагон
түрін таңдаймыз. Себебі жабық вагон – ( қап, қорап, паллет)  ұсақ жүк
тасуға, атмосферлық ылғалыдан сақтандыру үшін арналған вагон. Универсалдық
жүк тасмалдау жабық вагонда - жүк түсыру, жүк тиеу, екі есігі болады.
Вагонның жоғары жағында - жарық түсетін люктармен, ауа кіретін терезелер
болады. Жүк тиеу, жүк түсіру жұмысы, механикалық және қол күшімен болады.
Вагонға 68 тоннаға дейін жүк тиелді. Тиеу барысында вагонның жарамды
жарамсыз екені тексерілді. Яғни вагонның едендерінде есіктерінде ешқандай
ақау жоқ. Жүкті тасымалдауға болады.

3 Жүкті тасымалдауға арналған вагон түрі

Жабық вагон – ( қап, қорап, паллет)  ұсақ жүк тасуға, атмосферлық
ылғалыдан сақтандыру үшын арналған вагон. Универсалдық жүк тасмалдау жабық
вагонда- жүк түсыру, жүк тиеу, екі есігі болады. Вагонның жоғары жағында-
жарық түсетын люктармен, ауа кіретін терезелер болады. Жүк тиеу, жүк түсіру
жұмысы, механикалық және қол кұшімен болады.
Теміржолмен колеясы 1520 мм (1435 мм) атмосфералық жауын-шашыннан
қорғауды қажет ететін жеке ыдыс, дестеленген және кейбір шашылатын (астық)
жүкті тасымалдауға арналған.

3.1 сурет - Жабық вагон моделіндегі 11-280

3.2 сурет - 11-280 моделді жабық вагонның өлшемдері

3.1 кесте - Вагонның техникалық сипаттамасы

Жоба нөмірі: 280.00.000-00
Техникалық талаптары: ТУ 24.05.949-90
Жүк көтергіштігі, т: 68
Шанақ көлемі, м куб.: 138
Ыдыс массасы, т: 26+-3%
Құрылымдық жылдамдығы, кмсағ: 120
Вагон базасы, мм: 12240
Автотіркеу тіркегішінің осі бойынша
вагон ұзындығы, мм: 16970
Вагонның максималды биіктігі, мм: 4694
Шанақтың ішкі өлшемдері, мм:
бүйірдегі қабырға бойынша
2860
биіктік: 2764
     ені: 15724
ұзындығы:
Жарықтағы көлемі, мм:
Есік қуысы: 3802х2334
Бүйірдегі қабырға тиеу жаб тесігі: 614х365
МЕСТ бойынша габаритке
сыйымдылығы 9238-83: 1-АМ (0-Т)

4 Тасымалдау құжаттарын әзірлеу

Жүк жөнелтушi жүктi тасымалдауға ұсынған кезде тасымалдаушыға әрбiр
жөнелтiлiм үшiн темiр жол көлiгi жүкқұжатын, ал Қазақстан Республикасының
заңдарында көзделген қажеттi жағдайларда өзге де құжаттарды (сертификатты,
лицензияны, ветеринариялық сертификатты, кедендiк) декларацияларды
тапсыруға мiндеттi.
Темiр жол көлiгi жүкқұжаты мен өзге де тасымалдау құжаттарының
нысаны, оларды ресiмдеу тәртiбi белгiленедi. Тасымалдау ережелерiмен
Жүк жөнелтушi жүкқұжатқа енгiзiлген мәлiметтердiң дұрыстығы, сондай-
ақ ол темір жол көлiгi жүкқұжатында көрсеткен мәлiметтердiң қателiгiнен,
дәл еместiгiнен немесе толық еместiгiнен болған барлық зардаптар үшiн
Қазақстан Республикасының заңдарымен көзделген жауаптылықта болады.
Жүктерді вагондап және шағын жөнелтіліммен тасымалдау ГУ-27 нысанды
(14-қосымша) жүк қағазымен не болмаса ГУ-29-0 нысанды (15-қосымша):
    - жүк қағазының түпнұсқасының (жүкпен бірге жүреді және тасымалдау-
шымен жүк алушыға беріледі);
- жол тізімдемесінен (жүкпен бірге жүреді және тасымалдаушыда
тағайындалу станциясына қалады);
- жолдық тізімдеме түбіртегінен (жіберу станциясында тасымалдаушыда
қалады);
      - жүкті қабылдау туралы квитанциядан (жүк жіберушіде қалады) тұра-
тын тасымалдау құжаттарының жинағымен ресімделеді.
Жүк тасымалдары тасымалдардың электрондық досьесін қолданып
ресімделген жағдайда электрондық тасымалдау құжатының көшірмесі ГУ-27-У-ВЦ
нысанды (16-қосымша) әмбебап жүк қағазынан, жол тізімдемесінен, жол
тізімдемесінің түбіртегінен және ГУ-29-У-ВЦ нысанды (17-қосымша) жүкті
қабылдау туралы квитанциядан тұратын жинақ болып табылады. ГУ-27-У-ВЦ
нысанды (16-қосымша) жүк қағазы тасымалдардың барлық түрлерін ресімдеуден
тұрады және тасымалдаушы ресімдейтін жеткізу темір жол жүк қағаздарының
барлық түрлерін ауыстырады. Әмбебап жүк қағазы басуға телетайптық
форматтағы(тар) орама қағазбен де, 11 форматтағы жеке парақтармен де
беріледі.
Тасымалдау құжаттарының бланктері машинкамен басу тәсілімен, тауар
кассирінің АЖО-сы пайдаланып немесе қолмен шарикті қаламмен толтырылады.
Жекелеген мәліметтер мөрқалыптар түрінде көрсетіледі. Тасымалдау
құжаттарында өшіруге және түзетуге жол берілмейді.
Жүк жөнелтушінің тасымалдау құжатына енгізген мәліметтерін өзгерту
қажет болғанда, жүк жөнелтуші осындай құжаттың жаңа бланкін толтырады.
Тасымалдаушының тасымалдау құжатына енгізген өзгерістері мен қосымша
мәліметтері тасымалдау құжатын ресімдеген тасымалдаушының станциядағы
өкілінің қолымен және станцияның мөрқалыбымен куәландырылады.
Тасымалдаушы жүк жөнелтушіге жүк қағазының бланктерін калькуляцияға сәйкес
ақыға береді.
Жүк жөнелтушінің осы Ережеге сәйкес ресімдеген жүк қағазы мен оның
негізінде жүк жөнелтушіге жүкті қабылдау туралы берілген квитанция жүкті
тасымалдауға жасасылған шартты растайды.
Жүк қағазы жол тізімдемесімен қоса жүкпен тағайындалу станциясына
дейін жүреді, ол жерде жүк алушыға жол тізімдемесіне қолын қойғызып
беріледі. Жүкті қабылдау туралы квитанция жүк жөнелтушіге жол
тізімдемесінің түбіртегіндегі тиісті бағанда қол қойғызып беріледі. Жол
тізімдемесінің түбіртегі тасымалдаушыда қалады.
Тасымалдауды тасымалдардың электрондық досьесін қолданып ресім-
дегенде жүк темір жол көлігінде қабылданған тасымалдарды ұйымдастыру
технологиясына сәйкес қағаз тасымалдау құжаттарымен (электрондық
құжаттардың көшірмелері) бірге немесе оларсыз (қағазсыз технологияда) жол
жүреді.
Егер тасымалдар үшін ақы төлеуші экспедитор болып табылатын болса,
онда оның өтініші бойынша тасымалдаушы жол тізімдемесінің қосымша данасын
олардың арасында жасалған жүк тасымалдауды ұйымдастыру туралы шартқа сәйкес
жеке төлем бойынша береді.
Мынадай тасымалдарды бір тасымалдау құжатымен ресімдеуге жол
берілмейді:
    1) басқа жүктермен келе жатқан тез бүлінетін жүктерді, жолсеріктер
ілесіп жүретіндерді қоспағанда;
2) рефрежераторлық секцияда келе жатқан тез бүлінетін
жүктерді;
    3) өздерінің қасиеттері бойынша бірге бір вагонда тасымалдауға жол
берілмейтін жүктерді;
4) тасымалдауда сақтанудың ерекше шараларын қолдануды талап ететін
жүктерді мұндай шараларды талап етпейтіндермен бірге;
5) санитарлық, ветеринарлық, өзге де ерекше нормалар мен
ережелерді талап ететін жүктерді мұндай нормалар мен ережелердің сақталуын
талап етпейтін жүктермен;
6) осы ережеге сәйкес сақтау мерзімі әр түрлі жүктерді.
Ескерту: 171-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Көлік және
коммуникация министрінің 2007.11.27. N 252 (алғаш ресми жарияланғаннан
кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.
    Тасымалдаушы жүк жөнелтушінің жүк қағазында көрсеткен мәлімет-терінің
дұрыстығын және жолдама құжаттардың болуын тексереді.
Ескерту: 172-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Көлік және
коммуникация министрінің 2007.11.27. N 252 (алғаш ресми жарияланғаннан
кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.
    Тасымалдау құжаттары мәтіндік ақпаратымен ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Халықаралық теңіз тасымалы
Халықаралық жеке құқық пәнінен лекция жинағы
Халықаралық жеке құқық пәнінен дәрістер жинағы
Халықаралық көлік құқығы
Құқықтық негіз
Сатып алынған жартылай фабрикаттар
Тауар жеткізілім шартының ұғымы
Тауар жеткізілім шартының элементтері
Жолаушы мен жүктерді халықаралық тасымалдау
Кәсіпорындағы ағымдағы міндеттемелерді есепке алуды талдау
Пәндер