Халықаралық сауданының альтернативті теориялары


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 39 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . . 2

  1. ХАЛЫҚАРАЛЫҚ САУДА ТЕОРИЯЛАРЫ . . . 4Халықаралық сауданың классикалық теориялары . . . 4Халықаралық саудадағы ортақ тепе-теңдіктер . . . 11Халықаралық сауданының альтернативті теориялары . . . 12
  2. САУДА САЯСАТЫ . . . 15Сауда саясатының мәні, негізгі түрлері және оны жүзегеасыру құралдары . . . 15Сауда саясатының жасырын әдістері . . . 20Сыртқы және халықаралық сауда саясаты . . . 21Сыртқы сауда саясатының құралдары . . . 22Халықаралық сауда ұйымы . . . 24
  3. ҚАЗАҚСТАННЫҢ ӘЛЕМДІК САУДАДАҒЫ ОРНЫ ЖӘНЕ РӨЛІ . . . 28Қазақстанның халықаралық саудадағы рөлі . . . 28ҚР халықаралық саудадағы болашақ орны . . . 33ҚОРЫТЫНДЫ . . . 37ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 39КІРІСПЕ

Курстық жұмыстың өзектілігі: Еліміздегі үрдіс пен нарықтық жүйесі жылдан жылға дамып келеді. Нарықтық экономиканы ары қарай жетілдіру мен дамыту, экономиканың қатынастарға түсімді жақтарды ақпараттар жүйесімен қамтамасыз ету, жан- жақты талдау қызметтерін жүргізу, экономикалық тиімді шешім қабылдау үрдісінде рөлі зор. Әлемдік шаруашылық байланыстардың күрделі жүйесінде халықаралық сауда ерекше орын алады. Сыртқы сауда тауарларды басқа елдерге шығарудан экспорттан және таурады басқа елдерден әкелуден импорттан құрылады. Белгілі кезеңде тауарлар экспортының құны мен олардың импортының құны арасындағы арақатынас сауда баланысы болады. Егер экспортталатын тауардың құны импортталатын тауардың құнынан асып кетсе, ел активті сауда баланысына ие болады. Ал импорт экспорттан асып кетсе пассивті сауда баланысының жай - күйі сол елдің дүниежүзілік рыноктағы бәсекелестік қабілеттілігінің белегілі мағанада сол ел экономикасы жай - күйінің маңызды көрсеткіші. Осы уақытқа дейін тауарларды шетке шығару халықаралық экономикалық қатынастардың негізгі формасы болып есептелген еді, ал қазіргі кезде шетелдік инвестициялау (атап айтқанда: бірлескен өндірістік қызмет, технологиялардың халыкаралық трансферті) халықаралық экономикалық катынастардың жетекші формасы болып саналады. Біздің пікіріміз бойынша әлемдік сауданың ролі өте жоғары. Қандайда бір елдің экономикасы дамуы ол елдің сыртқы саудасына байланысты. Ешқандайда ел өзі жеке бөлек болып күшті экономика құралмайды. Осыған қарамастан, халықаралық сауда өзінің масштабы мен функциялары бойынша халықаралық экономикалық қатынастардың жалпы комплексінде маңызды орынға ие болып отыр, яғни басқаша айтқанда, есептеулер бойынша халықаралық сауда халықаралық экономикалық қатынастардын, жалпы көлемінің 80% үлесін алып отыр. Халықаралық сауда - әр түрлі елдердегі тауар өндірушілер арасындағы байланыс формасы болып табылады, яғни ол халықаралық еңбек бөлінісі негізінде қалыптасады және елдердің өзара тәуелділігін көрсетеді. Ғылыми-техникалық революцияның өнеркәсіптік өндіріс специализациясы мен корпорациясы әсерінен елдер экономикасында болып жатқан құрылымдық өзгерістер ұлттық экономикалардың өзара әсерлесуін күшейтеді. Ұлттық экономикадағы ұлттық нарықтардың жиынтығы-әлемдік нарықты құрайды.

Бұл курстық жұмыстың мақсаты - халықаралық сауда мен сауда сясатын мәнін талдау және Қазақстанның әлемдегі саудадағы орны мен рөлін көрсету.

Курстық жұмыстың міндеттері : Қазақстан Республикасының сыртқы саудағы мәнін ашу оның түрлерін зерттеу, ҚР сыртқы сауданың толық мазмұнын қарастыру.

- Халықаралық сауданың мәні, ерекшеліктері және формалары;

- Сауда саясаты және жүзеге асыру құралдары;

- Қазақстанның халықаралық саудадағы орны;

- Қазақстанның халыақаралық саудадағы болашақ орны және рөлі.

Курстық жұмыстың құрылымы : Кіріспеден, үш бөлімнен, қорытынды және қолданылған әдебиеттен тұрады.

1. ХАЛЫҚАРАЛЫҚ САУДА

Халықаралық сауда - әртүрлі мемлекеттердің ұлттық шаруашылықт-арының арасында жүретін тауар мен қызмет айырбасы. Халықаралық сауданың негізі - халықаралық еңбек бөлінісі. Халықаралық еңбек бөлінісі жеке елдердің мамандандырылуын сақтайды. Олардағы өндіріс қызметінің әртүрлі саласын белгілі түрге мамандандырады нәтижесінде өндіріс нәтижесін, ғылыми-техникалық қызметтер тауарлармен айырбастау жағдай туғызып, халықаралық сауда дами түседі.

Халықаралық еңбек бөлінісі жеке елдердің тауар өндіруге қалыптасқан дұрыс жағдайларымен түсіндіріледі. Халықаралық еңбек бөлінісімен тауар айырбасын ынталандыратын төрт негізгі факторларды атап өтуге болады.

  1. Әлеуметтік жағрапиялық факторлар - жағрапиялық орналасу, халықтың құрылымы саны, және де олардың шаруашылық тәжірибесі, білімі, әдет-ғұрпы бойынша жеке елдердің арасындағы айырмашылық.
  2. Табиғи экономикалық факторлар - табиғи климаттық жағдайлар, жер шаруашылығы құралдары, табиғи кен байлықтары, су және басқа да ресурстармен қамтамасыз етілу жағынан жеке елдердің арасындағы айырмашылық.
  3. Техникалық экономикалық факторлар - жеке елдердің экономикалық және ғылыми техникалық даму деңгейі әр түрлі болуымен анықталады.
  4. Ғылыми техникалық процесс. Халықаралық еңбек бөлінісі өнімдердің тұрақты түрде жаңаруына, тауарлар ассортиментінің және олардың техникалық күрделілігінің шапшаң өсуіне әкеледі.

Халықаралық еңбек бөлінісі мен өнеркәсібі дамыған елдерді нығайту өнеркәсіп өнімдерін айырбастаудың өсуіне алып келеді. Халықаралық саудада шикізат тауарларының үлес салмағының кемуі қазіргі өндірісте шикізат ролі кемуінің тенденциясын байқатады. ҒТР-ның дамуы жаңа технологияны қолдануға әкеліп шикізатқа шығындарды және дайын өнімнің мөлшеріне энергияны қысқарта ҒТР сауданың қалыптасқан түрлерінен басқа түрлерін де тудырады. Оларға: техникалық білім техникалық іс-тәжірибе, техникалық процесс пен лицензия патенттер жатады.

Сыртқы сауда - тауарды әкелуден (импорт) және шығарудан (экспорт) құралады . Әрбір елдің сыртқы сауда нәтижесі сауда балансынан көрінеді. Егер шығарылған тауар құны әкелінген тауар құнынан артық болса - онда оны сауда балансы деп атайды. Керісінше болған жағдайда пассивті сауда балансын құрайды.

1. 1. Халықаралық сауданың классикалық теориялары

Халықаралық сауда - халықаралық еңбек бөлінісі негізінде пайда болған әртүрлі елдің тауар өндірушілері арасындағы байланыс формасы болып табылады, және олардың өзара экономикалық тәуелсіздігін білдіреді. Сонымен бірге, халықаралық сауда дегеніміз - әлемнің барлық елдері арасында жүргізілетін төлемі бар жиынтық тауар айналымы. Халықаралық дамуын ғылыми тұрғыда түсіндіруге тырысқан бірнеше классикалық теориялар бар. Олардың қатарында:

Меркантилизм - феодализмнің ыдырауы мен капитализмнің қалыптасуы кезеңіндегі (ХҮ-ХҮІІІ ғғ. ) сауда буржуазиясының мақсат-мүдделерін кескіндейтін экономикалық ілім мен экономикалық саясат. Меркантилистер байлық көзі өндіріс аясы емес, айналым аясы болады деген қағидаға сүйенеді; олар мемлекет ауқаттылығы елде ақшаның (алтынның, күмістің) мүмкіндігінше неғұрлым көп жиналғандығына байланысты деп есептеді және елден шет елге шығарылатын тауарлар елге әкелінетін тауарлардан көп болуына қол жеткізуге тырысты.

Бұл ілімді қолданушылар ұлттың өркендеуінің негізі алтын қорларының болуында деп бекітті. Ақша құралдары (алтын, күміс түрінде) әскерді ұстауға мүмкіндік береді, мемлекет басшысының басқарушы ретіндегі дәрежесін күшейтеді, алтынның қордалануы отарлау соғыстарын жүргізуге, фабрикалар (мануфактуралар) салуға, жаңа жұмыс күшін қалыптастыруға себепші болады.

Меркантилистердің ойынша, сыртқы сауда қалайда алтынды қолға түсіріп алуға негізделуі қажет, себебі жай тауар айырбасы жағдайында (мысалы, жүнді шарапқа айырбастағанда) ол тауарлар тұтынылады да өз айналымын мүлде тоқтатады. Бұл кезде сауда нөлдік сомамен ойын түрінде қарастырылды, яғни бір ойыншының ұтысы екіншінің ұтылысы деген сөз. Меркантилистердің көзқарастары бойынша, әлемдегі барлық байлық шектеулі, сондықтан бір елдің баюы, екінші елдің кедейленуі арқылы жүргізіледі. Экономикалық жүйе 3 сектордан тұрады: өндіруші сектор, ауылшаруашылық секторы және шетелдік колониялар. Елдің байлығын қазынадағы алтын мен күмістің көлеміне байланысты деп есептеген олар, мемлекеттің мүддесін нығайту үшін алтынның сырттан әкелуіне қолайлы жағдайлар жасау керек деді.

А. Смиттің «Абсолютті артықшылықтар теориясы». Бұл теория бойынша - әрбір ел өзінде аз шығын жұмсап өндірген өнімін экспортқа шығарады (өндіруде абсолютті артықшылықтарға ие), ал импорттан өндірістерде көп шығын жұмсалатын тауарларды сатып алады (өзі өндірген тиімсіз, сатып ала бере ма? Бағасы төмен болса, кім төлейді?) . Сонымен бірге, А. Смит еркін сауда теориясының негізін қалаушы (ЛЭССЭ - ФЭР) экономикаға мемлекеттің араласпауы және еркін бәсеке.

А. Смит халықаралық еңбек бөлінісі жөніндегі мәселелерді талдап, қандай тауарларды экспорттау, импорттау керек екендігі жайлы өз ойын былайша тұжырымдады: «Егер бөтен бір мемлекет өзіміз шығара алатынымызға қарағанда, арзан тауармен бізді қамтамасыз етуге қабілетті болса, онда сол тауарды өзіміз шығармай-ақ, шет елден сатып алу әлдеқайда тиімді».

А. Смитттің «Халықтар байлығының табиғаты мен себептері туралы зерттеу» атты басты еңбегінде (1776 жыл) басты идея - ұлттар мен халықтар байлығының негізі еңбек бөлінісі екендігіне саяды. Автор келесі қорытынды шығарды: халықаралық еңбек бөлінісіне белсенді қатысып жатқан елдер пайда табады.

А. Смиттің корытындысы меркантилистердің ойына қайшы болды. Экспорттың импорттан үлкен болуы салдарынан елге ағылатын алтын мен күміс емес, елдің өз иелігіндегі табиғи және абсолютті артықшылықтарын пайдалану арқылы халықаралық еңбек бөлінісіне белсене қатысушылық қана мемлекеттің тұрмыс жағдайының өсуіне себепкер бола алады.

Сонымен, шет ел тауар өндірушілері ұлттық тауар өндірушілерге қарағанда, өнімді арзан шығара алса, онда ондай өнімді сатып алудан тартынбау керек. Бұл жалпы ереже мынадай тәжірибелік қорытындыға әкеледі: «Халықаралық айырбасқа бөгет жасау дұрыс шараға жатпайды». А. Смит осы қорытындыны төмендегі қосымша үш аргументпен толықтыра түседі:

- екі халық арасындағы айырбас олардың әрқайсысына бәсекеге қабілетті өндірістің басы артықтарын өткізуге мүмкіндік береді және сонымен бірге, айырбассыз мүлдем керексіз болатын тауарлардың құнын арттырады. Рынокты ел шекарасынан асыра кеңейтіп, өндірістің ұлғаюына, яғни табыстың өсуіне мүмкіндік береді;

- сыртқы сауда қаржы сақтау, қор жинауға деген қабілеттілікті арттырады және осы қор жинау үдерісі арқылы бүкіл елдің капиталын жоғарылатады. Шындығында, экспорт - ұлттық табысты арттырса, тауарды шет елден сатып алу - ұлттық тұтыну шығындарын азайтады. Ал қор жинау - табыс пен тұтынудың айырмасымен анықталады. Егер сыртқы сауда шын мәнінде әртүрлі елдердегі өндіріс шығындарының деңгейіне тәуелді мамандану қағидасына негізделетін болса, онда ол шындығында, қор жинау үдерісіне, яғни әр халықтың байлығының өсуіне үлес қосатыны анық;

- әрине, кейбіреулер сыртқы сауда бәсекеге бейімделмеген қызмет түрлеріне зиянын тигізеді деуі даусыз. Себебі ұлттың капиталы дегеніміз - оны құрайтын бөліктерінің сомасы. Солардың біреуіне қауіп төндіре отырып, сыртқы сауда жалпы ұлтқа зиянын тигізбей ме? Шет ел бәсекесінен қорғану арқылы жекелеген салаларды дамыту бүкіл халық байлығының өсуіне тиімсіз теріс әсер етуі мүмкін. Осы жағдайда протекционизм халықаралық мамандану кезінде тауар шығарғаннан әлдеқайда қымбат және көбірек капитал қажет ететін өндіріске әкелуі мүмкін: осы артық капитал жұмсау - ақшаны желге шашумен тең. Әрине, шетелдік бәсекеден қорғану шараларын тоқтату осындай кәсіпорындардың жоғалуына әкеп соғады, яғни капиталдың азаюы орын алады. Алайда, басқа салаларда болатын өндірістің кеңеюі жұмыс орындарын, ал одан кейін қосымша капиталды алып келеді. Тек жекелеген кәсіпкерлер ғана ұтылуы ықтимал, бірақ бұдан жалпы халық ұтады.

С алыстырмалы артықшылық теориясы. Д. Рикардо «Саяси экономияның және салық салудын принциптері» деген еңбегінде (1817ж. ) екі мемлекет арасындағы айырбас қай шектерде тиімді екенін және халықаралық маманданудың критерийлерін айқын көрсете отырып, классикалық теорияны тығырықтан шығарды.

Рикардо атап көрсеткендей, елдің ешбір өндірісте абсолютті артықшылығы болмаса да, сауда екі жақ үшін де тиімді. Тіпті сауда болмаған жағдайда да, екі ел арасындағы баға қатынасындағы сәл айырмашылықтың өзі әрбір ел үшін салыстырмалы артықшылыққа қол жеткізеді (егер саудалық қарым-қатынастардың орныққанын есепке алсақ), яғни басқа тауарларға қарағанда, өндірісі анағұрлым тиімді тауар өндіріліп, тап осы тауар басқасына айырбасталынып, экспортқа шығарылуы тиіс.

Сонымен, Рикардо «С алыстырмалы артықшылық теориясын» (заңын) ашты: ол бойынша, «әрбір елдің белгілі бір тауарды шығаруда салыстырмалы артықшылығы болады және оны сауда кезінде басқа тауарларға айырбастау тиімді. Екі тауар өндіруден абсолютті шығындар деңгейі жоғары елдер де тауар айырбасынан пайда ала алады».

Д. Рикардо А. Смиттің абсолютті артықшылықтар туралы идеясы тек жеке жағдай ретінде ғана енген өзара тиімді сауда мен халықаралық маманданудың анағұрлым жалпы принциптерін қалыптастырды. Рикардо сыртқы экономикалық қызметтің ерекшеліктерін анықтауга көп үлес қосты. Ол өз еңбегінде былай деп жазды: «Бір елдегі тауардың салыстырмалы бағасын реттейтін ереже екі немесе бірнеше мемлекеттер арасында айырбасталатын тауарлардың салыстырмалы бағасын реттей алмайды».

Өз заманының көптеген экономистері секілді, Рикардо да өз теориясын жетілдіру барысында мынадай нақты мысалға сүйенді: Англия мен Португалия арасындағы шарап пен мата айырбасы (1-кесте) . Басқа экономистер сияқты, Рикардо да осы тауарлардың құнын оларды өндіруге кеткен еңбек мөлшерінің өлшем бірлігін қолдану арқылы бағалайды (еңбек құны қағидасы) .

Кесте 1. Португалия мен Англия арасындағы шарап пен мата айырбасы

Өнім

Еңбек мөлшері бірлігі
Португалияда
Англияда
Өнім:

Шарап, 1 бөшке

Мата, 1 дана

Еңбек мөлшері бірлігі:

80

90

120

100

Дерек көзі: Мамыров Н. Қ . Халықаралық экономикалық қатынастары. Оқулық құралы - Алматы:Санат, 1998 -196

1-кестеде көрсетілгендей, шарап пен мата өндірісі Англия мен Португалияда әртүрлі еңбек мөлшерлерін қажет етеді: Англияда шараптың өлшем бірлігіне 120 еңбек бірлігі және матаның өлшем бірлігіне 100 еңбек бірлігі, ал Португалияда шараптың өлшем бірлігіне 80 еңбек бірлігі, мата бірлігіне 90 еңбек бірлігі сәйкес келеді. Егер А. Смиттің тұжырымдамасына сүйенсек, онда Португалия осы екі елге кажетті мата мен шарап өндірісін бір өзі қамтамасыз етуі тиіс. Егер осы екі елдің тауарга кажеттілігі екі тауардың әрбірінің өлшем бірлігіне теңестірілетін болса, онда қажетті өндіріс (әрбір өнімнің екі өлшем бірлігі) Португалиядан 340 еңбек бірлігіне шығындалуды талап етеді: 2*(80+90) .

Португалия фирмасы 80 еңбек бірлігі жұмсалынған 1 бөшке шарапты Англияда 120 еңбек бірлігіне сатып және шығыны соған сәйкес келетін баға бойынша мата сатып алу арқылы Англияда 1, 2 дана матаға ие болады. Басқаша айтқанда, Португалияның ұтысы:

дана мата

Сыртқы саудадан Англия да ұтады. Ол мата өндірісіне мамандану арқылы матаны Португалияда табысты сатқан жағдайда: егер Англия шарап өндіруге 100 өлшем бірлігіне тең бастапқы еңбек мөлшерін жұмсай отырып алатын 5/6 баррельмен салыстырғанда, баррель шарап сатып алу мүмкіндігіне ие болады. Бірақ матаны сату үшін өндірмеген болар еді. Бұл жағдайда Англия үшін табыс:

баррель шарап

Қарастырылған мысал абстрактты. Оны нақты өмірге жақындату үшін келесі шарттарды орындау керек:

- еңбек сауда жасаушы елдер емес, тек ел ішінде ғана мобильді (қарқынды) болуы керек, яғни басқа салаға ауысқанына қарамастан, жұмысшылардың жұмыс сапасы мен оның қарқындылығы өзгермеуі қажет;

- есептеулерде транспорт, кеден салықтарын төлеу, т. б. сауда-саттық шығындарды есепке алмау керек;

- жаңа технология, жаңа сапалы машиналардың үлгісін қолдану, т. б. арқылы еңбек шығындарының өзгеруін ескерусіз қалдырмау қажет.

Хекшер-Олин теориясы. Бүкіл халықаралық сауда дамуының шикізат қоры әлеуетінің айырмашылықтарын байланыстыратын теория халықаралық экономиканың басты теориясының бірі болып табылады. Оны шведтің екі экономисі құрастырды: Эли Хекшер - экономика тарихындағы атақты швед маманы. Ол 1919 жылы өзінің қысқаша құрастырған тақырыбын жариялады және 1977 жылы Хекшердің оқушысы Бертиль Олин осы теорияны жалғастырып, өңдеп, Нобель сыйлығына ие болды. Сондықтан бұл теорияны «Хекшер-Олин теориясы» деп атайды. Бұл теорияның басқаша атауы - «факторлық пропорция теориясы» және ол бөлшектер аралық байланысты ұсынады, яғни әр елдің шикізат әлеуетіндегі фактор, қайсы бір өнеркәсіпте шығатын өнімдерге бөлшектеп қолданылады.

Өндірісте қаржыны көп мөлшерде қажет ететін тауарлар экспортқа, керісінше - пропорциялық фактор қолданылатын тауарлармен айырбасталады. Осылайша жабық түрде артық факторларды экспортқа шығарады және өндірістің жетіспейтін факторларын елге шет елден әкеледі. Немесе өте қысқаша: мемлекеттер қарқынды қолданылатын өнімдердің артық факторын экспортқа шығарады.

Леонтьев парадоксы. Хекшер-Олиннің ережелері мен қорытындыларын тәжірибелік тұрғыдан тексеруге арналған көптеген зерттеулердің ішіндегі ең негізгісі - американ экономисі, Нобель сыйлығының лауреаты Василий Леонтьевтің жұмысы болып табылады. 1954 жылы оның сол кездегі капитал молшылығымен ерекшеленетін ел АҚШ-тың экспорты мен импортындағы еңбек пен капиталдың толық жұмсалуын негізге ала отырып, Хекшер-Олин теориясын тексеруге қадам жасаған мақаласы жарық көрді. Басқа ірі елдер ішінен бұл елге екінші дүниежүзілік соғыстың орасан зардабынан жеткілікті капиталмен шығудың сәті түсті. Бұл кезде Еуропада капитал жетіспеушілігі мен жұмыс күшінің салыстырмалы артықшылығы байқалды. Сондықтан АҚШ капитал сыйымдылығы бар тауарларды сыртқа шығарып, еңбек шығыны көп тауарларды шет елден әкеледі деп күтілген еді. Бірақ нәтиже керісінше немесе бүған қарама-қайшы болды да, теория « Леонтьев парадоксы» деп аталды [9] . Елдегі капиталдың салыстырмалы молшылығы (артықшылығы) Американың сыртқы саудасына әсер етпейтіні белгілі болды. АҚШ шет елден әкелгенге қарағанда, еңбек сыйымдылығы молырақ және капитал сыйымдылығы азырақ өнімдерді шет жаққа шығара бастады.

Леонтьев өз есептеулерін жургізу үшін американ экономикасының 1947 жылғы «шығындар шығарылымы» салааралық балансын пайдаланды. Сол арқылы өнеркәсіп 50 секторға бөлініп, оның 37-і өз тауарларымен сыртқы рынокқа шықты. Өндірістің еңбек пен капитал сияқты екі факторы есепке алынды. Бұдан әрі қарай жалпы құны 1 миллион доллар болатын тауарлар қоржыны бөлініп көрсетілді. Олардың әрқайсысында импорттық және экспорттық тауарлардын типтік жиынтығы сақталынды. Мәселен, егер тамақ өнеркәсібі экспорттың жалпы сомасының 10%-ын құраса, онда бұл құны 1 миллион долларға тең болатын қоржында тамақ өнеркәсібіндегі құны 1 миллион соманың 10%-ы, яғни 100 мың доллар бар екендігін білдіреді.

Зерттеу нәтижесі шет елге шығарылатын құны 1 миллион доллар және шет елден әкелінетін құны 1 миллион доллар тұратын тауарларды өндіруге қажетті капитал мен еңбек сомаларын өзара салыстыру арқылы алынды (2-кесте) .

Кесте 2. Тауарларды өндіруге қажетті капитал мен еңбек сомаларын салыстыру

Қажет шығындар
Экспорт
Бәсекелес импорттық тауарлар
Қажет шығындар: Капитал, 1947 жылғы баға, АҚШ доллары (С)
Экспорт: 2 550 000
Бәсекелес импорттық тауарлар: 3 091 000
Қажет шығындар: Еңбек, адам/жыл (Ь)
Экспорт: 182
Бәсекелес импорттық тауарлар: 170
Қажет шығындар: С/Ь арақатысы, 1 адам/жылға жұмсалған АҚШ долларының С/Ь арақатысы
Экспорт: 14 011
Бәсекелес импорттық тауарлар: 18 182

Дерек көзі: Мадиярова Д. М., Сыртқы экономикалық қатынастар. Экономикалық қауіпсіздік:оқу құралы. -Алматы:Экономика, 1999-195 бет

Құны 1 миллион доллар тұратын экспорттық тауарларды өндіру үшін 2, 5 миллион долларға жуық капитал қажет болса, ал осыған ұқсас бәсекелес импорттық тауарлар үшін 3, 09 миллион доллар қажет. Еңбек шығынына қатысты алғанда, бұған керісінше жағдай туындайды: бәсекелес импортқа жұмсалған 170 адам/жылмен салыстырғанда экспорттық тауарлардың еңбек сыйымдылығы неғұрлым артығырақ болып, 182 адам/жылға жетті. Осылайша, импорттың капитал сыйымдылығы 30%-дан артып кетеді де, экспорт сыйымдылығы 25%-дан көп екендігі байқалады.

Мұндай қайшылықты жағдайды, ең алдымен, 1947 жыл соғыстан кейінгі екінші жылмен тұспа-тұс келетінімен, сондықтан жағдайдың ерекше екендігімен түсіндіруге болады. Леонтьев аталмыш қайшылықтарды жоққа шығару мақсатымен 1956 жылы 1951 жылдың статистикалық мәліметтерін пайдалана отырып, өз есептеулерін қайталап шықты. Соның нәтижесінде американдық экспорттың еңбек сыйымдылык деңгейі американдық импорттың еңбек сыйымдылығы деңгейінен 6%-ға жоғары болып шықты. Әйтсе де қарама-қайшылық азайтылғанымен, ол толық жойылмады.

Леонтьевтің өзі салыстырмалы басымдылықтар теориясына сәйкес келетін мынадай дәлелдерді ұсынды: «Американдық экспорт құрамына кіретін еңбек факторының өзіндік ерекшелігі болды, себебі ол кезде АҚШ өз серіктестерінің көпшілігіне қарағанда, мамандануы жоғары деңгейдегі жұмыс күшіне ие болатын» [10] .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ САУДАНЫҢ НЕГІЗГІ СИПАТТАМАЛАРЫ МЕН КӨРСЕТКІШТЕРІ
Тауар мәні, ассортименті, номенклатурасы
Қазақ хандығы: 15-17 ғғ. халқы және шаруашылығы
Әлеуметтану: ғылымға кіріспе және басты ұғымды тұжырымдау туралы
Халықаралық сауда теориялары
Іскерлік кездесулер
Халықаралық сауда жайлы
Кейнстің экономикалық ілімі
«Кейнсиандық бағыт және оның эволюциясы»
Билік органдарын сайлау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz