Лаперуздың географиялық ашулары



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 28 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР
I.КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ..3-5
II .НЕГІЗГІ БӨЛІМ:
1. Ұлы географиялық ашылулар
1. Христофор Колумбтың
экспедициялары ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... 6-10
2. Васко да Гамманың географиялық
еңбектері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ..10-13
3. Америго Веспучидің
ашулары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
...14-15
4. Фернандо Магелан
саяхаты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... 15-16
5. Европа мен Азияның солтүстік жағалауын және Солтүстік
Мұзды мұхит теңіздерін зерттеу. Пираттар
экспедициясы ... ... ... ... ...16-1 7
2. ХYІІ және ХYІІІ ғасырдағы зерттеулер
1. . Уильям
Дампир ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ...18
2. . Генри
Гудзон ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ..18-19
3. . Джеймс
Кук ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... .19-20
4. Лаперуздың географиялық
ашулары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
20
III.
ҚОРТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ...21-22
IV. ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ..23
V.
ҚОСЫМША ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... .24-30

КІРІСПЕ
Ұлы географиялық ашылулар, Ұлы географиялық жаңалықтар — 15 ғ-дың
соңы мен 17 ғ-дың ортасы аралығында еуропалық саяхатшылардың жаңа жерлерді,
құрлықтар мен аралдарды, мұхиттар мен теңіздерді, аса маңызды теңіз
жолдарын ашу кезеңі. Бұл кезең тарихқа Ұлы географиялық ашылулар заманы
деген атпен енді. Жаңа жерлердің көптеп ашылуы Еуропадан Оңт. және Шығыс
Азия елдеріне теңіз жолдарын іздеумен тікелей байланысты болды.
Мұндай ізденістің басты себептері:
15 ғ-дың
ортасына қарай еуропа елдерінде өнеркәсіп пен сауданың мықтап өркендеуі,
Еуропаны Шығыс Азиямен байланыстыратын құрлық жолын және кеме қатынасы
өркендеген Жерорта теңізінің шығыс жағалауын түріктердің басып алуы, ашық
мұхитқа шығып, алысқа жүзе алатын берік кемелердің жасалуы, ғылым мен
техниканың жандануы бұған қолайлы жағдай туғызды. Араб саяхатшысы Әбу-
Абдаллаї Мұхаммед ибн Баттута Еуропа саяхатшыларына дейін 30 жыл бойы
саяхат жасап, Африканың солт. жағалауын бойлай жүзіп, Танжер қ-нан
(Марокко) бастап Египет, Арабия, Кіші Азия түбегін, Қырым, Ресей, Орт.
Азия, Иран, Ауғанстан, Үндістан, Қытай, Индонезия, Испанияда болған. Ұлы
географиялық ашылуларды сол кезде күшті дамыған елдер — Португалия мен
Испания бастады.

15 ғ-дың 2-жартысында Португалия ханзадасы, теңізші Генрих
(Энрико) Африка жағалауына көптеген экспедициялар ұйымдастырып отырды.
Португал теңізшілері құрлықтың батыс және оңт. жағалауын бойлай жүзді.1488
ж. Б.Диаш Африканың оңт. шетіндегі Қайырлы Үміт мүйісіне жетті.
Португалдардың бұл саяхаттары Ұ. г. а-дың бастамасы болды. Олармен
бәсекелес испандықтар Шығыс Азияға апаратын теңіз жолын батыстан іздеуге
тиіс болды. Орта ғасырларда ежелгі дүние ғалымдарының Жерді шар тәріздес
деген ұмытылған пікірі қайта жандана бастаған еді. Осыған сәйкес бірқатар
ғалымдар мен теңізшілер Испаниядан шығып үнемі батысқа қарай жүзе берсе
Азия жағалауына жетуге болады деп есептеді. Неміс картографы М.Бехаймның
глобусында (1492) және Италия космографы П.Тосканеллидің картасында (15 ғ-
дың 2-жартысы) Еуропаның батыс жағалауы мен Азияның шығыс жағалауы арасында
ешқандай құрлық жоқ, мұхиттың ені кішірейтіліп көрсетілген. Х.Колумбтың осы
пікірге негізделіп ұйымдастырылған экспед.
1492 ж. Американы ашты. Оның 4 саяхатының (1492 — 1504) нәтижесінде
Орт. Америкадағы Багам, Үлкен Антиль және Кіші Антиль аралдары, Оңт.
Американың солт. жағалауы ашылды. 1497 — 99 ж. португал теңізшісі Гама
(Васко-да-Гама) Африканы оңт-нен айналып өтіп, Үндістанға апаратын теңіз
жолын ашты (экспед-ны Африка жағалауынан әрі қарай араб лоцманы Ахмет ибн
Мәжит бастап барды). 1497 ж. ағылшын теңізшісі Джон Каботт Үндістан мен
Қытайға Солт. теңіз жолын іздеу кезінде Нью-Фаундленд аралдарына және
Лабрадорға жүзіп барып, Солт. Американы ашуды бастады. Х.Колумбтан кейін
испан және португал теңіз саяхатшылары Оңт. А.Веспуччи құрлықтың
жағалауларына бірнеше рет жүзіп барып, оны жаңа дүние ретінде сипаттап
жазды. Бұдан әрі испан конкистадорлары Солт. және Оңт. Американың ішкі
аудандарын жаулау кезінде бірқатар жаңа жерлер ашты (Э.Кортес, Х.Писарро).
1503 ж. В.Нуньес де Бальбоа Панама мойнағы арқылы Тынық мұхит жағалауына
шықты. Бальбоаның жаңалығы Атлант мұхитынан “Жаңа Дүниені” айналып,
“Оңтүстік теңізге” (мойнақтан қарағанда оңт-те көрінетіндіктен саяхатшылар
солай деп атаған) асатын жолды іздеу туралы ой тудырды. Бұл идеяны
Ф.Магеллан басқарған испан экспед. жүзеге асырды. Магеллан және оның
серіктері Атлант мұхитынан жол тауып, Тынық мұхитқа өтті, онан әрі дүние
жүзін айналып шықты (1519 — 1522). 16 ғ-дың ортасында Ұ. г. а. заманының
бірінші кезеңі аяқталды. 16 ғ-дың 2-жартысынан 17 ғ-дың 2-жартысына дейін
созылған екінші кезеңнің басында Шығыс Азия елдеріне Еуразияның және Солт.
Американың солт. жағалауын айналып жүретін теңіз жолын (Солт.-шығыс және
Солт.-батыс жолдарын) іздеуге байланысты геогр. ашылулар жасалды. Еуропадан
Үндістан мен Қытайға баратын Оңт. теңіз жолдары Испаниямен Португалияның
қолында қалғандықтан жаңадан өркендеп келе жатқан Англия мен Голландия
теңіз жолын басқа жақтан, солт-тен іздеуге мәжбүр болды. Жер шарында ұлы
географиялық зерртеулер XY ғасырдан басталады. Бұл жерде Европа
саяхатшыларының мақсаты аңызға айналған Үндістан жерін ашып, онымен сауда,
қарым–қатынас жасау болды. Бірақ саяхатшылар үндістанның қай жерде екенін
білмеді, оған европалықтар Африканы жүзіп бармақ болды. Бұл ғасырда әр елде
теңізде жүзу етек ала бастады. Алысқа жүзе алатын, мұхит толқынына жүзе
алатын кемелер жасалды. Кеме шаруашылығын өркендетуде Португалия мен
Испания бәсекелесіп, Атлант мұхиты арқылы жүзіп, бірқатар жерлерді,
белгісіз аралдар мен түбектерді ашып, оларды өздерінің отарына айналдырды.
Міне осы кезде Үндістанды, Шығыс Азияны Батыс теңіз жолы арқылы ашу керек
деген жаңа жоспарды Христофор Колумб ұсынды. Жер шар тәрізді болғандықтан,
олар Батысқа қарай жүзе берсе Азияның Шығысына шығатынын айтты. Бірақ оның
айтқанын Батыс елдері бірден қабылдамады, көп қиыншылықтардан соң ол өз
дегеніне жетті. Колумб Европада бірінші болып Шығыстан Батысқа қарй Атлант
мұхитын жүзіп өтіп, белгісіз жерді, көптеген аралдарды ашты. Ол ашқан
жерлерін Шығыс Азия, Үндістан жері, Жапония аралдары деп ойлады,
Американы ашқанын өзі білмей кетті.

Ұлы географиялық ашулар заманында көптеген жерлер ашылды. Бірақ, бұл
материктер толық зерттелмеген еді. Ендігі кезең материктердің зерттелуін
қамтиды (ХҮІІ – ХҮІІІ ғасырлар). Бұл еңбекте Христофор Колумбтың
экспедициялары, Васко да Гамманың географиялық еңбектері, Америго
Веспучидің ашулары, Фернандо Магелан саяхаты, Уильям Дампир, Генри Гудзон,
Джеймс Кук, Лаперуздың географиялық ашулары туралы қамтылды.

Географиялық ашулар сауданың бұрын болып көрмеген дәрежеде ұлғаюына
себепкер болды. Жеке материктер арасында байланыс орнап, дүниежүзілік сауда
өріс алды. Отар елдерден еуропалықтар көптеген өнеркәсіп тауарын, қару-
жарак, мата және басқа да бұйымдар алып Тұрды. Еуропаға енді Америкадан
темекі мен какао, Азиядан шай мен кофе әкеле бастады. Отарлардан Еуропаға
көптеген алтын мен күміс әкелінді. Осы бағалы заттардың көбі Испания мен
Португалия корольдері мен феодалдарына тиді. Бірақ бұл елдер мешеу болатын,
олардың өз өнеркәсібі жоқтың қасы еді. Сондықтан алтын феодалдардың басқа
елдерден сатып алған бұйымдарының төлеміне жұмсалып жатты. Ұлы географиялық
ашулар отарлардан тоналып алынған бағалы заттар көпестердің, банкирлердің,
аса дамыған Еуропа елдерінің ірі кәсіпорын иелерінің қалталарына түсті.
Географиялық ашулар және отарлық басқыншылық Еуропада тауар өндіруді
жеделдетуге біршама ықпал етті. Алайда Американың, Азия мен Африканың
халықтары үшін бұл отарлық езгіге түсудің бастамасы еді.
Зерттеу обьектісі: Ұлы географиялық ашулар.
Курстық жұмыс мақсаты: Ұлы географиялық ашулардың адамзат үшін
маңыздылығы мен пайдасын анықтау.
Зерттеу міндеттері:
1. Жаңа ашуларға итермелеген негізгі себептер.
2. Ұлы географиялық ашулар кезеңіндегі саяхатшылардың тәжрибесі.

1. ҰЛЫ ГЕОГРАФИЯЛЫҚ АШЫЛУЛАР
1.1. Христофор Колумб
1436 жылы Генуя қаласына жақын жердегі тоқыма өнеркәсібінде істейтін
Доминико Колумб отбасында туған. Колумб жас кезінде қайда оқығаны белгісіз,
әйтеуір итальян, испан, португал және латын тілдерін жақсы білгені анық. Он
төрт жасында Колумб теңіз қызметіне келеді. Жасында Жерорта теңізінде,
Европа жағалауларын кезген сауда кемелерінде болып, теңіз жағдайын жақсы
біліп алады. Ол Генуяда болғанда географиялық карта сызумен айналысады. Бұл
мамандықты меңгерген соң, інісі Бартоломеймен Португалияның Лиссабон
қаласына, сол кездегі теңіз шаруашылығының орталығына келіп ғалымдар,
теңізшілер, географтармен араласады. Колумб Лиссабонда тұрғанда Феници Мони
де Палестерелло деген теңізшінің қызымен танысып соған үйленеді. Қыздың
әкесі Генрих Португалияны билеген, кейін Порто-Санто қаласының Губернаторы
болған. Осы қалада тұрғанда Колумб Палестереллоның қалдырған географиялық
карталары, теңіз жұмысы туралы жазуларын тауып алып, сол материялды толық
зерттейді. Міне, осы кезден бастап Колумб Батыс жолымен Үндістанды ашу
мәселесіне кіріседі. Колумб өзі жаңа жоспар жасап, оны 1482 жылы Португалия
королі Иоанн 11-ге ұсынады. Король өз оқымыстыларын жинап, Колумб
жоспарымен таныстырады, бірақ діншіл ғылымдар оның жоспарын тек қиял деп
санайды.
Португалияда ұсынған жоспары іске аспаған соң Колумб 1485 жылы
Испанияғя қаржысы болмағандықтан, жаяу келеді. Мұнда ол өзіне жолдастар
тауып, патша сарайында істейтін белгілі адамдармен, ғалымдармен танысып
достасады. Содан біраз уақыт өткен соң , достарының көмегімен Колумб
жоспарын Испания короліне ұсынады. Король Фердинанд оның ұсынысын тыңдап
болған соң Саломондағы Степан монастырына діншіл ғалымдарды жинап Колумб
жоспарын ұзақ талқылап оны дінге қарсы қабылдауға болмайды деген
қорытындыға келді. Жоспары Испанияда қабылданбаған соң ол Португалиғя
қайтпақшы болды. Бірақ король айтқанынын айнып, егер Колумтың жоспары
жүзеге асса біз португалия корольі алдында күлкіге қаламыз деп ойлады.
Король мынандай шешімге келді:
Колумб өмірінше және оның ұрпақтары да мұхиттың арғы жағынан ашқан
жерлерінің адмиралы болды; Ол өзі ашқан жерлерінің вице королі және
губернаторы болады; Ол жерлерден табылған асыл бұйымдар – інжу-маржан,
алтын, күміс, асыл тастардың оннан бірін өз пайдасына алып отырады.
Испания королі Колумбтың алыс сапарына арнап екі кеме жабдықтайды.
Үшіншісін Колумб өз қаржысымен жабдықтайды. 1492 жылы, 3 тамызда Колумб үш
кемеге отырған 90 адаммен бірге Батыс жолмен тұңғыш рет Атлант мұхиты
арқылы белгісіз Үндістанды, Қытай жерлерін, Жапония аралдарын, Азияның
шығысын ашуға аттанады.
Ашық теңіз айдынына түскен соң Колумб флоты оңтүстік-батысқа қарай
жүзіп, Канар аралдарына жетеді, одан тіке батысқа қарай 19 күн жүзіп,
Гомера аралына келеді. Мұнан олар азық-түлік алып 19 қыркүйекте Канар
аралдарының ақырғысы – Ферро аралынан шығып, белгісіз мұхит суымен жүзе
береді.
Колумбтың үш кемесі Атлынт мұхитында ұзақ жүреді, толқын шайқап,
матростар арасынан қорқыныш туады, тіпті Колумбқа қайтадан Испанияға
қайтамыз деушілер болады. Бірақ Колумб оларды алдағы ашылатын жерлерді
айтып қызықтырады. Дегенімен 10 қазанда теңізшілерге қалқып жүрген ағаш
бұтағы, ұшып жүрген құстар көрінеді. Теңізшілер түнімен ұйықтамай батыс
жаққа қараумен болады. Колумб бірде жылт еткен от көреді. Түн ортасында
жағалау белгі бергендей болады. Кешікпей түнгі сағат 2-де алда келе жатқан
Пинта кемесі зеңбіректен салют береді. Теңізшілер таң атуын асыға күтеді.
Колумб 12 қазанда көптен арман еткен Жаңа жер жағасын көреді, қуаныштың
ұшы қиыры болмайды. Колумб он жолдасымен қайыққа отырып, аралға аттанады.
Колумб ту ұстап жағаға шығып, жаңадан ашқан бұл аралды Сан-Салвадор
(құтқарушы) деп атайды.
Осы сапарында Колумб Үндістан жеріндегі аралды аштым деп ойлап, онда
тұратын адамдарды үндістер деп атады. Жер шарындағы мәдениеті төмен барлық
халықты солай атады. Испандықтар жергілікті халықты көргенде олардың
танауындағы, құлағындағы алтын күміс сырғаны көріп, оның мәнісін сұрайды,
олар қолын сілтеп оңтүстікке көрсетеді.
Колумб ашқан жерінің оңтүстігіндегі алтынды аралды Жапония аралы
болар,- деп соған аттанады. Ол 15 қазанда екінші аралды ашып, оны Девы
Марии деп атайды. Одан әрі жүзіп, 19 қазанда үшінші аралды ашып, оны
Испания королевасының есімімен Изабелла деп атайды. Колумб қайтадан
батысқа жүзіп, тағы да жеті арал ашып, ақыры ең үлкен арал Кубаға келіп
тоқтайды. Колумб бұл аралдың табиғатына, әдемілігіне, байлығына таң қалады.
Ол аралдағы жергілікті тұрғындармен ыммен сөйлескенде алтынды арал
оңтүстікте дейді. Енді Колумб Азия материгін аштым деп ойлайды. Мұнда
европалықтардың таң қалғаны, жергілікті адамдар бір шөпті домбалдап орайды
да, оған от қойып, екіншісі оның жалынын ішіне тартып танауынан түтін
шығарып жатады. Оны өздері табак деп айғайласады. Бұл кереметке
Испандықтар таңырқай қарайды, кейіннен олар табакты европаға әкеліп, дүние
жүзіне таратады. Колумб жергілікті тайпа көсемі Кацигпен достық қарым-
қатынаста болады, Колумб Испаньола деген аралға бекініс орнатты. Мартин
Алонсо Пинсон командасындағы Пинта атты кеме өз бетінше зерттеулер
жұргізе бастады. Желгілікті тайпалар Колумбқа алтын әкеліп тұрды. Колумб
зеңбіректен оқ атып керемет көрсетті, Кациг оларды атпауын өтінді. Мұнымен
біз Колумбтың отарлау пиғылын іске асыра бастағанын көре аламыз. 1493 жылы
3 қаңтарда Колумб Испаньола бекінісіне 39 адам қалдырып, өзі екі кемемен,
жинаған алтынымен Испанияға қайтты. Жолшыбай бірнеше арал ашты. 12 ақпанда
Атлант Мұхитынан дауыл соғып, 15 ақпанда толқын Колубты Азор аралдарына
айдап әкелді. Бұдан кейін де талай дауылдар соғып, Колумб бастаған топ
әбден шаршады. Сөйтіп, 1493 жылы 13 наурызда олар Испания жағалауына келіп
тоқтады. Бүкіл Испанния Колумбты зор қуанышпен қарсы алды. Колумб корольге
өзінің сапары туралы, Үндістанды, Азияны ашқандығын баяндап, әкелген
қазыналарын алдына төкті. Сонымен, Американы ашқан, география ғылымына
теңдесі жоқ жаңалық әкелген Колумбтың бірінші экспедициясы үлкен табыспен
аяқталды.
Генуя теңізшісінің бұл ашқан жаңалығына бүкіл Европа құлақтанып, осы
хабар халыққа кең тарады. Бұған әсіресе Колумбтың алғашқы жоспарын
қабылдамаған Португалия королі қатты өкінді, енді Испанияның үстемдігі
өктем бола беретініне оның көзі жетті. 13наурызда Португалия королі Иоанн
ІІ эскадор ұйымдастырып, Атлант Мұхитының басыныан Испания кемесін Колумб
ашқан жерге өткізбесін деген жарлық шығарды. Бұл кезде Испания королі де
қарап жатпады, бүкіл жаңадан ашылған жер Испанияға қарайды деген жарлық
шашты. Сөйтіп көршілес отырған Испания мен Португалия арасында бәсеке туып,
жаңа жерлерді отарлау жарысы басталды. Бұлар енді жер шарын екіге бөліп,
жанталаса отарлау саясатына кірісті.
Испания королі жаңа ашылған жерлерді өз корольдығына бекітіп, тағы да
Колумбқа екінші рет экспедицияға аттануға әмір етті. Бұған Колумб асқан
жігермен дайындалды. 1493 жылы Испания жағалауында қанша желкенді кемелер
алыс сапарға аттануға дайын тұрды. Колумбқа енді жаңа жер байлығына
қызыққан 1200 адам ерді, олардың кейбіреулері семьясымен барған жерлеріне
тұрып қалмақ болды. Колумб өзімен бірге жаңа жерді зерттейтін ғалымдарды,
дін таратушы монахтарды, алтын қазатын кеншілерді, ұста, балташыларды ертіп
алды, сондай-ақ сиыр, жылқы, қой, оған қоса астық, өсімдік тұқымын ала
кетті.
1493 жылы 27 қыркүйекте 17 кемемен Испания портынан шыққан Колумб жол
жөнекей бірнеше аралдарды ашып, ақырында аман-есен 22қарашада Испаньола
аралына келіп тоқтады. Лұл аралды зерттеушілер төрт өзен тауып, олардың
жағаларынан Колумбқа толып жатқан кесек алтын әкеледі. Мұны көрген адмирал
библияда айтылған атақты офир алтын қоймасы осы Испаньола деген
қортындыға келеді. Енді испандар Испаньоладан алтын өндірісін ашып,
индеецтерге еріксіз жұмыс істетіп, ғасырлар бойы тұнып жатқан, аралдың
табиғи байлығын Испанияға таси бастады. Колумб 12 кемеге алтын тиеп
корольге жіберді. Аралға қала салғызып, оған өз ұлын Диэгоны губернатор
етіп қалдырды да, өзі 500 адаммен алтын кенін игеруге Сибао аралына барып,
бекініс салады, индеецтер Колумбқа саф алтын әкеле береді. Бұл аралда алтын
алуға 56 адамды, оған басшы етіп Педро де Маргаританы қалдырып, Колумб
қайтадан Изабеллаға келсе, мұндағы жолдастарының халі қиындап кетіпті.
Ондағыларға көмек көсетіп, Колумб оң түстікке барып, Ямайка аралын ашады.
Бұдан кейін Кубаны жағалай жүріп, барлығы 70 аралды ашады. Колумб осылай
зерттеу жұмысында жүргенде, Испаниядаға дұшпандары оны корольге жамандап,
ол жаңа жерді билемек болды, саған бағынбайды, ондағы жұмысы нашар,
мотростар қырылып жатыр, - деп үсті-үстіне шағым жаудыратады. Король бұл
өтірікке сеніп, жаңа ашылған жерге комиссар етіп Агудоны жібереді. Бұл
Колумб дұшпандарының бірі еді. Ол Колумб жоқта келіп, оның інісі Бартоломей
мен баласы Диегоны жауапқа алады. Кешікпей Колумб өзі келіп, онымен бірге
жағдайды түсінісуге Испанияға аттанады. Ол 1496 жылы 10 наурызда Испанияға
келеді. Енді оны бұрынғыдай салтанатпен қарсы алмайды. Дегенімен король сыр
білдірмегенсіп, бұрынғыдай сенетінін байқатқан болады. Сонымен, Колумб
қайтпақшы болып, корольдан тағы сегіз кеме сұрайды. Бірақ осы кезде Испания
мен Франция арасында басталған соғысқа байланысты, оның қайтуы 1498 жылға
қалдырады.
Колумб өзінің мұхиттың арғы жағындағы үшінші саяхатына 1498 жылы 30
мамырда аттанады. Ол бүл сапарға өте көңілсіз қарады, өйткені сол кездегі
жағдай, оның үстіне оның ауруы жанына қатты батты. Ол бұл саяхатқа
дайындалмады. Оның жолын торып жүрген француз кемелерінен бұрыла жүріп,
солтүстік Америка жағалауынан көптеген аралдар ашып, 1498 жылы 1 тамызда
Америка жағалауын ашты. Бірақ Колумб оны Америка жағалауы екенін тағы да
білмеді. 30 тамызда ол Испаньолаға келеді, кешікпей азық-түлік таусылып,
матростардың наразылығы күшейіп, Рольдан оған қарсы көтерліс ашады оған
индеецтер қосылады. Колумб Рольданмен екі арадағы қайшылықты қарап
тексеруге корольдан комиссия жіберуді сұрайды. Бұған қосымша Испаниядағы
Колумб дұшпандары корольдің Колумб келісімін бұзады, ол сені алдап жүр,
оның ашамын деген Үндістанын Португалия теңізшісі Васко да Гама басқа
жақтан ашып, Үндістаннан мол қазына әкелді деп лақап таратып, корольді
сендіреді. Сондықтан Король Фердинанд бұл жұмысты тексеруге Испания бас
губернаторы әрі армия командирі Бабадилді жібереді. Ол келіп Колумбқа
корольдін жарлығын көрсетеді де Христофор, Бартоломей, Диегоны аяқ-қолын
кісендеп, үшеуін үш кемеге мінгізіп, Испанияға алып барады. Мұндай
жүгенсіздікке шыдай алмаған Колумб король мен королева алдына әкелгенде
қатты налиды. Олар біз мұндай қатаң үста деген жоқ едік, - деп оны
жұбатады, бәрі де бұрынғыша болады деп сөз береді. Колумб отар жайын
корольға бастан аяқ баяндайды да,король сөзіне сеніп, корольдан тағы да
жаңа жерге барып зерттеу жұмысын жүргізуді, Кубадан әрі суменен Үндістанға
шығуды сұрайды. Король рұқсат етеді. Бұл кезде Португалия короліна Васко да
Гама ашқан Үндістаннан, оның орталық қаласы Каликуттан* алтын, күміс, інжу-
маржан әкеле бастаған еді.
1502 жылы 9 мамырда Колумб өзінің мұхиттың арғы жағындағы төртінші
саяхатына аттанады. Оның шағын үш кемесінде 150 адам болды. Колумб саяхатқа
ауру халінде амалсыздан, бастаған жұмысты бітіру үшін шықты. Ол бұл кезде
66 жаста болды. Бірінші саяхатына 56 жасында аттанған еді.
Колумб жолда аралдарды аралай жүріп, 29 шілдеде Изабелла қаласына
келді. Бірақ онда бұл көп аялдамады. Себебі оны қаланың жаңа губернаторы
Овандо қабылдамайды. Жолда Колумб кемесі апатқа ұшырап, Изабелла қаласынан
көмек сұрауға кеме жалдап екі мотрос шығады, бірақ оларды Овандо қайтармай
қояды. Колумб пен оның командасы өте көп қиындық көреді . Бір жылдай аралда
жергілікті тайпалардан қорқытып азық алумен болады. Жыл өткен соң Колумб
ақшасына кеме жалдап кеткен екі матрос Мендос пен Фиэско 1504 жылы
24маусымда келіп, науқас жатқан ұлы теңізшінің жолдастарына жол жабдығын
дайындатып, 12 қыркүйекте Европаға қарай жүзеді. Кеме ашық мұхитқа
шығысымен теңізде дүлей толқын басталады. Олар әзер дегенде 1504 жылы 7
қарашада Испания жағалауындағы Сан-Лукара портына келіп тоқтайды. Аман
келіп жеткен Колумб Севилия қаласына барады. Мұнда дем алып, денсаулығын
түземекші еді, бірақ оны король салқын қабылдайды. Колумбты қудалау
бітпейді,оны қолдайтын королева өліпті, оның сұраған үлесін сотқа
тапсырыпты. Испандықтар онда қазына көп деп ойлайды, бірақ Колумбта ол
кезді паналайтын баспана да жоқ еді. Король атақты теңізшінің еңбегін
бағаламайды, ауруы күннен күнге меңдей береді, король оның тез олуін
тілейді. Севилия қаласынан Колумб Вальядолид қаласына көшіп келіп орнығады,
өлім жақындағанын сезген Колумб балалары Диего мен Фернандоға барлы-жоқты
қаржысын қалдырып, ақтық өсиетінде: өлген соң аяқ-қолыма салған кісенді
қабіріме бірге салыңдар деп тілепті. Ертеңінде, 1506 жылы 20 мамыр күні
қайтыс болады.
Туыстары оны Вальядолидтегі монастырға жерледі. 1513 жылы оның сүйегін
өзінің туған қаласа Сивилияға апарып, Картезиян монастырына апарып қайта
жерледі. 1536 жылы Колумб сүйегін Испаньолаға апарып қойды. Кейіннен оның
сүйегін Кубадағы Гаванна қаласына әкелді. Кубаны 1897 жылы Солтүстік
Америка билеуіне байланысты Христофор Колумбтың сүйегін қайтадан Испанияға
әкеліп, Сельск соборына сақтады.
Колумб көздеген мақсатын орындады, ол адам баласына жаңа материк ашып
берді. Бірақ өмірінің соңына дейін Колумб жаңа материк – Американы ашқанын
білмеді. Ашқан жерін ол Индия деп , ал оның халқын үндістер деп атап
кетті. Колумб есімі дүние жүзіне әйгілі болды. Жер шарындағы көптеген жер,
су, арал, түбектер, асқыр таулар, қала, селолар оның атымен аталды. Бұл -
оған арналған мәңгі ескерткіш.
жолын таптым деп топшылайды. Ақыры үшінші, одан кейінгі төртінші
сапарында - өмірінің соңғы жылдарында өзінің бөтен бір дүние бөлігін
ашқандығы жайында ойлана бастайды.
Колумб Американы ашқаннан кейін испандықтар жаңа жерді жаулап ала
бастайды, онда өз қоныстарын салып, жергілікті халқын құл етеді, қырып-
жояды. Колумбтың өзі көп кешікпей король сарайында жүріп жазаға тартылады
да, оның қалай өлгенін ешкім білмей қалады. Ал тарихтың әр нәрсені өз
орнына қоятыны белгілі. Біз казір Колумб есімін құрмет тұтып, оны жаңа жер
ашқан қаһарман теңізші деп білеміз.
Мұхиттың арғы жағындағы қазынасы мол, жаңа жерлер испандарды
қызықтырды. Сол жерге барып орнығам деушілерге король 1497 жылдан бастап
рұқсат берді. Бұл байлығы мол жерге көпестер, кедейленген дворяндар,
үкіметке наразылар, айыптылар көшіп кетпекші болды. Король үш экспедиция
ұйымдастырып, көп адам жіберді. Солардың ішінде Колумб ашқан жерді көруге
Америго Веспуччи де аттанды.

1.2. Васко да Гама
Колумб Батыс теңіз жолымен Үндістан, Қытай, Жапон аралдарын ашамын деп
барып, жаңа жерді – Американы ашып жүргенде, Васко до Гама Африканы айналып
жүзіп, Үндістанды ашты, содан бастап Португалияның Азияны отарлауы
басталды.
Васко до Гама шамамен 1469 жылы Португалияда туған. Ол жасында
Португалияны Испанияға қарсы соғысында ерлік көрсеткен, бірінші рет Гвинея
жағалауын айналып жүзіп шыққан. 1492 жылы Васко до Гама Жуан II королінің
тапсырмасын орындап, оның Францияда қалған алтын тиеген кемесін
Португалияға алып келеді, содан аты әйгілі болады.
1497 жылы 8 маусымда Васко до Гаманың төрт кемелі экспедиясы Лиссабон
портынан шығады. Бір апта жүзген васко до Гама Эскадрасы Камал аралдарына
келеді. Содан кейінгі сапары сәтті болып, 4 қарашада Африка жағалауына
келеді. Бұл жерді адмирал әулие Елена қойнауы деп атайды. Васко до Гама
Африка жағалауындағы тұрғындар құлаққа тағатын мыстан басқаны бағаламайды
және өздері шетінен батыл келеді деп жазады. Бұдан әрі жүзіп, өздерімен
бірге келе жатқан Бартолимимен көрсетуімен Африка материгінің оңтүстік
нүктесі Добрая надежда мүйісін айналып өтіп, 1497 жылы 25 қарашада Санто
Барс қойнауына келіп бөгеледі. Мұнда тастан белгі қойып, бұрын Бартоломи
келген Инфанд өзененен қарай Васко до Гама белгісіз теңіз жолымен жүзе
біледі. Эскадрада ауыз суы азайып, екі кемені жөндеу қажет болып, енді
бұлар кез келген жағаға тоқтайды. Бұл жердің халқы кафрилер деп аталады
екен. Олар келгендермен жылы шырайлы болады, сондықтан бқл жерді Васко до
Гама жақсы адамдар жері деп атайды. 1498 жылы 23 қаңтарда Эскадра Замбизи
өзені жағасына жетіп, мұнда бір ай бөгеледі. Үнді мұхитынан жүзіп өтуге
дайындық жасайды. Кемелерін бүтіндейді, ауырып өлген матростарды жерлейді
Бұдан әрі жағалауға жақындай жүзіп, аралға келіп тоқтайды, мұндағы
қаланы Момбаса деп атайды. Мұндағы Маврлар (мұсылмандар) Васко да Гамманы
қалаға шақырып, қолға тұсірмек болады., оны сезген адмирал аралда
аялдамайды. 14 сәуірде флот Малинда қаласына келіп тоқтайды. Бұл өте
бай мұсылман қаласы еді, қала сұлтанына сыйлық беріп, азық-түлік алады және
сұлтан Васко да Гаммаға тәжірибелі лоцман қосып береді. Оның аты Ахмет Ибн
Маджит еді, оны португалдар Малемо Кана деп атайды. Ол бұрын Үндістанда
болған, компас пен картаны пайдалана білетінтәжірибелі теңізші екен. Соның
жол сілтеуімен Васко да Гамма ұзақ жүріп, 1498 жылы 10 мамырда Үндістан
жағалауындағы қалаға – Каликутке келеді. Васко да Гама кемелерітеңіз
айдынында аулақ тоқтайды. Бұларға төрт қайықпен келгендер оларды жағаға
шақырады, бірақ Мозамбик пен Мобаса оқиғасынан ауызы күйген адмирал
сақтық етіп, жай-жағдай біліп келуге бер теңізшісін жібереді. Ондағы Мусайд
деген тілші оларды шақырып, Раджаның сарайына баруға көмектеседі.
Бірақ Самудри-раджа оның отарлаушылардың бірі екенін біліп жақтырта
қоймайды. Оның сауданы сылтауратып жергілікті байлықты игеруге келетінін
араб көпестері алдын ала хабардар еткен. Енді Васко да Гамма раджалар
шақыруына бармайды, қатты қауіптеніп кері қайтады. Олар үш ай бойы Үнді
Мұхитындағы дауылдан шыға алмай, 2 ақпанда 1499 жылы Африка жағасындағы
Малинда қаласына жетеді. Момбасаға өтіп теңізшілер азайып өлген соң Сан-
Рафаэль кемесін өртеп жібереді. Васко да Гама Добрая надежда мүйісін
айналып өтіп, Атлант Мұхитына шығып, содан 1499 жылы қыркүйекте Лиссабонға
оралады. Халық Васконы үлкен құрметпен қарсы алады, өте көп шығынға ұшыраса
да ол Колумб армандаған Үндістанды ашады. Бұл жолдың Европалықтар үшін
саяси, экономикалық маңызы зор еді. Содан бастап Жерорта теңізінің маңызы
төмендей бастайды.
Васко да Гама Үндістаннан Португалияға келген соң, корольға Үндістанды
бағындыру үшін географиялық экспедиция емес, әскери экспедиция жіберу
қажеттігін айтады.
Португалия королы Эммануил Үндістанды екінші рет жаулап алуға Васко
да Гама бастаған 20 соғыс кемесін аттандырды. 1502 жылы 10 ақпанда
Лиссабоннан шыққан бұл әскери экспедиция күзге қарай Каликутке жетті.
Каликут раджасы мұндай арнайы келген жауға қарсылық көрсетпей, оның
айтқанын істеп, сауда жасауға келісті. Васко да Гама маған қала төрт сағат
ішінде бағынсын деп елші жіберді. Бірақ раджа жауап қатпады, бейбіт жатқан
елге сауда жасауға келген европалвқтар соғыс ашады деп ойламап еді. Төрт
сағат өткен соң Васко да Гама жергілікті халықты қырғынға ұшыратып ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
XVІ-XVІІІ-ғасырлардағы қайта өрлеу дәуіріндегі ашулар
Ұлы георграфиялық ашулар
Географиялық ойдың даму тарихы. Алғашқы географиялық ойлар
Азияны зерттеуші ғалымдардың саяхаттары мен еңбектері
Ұлы жағрафиялық жаңалықтар және отарлық жүйенің пайда болуы
ТЕРРИТОРИЯЛЫҚ ТАБИҒАТ КЕШЕНДЕРІНІҢ ШЕКАРАЛАРЫ
Туризм географиясының ғылым ретінде дамуы
Мұз жамылғысы
Педагогикалық іс - әрекет туралы
Блок экскурсиятану
Пәндер