Бала әкесінің арызы негізінде әке болуды анықтауды тіркеу


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 26 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар

Кіріспе3

Негізгі бөлім. . 4

1. Тууды тіркеу. . . 4

2. Бала асырап алуды тіркеу. . 5

3. Әке болуды анықтауды тіркеу. . 8

4. Қазақстан Республикасында азаматтық хал актiлерiн тiркеу тәртiбi туралы Ережелер. 12

Қорытынды. . 26

Қолданылған әдебиеттер тізімі. . 27

Кіріспе

Баланың тууын тіркеу АХАЖ органдарында, жергілікті атқарушы органдарда баланың туған жері немесе ата-аналарының не олардың біреуінің тұрған жері бойынша жүргізіледі. Баланың тууын тіркеу үшін медициналық мекеменің баланы туғандығы туралы анықтамасы негіз болып табылады. Баланы үйде туған жағдайда туу емдеу мекемесі дәрігерінің, басқа медициналық қызметкердің анықтамаларының негізінде, олар болмаған жағдайда, кемінде екі куәнің арызының негізінде тіркеледі.
Баланың тууын тіркеу туралы арыз ата-аналарының не олардың біреуінің ауызша немесе жазбаша арызы негізінде болады. Баланың тууын тіркеу оның туған күнінен бастап екі ай мерзімнен кешіктірілмей тіркелуі тиіс. Екі айлық мерзім өткеннен кейін тууын тіркеу аумақтық әділет департаментінің АХАЖ бөлімі жасаған қорытындының негізінде жүргізіледі.

Тууды тіркеудің тәртібі

Баланың тууын тіркеу АХАЖ органдарында, жергілікті атқарушы органдарда баланың туған жері немесе ата-аналарының не олардың біреуінің тұрған жері бойынша жүргізіледі. Баланың тууын тіркеу үшін медициналық мекеменің баланы туғандығы туралы анықтамасы негіз болып табылады. Баланы үйде туған жағдайда туу емдеу мекемесі дәрігерінің, басқа медициналық қызметкердің анықтамаларының негізінде, олар болмаған жағдайда, кемінде екі куәнің арызының негізінде тіркеледі.
Баланың тууын тіркеу туралы арыз ата-аналарының не олардың біреуінің ауызша немесе жазбаша арызы негізінде болады. Баланың тууын тіркеу оның туған күнінен бастап екі ай мерзімнен кешіктірілмей тіркелуі тиіс. Екі айлық мерзім өткеннен кейін тууын тіркеу аумақтық әділет департаментінің АХАЖ бөлімі жасаған қорытындының негізінде жүргізіледі.
Шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдардың балаларының тууын тіркеу кезінде ата-анасының екеуінің де жеке бастарын куәландыратын құжаттарын, сондай-ақ олардың мемлекеттік және орыс тіліндегі мәтіннің нотариалдық куәландырылған аудармасын тапсыруы талап етіледі.
Егер ата-анасы (немесе олардың біреуі) он сегіз жасқа толмаған болса, баланың тууы, әке тану да әдеттегідей тіркеледі. Кәмелетке толмаған әкесінің немесе анасының ата-аналарының (қамқоршыларының) баланың тууын тіркеуге келісімі талап етілмейді. Кәмелетке толмаған ата-анадан туған баланы тіркеу заңды өкілдің қатысымен жүргізіледі. Тууды тіркеу кезінде баланың тегі ата-анасының тегімен белгіленеді. Ата-анасының тектері әртүрлі болған жағдайда балаға ата-анасының келісімімен әкесінің немесе анасының тегі беріледі. Ата-анасының қалауы бойынша баланың тегін ұлттық дәстүрлерді ескере отырып, әкесінің не атасының атына жазуға боады (әкесі жағынан да, анасы жағынан да) . Азаматтардың қалауы бойынша қазақтардың тектері мен әкелерінің аттарын жазу кезінде қазақ тіліне жат -ов, -ев, -ова, -ева, -ин, --н, - ины, --на, -овна, -евна, -ович, -евич, жұрнақтары алып тасталып, олардың орнына “ұлы”, “қызы” жалғаулары бірге қосылып жазылады. Балаға қосарланған тек беруге рұқсат етілмейді. Алайда, егер ата-анасынң (немесе олардың біреуінің) қосарлангған тегі болса, АХАЖ органы балаға осы текті беруден бас тартуға болмайды. Текке “тегі”, “ұрпағы”, “немересі”, “шөбересі” сөздерін және т. б. сөздерді қосып жазуға жол берілмейді. Баланың аты ата-анасының келісімі бойынша қойылады. АХАЖ органы берілген аттың жеке аттар анықтамасында көрсетілмеуі не қысқартылған, еркелететін ат болып табылуы негізінде балаға ата-анасы таңдаған атты қоюдан бас тартуға құқылы емес. Баланың тегін, атын беруде ата-анасының арасында келісім болмаған жағдайда сот арқылы шешіледі. Баланың әкесінің аты әкесінің атымен не әкесә ретінде жазылған адамның атымен беріледі. Егер жеке басын куәландыратын құжатқа сәйкес әкесінің бірнеше аты болса, баланың әкесінің аты ата-анасының таңдауымен солардың біреу бойынша жазылады. Ұлттық-тарихи дәстүрге сай әкесінің аты шын мәнісінде тегін ауыстыратын болса және оған “ұлы”, “қызы” қосылса, тегі міндетті түрде бірінші орында, одан кейін аты тұрады. Егер баланың тууы оның нақты туған жерінде емес, ата-анасының не олардың біреуінің тұратын жері бойынша тіркелетін болса, туу туралы акт жазуындағы туған жерінде тіркелген жері көрсетіледі. Өзара некеде тұратын әкесі мен анасы олардың біреуінің арызы бойынша туу туралы акт жазуында баланың әке-шешесі болып жазылады. Неке қию туралы куәлік мұндай жазуға негіз болып табылады. Егер баланың ата-анасы өзара некеде тұрмаса, баланың анасы туралы жазба медициналық туу туралы дәрігерлік куәлік бойынша басқа адамның не анасының өтініші бойынша, ал әкесі туралы мәлімет - әкесі мен анасының бірлесіп арыз беру негізінде немесе әкесі соттың шешімі бойынша жазылады. Бала некеде тұрмайтын анадан туған болса, жоғарыда көрсетілген реттермен тіркеу болмаған жайда, тууды жазу кітабында баланың әкесі - анасының тегі бойынша, баланың әкесінің өз аты мен оның әкесінің аты -анасының айтуы бойынша жазылады. Сонымен бірге, перзентханада дүниеге келген балалар мен бірге, даладан тауып алынған балалар да кездеседі. Бұл жағдайда да баланың тууын міндетті түрде тіркеуден өткізу қажет. Тауып алынған баланың туылған, егер ол бұрын тіркелмеген болса, оны тауып алған адамның, балалар мекемесі әкімшілігінің немесе ішкі істер органдарының мәлімдемесі бойынша тауып алынған күннен бастап үш тәуліктен кешіктірмей тіркелуге тиіс. Өзара некеде тұратын әкесі мен шешесі олардың біреуінің өтініші бойынша тууды тіркеу кітабында баланың ата-анасы болып жазылады. Неке қию туралы куәлік туу туралы куәлік жазуға негіз болып табылады. Егер ата-анасы өзара некеде тұрмаса, тіркеу өзін баланың әкесімін деп танитын адамның тұратын жерінде тіркелуі мүмкін, онда тууды тіркеу туралы өтінішпен қоса әке болуды анықтау туралы өтініш беріледі. Бала некеде тұрмайтын анадан туған болса, ата-ананың бірлесіп берген арызы және соттың әке болуды анықтау туралы шешімі болмаған жағдайда баланың тууы туралы куәлігінде баланың әкесі туралы жазба анасының айтуы бойынша әкесінің тегі, аты мен оның әкесінің аты жазылады. Заңнамамен бекітілген мерзім ішінде арызданушы бала тууды тіркеу үшін шағымданған кезде, мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі - 2 жұмыс күні, тиісті құжаттарды қосымша тексеру қажет болған жағдайда мемлекеттік қызмет көрсету 15 күнтізбелік күнге дейін созылады, ал басқа органдарға сұраныс жіберген жағдайда, тұтынушыны ескерте отырып, мемлекеттік қызмет көрсету 30 күнтізбелік күнге дейін созылады. Бекітілген заңнаманы бұза отырып, арызданушы бала тууды тіркеу үшін шағымданған кезде мемлекеттік қызмет көрсету 30 күнтізбелік күнге дейін созылады, ал басқа органдарға сұраныс жіберген жағдайда, тұтынушыны ескерте отырып, бір айдан аса уақытқа дейін созылу мүмкін. Құжаттар Үәкілетті органның маманына тапсырылады. Үәкілетті органның маманы азаматтық жағдайлардың актілерін тіркеу үшін тапсырылған құжаттарды қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкестігін тексереді; азаматтық жағдайлардың актілерін тіркеу үшін тапсырылған құжаттар қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес келмеген жағдайда, құжаттар өтініш білдірушіге тиісті түсініктемелермен және ұсыныстармен қайтарады; азаматтық жағдайлардың актілерін тіркеу үшін тапсырылған құжаттар қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес келген жағдайда өтінішті арнайы есеп журналына тіркейді; қажет болған жағдайда тиісті органдарға сұраныс жібереді. Тұтынушыға тиісті құжаттарды қабылдап алған жөнінде, қабылдап алған мерзімі қойылған; саны мен құжаттардың атаулары; құжаттарды беру мерзімі мен уақыты; маманның аты-жөні жазылған қолхат береді.

Әке болуды анықтауды тіркеу тәртібі

Қазақстан Республикасының “Неке және отбасы туралы” заңының 46-бабына сай, баланың анасымен некеде тұрмайтын адамның әке болуын анықтау АХАЖ органына баланың әесі мен анасының бірлесе арыз беру жоолымен; анасы қайтыс болған, ол әрекет қабілеті жоқ деп танылған, оның тұратын жерін анықтау мүмкін болмаған не ата-аналық құқықтан айрылған жайда-қамқорлық және қорғаншылық органының келісімімен баланың әкесінің арызы бойынша, ал келісім болмаған кезде-соттың шешімімен жүргізіледі. Ата-анасының біреуінің арызы бойынша сот шешімі шығарылған жердегі АХАЖ органына беріледі. Әке болуды анықтауды тіркеу баланың әкесінің некеде тұрған-тұрмағанына қарамастан жүргізіледі. Баланың тегі ата-аналардың келісімі бойынша, ал келісім болмаған жайда - сот тәртібімен шешіледі.
Әке болуды анықтау туралы куәлік ата-анасының талабы бойынша беріледі.

Қазақстан Республикасының «Неке және отбасы туралы» Заңының 46-бабына сәйкес, баланың анасымен некеде тұрмайтын адамның әке болуын анықтау АХАЖ органына баланың әкесi мен анасының бiрлесе арыз беру жолымен; анасы қайтыс болған, ол әрекет қабiлетi жоқ деп танылған, оның тұратын жерiн анықтау мүмкiн болмаған немесе анасы ата-аналық құқықтан айырылған жағдайларда - қамқоршылық және қорғаншылық органының келiсiмiмен баланың әкесінің арызы бойынша ал келiсiм болмаған кезде - соттың шешiмi бойынша белгiленедi. Баланың өзара некеде тұратын ата-анадан тууы ата-анасының некесi туралы жазумен куәландырылады.

Қазақстан Республикасының «Неке және отбасы туралы» Заңының 47-бабына сәйкес бала некеде тұрмайтын ата-анадан туған жағдайда, ата-анасының бiрлесiп берген арызы болмаған кезде, әке болуды анықтау баланың ата-анасының бiреуiнiң немесе қамқоршысының (қорғаншысының), сондай-ақ бала кәмелетке толғаннан кейiн оның өзiнiң арызы бойынша сот тәртiбiмен белгiленедi. Қазақстан Республикасының «Неке және отбасы туралы» Заңының 178-бабына сәйкес әке болуды анықтауды тiркеу туралы арыз берушiлердiң таңдауы бойынша баланың ата-анасының бiрiнiң тұрған жерi бойынша АХАЖ органына, ал әке болу сот шешiмiмен анықталған жағдайда - әке болуды анықтау туралы сот шешiмi шығарылған жерге берiледi.

Кәмелетке толған адамға қатысты әке болуды анықтауды тiркеу туралы арызға тек оның келiсiмiмен ғана, ал егер ол әрекет қабiлетi жоқ болып танылса - оның қамқоршысының немесе қамқоршылық және қорғаншылық органының келiсiмiмен жол берiледi. Мұндай жағдайларда ата-анасының арызына кәмелетке толған адамның (оның қамқоршысының) әке болуды анықтауға жазбаша түрдегi келiсiмi мiндеттi түрде қоса берiледi. Мұндай келiсiм осы адамның (оның қамқоршысының) жеке арызында немесе ата-анасының бiрлесiп берген арызына (әкесiнiң арызына) оның қол қоюы (қамқоршысының қол қоюы) арқылы бiлдiрiлуi мүмкiн. Мұнымен қатар кәмелетке толған адам (оның қамқоршысы) әкесiнiң тегiн алуды қалайтындығын немесе анасының тегiнде қалғысы келетiндiгiн көрсетедi. Бұл туралы әке болуды анықтау туралы акт жазуының 21-бағанасында тиiстi белгi қойылады. Егер баланың тууы туралы акт жазбасында баланың әкесi ретiнде белгiлi бiр адам көрсетiлсе, АХАЖ органының әке болуды анықтау туралы арызды қабылдауға құқығы жоқ. Бұл жағдайда әке болуды анықтау туралы арыз түскен кезде АХАЖ органы баланың тууы туралы жазбасы бойынша әкесi туралы бұрын енгiзiлген мәлiметтердiң негiздемесiн тексеруге тиiс.

Мұндай тексеру:

1) егер әкесi анықталатын баланың анасы тiркелген некеде тұрса;

2) егер баланың анасы тiркелген некеде тұрмаса, ал тууы туралы куәлiкте баланың әкесiнiң тегi анасының тегiмен сәйкес келмесе, мұндай тексерулер мiндеттi түрде жүргiзiледi.

Егер тууы туралы жазба басқа АХАЖ органында болса, АХАЖ органы оның көшiрмесiн көрсетiлген мәлiметтердi анықтау және арызға қосып тiгу үшiн бiр айдың iшiнде алдыруға тиiс. Бұл жағдайда арыз әдеттегi тәртiппен түскен күнi журналда тiркеледi, ал әке болуды анықтау арыз берушiлердiң (арыз берушiнiң) қатысуымен тууы туралы актiлiк жазудың көшiрмесiн алғаннан кейiн кiдiртiлместен жүргiзiледi. Туу туралы актiлiк жазудың көшiрмесiнiң сұратылғаны туралы арыз берушiлерге (арыз берушiге) хабарланады және оның нақты алыну мүмкiндiгi ескерiле отырып әке болуды анықтауды тiркеу күнi белгiленедi. Баланың тууы туралы актiлiк жазбада арыз берушi әйелдiң күйеуi немесе басқа адам көрсетiлген жағдайда (Қазақстан Республикасының "Неке және отбасы туралы" Заңының 49-бабының 3-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда) баланың тууы туралы актiлiк жазудан әке болу туралы мәлiметтердi алып тастау туралы мәселенi сот шешкенге дейiн әке болуды анықтауды тiркеуден бас тартылуы тиiс. Жүйке ауруы немесе ақыл-есiнiң кемдiгi салдарынан сот тәртiбiмен әрекет қабiлеттiлiгi жоқ деп танылған адамның арызы бойынша, сондай-ақ осы әрекет қабiлеттiлiгi жоқ адамның қамқоршысының арызы бойынша әке болуды анықтауға жол берiлмейдi. Баланың тууы туралы акт жазба жоғалып кетсе, онда әке болуды анықтау ол белгiленген тәртiппен қалпына келтiрiлгеннен кейiн тiркелуi мүмкiн. Ата-аналардың бiрлесiп берген арызы бойынша әке болуды анықтауды тiркеу кезiнде баланың тегi ата-аналардың келiсiмi бойынша, ал келiсiм болмаған жағдайда - сот тәртiбiмен анықталады. Баланың қандай тектi иеленетiнi жөнiнде әке болуды анықтау туралы арызда көрсетiлуi тиiс. Сот шешiмi негiзiнде әке болуды анықтауды тiркеу кезiнде балаға шешiмде көрсетiлген тек берiледi, мұндай жазу жоқ болған жағдайда - арыз берушiнiң көрсетуi бойынша берiледi. Осы мәселе бойынша дау туған жағдайда ол сот тәртiбiмен шешiледi. Әке болуды анықтауды тiркеуге байланысты әскерге мiндеттiнiң немесе шақырылушының тегі немесе әкесінің аты өзгерген жағдайда АХАЖ органы Қазақстан Республикасының "Жалпыға бiрдей әскери мiндеттiлiк және әскери қызмет туралы" Заңына сәйкес бұл туралы жетi күндiк мерзiмде әскери мiндеттi немесе шақырылушы әскери есепте тұратын аудандық, қалалық, қаладағы аудандық әскери комиссариатқа хабарлауы тиiс.

Баланың әкесі мен анасының бірлесіп берген арызының негізінде әке болуды анықтауды тіркеу.

Әке болуды анықтау туралы ата-аналардың бiрлесiп жазған арызы олардың бiреуiнiң тұрғылықты жерi бойынша АХАЖ органына берiледi. Бала туғаннан кейiн әке болуды анықтау туралы ата-аналардың арыз беруi мүмкiн болмаған немесе қиын болған жағдайда (ата-аналардың бiреуiнiң қатты науқастануы, ұзақ iссапарда немесе экспедицияда болуы, басқа жерге тұрақты түру үшiн көшiп кетуi және тағы басқа), анасы екiқабат кезiнде медициналық анықтамамен растала отырып, әлi тумаған балаға қатысты тұрғылықты жерi бойынша АХАЖ органына бiрлесiп (немесе бөлек) алдын ала арыз беруге жол берiледi. Әке болуды анықтау туралы ата-аналардың арызына баланың тууы туралы куәлiгi қоса берiлуге тиiс. Егер әке болуды анықтауды тiркеу тууды тiркеумен бiр мезгiлде жүргiзiлсе, тууы туралы куәлiк ұсынылмайды.

Бала әкесінің арызы негізінде әке болуды анықтауды тіркеу.

Бала әкесiнiң арызы негiзiнде әке болуды анықтау:

  • анасы қайтыс болған, анасы қайтыс болды деп жарияланған;
  • анасының жүйке ауруы немесе ақыл-есiнiң кемiстiгi салдарынан әрекет қабiлеттiлігi жоқ деп танылған;
  • анасы ата-аналық құқықтан айырылған;
  • баланың анасының тұрғылықты орнын анықтау мүмкiн болмаған жағдайларда жүргiзiледi.

Әке болуды анықтауды тiркеу қорғаншы және қамқоршы органның келiсiмiмен өзiн баланың әкесiмiн деп танитын адамның жазбаша арызы бойынша, мұндай келiсiм болмаған жағдайда - сот шешiмi бойынша жүргiзiледi. Егер балаға қорғаншы (қамқоршы) тағайындалса, онда арызда оның тегi, аты, әкесiнiң аты және тұрғылықты жерi көрсетiледi.

Сот шешімінің негізінде әке болуды анықтауды тіркеу.

Әке болуды анықтауды тiркеу соттың әке болуды анықтау туралы, сондай-ақ әке болу және әке болуды тану фактiсiн анықтау туралы шешiмiнiң негiзiнде жүргiзiледi. Заңды күшiне енген сот шешiмi және баланың тууы туралы куәлiгiнiң көшiрмесi арызға қоса берiледi. Әке болуды анықтау туралы шешiм шығарған сот осы шешiм заңды күшіне енгеннен кейін оның көшiрмесiн арыз берушінің тұрғылықты орны бойынша тiкелей АХАЖ органына жiберген жағдайда, сот шешiмiнiң көшiрмесiн алған АХАЖ органы талап-арыз бойынша сот әке болуды анықтаған адамның қатысуымен әке болуды анықтау туралы жазбаны одан әрi дайындау үшiн шешiмдi соттың есепке алу журналында тiркеуге міндеттi. Әке болуды анықтау туралы акт жазбасын жазу кезiнде әкесi туралы деректер сот шешiмiне сәйкес көрсетiледi. Сот шешiмiнде әкесiнiң ұлты туралы деректер жоқ болған жағдайда әке болуды анықтау туралы акт жазуының 13 "Ұлты" бағанасы баланың тууы туралы акт жазуындағы 15-бағанаға сәйкес толтырылып, бұл туралы 21-бағанада әке болуды анықтау туралы белгi соғылады. Әкесiнiң тұрақты тұрғылықты жерi, қайда және кiм болып жұмыс iстейтiндiгi арыз берушiнiң айтуымен жазылуы мүмкiн.

Қазақстан Республикасында әке болуды анықтау, Қазақстан Республикасынан тыс жерде анықталған әке болуды мойындау.

Қазақстан Республикасында әке болуды анықтау ата-аналары мен баланың ұлтына және олардың тұрғылықты орнына қарамастан Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүргiзiледi. Қазақстан Республикасының заңдары бойынша АХАЖ органдарында әке болуды анықтауға жол берiлген жағдайда, Қазақстан Республикасынан тыс жерде тұратын баланың ата-аналары, ең болмағанда олардың бiреуi Қазақстан Республикасының азаматы болып табылса, Қазақстан Республикасының консулдық және елшiлiк мекемелерiне әке болуды анықтау туралы арызбен жүгiнуге құқылы.

Бала асырап алуды тіркеу тәртібі

ҚР Әділет министрлігі мамандарының мәліметінше, ҚР Азаматтардың хал актілерін тіркеу тәртібі туралы ереженің 138-тармағына сәйкес, бала асырап алу дерегі міндетті түрде әділет органдарына тіркелуі тиіс. Бала асырап алуды тіркеу туралы өтініш жазбаша тапсырылуы қажет. Талап етілетін құжаттар: бала асырап алушының жеке басын куәландыратын құжат, бала асырап алу туралы сот шешімінің лауазымды тұлғаның қолы қойылған және мөрі басылған көшірмесі, асырап алынатын баланың туу туралы куәлігі.

Бала асырап алу - көптеген мекемелердің, білім беру мекемесінен қорғаншылық және қамқоршылық органы, сот, прокуратура, балалар үйі, ҚР-сы консылдық мекемелерінің өкілдері, балаға қамқор халықаралық қорлардың іс-әрекеттерінің қатысуымен жүргізілеті күрделі акт. АХАЖ органы бұл істерге қатыстырылмаған. АХАЖ органы сотта мәселені қарау кезінде де Заңмен белгіленген бойынша қатыстырылмайды. Сот шешімі шығарылғаннан кейін ғана АХАЖ органы акт тіркеумен шектеледі. Бала асырап алу тек қана кәмелеттік жасқа толмаған бала шін жүргізіледі. Бала асырап алушылардың арызы сот арқылы жүргізіледі. Бала асырап алу жарияланбайды.
АХАЖ органы бала асырап алу туралы сот шешімі шығарылғаннан кейін өткен мерзімге, асырап алынған баланың тіркеу сәтіндегі жасына қарамастан тіркелінеді. Туу туралы куәлік беріледі. Бала асырап алу туралы куәлік ата-аналарының тілегі бойынша беріледі. Асырап алу туралы акт облыс бойынша 1994 жылға дейін өскендігі, ал 1995 жылдан кемігендігі байқалады. 2000 жылдан бастап жыл сайын 400-430 бала асырап алу актілері тіркеліп отырған.

Ұлды (қызды) асырап алуды тіркеу үшін:

  1. белгіленген үлгідегі арыз;
  2. өтініш берушілердің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
  3. бала (қыз) асырап алу туралы заңдық күшіне енген сот шешімінің көшірмесі;
  4. некеге тұру (егер асырап алушы некеде тұрса) туралы куәліктің түпнұсқасы;
  5. баланың тууы туралы куәліктің түпнұсқасы;
  6. асырап алушының немесе мүдделі адамның тұлғасын куәландыратын құжаттың түпнұсқасы

Егерде, асырап алушылар, шетел азаматтары болған жағдайда, мемлекеттік баж салығы төленгендігін растайтын күні мен мөлшері көрсетілген төлем құжаттары қосымша талап етіледі.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тууды тіркеу тәртібі мен мерзімдері
Отбасы құқығы ұғымы
БАЛАНЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІНІҢ ЖАЛПЫ САПАТТАМАСЫ
Ұлды және қызды асырап алуды тәркеу, тегін, әкесінің атын өзгертуді тіркеу
Отбасы және бала құқықтары
Азаматтарды хабар-ошарсыз кетті ден танудан туындайтын жағдайла
Неке және отбасы ұғымы
Шетел азаматтарының бала асырап алуды құқықтық реттеу
Неке - отбасы қатынастарының құқықтық табиғаты
Жеке тұлға - азаматтық құқықтың субъектісі ретінде
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz