ҮКІМЕТ АТҚАРУШЫ БИЛІКТІҢ ЖОҒАРҒЫ ОРГАНЫ



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР:
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .2-3
1. ҮКІМЕТ АТҚАРУШЫ БИЛІКТІҢ ЖОҒАРҒЫ ОРГАНЫ ... ... ...4-5
1.1 ҮКІМЕТТІҢ ҚҰРЫЛУЫ ЖӘНЕ ҚҰРАМЫ ... ... ... ... ... 6-8
1.2 ҮКІМЕТТІҢ ҚҰЗЫРЕТІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... .9-
11

2. ҮКІМЕТТІҢ ҚЫЗМЕТІН ҰЙЫМДАСТЫРУ ... ... ... ... .12-14
2.1 ҮКІМЕТТІҢ НОРМА ШЫҒАРУШЫЛЫҚ ҚЫЗМЕТІ.15-19
2.2 ҮКІМЕТТІҢ СЫРТҚЫ ҚЫЗМЕТІ ... ... ... ... ... ..20-22

3. ҮКІМЕТТІҢ МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚА ОРГАНДАРЫМЕН
ҚАТЫНАСЫ ... ... ... ... ... ..23-25

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... 26-27
Қолданылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... .28

Менім бұл тақырыпты таңдауымның себебі, Қазақстан Республикасының
Үкіметі туралы білімімді толықтырып, жетілдіру. Негізгі мақсатым осы
органның мемлекет үшін рөлі қандай, қандай қызметтерді жүзеге асырады.
Халық үшін қандай қызмет жасайтынын біліп, жалпы Үкімет деген қандай
түсінік беретін анықтау.
Үкіметтің құрылу жолы, оны кім құратының, осы органның мәртебесі,
өкілеттілігі, бұл органда қызмет жасау үшін қандай талаптар қойылатын және
осы органның қызметін кім қадағалайтыны, кім басқаратыны туралы мәліметтер
мені қатты қызықтырады.
Осы органның билігі немен шектелетіні, басқа да мемлкеттік органдармен
қарым-қатынасы, қандай бірлескен қызметтер атқарады. Үкімет кімнің алдында
жауапты, кімнің алдында есеп беретіні туралы ақпараттану.
Ал енді курстық жұмысымның қысқаша түсіндірмесіне келсем, Үкімет бұл
Қазақстан Республикасында атқарушы билікті жүзеге асырады және атқарушы
органдардың жүйесін басқарады. Үкімет – жалпы құзіретті атқарушы биліктің
жоғарғы органы, өйткені өзінің қызметінің барысында мемлекеттің барлық
функциясын өз бойына таратады. Ол Қазақстан Республикасы Конституциясын,
конституциялық және ағымдағы заңдарды, Президенттің нормативтік
жарлықтарын, сондай-ақ халықаралық шарттарды орындауды ұйымдастырады, өзге
атқарушы органдардың ( министрліктер мен ведомстволар ) олардың орындауына
әрдайым бақылау жасайды.
Қызметіне тоқталатын болсақ, Үкімет өз қызметінде ҚР Конституциясының,
Конституциялық және ағымдағы заңдардың жоғарылық принциптерін халықтық
билік, біртұтастық, билікті болу, жауапкершілік, жариялық, адам мен
азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау және сақтау принциптерін
қамтамасыз етуді басшылыққа алады.
Үкімет Республиканың атқарушы органдарының біртұтас жүйесін, Үкімет,
құрамына кіретін орталық атқарушы органдар (министрліктер мен мемлекеттік)
сияқты, Үкімет құрамына кірмейтін орталық атқарушы органдарды, сондай-ақ
ведомстволар мен жергілікті атқарушы органдарда құрайды.
Үкімет мемлекет басшысын Үкімет бағдарламаларының, Президент
тапсырмасының орындалуы және өз қызметінің басқа да бағыттары туралы ұдайы
хабарлап отырады; мемлекеттік - әлеуметтік және ғылыми – техникалық
бағдарламаларды Президенттің бекітуіне табыс етеді.
Үкіметті Премьр-Министр басқарады. Оның өкілеттігі Қазақстан
Республикасының Конституциясының (67- бабымен) реттеледі.
Үкіметтің өз аппараты болады. Бұрын ол Үкіметтің Аппараты болып
табылатын, алайда 1997 жылы атқару органдарында реформа жүргіледі де, соған
сәйкес Үкіметтің Аппараты Премьр-Министрдің Кеңсесі болып қайта құрылды.
Премьр - Министрдің Кеңсесі Премьр-Министр мен Үкімет қызметінің
ақпарат талдау, құқықтық және ұйымдық жағынан қамтамасыз етілуін жүзеге
асырады.
Ал енді Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы курстық жұмысыма
толықтай шолуға кірісейік ...

ҮКІМЕТ АТҚАРУШЫ БИЛІКТІҢ ЖОҒАРҒЫ ОРГАНЫ
Қазақстан Республикасының Үкіметі атқарушы органдардың жүйесін
басқарады және олардың қызметіне басшылық жасайды(64-бап). Үкімет
Қазақстан Республикасының атқарушы билігінің жоғарғы алқалы органы болып
табылады. Мұндай анықтама Қазақстан Республикасы Үкіметтің заңи табиғатын
ашады, мемлекеттік билікті бөлісу жүйесіндегі орнын көрсетеді және оның
қызмет сипатын бағалайды. Барлық атқарушы органдарды басқаратын,олардың
қызметіне басшылық жасайтын жоғарғы атқарушы орган ретінде ол елде
мемлекеттік басқаруды жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасының Үкіметі мемлекеттік биліктің жеке тармағы
болып табылады және мемлекеттің атқарушы билігінің бейнелейді.Сондықтан
Конституция Үкіметтің мемлекеттік билік жүйесіндегі орнын анықтайды,
биліктің басқа тармақтарымен өзара қарым-қатынасының нормативтік негіздерін
белгілейді. Конституция Үкімет пен Парламенттің Үкімет пен Президенттің
өзара қарым-қатынасын анықтап, тежемелі және тепе-теңдік механизмін
белгілейді.Үкіметтің сот билігімен де белгілі бір құқықтық байланысы бар.
Қазақстан Республикасының Конституциясына Үкімет мемлекеттің атқарушы
билігінің жоғары органы ретінде атқарушы органдар жүйесін басқарады(64-
бап). Конституцияның аталған қағидасына бірыңғай деген сөз болғанымен,
баптың мазмұны атқарушы билік органдарының бірыңғай жүйе құрайтынына
күмән тудырмайды. Ол Конституцияның 87-бабымен дәлелденді, онда:
Жергілікті атқарушы органдарының бірыңғай жүйесіне кіреді делінген.
Үкіметтің атқарушы билік жүйесіндегі жоғарғы орган ретіндегі жағдайы оның
Қазақстан Республикасының Бүкілаумағындағы жүзеге асырылатын және атқарушы
биліктің жергілікті органдарын қамтитын өкілеттіктермен қамтамасыз етіледі.
Үкімет атқарушы биліктің бірыңғай жүйесіне кіретін министрліктердің,
мемлекеттік комитеттер мен басқа ведомстволардың (бірқатар пәрменді
министрліктер мен ведомстволарды қоспағанда) жұмысын бағыттайды.
Үкімет атқарушы биліктің жоғарғы органы ретінде Қазақстан
Республикасының Конституциясымен, Президенттің Конституциялық заң күші бар
Жарлықтармен, басқа да нормативтік жарлықтарымен оныңс қарауына жатқызылған
мәселерді жеке шешеді. Үкімет өз құзіретінің шегінде нормативтік және
өзге де актілер қабылдайды, заңдардың, Президент Жарлықтарының орындалуын
ұйымдастырады, өзге де халаықаралық шарттар жасасады, барлық атқарушы
биліктің органдарын басқарады, олардың қызметін бақылайды және заңдардың
бұзылуын болдырмау үшін тиісті шаралар қолданады.
Үкімет қызметінің құқықтық негізі Конституция, заңдар, Қазақстан
Республикасы Президентінің Жарлықтары болып табылады

ҮКІМЕТТІҢ ҚҰРЫЛУЫ ЖӘНЕ ҚҰРАМЫ[1]
Үкіметті Конституцияда көзделген тәртіппен Президент құрады. Премьр-
Министрдін кондидатурасын Президенттің өзі тандайды және Парламент
Мәжілісіне ұсынылған саясипартиялардың фракциялар өкілдерімен
ақылдасақаннан кейін Премьр министрге кандидатураны Мәжілістің қарауына
енгізеді. Парламент Мәжілісінің келісімін алғаннан кейін Президент Премьр-
Министрді, оның орынбасарларын, Үкімет Аппаратының басшысын, министрлерді,
мемлекеттік комитеттер төрағаларын қызметке бекітеді. Конституцияда
Үкіметтің құрылымы мен құрамы туралы айтылған. Қазақстан Республикасының
Президентінің Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы Конституциялық
заңи күші бар Жарлығында Үкіметтің құрылымын министрліктер мен өзге де
орталық атқарушы органдар құратыны айтылған. Үкіметтін құрамына Премьр-
Министр,оның орынбасарлары және Республиканың өзге де лауазымды адамдары
кіреді. Үкіметтің құрамы мен құрылысы туралы ұсынысты Премьр-Министр
тағайындалған кейінгі он күндік мерзім ішінде енгізеді. Үкімет мүшелері
халыққа және Республика Президентіне ант береді. 2007 жылғы 21 мамырдағы
Заң жаңадан сайланған Парламент Мәжілісі алдында Республиканың Премьр-
Министрі Үкіметке сенім білдіру туралы мәселе қояды. Мәжіліс Үкіметке сенім
білідірген жағдайда, егер Президент өзге шешім қабылдамасса, ол өзінің
міндеттін орындауды жалғастырады. Мұндай ереженің мәні мынада, Президент
пен Парламент Мәжілісін сайлау мерзімі сәкес келмеуі мүмкін. Премьр-
Министрді Мәжілістің келісімімен Президент тағайындайтындықтан, Үкіметтің
өкілеттік мерзімінің өтпегеніне қарамастан,жаңадан сайланған Мәжіліс
Премьр-Министрді тағайындауға келісім беру құқығын иеленеді.
Республика Үкіметті Президенттің өкілеттік мерзімі шегінде жұмыс
істейді және жаңа сайланған Президент алдында өзінің өкілеттігін тоқтатады.
Үкімет өз міндеттін Республика Үкіметінің жаңа құрамы бекігенше орындайды.
Үкіметтің өкілеттігін тоқтату және оның кез-келген мүшесін қызметтен босату
туралы Президенттің өзінің жеке бастамасы бойынша шешім шығаруына құқығы
бар. Премьр-Министрді қызметінен босату бүкіл Үкіметтің өкілеттігін тоқтату
білдіреді.
Үкімет және оның кез келген мүшесі егер өзіне жүктелген қызметті одан
әрі жүзеге асыру мүмкін емес деп есептесе, өзінің орнынан түсетінін
Президентке мәлімдеуге құқылы. Қандай жағдайда Үкіметтің тұтас немесе оның
жекелеген мүшесінің орнынан түсетінін мәлімдей алатындығы заңда көзделмеген
оған Парламентпеен өзара қарым-қатынасына қатысты емес әртүрлі мән жәй
негіз болуы мүмкін. Үкімет Бағдарламасымен, Үкімет басшылығының жұмыс
стилімімен келіспеуі, сырқаты және тағы басқалары себепші болуы мүмкін.
Парламент Үкіметке сенімсіздік білдірген кезде Конституциялда
көзделген жағдайларда, егер Парламент Үкіметенгізген заң жобасын қабылдамай
тастаса; 61-баптың 7-тармағы Үкіметөзінің орнынан түсетіні туралы
Президентке мәлімдейді. Республика Президенті он күн мерзім ішінде орнынан
кетуді қабылдау немесе қабылдамау туралы мәселені қарайды. Егер Президент
орнынан түсуді қабылдамаса, онда ол оның орнынан түсуі туралы мәләмдеген
Үкіметтің немесе оның мүшесінің өкілеттігі тоқтатылғанын білдіреді. Егер
Премьр-Министр орнынан түсуінің қабылдануы Бүкіл Үкімет өкілеттігінің
тоқтатылғанын білдіреді.
Конституция Үкімет құрамында болуға қатысты шектеуді көздейді.
Республика Үкіметі мүшелерінің:
өкілді органның депуттары болуға;
оқутышылық, ғылыми немесе өзге шығармашылық қызметтерден басқа ақылы
қызметтер атқаруға;
кәсіпкерлікпен шұғылдануға;
коммерциялық ұйымның басшы органының немесе байқаушы кеңесінің құрамына
кіруге, бұл заңнамаға сәйкес өздерінің лауазымдық міндетті болып табылатын
жағдайларды қоспағанда, құқығы жоқ.
Республика Президентті Үкіметке немес Премьр-Министрді не Үкіметтің
тиісті мүшелерін отставкаға жіберген барлық жағдайда да, Қазақстан
Республикасының Конституциясында атқарушы органдар жүйесін басқаратын
мемлекеттің ұжымдық органының құрамына тікелей Президенттіңттағайындауы
бойынша кіретін лауазымды адамдар назарға алынған.

ҮКІМЕТТІҢ ҚҰЗЫРЕТІ
Атқарушы биліктің жоғарғы органы ретінде Үкіметке Қазақстан
Республикасы Конституциясымен және Президенттің Қазақстан Республикасының
Үкіметі туралы 1995 жылғы 18 желтоқсандағы Конституциялық заң күші бар
Жарлығымен орнықтырылған кең өкілеттіктер берілген. Электрондық
Үкіметқұру міндетті алға қойылды. Қазақстан Республикасының Президенті
Н.Ә. Назарбаев ...іс жүзінде электрондық үкіметті қалыптастыратуға
кірісетін уақыт келді деді. Ол өз қызметін ашық жүргізетін, саны бойынша
көп емес Үкімет. Сондай-ақ халық пен шенеуніктер арасындағы қатынас
уақытын қысқартады,қызмет көрсету сапасын жақсыртып, оның мерзімін
азайтады. Бұл жаңа әкімшілік реформа жүргізуге және мемлекет аппаратын
қысқартуға әкелді. Мұндай жұмысты жүзеге асыру үшін компьтерлік
сауатсыздықты жоюдың ауқымды бағдарламасын жасау және халықтың Интернетке
қол жеткізуін қамтамасыз ету қажет[2] .

Экономика саласында Үкімет мемлекеттің экономикалық саясаттың негізгі
бағыттарын, оны жүзеге асырудың стратигиялық және тактикалық шараларын
әзірлейді; экономикалық бағдарламаларды, Республикалық бюджетті әзірлейді
және оның атқарылуы туралы есебін құрады, оның атқарылуын қамтамасыз
етеді; Республианың қаржы жүйесін әзірлеп, оны нығайту жөніндегі шараларды
жүзеге асырады;мемлекеттік валюталық, қаржылық және материалдық ресурстарды
құру және пайдалану кезіңде заңдылықтың сақталуына мемлекекттік бақылауды
қамтамассыз етеді; құрылымдық және инвестициялық саясатты жүзеге асырады;
бағаны құру жөніңдегі мемлекеттік саясатты әзірлеп, жүргізіді, мемлекетпен
реттелуші баға қолданылатын өнім,тауар және қызмет номенкулатурасын
белгілейді; мемлекеттік меншікті басқаруды ұйымдастырады,оның қорғалуын
қамтамасыз етеді.

Әлеуметтік салада Үкімет мемлекеттік саясаттың,мемелекеттік бағдарламаның
негізгі бағыттарын әзірлейді;еңбекке ақы төлеудің жүйесі мен шартын,
азаматтардың әлеуметтік қорғалуын,мемлекеттік тұрғыдан әлеуметтік
қамтамасыз етілуі мен әлеуметтік дамыту мәселелерін шешуді
қамтамасыздандырылуын белгілейді;аймақтарды әлеуметтік дамыту мәселелерін
шешуді қамтамасыз етеді;жастар, дене мәдениеті мен спорт, туризм,
әлеуметтік әріптестік проблемаларын шешуге ықпал етеді.
Ғылым ,техника, білім және мәдениет саласында Үкімет ғылыми-техникалық
даму жоспарын әзірлейді және жүзеге асырады; ғылым мен техниканы, мәдениет
пен білімді дамыту, жаңа технологияны енгізі жөніндегі мемлекеттік саясатты
әзірлеп, жүзеге асырады.
Әкімшілік-саяси басқару саласында Үкімет консультативті-кеңесші органдарды
құрып, таратады, Үкіметтің құрамына кірмейтін министрліктердің, мемлекеттік
комитеттердің, орталық атқарушы органдардың қызметін басқарады, олардың
заңдарды, Президент пен Үкіметтің актілерін орындауын бақылайды;
министрліктердің орынбасарларын қызметке тағайындап,қызметтен босатады,
Үкімет құрамына кірмейтін орталық атқарушы органдардың басшыларын қызметке
тағайындап, қызметтен босатады; Мұны негіздеу үшін мемлекеттік қызмет және
оны өткеру тәртібі туралы заңнамалық актілер белгілейліп, оларды
нақтылайды. Үкімет құрамына кірмейтін аталған лауазымды адамдарды
отставкаға жіберу Қазақстан Республикасы Конституциясының 70-бабымен
реттеледі; Үкімет сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік
басқару мәселелері жөніндегі қызметін басқарады, олардың заңдарды орындауын
бақылайды, олардың заңдарды орындауын бақылайды.
Заңдылық пен құқық тәртібін нығайту саласында Үкімет құқықтық реформаның
жүзеге асырылуын қамтамасыз етеді;азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын
сақтау мен қорғау, заңдылық пен құқық тәртібін, Республиканың қауіпсіздігі
мен қорғаныс қабілетін, мемлекеттік шекараның аумақтық тұтастығы мен
қорғалуын қамтамасыз ету жөнінде шаралар әзірлеп,жүзеге асырады.
Сыртқы саясат саласында Үкімет келіссөз жүргізіп, үкіметаралық келісімдерге
қол қою туралы шешімдер қабылдайды; Республиканың шет мемлекеттермен,
халықаралық және аймақтық ұйымдармен өзара қарым-қатынасын дамытуды
қамтамасыз етеді; сыртқы экономикалық саясатты жүзеге асыру жөнінде шаралар
әзірлейді; сыртқы сауданы дамыту жөнінде шаралар қолданады; халықаралық
қаржы ұйымдарымен өзара ынтымақты қарым-қатынс орнатады

Үкіметтің Қызметін Ұйымдастыру
Үкіметке Премьр-Министр басшылық етеді,оның өкілеттігі Республика
Конституциясымен және Қазақстан Республикасы Президентінің Үкіметі
туралыКонституциялық заң күші бар Жарлығымен бекітіледі.Премьр-Министрдің
мынадай өкілеттігі болады:
Үкіметтің жұмысын ұйымдастырады және өзінің орыбасарлары мен Үкімет
мүшелері арасында қызметміндетін бөледі;
Президентпен, Парламентпен, Конституциялық Кеңеспен, Жоғарғы сотпен, Бас
прокуратурамен, басқа да мемлекеттік органдармен қатынаста Үкімет атынан
сөйлейді немесе оны үкіметтің өкілдігіне тапсырады ;
халықаралық қатынастарда Үкімет атынан сөйлейді немесе мұны Үкіметтің
өкілдігіне тапсырады және үкіметаралық шарттар мен келісімдерге қол қояды;
Республика Президентіне: Үкіметтің құрылымы мен құрамы туралы; Үкіметтің
құрамына кірмейтін министрліктерді, мемлекеттік комитеттер мен орталық
атқарушы органдар құру, қайта құру және тарату туралы; Үкімет Аппаратының
басшысы,министр қызметіне тағайындалатын кандидатуралар туралы; мемлекеттік
комитеттің төрағасы, облыс, республикалық маңызы бар қалалар және
Республика астанасының әкімі туралы;аталған адамдарды қызметтерінен босату
туралы ұсыныс түсіреді;
Президенке Республиканың мемлекеттік бюджетімен қаржыландыратын барлық
органдардың қызметкерлерін қаржыландырып, оларға еңбек ақы төлеудің
бірыңғай жүйесін бекітуге ұсынады;
Президентке Үкімет қызметінің негізгі бағыттары және оның барлық ең маңызды
шешімдері туралы баяндайды;
Үкімет мүшелерінің,орталық және жергілікті атқарушы органдар басшыларының
есебін тыңдайды.
Премьр-Министр оған заң жүктеген және оған басшылық жасауға және оған
басшылық жасауға қатысты басқа да өкілеттіктерді оындайды.
Президенттің Қазақстан Республикасының Үкімет туралы Конституциялық заң
күші бар Жарлығымен Премьр-Министр орынбасарларының өкілеттігі
белгіленген. Олар лауазымы бойынша Үкімет құрамына кіреді және мынадай
өкілеттіктерді атқарады:
Үкімет құрамына кірмейтін тиісті министрліктердің, мемлекеттік
комитеттердің, орталық атқарушы органдардың сондай-ақ жүктелген шекте
мемлекеттік басқару салаларының қызметін үйлестіреді;
мемлекеттік басқарудың үйлестірілетін салаларының жай-күйіне жауап
береді,оларда заңдардың, Президент және Үкімет актілерінің орындалуына
бақылауды жүзеге асырады;
Премьр-Министрдің және Үкіметтің қарауына Үкімет құрамына кірмейтін тиісті
орталық атқару органдарының басшылықтарын қызметіне тағайындау және
қызметінен босату туралы ұсыныс енгізеді.
Преемьр-Министрдің орынбасарлары Премьр-Министрдің тапсырмасы бойынша басқа
да қызметтер атқарады.
Министрлер, мемлекеттік комитеттердің төрағалары Үкімет мүшелері
болып табылады. Олар тиісті министрліктер мен мемлекеттік комитеттердің
қарауында болатын мемлекеттік басқару салаларындағы қызметтің жай-күйіне
жауап береді. Сонымен бірге Үкіметтің мүшелері Үкімет қабылдаған
шешімдерге,тіпті егер олардың қабылдауына дауыс бермесе де,бірақ өзінің
бұған келіспейтінін дереу хабарламаса, ұжыдық жауап береді.(Қазақстан
Республикасы Конституциясының (68-бабы).
Республиканың Премьр-Министрінің жанынан Үкіметтің тұрақты жұмыс ісейтін
органы ретінде Төралқа құрылады. Үкіметтің Төралқасының құрамына лауазымы
бойынша Премьр-Министрдің орынбасарлары және Үкімет Аппартының басшысы
кіреді. Премьр-Министрдің Төралқа құрамына Үкіметтің басқа мүшелерін
енгізуге құқылы, Үкімет төралқасының отырыстартарын әзірлеу және өткізу
тәртібін Регламент белгілейді.
Үкімет отырысы айына кем дегенде бір рет өткізіледі. Отырысты Премьр-
Министр не Президент шақырады. Аса маңызды мәселелер бойынша Үкімет қарауы
кезіндеоның отырыстарына Президент төрағалық етеді. Егер оған оның
мүшелерінің кем дегенде үштен екісі қатысса ол құқылы болып есептеледі.
Президенттің не Премьр-Министрдің бастамасы бойынша отырыс ашық өткізіледі,
Үкімет отырысы жабық өткізілуі де мүмкін.
Үкімет пен Премьр-Министрдің қызметін ақпараттық – талдау, құқықтық,
ұйымдық және материалдық – техникалық жағынан жүзеге асырылуын қамтамасыз
ететін өз Аппараты құрылады.Аппарат басшысын Премьр-Министрдің ұсынысы
бойынша Президент қызметке тағайындап, қызметінен босатады. Аппарат басшысы
Үкімет аппаратының Президент Әкімшілігімен, Парламент
апаратымен,министрліктермен, мемлекеттік комитеттерімен, ведомстволармен,
жергілікті атқару органдарымен өзара қарым-қатынасын ұйымдастырады.
Үкіметтің құзыретіндегі мәселелер бойынша ұсыныстар әзірлеу Үкімет
жанынан комиссиялар, кеңестер және өзге де консультативті – кеңесші
органдар құрылады.Бұл органдарды Премьр-Министр,оның орынбасарлары, Үкімет
мүшелері басқарады.Консультативті - кеңесші органдардың шешімі нұсқаулық
сипатта болады.
Қазақстан Республикасының Үкіметі өз қызметінде біртұтастық принципін,
мемлекеттік билікті үш тармаққа бөлу, заңдылық, жариялық, қоғамдық, келісім
мен саяси тұрақтылық,адамдар мен азаматтардың құқықтары мен бостандықтары
принциптерін басшылыққа алады.

ҮКІМЕТТІҢ НОРМА ШЫҒАРУШЫЛЫҚ ҚЫЗМЕТІ
Қазақстан Республикасының Үкіметі, біріншіден, Парламентпен Президент
жүзеге асыратын заң шығару процессіне қатысады;екіншіден, өз құзіреті
шеңберінде норма шығарушылықты жүзеге асырады;үшіншіден, министрліктер мен
ведомстволардың норма шығарарушылық қызметін бақылайды;төртіншіден,атқарушы
биліктің жергілікті органдарының норма шығарушылық қызметін бақылайды.
Үкіметтің заң шығарушылық бастамашылық құқығы болады.Ол өз құзіретіне
кіретін барлық мәселелер бойынша заң жобаларын әзірлеп,оны мәжілістің
қарауына енгізі құқылы.
Қазақстан Республикасының Үкіметіне заң шығару бастамасы құқығының
берілуі жөніндегі конституциялық қағида Үкімет Парламентке заң жобасын
енгізі де алады, енгізбей-ақ қоюына болады деген сөз емес.Үкімет мемлекеттк
биліктің заң негізінде қолдана алатын кең өкілеттікті иеленген ерекше
тармағы ретінде, сөз жоқ, тиісті заңдардың қабылдануына мүдделі.Сондықтан
Үкімет заң жобалау жұмысымен шұғылдануға құқылы ғана емес,міндетті де.Заң
шығарушылық бастама құқығын жүзеге асыру мақсатында Үкімет заң жобалау
жұмыстарын әзірлейді[3] .
Заң жобаларын әзірлеуде министрліктер мен ведомстволар Үкіметтің
ұйымдық тірегі болып табылады. Республика министрліктерінің,мемлекеттік
комитеттерінің және ведомстволарының нақты жобаларын әзірлеу жөніндегі
ұсыныстарын Үкімет Республиканың Әділет министрлігі енгізеді.Ол қаралып,
қорытылғаннан кейін заң жобалау жұмыстарының тізбесіне кіргізі үшін
Парламент Мәжілісіне жіберіледі.

Заң жобалау жұмыстарының тізбесіне және Республика Парламентінің осы
мәселелер бойынша қабылдаған шешіміне орай орталық атқарушы органдар заң
жобаларын қазақ және орыс тілдерінде әзірлеп, белгіленген мерзімде Үкіметке
беруге тиіс.Ұсынылған заң жобаларының сапасына, дер кезінде
әзірленіп,ұсынылуына орталық атқару органдарының бірінші басшысы тікелей
жауап береді. Сапаұғымы айтарлықтай кең ұғым. Заң жобаларын мүдделі
министрліктердің әзірлеуі, олардың өздерінің тар шеңберлі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ҚР – сы атқарушы органның бірі, министірлік қызметі
Заң шығарушы билік органдары
Қазақстан Республикасындағы үкіметтің құқықтық-конституциялық құзіреттілігі мен мәртебесі
Орталық атқарушы органдар
Атқарушы билік органдары
Мемлекетті басқару органдарының жіктелуі
ҚР –сы атқарушы органның бірі, министірлік қызметі туралы ақпарат
Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік билік бірлігінің конституциялық-құқықтық сипаттамасы
Орталық атқарушы органдар әкімшілік құқықтың субъектісі ретінде
Мемлекет механизміндегі президент пен үкіметтің өзара әрекеттесуі
Пәндер