Шет тілдерді оқытуда компьютер тиімді құрал ретінде



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 27 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар
Кіріспе 3

1 Шет тілдерді оқытудағы электронды-техникалық құралдардың маңыздылығы 6

1.1 Оқытудың техникалық құралдарының топтамасы және олардың қызметтері 6

1.2 Электронды құралдар туралы түсінік және олардың топтамасы мен атқаратын
қызметтері 12

2 Шет тілдерді оқытудағы электрондық-техникалық құралдардың тиімділігі 15

2.1 Шет тілдерді оқытуда компьютер тиімді құрал ретінде 15

2.2 Шет тілдерін оқытуда Интернет желісін қолдану ерекшеліктері мен
нәтижелері 18

Қорытынды 24

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: 27

Кіріспе

Адам іс-әрекетінің әртүрлі салаларында, сонымен қатар, білім саласында
ақпараттық технологиялардың жаңаша құралдарын қолдану бүгінгі күні үлкен
өзектілікке ие болып отыр. Отандық және шетелдік оқулықтарда білім
процессін компьютерлендіру ең өзекті факторлардың бірі ретінде
қарастырылады.
Бүгінгі күні Қазақстан Республикасының білім туралы тұжырымдамасы ойлы,
өнерлі, білімді тұлғаны қалыптастыруға бағытталған және қазіргі білім
жүйесі оқушылардың танымдық белсенділігін дамытатын оқытудың дәстүрлі емес,
белсенді түрін және әдістерін оқу процессіне енгізу бағытында құрылуы тиіс.
Білімді дамыту үшін білім берудің үйреншікті әдісінен оқыту процессінде
оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын арттыратын білім берудің жаңа
белсенді әдісіне көшу керек. Бұл тапсырманы оқыту процессінде тек жаңа
технологияларды қолдану арқылы жүзеге асыруға болады.
Соңғы жылдары оқу үрдісінде жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану
туралы мәселе өзекті болып табылады. Оқу жүйесінде болып жатқан өзгерістер
шетел тілдерін оқыту үдерісіне жаңа өзгерістер, жаңа талаптар қоюда.
Қазіргі таңда шет тілін оқытуда жаңа ақпараттық технологияны көп пайдалану
маңызды жұмыс болып табылады. Бұл дегеніміз, тек қана жаңа техникалық
құралдар ғана емес, сонымен қатар, оқытудың жаңа әдістері мен түрлері,
оқыту үдерісіне жаңаша қарау. Шет тілді оқытудағы негізгі мақсат - шет
тілді коммуникативті қалыптастыру және дамыту, оны еркін игеру. Шет тілі -
қазіргі заманның талабына сай, қоғамның әлеуметтік-экономикалық, ғылыми-
техникалық және мәдени дамуының қайнар көзі. Қазір шет тілін оқыту
әдістемесінің деңгейі жоғары. Тілді оқытуда интерактивтік тәсіл, ойындар,
екеуаралық пікірталастар, сонымен бірге ақпараттық технология, интернет,
компьютер қолданылуда.
Қазіргі кезде жаңа білім жүйесі интернеттің пайда болуының арқасында
дамығанын барлығы мойындайды. Көптеген әдіскерлер видеофильм, электрондық
пошта (e-mail), мультимедиялық презентация, анимациялық суреттер және т.б.
көмегімен шетел тілінде монолог және диалог түрінде сөйлеу қабілетін
қалыптастыратын жаттығуларды құрастырумен айналысып жатыр. Ал шетелде
болмай-ақ, сол елдің тілінде сөйлей алу қабілетіне ие болу оңай емес.
Сондықтан, мұғалімнің маңызды тапсырмасының бірі шет тілі сабағында жаңа
технологиялардың түрлі амалдарын қолдана отырып, сөйлеудің шын
ситуацияларын құру болып табылады. Шет тілін үйрету процессінде компьютер
технологияларын қолдану сабақты қызықты жолмен өткізуге көмектеседі.
Мысалы, анимациялық суреттер, видео-көріністер, презентациялар және т.б.
әртүрлі дыбыстар арқылы көрсетіледі. Компьютер мониторындағы көріністер
оқушының іс-қимылының арқасында өзгеріп отырады. Бұл динамикалық және
оқушының бар ойын өзіне бағыттайды, сонымен қатар, оқу процессінде оқушының
белсенділігі оянады. Нәтижесінде, оқушы ақпаратты оңай әрі тез қабылдайды
және оқушының ынтасы мен қызығушылығы жоғарылайды.
ХХI ғасырды қоғамдық ақпараттандыру ғасыры деп жай атамаған. Компьютер
- адам іс-әрекетінің барлық салаларында қолданылады. Дүниежүзілік
қоғамдастықта қоғамдық өмірдің барлық саласын глобальді ақпараттандыру
процессі дамытылуда. Экономикалық жағдай, адам өмірінің сапасы, ұлттық
қауіпсіздік және мемлекеттің дүниежүзілік қоғамдастықтағы рөлі ақпараттық-
технологиялық дамудың және оның даму қарқынының даму дәрежесіне байланысты.
Барлық экономикалық дамыған елдерде және көптеген дамушы елдерде білім беру
жүйесін ақпараттандырудың қарқынды процессі жүріп жатыр. Жалпы білімді
жоғарылату жолдары жасалып жатыр және оқыту процессіне жаңа ақпараттық
технологияларды енгізуге көп қаражат бөлінуде.
Дегенмен, оқыту процессіне компьютерлік технологиялардың қарқынды
енгізілуіне қарамастан, арнайы мультимедиялық оқулықтар және оларды қолдану
техникасы туралы әдістеменің болмауы себепті шет тілін үйрету процессінде
компьютерлендіру жеткілікті дамымаған. Сонымен, ағылшын тілін оқыту
әдістемесінің жеткіліксіз жасалуы, ағылшын тіліне оқытуды компьютер арқылы
ұйымдастыру жолдарын жүзеге асыруды және ізденісті қажет ететін, осы
зерттеу жұмысының маңызды мәселесі (проблемасы) болып табылады.
XXI ғасыр – жоғары компьютерлік технология ғасыры. Қазіргі заманда өсіп
келе жатқан бала электронды мәдениетте өмір сүруде. Ақпараттық мәдениетте
оқытушының орныда ауысады. Ол ақпараттық ағынның басқарушысы болуы қажет.
Баламен бір тілде қатынаста болуы үшін оқытушы заманауи әдістер мен жаңа
білім беру технологияларын жетік меңгеруі тиіс.
Оқытушы алдындағы басты міндеттедің бірі ақыл ойын кеңейту, қоршаған
әлем жайлы білімін арттыру, балалардың ой-өрісін белсендіру, сөйлеу
дағдыларын дамыту болып табылады. Жаңа ақпараттық технологиялардың қарқынды
дамуы олардың елімізге енуі қазіргі замандағы баланың тұлғалық дамуына
белгі берді. Білім беруді ақпараттандырудыі негізгі бөлігі жалпы білім
беретін пәндерде ақпараттық технологияларды пайдалну болып табылады.
Оқытылатын шет елде болмасада шет тілін коммуникативті қалыптастыру
және дамыту, оны еркін игеру көп еңбекті қажет етеді. Сондықтан оқытушының
ең басты міндеті шет тілі сабақтарында әр түрлі әдіс тәсілдерді пайдалана
отырып, қарым-қатынастың шынайы оқиғаларын, жағдайларын құру болып
табылады (пікірталастар, рөлдік ойындар, шығармашылық жобалар т.б.). Бұл
мәселені шешуде оқушыларға оқытылатын тақырып бойынша толық және нақты
ақпарат беруге мүмкіндігі бар, оқудың көрнекілігін арттыратын, әр қарай тіл
мәдениетін жетілдіретін оқытудың техникалық құралдарын пайдалану аса
маңызды орын алады.
Оқушыларды меңгеріліп отырған тілдің халқының мәдени құндылықтарымен
таныстыру да аса маңызды. Бұл мақсатта түпнұсқалық материалдарды
пайдаланудың да (сурет, мәтіндер, дыбыстық жазбалар т.б.) маңызды орны бар.
Шет елдердің өмір салтымен ең алдымен мәтіндер, киноүзінділерді,
кинофрагменттерді, диафильмдерді көру арқылы танысады. Бұл жерде
видеоматериалдарды пайдаланудың өзектілігі мен маңыздылығы көрінеді. Шет
тілін меңгерудің басты құралы тіл ортасы, ал қалғандары көмекші болып
табылады. Сабақты толығымен шет тілінде өткізу шет тілдік ортаны
қалыптастырады.
Курс жұмысының мақсаты шет тілдерді оқытудағы электронды-техникалық
құралдарды пайдаланудың ерекшіліктерін зерттеу. Қойылған мақсат келесі
міндеттерді шешуді талап етеді:
- шет тілдерді оқытудағы электронды-техникалық құралдардың топтамасын
қарастыру;
- шет тілдерді оқытудағы электронды-техникалық құралдарды пайдаланудың
тиімділігін қарастыру;
- шет тілдерін оқытуда компьютерді пайдалану;
- шет тілдері сабақтарында интернет желісін қолданудың ерекшеліктері
мен нәтижелерін айқындау;
Курс жұмысы кіріспеден, бөлімдерге бөлінген екі тараудан, қорытындыдан,
пайдаланылған әдебиеттер тізімінен құралады.

1 Шет тілдерді оқытудағы электронды-техникалық құралдардың маңыздылығы

1.1 Оқытудың техникалық құралдарының топтамасы және олардың қызметтері

Адамзат қоғамының даму тарихында адам күш қуатты аз жұмсау арқылы
табысты жетістіктерге қол жеткізуге мүмкіндік беретін техниканы, машинаны
ойлап шығарды. Техникалық құралдардың дамуы адамзат өмірінің барлық
салаларына, оның ішінде, оқыту үрдісінеде өзгерістер әкелді.
Шет тілдерін оқыту саласында оқытудың техникалық құралдарын пайдалану
аса өзекті мәселелердің қатарына жатады. Оқытатын техникалардың пайда
болуы, оларды шет тілдерін оқытуда пайдалану мүмкіндігі оқыту үрдісін
түбірімен өзгертті, оқыту әдісіне ықпалын тигізді. Біршама жыл бұрын
техникалық құралдар түсінігі техникалық ғылымдар саласындағы
зерттеулермен байланысты болды, оның шет тілдерін оқытуға ешбір байланысы
болмады. Оқытудың танымал дәстүрлі құралдарына көру және естудің жаңа оның
ішінде магнитафон, видеомагнитафон, оқыту кинолары, теледидар секілді
құралдары кеңінен тартылып келе жатыр. Қазіргі кезде шет тілдері
оқытушыларының қолында арнайы басқаруды талап ететін оқытудың техникалық
құралдары жеткілікті.
Оқытудың техникалық құралдары –ақпаратты өңдеу үшін оқу-тәрбие
үрдісінде пайдаланылатын техникалық құрылғылардың жиынтығы. Оқытудың
техникалық құралдары екі түсінікті біріктіреді: техникалық құрылғылар
(аппаратура) және оқытудың дидактикалық құралдары (ақпарат иелері) осы
құрылғылардың көмегімен жүргізіледі.
Оқытудың техникалық құралдары байланыс құралы ретінде шет тілін жетік
игеруге байланысты шет тілдерін оқытуда маңызды орынға ие болды. Қазіргі
кезде бұқаралық ақпарат құралдарын кеңінен пайдаланумен ақпаратты
бұрынғыдай жазбаша емес, ауызша түрде радио, теледидар, кино арқылы тарату
жүзеге асып отыр. Адамдарды шет тілінде сөйлету және ауызша шет тілін
түсінуге үйрету қажеттілігі халықаралық саяси, экономикалық, мәдени
қатынастардың дамуымен байланысты.
Шет тілін жетік меңгеруде аудару мен сөйлеу қабілетін қалыптастыру
қиындық тудырады. Мұнда оқытудың техникалық құралдары басты көмек
көрсетеді. Оқытудың техникалық құралдары оқытушының кейбір қызметтерін өзі
атқарады: сұрақтар қояды, әңгімелейді, айтып жаздырады т.б. Біртіндеп
оқытудың техникалық құралдары оқытушыны біршама жұмыстан босатып, қосымша
тілдік ортаны қалыптастырады.
Дегенмен, оқытудың техникалық құралдары оқытушыны толығымен алмастыра
алмайды. Оқытушы оқушылардың сабақ уақытындағы және өзіндік жұмыстарының
тапсырмаларын шешуде ОТҚ әрқайсысының мүмкіндіктерін зерттейді, оқу
материалдарымен танысуда, жаттығулар мен өзіндік жұмыстарда оқытудың әр
түрлі деңгейінде ОТҚ жекелеген түрлерінің тәжірибелі тиімділігін анықтайды.
Оқушылардың өзіндік жұмысы уақытында ОТҚ сабақта алынған сөйлеу
дағдылары мен қабілеттерін нығайтуға көмегін тигізеді.
ШТ оқытуға арналған арнайы техникалық құралдарды пайдалану оқу көрнекі
құралдар, зертханалық жұмыстардың жаңа жиындарын құруға үлкен жол ашты. ШТ
оқытуда оқытудың техникалық құралдарын пайдалану еліміздегі шет тілдерін
оқыту тәжірибесінде жоғары деңгейдегі тиімділікке ие.
ОТҚ пайдалану қағидаларының негізіне шет тілдерін оқыту теориясының
заманауи талаптарына сай оқытудың қалыптасқан әдістері жатады.
Әдісті таңдаудағы басты міндет – шет тілді оқытудың ғылыми әдісін
лингвистика, психология және әдістеменің жетістіктерін кеңінен пайдалану,
фонетикалық, грамматикалық және лексикалық деңгейлерде ана тілі мен шет
тілі арасындағы өзара байланысты зерттеу.
Ағылшын тілді қайнаркөздерде ОТҚ қатты (hardware) және жұмсақ
(software) болып бөлінетін аудиовизуалдық құралдарды атайды. Қатты
құралдарға: магнитафон, проектор, теледидар, компьютер, жұмсақ құралдарға –
грампластинкалар, магнитты лента, магнитты и оптикалық дисктер, слайдтар,
кинофильмдер жатады.
Оқытудың техникалық құралдары құрылғылардың әр алуандығына,
функционалдық мүмкіндіктеріне, ақпаратты жеткізу қабілеттеріне байланысты
топтастырылады. Г.М.Коджаспирова мен К.В.Петров техникалық құралдарды
төмендегідей топтастырады:
- функционалдық бағыты бойынша (шешілетін оқу-тәрбие тапсырмаларының
сипаты);
- құрылғы және жұмыс қағидасы;
- оқыту түрі;
- жұмыс логикасы бойынша;
- сезім мүшелеріне әсер ету сипаты б-ша;
- ақпаратты жеткізу сипаты б-ша [1].
ОТҚ бірінші қызметі – байланыс, ақпаратты жеткізу қызметі.
Екінші – басқару, оқушылардың тапсырмаларды орындауда дайындығын
ұйымдастыру, ақпаратты меңгеру үрдісінде байланыс орнату.
Үшінші – кумулятивті, яғни, сақтау, оқу және оқу-әдістемелік ақпаратты
құжаттандыру мен жүйелендіру. Бұл фоно- және видеотек құру, заманауи
технологиялар көмегімен ақпаратты жинау, сақтау және жеткізу арқылы жүзеге
асады.
Төртінші – зерттеу мақсатымен оқушылардың ОТҚ көмегімен алынған
ақпарат, ОТҚ пайдалану мүмкіндігін іздеумен байланысты ғылыми-зерттеу
қызметі.
Оқытудың техникалық құралдары жеткізу сипаты бойынша (экранды, дыбысты
және экранды-дыбысты құралдар мен аппаратура); функционалдық бағыты бойынша
(аралас құралдар – компьютерлер, мультимедиялық аппаратура, дәрісханалық
техникалық жиындар және оқытудың техникалық құралдарының көмекші тобы)
топтастырылады [2].
Экранды техникалық құралдар қатарына жобалаушы аппаратура, кодоскоп,
диапроектор, диаскоп жатады. Бұлардың көмегімен әр түрлі жазбаларды,
суреттерді, диапозитивті (проекциялы фона үшін түсірілген фотографиялық
сурет), диафильмдерді экранда үлкейтіп көрсетуге болады. Диапроектор мен
диаскопты басқарудың қарапайымдылығы шет тілін оқытудың тиімді құралы болып
табылады. Диапозитивтің диафильмнен артықшылығы оларды оқытушы өзіне
ынғайлы кезекпен және кез-келген мөлшерде көрсете алады.
Диапозитивтер қала, өнер, ел географиясы т.б. тақырыптар бойынша
таңдалады, сонымен бірге, диапозитивтер ауызша және жазбаша баяндауға
арналған әңгімелер, жанрлық көріністер құра алады. Диапозитивтер мен
диафильмдерді көрсету фоножазбалар арқылы іске асады. Бұл жағдайда олар
көру-есту көрнекілігінің бөлігі болып саналады. Шет тілін оқытудағы көру-
есту көрнекілігін кеңінен пайдалануда экранды-дыбысты құралдар кино, оқу
теледидары мен видеомагнитафон қолданылады. Видеомагнитафон арқылы оқытушы
мен оқушылар тікелей бағдарламаға таңдау жасай алады. Оқытушының сабақ
кезінде материалдарды көрсетуде қадағалауға мүмкіндігі бар. Оқытудың
статикалық экранды құралдарының қатарына диапозитивтер, диафильмдер,
транспаранттар, эпиобъекттер жатады. Қазіргі кезде кейбір оқу құралдарында
олар видеограммалар деп аталады, оларды экранда үлкейтіліп көрсетілген
кескін арқылы оқу ақпараттарын ұсыну үшін визуалды бейне ретінде анықтайды.

Диапозитивтер (слайдтар) Г.М. Коджаспирова мен и К.В Петров бойынша
(грек тілінен dia- арқылы және латынның positivus-жағымды) оқу мақсаттарына
арналған сәулемен көрінетін немесе экранда кескінделетін шыны негіздегі
(шыны, таспа) фона үшін түсірілген фотографиялық сурет. Диапозитивтер шыны
немесе таспа негізде жасалады. Шынының артықшылығы – диапозитивті көрсету
кезінде қыздырылғанда бүлінбеуі. Кемшілігі – сынғыштығы, нашар
тасымалдануы.
Аса тиімді дыбыс құралы магнитафон немесе шет тіліндегі оқу материалы
бар магнитафон жазбалары болып табылады. Магнитафон жазбалары әдетте
оқытудың алғашқы кезеңіне арналған. Олар мектеп оқулықтарына, грамматикалық
және сөйлеу курстарына арнайы шығарылған. Шет тіліндегі өлеңдер, әндер,
ертегілердің жазбалары бар.
Оқу құралдарының жеке бір түрі шет тілін оқуда табысқа жетуді
қамтамасыз етпейді, тек оларды дұрыс үйлестіру ғана нәтижелерге қол
жеткізуге мүмкіндік береді.
Г.В.Рогова бойынша мұғалім үшін басты оқыту құралдары шет тілдерінің
бағдарламалары мен мұғалімге арналған кітап; оқушылар үшін – оқулық, оқуға
арналған кітап, грамматикалық анықтама, сөздіктер; оқу кезеңі бойынша
мұғалім мен оқушы үшін – суреттер, бастырмалар, диафильмдер, диапозитивтер,
кинофрагменттер, кинокольцовкалар, грамжазбалар, лингафонды тәжірибелер
(бастапқы және орта кезеңдер); дыбысжазбалары, кинофильмдер, кестелер және
т.б. (жоғары кезең) [3].
Басқа да ОТҚ бар. М.В.Ляховицкий ақпараттың жеткізілу каналы есту,
көру, бірмезгілде көру мен есту критерийі бойынша барлық ОТҚ үш топқа
бөлді:
- фонограммалар (грамтаспа немесе магнитты лентадағы жазба);
- видеограммалар (слайд, диафильмдер, дыбыссыз кинофильмдер
формасындағы);
- видеофонограммалар (дыбысты кинофильмдер, видеожазбалар) [4].
Жеткіншектерді оқыту мен тәрбиелеу үшін техникалық құралдарды пайдалану
мектеп пен педагогиканың заманауи дамуының ерекше сипаттарының бірі болып
табылады. Техникалы құралдар оқытудың сапасын көтеруге және оқушылардың
білім деңгейін арттыруға қажет. Техникалық құралдар материаларды жеңіл
қабылданатын және есте қалатын формада көре алатын мүмкіндік береді.
Заманауи техникалық құралдар оқытушыға біршама көмек бере алады,
сонымен қатар, оқыту сапасын арттыруға жол ашады. Бұлар төмендегі
міндеттерді шешуге көмектеседі:
- оқушыларға оқытылатын тақырып туралы толық және нақты ақпаратты бере
отырып, оқыту сапасын арттыруға;
- оқытудың көрнекілігін көтеруге (күрделі оқу материалын оқушылар жеңіл
қабылдайтын бесминуттық фильм ретінде көрсету);
- материалды баяндау ырғағын жоғарылатуға;
- оқытушы мен оқушылардың жұмысын жеңілдетуге;
Сабақтан осындай құралдарды пайдалану оқытушыға, оның баяндау әдісіне
байланысты. Дегенмен, сабақта пайда болған техникалық құралдар белсенді
қызмет етіп, оқу материалын баяндау әдісіне, оқу үрдісіне, оқытушының іс-
әрекетіне ықпалын тигізіп келеді. Техникалық құралдарды тиімді пайдалануда
олар қолданылатын жағдай ортада маңызды орын алады. Мысалы,
видеоматериалдарды пайдалану арқылы жүргізілетін сабаққа дайындалуда
оқытушы видеоүзіндіні зейін салып көруі керек. Фильмді көру кезінде оқытушы
оқушылардың көңілін аударатын көріністерді белгілеп жаңа лексиканы
түсіндіруі қажет.
Техникалық құралдарды пайдаланумен жүргізілген сабақ бұл – оқытушы оқу
материалын өзінің түсіндіру әдістемесімен теледидар бағдарламасы,
кинофильм, дыбыстық жазбаларындағы әдістемемен сабақтастыратын сапалы сабақ
түрі. Техникалық құралдар сабақтың құрылымы мен түрін ауыстырады.
Оқытушының кәсіби дайындығының жоғары болуына қарай, оқытудың техникалық
құралдарын пайдаланудың тиімділігіде арта түседі.
Жоғары білікті оқытушы сабақта техникалық құралдарды пайдалануды
жоспарласа, олардың көмегімен шешілетін дидактикалық мақсаттарды ғана емес,
сонымен бірге, бұл құралдарды пайдаланудың салдарында анықтайды. Басты
талап техникалық құралдарды нақты дидактикалық мақсаттарға жету үшін
пайдалану.
Техникалық құралдарды пайдаланумен өткізілетін сабақ жоспарлауда
оқытушы техникалық құралдарды пайдалануды қажет ететін оқу материалын
белгілейді; қойылған міндеттерді шешуге қолайлы көрнекілік таңдайды;
сабақта оқу көрнекілігімен жұмыс жасайтын әдістемесін дайындайды.
Шет тілі сабағында зейінді дамытуға ықпалын тигізетін техникалық
құралдарға мыналар жатады:
1 Оқу кинофильмдері мен киноүзінділер. Оқу үрдісіне кеңінен
киноүзінділердің енуімен байланысты оқу фильмдерінің қызметі өзгерді. Олар
ең алдымен білімді жүйелендіру мен жиынтықтауда қызмет етеді.
Бағдарламалардың жаңа тақырыптарын оқуда фильмдер пайдаланылады. Тақырыптың
жекелеген сұрақтарын анық түсіндіретін фильмдерді пайдалану көріністің
қалыптасуы үшін пайдалы. Фильм көрсету сабақтың негізгі бөлігі болып
табылады, оқытудың басқа әдістерімен, оқушылардың өз бетімен жұмыс
істеуімен үйлесімділікте болады.
2 Оқу диафильмдері. Диафильм – бірыңғай сюжеттік сызбалармен біріккен
тақырып бойынша бекітілген кезекпен материал жіберілетін баспадағы тұрақты
бейне. Құжат материалында очерктік сипаттағы, ал суретте - сюжеттік
диафильм құрылады. Құрылымы бойынша олар толық және үзінді болуы мүмкін,
сонымен қатар, оқытудың барлық кезеңдерінде пайдаланылуы мүмкін.
Оқу диафильмдерін (экранды көрнекіліктер) пайдаланумен табысты қызмет
үшін оқушылардың жалпыоқу дағдыларын және экраннан оқу ақпаратын қабылдау
іскерлігін қалыптастыру қажет. Жұмыстың әдістеріне үйретуді мазмұны бойынша
қарапайым диафильмдерден бастау қажет.
Экранды көрнекіліктер бойынша оқушылардың барлық ұжымдық және өзіндік
жұмыстары міндетті түрде балалардың жұмыс нәтижелері тексерілетін және
қажетті қорытындылар жасалатын оқытушының жұмысымен аяқталады.
3 Оқу диапозитивтері. Диапозитив – арнайы картон немесе пластмассалық
рамада орналасқан таспадағы фотографиялық позитивті сурет. Диапозитивтердің
диафильмдерден материалды ұйымдастыруы бойынша айырмашылығы бар. Диафильмде
кадрлар сюжеттік сызбамен байланысты болса, ал диапозитивте автор ұсынған
материал пайдаланылмауыда мүмкін. Оқытушы өзі таңдаған әдістемемен кезекпен
лайықты материал кадрларын көрсетеді. Диапозитивтерде, диафильмдерде
оқытушы түсіндіру кезінде ең бастысы суретпен сипаттау қызметін атқарады.
Олар оқушыларға материал бола алады, олардың білімін тексеру, ауызша және
жазбаша шығармалар өткізу үшінде пайдаланылады.
4 Кодоскопқа арналған транспарант. Сабақта графопроектор (кодоскоп) -
мөлдір таспада орындалатын іріформатты транспаранттарды көрсету үшін
қолданылатын аспап. Транспарантты бір-бірден немесе сериясымен көрсетуге
болады. бір транспарантты екіншісіне кезекпен қойғанда қимыл және даму
елесі құрылады. Графопроектор оқытушыға оқу материалын кезеңмен көрсетуге
мүмкіндік береді. Бұл материалды игеруге, жақсы түсінуге, оқушылар зейінін
ең бастысына аударады.
5 Магнитофон жазбалары. Магнитофон жазбаларын ақпараттары, сұрақтары
мен тапсырмалары бар көркем (шет тілі сабақтарына арналған балалар
радиобағдарламаларының жазбалары) және оқу жазбалары деп бөлуге болады.
Өзіндік жұмысты ұйымдастыруға арналған оқыту мүмкіндіктеріне ие оқу
жазбалары болып табылады. Оқытушы магнитті лентаға материалды басады,
дыбысы құлаққап арқылы әр жұмыс орнына жеткізіледі. Оқуға арналған
дыбысжазбаларын құруда кейбір бағдарламалық қағидалар (материалды кішігірім
бөлікке бөлу, ақыл-ой және тәжірибелік әрекеттерді кезекпен көрсетуші алдын-
ала жазылған) қолданылады, оларды бағдарламалық дыбысжазбалары деп атайды.
Бұндай түрдегі дыбысжазбалары оқытушының оқушылармен әңгімесін немесе
диктант түрлері, мәтінмен жұмыс істеу, сөйлемдерді талдау секілді жұмыс
түрлерін атқарады. Оқу магнитафон жазбалары оқытушыға оқытудың
дифференциялап, даралап оқыту әдісін жүзеге асыруға көмегін тигізеді.
6 Теледидар. Оқу үрдісінде пайдаланылатын телебағдарламалар, үш топқа
бөлінеді. Оның бірі оқу бағдарламаларын есепке алып құрылған оқу
бағдарламалары; олар сабақта тікелей қолданылады, оқу материалының аясын
кеңейтіп сабақтан тыс жұмыстарда пайдаланылады.
Оқытуға арналған теледидар бағдарламалары оқу материалын оқудың әр
түрлі кезеңдерінде қолданыла алады. Оқытушы жаңа тақырыпты түсіндіруде
сабақтың құрамдас бөлігі ретінде бағдарлама енуі мүмкін. Бұл жағдайда
бағдарламадан алынған мәліметтерге сүйене отырып, басқада көрнекілік
құралдардың, тәжірибелік жұмыстардың көмегімен мәліметті талдауды
жалғастырады. Телебағдарламаны көрсету алдында оқытушы жаңа білімді
экраннан алуға дайындайды. Телебағдарламада кездесетін алдыңғы сабақ
материалын қайталап өтеді, қандай тапсырма берілетінін айқындайды.
Оқуға арналған телебағдарламалар тақырып бойынша оқу материалын
жинақтау үшінде қолданылады. Бұл жағдайда бағдарламаны көрсету сәтінде
тақырып туралы барлық мәселелер қарастырылған болуы қажет. Бағдарлама
оқушылардың алған білімін біріктіреді. Теледидар бағдарламасының қолданылуы
оқытушыны алмастыра алмайды, тек қана оқу материалын жинақтауда,
түсіндіруде, жүйелендіруде көмегін тигізеді.
Телебағдарламалардың екінші тобына жалпы білім беретін сипаттағы
бағдарламалар енеді. Барлық типтегі телебағдарламаларды көргеннен кейін
оқытушы өз пікірі бойынша бағдарламаның толығымен ашылмаған мазмұнынын
толықтырады, оқушылардың алған мәліметін нығайтады, қорытындылайды.
Телебағдарламалардың үшінші тобына оқытушыға арналған телебағдарламалар
енеді. Олар әдістемелік және жалпы білім беретін сипаттағы
телебағдарламалар. Бұл бағдарламаларды көру арқылы оқытушы әдістемелік
әдістер, сабақты ұйымдастыру бойынша ұсынымдар, басқада жағдайлар туралы
мәліметтерді үйренеді.
Сабақта экранды көрнекілікті пайдалану келесі шарттардың орындалуымен
оқыту тиімділігін арттырады: мектепте техникалық құралдар мен көрнекіліктер
жиынының болуы, оларды дұрыс пайдалану, оқу көрнекіліктерін, оның ішінде
экранды көрнекілікті таңдау, ең бастысы оқытушының әдістемелік және
техникалық дайындығы.
Оқытудың техникалық құралдарын пайдалана отырып, негізгі әдістемелік
жағдайларды ұмытпау қажет.
- ең жақсы фильм, диафильм, грамжазба, телебағдарламаларды оқушылар
оқытушының жетекшілігімен дұрыс түсінеді;
- оқытудың техникалық құралдары сабақтың барлық оқу материалдарымен
байланыста болған жағдайда тиімділікке ие.
- оқу үрдісіне енген техникалық құралдар танымдық міндеттерді шешу үшін
оқытушыға көмек береді.

1.2 Электронды құралдар туралы түсінік және олардың топтамасы мен атқаратын
қызметтері

Сандық (электронды) білім беру ресурстары фундаменталды түсінік болып
табылады. Оның құрамына кең қолданылатын терминдер кіреді.
Сандық – сандардың кезек-кезегімен берілуі. Қазіргі кезде ақпараттық
технологиялардың қарқынды дамуында ақпаратты сандық формада жеткізу кеңінен
орын алуда: сандық фотосурет, сандық бейне т.б. Бұл ресурстардың ерекше
сипаты олардың сандық ерекшелігі, яғни, олар сандық түрде беріледі.
Білім беру – яғни, бірнәрсені оқуға бағытталған, білім берудің әр түрлі
формаларында пайдаланылуы мүмкін. Білім беру құралдарын білім беру
сипатындағы ақпараты бар құрал деп анықтайды.
Электронды білім беру құралдарының әр түрлі топтамасын қарастырсақ:
Электронды құжат. Машинаоқитын тасымалдаушыдағы құжат, оны қолдануда
есептеуіш техника құралы қажет.
Электронды басылым. Өзгермеген түрде таратуға арналған редақциялық-
баспадан өткен электронды құжат (электронды құжаттар тобы).
Электронды білім беру құралдарының келесі топтамасын ұсынуға болады:
- электронды мәліметтер;
- электронды бағдарламалар;
Ақпарат белгісі бойынша:
Электронды мәліметтер мәтіндік, сандық, дыбыстық, сызбалық, шрифті және
көрсетілімдік болып бөлінеді.
Электронды бағдарламалар жүйелік, қолданбалы және сервистік; электронды
мәліметтер мен бағдарламалар – интерактивті мультимедиа және онлайндік
қызмет болып бөліп бөлінеді.
Мақсатты бағыты бойынша: электронды білім беру құралдары ресми, ғылыми,
оқу, оқу-әдістемелік, анықтамалық.
Білім жүйесін реформалау оқу үрдісін жаңартуды, оқушылармен жұмыс
істеудің тиімді формаларын іздеуді талап етеді. Білім берудің жаңа
мемлекеттік стандарты сапалы оқу үрдісіне бағытталады. Бұл үшін екі өзара
байланысты міндеттерді шеші қажет: дәрісханалық сабақтар мен оқушылардың
өзіндік жұмысының тиімділігін арттыру.
Заманауи педагогикалық және ақпараттық технологияларды қолданумен
өткізілетін сабақта - оқытушы жаңа материалды оқыту әдістемесімен
компьютерлік технологияны қолдану әдістемесін үйлестіреді " [5].
Заманауи компьютерлік буын баспа басылымдарын ұнатпай ақпараттық
технологияларды таңдайтындығы жасырын емес. Білім беру ақпараттарын
электронды формада жеткізу дәстүрлі қағазды оқу материалдарының ыңғайлы
баламасы бола алады.
Электронды нұсқадағы оқу көрнекілігі теоретикалық материалды оқуға,
өзіндік шығармашылық жұмысты ұйымдастыруға белгілі бір тақырып бойынша
білім деңгейін бағалауға мүмкіндік беретін бағдарламалық құрал болып
табылады.
Оқушылардың өзіндік жұмысы үшін оқу ақпаратын электронды формада
ұсынудың басты артықшылығы – жинақылығы, оқу материалының айқындылығы
(бейне, дыбысы, динамикалық сурет-анимация, виртуалдық анықтылық),
интерактивтілігі. Электронды көрнекіліктер әр типтегі сабақтарды жүргізуді,
сонымен бірге, оқу курсын өз бетімен оқуды қамтамасыз етеді. Оқушы өзінің
білім деңгейіне, қалыптасқан жұмыс әдістеріне, тұлғаның психологиялық
ерекшеліктеріне байланысты материалды оқу жолын таңдай алады. Сонымен
бірге, аса үлкен бұқаралық ақпараттан қажетті мәліметтерді шұғыл түрде
іздеуді ұйымдастыруға мүмкіндігі бар. Электронды оқулық оқытушыға ыңғайлы,
себебі, мазмұны бойынша маңыздырақ өзі қалаған материалды ұсына алады,
өзіндік жұмысты сабақтан тыс материалды оқушылар электронды оқулықпен жұмыс
істеу кезінде орындайды, оқушылардың өз бетімен жұмыс істеуіне мүмкіндік
береді. Электронды оқулықтар оқушылардың танымдық қызметін белсендіруге
бағытталған жаңа интерактивті құрал болып табылады.
Электронды оқу комплексі оқу үрдісінің басты жақтарын айқындайтын
модульдер жиынтығы. Бұл ең алдымен теоретикалық модуль (ыңғайлы іздеу
контексі бар электронды оқулық немесе оқу көрнекілігі), тәжірибелік модуль
және білім мен оқушының қабілетін тексеру модулі, қажет болған жағдайда
басқа модульдермен толығатын, мысалы, тапсырмалардың электронды жинағы. Бұл
жағдайда электронды оқулықтың міндеті білу, түсіну білім деңгейін
қалыптастырып, курстың теоретикалық бөлімдерін өз бетімен оқу үшін қажетті
теоретикалық және әдістемелік базамен қамтамасыз ету. Білім тексеру
электронды блогының міндеті жас оқушының жеткен білім деңгейін бағалауға
мүмкіндік беретін, білімді тестілеу режимін автоматтандырумен қамтамасыз
ету [6].
Электронды тасымалдаушыларда құрылған оқу-әдістемелік комплекстердің
басты элементтері:
Оқытылатын пән бойынша теоретикалық материал;
Тәжірибелік жұмыстарды орындау үшін әдістемелік ұсыныстар;
Сыныпта жұмыс істеуге арналған тапсырмалар мен жаттығулар жинақтары;
Сыныптан тыс жұмыстарды орындау үшін әдістемелік ұсыныстар;
Бақылау-өлшеу материалдары (тесттер, диктанттар, бақылау жұмсытары,
сынаққа арналған материалдар);
Мемлекеттік емтихандарға дайындалу үшін әдістемелік ұсыныстар.
Электронды оқулықтарды пайдалана отырып, оқушылар өз бетімен материалды
игеруді, өз рейтингін бекітуге, шығармашылық жұмыс үшін уақытты үнемдеу
алады. Мұнда оқытушы ақпараттық-бақылаушы, кеңес беруші, үйлестіруші
қызметін атқарады.
Электронды оқу құралдары оқушылардың өз бетімен жұмыс істеуін басқаруда
дифференциалды тәсілін жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Жекелеген
тапсырмалар оқушылардың тұлғалық мүмкіндіктерін ескере отырып жасалынады.
Жоғары деңгейлі білімі бар оқушылар үшін күрделі, шығармашылық сипаттағы
тапсырмалар беріледі. Орта деңгейлі білімі бар оқушыларға стандарттың
талаптарына сәйкес базалық деңгейдегі, шешу үлгілерімен тапсырмалар
беріледі. Төмен деңгейлі білімі бар оқушаларға базалық деңгейлі
тапсырмаларды орындау үшін нұсқаулықтар дайындалады, немесе олар оқытушыдан
қажетті кеңес алады.
А.П.Тимошкинаның пікірі бойынша электронды құралдарды пайдалану оқу
мотивациясын біршама нығайтуға, оқыту үрдісін даралап оқытуға және
дифференциалдандыруға, оқушылардың өз бетімен оқу режимін таңдауға
мүмкіндік береді. Электронды құралдар оқушылардың кәсіби жетілуіне, өз-өзін
дамытуға жағдай жасайды, және де даралап-бағдарлап оқытуды жүзеге асырудың
құралы болып табылады.
Электрондық оқулықты қолдану саласы өте кең: электрондық – оқыту жүйесі
қашықтан оқыту үшін, өздігімен ізденіс барысында, жалпы білімге деген
талпыныс бар оқушыларға өте тиімді. Қазіргі заман талабына сай мүмкіндігін
көп дербес компьютерлерді өңдей отырып, тарау бойынша оқушылардың
дағдыларды қалыптастыру, білім бақылау жұмыстарын бағалауға мүмкіндік
береді. Осы арқылы компьютерлік технологияның дамуының тереңдетілуі білім
сапасын жоғарылата отырып, мұғалімнің жұмысын жеңілдете түседі.
Жаңа материалды оқу, бұрын өткенді қайталау немесе білімді жүйелендіру
үшін компьютерлік презентацияларды қолдану маңыздылыққа ие. Әр слайд
теоретикалық материалдың үзінідісін, көрнекті түрлі-түспен жасалған,
фотосуреттер, ән үзінділерін компьютерлік анимацияларды көрсетеді.
Осылардың барлығы шет тілдерін оқытуды мазмұнды, қызықты, көрнекті, көңіл-
күйлі етуде зор үлесі бар.

2 Шет тілдерді оқытудағы электрондық-техникалық құралдардың тиімділігі

2.1 Шет тілдерді оқытуда компьютер тиімді құрал ретінде

Оқу үрдісінде компьютерді пайдалану маңызды орын алуда. Компьютер
тестілеуге дайындалу және өткізу үшін оқу үрдісін мониторингтеу
компьютерлік сабақтарды дайындауда ақпараттық құрал ретінде дидактикалық
материалдарды дайындауда, дәрісханалық және өзіндік жұмыстарды орындауда
Интернет ресурстары мен қызметтерін пайдалануда басты көмекші болып
табылады.
Техникалық құралдардың пайдалылығы мен шет тілдері сабақтарында
пайдаланылуы келесі қағидалар бойынша анықталады:
- біріншіден, оқу үрдісінің тиімділігіне ықпал ету;
- екіншіден, тілді оқуға деген ынтасын, қызығушылығын арттыру;
- үшіншіден, жедел байланысмен қамтамасыз ету, барлық оқушылардың
оқудағы әрекеттерін бақылау.
Компьютерді пайдалану оқу үрдісінің қарқындылығын жоғарылатады.
Компьютермен оқытуда дәстүрлі оқу жағдайындағыға қарағанда материал саны
артады.
Компьютер оқу үрдісін бақылауды (ағымдық, аралық, қорытынды) қамтамасыз
етеді. Бақылау оқу үрдісінің құрамдас бөлігі. Компьютерлік бақылау арқылы
оқу уақытын үнемдеуге болады, себебі, оқу тобындағы барлық оқушылардың
білім деңгейін бірмезгілде тексеруге болады. Бұл оқытушыға оқушылармен
шығармашылық жұмыс істеуіне мүмкіндік береді.
Компьютер жауап ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Оқушылардың коммуникативтік құзыреттіліктерін қалыптастыру
Оқушылардың коммуникативтік құзіреттілігін қалыптастыру теориясы
Шетел тілін оқытуда веб - сайттардың қажеттілігі
Үштілділік бағдарламасы бойынша орта мектептерде тілдерді салыстырмалы оқыту жолдары
Қазақстан мектептеріндегі шетел тілдері
Шет тілінде электронды оқулықтарды пайдалану
Шет тілдеріне оқытудың инновациялық әдістері жайлы
Көрнекілік әдістерді ағылшын тілін үиренудегі маңызы
Тілді жоғары мектепте оқытудың қазіргі заманғы әдістері (қашықтықтан оқыту, кейс технологиялары)
Ағылшын тілі мектепте
Пәндер