Топырақтың маңызды бөлігі - органикалық заттар
Жоспар
1. Кіріспе
1.1. Топырақ туралы түсінік
2. Негізгі бөлім
2.1 Топырақтың құрамы
2.2. Топырақтың органикалық заттары
2.3 Топырақтың қасиеттері
2.4 Топырақтың сыбағалы қарсыластығы .
3. Қорытынды.
3.1 Топырақ ауылшаруашылық өндірісінің негізгі құралы.
Топырақ ,топырақтың сыбағалы қарсыластығы.
Топырақ ауыл шаруашылығы өндірісінің негізгі құралы және топырақтану
ғылымының арнайы зерттеу объектісі болып табылады.Топырақтану ілімінің
негізін қалаушы Н.Н Докучаев (1846-1903ж) топырақ туралы анықтама берген
болатын. Ол анықтамада былай делінген:Топырақ дегеніміз – табиғи
факторлардың , яғни тау жынысы, климат, жер бедері, тірі ағзалар
(өсімдіктер, жануарлар,микроағзалар) мен адамдардың өндірістік іәрекетінің
бір-біріне өзара әсерінің нәтижесінде пайда болған жердің үстіңгі қабаты.
Топырақтың құнарлылығы оның құрамындағы қарашіріндінің құрамы мен
қасиеттеріне байланысты.Қара шірінді- топыраққа біркелкі сіңірілген және
оның минералды бөлігімен мықты байланыста болатын, қара, аморфты,
коллоидтық зат. Қара шірінді құрамында қара шірінділік заттар (барлық қара
шіріндінің 85-90%) және гумификацияланбаған табиғаты дара органикалық
заттар(10-15%) болады. Органикалық заттар топырақтың маңызды бөлігі болып
саналады. Топыраққа келіп түсетін органикалық қалдықтар микроағзалар
бөліп шығаратын ферменттердің, ауаның, судың әсерінен
ыдырайды.Микроағзалардың қара шіріндіні ыдыратуына қарай топырақ
ерітіндісіне азот және басқа да күлдік элементтер келіп түседі.Құрамында
көпшілігі аз мөлшерде болатын, 40-тан астам химиялық элементтер кездеседі.
Солардың ішінде өсімдік тіршілігінде елеулі орын алатын 15-20-на баса көңіл
бөліп, зерттейді.Оларға органикалық элементтер (С,Ň,О, Н), бейметалдар (S,
Р,Sі, СI), металдар (Ňа,К,Са,Мq,АI, Ғе,Мñ) жатады.
Аталған элементтердің әртүрлі қосылыстары топырақ құрамына еніп оның
түрлерін анықтайды
.Гүлді және шым гүлді топырақ..
Қара топырақ..
Каштан топырақ..
Сұр-қоңыр топырақ..
Тропикалық саваннаның қызыл және сары топырағы.
Ылғал тропиктердің қызыл және сары топырағы.
Құнарлылығы былай анықталады.
1.Өсімдіктер қалыпты өсу үшін топырақта мына жағдайлар болуы тиіс:
2.Өсімдік бойына сіңіре алатын формадағы қорек элементтері болуы тиіс.
3.Өсімдіктер сіңіре алатын формада су болуы тиіс.
4.Өсімдік тіршілігі үшін қажетті мөлшерде оттегімен қамтамасыз етілуі тиіс
5.Топырақ массасының құрылымы қолайлы болып онтайлы ауа-су режімін
қамтамасыз етіп тамырларпың топыраққа жақсы өтуін одан қорексіз заттар мен
ылғалдылық керегінше алуын қамтамасыз етуі тиіс.
6.Өімдік үшін зиянды қоспалар болмауы тиіс.
Топырақтың құрамы
Топырақ үш фазадан тұрады: қатты, сұйық немесе топырақ ерітіндісі және
газ немесе топырақ ауасы. Олар бір-бірімен тығыз байланыста және әрекетте
болады.
Топырақ ауасы атмосфера ауасымен салыстырғанда құрамында шамадан тыс
көмірқышқыл газының көп және оттегінің аз болуымен ерекшеленеді. Атмосфера
ауасында көмірқышқыл газы (СО2) 0,03% болса, ал топырақ ауасында оның
мөлшері 0,3-1,0%, кейде 2%-3% немесе одан да көп болады.
Оттегі жеткіліксіз жағдайда өсімдік тамырларының өсуі мен тыныс алу
процесі, қоректік заттарды сіңіруі нашарлайды. Топырақта ауаның мол болуы
оның микроағзаларының дамуына, өсімдіктің жақсы өсуі мен қоректенуіне
қолайлы жағдай туғызады.
Топырақ ерітіндісі оның өте-мөте белсенді және қозғалғыш бөлігі болып
табылады. Мұнда әр түрлі химиялық процестер жүреді және одан өсімдік
тікелей қоректік заттарды (тұздарды) сіңіреді. Тұздың топырақ ерітіндісіне
сіңу процесі топырақтың мүжілуі және минералдардың бұзылуы, микроағзалардың
топырақта органикалық заттарды ыдыратуы, топыраққа органикалық және
минералды тыңайтқыштар беру нәтижесінде іске асады. Әдетте, суда еритін
тұздар топырақта шамамен 0,05 % болады. Олардың топырақ құрамында шамадан
тыс көп мөлшерде (0,2%-дан аса) болуы өсімдікке зиянды әсер етеді.
Топырақтың қатты фазасында өсімдіктерге қажетті қоректік заттардың
негізгі қоры бар. Ол топырақтың қатты фазасының 90-99% -ын құрайтын
материалдардан және топырақтың құнарлылығын арттыруда маңызды рөл атқаратын
органикалық бөліктерден тұрады.Қатты фазаның жартысын оттегі, 13 юөлігін
кремний, ал 10% -дан астамын алюминий мен темір, тек 7%ын басқа элементтер
құрайды. Азот түгелімен топырақтың органикалық бөлігінде болады.
Топырақтың минералдық бөлігі әр түрлі минералдардан тұрады, олардың
көлемі 1 мм-ге дейін және одан үлкен болады. Көлемі әр түрлі бөлшектерді
механикалық элементтер деп атайды. Барлық фракцияларды негізгі 4 топқа
бөледі: ұсақ тасты бөлік, құм,шаң және лай. Ұсақ топырақты екі фракцияға
бөледі: физикалық құм және физикалық саз, 1 мм ірі бөлшектерді топырақ
қаңқасы немесе оның бөлігі деп, ал 1 мм ұсақ бөлігін ұсақ топырақ деп
атайды. Физикалық құм фракциясына көлемі0,001 мм болатын барлық
бөлшектерді жатқызса, физикалық саз фракциясына0,001 мм барлық бөлшектер
кіреді.
Топырақтың механикалық элементтерінің көлемі
(фракциялар), мм
Тасты бөлігі 3,00
Оның ішінде ірі құм 3,00-1,00
Орташа 1,00-0,25
Майда 0,25-0,05
Оның ішінде ірі шаң 0,05-0,01
Орташа 0,01-0,005
Майда 0,005-0,001
Лай 0,001
Топырақтың құрамындағы әр түрлі көлемдегі бөліктердің салыстырмалы
немесе пайыздық шамасын топырақтың гранулометриялық құрамы деп атайды,
Р.А.Качинскийдің топырақты гранулометриялық құрамы бойынша жіктеу
принципіне физикалық құм мен физикалық саз бөлшектерінің пайыздық
арақатынасы негізделген. Осы көрсеткіш бойынша оларды мынадай түрлерге
бөлуге болады.
Топырақтың түршелері: Физикалық саз мөлшері,%
(далалық тип)
Құмды:
Бос (борпылдақ) 0-5
Байланысты 5-10
Құмдауыт 10-20
Балшықты:
Жеңіл балшықты 20-30
Орташа балшықты 30-45
Ауыр балшықты 45-60
Саз балшықты
Жеңіл саз балшықты 60-75
Орташа саз балшықты 75-85
Ауыр саз балшықты 85
Көлемі және формасы жағынан әр түрлі топырақ бөлшектеріне жабысқан
агрегаттар топырақ құрылыфмын көрсетеді. Топырақтың агрегатқа жіктелуі
қасиетін құрылымдылық деп атайды. Құрамында суға төзімді агрегаттары көп
топырақ құрылымды деп аталады. Құрылымсыз топырақ деп жекелеген механикалық
элементтері бір-бірімен байланыспаған (құм, шаң) топырақты атайды.
Гранулометриялық құрамынан басқа топырақ пен аналық жынысты агрегаттық
құрамғе бөледі. Табиғи топырақта жеке элементтер әдетте түйіршікке
желімденіп жабысқан. Олардың көлемдері бірнеше милиметрдің мыңнан бір
бөлігіне дейін ауытқиды. Осы түйіршіктерді агрегат деп атайды. Топырақ
құрылымы осы агрегаттардың көлеміне қарай мынадай түрлерге бөлінеді:
микроқұрылымы (бөлшектері 0,25 мм), макроқұрылым (0,25 мм-ден 10,00 мм
дейін) және мегақұрылым (агрегатының көлемі 10,0 мм асады). Ал агрономиялық
жағынан осылардың ең маңыздысы топырақ агрегаттарының көлемі 0,25-10,0 мм
аралығында болатын макроқұрылым болып табылады.
Топырақ агрегаты құрылымының пішіні жағынан мынадай түрлерге
бөлінеді: дән, жаңғақ, кесек, бағана және басқа тәріздес . Осылардың ішінде
агрономиялық жағынан бағалысы-жаңғақ тәріздестері.
Топырақтың су өткізбейтін құрылымдарының түзілуіне және сақталуына
ондағы қсақ дисперсиялы бөлшектер (ұсақ шаң және лай) көмектеседі.
Өсімдіктердің мықты тамыр жүйесі, тыңайтқыштар, микроағзалар, топырақты
үнемі өңдеу топырақты бұзылудан және шаңданудан сақтайды.
Топырақты дұрыс өңдемеу, бірнеше қайта тырмалау оның құрамдық
элементтерін бұзуы мүмкін. Сондықтан да майда түйіршікті құрамды сақтау
агрономиялық маңызы бар шаралар болып табылады.
Гранулометриялық құрамына байланысты топырақ жеңіл және ауыр деп
бөлінеді. Жеңіл топырақ (құмды, құмдауыт) суды жақсы сіңіреді, оның
ылғалды ұстау мүмкіндігі аз, олар құрылымсыз, құрамында қарашірік, қоректік
элементтер аз. ауыр топырақ (ауыр сазды, саз балшықты) суды нашар өткізеді,
ылғалды ұзақ уақыт ұстап тұрады. Ауыр топырақта қоректік элементтер мен
қарашірік мол жиналады, олар жақсы құрылым түзуге көмектеседі. Мұндай
топырақты өңдеу қиын, өйткені ылғал күйінде ол иеленіп қалады, бір-бірімен
байланысы берік, әрі жабысқақ келеді.
Демек, топырақтың маңызды агрономиялық қасиеттері оның
гранулометриялық құрамына, жылу, ауа, ылғал, қоректену режимдеріне, жерді
өңдеу құралдарының жұмыс органдарының тозуына ықпал жасайды.
Гранулометриялық құрамы әр түрлі топырақта егіс жұмыстарын бастау мерзімі
әр түрлі болуы мүмкін. Сонымен қатар ол топырақтың физикалық пісу
мерзіміне де байланысты. Осыған орай өңдеу сапасы, еңбек өңімділігі, жанар-
жағар май шығыны, тыңайтқыш беру мерзімі мен мөлшері әр түрлі болады.
Топырақтың органикалық заттары
Топырақтағы қарашіріктің (гумус) негізгі көзі-өсімдіктердің,
микроағзалардың, жәндіктердің органикалық қалдықтары, қолданылған
органикалық тыңайтқыштар және себілген ауылшаруашылық дақылдарының
қалдықтары.
Топырақтың маңызды бөлігі- органикалық заттар.
Топырақтың органикалық бөлігі екі топқа бөлінеді:
1)Өсімдік және жәндіктер қалдықтарынан пайда болған шірінділенбеген
органикалық заттар.
2)Ерекше табиғи және өзіндік шіріген органикалық заттар.
Шірінділенбеген органикалық заттардың тобына қураған, бірақ әлі
ыдырамаған немесе жартылай ыдыраған өсімдіктердің қалдықтары (тамыры,
жапырақтары) және жәндіктердің (құрттар, буын аяқтылар және тағы басқалар)
қалдықтары кіреді. Мұндай органикалық хаттар өсімдік үшін өте маңызды
қоректік заттармен салыстырғанда топырақта тез ыдырайды да, өсімдік оңай
сіңіретін минералдық формаға айналады.
Қарашірік заттар құрамы мен қасиеті жағынан мынадай топтарға
бөлінеді: гумин қышқылы, фульноқышқылы, гуминдер және гиметомеландық
қышқылдар.
Гумин қышқылдарының түсі қара, құрамында 52-63% көміртегі болады.
Олар суда нашар ериді, бірақ сілтінің жеңіл (аз) ерітіндісінде ериді,
молекулалық массасы жоғары, қышқылдық сипаты төмен болады.
Фульноқышқылдар сабанды-сары түстен қызғылт түске дейін ауытқиды.
Олардың құрамында 40-48% - ға дейін оттегі, 4-6% сутегі және 2-6% азот бар.
Олар суда, минералдық қышқылдарда және әлсіз сілтілерде жақсы ериді,
қозғалғыш, қышқылдық қасиеті басым, молекулалық массасы төмен.
Гумин-топырақ құрамына кіретін органикалық зат, қышқылдарда,
сілтілерде, органикалық еріткіштерде ерімейді.
Гиметомеландық қышқыл-қарашіріктік қышқылдар тобына кіретін, этанолда
еритін органикалық зат.
Қарашірік топырақ құнарлылығының негізгі көрсеткіші болып табылады.
Қарашіріктің топырақтағы мөлшері пайызбен, ал 1 гектардағы қоры тоннамен
есептеледі. Оның қара топырақтағы мөлшері 6-8%, ал сұр топырақтарда бұл
көрсеткіш 1-3%-ға тең. Топырақта қарашіріктік заттардың аз ғана бөлігі бос
күйде болады. Олар топырақтың минералдық бөлігімен әрекетке түсіп,
органоминералдық қосылыстар түзеді, ол қарашіріктің топыраққа бекуінде
маңызды рөл атқарады.
Қарашірік топырақтың барлық агрономиялық қасиетіне әсер етеді, оның
физикалық-механикалық қасиетінің жақсаруында аса маңызды рөл атқарады және
топырақтағы қоректік элементтердің (N. P. K. Ca, микроэлементтер) көзі
болып табылады. Сондай-ақ , құрылымдық агрегаттардың түзілу материалы
ретінде қызмет етеді, топырақтың байланысуын реттейді, өңдеу жұмысында
кездесетін қиындықтарды азайтады, газ алмасуды жақсартады, микроағзалардың
тіршілігін, органикалық заттардың ыдырауын, өсімдік тамырының тыныс
алуын, топырақтың су сіңіру қабілетін жақсартады. Қарашірік әр түрлі
заттарды сіңіре және сақтай алады, баяу минералданады, өсімдіктерді
қоректік заттармен бірте-бірте қамтамасыз етеді, топырақта жылу өткізуге
әсер етеді, биологиялық белсенді заттардың (ферменттер, витаминдер),
пестицидтердің тезірек ыдырауына әсер етеді. Органикалық заттардың
топырақта аз мөлшерде екендігіне қарамастан, олар топырақтың құнарлылығын
арттыруда, өсімдікті қоректендіруде маңызды рөл атқарады. Оның құрамында
азоттың барлық қоры, фосфор мен күкірттің ауқымды бөлігі, аздап калий,
кальций, магний және тағы басқа қоректік элементтер болады.
Микроағзалардағы органикалық заттарды ыдыратудың нәтижесінде
элементтердің бәрі өсімдіктер жеңіл сіңіретін минералдық қосылыстарға
айналады. Топырақтың құрамындағы қарашірікті көбейтудің негізгі тәсілдері
мыналар: топыраққа үнемі органикалық тыңайтқыштар беріп отыру, сидералды
дақылдарды, көп жылдық шөптерді егу, қышқыл топырақтарды әктеу, топырақты
дұрыс өңдеу, мелиоратингтік шекараларды жүзеге асыру.
Топырақтың құрылысы дегеніміз-топырақ кескінің құрайтын генетикалық
қабаттарының үйлесімі. Әр түрлі топырақта бұл үйлесім әр түрлі. Топырақтың
басым көпшілігінде қабаттар төмендегідей орналасады:
А-қабаты-шірік қабат. Ол топырақтың астыңғы қабатында органикалық
заттардың көптігімен, түсінің қоңырлау болуымен ерекшеленеді. Бұл қабатта
күл заттары мен қарашірік жиналады. Қара топырақты жерлерде шірік қабаты
қара түсті, орманның сұр топырағында ашық сұрдан күңгірт сұр түске дейін,
ал қызыл қоңыр топырақтарда қоңыр сұр түсті болады. Қабат өз кезегінде
А1,А2, т.б. қабатшаларға бөлінеді.
Н-қабаты-шайылатын, аналық тау жынысына өту қабаты, оның үстіңгі
қабаттан айырмашылығы-бұл қабатта қарашірік аз болады және бірлі- жарым
шала тотықтар мен минералды тұздар жиналады. Сыртқы белгілеріне байланысты
(түрі, құрылымы) оны бірнеше жанама қабаттарға (Н1,Н2, т.б.) бөлуге болады.
С-қабаты- топырақ түзілу процесі кезінде мүлде қозғалмаған немесе
аздап қана қозғалған аналық тау жынысы қабаты. Әрбір қабаттың қалындығы әр
түрлі және бірқатар морфологиялық белгілерімен ерекшеленеді. Олардың басты
морфологиялық белгілері-түсі, құрылымы, құрылысы.
Топырақ пайда болуына, түзілуіне, қасиеттеріне және ерекше белгілеріне
қарай жіктеледі. Қазіргі кездегі жіктеуде топырақтың генетикалық
ерекшеліктерінен басқа кейбір агроөндірістік, мысалы гранулометриялық
құрамы, мәденилендіру дәрежесі есепке алынады. Топырақ типке, типшеге,
туыстыққа, түрге және түршелерге бөлінеді.
Топырақ типтері бірдей табиғи жағдайда пайда болған топырақтарды, яғни
олардың топырақ түзілу процесі және қасиеттері бірдей. Қазақстан
топырағының негізгі типтері болып қара топырақ, қызыл-қоңыр, сұр, өзен
аңғары топырағы саналады. Топырақтың әрбір жекелеген типтері типшелерге
бөлінеді. Мысалы, оңтүстік қара топырақ сілтіленген, кәдімгі және басқа да
түршелерге бөлінеді. Қазақстан аумағында негізгі топырақ типтерін жіктеу
топырақтың белдік және тік аймақтық заңнына сәйкес жүргізіледі. Қазақстан
Республикасында топырақ аймағы төмендегідей ауысып отырады.
Республиканың солтүстік жағы қара топырақ аймағына жатады. Бұған
Солтүстік Қазақстан облысы толық, Қостанай облысының көпшілік жері, Ақмола
және Павлодар облыстарының солтүстік аудандары кіреді. Қара топырақ қоңыр
топырақтарға ауысады, оған Қостанай облысының онтүстігі, Ақтөбе, Ақмола
облысының басым көпшілігі, Павлодар, Орталық Қазақстан, Шығыс Қазақстан
облыстарының көптеген бөлігі жатады.
Қоңыр топырақты аймаққа Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Ақмола, Орталық
Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарының көпшілік жерлері және Атырау,
Қызылорда облыстарының солтүстік бөліктері жатады. Республиканың оңтүстігі
сұр- қоңыр топырақты жерлерге жатады. Сонымен қатар бұл аймаққа Атырау,
Маңғыстау облыстары жерінің көптеген бөлігі, Қызылорда облысының оңтүстігі,
Оңтүстік Қазақстан және Алматы облысының солтүстік жағы кіреді.
Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Алматы облыстарының тау бөктері аймағы-сұр
топырақты жерлер. Қазақстанның оңтүстік, оңтүстік-шығысындағы тауарларының,
Тянь-Шань, Алтай тау жүйесіне кіретін бөлігінде тік (нертикальды) топырақ
аймағы байқалады.
Қазақстанда интераймақтық топырақтар кең таралған. Оларға сортаң,
кебірлі, кермекті сұр топырақ және шалғынды топырақты жерлер жатады.
Топырақтың қасиеттері
Топырақтың физикалық қасиеттері. Топырақ табиғи дене болғандықтан, ол
белгілі физикалық қасиеттермен ерекшеленеді. Топырақтың физикалық
қасиеттеріне оның тығыздылығы, көлемдік массасы және қуыстылығы жатады.
Топырақтың тығыздылығы деп оның қатты фазасы массасының 4 С-тағы судың
сондай көлемдегі массасына қатынасын айтады.
Негізінен топырақтың тығыздылығы оның қатты фазасы құрамындағы
минералдық және органикалық бөлшектер мөлшерінің арақатынасына тікелей
байланысты. Егер топырақта қарашірік көп болса, онда қатты фазаның
тығыздылығы төмен болады. Құмды топырақтың қатты фазасының тығыздылығы
-2,70 гсм, қара топырақтікі-2,37 гсм, ауыр сазды топырақтікі-2,67 гсм
болады.
Топырақ тығыздылығының жоғары болуы тамырдың төмен бойлап өсуіне,
тұқымның көктеп өсуіп шығуына кедергі жасайды. Топырақ тығыздылығының ең
қолайлы мөлшері өсімдіктің биологиялық ерекшелігіне байланысты өзгеріп
отырады. Топырақ тығыздығының шамадан тыс жоғары болуынан ауылшаруашылық
дақылдарының өнімі төмендейді.
Сонымен бірге топырақ тығыздылығы ондағы органикалық заттардың
мөлшеріне байланысты, себебі олардың тығыздылығы 1,25 гсм,-ден 1,80 гсм
–ге дейін болса, ал минералдарда бұл көрсеткіштер 2,3 гсм –ден 3,0 гсм-ге
дейін ауытқиды. Яғни, топырақта органикалық зат көп боған сайын , оның
тығыздылығы төмендейді. Мысалы, қара шірігі мол қара топырақтың тығыздылығы
2,37 гсм. Топырақ тығыздылығына оның гранулометриялық құрамы, құрылымы
үлкен әсер етеді.
Топырақтардың көлемдік массасы. Табиғи күйдегі 1 см абсолютті құрғақ
топырақтың массасын оның көлемдік массасы дейміз. Топырақтың көлемдік
массасы оның тығыздылығынан әрқашан кем болады, әйткені топырақ
түйіршіктерінің арасындағы ауаның тығыздылығы өте төмен. Көптеген дақылдар
(дәнді, отамалы) үшін топырақтың қолайлы көлемдік массасы 0,9-1,2 гсм
аралығында болады.
Топырақтың қуыстылығы немесе кеуектілігі-деп топырақтың жалпы көлеміне
пайыз есебімен алынған қуыстылықтар көлемінің жиынтығын айтады. Жалпы
қуыстылықтар топырақтың гранулометриялық құрамына, қарашіріктің мөлшеріне,
топырақ қабаты мен құрылым күйіне байланысты.
Топырақтың үстіңгі қабатында қуыстылық 50-60 %-ға дейін, ал төменгі
сазды және балшықты қабатында 35-49%, құмды қабатында 30-35%-ға тең.
Топырақта екі түрлі, яғни капиллярлық және капиллярлық емес
қуыстылықтар болады. Әдетте капиллярлық қуыстылық (майда қуыстар) суға
толып тұрады, ал ірі қуыстарда, яғни капиллярлық емес қуыстылықта ауа
болады. Топырақтың қуыстылығы оның жалпы көлемінің 50-55 пайызына, ал
капиллярлық және капиллярлық емес қуыстылықтардың арақатынасы 1:1 тең
болғанда, өсімдіктер үшін топырақта ең қолайлы ауа ылғалдылық режимі
қалыптасады.
Топырақтың физикалық-механикалық қасиеттері. Топырақтың физикалық-
механикалық қасиеттеріне оның созымдылығы ,
ісінуі,шегуі,байланыстылығы,жабысқа қтығы, физикалық пісуі жатады.
Тұқымның бөртіп өнуі, өсімдік тамырының төмен қарай бойлап өсуі,
топырақ пенг атмосфераның арасында газ алмасу, жер өңдеу сапасы топырақтың
физикалық-химиялық қасиеттеріне тікелей байланысты.
Топырақтың созымдылығы деп оның сыртқы күштің әсерінен өзінің пішінін
өзгертуін және оны ұзақ уақыт сақтай алатын қабілетін айтамыз.
Топырақтың ісінуі деп оның ылғалдану нәтижесінде көлемін ұлғайтуын
айтамыз, ал, керісінше, топырақ кепкенде өзінің көлемін кішірейтуін
топырақтың шөгуі деп атайды.
Топырақ түйіршіктерін бір-бірінен ажыратуға әсер ететін сыртқы
механикалық күштің әсеріне топырақтың қарсы тұра алатын қасиетін оның
байланыстылығы дейді.
Жер өңдеу құралдарының жұмыс органдарына немесе басқа заттарға
топырақтың жабысу қабілетін оның жабысқақатығы деп атайды.
Топырақтың физикалық пісіп-жетілуі деп оның өңдеуге дайын болған
кезін, яғни, топырақтың кеберсіп, оны өңдейтін құралдардың жұмыс
органдарына жабыспайтын жағдайын айтады. Піскен топырақ жеңіл өңделеді,
құралға жабыспайды, кесекке айналмайды және т.б.
Топырақ қабыршағы. Қар ерігенде, жауған сел жаңбырдан, немесе жерді
суарғаннан кейін топырақ кеберсігенде оның бетінде қабыршақ түзіледі. Ол,
әсіресе, балшықты және майдаланып үгілген құрылымсыз топырақтарда пайда
болады.
Қабыршақ пайда болған топырақта газ алмасу нашарлайды, одан булану
нәтижесінде ылғал көп мөлшерде жоғалады, тұқымның көктеп шығуы қиындайды,
соның әсерінен өсімдіктер сирейді.
Жерді жылдан-жылға бір тереңдікке жырта берсе, соқаның табанымен
топырақ нығыздалып, оның төменгі қабатында соқа табаны деп аталатын қабат
пайда болады. Ол өте тығыз, қатты қабат болғандықтан, өсімдіктер
тамырларының, ауаның, ылғалдың төмен қарай жылжуына кедергі келтіреді.
Сондықтан да топырақта осындай соқаның табаны пайда болмас үшін
жерді жырту бағыты мен топырақтың өңделу тереңдігін өзгертіп отыру қажет.
Топырақтың ылғалдылық қасиеттері. Өнімділікті жоғарылатуда топырақтағы
ылғалдың алатын орны ерекше. Негізгі ылғал көзі-жауын-шашын, олар топырақ
бетіне сұйық және қатты түрде түседі. Топырақ құрылымды болса, онда
қарашірік мол болады, ылғал көп жиналады. Екінші су көзіне атмосфера
қабатында түзілетін бу тәріздес ылғал жатады. Бұл ылғал көзінің құрғақ
континентальды аудандарда маңызы зор. Үшінші су көзі-ыза сулары, егер олар
топырақ бетінен 3 м-ге дейін тереңдікте жатса.
Топырақ ылғалдылығы дегеніміз-топырақтың құрғақ массасына пайызбен
көрсетілген су мөлшері. Топырақтағы ылғал әр түрлі жағдайда болады,
сондықтан олар өсімдіктің қоректенуіне әр түрлі әсер етеді. Топырақтағы
судың төмендегідей басты түрлері бар.
Гранитациялық су-топырақтың ірі қуыстылықтарымен (капиллярлық емес) өз
салмағымен жоғарыдан төмен қарай жүреді. Бұл-өсімдік ең жеңіл қабылдайтын
су, егер ол топырақтың барлық қуысын толтырса, онда ылғал шамадан тыс
болып кетеді. Құмды топырақта гранитациялық су тез төмен кетіп қалады.
Капиллярлық су-топырақ капиллярына орналасады. Ол капилляр арқылы
төменгі ылғалды қабаттан беткі құрғақ қабатқа қарай жылжиды. Капиллярлық
суды өсімдік оңай пайдалана алады.
Гигроскопиялық су топыраққа ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz