Шаруашылық жүргізуші субъектілер сыныптамасы


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 47 бет
Таңдаулыға:   

ЖОСПАР

КІРІСПЕ

1. Шаруашылық жүргізуші субъектілер (ШЖС) қаржысының теориялық негіздері

1. 1. ШЖС қаржысының мәні, сыныптамасы мен ерекшеліктері

1. 2. Коммерциялық ШЖС қаржысын ұйымдастыру

1. 3. Коммерциялық емес ШЖС қаржысының мазмұны және ұйымдастырылуы

2. «Қазақтелеком» акционерлік қоғамы - ҚР серпінді дамып келе жатқан компаниясының бірі ретінде

2. 1. «Қазақтелеком» АҚ даму тарихы, құрылымы мен міндеттері

2. 2. Акционерлік қоғамның инвестициялық жобалары

2. 3. Қоғамның қор нарығындағы алар орны

3. ҚР «Қазақтелеком» АҚ даму перспективалары

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Шаруашылық жургізуші субъектілер қаржылары - қаржы жүйесінің біртұтастығын құрайтын бөлік. Олар қаржы жүйесінің негізгі және туынды бөлігін құрайды, себебі олар елдегі ақша қатынастарының маңызды саласын, нақты айтқанда, оның өнрістік емес салалар шығындарын, халық кажеттіліктерін қамтамасыз ететін көздер - ұлттық байлық, ұлттық табыс және жасалған қоғамдық өнімді алғаш бөлуді қамтиды.

"Шаруашылық жүргізуші субъектілер" ұғымы жинақталушы деп түсіндіріледі. Өйткені олар активтерді басқара алатын, экономикалық істерді жасай білетін және баска да бірліктермен операция жүргізе алатын экономикалық агенттерді әр денгейінде әр түрлі және көп тізімді жоғарғы басқару жүйесі мен төменгі экономикалық бірліктерге денгейлердің іс-әрекетін қамтиды. Шаруашылық жүргізуші субъектілердің каржысының қолма-қолдылығы, мемлекет қаржысын тұтас алғандағы сияқты, экономикалық заңдардың жүзеге асуы мен тауар-ақша қатынасының болуына негізделген. Тауар-ақша қатынастары меншік түрлеріне байланысты қоғамдық еңбекті бөлумен алдын ала анықталады. Дербес тауар өндірушілер арасындағы еңбек бөлінісінің деңгейі әр түрлі дербес кәсіп орындардың болуын, олардың құрылымдық бөлулерінен бастап бөлек жұмысшы орнына дейін анықтайды. Дербес өндірушілер тауар қоятын көрсететін баға арқылы сатуы сатып алу жолымен өз еңбегінің нәтижесін, өнімдерді шығарады және айырбастайды. Тұрасымен алғанда, бұл қатынастар тауар- ақша қатынастары болып табылады.

Осы тақырыптың маңыздылығы - қазіргі нарықтық экономика жағдайындағы шаруашылық жүргізуші субъектілері қаржыларының республика қаржы жүйесінде алар орны ерекше. Айтарлықтай, ШЖС қаржысы қаржы жүйесінің сферасы ретінде қоғам экономикасының іргетасын қалыптастырады, өйткені мұнда материалдық жіне материалдық емес игіліктер жасалады.

Курстық жұмыстың мақсаты:

  • Шаруашылық жүргізуші субъектілер қаржысы мәнін, негізін, мақсаттарын айқындау;
  • ҚР «Қазақтелеком» АҚ қызметі, міндеттері мен халыққа қызмет көрсету саласындағы іс-шараларын көрсету ;
  • ҚР «Қазақтелеком» АҚ даму перспективалары.

Курстық жұмыстың міндеті:

  • ШЖС субъектілер қаржысы жайында толық көлемде мәлімет беру;
  • ҚР «Қазақтелеком» АҚ қызметін талдап, қызмет атқару негіздерін анықтау;
  • Қоғамның қор биржасындағы рөлін айқындай отырып, даму перспективаларын белгілеу.

Курстық жұмыстың зерттеу пәні - нарық жүйесіндегі ШЖС қаржысынің мәні мен қызметтері.

Курстық жұмыстың объектісі - Қазақстан Республикасындағы ШЖС қаржысы.

Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржылары ақша нысанында ұлғаймалы ұдайы өндіріс үдерісінің негізгі жақтарын және оның экономикалык заңдар талабына сай болуын көрсетеді. Олар алдағы уақытта ұлттық шаруашылықтын дамуына қажетті жинақтар мен ақшалай кірістерді пайдалану мен бөлуде қолданылады. Экономиканың дамуын шаруашылық жүргізуші субъектілердің салатын қаржыларынсыз елестету мүмкін емес, себебі ол экономиканы құруда күшті қаржы болып табылады. Өз кезегінде олар өндірістік қатынастардың бөлігін құрап, баска өндірістік катынастармен біріге отырып төменгі баскару звеноларының шаруашылык, іс-әрекетінің тіршілігіне әсер етеді. Шаруашылық жүргізуші субъектілердің каржылары өздеріне мына қаржыларды қамтиды- өнеркәсіптік, ауыл шаруашылық, кұрылыс, көлік, жабдыктау, сауда, дайындау, халықты қажетті тұрмыс-заттармен камтамасыз ету, байланыс, коммуналдық қызметтер, көптеген қаржылық, несиелік, сақтандыру, ғылым, білім беру, медициналық, акпараттык, маркетингтік және де баска да коғамға пайдалы кызметтерді жүзеге асыратын кәсіпорын, фирма, қоғам, концерн, ассоциация; салалық министрліктер мен басқа да шаруашылық органдардың, шаруашылықаралык, салааралық, кооперативтік ұйымдар, мекемелер қаржылары арқылы іске асырылады.

Ұлттық шаруашылыктың әрбір саласының қаржылары сол саланың техникалық-экономикалық ерекшелігіне байланысты өзіндік өзгешелікке ие. Алайда экономикалық заңдардың біртұтастылығына, шаруашылық жүргізу қағидаларының ортақтығына сәйкес, барлық сала каржыларының, мазмұны мен негізгі кағидалары бірдей болып келеді. Мұның бәрі олардың барлығын "қаржы" категориясы сияқты функцияларды жүзеге асыратын шаруашылық жургізуші субъектілердің қаржылары тәрізді субкатегорияға біріктірудің қажеттігін анықтайды.

Курстық жұмысты жазу барысында оқулықтар, газет-журналдармен қатар интернет желісі де пайдаланылды. Курстық жұмыста Қазақстан Республикасының ШЖС-нің қаржы қатынастары жөнінде мәліметтер келтірілген.

  1. Шаруашылық жүргізуші субъектілер (ШЖС) қаржысының теориялық негіздері
  1. ШЖС қаржысының мәні, сыныптамасы мен ерекшеліктері

ҚР қаржы жүйесі- белгілі бір қоғамдық- экономикалық формация шеңберінде өмір сүретін қаржы қатынастары мен қаржы мекемелерінің жиынтығы; тар мағынада- мемлекеттің қаржы мекемелерінің жүйесі. Қаржы жүйесі қаржының мәнділік сипаттамасына қарай үш бөлікті қамтиды:

  1. Қаржы қатынастарының жиынтығы;
  2. Ақша қорларының жиынтығы;
  3. Басқарудың қаржы аппараты.

Ақша қорларының қозғалысына байланысты мемлекет, шаруашылық жүргізуші субъектілер, салалар, аймақтар және жеке азаматтар арасында пайда болатын экономикалық, ақша қатынастарының жиынтығы қаржы қатынастарын құрайды. Қаржы қатынастары негізінен екі сфераны қамтиды:

  1. Мемлекеттік бюджетке жинақталатын мемлекеттің орталықтандырылған ақша қорларын қалыптастырып, пайдаланумен байланысты болатын экономикалық ақша қатынастары;
  2. Кәсіпорындардың орталықтандырылмаған ақша қорларының толық айналымын ортақтастыратын экономикалық ақша қатынастары.

Қаржы қатынастарының буындарына тән болып келетін тиісті орталықтандырылған және орталықтандырылмаған ақша қорларының жиынтығы қаржы жүйесінің екінші бөлігін құрайды. Қаржының материалдық мазмұны өзінің көрінісін қаржы ресурстарын қалыптастырып, пайдалануда табады, бұл ресурстар бюджет, мемлекеттік және мемлекеттік емес әлеуметтік сақтандыру және қамтамасыздандыру, амортизация, айналым қаражаттары, тұтыну, резерв және басқа көптеген ақша қорларын кіріктіреді.

Қаржы жүйесін сыныптаудың функциялық критерийінен басқа қаржы субъектілерінің (қаржы қатынастарындағы қатысушылардың) белгісі бойынша сыныптау қолданылады, бұл қаржы жүйесін сфералар мен буындар бойынша: мемлекет қаржысына, шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысына, халықтың (үй шаруашылығының) қаржысына шектеуге мұмкіндік береді.

Қаржы қатынастарының нысандары мен ақша қорлары басқарылатын материалдық объектіні құрайды, Басқарушы субъект қаржыны басқарудың мемлкеттік және қоғамдық аппараттарының жүйесі- қаржы аппараты болып табылады, бұл қаржы жүйесінің үшінші бөлігі болып табылады. Қаржы қызметін ұйымдастыру мен жоспарлау процесіндегі экономикалық және бақылау жұмысымен, қаржы қатынастары буындарының байланысын жетілдірумен айналысатын қаржы аппараты қаржы жүйесінің басқа бөліктерімен қабысып, етене ұштасып жатады. Бұл қаржы жүйесінде базистік қатынастардың да, қондырмалық қатынастардың да айқыш-ұйқыш тоқайласуын және оның басқармалылығын білдіреді.

ҚР Қаржы жүйесінің сызбасы 1-суретте көрсетілген [3, 42б. ] .

1-сурет. ҚР қары жүйесінің сызбасы

Қаржы жүйесін құрайтын жеке элементтердің орны мен рөлі бірдей емес. Бастапқы элемент жүйенің басқа элементтерінің арасында алдыңғы орынды алады, өйткені жүйе элементтері мен буындардың өзара байланысындағы оның рөлі айқындаушы болып табылады.

Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысы - бірыңғай қаржы жүйесінің құрамды бөлігі және айрықша сферасы болып табылады, оның орталықтандырылмаған бөлігін құрайды, материалдық және материалдық емес игіліктер жасалатын және елдің қаржы ресурстарының негізгі бөлігі қалыптасатын қоғамдық өндірістің басты буынына қызмет көрсетеді. Елдегі ақша қатынастарының аса маңызды сферасын, атап айтқанда, жасалатын қоғамдық өнімді, ұлттық табысты және ұлттық байлықты - халықтың қажеттіліктерін, өндірістік емес сфераның материалдық шығындарын қамтамасыз етудің көздерін алғашқы бөлуді қамтитындықтан бұл буынның қаржысы қаржылардың негізгі, бастапқы бөлігі болып табылады.
Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысы қаржы жүйесінің сферасы ретінде қоғам экономикасының іргетасын қалыптастырады, өйткені мұнда материалдық және материалдық емес игіліктер жасалады. Шаруашылық жүргізуші субъектілер қаржысының сферасы шеңберінде материал, еңбек және қаржы ресурстарын көпшілік бөлігі шоғырландырылады, бұл қоғамда ұлғаймалы ұдайы өндіріс процесін қамтамасыз етеді.
Шаруашылық жүргізуші субъектілер қаржысының болуы, жалпы мемлекеттің қаржысы сияқты, тауар-ақша қатынастарының өмір сүруімен және экономикалық заңдардың іс-әрекетімен байланысты.
Шаруашылық жүргізуші субъектілер қаржысы ақша нысанында ұлғаймалы ұдайы өндіріс процесінің негізгі жақтарын білдіреді және экономикалық заңдардың талаптарына сәйкес оны жүзеге асыруға септігін тигізеді. Ол ұлттық шаруашылықты одан әрі дамытуға қажетті ақшалай табыстар мен қорланымдарды бөлу және пайдалану үшін қолданылады. Даму ұлттық шаруашылықты басқару жүйесінің маңызды экономикалық инструменті, экономиканы қайта құрудың қуатты құралы болып табылатын шаруашылық жүргізуші субъектілердің берік әрі жақсы қалыптасқан қаржыларынсыз мүмкін емес. Өндірістік қатынастардың бір бөлігі ретінде олар басқа өндірістік қатынастардың жиынтығында басқарудың төменгі буындары шаруашылық қызметінің тиімділігіне тікелей әсер етеді.
Шаруашылық жүргізуші субъектілер қаржысы өзіне қоғамдық -пайдалы қызметтің сан алуан сфераларындағы өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, құрылыс, көлік, жабдықтау-өткізу (делдалдық), сауда, дайындау, геологиялық барлау, жобалау қызметін, халыққа тұрмыстық қызмет көрсетуді, байланысты, тұрғын үй-коммуналдық қызметтерін, түрлі қаржы, кредит, сақтық, ғылыми, білім, медицина, ақпарат, маркетинг және басқа қызметті жүзеге асыратын кәсіпорындардың, фирмалардың, қоғамдардың, концерндердің, ассоциациялардың, салалық министрліктер мен басқа шаруашылық органдардың, шаруашылықаралық, салааралық, кооперативтік ұйымдардың, мекемелердің қаржыларын кіріктіреді.
Ұлттық шаруашылықтың әрбір саласы қаржысының бұл саланың техникалық-экономикалық ерекшеліктерінен туындайтын елеулі айырмашылықтары бар. Бірақ сонымен бірге барлық салалардың қаржысының мәні мен оны ұйымдастырудың негізгі қағидаттары бірдей, бұл шаруашылық жүргізудің ортақ қағидаттарына және бірыңғай экономикалық заңдарға байланысты. Мұның бәрі олардың барлығын қосалқы категорияға - жалпы "қаржы" категориясы сияқты оның функцияларын орындайтын шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысына біріктірудің мүмкіндігі мен қажеттігін алдын ала анықтайды.
Шаруашылық жүргізуші субъектілер қаржысы жалпы қаржылар сияқты бөлу және бақылау функцияларын орындайды.
Шаруашылық жүргізуші субъектілер қаржысының бөлгіштік функциясының ерекшелігі қаражаттардың жеке-дара ауыспалы ай-налымының процесінде өндірілген өнімнің құны белгіленген экономикалық нормативтер (салық мөлшерлемелері, амортизациялық аударымдардың нормалары, несие үшін пайыз) негізінде бөлінетігінде болып отыр, мұның өзі қаржының ұдайы өндіріс процесінде құнды бөлу және қайта бөлуге қатысуын айқындайды. Ақшалай қорлар мен қорланымдарды экономикалық тұрғыдан негіздеп бөлу қаржының ұдайы өндірістік тұжырымдамасын да іске асырудың басты шарты болып табылады.
Оның мазмұны жай және ұдайы өндіріс кезінде материалдық және ақша қаражаттарының ауыспалы айналымы процесінде олардың қозғалысы арасындағы сәйкестікті қамтамасыз етуде болып табылады. Бұл үшін кәсіпорындар өнім өндіру мен оны өткізудің жоспарлары, болжамдары мен ниеттері негізінде, белгіленген экономикалық нормативтер негізінде уақыттың белгілі бір мерзіміне кірістер мен шығыстардың көлемін жасайды; шығыстардың шамаланған, меншікті қаржы ресурстары, басқа ұйымдар мен өз қызметкерлерінің уақытша тартылған қаражаттары, банк несиелері есебінен, ал айырықша жағдайда бюджеттен бөлінетін қаражаттар есебінен жабылатынын анықтайды.
Бөлу - өндіру мен тұтыну арасындағы байланыстырушы буын. Бұл процесс кәсіпорындардың өнім өткізуден түсім-ақша алуы және оны өндірістің жұмсалынған қаражаттарын өтеуге және таза табысты (пайданы) жасауға пайдалану арқылы болып жатады. Табыстың (пайданың) бір бөлігі қайта бөлу ретінде орталықтандырылған қорларға - мемлекеттік бюджетке, бюджеттен тыс қорларға түседі, ал қалған бөлігі еңбекке ақы төлеуге, әлеуметтік мұқтаждарға, өндірісті кеңейту және дамыту жөніндегі шығындарды қаржыландыруға шаруашылықтың қарамағында қалады.
Шаруашылық жүргізуші субъектілер қаржысының бақылау функциясы кәсіпорын экономикасында маңызды рөл атқарады: есепсіз және бақылаусыз шаруашылық жүргізуге болмайды. Ақшамен бақылау тек шаруашылық жүргізуші субъектілердің ішінде ғана емес, сонымен бірге оның басқа субъектілерімен, жоғарғы ұйымдармен және қаржы-кредит мекемелерімен өзара қарым-қатынастарында да жүзеге асырылады. Субъектілер арасындағы өзара қатынастарда бақылау жеткізілім тауарларға, көрсетілген қызметтерге және орындалған жұмыстарға ақы төлеу кезінде болады. Қаржы-кредит органдарымен өзара іс-әрекет кезінде бақылау бюджет алдындағы міндеттемелердің орындалуы кезінде, банк несиелерін алған және қайтарған кезде жүзеге асырылады.

Шаруашылық жүргізуші субъектілердің құрамына материалдық өндірістің барлық кәсіпорындары және нарықтық экономика жағдайында өзінің қызметін коммерциялық есеп негіздерінде жүзеге асыратын өндірістік емес сфераның бір бөлігі кіреді.

Шаруашылық жүргізуші субъектілер- кәсіпорындар мен ұйымдар (фирма, компания, фермер шаруашылықтары, ассоциациялар(бірлестіктер), ұлттық компаниялар және басқалары), мекемелер әр түрлі белгілері бойынша сыныпталады және оларды не ол, не бұл түрі бойынша айырудың негіздемелері қаржыны ұйымдастырудың сипатына елеулі әсер етуі мүмкін. ШЖС сыныптамасы 2-суретте бейнеленген [3, 142б. ] .

Межелеудің ең жалпы белгісі кәсіпорындар мен ұйымдарды қызмет сфераларының біріне- материалдық немесе материалдық емес(өндірістік емес) сфераға жатқызу болып табылады. Қызметтің материалдық сферасының кәсіпорындары бүкіл қоғамның тіршілік әрекетінің негізі болып табылатын материалдық өнімдер мен игіліктерді жасайды. Өндірістік емес сфера қызметінің нәтижелері қызметтердің нысанын қабылдайды, қызметтерді жасаудың процесі, әдеттегідей, оларды тұтыну процесімен тоқайласады, яғни олар қордалауға, сақтауға жатпайды.

Сыныптаманың басқа белгісі шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржылық қызметінің сипаты- коммерциялық және коммерциялық емес қызметі болып табылады.

2- сурет. Шаруашылық жүргізуші субъектілер сыныптамасы

Кәсіпорын экономикасының негізгі буыны ретінде меншік нысандары мен шаруашылық жүргізудің әр алуандылығы, тауар ақша қатынастары мен рыноктың дамуы кезінде жұмыс істейді.

Кәсіпорындарды ұйымдық-құқықтық нысандары бойынша межелеу олардың қаржысын ұйымдастырудағы айырмашылықтарға: капиталдың қалыптасуына, өндірістік- шаруашылық қызметін қаржыландыруға, шаруашылықты жүргізудің нәтижелеріне әкеп соғады.

Меншік нысандарына қарай ШЖС қорларын қалыптастыру ерекшеліктері болады. Мәселен, өндірістік кәсіпорындардың қаржы қорлары мына көздер есебінен жүргізіледі: меншікті көздер (амортизациялық аударымдар, табыс- пайда және басқалары) ; банк несиелері; бағалы қағаздардан түсетін қаражаттар; мемлекеттік кәсіпорындарда қаражаттардың бұл көздері қажет жағдайларда бюджеттен және бюджеттен тыс қорлардан қаржы бөлумен толықтырылады; кооперативтерде - кооператив мүшелерінің үлестік жарналарының қаражаттары.

Сонымен, шаруашылық жүргізуші субъектілер қаржысы - өнім (жұмыс, қызмет көрсету) өндіріп, сату кезінде ақшалай табыстарды, қорланымдарды және қорларды жасаумен, бөлумен және пайдаланумен байланысты экономикалық қатынастар.

  1. Коммерциялық ШЖС қаржысын ұйымдастыру

Қазақстан Республикасының аймағында әрекет етіп тұрған барлық субъектілерге (Қазақстан Республикасының аймағында тіркелген резидентгік емес өкілдіктер мен филиалдар, заңды тұлғалар, кәсіпкерлік қызметпен шұғылданатын жеке тұлғалар) қаржылық есеп беруді және бухгалтерлік есепті жүргізу міндеттілігі жүктеледі.
Сот алдында жауап беретін және сотқа шағымдана алатын, өз атынан жеке мүліктік емес және мүліктік құқын жүзеге асыра алатын, сол мүліктерді өз қалауынша оперативтік тұрғыда баскара алатын немесе шаруашылықты жүргізуге меншік құқығы бар ұйымдарды заңды тұлғалар деп атайды немесе солай деп танылады.
Филиалдар бұл занды тұлғалардың тұрған жерінен тыс жерде орналасқан және оның барлық немесе кейбір қызмет түрлерін жүзеге асыратын дараланған бөлімшелері болып табылады, оның ішіне өкілдік қызметі де кіреді.
Филиал да, өкілдік те заңды тұлға болып табылмайды. Заңды тұлға коммерциялық та, коммерциялық емес те болуы мүмкін, біріншісінің мақсаты барынша табыс табу және оны өз қалауынша тарата алады, ал екіншісінің өз қалауынша табыс табу мүмкіндігі де және таза табысын өз қатысушыларының арасында бөлу жағдайы да шектелген.
Коммерциялық ұйымдар тек келесідей нысанда құрылуы мүмкін:
- шаруашылык серіктестіктер;
- акционерлік қоғамдар;
- өндірістік кооперативтер;
- мемлекеттік кәсіпорындар.
Коммерциялық емес ұйымдар заң актілерімен қаралған діни бірлестіктерден, қоғамдық қорлардан, тұтыну кооперативтерінен, акционерлік қоғамдардан, коғамдық бірлестіктерден және тағы басқа ұйымдық нысандарынан құрылуы мүмкін.

1. Шаруашылық серіктестіктер - құрылтайшылардың (қатысушы-лардың) қосқан үлесі бөліп көрсетілген жарлық капиталы бар коммерциялық ұйымдар. Құрылтайшылардың (қатысушылардың) салымдарының есебінен құрылған, сондай-ақ серіктестіктің шаруашылық қызметінде шығарылған және сатып алынған мүліктер серіктестіктердің меншігіне жатады.
Қазіргі кезде шаруашылық серіктестіктер толық және коммандиттік серіктестіктер болып құрылады.
Толық серіктестік мұндай серіктестіктің қатысушылары толық серіктестіктің мүлкі жеткіліксіз болған жағдайда оның міндеттемелері бойынша өздеріне тиесілі барлық мүлікке ортақ жауапкершілікте болады.
Коммандиттік серіктестік - серіктестік міндеттемелері бойынша өзінің барлық мүлкімен (толық серіктестер) қосымша жауап беретін толық серіктестіктерден және серіктестіктің кәсіпкерлік қызметін жүзеге асыруына араласпайтын, жауапкершілігі серіктестік (салымшылар) мүлкіне өздері салған салымдардың жиынтығымен шектелетін қатысушылардан тұрады. Коммандиттік серіктестіктердің қызметіне араласатын толық серіктестіктің құқылы ережесі және олардың міндеттемелері бойынша жауапкершілігі толық серіктестіктің тәртібімен анықталады.
2. Қосымша және жауапкершілігі шектеулі серіктестік. Жауапкершілігі шектеулі серіктестік (ЖШС) . ЖШС жарлық капиталы бір немесе бірнеше серіктестік тұлғалардың ұйымдастыруымен құрылған жауапкершілігі шектеулі серіктестік деп танылады, олардың қосқан үлесі құрылтайшылардың құжаттарында бөліп көрсетіледі; олар өздерінің қосқан салымдарының құны шегінде ғана алған міндеттемесі мен тәуекелділік залалы бойынша жауап береді. Серіктестікке қатысушылардың саны елуден аспауы керек. Ол бір ғана тұлғадан тұратын, басқа да серіктестіктердің жалғыз қатысушысы ретінде болуына болмайды.
Қосымша жауапкершілігі бар серіктестік. Мұндай серіктестіктің қатысушылары оның міндеттемелері бойынша өздерінің жарғылық капиталдағы салымдарымен, ал бұл сомалар жеткіліксіз болған жағдайда - қосымша өздері еселеген мөлшерінде салған салымдармен өздеріне тиесілі мүлкіне жауап береді.
3. Акционерлік қоғам - өз қызметін жүзеге асыру үшін қаражаттарды тарту мақсатында акция шығарумен айналысатын занды тұлға. Қоғам акционерлері өзінің міндеттемесі бойынша жауап бермейді және олардың кызметімен байланысты өздеріне жататын акцияларының құнының шегінде тәуекелділіктен алған зиянды шегеді. Акционерлік қоғам ашық, жабық және ашық халықтық қоғам болып бөлінуі мүмкін.
Ашық акционерлік қоғам - өздерінің шығарған акциясын ашық, жеке, жабық түрде орналастыруына құқығы бар. Мұндай қоғамның қатысушылары өздеріне тиесілі акцияларды басқа акционерлердің келісімінсіз иеліктен шығара алады.
Жабық акционерлік қоғам. Мұндай қоғамның акциялары тек қана өз құрылтайшылары ішінде немесе алдын ала белгіленген тұлғалар шеңберінде таратылады. Егерде жабық акционерлік қоғамның акционерлерінің саны жүзден асып кетсе, онда келесі үш айдың барысында акционерлердің жалпы жиналысында қоғамның типін өзгертуге, яғни ашық акционерлік қоғамға айналуына шешім қабылдауына болады.
Ашық қоғамның акциялары, бағалы қағаздардың нарығына қарап бағаланады және ондағы активтердің құны екі жүз мың айлық есепті керсеткішті құраса және акционерлердің саны бес жүзден кем болмаса, онда ол ашық халықтық қоғам болып табылады.
4. Өндірістік кооператив - бірлескен кәсіпкерлік қызмет үшін мүшелік негізінде, олар өзінің еңбек етуімен тікелей қатысуының негізінде және мүліктік пайларын (үлестерін) мүшесі ретінде біріктірудің негізінде құрылған азаматтық ерікті бірлестік. Кооператив мүшесі екіден кем болмауы тиіс. Кооператив мүшелері занда қаралған тәртіп пен деңгейде қосымша (субсидиарлық) міндеттемелері бойынша жауапкершілікте болады.
5. Мемлекеттік кәсіпорын. Мемлекеттік кәсіпорындарға жататындар:
- шаруашылыкты жүргізу құқына негізделген мемлекеттік кәсіпорын. Ол өз міндеттемелері бойынша өзіне тиесілі барлық мүлікке жауап береді, бірақ мемлекет міндеттемелері үшін жауапты болмайды;
- ағымдағы (оперативтік) баскару құқығына (қазыналық кәсіпорын) негізделген мемлекеттік кәсіпорын, Қазақстан Республикасы үкіметінің немесе жергілікті атқару органының шешімімен құрылады. Қазыналық кәсіпорынның шаруашылық қызметі оның Жарғысында көрсетілген (белгіленген) мақсаттармен және міндеттермен анықталады. Қазақстан Республикасы немесе жергілікті әкімшілік-аумақтық бөлініс қазыналық кәсіпорынның міндеттемелері бойынша жәрдем беру жауапкершілігін өз мойнына алады [4] .
Коммерциялық кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржысы қаржы жүйесінің маңызды сфераларының бірі ретінде құн түріндегі ЖІӨ-ді жасау, бөлу және пайдалану процестерін қамтиды. Олар негізінен ЖІӨ мен ҰТ жасалатын материалдық өндіріс сферасында іс-әрекет етеді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шаруашылық жүрпзуші субъектілердің қаржысы
ШАРУАШЫЛЫҚ ЖҮРГІЗУШІ СУБЪЕКТІЛЕРДІҢ ҚАРЖЫСЫ ТУРАЛЫ ТҮСІНІКТЕР
Шаруашылық жүргізуші субъектілердің сыныптамасы
Коммерциялық негізде жұмыс істейтін шаруашылық жүргізуші субъектілер қаржысы
Қаржылық бақылаудың сыныптамасы мен әдістері
Қаржылық бақылауға жалпы сипаттама
Қазақстан Республикасында кәсіпорын қызметінің заңнамалық негізгі
Кәсіпорын капиталының құрылуы
Шаруашылық субъектілердің қаржылық жағдайын талдаудың мәні және маңызы
Қаржылық бақылау туралы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz