Ағымдағы төлем қабілеттілік
Жоспар
I.Кіріспе ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
1. Кәсіпкерлік қызметтегі несиелеуді ұйымдастырудың
теориялық
негіздері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ..5
1.1 Кәсіпкерлік қызметтегі несиелеуді ұйымдастырудың принциптері
мен
әдістері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5
1.2 Кәсіпорынның төлем қабілеттілік және несие қабілеттілік
сипаттамасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..8
II. Негізгі бөлім
2. Алматы Құс АҚ-ның несиелеуді ұйымдастыруын
талдау ... ... ... ... ...13
2.1 Алматы Құс АҚ-ның шаруашылық қызметін талдау
... ... ... ... ... ... 13
2.2 Алматы Құс АҚ-ның несиелеуді ұйымдастыруды талдау
... ... ... ... 16
2.3 Баланс активтері мен пассивтері құрамы мен құрылым динамикасы
көрсеткіштерін есептеу
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... .19
2.4 Баланс өтімділігі дәрежесін анықтау және оның көрсеткіштеріне талдау
жасау

... ... ... ... ... ... ..23
III. Несиелеуді ұйымдастыруды жетілдіру
жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ...26
3.1 Кәсіпкерлік қызметтегі несиелеуді ұйымдастыруды жетілдіру
жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..26
3.2 Несиелеуді ұйымдастырудағы шетел тәжірибиесі
... ... ... ... ... ... ... ... 27
IV.Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ...30
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...32
Кіріспе
Еліміздің нарықтық экономикаға өткеніне аз уақыт болғанымен, жалпы
экономикалық өсу байқалғаны барлығына белгілі. Дегенмен, ұлттық байлықтың
молайуы мұнайға байланысты екені барлығымызды мазалайды. Өйткені, біздің
экономикамыз тек әлемдік мұнай сұранысы мен бағасына тәуелді болмақ.
Сондықтан да республика экономикасын тұрақтандыру үшін тек табиғи
байлықты қазып алумен ғана шектелмей, өндіру, өңдеу салаларын да дамыту
бүгінгі күннің басты міндеті.
Кеңес Одағы кезінде үлкен қарқынмен жұмыс істеген зауыт, фабрикалар
бүгінгі күні жекешеленді, ол толығымен сапалы өнім өндіріп, оны нарыққа
бәсекеге қабілеттілігі жоғары етіп шығару өте қиын. Тұрмыс – ақшаға
тәуелді дегендей өнеркәсіптің жұмыс істеуінің қайнар көзі ақша-қаражаттар
екені мектеп оқушысына да белгілі. Соңғы бес-алты жылда бұл мәселенің де
шешілуі табылғандай. Еліміздің басым жүйесінің әлемдік стандарттарға сай
дамуы экономиканың салаларына көптеген ақша-қаражаттарының келуін
қамтамасыз етуде.
Адам Смиттің экономиканың қозғаушы күші халықтың жинақ ақшасы деп
өз заманында айтып кеткен ойы бүгінгі таңның өзінде де өз күшін
орнамағанына еріксіз мойын.
Екінші деңгейлердегі банктерде шығарылған халықтың жинақ ақшасын
экономиканың жекелеген салаларын, оның ішінде өнеркәсіпті дамытуға бағыттау
қажет.
Қазақстан Республикасының нарықтық экономика қатынастарына көшуіне
байланысты елдің экономикалық өмірінде, соңғы жылдары ұйымдар арасындағы
шаруашылық қатынастар жүйесінде, сондай-ақ тұтастай алғанда халық
шаруашылығының барлық салаларында терең, ауқымды өзгерістер көрініс тапты.
Тәуелсіздік алғаннан кейін ел экономикасына тұрақтандыру қажет болды.
Барлық завод, фабрикалар жабылып, тоқырау кезеңі басталды. Жабылған
кәсіпорындарды қайта іске қосу үшін ірі ақша-қаражаттары қажет. Бұл қаражат
көзі инвестиция немесе банктерден алынған несие алу болып табылады.
Кәсіпкерлік қызметтердегі несиелеудің орны ерекше. Себебі, белгілі бір
іспен айналысу үшін кәсіпкердің қолында күрделі қаржы ресурстары болуы
қажет. Несие алып өз қызметімен айналысатын кәсіпкер өзіне ғана пайда
келтіріп қоймай, мемлекеттің дамуына өз үлесін қосады.
Қазіргі кезде Қазақстан Республикасының экономикасының негізін кіші,
орта және ірі кәсіпорындар құрап тұр. Сондықтан кәсіпкерлік қызметпен
айналысатын кәсіпкерлерге жағдай жасаудың бір жолы оларды ақша-
қаражаттармен қамтамасыз ету. Несиелеу мәселесі қазіргі кезде алғашқы
ағымдарда Президентіміздің 19-шы наурызда халыққа жолдаған жолдауында бұл
мәселе негізгілердің бірі болып табылады. Негізінен ипотекалық несие туралы
сөз қозғалғанымен мемлекетіміздің несиелік механизмінің дамуына үлкен
үлесін қосып отыр. Бүгінгі күнге дейін кәсіпорындардың несие алу және өтеу
қабілеті жоғары емес. Несие беруші ұйымдардың кәсіпорындарға берген ақша
қаражаттарының қайтару сомасына қосқан пайызының жоғары болуы, несиенің
дұрыс ұйымдастырылмауы және кәсіпорынның қызметіндегі өзгерістерге сәйкес
қарызды өтей алмауы өзге де себептер әсер етеді. Бұл қазіргі қоғамдағы аса
маңызды, әрі қайта ұйымдастыруды қажет ететін сала. Кәсіпкерлік қызметте
несие алудың, неиелеуді ұйымдастырудың қаншалықты қиын екенін және оларды
өзгертудің жолдары келесі тарауларда қарастырамыз.
Менің курстық жұмысымның негізгі мақсаты ─ Қазақстан
Республикасындағы ұйымның қызметіндегі несиелеуді ұйымдастыруды және оның
балансының өтімділігін талдау. Қазіргі кезде кәсіпкерлік қызметте несиелеу
қандай деңгейде жүргізіледі және несиелеу барысында қандай мәселелер тууы
мүмкін екенін талдау.
Курстық жұмыстың бірінші бөлімінде несиелеудің теориялық жақтары,
қазіргі кәсіпкерлік қызметтегі орны қарастырылған. Ал екінші бөлімінде
кәсіпорын бойынша талдау жасалады. Яғни сол кәсіпорындағы несиелеуді
ұйымдастыруы және несие қабілеттілігі. Үшінші бөлімінде несиелеуді
ұйымдастырудың жетілдіру жолдары қарастырылған.
Бұл курстық жұмыстың зерттеу объектісі Алматы Құс АҚ-ы болып отыр.
Курстық жұмыста осы кәсіпорынның да мәліметтері пайдаланылады.
1. Кәсіпкерлік қызметтегі несиені
ұйымдастырудың теориялық негіздері
1. Кәсіпкерлік қызметтегі несиелеуді ұйымдастырудың принциптері мен
әдістері
Несие ─ нарықтық экономиканың тірегі ретінде экономикалық дамудың
ажырамас элементін білдіреді. Оны барлық шаруашылық субъектілермен қатар,
мемлекет те, үкімет те, сондай-ақ жеке азаматтар да пайдаланады.
Несиенің пайда болуын өнімдерді өндіру сфераларын емес, олардың
айырбас сфераларын іздеу қажет. Тауар айырбастау ─ бұл тауардың бір қолдан
екінші қолға өтуін білдіреді және де осындай айырбас кезінде несиеге
байланысты қатынас туындайды.
Несиелеу принциптері несиенің мәнін және қызметтерін, сондай-ақ
несиелік қатынастарды ұйымдастыру облысындағы объективті экономикалық
заңдар талаптарын бейнелейді.
Несиелеу принциптері негізінде несиелік процесс, яғни банктік
несиелердің берілуі, пайдалануы және қайтарылуы жүзеге асырылады. Несиелеу
принциптеріне байланысты банктік несиелердің берілуінің басты шарттары:
несиенің мақсаты және мерзімі, олардың қаражаттар айналымы шеңберінде
қатынасу нәтижелілігі және т.б. анықталады.
Қазіргі несиелік қатынастарды ұйымдастыру принциптері екі топқа
бөлінеді:
І топқа – жалпы экономикалық тәртіптегі принциптер:
• Несиенің мақсаттылығы
• Несиенің дифференциалдығы
ІІ топқа – несиенің мәнін бейнелейтін принциптер:
• Несиенің мерзімділігі
• Несиенің қайтарымдылығы
• Несиенің ақылығы
• Несиенің қамтамасыз етілуі
Қазіргі несиенің дифференциалдық принциптерінің мазмұны өзгерген
десе болады. Біріншіден, ол мерзімдік принциппен байланысты. Яғни несие
уақытында қайтара алатын шаруашылық органдарына беріледі. Сондықтан
несиелеудің дифференциялануы тек несиелік қабілетті сипаттайтын
көрсеткіштер негізінде ғана жүзеге асады. Екіншіден, бұл принцип несиелік
келісім жасалғанға дейін және банктер несиелік ресурстарға деген сұранысын
оқып-үйрену барысында потенциалды қарыз алушылардың несиелік қабілетін және
сұратып отырған несиенің қамтамасыз ету сипатын, олардың банк үшін
пайдаланылған, сондай-ақ қаражаттардың жұмсалу ұзақтығын жетекшілікке ала
отырып, бастапқы несиені орналастырғанға дейін іске қосылады.
Мерзімдік – белгілі экономикалық категория ретіндегі мәніне
негізделген несиенің ерекше бір белгісі, несие берушінің қарыз алушыға
берген қаражаты белгілі бір уақыт ішінде келісілген тәртіпке сай
қайтарылуға тиістілігімен қорытылады. Осыдан келіп несиенің қайтарымдылық
принципі туындайды. Несиенің қайтарымдылығы оның экономикалық категория
ретінде басқа да категорияларынан ажыратылатын ерекшелігінен сипатталады.
Несиенің ақылығы – бұл несие беруші қарыз алушыға берілетін
қаражатты қайтару барысында бастапқы сомадан өсіп қайтарылғандығын
білдіреді. Іс жүзінде ақылық несиені пайдаланғаны үшін төленетін сыйақы
түрінде беріледі. Еркін реттелетін нарық жүйесі тұсында несие үшін сыйақы
мөлшерлемесі несиеге деген сұраныс пен ұсыныс негізінде қалыптасады.
Қазіргі банктердің несие үшін сыйақы мөлшерлемесін белгілеуде
ескерілетін басты факторлар:
• Орталық банктің коммерциялық банктерге беретін несиелер бойынша
белгіленетін сыйақысының базалық мөлшерлемесі;
• Банкаралық несие бойынша орташа сыйақы мөлшері;
• Өз клиенттеріне депозиттік шоттар бойынша орташа сыйақы
мөлшерлемесі;
• Банктің несиелік ресурстарының құрылымы тартылған;
• Несиеге деген сұраныс;
• Несиенің сұралатын мерзімі мен түрі, нақтырақ айтсақ банк үшін
оның қамтамасыз етілуіне байланысты тәуекел дәрежесі;
• Еліміздегі ақша айналысының тұрақтылығы.
Сонымен бірге, пайыз мөлшерлемесіне объективтік және экономикалық, сол
сияқты субъективтік факторлар да әсерін тигізеді. Шын мәнінде заңды және
жеке тұлғалардан тартатын несиелік ресурстар қаншалықты қымбатқа түссе,
соғұрлым несиенің бағасы жоғары келеді. Банктің тәжірибиесінде несие
бойынша жай және күрделі сыйақы есептеу формулалары қолданылады.
Жай сыйақы есептеу формуласы мынандай түрде беріледі:
І=i x P x n360 x 100 (1.1)
Мұндағы:
i – сыйақы мөлшері
P – қарыз қалдығы
n – сыйақы есептелетін кезеңдегі күндер саны
I – жай сыйақа сомасы
Несие бойынша есептелетін күрделі сыйақы есептеу формуласы мынандай:
I=P x [(1+i1200)n-1] (1.2)
Мұндағы:
i – сыйақы мөлшерлемесі
P – несиенің бастапқы сомасы
I – барлық мерзімге есептелетін сыйақы сомасы
n – аймен берілген несиенің ұзақтығы
Несиелеудің келесі бір принципі ─ берілетін несиелердің материалдық
жағынан қамтамасыз етілуі. Бұл принциптің пайда болуы негізінен несиенің
экономикалық категория ретінде шығуымен бірге келеді.
Бұл аталған несиенің қағидасы көзге көрінгісіз, себебі қамтамасыз
етілген құндылықтардың иесі мемлекет болғандықтан да, несиенің қамтамасыз
етілуін тексеру процесі тек қағаз жүзінде жүргізіледі. Ал бүгінгі несиенің
қамтамасыз етілуі ретінде кепіл, кепілхат, кепілдеме, сақтандыру
міндеттемелері қолдануда.
Несиелеу әдістері ─ несиенің берілу және қайтарылу ерекшеліктерімен
байланысты болатын, банк несиесінің кәсіпорын қаражат айналымының
шеңберінде қатынасу тәсілдері.
Қазіргі банктік тәжірибиеде несиелеу әдістерінің үш түрі
қарастырылады:
• Айналым бойынша несиелеу әдістері
• Қалдық бойынша несиелеу әдістері
• Айналым қалдық
Айналым бойынша – несиелеу барысында несие объектісінің айналымдағы
қозғалысын жалғастырып отырады. Несие қарыз алушының шығындарын оның
ресурсы босағанға дейін аванстайды. Несиеге деген объективтік қажеттілікті
ұлғайту шараларына байланысты несие мөлшері өсіп, бұл қажеттіліктің азаюына
байланысты несие қайтарылады. Бұл әдіс негізінен несиенің қозғалысымен
қажеттілікті төмендету немесе ұлғайту шараларына байланысты үздіксіз
қамтамасыз ететін, яғни үздіксіз жаңарып отыратын процесс болып табылады.
Қалдық бойынша ─ несиелеу базасында несиеге деген қажеттілік тауарлы-
материалды құндылықтар және шығындар қалдықтармен өзара байланысты. Мысалы,
кәсіпорын өзіне қажетті құндылықтарды өзінің жартылай көздері есебінен
сатып алуы мүмкін және содан соң оларды қамтамасыз ете отырып, банктен
несие алуға өтініш жасайды, сондай-ақ шығарылған шығындарды өтейді.
Айналым және қалдық бойынша несиелеудің іс жүзінде ұштасуының
нәтижесінде айналым-қалдық әдісі түзеледі. Мұндай бірінші кезеңде несиеге
деген қажеттіліктің туындауына байланысты несие берілсе, ал екінші кезеңде,
берілген несие қатаң түрде өтеледі. Бірінші кезеңде несие тауарлы-
материалды құндылықтарды кепілге алып, шығындар айналымының бастапқы
кезеңінде берілсе, ал екінші кезеңде, несие клиенттің банк алдындағы
мерзімді міндеттемелері негізінде өтеледі.
1.2. Кәсіпорынның төлем қабілеттілік және несие
қабілеттілік сипаттамасы.
Қаржы тұрақтылығына әсер ететін өлшемдердің бірі бұл оның төлем
қабілеттілігінің болуы. Төлем қабілеттілігі дегенімізде біз кәсіпорынның
ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді міндеттемелер негізінде есеп жүргізу
қабілетілігін айтады. Міндеттемелер бұл субъектінің алған қарыздарын өз
мезгілінде өтеуге міндеттілігін білдіреді. Қысқаша айтқанда кәсіпорынның
валюталық және т.б есеп шоттарында нақты ақшалардың болуы.
Қарыздарды өтеу үшін потенциалды қаржы дебиторлық қарыз болып
есептелінеді. Ол қаржылардың нормалы ауыспалы айналым нәтижесінде нақты
ақшаға айналады, кейде ол субъектің тауар-материалды құндылықтар запасында
айналуы мүмкін. Оларды реализация ету арқылы субъект ақша қаржыларын
алады. Басқа сөзбен айтқанда қарыз қаржыларды теориялық өтеудің жолы
субъектінің барша ағымдағы активтермен қамтамасыз етілуі . Егер субъектің
ағымдағы активтері қысқа мерзімді міндеттемелердің жиынтығынан артық болса,
онда ол қарыздарды өтеуге дайын болады. Дегенмен, егер субъекті ағымдағы
активтердің барлығын қарыздарды өтеуге жұмсап қойса, ол жағдайда өндірістік
қызмет тоқтап қалуы мүмкін. Себебі, өндіріс құрал – жабдықтардың ішінде тек
негізгі құралдар ғана қалады. Ақшалар материалдық айналмалы қаржыларды
сатып алуға жұмсалмайды, ақшаның барлығы қарыздарды өтеуге (төлеуге)
кетеді.
Сондықтан кәсіпорынның төлем қабілеті бар деп есептейміз, егер
субъектінің қарамағындағы ағымды активтердің жиынтығы ағымдағы
міндеттемелердің мөлшерінен анағұрлым жоғары болса, ол үздіксіз жағдайда
есептелінеді. Кәсіпорын тек қана қарыздарды өтеп қана қалмастан өндіріс
процесі мен өнімдерді реализация ету үшін қажет болған қаржыларға ие болуы
тиіс, сонда ғана субьектінің төлем қабілеті болады.
Субьектінің төлем қабілетіне талдау жасау кәсіпорындағы нақты ақшалар
мен түсетін ақшалардың жиынтығы, бірінші дәрежелі қажеттіліктерді төлеу
жағдайы мен есептелінеді. Осыған байланысты кәсіпорынның төлем қабілеттігі
екіге бөлінеді:
1. Ағымдағы төлем қабілеттілік. Ағымдағы төлем қабілеттікке баланысты
қарастырып жатқан (уақытта) мезгілде анықталынады.
2. Күтетін (переспективалы) төлем қабілеттілік.
Субьектінің қарамағында жабдықтаушылармен мезгіл өткен қарыздарды
болмаған жағдайда және банк ссудалары мен басқа да есептер бойынша
қарыздары болмаса, ол субьект төлем қабілеттігі бар болып есептелінеді.
Күтетін (переспективалы) төлем қабілеттілік төмендегідей жолмен
анықталынады. Нақты бір күнде кәсіпорынның төлейтін қаржыларын мезгілі
өткен міндеттемелермен салыстыру арқылы анықталынады.
Кәсіпорынның төлем қабілеті – төлем қабілеті коэффиценті арқылы
анықталынады. Бұл төмендегідей формалармен белгіленеді: белгілі бір
кезеңдегі қолдағы нақты ақшаның шұғыл төлем жиынтығына қатынасымен
анықталады. Егер төлем қабілеттілігі коэффиценті ( болса, ондай жағдайда
субьекті төлем қабілетіне ие болады, егер коэффицент болса, онда талдау
кезінде субьектінің төлем қаржысы жетіспейді.
Төлем қабілеттілік қаржыларға ақшалай қаржылар мен қысқа мерзімді
құнды қағаздар жатады. Себебі, олар жылдам реализация етіледі және тез
ақшаға айналады, дебиторлық қарыздардың бір бөлігі оның қарамағына түсуіне
сенім тудырады.
Ағымдағы міндеттемелерге мыналар кіреді: өтеуге (төлеуге) тиісті
қарыздар, банктің қысқа мерзімді несиелері, қысқа мерзімді қарыздар,
кредиторлық қарыздар және басқа пассивтер .
Ағымдағы міндеттемелерге қарағанда төлейтін қаржылардың жоғары болуы
субъектің төлем қабілеттілігі туралы мәлімет береді. Төлеуге шамасы
келмейтіндік деп – субъектінің банктегі есепшоттарындағы ақшаның болмауы
туралы белгінің берілуі, банктерде қысқа мерзімді несиелердің, қарыздың,
қаржы органдарына борышты болуы еңбек ақысы бойынша қаржы төлеу мерзімінің
бұзылуына айтылады. Субъектің нақты төлем қабілеттілігі оның қысқа мерзім
ішінде талдау жасау кезінде анықталынады. Ағымдағы төлеу қабілеттілігінің
сан және сапалық сипаттары субъектің қаржы икемділігіне тәуелділігімен
анықталынады. Субъектінің қаржылық
икемділігі – көрінбеген төтенше жағдайларға байланысты ақша қаржылардың
түсуіне орай күтілмеген үзілістерге қарсы тұру қабілеттілігімен
сипатталынады. Бұл субъектің әртүрлі қаржы көздерін иелену қабілетін
білдіреді. Бұл жағдай акционерлік капиталды көбейту, активтерді сату және
қайта орнын өзгерту, субъекті қызметінің дәрежесі мен сипатын өзгерту
шаралары мен іске асады.
Ағымдағы (қысқа мерзімді) төлем қабілеттілік өте тар түсінікте болып,
ол келешекте тарқалу мүмкін емес. Ағымдағы төлем қабілеттілігіне мыналар
әсер етеді:
1. Субъектің қаржылық икемділігі.
2. Акционерлік капиталды көбейту, т.б.
Перспективалық төлем қабілеттілікті анықтағанда өтімділіктің
динамикалық және статистикалық көрсеткіштері пайдаланылады. Динамикалық
көрсеткіштердің бірі: реализация етілген өнімнен алынған табыстың орташа
дәрежедегі, ағымдағы міндеттемелерге болған қатынасы арқылы анықталынады.
Сонымен бірге төмендегідей өтімділіктің статистикалық көрсеткіштері
қолданылады. Ол көрсеткіштер субъект активтерінің ақша қаржыларына айналу
мүмкіндігінің дайындылығы мен жылдамдығын сипаттайды. Көбінесе бұл жағдайда
өтімділіктің үш көрсеткіштері пайдаланылады: абсалюттік өтімділік
коэффициенті, аралық өтеу коэффиценті, жалпы өтеу коэффиценті
А) Абсалюттік өтімділік коэффиценті бұл ақша қаржылары мен шұғыл
реализация етілетін құнды қағаздардың шұғыл (мерзімді) міндеттемелер мен
қысқа мерзімді пассивтерге қатынасы арқылы анықталынады. Ол ағымдағы
борыштардың қай бөлігі баланс жасалынып жатқан немесе жақын уақыттарда
өтелетінін білдіреді. Бұл көрсеткіштің нормалы шегі төмендегідей көріністе
болады. К.ал (0,2-0,5.
Дүниежүзілік тәжірибеде шаруашылық жүргізуші субьекті үшін қауіпсіз жағдай
дәрежесі: 0,2-0,3 болады.
Б) Аралық өтеу коэффицентін мынандай әдіспен анықталады: алдыңғы
көрсеткіштің алымына дебиторлық қарыз бен басқа активтер қосылады, ал
бөлімінде сол бұрынға көрсеткіштегі (мерзімді) шұғыл міндеттемелер қалады
(несиелі борыштар мен қысқа мерзімді несиелер) немесе ағымдағы
міндеттемелер. Бұл жағдай дебиторлармен өз уақытында өткізу жағдайында
субъектінің болжам жасайтын төлеу мүмкіндігін білдіреді. Сонымен бірге бұл
ағымдағы міндеттемелердің қай бөлігі ақша қаржы есебінен өтелгендігін
білдірумен бірге тағы да ол алда күтілетін, болатын жүктелген өнім,
орындалған жұмыс пен көрсетілген қызмет үшін төленгендігін білдіреді.
Аралық өтеу коэффицентінің төменгі нормал шегі былай көрінеді: Кпл(1;
Кейбір мамандар бұл коэффицентің теориялық жақтан анықталған бағасы деп:
0,7-0,8 диапозонындағы аралықты белгілейді.
В) Өте қиын өтімділік коэффициенті бұл белгілі бір кезеңде дебиторлық
борыштың бір айналымның орташа ұзақтығы, айналымдылық нормативі 73 күнге
тең болған көптеген өркениетті нарықты елдерде субъектіні күтіп отырған
төлем қабілетін сипаттайды. Ағымдағы өтімділік коэффициенті (өтеудің жалпы
коэффициенті) барша ағымдағы активтердің (алдағы кезеңдердегі шығындарды
айырып тастағаннан соң) шұғыл және қысқа мерзімді көлеміндегі
міндеттемелердің қатынасы арқылы белгіленеді, яғни ағымдағы
міндеттемелердің көлеміне қатынасы арқылы көрінеді.
Өтеудің жалпы коэффициенттері былай белгіленеді: кәсіпорындағы өтімді
қаржылар көбірек шұғыл және қысқа мерзімді міндеттемелердің (суммасы)
жиынтығын өтей алатын жағдаймен белгіленеді. Осынысымен ол баланс
құрылымының тұрақтылық дәрежесін белгілеумен бірге, ол өзінің қысқа
мерзімді қарыздар бойынша тез есеп жүргізе алатын қабілетті де білдіреді.
Бұл коэффициент жоғары болған сайын қысқа мерзімді міндеттемелерді төлеуге
үлкен сенімділік пайда болады, сонымен бірге ағымдағы активтердің сату
немесе жою кезінде пайда болған зияндарға кедергі жасайды (ақша
қаржыларынан басқа). Нормал мағынадағы бұл көрсеткіштің шегі: Кmл ( 2
болады. Берілген бұл шектік соны білдіреді: субъектінің өтімді қаржыларға
болған оптимал қажеттігі ағымдағы міндеттемелерден екі есе жоғары болған
дәрежені білдіреді. Ағымдағы өтімділік коэффициенті - бұл белгілі кезеңде
яғни барша ағымдағы активтердің бір айналымының орташа ұзақтығына тең
болған кезеңдегі субъектің күтіп отырған төлем қабілетін сипаттайды.
Бұл көрсеткіштің нормал мағынасы бойынша басқа пікірлер де бар: Ол 1
мен 3-тің арасындағы шек. Төменгі шекарада ағымдағы міндеттемелерді өтеу
үшін ағымдағы активтер кем дегенде жетерлі дәрежеде екен деп есептелінеді,
бұл жағдайда субьекті төлеуге шамалы келмейтіндік деп есептелінеді.
Ағымдағы активтердің ағымдағы міндеттемелердің үстінен 2 еседен
(көбірек) жоғарырақ болғандығы көңілге қонымды болмайды. Себебі, компания
өзінің қаржыларын ұтымды орналастырмағандығын және оның пайдалану
коэффицентінің тиімсіз екендігін білдіреді.
Өтімділіктің үш көрсеткішін есептегенде бөлшектің алымы бір-бірімен
айырмашылық етеді, бөлімі болса сол көлемде өзгермей қалады. Бұл
көрсеткіштердің әрқайсысы субьектінің қаржы жағдайының әртүрлі жақтарын
анықтап береді, дегенмен бұл көрсеткіштердің барлығы субьектің қаржы
жағдайын бағдарлайтын индикаторы болып табылады.
Егер ағымдағы активтер мен ағымдағы міндеттемелердің арақатынасы 1:1
ден төмен болса, бұл жағдайда субьект қарызын төлеуге жағдайы келмейді.
Активтердің өтімділік дәрежесінің әртүрлі мөлшерде болатындығын есепке ала
отырып активтердің барлығы өз мезгілінде тәртіппен реализация етіле
бермейді: бұл жағдайда субьектінің қаржы жағдайына қауіп қатер пайда
болады. Егер “Ктп” әлденеше 1:1 арақатынасынан жоғары болса, мұндай
жағдайда субьект жоғары мөлшерде еркін ресурстарға ие болады, еркін ақша
көздері есебінен қалыптасады.
Субьектілердің төлем қабілеттілігін сипаттайтын көрсеткіштердің бірі-
борыш төлеу қабілеттілігі. Нарықтық экономика жағдайында субьектінің қарыз
қаржы көзі – банк несиесі болып есептелінеді. Мерзіміне байланысты бұл
несие қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді несие болып бөлінеді. Несиенің
мерзімділігі оның қайтарылу мерзімімен анықталынады: қысқа мерзімді
несиелер бір жыл мерзімге дейін беріледі, ал ұзақ мерзімді несиелер бір
жылдан көбірек мерзімге беріледі.
Қысқа мерзімді несиеге субьектінің айналмалы қаржы көздерінің бірі
болып есептелінеді. Ол ағымдағы қызыметтер процесінде жетпей қалған ақша
қаржыларына деген қажетіліктен орнын толтыру үшін мүмкіндік береді. Субьект
бір жылдан көбірек мерзім үшін капитал шығындарға несие алуы мүмкін. Бұл
жағдайда несие субьектінің қарыз қаржы ресурстарының қайнар көзі ретінде
қызмет етюді, яғни бұл өндірісті ұлғайтуға, оны реконструкциялауға, жаңа
техникаларды енгізуге, қымбат бағалы құрал саймандарды сатып алуға, және
т.б. мақсатты бағдарламаларды дамытуға жұмсалады.
Ұзақ мерзімді несиелердің бір бөлігі ағымдағы активтерді сатып алуға
қарастырылады. Қысқа мерзімді ссудалар қарыз алушыларға ағымдағы қызыметтер
үшін беріледі де ол келесідей мақсатқа жұмсалады: іріленген обьектілер үшін
материалдық запастар мен өндірістік шығындар үшін, бұған қоса бір жылға
дейінгі түсірілген тауарларды құжаттандыру істері үшін жүргізіледі.
Несие алу үшін қарыз алушы банкке негізделген түрде жазбаша өтініш пен
ұсыныс жасайды. Онда ссуданың мақсаты, көлемі, пайдалану мерзімі, өтеудің
нақты мерзімі көрсетіледі, сонымен бірге несиелік шаралар мен экономикалық
тиімділігі туралы қысқаша сипаттама беріледі.
Бұдан басқа бір мезгілде банкке өтініш – міндеттеме беріледі, ол
банкте ссуда есепшотын ашу үшін қажет болады. Сонымен бірге қарыз алушы
ссуданы пайдалану мерзіміне қарамастан төмендегідей материалдарды ұсынады:
- техника – экономикалық дәлел: Бұл орында шаралар жоспарланған
шығындардың, айналмалы активтердегі қозғалыс әрекетін, алда күтілмеген
реализация етілетін өнімдердің және пайдаланған ссудадағы несиенің есебінен
өтеуді белгілейтін есептеулері арқылы беріледі.
- қаржылық және статистикалық есептермен т.б мәліметтер: бұл қарыз
алушының қаржы жағдайы мен борыш төлеу қабілеттілігін анықтау үшін қажет.
- формалар бойынша өз мезгілінде ссудаларды қайтаруды құруды
қамтамасыз ету бойынша міндеттемелер; банк тәжірибесінде қабылданған
құжаттар: шұғыл міндеттеме, кепілдік міндеттеме, сақтық куәліктер және т.б.
Қажеттілікке байланысты банк алдын – ала өз орнында тексеру өткізу
мүмкін және заемшының қаржы – шаруашылық қызметтері туралы қорытынды
тұжырым талап етуі мүмкін.
Банк несиелік келісім жасауға дейін субъектің борыш төлеу
қабілеттілігіне талдау жасайды және қарыз міндеттемелері бойынша есеп айыру
мезгілі белгіленеді, жаңа несиелерді алу үшін алдын –ала шарттар жасасады.
Субъектің борыш төлеу қабілеттілігі – бұл несие алудың құқығы мен
мүмкінділігі. Бұл алдын – ала алған несиелер бойынша есеп жасаудағы
ағымдағы қаржы жағдайындағы оның ұқыптылығымен сипатталынады, сонымен
бірге ол әртүрлі қаржы көздері арқылы ақша қаржыларын жұмылдыру қажеттігі
бойынша мүмкіндігімен белгіленеді.
Борышты төлеу қабілеттілігіне талдау жасау заемшыға сапалы баға беру
мақсаты болу қажет. Мұнда несие беру шарттары туралы банкпен мәселелердің
шешілуі анықталынады. Бұл орында субъектінің өз уақытында несиені өтеу
қабілетіне, несиенің дәлелденгендігіне және мақсатқа сәйкестілігіне баға
береді, банк пен заемшының арасындағы несиелік қатынастар туралы пікірлер
белгіленеді.
Субъектің қызметін талдау жасаудан алдын – ала төмендегідей
жағдайларды анықтауды қажет етеді:
1-зерттеуді қажет ететін субъект қызметінің кезеңін анықтау керек;
2-алдын-ала әртүрлі аналитикалық есептерді өткізу қажет;
3-өз-өзіне талдау жасалуын қадағалау типі.
2. Алматы Құс АҚ-ның несиелеуді
ұйымдастыруын талдау
2.1 Алматы Құс АҚ-ның шаруашылық қызметін
талдау
Алматы Құс ААҚ 1998 жылдың 13 наурызында Алматы облысы Іле ауданы
Чапаев ауылында тіркелген. Қоғам 4 құс фабрикалар активтерінің қосылуымен
құрылған: Алматы Құс ААҚ (Чапаев 1960 жылы құрылған), Феникс (
Қаскелең 1981 жылы құрылған), Абай (1963 жылы құрылған) және Ават құс
(Ават, 1965 жылы құрылған). Тіркелгенге дейін жоғарыдағы құс фабрикаларының
компанилары сенімдік басқаруда болып, кейін Концерн Сеймар АОЗТ-ң
меншігіне көшті.
1996 жылдың мамыр айында мемлекеттік меншік бойынша Алматы облысының
комитеті Алматы Құс АООТ-ң мемлекеттік акция пакеттеріне тендер
жариялады. Бұл тендерді Концерн Сеймар ұтып алып, 65,1% мөлшерінде
мемлекеттік акция пакетін иемденді.
1997 жылдың тамызында сенімдік басқару міндеттемелерін толық
орындауына байланысты акция пакеті қайтарымсыз түрде концерн басқарылуына
берілді. Акцияның 34,9% еңбек ұжымның негізінде болды.
1996 жылдың қарашасы мен 1997 жылдың ақпанында Концерн Сеймар
тағы да екі ірі құс фабрикасының мемлекеттік акциялар пакеттерін тендрде
ұтып алды. Бұл АООТ Феникс және АООТ Абай. 1997 жылдың қарашасында
Концерн Сеймар сенімділік басқару міндеттемелерін толық орындағаннан
кейін Абай АООТ-ң 72,1% мөлшеріндегі акциясын және Феникс АООТ-ң 52%
мөлшеріндегі акциясын иемденді. Ал қалған 48% және 27,9% еңбек ұжымының
меншігінде қалды.
1998 жылы Алтын Диірмен АҚ Концерн Сеймардың алдында қарызын
жабу үшін Ават құс фабрикасы ААҚ-ң 66% акциясын береді, еңбек ұжымының
үлесіне акцияның 34% қалады.
Сеймар концерні сенімдік басқарудан кейін барлық құс
фабрикаларының ғимараттарына, құрал-жабдықтарына, инфрақұрылымына жөндеу
жүргізді.
1998 жылдың көктемінде 4 құс фабрикасының активтерінің бірігуі
нәтижесінде Алматы Құс ААҚ қалаптасты. Жарғылық капитал 4 құс
фабрикасының активтерімен қалыптасты. Сонымен қатар концерн жарғылық
капиталға Сеймар сауда белгісін енгізді. Бұл сауда белгісі 1995 жылдың 19
желтоқсанында Қазақстан Республикасының тауарлар белгісінің мемлекеттік
реестірінде енгізілген.
1998 жылдың қыркүйегінде Концерн Сеймар 4 құс фабрикасының
акциясын иемденген жеке тұлғалар – фабрика жұмысшылары Алматы Құс ААҚ-ң
акция иемденушілері болды. Олардың саны 2116 акционер болатын.
Қазіргі кезде Алматы Құс АҚ-ның Сеймар сауда белгісімен
Республикалық нарықта лидерлік орынды алып отыр.
Акционерлік қоғамның негізгі қызметтерінің түрі:
o Құс өнімін өндіру және сату;
o Ел қолданылатын тауарларын өндіру және сату;
o Көтерме және жеке сауда;
o Сыртқы экономикалық қызмет.
Төменгі кестеде Акционерлік қоғамның құрылтайшылары (акционерлері)
берілген.
Кесте 1. Алматы Құс АҚ-ның құрылтайшылары
Құрылтайшылар Мекен-жайы Үлесі,%
Сеймар АҚ Алматы, Бөгенбай к,62 0,82%
Айна Д.Т. ЖШС Алматы қ 8,05%
Мамиров Махмуд Алматы, Заря Востока 12,92%
Центральный Алматы, Әйтеке би 67 34,28%
Депозитарий
Алматы қаласы және облыс бойынша ақиқатты монопольдік статус иегері
(75% нарық иегері) Қазақстан бойынша өндірілген жұмыртқаның үштен бірін
шығарады. Қазіргі кезде компания инкубаторлармен жұмыс істейді. Оның
ішінде: Алматы Құс, Сеймар сауда маркасы арқылы жұмыртқа мен етті
өндіреді. Негізгі бәсекелестерден ұтысы күннен күнге өсіуде. Ал енді
Алматы Құс АҚ негізгі бәсекелестерін қарастырайық.
Кесте 2. Алматы Құс АҚ-ның бәсекелес болып табылатын ұйымдары
Ұйым атауы Баға (теңге) Өнім үлесі,%
Алматы Құс 127-150 74,6%
Ақ құс 120-145 14,2%
Бент 135-160 3,0%
Бертра 130-155 2,6%
Далия 127-155 1,7%
Басқалары 125-155 3,9%
Алматы Құс АҚ өз өнімін ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz