Ұлттық тәрбие педагогикалық құндылық ретінде
Мазмұны
Жоспар
Кіріспе
Негізгі бөлім
І Тәрбие, тәрбие беру ұғымдары , мақсаты
1. Тәрбие берудің негізгі жолдары жаңашылдықты қажет етеді
ІІ Педагогикадағы тәрбиенің түрлері
2.1 Эстетикалық, еңбек тәрбиесі
2.2 Ұлттық тәрбие педагогикалық құндылық ретінде
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Зерттеудің көкейкестілігі. Ұрпақ тәрбиесіндегі басты мақсат-жан-жақты
дамыған тұлғаны тәрбиелеу.Негізгі тұлғаның өз өміріндегі орнын,атқаратын
міндетін,қазіргі және болашақ ұрпақ алдындағы жауапкершілігін,дүниесінің
күрделі құрылымынтүсіну және өзін-өзі тану арқылы дара тұлға ретінде өзін
үздіксіз бірқалыпты қалыптастыруға баулу. Жаңа кезеңдегі білім берудің
өзекті мәселесі жас ұрпаққа-адамгершілік-рухани тәрбие беру. Құнды
қасиеттерге ие болу, рухани бай адамды қалыптастыру оның туған кезінен
басталуы керек.
Халықта Ағаш түзу өсу үшін оған көшет кезінде көмектесуге болады, ал үлкен
ағаш болғанда оны түзете алмайсың деп бекер айтылмаған. Сондықтан баланың
бойына жастайынан ізгілік, мейірімділік, қайырымдылық, яғни адамгершілік
құнды қасиеттерді сіңіріп, өз-өзіне сенімділікті тәрбиелеуде отбасы мен
педагогтар шешуші роль атқарады. Рухани -адамгершілік тәрбие- екі жақты
процесс.
Бір жағынан ол үлкендердің, ата-аналардың, педагогтардың балаларға белсенді
ықпалын, екінші жағынан- тәрбиеленушілердің белсенділігін қамтитын
қылықтарынан, сезімдері мен қарым- қатынастарынан көрінеді. Сондықтан
белгілі бір мазмұнды іске асыра, адамгершілік ықпалдың әр түрлі әдістерін
пайдалана отырып, педагог істелген жұмыстардың нәтижелерін,
тәрбиелеушілерінің жетіктістерін зер салып талдау керек.
Адамгершіліктің негізі мінез-құлық нормалары мен ережелерінен тұрады. Олар
адамдардың іс-қылықтарынан, мінез-құлықтарынан көрінеді, моральдық өзара
қарым-қатынастарды басқарады. Отанға деген сүйіспеншілік, қоғам игілігі
үшін адам еңбек ету, өзара көмек, сондай-ақ қоғамға тән адамгершіліктің
өзге де формалары, бұл-сананың, сезімдердің, мінез-құлық пен өзара қарым-
қатынастың бөлінбес элементтері, олардың негізінде қоғамымыздың қоғамдық-
экономикалық құндылықтары жатады.
Баланың өмірге белсенді көзқарасының бағыты үлкендер арқылы тәрбиеленеді.
Тәрбиелеу, білім беру жұмысының мазмұны мен формалары балалардың
мүмкіндігін ескеру арқылы нақтыланады. Адамгершілікке, еңбекке тәрбиелеу
күнделікті өмірде, үлкендердің қолдан келетін жұмысты ұйымдастыру
процесінде, ойын және оқу ісінде жоспарлы түрде іске асады.
Тәрбиешінің ең бастапқы формалары педагогтың балалармен мазмұнды
қатынасында, жан-жақты іс әрекетінде, қоғамдық өмірдің құбылыстарымен
танысу кезінде, балаларға арналған шығармаларымен, суретшілер туындыларымен
танысу негізінде іске асады.
Мұндай мақсатқа бағытталған педагогтық жұмыс еңбек сүйгіштікке, ізгілікке,
ұжымдық пен патриотизм бастамасына тәрбиелеуге, көп дүнеині өз қолымен
жасай алуды және жасалған дүниеге қуана білуді дамытуға, үлкендер еңбегінің
нәтижесін бағалауға тәрбиелеуге мүмкіндік жасайды.
Балаларда ортақ пайдалы жұмысты істеуге тырысу, бірге ойнау, бір нәрсемен
шұғылдану, ортақ мақсат қою және оны жүзеге асыру ісіне өздері қатысуға
талпыныс пайда болады. Мұның бәрі де баланың жеке басының қоғамдық бағытын
анықтайды, оның өмірге белсенді ұстанымын бірте-бірте қалыптастырады.
Бүгінгі оқушы – Егеменді еліміздің болашағы екенін ескерсек, осы балалардан
қоғамның тұлғасы болар білімді, тәрбиелі, мәдениетті азаматтар шыға қояр
ма екен деген ой көпшілігімізді әсіресе тәрбие негізі қаланатын мектептегі
ұстаздар қауымын толғандырады. Себебі Тәуелсіз мемлекетіміздің ертеңі
ұрпақтың рухани байлығы, мәдениеті, саналы ұлттық ойлау қабілеті мен
біліміне байланысты. Өйткені әрбір халық ұрпағымен көктеп өркен жаяды.
Әрбір мемлекет рухы таза , санасы биік білімді де, білікті ұрпағынан қуат
алады, ол өзінің әрбір жаңа буын жас ұрпағы жетілген сайын дамудың жаңа
биіктеріне көтеріледі. Ал бүгінгі қоғам алдында тұрған ең жауапты міндет
– енселі еліміздің кірпіші боп қаланатын әрбір қоғам мүшелерін, яғни жас
ұрпақты адамгершілік қасиетке тәрбиелеу, тиянақты білім беру. Адам бойында
адамгершілік құндылықтар болмаса, олардың орнын ешқандай терең білім
толтыра алмайтынын өмірдің өзі дәлелдеуде.
Әр баланың жеке басы- оның моральдық дамуы үшін қамқорлық жасау- бүгінгі
күннің және алдағы күндердің талабы, оған педагогтың күнделікті көңіл бөлуі
талап етіледі.
Жасөспірімдердің білімі қалыпты болса да тәрбиесі жеткіліксіз болуының
қоғамға тигізер кесірі мол. Қоғам өркендеп, заман көркейгенмен жаны азған,
тілден, діннен безген, арбау мен алдау, кісі өлтіру мен ұрлық, әділетсіздік
пен қайырымсыздық сияқты келеңсіз жағдайлардың кездесуі - ата-ана, мектеп,
жұртшылық тарапынан тәрбиенің кеміс түсіп жатқанының айғағы. Сондықтан
қазіргі таңда мектептің алдында тұрған өзекті мәселелердің бірі - білім
берумен қатар тәрбие жүйесін жетілдіру. Жалпы білімді ізгілендіре отырып,
тәрбие беру жолдары қандай? Тәрбие беру жолдарын қалай жетілдіруге болады?
Міне, педагог қауымды ойландырып отырған осындай мәселелер. Осыған орай
тәрбие беру процесі педагогика саласының үлкен де ажырамас бөлігі болып
отыр. Сондықтан да бұл зерттеу жұмысының тақырыбы қай кезеңде болмасын
өзінің өзектілігін жоғалтпайды.
Зерттеудің мақсаты. Білім беру мекемелеріндегі тәрбие үдерісін ұйымдастыру
жағдайында болашақ педагогтарды оқушылардың адамгершілік тәрбиенің
мүмкіндіктері және шығармашылық қызығушылығын қалыптастырудың педагогикалық
шарттарын айқындау, тәрбие берудің педагогика саласының маңызды құндылығы
екенін дәлелдеу
Зерттеудің міндеті.
1. Білім берудің жаңа парадигмасы мен білім беру жүйесін дамыту
тенденциялары аясында тәрбие үдерісінің теориялық-әдіснамалық негіздерін
айқындау.
2. Болашақ педагогтарды оқушылардың адамгершілік қасиеттерін,
шығармашылық қызығушылығын қалыптастырудың мәні мен мазмұнын
анықтау, адами құндылықтар ұғымдарына анықтама беру, жүйелеу.
3.Тәрбие үдерісін ұйымдастыру жағдайында болашақ педагогтарды оқушылардың
адамгершілік қасиеттерін, шығармашылық қызығушылығын қалыптастырудың
құрылымдық-мазмұндық моделін жасап, өлшемдері мен көрсеткіштерін,
деңгейлерін негіздеу.
4.Студенттер мен оқушыларға адамгерішілік қасиеттерін, шығармашылық
қызығушылығын қалыптастыруда жаңа тәрбие технологияларының мүмкіндіктерін
көрсетіп, оны болашақ педагогтардың кәсіби дайындығында пайдаланудың
мазмұндық сипатын көрсету.
Зерттеудің нысаны. Білім беретін мекемелердегі тәрбие үдерісі
Зерттеудің пәні. білім берудің жаңа парадигмасы жағдайында болашақ
педагогтарды жоғарғы оқу орындарына, мектептегі тәрбие жұмыстарына дайындау
Зерттеудің болжамы. Егер, болашақ педагогтарды мектептің тәрбие ісіне
елеулі жаңашылдық өзгерістерге байланысты дайындаса, әсіресе оқушылардың
шығармашылық қызығушылығына және тұлғаның адамгершілік қасиетіне мән
берілсе және теориялық, әдіснамалық негіздері айқындалса; онда бүгінгі
қоғам талаптарына сай өзекті мәселені шешудің нәтижелілігі артып тәрбиенің
инновациялық үдерісі қамтамасыз етіледі.
Зерттеудің әдістері. зерттеу міндеттеріне сәйкес, мәселені шешуде
философиялық, психологиялық-педагогикалық еңбектерге теориялық талдау
жасау, салыстыру, нақтылау және жинақтау, мемлекеттік ресми және
нормативтік құжаттарды талдау, жалпы білім беретін мектептердің озат
тәжірибелерін зерделеу, тестілеу, әңгімелесу, сауалнама жүргізу, сараптау,
нәтижелерді жүйелеу.
Зертеудің құрылымы. Бұл курстық жұмыс кіріспеден, негізгі бөлімнің өзі екі
бөлімшеден, қорытындыдан тұррады. Жұмыстың соңында пайдаланылған әдебиеттер
тізіміне сілтеме жасалған.
1.Тәрбие, тәрбие беру ұғымдары. Педагогика теориясы мен тәжірибесінде
тәрбие мазмұны ең маңызды жэне көкейкесті ұғымдардың бірі. Қазіргі тәрбие
мазмұны ғасырлар бойы қалыптасып, белгілі бір тарихи кезеңде қоғамдық
сананың даму ерекшеліктеріне идеяалық жэне құндылық ұстанымдарға байланысты
жетіліп отырды.
Ұрпақтардың табиғи түрде алмасуы қай кезде болмасын маңызды қоғамдық
міндет болып табылатын алдыңғы ұрпақтардан келесі ұрпақтарға әлеуметтік
тәжірибені жинақтап жеткізетін тәрбие процесі орындалатын білім беру
жүйесіне қоғамның аса көп көңіл аударуын талап етіп отырған.
Тәрбие мазмұнын жаңаша қарастыру, оны іске асырудағы тұлғалық
бағдарлық және іс-әрекеттік тәсілдер ғалымдар мен педагогтарды жеке тұлғаны
қалыптастыру міндеттерін шешудің тиімді құралдарын тұтас педагогикалық
процесс тұрғысынан іздестіруге ынталандырады.
Тәрбие мақсаттарын тереңінен білу педагогтарда негізінен қандай адамды
қалыптастыруы қажет екені туралы, өздерінің іс-әрекеттеріне не нәрсе
саналылық, айқын бағыт, қисындылық беретіні туралы көзқарас тудырады.
Сонымен қатар тәрбие мақсаттарының одан ары айқындалуы оның
міндеттерінің қалыптасуына ықпал етеді. Тәрбиенің мақсаттары мен міндеттері
тәрбиелік жұмыстардың мазмұнын анықтауға тікелей қатысты.
Тәрбие мазмұны – эр тұлғаның өмірдегі өз орнын өзі белгілеуіне
қамтамасыз етуге, оның өзін-өзі жүзеге асыруы үшін жағдайлар жасауға
бағытталған, қоғамның экономикалық және әлеуметтік даму көрсеткіштерінің
бірі. Сонымен бірге, тұлғаны ұлттық және әлемдік мәдениетке тәрбиелеу, өз
қоғамына тығыз байланысты, және сол қоғамды жетілдіруге ұмтылған адам және
азамат қалыптастыру қамтамасыз етіледі.
Әлеуметтік тәжірибені меңгеру адамдардың, халықтардың қандай болса да
нәсілдік, ұлттық, тайпалық, діни және әлеуметтік топқа жататындарына
қарамастан, өзара түсінушіліктерін, ынтымақтастықтарын нығайтуылары тиіс,
сонымен қатар, әр-түрлі дүниетанымдық көзқарастар ерекшеліктерін ескерулері
қажет.
Тұтас педагогикалық процесс теориясында педагогикалық процесс мәнінің
қазіргі қоғамдағы тәрбие мақсаты – қоғамның шығармашылық іс-әрекетін
белсенді қатыса алатын үйлесімді дамыған тұлғаны қалыптастырумен толық
сәйкес келуіне көп көңіл аударылады. Сондықтан да педагогикалық процесстің
негізгі тәрбиелік механизмдері оқушыларға қатысты барлық іс-әрекеттер
түрлері қалыптасатын қатынастар жазықтығында орналаскан.
Жеке тұлға тек өз іс-әрекеті арқылы ғана дамитыны бәрімізге белгілі.
Іс-әрекет тек қана менікі, менің жүрегімде тууы тиіс – деп кезінде
К.Д.Ушинский түсінікті де, әсерлі анықтама берген.
Сондықтан да педагогтар тәрбие процессін ұйымдастыру барысында балалар
әрекеттерінің ішкі мотивтеріне сүйене отырып, тәрбиеленушілердің кез келген
әрекеттер түрін мазмұнды етіп толықтырулары қажет.
Тәрбие мазмұнының мэселесі тәрбие бағдарламаларымен тығыз байланысты.
Нақты бір білім беру мекемесіндегі тәрбие мазмұны мекеменің өз бетінше
жасап, қабылдап іске асыратын білім беру бағдарламаларымен анықталады.
Тәрбие бағдарламалары тәрбиенің негізгі мақсаттары мен міндеттер шеңберін
анықтап, тәрбие мазмұнының сипаттамаларын, ерекшеліктерін, негізгі
бағыттарын ашып көрсетеді.
Қазіргі қоғам жастарын тәрбиелеудің стратегиялық бағыты ретінде
делдалдық қасиетке ие, жалпы адамзаттық құндылықтарды игере алатын, ұлттық
санасы дамыған, көп мәдени тұлғаны қалыптастыру болып саналады.
Осы ойлар Мектепке дейінгі жэне мектеп жасындағы балаларды тәрбиелеу
тұжырымдамасында (1995 ж.), Білім беру жүйесіндегі мемлекет саясатының
тұжырымдамасында(1996 ж.), Қазақстан республикасындағы этномәдени білім
беру тұжырымдамасында(І996 ж.), Қазақстан Республикасындағы білім беру
ұйымдарындағы тәрбиелеудің кешенді бағдарламасында (2000 ж.), 2005-2010
жылдарда Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың мемлекеттік
бағдарламасында(2004 ж.), Қазакстан Республикасының 2015 жылға дейінгі
білім беру тұжырымдамасында (2004 ж.), және мектептегі тұтас педагогикалық
процесті ұйымдастырудағы Қазақстан Республикасының білім және ғылым
Министрлігінің тағы басқа құжаттарында көрініс алады.
Жас ұрпақты тәрбиелеу үнемі тұрақты идеялар мен құндылықтарға
негізделуі керек. Сондықтан да, қазіргі замандағы барлық тәрбие жүйесінін
идеялық негізі ретінде бірнеше ғасыр тәжірибесінде қалыптасқан және
дәледенген гуманизм принциптері болуы тиіс.
Гуманизм ең алдымен адамның адамдығын білдіреді: адамдарға деген
махаббат, сүйіспеншілік, психологиялық сабырлықтың жоғарғы деңгейі, адамдар
арасындағы қарым-қатынастағы мейірімділік, тұлғаны сыйлау, қошеметтеуді
көрсетеді..’Гуманизм ұғымы адамды ең жоғарғы құңдылық ретінде санайтын
құндылық бағдарлары жүйесі ретінде қалыптасады.
Гуманизмді қазіргі заман талабына сай қарастырсақ онда адам тұлғасының
тұтас, жан-жақты қалыптасуына көп көңіл бөлінеді.
Бұл жан-жақтылық оның интеллектуалды, рухани, адамгершілік, дене және
эстетикалық қабілеттерінің үйлесімді дамуы арқылы айқындалады. Сонымен,
гуманизм тұрғысынан, тәрбиенің түпкі мақсаты болып әрбір адамның таным,
қарым-қатынас, іс-әрекет жасаудың толық субъектісі болуы, яғни, өмірде орын
алатын барлық жағдайларға жауапты, тәуелсіз, дербес тұлға бола алуы
қарастырылады. Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев: – Болашақ ұрпағымызды
тәрбиелегенде, оларға жастайынан имандылық пен ұлттық қасиеттерді сіңіре
білсек, сонда ғана біз ұлттық рухы дамыған, Отанының гүлденуіне өз үлесін
қоса алатын азамат өсіре аламыз, – деген болатын. Ол үшін ең әуелі
ұрпақтарымызды бала кезінен ұлттық тәлім-тәрбиеге баулып, халқының салт-
дәстүрін жақсы біліетін саналы азамат тәрбиесіне көңіл бөлуіміз керек.
Сондықтан қатардағы пендені нағыз толыққанды тұлғаға айналдыру үшін
ұлттық құндылықтар арқылы тәрбие берудің маңызы зор.
Құндылық дегеніміз не? Құндылық – тәрбие мен оқутудағы адамгершілікке
бағытталған мұраттар. Оларға меймандостық, кісілік, сыйластық, имандылық,
кішіпейілділік, салауаттылық, қайырымдылық, ізгілік, еркіндік, өнерпаздық,
шешендік, ақынжандылық, сыпайылық, мәдениеттілік, шығармашылдық, рухани
байлық, махаббат сынды қасиеттер жатады.
Құндылықтар – шынайы ғана болады, ол адамға тәуелді емес, дей
тұрғанмен ол адам санасында орын алады. Құндылықтар сезім арқылы
қабылданады, ал сана арқылы оны түсінуге болады, соның нәтижесінде тұлға
құндылықты игереді, соған сай әрекет етеді.
Ал жеке тұлға – әлеуметтік қатынастар мен саналы іс-әрекеттің
субъектісі ретіндегі индивид. Нақтырақ айтсақ, ана тілі мен ұлттық салт-
дәстүрін құрметтейтін, басқа тілде де жетік сөйлей білетін, дүниетанымы,
ақыл-ой парасаттылығы қалыптасқан, еңбекқор, мақсат қоя алатын және сол
мақсатқа жету жолдарын таңдай білетін, жауапкершілігі мол, мінез-құлқы,
айналадағы адамдарға, қарым-қатынас мәдениеті жоғары, Отанын сүйетін,
күрделі жағдайларда нақты шешім қабылдай алатын, өзіне сын көзбен қарай
білетін салауатты тұлға.
1.1Тәрбие берудің негізгі жолдары жаңашылдықты қажет етеді. Тәрбиенің
мақсаты мен жүйесі мемлекеттің саясаты мен экономикасына тәуелді. Тәрбие
мен қоғам бір мезгілде пайда болды. Тәрбие қоғамдық құбылыс, онсыз қоғам
өмірі ілгері дамымайды. Алғашңы қауымдық құрылыста ересектер балаларды
еңбекке дағдыландыру үшін қауымның әдет-ғұрпын, салтын үйретті.
Таптық қоғамда тәрбие мақсатын анықтау қоғамның ең негізгі мақсатына
айналды. Құл иеленуші қоғамдық құрылыста құлдар, өндіріс құралдары (жер,
еңбек құралдары) - құл иеленушілерінің жеке меншігі болды. Тәрбиенің
мақсаты құл иеленушінің мүддесіне бағындырылып, балаларды басқыншылық соғыс
өнеріне тәрбиеледі.
Әрбір мемлекетте балаларға білім беру мен тәрбиені ұйымдастырудық
нақтылы мәселелері мен әдістері қарастырылады. Мұғалім қандай адамды
қалыптастыратынын дәл білуі керек. К.Д.Ушинский өз қызметінің айқын
мақсатын көрмейтін тәрбиешіні құрылыс материалдарын бір жерге үйіп тастап,
одан не алғысы келетінін білмейтін архитектормен салыстырады. Тәрбиеші жас
ұрпаққа берілетін білім, іскерлік, дағдыны, тәрбиелейтін сезімді біліп,
жоспарлы, мақсатты тәрбие жұмысын жүргізеді.
Я.А. Коменский "Тәрбие мақсаты және міндеттері, маңызы, жүзеге асыру
жолдары адамның қоғамда алатын орнымен анықталу керек", "Келесі ғасырдық
қандай болатындығы сол ғасыр үшін тәрбиеленген азаматтарға байланысты.
Дүние - даналар-дық көптігімен баңытты" - деген ойлар айтты. Осы ойларын
"Ана мектебінің" кіріспесінде өрбітеді. И.Г. Песталоцци тәрбиенің мақсаты
балаға бастауыш білім, еңбек, ақыл-ой, дене тәрбиесін беріп, жан-жақты және
үйлесімді дамыту деген. Неміс педагогы А. Дистервег педагогикалық
мәселелерді шешудегі сословиелік және шовинистік саясатқа қарсы күресіп,
"Мектептің міндеті - адамзатты және өз халқын сүйетін саналы азаматтарды
тәрбиелеу" - деген. К.Д. Ушинский тәрбиенің мақсаты қоғамға пайдалы,
адамшылығы бар адамды тәрбиелеу деген. Ол адамгершілік тәрбиесін ақыл-ой,
еңбек тәрбиесімен тығыз байланысты қарастырады. П.П.Блонский тәрбие мақсаты
балаға жалпы адамзаттың және ұлттың мәдениетті меңгеруге көмектесу, жеке
тұлғаның жалпы адамзаттық идеалдарын қалыптастыру деген. 1941-1990
жылдардағы педагогикалық әдебиеттерде "жан-жақты даму" ұғымына ақыл-ой,
политехникалық оқу және өндірістік еңбек, адамгершілік тәрбиесі, дене және
эстетикалық тәрбие салалары енгізілді. А.С.Макаренко тәрбиенің мемлекеттік
міндеті негізінде педагогикалық міндет қойып, педагогтардың жұмысын
бақылауға алуға болатындығын атап көрсетті. Ол "Тәрбиенің негізгі мақсаты
баланы жан-жақты дамыту" - деген ұсынысты қолдады, В.А.Сухомлинский оны
жүзеге асырды. Тәрбие мақсаты қазақ тәлім-тәрбие тағылымына да қойылды. Ұлы
ұстаз Әбу Насыр әл-Фараби "Адамға ең әуелі білім емес, тәрбие берілуі
керек. Онсыз берілген білім - адамзаттың қас жауы. Ол келешекте оның барлық
өміріне апат әкеледі" - деді.Ы.Алтынсарин "өмірдің негізгі мәні — еңбек, ол
адамның адамгершілік қасиетін мәртебелендіреді, өмірдің шын қадірін тек
еңбексүйгіш адам ғана түсіне алады. Мәнсіз еңбек, мағынасыз бейнетқорлық
адамның жігерін мұқалтады, өз еңбегінің қызығын, рақат-ләззатын көре білу -
кісіліктің басты белгісі" - деген. Абай Қүнанбаев талап, еңбек, терең ой,
қанағат, рақым сынды жеке тұлғалық жақсы сапаларды қалыптастыру мақсатын
қойып, өсек, өтірік, маңтаншақтың, еріншектік, бекер мал шашпақ сияқты
зиянды әдеттерді жоюға шақырады. М.Жұмабаев "Көркем денелі, түзу ойлайтын,
дәл пішетін, дәл табатын ақылды болса, сұлу сөз, сиқырлы үн, әдемі түрден
.ляззат алып, жаны толқынарлық болса, баланың дұрыс тәрбие алып шын адам
болғандығы" - деп жазды.
Педагогикалық құбылыс пен үрдіс арасындағы байланысты заңдылықтар деп
атайды.
1. 'Тәрбиенің қоғамның әлеуметтік-экономикалық жағдайына,
демократиялық принципті іске асыруына, адам құқығын қорғау мәселелеріне
тығыз байланыстылығы. Осы заманғы тарихи жағдайларға байланысты халықаралық
қауымдастық дүниежүзі тарихында халықаралық стандарт болып табылатын жалпы
адамзаттың құндылықтар мен адамның негізгі құқығы, бостандығы ашылып
көрсетілген ("БҰҰ адам құқығының жалпыға бірдей декларациясы" "Бала
құқығының Конвенциясы") құжаттарын жасады. Олар осы заманғы тәрбие теориясы
мен әдістемесіне, тәрбие мұраттары мен рухани құндылықтарға жаңаша бағыт
береді. Қазақстан Республикасының "Білім туралы" (1999) Зақына сәйкес бұл
құжаттар еліміздің білім саласындағы мемлекеттік саясатының негізі болды.
2. Тәрбиенің оқыту мен білім берудің сапасына байланыстылығы. Оқыту -
тұлғаны қалыптастырудық құралы. Тәрбиенің мазмұны, түрі және әдісі
тәрбиеленушілердің даму дөрежесіне байланысты іріктеледі.
3. Тәрбие мен өзін-өзі тәрбиелеу бірлігі. Жеке адамның дамуы мен
қалыптасуында белсенділіктің рөлі зор. Іс-әрекет барысындағы белсенділіктің
түрлері: қарым-қатынас белсенділігі, таным белсенділігі, өзін-өзі тәрбиелеу
белсенділігі. Қарым-қатынас белсенділігі тұлғаның мінез-құлқын, жүріс-
тұрысын қалыптастырады.Таным белсенділігі - заттар мен құбылыстардың мәнін,
ғылыми ұғымдар мен заңдылықтарды терең түсінуге, оны тәжірибеде қолдана
білуге үйретеді. Егер ересек адамдар балалардың сұрақтарын қостап, таным
белсенділігінің дамуына бағыт беріп отырса, онда олардың талпынғыштық және
бақылағыштық қасиеттері қалыптасады. Өзін-өзі тәрбиелеу белсенділігі -
тәрбиеші өзін-өзі тәрбиелеуге баланың ынтасын оята алғанда тәрбие жұмысы
нәтижелі жүреді.
4. Педагогикалық процестегі ұжым мен жеке адамның өзара байланысы.
Ұжымның басты борышы - әрбір адамның шығармашылық өсуіне қамқоршы болу.
Принцип дегеніміз - адамның іс-әрекетінде басшылыққа алатын алғы шарты,
негізгі ережесі. Бүгінгі күннің талабына сай ұрпақ тәрбиесінің мазмұнын,
әдіс тәсілдерін және ұйымдастыру жүйесінің іргетасын қалайтын негізгі
қағидалар:
1. Тәрбиенің идеялылығы мен мақсаттылығы. тәрбиенің негізгі мақсаты -
дені сау, ұлттық сана-сезімі оянған, рухани ойлау дәрежесі биік,
мәдениетті, парасатты, ар-ождан мол, еңбекқор, іскер, бойында басқа да игі
қасиеттері қалыптасқан адамды тәрбиелеу. Мектептің бүкіл іс-әрекеті,
қоғамдық өмірі осыған қызмет етуі керек.
2. Жас ұрпақты іс-әрекет пен қарым-қатынас арқылы тәрбиелеу -
балаларды ақыл-ой әрекетімен қатар іскерлік пен пысықтыққа машықтандыру,
өнімді еңбек етуге бейімдеу, ата-ана мен бала, Тәрбиеші мен тәрбиеленуші,
үлкен мен кіші арасынғы қарым-қатынасты өзара сенімге, қайырымдылыққа,
имандылыкқа, бір-біріне сый-құрметпен қарауға негіздеу, тәрбие барысында
психологиялық жайдарылық, үйлесімділік ахуал туғызу, жас азаматтың өзіне
сенімін арттыру, қамқоршылық сезімін дамыту.
3. Тәрбие барысында жеке тұлғаға қойылатын талап пен көрсетілетін
құрметтің бірлігі. Жаңашыл ұстаз Құмаш Нүрғалиев "Мұғалім мен оқушы
арасында үзілмейтін алтын желі болуы тиіс. Ол баланың ұстазына деген
сенімі, мұғалімнің баланы сүюі" - деген болатын. Тәрбиеленушіні құрметтеу
және оған талаптар қою - баланың мықты және нашар жақтарын біліп, оның
өсуіне қажетті жағдайлар жасау. Талап қоюдан оқушыға құрмет, күші мен
қабілетіне сенім көрінеді. Мұғалім оқушы бойынан рухани қасиетті жобалап,
оған сүйеніп, оқушының өз тәжірибесін дамытуына көмектесу керек.
4. Тәрбиелік ықпалдардық тізбектестігі, жүйелілігі, үздіксіздігі.
Тәрбие тәжірибесі балаларға қойылатын талап пен педагогикалық ықпал бірлігі
қажет екенін дәлелдеді. Ұрпақ тәрбиесінің нәтижелілігі - тәрбие
мекемелеріндегі талаптың бірлігі, іс-әрекеттің сабақтастығы.
5. Оқушылардың жас және жеке ерекшелігін есепке алу. Оқушылардың жеке
ерекшелігі - денсаулығы, ақыл-ойы, адамгершілік қалыптасуы, сыртқы
әсерлерге жауабы, қабылдауы, т.б. Біреулері өзінің байсалдылығымен
ескертулерді дұрыс қабылдаса, кейбіреулеріне керісінше әсер етуі мүмкін,
сондықтан оқушылардың тәрбиелік дәрежесін дер кезінде анықтап отыру қажет.
Тәрбие жұмысының барлығы білім мен сенімнің, сөз бен істің үздіксіздігі
негізінде құрылады. Бала - педагогикалық қамқорлықтың ең жоғары мақсаты.
Баланың ішкі мүмкіндіктерінің ашылуы адамдардық сүйіспеншілік сезімі мен
қарым-қатынасына байланысты. Баланы тең адам санап, оған еркіндік бергенде
ғана ол өз пікірін ашық айта алады, үлкендердің балаға деген құрметі
олардың сенімін арттырады.
Бастауыш сынып оқушыларының өзіндік санасы жаңа қалыптасып келе
жатқандықтан, олар негізінен мұғалімнің ықпалында болады. Жасөспірімдер
жедел дамып келе жатқандықтан тәрбиесі бірқалыпты жағдайға ауысып, өзін-өзі
тәрбиелеуге қажеттілігі артады.
6. Баланы ұжымда, ұжым арқылы тәрбиелеу - тәрбие жұмысындағы жетекші
принциптердің бірі. Мұны екі түрлі көзқарас тұрғысынан қарау керек. Бірі -
ұжымдық тәрбие қоғамның негізгі қаруы. Бала берік ұйымдасқан, ынтымақты,
өлеуметті, рухани таза ұжымда болуы қажет. Екіншісі - тәрбиеленушінің
педагогтың ықпалымен, көзқарасымен шектеліп қалмауы. Педагог - тәрбиеші
қосарланған ұғымына А.С.Макаренко қарсы болып, оны ұжымның жан-жақты
тәрбиелік әсерімен бекітуді ұсынған. Бірлескен іс-әрекетте, орынды
ұйымдастырылған ұжымдық жұмыстарда өзара тәуелді, жауапкершілікті
қатынастар туындайды, баланың тәжірибе және ұжымдық өмір дағдыларын жинау
процесі жүреді.
7. Тәрбие процесінде мұғалім, мектеп, отбасы және қоғамдық ұйымдардық
күш-қуатын үйлесімді педагогикалық бірізділікке бағыттау. Тұлға өзін өмірде
сирек кездесетін ерекше феномен деп қарайды. Бұл принцип мектеп
мұғалімдерінің, отбасының және қоғамның педагогикалық күш-жігерінің бірлігі
мен қызмет етуін қажет етеді. Бала тәрбиесінде отбасының рөлі көп жағдайда
жаңа әлеуметтік қатынастарға байланысты. Ол ата-аналар мен мектептің және
қоғамның арасындағы нарықтық еңбек жағдайында қатасады. Отбасындағы
тәрбиеге көмек ретінде елімізде демеушілер мен қайырымдылық жасаушылар,
әлеуметтік құқық қорғау бөлімдері мен қамқорлық қорғау кеңестерінің жұмысы
да ұмытылуда. Тұлғаның сапаларын қалыптастыру бір мезгілде, кешенді түрде
жүргізілетіндіктен, педагогикалық ықпал да кешенді сипатқа ие болуы тиіс.
Жасөспірімдердің өздеріне сын көзбен қарамауы, жауапкершілік сезінбеуі ата-
аналары мен мұғалімдерді босқа мазасыздандырып отырған жоқ. Мектеп пен
отбасындағы балалар тәрбиесінің ең маңызды міндеті - оларды қажетті өмір
сүру процесіне дайындау.
8.Өзін-өзі тәрбиелеуді көбіне ұнамсыз жайды сезініп, сонымен күресуден
бастайды. Біреуі - бойындағы берекесіздіктен, екіншісі - дөрекіліктен,
үшіншілері - тұйықтықтан, ұялшақтықтан арылғысы келеді.
Мақсат қою, күш-жігер жұмсау, өзін-өзі бақылау мен өз ісіне талдау
жасап отыру - өзін-өзі тәрбиелеудің міндетті элементтері.Оқушылар өзін-өзі
тәрбиелеу бағдарламасын қалай жасауды жақсы елестете алмайтындықтан, оларға
жиі-жиі көмек көрсетуге тура келеді. Олар өзінің ойлау ерекшелігі мен мінез-
құлңына талдау жасауға қиналады. Тәрбиешілер оқушыларға өзін-өзі
тәрбиелеудің маңыздылығын түсіндіретін арнаулы әңгімелер немесе
пікіртапастар өткізеді.
2.Педагогикадағы тәрбиенің түрлері. Мұғалім тәртіп бұзған оқушылармен жеке
сөйлесіп, оның кателігін өзіне әдепті түрде түсіндіреді.Әңгіме тақырыбына
байланысты техникалық құралдар қолданылады.Әңгіме мұғалімнің қысқаша
сөзінен басталады. Ол оқушыларға мәселелі сипаттағы сұрақтар қойып,
талдатып, қорытындылайды.
• Пікірталас. Пікір білдіру, баға беру оқушының дүниеге сенімін арттырып,
ондағы қателіктер мен кейбір адамдардың жалған көзқарастарымен күресуге
үйретеді.Пікірталас оқушылардан ақыл-ой қызметін, сезім белсенділігін талап
етеді. Мұғалім пікірталасты өткізбес бұрын оның тақырыбын, сұрақтарын
тұжырымдап, жүргізушіні белгілеп, қолданылатын әдебиеттерді ұсынып,
оқушыларды пікірталас ережелерімен таныстырады.
Түсіндіру. Бір топқа, жеке оқушыларға жаңа ережелер басқа адамды
құрметтеу, өзін басқа кісінің орнына қою, т.б. түсіндіріледі. Партаны сызу,
дөрекілік жасау теріс қылық екенін түсіндіре берудің қажеті болмағандыңтан
басқа әдіс қолдану керек. Мұғалім адамшылық қасиет туралы баланың пікірін
сұрап, оқушыны жақсы сапалардың қажеттігіне сендіріп, баланы теріс қылығы
үшін ұялтып, түзелуге бағыттайды.
Өнеге. Мұғалім оқушыларға әдебиеттегі және өмірдегі түрлі
кейіпкерлерді үлгі еткенде оқушы өзінің ішкі жан-дүниесіне үңгіле
бастайды. Бала басқа адамға еліктегіш. Бастауыш сынып оқушылары барлық
адамдарға еліктейді. Жеткіншектер өздері таңдаған адамдарына
еліктейді.Балалар әдеби және тарихи кейіпкерлерге, құрбыларына,
ересектерге, ата-аналарына, мұғалімдерге, бұқаралық ақпарат құралдарының,
өнердің жас ұрпаққа үлгі ететін адамдарына еліктейді.
Сендіру. Мұғалім өз пікіріне баланы сендіргісі келіп, оған былай
дейді: "Ақымақ - жаман адам, себебі ол өз ісіне есеп бермейді". Оқушыға
сабаққа кешігудің зияндығын дәлелдеу үшін: "Бәріміздің ойымызды бөліп
жіберетіндіктен, адамдардың кешіккені ұнамайды,", - дейді. Мәдениеттіліктің
пайдасына оқушының көзін жеткізу үшін, мұғалім: "Суды стақанмен іш, шишаның
аузынан ішуге болмайды", - дейді. Мұғалім балаға қарым-қатынастың маңызын
ашу үшін: "Сен газетті үйіңе ұмытып кеткендіктен, сынып сағатымыз ойдағыдай
өтпейді" - дейді. Диалог әдісін қолданатын мұғалім: "Мен осылай ойлаймын,
сендер қалай ойлайсыңдар", - деп сөйлеседі. Пікірталас жұмыс барысында
пайда болады немесе оны мұғалімнің өзі ұйымдастырады. Көркем шығармадан
алған әсерін мұғалім оқушыға былай білдіреді: "Мына портреттегі адам екінші
портреттегі адамға қарағанда сұлу". "Сенің ақылық бар ғой, жібірлеген
құрбыңнан кешірім сұра", - деп, мұғалім балаға нұсқау береді. Ол жасырын
тұрде болғандыңтан бала басқаша қабылдайды. Ертегі, әдеби кітаптар,
мерзімді баспасөз материалдары мектеп жасындағы оқушылардың адамгершілік
санасын қалыптастыратын құралдардың бірі. Оқушылар жағымды кейіпкерлерге
еліктеп, жамандыңтан аулақ болуға үйренеді.
Көзін жеткізу - тәрбиешінің өз тәртібі, жұмыс тәсілдері арқылы жүзеге
асатын, балалар көзқарасына ықпал етудің педагогикалық тәсілі.
Қоғамдың пікір. Балаларға тәрбиешінің қоятын талабы ең алдымен ұжымның
талабы екендігін түсіндіру керек. Ұжымның талабы - жалпы қоғамдың пікірдің
көрінісі. Қоғамдың пікір ұжымдағы іс-әрекетті ұйымдастыру және мінез-
құлықты қалыптастырудың негізгі әдісінің бірі.
Қоғамдың пікір ұжым мүшесінің, жекелеген топтардың іс-әрекетін, қылығын
бағалауда қолданылады. Қоғамдың пікірдің негізгі нысандары - ұжым
мүшелерінің жиналыста, жиындар да, митингіде, жергілікті баспасөзде және
дөңгелек үстел басында, ашың әңгімеде, кемшіліктерді сынап, жаңа
міндеттерді жүзеге асырудың жолдарын белгілеуі.
Қоғамдың мінез-құлықты қалыптастыру және оқушылардың іс-әрекетін
ұйымдастыру. Іс-әрекет - адамдардың қоршаған ортаға белсене қатысуының
негізгі нысаны, ішкі жан дүниесінің көрсеткіші, дамуының, өздігінен
жетілуінің шешуші белгісі. Адамның іс-әрекетінің дамуына қарым-қатынас
ерекше әсер ететіндіктен, іс-әрекеттен тыс тәрбиенің болуы мүмкін емес.
Бала іс-әрекетіне қойылатын педагогикалық-психологиялық талаптар:
-іс-әрекеттің мақсатының анықтығы, оның жеке адамға, қоғамға, ұжымға
пайдалылығы, оқушының ынта ықыласын, қабілеттілігі мен іскерлігін ескеру;
оқушылардың ортақ істі сезімталдықпен орындауына қолайлы жағдай жасау.
- баланың мүддесі мен бейімділігін ескере отырып, оның көңілінен шығатын,
шамасы жететін қоғамдың жұмысқа, еңбекке қатыстыру өздігінен әрекет ету
тәжірибесін кеңейтеді.
- іс-әрекетті дұрыс ұйымдастыру балалардың белсенділігіне байланысты.
Жұмысты жоспарлау, жеке тапсырмаларды бөлу, оның нәтижесін тексеру, т.б.
міндеттерді балалар шешіп отыруы керек. Бала талабы мен қабілетін еңбекте
көрсеткенде дамиды.
- тәрбиешінің басшылығы, жұмыс барысында кеңес беру, балалардың ынтасын
арттыру. Жұмыстың мазмұны мен түрлерін, әдістерін жандандыратын материалдың
және моральдың жағдайды сақтау.
оқушылар ұжымының қоғамдың пікірі арқылы іс-әрекет-тің нәтижесін
қорытындылау. Педагогикалық талап әдісі іс-әрекеттердің бір түрін тежеу,
енді бір түрін мадақтау тәрбиеленушінің санасын дамытады. Л.Г.Макаренко:
"Егер жеке адамның басына тиісті талаптар қойылмайтын болса, онда ұжымды
құруға, ұжым ішінде тәртіп құруға да болмайтындығы, әрине, өзінен-өзі
түсінікті нерсе. Мен жүйелі түрде талаптар қойылуын жақтайтын адаммын", -
деп педагогикалық талап әдісінің басқа әдістерге қарағанда ерекшелігін
көрсеткен. Оқушылардың өмірінде педагогтің талап қоюы шешуші рөл атқарады.
Нақтылы педагогикалық жағдайға байланысты талаптың, түрі, мазмұны
іріктеледі. Тәрбиеші мен тәрбиленушінің өзара әңгімесі мен байсалды,
сенімді қарым-қатынас педагогикалық талаптың нәтижелі болуына ықпал
жасайды. Тұтас педагогикалық процесте тәрбиеленушіге педагогикалық талап
қою мен дұрыс іс-әрекет істеуге мәжбүр ету қатар жүреді.
Жаттығу әдісі - мінез-құлықтың нормалары мен ережелеріне сай
тәрбиешінің әр түрлі іс-әрекетті ұйымдастыруы. Тәрбиеленушілердің
орындайтын жаттығулары - тәрбиешінің талаптарын орындап, адам игілігіне
еңбек ету, басқаларға қамқорлық жасап, қуанышқа бөленуі. Жаттығу әдісі
оқушыны объект жағдайынан субъект жағдайына жеткізеді. Жаттығу әдісінің
педагогикалық-психологиялық ерекшелігі - жаттығулар мен әрекеттердің
баланың ішкі қасиетіне айналуы. Тапсырма бергенде баланың ішкі мүмкіндігін,
күшін, бағытын жан-жақты терең зерттеп, қоғамдық бел-сенділігін басқару
жалпы адамзаттық адамгершілік қасиетінің дамуына және оның дұрыс іс-қимылы
мен мінез-құлық дағдысын қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Ойын - бала әрекетін дамытудың негізгі құралы. Ойын баланың мінез-
құлқын қалыптастырып, ой-өрісін өсіріп, ортаға бейімдеп, өзін еркін сезуге
үйретеді. Ойын - балалардың бір-біріне деген қайырымдылық, мейірімділік,
жанашырлық, достық, жолдастық сезімдерін тәрбиелейді. Балаларды қоршаған
ортамен таныстыру, тілін дамыту, табиғатпен таныстыру, бейнелеу өнері
пәндері оларда табиғатқа деген сүйіспеншілік, үлкендердің еңбегіне қызығу
мен сыйластық сияқты адамгершілік сипатын қалыптастырады. Ойын - мектеп
балаларының негізгі іс-әрекеті. Сұлтанмахмұт Торайғыров "Балалықтың қанына
ойын азық" деп бекер айтпаған. Ойын үстінде баланың бір затқа бейімділігі,
мүмкіндігі және қызығуы анық байқалады. Ойын мазмұны мен түріне қарай:
мазмұнды-бейнелі, қимыл-қозғалыс, дидактикалық, құрылыс, кейіптендіру
ойындары болып бөлінеді. Мазмұнды-бейнелі ойында балалар ойын мазмұнын
түсінікті етіп жеткізуге тырысады, оған қажетті құрал-жабдықтарды табуға
талпынады, оларды дайындау үшін еңбектенеді. Бала алған рөлдеріне сай
кейіпкердің киімін киіп, қимылын, дауыс ырғағын мәнерлі жеткізуге тырысады,
көркемдік сабақтардан (ән-саз, бейнелеу өнері сабақтары) алған білімдерін
пайдаланады, қуыршақты ұйықтату үшін бесік жырын айтып әлдилейді, бейнелеу
өнері сабақтарында жасаған ыдыс, үй жиһаздарын, қағаздан құрас-тырған
заттарды пайдаланады. Мазмұнды-бейнелі ойынның ерекшелігі: оны балалардың
өздері жасауында, ойын қызметі айқын өнерпаздық және шығармашылық сипатта
болады. Бұл ойындар қысқа да, ұзақ та болуы мүмкін. Құрылыс ойынында бала
сызық бойына әдемі үй құрылысын жасап, оның бояуларының бір-бірімен
келісімді болуын қадағалайды. Құрылыс материалдарын пішіні, түсі бойынша
симметриялы орналастырып, оларды көлемі (кең, тар), биіктігі (биік, аласа)
бойынша салыстырады. Ойын барысында шығармашылық танытып, жаңа мазмұн
ойластырып, белсенділік көрсетеді. Өзінің және жолдастарының тұрғызған
құрылыстарының сапасына баға береді. ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz