Қазақстанда халықаралық туризмнің дамуы
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
1. ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРИЗМДЕГІ КӨЛІК САЛАСЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Қазақстанда халықаралық туризмнің дамуы
1.2 Халықаралық туризм сыртқы экономикалық қатынастың бір түрі ретінде,
оның ерекшеліктері
1.3 Әлемдік көлік-коммуникация жүйесінің бөлігі ретінде Қазақстанда
көліктік инфрақұрылымының қазіргі жағдайы
2 ҚАЗАҚСТАНДА КӨЛІК САЛАСЫНЫҢ ТҮРЛЕРІНЕ ТАЛДАУ
2.1 Көлік түрлері бойынша саланың даму ерекшеліктері
3 ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРИЗМДЕ КӨЛІК САЛАСЫН ДАМЫТУДАҒЫ НЕГІЗГІ ПРОБЛЕМАЛАР ЖӘНЕ
ОЛАРДЫ ШЕШУДІҢ ЖОЛДАРЫ
3.1 Көлік саласын дамытудағы іс- шаралар
3.2 Транзиттік әлеуетті пайдалану жолдары
3.3 Халықаралық туризмде көлікті дамытуда ұсыныстар мен негізгі бағыттар
ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
КІРІСПЕ
Ғылыми жұмыстың өзектілігі: Қазақстан үшін туризмнің дамуы қазіргі таңда
өте маңыздылығын Президент Н.Ә. Назарбаев өзінің Қазақстан 2030
Бағдарламасы негізінде халыққа жолдауында атап өткен. Осы бағдарлама
бойынша 2010 жылға дейін өзінің мүмкіндіктері мен бәсекеге қабілеттілігі
тұрғысынан перспективті салаларға ауыл шаруашылығы, орман және орман өңдеу
өнеркәсібі, жеңіл және тамақ өнеркәсібі, тұрғын-үй құрылысы және
инфрақұрылымымен қатар туризм де кірген.
Барлық қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының
артуы Жолдауында Мемлекет басшысы мынадай міндет қойды:
Қазақстан әлемдік көлік-коммуникация жүйесінің бөлігі болып табылады, ол
бізден еліміздің бүкіл көлік инфрақұрылымын озыңқы дамытуды талап етеді.
Еліміздің экономикалық өсуінің маңызды факторларының бірі көлік
инфрақұрылымын серпінді дамыту және жетілдіру болып табылады. Қазақстандық
көлік кешенін халықаралық көлік жүйесіне бірігу процестерін жеделдету және
еліміздің транзиттік әлеуетін дамыту мақсатында көліктік қызметтерді
көрсетудің бәсекелі ортасы қалыптасты. Көліктің тиімді дамуы ел
экономикасына, сауданың өсуіне, құрылымдағы көлік шығынының үлесін
төмендетуге едәуір ықпал етеді.
Әлемде аумағы бойынша 9-орын алатын Қазақстан үшін жүк тасымалы ғана
емес, өңірлердің дамуы да, әлеуметтік проблемалардың шешімін табуы да
көлікке байланысты.
Осыған байланысты көлік инфрақұрылымын жетілдіру елдің Үдемелі
индустриялық-инновациялық дамуы жөніндегі мемлекеттік бағдарламаның маңызды
бағыттарының бірі болып саналады.
Жалпы көлік жолаушылар мен жүктерді тасымалдаудағы өскелең сұранысты
қанағаттандырды. 1995 жылдан бастап 2009 жылға дейінгі кезеңде: жолаушылар
тасымалы 2,4 есе, жүк тасымалы 1,5 есе, жүк айналымы 2 есе, жолаушылар
айналымы 2,5 есе ұлғайды.
Туризмді дамыту көлік инфрақұрылымын дамытумен тікелей байланысты.
Елімізге туристер негізінен әуе көлігімен келеді. Ішкі туризм мақсатында
көбінесе автожол көлігі пайдаланылады. Сырттан келушілер туризмі мен ішкі
туризм көлемін ұлғайтудың негізгі факторлары тармақталған көлік желісін
дамыту және жолаушылар тасымалының барлық түрлерінің географиясын кеңейту
болып табылады.
Тақырыптың ғылыми зерттелу дәрежесі. Отандық туристік нарықтағы қазіргі
уақыттағы жағдай туризм инфрақұрылымын дамыту, олардың ерекшеліктерін
анықтауды талап етеді.
Туризм дамуының теориялық және ғылыми-тәжірибелік аспектілері келесі
американдық ғалымдардың еңбектерінде көрініс тапты: Д.Аакер, А.Г. Браймер,
Л. Берри, Дж. Боуэн, Ф. Котлер, Р. Оливье, Д. Ратмел, Д. Уокер және т.б.
Бұл саланы дамытуға өз еңбектерімен зор үлесін қосып келе жатқан алыс,
жақын шетелдік ғалымдарға: А.А. Асанова, В.Г. Гуляев, А.М. Голубков, Е.Н.
Ильина, В.А. Квартальнов, В.К. Кораблев және т.б. жатады.
Отандық экономикалық әдебиеттер ішінде туризмнің даму мәселелері: В.Н.
Вуколов, Ғ.М. Дүйсен, Ж.М. Дюсембекова, С.Р. Ердавлетов, О.Б. Мазбаев, Р.Х.
Раева, О.Ж. Устенова, М.Р. Смыкова, Ө.К. Шеденов сияқты ғалым-
экономистердің еңбектерінде орын алған.
Сөйтсе де, қазіргі уақытта қолда бар туристік ресурстарды тиімді
пайдалану, маркетинг қағидаларын басшылыққа ала отырып бәсекеге қабілетті
қазақстандық туристік өнім әзірлеп нарыққа ұсыну, соның негізінде кіру
туризмінің үлесін жоғарылату мәселелеріне қатысты ғылыми негізделген
зерттеулер әлі де жеткіліксіз деуге болады. Осы мәселелердің толық
зерттелмегендігі ғылыми жұмыстың мақсаты мен міндеттерін айқындады.
Зерттеу жұмысының мақсаты: халықаралық туризмде көліктің рөлін және оның
дамуын зерттеу, тәжірибелік маңызы бар ұсыныстар әзірлеу болып табылады.
Міндеттері:
Осы мақсатқа сәйкес келесідей міндеттер қойылды:
- халықаралық туризм сыртқы экономикалық қатынастың бір түрі ретінде,
оның ерекшеліктерін сипаттау;
- Қазақстанда туризмнің дамуын ашу;
- әлемдік көлік-коммуникация жүйесінің бөлігі ретінде Қазақстанда көлік
инфрақұрылымының қазіргі жағдайын қарастыру;
- көлік түрлері бойынша саланың дамуына талдау;
- саланы дамытуды мемлекеттік реттеудегі қолданыстағы саясатты талдау;
- көліктің экономикалық саясатының халықаралық тәжірибесін сипаттау;
- көлік саласын дамытудағы іс- шараларын ұсыну;
- транзиттік әлеуетті пайдалану негіздерін қарастыру;
- халықаралық туризмде көлікті дамытуда ұсыныстар жасау.
Зерттеу нысаны. Зерттеу нысаны ретінде туризмдегі көлік инфрақұрылымы
алынды.
Зерттеу пәні – халықаралық туризмде көлік қызметін жүзеге асыруында
туындайтын экономикалық-ұйымдастырушылық қарым-қатынастар жиынтығы.
Зерттеудің теориялық-әдістемелік негізі ретінде отандық және шетелдік
ғалымдардың туризмдегі еңбектері, туризм және көлік мәселесіне қатысты
заңдық актілер, нормативтік-құқықтық құжаттар қарастырылды.
Ғылыми жұмыста талдау, салыстыру, топтастыру, эксперттік, пікір сұрау,
экономикалық-математикалық әдістер қолданылды.
Ғылыми жұмыстың құрылымы мен көлемі. Жұмыс кіріспеден, үш тараудан, 8
бөлімшеден, 34 бет компьютермен терілген беттен, 10-кесте, 8-суреттен
қорытындыдан, қолданылған әдебиеттер тізімі мен қосымшадан тұрады.

Халықаралық туризм – бұл өте күрделі және сирек кездесетін құбылыс.
Бәрімізге белгілі, мемлекттің сыртқы экономикалық байланысы айырбастың
әртүрлі нысандары арқылы іске асады: аманат кассасындағы ақша, шетелдік
салымдар, халықтардың көшіп-қонуы, мәдениет төңірегіндегі айырбас, сауда
қызмет көрсету және тағы басқалар.
Халықаралық туризм сыртқы экономикалық байланыстың бір түрі болғанымен,
бірқатар өзіндік ерекшеліктері де болады.
Халықаралық туризмде турист өзінің елінен шығып, басқа бір шетелдік елге
барады. Кеденнен өту үшін туристтік құжаттарды толтырады (паспорт, виза
жасау), валюта және медициналық бақылаудан өтеді. Бұл халықаралық туризмнің
ерекшелігі болып саналады және ішкі туризмнен ең басты айырмашылығы.
Туристтік формальдылықтар мемлекеттік шекараны кесіп өтумен байланысты
халықаралық туризмнің ең басты ерекшеліктері болып саналынады. Неғұрлым
мемлекеттің ақша жүйесінде айырмашылық және адамдардың қозғалу жолында
кедергілер көп болса, соғұрлым халықаралық туризмнің ішкі туризмнен
айырмашылығы басымырақ болады [2, 147б].
Әлемдік нарықта сыртқы сауда айырбасына тікелей кірмейтін тауарлар мен
көрсетілетін қызметтерді сатуға немесе сатып алуға болмайды. Бұл жерде тек
тауарлар мен қызметтер ғана емес, сонымен қатар табиғи және әлеуметтік-
экономикалық туристтік-рекреациялық ресурстар да сатылады және сатылып
алынады. Бірақ, дәстүрлі экспорттағыдай, бұл сату мен сатып алу
территориядан айырылмайды. Басқа осындай ерекшілігі – тауар мен қызмет
өндірісне жұмсалған зат пен еңбек құралған жерінде іске асады. Бұл жерде
тауарлардың тұтынушыға жылжуы емес, керісінше тұтынушының тауар – қызмет
өндірілетін жерге келу орындалады. Бұл капиталдың айырбас шеңбер уақытын
қысқартады және халықаралық туризмде басқа экспорттық сатып алулардан
пайдалы ерекшелінетін бірнеше шарттарды құрайды. Біріншіден, сатып алушы
(турист) көліктік шығындарды өзіне алады. Екіншіден, шетел туристерінің
келген уақытында сувенирлер мен тауарларды сатып алуын сыртқы сауда
операцияларының пайдалы түрі ретінде қарастыруға болады. Көптеген елдердегі
әртүрлі салалар осы ішкі экспортқа жұмыс жасайды. Мысалы, Жапонияда шетел
туристері елде шығарылатын радиотауарлары мен бейне аппаратуралардың,
фотоаппараттардың көп бөлігін сатып алады; Швейцарияда – сағаттарды;
Францияда – парфюмерия заттарын; Италияда – аяқ-киім мен тері заттарын;
Ұлыбританияда – арақ, виски және т.б.
Шаруашылық жүйесінде туризм еңбектің бөлінетін көрсетеді, мұндайда басты
рольді экономикасы жоғары дамыған елдер атқарады. Сыртқы сауданың басым
бөлігі өнеркәсібі дамыған елдердің арасындағы тауар алмасуға келетінін
білеміз. Әлемдегі негізгі туристтік сапарлардың көбісі өндірісі жоғары
дамыған елдер арасында жүреді, өйткені оларда азаматтардың шетелге шығу
пайызы жоғары (АҚШ, Франция, Ұлыбритания). Сондай-ақ солар және экономикасы
орта деңгейде дамыған елдер (Греция, Португалия, Туркия) және дамушы
елдерде (Тунис, Тайланд және т.б.) арасында жүреді және іске асырылады.
Осыған байланысты дүниежүзілік туристтік ұйым келесі анықтаманы қабылдады:
туристтерді жеткізуші елдер және туристтерді қабылдаушы елдер.
БТҰ 2000-2020 жылдар аралығында әлемдік туристік нарықтың маңызды
сегменттері круиздер, конгрестік туризм, тематикалық парктер, қала туризмі,
мәдени туризм, қызық оқиғалы және спорт туризмі, жағажай демалысы болатынын
анықтады. 2020 жылға қарай әлемде туристік келу саны 1561,1 млн адамды
құрауы тиіс деп болжайды. Қазақстан үшін бұл кезде әлемдік туристік
нарықтың маңызды сегменттері қызықты оқиғалы және спорт туризмі болып
табылады.
2020 жылға қарай жалпы келу көлемімен арақатынастағы аймақаралық
туризмнің үлесін бөлу былай анықталады: Оңтүстік Азия – 85%; Таяу Шығыс –
63%; Африка – 43%; Америка – 38%; Еуропа – 15%.
2020 жылға қарай туристік нарықтың маңызды сегменттері мыналар болады:
күн және жағажай; спорт туризмі; қызық оқиғалы туризм; табиғи туризм;
мәдени туризм; қала туризмі; круиздер; ауыл туризмі; тематикалық парктер;
конгрестік туризм; ұзақ сапарлар; арнайы сегменттер; аралас сапарлар;
спорттың қысқы түрлері; спорттың судағы түрлері.
Халықаралық туризмнің дамуының қазіргі факторларына жер шары халқының
бейбіт өмір сүруі, халықаралық туризмді дамытып отырған көптеген елдерде
мемлекеттік органдардың қолдауы, қоғамдық байлықтың өсуі, жұмыс уақытының
қысқаруы, көліктің дамуы, қоғамдық сана деңгейінің жетілуі жатады.
Туризмнің дамуына кедергі келтіретін факторларды да бөліп қарастыруға
болады. Оған негізгі географиялық маршруттан елдің тым алыс орналасуы,
сейсмикалық белсенділік пен апаттық жағдайлар, азаматтық соғыстар мен
дамушы елдердегі экономикалық төмендеулер, халықаралық терроризм.
Әлемдік туризмнің дамуының бірнеше тенденциялары анықталады:
1. Халықаралық туризмнің тез өсуі, түрлерінің өзгеруі бір жағынан жаңа
мүмкіндіктер ашса, басқа жағынан туризм индустриясында қызмет ететін
адамдарға үнемі мәселелер тудырады;
2. Шетелдік саяхаттарды таңдау мүмкіндіктері туралы туристердің
ақпараттылығы өсті. Туристер саяхат кезінде өздерінің қажеттіліктерін
қанағаттандыруда талапты көбірек қоятын болды;
3. Адамдардың өмір сүру деңгейі көтерілуі және әлем бойынша еркін қозғалу
мүмкіндігі кеңейді;
4. Жаңа қызмет түрлері ұсынылады (кәсіпкер өте қолайлы комбинациялар
әзірлейтін болды. Мысалы, демалысты саудамен, білімді ағартушылықпен,
бизнесті мәдени бағдарламамен үйлестіретін болды);
5. Халықаралық туристер үшін фирмалардың бәсекелестік күрестері күшейді;
6. Қазіргі кезгі ақпараттық технологиялар қызметтерді сатуға, орындарға
тапсырыс беруге, әртүрлі туристік орталықтар мен көрнекіліктерді оқып-
зерттеуге жаңа жолдар ашты.
7. ХХІ ғасырда туризмнің дамуы тұрақты болады, яғни туристің қажеттілігін
максималды ескеру мен оның әкелетін зияны арасында тепе-теңдікті сақтауға
негізделеді [3, 145 б].

Қазақстанда туризмнің даму тарихы жалпы әлемдік тенденциялардан
ерекшеленеді. Себебі, көптеген жағдайда оның даму ерекшелігі елдің саяси,
экономикалық және әлеуметтік ерекшеліктерімен анықталады.
ХХ ғасырдың 90-шы жылдарына дейін Қазақстан КСРО-ның құрамына кіргенге
дейін, туризм экономиканың саласы ретінде қарастырылмады. Негізінен адамдар
демалу, танып-білу және емделу мақсаттарында саяхаттады. Ішкі туризм
секторы айтарлықтай дамыған болды, ал шекараның жабықтылығы, визалық
тәртіптің күрделілігі халықаралық туризмнің дамуын қиындатты. Туризмнің
кезеңдік дамуын қарастыру қажеттілігі пайда болады. 1991 жылдан бастап,
Қазақстан Республикасында туризмнің дамуын кезеңдерге бөлу келесідей
болады.
Кесте 1 – Туризмнің даму кезеңдері
КезеңЭкономикалық Заңдық база Саяси аспектілері Әлеуметтік
дер аспектілер негіздері
1 Туризмде ҚР туризм мен Кіру және шығуға Туристік
кезеңмемлекеттен шығару спортты дамыту шекараның ашылуы, фирмалардың
және жекешелендіру туралы Министрлервизалық спонсорлыққ
1991-процестері Кабинетінің формальдылықтардың а қатысуы
1994 басталды. Кіру жәнеқаулысы, Туризм жеңілдетілуі,
жж. шығу туризмдері туралы ҚР заңы, шетелдік
бойынша Туристік және инвесторлардың
көрсеткіштердің спорттық қызметті ағымы
өсуі, жаңа туристіклицензиялау,
фирмалардың ашылуы,сертификаттау,
саланың туралы ереже
рентабельділік
көрсеткіштерінің
көтерілуі
2 Кіру туризмі ҚР-да туризм Шетелдік Бірқатар
кезеңбойынша индустриясының азаматтардың фирмалардың
1995-көрсеткіштердің дамуының Ұлттық іскерлік спонсорлық
1999 тоқырауы, ішкі бағдарламасы, белсенділіктерінің іс-шараларғ
жж туризмнің туристік қызметті құлауы а қатысуы
көрсеткіштерінің лицензиялау жүйесі
құлауы, қайта қаралды
шоп-туризмге
маманданған
фирмалар санының
өсуі,
инфрақұрылымның
қалыптасуы
2000 Туризм түрлерінің ҚР-да туристік Визалық Зейнеткерле
жылдақұрылымының қызметті формальдылықтарды р, көп
н өзгеруі, кіру лицензиялау одан ары қарай балалы
бастатуризмі Ережесі, 2000 жеңілдету, туристікжанұяларға
п көрсеткіштерінің жылдың 29 қызметте арналған
құлауы, желтоқсанындағы № интеграциялық жеңілдіктер
бәсекелестіктің 1947 Туристік процестер қолданылды,
шиеленісуі, қызметті дамытудың туистік
маркетинг және бірінші реттік ескерткіште
жарнама құралдарын шаралары туралы р қалпына
қолдану ҚР Өкіметінің келтірілді.
қаулысы, № 211-11
Қазақстан
Республикасындағы
туристік қызмет
туралы ҚР заңы
Ескерту: Қазақстан Республикасы заңнамалары негізінде
Туризм көптеген аспектілер бойынша Қазақстанда нарықтық қатынастарды
қалыптастыруда көшбасшыға айналды. Халықаралық және отандық тәжірибе
көрсеткендей, туризм қысқа мерзім ішінде экономиканың ең табысты
сфераларының біріне айнала алады. Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, нарықтық
экономика туристік қызметті дамыту үшін ең жағымды экономикалық орта болып
табылады. Бұл туристік қызметтің даму процесі нарықтық қатынастар
қызметінің сферасының кеңеюімен үзілмес байланыста өтеді дегенді білдіреді.
Әрине, бұл саланың өзі және оған кіретін кәсіпорындар тікелей тұтынушыға
бағытталады, қандай да бір деңгейде туризмнің дамуын қамтамасыз ететін
көптеген сфералар мен салалар нарықтық кеңістікті қалыптастыруда белсенді
рольді ойнайды.
Қазақстанда туризм дамуының ең перспективті бағыттарын анықтау үшін оның
соңғы жылдардағы эволюциясын талдау қажет. Туризм экономикалық қызмет
сферасы ретінде қаржылық және ұйымдастырушылық өзгерістерге бейім болып
келеді. Бірінші кезең Қазақстанда туризмнің дамуында өтпелі кезең болып
табылды, нарықтық экономикаға өту саланың қайта құрылуына, туристік
фирмалар санының өсуіне, туризмде жеке кәсіпкерлікті дамытуға арналған
жағдайларды құратын жаңа заңдардың, нормалар мен ережелердің пайда болуына
септігін тигізді. Ерекше көңілді екінші кезеңге бөлу қажет, себебі оған
туризм көрсеткіштерінің экстенсивті өсуі тән. Жүргізілген қайта
қалыптастырулар, нақты айтқанда, визалық формалаьдылықтарды жеңілдету,
шетелдік инвесторлар үшін Қазақстанның шекарасының ашылуы тез өсуге, ең
алдымен халықаралық туризмнің өсуіне септігін тигізді. Әсіресе, тез қарқын
шетелге Қазақстан азаматтарын жіберу бойынша көрсеткіштерге тән.
Қазақстанға шетелдік туристердің бизнес-сапарларына үлкен көңіл бөлінді.
Бұл республикаға инвестициялық белсенділіктің көтерілуімен байланысты.
Туризмдегі экономикалық қайта құрудың екінші кезеңі макродеңгейдегі
тұрақтылық мәнінде өтті. Сондықтан да басқарудың, қайта қалыптастыру мен
құрудың барлық тәсідері мен формалары негізінен сала масштабында шектелді.
Қазақстан Республикасында халықаралық туризм 90-шы жылдарға дейін болды.
Туризм дамуының мемлекеттік концепциясы, оның ішінде инфрқұрылымды
жетілдіру мәселелері бүкіл әлемде қабылданған нормалардан айтарлықтай
ерекшеленді. Сондықтан да бұл кезеңде өзгерістер күрделі болды.

инфрақұрылымын серпінді дамыту және жетілдіру болып табылады. Республиканың
көлік кешенін реформалауда позитивті үрдістер сәтті іске асырылуда.
Қазақстандық көлік кешенін халықаралық көлік жүйесіне бірігу процестерін
жеделдету және еліміздің транзиттік әлеуетін дамыту мақсатында көліктік
қызметтерді көрсетудің бәсекелі ортасы қалыптасты. Қазақстан көлігі
экономика салалары мен өңірлердің өзара байланысын қамтамасыз ете отырып,
республика халық шаруашылығының салалық кешендерін (агроөнеркәсіп, отын-
энергетикалық, кен-металлургия, құрылыс және басқалары) қалыптастыру
ескеріліп дамыды [5, 68 б].

Қазіргі уақытта көлік саласында инфрақұрылымдық жобалар жүзеге асырылуда:
темір жолдарды жаңғырту жүргізілуде, Өзен – Түрікменстанмен мемлекеттік
шекара және Жетіген – Қорғас темір жол желісінің құрылысы басталды; жердегі
инфрақұрылым объектілерін жаңғырту және дамыту бойынша бағдарлама іске
асырылуда; 5 негізгі әуежай (Астана, Алматы, Ақтөбе, Атырау, Ақтау) қайта
жаңартылды; Ақтау қаласы әуежайында жаңа аэровокзал пайдалануға енгізілді;
автомобиль жолдарының техникалық жай-күйін жақсарту жөнінде одан әрі
жұмыстар жүргізілуде, 6 жолақты қозғалыспен Астана – Щучье жылдамдықты
автомагистралі ашылды, жыл сайын кеме қатынайтын су жолдарын ұстау
жұмыстары жүргізіледі, Өскемен және Бұқтырма шлюздерін қайта жаңарту
жобасын жүзеге асыру басталды.
Қазақстанның темір жолдарының пайдалану ұзындығы 14,2 мың км (оның ішінде
екі жолды желілер – 4,8 мың км (34%), электрлендірілген желілер – 4,1 мың
км (29%), тығыздығы – 1000 шаршы км 5,5 км, жүктасымалдылығы – километрге
24,4 млн. км құрайды.
Еліміздің жалпы жүк айналымы мен жолаушылар айналымындағы темір жол
көлігінің үлесі шамамен 60% құрайды, бұл ретте барлық көлік түрлерімен
тасымалдаудан түскен кірістердегі оның үлесі 20% құрайды.
Темір жол көлігіндегі реформаларды іске асыру кезінде соңғы 10 жыл ішінде
мынадай мақсаттар айқындалды:
1) темір жол көлігін МТЖ мемлекеттік бақылау сақталған жағдайда нарыққа
бейімдеу;
2) тасымалдау және қамтамасыз ету қызметіндегі бәсекелестікті дамыту
есебінен темір жол көлігінің көрсететін қызметтерінің қол жетімділігін,
тиімділігін, қауіпсіздігі мен сапасын қамтамасыз ету;
3) салаға жеке бастамалар мен инвестициялар тарту үшін институционалдық
жағдай жасау;
4) темір жол көлігінің импорт алмастыратын өндірістік базасын дамыту.
Жалпы темір жол көлігінің реформасы ырықтандыру, жеке бастамалар мен
инвестициялар тарту жолымен көрсетілетін қызметтердің тиімділігі мен
сапасын арттыруға бағытталған. ҚР Үкіметі Еуропалық Одақта (бұдан әрі – ЕО)
қабылданған және темір жол инфрақұрылымы мен тасымалдау қызметін,
бәсекелестікті дамытуды тігінен (функционалды) бөлуді қамтитын тәсілді
бейімдеді.
Темір жол саласының бәсекелі үлгісінде жүк тасымалдарын жүзеге асыратын
компанияларға тасымалдау процесінде іске қосылған қағидаты маңызды
ресурстармен, атап айтқанда вагондармен және локомотивтермен байланысты
шығындарды толық бақылау қажет
Автомобиль жолдары – Қазақстанның көлік-коммуникация кешенінің маңызды
элементтерінің бірі, оның тиімді қызметі мен тұрақты дамуы қазіргі заманғы
жағдайларда экономиканың өсуіне өту, халықтың өмір жағдайын жақсарту және
деңгейін арттыру факторлары болып табылады. Еуроазиялық құрлық
орталығындағы Қазақстанның географиялық жағдайы Азия – Еуропа
қатынастарындағы қалыптасатын трансқұрлықтық маршруттардың көлік
магистралін пайдалану үшін қолайлы алғышартты құрайды, олардың көпшілігі
қазақстандық автожол желісінің учаскелерін қамтиды. Халықаралық талдамалық
орталықтардың бағалауы бойынша Оңтүстік-Шығыс және Шығыс Азия – Еуропа
бағыттарындағы транзит ағыны 330-400 миллиард Америка Құрама Штаттары
(бұдан әрі – АҚШ) доларына бағаланады. Бұл ретте 20%-ға дейінгі транзит
ағыны РФ мен Қазақстан аумағы арқылы темір және автожолдар маршруттары
бойынша өтуі қажет деп шамаланады. Транзит тасымалы үшін алымдар алу – бұл
бюджеттің тікелей кірістері.
2005 – 2009 жылдар кезеңінде 11,7 миллион жолаушы тасымалданды. 2005
жылы – 1,7 млн. жолаушы, 2006 жылы – 1,9 млн. жолаушы, 2007 жылы – 2,7 млн.
жолаушы, 2008 жылы – 2,8 млн. жолаушы тасымалданды. Әлемдік экономикалық
дағдарысқа байланысты 2009 жылы тасымалдау көлемі 2008
жылғы деңгейден 2,7 %-ға төмендегені байқалады, бұл жылына шамамен 2,7 млн.
жолаушыны құрады.
2014 жылы болжамды деректерге сәйкес жолаушылар ағыны 4,5 млн. жолаушыдан
асатын болады.
Өткен 5 жылда 105,7 мың тонна жүк тасымалданды. 2005 жылы –
20,7 мың тонна, 2006 жылы – 16,5 мың тонна, 2007 жылы – 25,7 мың тонна,
2008 жылы – 22,7 тоннаны құрады. 2009 жылы жүктерді
тасымалдау көлемі 2008 жылғы деңгейден 3,1 %-ға төмендеді және жылына 22,0
мың тоннаны құрады.
2005 – 2009 жылдар кезеңінде республиканың әуежайлары шамамен
24,7 млн. жолаушыға қызмет көрсетті. 2005 жылы – 3,7 млн. жолаушы,
2006 жылы – 4,1 млн. жолаушы, 2007 жылы – 5,5 млн. жолаушы, 2008
жылы – 5,7 млн. жолаушы, 2009 жылы – 5,2 млн. жолаушы.
2014 жылы кемінде 9,5 миллион жолаушыға қызмет көрсету жоспарланып отыр.
Қазақстанның азаматтық авиациясында барлығы 21 әуежай жұмыс істейді.
Әуежайлар желісінің қауіпсіздігі мен қызмет ету тиімділігі олардың жердегі
инфрақұрылымының жай-күйіне байланысты болады.
Әуежайлардың негізгі проблемаларына мыналарды жатқызуға болады:
1) әуежайлардың елеулі санының техникалық жағынан жеткіліксіз жарақтануы;
2) ғимараттар мен құрылыстардың өндіріс қуаттылығының орындалатын
көліктік жұмыс көлемдеріне сәйкессіздігі;
3) жолаушыларға қызмет көрсету сапасы.
Халықаралық әуежайларды азаматтық авиацияның әлемдік жүйесіне біріктіру
ұшулардың жоғары тұрақтылығын, ең бастысы күрделі ауа райы жағдайларына
тәуелсіз қамтамасыз ету қажет. Барлық ауа райы жағдайында әуеайлақтарды
пайдалану ИКАО-ның І, ІІ немесе ІІІ санаттарының талаптары деңгейіне дейін
әуеайлақтарды жеткізу шартымен ғана мүмкін болады.
Жалпы әуеайлақтардың ағымдағы барлық желілерінің жай-күйі төмендегідей:
1) күрделі метеожағдайларда пайдалануды қамтамасыз ететін қонуға бет
алудың нақты жүйелері мен көзбен байқап қарау құралдарымен әуеайлақтардың
жеткіліксіз жарақтануымен;
2) көпшілік ұшу-қону жолақтарының күрделі жөндеу немесе қайта жаңарту
бойынша іс-шараларды жүргізу қажеттілігімен қызметтің белгіленген
мерзімдерін көрсетуімен;
3) жарықтандыру және электрмен қамтамасыз ету жабдықтарының моральдық
және физикалық тозуымен;
4) жолаушы сыйымдылығы үлкен жаңа ірі габаритті әуе кемелерін пайдалануды
қамтамасыз ету үшін жарамсыздығымен сипатталады.
Сәйкессіздіктерді жою үшін жердегі инфрақұрылым объектілерін жаңғырту
және дамыту бойынша бағдарлама іске асырылуда.
Бүгінде халықаралық рейстерге қызмет көрсетуге рұқсат етілген
15 әуежайдың 9-ы ИКАО стандарттары бойынша санатталған: Астана және
Алматы қалаларының әуежайлары ІІІА санаты бойынша, Атырау қаласының әуежайы
ІІ санат бойынша, Павлодар, Шымкент, Қарағанды, Жезқазған, Ақтөбе, Өскемен
қалаларының әуежайлары ИКАО-ның І санаты бойынша.
Өткен кезеңде:
1) Ақтөбе, Павлодар, Шымкент, Жезқазған, Қарағанды қалаларының
5 әуежайының ұшу-қону жолақтарына қайта жаңарту жүргізілді;
2) Қарағанды, Қызылорда, Ақтау қалаларында әуежайларында жаңа жүк
терминалы салынды және енгізілді;
3) Алматы қаласының әуежайында екінші ұшу-қону жолағы салынды және
мультимодальдық терминал пайдалануға енгізілді;
4) Ақтау қаласының әуежайында жаңа аэровокзал пайдалануға енгізілді.
Қазіргі уақытта халықаралық стандарттар талаптары негізінде әуе
кеңістігінің құрылымын және бағыттар желісін қалыптастыру бойынша іс-
шаралар кешені белсенді түрде іске асырылуда.
Қазақстанның аэронавигациялық жүйесін дамытудың негізгі бағыттары
айқындалды:
1) байланыс және бақылау жүйелерін жаңғырту;
2) әуе қозғалысын басқарудың автоматтандырылған орталықтарын құру;
3) ұшуды радиотехникалық қамтамасыз ету қызметінің диспетчерлік құрамы
мен мамандарын даярлаудың жоғары деңгейін қамтамасыз ету.
Авиациялық электр байланысы желісі жердегі және спутниктік сегменттерді
пайдалану арқылы жаңа цифрлық технологиялар негізінде жасалған.
Қазақстанның авиакомпаниялары авиапаркті жаңарту бойынша жұмыстар
жүргізуде. Қазіргі уақытта тұрақты авиатасымалдар саласында қазақстандық
авиакомпаниялар батыс өндірісінің 25 әуе кемесін пайдалануда (соның ішінде
Эйр Астана авиакомпаниясының 21 әуе кемесі және Скат авиакомпаниясының
4 әуе кемесі), олардың үлесіне барлық авиа тасымалдардың 80%-дан астамы
келеді.
Қазіргі кезде теңіз көлігі саласының қарқынды дамуын атап өтуге болады.
Теңіз порттары арқылы орташа алғанда жыл сайын шамамен 12,3 млн. тонна
жүк ауыстырылып тиеледі. Негізгі жүктердің номенклатурасын мұнай, металл,
астық, контейнерлер, тау жынысы және басқа жүктер құрайды.
Бұл ретте Ақтау порты жүктерді экспорттау бағытында ауыстырып тиеуде
қолданылады, ал Баутин порты теңіз мұнай операцияларына қолдау көрсету
базасы ретінде мамандандырылған.
Осыған байланысты болашақта Ақтау портының қолданыстағы инфрақұрылымын
жаңғырту, Баутин портын одан әрі дамыту және Құрық портының құрылысын салу
жоспарлануда.
Порт қуаттарын ұлғайту жөніндегі осындай шараларды Каспий маңы
мемлекеттері де жүргізуде. Әзірбайжанда Баку порты аумағында жаңа мұнай құю
терминалының құрлысын салу жұмыстары, ал Ресейде Оля және Махачкала
порттарының өндірістік инфрақұрылымын кеңейту жөніндегі жұмыстар жүргізіліп
жатыр.
Ақтау порты арқылы ауыстырылып тиелетін мұнайдың 50 %-дан астамын алты
жеке танкері және жалға алынған 20 танкері бар сауда флотынан құралған
Қазтеңізкөлікфлот отандық кеме қатынасы компаниясы тасымалдайды. Мұнда
құрғақ жүктерді тасымалдауды толығымен шетелдік кеме қатынасы компаниялары
қамтамасыз етеді. Сондықтан отандық теңіз тасымалдаушыларының бәсекеге
қабілеттілігін ұлғайту жөніндегі шараларды қабылдау қажет.
Каспийдің қазақстандық бөлігін қарқынды игеру шеңберінде тартылатын
қосымша флот кемелерінің жыл сайын көбеюі сервистік өндірісті дамыту және
кадрлармен қамтамасыз ету жүйесін құру жөніндегі шараларды қабылдауды қажет
етеді, олардың саны бүгінгі күні әр түрлі типтен және тоннаждан тұратын 350-
ге жуық кемені құрайды.
Бүгінде қазақстандық кеме иелері кемелерін жөндеуге Астрахань, Махачкала,
Баку кеме жөндеу верфьтеріне жіберуге мәжбүр. 2010 жылғы маусымда қуаты
жылына 60 кемеге дейін қызмет көрсететін Баутин портында кеме жөндеу
базасын пайдалануға берілді. Бірақ мұның өзі де жеткіліксіз.
Қазақстанда білім беру жүйесінің халықаралық стандарттарға сәйкес
келмеуінің бомлауы қазақстандық теңіз мамандарының тапшылығына алып келді
және осы мәселе кемелер санының өсуіне байланысты жыл сайын өткір мәселеге
айналуда. Бүгінгі күні кемелер экипажының құрамындағы ҚР азаматтарының
үлесі 44% құрайды, ал экипаждардың командалық құрамындағы үлесі тек қана
21%.

Көлік кешені – экономиканың инфрақұрылымын қалыптастыратын салалардың
бірі.
Көлік бір жағынан-нарық саралынымы яғни тауарлар айырбасын нақты іске
асырушы және тұрғын халыққа қызмет көрсетуші, ал екінші жағынан-ол нарық
субъектісі ретінде тауарлармен жүргіншілерді тасымалдай отырып өз қызметін
сатады. Мұндай қызметті көліктің әрбір түрі әрқалай іске асыруы мүмкін және
осының нәтижесінде олар көлік нарығын қалыптастырады.
Көлік кешені құрамына темір жол, автомобильдік, әуе, өткізгіш құбырлар,
теңіз және өзен жолдарының қатынастары енетін, салалардың бірі болып
табылады.
Қызмет көрсетулер экспортынан түсетін табыстың көп бөлігі көлік
қызметтеріне тиесілі. Қазақстандық кәсіпорындардың табыстары адам және жүк
тасымалы қызметі есебінен түсетін түсімдер негізінен құралады. Ол 2010
жылы 1311 млн долларды құрады. Республиканың көлік саласының жалпы
сипаттамалары көрсеткендей, қайта құру жылдарында көліктің барлық түрлері
бойынша тасымалдар көлемінің арту тенденциясы байқалады (1-сурет).
1 - сурет - Көлік түрлері бойынша адам қозғалысы ( млрд. тонна-км)
Ескерту: Қазақстан республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің
ресми сайтынің мәлімететрі негізінде
Көліктің барлық түрлерінің жолаушылар айналымы динамикасы ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz