Банктік тұтыну ссудасы


ЖОСПАР
Кіріспе
I-бөлім. Тұтыну ссудасы туралы түсінік және оның түрлері
1. 1. Тұтыну ссудасы туралы түсінік және оның мәні
1. 2. Тұтыну ссудасының түрлері және қажеттілігі
II-бөлім. Тұтыну ссудасын «Казкоммерцбанк» АҚ тәжірибесінде талдау. Несиелендіру обьектісі
2. 1. Тұтыну ссудасын АҚ Казкоммерцбанктің тәжірибесінде талдау
2. 2. Несиелендіру обьектісі мен саясаты және оны банктік тәжірибеде талдау
III-бөлім. Жеке тұлғаларды ссудалауды жетілдіру жолдары және мәселелері
3. 1. Қазақстанда жеке тұлғаларды несиелеуді жетілдіру жолдары
3. 2. Қазақстан Республикасының тұтыну ссудасын беру мәселелері
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі.
Кіріспе
Нарықтық экономика дамыған сайын несие түрлері де көбеюде. Соның ішінде тұтыну ссудасына келетін болсақ, оның негізгі мақсаты-халыққа тұтыну тауарларын сатуды ынталандыру, халықтың тұрмыс жағдайын жақсарту. Тұтыну ссудасы бөлшек саудамен тығыз байланысты: біріншіден, тауар айналымы өскен сайын, несие көлемі де көбейеді, себебі тауарға деген сұраныс несиеге деген сұранысты тудырады. Екіншіден, төлем қабілеттілігі бар халықтың сұранысын тудырады. Бұл байланыс әсіресе қазір, нарық тұтыну тауарлармен қаныққан сайын нығая түспек. Жиынтығы несиенің объективті қажеттілігін анықтап және оның эволюциясын түсіндіріп береді
Несиенің бұл түрі қымбат және ұзақ мерзімге тұтынатын тауарларды мысалы: автокөліктерді, жиhаздарды сатып алуға қолданылады. Тауар бағасы жоғары болған сайын, несиенің бұл түріне де сұраныс көбейеді. Дамыған елдерде несиенің жартысынан көбі автокөлік сатып алуға беріледі. Қалған тауарларды тауарларды көбінесе қолма қол-ақша арқылы сатып алады.
Тұтыну ссудасы тауар формасында және ақшалай берілуі мүмкін. Соңғы кезде, Қазақстанда ақщалай берілетін тұтыну ссудасы өріс алуда. Олар көбінесе машина және ұзақ мерзімге қолданылатын тауарлар алуға, үйлер салуға, сатып алуға және тағы басқа да мақсаттарға беріледі. Жалпы тұтыну ссудасының көлемі халықтың тұрмыс жағдайын және кәсіпкерлердің тауарларын өткізуге үлкен ықпал жасайды.
Дамыған елдерде тұтыну ссудасы үлкен роль атқарады. Ол тауарларға деген сұранысты, оларды өндіруді көбейтуге және сатуға ынталандырады. Тұтыну ссудасы көбінесе табысы орташа жұмысшылар қызметкерлер пайдаланады. Жеке тұлғаларға ұзақ мерзімге қолданатын тауарларды несие арқылы сатып алған қымбатырақ болғанымен, төленетін соманы біртіндеп өтеуге мүмкіндік алады.
Қазіргі уақытта Қазақстандағы тұтыну ссудасы да, оның бір түрі болып табылатын ипотекалық несие де дамудың жаңа сатысында.
Несиенің объективті қажеттілігі табиғи және ақшалай түрде жүзеге асатын ерекшеліктерден кеңейтілген өндірісті шығарып тастайды. Ол капитал түрлері үнемі ауысып тұратынын ұйғарады, меншіктің ақшалы түрі тауарға, тауарлы меншік өндірістікке, өндірістік тауарлыға және тауарлық қайта түріне аусып тұрады.
Несиенің мүмкіндігін шындыққа айналдыру үшін белгілі бір талаптар бар. Біріншіден, несие келісімінің қатысушылары-несие беруші мен қарыз алушы-экономикалық байланыстардан туындайтын міндеттемелердің орындалуын өз мойнына алуға материалдық жағынан кепілдік беретін дербес заңды субъектілер болуы керек. Екіншіден, егер несие беруші мен несие алушының мүдделері бір жерден шықса, онда бұл жағдайда несие өте қажет болады. Несие келісімін жүзеге асыру үшін оның қатысушылары міндетті түрде несиеге өзара қызығушылық танытулар керек.
Курстық жұмыстың мақсаты - Тұтыну ссудасының түрлері, жеке тұлғалардың тұтыну ссудасын қандай мақсаттарға алатынын және тұтыну ссудасының берілу тәртібімен танысу Осы мақсатты орындау үшін мынандай міндеттемелер алға тартылады:
- Тұтыну ссудасының түрлеріне зерттеулер жүргізу;
- Несие объектілерінің қажеттілігін қарастыру
- Жеке тұлғалардың несиелік қабілетін бағалау әдістеріне сипаттама беру;
- Несиені уақытында қайтаруды қамтамасыз ету формаларын талдау;
Курстық жұмысым үш бөліммен тұрады: бірінші бөлімінде
I-бөлім. Тұтыну ссудасы туралы түсінік және оның түрлері
1. 1. Тұтыну ссудасы туралы түсінік және оның мәні
Тұтыну ссудасы - бұл, жеке тұлғаларға тұтыну тауарларын сатып алу, тұрмыстық қажеттіліктерін өтеу мақсаттарына және қамтамасыз етілу, мерзімділік, төлемділік, қайтарымдылық талаптарына сәйкес берілетін коммерциялық немесе банктік формадағы несиелер. Несие алушы - халық, ал несие беруші-әртүрлі өндіріс орындары, фирмалар, банктер, мекемелер болуы мүмкін. Тұтыну ссудасы коммерциялық несие формасында (яғни бөлшек сауда орындары арқылы төлемін кейінге қалдырып тауар сату) және банктік несие формасында (яғни тұтыну тауарларын сатып алуға ақша беру- ұзақ қолданылатын тауарлар - жиhаз, жеңіл машиналар, тоңазытқыштар, теледидарлар және т. б. ) беріледі. Несиенің бұл түрінде банк пен халық арасында делдал да болуы мүмкін.
Банктік тәжірибеде несие бойынша жай және күрделі сыйақы есептеу формулалары қолданылады. Коммерциялық банктер төмендегідей қажеттіліктерді қанағаттандыру мақсаттарына тұтыну несиесін береді:
- Ұзақ мерзім қолданатын тауарларды сатып алу мақсатына. Мысалы: пәтер, автомобиль, жиhаз, телевизор, тоңазытқыш, және басқа да техникалар сатып алу үшін берілетін тұтыну ссудасы. Ал несиеге берілген тауар кепіл ролін атқарады. Берілген несие сомасы қарыз алушымен несие келісім шартында көрсетілген график бойынша өтелуі тиіс;
- Кейін сатылатын немесе лизингке берілетін құралдарды, тауарларды жалға алу мақсаттарына берілетін тұтыну ссудасы;
- Тұрғын үйлерді салуға және сатып алуға берілетін несиелер;
- Несиелік карточка бойынша сатып алынған тауарлардың төлем мерзімін ұзартуға берілген несиелер, егер бұл жағдай несиелік карточканы пайдалану келісім шартында қарастырылса;
- Қозғалмайтын мүлік, автокөлік және ұзақ мерзім қолданылатын тауарларды сатып алу және кәсіпкерлік қызметке байланыссыз және оқу үшін, емделгелі үшін төлем жүргізу мақсатына берілген несиелер.
Экономикалық мазмұны жағынан тұтыну ссудасы банктік несиесінің бір түрі, оның объектілері жеке тұлғалардың тұтыну талғамымен тікелей байланысты, яғни халықтың тұрмыс жағдайының деңгейімен анықталады.
Тұтыну ссудасының негізгі мақсаты - халыққа тұтыну тауарларын сатуды ынталандыру. Бұл несие түрі бөлшек саудамен тығыз байланысты: біріншіден, тауар айналымы өскен сайын, несие көлемі де көбейеді, себебі тауарға деген несиеге деген сұранысты тудырады. Бұл тәуелділік әсіресе қазір айқын көрінеді. Несиенің бұл түрі қымбат және ұзақ мерзімге пайдаланылатын тауар өнімдерін сатып алу мақсатында беріледі. Тұтыну тауары қымбаттырақ болған сайын, несиенің бұл түрі жиірек қолданылады. Дегенмен несиенің мұндай түріне сұраныс ең алдымен номиналдық жалақының деңгейімен анықталары сөзсіз. Дамыған елдердегі несиенің жартысынан көбі автакөлік сатып алу мақсатына беріледі, қалған тауарларды көбінесе қолма- қол ақша арқылы сатып алынады.
Тұтыну ссудасы көптеген елдер экономикасында үлкен роль атқаратындықтан, мемлекеттік органдар тарапынан реттеліп отырады. Бұл реттеулерді екіге бөлуге болады: несиені беру деңгейіндегі және тауарларды тұтыну деңгейіндегі реттеулер. Несиені беру деңгейіндегі реттеулер, мемлекет тұтынушыларды несиелеуді не қолдап, не тежеп отыруды көздейді. Яғни, банктердің, қаржы мекемелердің қызметтеріне несиелік шектеулер қолданылады.
Экономикалық құлдырауы, сұраныстың азаюы кезіндегі мемлекеттің саясаты- елдегі іскерлік белсенділікті ынталандыру. Ол үшін тұтыну ссудасына деген жеңілдіктер, мысалы: қолма қол ақшамен сатып алынған тауарлардың бағасын төмендету, мерзімін ұзарту шаралары қолданылады.
Ал, экономика ақша инфляциясының күшеюі кезінде алдағы айтылған саясатқа қарама қарсы саясат жүргізіледі, яғни мемлекет несие мерзімдерін азайтып, проценттік ставкаларды жоғарылатады.
Дамыған елдерде тұтыну ссудасы үлкен роль атқарады, тауарларға деген сұранысты, олардың өндірісін көбейтуді және сатуды ынталандырады. Тұтыну ссудасы көбінесе табысы орташа жұмысшылар мен қызметкерлер алады. Жеке тұлғаларға ұзақ мерзімге қолданатын тауарларды несие арқылы сатып алған қымбатырақ болғанымен, төленетін соманы біртіндеп өтеуге мүмкіндік алады. Әр елдегі тұтыну ссудасының даму дәрежесін салыстыратын болсақ, оның даму деңгейі әр елде әр түрлі сатыда екенін көре аламыз. Соңғы зерттеулерге сәйкес, көбінесе тұтыну ссудасы банктермен берілетін несиелердің ішінде ең табысты түрі болып табылады, мысалы, әлемдегі ең пір танымал - « Ситикорп оф Нью-Йорк » өзінің мыңдаған бөлімшелері бойынша, үнемі өсіп отырған ресурстарын тұтынушыларға қызмет етуге (әсіресе, несие карточкаларының маркетингісіне, тұрғын үйлерді кепілге ала отырып берілетін несиелерге, тұтынушыларға электрондық қызмет көрсетулерге) бағыттап отырады, бірақ, тұтынушыларға бағытталған банктік қызметтер қымбат және тәуекелі жоғары болады, себебі жеке тұлғалар мен жанұялардың қаржылық жағдайы әртүрлі мүмкін болатын ауруларға, жұмыс орындарын жоғалтуға байланысты күрт өзгеруі ықтимал. Сондықтан, тұтыну ссудасын басқаруды жүзеге асыру мүмкін жағдайларды есепке ала отырып жүргізілуі тиіс.
1. 2 Тұтыну ссудаларының түрлері және несие обьектісінің қажеттілігі
Тұтыну ссудаларының бірнеше түрлері бар және дамыған елдерде олардың саны артуда. Тұтыну ссудасының жіктелуінің мынандай нышандары бар: қарыз алушының типі, өтеу мерзімі, өтеу әдісі, несиені пайдаланудың мақсатты пайдалануы, несиелеу объектілері, көлеміне байланысты және т. б.
Дамыған батыс елдерінде несиелеу объектілеріне қарай тұтыну ссудасы - кейінге қалдырылмайтын қажеттіліктерге, бағалы қағаздарды кепілге ала отырып берілетін, үйлерді салуға және сатып алуға, жекелеген тұрғын үйлерді жөндеуге және оларды газ, су және тағы басқа жүйелерге қосылуына берілетін несиелер деп бөлінеді. Сонымен қатар, ауылды жерлерде тұратын азаматтарға жеке шаруашлығындағы жұмыстарды жүргізу үшін, шағын механизация құралдарын алуға және мал мен үй құстарын ұстау үшін, аула құрылыстарын салуға несиелер беріледі. Сонымен қатар, бау - бақша өсірушілік кооперативтеріне және серіктестеріне кіретін мүшелердің әртүрлі мақсаттарына ұзақ мерзімді несиелер, яғни автокөліктер және ұзақ мерзімге қолданылатын тауарлар сатып алуға, шаруашлықта қажет үй жануарларын сатп алуға және тағы басқа қажеттіліктерге беріледі.
Тұтыну ссудасының төмендегідей түрлері бар:
Несиелік мәміленің субъектілеріне байланысты (кредитор мен қарыз алушы сипаты бойынша ) :
- Банктік тұтыну ссудасы;
- Сауда ұйымдары мен халыққа берілетін несиелер;
- Банктік емес типтегі несие мекемелерімен берілетін тұтыну ссудасы;
- ( ломбардтар, жалға беру пунктері, несиелік кооперативтер, құрылыс қоғамдары, зейнетақы қорлары және т. б. ) ;
- Жеке тұлғалармен берілетін, жеке тұтыну ссудасы;
- Қарыз алушы жұмыс істейтін кәсіпорындардан, ұйымдардан тікелей алынған тұтыну ссудасы;
Несиелеудің мерзіміне қарай тұтыну ссудасы былай жіктеледі: қысқа мерзімді, орта мерзімді, ұзақ мерзімді, талап еткенге дейінгі ссудалар.
Отандық банктер тәжірбиесінде банктік несиелердің пайдалану мерзіміне қарай бөлінуі:
- Қысқа мерзімді ( 1 жылға дейін )
- Орта мерзімді ( 1 жылдан 3 жылға дейін )
- Ұзақ мерзімді ( 3 жылдан жоғары )
Талап еткенге дейінгі несиелерді онкольдық деп те атайды. Мұндай несиелерді қарыз алушы банк талап еткенде бірден өтеуі тиіс, ал банк талап етпеген жағдайда өзіне қолайлы уақытта өтей алады.
Тұтыну ссудасын беру тәсіліне байланысты мақсатты және мақсатсыз (кейінге қалдырылмайтын қажеттіліктерге ) деп бөлінеді.
Қарыздардың қамтамасыз етілуіне байланысты қамтамасыз етілген (сақтандырылған немесе кепілмен қамтамасыз етілген ) және қамтамасыз етілмеген болып бөлінеді. Банк берген несиенің қамтамасыз етілуін талап етеді, соның негізгі себебі, егер несие алушы несиені уақытылы, толығымен қайтармаған, қайтара алмаған жағдайдағы шығындалу тәуекелімен байланысты.
Банктердің қаржылық жағдайының тұрақтылығымен қамтамасыз ету - жалпы экономика дамуының басты шарты. Банктік қызмет кәсіпкерліктің басқа түрлеріне қарағанда жоғары тәуекелділікпен ерекшеленеді. Ал банктердің ең негізгі қызметтерінің бірі - банктердің несиелік қызметі болғандықтан, банктер көбіне несиелік тәуекелге ұшырайды.
Жалпы банк табысы берген несиесіне байланысты:оның сапасы, қайтарымдылық деңгейі, т. б. Несиенің өз уақытында қайтарылмауы банктің зиян шегуіне немесе банкроттыққа алып келеді. Несиелік тәуекелді неғұрлым төмендету несиелік мекемелер қызметін басқарудағы басты міндет.
Ссудалық тәуекел- қарызгердің неасиелік келісімдегі мерзім мен жағдайларға сәйкес кредиторға өз міндеттемелерін орындамаудың ықтималдығы, яғни қарыз алушының банктен алған несиесі бойынша қарызын немесе оған есептелінген сыйақысын өз уақытында қайтара алмауына байланысты банктің зиян шешуге сипаттайды.
Сурет 1- Несиелік тәуекелді басқару жүйесінің элементтері
Тәуекелге мониторинг кері байланыс арқылы тәуекелді тәуелсіз және ардайым бақылау мен бағалау. Мониторинг несиелік талдау, ішкі және сыртқы аудит, берілген ақпараттың есептілігі, қарыз алушының несиелік қабілеттілігін бағалау және таңдау, күмәнді несиелерлі қалпына келтіру, қарыз алушының несиелік қабілеті бұзылған жағдайларды жүргізіледі.
Банкінің өзінің несие саясатын жүргізу барысында проблемалық несиелерді болдырмауға бағытталған әрекеттері өте маңызды. Банк несиелік келісім бойынша клинтпен міндеттеменің орындалуын қатаң бақылап отырады. Оның басты мақсаты - ссуда бойынша төленетін пайыз және кезекті төлемдерін уақытылы және тұрақты төлеуіе қамтамасыз ету. Әрине әрбір ссуда түрі бойынша ойламаған жағдайлардың өріс алу қаупінен өзінің тәуекелі болады. Банк бұл тұрғыдан әр түрлі саясат жүргізуі мүмкін, мысалы банк тек қана абсолютті сенімді қарыз алушыларға ғана несие беру саясатын жүргізуі мүмкін, бірақ мұндай жағдайларда ол көп пайдалы мүмкіндіктерді жіберіп алуы мүмкін. Сонымен бірге егер несиені қайтарумен қиындықтар туса, банк үшін бұл өте қымбатқа шығып кетеді. Сондықтан ен оптималды саясат сақтық пен ресурстарды табысты орналастырудың барлық потенциялды мүмкіндіктерінің максималды пайдалануы арасындағы балансты сақтауды қамтамасыз ету болып табылады
II-бөлім. Тұтыну ссудасын «Казкоммерцбанк» АҚ тәжірибесінде талдау
2. 1. Тұтыну ссудасын АҚ Казкоммерцбанктің тәжірибесінде талдау
Тұтыну ссудасы бойынша жұмыстарды ұйымдастыру тәртібі. Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін, банк «Казкоммерцбанк» қайта тіркелді және Ұлттық Банктің банктің қызметтерді жүзеге асыруға лицензиясын 1991 жылы 21 қазанында алды. «Казкоммерцбанк» АҚ - ның алға қойған мақсаты - шетел банктерінің тәжірбиесін, жұмыс істеу әдістерін, жаңа технологияларды белсенді енгізіп, Қазақстандағы банктік қызмет көрсету нарығыннан жаңа қызмет түрлерін енгізу және көрсетілетін қызметтер түрлерін жетілдіре түсу болып табылады. Коммерциялық банктерде тұтыну ссудасын беруді ұйымдастыратын, жүзеге асыратын арнайы департаменттер мен басқармалар және бөлімшелер болады. Осыны ескере отырып «Казкоммерцбанк» АҚ- да тұтыну ссудасын беру тәртібін тәжірибе жүзінде қарастырады.
Тұтыну ссудасы бас банктегі және банктің филиалдарындағы келесідей департтаменттер мен басқармалар және бөлімшелер жүзеге асырады.
- Банктің Жеке тұлғаларға қызмет көрсету Департаментінің тұтыну ссудасының бөлімі;
- Банктің Филиалы;
- Банктің операциялық басқармасы;
- Банктің қаржы - экономикалық Департаменті;
- Банктің құқықтық басқармасы;
- Банктің қауіпсіздік Департаменті;
- Банкпен жұмыс істейтін Сақтандыру компанияларымен жүзеге асырылады.
Бас банкте тұтыну ссудасы беру туралы өтінішті және анкетаны несие қызметкері қарастырып, тексеріп, экспертизия жүргізу үшін қажет құжаттар пакетін алады. Ссуда алушылар қайтарылуы тиіс құжаттардан көшірмелер түсіріліп, қабылданған құжаттардың тізімі жасалынады да, барлық құжаттар канцелиярға өтінішті тіркеуге, номерлеуге тапсырылады. Тұтыну ссудасы бөлімінің бастығы барлық келіп түскен өтініштердің тізімін және номерлерін тіркейтін журнал жүргізуі қажет.
Егер, ссуда алушы экспертиза жасауға қажет барлық құжаттар жиынтығын және ұсынылып отырылған қамтамасыз ету мүліктерін бағалауға байланысты құжаттарды беретін болса, онда кешенді экспертиза бес күн ішінде жасалануы тиіс.
Несиелік Комитет Экономикалық қауіпсіздік Департаментінің қортындысына сүйене отырып, тұтыну ссудасының проектісін қаржыландыру (несие мерзімін өзгерту және тағы басқа) туралы ұсынысты, кепілдің заңға сәйкес тіркелуін қарастырады.
Ал егер несиелік жоба күрделі болып Департамент көлемінде шешім қабылдауды қиындатса, ол Несиелік Комитетінің қарарына жіберіледі.
Тұтыну қажеттілігін өтеу үшін берілетін несие сомасы клиенттің банктік шотына аудару арқылы немесе қолма-қол ақша арқылы берілуі мүмкін.
Қарыз алушы банктегі есеп шоттан несиелік қаражаттарды пайдалануға құқық беретін төлем құжаттарын Коммерциялық Департамент Директорының орынбасарына тексергенге берілгеннен кейін, ол құжаттар Банктің операциялық Басқармасына ақшаны аударуға жібереді.
Несие берілгеннен кейін он күн ішінде несиелік қызметкер несиелік қаражаттардың мақсатты жұмсалуын тексеріп, несиенің мақсатты жұмсалуы туралы Акт жасайды және бұл Акт несие алушының атына арналып ашылған кітапшаға тігіледі.
Егер, клиент ссудалық келісім шарт бойынша ссуда мерзімінің бітуіне он күн қалғанға дейін банкке ссуда мерзімін ұзарту туралы өтініш жазып келетін болса, несиелік қызметкер қарыз алушының қаржылық жағдайына, ал заңгер кепіл мүлкінің сапасына талдау жасауы қажет.
Кесте 1. Екінші деңгейлі банктердің экономика салалары бойынша несиелері
Барлық несиелер
Соның ішінде:
2008 жылы азаматтарға тұтыну мақсаттарына берілген несиелер үлесі - 4, 2% ; 2009 жылы- 6, 4%, болғанын, яғни үлесі 0, 52%-ға, ал көлемі бойынша 20 822 млн. теңгеден 42 249 млн. теңгеге өскенін көріп отырмыз. Ал, 2010 жылы тұтыну мақсатына берілген несиелер - 10, 3 % құрады; өткен жылы бұл мақсатқа берілген несиелер көлемі айтарлықтай жоғарылағанын, нақты айтқанда 2, 38 есе болған.
Банктен клиентке берген несие көлемі 31. 12. 2008 жылғы жағдай бойынша 495 млн және 31. 12. 2009 жылғы жағдай бойынша 283млн. теңге орнына 2010 жылдың он айдағы өсім көлемі 22, 1 % құрады немесе Банктің несиелік қоржыны 109 млн. теңгеге ұлғайды. Соңғы екі жылда банкпен клиентке берген несие көлемінің өсімі 372 млрд. теңгені құрады немесе 160% өсті.
2010 жылы тоғыз айда несиелері бойынша жоғалтуларға ықтимал резервтерін қалыптастыруға кететін шығындар 2008 жылғы 9 айдағы 8 924 млн. теңгемен салыстырғанда 11 206 млн. теңгеге құрады. 25, 6%өсім ең бірінші кезекте несие қоржыны көлемінің ұлғаюына байланысты болды. 2008 жылдың 1 қазанындағы 524, 8 млрд. теңгемен салыстырғанда 640, 6 млрд. теңгені құрады. Клиенттерге берілген несие көлемінің өсуіне қарамастан, резервтердің тиімді қойылымы 2009 жылдың аяғында 5, 6 % - ке дейін төмендеді. Бұл Қазақстандық жалпы экономикалық жағдайдың жақсаруымен және банктің несие қоржыны сапасының жақсаруымен байланысты болады.
2010 жылы тоғыз айда клиенттердің несиелері бойынша ықтимал жоғалтуға қалыптасқан резервтердің орташа көлемі 2009 жылғы 9 айдағы 23 141 млн теңгемен салыстырғанда 31 889 млн. теңгені құрады. 8, 7 млрд. теңге немесе 99, 9 % өсім жарамсыз немесе мерзімі өтіп кеткен несиелердің орташа көлемінің 10, 7 млрд. теңгеге өсуінен, сондай ақ қолданыстағы несиелердің орташа көлемдердің 183, 9 млрд. теңге немесе 52, 7 % - ке артуы есебінен жүзеге асты. 2009 жылы несие қоржыны орташа көлемінің жалпы көрсеткішінде жарамсыз және мерзімі өтіп кеткен несиелердің үлесі шағын ғана және өткен жылдың 3, 3% деңгейінде қалды.
Банктерде несиелік- брутто көлемі төрт есе өсуіне байланысты, банктер берген несиелер бойынша ықтимал жоғалтуларға резервтер қалыптастыруға бөлінетін қаржы 130 млн. теңгеден 367 млн. теңгеге дейін көтерілді.
Таза пайыздық табыс. Төмендегі кестеде 2010 және 2009 жылдары тоғыз айда Банктің таза пайыздық табысы бойынша мәліметтері келтірілген:
Кесте 2. Несие бойынша жоғалтуға резервтер
Несиелер бойынша ықтимал жоғалтуларға резервтерді қалыптастырғанға дейінгі таза пайыздық табыс 2010 жылы 9 айда пайыздық активтердің орташа көлемі 35, 8 % - ке өсу кезінде мүмкін болатын пайыздық табыстардың едәуір өсуі есебінен 52%-ке артты. Орташа пайыздық активтерге несиелер бойынша ықтимал жоғалтуларға резервтер қалыптастырғанға дейінгі таза пайыздық маржаның көрсеткіші 2009 жылғы 9 айдағы 44, 4 %-тен 2010 жылы 9 айда 41, 8% - ке дейін азайды.
Несиелер бойынша жоғалу ықтимал резервтерін қалыптастыруға кететін шығындарды қоса есептегенде таза пайыздық табыс 2010 жылы 9 айда 74, 740 млн. теңге құрады, бұл 2009 жылшдың 9 айда орташа пайыздық активке таза пайыздық маржа 2009 жылғы 9 айдағы 3, 3%-тен 31%-ке дейін төмендеді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz