Қазақстан Республикасындағы төлем балансының жағдайы



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 24 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3

1.ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТӨЛЕМ БАЛАНСЫ, ОНЫҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ ЖӘНЕ СЫРТҚЫ
САУДАДАҒЫ БАЙЛАНЫС
1.1Төлем балансының шоты және оны мемлекеттік
реттеу ... ... ... ... ... ... ... . ...4
1.2Қазақстан Республикасындағы төлем балансының
жағдайы ... ... ... ... ... ... 8
1.3 Қазақстан Республикасының және ТМД мемлекеттерінің сыртқы сауда
айналымын
талдау ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ..13 2.ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ТӨЛЕМ БАЛАНСЫНЫҢ
ПРОБЛЕМАЛАРЫ, ОЛАРДЫ ШЕШУ ЖӘНЕ ДАМЫТУ ЖОЛДАРЫ
2.1 Қазақстан Республикасындағы төлем балансының негізгі мәселелері ... ..18
2.2 Қазақстан Республикасындағы төлем балансының қиыншылықтарын шешу және
дамыту
жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ...20
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... .24
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ..26

КIРIСПЕ

Бүгiнгi әлемде экономикалық және шаруашылық қатынастар күннен-күнге
даму барысында халықаралық валюта қатынастарының өркендеуi өндiргiш
күштердiң қарқынды өсуiмен, дүниежүзiлiк рыноктың қалыптасуымен,
халықаралық еңбек бөлiнiсiнiң тереңдеуiмен, шаруашылық байланыстарының
интернационалдануы және жаһанданумен сипатталады. Халықаралық валюталық
жүйе дүниежүзiлiк шарушылықтың шеңберiндегi сатып алу және сату айналымын
тудыратын әдiстер, құрал жабдықтар және мемлекетаралық ұйымдардың
жиынтығынан тұрады. Оның пайда болу және одан әрi даму экономикасы
халықаралық ақша кеңiстiгiндегi адекватты шарттарды талап ететiн ұлтаралық
капитал үрдiсiнiң объективтi дамуын бейнелейдi. Халықаралық валюталық
жүйенiң негiзгi құраушы элементтерi ретiнде әлемдiк ақшалай тауар және
халықаралық өтiмдiлiк, валюталық курс, валюталық рыноктар, халықаралық
валюта және ең басты элементтердің бірі төлем балансы жатады.
Төлем балансы деген белгiлi бiр уақыт аралығында мемлекеттiң шетелге
төлеген валюталық сомасымен оған шетелден түскен соманың арақатынасы.
Белгiлi бiр мерзiмiнiң және бiр күндiк төлем балансы болады.
Төлем балансы қосарлы шот принципі бойынша жасалады, яғни барлық
экономикалық мәмілелердің екіжақты жазбасы болып табылады. Бұл жағдайда кез
келген мәміленің екі тарабы болады: егер сіз өзініңіздің шетелдік
әріптесіңізден бірдеңе сатып алсаңыз, сіз оған төлеуге тиіссіз, ал ол өз
кезегінде сізден алған ақшаны қалайда пайдалануға – не оны жұмсауға, не
банктегі шотқа салуға тиіс.
Курстық жұмыстың өзектiлiгi елiмiздiң әлемдiк рынокта алдынғы қатарлы
елдер санатына қосылуы үшiн iшкi экономикалық өсумен қатар, халықаралық
экономикалық қатынастарымыз дамып, соның iшiнде өзектi саласы халықаралық
валюталық қатынастардың дамуы, халықаралық валюталық қатынастағы төлем
балансының құрылымын талдау және ұлттық экономикадағы төлем балансының оң
сальдосының маңыздылығын түсінудің қажеттігі болып табылады. Өйткенi бiздiң
экономикамызда теңгемiз еркiн айналысқа шыққандықтан, әлемдегi валюта
өзгерiстерi бiзге де зор әсер етедi.

1. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТӨЛЕМ БАЛАНСЫ,
ОНЫҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ ЖӘНЕ СЫРТҚЫ
САУДАДАҒЫ БАЙЛАНЫС

1.1 Төлем балансының шоты және оны мемекеттік реттеу әдістері

Белгілі бір мемлекеттің төлем балансы – бұл олардың резиденттерінің
арасындағы және сыртқы әлеммен жасалған экономикалық келісімдерінің белгілі
бір мерзімдегі статистикалық есеп берулері болып табылатыны белгілі. Төлем
балансында ағымдағы операциялар есебі – NX, капитал қозғалысының есебі –
KA және арнайы резервтік активтердің өзгерісі – ΔR белгісімен есептеледі.
NX және КА сомаларын негізінде арнайы есеп беру шотының балансы деп те
атайды.
BP=NX+KA
Егер, арнайы есеп беру шотының балансы шетел тауарларының таза
сатып алымдарын, қызмет көрсетулер және активтерін көрсетсе, валюталық
реттеу органдары дисбалансты орталық банкте сақталып тұрған шетел
валюталарының резервтерін пайдалану арқылы қаржыландырулары керек.
NX+KA=ΔR
Өзіне арнайы резервтік активтерді кірістірген жағдайда оның жалпы
сомасы нөлге тең болады. Ағымдағы есеп балансы сыртқы келісімдердің
масштабтары мен бағыттарын анықтайтын болғандықтан, ол төлем балансының
жағдайын көрсететін негізгі көрсеткіш болып табылады. Елдің импортты
экспорттан асып түскен жағдайда ағымдағы операциялар балансының дефицит
көлеміне сәйкес теріс ағымдағы операциялар балансы сыртқы саудадағы борыш
есебінен жабылуы тиіс. [12-147]
Сонымен, операциялар шотын (NX) оны қаржыландыру көзінің негізгі сомасы
ретінде қарастырған жағдайда мынаған ие боламыз:
NX=ΔR-ΔKA=ΔNFA,
Бұл жерде: ΔR – таза резервтердегі шетел валютасының өзгерісі;
ΔКА – таза ликвидті міндеттемелердің сыртқы әлем алдындағы өзгерісі
(капитал кірісі мемлекеттің басқа мемлекеттер алдындағы ликвидті
міндеттемелерінің өскенін білдірсе, капитал шығысы елдің басқа
мемлекеттерге ликвидті міндеттемелерінің өскенін білдіреді).
ΔR және ΔKA арасындағы айырмашылық мемлекеттің таза шет елдік
активтеріндегі өзгеріс көлемін көрсетеді (ΔNFA). ΔNFA – мемлекеттің басқа
елдерге ликвидті міндеттемелер көлемінің таза өсімі.
NX мемлекеттің таза сыртқы активтерінің қаншалықты өскенін көрсетеді.
Егер мемлекеттің ішкі шығындары оның түсімдерінен аз болып және NX оң
нәтижелі болған жағдайда мемлекеттің басқа елдерге ликвиті міндеттемелері
өседі. Ағымдағы операциялар шотының оң сальдосы шетелдік валюталық
резервтердің және мемлекеттің кірістер көлемінің азайғанын көрсетеді.
Егер NX оң болып және мемлекет халықаралық қаржы нарығында кредиттер
берген жағдайда оның жағдайы өседі.Себебі шетелдіктер осы мемлекеттің
экспортының әрбір бірлігін бүгінде өздерінің импортымен төлемей, соңында
осы алынған кредиттер пайыз көлемінің өсуімен үлкен сомада төленеді.
Егер NX теріс болып, мемлекет халықаралық қаржы нарқында борышты
болған жағдайда оның жағдайы төмендейді.
Сонымен қатар, NX=ΔR – ΔKA=ΔNFA теңдігінде ұзақ мерзімдік кезеңдегі
ағымдағы операциялар балансының күнделікті дефицитінің нәтижесі теріс
көлемде болуы мүмкін таза шет елдік активтер көлемінің қысқаруына алып
келеді. Осының нәтижесінде мемлекет нетто-қарызгерге айналып мемлекет
алдында қарызды қалай төлеу керек туралы проблема туындайды.
Теңдікті жалғастыра отырып, мынаған ие боламыз:
(Sp-I)+(T-G)=ΔNFA
Жеке сектордағы инвестициялар және жинақтарды тең деп пайымдайық.
Бұндай жағдайда мемлекеттік бюджеттің артықшылықтары мемлекеттің басқа
елдерге қатысты міндетті төлемдерінің өсуін көрсетеді. Ол сыртқы қарыздың
азаюымен немесе шет елдік валюталық резервтердің көбеюімен сипатталады. [12-
148]
Осыған байланысты төлем балансының жағдайына ықпал етудің бірнеше
негізгі әдістері бар.
Бірінші – тікелей бақылау, регламенттік импортты қосқанда (сандық
шектеулер арқылы) және кедендік т.б. жинақтар, шетелге шетелдік
инвестициялар арқылы және ақшалай трансферттер арқылы жеке адамдардың пайда
келтіруіне тыйым салу және шектеу; осындай көмектің күрт қысқартылуы, қысқа
мерзімді және ұзақ мерзімді капиталдың шығарылуы және т.б.
Тікелей бақылаудың бұл түрі елдің көптеген фирмаларына (қатты) үлкен
қиындықтар және өшпенділіктер туғызады.
Қысқа мерзімді жоспарда төте бақылау жақсы нәтиже береді.
Ұзақ мерзімде бұл әдістер жағымды және жағымсыз нәтиже туғызады.
Жергілікті өндірушілерге “қолайлы жағдай” жасау шетел инвесторларының
табыстарын өткізуге тыйым салу олардың қызығушылығын төмендетеді. Сондай-ақ
шетелдік мамандарды тартуда қиындықтар туындайды.
Отандық экспортёрлар үшін шетелдерге тауар және қызмет көрсету
жүйелерінің кеңеюіне кедергілер келтіреді.
Бұл өшпенділік туғызбайды, керісінше, тікелей шара отандық фирмалар
мен экспорттың көмек қаражат (субсидия) жасалуын қолдайды. Бірақ ол
қымбатқа түседі, оның қолданылуы мемлекеттің бюджетіне байланысты.
Мемлекеттік ықпалдың келесі әдісі – дефляция (инфляциямен күрес), ішкі
экономикалық міндеттерді шешуге бағытталған, бірақ жанама әсер төлем
балансынын жағдайын жақсартады. Дәстүрлі дефляция саясат көпшілігінде
өндіретін көлемін төмендетеді, импорттың қысқаруына және экспорттың өсуіне
әкеп тірейді.[2-67]
Сол мемлекеттерде несие-банк жүйесі дамыған болса, қысқа мерзімді
капиталды келуге ықпал етеді.
Бірақ дефляция, сонымен қатар, қарама-қайшы жағдайлар да туғызады.
Мысалы: ұлттық
валюта айырбас курсы жоғарылайды, ол импорттың көбеюіне жол ашады. Бірақ
ұлттық валютаның курсының өсуі мемлекетте экспорттық табысты төмендетеді.
[2-68]
Күшті экономикалық дағдарыстарды болдырмау үшін мемлекет тарапынан
валюта курсынын тұрақты және “қалқымалы”курсына қатаң бақылау жасалуы
керек.
Төлем балансы тапшы елдер мынадай саясаттарды қолдануы тиіс:
1.Дефляциялық саясат: бюджеттік шығындарды қысқартады; ішкі
сұранысты қысқартады; жалақыны және бағаны ұстап тұрады.
Ал, негізгі құралы-қаржы және ақша-несие шаралары. Бюджет тапшылығының
қысқаруы ұлттық банктің ставкасының өзгеруі, несиенің шектелуі, ақша
массасының өсуі шегінің белгіленуі. Бірақ жұмыссыздықтың өсуі және өндіріс
күштерінің толық пайдаланылмауы өндірістің төмендеуіне жұмыс күшін
қамсыздандыруының төмендеуіне ықпал етеді.
2.Девальвация (құнсыздану). Бұл саясатта ұлттық валюта курсының
төмендеуі, экспорты ынталандыру, импорттық тауарды шектеуге бағытталады.
3.Валюталық шектеу. Экспортерлер экспорттан түскен пайданы кенінен
пайдалана алмайды. Белгілі бір мөлшерін мемлекеттік ұлттық банкке сатуға
тисті. Ал қалғанын өзі пайдалана алады.
4.Каржы және ақша-несие саясаты. Төлем балансының тапшылығын азайту
үшін экспортерлерге бюджеттік субсидия қолданылады. Импорттың салыққа
протекционистік көтерме, пайыздық салықты алып тастау, құнды қагазды шетел
иеленушілерге төлеу.
5.Төлем байланысына қатысты қолданылатын мемлекеттік ықпалдың арнайы
шаралары оның негізгі баптарынын сауда балансынын қалыптасуына байланысты
”көрінбейтін” операциялар және капитал қозғалысы. [2-68]
Капитал қозғалысы балансы – қаржылай құйылымдарын көрсетеді.
Сауда баланысы:
1. Активті – біздің елге келетін кірістер.
2. Пассивті – біздің елден кетіп жатқан шығын.
Сауда балансының жағдайы анықталған кезеңдегі мемлекеттің сыртқы
экономикалық жағдайын мәлімдейді. Сондықтан да мемлекет оны үнемі реттеп
отыруы қажет. Ол үшін мемлекет импорттық және экспорттық операцияларға
тікелей бақылау орнатады. Салықты реттеу, табыстарды ауыстыруға тыйым
салады т.б.
Квоталық – тауарлардың санын шектеу.
Төлем балансына мемлекеттік ұлттық валютаның айырбас бағамын реттеу
арқылы әсер етуі:
Револьвация - ұлттық валюта бағамын жоғарлату.
Девольвация - ұлттық валюта бағамын төмендету.
Төлем балансының экономикаға әсер етуі валюта бағамына әсер ету арқылы
жүреді. Шынында да сальдоның өз алдына тек сандық сипатымен статистикалық
мәні болады, оның еш экономикалық мағынасы жоқ. Ал валюта бағамы елдің
тауар айналымын жүргізеді. Ол елдің ішіндегі өзінің бес функциясын
орындауына бағамымен әсер етуінде. Себебі қазіргі заманда әлемдік
экономикаға қатысу елдің жалпы дамуының негізгі алғышарттарының бірі.

1.2 Қазақстан Республикасындағы төлем балансының жағдайы

Елдің сыртқы позициясына баға беру және өлшеу – экономикалық саясатты
шешу процесіндегі қажетті қадамдарының бірі. Ел мен басқа әлемнің
арасындағы операциялар мен қаржы ағымы, төлем балансының жүйесіне үнемі
алып келеді. Ол өздігінен кез-келген елдің сыртқы позициясына анализ
жасаудың және түзетулер енгізудің қажеттілігін көрсетеді.

Қазақстанда 2003-ші жылдың басында мұнайға әлемдік деңгейде бағаның
өсуі, металлдар нарығының бағалық коньюктурасының жақсаруы, резиденттердің
энвистициялық мүмкіндіктерінің кеңеюі төлем балансының жағдайына белгілі
бір дәрежеде әсер етті де Қазақстанның алдағы уақытта сыртқы позициясының
күшеюін қамтамасыз етті.
2003-ші жылдың 1-ші жарты жылдықтың нәтижесі бойынша 1,3млрд.
доллардан жоғары таза экспорттық тауарлардың кварталдық көрсеткіші еліміз
үшін жоғары рекордпен тіркелді. Бұл халықаралық қызмет импорты мен тікелей
инвестормен кірістерді төлеудегі шығындардың нақты өсімінің есесін
қайтаруға көмектесті. Тауарлар экспортынан түскен табыстар 626 млн. доллар
көлеміндегі ағымдағы операциялардың есебі бойынша активтік сальдоның
жетістігін қалыптастырды. Ол сондай-ақ ағымдағы операция бойынша табыс –
неттосының тарихи максимальды көлемі болып табылады.
Қазақстанның 2004-ші жылғы сыртқы сауда айналымы – 8543,1млн. АҚШ долларын
құрап, ал импорт – 5669,7 млн. долларын құрап ол 56%-ға өсті.
2004-ші жылға байланысты шикізат тауарларына бағаның өсуі 2005-ші
жылы өзінің одан әрі дамуын жалғастырды. 2005-ші жылдың 1-ші кварталында
ағымдағы операциялар бойынша активті сальдосы 509млн. доллар құрады.
Алдыңғы жылдың аналогтық мерзіміне қарағанда тауарлар экспорты 5,8 млн.
долларды құрап ал импорт тауарлары болса 30%-ға өсіп, 3,5 млрд. долларды
құрады.
Тікелей инвистициялар бойынша баланс есеп беру мерзіміндегі активті
сальдомен 1,1млрд. долларды құрады. Тікелей шет елдік инвистициялардың ішкі
кірісі есеп беру периодында 1,85 млрд. долларды құрады. Және бұл алдыңғы
жылдың аналогтық мерзімінен 48%-ке жоғары. Жоғарыда көрсетілген сомалардың
64%-ы капитал кірісіне шет ел компаниялары берген борыш арқылы тіркеледі.
Сонымен қатар, тікелей шет елдік капиталдың кірісі жеке сектордағы борыштық
операциялар арқылы көтерілді. 1-ші кварталда банктердің қарыз алуы 1,3
млрд. доллардан жоғары болды. Ішкі тұтыну қарызының өсіміне қарамастан,
оның темпі 2004-ші жылдың 4-ші кварталымен салыстырғанда төмендеді.
Ұлттық банктің есеп беруіне байланысты 2005-ші жылы ішкі қарыздың жалпы
көлемінде қысқа мерзімді міндеттемелер – 3730 млн. доллар, ұзақ мерзімді
міндеттемелер – 29645,6 млн. долларды құрады. [13-6]
Қазақстан Республикасының Ұлттық банкісінің есебі бойынша 2005
жылдың ІV-кварталында ағымдағы есеп операциялары бойынша төлем балансында
990,7млн. АҚШ доллары шамасында теріс сальдо қалыптасты. 2004 жылдың қазан-
желтоқсан аралығында ағымдағы есеп операциялары 399млн. АҚШ долларын
құрады. Ағымдағы операциялар есебінің базалық көрсеткіштері стандартты
төлем балансында көрсетіледі.
2005 жылдың ІV-ші кварталында сауда балансының нетто операциялары
оң нәтижеге ие, ал қызмет көрсету, кірістер және ағымдағы трансферттер
теріс нәтижеге ие болып отыр. Қазақстанның тауар айналымы ағымдағы есеп
беру периоды бойынша 12526,8млн. доллар сомасында және бұл өткен жылдың
сәйкес кварталының 125,3% құрады.Есеп беру кварталы бойынша Қазақстаннан
экспортталған тауарлар сомасы 7525,6% млн. долларды құрады және бұл өткен
жылмен салыстырғанда 22,7%-ға жоғары.
2005 жылдың ІV кварталында экспортталатын тауарлардың көлемі
2004жылмен салыстырғанда 23,1% -ға өсті. 2005 жылдың ІVкварталында алыс
шетелден импортталған тауарлардың жалпы сомасы – 2502,8 млн. долларды
құрады, және бұл өткен жылмен салыстырғанда 30,5%-ға жоғары. Ал СНГ
елдерімен импортталатын тауарлар көлемі 31,9%-ға өсті.
2005 жылдың ІV-варталында және 2004 жылдың аналогтық кезеңінде халықаралық
қызмет көрсету балансындағы дефицит Қазақстан үлесіне тиген жоқ және бұл
соған байланысты 1808,7 және 915,4млн долларды құрады.
Қазақстанмен көрсетілген және оған көрсетілген халықаралық қызмет көрсету
көлемі туралы ақпараттар төлем балансының стандартты көрсетілімдерінде
келтірілген .2005 жылдың ІV-кварталында 2004 жылмен салыстырғанда
Қазақстанның басқа елдерге көрсеткен қызметі 18,45%-ға өсті, соның ішінде
жүк тасымалдау – 26,9%-ға, ал қалған қызметтер 38,5%-ға өсті. Сонымен
қатар, жол қызмет көрсетілімдері 6,0%-ға төмендеді.
Импортталған қызмет көрсетулер көлемі 68,7%-ға өсті, соның ішінде
жүк тасымалдау 25,4%-ға, ал қалған қызмет көрсетулер 94,1%-ға өсті. Ал жол
торабында қызмет көрсетулер 12,3%-ға төмендеді. Сонымен қатар, басқа
елдердің қызмет көрсетулері қатарынан құрылыс қызметі көп пайдаланылған
болып табылады. [16-20]
Қазақстанның инвистициядан келетін түсімі, 2005 жылғы период
бойынша 202,8млн. долларды құрады, және бұл 2004 жылмен салыстырғанда 41,9%
жоғары. Осыған байланысты Қазақстан төлемдері 1727,1млн. долларды құрады
және ол салыстырып отырған жыл периодынан 84,6% ға жоғары көрсеткіш.
Қаржы операциясының есебі ағымдағы есеп периоды бойынша 1877,6 млн.
доллар шамасында оң нәтиже берді және бұл өткен жыл периодымен
салыстырғанда 1500,6млн. долларға жоғары.
2005 жылдың қазан желтоқсан айында тікелей шетелдік инвистициялық
операциялар бойынша сальдо 887 млн. долларды құрады. Соның ішінде
Қазақстанның шет елдегі тікелей инвистициялары 221,1 млн. долларға тең
болды.
2005 жылдың ІV-кварталында портфельді инвистициялармен нетто
операциясы 3415,6 млн доллар шамасында теріс көлемге ие болды, ал бұл 2004
жылдың аналогтық кезеңінде 674,9 млн. долларды құрады.
Төлем балансының бір бабында көрсетілетін Басқа да инвистициялар
активтердің 49,2%-ке түсуімен және міндеттемелердің 1,9 есе өсуімен 3175,9
млн. доллар шамасында оң сомаға ие болды. 2004 жылдың қазан-желтоқсан
айында осы көрсетілген баланс бабының сальдосы 321,3 млн. доллар шамасында
оң көрсеткішке ие болды. Актив құрылымында салмақты көрсеткішті валюта және
депозиттер (70,7%), ал пассив құрылымында борыштар (92,3%) алып отыр.
Қазақстанның резервті активтері осы периодта 1237,5 млн. долларды
құрады және бұл негізінен шетелдік валюталармен операциялық есеп жүргізуден
құралды.
Таза қателермен рұқсатнамалар бабы 2005 жылдың қазан-желтоқсан
айында елдің тауар айналымына проценттік қатынасымен 7,1%-ды құрады. Бұл
2004 жылдың аналогтық кезеңінде 7,7%-ды құрап еді. [16-21]
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкісінің деректері бойынша 2006
жылғы ІІ тоқсанда төлем балансының ағымдағы операциялар шоты бойынша 72,1
млн. АҚШ доллары мөлшерінде теріс сальдо қалыптасты. 2005 жылғы тиісті
кезеңде ағымдағы операциялар шоты бойынша оң сальдо қалыптасып, 202,5 млн.
АҚШ долларын құрады. Ағымдағы шоттың базалық параметрлері төлем балансының
стандарттық көрінісінде келтіріледі.
Қазақстанның тауар айналымы (ФОБ бағасымен және ұйымдастырылмаған
сауданы есепке алғанда) есепті кезең ішінде 16151,3млн. доллар сомасында
қалыптасып, өткен жылдың тиісті тоқсанында 131,3% , ал импорт көлемі 6024,0
млн. доллар болғанда немесе 2005 жылғы ІІ тоқсандағы импорт көлеміне 125,5%
құрады. Қазақстан есепті тоқсанда 10127,3 млн. доллар сомада тауар
экспорттады, бұл салыстырмалы кезеңдегіден 34,8% жоғары. [17-49]
Қазақстан теңгесінің АҚШ-тың қатысты ресми айырбастаудың орташа
бағамын талдау кезінде 2005 жылғы ІІ тоқсандағы 132,7 теңгеден 2006 жылдың
І тоқсанында 123,1 теңгеге төмендегені байқалды.
Тауарлар экспортының көлемі 2006 жылдың ІІ тоқсанында 2005 жылғы
тиісті кезеңге қатысты 34,5%-ға, соның ішінде алыс шетелдерге – 34,2%-ға
өсті, ТМД елдеріне- 36,8%-ға өскені байқзалады.
Есепті кезең ішінде алыс шетелдерден 3215,22 млн. доллар сомада
тауар импортталды (ҚСТ бағасымен), бұл өткен жылғы тиісті кезеңдегіден
19,7% артық. ТМД елдерінен импортталған тауарлардың көлемі қарастырылып
отырған кезеңде 28,6%-ға өсті
Халықаралық қызмет көрсету балансының дефициті 2006 жылдың ІІ
тоқсанында және 2005 жылы 1622,48 және 1223,93 млн. доллар құрады.
Қазақстанның басқа елдерге көрсеткен және олардан алған халықаралық
қызметтерінің көлемі туралы деректер төлем балансының стандарттық
көрінісінде келтірілген. 2006 жылдың ІІ тоқсанында Қазақстанның басқа
елдерге көрсеткен қызметтерінің көлемі 2005 жылдың тиісті кезеңімен
салыстырғанда 28,5%-ға, соның ішінде көлік қызметтері 36,2%-ға өсті,
сапарлар бойынша қызметтері – 34,1%-ға өсті, ал өзге қызметтері – 5,3%-ға
өсті.
Басқа елдерден алынатын қызметтердің көлемі 31,3-ға, соның ішінде
көлік қызметтері - 23,4%-ға, сапарлар бойынша қызметтер - 41,2%-ға, өзге
қызметтер - 32,1%-ға өсті. Есепті кезеңдегі басқа елдерден алынған
қызметтердегі ең үлкен үлес салмақты құрылыс қызметтері алатынын атап өткен
жөн.(38,3%) Қазақстанның инвестициялардан және жұмыс істейтіндерге
өтемақыдан алған табысты талдау жүргізіліп отырған кезеңде 344 млн. доллар
соманы құрады, бұл 2005 жылғы тиісті кезеңдегідеңгейден 2 есеге асып
түсті.Қазақстанның аталған жолдар бойынша төлемдері 2674 млн. долларды
құрап, бұл салыстырылып отырған кезеңдегіден 94,2% жоғары.
Қаржы операцияларының шоты есепті кезеңде 827 млн. доллар көлемінде оң
қалыптасты, бұл шот 2005 жылдың ІІ тоқсанында да теріс қалыптасып 566 млн.
долларды құрады.
2006 жылдың І-ші тоқсанында тікелей шетелдік инвестициялармен жасалған
операциялар бойынша сальдо 1412,5 млн. долларды құрады.Қазақстанның
шетелдегі тікелей инвестициялары 2006 жылдың талдау жүргізіліп отырған
тоқсанында 282,2 млн. долларды құрады, 2005 жылдың тиісті тоқсанында
шетелдегі тікелей инвестициялар теріс қалыптасып, 63,1 млн. долларды
құрады, соның ішінде басқа капитал түрінде – 359,5 және 52,1млн. доллар
болды. [17-50]
2006 жылдың ІІ тоқсанында портфельдік инвестициялармен жасалатын таза
операциялар бойынша 1412,5 млн. доллар мөлшерінде оң шама қалыптасты, ал
2005 жылдың тиісті кезеңінде ол – 621,8 млн. доллар болған.
Төлем балансының басқа инвестициялар деген жолы бойынша
жүргізілетін операциялар бойынша таза нәтиже 2006 жылдың ІІтоқсанында
2141,5млн. доллар сомасында оң қалыптасты. 2005жылдың ІІ тоқсанында
баланстың аталған жолы бойынша сальдо 189,0 млн. доллар сомасында теріс
қалыптасты. Активтер мен пассивтер құрылымындағы ең үлкен үлес салмақты
2006 жылдың ІІ тоқсанында қарыздар (тиісінше 49,5% және 83,0%) алып отыр.
Қазақстанның резервтегі активтері, негізінен шетел валютасымен
жасалатын операциялар есебінен, талдап жүргізіліп отырған кезең ішінде
теріс қалыптасып, 1879,0 млн. доллларды құрады.
2006 жылдың ІІ-тоқсанында баланстың Таза қателіктер мен ағаттықтар
жолының елдің тауар айналымына пайыздық қатынасы өткен жылғы тиісті
кезеңіндегі 6,3%-ға қарағанда 4,7% құрады. [17-51]

1.3 Қазақстан Республикасының және ТМД мемлекеттерінің сыртқы сауда
айналымына талдау.

Қазақстанның егемен ел ретінде Біріккен Ұлттар Ұйымына және басқа
да халықаралық ұйымдарға мүше болуы ел экономикасын халықаралық сауда қарым-
қатынастарына интеграциялауға объективті жағдайлар жасады.
Қазақстан экономикасының бүгінгі жағдайын талдап қарасақ, онда біз
мынадай оңды құбылыстарды байқар едік. [6-36]
1.Теңгенің тұрақтылығының нығаюы.
2.Инфляция деңгейінің төмендеуіне байланысты Ұлттық Банк қайта
қаржыландыру ставкасы.
3.Өндіріс құлдырауы тежеліп, макроэкономикалық ахуал тұрақтанды.
4.Экспорт өнімдері тұрақты түрде ұлғаюда. [6-37]
Экспорттық және импорттық операциялардың өсуіне
байланысты Қазақстанның сыртқы сауда айналымы өсті. 1994 жылдың басынан
бастап 1993 жылмен салыстырғанда тауар айналымы 2%-ке төмендеді, яғни
8559,2 млн. доллар.1995 жылы 51,8%-ке, ал 1996 жылы 1993 жылмен
салыстырғанда 60,8% болды. Соңғы үш жылда ФОБ бағасымен санағанда импорт
тауарының үлес салмағы артық болды, бірақ та оның үлесі жыл сайын
азаюда.1993 ж. 60,7%; 1995 ж.53,8%; 1996 ж.53,7%-ке. Экспорт (кеден) 1996
ж. 1995 жылғы деңгеймен салыстырғанда 7,3%-ке өсті, ал импорттың өсу
қарқыны осы уақыт ішінде 14,4%.
Экспорт және импорт операциялары көлемінің өсуіне байланысты
Қазақстанның сыртқы сауда айналымы да өсті. 1996 ж.1995 жылмен
салыстырғанда 8,1%, ал 1993 жылмен салыстырғанда 60,8%-ке өсті.
Айта кететін жағдай, тауар экспортының өсуі негізінен баға факторына
байланысты болады. 1996 жылғы тауар тобының бағасының өсуі мұнай мен мұнай
шикізаттарының бағасының өсуіне байланысты. 1996 ж.1-кварталда 1 тонна
мұнай 90,7 млн. доллар болса, 2-кварталында 12,7%-ке (102,2 доллар), 3-
кварталда 106,8 долларға (104,5%) өсті. Барлығын қоса алғанда, 1996 ж. 1995
жылмен салыстырғанда мұнай өндірудің көлемі 3685 мың тоннаға, яғни 388,7
млн. долларға өсті.
Сонымен, 1993 жыл мен 1995 жыл аралығында Қазақстан кәсіпорындарының
басқа әлемге қарызы 50,3%-ке қысқарды. [2-64]
2003-ші жылы Қазақстанның сырткы сауда айналымы 21,2 млрд. АҚШ
долларын құрап, 2002-ші жылмен салыстырғанда 31%-ға өсті. Соның ішінде
экспорт -12,9 млрд. доллар (33%-ға), импорт 8,3 млрд. доллар (28 %-ға)
өсті. Экспорттың жалпы көлеміндегі ТМД елдерінің үлесі 22,9%-ды құрады.
Қазақстан өнімдерін негізгі сатып алушылар: Бермуд аралдары (7%), Ресей
(15,2%), Швейцария (13%), Қытай (12,8%) болып табылды. [14-30]
2003-ші жылы барлық импорттың 42,1%-ы ТМД елдерінің еншісіне келеді.
Бұл көрсеткіш 2002-ші ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мемлекеттің төлем балансының экономикалық мәнін ашу
Төлем балансының түрлері
ТӨЛЕМ БАЛАНСЫНЫҢ ҚҰРЛЫМЫ
Қазақстан Республикасының төлем балансы және оның құрылымы
Төлем балансының теориялары
Валюта – дербес экономикалық категория ретінде
«Қазақстан Республикасындағы валюталық реттеу»
Қазіргі дүниежүзілік шаруашылықтағы валюта жүесі
Дүниежүзілік валюталық жүйе
Валюталы саясат және валюталы реттеудің түсінігі
Пәндер