Шешен сөйлеу - дикторға тән қасиет
Мазмұны:
I Кіріспе
1. Радиожурналистке қойылатын талаптар
1.1Тікелей эфирдегі кәсіби шеберлік
1.2 Шешен сөйлеу –дикторға тән қасиет
2 Сұхбат және репортаж жанрларының радиода көрініс табуы
III Қорытынды бөлім
I Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі: Адамды адам еткен еңбек және сөйлеу машығы дейді
ғалымдар. Сөзді тыңдарманына жеткізудің де қуатты құралы радио болмақ.
Радио –журналистиканың саласы, бұқаралық ақпарат құралының бірі. Оның осы
аталған қызметі арқылы маңызы уақыт өткен сайын арта түсуде. Қазіргі күні
радиоэфир бір мезгілде көптеген тыңдармандарға жетіп, керек деген
ақпараттардан хабардар ете алады. Сол арқылы қаншама адамның санасына ықпал
етіп, пікір тудырып, ой қорыту жүйесіне өз әсерін тигізеді. Шындығы керек,
радионы көшеде кетіп бара жатып та, көлікте отырыпта не болмаса үйде
демалып отырған сәтте де тыңдауға болады. Бұл дегеніміз, радионы
пайдаланудың артықшылығын көрсетсе керек.
Радионың құдыреті сол, адам саныс сілкінтіп, көңілін шымырлататын
қасиетінде, шынайы өнер туындысы секілді кісіні қанаттандырып,
шабыттандырып, рухани жан – дүниесіне де әсер етеді.
Күн сайын эфирге шығатын бағдарламалырды маңызы тіптен зор. Оны тыңдау
арқылы кез келген кісі өзінің рухани қажеттілігін өтейді. Ал бағдарламада
айтылған әңгіме кімнің де болса көкейіне ой салады. Сол себептен диктор
тікелей эфир уақытында өз сөзіне абай болып, ойланып шешім қабылдағыны
дұрыс.
Эфирге шыққан бағдарлама адамның көңілін көтеріп, демейді, оптимистік
қуат беріп, жігерлендіреді десек тікелей эфир арқылы тыңдарманға жол
тартқан сол бағдарлама жүргізушісіне қойылар талап биік. Диктордың бір қате
айтылған не болмаса мағынасыз пікірін миллиондаған тыңдарман естіп, сол
қате пікірдің арқасында теріс бағыттағы көзқарас қалыптастыруы әбден
мүмкін. Бұдан шығатын қорытынды, радио тек ақпарат таратушы ғана емес,
тәрбие құралы болмақ. Сондықтан, менің таңдап алған курстық жұмысымның
тақырыбы өте –өте маңызды.
Курстық жұмыстың мақсаты мен міндеті: Аталған курстық жұмысты жазу
барысында бүгінгі жас мамандар ақыл –парасаты мол, талғамы биік, сауатты,
сөзге шешен, тілі жатық, үні мақпалдай заманға сай диктор болып қалыптасса
екен. Және тәрбиелік мәні зор хабарлардың санын артса деген мақсатты
алдыма қоя отырып төмендегідей міндеттерді белгілеймін:
- Жас журналистерге нағыз радиожурналистің міндеттерін атап көрсету;
- Мамандық майталманы болу үшін жасауға тиісті шаралар;
- Тікелей эфирде тосылмай сөзйлеу техникасы.
Курстық жұмыстың зерттелу деңгейі: Менің таңдап алған тақырыбым төңірегінде
зерттеу жұмыстары баршылық. 80жылдан асатын тарихы бар Қазақ
радиожурналистикасы жақсы зеріттілген деуге әбден болады. Әр жыл сайын осы
тақырып төңірегінде көлемді еңбек жазғандардың қатарында М.Барманқұлов,
С.Қозыбаев, Б.Кенжебаев, Т.Амандосов, Қ.Бекхожин, Т.Қожакеев сынды зиялы
қауым өкілдері бар. Тәптіштеп айтар болсақ, Намазалы Омашевтың Ұзын
құлақтан Қазақ радиосына дейін, Радио журналистика деп аталатын
оқулықтары қазақ даласындағы радиохабар тарату ісіннің тарихынын сыр
шертеді.
Радио журналистка салысы туралы материалдардың басын қосқан
еңбектерді басшылыққа ала отырып менің жазып шыққан курстық жұмысым да
болашақта үлкен мәнге ие болады деп сенемін. Бұл да болса менің теңізге
құйған тамшыдайын Қазақ радиожурналистикасының дамуына қосқан үлесім дем
білемін.
Курстық жұмыстың құрылымы: Жұымстың құрылымына келсек, үш бөлімнен тұрады.
Алдымен кіріспе және екі негізгі бөлім,соңы қортынды, пайдаланылған
әдебиеттер тізімімен аяқталады.
1Радиожурналистке қойылатын талаптар
Қазіргі күні радиодағы дикторға қойылатын талап жоғары деңгейде.
Бұрынғыдай дауысқа ғана қарап қабылдау өткеннің еншісінде қалған дүние,
ескірген ұғым. Қырық жылдан астам уақыт Шалқар радиосында жұмыс істеген
Сауық Жақанованың айтуынша, бүгінгінің радиожурналистерінде сезім
–түйсікке, өзіндік мақамы, интонациясы бөлек, өзі де хабарды ұғынып,
тыңдаушысына да дәлме - дәл жеткізу кемшін . Ол кісі 2009 жылғы 15
қаңтардағы Түркістан газетінің журналистеріне берген сұхбатында: Қазіргі
жастардың тілі шорқақ, қысқа. Мәселен, соңғы хабар мен әдеби хабарларды
оқудың арасы жер мен көктей. Әдеби шығарманы оқу үшін образға кіру, кірігу
керек. Рөлді ойнап шығу керек. Хабардың мақсат – мүддесін тыңдаушыға сен
жеткізуің қажет екендігін ұғыну керек. Әдеби шығарманың ішінде де көркем
әдеби, сатиралық немесе драмалық, лирикалықдүниелер, шым – шытырық
оқиғаларға толы трагедиясы тағы бар, бәрі қатар жүреді. Ал ресми хабарларды
тіпті сенімді түрде оқу керек, - дейді.
Шындығында да радиожурналистің дикциясына аса мән беру қажет. Дикция
деген – ол айту, сөйлей білу. Әріптер қисаймау керек. Бір әріп қисайды
дегеніміз б дегенде екі ернің қабыспай айтылса, не болмаса а дегенде
аузыңды толтырып айтпасаң сөздің, сөйлемнің тұрпаты бұзылады деген сөз.
Жағың ашылмай қалу, тілің жетпей қалу, дыбыстың толық мәнінде дұрыс
шықпауы, әр әріп өз орнында тұрмауы – міне, осындай кедергілерге ұрынған
сөйлемнің шала – жансар құрылуына әкеп соғады. Хабарды тыңдаушыға жеткізу
үшін алдымен оқитын диктордың жан тазалығы, көңіл – күйінің көтеріңкі болуы
да қатты әсер етеді.
Жоғарыда айтылған сөйлеу мәнеріне келгенде диктор Сауық Жақанова:
Қазіргі жастар мүлдем батыстанып барады. Тілдерін бұрып сөйлейді. Мысалы
т әріпін жұмсартып, жіңішкертіп айтып көріңізші. Тек деген сөзді мүлдем
басқаша мәнермен айтады. Тегі, тура деген сөздер тыдан кейін ы
әріпі тұрғандай жуан дауысталуы қажет. Қазір ғылыми тілмен айтар болсақ,
жастарға сен үндестік заңын сақта деп үйретеміз. Жас мамандар эфирде
оқылатын дүниені қалай жазылып тұр, солай айтып береді. Сіресіп қалған
дүние.
Ал біздің ұрпақ үндестік заңын сақтамай – ақ, жаңылтпаш жаттамай –ақ,
тіліміз таза, ашық, анық болып өстік. Яғни, табиғи таза қазақи тәрбиенің
тілге тигізер ықпалы өте зор, -дейді.
Расында да материалды талапқа сай оқыса, диктор тыңдаушыға ән салып
отырғандай әсер қалдырар еді. Өйткені, қазақта дауысты дыбыстар көп. Алғ
дауысты дыбыс дегеніміз ән емес пе. Сөйлемдерді созып, дауысты ашық
дыбыстарға күш түсіре оқысаң, ән болып естілмей ме?! Әу баста ақынжанды
халықпыз, төкпесөзге жақынбыз. Өлең жазбайтын қазақ кемде – кем. Ал өлең
дегеніміз, буын үндестігін сақтап, сөйлеп – жазылады емес пе? Жіңішке
дыбыстар жыбырлап, онша естілмейді. Соңғы кездері тілге байланысты
Моңғолиядан, Қытайдан келген бауырларымыз тілімізді жақсы сақтаған деген
сөз жиі айтылады. Жо –жоқ, олай емес, олардың сөйлеу мәнеріне,
дыбысталуына зер салсаңыз, сол тұрғылықты жердің әуезі байқалады. Негізі
сөз дегеніміз саз, әуез ғой.
Бізде екі – үш сөз бірігіп бір мағынаны біліретін сөз тіркестері көп.
Сондықтан, оларды үзіп – жарып айтпай, кідіріссіз оқу, яғни жеткізу керек
екенін көбіне ұқпай жатамыз. Оның ішінде басты сөзі бар, соған мән бере
отырып, қалғанын ілгестіре сөйлеу техникасы көбіне қазіргі дикторлар тән.
Келе жатырмыз, бара жатырмыз деген сөздерді үзіп – жұлып сөйлейді. Бұл
күнде ауыз әдебиетінен гөрі жазба әдебиеті дамыды. Ал сөйлем мәдениеті,
сөйлеу мәдениеті кемшін. Сондықтан да жазып берген шығарманы сол күйінде
сыдыртып, еш эмоциясыз, әсерсіз оқып шығатындар көбейген. Сіресіп, экранға
немесе эфирге суретке түсетін кісідей қалшиып, бетте түк қимыл – өзгеріс
жоқ, суық отырады. Адам сол шығарманың бүге – шүгесіне дейін жатсынбай
кірігіп, тыныс алып отыра жүргізсе, тыңдаушы да оқушы да әсер алар еді.
1.1 ТІКЕЛЕЙ ЭФИРДЕГІ КӘСІБИ ШЕБЕРЛІК
Тыңдарманның құлақ құрышын қандырып, ұлттық аудиторияны өзіне ұйытып
алатын, журналистикадағы үн-үрдісінің үздік үлгісін таныту эфирді
жүргізетін журналистердің кәсіби шеберлігіне келіп тіреледі. Кәсіби
шеберлік дегеніміздің өзі не? Оган кәсіп иесіне тән қандай критерийлерді
жатқызуға болады? Кәсіп - еңбек қызметінің негізгі бір саласы. Ал шеберлік
- белгілі бір кәсіп бойынша өз ісін жетік меңгеру, сол салада терең
ізденіп, өзін жан-жақты дамыту арқылы кәсіп иесінің жоғары сатыға
көтерілуі, биік белестен көрінуі болып табылады.
Әлбетте, қазақ радиожурналистикасының алтын діңгегі, қасиетті қара
шаңырақ - Қазақ радиосында өз ісінің үздігі атанған әйгілі диктор Әнуарбек
Байжанбаев сынды майталман мамандардың болғаны белгілі. Ал қазіргі
радиожурналистикада эфирдегі дикторлық оқуды журналистік жүргізу
алмастырғаны мәлім. 1992 жылы "Отечественное радиовещание: пути и проблемы
становления" деген тақырыпта докторлық диссертациясын қорғаған Мәскеудің
Ломоносов атындағы университетінің зерттеуші-ғалымы В.Н.Ружников өз
еңбегінің "Современность радиовещания" деп аталатын тарауында
радиожурналистикада пайда болған жаңа тенденцияларды төрт топқа бөліп
қарастырады:
1. Бағдарламалардың дербестелуі. Дикторлық радионы журналистік радионың
алмастыруы, демек бұган дейін журналист дайындап берген мәтінді диктор
мәнерлеп оқыған болса, ендігі жерде журналистің көзбен көргенін, көңілге
түйгенін өз аузынан айтып, өз атынан баяндайтындығы.
2. Бағдарламалардың ауқымдылығы. Ақпараттық-талдамалық бағдарламалардың
кеңінен қолданылуы. Төрт топқа да тән ерекшелік журналистердің жеке түлға
ретіндегі даралануы. Ал мұның өзі - радиожурналистикадағы, жаңаша жүмыс
тәсілі, тікелей эфир аясында жүзеге асқан құбылыс. Олай болса, тікелей
эфирден берілген хабардың кәсіби сапасын сол эфирді жүргізген журналистің
кәсіби деңгейімен өлшеуге тура келеді. Бұл қисын өз кезегінде жүргізушінің
жетекші рөлін айқындауға, соған сәйкес оған жүктелетін жауапкершілік
мөлшерін аныктауға мүмкіндік береді. Егер журналист еңбегін кәсіби процесс
ретінде талдасақ, онда оны идея - жоба - сце-нарийлік нұсқа - эфирдегі
құбылыс сызбасы бойынша жүзеге асатын жүмыс тәртібі ретінде қарастыруға
болады. Бұл сызба негізінен, журналист өзі даярлап, өзі эфирге алып шығатын
авторлық бағдарламаға тән.
Шындығында, жүргізушінің кәсіби шеберлігін шыңдап, талантын ұштап,
деңгейін көрсетіп, қолтаңбасын танытатын эфирдегі мүмкіндік аясы да осы. Ал
тәуелсіз радиоарналарда қазақ тіліндегі авторлық бағдарламалар жоқтың қасы.
Тек қана жаңалықтарды оқып, берілетін әндерге алғы сөз айтумен шектелетін
тәуелсіз радиоарналардагы қазақ тілді эфирдің құнын жоғарылатып, қадірін
арттыру, әрине, мүмкін емес. Кәсіби деңгей тұрғысынан қазақ тілді әуе
толқынының қанатын кең жайып, құлашын алысқа сермей алмай отырған бір
себебі сол екені де жасырын емес.
Тікелей эфирдегі кәсіби шеберліктің негізгі екі тетігі бар: Бірі -
тіл, екіншісі - тәртіп. Тіл - тікелей эфирдің лингвистикалық аспектісін
айқындаса, тәртіп психологиялық аспектісін қамтиды. Тілді адам санасындағы
ой иірімдері мен әр алуан психофизиологиялық құбылыстар арқылы қабылданатын
акпараттардың күрделі таңбалық көрінісі ретінде де тануға негіз бар. Тіл -
адамның дыбыс шығарып сөйлеу қызметін атқаратын мүшесі. Тіл - уақытты
(секундты, минутты, сағатты) белгілейтін көрсеткіш. "Тіл - адамның адамдық
белгісінің зоры, жүмсайтын қаруының бірі" деп дәріптейді қазақтың ірі
лингвист ғалымы А. Байтұрсынов. Орыстың ұлы сыншысы В.Г. Белинский "Адам
мінезін танудың кілті - оның тілі, сөз саптаудан ойдың бедері білінеді, ол
әрбір тұлға мен мінез секілді әрқашан да жеке дара" деп мәлімдеген. Ал
халық даналығы "Өнер алды - қызыл тіл" деп, оның барлық өнердің алдын орап
өтетін өткірлігін сипаттаса, "Басқа бәле - тілден" деп тәртіптен асып
кеткен тұста тәлкекке ұшыратынын тап басып айтқан.
Ал журналистің тіл мен тәртіп аясындагы стратегиясын зерттеген
ғалымдар М. Кузнецов пен И. Цыкунов "Кәсіби мақсатты жүзеге асыру үшін
журналистердің барлығы дерлік тілді қолданады, ал тәртіпті көпшілігі ұмыт
қалдырады. Әрине, ең әуелі тіл қатудың жалпы принциптерін негізге алу
керек, келесі ретте аудиторияның қабылдауына бейімделу тәсілдерін игеру
қажет" деп есептейді. Бәрі де орынды айтылған оң пікір. Ал іс жүзінде
радиожурналистиканың тікелей эфиріндегі кәсіби шеберлікті қалыптастыру үшін
тіл мен тәртіпті қалай пайдалануга болады? Тікелей эфирдегі тіл мәдениетін
сақтауда лингвист-ғалым Ахмет Байтұрсыновтың тіл қисыны туралы қағидаларын
білуден артық ешнәрсенің де керегі жоқ. Онда тіл анықтығы да, тіл
көрнекілігі де, тіл әуезділігі де, тіл тазалығы да, т.с.с. бәрі де
қамтылган.
Тікелей эфирде тіл қызметін дұрыс қолдану үшін уақытқа ілесіп сөйлеу
механизмін меңгеру қажет. Секундомерді нысанага алып, санаулы минуттар
аясында сөйлеп көріп, дәл солай уақытпен санасып өз ойыңды қағазга түсіріп,
ешбір жалықпастан жаттығудың өзі - кәсіби шеберлікті шыңдау әдісінің бір
түрі болып табылады. Негізінде, шамамен 1 минутта 185-200 сөз айтылады
немесе оқылады, ал 1 минутта небәрі 25-30 сөз ғана жазылады. Әлбетте, әр
адамның мүмкіндігі әр түрлі. Негізі жаттығу кезінде мынадай екі талап қатаң
ескерілуі шарт. Біріншісі - сөз қайталамау, екіншісі -ой қайталамау. "Мұның
мәнісі айтар ойыңды санаңмен өндеу арқылы жүйелеп әдеби нормаға сәйкес сөз
маржанымен, өрнектеп тізе білу. Жұтаң тіл журналистің жұмырына жұқ бол-
майтыны белгілі. Демек, оны әрдайым дамытып, сөздік қормен байытып,
жетілдіріп отыру - кәсіби шеберлікті шыңдау әдісінің келесі бір тармағы.
Шешендік өнердегі негізгі тірек ұғым
шешендік сөзге зерттеушілер мазмұндық идеясына, қолдану қызметіне,
прагматикалық ерекешеліктеріне қарай түрліше анықтама беріп жүр.
Шешендік сөз дегеніміз- тауып айтылған тапқыр сөз, ақылға қозғау салып,
ой түсіретін даналық сөз, қиялға әсер етіп, сезіміңді қозғайтын көрікті де,
әсерлі сөз, бұра тартпас әсермен тамсандырып, таңдай қақтыратын білгір-
білімді сөз, өтіп кеткен не өтіп жатқан оқтғаны жанды суреттей көз алдыңа
алып келетін суретті сөз, тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін жеткізетін
терең мағыналы түйінді сөз.
Шешендік сөздердің уытты, лепті, әсерлі, қанды қайнатып, жүрек тулатып,
естен айырып, ерікті алып кететін күшті, көрнекті, сәнді, мәнді сөздер
екендігін айта келіп, Ахмет Байтұрсынов шешендік сөздің бес түрін атап
көрсетеді:
*шешендердің жиынды аузына қаратып, нандырып, сендіріп, мемлекет ісіне
қарар шығару мақсатымен сөйлегендері саясат шешен сөзі деп аталады;
* шешендер сотта айыпкер адамды ақтау, иә қаралау мақсатымен сөйлегенде
сот билігіне әсер ету үшін айтқан сөздер билік шешен сөздері деп аталады;
* біреудің халық алдында еткен еңбегін, өткізген қызметін айтып,
қошеметтеп сөйлеген шешеннің сөзі қошемет шешен сөзі деп аталады,
* білімділердің, ғалымдардың мазмұнды сөйлеген сөздері білімдар шешен
сөз деп аталады;
* дін жайынан сөйлеген ғұламалар сөзі, молдалар сөзі уағыз деп аталады
[А.Байтұрсынов, 205-б].
Шешен сөзі түркі тілдерінің көпшілігінде қолданылатындықтан
этимологиясы ашылған сөздер қатарына жатады. Шечан, сәсан қырғыз,
қарақалпақстан,өзбек тілдерінде қазақ тілдіндегідей мағынада қолданылады.
Өзбек тілінде чечан сөзінің неге бечан, сасан сөздерінің бұл
мағыналары алтай, якут, тува тілдерінде де кездеседі. Моңғол тілдерінде
сэсэрхүү, сэсэрхэх сөздері- ақылмен, тапқырлығымен мақтану және шешнсу,
данышпансу деген мағыналарды білдіреді.
Шешен сөзімен қатар айтылатын би сөзі жайлы Ш.Уәлиханов та өз еңбегінде
атап кетеді. Зерттеуші-ғалым шешен сөзінің дана, ақылды деген мағына
беретіндігін айта келе мынадай пікірін келтіре кетеді: Қазақтың әрбір ру
басылары өз ру-тайпасының шежіресін, шыққан тегін, елдің әдет-ғұрып
заңдарын, ескі жаңалықтарын, халықтың басынан өткен тарихи жағдайларды көп
жасаған ақсақалдардан ыждағаттылықпен үйреніп, өзінің шешендік өнерін
шыңдауға көптеген аңыз-әңгімелерді, мақал-мәтелдердімаңызды оқиғаларға
қатысты ұлағатты асыл сөздерді ұзақ уақыт жаттайды. Сондай дайындығы бар
билердің аузынан шыққан сөздерді халық ұйіп таңдайды. Ал нақыл сөздің мәні
өмірдің бар саласын қамтитындай өсиет-өнеге, тәлім-тәрбиелік, патриоттық
мазмұнда болып келеді [Ш.Уәлханов, 132-б].
Адам сөйлеген кезде өзіне керекті ақпаратты толығымен қайтадан бастап
баяндамайды. Тыңдаушы үшін де, өзі үшін де бұрынна таныс нәрсені мейлінше
азайтып, көп болса екі-үш сөзбен жеткізуге тырысады. Сондықтан ықшам, қысқа
сөйлеу арқылы коммуниканттар ауызша сөзге тән бірінші шарт үнемдеу заңын
орындап отырады. Мұның бастауы, негізі қазақ шешендік өнерінде жатыр.
Осындай шешендік сөздер ерекше сипатқа ие.
Шешендік сөздерді қолдану сипатына қарай да былайша топтап көрсетуге
болады:
- Шешендік сөз –эгоцентристік сөз. Қарым-қатынас жағдайында сөйлеуші
өз сөзін үнемі тыңдаушысының білім қорын, қабілетін ескере отырып
құрады.
- Шешендік сөз –әлеуметтік мәнділігіне шектеу жасалмайтын,
жалпыхалыққа түсінікті сөз.
- Шешендік сөз –алдын-ала дайындалмаған арнайы сөз.
Қазіргі шешендік сөз үлгілерінің ерекшеліктерін ескере отырып, ғалым
М.Серғалиев бес т.рлі шартын атап көрсетеді: шешендік –тілге, сөзге тікелей
қатысты құбылыс; ешбір сөз мақсатсыз қолданылмайды; хабар жеткізу тәрізді
мақсат қарабайыр ғана орындалмайды, ол міндетті түрде сезімге әсер етуі
арқылы эмоциялық қызмет атқарады, белгілі бір ойдың ақиқаттылығын
дәлелдейді, тыңдармандардың немесе оқырмандардың әлде бір әрекеттерге ең
болмағанда жауап беруге, тіпті талас айтуға жетелейді [М.Серғалиев, 4-б]
Осындай тіл мәдениетінің биік шыңы, ең жетілген түрі-шешендік өнер 1.2
Шешен сөйлеу – дикторға тән қасиет Шешеннің сезім толғанысы риторикалық
сұрақтар арқылы беріліп тұр. Сол сұрақтарға жауабын С.Мұқановтың өзінен
іздеп, оның өлең жолдарын дәлел ретінде келтіреді. Одан әрі сендіру үшін
шешен қарам- қарсы ұғымдарды қатарластыра жұмсап, түйінді ойын синоним
сөздермен, қыстырма және модальды сөздермен бекітеді. З.Қабдолов талдауы
анық, сөзі дәлелді, ойы терең, тілі көркем. Тағы бір мысал келтірер болсақ,
шешендік сөздің сипатына тілшілерден А.Байтұрсынұлынан кейін алғашқылардың
бірі болып назар аударған білгір ғалым, өзі де шешен Р.Сыздықов еді.
Шешендік өнер мен шешендәк сөздер атауларына ғылыми түсініктеме беріп,
шешендік сөздердің түрлерін нақты мысалдармен толықтырған ғалым
Р.Сыздықованфң тілге қатысты ғылыми талдаулары да білім-ғылым мазмұнды
шешендіктің тамаша үлгісі болып саналады. Мысалы, Абайдың сөз өрнегі
дейтін кітабында Абай тіліндегі синонимдер мен антонимдердің қолданысын
шешен нанымды тілмен талдап береді. Сөйтіп, Абай ақын айтпақ идеясын
айқын, әсерлі етіп жеткізу үшін және поэтикалық образды дәл беру үшін
синонимдік қатарларды талғап, талдап өте шебер пайдаланған дейміз.
Синонимдер- өлең тілінің сөз оралымын арттыратын құралдар. Поэзия да
ерекшелігіне орай тілдегі өте сирек қолданылатын сөздер мен кейбір көне
тұлғаларды синонимдік қатарға тарта алады. Сондықтан біз Абай тілінен безу-
күсу, бүкіл – мұқым, сырлас – ежеттес, қадірлеу- әз тұту, кем көру – қоңыр
көру, жолдастық – сұхбаттастық, шабан – шардақ – шау деген мағыналас сөздер
қатарын көре аламыз. Мұндағы екінші қатардағы синонимдер не күсу, мұқым,
шардақ сияқты сирек қолданылатын сөздер, не ежеттес сияқты көне тұлға, не
әз тұту сияқты поэтизмдер, не сұхбаттастық сияқты араб сөзінің түпнұсқа
тілдегі бір мағынасын кәдеге асыру, не қоңыр көру, шау сияқты
экспрессоидтер болып келеді. Сонымен Абай поэзия тілінде синонимдерді
ойната, сөйлете білудің ғаламат үлгісін көрсетіп кетті дей аламыз.
Шешендік сөздерде айтылатын ойды қабылдауға жеңіл болуы, яғни
фонетикалық құрылымына би-шешендер бас аназар аударған. Шешендік сөйлеуде
сөздердің әдемі және әсерлі болып келуі оның құрамындағы жеке дыбыстардың
гармониялық үндесуінен және дыбыстардың сөздік көркемдік бояуына тигізетін
әсерінен дыбыстардың қайталануының өзі ерекше қызмет атқарады.
Шешендік сөздерде дыбыстық қайталамалар айтылатын ойдың құлаққа жағымды
естілуімен ғана шектелмейді, сөздің бояуын әрлендіріп, мәнерлілігін
арттырады, ырғақ инерциясына да қатысты болады. Дыбыстық қайталамалардың
көпшілікке танымал түрі-аллитерация мен ассонанс.
Айтылар ойдың құлаққа жағымды естілуі үшін би-шешендер өз сөйлеу
тілдерінде аллитерация мен ассонанс құбылыстарын ұтымды пайдалана білген.
Аллитерация өлең жолдарының бірдей дауыссыз дыбыстарының қайталанып
басталуы болса, ассонанс бірыңғай дауысты дыбыстардың қайталанып басталуы.
Аллитрация мен ассонанс дыбыстық қайталамаладың басқа да түрлері секілді
поэзия мәтінінде көркемдік әдіс ретінде кеңінен қолданылады. Шешендік нақыл
сөздерде аллитрация мен ассонанстың берілуіне назар аударсақ:
Тілдің когнетивтік қызметінде екі аспекті көрсетіліп келеді:
- Шебер сөйлеу іс-әрекеті үрдісінде елестетудің, түсініктің, болжаудың,
ақыл тоқтатудың сондай-ақ тілдің әр қилы ойлау операцияларына қатысы;
- Тіл –адамның қоғамдық-тарихи тәжірибелерін сақтауға оны ұрпақтан-
ұрапққа мирасқор ретінде жеткізу құралы.
Қазіргі шешендік өнерде аудиторияны баурап алудың тілдік емес жақтары
ретінде ғалым Н.Уәлиев төмендегілерді айтады:
- шаршы топ алдына шығып сөйлеу үшін сөйлеушіге азды-көпті дайындық
керек;
- сөйлеуші қандай мақсат қойып отыр? Мәселе көтеру ме? Белгілі бір ой-
пікірді терістеу ме? Мәселені басқаша түсіну керектігіне аудиторияның көзін
жеткізу ме? Әлде пікірталастың барыс мен бетін өзгерту ме?
- сөйлер алдында міндетті түрде негізгі ойды жинақтап, тезис дайындау,
сөйлеген кезде сөздің кіріспесіне көп уақыт жібермеу;
- ең басты, негізгі ойды айқындап алып, оларды бір-бірімен байланыстыра
отырып, екі-үш бөлікке бірдей етіп мүшелеу;
- аудиторияның назары босаңсымай тұрған кезде тезистің ең басты, ең
негізгі мәселесін, ал сөздің соңына екінші кезектегі мәселені қалдыру,
өйткені, аудиторияның назары бұл кезде босаңси бастауы мүмкін;
- сөйлеуші қажетінше нақыт ақпараттар келтіру шарт;
- сөйлеуші өз пікірін бедел иесі, танымал тұлғалардың сөзіне сілтеме
жасау арқылы бекіте түсуі шарт, нақты мысалдар келтіру, сөздің сенімділігін
арттырады;
- аргументтер келтіру аса қажет, бір аргумент екіншісінен күштірек
болуға тиісті. Өйткені, бір тыңдаушылардың есінде екінші аргумент немесе ең
соңғы аргумент көбірек сақталады;
- мәтінде тұтастай алғанда , қайшылық болмауға тиіс; алға қойған
мақсатқа сәйкес материалдың бірізді болуына көңіл бөлу, сөз берілгенге
дейінгі қарым-қатынас ситуациясына сәйкес болу шарт [Н.Уәлиев].
Бүгінгі шешендік сөйлеуде тыңдарманға ерекше назар аударылады.
Тәжірибелі шешеннің назары үнемі тыңдаушыда болып, олардың жауап
реакциясына бақылау жүргізе білсе, шешендік сөздің тиімділігі де арта
түседі.
Импровизация, яғни, суырып салма өнерінің өзі алдын ала жинақталған
білім негізінде пайда болады. Әлбетте, сөздік қоры мол, қажетті тіл қисынын
меңгерген, сөз тауып сөйлей алатын адам ғана шешендік өнердің шеберіне
айналмақ. "Негізінде, шешендік өнердің әдеби-эстетикалық мәні, оны құнттап-
зерттеу, шешендік сөз нұсқаларын кәдеге жарату - тікелей эфирдегі жүргізуші
журналистер үшін ең бір қажетті игілікті іс. Тікелей эфирдегі сөйлеу тілін
шешендік өнер дәстүрімен байытудың 5 түрлі әдісін қолдануға болады.
Біріншісі - кітаптан оқығанды көңілге тоқу. Екіншісі (аудиотәсіл) шешендік
өнер туындыларын (жыр, терме, айтыс т.с.с.) үн таспадан тыңдау арқылы
қабылдап, бойға сіңіру. Үшіншісі - жиған-терген дүниелерді қажет жерінде
орнымен пайдалануға үйрену сол үшін эфирге кірмес бұрын қолданатын сөздік
қорының тезисін әзірлеу. Төртінші - бейнетәсіл, бейнетаспадан сөйлеп тұрған
шешеннің іс-әрекетін, қимыл-қозғалысын, дауыс ырғағын, үн үзілісін, сөз
екпінін жіті қадағалау арқылы сөйлеу мәнерінің психологиялық желісін
меңгеру. Бесінші - сабақтаған ойыңды дұрыс жеткізіп, уақыт аясына сыйғыза
білуге машықтану".
Тіл жазған сайын қалыптасады, сөйлеген сайын жетіледі. Тікелей эфир
жүргізушілері сол үшін де эфирге дейін ерінбей еңбектеніп, нағыз кәсіби
шеберлікті игеремін десе әйгілі диктор Сауық Жақанова айтқандай алдарына
"Эфирдің бір секунды бос кетпесін" деген мақсат қоюлары тиіс". Тікелей
эфирдегі лингвистикалық аспектіге тән шығармашылық шеберлікті шыңдау
әдістерінің бірі - жүргізушінің аузынан шыққан сөзіне жауапкершілікпен
қарауы, яғни, өз сөзін өзі үнтаспаға түсіріп алып қайта тындап, артықшылығы
мен кемшілігін саналы түрде саралауы, бір рет жіберген кемшілігін екінші
рет кайталамауы. Осынау аталып ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz