Сөйлем құрылымында қолданылатын өзге тыныс белгілері


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 38 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

Кіріспе . . . 3

І Пунктуацияның теориялық негізі . . . 5

ІІ Романдағы ажыратушы тыныс белгілердің қолданысы

2. 1 Ажыратушы үтір… . . . 10

2. 2 Ажыратушы қос нүкте . . . 14

2. 3 Ажыратушы сызықша . . . 16

2. 4 Ажыратушы нүктелі үтір . . . 23

ІІІ Романдағы бөлуші тыныс белгілердің қолданысы

3. 1 Оқшау сөзді сөйлем құрылымдарында қойылатын бөлуші тыныс

белгілері . . . 24

3. 2 Сөйлемдегі жалпылауыш сөздердің тыныс белгісі . . . 28

3. 3 Сөйлем құрылымында қолданылатын өзге тыныс

белгілері . . . 31

3. 4 Тыныс белгілерінің қабаттасып қолданылуы . . . 35

Қорытынды . . . 40

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 42

Кіріспе

Курстық жұмыстың өзектілігі. Тахауи Ахтановтың «Шырағың сөнбесін» романындағы тыныс белгілерін дұрыс қолданудың негізгі жолдарын, сөйлемнің синтаксистік ерекшелігін және сөйлемдегі кейбір сөздердің мағынасын, сөйлемнің интонациясын ескере отырып, ойдың берілуін анықтау. Тыныс белгілерінің түрлерін, олардың өзіндік қызметін анықтау.

Зерттеу нысаны. Романдағы тыныс белгілерінің қолданысы, түрлері, сөйлемге қатысты жұмсалатын әрбіреуінің мағынасына, синтаксистік құрылысына және интонациясына негізделуі қаралады.

Зерттеу жұмысының мақсаты. Жұмыстың негізгі мақсаты - романда қолданылатын тыныс белгілердің түрлері мен қызметі, мағынасын анықтау.

Курстық жұмыстың мақсатын орындауда қойылған міндеттер:

  • Сөйлемнің немесе бүтіндей мәтіннің тыныс белгілерін дұрыс қою үшін негізгі үш белгіге сүйену қажет, соны ашу;
  • Сөйлемнің түрлерін анықтай білу;
  • Тыныс белгілерін қызметіне қарай топтастыру;
  • Шығармадағы тыныс белгілерін жүйелі талдау;

Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы. Әр түрлі сөйлем құрылымдарында қойылатын кез-келген тыныс белгісі арқылы сол сөйлемнің мағынасы да, синтаксистік құрылым ерекшелігі де, интонациясы да бейнеленетіндігі үш белгіге негізделіп қойылатыны анықталды.

Курстық жұмыстың дереккөздері. Зерттеудің дереккөздері ретінде ғылыми-теориялық еңбектер мен зерттеулер пайдаланылды. Соның ішінде, Әуелбаева Ш., Мұсабекова Ф., Сыздық Р., Ғабдулина М. Ғ., Есматова М. Т т. б тілші мамандардың еңбектерін атауға болады. Тахауи Ахтановтың «Шырағың сөнбесін» шығармасынан жинақталған мысалдар жүйеленіп, сұрыпталды.

Зерттеу әдістері. Тахауи Ахтановтың «Шырағың сөнбесін» романында қолданылатын тыныс белгілерінің қызметін анықтау барысында, олардың мағыналық құрылымын қарастыруда сипаттама әдіс, салыстырмалы әдіс, талдау, т. б. әдістер қолданылды.

Зерттеу жұмысының практикалық маңызы. Аталмыш жұмыстың нәтижелерін “Қазіргі қазақ тілінің пунктуациясы” арнайы курсында көмекші құрал ретінде қолдануға болады.

Зерттеу жұмысының теориялық маңызы. Бұл жұмыс, яғни тыныс белгілерінің қолданысы, мағыналық және құрылымдық сипатын тану, қазақ тіл біліміндегі пунктуация мәселесіне, оны дұрыс қоя білуге бейімдеу осы саланың теориялық негізіне аз да болса үлес болып қосылады.

Зерттеу жұмысының құрылымы. Курстық жұмыс кіріспе және негізгі мәселелерді қамтитын екі тараудан, қортындыдан тұрады. Жұмыс соңында әдебиеттер тізімі көрсетіледі.

І ПУНКТУАЦИЯНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІ

Пунктуация - бір нәрсені жазғанда, оқығанда, айтқанда ойды басқаға түсіндіру үшін қолданылатын тыныс белгілері ережелерінің жиынтығы. Пунктуация - тыныс белгілері туралы ілім, ол айтылмақшы ойды екі ұшты етпей, дәл, түсінікті де тиянақты етіп білдіру үшін қолданылады. Бұл - тыныс белгілерінің негізгі қызметі. Тыныс белгілері бір сөйлемдерді немесе сөздер тобын айтқанда, оқығанда, ауызекі тілде болатын кідірісті де, дауыстың қалай құбылуын да білдіреді. Бұл - тыныс белгілерінің қосымша, көмекші қызметі.

Пунктуация негіздері мен жүйесі - жете зерттелмей келе жатқан проблемалардың бірі. Көп жылдық зерттеу тарихы бар орыс пунктуациясының негіздері жайында үш түрлі көзқарастың /мағыналық, грамматикалық, интонациялық принциптер/ қалыптасқаны белгілі. Орыс пунктуациясын зерттеуші ғалымдардың бір тобы тыныс белгілерінің қолданылуын сөйлемнің мағынасына /логикалық принципке/ негіздесе, екінші тобы оны сөйлемнің грамматикалық ерекшелігіне негіздейді, ал үшінші топтағылар пунктуацияның негізі - интонация деп көрсетеді. Ф. И. Буслаев, С. И. Абакумов, Н. С. Поспелов сияқты ғалымдардың еңбегінде пунктуация негізін мағыналық принципке тіреу басым болса, Н. И. Греч, С. Булич сияқты лингвистердің зерттеулерінде грамматикалық принцип шешуші болып келеді, ал А. М. Пешковский, Л. В. Шерба еңбектерінде интонациялық принцип басым. Орыс пунктуациясын көп зерттеген атақты ғалым, профессор С. И. Абакумов тыныс белгілерін қолдануда интонациямен санаспауға болмайды деп келіп, жалаң интонацияға ғана жүгінбей, сөйлемнің мағынасы мен синтаксистік құрылымына да сүйенудің қажет екенін көрсетеді. Бұдан сөйлемге қатысты жұмсалатын әрбір тыныс белгісі оның мағынасына да, синтаксистік құрылымына да, интонациясына да негізделеді деген ой анық байқалады. Сөйлемнің немесе бүтіндей мәтіннің тыныс белігілерін дұрыс қою үшін, үш түрлі негізге сүйену керек. Олар мыналар:

  1. Сөйлемнің синтаксистік ерекшелігі.
  2. Сөйлемнің мағынасы.
  3. Сөйлемнің интонациясы.
  1. Әр тілдің сөздерді тіркестіру, олардан сөйлем құрау жолдары бар. Басқа тілдердегі сияқты, қазақ тілінде де сөйлемнің негізгі екі түрі (жай сөйлем, құрмалас сөйлем) бар. Бұлар өзара әлденеше жолдармен жасалады. Сөйлемнің түр-түріне және сөйлемдегі сөздердің қолданылуына қарай әр түрлі тыныс белгісі қойылады. Мәселен, хабарлы сөйлемдерден кейін нүкте қойылады, сұраулы сөйлемнен кейін сұрау белгісі, лепті сөйлемнен кейін леп белгісі қойылады. Сөйлем ішіндегі қаратпа, одағай сөздер, оңашаланған мүшелер сөйлемнің басқа мүшелерінен белгілі бір тыныс белгісі арқылы, жалпылауыш сөздер сөйлемнің бірыңғай мүшелерінен не қос нүкте, не сызықша арқылы ажыратылады. Тыныс белігісі сөйлемнің түрлеріне, құрылысына, сөйлем мүшелерінің жасалу жолдарына, сөйлемдегі сөздердің тіркесу тәсілдеріне байланысты қойылады. Мұны тыныс белгісінің сөйлемнің синтаксистік ерекшелігіне байланысты қойылуы дейміз.
  2. Сөйлемнің тыныс белігісін дұрыс қою үшін, оның синтаксистік ерекшелігімен қатар, сол сөйлемдегі кейбір жеке сөздердің мағынасына да назар аудару қажет. Өйткені бүтіндей бір сөйлемнің немесе ондағы кейбір жеке сөздердің мағынасы белгілі бір тыныс белігісін қоюды керек етеді. Мысалы: Ол рас айтты. Ол рас, бүгін келмекші деген екі сөйлемдегі рас сөзі екі мағынада қолданылып тұр, әсіресе, қос нүкте, тырнақша, жақша, сұрау, леп белгілері сөйлемнің мағынасына негізделіп қойылады. Мысалы:

Қайтсін, қолы тимепті,

Өлеңші, әнші есіл ер! (Крылов-Абай)

дегенде, леп белігісі сөйлем кекесінді, әзіл-сықақ мағыналы болғандықтан қолданылып тұр.

Суреттеп және көрдім жүзі жарқын,

Ойладым: «Оңдырған-ау баққан халқын!»

Соншама құны толық, пұлды түйме

Артында қалдырмас па «жақсы даңқын» (С. Торайғыров) .

Бұл мысалдағы тырнақшалар тырнақшаға алынған сөздердің кекесінді, қарама-қарсы мағынада қолданылғандығынан қойылып отыр. Тыныс белгісі сөйлемнің, сөйлемдегі кейбір сөздедің мағынасына қарай да қойылады.

  1. Тыныс белгілерін дұрыс қолданылудың ендігі бір негізі - интонация. Мысалы, белгілі бір хабарлы сөйлемді айтқанда, оқығанда сөйлем соңында кідіріс болады. Сөйлемнің бірыңғай мүшелерін оқығанда, олардың әрқайсысынан кейін және құрмалас сөйлем құрамына енген әрбір жай сөйлем арасына кідіріс болады. Сұраулы, лепті сөйлемдерді оқығанда, дауыс көтеріңкі шығып, айрықша интонация байқалады. Сөйлеу тіліндегі мұндай интонация жазба тілде белгілі бір тыныс белгісін қоюды қажет етеді. Мысалы, «Байлықтың атасы - еңбек, анасы - жер», «Адамдықтың белгісі - иіліп сәлем бергені, шын достықтың белгісі - көп кешікпей келгені» деген сөйлемдердегі сызықшалар бастауыш та, баяндауыш та зат есімнен немесе заттанған есімшелерден жасалғандықтан қойылып тұр. Бұл сызықша қоюдың грамматикалық белгісі. Сонымен бірге бұл сөйлемдерді айтқанда, сызықша қойылған жерлерде кідіріс жасалады. Бұл - сөйлемдегі, ондағы жеке сөздерді айту интонациясы. Сөздерді, сөз тіркестерін айту интонациясы жазуда тыныс белгілері қойылатын жермен үнемі сай келе бермейді. Ауызекі тілде сөйлемді, сөйлемдегі сөз тіркестерін айтқанда жасалатын түрлі-түрлі кідірістерден кейін тыныс белгісін қоя беруге болмайды. Мысалы, «Бермегенді беріп ұялт», «Қайтып кірер есікті қатты жаппа», «Біреу білмегенді біреу білер», - деген сияқты сөйлемдердегі бермегенді, есікті, білмегенді дегендерден кейін ауызекі тілде кідіріс жасалып айтылады. Бірақ соған қарамастан, бұл сөздер сөйлемнің баяндауышына тікелей қатысты болғандықтан, олардан соң үтір немесе басқа бір белгі қоюға болмайды. Тыныс белгілерін қолдану жалаң бір принципке ғана сүйенбей, барлық үш принциптің бірлігіне негізделеді.

Пунктуация негіздері - қазақ тіл білімінде аз зерттеліп келе жатқан проблемалардың бірі. Қазақ тілі пунктуациясын алғашқы зерттеушілердің бірі С. Жиенбаев. Ол «Сөйлемнің тыныс белгілері» деген еңбегінде: «Мәтіннің негізгі элементі - сөйлем» деп санайды да, тыныс белігілерін сол сөйлем аясында қарастырады. «Сөйлемнен тыс қолданылатын тыныс белгілері болмайды» деген тұжырымға келеді. Пунктуация білімін меңгеру ана тілінің синтаксисін жете білумен тікелей байланысты екенін ескертеді.

Профессор М. Балақаевтың қазақ тілі пунктуациясына арнап жазған мақалалары бар. Ол тыныс белгілерін дұрыс пайдаланудың негізгі дауыс ырғағымен байланысты болады, кейде тыныс белгілерін дұрыс қойып жазудың шарты дауыс ырғағы /интонация/ болмай, грамматикалық белгілері негіз болады деген.

Пунктуация туралы мәселе Ф. Мұсабекова еңбегінде де сөз болған. Ол тыныс белгілерінің қойылуын жеке принциптер тұрғысынан қарастырған. Ф. Мұсабекова былай дейді: «Тыныс белгілері сөйлемнің бірдей құрылысына қарай, бірде мағынасына қарай, бірде айтылуына қарай қойылады деу дұрыс. Бірсыпыра тыныс белгілері сөйлемнің құрылысына байланысты қойылады. Қос нүкте, нүктелі үтір, сызықша, үтір, жаңа жол синтаксистік құрылысқа сүйеніп қойылады. Жақшы, сұрау белгісі, леп белгісі, нүкте, көп нүкте, тырнақша т. б. сөйлемнің мағынасына негізделіп қойылады».

Кез келген сөйлем: жай сөйлем немесе құрмалас сөйлем, бір сөзді не көп сөзді сөйлем - аталған үш принциптің тұтасқан бірлігі негізінде жасалады. Белгілі мағынаны білдіріп, арнайы интонациямен айтылатын тіліміздегі алуан түрлі синтаксистік құрылымдардың өзіндік ерекшеліктеріне сай, қазақ тілі пунктуациясын құрайтын тыныс белгілері мынадай екі түрлі қызмет атқарады:

  1. мәтіндегі әрбір сөйлемнің /жай не құрмалас/ шекарасын белгілеп, сөйлем компоненттерінің жігін ажырату;
  2. күрделенген сөйлем ішіне кірістірілген түрлі синтаксистік оралымдарды ерекшелеп, ондай сөйлемдердің тура және қосымша синтаксистік байланыс белгілерін айқындау. Осыған орай, тыныс белгілеріажыратушы және бөлуші тыныс белгілеріболып үлкен екі топқа бөлінеді. Ажыратушы және бөлуші тыныс белгілерінің қолданылуындағы бір ерекшелік мынадай: ажыратушы тыныс белгілері сыңар жақты, жеке-дара жұмсалады (Жем көп болса, мал да күйлі болады) ; бөлуші тыныс белгілері көбінесе екі жақты, жұп болып қолданылады (Біздерді, жастарды, қызу еңбек күтеді) .

Ажыратушы тыныс белгілері мәтіндегі бір сөйлем мен екінші сөйлемнің шекарасын ажырату үшін, синтаксистік тура мағынада келген өзара тең дәрежелес синтаксистік компоненттердің (сөйлем мүшелерінің, құрмалас сөйлем құрамындағы жай сөйлемдердің) ара-жігін көрсету үшін қолданылады. Ажыратушы тыныс белгілерінің жиі қолданылатын екі түрін атап өтуге болады:

1) сөйлем соңына қойылатын тыныс белгілері / нүкте, сұрау белгісі, леп белгісі, көп нүкте, бұлардың қабаттаса қолданылған түрлері/;

2) бірыңғай мүшелерді және құрмалас сөйлем компоненттерін ажыратушы тыныс белгілері (үтір, сызықша, қос нүкте, нүктелі үтір) . Сөйлем соңына қойылатын ажыратушы тыныс белгілерінің жазу мәдениетін қалыптастырып, пунктуациялық сауаттылықты арттыруда атқаратын ролі зор. Бұл топтағы тыныс белгілері жазба жұмыстарында өте жиі қолданылып, қажетті қызмет атқарады.

ІІ РОМАНДАҒЫ АЖЫРАТУШЫ ТЫНЫС БЕЛГІЛЕРДІҢ ҚОЛДАНЫСЫ

2. 1 Ажыратушы үтір

Ажыратушы үтір бірыңғай мүшелер мен құрмалас сөйлем құрамындағы жай сөйлемдердің арасына қойылады. Бұл шығармада бірыңғай мүшелердің арасын ажырату үшін қойылған сөйлем құрылымдары көптеп кездеседі. Мысалы, Кішілеу ғана шүйке бас, сопақ бет, қоңырқай жүзді кісі /13-бет/. Дуня апай маған ондай еш нәрсе айтқан да, сездірген де емес. Осындағы аталған шылаулар - жалғаулықтар емес, әрбір бірыңғай сөзден соң келіп, оның лексикалық мағынасын күшейтіп тұратын демеулік шылаулар. Бұлардың жалғаулық қызметінде жұмсалатын кездері де болады. Сонымен бірге, бірыңғай мүшелер жалпылауыш сөзбен байланысып тұрады. Жалпылауыш сөз бірыңғай мүшелермен қызметтес, тұлғалас болып, оларға ортақ жинақтау мәнін білдіріп тұрады. Бұндай сөз байланыстыруды автор өте жақсы берген. Мысалы, Қамқа әжем, әкем, Дариға жеңгем, Зәуреш, барша жақын, туған, қатар-құрбым - бәрі кейін қалды /38-бет/. Басталған соғыс та, бүгін станцияның ойран-ботқасын шығарған жау самолеттері де, Боряның қазасы да, біздің осы дүрлігісізміз де - мына маң басқан, байыпты тіршілікке жанаспайтын бөлек нәрсе сияқты /110-бет/. Бірыңғай мүшенің теориялық жағына келсек, грамматикалық қызметі, грамматикалық мағынасы бір, айтайын деген ойды сипаттап, ашып, әр түрлілігін көрсететін тілдік құрал. Жалпылауыш сөзсіз келген бірыңғай мүшелердің арасына ажыратушы үтір қойылады. Мысалы: Ас пісіру, от жағу, ыдыс-аяқ жуу ұсақ-түйек шаруа сияқты /159-бет/. Кей сөйлемдерде бірыңғай мүшелері жалғаулықты шылаулармен байланысады, ондай жағдайда араларына үтір қойылмайды. Мысалы: Емшектегі баласы бар екі келіншек: Наташа мен Валя /107-бет/.

Бастауышы бірыңғай есімше тұлғалы болып, баяндауышы есім сөзден болған сөйлем құрылымы да кездеседі. Мысалы, Жүк түсіргені, үй тіккені, жер ошақ қазып қазақ астына от жаққаны - бәрі қызық. Мұнда жылқының кісінегені, қойдың маңырағаны, ошақтың будақтаған кешкі түтіні - бәрі жаңа, бәрі таза /56-бет/.

Тыныс белгілерінің шешілмей, қиындық келтіріп жүрген басты-басты мәселесі - оңашаланған айқындауыштың тыныс белгісі. Сөйлемде белгілі бір мүшенің мағынасын басқа сөзбен түсіндіріп, нақтылап сипаттайтын мүше де болады. Айқындауыш екі түрлі болады: 1) оңашаланған айқындауыш, 2) қосарлы айқындауыш.

Өзінен бұрын тұрған сөзді айқындап, дәлдеп түсіндіретін бір я бірнеше сөзді оңашаланған айқындауыш дейміз. Романда автор оңашаланған айқындауыштарды да жиі қолданған. Соған тоқталсақ,

1) Оңашаланған айқындауыш мүше екі жағынан үтірмен бөлініп жазылады. Мысалы, Тура өз ауылым, ошағыма, Қамқа әжеме қайтып оралғандай . . . /273-бет/

2) Оңашаланған айқындауыштың алдынан ғана сызықша қойылатын сөйлемдер де бар. Мысалы: Арқасын қара орманы - қалың еліне тіреп қойып соғысатын майдан емес, оңы мен солы, алды мен арты айнала жау, орман паналап, сай сағалап, түн жамылып соғысып жүрген жандар /282-бет/.

3) Оңашаланған айқындауыш сөйлемнің соңында келсе, айқындалатын сөзден кейін сызықша қойылады. Мысалы: Бұл үйдегі менің тағы да бір көз тоқтататын жиһазым бұрышта ілулі тұрған кішілеу икона - құдайдың суреті /185-бет/.

Кейбір оңашаланған айқындауыштар өзінің түсіндіретін сөзімен яғни, яки, не болмаса, мысалы, әсіресе, басқаша айтқанда, т. б. сияқты сөздер арқылы байланысады. Мұндайда оңашаланған айқындауыш сөздермен қоса екі жағынан тиісті тыныс белгілерімен айырылады. Мысалы: Ол қазіргі мүшкіл халімді алдыма көлденең тосып, еріксіз ертеңгі күнімді, яғни болашағымды ойлатады /156-бет/. Бұл өңірде, әсіресе өзеннің бер жағында, Носовец айтқандай, табиғаты тамаша жер осы екен /357-бет/.

Айырушы үтір романда құрмалас сөйлемдердің жай сөйлемдерін ажырату үшін қолданылады. Қазақ тіліндегі көп бағыныңқылы сабақтас сөйлем компоненттері әрі сабақтаса, әрі салаласы байланысады. Романда осы құрылымға негізделген сөйлемдер жиі кездеседі. Мысалы: Есіктен әрі қарай өтейін десем, сеңдей сығылысқан адам, тұмсығым бататын емес, қатты демігіп, ентігімді баса алмай есікке көлденең тұтқан тақтайға асыла кеттім /53-бет/.

Өзімнің үйреншікті ортамнан, орнықты, сабырлы тіршілігімнен шығып, аумалы-төкпелі, белгісіз беймаза дүниенің ішіне кіріп бара жатқанымды сезіп, бойымды үрей билейді /54-бет/.

Кейде ойым алай-дүлей ұйытқып, кейде бойым да, ойым да жалқау тартып, меңіреу халге түсіп осы үйде тұра бердім /158-бет/.

Берілген көп басыңқылы сабақтас құрмаластағы бағыныңқы сөйлем әрбір басыңқы сөйлеммен жеке-жеке сабақтаса байланысса, ондағы басыңқы сөйлемдер өзара бір-бірімен салаласа байланысып, ыңғайлас салалас сөйлем ретінде жұмсалған. Мұндай құрылымдар аралас құрмалас сөйлем болады.

Құрмалас сөйлем құрамындағы компоненттердің арасына ажыратушы үтір қойылады:

1) Салалас құрмаластағы жай сөйлемдер арасына қойылатын үтір:

Ыңғайлас салалас: Қысылғанымнан от көседім, қазан ошағымды айналдыра бердім /310-бет/. Дулатты көк шөптің үстіне еркін еңбектетіп қоя бердім, өзім ас қамдап жаттым /328-бет/.

Жалғаулықты қарсылықты салалас: Қамқа әжемнің осы сөздері құлағымда қалды, бірақ мен ол кезде бұл сөздердің мән-мағынасмын ұққан жоқ едім /79-бет/. Аздап шөлі қаңғасын жүрмек болады, бірақ «Ертеңгісін ойламаған ерден без» деген, алда әлі екі жүз шақырым жол бар /63-бет/.

Талғаулықты салалас: Жұмаш әлі ұйықтап жатыр, сендер еш нәрсені сезер емессіңдер /79-бет/. Балсұлу мені маңдайымнан сипап мүсіркемейді де, көргенде емешесі құрып жалпылдап та жатпайды /59-бет/.

Кезектес салалас: Бірде тұяқ дүрсілі әлсірегендей болады, бірде жердің еңсесін басып тастаған қою қара аспанды жыртып шыңғырған дауыс естіледі /7-бет/.

2) Сабақтас құрмаластағы жай сөйлемдердің арасына қойылатын ажыратушы үтір:

Шартты бағыныңқылы сабақтас: Қолымыз бос болса, баратын шаруаға бірге барамыз /11-бет/.

Қарсылықты бағыныңқылы сабақтас: Арада бір сағат өтпей, тамақ та дайын болды /61-бет/.

Қимыл-сын бағыныңқылы сабақтас: Сәкең үн-түнсіз орнынан тұрып, қайта киіне бастады /58-бет/.

3) Көп бағыныңқылы сабақтас: Балбыраған жайлы ұйқыдан оянып, арқамнан ауыр жүк түскендей бүкіл денем босап, жеңілденіп, баяу рахаттанып, жылы төсекте осылай жата берсем. Жай шырылдап бастап, ұяң тыныштықты бұзып, лезде айқайға басып, кішкене зілмәңкені басына көтерді /205-бет/.

Бірыңғай мәнді жарыспалы көп бағыныңқылы сабақтас: Осы сенімді, жылы денеден айрылып қалатындай қорқып, кейде тас қылып қысып, құшақтап аламын. Иегіме сақал біткенше, туған еліме күн гауһарын сепкенше, жанымды жаралады /286-бет/.

Әр түрлі жарыспалы көп бағыныңқылы сабақтас: Дауысым күмілжіп, сөзімнің артында бір қалтарысы барын айқын сезіліп тұрса да, Носовец қазбаламады /277-бет/.

Сатылы көп бағыныңқылы сабақтас: Күйісін іркіп, таңырқағандай мойнын бұрып, маған бір қарап алып, тостағандай көзі дымқыл тартып сөлдіреп тұр /284-бет/.

4) Аралас құрмалас сөйлемдер: Аз уақытта бір аңғарғаным, бұл жерде онша шенге қарай қоймайды екен, өйткені шен беріп жоғарылатып, шенін алып төмендетіп отыратын жоғарғы жағың жоқ, жұрт жоғарғыларға қарап алақтамай, тек қолынан келетін адамдарды ғана сыйлайды /287-бет/.

  1. Ажыратушы қос нүкте

Ажыратушы қос нүкте сөйлем мүшелерінің грамматикалық және логикалық қарым-қатынасын білдіреді, ойдың жалпыдан жалқыға, жалқыдан жалпыға қатысын көрсетеді. Қос нүктенің негізгі қызметі - сөйлем мүшелерінің арасындағы түрлі қарым-қатынастарды көрсету.

Ажыратушы қос нүкте компоненттері жалпылама-түсіндірмелі қатынаста жұмсалған құрмалас сөйлем құрылымдарында қойылады.

1) Жалпылама сыңар - жеке сөйлемнен, ал түсіндірмелі сыңар бірнеше сөйлемнен жасалған іліктес салалас құрмалас сөйлемдерде ажыратушы қос нүкте қойылады: Тек түр шамасын ана жолғыдай, сырттай ғана топшылаймын: дауысына қарай өзі топас, ақымақтау болар деп түйемін /187-бет/. Емшектегі баласын кеудесіне қысып алған Ираида Ивановнаны бірден таныдым: етегі желпілдеп, қайқаң-қайқаң жүгіреді /75-бет/.

2) Компоненттері жалпылама-түсіндірмелі қатынаста келген аралас құрмалас сөйлемдерде ажыратушы қос нүкте қойылады. Келесі күні дүние құлпырып шыға келіпті: кешегі жауған ұлпа қар қыстың аязды қарындай шақыраймай, октябрьдің аласа күнінің солғын сәулесіне малынып, төңіректің ажарын ашып, алысты айқындап берген /159-бет/. Ұрыс екі-үш күн бұрын болыпты: өліктер ескіріп, иістене бастаған, беттері де қарайып кеткен, түрлерін ажырату қиын /155-бет/. Шығысқа қарай кетіп бара жатқан адам көп: үйеме жүк тиеген, оның үстіне бала-шаға, еркек-әйелі жыпырлап мінген екі-үш машина өтті, оқта-текте салдырлаған арбалар кездесіп қалады, ал қалғанының бәрі жаяу-жалпы /104-бет/.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сөз тіркесінің атау туғызуы туралы мәселенің зерттелуі
Жай сөйлемді оқыту
Ғалымның Қазақ тілі методикасы
Айқындауыш мүше, тыныс белгілері
Сөйлем ортасында және сөйлем соңында қойылатын тыныс белгілер
Пунктуация
Бастауыш сынып оқушыларына тыныс белгілерін үйрету жолдары
Жазуды меңгерудегі маңызды мәселе - орфография мен пунктуация
Саяси интернет дискурстағы субъективтік модалділік категориясының берілуі
Оқшау сөздердің морфологиялық құрылымы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz