Тұқым және оны егістікке пайдалану


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 30 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар

1. Кіріспе

1. 1. Тұқымтану- тұқымның өніп-жетілу мен тіршілігін зерттейтін ілім

2. Негізгі бөлім

2. 1. Тұқым - мол өнім алуға арналған әр түрлі жадығат

2. 2. Ауыл шаруашылығы дақылдарының егістік материалы- дән бүрінің ұрықтануы нәтижесінде жетілген тұқым

2. 3. Өсімдіктің дәндік өнімі мен тұқым сапасына әсер ететін фактор- агротехника

2. 4. Тұқымдық егістерде ең жақсы жинау тәсілі 2. 5. Тұқымды жинағаннан кейінгі пісіп-жетілу кезеңіндегі химиялық өзгерістер.

2. 6. Тұқымды егіске дайындау

2. 7. Егістікті күтіп-баптау

2. 8. Егінді жинау тәсілдері

3. Қорытынды

3. 1. Тұқым шаруашылығы - ауыл шаруашылығы өндірісінің бір саласы.

Тұқым және оны егістікке пайдалану

Тұқымтану - тұқымның өніп-жетілу мен тіршілігін, олардың орта факторларына талаптары, жоғары сапалы тұқым өсіру және оларды себуге дайындау әдістері, сондай-ақ себу материалдарының сапасы мен оларды анықтау әдістерін зерттейді.

Тұқымтану-өз зерттеу нысаны-егістік материал, арнайы міндетті- егістік материал сапасын бағалау әдістері бар. Демек, тұқымтану жеке ғылымға қойылатын талаптарға жауап бере алады. Ол бәрінен бұрын өсімдік шаруашылығымен тығыз байланысты және оның негізгі құрамдас бөлігі. Тұқымтануды, сорттық тұқымды көбейту, сондай ақ оларды таза күйінде сақтау мен шаруашылықтарды қамтамасыз ету жөніндегі шаралар жүйесін зерттейтін -тұқым шаруашылығынан ажырата білу қажет. . Тұқымтану, басқа ғылымдар сияқты, 19-ғасырдың 70-ші жылдарындағы іс-тәжірбиелер талаптарынан туындайды. Ауылда капиталистік қатынастардың және сауданың дамуымен, тұқым белгілі бір қасиеттер - түп нұсқалық, тазалық, өнгіштік, ылғалдылық және басқа да қасиеттерімен сипатталатын тауар ретінде қолданыла бастады. Бұдан тұқымның осы қасиеттерін зерттеу мен стандарттау қажеттілігі туындады.

Дүние жүзіндегі тұқымды бақылайтын бірінші станцияны 1869 жылы Германияда профессор Ф. Ноббе құрса, Ресейдің бірінші ресми тұқым-бақылау станциясын Петербургтың басты ботаникалық бағы жанынан 1877 жылы профессор А. Ф. Баталин ашты.

Ауылшаруашылығы өндірісінде тұқым деп жоғары сапалы мол өнім алуға арналған әр түрлі жадығат айтылады, ол үшін мыналар пайдаланылады:

-нағыз тұқымдар (бұршақ, қырыққабат және зығыр тұқымдастар, мақта өсімдігі;

-жалаңаш және қабықты жемістер (қоңырбастар тұқымдасының дәндері- бидай, арпа, сұлы, т. б. ; күнбағыс шекілдеуігі, қарақұмық жаңғақшасы, т. б. )

-жеміс шоғыры (қызылша домалағы, т. б. ) ;

-түйнектер ( картоп, жер алмұрты)

Тұқымдар өсімдіктердің биологиялық және шаруашылық құнды қасиеттерін иеленушілер, соның нәтижесінде олардың сапасы алынатын өнім мен оның сапа көрсеткіштеріне айтарлықтай әсер етеді. Ауылшаруашылық дақылдарының өнімдері тұқымнан басталатыны ежелден белгілі: егер танапқа сапасыз тұқым себілсе, алынатын өнім төмендеп кетеді. Мұндай жағдайда топырақ өңдеу де, тыңайтқыш қолдануда да, егістікке жасалған күтім де, жауын-шашын да құр босқа зая кетеді.

Көпжылдық тәжірибеге сүйеніп, тұқымның керемет маңызына арнап, халық көптеген аталы сөздер мен дәл мағыналы мақал- мәтелдер құрастырған: «Не ексең, соны орасың», «Нашар тұқымнан мол өнім күтпе», т. б. Біздің заманымызда да, ауыл шаруашылығы күрделі өзгерістерге ұшыраған уақытта да, егіншілік техника және ғылым жаңалықтарымен қаруланғанда да бұл шаруалардың шындығы өзінің маңызын жойған емес. Керісінше, өсімдік шаруашылығының қарқынды дамыған заманында тұқымның маңызы әрқашан да арта түседі.

Тұқым үш сапасымен ерекшелінеді: себу сапасы- олардың себуге жарамдылық дәрежесін анықтайтын тұтас тұқымдық қасиеттері сорттың сапасы, сорттың тазалығына, репродукциясына қойылатын талаптарға сәйкес келеді, өнімділік сапасы - нақты жағдайларда белгілі бір мөлшерде өнім беру қабілеті. Бұл аталған тұқым сапасының көрсеткіштері бір- бірімен тығыз байланысты.

Тұқым-өсімдіктің биологиялық және шаруашылық қасиеттерін алып жүруші, сондықтан өнімділік көп дәрежеде оның сапасына байланысты. Өсімдік шаруашылығында, тұқым себуге арналған түрлі егістік материалдар жатады; дәннің өзі (дәндібұршақтар және басқалары), жемістер немесе олардың бөліктері (астықтар дәнекері және басқалары), жеміс шоғырлары (қызылшаның дән түйіндері), масақшалар (түлкіқұйрық) және түйнектер де (картоп) жатады.

Биологиялық тұрғыдан, тұқым- қолайсыз маусымдық құбылыстарға байланысты, түрді көбейтуге және сақтауға қолайлы тірі өсімдіктер тіршілігінің формасы. Тұқым, аналық өсімдікте қалыптасып, осы өсімдік тіршілігінің өзіне әсерін сезінеді.

. Тұқым сапасын көтеруде тұқым- бақылау зертханасы базасында ұйымдастырылған тұқым инспекциялары үлкен рөл ойнайды. Тұқым инспекциялары еліміздің әр әкімшілік аудандарында облыстық инспекциялар жетекшілігімен жұмыс атқаруда. Оларға басшылықты ауыл шаруашылығы министірлігінің мемлекеттік инспекциясы жасайды.

Тұқым инспекциялары- тұқымның егістік сапасын тексереді, тұқым өсіру, жинаудан кейінгі өңдеу, сақтау мен себуін, тұқымның сорттық және егістік сапаларының мемлекеттік бақылау жүргізеді.

Тұқым -ботаникалық тұрғыда, өзінде ұрық пен қоректік заттар қоры болатын, ұрықтану нәтижесінде жетілетін тұқым бүрі . Өндірістік тұрғыда -тұқым, немесе егістік маериал деп, өнім алу үшін топыраққа егілетін дәнді айтады. Көп жағдайларда тұқымның ботаникалық және өндірістік (агрономиялық) ұғымдары сәйкес келе бермейді.

Мысалы: ауыл шаруашылығы іс-тәжірбиесінде астық дақылдарының егістік материалын тұқым десе, ботаникалық тұрғыда ол жеміс (дәнек) . Қант қызылшасының егістік материалын да тұқым дейтін болса, ботаникалық тұрғыда ол жеміс шоғыры.

Сонымен, ауыл шаруашылығы дақылдарының егістік материалы ретінде қолданылады: дән бүрінің ұрықтануы нәтижесінде жетілген тұқым. Оған барлық, бұршақтар, қырыққабат тұқымдарындағы- майлылар, сондай-ақ зығыр, кенеп, жұт және т. б. дақылдар тұқымдары жатады;

Жемістер, яғни, жеміс қабықшаларымен көмкерілген, түйін қабырғасынан жаратылған тұқым. Мысалы, барлық дәнді астық дақылдары мен астық шөптерінің дәнектері, күнбағыс пен мақсаты тұқымшалары, эспарцет бұршақбасы, кониандр екітұқымшалары, кенепшөп, перилла, ляллеманция жаңғақшалары және т. б. жемістер мүшелері, яғни толық жемістерді өңдеуден кейінгі оның бөліктері (мысалы, сераделла) ;

Жеміс шоғырлары, немесе бір жалпы жеміске біріккен жемістер (қызылшаның түйіндері) .

Тұқымтүзілу . Ұрықтанғанан кейін, ұрыққаптың ішінде эндосперм түзілетін ұрықтанған екіншілік ядроның және ұрықтың бастамасын беретін ұрықтанған жыныс жасушаларының күшті бөлінуі басталады.

Эндосперм ұрықтың ішінде. Ол ұрықтың қоректік ұлпасы болып саналады. Бірақ, эндосперммен басқа, кейбір өсімдіктердің түзілетін тұқымында қоректік ұлпаның басқа түрі- перисперм болады. Эндосперммен айырмасы, перисперм жыпыстық емес вегативтік жолмен, ұрыққапта емес нуцеллус жасушасынан түзіледі. Өсімдіктердің бірқатар тұқымдастарында (мысалы, бұршақтар, ақкекірелі-ер, қырыққабаттылар және т. б. эндосперм тұқым түзілу процесінде тұқым жарнағымен толық жұтылады. Бұл жағдайда ұрық барлық ұрыққапты толығымен алып тұрады.

Тұқым түзілу процесінде ұрыққап өсе түсіп, ақуыз, май және крахмалға бай жалпы протоплазмамен толады, жасуша қабырғасы пайда болады, ұрыққаптың барлық қуысы тығыз ұлпаға айналмайынша жасуша ұлпасы түзіледі.

Астықтарда ұрыққап алдымен ұзына бойы, сонан соң оның ені мен жуандығы өседі. Қалыптасқан тұқым ақырғы размеріне 7-12 күнде жетеді, ол сүттеніп пісудің басына сәйкес келеді. Н. Н. Кулишов бұл кезеңді тұқымның қалыптасу кезеңі деп аталады. Тұқымның жуандығы балауызданып пісуге дейін ұлғаяды. Тұқым бүрі жабынынан -дән қабығы, ал түйін қабырғасынан жеміс қабығы пайда болады.

Кейбір жағдайларда тұқымның қалыпты құралуынан ауытқулар болып тұрады: екі немесе бірнеше ұықтар (палиэмбрия), эндосперм болып ешқандай ұрық болмауы, керісінше ұрық болып эндосперм болмауы. Екі ұрықтылық көбінесе арпа мен жүгеріде ал ұрықсыздық қарабидайда кездеседі.

Эндоспермсіз дәнді тұқымдық және тауарлық партияларда кездестіру қиын, себебі, ондай дәндер өңдеу кезінде мүлдем бастырылмай қалады немесе олар қалдықтарға кетеді. Кез келген ағзаның сыртқы ортамен өзара байланысы, оның құралу кезінде басталады.

Тұқым- онтогенездік дамып жетілудегі өсімдіктің ұрықтық жетілу кезеңі. Тұқым аналық ағзада түзіліп, сол өсімдік тіршілігі жағдайларындағы барлық әсерді өзінде сезінеді. Өсімдіктің өсіп- жетілуіне қолайлы болатын барлық факторлар, көп жағдайларда жоғары сапалы тұқым түзілуіне ықпал етеді және керсінше, өсімдіктің өсіп-жетілуіне қандай да болмасын дәрежеде залал келтіретін факторлар тұқым сапасын төмендетеді.

Аналық өсімдіктегі тұқым түзілу жәйі. Бір өсімдіктің өзіндегі тұқым түзілу жағдайлары әр түрлі, демек, оның сапасы да түрліше. Бұл бір өсімдік гүлдерінің ұрықтануы да бір мезгілде болмайтыны белгілі. Бидай, қарабидай және арпа масағының орта шнеіндегі масақшалары - бірінші, ал соңынан масақтың бас жағы мен төменгі бөліктері гүлдеп, ұрықтанады; сұлы, тары және күріштің гүлдеуі шашақбастың жоғарғы бұтақшаларынан төменгілеріне қарай; бөрібұршақ, қыша және бірқатары басқа да дақылдарға, керсінше гүлшоғырының төменгі бөлігінде орналасқан масақшалары бірінші гүлдейді.

Өсімдіктегі бірінші пайда болған тұқымның артықшылығы, оның пластикалық заттарымен қамтамасыз етуінің жоғарғы болуында. Сондықтан, өсімдіктегі алғашқы түзілген тұқымдар әрқашан жоғары сапалы. Бұл әсіресе гүлдеу кезеңдері ұзаққа созылатын дақылдарда (асбұршақ, сұлы, тары) байқалады.

Гүлдеудің ұзақтығы бір гүлшоғыры (масақ, шашақбас, және т. б) төңірегінде ғана байқалып қоймайды, түрлі бұтақ қатарларының бұтақшаларында да байқалады. Оларда барлығынан бұрын бас сабақтың гүлшоғыры, сонан соң бірінші, екінші және т. б қатарлар гүлшоғыры гүлдейді. Осыған байланысты шамадан тыс түптену немесе бұтақтануда болатын түрлі мезгілдегі тұқым түзілуден өнім сапасы төмендейді.

Тұқымның аналық өсімдіктегі орналасу орны мен түзілу мезгіліне қарай болатын түрлі саналығы материалдық, немесе аналық - деп аталса, сыртқы жағдайлар әсерінен болған түрлі сапалық экологиялық болып саналады. Климат және материологиялық жағдайлардың әсері. Қоршаған ортаның климаттық факторларының тұқымның сапасына тигізілетін үлкен әсерін Ч. Дарвин айтып кеткен. Тұқымның құралу мен жетілу жағдайлары қолайлы болған сайын, оның тіршілік қабілеттілігі мен жоғары өсімділік сапасы арта түседі. Басқаша айтқанда, қандайда болмасын дақылдан жоғары өнім алуға септігі тиген сыртқы орта жағдайлары, тұқымның жоғары өнімділік қасиеттерін қалыптастыруға да оң әсер етеді.

Жоғары өнім алуға ықпал ететін өте қолайлы жағдайда тұқым өңдеу -еліміздің тұқым шаруашылығының негізгі принципі. Осыдан келіп, әр дақыл үшін әр табиғи аймақта тұқымның егістік және өнімділік сапасына жасалатын агротехникалық тәсілдері және матеориологиялық жағдайлар кешенін анықтауға көп мән беріледі.

Тұқымды өнімділік қасиеттерінің жетілуіне қолайлы жоғары өнімді жыл сайын дайындау міндет емес. Тұқым құралуы мен оның сапасына үлкен әсер ететін матеорологиялық жағдайлардан дәннің семік болуына ықпал ететін, топырақ және ауа құрғақшылығының қолайсыз әсерін атап өту қажет.

Семік дәннің салмағы төмен, одан сондай-ақ төмен өнім беретін әлсіз өскіндер түзіледі. Семік дәндерінің тыныс алу энергиясы жоғары, сондықтан олар нашар сақталады.

Тұқым түзілу кезеңіндегі шамадан тыс топырақ және ауа ылғалдылығы тұқымға қолайсыз әсері етіп, жатып қалудан дәннің толысуы нашарлайды. Дәннің толысуына, әсіресе зиянды әсер ылғал мен ыстық ауа райының кезектесуінен болады. Бұл жағдайда өсімдіктің саңырауқұлақ аурулары өршиді, дәннің тыныс алу қарқыны күрт көтеріледі. Оның барлығы дәндегі органикалық заттардың гидролизін күшейтеді және гидролиз өнімдері жапырақтарға, сабақтарға, ал кейбіреуі тамырларға да тарайды.

Ұзақ жауынды ауа райында, өсімдік тамырымен тұрғанда да оның тұқымы өнуге бейім болып тұрады. Бұл жағдай, әсіресе қарабидай мен бидайдың ақ дәнді сорттарында байқалады.

Ылғал және суық ауа райында тұқымның пісуі көпке кідіреді, үсікке ұрыну қауіпі туындайды. Төмен температуралар, әсіресе сүттеніп пісу фазасында қауіпті, ал балауыздануда залал аз шамада. Ылғалды және суық ауа райында орылған егін тұқымы нашар сақталады және жинаудан кейінгі пісіп-жетілуі ұзарып кетеді. Аязға ұрынған тұқым себуге жарамсыз.

Агротехника деңгейі. Өсімдіктің дәндік өнімі мен тұқым сапасына әсер ететін факторлар қатарының алдыңғы жағына агротехниканы қою керек. Жоғары мәдени егіншілік жағдайында барлық дақылдардың дән өнімі жоғары және олардың сапасы жақсы болатынын ауыл шаруашылығы өндірісінің көпжылдық іс-тәжірибелері, оның ішінде алдыңғы қатарлы егіншілік тәжірибелері көрсеткен.

Қоректік және элементтер рөлі . Жоғары сапалы тұқым алу үшін қоректену элементтері арасында қолайлы қатынас болу қажет.

Азоттың жетіспеуі өсімдіктің өсуін тежейді және егістік сапасы төмен тұқым түзеді. Азоттың көптігі, көбіне вегетативтік массаның шамадан артық өсуіне және тұқым шығымы пайызының азаюына, ал егін жатып қалғанда-тұқымның семуі, салмағының төмендеуіне әкеліп соғады.

Фосфор тыңайтқыштары өсімдіктің өсіп-жетілу фазаларының өсуін жеделдетеді және тұқым сапасы - 1000 дән салмағы мен дәннің біркелкілігін арттырады. Фосфор, әсіресе өсімдіктің репродуктивтік мүшелерінің жетілуі үшін өте қажет. Сондықтан, фосфордың жеткіліксіздігі өсімдіктің жетілуін тежейді, ол әсіресе жүгеріде байқалады: гүлдеу мен тозаңдану кезеңінде орманнан аралық ауыздың шығуы кешеуілдейді ұсақ, мыжылған дәнді жетілмеген собық пайда болады. Бұл көп шамада басқа да дәнді дақылдарға қатысты.

Калий тұқымның пісу жылдамдығына, оның ірілігі мен өніміне қолайлы әсер етеді. Одан басқа калий тыңайтқышы сабақтың жатып қалуына төзімділігін арттырады, ол өз кезегінде тұқым сапасының жақсаруына сапасын тигізеді.

Толық минералдың тыңайтқыш беруде фосфор мен калий мөлшерін көтеру, тұқымның жинағаннан кейінгі пісіп-жетілу кезеңін қысқартуға және олардың өнгіштігін көтеруге ықпал етеді.

Микротыңайтқыштардың да (бор, моллибден, марганец, мырыш және басқалары) дәндік өнімділік пен тұқым сапасына тигізетін маңызды рөлі анықталды.

Қоректену алаңы . Тұқым сапасына әсер ететін көптеген тұқымтүзу жайларының өте маңыздысы-оңтайлы қоректену алаңын белгілеу. Ол егістік жағдайды себу тәсілі және себу мөлшерімен анықталады. Оңтайлы деп, соңғы нәтижеде алаң бірлігінен ең жоғары өнім құрауға ықпалды, топырақтың қоректік заттары мен күн сәулесі қуатын өте толық пайдалануын қамтамасыз ететін, бір өсімдікке арналған алаңды түсіну керек. Шектен тыс жиіліктегі өсімдіктің тұқымы толық жетілмейді, семік және егістік сапасы жоғары емес болып келеді.

Өсімдіктің сиректігінде, яғни, бір өсімдікке қажеттіден де үлкен қоректену алаңында түптену (астықтарда) немесе бұтақтану (басқа тұқымдастар өсімдіктерінде) өте қатты жүреді, нәтижесінде тұқымның көлемі, салмағы, өну энергиясы және өнгіштігі бойынша сапасы түрліше болып келеді. Онымен қоймай шамадан тыс үлкен қоректену алаңындағы алаң бірлігінен алынатын өнім төмендейді. Тұқымның өте жақсы егістік сапасы, белгілі өсімдік түрі мен сорты үшін оңтайлы қоректену алаңынан алынатын өте жоғары өніммен корреляцияланады.

Бөлектеп жинау . Тұқымның егістік сапасын жақсартатын агротехникалық тәсілдердің бірі бөлектеп жинау. Дәнді дақылдар тұқымы ең жоғары салмаққа (құрғақ затқа есептегенде) қамырланып пісу кезінде жетеді, одан кейін дән салмағы төмендей бастайды.

Дәнді дақылдарды қолайлы ауа райы жағдайында бөлектеп жинау өнім шамасын көтеріп қана қоймай, тұқымның егістік сапасын, яғни, салмағын, өну энергиясы мен бастапқы өну күшін біршама көте реді.

Ылғалды аудандарда дәнді дақылдарды жинау кезінде жауын-шашын көп болса, тікелей жинаудың артықшылығы болады.

Тұқымдық егістер өнімін мезгілінде және ысырапсыз жинап қана қоймай, тұқымның сапасын да сақтау қажет. Әдетте, механизация деңгейі мен жинау машиналарының қуаты артқан сайын, тұқымның зақымдануы көбейіп кетеді. Зақымдану шамасы бидайда 50% жетсе, қарабидайда-70%, ал жүгері бойынша 90% шамасында.

Жинау тәсілдері. Тұқымдық егістерде ең жақсы жинау тәсілі- екі фазалы жинау. Екі фазалы тәсілде орылған өсімдіктердің дестедегі тұқымдары, орылмай тамырымен тұрғандардікінен гөрі тез кебеді. Демек, түрлі пісу фазасында тұрған дәндер ылғалдылығы бойынша теңеледі және барлық оңтайлы ылғалдылықтағы тұқымдарды бастыруға мүмкіндік туады, соның арқасында зақымдану азаяды және тазалық, өну энергиясы мен өнгіштік артады. Одан басқа, бұл тәсілде жинағанан кейінгі өңдеуге кететін шығындар да азаяды.

Екі фазалы тәсілдердің ең көп артықшылығы, көп үгітіліп-төгілетін дақылдар (тары, қарақұмық, асбұршақ, сиыржоңышқа, көпжылдық шөптер және т. б. ) мен тұқымның пісу кезеңі ұзақ болатын дақылдарды жинағанда байқалады. Бірақ ылғалы мол аймақтарда, әсіресе жиі орналасқан және биік сабақты астықтарда орғанда дестелер жәй және біркелкі емес кебеді және дестедегі тұқымдар өніп кетуі мүмкін. Сондықтан жинау тәсілін таңдау ауа райы мен егіс жәйі, дақыл, сорт, сондай-ақ бірқатар ұйымдастырушылық және шаруашылық жағдайларына байланысты. Негізінде жинаудың түрлі тәсілдердің дұрыс үйлестіре білу қажет.

Көптеген дақылдар тұқымының жинағаннан кейінгі өну энергиясы мен өнгіштігі төмен. Ол кезде, әсіресе өну энергиясы нашар болады. Бірақ белгілі бір кезеңнен кейін тұқымның өну энергиясы мен өнгіштігі көтеріледі. Ол кезеңді жинағаннан кейінгі пісіп -жетілу деп атайды.

Жәйлап өну өсімдіктің түр сақтау үшін құнды бейімделу қасиеті. Егер жабайы тұқымы піскенен кейін дереу өнсе, онда олардың өскіндері қыстың қолайсыз жағдайларына кезігіп өліп қалар еді. Мысалы, қарасұлының піскен тұқымы көктем шыққанға дейін өнім-өспейді, ал кейбір жабайы өсімдіктердің тұқымы топырақта жылдап жата береді де түрлердің сақталуына септігін тигізеді.

Мәдени дақылдардың жинаудан кейінгі пісіп-жетіліуі қысқы кезеңде өтеді. Көптеген тропикалық дақылдар тұқымы мен жемісінің жинаудан кейінгі пісіп-жетілу кезеңі болмайды, ал кейбір түрлердің тіпті аналық өсімдіктерінде (мангрлық өсімдіктер деп аталатын) өсіп жетілу болады.

Жинаудан кейінгі пісіп-жетілу ертеректен белгілі бірақ осы уақытқа дейін бұл құбылыстың себебі толық ашылмаған.

Қазіргі түсінік бойынша, тыныштық кезеңі бірқатар себептерге байланысты, Олардың ішіндегі бастылары- тұқым мен жеміс қабығының су мен ауаны өткізбеуі және тұқым мен жемісте өнуді тежей тұратын заттардың болуы.

Қабықтың өткізбеушілігі . Тұқым қабығының бүтіндігін бұзу немесе жою, тұқымның су мен ауа өткізбеушілігін жөнге келтіреді. Осы принципке, яғни, су мен ауа жақсы жету үшін тұқым немесе жеміс қабығын, зақымдауға тұқымды скарификациялау тәсілі негізделген.

Скарификация механикалық немесе химиялық жолмен жасалуы мүмкін. Механикалық скарификациялауда -скарификациялық машиналар арқылы тұқымды құм, темірұнтақтармен бірге өткізеді. Химиялық скарификация - тұқымға химиялық заттармен әсер ету. Түйежоңышқа, бүйрекендір, қызлша және басқа дақылдар тұқымдарына күкірт қышқылымен әсер етуден, олардың тұқымдарының өнгіштігі едәуір көтеріледі.

Көптеген дақылдар тұқымдары қабығының ауасіңіргіштігі мен сусіңіргіштігі қыздырудан көтеріледі.

Өнуді тежейтін заттардың болуы. Көптеген ғалымдардың зерттеулері, көпшілік өсімдіктер тұқымында және түрлі жемістер еті мен шырынында тұқымның өнуін кідіртетін заттардың әсері нақты бағытталмаған, яғни, арнайы емес, себебі олар басқа тұқымдардың да өнуін кідіртеді. Мысалы:қарасұлы тұқымының су сығындысының әсері бидайдың ғана емес, басқа астықтардың да өну қарқынын біраз басып тастайды. Тұқым мен жемістерде болатын өнуді тежейтін заттарға аммиак, аминқышқылдары, сондай-ақ бикорбонды, әсіресе, қанықпаған қышқылдар, ароматты қосылыстар және т. б. жатады. Осы заттардың кейбіреулері ұшпа болып келетін болса, басқалары ондай емес, ал олардың енді біреулері тұқымды кептіргенде бөлініп кетсе, басқалары бұл жағдайға азды-көпті төзімді. Өнуді кідіртетін заттардың әсерін төмендететін тәсілге тұқымды ылғалдау мен әрі қарай кептіру жатады.

Тұқымның өнбеуіне әсер ететін басқа да жәйлар . Кейбір түрлер тұқымның өнуі жарықпен, басқа біреулерінікі керісінше, қараңғылықпен тежеледі. Бірінші типтің тұқымы топырақтың бетінде немесе жарық енетін аз

тереңдікте өнбейді, ал екінші тип тұқымы тек жарық жағдайларда ғана (мысалы, омела) өнеді.

Тұқымның кейбір түрлері (негізінен ағаштардікі) өзінің өнуі үшін алдын-ала төмен температура жағдайында ылғал түрінде ұсталады. Осы принципке, белгі бір уақыт бойына ылғал құмда төмен температурада (1-5) тұқымды ұстау стратификациялау негізделген.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тұқымдық егістіктерді ұйымдастыру
Көпжылдық шөптердің тұқымдық егістерінің сапасын бағалау
Егеншіліктің ауыспалы жүйесін қолдану және топырақты эрозиядан қорғау
Капустаға сипаттама
Жаздық рапс сорттарын таңдау негіздемесі
Жұмсақ бидайды өсірудің технологиялық картасы
Тары дақылдарының түрлері және өнімдерін өндіру технологиясы
Мақтаның түрі және сорттары
Арамшөптерді биологиялық әдіспен жою
Қырыққабат дақылының биологиялық ерекшелігі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz