Тәрбие процесінің принциптері


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 32 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Кіріспе

  1. Тәрбиенің ғылыми әдістемелік негіздері

1. 1 Тәрбие процесінің принциптері

1. 2 Тәрбие процесінің заңдылықтары

  1. Тәрбие процесіндегі қарым-қатынас пен іс-әрекеттің рөлі

2. 1 Тәрбие процесіндегі қарым-қатынастың рөлі

2. 2 Тәрбие процесіндегі іс-әрекеттің рөлі

Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер

Кіріспе

Тәрбие процесі - күрделі динамикалық жүйе. Бұл жүйенің әр компоненті өз кезегінде өзіндік компоненттері бар жүйе ретінде қаралады. Қолайлы анықтау шектерін қолдану арқылы әрқилы жүйе мен құрылымдар түзуге болады. Қазіргі теориялық педагогикада Тәрбие процесінің талаптарымен құрылған мынадай жүйелері белгілі: Тәрбие процесінің мақсаты, міндеті, мазмұны, процестің өту жағдайлары, тәрбиеші мен тәрбиеленушінің қарым-қатынасы, тәрбие іс-әрекетінің қолданылатын әдістері мен формалары, процестің даму кезеңдері және т. б.

Тәрбие мазмұнын түсінерде қойылатын талаптар мен мақсаттарға сай оқушының білімі, нанымы, дағдылары, тұлғалық сапасы мен белгілері тұрақты әдеттер жүйесі деп қабылданған.

Тұлғаның жан-жақты және үйлесімді дамуы - бұл ақыл-ой, дене, адамгершілік, еңбек пен политехникалық, эстетикалық тәрбиелердің біртұтас педагогикалық процесте тоғысуы. Қазіргі тәрбие бағыттарының негізіне мына идеялар жатады:

Тәрбие мақсаттарының шынайы болуы. Бүгінгі нақты мақсат - бұл адамның ептіліктері мен дарындығына сүйене отырып, оны жан-жақты дамыту. Бұл мақсатқа жетудің құралы - әр адамның мәдениет қоры негіздерін игеруі. Осыдан тәрбие мазмұнының орталық түсінігі, яғни тұлғаның ''базалық мәдениеті'' келіп шығады. Бұл өмірлік өзін-өзі анықтау мәдениеті болып табылады, яғни, экономикалық мәдениет пен еңбек мәдениеті, саяси, демократиялық және құқықтық мәдениет, адамгершілік пен экологиялық мәдениет, көркемөнер және дене мәдениеті, отбасы қатынастар мәдениеті.

Үлкендер мен балалардың біріккен іс-әрекеті. Тәрбиеші жұмысының мазмұны балалармен бірге рухани мәдениеттің жақсы үлгілерін, адамгершіліктік өнеге, іс-әрекет мәдениетін іздестіру арқылы өмір нормалары мен заңдылықтарын өңдеуден құралады. Тәрбие процесінде оқушының өзіндік белсенділігі көрінеді.

Өзін-өзі тану. Адамның сенімі, демократиялық көзқарасы, өмірлік позициясы арқылы тұлғаның толық қалыптасуы нақты тәрбиеде жобаланады.

Тәрбие мазмұнындағы маңызды элемент - адамның өмірлік өзін-өзі тану мәдениеті. өмірлік өзіндік таным - бұл кәсіптік, азаматтық түсініктерді қамты-майтын өте кең ұғым. өмірлік өзін-өзі анықтау мәдениеті адамды өз бақытының және өз өмірінің субъектісі ретінде сипатталады. Адамның өзіне-өзі үйлесімді болуы арқылы оның кәсіптік, азаматтық және адамгершілік өзіндік танымы қалыптасады.

Тәрбиенің тұлғалық бағыты. Мектептегі тәрбие жұмысының өзегін тек бағдарлама, іс-шаралар, әдістері мен формалары ғана құрамайды, сонымен қоса ол бала, жеткіншек, жасөспірім арқылы сипатталатын педагогика-лық істің жоғары мақсаты мен мәніне тәуелді. Олардың жеке қызығушылығы, ыңғайы, өзіндік мінез-сипаты мен бірге өз қадірін сезінуін дамыту керек. Тәрбиеленушілердің қызығушылығынан жоғары рухани қажеттіліктеріне қарай өтуі тәрбие ережесіне айналуы қажет.

Өз еркіндігі. Тәрбиеленушінің өз еркі болмай, тәрбие жұмыстарын дамыту, бірлесе жұмыс істеу идеяларын іске асыру мүмкін емес. Тәрбие процесі еріксіз ұйымдас-тырылса, ол балаға да, мұғалімге де кері әсерін тигізеді. Балаларды ''тәрбиелеуге'' міндеттеме керек. Егер тәрбиелеушілер тәрбиеленушілердің қызығушылығына, асқақ арманына, азаматтық және жолдастық міндеттеріне, өзбеттілігі мен шығармашылығына сүйенсе, сонда тәрбиеленушілердің тәрбиеге деген ықылас-ынтасы оянады.

  1. Тәрбиенің ғылыми әдістемелік негіздері

1. 1Тәрбие процесінің принциптері

Тәрбие процесінің принциптері (тәрбие принциптері) - бұл тәрбие процесінің мазмұнына, әдістеріне оны ұйымдастыруға қойылатын негізгі талаптарды анықтайтын бастау ережелері. Олар тәрбие процесінің өзіндік ерекшелігін танытады. Педагогикалық процестің жалпы принциптерінен нақты тәрбие принциптерінің өзгешелігі - тәрбие міндеттерін шешудегі педагогтар ұсынатын ортақ ережелер екендігінде жатыр. Осы принциптерге қойылатын талаптарды сипаттайық.

Міндеттілік. Тәрбие принциптері - бұл кеңес, нұсқау емес, олар толық және міндетті түрде тәжірибеге ұласуды талап етеді. Принциптерді дөрекі түрде әркез бұзу және ондағы міндеттерді орындамау тәрбиелеу процесінің пәрменділігін кемітіп қана қоймай, сонымен бірге ол принциптердің негізін, түп-тамырын ыдыратады. Егер тәрбиеші принцип міндеттерін бұзса, онда ол тәрбие процесі жетекшілігінен аластатылады. Тіпті, мысалы, егер педагог гуманистік принциптерді, жеке басты қадірлеу принциптерін қасақана әрі дөрекі бұзса, онда ол заңды жауапкершілікке тартылуы қажет.

Комплекстілік. Принциптер комплекс, бөлін-беген талаптар түрінде тәрбие процесінің барлық кезеңдерінде бірігімді қолданылуы тиіс. Принциптер тармақталмай, фронтальды әрі барлығы бірдей іске асып отырады.

Бірмәнділік . Тәрбие принциптері жалпыға бірдей ортақ ережелер ретінде бірмәнді болып келеді, олардың арасында біреуін бірінші кезекте орындау керекті немесе ертеңге қалдыра салуға болатын сияқты негізгі немесе қосалқы принциптері болмайды. Барлық принциптерді теңдей мәнді деп бағалау тәрбиелеу процесінің жемісті болуының кепілі.

Сонымен бірге тәрбие принциптері - дайын нұсқау емес, тіпті олар ұстану арқылы жоғары нәтижеге автоматты түрде жеткізе салатын әмбебап (универсал) ережелер де емес. Олар тәрбиеге қажет арнайы білімдерді, тұлға тәжірибесін, шеберлігін алмастыра алмайды. Тәрбие принциптерінің талаптары баршаға бірдей болса да, олардың практика жүзінде іске асырылуы тұлғалық шарттарға байланысты болады.

Тәрбие процесі сүйенетін принциптер белгілі жүйені құрайды. Тәрбие жүйелерінің түрлері бұрын да, қазір де көптеп саналады. Әлбетте, олардағы принциптердің сипаты, жекелей міндеттері, тіпті кейбір принциптердің өздері өзгеріске түседі.

Қазіргі тәрбиелеу жүйесі мынадай принциптерді ұстанады:

  • тәрбиенің қоғамдық бағытта болуы;
  • тәрбиенің өмірмен, еңбекпен байланысы;
  • тәрбиеде дұрыстыққа арқа сүйеу;
  • тәрбие гуманизациясы;
  • тәрбиеге тұлғалық тұрғыдан қарау;
  • тәрбиелік ықпалдардың бірлігі.
  • Тәрбиенің қоғамдық бағытта болуы

Тәрбие мемлекеттік, құрылыстың, ондағы өкімет билігі мен мекемелерінің қуатына арқа сүйеп, сонымен бірге мемлекетте қабылданған және жүргізіліп жатқан саясат. Ата заң мен заңдар негіздегі азаматтық және әлеуметтік сапалардың қалыптасуына бағытталады. Бұл принцип педагог іс-әрекетін мемлекеттік тәрбие стратегиясына сәйкес өскелең ұрпақ тәрбиелеу міндеттеріне бағындыруды көздейді және тәрбиеші іс-әрекетін қажетті тұлға типін қалыптастыруға бағдарлайды. Мемлекеттік қызметте жұмыс істегендіктен тәрбиеші тәрбие саласы бойынша мемлекеттік тапсырысты орындайды. Егер мемлекеттік және қоғамдық мүдделер бір-біріне сай келіп, азамат-тардың жеке мүдделерімен келісімді болса, онда жоғары-дағы принцип талаптары, әлбетте, тәрбие мақсаттары мен міндеттері құрылымына сәйкестеледі. Ал мемлекет, қоғам және тұлға мақсаттары үйлеспесе, ол принциптің орындалуы қиындайды.

Тәрбиешіде толыққанды тәрбие үшін нақты деректі материалдар жетісе бермейді. Мектеп - бұл мемлекеттің, қоғамның және тұлғаның білімділік сұраныстарын қанағаттандыруға бағытталған әлеуметтік мекеме және қоғамдық-мемлекеттік жүйе. Мектеп қоғамдық-мемлекеттік мекеме ретінде тек мемлекет демеуімен ғана өмір сүре алмайды. Ерте ме, кеш пе оған қоғам көмекке келуі қажет. Қоғамның мектептен, мектептің қоғамнан бөлініп қалуын, қоғамдық өмірдегі болып жатқан процестерден мектептің ажырауын, кәсіби педагогтардың тар және біржақты жұмыс істеуін болдырмау шаралары қарастырылуы қажет. Педагогтар өздерін тәрбие билігінің жалғыз иегері деп ұғынбай, тәрбие істеріндегі халық өкіліміз деп түсінуі керек.

Қоғамдық бағытты іске асыра отырып, тәрбие-ленушілермен тәжірибелік себеп-түрткілі өзара әркетке жетудің маңызы зор. Бұл жерде ұрандаған педагогикадан аулақ болған жөн, өйткені тиімді тәрбие құлық пен қатынас тәжірибесі негіз болар тәрбие мен тәрбиелену-шілер арасындағы байланыс орнайтын пайдалы іс-әрекетте іске асады. Дегенмен де, іс-әрекет (еңбектік, қоғамдық, ойындық, спорттық) тәрбиелік мәнге ие болуы үшін, тәрбиеленуші іс-әрекетінің қоғамдық құнды мотивтерін қалыптастыру қажет. Осы мотивтер жоғары парасатты, қоғамдық мәнді болса, онда ұнамды қылықтарға бастау беретін іс-әрекеттің де тәрбиелік сапасы жоғары болады.

Әлеуметтік сапаларды жасау процесінде мақсат-бағдарлы тілдестік пен адамгершілік танымы арқылы гуманистік түсінік қалыптастырып, оны саналуан қоғам-дық пайдалы іс-әрекетті ұйымдастырумен байланыстыру керек. Сөздік ықпал міндетті түрде пайдалы тәжірибелік істермен бекітілуі қажет, сонымен бірге ол қарым-қатынастағы және басқа адамдармен бірігіп орындалатын іс-әрекеттегі дұрыс әлеуметтік тәжірибелер көрсету арқылы тұжырымдалуы керек.

Қоғамдық процестерге әр адам ерте балалық шақтан араласады. Сондықтан адамзаттық тәрбие де жас кезеңде басталады. Әлеуметтік жауапкершілік сезімі балада сәл кешірек, яғни мектептің екінші сатысында ояна бастайды. Әлеуметтік саналарды қалыптастыру кезең-дерінде берілетін білімдердің оқушылар жасы мен даму деңгейіне сәйкестігіне жете көңіл бөлінуі тиіс. Балаларға мектептің бірінші сатысында ''өкімет'', ''президент'', ''үкімет'', ''бедел'' т. б. ұғымдарды түсіндіруге нақты мысалдар пайдаланылса, тәжірибе жүзінде дер кезінде дәйектеліп, бекітілсе, онда олар бұл ұғымдарды тез меңгереді. Екінші, үшінші сатыдағы мектеп осы секілді қажетті ұғымдарды бекітіп, дамытады, нанымдарды қалыптастырады, тәрбиеленушілер әлеуметтік шынайы процестерге қызыға отырып, азаматтық сапаларын орнықтырады.

Адамның тұлға болып қалыптасуы оның қоғам-дық және еңбектік қатынастарға жекелей түсуі, әрекетке араласуына тікелей тәуелді. Еңбек адамдағы жағымды сапаларды дамытады, яғни еңбек қарқынды болған сайын тұлғаның әлеуметтену және даму деңгейі жоғарылай түседі. Сондықтан тәрбиеленушілерді қоғамдық өмірге, әртүрлі пайдалы істерге араластырып, оларға деген жағымды қатынасын қалыптастыру қажет. Еңбекке араласа отырып, адамгершілік құлық тәрбиесін алған тәрбиеленушілер рухани және дене жағынан қатайып, еңбектің қоғамдық маңызды мотивтерін ұғынады, өзіндік ар-ұят сапаларын бекітіп, жетілдіреді.

Тәрбие ''Мектеп үшін емес - өмір үшін'' деген ұранмен ежелгі римдік мектеп өз оқушыларын күтіп алады екен. Сол кездегі ежелгі педагогтардың өздері өмірден, тәжірибеден ажыраған тәрбиенің ешқандай мәні болмайтынын сезген.

Өмір мектебі - ең күшті тәрбие мектебі. Сондық-тан тәрбиенің өмірмен байланысты болуы принципі көптеген тәрбие жүйелерінің негізгі принципі болып табылады. Ол тәрбиешілердің мынадай екі бағыттағы белсенді іс-әрекетін талап етеді: 1) әртүрлі өзгерістері мол қоғамдық және еңбектік өмірмен тәрбиеленушілерді кең және нақтылай таныстыру; 2) тәрбиеленушілерді шынайы өмірлік қатынастарға, әртүрлі қоғамдық пайдалы еңбектерге араластыру.

И. П. Павлов адам ағзасының өмірлік іс-әрекеті қоршаған орта әсерінен, өмір сүру жағдайына байланысты екендігін атап көрсеткен. Бұл әсерді ол ''өмірлік тәрбие'' деп атаған. Бұл тәрбиені, яғни ''өмір мектебін'' барлық өскелең ұрпақ өз басынан өткізеді. Нәтижеде оларда әрекет-қылық тәжірибесі жинақталады, қоғамдық өмірге кірісуге қажетті дағдылар қалыптасады.

Тәрбиенің өмірмен байланысты болу принципін дұрыс іске асыру педагогтан төмендегі бірліктерді қамтамасыз етуін талап етеді:

  • оқушылардың қоғам өмірі мен әрбір адам үшін еңбектің рөлін, азаматтардың үздіксіз толастаған сұраныстарын қанағаттандыру үшін қоғамның экономикалық базасы-ның мәнін түсіндіру;
  • материалды және рухани байлықтар мен құндылықтарды жасайтын еңбек адамдарына сый-құрмет жасау;
  • көп және табысты еңбек ету ептіліктерін дамыту, өзі үшін және қоғам пайдасына орай жауапкершілік және шығармашылықпен еңбектенуге ниеттендіру;
  • қазіргі өндірістің жалпы негіздерін түсіну, политех-никалық білімдерін кеңейтуге талпыну, еңбекті ғылыми ұйымдастыру негіздерін және жалпы мәдениетті меңгеруге бағыт беру;
  • еңбек іс-әрекетінде жеке және қоғамдық нанымдарды үйлестіру мен міндеттерін және шаруашылық қажетті-лігіне сәйкес мамандық таңдай білуге баулу;
  • қоғамдық мүлік пен табиғат байлықтарына күтімді қарау, өз еңбегі арқылы қоғамдық меншікті көбейтуге талпыну ниетін қалыптастыру;
  • жауапсыздыққа, шаруасыздыққа, еңбек тәртібін бұзу-шылыққа, жайбарақаттыққа, енжарлық пен іссіздікке, сергелдеңдікке төтеп беріп, қоғамдық меншікті және табиғат байлығын талан-таражға түсіруге ымырасыз болуға тәрбиелеу.
  • Еңбекпен, өмірмен байланысқан тәрбие келесі ережелерді ұстану арқылы іске асады:

Оқушылардың әлеуметтік және еңбектік тәрбиесіндегі абстрактілік пен догматизмді шегеріп, оларды нақты және ерен іс-әрекетке кірістіру. Сабақта және сыныптан тыс тәрбие жұмыстарында көзделген талаптарды орындау принципінің бағдарламасы болуы шарт. Оларды біртіндеп іске асырып бару қажет.

Тәрбиеші өз әрекеттерін отбасы мүддесімен келістіре отырып, әрбір тәрбиеленушіге қоғамдық өндіріске негізгі тигізер пайдасы оның оқу еңбегі, отбасы мен мектептегі көмегі екендігін түсіндіреді. Жасөспірімдердің өндірістік ұжымға, шаруашылық есептегі бригадаларға бірігіп, демалыс кездерінде еңбек етулерін қолдап, қуаттау керек.

Балалар әдетте іс-әрекет жасауға құлшыныс білдіріп тұрады. Енжарлық, іссіздік дегендер бала табиғатына жат нәрселер. Осыны ескермеген тәрбиеші тұлғаның әлеуметтену процесін бұзып, оның дамуын бәсеңдетеді.

Бұл принципті іске асыру сабақтар мен сынып-тан тыс тәрбие жұмыстарда жергілікті өлкелік материал-дарды кеңінен пайдалануды талап етеді.

Оқушылар үлкендермен бірдей маңызды өмірлік мәселелерді шешуге қатыса отырып, өз шешімдеріне жауапкершілікпен қарауға үйренеді, сонымен бірге оларда азаматтық сапалар шапшаң әрі табысты қалыптаса бастайды.

Елдің әлеуметтік өмірі мен шаруашылығындағы өзгерістерге сәйкес тәрбиенің өмірмен байланысы прин-ципінің табысты іске асырылуы тәрбие мазмұнын, ұйым-дастырылуы және әдістемесін үнемі қайта қарап, жаңартып отыру міндетті іс.

Тәрбие процесінде балалар өз еңбегінің қоғамға, адамдарға қажет екендігін сезініп, одан қанағат ләззатын алуы қажет.

  • Ұнамды өнеге-үлгіге арқа сүйеу

өнеге-үлгіге арқа сүйеу принципінің талаптары-ның бәрі қарапайым болып келеді. Олар мыналар: педагогтар адамдағы жақсы қасиеттерді анықтауға міндетті, соларға сүйене отырып, әлі толық қалыптаспаған немесе кері бағыттағы қасиеттерді үнемі дамытып, оларды қажетті деңгей мен жан-жақты үйлесімге жеткізуі қажет.

Бұл принциптің философиялық негізі - адам табиғатының ''қарама-қайшылықтығы'' туралы белгілі философиялық ереже бойынша. Адамдағы жақсы қасиеттер (жан-жануарды жақсы көру, табиғи кішіпейілділік т. б. ) оған кері қасиеттермен (өз сөзінде тұра алмау, өтірік айту, еріншектік т. б. ) бірге жүреді. Тек ''кері'', сол сияқты жүз-пайыздық "жақсы" адам болмайды. Тұлғаны жақсылыққа қарай бағыттайтын тәрбиенің міндеті, адамда өнегелі қасиеттерді молайтып, кері қаситтердің азаюына қол жеткізу.

Тәрбиеші іс-әрекетінің табысты болып, жылдам әрі нәтижелі болуы үшін принциптерді іске асыру ережелерін басшылыққа алу керек.

  • Тәрбие процесіндегі келіспеушілік (конфрон-тация), тәрбиеші мен тәрбиеленушілердің өзара ой-пікір тайталасы мен көзқарастарының үйлесімсіздігінен туындайды. Тек бірлесіп жұмыс істеу, шыдамдылық, тәрбиешінің тәрбиеленуші тағдырына қызығушылықпен қатысуы жақсы нәтижелер береді.
  • Оқушының қателіктері мен қылығындағы кемшіліктеріне ғана мән беру де дұрыс емес. Тәрбиенің басты парызы, керісінше, жақсы қасиеттерді анықтап, оларды қолдау. Әрине, кері қасиетті айыптау және түзету керек. Бірақ, ең негізгісі - алдымен қажетті оң қасиеттерді дұрыс танып және олардың дамуына жол ашу.
  • Тәрбиеленушілердің қызығушылықтарына (танымдық, эстетикалық, табиғатқа, жан-жануарға деген сүйіспеншілік және т. б. ) сүйену педагогикалық жағынан әрқашан ұтымды нәтижеге жетудің кепілі. Осылардың көмегі арқылы еңбек, адамгершілік және эстетикалық тәрбиенің көптеген міндеттерін шешуге болады. Жақсы нәрсеге сүйену принципі тәрбие процесінде жетекші әрекетті таңдап алумен де байланысты. Осы әрекетті әрбір нақты жағдайға үйлестіре білу -тәрбиешінің міндеті.
  • өнеге-үлгіге сүйенудің тағы бір жағы бар, оны ұнамды тәрбиелік жағдай жасау құралы ретінде пайдалануға болады. Бұл тәрбиеленушілердің өмірлік іс-әрекеті және тәрбиелік қатынас жасау стилі, тіпті оқу-тәрбие мекемелерінің ''рухы''. Әрқайсысы өз ісімен шұғылданып, бір-біріне ешкім кедергі жасамайтын тыныш, іскерлік жағдайында да, сенімді әрі ерікті ілгері жылжуға ықпал ететін еңбек пен демалысты жоғары дәрежеде ұйымдастырумен әрбір ұсақ бөлшегіне дейін ойластырылған оқу орнының тәрбиелік мәнінде, бірлес-кен әрекет сезілген жерде өнімді табыс мотивацияларының болмауы мүмкін емес.
  • Кемшіліктерін бетіне баса бергенде тәрбиеленуші-лердің өз-өзіне, күші мен мүмкіндіктеріне деген сенімі азаяды. Тәжірибелі тәрбиешілер осыны сезіп, баланы мақтап-мадақтауды, оның алдағы болатын жақсы қасиет-теріне күні бұрын қолдау береді. Келешек әрекет-қылық-тардың жобасын жасап, тәрбиеленушілердің табысты нәтижелерін орнықтырады, оларға сеніп, сәтсіздіктерде олардың тірегі болып, көмек көрсетеді.
  • Тәрбие гуманизациясы

Жақсы (жағымды) өнегеге сүйену принципіне тағы бір маңызды принцип жанасады - ол гуманизация. Бұл принциптің талаптары: 1) тәрбиеленуші тұлғасына адамилық тұрғысынан қарау; 2) оның құқықтары мен тәуелсіздігін сыйлау; 3) тәрбиеленушіге саналы ойлас-тырылған талаптар қою; 4) қойылған талапты орындаудан бас тартқан кезде де оның ұстанымын (позиция) құрмет-теу; 5) адамның өзімен-өзі болу құқығын қолдау; 6) тәрбиеленушінің санасына тәрбиенің нақты мақсатын жеткізу; 7) қажетті сапалардың қиналыссыз, зорлықсыз қалыптасуы; 8) тұлғаның қадір-қасиетін төмендететін дене және басқа да жазалаудан бас тарту; 9) тұлғаның наным-дарына қандай да бір себептермен қайшы келетін қасиеттерді қалыптастырудан аулақ болу құқығын мойындау (гуманитарлық, діни сенімдер және т. б. ) .

ЮНЕСКО қабылдаған ''Адам құқығы декларациясының'' бірінші бабында былай деп жазылған: ''Барлық адамдар өз қадірі мен құқығы бойынша ерікті және тең. Олардың өзіндік санасы мен намысы бар және олар бір-бірімен қарым-қатынаста болуы керек. Тәрбиеленушілерді құлдық бас июші емес, тәуелсіз адамдар санатында танып, тәрбиеші күш билігін пайдаланбай, шәкірттер төбесіне тұрмай, олардың болашағы үшін жас әулетпен бірлікте күресуі қажет''.

  • Тәрбиеге тұлғалық бағыт беру

Тәрбиелеу процесінде тәрбиеленушілердің жеке міндеттемесі мен мүмкіншіліктерін есепке алу маңызды жұмыс болып табылады. Тұлғалық сапаларға сүйену тәрбиенің өте маңызды сипаттамаларының бірі, яғни тұлғаның бағыттылығы мен оның құндылықтар таңдауын ескере білу. Тұлға бағыты оның өмірлік жоспарларын, қалыптасқан өмір жолдарын, іс-әрекетін және қылығын басқарушы мотивтерін білдіреді.

Тәрбиеге тұлғалық тұрғыдан қарау принципі тәрбиешіден мына міндеттерді орындауды талап етеді: 1) өз тәрбиеленушілерінің жеке темперамент ерекшелік-терін, мінез бітістерін, көзқарастарын, талғамдарын, әдеттерін қырағы танып, жақсы білу; 2) ойлау бейімі, тұлғаның бағыттылық мотивтері, қызығушылықтары, өмірге, еңбек етуге көзқарасы, құндылықтар пайымы, өмірлік жоспарлары т. б. сияқты аса маңызды сапалардың қалыптасу деңгейінің қаншалықты болғанын және болатынын анықтай білу; 3) тұлға дамытудың әсерлі түрін біртіндеп күрделендіре отырып тәрбиелік іс-әрекеттерге әрбір тәрбиеленушіні тарту; 4) дер кезінде мақсатқа жетуге кедергі болатын себептерді анықтап, олардан арылу, ал егер дер кезінде сезіп, жою мүмкіндігі болмаса, онда жаңа туындаған жағдайларға байланысты тәрбие тактикасын ауыстыра білу; 5) тұлғаның өз белсенділігіне көбірек сүйену; 6) тәрбиені тұлғаның өзіндік тәрбиесімен байланыстырып, өзіндік тәрбиенің мақсат, әдіс, форма-ларын таңдауға көмектесу; 7) тәрбиеленушінің өзіндік іс-әрекетін, белсенділігін, дербестігін дамытып, оған жетекшілік етіп, ұйымдастыра табысқа жетуге бағыттау.

Бұл талаптардың бірлікті түрде іске асырылуы жас және жеке ерекшеліктеріне үстірт қарамай, процестердің тереңнен дамуына, себеп-салдарлы қатынас заңдылық-тарына сүйенуге тәрбиешіні міндеттейді.

Тәрбиені тұлғалық тұрғыдан жүргізген кезде жас және жеке ерекшеліктерді есепке алу жаңа бағыт алады. Адамгершілік, әлеуметтік сапаларды қалыптастырудың ең ыңғайлы мүмкіндіктері бастауыш мектеп жасында болады. Неғұрлым жасы кіші болса, соғұрлым тәрбие ықпалдарын нақты қабылдап, бала өз тәрбиешісіне көбірек сенеді, оның беделіне сөзсіз бағынады. Сондықтан кіші мектеп жасында және ерте жеткіншек жаста жағымды әдеттерді тәрбиелеуге, балаларды еңбекке, тәртіпке, қоғамдық іс-әрекеттерге үйрету жеңіл болады. Ересек жеткіншектер болса, пайдалы еңбектің тура, ашық міндеттерін қалайды, оларды орындауда белсенділік танытуға құмар келеді. Дегенмен де, бұл белсенділік, талпыныстар педагогтар тарапынан өте жақсы ұйымдастырылуы қажет.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Оқыту процестерінің заңдылықтары
Оқыту заңдылықтары мен принциптеріне түсінік
Дене тәрбиесі жүйесінің қағидаларының рөлі
Тәрбие үрдісі
Тәрбие процесінің негізгі ерекшеліктері
Тәрбие принциптерінің өзара байланыстылығы
Оқытудың мәні, мақсаты, міндеттері, қызметтері, зандылықтары, қозғаушы күштері мен ұстанымдары
Тәрбие процесі мен тәрбие жүйесі
Тәрбие процесінің заңдылықтары тәрбие принциптерінің негізі ретінде
Педагогиканың дәрістері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz