ТҮРКІ ТІЛДЕРІНДЕГІ СИНКРЕТИЗМ ҚҰБЫЛЫСЫНЫҢ ЗЕРТТЕЛУІ


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 23 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ

1- ТАРАУ. ТҮРКІ ТІЛДЕРІНДЕГІ СИНКРЕТИЗМ

ҚҰБЫЛЫСЫНЫҢ ЗЕРТТЕЛУІ

2 - ТАРАУ ТҮРКІ ТІЛДЕРІНДЕГІ СИНКРЕТТІ ТҮБІРЛЕРДІҢ

ҚҰРЫЛЫМДЫҚ СИПАТЫ

3 - ТАРАУ ТҮРКІ ТІЛІНДЕГІ СИНКРЕТТІ ТҮБІРЛЕРДІ

АНЫҚТАУДЫҢ ЖОЛДАРЫ

ҚОРЫТЫНДЫ

К І Р І С П Е

Түркі тілдерінің тарихы бойынша жүргізілген зерттеулер көптеген мәселелердің оң шешім табуына мүмкіндік бергені белгілі. Әсіресе, тілдің қалыптасуы, дамуы, өзара әсеріне қатысты жайттарды анықтауға тілдік фактілерге негізделіп жүргізілген зерттеулер арқылы ғана қол жеткізілді. Түркі тілдерінің тарихын зерттеушілерге бұл орайда тарихи-салыстырмалы әдістің көп көмегі тиді. Бұл әдіс түркітануда қалыптасқан, дәстүрлі зерттеу әдістерінің бірі болып табылады.

Түркі тілдері өзінің дамуы барысында көптеген тарихи дәуірлерді басынан өткергені белгілі. Солардың алғашқысы ретінде шартты түрде аталып жүрген түркі тілі дамуындағы алтай дәуірі деп аталады. Алтай тілдері негізінен Азияда, аздап Шығыс Еуропада таралған. Алтай тілдеріне түркі, монғол, тұңғыс-снчжур, сондай-ақ жапон және корей тілдері жатады. Алтай қоғамдастығынқұрайтын тілдердің генетикалық байланысы толық мойындалған емес. бірақ олардың типологиялық және ареалдық жақындығы дау тудырмайды. Генетикалық жағынан Алтай тілдері екі топқа бөлінеді: біріншісіне - түркі, монғол, тұңғыс-манчжур тілдері жатады (оларды нағыз алтай тілдері деп атайды) : екіншісіне корей және жапон тілдері жатады. Осы алтай тілдері жататын әр топтың ішінде топтастырулар бар. Бүгінде олардың қазіргі және ескі тілдермен генетикалық және типологиялық байланыстары анықталған. Ұқсастықтарыныңкөбі қазіргі тілдерден байқалады. Ондай тілдердің қатарына орал тілдерін жатқызуға болады. Алғашқы кезде орал-алтай тілдерінің қоғамдастығы деген термин қалыптасқан болатын. Бұл теорияның негізін қалаған Ф. И. Старленберг (1730) болды. Ол ең алдымен орал-алтай тілдерінің типологиялық ұқсастықтарына көңіл аударып, оларды орал (угро-фин және самодий) және алтай (түркі, монғол, тұңғыс) тілдері деп бөлді. Алғашында алтай және орал тілдері туыстас деп саналған еді. Қазіргі кезде ғалымдар бұл көзқарастан қайтты. Диплом жұмысының тақырыбына қатысты мәселе нақты болуы үшін бұл екі тілдің туыстығынан гөрі түркі тілдері алтай дәуіріннің өз басына жеке тоқталар болсақ, алтай тілдері туыстығы туралы да ғалымдар екіұдай пікірде. Мсыалы, Г. И. Рамстедтің пікірін қолдаушы В. В. Владимирцов, Е. Д. Поливанов, Н. Н. Поппе, Н. А. Баскаков, О. П. Суник, І. Кеңесбаев, Ш. Ш. Сарыбаев т. б. секілді ғалымдар алтай тобына енетін түркі-монғол, тұңғыс-манчжур, корей-жапон тілдері бір негізден тараған, сондықтанда олар ортақ негізді мойындауға мүмкіндік береді дейді. Ал екінші бір топ Л. Лигетти, Г. Д. Санжеев, Т. А. Бертагаев т. б. ғалымдар алтай тіліндегі ұқсастық туыстық негізе емес, кірме материалдар негізінде деп есептейді. Олар В. А. Котвичтің пікіріне сүйеніп, о баста өзара көрші орналасқан тілдер генеологиялық жағынан болмаса да, талай ғасыр бойы араласуы негізінде жаңа қасиетке ие болған дейді. Дегенмен де түркі-монғол тілдерінде кездесетін жүздеген, мыңдаған ортақ қасиеттедің бәрін де кірме материалдар деп қарауға болмайтын сияқты. Біріншіден, мұндай ортақ қасиеттердің саны өте көп, екіншіден, ортақ элементтердің бәрі де белгілі бір заңдылықтар бойынша қайталанып отырады. Үшіншіден, ортақ ұқсастықтар тілдің барлық ярусында әсіресенегізгі түбір құрамында көптеп кездеседі. Егер оған диалектілердегі ұқсас белгілерді қоссақ, ортақ дүниенің едәуір көбейетіндігінде сөз жоқ. Ортақ ұқсастықтарға нақты тоқталар болсақ, типологиялық жағынан алғанда алтай тілдеріне тән ұқсастықтар мынандай болып келеді: сингармонизм (дауыстылар мен ), сөз басында дауыссыздардың қатар келмеуі, көп жағдайда түбірдің өзгеріссіз қалуы, сингармониялық жарыспа нұсқалардың болуы, сөз тудыру және сөз түрлендіру кезінде жалғамалылық тәсілдің тән болуы, атау септіктің көп мағыналылыққасиеті, род категориясы айқын көрсеткіштерінің болмауы, тәуелдік категориясының болуы, септелу парадигмасының аксиалды сипаты, көптік (жинақтау) мағынасын жекеше тұлға арқылы беру, сұраулық, септеулік шылаулардың болуы, бағыныңқы элементтердің негізгі сөздің алдында тұруы, табыс септігіндегі белгілі объектінің тұлғалануы, анықтауышқызметінде сын есім, сан есімдер келгенде қиысудың болмауы, есім, есімше, көсемше құрылымдары арқылы сабақтасқан сөйлемдердің бағыныңқы түрлерінің болуы. Бұл ұқсастықтар тілдің негізгі жүйесіні құрайды, сондықтан осы ерекшеліктерді басшылыққа ала отырып, біз де алтай тобындағы тілдерінің қандық туыстығын мойындаймыз.

Осы аталған ерекшеліктердің барлығы тілдік фактілер негізінде жасалған болжамдар бойынша анықталып отыр. Демек, бұл тілдің пайда болу, қалыптасу, даму үдерісінің көрсеткіші болып табылады. Өзара ажырап, жаңаша топтың құрылуында тарихи факторлар жатқанмен, жеке тіл ретінде қалыптасып, жаңаша сипатқа ие болуы да тарихи дамудың нәтижелері екені сөзсіз.

Тарихи факторлардың негізінде белгілі бір халықтың басында алуан түрлі оқиғаладың болуы мүмкін. Диалектілердің шығу мен пайда болуы жөнінде Ғ. Қалиев пен Ш. Сарыбаев еңбегінде «Тайпа өз ішіндегі адамдардың көбеюіне байланысты бөлшектеніп, одан енді бірнеше тайпа бөлініп шығады. Бөлініп шыққан туыс тайпалар бірінен-бірі территоря жағынан қашықтап, олардың әрқайсысының тұрмысында, сондай-ақ тілінде өзіндік ерекшелік пайда болады. Осылайша бастапқы біртұтас тайпа тілінен туыстас бірнеше тайпа тілі (диалектілер) жасалады» - деген тұжырым жасайды [1. 8] . Алтай тілдері өз ішінде осындай жолмен бөлшектеніп, жаңа тілдер жасалған секілді.

Тілдердің құрнамындағы ерекшеліктер адам санасының дамуымен бірге жаңаша сипатқа ие болып отырады. Қоғамдық қатынастар өмірге әкелген тұрмыстық заттардың жаңа түрі пайда болып, бұрынғыдан нақтылана түскен ұғымдар жалпылықтан жалқылыққа ауысқан сайын жаңа атауларға деген сұраныс өсе түседі. Әрине, мұндайда олардың әрқайсысы үнемі жаңа атауға ие бола бермей, тілдің ішкі заңдары бойынша жасалған туынды сөздермен немесе жаңаша мағынаға ие болған тілде бар сөздермен аталуы да мүмкін. Осылайша ата тілдің даму жүйесі негізінде уақыт өткен сайын жаңа сипаттар пайда бола бастайды. Бұл туыстас тілдердің бір-бірінен алшақтай түсуінің бірден-бір көрінісі болып табылады.

Осы аталғандарды жинақтай келгенде, қазіргі тілдік белгілерді тарихи-салыстырмалы әдіс арқылы зерттеулер өткен дәуірлерде аталған тілдердің (түркі, монғол, тұңғыс-манчжур, корей және жапон тілдері) бір негізден тарағандығын, біртұтас болғандығына дәлел бола алатын секілді.

О бастағы тұтастық ұғымы ғылымда синкретизм терминімен белгіленеді. 1954 жылы жарық көрген Н. Сауранбаевтың «Орысша - қазақша» сөздігінде «Синкретизм м. только ед. 1. синкретизм (бір құбылыстардың о баста тұтастығы) ; синкретизм первобытного искусства алғашқы искусствоның синкертизмі» - деген түсінік береді [2. 737] . Ал әдебиеттану терминдерінің сөздігінде «Синкретизм (грекше, Sqnkretismos қосылу) - кең мағынасында, мәдени шығармашылық түрлерінің яғни өнердегі тек пен түр, жанрлардың және олардың жанрлық түрлерінің әу баста бөліндей, бірлікте болғанын білдіреді.

Қоғамның дамуы, ондағы күрделі өзгерістер, қоғамдық сананың ықпалынан синкретизм өзінің универсалды характерін жоғалтты. Өнердің әр түрі жеке тармақталып, сала-салаға бөлініп, дами бастады. Тек қана фольклор ұзақ уақыт өзінің синкреттік қасиетін жаңа форма таба отырып сақтады» - деген түсінік береді.

Демек, жұмысымыздың арқауы болғалы отырған түркі тілдеріндегі синкретизм құбылысына талдаулар жасау бүгінгі тіліміздің фактілеріне сүйене отырып, өткен күндерге яғни баба тіліне - тіліміздің ғасырлар қойнауында жатқан қайнар көзіне қарай қадам жасау болмақ. Тілші ғалымда Алтай тілі туыстығын дәлелдейтін фактілерді лексика, фонетика, грамматика салаларынан іздестіріп, көптеген материалдарды анықтады. Лексика саласы бойынша алғанда - лексика тілдің өзгеріске ең бейім саласы. Сондықтан да тіл мен тіл арасындағы ауыс-түйістер басқа элементтерге қарағанда көбірек кездеседі. Сондықтан да тіл мен тіл арасындағы лексикалық ауыс-түйістер басқа элементтерге қарағанда көбірек кездеседі, осы қасиетіне байланысты генетикалық туыстықты анықтауды лексикалық сәйкестік қажетті бір көрсеткіш болса да, шешуші түйін болып саналмайды. Дегенмен тілдік зерттеулер тілдің сөздік құрамында өзгергіштерімен қатар, өзгеріске көп түсе бермейтін единицалардың барлығын анықтап отыр. Сондай біршама тұрақты лексика тақырыптық топқа туысқандық атаулар, дене-мүше атаулары, күнделікті тіршілікке байланысты тұрмыстық атаулар т. б. жатады екен. Ал етістік болса, зат есімдерге қарағанда әлдеқайда тұрақты, тіпті, ол бір тілден екінші тілге мүлдем ауыспайтын категория. Сондықтан да түркі-монғол тілдеріндегі туыстықты, ортақтықты, паралельдікті анықтау үшін ғалымдар, әдетте, лексика тақырыптық топтарды көбірек салыстыра зерттейді.

1- ТАРАУ. ТҮРКІ ТІЛДЕРІНДЕГІ СИНКРЕТИЗМ ҚҰБЫЛЫСЫНЫҢ ЗЕРТТЕЛУІ

Түркі тіліндегі синкретизм құбылысын алғаш зерттеушілердің бірі - Арминий (Герман) Вампери. Ол этимологияны түркітанудың бір саласы ретінде таныған алғашқы ғалым. Венгер ғалымының тарихи лексикологиялық шеңберінде әсіресе оның белгілі этимологиялық сөздігінде көптеген түркі тілдері аралық салыстырулар мен қызықты зерттеулер қамтылған; мұнда түркі тілдері мен тарихына қатысты тарихи грамматиканың түрлі аспектілері жөнінде сөз болады.

Ғалымның пікірі бойынша түркі тайпаларының географиялық жағынан ыдырамай тұрған кезінде сөздердің түбірі әрі есім, әрі етістік қызметін атқарған. Қазіргі түркі тілдерінің құрамындағы осы ортақ ерекшеліктерге қарап түркі тайпалары бір жерден шыққан деген түйін жасайды. Осыған байланысты Г. Вампери түркі-татар тілдерінің негізін қандай грамматикалық формада елестетеміз, яғни оларды не зат есім, не етістік деп есептеуге бола ма және бұл екі сөз табын бірінен-бірі туған деп есептей аламыз ба? деген сұрақтардың төңірегінде ой толғайды. Біз бұл жерде әрі есім, әрі етістік сөздердің сандық көрсеткіштеріне назар аударуымыз керек. Бір наречиелерде олар жұрнақтармен келсе енді бірі жұрнақсыз кездеседі. Көріп отырғанымыздай ғалым тек қана жазып алу, белгілеу шараларымен ғана шектелмей етістік-есім негіздердің омонимиясы ретінде омоформаларын түсіндіре отырып, етістік-есім болудың бастапқы табиғатына үңіліп, синкретті түбірлердің тарихи шындығына болжамдар жасайды. Г. Вамперидің пікірі бойынша қат, сақ, сұс, тон және төл секілді тұлғалар әрі етістік әрі есім қызметін атқарады. Мысалы қат «қатар» және «қатарға қою» мағынасын берсе, ұйғыр тілінде сақ «сан» және «санау», сұс сабырлы және «сабырға келтіру», тап «із» және «іздеу», тал «түбінде» және «кіру, бату» мағыналарында жұмсалады. Г. Вампери өзінің этримологиялық сөздігін жазғанда синкретті түбірлердің тарихи шындық екеніне және сондай-ақ жұрнақтардың грамматикалық жағынан бөлшектенбейтініне назар аударды.

Осындай негіздердің бар екендігі жөнінде жазған ғалымдардың бірі - Н. М. Мелиоранский. Сонымен қатар ол есім және етістік негіздердің шығу тегі бір екенін айта отырып, «қазір етістік-есім - екі мағынада жұмсалатынына қарамастан көне дәуірлерде түркі тілдеріндегі есім-етістік түбірлердің дәл қазіргідей қатаң жіктелмегенін айтады. Г. Вампериден бастап Э. В. Севортян, А. М. Щербак, А. Т. Қайдаровтардың еңбектерінде әр түрлі қырынан сөз болғанмен, бұл пікірлермен қазіргі кезде көптеген түркітанушылар санасады.

Г. И. Рамстед 1916 жылы В. Банг етістік-есімдердегі біртұтас сөзжасам қосымшаларына қатысты морфологиялық синкретизмдерді зерттей отырып, түбірге тікелей жалғанатын есім тудырушы -сы қосымшасына арнайы тоқталады. Осының негізінде ол түркі тілдеріндегі етістік түбірлі заттанған тұлға яғни есімдерден етістікке айналған деген тұжырым жасайды. Бірнеше жыл өткенде Ж. Дени түркі тілдерінің грамматикалық құрылымдарындағы ұқсас жағдайларды атап көрсетеді. Алайда түркі тілдерінде тек етістіктерден жасалған есімдер ғана емес, керісінше етістік қосымшалары арқылы есім тудырған жағдайлар да кездеседі. Мысалы, тұм-ағы (тұмау), құр-гак (құрғақ), түн-гак (түнгі күзетші) . Бұл мысалдар В. Бангтың айтуы бойынша есімдердің етістік сипаты яғни етістікпен есімдердің жасалуы болып табылады. Осылайша сөз тұлғалар қатарындағы морфемалық мүшеленудің нәтижесінде бір-біріне қарама-қарсы грамматикалық мағына тудыратын сәттер кездеседі екен. Бұл тұжырымдар бір қарағанда дәлелсіз секілді көрінгенмен, өзара (етістік-есім) айқындалмаған синкретті түбірлердің рефлексі болып табылады. Зерттеушілер еліктеуіш есімдермен синонимдес етістіктердің тұлғаларын етістік-есім омонимдердің өзге топтарынан бұрын етістік-есім сәйкестігі деп қарауы жайдан-жай болмаса керек.

Дат түркітанушысы К. Гренбек етістік-есім корреляттарын әр түрлі сөздердің кездейсоқ бастапқы сәйкестігі деп көрсетеді. Ол сол жылдардағы (1936) индоевропа тіл біліміндегі түсінік бойынша етістік пен есімдердің тарихи тұрғыдан бір негізге сиымсыздығын басшылыққа алған сияқты. Г. И. Рамстед етістіктің есімдерден басымдығын мойындау қиын, ал есім мен етістік негіздері көне құбылысқа тән, түсіндірілуі ауыр (морфологиялық тұрғыдан мүшеленбейтін), сәйкестіктері кездейсоқ болуы да мүмкін деп есептеді.

В. Банг, К. Гренбектен, Г. И. Рамстедтен кейін К. Брокельман грамматикалық қатынастағы омоформалардың сіңісуі деп көрсетті. Л. Котвич алтай тілдерінде ешқандай морфологиялық өзгеріссіз-ақ есім-етістік тұлғалар секілді түрлі қызмет атқаратын түбірлер мен сөздер кездеседі» деген пікір айтты. Сондай-ақ, есім ретінде де, етістік ретінде ешқандай морфологиялық элементтерсіз-ақ қызмет ететін түбірлер мен негіздердің ең көбі автордың пікірі бойынша тұңғыс-манчжур тілдерінде сонан кейін түркі тілдерінде, ол ең аз кездесетін тіл - монғол тілі. Етістік-есім текті негіздер бойынша жиналған материалдарды саралай келіп, ғалым тұңғыс тілдерінде көп кездесуінің себебі «сөздердің сөз таптарына қарай жеткілікті мөлшерде жіктелуінен тіпті зат есім мен етістіктерге де әлі топталмаған» - деп көрсетеді. Тұңғыс тілдерінің морфологиялық құрылымына жасалған талдаулар әрбір өзгермейтін түбірге немесе негізге есім тудырушы секілді етістік тудырушы жұрнақтардың да жалғануы мүмкін екенін көрсетіп отыр. Мысалы, чука сөзі септелуі де, жіктелуі де мүмкін. Бірінші жағдайда ол «жасыл, шөп» деген мағына берсе, екіншісінде, «жаю, оттату» мағынасына ие болады. Жалпы алғанда чука сөзі «көк, өсімдік» деген мағына береді, ал семантикалық жағынан нақтылану аталған қосымшалар жалғанғанда ғана жүзеге асады. Әрине, кез келген түбір синкретті бола бермейді, негізінен олардың көпшілігі етістік немесе есім мағынасында жұмсалады; мұндай жағдайда олардың арасында әуелден қалыптасқан жік болады, ал қосымшалар жалғанғанда сол жік ашылып, айқындала түседі. Тұңғыс-манчжур тілдері материалдары В. Л. Котвичті мынандай тұжырымдарға әкеледі: «Тұңғыс-манчжур тілдерінің салыстырма сөздігінің» бірінші әріптерінен бастап-ақ елуден астам бір, екі, үш буынды синкретті сөздерді кездестіруге болады. Сол ай-көмектесу, ай-көмек, ан-итеру, «ағашты құлату», «жағалаудан ауды лақтыру, орналастыру → ан, ау, тұзақ; аан - «есін жоғалту → аан -талу; айа - «аңды өлтіру» → айа - «атыс»; алма - «ән салу», алма «ән» т. б.

Сондай-ақ етістік есім түбірлер санының көптігіне ғана қарап, бұл тілдерді көне тіл ретінде тану қиын емес. Лексикалық құрамындағы моносиллаттар (бірбуынды) мөлшері аса көп болмағандықтан В. Л. Котвич және басқа да түркітанушылар дәлел ретінде ұстанатын алғашқы бірбуынды (алтайлық) құрылымдардың өзін теріске шығарады. Етістік-есім сипатындағы архетиптер ғалымдар тарапынан барлық жағдайда синкретизм ретінде танылмағанымен етістік-есімді корреляция құбылысы алтаистердің зерттеу пәні болды.

Етістік-есім омонимиясы (немесе түбірлер синкретизмі) түркі тілдерінде ғана толығырақ зерттелді. Бірқатар зерттеушілер бұл құбылысты жалпы түркі тілдерінің дамуы барысындағы сөз таптарының мағыналық шеті айқындалмағандығының нақты көрінісі деп бағалады. Ол сөзжасам тәсілдері, грамматикалық даму деңгейі және сөз таптарының тұрақтылық дәрежесі секілді мәселелерді өзара байланысты синхрониялық және диахрониялық тұрғыдан тереңірек зерттеуді талап етеді. Етістік-есім корреляттарына тиісті дәрежедегі тілдік фактілерсіз нақты, айқын талдаулар жүргізу мүмкін емес. Сөз таптарының белгілі бір сәттердегі эволюциялық сипаты, классификациялаудың проблемалық сұрақтары (дифференциация критерийлерін айқындау) кей мәселелерде көне дәуірлердегі түркі тілдерінің синкретизмін ескере отырып жасалатын сөзжасамның маңызды тәсілдерінің бірі - аталған мәселенің нанымды шешімдеріне апаратын жолдар болып табылады. Осыған байланысты Э. В. Севортянның бағдарламалық сипаттағы мынандай сөздерін мысалға келтірейік «Түркі тілдеріндегі сөзжасамды тарихи тұрғыдан зерттеу, оның эволюциясының барлық кезеңдерінде түркі тілдерінің грамматикалық даму деңгейімен белгілі дәрежеде ішкі байланысты болатынын көрсетеді. Лексикаға қатыстылығы жағынан алғанда грамматикалық даму дәрежесі сөз таптарының дифференциялануы жағдайымен айқындалады. Негізінен, сөз таптарының әр түрлі жағдайына сөзжасамның әр тектес тәсілдері сәйкес келеді. Керісінше сөзжасамның әр түрлі жағдайы тарихи тұрғыдан түркі тілдеріндегі сөз таптарының әр түрлі деңгейлеріне әсер етеді.

Түркі тілдеріндегі синкретизм құбылысын зерттеген қазақ ғалымдары қатарында Ә. Қайдар, М. Томанов, Ә. Ибатов, Е. Қажыбеков т. б. есімдерін айтуымыз керек.

Синкретикалық сөздер тек түбірлерді ғана емс, туынды түбірлерді де қамтиды. Бұл жөнінде қазақ тіліндегі синкретизм мәселесіне алғаш қалам тартқан ғалымдардың бірі Томанов: «Етістік пен есімдердің синкретизмі үш түрлі болып келеді: Синкретикалық байырғы түбірлер, синкретикалық туынды түбірлер және синкретикалық қосымшалар. Бұл құбылыс, бір жағынан етістіктер мен есімдер дамуының үш түрлі сатысына ұқсайтын сияқты» дейді.

Ә. Қайдар да синкретикалық сөздерді кеі топқа бөледі де, алғашқы синкретизмдерге тоз «шаң-тозаң», тоз «шашылу» сияқты тұлғалас омонимдерді және этимологиялық тұрғыдан қарағанда ғана омонимдік түбірлер екенін тануға болатын той «тойыну», тоқ «тоқ, тойынған», жой «»жою, құрту, жоқ «болмау, жоқ болу», көз - көр, толық «толы, толып тұрған» - толық «толығу, жаңадан қосылу»; табыс «жетістік, пайда» - табыс «табысу, бір-бірімен жолығу» тәрізді екі буынды сөздерді жатқызады. Мұндай мысалдар моносилабтарға тән фоно-морфо-семантикалық құбылыстардың диссилабтарға да жат емес екенін көрсетеді.

Ә. Ибатов синкретизм құбылысы дегеніміз не? деген сұрақтан бастап оның зерттелуіне және түркі тілдерін зерттеудегі оның өзіндік орнын түрлі талдаулар арқылы анықтап береді.

Өзіне дейінгі зерттеушілердің еңбектерін саралай келіп, М. Ескеева синкретизм құбылысына тоқталып, «Көптеген ғалымдардың көңілін аударып келе жатқан етістік және есім негізді омотүбірлер немесе синкреттік түбірлердің кездейсоқ құбылыс, яғни жүйесіз тұлғалық ұқсастық еместігі анықталып отыр. Түрлі сөз топтарына жататын синкретикалық сөздер, сөз таптарының тарихи даму процесін көресетеді» - деген пікір ұсынады. Осы айтылғандарды жинақтай келгенде түркі тілдеріндегі синрктиезм құбылысын теориялық жағынан түрлі зерттеу тәсілдері арқылы талдаулар жасаудың тіл тарихы үшін маңызы зор. Атап айтар болсақ, туыстас тілдердің арасын жалғастырып тұрған тілдік белгілердің аралық шегі айқындала түседі. Екіншіден, тіліміздегі сөздердің қалыптасу ерекшеліктері мен дамуына қатысты бізге беймәлім тылсым сырлардың тереңіне баруға мүмкіндік аламыз.

2 - ТАРАУ ТҮРКІ ТІЛДЕРІНДЕГІ СИНКРЕТТІ ТҮБІРЛЕРДІҢ ҚҰРЫЛЫМДЫҚ СИПАТЫ

Синкретизм құбылысына «Тіл білімі сөздігінде» грек тілінде synkretismos, ағылшын тілінде synkretism, француз тілінде sinkretisme, неміс тілінде synkretismus түрінде дыбысталып, әртүрлі айтылымдық тұлғалардың қызметтік бірлесуі, қарама-қарсылықтарды бейтараптандыру.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Түркі тілдерінің салыстырмалы гарамматикасы
ОРХОН, ЕНИСЕЙ, ТАЛАС ЕСКЕРТКIШТЕРI ЖӘНЕ ҚАЗIРГI ҚЫПШАҚ ТIЛДЕРIНДЕГI МОНОСИЛЛАБТАРДЫҢ ҚҰРЫЛЫМДЫҚ ЕРЕКШЕЛIКТЕРI ТУРАЛЫ
Қытай тілі грамматикасындағы (介词) сөз алды қосымшаларының ерекшелігі
ҚАЗАҚ ТІЛ БІЛІМІНДЕ СӨЗЖАСАМ МӘСЕЛЕСІНІҢ ЗЕРТТЕЛУІ
Контаминацияның қазақ тіл білімінде зерттелінуі
Түркі тілдерінің, оның ішінде қыпшақ тілдерінің, әсіресе, қазақ тілінің сөздік қоры ғасырлар бойы қандай жолдармен дамығанын зерттеу
Контаминация құбылысының тілдегі көрінісі
Орхон, Енисей, Талас ескерткiштерi және қазiргi қыпшақ тiлдерiндегi моносиллабтардың құрылымдық ерекшелiктерi
Сөз таптарындағы семантикалық тәсілдің қызметі
Сөз таптарын топтастыру
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz