Шағын кәсіпкерлікті дамыту жағдайында Қазақстан Республикасының экономикалық саясаты



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 23 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
‌I. ШАҒЫН КӘСІПКЕРЛІКТІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МӘНІ, МАҢЫЗЫ ЖӘНЕ
ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... 5
1.1. Кәсіпкерлік теориясының концепциялық
генезисі ... ... ... ... ... ... ... ... ...5
1.2. Шағын кәсіпкерліктің экономикалық мәні және
маңызы ... ... ... ... ... ...6
1.3. Шағын кәсіпкерліктің негізгі
ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ..8
II. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ШАҒЫН КӘСІПКЕРЛІКТІ ҚАЗІРГІ КЕЗДЕГІ
ДАМЫТУ ШАРАЛАРЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...14
1. Қазақстан Республикасында шағын кәсіпкерліктің
дамуы ... ... ... ... ...14
2. Шағын кәсіпкерлікті дамыту жағдайында Қазақстан Республикасының
экономикалық
саясаты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..17
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... .23
‌‌‌‌ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ...24

КІРІСПЕ

Қазіргі таңда Қазақстан Республикасында шағын кәсіпкерліктің дамуы ең
өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Шағын кәсіпкерлік Қазақстанда қарқынды
дамып келеді. Себебі тәуелсіздігіне 20 жыл толған еліміздің дамуына шағын
кәсіпкерлікті дамыту өте қолайлы. Сондықтан, мен осы тақырыпты, атап
айтсам: Қазақстан Республикасында шағын кәсіпкерліктің дамыту
мүмкіндіктері тақырыбын таңдадым.
Шағын кәсіпкерліктің дамуы бір қатар әлеуметтік проблемаларды шешуге
негізделеді, соның ішінде шағын кәсіпкерлік саласында жаңа жұмыс орындарын
құру арқылы жұмыссыздық деңгейін төмендету деп ойлаймын. Шағын кәсіпкерлі
дамыту тиімділігі әлемдік тәжірибеде дәлелденген, яғни шағын кәсіпкерлік
инвестицияға деген ең төменгі қажеттіліктермен ұлттық өнімнің едәуір
бөлігін өндіреді. Сондықтан, шағын кәсіпкерлік әлеуметтік критерийі мен
тиімділік критерийіне сай келеді.
Бұл курстық жұмыстың міндеті:
1. аймақтық экономиканы жандандыру;
2. қайта құрылған жұмыс орындарын көбейту;
3. шағын кәсіпкерлікті дамытуға қолайлы орта қалыптастыру;
4. Қазақстанда шағын кәсіпкерлік қарқынды дамуына қол жеткізу.
Курстық жұмысымның мақсаты: Қазақстан Республикасында шағын
кәсіпкерлікті қолдау механизмін құру негізінде шағын кәсіпкерлікті
қарқындап дамыту.
Шағын кәсіпкерлікті дамыту саласында Қазақстан авторларынан Мәуленова
С.С, Бекмолдин С.Қ, Сәбденова Жанар Оралқызы, Көкшетау экономика және
менеджмент институтының экономика және менеджмент кафедрасының аға
оқытушысы Нұрпейісова Жанат Нұрпейісқызы көп еңбек сіңірді. Кәсіпкерлікті
дамытудың теориялық және методологиялық мәселелері отандық, сондай-ақ,
шетелдік ғалымдардың еңбектерінде көрініс тапты. Дегенмен бұл салада
жасалған жұмыстардың бар екендігіне қарамастан, ол жұмыстарда негізінен,
кәсіпкерлік қызметін дамытудың жалпы экономикалық көзқарастары ғана
карастырылғандығын айтуымыз керек. XIX ғасыр басында-ақ Жан Батист Сэй
кәсіпкерлікті жер, еңбек және капиталмен бірге негізгі өндіріс
факторларының бірі ретінде қарастырған.
Кәсіпкерлік туралы теориялық концепция алғашқы рет 1725-1730 жылдары
Ричард Кантиллионның еңбектерінде баяндалды.
1776 жылы Адам Смит өзінің "Халық байлығының табиғаты мен себептері
туралы зерттеу" атты еңбегін жазғанда, ол негізгі өндіріс факторларын бөліп
көрсетті: жер, еңбек, капитал, бірақ кәсіпкердің рөлі туралы ештеме
айтылмады. Тек 1810 жылы Жан Батист Сэй алғашқы рет кәсіпкерліктің рөлі мен
мәнін негізгі өндіріс факторларының бірі дәрежесіне дейін көтерді.
Кәсіпкерлікті дамыту саласында методологиялық дәрежеде шетелдік, атап
айтқанда, американдық ғалымдармен көптеген зерттеулер жасалған. Бұл осы
елдің шағын кәсіпкерлікті дамытуда 200 жылдық тарихы бар екендігін
көрсетеді. Бүгінгі таңда АҚШ-та 20 миллионнан астам кәсіпорын бар және
одардың 6%-і шағын және орта кәсіпкерлікпен шұғылданатын кәсіпорындар. Дәл
осы шағын кәсіпкерлікті басқару проблемасын дамытушы Д.Лонгенеко
(Longenecker Justin G.) У. Петти (J.William Petty), К. Моор (Саrlos
W.Мооrе) сияқты американдық ғалымдар үлкен үлестерін қосты.
Жалпы құрылымы бойынша менің курстық жұмысым екі бөлімнен тұрады:
1 бөлім – Шағын кәсіпкерліктің экономикалық мәні мен маңызы және
ерекшеліктері.
Бірінші бөлімде мен шағын кәсіпкерліктің экономиялық мәнін, Қазақстан
Республикасындағы шағын кәсіпкерліктің негізгі ерекшеліктерін қарастырдым.
2 бөлім – Қазақстан Республикасында қазіргі кездегі шағын кәсіпкерлікті
дамыту мүмкіндіктері, яғни шағын кәсіпкерліктің даму этаптарын, оны ары
қарай дамытудың кешенді бағдарламаларын қарастырдым.
Шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау және дамытудың мемлекеттік саясаты
экономиканың әртүрлі салаларында кәсіпкерліктің даму болашағын анықтай
отырып кәсіпкерлердің әр түрлі топтары үшін қолдаудың жеке шараларын
жүзеге асыру қарастырылады. Ол үшін алдымен шағын және орта
кәсіпкерліктердің өндірістік және инновациялық іс - әрекеттеріне көңіл
бөлінуі керектігі жайлы қарастырдым.

I.ШАҒЫН КӘСІПКЕРЛІКТІҢ МӘНІ, МАҢЫЗЫ ЖӘНЕ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

1.1 Кәсіпкерлік теориясының концепциялық генезисі

Рынок қатынастарының пайда болуы мен дамуы көптеген жағдайларды
қажетсінеді, әсіресе қызмет істеу ортасы өте маңызды рөл атқарады. Рынокты
экономикалық қызмет ету ортасы белгілі бір факторлардың болуын көздейді.
Негізгілері: икемді рынок жүйелерін құру, бәсекелестік пен кәсіпкерлік
қызметті дамыту. Кәсіпкерлік нышандары рыноктық қатынастар кезінде ғана
емес, қоғам дамуының барлық кезеңдерінде пайда болатын өзіне тән
ерекшеліктері бар құбылыс.
Сонымен қорыта айтқанда Кәсіпкерлік, Кәсіпкерлік және Коммерция
түсініктері әр түрлі әлеуметтік-экономикалық жүйелерге тән болған. Бірақ
ғылыми және күнделікті айналысқа бұл түсініктер тек капитализм тұсында ғана
енгізілді.
Алғашқы қауымдық қоғамда қатынастар іскерлік негіздегі бартерлік
мәмілелер формасында болған. Осы мәмілелердің табиғи іскерлігі аталған
қауымдастықтардың ыдырап құл иеленушілік қоғамның пайда болуына алып келді.
Құл иеленушілік және феодалдық қоғамдағы кәсіпкерлік құрылуының мақсаты
– жаулап алу нәтижесәнде экономикалық мазмұнға ие болған нышандар.
Алайда, кәсіпкерліктің пайда болуының басты себебі - сауданың пайда
болуы және өркендеуі. Орта ғасырда көпестер, саудагерлер, қолөнершілер және
миссионерлер алғашқы кәсіпкерлер болған.
Осылайша, халықаралық сауданың дамуы өткізу рыноктарында қиыншылық
тудыруымен байланысты көпестердің бірігуіне, сөйтіп алғашқы акционерлік
қоғамдардың құрылуына – Ост-Индиямен, Гудзон шығанағымен сауда жасаған
ағылшын және голландия компанияларының пайда болуына алып келді. Бұдан
кейін акционерлік капитал өнеркәсіпте, банк саласында ары қарай жалғасын
тапты. Осы мезгілде бұрын болмаған жаңа мамандық пайда болды. Ол –
менеджер.
Қазақстандағы кәсіпкерлік және коммерция жағдайына келсек, мұнда бұл
салалар тарихи ерте заманда пайда болған. Ежелгі түрік дәуірінде Жетісу
қаласы тек аялдау орны ғана емес, сонымен қатар, мұнда сауда және қолөнер
орталықтары болған.
XIII ғасыр мен XV ғасырдың алғашқы ширегінде Оңтүстік Қазақстан
территориясы арқылы сауда қызметінің дамуында маңызды рөл атқарған Батыс
Шығыс халықаралық сауда жолы өткен.
XVIII ғасырда қазақтар Орта Азия, Ресей, Қытай, Иран патшалықтарымен –
мал, жылқы, тері, жүн және аң аулау бұйымдарымен сауда жасаған. Қазақ
жерлері арқылы Орта Азиядан Ресейге керуендер жөнелтілген. Орынбор, Тобыл,
Семей арқылы сауда жасау өте маңызды болған.
XIX ғасырдаң алғашқы жартысында тұз табумен айналысу, тау-кен ісі дами
бастады. Сонымен қатар, мыс, қалайы, күміс, тас көмір қазу басталып,
балқыту және темір илеу зауыттары ашыла бастады. Малдың тауарлық маңызы
барынша өсті[1].

1.2 Шағын кәсіпкерліктің экономикалық мәні және маңызы

Қоғамымызды реформалаудың қол жеткен қомақты табыстарының бірі - орта
таптың қалыптасуы болып табылады. Әміршілдак жүйедегі экономиканың күйреуі,
жекелеген нарық элементтерінің пайда болуы, экономикалық өмірге бұрынғы
шаруашылық субъектілерін әкелді. Сонымен бірге қоғамымызда меншік иесі
деген жаңа әлеуметтік топ қалыптасты. Осы орта таптың қалыптасуы,
негізінен, шағын кәсіпкерліктің дамуымен тікелей байланысты.
Шағын кәсіпкерлік қоғамдық қатынастардың бірден-бір түрі ретінде
қоғамның рухани және материалды потенциялын көтеріп қана қоймай, сонымен
қатар әрбір индивидтің таланты мен мүмкіндіктерінің практика жүзінде
көрінуіне жағымды бастау бола отырып, ұлттық бірігуіне, оның ұлттық рухының
және мақтанышының сақталуына әкеледі.
Қазіргі уақытта бүкіл әлем бойынша бекітілген кәсіпкерліктің анықтамысы
жоқ. Американдық ғалым, профессор Роберт Хизричтің пайымдауы бойынша
кәсіпкерлік – белгілі бір құқы бар, жаңа бір нәрсені шығару процесі, ал
кәсіпкер – осы процеске қажетті уақыты мен күшін жұмсайтын қаржылық,
психологиялық және әлеуметтік тәуекелді өз мойнына алып, бұл үшін ақша алып
және жеткен жетістігіедеген рахат сезімін алатын адамды айтады.
Америкалық оқу және ғылыми әдебиеттерінде кәсіпкерлік пен кәсіпкерді
экономикалық, саяси – экономикалық, психологиялық басқару және басқа да
жағынан сипаттайтын көзқарастар бар.
Ағылшын профессоры Алан Хоскинг былай дейді: индивидуальды кәсіпкер
деген, істі өзіне ғана сеніп жүргізетін, бинесті тек өзі басқарып, керекті
қаражаттармен қамтамасыз етіп, өз еркімен шешім қабылдайтын тұлғаны айтады.
Ол үшін алған сыйы болып, кәсіпкерлік қызмет нәтижесінен кейін түскен пайда
және еркін кәсіпкерлекпен айналысқандағы қанағат сезімі. Бірақ, осылармен
қатар ол кәсіпорынның банкротқа ұшырау жағдайында барлық шығын тәуекелін өз
мойнына алады.
Кәсіпкерлік – бұл өзіндік көзқараста, жауапкершілікте және
инновациондық кәсіпкерлік ойда кегізделген экономикалық белсенділіктің
ерекше түрі.
Кәсіпкерлік экономикалық белсенділіктің ерекше түрі ретінде көрінеді,
себебі оның бастапқы кезеңі тек идеямен байланысты балады. Соңына ол идея
материалды формада көрінеді.
Кәсіпкерлік инновациондық кездің болуымен сипатталады – ол жаңа
тауардың өндірісімен немесе жаңа кәсіпорын құруымен байланысты болады[2].
Өндірісті басқару, сапаны жақсартудың жаңа жүйесі, өндіріске жаңа
методтар енгізу немесе жаңа технологиялар енгізу – бұл да инновациондық кез
болып табылады.
Шағын кәсіпкерлік процесінің негізгі қозғаушы күштерінің ішінде
кәсіпкерлер негізгі орын алады. Кәсіпкер – бастамашыл негізде, толық
экономикалық жауапкершіліктен қорықпай тәуекелге баратын және келешекте
табыс әкелетіндей етіп басқа өндіріс факторларын ұтымды түрде біріктіруге
қабілетті ұдайы өндірістің субъективті факторы.
Республика экономикасын тұтастай алып қарасақ, оның өндiрiстi басқару
құрылымында сапалық тұрғыдағы үлкен өзгерiстер болып жатқаны байқалады.
Соның iшiнде маңызды бағыттардың бiрi шағын кәсiпкерлiктiң дамуы болып
табылады. Кәсiпкерлiк алымдылық қабiлеттiң, пысықтықтың шынығуына жағдай
жасайды. Онсыз толыққанды нарық экономикасының да болуы мүмкiн емес.
Сондықтан қазiргi кезеңде өз ойлау қабiлетi мен еркiндiгiн мол пайдалана
кәсiпкерлiкке назарды баса аудармасқа болмайды.
Бүгiнгi таңда мемлекеттiк мекемелер мен iрi фирмалар шағын
кәсіпкерліктiң дамуына жан-жақты атсалысуда. Өйткенi олар әлеуметтiк
-экономикалық мәселелердiң бiрқатарын шешедi. Бiрiншiден, жұмысшыларға
жалдамалылар қатарынан шығып, өз кәсiбiнiң қожасы болу мүмкiндiгi туады.
Екiншiден, кiшi кәсiпкерлiктi халықтың жұмыспен қамтылу мәселесiмен де
бiрлестiрiп қарастыруға болады. Үшiншiден, шағын кәсiпкерлiктiң өркендеуi
тауарлар өндiрудi ұлғайтуға және қызмет көрсетудi дамытуға жол ашады.
Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанынан 1997 жылдың қаңтар айында
құрылған шағын кәсіпкерлік мәселелерi жөнiндегi ынталы топ, экономиканың
даму саласын реттейтiн заңдылық және нормативтiк – нұсқаулық актiлерiн
жетiлдiруге көмектеседi деп күтiлуде.
Сонымен, Қазақстан Республикасының 1997 жылдың 18 маусымында шыққан
“Шағын кәсiпкерлiктi мемлекеттiк қолдау туралы” заңында шағын кәсiпкерлiк
тұлғаларын тiркеу процедурасын барынша оңайлату туралы атап айтылған едi.
Жарғылық капиталға қойылатын талап та жеңiлдетiлдi. Мысалы, бұрын заңды
тұлғаны тiркеу үшiн кәсiпкерлер ақша мен уақыттарын шағындап 10-12 түрлi
құжаттар жинауы керек-тiн. Ал, ендi жаңа заңдылық бойынша тәртiп ыңғайлы.
Бекiтiлген үлгi бойынша өтiнiш тек әдiлет басқармасына ғана көрсетiледi.
Бекiтiлген жарғының бiреуi бойынша жұмыс iстеуге келiсiм берiледi және
тiркеу үшiн екi есе төлем көрсеткiшi бойынша салық төленедi. 3 күн iшiнде
әдiлет басқармасы кәсiпкерге тiркеу туралы куәлiгiн және статистика органы
мен салық инспекциясына қажеттi мәлiметтердi беруге мiндеттi.
Шағын кәсіпкерліктің дамуы республиканың барлық азаматтарына қатысы бар
күрделi әрi көпқырлы iс. Пәрмендi де оңтайлы қаржы институттарын құрмайынша
шағын кәсіпкерлік пен орта кәсiпкерлiктi қолдау, оған демесiн болу мүмкiн
емес. Өмiр көрсетiп отырғанындай, кәсiпкерлiктi қолдау және дамыту
жөнiндегi бұрынғы мемлекеттiк қор қызметiнiң басты қателiгi оның қаржысының
чиновниктiк құрылым арқылы бөлiнуiнде едi.
Республика Президентiнiң “Шағын кәсiпкерлiкке мемлекеттiк қолдауды және
оның дамуын жеделдету шаралары туралы” Жарлығы материалдың өнiм өндiру мен
айналысатын кiшi кәсiпкерлiк субъектiлерiне салық және кеден салымына
байланысты жеңiлдiктер беруді көздейдi. Экологиялық тұрғыда қолайсыз және
бару қиын шалғай аудандарда өнiм өндiрумен айналысатын шағын кәсiпорындарға
аумақтық жеңiлдiктер жасау, олардан салық жинамау, ауылдық жерлерде өнiм
өндiрумен айналысатын және сол жерде жұмыс орнын құруды мақсат ететiн шағын
кәсiпорындарды салықтан мүлде босату қарастырылған. Олай болса, заңдық
база, оған қоса жеке және шағын кәсiпкерлiктiң дамуына мемлекет тарапынан
көмектесу әсiресе өндiрiс саласындағы шағын кәсiпкерлiктiң iлгерiлеп өрге
басуына жол ашады.
Экономиканың мемлекеттен тыс секторларының дамуына жол салған
кооперативтер орнына шағын, сонан кейiн жеке кәсiпорындар келдi. Дегенмен
жүргiзiлген талдау көрсеткендей, экономиканың жеке секторының, әсiресе
шағын кәсiпкерлiктiң 1990 жылдың басымен салыстырғандағы қазiргi жай-күйi
күрделiрек. Iс жүзiнде кооперативтердiң 1994 жылы өндiрген тауар көлемi
1993 жылмен салыстырғанда 19,3 процент кемiдi, ал жаңа мерзiмде сауда –
саттық және делдалдық қызметпен айналысатын жеке кәсiпорындар саны 3,2
есеге өстi[3].
Қалыптасқан құқықтық ортаның шағын кәсiпорындарға тигiзетiн келеңсiз
ықпалы, бiрiншiден, заңдылықтың дәйексiздiгiнен көрiнедi. Өйткенi
кәсiпорындар қызметiнiң ереже-тәртiптерi, әсiресе және сыртқы экономикалық
байланыстар саласында тым жиi өзгерiстерге ұшырап отырады. Екiншiден,
заңдылықта елеулi олқылықтар бар. Айталық, меншiктiң барлық түрлерiнiң
теңдiгiне және жекеменшiктiң қорғалуына құқықтық кепiлдiк өте осал.
Үшiншiден, шағын кәсiпорындарды зорлық-зомбылық пен өктемдiкпен,
чиновниктердiң парықсыздығы мен бiлiксiздiгiнен қорғаудың нақты
тетiктерiнiң жоқтығы да көп зардабын тигiзедi.
Жалпы алғанда, ұсақ кәсiпкерлер әлi де болса қолайсыз әлеуметтiк
ортада, халықтың бiрсыпыра топтары тарапынан ұнатпайтын, ықылас та
немқұрайды ахуалда, күрделi жағдайда жұмыс iстеп жатыр. Жұртшылықтың мұндай
көңiл күйiн сондай-ақ көбiне – көп кәсiпкерлердiң белгiлi бөлiгiнiң
өркениетке жат, мәдениеттен алыс әрекеттерi мен мiнез – құлқы отқа май
құйғандай қыздыра түседi. Қиын кезеңдегi күрделi iс-кәсiпкерлiктiң бiз
байқаған кейбiр қырлары, мiне осындай.
Көптеген экономикалық, әлеуметтiк және саяси мәселелердi шешуге
қабiлеттi болғандықтан шағын кәсiпкерлiктiң нарықтық экономикадағы маңызы
зор.

1.3 Қазақстан Республикасындағы шағын кәсіпкерліктің ерекшеліктері

Нарыққа негізінен миллиондаған айналымы бар корпорацияларға жол ашық,
ал шағын кәсіпкерлік құрылымдарының кіруіне мүмкіндік жоқ деген пікірлер
бар.
Басты дәлел - шағын фирмалардың жақсы жетілген ірі компаниялармен
бәсекелесе алмауы. Шын мәнінде, шағын кәсіпкерлік бірнеше себептерге
байланысты ірілермен сәтті бәсекелесе алады. Мысалға ірі кәсіпорындар
стратегиясын өзгерту үшін 6 жыл қажет, ал жаңа стратегия енгізу үшін 10 жыл
және одан да көп уақыт қажет етеді. Шағын фирмалар үшін бұл уақыт
айтарлықтай азырақ - жарты жылдан 1 жылға дейін. Одан әрі, технологиялық
жаңалықтар - бұл дәстүрлі түрде үлкен кәсіпкерлік саласы деп саналатын,
бірақ статистикаға қарасақ, 2-ші дүниежүзілік соғыстан кейін радикалды
технологиялық жаңартпашылықтардың 95% шағын кәсіпкерлік саласынан келуде.
Басқа қайнар көздегі мәліметтер бойынша ірі фирмаларға қарағанда, шағын
фирмалар 24 есе көп жаңартпашылықтар мен ашылымдар жасауда.
Сондықтан Европа Достастығында (ЕС) экономиканың жеке секторындағы 15,7
миллион кәсіпорындардың барлық дерлік шағын және орта кәсіпкерлік болуы
кездейсоқтық емес. Шағын кәсіпкерлік кәсіпорындары 70% жұмыс орындарымен
(62 млн) қамтамасыз ете отырып, қоғамдастықтың дамуына айтарлықтай үлес
қосты, статистикалық мәліметтер бойынша 16 млн. Адам өздеріне және 46 млн.
Адам жалдамалы жұмысшы ретінде жұмыс істей бастады.
Қазақстан Республикасында адам саны айтарлықтай аз кәсіпорындар шағын
болып саналады. Қазақстан Республикасының 1997ж. 8 сәуірдегі №499 қаулысына
сәйкес шағын кәсіпорындарға:
• өндірісте, құрылыста және шаруашылықта – 50 адамға дейін;
• саудада және тұрмыстық қызмет көрсетуде – 30 адамға дейін;
• көлік және байланыста – 25 адамға дейін;
• ғылымда және жаңартпашылдық қызметте – 20 адамға дейін;
жұмыс істейтін кәсіпорындар жатады.
Жұмыс істеушілер саны 200 адамнан аспайтын кәсіпорындар орта
кәсіпкерлікке жатады[4].
Қазақстан жағдайында қолда бар шетелдік тәжірибелерді ескере келе,
шағын кәсіпкерлікке келесідей сипаттама беруге болады. Шағын кәсіпкерлік
кәсіпорындар деп, бір немесе бірнеше инвесторлармен құрылған, географиялық
шектелген аймақтарда жұмыс істейтін және нарықтық шектелген үлесіне ие
кәсіпорындарды айтамыз. Бұл кәсіпорындарда басқаруды негізінен салушылар
жүзеге асырады., олар барлық негізгі стратегиялық шешімдерді қабылдайды;
басқару – нысаншылдықтың жоқтығы мен ұтымды шешім қабылдау сипатымен
ерекшеленеді; басқару саласында, сондай- ақ өндіріс саласында жұмысшылардың
жоғары өзара ауыспалылығы байқалады.
Шағын және орта кәсіпкерлік, қазіргі кезеңде жұмыссыздықпен
сипатталатын Қазақстан экономикасын қажетті жаңа жұмыс орындарымен
қамтамасыз етеді. Американ экспресс мәліметтері бойынша, барлық жаңа жұмыс
орындары тұрақтанған ірі компаниялардың есебінен емес, жаңа фирмалар
есебінен ашылуда. Мысалы, 1987 ж. АҚШ- тың 500 ірі компанияларындағы жұмыс
орындарының өсу қарқыны 3 есе көп болады.
Дәстүрлі түрде ірі кәсіпорындар мен фирмалардың жұмыс істеуі пайдасыз
болып табылатын салаларда шағын кәсіпкерлік барлық мүмкін болатын қызметтер
мен қосалқы жұмыстарды атқаруда кең мүмкіндіктерді қамтамасыз ете отырып,
ірі фирмалар мен компаниялардың тиімді жұмыс істеулері үшін қолайлы
жағдайлар жасап отыр. Бұл жерде 50- ші жылдардан бері, келісім – шарттар
негізінде, ірі компаниялардың шағын және орта маманданған фирмаларға
тапсыратын жұмыс көлемі күрт өсе бастаған Жапония тәжірибесі көңіл
аударарлық. Мысалы, 1966 жылдан 1981 жылға дейін ірі фирмалармен контракт
бойынша жұмыс істейтін шағын және орта фирмалардың (300 адам жұмыспен
қамтылған) үлесі олардың жалпы санында (шағын, орта және ірі фирмалар
санының қосындысында) 53,5-тен 65,5%-ке көбейді. Электроника өнеркәсібінде
бұл үлес 1981 ж. 85,7%- ке жетті. Ал осы өнеркәсіп саласындағы өндіріс
көлеміндегі қосалқы жұмыстардың құндылық көлемінің үлес салмағы 90-шы
жылдардың басында 80%-ке жетті.
Сондай-ақ құрылыста шағын және ірі фирмалардың әртүрлі қызмет салалары
бар. Ірілері үлкен объектілердің әсер ету жағдайында сәтті жұмыс істейді
және ірі тапсырыс берушілермен жұмыс істейді. Шағын құрылыс фирмалары
болса, құрылыстық – монтаждық жұмыстарға, бар объектілерді модернизациялау
мен қайта құруға, жөндеу жұмыстарын жүргізуге және жеке тапсырыс
берушілермен жұмыс істеуге бет алуда. Шағын кәсіпкерлік ірі кәсіпкерлікке
қарағанда анағұрлым тиімдірек жұмыс істейтін салаларда өзінің нарықтағы
тауашасын сәтті иеленеді. Мысалы, ірі комбинат әсері – бұл ірі кәсіпкерлік
саласы екендігіне сөз жоқ, бірақ осы комбинаттағы электромонтаждық фирмалар
электромонтаж жұмыстарын әлдеқайда тиімдірек орындайды.
Шағын кәсіпкерліктің артықшылықтары айқын. Бұл – шағын кәсіпкерліктің
динамикалылығы, икемділігі, өндірілетін өнім мен көрсетілетін қызмет
түрлерін тез ауыстыру қабілеттілігі, технология саласында сондай-ақ басқа
жұмыс істеу салаларында жаңалықтарды енгізу қабілеттілігі. Соңында, шағын
фирмалардағы еңбек ұжымында тұрақты емес қатынас орнатылады, үлкен
бюрократиялық құрылым жоқ, жұмысшыларды басқаруға, табыстарды басқаруға
тікелей қатыса алады.
Шағын кәсіпкерліктің басты ерекшелігі – кірістерге қатысумен және
жұмыспен қамтылғандықты сақтап қалуға ынталы болумен шартталған, жұмыстың
ең жоғарғы нәтижелігіне деген жалпы біріккен құштарлық, коллективтік түрде
еңбек етуге және бригада болып жұмыс істеуге ұмтылыс. Ірі фирмаларда
құрушылар (негізінен қалаушылар) кәсіпорынды басқару үшін маман
менеджерлерді тартуға мәжбүр, бірақ бұл көбінесе 2 жақ мүдделерінің
тоғыспауына әкеледі, ал ол өз кезегінде жалпы басқару тиімділігіне әсер
етеді. Шағын және орта кәсіпорындарда мұндай қарсылықтардан құтылып кетуге
болады, себебі негізін қалаушы мен менеджер – бұл ереже бойынша бір
адам[5].
Шағын кәсіпкерлік шағын және орта қалалардың жұмыс істеу негізі болып,
ол жердің тұрғындарына тұратын жерлерінің қасынан жұмыс табуға жол ашады.
Мысалы, Көкшетау қаласының жағдайында, бұрынғы үлкен Көкшетаустрой-1,
Көкшетау-2 трестері сияқты құрылыс өндірістерінің көлемі қысқартылып
немесе жабылып жатқанда, шағын құрылыстық фирмаларды құру жүздеген құрылыс
мамандарына өз қаласынан тысқары шықпай-ақ жұмысқа тұруға мүмкіндік берді.
Сонымен, жоғарыда айтылғандарды қорытындылай келе келесідей шағын және
орта кәсіпкерлікті салыстыру анализінің кестесін құруға болады, оның
мақсаты ірі кәсіпкерліктен мүлдем бас тарту емес, ал Қазақстан экономикасы
үшін шағын кәсіпкерліктің үлкен артықшылықтарын көрсету болып табылады.
Оның үстіне, шағын кәсіпкерлік тек қана экономиканы жандандырушы фактор
болып қана қоймай, сондай-ақ оның экономикалық дағдарыстан шығуының алғашқы
кезеңі ретінде қарастырылады. Шағын фирмаларды көбірек құру – жұмыссыздық
проблемасын жеңілдетуі, сауыққан бәсекелі орта құруы, қаржы нарығын
жандандыруы, ірі кәсіпкерліктің дамуына бастама беруі және бүгінгі
барларының ауқымын кеңейтуі мүмкін.
Біздің Республикамыз үшін шағын кәсіпкерліктің негізін қалау
формаларының ішінде, франчайзинг пен жанұялық кәсіпкерлік формалары ең
өзекті деуге болады. Франчайзинг компаниясы өзінің франчайзи-мүшелеріне
фирма атын, сауда маркасын, өнімін, технологиясын және т.с.с пайдалану
құқығын береді. Франчайзинг жаңадан бастаушы кәсіпкерлер үшін жаңа
кәсіпорындар ашу мен жұмыс істеу тәуекелінің деңгейін айтарлықтай
төмендетеді. Франчайзинг келісімі жаңа кәсіпкерлікке, бүгінгі күндегі
кәсіпорын мен оның жұмысшылары жинақтаған үлкен тәжірибелерді пайдалануға
мүмкіндік береді, сондықтан шетелдегі әрбір 12-ші кәсіпорынның
франчайзингтік болуы кездейсоқтық емес. Қазақстандық кәсіпкерлер үшін
халықаралық франчайзинг ең алдымен біріккен кәсіпорын, лицензия сатып алу,
тікелей инвестиция және мемлекеттік деңгейдегі келісім түрінде болуы
мүмкін.
Франчайзингтік қатынастың тағы бір артықшылығы – бұл франчайзер
тарапынан жасалатын қаржыландырудың тікелей емес, жанама түрде қаржылық
қолдау Мысалы, франчайзер алынған тауар бойынша шарттағы төлеу мерзімін
ұзарта алады. Сөйтіп франчайздің айналым капиталының көлемінің көбеюіне
әкеледі немесе франчайз банктен несие алған кезде кепілдік беруші бола
алады.
Соңында, егер тәуелсіз кәсіпкерлікті бастау айтарлықтай бастапқы
салымды қажат етсе, франчайзингтік фирма құрған кезде бұл шығындар
анағұрлым аз болуы себепті қаржылық артықшылыққа ие.
Шағын кәсіпкерліктің негізін қалаудың тағы бір жолы – бір отбасы
мүшелерінің күшімен негізі қаланып, жұмыс істеп жатқан отбасылық
кәсіпкерлік. Сонымен бірге бұл кәсіпкерлікте отбасы мүшелері қаласа толық,
қаласа жарты күн жұмыс істей алады. Әдетте отбасылық кәсіпкерлік бір
ұрпақтан екінші ұрпаққа өтіп отырады[6].

Отбасылық кәсіпкерлік пен кәсіпкерліктің басқа да түрлері арасындағы
айырмашылықтар. ҚР шағын кәсіпкерліктің негізгі ерекшеліктері

№ Отбасылық кәсіпкерлік № Кәсіпкерліктің басқа түрлері
1 Фирманы шексіз беріліп басқару,1 Фирма менеджерінің мүдделері
себебі отбасы мүшелерінің өмірі арадағы шарт шеңберінде.
және жақсы тұрмысы
кәсіпкерліктің табысты не
табыссыздығына байланысты.
2 Отбасы мүшелері өздерінің 2 Менеджерлердің өздерінің барлық
барлық мансаптарын тек бір жеке мансаптарын бір ғана фирмада
отбасылық кәсіпкерлікпен ғана жүріп жасаулары сирек
баланыстырады. кездеседі.
3 Стратегияны дайындау кезінде 3 Менеджерлер фирманың
отбасы мүшелері шексіз уақыт стратегиясын дайындау кезінде
кеңістігіне ие. өте қысқа уақыт кеңістігіне ие.
4 Кәсіпкерліктегі сәтсіздіктер 4 Кәсіпкерліктегі сәтсіздіктер
отбасы мүшелеріне, әсіресе оның менеджерлерге салыстырмалы
менеджерлеріне драмалық зардап түрде аз әсер етеді.
әкеледі.
5 Отбасы мүшесінің менеджер 5 Фирмада менеджер мансабының
ретінде қызмет атқаруының тоқтатылу ықтималдығы өте
тоқтатылу ықтималдығы өте жоғары.
төмен.
6 Отбасы мүшелері фирманың өсуіне6 Менеджер жалақысын арттыруға,
және табысты болуына мүдделі, мансабын жоғарылатуға және
себебі ол жалғыз жұмыс орны өсіруге мүдделі.
және отбасы тұрмысын жақсарту
көзі.
7 Отбасы мүшелерінің кірістері 7 Менеджер жалақысының фирма
фирма қызметінің түпкілікті қызметінің түпкілікті
нәтижелерімен тікелей нәтижелеріне тәуелділігі
пропорционалды. анағұрлым аз.
8 Шешім қабылдау 8 Шешім қабылдау алқалы сипатқа
орталықтандырылған сипатқа ие, ие, көбіне менеджерлер
дегенмен уақыт өте бұл беталыс командасының қатысуына
төмендейді. негізделген.
9 Фирма қызметіне деген ішкі 9 Фирма қызметіне бақылау тым
бақылау аз, жалаң сипатқа ие. атүсті.
10 Отбасы мүшелерінің арасындағы 10 Сабақтастық бақталастыққа және
бақталастық отағасы мен жанжалға алып келуі мүмкін,
мұрагерлер арасында жанжал бірақ акционерлердің
туғызуы және отбасылық мүдделеріне сәйкес ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстандағы шағын және орта бизнестің дамуы
Қаржы қатынастары мен саясаты
Банктік реформа және теңге жүйесі
Шағын және орта бизнесті қолдауды жетілдіру
Шағын бизнестің экономикалық мәні мен маңызы және ерекшеліктері
Қазақстан Республикасындағы шағын және орта бизнестің қазіргі жағдайы және дамуы
Қазақстан Республикасында кәсіпкерліктің даму ерекшеліктері, мәселелері
Шағын кәсiпкерлiктi мемлекеттiк қолдау мен дамыту туралы ақпарат
Шағын және орта бизнесті мемлекеттік қолдау әдістері
Кәсіпкерлік қызметтегі несиелеуді ұйымдастыру
Пәндер