Жеңісті еселеген мұнайшылар
МАЗМҰНЫ:
КІРІСПЕ---------------------------- ----------------------------------- -----
-- -3-6
1. АТЫРАУЛЫҚТАР МАЙДАНДА--------------------------- ----------7-15
1.1. Атыраулықтардың ерлік шежіресі--------------------------- --------7-11
1.2. Соғыс жағдайындағы Атырау----------------------------- -----------12-
15
2. ГУРЬЕВ(АТЫРАУ) өнеркәсібі майдан үшін------------------------16-25
2.1. Жеңісті еселеген мұнайшылар------------------------- --------------
16-21
2.2. Атырау балықшылары - Майданға--------------------------- --------22-
25
3. МАЛШЫЛАРДЫҢ ТЫЛДАҒЫ ЕРЛІГІ----------------------------- ---26-32
ҚОРЫТЫНДЫ-------------------------- ----------------------------------- ------
-33
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР------------------------- --------------------34
КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі
Биыл Ұлы Отан соғысында неміс фашист басқыншыларын тізе бүктірген Жеңіске
65 жыл толады. Адольф Гитлердің басшылығымен Германияда 1933 жылы орныққан
фашистік диктатура ұлы рейх құрып, әлем халықтарын бағындыру, нәсілшілдік
кемсітуге негізделген құлдық пен қанауды орнықтыру мақсатында 1939 жылы
екінші дүниежүзілік соғысты бастағаны белгілі. Фашистік Германияның
жақтастары фашистік Италия, соғысқұмар (милитаристік) Жапония әлемді
қайта бөлісу саясатын жүргізіп, демократиялық қоғамға қауіп төндірді. 1939-
1941 жылдарда Европаның жартысынан көбін қолына қаратқан фашистік Германия
КСРО –ға қарсы соғыс ашып, 1941 жылы 22 маусымнан 1418 күнге , яғни 1945
жылдың 9 мамырына дейін созылған Ұлы Отан соғысы Жеңіспен аяқталды.
Осылайша бұрынғы Кеңес Одағы құрамына кіретін 15 одақтас республикалар
халықтарының Ұлы Отан соғысы - 1939-1945 жылдарда 61 мемлекетті қатысқан
екінші дүниежүзілік соғыстың құрамдас бөлігі боп саналады.
Екінші дүниежүзілік соғыс адамзат тарихындағы ең сұрапыл, ең қанқұйлы
соғыстардың бірі. Оған әлем халықтарының 80 % -н қамтитын 61 мемлекет
тартылды. 40 мемлекеттің территориясы соғыс отына шарпылып, 110 миллион
адам қолына қару алды. Әсіресе соғыстағы адам шығындары орасан зор: 55 млн
адам қазаға ұшырап, жүздеген млн адам мүгедек болды[1].
Сондықтан 1945 жылғы мамырдағы Жеңіс бүкіл прогресшіл адамзаттың
фашизмге қарсы күресінің нәтижесі, бұл жеңісті әлем халықтары түгел
тойлайды. Соғыстың аяғында фашизм толық күйреп, Батыс Еуропа елдерінде
демократияның орнауына жол ашылды. Фашизмді талқандауда шешуші рөлді КСРО
құрамындағы халықтар атқарды. Оған қазақ халқы және Қазақстанның барлық
облыстары тұрғындары үлкен үлес қосты.
Ұлы Отан соғысы Атырау(бұрынғы Гурьев) облысы тұрғындарының
тағдырында атты зерттеу тақырыбын таңдауыма Кеңес Одағы ыдырағаннан
кейін(1991ж. желтоқсан) тәуелсіздікке қол жеткізген ТМД елдерінің
кейбіреулерінің Ұлы Отан соғысына деген көзқарастарының өзгеруі, оның
маңызы мен нәтижесін кемсіту пікірлері әсер етті. Әсіресе Украина
президенті Ющенко мен Грузия президенті Саакашвилидің Ұлы Отан соғысы
атауын екінші дүниежүзілік соғыс атуымен өзгерту ұсыныстары және Ұлы Отан
соғысында шейіт болғандарға арнап салынған мемориалдарының Прибалтика
елдерінде, Грузияда қиратылуы өткен тарихқа топырақ шашу деп ойлаймын.
Одақ ыдырағаннан кейін Ұлы Отан соғысын Ресейдің фашистік Германиямен
соғысы деп қарастыру - шетелдіктерге жағыну үшін жасалған, Ющенко,
Саакашвили сияқты айлакер саясаткерлердің ісі. Сонымен қатар , Орта Азия
республикаларында да фашистік Германияның көздегені – славян текті
халықтар, дәлірек айтқанда, орыстар. Гитлер түркі халықтарының бас
біріктіруіне қарсы емес еді деген пікірлердің айтылып жүргені рас[2].
Шындығын айтсақ, соғыстың бастапқы кезеңінде Сталинннің орасан зор
қате жібергендігі КСРО ыдырағаннан кейін жарыққа шыққан тарихи еңбектерде
толық ашылды[3]. Ол туралы осы зерттеу жұмысында да тоқталамыз. Алайда
Ұлы жеңістің маңызын төмендету - Отан үшін жанын беріп, қыршын кеткендер
мен соғыс ауырпалығын жан-тәнімен көтерген тылдағы жасөспірімдер мен
кәрілер, әйел-аналардың ерен еңбектерін елемеу деген сөз. Бұл қазіргі жас
ұрпақтың, біздердің, адамгершілігіміз бен азаматтығымызға үлкен сын.
Өйткені бір дананың сөзімен айтсақ, өткенге мылтық атсаң, келер ұрпақ
сені зеңбіректен атады. Біз үшін екінші дүниежүзілік соғыстағы, оның
ішінде, Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс - халық ерлігінің тарихы, оның
шежіресі өшпейтін, өлмейтін, тозбайтын құбылыс. Ұрпақтар жадында оның өшпес
оты жана береді. Тарихқа керегі өткен күннің күлі емес, оның оты.
Сондықтан бұл тақырыпты зерттеу, оның шындығын ашу, ерлікті құрметтеу
біздің бейбіт кездегі парызымыз[4] ,- деген Ұлы Отан соғысының ардагері,
тарихшы Төлтай Балақаевтың пікіріне толық қосыламын. Зерттеу тақырыбы өз
өлкеміз Атырау тұрғындарының Ұлы Отан соғысы кезіндегі ерлік пен еңбек
шежіресін насихаттауға арналған.
Зерттеу жұмысының мақсаты: Соғыс уақыты алыстаған сайын оның шындығын
айту, сабақтарын есепке алу мен ғұмырлары қан-құйлы соғысқа сәйкес
келіп, қыршын кеткен аға ұрпақ алдындағы борышты сезіну қажеттігі ұлғая
түседі. 1939 жылы басталып, 1945 жылы 2 қыркүйекте аяқталған екінші
дүниежүзілік соғыстың құрамдас бөлігі болған Ұлы Отан соғысына
Қазақстаннан 1 миллинон 366 мың адам қатысып, оның тең жартысынан астамы ,
600 мыңы елге оралмады[5].
Тарихты білмеу аңызды тудырады. Қазіргі ХХІ-ғасырдағы техникалық-
инновациялық заманда өмір сүріп жатқан жас ұрпақ үшін бұл соғыс ресми
мәліметтер жиынтығы немесе ертегі сияқты боп көрінуі мүмкін. Өйткені
соғыстың зардабын тартқан аға ұрпақ өмірден өтіп барады және олардың ерлігі
мен еңбегін насихаттау науқандық сипатта болып отыр.
Адамзат қоғамында өткен мен қазіргі өмір және болашақтың тығыз
байланыстылығы өте маңызды. Адамның жасампаздық қабілеті өткен ұрпақтың
даңқы мен оған деген құрметпен және болашаққа сеніммен бекиді. Соған
орай, осы ғылыми жұмыс өлкемізде өмір сүрген аға ұрпақтың игілікті істері
мен ерен ерлігін есте сақтау және қадірлеу мақсатын қояды.
Әрбір ұрпақ тарихқа өз үлесін қосады, өйткені бүгінгі жетістігіміз
бен кемшілігіміздің түп тамыры - өткенде, оны білгенде ғана , одан үлгі
және сабақ алғанда ғана қоғам алға басады.
Жұмыстың нәтижесі Ұлы Отан соғысы еліміздің КСРО құрамында болған
социалистік дәуірінің тарихи оқиғасы болғандықтан, Кеңес Одағының ыдырап,
социализмнің күйрегеннен Жеңіске күйе жағушылардың көзқарастардың негізсіз
екендігі дәлелденді. Тарихты жасайтын халық екендігі Ұлы Отан соғысында
белгілі болды. Тек халықтың Отанына деген сүйіспеншілігі мен жанқиярлығы
ғана Жеңіске жеткізді. Оған майдандағы әскерлерді іш –киімнен бастап,
киіндірген, өздері аш-жалаңаш жүріп, әскерді азық-түлікпен, соғыстағы
стратегиялық шикізат – мұнаймен қамтамасыз еткен атыраулықтар еңбегі куә.
Зерттеу мақсатын жүзеге асырудың әдістері: Мұрағат деректері және ғылыми
зерттеулерге сүйене отырып, оларды ғылыми талдаудан өткізу арқылы жұмыстың
негізгі қорытындылары шығарылды.
Тақырыпты ашу үшін зерттеудің әртүрлі кезеңдерінде осы тақырыпқа арналған
тарихшылардың төмендегі еңбектері мен жинақтары пайдаланылды: Д.А.
Волкогоновтың Триумф и трагедия, М.Козыбаевтың Казахстан - арсенал
фронта , Х. Табылдиевтың Адамдар. Тағдырлар. жинағы, Ж. Бақидың Атырау
балықшыларының соғыс жылдарындағы ерен еңбегі Жылдар жемісі кітабынан
және т.б. тарихи шығармалар.
Сонымен қатар Атырау облыстық мемлекеттік мұрағатының 300, 1, 727
қорларының мәліметтері қолданылды.
1. АТЫРАУЛЫҚТАР МАЙДАНДА
1.1. Атыраулықтардың ерлік шежіресі
Отан
қорғау- ер міндеті,
Ерлікті ұлығылау-ел парызы
Қай заманда болмасын, адамдар үшін Отан қорғаудан қымбат, одан
өткен абырой, қасиетті азаматтық борыш, перзенттік парыз болған емес.
Сондықтан Ұлы Отан соғысы қазақ жерінен жырақта жүргізілсе де, неміс
фашист басқыншыларына қарсы күрес әр қазақтың және қазақстандық өзге ұлт
тұрғындарының өз отбасы мен туысқанын қорғауымен тең болды.
Қазақ елі Ұлы жеңіске орасан үлес қосты. Қазақстан майданға
қорғасынның 85 пайызын, мыстың 30 пайызын, көмір мен мұнайдың көп бөлігін
өндірді. Сол ауыр жылдарда еліміз майданға 6 миллион тонна бидай, 797 мың
тонна ет, 150 мың атпен жабдықтады. Сондай ақ, республикамыз қорғаныс
қорына 4 миллиард сом ақша жинап, әскери техникалар мен қару-жарақтарға
үлес қосты.
Соғыстан 10 жыл бұрын социализм орнату шаралары кезінде байларды
тәркілеу мен күштеп ұжымдастыру, жедел отырықшыландыру салдарынан аштық пен
босқынға ұшырап, тең жарымынан , яғни 2,5 млн адамынан айрылған қазақ
халқы Кеңес Одағы құрамындағы басқа халықтармен бірге соғыста ерлік
үлгісін көрсетті. Атадан-балаға қасиет боп дарыған қазақтың өршіл азат рухы
соғыста ерекше байқалды. Қазақтар Ұлы Отан соғысында ең сенімді
жауынгерлер болды. Оған қазақстандықтардың Москваны қорғауы, Ұлы Отан
соғысының шешуші шайқастарындағы ерлік іздері және Рейхстагқа ту тіккендер
қатарында Рақымжан Қошқарбаев пен бірге әйгілі қолбасшы Г.Жуков кітабында
көрсетілген атыраулық Кенжебай Мәденов ерліктері дәлел бола алады.
Атырау облысынан соңғы мәліметтер бойынша 11 Кеңес Одағының Батырлары
шықты: индерліктер - Боран Нысанбаев, Иван Березин, мақаттық Муса
Баймұқанов, махамбеттіктер - Қайырғали Смағұлов, Георгий Канцев,
құрманғазылықтар(теңіздіктер) - Александр Афанасьев, Иван Махорин, Мұқат
Мусаев, Филипп Мазуров, Хиуаз Доспанова, гурьевтік Елеусов Жәнібек (кейін
70-жж. басқа қалаға көшіп кетті)-барлығы 11 батыр және жауынгерлік "Даңқ"
ордендерінің үш дәрежесінің иегерлері- 4: қызылқоғалық Шүкір Еркінов,
құрманғазылық Ғизат Әліпов, индерлік Гавриил Шамин, жылойлық Евгений
Полынин сынды ержүрек ұлдарын мақтаныш тұтады. Ресми мәліметтер бойынша
3441 атыраулықтар ұрыс далаларындағы қайтпас қайсар өжеттіктері үшін
орден, медальдармен марапатталды, жоғарғы қолбасшының алғыстарын алды.
Олардың баршасының ерлік іздері, сөз жоқ, кейінгі ұрпаққа өнеге, шынайы
тағылым. Атыраулық ғалым зерттеушілер Х. Табылдиев, Ж. Бақи, Ғ. Нығмет
сияқты тарихшы- өлкетанушылардың айтуынша , атыраулық батырлар тізімі
қазіргімен шектелмейді, оларды зерттеу қажет.
Ұлы Отан соғысы немесе екінші дүниежүзілік соғыс тарихының
ақтаңдақтарының бірі - адам шығындары туралы мәселе әлі де қайта қаралып
жатыр. ХХ-ғасырдың 80-90-жж. ресми мәліметтер бойынша фашистiк Германиямен
соғыста әлемде 55 млн боздақ құрбан болды. КСРО-ның адам шығыны шамамен 27
млн. адам: майдан даласында 8668,4 мың әскер, 18 млн бейбiт тұрғындар жау
қолында қаза тапты. Қазір бұл мәліметтер қайта қаралып, жалпы адам шығыны
шамамен 32-44 млн көлемінде қарастырылып жүр. Сонда орташа көрсеткішті
алсақ, КСРО-ның бейбіт тұрғындарының соғыстағы шығыны 20 млн. шамасында,
ал әскери шығыны тұтқынға түскендерді қосқанда 15 млн.адам болады. Бұл
Ресей тарихшыларының 90-жылдардағы шетелдік мәліметтерге және санақ
нәтижелеріне сүйеніп ашқан жаңалықтары. Соғыстың дайындықсыз және күтпеген
жерден басталуы, соған байланысты армиядағы үлкен шығындарға Сталиннің
қате саясаты әсер етті. Ұлы Отан соғысының алғашқы 6 айында 3 млн әскер
хабар- ошарсыз кетті. Ресейлік деректер бойынша соғыс аяғында тұтқынға
түскен солдаттардың ¾ жойылды, олар 3,4 млн. адам болды. Тұтқында
өлгендер саны КСРО-ның әскери күштерінің шығындарының 40% құрайды, яғни
бұл тұтқындардың басым көпшілігінің нацизм мен сталиндік жазалау
органдарының құрбаны болғанын көрсетеді. Алайда немістермен салыстырсақ,
кеңестік тұтқында болған немістердің 75% елдеріне қайтты, тұтқында өлген
неміс солдаттары әскери шығындарының 14% болды[6].
Бұл соғыста Қазақстан 602 939 адамнан айрылды. Әрбiр екiншi
қазақстандық майдан даласынан қайтып оралмады. Ресми мәліметке сүйенсек,
Атырау облысынан 42508 адам майданға аттанып, олардың 13287-сі шейіт
болған[7]. Осы зерттеу жұмысын дайындау барысында Ұлы Отан соғысындағы
Атырау облысының адам шығындарын анықтауға назар аудардық.
Сталиннің 1939-1941 жж. фашистік Германиямен келісімге сеніп, соғысқа дайын
болмағанын Атырау облыстық мемлекеттік мұрағат қорларында 1941 жылдың
маусым-шілде , тамыз айларында Москвадан өкімет үйінен Гурьев обкомына
келген жеделхаттар көрсетеді. Гурьев обкомына 1941 жылдың 16 тамызында
келген жеделхатта соғыстың алғашқы айындағы әскердегі шегініс баяндалып,
1941 жылы кері шегінген кеңес әскерлерін, тұтқынға түскендерді табанда
өлтіру туралы нұсқаулар берілген(қараңыз, қосымша №1).
Сонымен қатар осы зерттеу жұмысым барысында көз жеткізген бір мәселе-
соңғы кезде неміс тарихшылары Гитлердің КСРО-ға шабуылын заңды етіп
көрсету үшін ойлап тапқан превентивтік соғыс теориясының қате екендігі.
Неміс тарихшыларынан басқа бұрынғы кеңес офицері Суворова деген лақап
атпен "Ледокол" атты кітап жазып, Гитлерді ақтауға тырысады. Онда
Германияның КСРО-ға шабуылы өзіне қарсы соғысының алдын алу үшін жасалды
делінген. Біздің Атырау облыстық архив деректері де КСРО-ның соғысқа
дайын еместігін көрсететін құжаттарға бай, себебі 1941 жылдың тамыз айынан
бастап, Москва барлық жергілікті обкомдарға соғысқа шақырылған әскерге іш
киім, сырт жылы киім соғыстың алғашқы кезеңінен бастап халықтан жинауды
тапсырған[8].
Соғыс жылдарындағы атыраулықтар шығыны туралы айтсақ, бұл ресми
мәліметтен көп болуы мүмкін. Мұрағаттағы жанама деректерге сүйене отырып,
облыс халқының соғыс жылдарындағы шығыны ресми мәліметтерден анағұрлым
жоғары деген қорытынды жасадық: мысалы, 1938 жылы облыста 267334 адам
болған, оның ішінде Гурьев қаласында 61 мың адам тұрған. Сонда 200
мыңнан аса адам ауылдықтар болған. Атырау мемлекеттік мұрағатындағы 300
қордың 559 ісіндегі Гурьев облысының 1944 жылғы 9 ауданындағы 103 ауыл
кеңестеріндегі тұрғындарының жас және жыныстық құрамы атты құжатында
балалар, ерлер мен әйелдердің жалпы саны 113177[9] боп көрсетілген. Сонда
айырма 86 мың адам , бұл қалалық мекендерді қоспағандағы көрсеткіш.
Жалпы Гурьев облысынан 42 мыңнан аса адам әскерге шақырылған, оның
ішінде Гурьев қаласынан 11302[10.] мыңнан аса адам майданға аттанса, сонда
ауыл тұрғындарынан 31 мыңнан астам адам майданға аттанған. Бірақ соғысқа
дейінгі село тұрғындары мен 1944 жылғы село тұрғындарының айырмасының 86
мың , оның 31 мыңы майданға кеткенде, 55 мың адам қайда кетті деген сұрақ
туындайды. Бұған біз 1941-1943 жж. елге оралған жаралы жауынгерлерді қоспай
отырмыз. Соғыс кезіндегі жетіспеушілік пен қиындық салдарынан жас
балалардың шетінеуі өте көп болған, ол арнайы зерттеуді талап етеді.
Міне осындай мәліметтер соғыс кезіндегі майдандағы және тылдағы
ауыртпалықтардан адам шығындарының саны ресми мәліметтен бірнеше есе көп
болған болу мүмкіндігін көрсетеді. Соғыс уақыты алыстаған сайын оның
шындығын айту, сабақтарын есепке алу мен ғұмырлары қан-құйлы соғысқа
сәйкес келіп, қыршын кеткен аға ұрпақ алдындағы борышты сезіну қажеттігі
ұлғая түседі.
Сонымен қатар , соғыс кезінде ел басқарған, кейін соғыста қаза тапқан
азаматтарды еске сақтау да өте маңызды. Мысалы Гурьев облыстық атқару
комитетінің төрағасы махамбеттік Хайрош Тастайбеков алғашқылардың 1942
жылы соғысқа аттанып, қаза тапқан. Оның есімі облыс тарихында ескерусіз
қалып отыр.
Соғыста оралмағандардың Боздақтар жинағын шығарғандар үлкен қызмет
атқарған. Олардың санын тағы да айқындау қажеттігі көрініп тұр. Сонымен
қатар Сталиннің қателігі салдарынан соғыс басындағы кері шегініс кезінде
жау қолына түсіп, неміс тұтқынында болып, елге қайтқасын айыпталып, түрмеде
отырғандар, жер аударылғандарды анықтау да ұрпаққа парыз, сонда ғана соғыс
шындығы ақаиқат болады. Ал белгісіз боп, ерлігі еленбей қалғандар,
соғыстағы құрбан болғандар қаншама? Олар жауға қарсы отаны мен
ұрпақтарының болашағы үшін жанын қиды, ол үшін ешкімнен данқ та, атақ та
сұрамады. Қаншама қыршын жастар көмілмей қалды. Сондықтан қазіргі
ұрпақтың парызы соғыста құрбан болған боздақтардың бәрін есепке алу,
ерлігіне сай ұлығылау болуы қажет.
Ұлы Отан соғысында қазақтың , 12%, орыстың -6%, украиннің- 8% ғана
қаза тапты[11]. Қазақстанның фашистiк Германияны жеңген аса зор құрбандығы
осындай. Бұнда атыраулық аға ұрпақтың да қомақты үлесі бар. Сондықтан да
сұрапыл соғыста қайтпас қаһармандығымен, қайсарлығымен жеңіске жеткен ата-
бабамыздың даңқы арта берсін.
1.2. Соғыс жағдайындағы Атырау
Неміс фашистері б1940 жылдың орта кезінде КСРО-ны жаулап алу үшін
Барбаросса жоспарын жасағаны тарихтан белгілі. Бұл жоспар бойынша олар
Оралға дейінгі жерді тез уақыт ішінде алуға тиіс болды. Соңғы кезде
табылған мұрағат деректеріне қарағанда жау Қазақстанға, соның ішінде
мұнайға, балыққа және кенге бай Атырау бойына да ерекше көңіл бөлген.
Гитлер командованиесі бұл жерлерде (демек Еділ мен Жайық аралығын) жаулап
алғаннан кейін Еділ-Жайық мемлекетін құрмақшы болған. Майданның
көршілес Сталинград(қазіргі Волгоград) түбіне келіп, аласапыран шайқас
болуына орай Атырау аймағы соғыс жағдайында деп жарияланды. Фашистер
Атырау жерінен Орск мұнай айдау зауытына мұнай жіберетін құбырды істен
шығаруды көздеп, парашютист-десанттарын түсірді.
Бұл жағдайға байланысты КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумы 1942 жылы
тамыз айында құпия Жарлық шығарып, Каспий өңірін соғыс жағдайында деп
жариялады. Бұл құпия түрде болғандықтан алынған шаралар да құпия
жүргізілді үздіксіз жұмыс істеді.
Осыған орай . 1942 жылдың 1 қыркүйегінде облыстық Қорғаныс комитеті
құрылып, оны 3 қыркүйекте Қазақстан Орталық партия комитеті қаулы шығарып
бекітті. Оның мазмұны төмендегідей: В связи с объявлением военного
положения на побережье Каспийского моря ЦК КП(б) Казахстана постановляет:
1. Утвердить решение Гурьевского обкома КП (б) Казахстана об организации в
области комитета обороны в составе т.Бекжанова - секретаря обкома партии
(председатель комитета) и членов: Иргалиева - председателя облсовета
депутатов трудящихся, Гончарова - начальника областного управления НКВД,
Голосова - облвоенкома и начальника гарнизона города Гурьева.
2. В целях выполнения имеющеюся задания на призыв военнообязанных в Красную
Армию при отсутствии в области необходимого количества незабронированного
контингента, разрешить Гурьевскому комитету обороны призвать в ряды Красной
Армии годных к строевой службе 1100 человек отмобилизованных рабочих рыбной
промышленности, речных ловцов, охраны запретных зон, рабочих рыбзаводов и
подсобных предприятнй, не затрагивая морской лов, с заменой призванных
невоеннообязанными, женщинами из рыболовецких колхозов.
3. Просить ЦК ВКП(б) утвердить настоящее постановление.
Секретарь ЦК КП(б) Казахстана, Н.СКВОРЦОВ
(Архив Президента РК, фонд 708, опись 1, дело 5, лист 408, подлинник) [12].
Жоғарғы Кеңестің Указында Гурьев Қорғаныс комитетіне шексіз билік
берілді.Оның тапсырмасын жергілікті мемлекеттік ұйымдар мен мекемелер,
шаруашылық, өндіріс орындары бұлжытпай орындады. Сөйтіп облыстағы барлық
органдар Қорғаныс комитетіне бағындырылды. Құрамы басшы, жауапты қызметтегі
адамдардан құралды.
1942 жылдың 29 қыркүйегінде Гурьев қалалық партия комитетінің активі
өткізіліп, оған облыстағы барлық өндіріс басшылары шақырылды. Активте
Облыстың соғыс жағдайында болуына байланысты партия ұйымдарының алдында
тұрған міндеттер деген облыстық партия комитетінің хатшысы - Мырзахмет
Бекжанов баяндама жасады. Облыстың соғыс жағдайында деп жариялануына
байланысты Гурьев Қорғаныс комитеті әскери-ұйымдастыру жұмыстарын жүргізді.
Жау самолеттерінің нысанына айналмас үшін Гурьев қаласы толықтай
қараңғыланып, түнде көшелерде, үйлердің терезелерінен жарық көрсетуге тыйым
салынды. Гурьев қаласында, облыс, аудан орталықтарында тәртіпті сақтау үшін
күндіз-түні кезекшілер қойылды. Облыстық партия комитетінің басшылығымен
атқыштар батальоны, арнаулы әскери бөлімдер қүрылады. Сондай-ақ әуе
қорғанысына да ерекше көңіл бөлінеді. Осындай алдын-ала жүргізілген
жұмыстардың нәтижесінде жау самолеттерінің Гурьев территориясына тастаған
бомбалары, антисоветтік листовкалары мен үндеулері халық арасында ешбір
қобалжу туғыза алмады, еңбекшілердің майдан үшін жан аямай еңбек етуіне
кедергі келтірмеді.
Облыстық Қорғаныс комитеті неміс самолеттерінің құрылыс
объектілерін, ауыл, аудан, қаланы бомбылауына тосқауыл қойып, жаудың
диверсанттық топтарын құрықтады.
Соғыс алдында Атырау мұнайын Орскідегі мұнай өңдеу заводына жеткізу үшін
ұзындығы 800 шақырым Каспий-Орск мұнай құбыры іске қосылған болатын.
Құбырдың бойында мұнайды айдайтын 7 станция болды. Неміс диверсанттары осы
станцияларды істен шығару және ел арасында үгіт жұмыстарын жүргізіп, бүлік
жасау мақсатын қойды.
1944 жылы мамыр айында самолетпен Жылыой ауданы жеріне десант
түсіру жайлы хабар алған чекистер стансаларды күзетке алып, диверсанттарды
іздейді. Ақыры. екі жақ кездесіп, атыраулықтар соғыспай берілуін талап
етеді. Бірақ шпиондар басшысы оберлейтенант Алихан Агаев одан бас тартады.
Екі арада атыс басталып, Агаевты Жылыой ауданы НКВД капитаны Г.Хусайнов
атып өлтіреді. Мұнан басқа тағы тортеуі оққа үшады. Қалғандары біздің жаққа
беріледі.
Кеңес үкіметі Атырау чекистерінің ерлік істерін ерекше бағалап Г.Хусайнов,
Р.Шармай, К.Виноградов, С.Гончаров, И.Бабич, тағы басқалары Қызыл Жүлдыз
орденімен, ал мұнай құбыры стансасының басшысы Р.Пархоменко Құрмет
белгісі орденімен марапатталады.
Ал Алихан Агаев тобын (шын аты-жөні Амирхан Тлеумағанбетов) айдалаға
адастырып жіберген, сөйтіп қазақтың Сусанині аталған, ерлікпен қаза тапқан
Байжан Атағозиев бейіті басына ескерткіш қойылды.
Атырау өңірін соғыс жағдайында деп жариялауға бірінші себеп-
Солтүстік Кавказ жау қолында қалып, мұнай алу шектелді, самолет, танк,
машиналар жанармайсыз қалды. Сондықтан мұнай, жанармай Бакуден Гурьевке
баржымен тасылды. Екіншіден, Сталинград майданы Гурьевке (Атырауға)
көршілес болды.
Егер Қорғаныс комитеті 1942 жылы 1 қыркүйекте құрылған болса, он
күннен кейін 10 қыркүйекте неміс юнкерстері Гурьевті бомбалай бастады.
Тек біздің истребительдердің, оның үшқыштарының қырағылық қимылдары қаланы
талқандаудан аман алып қалды. Сондықтан да Атырау өңірін соғыс жағдайында
деп жариялау дұрыс шешім болды.
Бұл соғыс кезінде Қазақстан терең тыл болды деген тарихшылар пікірін жоққа
шығарады. Ол тарихшыларды осы пікірі үшін айыптауға да, қаралауға да
болмайды. Өйткені ол кезде бұл құжаттар Особая папка, Совершенно
секретно деген айдармен құпия сақталды. Себебі КСРО Жоғарғы Кеңесі
Президиумының 1942 жылғы 22 маусымдағы Указына орай Гурьев Қорғаныс
комитетінін төрағасы, Гурьев обкомының бірінші хатшысы Мырзахмет Бекжанов
қол қойған 1942 жылғы 10 қыркүйектегі қаулысында Облыстық НКВД бастығы
Гончаров соғыс жағдайында деп жарияланған біздің аймақта тұратын немістер
және басқа да біздермен соғысып жатқан елдердің ұлттары территориядан
шығарылсын делінген. Бұл шаралар кұпия жүргізілді. Сондай-ақ Атырау
өңірін жау самолеттерінің бомбылауынан қорғау үшін қалада құрамында 300
адамға дейін мүшесі бар истребитель отрядтарын, ал аудандар мен мұнай
кәсіпшілігінде 50 адамдық отрядтар құрып, оны ұйымдастыру, оқыту облыстық
НКВД бастығы Гончаров жолдасқа, аудандық жерлерде аудандық НКВД басшыларына
отрядтарды оқыту күнде жүргізілсін деп тапсырылған(Қазақстан Республикасы
Президенті архиві, Ф.708. опись 62, дело 71, лист 53).
Осындай алдын ала өткізілген шаралардың нәтижесінде немістердің қазан-
қараша айларында мұнай резервуарларымен Ширина. Қарабатан және Таушық
поселкелеріне тастаған фугастық бомбалары ешқандай зиян келтіре алмады.
Кешегі сұрапыл соғыс тарихын жазуда тек біздің облыстың соғыс жағдайында
болғаны тек 2000 жылдарда ғана оқулықтарға енгізілді. Сөйтіп одан бұрынғы
кезде Гурьев Қорғаныс комитетінің жасаған қыруар жұмысы тиісті бағасын
алмады[13].
2. ГУРЬЕВ(АТЫРАУ) ӨНЕРКӘСІБІ МАЙДАН ҮШІН
2.1. Жеңісті еселеген мұнайшылар
Ең қысқа мерзімде Атырау облысының күллі өмірі соғыс жағдайында
бейімделіп, тез қайта құрыла бастады. Ұлы Отан соғысының бүкіл барысында
майдан мен тылдың бірлігі айқын көрінді.
Ел басына ауыр күн туған Ұлы Отан соғысының сындарлы жылдарында
облысымыздың мұнай кәсіпшілігіндегі еңбеккерлері майдандағылар сияқты ерлік
еңбектің асқан үлгілерін көрсетті. Соғыстың алғашқы сағатынан бастап Бәрі
де жеңіс үшін деген ұранмен еңбек еткен мұнайшылар елімізге мұнайды көптеп
беруге кірісті.
Соғыстың алдында өлкемізде Доссор, Мақат, Сағыз, Байшонас, Ескене,
Қосшағыл, Құлсары, Шұбырқұдық, Жақсымай барлығы 9 мұнай кәсіпшілігі жүмыс
істеп тұрды. Геологтарымыздың тынымсыз іздестірулері арқасында жаңадан
Комсомол(1942), Қошқар(1944), Тентексор(1945) мұнай кәсіпшіліктері қосылып,
жаңа мұнай көздері ашылды. Соғыс кезінде Гурьевте КСРО-дағы ең ірі мұнай
айыру заводы салынып, пайдалануға берілді [14].
Соғысқа дейін облыста Доссор(1911ж. ашылған), Мақат(1915ж.),
Байшонас(1931ж.), Ескене(1934ж.), Қосшағыл(1935ж.), Шұбарқұдық(1937ж.),
Сағыз(1939ж.),Құлсары(1939ж.) кәсіпшіліктері 649 мың тонна мұнай
өндірген[Л.БердығожинМұрағат деректері –халық қазынасы. Алматы.2003.
Б.275.]. Соғыстың алғашқы күндерінен бастап облыстағы 9 кәсіпшілік өнімді
еселеп бере бастады. Қосымша 181 скважина іске қосылды. Соғыс жылдарында
геологтардың тынымсыз іздестірулері арқасында жаңадан Комсомол(1942),
Қошқар(1944), Тентексор(1945) мұнай кәсіпшіліктері қосылып, жаңа мұнай
көздері ашылды. Соғыс кезінде Гурьевте КСРО-дағы ең ірі мұнай айыру заводы
салынып, пайдалануға берілді. Тарихшы Х. Табылдиевтің пікірінше, 1941-1945
жж. облыс мұнайшылары майданға 42970 мың тонна, яғни 42 млн тонна мұнай
өткізген. Соғыстың әр жылына 8 млн тоннадан келеді. Бұл деген соғысқа
дейінгі мұнайдың жылдық көрсеткішінен соғыстың әр жылындағы көрсеткіш 13
есе артық деген сөз . Мұны ерлік еңбек деп қалай атамасқа? Осы ерен еңбек
иелерін қалай қадірлемеске? Олардың арасында бұрынғы облыстық партия
комитетінің басшысы, 1942 жылы мұнай кәсіпшілігіне басшылыққа жіберілген
Сапар Қарымсақовты, Сафи Өтебаевты, Ж. Досмұқанбетовты, Сағындықов,
Конаненко, Комаров,Аваров, Тулин, Неверов сияқты мұнайшылар, инженерлер
мен геологтерді[11] мақтан етеміз.
Гурьев (Атырау) мұнайшылары соғыс кезінде КСРО-да Азербайжан мен
Солтүстік Кавказдан кейінгі 3-орында Мұнайшылар соғыс аяқталғанша
демалыс күндерінен бас тартып, майдан мүддесі үшін қанша талап етсе, сонша
еңбек етті.
Мұнай саласындағы әрбір ұжым, жеке тұлғалар көтеріңкі міндеттер
қабылдап, оны артығымен орындауға кірісті. Гурьевтегі Казахстаннефть
ұжымы қызметкерлері 12 сағаттық жұмыс графигіне көшсе, мұнай бұрғылау,
өндіру бригадалары демалыссыз еңбек етуге көшті. Мақат, Байшонас мұнай
кәсіпшілігі ерекше белсенділік көрсетті . Ембі мұнайшылары соғыс
алдында іске асырылып жатқан бесжылдықтың 3,5 жылының өзінде бірінші
бесжылдыққа қарағанда елге мұнайды 65 пайыз артық өндірсе, екінші
бесжылдықтан 52 пайыз артық өндірді. Өлке мұнайшылары алғашқы
бесжылдықтарға қарағанда мұнайды тәулігіне 2,3 есе артық өндірді. Егер
1939 жылы облыс бойынша 787 мың тонна мұнай өндірілсе, 1941 жылы 864 мың
тонна өндірілді. Мұнайды жылдан жылға көп өндіруге Байшонас, Қосшағыл,
Мақат кәсіпшіліктерінде жаңа мұнай алаңдарының ашылуы да әсер етті.
Сондай-ақ Қазақстандағы ең байырғы инженер-мұнайшы Сафи Өтебаев
басқарған Құлсары мұнайшылары жаңадан 29 скважинаны қиындықтарга қарамастан
іске қосып, осының арқасында 1940 жылға қарағанда 1941 жылы мұнайды екі есе
көп көндірді[13].
1941 жылдың басында тәулігіне тек 50 тонна ғана мұнай беретін мұнай
кәсіпшілігі 1942 жылдың бірінші тоқсанында 700-800 тонна мұнай өндіретін
болды. Олар тәулігіне екі-үш сағат қана демалып, еңбекте теңдесі жоқ
патриоттықтың үлгісін көрсетті. Майданға қанша мұнай керек болса, сонша
мұнай береміз деген ұранмен жұмыс істеп, сөздерін бұлжытпай орындап отырды
- деп еске алады[14].
Елімізде белгілі ғалым, тарихшы-академик марқүм Манаш Қозыбаев өз
еңбегінде: Выдающихся успехов добился коллектив самого молодого промысла
на Эмбе-Кульсары, возглавляемый одним из первых казахских инженеров-
нефтяников Сафи Утебаевым. В 1941 г. нефтяники Кульсары ввели в
эксплуатацию 29 скважин. Суточная добыча в июле-декабре 1941 г. по
сравнению с довоенным полугодием возросла более чем в два раза, — деп
С.Өтебаев еңбегін ерекше бағалайды.
Байшонастықтардың ерен еңбектері жайында Москвадан шығатын одақтық
дәрежедегі Нефть СССР журналында жазылды. мақала жарияланды: Ұлы Отан
соғысының алғашқы айларында мұнайшылар батыл техникалық-экономикалық
шешімдер жолдайды: сұйықтықты еселеп алу, қосымша перфорациялау, екі және
көп қабаттарды қатар пайдалану. Қазақстанда Байшонас кәсіпшілігінің
геологтары Ж.А. -Досмагамбетов, В.И.Иванов және инженер Гаврилкевич екінші
кен қабатынан еселеп алуға көшіру арқылы өнімді өсіруге болатынын
дәлелдеді. 1941 жылдың жазында екі және көп қабатты қатар пайдаланудың
(геолог В.Я.Аваровтың ұсынысы) алғашқы тәжірибесі мен әдісті қолдану
мүмкіндігін дәлелдеп берді. Байшонаста ұңгылар өнімі тәулігіне 2 тоннадан
9,5 тоннаға дейін өсті. Ал Қосшағылда мұнай өнімінің өсімі әр ұңғымаға 1,7-
1,8 тоннадай болды .
Кеңес үкіметінің мұнайға мұқтаждығы соғыстың алғашқы күнінен-ақ сезіле
бастады. Ал 1942 жылдың жазында неміс басқыншыларының Солтүстік Кавказды
басып алуы, ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz