Шоқан Уәлиханов - ұлы ағартушы
Жоспар:
КІРІСПЕ БӨЛІМ.
1.1. Шоқан Уәлиханов – ұлы ағартушы
1.2. Жарқ еткен жұлдыз.
1.3. Ш.Ш.Уәлихановтың іс – сапарлары
НЕГІЗГІ БӨЛІМ.
2.1. Шоқан Уәлиханов – қоғам қайраткері
2.2. Ұлы ғалымның еңбектері.
2.3. Шоқан Уәлихановтың саясат тұрғасандағы ой – пікірлері.
ҚОРЫТЫНДЫ
Пайдаланған әдебиеттер тізімі
Қосымша №1.
І. КІРІСПЕ БӨЛІМ
Халқымыздың қоғамдық ой-өрісі, мәдениеті және әдебитінің дамуында
бейне бір сілкініс болды. Қыр сахарасында қоғамдық ой-пікірдің жүйелі
ғылыми негізде қалыптасып дамуына мүмкіндік те, жағдай да жоқ кезде Шоқан
Уәлиханов ғылымның алуан түрлі саласымен шұғылданып, жан-жақты ғалым
болуына тура келді. Ол тарих, этнография, археология, социология,
экономика, философия ғылымдары саласында жемісті еңбек етті. Жазушы,
публицист, аудармашы, суретші де болды. Ғұлама ғалым соншалықты қысқа ғана
өмір сүрсе де, кейінгі ұрпаққа аса бай, бағалы мұра қалдырды, Шоқан
Уәлихановтың ғылымға деген құштарлығы оның ішінде қоғамдық ғылымдарға ынта-
ықыласы, бейімділігі ерте оның Сібір кадет корпусында оқыған жылдарынан
басталады. Омбы кадет корпусы Сібір оқу орындарының ішіндегі ең көрнектісі
еді. Бұл арнаулы әскери жабық оқу орны өз шәкірттеріне негізінен жалпы
білім беру бағытын ұстады. Мысалға айтсақ, онда жалпы география, Ресей
географиясы, жалпы тарих пен Ресей тарихы, орыс және батыс Европа
әдебиеттері, философия негіздері, орыс және француз тілдері, бірнеше шығыс
тілдері оқытылды. Шоқан Уәлиханов ның аса зеректігі, әсіресе, осы пәндерді
оқып-үйрену, игеру тұсында айқын көрініп, жұрт назарын аударды. Оның
мектептес досы Г.Н.Потанин былай деп жазды: Шоқан Уәлиханов тез
кемелденді, өзінің орыс жолдастарын басып озды, оған көп адам ден қойып зер
салды. Корпустың оқытушылары Шоқан Уәлиханов ды болашақ, тіпті ғалым болуы
да ықтимал деп жүрген кезде Шоқан Уәлиханов небары 14-15 жаста ғана
болатын, ол кезде өте-мөте көп оқитын, бұл оның бойындағы сыншылдық
қабілетті жетілдіре түсті. Адамгершілік мәселесі және кейіннен өзінің
мамандығы болып кеткен шығыс философиясы саласындағы оның ой-пікірлеріне
біз қайран қалатынбыз (1).
Омбыда оқыған кезде Шоқан Уәлихановтың ой-өрісі кеңейіп,
дүниетанымының қалыптасуына кадеттің озық пікірлі оқытушыларының да
ықпалы аз болған жоқ. Мысалы, орыс тілі мен әдебиеті тарихының оқытушысы
Н.Ф.Костылецкий үлкен әсер етті. Аса білімпаз, дүниетанымды көзқарасы
орыстың қоғамдық идеяларының ықпалымен қалыптасқан қоғамдық еңбек етуге
барынша құштар, алға көп мақсат қойған арманшыл жас Шоқан Уәлиханов
саяхатшы болуды көкседі. Осы тұста Батыс және орыс жиһанкездерінің
шығармаларын, шығысты зерттеуге байланысты еңбектерді аса құштарлана оқыды.
Шоқан Уәлиханов әскери қызмет атқарып жүріп білімін мейлінше молайтты,
саяхат сапарларда да болып шығыс тарихын, Орта Азия халықтарының – қазақ
халқының тарихын, географиясын, этнографиясын, сөз өнерін зерттеу негізінде
П.П.Семенов-Тянь-Шанскиймен, С.Ф.Дуровпен, Ф.М.Достоевскиймен кездесті. Бұл
кездесулер оның әлеуметтік саяси пікірлерінің, ой-пікір тұжырымдарының
тереңдей түсуіне де ғылыми қызметінің өрісін кеңейтуге жәрдемін тигізді.
Үлкен талант иесінің қоғамдық және ғылыми қызметі оқуды бітірісімен-
ақ басталды. 1850 жылдың бас кезінде ол қыруар еңбектер жазады. Бұл ғылыми
еңбектері профессор И.Н.Березинге хат, профессор И.Н.Березиннің Хан
жарлықтары кітабы белгілі шығыс зерттеушісі, тюрколог, иронист, монголист
ғалымның еңбектерінің өзінде-ақ ертедегі жазба ескерткіштерді зерттеуге,
Орта Азия халықтарының тарихына әдебиетке жас Шоқан Уәлиханов ның ынта-
ықыласы байқалады. Ол Березин қойған сұрақтардың барлығына толық әрі
тұжырымды жауап берді.
Орталық Қазақстанда, Жетісу мен Тарбағатайда, Ыстықкөлде болған
сапарында Шоқан Уәлиханов қазақ және қырғыз халықтарының тарихы мен әдет-
ғұрпы мен ескі нанымдары туралы материалдар жинап қайтты, көптеген еңбектер
жазды. Осы сапарларында ол көбінесе орыстың атақты саяхатшы ғалымы
П.П.Семенов-Тянь-Шанскиймен бірге болды, орыс ғалымы талантты жастың ерекше
қабілеттілігін, білімдарлығын аса жоғары бағалап, былай деп жазды:
...Омбыда мені әсіресе қызықтырған бір адам – Шоқан Уәлиханов Шыңғысұлы
Уәлиханов болды. Ерекше қабілетінің арқасында Уалиханов Омбының кадет
корпусын зор табыспен бітіріп шықты. Петербургте жүргенінде менің
ықпалыммен университетте лекция тыңдап, француз және неміс тілдерін жетік
меңгеріп кеткені сонша, Шығыс тарихының, әсіресе қазақ тектес халықтар
тарихының терең білгірі болып шықты. (1)
Шоқан Уәлиханов қандай ауыр жағдай кездессе де, өзінің ғылыми
зерттеулерін бір сәт тоқтатпады. Саяхатқа шыққан кездерінде тұрғылықты
халықтардың өмірімен танысып, олардың әдебиеті мен мәдениетіне үнемі көңіл
бөліп отырды, күнделігіне жазды, ғылыми тұжырымдар жасады. Тұтас алғанда,
Шоқан Уәлихановтың әдеби мұрасы бүтіндей бір дәуірдің тәжірибесі сияқты.
Ыстықкөлге барып қайтқан сапарынан кейін Шоқан Уәлиханов 1850 жылы
үш ай шамасы Құлжа қаласына жасаған ресми сапарында ұйғырлардың,
дүнгендердің, жоңғарлардың, қытайлықтардың тарихымен, этнографиясымен сөз
өнері мен тіл туралы жинап қайтқан материалдары мен зерттеулері оқымыстылар
қауымының назарын аударды. Петербургте 1845 жылы негізі қаланған Орыстың
императорлық география қоғамының бағытына жас саяхатшы-ғалымның
зерттеушілік ізденістері сайма-сай келді. Қоғамның ғылыми жиналысында
Ш.Уәлихановтың еңбектерінің бірі Қазақ шежіресі еңбегі оқылды. 1857 жылы
27 ақпанда қазақтың жас ғалымы Орыс география қоғамының толық мүшесі болып
сайланды. Сол жылдың аяқ кезінде Шоқан Уәлиханов қырғыз еліне тағы да
сапар шекті. Бұл жолы ол қырғыз халқының өмірімен, ауыз әдебиетімен жете
танысты. Мен үйсіндер мен қырғыздардың халық әдебиеті ескерткіштерін,
тарихи деректерін, статистикалық мағлұматтарын, этнографиялық очерктерін
бірнеше дәптер етіп жазып алдым, - деп жазды Шоқан Уәлиханов . Шоқан
Уәлиханов 1858-1859 жылдары Қашғарияға саяхат жасады. Қашғарияда жарты
жылға созылған сапарында ол осы аймақтың географиялық жағдайын, тарихын,
этнографиясын зерттеді, экономикасы мен саяси құрылысы туралы көптеген
материалдар, сирек кездесетін қолжазбалар жинады. Кейін сол материалдар
негізінде Шоқан Уәлиханов өзінің алты шаһардың, яғни Қытайдың Лан-Лу
провинциясының шығысындағы алты қаласының жай-
күйі деген атақты еңбегін жазды. Европаға беймәлім дерлік осы өлкенің
географиялық сипаттамасына, әлеуметтік-қоғамдық құрылысына, жергілікті
халықтарының тарихына арналған бұл еңбек ғылымға баға жетпес үлес болып
қосылды. Қашғарияға барып қайтқан сапарында Шоқан Уәлиханов Шыңғысқа
байланысты сирек кездесетін бірсыпыра қолжазбалар әкелді. Олардың ішінде
Тазкирян Сұлтан Сутук Бугра-хан, Тазкирян Ходжагян, Абушуслим мауризи
және т.б. бар. Замандастары Шоқан Уәлихановтың жоғарыдағы еңбегін нағыз
географиялық ашылыс ретінде бағалады, ал оның жат елге жасаған сапарын шын
мәнісінде ерлік деп санады. 1859 жылы күзде Шоқан Уәлиханов Петербургке
барады. Жақын достары мен жолдастарының естеліктеріне және өзінің кейінірек
жазған хаттарына қарағанда астанада өткізген жылдары Шоқан Уәлихановтың
өміріндегі аса бір елеулі кезең болды. Астанада Шоқан Уәлиханов ғылыми
жұмыстар мен де шұғылданады. Ол географиялық қоғамның ғылыми зерттеу
жұмысына да белсене араласады. Ол кезде Шоқан Уәлиханов өзінің жеке ғылыми
еңбектерін баспаға дайындайды (Жоңғария очерктері, Алты шардың және
Қытайдың Нан-лу провинциясының (Кіші Бұқара), Шығысындағы алты қаланың қал-
жайы және энциклопедиялық сөздік жасауға қатысады. Сондай-ақ уақытының
біразын Шоқан Уәлиханов университетке барып лекциялар тыңдауға, шетел
тілдерін тереңдеп үйренуге, Шығыс халықтарының тарихы жайында шетел
тілдерінде жазылған кітаптарды оқуға арнайды. Шоқан Уәлиханов астанада
болғанда, өзінің бұрынғы достары П.П.Семенов-Тянь-Шанскиймен, атақты жазушы
Ф.М.Достоевскиймен кездеседі және жаңадан көптеген ірі ғалымдармен,
әдебиетшілермен танысады. Олардың ішінде Шығысты зерттеуші ғалымдар:
Березин, Қазанбек, Васильев, ал ақындар: А.Маяков, М.Курочкин, Я.Паломский
және басқалар бар.
Сөйтіп, Шоқан Уәлиханов астананың ғылыми және әдеби өмірінің
қайнаған ортасында болады. Петербургта болуы Шоқан Уәлихановтың өз білімін
жан-жақты тереңдетуіне, Ресейдің саяси-әлеуметтік өмірімен жете танысуына
мол мүмкіндіктер берді. Оның демократиялық көзқарастары да бұрынғысынан
әлдеқайда айқындалып, берік қалыптасты және нығая түсті. Шоқан Уәлиханов
Петербургте көп болмайды. Бір жарым жыл шамасында ғана болады. Өйткені,
кадет корпусында оқып жүрген кезінде пайда болған өкпе ауруы күшейіп
кеткендіктен, дәрігерлер оның Петербургтен тез кетуін талап етеді. Сөйтіп,
Шоқан Уәлиханов 1861 жылдың көктемінде астанамен қош айтысып, туып-өскен
сахарасына қайтып оралады. Петербургтен қайтып келгеннен кейін Шоқан
Уәлиханов денсаулығын түземек болып ауылы Сырымбетте болады. Шоқан
Уәлиханов ауылында уақытын бос өткізбейді. Ол қазақтың ертегілері мен
аңыздарын жинайды, импровизатор ақындардың жырларын тыңдайды. Шоқан
Уәлиханов Петербургтегі достарымен де хат жазысып тұрады. Сахараны
жайлаған әлеуметтік теңсіздіктер, қаналушы таптың азапқа толы шерлі өмірі,
бай феодалдардың зұлымдығы мен тағылығы Шоқан Уәлихановты қатты қынжылтып,
тебірентеді. Шоқан Уәлиханов Петербургке тағы бармақ болады. Бірақ
денсаулығы түзелмегеннен кейін ауылынан ұзап ешқайда шыға алмайды. 1862
жылы Шоқан Уәлихановтың Атбасарға аға сұлтан болғысы келеді. Бұл осы ойын
Ф.М.Достоевскийге жазған хатында ашық айтады. Мен өз отандастарымның
кәдесіне жарап, оларды чиновниктерден және қазақ байларының қыспағынан
қорғау үшін сұлтан болуды ойладым. Бірақ Шоқан Уәлиханов аға сұлтан
болмай қалды. Өйткені, онымен аға сұлтандыққа таласқан байлар Омбы
қаласындағы билеп-төстеуші патшалық ұлықтарға пара беріп, Шоқан Уәлихановты
ақыры сайлатпай қойды. Алайда, қандай ауыртпалықтарға кездессе де,
қиындықтарға төзген Шоқан Уәлиханов ғылыми жұмысын тоқтатпайды. Ол
қазақтың ауыз әдебиетінің нұсқаларын жинайды және бағзы замандардағы
Қазақтың қару-жарағы, Қазақ арасындағы бағзылықтың қалдықтары,
Қазақтың шежіресі т.б. еңбектерін, мақалаларын жазады. Айта берсек, Шоқан
Уәлиханов жайлы сыр көп. Өзінен кейінгі ұрпаққа деген мұрасы да көп.
Ғұлама ғалым өшпес мұра, өшпес өмір, өшпес байлық қалдырды, яғни байлығымыз
– кітап, білім байлығы болуы тиіс. Шоқан Уәлиханов санаулы ғана өмір
сүрді: санаулы өмірінде сансыз шығармалар, кітаптар, өлең-жырлар жазып
қалдырды. Шоқан Уәлихановтың жолдастарының көбі орыс болды. Бірақ сол орыс
достарының көптеген көмегі тиді. Соңғы күндеріне дейін Шоқан Уәлиханов осы
достарымен хат алысып тұрды. Осы орыс достарымен Шоқан Уәлихановты айтып,
әр түрлі әрқайсысының қалдырған сөздері жеткілікті болды. Орыс досы
П.П.Семенов-Тянь-Шанский Шоқан Уәлихановтың талантын, біліміділігін былай
деп жазды: Омбыда мені, әсіресе, қызықтырған бір адам – Шоқан Уәлиханов
Шыңғысұлы Уәлиханов болды. Ерекше қабілеттілігінің арқасында Шоқан
Уәлиханов Омбының кадет корпусын зор табыспен бітіріп шықты. Петербургте
жүргенінде менің ықпалыммен университетте лекция тыңдап, француз тарихынан,
әсіресе қазақ тектес халықтар тарихының терең білгірі болып шықты - деген.
Кейбір зерттеулерде Шоқан Уәлиханов аса білімді кісі болғандықтан, туған
халқы оны түсіне алмады - деген пікір қалыптасқан еді. Осы қате пікірге
қарсы шыққан М.О.Әуезов қойын дәптерінде Оны халқы түсінбеді деу бекер
деп жазыпты. Шынында да ол өз халқынан ешқашан шет тұрған жоқ, туған
халқының теңсіздік жағдайына күйініп, болашағын көп ойлады. Ол зор
сеніммен: Қоғамның үстем табының пікірін халықтың шын мұң-мұқтаждарының
теріс көрінісі деп түсінуі керек. Өйткені, бай, атақты адамдардың мүдделері
көбінесе бұқараның, көпшіліктің мүдделеріне қарама-қарсы келеді деп кесіп
айтты. Халық Ш.Уәлихановты ардақтай білді. Қарттармен әңгімелесіп, Шоқан
Уәлихановты еске алғанда, - деп жазды Н.М.Ядринцев – қазақ сахарасы
ақсақалдарының көзінен бұршақтап жас аққанын көрдік. Шоқан Уәлиханов өз
елінің мақтанышы әрі сүйікті перзенті еді. Ол халқының есінде осы қалпында
қалды. Шоқан Уәлиханов Шыңғысұлы зерек ақылды, қоғам дамуының түрлі
тенденцияларына көзқарасы қалыптасқан кісі еді. Өз халқының жақсы
дәстүрлерінен В.Г.Белинскийдің мақалаларынан, Современник, Колокол
журналдарынан тағылым алған. Ол осы идея мен көзқарастың адамы болды. Орыс
және әлем әдебиетінің данышпаны, адам психологиясының асқан шебері Федор
Михайлович Достоевскийдің Бәлденбей турасын айтсам, өзіңізге ғашық болып
қалдым. Мен ешқашан ешкімді, тіпті туған бауырымды да тап сізге аңсарым
ауғандай жақсы көрген емеспін, мұның жөнін бір құдай білсін дегені еске
түседі. Ұлы жазушының осы хатта Уәлихановқа берген бағасы қазір әмбеге аян.
Сіз еуропаша толық білім алған тұңғыш қазақсыз. Бұған қоса тағдырыңыз
туралы талай күндер бойы ойға батып жүремін (1).
Еуропаның прогрессивтік мәдениетіне қолы ерте жетіп, рухани қорек
алған Шоқан Уәлиханов өз кезінің алдыңғы қатарлы, ең саналы адамы болып
қалыптасты. Өзінің адамшылық алдындағы азаматтық міндеттерін түсінді.
Әсіресе, тұтас ғасырлар бойына кейінде қалып келген қазақ халқы алдында
өзінің қарыздар екендігін аңғарды. Елін, халқын шын жүрегімен сүйетін жас
өзі жеткен еуропалық мәдениетке елін түгел жеткізіп, халқының бетін дұрыс
жолға бұру міндетін арқалады. Ол қазақтың мәдениетті ел болып, қатарға
қосылуы үшін керекті игі істерді жүргізді. Сөйтіп, Шоқан Уәлиханов
заманның ең қажет адамы – қоғам қайраткері болып шықты. Шоқан Уәлиханов
қазақ даласына ислам дінінің таралуына, оны уағыздайтын қожа-молдалардың
кері тартпалық әрекеттеріне қарсы шығып, қазақтарды ғылым негізіне сүйенген
білімге баулу, орысша оқыту, мектептер ашу қажеттігін айтты. Туған халқының
мәдениетті, білімдар болуын аңсаған, оны сүйген Шоқан Уәлиханов өз елінің
келешегі орыс халқының Ресеймен бірге болуы, екі халықтың мүдделес,
тағдырлас болуын қалады.
Шоқан Уәлихановтың мол ғылыми мұрасының ең негізгі бір саласы – оның
әдеби зерттеу еңбектері. Қоғамдық ғылымдардың басқа салалармен қатар Шоқан
Уәлиханов әдебиет пен тіл туралы да алғаш байсалды зерттеу жүргізіп, ой-
тұжырымдар айтқан. Сөз өнеріне, ауыз әдебиетіне деген ынта-ықыласы, қызығуы
ғалымның бала кезінде басталғаны, оған өзінің әулеті Уәлихановтардың көзі
ашық, оқыған адамдар болуы, әжесі Айғанымның аңыз-ертегілерді шебер
әңгімелеуі, ел аузынан сөз өнері үлгілерін жинауға 10-11 жасынан қатысуы,
ауылда талай ақындар айтысып, шешендік, тапқырлық, біліктілік сайыстарын
көріп тамашалауы оның кейін ғылым төңірегіне мол үңілуіне ықпал етті.
Шоқан Уәлиханов – ұлы ағартушы
Шоқан Шыңғысұлы Уәлиханов (шын аты Мұхамед-қанафия) (1835-1865)
қазақтың ұлы ғалымы, ориенталист, тарихшы, фольклоршы, этнограф, географ,
ағартушы, демократ. Шын аты – Мұхаммедқанапия, әжесінің бала күнінде Шоқан
Уәлиханов деп еркелетіп айтуымен, Шоқан Уәлиханов аталып кеткен. Туған
жері - қазіргі Қостанай облысындағы Құсмұрын көлінің жағасы. Арғы атасы-
қазақтың ұлы ханы Абылай, Шоқан Уәлиханов – оның шөбересі.
Өз атасы Уәли де хан болған. Ал әкесі Шыңғыс Қазақстанда хандық жүйе
жойылып, аға сұлтандықтың енгізілуіне байланысты аға сұлтан лауазымын
иеленген.
Шоқан Уәлиханов балалық шағын әуелі Құсмұрында,содан кейін өзінің
ата мекені Сырымбетке өткізген. Сырымбет - Солтүстік Қазақстандағы тарихи
аңызға айналған ғажайып сұлу өңір. Шоқан Уәлиханов өте ширақ ақылды бала
болған. Шоқан Уәлихановтың рухани касиеттерінің басты белгілері бала
кезінің өзінде-ақ айқындала бастады. Ол ерте есейіп өзінің ой пікірін
үлкендермен тұжырымдайтын болған. Бала Шоқан Уәлихановтың сана сезімі ерте
оянып, ерте өсіп жетілуіне әжесі Айғаным үлкен әсерін тигізген. Тумасынан
сезімтал, дарынды балаға әжесі халық даналығының сарқылмас білім бұлағы
болған. Ол Шоқан Уәлихановқа қазақтың ескі аңыздары мен хикаяларын қызықты
етіп әңгімелеп, күні кеше өзі басы-қасында болған оқиғаларды еске алып
отырған. Халықтың озық дәстүрлері мен салтын бойына сіңірген әжесінің
жарқын бейнесін Шоқан Уәлиханов өмірінің аяғына дейін ұмытпай есінде
сақтайды.
Жеті жұрттың тілін білуге тиісті хан тұқымы болғандықтан, ауыл
мектебінде оқып, арабша хат таныған Шоқан Уәлиханов араб, шағатай тілдерін
меңгереді. Кейін орыс мектебінің тәрбиесінде өскен. Бұл қазақ мектебінде
оқып жүргенде қарындашпен сурет салуды үйренеді. Бұл скаластикалық мектепте
шапат тілдерінде орта ғасырлық әдебиет мұраларын оқу мен араб пен парсы
тілдерінде сөйлеп жаттығу және шығыс ақындарының өлеңдерін тақпақтап жатқа
айтумен ғана айналысқан Шоқан Уәлихановтың бала кезіндегі қатты құмартқан
өнерінің бірі сурет еді. Сонымен қатар жас Шоқан Уәлиханов сұңқар салып,
саяхатта ұзақ жүру оның дағдысына айналған. Шоқан Уәлиханов қазақтың халық
поэзиясына ерте жастан құмартып, оның классикалық үлгілерін жазып алып,
өзінің ата-анасына дауыстап оқып жүреді.
Шоқан Уәлихановтың әкесі Шыңғыс Уәлиханұлы сол жерде аға сұлтан
болған. Қазақ әншілері мен жыршыларының Шыңғыстың үйіне жиі келіп
жүргендігі де Шоқан Уәлихановтың халық поэзиясын қастерлеу, сезімнің ерте
оянуына елеулі әсер еткен Шоқан Уәлихановтың ғылымға ден қоюына әкесінің
алдыңғы қатардағы орыс интеллигенциясының өкілдерімен тығыз байланыста
болуы үлкен әсер еткен. Шоқан Уәлихановтың білімге құштарлығы барған сайын
күшейе түседі. Ол үлкен қалада оқығанды армандайды. Әкесі Шыңғыс та оған
терең білім беру үшін көрнекті оқу орнына кіргенді қалайды. 1847 жылы күз
айында 12 жасар Шоқан Уәлиханов туған елінен тұңғыш рет ұзақ сапар шегіп,
әкесімен бірге Омбыға оқуға келеді. Шыңғыс өзінің орыс достарының көмегімен
баласын Сібірдің сол кездегі ең жақсы оқу орны деп саналатын Сібір кадет
корпусына түсіреді.
Зерек те зерделі Шоқан Уәлиханов мұнда екі-үш жылдан кейін-ақ өз
кластастарынан ғана емес, өзінен екі жас үлкендердің класындағыларды да
басып озып шығады (Г.Н.Потанин). Ол осында белгілі шығыстанушы ғалым
И.Н.Березиннің тапсырмасы бойынша Тоқтамыс ханның жарлығына талдау
жасайды. Бұл оның алғашқы ғылыми еңбегі еді. Жастығына қарамай, оның
білімдарлығы әсіресе, шығыс әдебиеті мен тарихын жақсы білетіндігін сол
кездегі орыс ғалымдары да жоғары бағалап, мойындай бастаған болатын. Шоқан
Уәлиханов корпустан жан-жақты терең білім алып, өзінің замандастарынан
өресі анағұрлым биік адам болып шығады.
Шоқан Шыңғысұлы Уәлиханов сонымен қатар, этнограф, демократ, философ,
тарихшы. ХІХ ғасырдың ІІ жартысында Қазақстанда демократтық, ағартушылық
мәдениеттің тұңғыш және талантты өкілдерінің бірі. Ол өз дәуіріндегі
орыстың прогресшіл ғылымы мен мәдениеті, әдебиеті дәстүрінде тәрбие алған,
әр алуан ғылым саласын меңгерген және оны алғаш зерттеген адам. Оның
философия, этнография, тарих, экономика, құқық, жағрапия, ауыз әдебиеті,
әдебиет теориясы жайындағы құнды-құнды еңбектері мен пікірлері бар. Шоқан
Уәлиханов өмірінің қызықты сәттері де болған. Сырымбеттің қарағай, қайың
жайлаған тоғайында, сұлу көлінің жағасында Шоқан Уәлиханов құрдастарымен
құс салып, аң аулаған. Осы жерге қасиетті Сырымбетке деген Шоқан
Уәлихановтың кұштарлығы ешқашан саркылмаған. Қашқарға немесе Ыстықкөлге
саяхат шексе де, Петерборда жүрсе де ол туған өлкесімен кездесуін асыға
күткен.
Корпустың окытушылар кұрамында білімді және прогресшіл ой-пікірлі
адамдар көп болған .
Шоқан Уәлихановтың корпуста бірге оқыған досы және кейін үлкен
этнограф-ғалым болған Г.Н.Потанин: Өзінің орыс достарын басып озып, Шоқан
Уәлиханов тез жетілді... Оған талайлар-ақ назар аударды. Ол сондай
қабілетті еді және оқу орнына түспей тұрып-ақ сурет сала білетін, - дейді.
Екінші курстан бастап-ақ Шоқан Уәлиханов өзінің таңдаулы ұстаздарымен
қарым-қатынаста болған. Оған, әсіресе, орыс тілі мен әдебиеті тарихының
оқытушысы Костылецкий мен тарих пәнінің оқытушысы Гапсевский күшті ықпал
етті.
Өз дәуірінің алдыңғы қатарлы ойшылдарынан пікірлес Костылецкий
сабағын Белинский идеяларының негізінде жүргізген.
Ал Гапсевский әр елдің азаттық жолындағы күресі тарихын көбірек
әңгімелеген. Осы оқытушыларының әсерімен Шоқан Уәлиханов сол кезден бастап
орыс және дүние жүзі әдебиетінің озық үлгілерін орыстың революцияшыл-
демократтарының еңбектерін оқыған. Пушкин, Гоголь, Лермонтов, Герцен,
Белинский т.б. орыс классиктерін және батыс әдебиетінен Диккенс, Теккерей,
Руссо шығармаларын, Современник журналын үзбей оқып, әлеуметтік өмірдің
және әдебиет ағынының қай бағытта, қалай дамып бара жатқандығын аңғара
алатын, өз кезінің саналы азаматының бірі болған.
Шоқан Уәлихановтың зерттеушілік қабілеті де корпуста жүргенде оянған.
Жазғы демалыс кездерінде ол ел ішіндегі аңыз-әңгімелерді, халық жырлары мен
дастандарын жазып алумен шұғылданған. Шоқан Уәлихановтың сол кездің алдыңғы
қатарлы ой-пікірімен таныстығын оның жолдастарының көбі үлгі тұтқан және
Шоқан Уәлиханов олардың Еуропа мәдениетіне бет бұруына себепші болған.
Бізден жасы кіші болса да, өзімізбен салыстырғанда ол үлкен ақылды еді де,
біздер оған қарағанда бала тәрізді едік, - деп жазады Г.Н.Потанин, -
өзінің бізден артық білетіндігін не біздерден білімі жағынан жоғарылығын
білдіруге тырыспаса да, жолдастарының ішінде, соның ішінде маған ол еріксіз
Еуропаға ашқан терезе сықылды болды. Шоқан Уәлихановтың сабақтан тыс
уақытта көп оқып зерттеген еңбектерінің бір саласы сол кездегі
саяхатшылардың өмірі мен ісі туралы жазылған кітаптар болды. Мұның өзі оған
үлкен әсер етеді. Ол саяхатшы болуды ең алдымен, Орта Азияны аралап,
зерттеуді армандайды.
Кадет корпусын 1853 жылы 18 жасында бітірген Шоқан Уәлиханов Омбыда
әскери қызметке қалдырылады. Бір жылдан кейін Батыс Сібір мен Қазақстанның
солтүстік-шығыс аудандарын басқаратын генерал-губернатор Гасфорттың
адъютанты болып тағайындалады. Осы қызметті атқара жүріп ол Орта Азия
халықтарының тарихын, этнографиясы мен жағрапиясын зертеуге белсене
араласады. 1855 жылы Шоқан Уәлиханов Орталық Қазақстанды - Жетісу мен
Тарбағатайды аралайды. Қазақ халқының тарихы мен әдет-ғұрып діни ұғымдары
жайында материал жинап қайтады. Бұл материалдар негізінде кейін ол Тәңірі
(құдай), Қазақтардағы шамандықтың қалдығы деген еңбектер жазды.
1856 жылы Шоқан Уәлиханов қырғыз елін зерттеу экспедициясына
қатысады.
Қырғыздар мен ұлы жүз қазақтарының тарихы, этнографиясы жайлы
мәліметтер жинайды, ауыз әдебиетінің нұсқаларын жазып алады. Бұдан кейін
Құлжа қаласында болып, Жоңғария тарихымен шұғылданады. 1857 жылы тағы да
қырғыз елінде болады. Осы сапарларда жинаған материалдарды ол Жоңғария
очерктері, Қытай империясының батыс провинциясы және Құлжа қаласы атты
еңбектерін жазуға пайдаланады.
Қазақтың халық поэзиясының түрлері туралы, Қырғыздар туралы
жазбалар, Ыстықкөл сапарының күнделіктері - бұл еңбектерді орыс
ғалымдары аса зор бағалаған. Оларда жергілікті халықтардың тарихы,
мәдениеті, әдебиеті, әдет-ғұрпы жан-жақты зерттеледі. Табиғаты және ел
тұрмысын Шоқан Уәлиханов жазушылық шеберлікпен суреттеген. Осыдан барып
оны орыс достары Қазақ тақырыбына жазатын орыс жазушысы деп атаған.
Шоқан Уәлихановтың демократтық, ағартушылық көзқарасын анықтауда бұл
еңбектердің үлкен маңызы бар.
Оларды Шоқан Уәлиханов қоғам өмірінің дамуы мен келешегіне орыстың
революцияшыл-демократтарын өз халқының тіршілігі мен мәдени дамуының
жағдайларына лайық дамытады.
Әдебиет мәселелері жөнінде Шоқан Уәлиханов сол кездің өзінде-ақ көп
тың пікірлер айтқан. Шоқан Уәлиханов әр халықтың әдебиетіне оның қоғамдық,
әлеуметтік өмірімен тығыз байланыста қарайды.
Әсіресе, оның қазақ поэзиясының халықтық сипаттары жайлы ойлары
қызғылықты. Поэзияның халықтың рухани серігі болып келгендігін айта отырып,
ол: бұл халықтың ертеден өзіне тән тұрмысында есте қалдырмаған бірде-бір
маңызды оқиғасы деуге болады. Олардың бірін суырып салма ақындар не
жыршылар жыр етсе, екінші біреулерінің атын кейінгі ұрпақ есінде
ұмытылмастай етіп белгілі бір қалдырған Оңтүстік Сібір руларының тарихы
туралы ескертпелер атты еңбегінде ол халық аңыздары мен ертегілерінің
негізін де өмірімен, шындықпен байланыстырады, егер Гомердің поэзиялық
аңыздарынан, Геродоттың ел аузынан жинаған ертегілерінен аздап болса да
тарихтың қасиет тапсақ, егер өмірді қаншама бұрмалап баяндағанмен, әрбір
ертегінің негізінде шындық жатады десек, қазақтардың бір-біріне жалғасып
жататын аңыздарында, өмір бейнесінде, қазіргі әдет-ғұрпында бұрынғы ата-
бабаларының тарихи мәні бар оқиғалары жататынына күмәнданбауымыз керек деп
жазады ол.
Шоқан Уәлиханов еңбектерінің әр дәуіріндегі халық әдебиетінің бағалы
нұсқаларын жасаған және ауыз әдебиетінің таңдаулы үлгілерін жырлап
жеткізген Орынбай, Шөже, Жанақ, Арыстанбай, Нұрынбай сияқты ақындардың
есімдері келтіріледі.
Қазақ халқының ауыз әдебиеті мұраларын жинай, зерттей жүріп, Шоқан
Уәлиханов олардың славян халықтарының, әсіресе орыстардың ауыз
әдебиетімен байланысын анықтайды және оның себебін екі халықтың тарихи
тағдырларынан іздейді.
1859 жылдың аяғында Шоқан Уәлиханов Петербургке барып, онда 1861
жылдың көктеміне шейін болады.
Бұл жылдар Шоқан Уәлиханов өмірі мен ғылыми шығармашылық қызметінің
аса елеулі кезеңі. Шоқан Уәлихановтың Петербургке барған кезі – 1861 жылғы
басыбайлық тәртіпті жою жөніндегі реформаның қарсаңы еді.
Революциялық ой-пікірмен патша саясатының қатты шиеленіске келген
тұсы болатын. Чернышевский, Добролюбов, Некрасов сияқты ақын-жазушылар
қоғамды сынап, шаруаларды күреске үндеді. Петербургтан Шоқан Уәлиханов
идеялықжағынан өсіп, әлеуметтік көзқарасы жағынан толысып қайтады.
Петербургтан денсаулығы нашарлап оралған Шоқан Уәлиханов 1861-1863
жылдар арасында елінде болады.
Бұл кезде ол сахара өмірінің қайшылықтарын әлеуметтік теңсіздік пен
төменгі таптың жүдеушілігін, үстем тап өкілдерінің мейірімсіздігін көзімен
көреді. Әділ басшы болу мақсатымен Атбасар цезінде аға сұлтан болуды да
ойлайды. Мұндағы мақсатым - өз халқымызды әкімдер мен зорлықшыл бай
қазақтардан қорғау еді, - деп жазды.
Шоқан Уәлиханов 1862 жылы Потанинге жолдаған хатында сол жылы
А.Г.Майковқа жазған хатында бұл пікірін аша түседі.Жергілікті сұлтандармен
және қара сүйек қазақтардан шыққан байлармен қазір аразбын, - дейді ол.
Себебі, олар өздерінің бұрынғы құлдары қазір азат болғанмен, өте жаман
халде ұстайды,
құлдар олардан қалай кетудің жолын білмей, қорлыққа көне береді. Мен
олардың қожаларынан жалшыларыңды жақсы ұстаңдар, еңбекақысын дұрыс төлеңдер
дегенді талай рет талап еттім. Мен даланың пролетариатымен жақсы доспын,
өйткені бір-бірімізді жақсы ұғамыз.
Біз орыстарға тарихи жағынан да, тіпті қан жағынан да араласып, туыс
болып кеткен елміз. Азаматтық өркендеуге күдіксіз үміт күткен миллиондаған
адамдардың орысқа қазақ халқы туы болған, Ресейге өз еркімен бағынған
адамдардың осы күнгі халі, Шекспир тілімен айтқанда, не өлім, не өмір.
Осындай күйдегі олар орыс үкіметінен зор көңіл бөлуді, қамқорлық көрсетуді
тілейді, - дейді ол (1).
Бізге, қазақтарға, облыстық бастықтар үстірт қарауды әдетке
айналдырған, - деп жазады. Әрі Шоқан Уәлиханов сол үстірт қараушылықтың
салдарынан облыстық басқарманың жанындағы комитет сұлтандарының, билердің
және басқа да қазақ шонжарларының пікірін ешбір талғамастан алып, өз
жұмыстарына негіз етеді және сол әбден сүйекке сіңген үстірт қараушылықтың
салдарынан ғана өзінің жобасында қазақ аристократтары қара халық деп
атайтын көпшілік үшін керексіз және зиянды құрылыстар мен өзгерістерді
бекітіп отыр.
Халықтан жиналған пікірлерді дұрыс талдап, бағалау үшін комитеттің,
ең болмағанда, қазақтардың қарым-қатынасына және олардың өз аралығындағы
орыс басшыларына қалай қарайтындықтарына назар аудару керек. Реформа
мәселесіне үстірт қараушылықты айта келіп, Шоқан Уәлиханов бұл мәселеге
халықтың, яғни дәулетсіз қарапайым қазақтардың кеңінен қарастырылуын,
солардың пікірлерімен санасу керек екендігін, реформаны ақсүйектер емес,
қалың бұқараның тілек-мүддесіне сай жүргізуді талап етеді. 1864 жылы наурыз
айында Шоқан Уәлиханов генерал Черняевтің шақыруымен Әулиеатаға (қазіргі
Тараз қаласы) келеді. Оңтүстік Қазақстан мен Орта Азияны Ресейге қосуды
жақтаған Черняев отрядында біраз уақыт қызмет істейді. Бірақ патша
генералының жергілікті халыққа жасаған зорлық-зомбылығын көріп, тез бөлініп
кетеді.
Содан Верный (қазіргі Алматы) қаласына келіп, одан әрі Тезек төренің
ауылына барып, қазіргі Талдықорған облысы Шоқан Уәлиханов атындағы
шаруашылыққа тоқтайды. Сонда үйленеді.
Сөйтіп жүргенде, ескі өкпе ауруы қайта қозып, Шоқан Уәлиханов 1865
жылдың сәуірінде қайтыс болады. Оның сүйегі Алтынемел тауының баурайындағы
Көшентоған деген жерге қойылады.
Шоқан Уәлиханов өлімі қазақ халқына және оның орыс достарына тым
ауыр тиді. Шоқан Уәлиханов басына ескерткіш орнатуды ұйымдастыруда және
оның шығармаларын жинап бастыруда орыс ғалымдарының еңбегі аса зор.
Орыстың жағрапиялық қоғамы басып шығарған (1904) Шоқан Уәлиханов
шығармаларына жазған алғы сөзінде академик А.И.Веселовский Шоқан Уәлиханов
Шығыстану әлеміне құйрықты жұлдыздай жарқ етіп шыға келгенде, орыстың
Шығысты зерттеуші ғалымдары оны ерекше құбылыс деп түгел мойындап, түркі
халқының тағдыры туралы маңызы зор, ұлы жаңалықтар ашуды күткен еді. Бірақ
Шоқан Уәлихановтың мезгілсіз өлімі біздің бұл үмітімізді үзіп кетті, - деп
жазды. Нағыз шын әділдігін айтқанда, Уәлихановты үздік адам деп айтуға
болады. Уәлиханов өз еліне шын берілгендігін, оны терең сүйетіндігін,
қазақтың тұрмысын жақсы көрушілігін сақтай алумен қатар, Батыстың
мәдениетін де жоғары бағалады және өз халқының қызықты келешегі
болатындығын күні бұрын болжай білді - деп жазды орыстың жағрапиялық
қоғамы Шоқан Уәлиханов өлімі туралы хабарында.
Шоқан Уәлихановтың шыққан ортасы – қазақтың ірі феодалдары мен хан-
сұлтандар тобы. Әкесі Шыңғыс Омбы училищесін бітірген орысша сауатты,
офицерлік шені бар (полковник болған) адам. Ал Шыңғыстың әкесі Уәли мен
шешесі Айғаным да хандық құрған адамдар. Арғы аталары тарихқа белгілі
Абылай хан, Шоқан Уәлиханов – осындай белді семьядан шыққан жас. Бұл оған
жасынан оқуға мүмкіндік береді.
Шоқан Уәлиханов әуелі ауылында оқып, ескіше хат таниды. Он жасқа
толғанда, әкесі оны Омбыдағы кадет корпусына береді.
Шоқан Уәлиханов талабын оқытушылары ерекше ықыласпен ескереді.
Олардың ішінде Ждан-Лушкин, Костылецкий, Ганцевский т.б. жас Шоқан
Уәлихановқа үлкен ақылшы болып, оған керекті әдебиет тауып беріп, бақылап
жүреді. Костылецкий арқылы орыстың ұлы жазушылары: Лушкин, Лермонтов,
Гоголь, Крылов т.б. шығармаларымен алғаш танысады. Бұл жазушылардың
шығармалары ынталы Шоқан Уәлихановқа әсер етпей қоймайды.
Тарих сабағын оқытатын оқытушы да сергек, білімді адам екен, ол
оқушыларына француз революциясы сияқты тарихи ұлы оқиғаларды ерекше
жігермен баяндап отырады.
География сабағынан беретін оқытушы да көңілі сергек, әсерлі жан
екен. Шоқан Уәлихановпен бірге оқыған досы Потаниннің естеліктерінде бұл
оқытушылар туралы сөз жиі ұшырайды. Потанин оқытушыларының көп білетін
білгір, ақылды адамдар болғанын, олар оқушыларын ұқыпты тәрбиелегенін,
сабақтарын өмірмен байланыстыра жүргізіп, өмір сүруді үйретіп отырғандарын
ескеріп, алғыстар айтып, ризалық білдіреді. Бұған қарағанда Шоқан
Уәлихановқа әсері мықты болса керек. Шоқан Уәлиханов кадет корпусын өте
жақсы үлгеріммен бітіріп шығады.
Ең жетік оқушылардың бірі болып бітірген Шоқан Уәлиханов туралы
Григорий Потанин өзінің естелігінде: Шоқан Уәлихановтың санасы тез өсіп,
өз қатарластарына өте озық болған еді. Табиғи қабілеті және басқа да
ерекшеліктері мол адам болатын, - дейді. Шынында да Шоқан Уәлиханов
ерекше адам болған.
Кейбір балада сирек кездесетін таланттылық, орамдылық, ұқыптылық
қасиет Шоқан Уәлиханов жас кезінен байқалған. Шоқан Уәлихановтың көңілді
сайқымазақтық, қалжыңшылдық, көңілді әңгімелерге шеберлік, оқыс мінезділік
сияқты қасиеттер өте ерте білінді. Ойда жоқ жерде тауып, сөз қозғап,
күлдіріп сөз айтуға, шешенділігімен бірге ол сурет салуға да шебер болып,
кейде мазақ ретінде әзіл-оспақ суреттер салып, көңіл аударар істер
көрсетеді.
Осындай қабілетіне сай өз бетімен ізденгіш, көп оқыған, естігенін
ұмытпай айтып жүретін ерекше қасиеті де танылады.
Естіген әңгімелерін, оқыған шығармаларын әңгіме етіп айтып отырған.
Осы мінездерімен ол жолдастары арасында қадірлі болып, оқытушыларын да разы
еткен.
Оған оқытушылары да, замандастары да болашақ ғалым, зертеуші деп
қараған. Ол өмірді болжағыштығымен, айналасын болжағыштығымен ерекше көзге
түскен. Ол қала өмірін орыс, татар халықтарының шаһарлы тұрмысын,
мәдениетін, әдет-ғұрып, наным-сенімдерін қазақ халқымен салыстыра отырып,
қала мәдениетінің озық жатқандығын түсінеді. Ен даланы мекендеп, шексіз
өлкеде дамылсыз көшкен қазақ халқының жайы есіне түскенде, оған аяушылық
білдіреді, халқының тұрмысындағы қиыншылықты, мәдениетіндегі кейін
қалушылықты көре біледі.
Ол Еуропалық мәдениетті таныған сайын өз халқының тағдырын ойлап,
соның қамын жеуге құштарлығы арта береді. Өзіндей алғаш көрінген озық ойлы
адамның халқы алдында қарыздар екенін түсінеді. Осы себептен болса керек,
оның қазақ даласы мен Орта Азияны жете тану ниеті туралы пікір айту талабы
ерте оянады.
Шоқан Уәлиханов кадет корпусын бітіріп шығысымен 1853 жылы генерал-
губернатор өзіне жәрдемші етіп алады.
Ол туралы және оның талапты адам екені туралы қала чиновниктері мен
интеллигенция арасында талай әңгімелер тарайды. Ал генерал-губернаторға
жәрдемші болып ұлықтар кеңесіне араласуы Шоқан Уәлиханов талай адаммен
кездестіріп, әкімшілік ортаның ішкі сыр-сипатын әбден тануға көмектесті. Әр
түрлі жоғарыдан келіп жататын бұйрықтар, құпия хаттар Шоқан Уәлихановтың да
қолына түседі, бұл отаршыл үкіметтің жүргізіп отырған саясатын жан-жақты
түсіну үшін Шоқан Уәлихановқа пайдалы еді. Бұратана халықтарға деген
патшаның ниетін, миссионерлік шараларын, т.б. жабық саясаттарын Шоқан
Уәлиханов әбден түсінеді.
Генерал-губернатор кеңесінде болу арқылы Шоқан Уәлиханов орыстың
дворяндық ортасын, офицерлер мен чиновниктерін көп көріп, олардың мақсаты
мен істеп отырған істерін байқайды.
Генерал-губернатор алдына ісі түсіп келетін не ұсталып айыпталып
жүрген патша үкіметіне сенімсіз адамдар не олардың істері, не айыптау-
соттау процестері сан мыңдап Шоқан Уәлихановтың алдынан өтіп жатты.
Сезімтал түйінді, көреген жас ол көріністерді ақылға салып ойламай,
оған өз тұжырымын жасамай өте шықпады. Үкімет тарапынан жүргізіліп жататын
қатал әділетсіз, теңсіз-құқықсыз озбыр істер Шоқан Уәлихановқа дақ салмай
қоймайды.
Қорыта келгенде, Шоқан Уәлихановтың қазақ әдебиеті тарихында белгілі
орны бар. Ол – қазақ әдебиетіне демократиялық-ағартушылық, әлеуметтік озық
идея енгізуші, оның дамуы үшін көп еңбек еткен білімді әдебиетші.
Сонымен бірге, Шоқан Уәлиханов – публицист-жазушы. Оның мақалалары
мен хаттары – қазақ әдебиеті туралы алғаш пікір көтерген маңызды еңбек.
Шоқан Уәлиханов қазақтан шыққан, еуропалық тәлім алған жан-жақты
ғалым, мәдениетті қоғам қайраткері, батыл саяхатшы. Шоқан Уәлихановтың досы
Потанин өзінің естеліктерінде: Оның өз бетімен оқыған кітаптарының
көптігі, білімінің молдығына қайран қалушы едік. Мінезі де жарқын, көңілді,
жүрген жері думан-күлкі болушы еді - дейді.
Екінші бір досы – атақты орыс жазушысы Достоевский Шоқан Уәлиханов ға
жазған бір хатында: Қазақтың шн мағынасында білім алған бірінші адам
екеуіңіз, есіңізде болсын! Оның үстіне тағдыр сізді жүрегі, ақылы бар
тамаша адам етіп жаратты - деп анық бойындағы өзгеше күші мен талантын
жоғары бағалап, елі алдындағы азаматтық борышын ескертіп отырған. Осы
сияқты Семенов-Тянь-Шанский мен Н.Веселовскийлер де оған жоғары баға
берген.
Орыс достары Шоқан Уәлихановтың мезгілсіз өліміне қатты қайғырған.
Шоқан Уәлихановты аспан әлемінде жарқ етіп ағып өткен құйрықты жұлдызға
теңеген.
Орыс достары Шоқан Уәлихановқа көп ақыл беріп, Ресейдің барлық жерін
түгел аралауды, тіпті мүмкін болса, Еуропаны аралауды ұсынған.
Сол достарының көмегімен Шоқан Уәлиханов Парижде болған деседі.
Шоқан Уәлихановты үлкен ғалымдар ерте таныған. Оның еңбектері мен
саяхаты туралы кезінде тек Ресейде ғана емес, сонымен бірге батыс елдері
баспаларында да кеңінен хабарланып жатты.
Шоқан Уәлихановтың Еуропаға ерте тараған еңбектері Жоңғария туралы
жазғандары болатын.
Ғалымның Жоңғария очерктері мен Алты шаһардың жай-жақсары деген
еңбектері 1861 жылы өзінің тірі кезінде орыстың императорлық география
қоғамы жазбаларының үш кітабында басылған. Шоқан Уәлиханов ның еңбегі
ағылшын, неміс, француз тілдеріне де аударылды.
1865 жылы Лондон баспасы оның Жоңғария туралы жазғандарын ағылшын
тілінде жариялады.
Шоқан Уәлиханов туралы өткен ғасырдың екінші жартысында француз
география саяхатшы ғалымы Элизе Реклю өзінің көп томды зертеулерінің
төртінші кітабында баяндайды.
Ол Шоқан Уәлихановтың Орта Азия мен Қашқарияны тиянақты зерттеген
атақты ғалым екенін ескертеді. Семенов- Тянь-Шанский сияқты орыс
ғалымдарымен қатар қойып, жоғары бағалайды.
Орыстың алдыңғы қатарлы баспасөзі Шоқан Уәлиханов туралы ең жанашыр
пікірлер айтып отырды.
А.С.Пушкин, В.Г.Белинский, А.И.Герцен, Н.Г.Чернышевский,
Н.А.Добролюбов, А.Н.Некрасовтар негізін қалап, бастырып келген
Современник журналы Шоқан Уәлиханов туралы өз пікірін 1864 жылы-ақ
жариялаған. Мысалы, осы журналда К.Губарев Қазақ сахарасы деген мақала
жариялап, онда Шоқан Уәлиханов ерекше адам бұратана деп аталатын басқа
халықтардың ешқайсысынан бұрын-соңды шыққан емес деп жазған.
А.И.Герценнің Колоколы да Шоқан Уәлиханов туралы пікірлер қозғап,
Шоқан Уәлиханов дай ұл туғызған халықтың тағдырына жанашырлық білдіреді.
Шоқан Уәлиханов туралы орыс жанашырлығының шынайы пейілі.
Г.Потаниннің естелік еңбектерінде де тамаша айтылған.
Оның В юрте последнего киргизского царевича атты очеркі 1896 жылы
Русское богатство журналында басылған-ды. Бұдан кейін 1904 жылы шыққан
Шоқан Уәлиханов шығармаларының тұңғыш жинағының алғы сөздерінде бұл пікір
толық қайталанған. Шоқан Уәлиханов шығармаларының жарық көруімен
байланысты.
1905 жылы Тургайская газетада Шоқан Уәлихановтың өмірі мен
еңбектері туралы мақала басылады. Ол өзінің ұлттық әдебиетінің негізін
қалаған болар еді. Шынында да, ол қазақша жазатын публицист немесе
әдебиетші болуға тиіс еді, бірақ өмір оны қазақтар туралы жазатын ғалым
немесе орыс әдебиетшісі болуға бейімдеді. Өйткені, оның тұлғасынан орыс
оқуының дәнекерлік күшін айқын көруге болатын, - деп көрсетеді мақаланың
авторы.
Қазақтың алдыңғы қатарлы адамдары да оны ерте таныды.
1870-1882 жылдары Ташкент қаласында шығып тұрған Түркістан
уәлаятының бетінде Шоқан Уәлиханов туралы мақалалар басылып, онда Шоқан
Уәлихановтың өлімі, жерленуі, қабірі туралы мәліметтер жарияланды. Газеттің
бір санында Қашқарияға саяхат туралы мақала берілді.
Дала уәлаяты газетінде де Шоқан Уәлиханов туралы мақалалар басылып
тұрды. Осы газеттің 1894 жылғы бір санында басылған Шоқан Уәлиханов
Шыңғысұлы атты көлемді мақала ерекше назар аудартады. Онда Шоқан
Уәлихановтың туғанына 60 жыл толғалы отырғаны хабарланады. Өмірбаяны мен
еңбектері туралы түсініктер беріледі.
Шоқан Уәлиханов қазақтың тұңғыш ағартушысы, елін ілгері мәдениетке
үндеген адал ниетті азамат. Оның еңбектері ұлттық мәдениетіміздің алтын
қорына қосылған зор үлес деп танылады.
Ш.Уәлихановтың саяси көзқарасы
Шоқан Уәлихановтың саяси көзқарасы айқын. Ол дүниені негізінен
материалистерше түсінген ағартушы демократ.
Оның негізгі мақсаты өз елін Еуропаның озық мәдениетіне жетелеу және
сол арқылы халық санасын ояту, өзінің туған елін мәдениетті елдер
қатарынақосу. Еуропа мәдениетін жедел меңгеру жолын ұсынып, қазақ балалары
үшін мектеп ашуды талап етіп, керітартпа, өмірге жанасымсыз мұсылмандық
оқуды және одан туған кеселдерді сынады. Қазақ елін дін шырмауынан алып
шығып, мәдениетке жететін жаңа жолды меңзеді. Еуропа мәдениетіне орыстың
Византия арқылы жетуі сияқты, біздің қазаққа да татар дәуірінен бастап
көшіру қаупі туып тұр. Қазақ халқының тоттанбаған таза ойы татар оқуынан
ақыл мен сезімнің өркендеуін бөгеуден басқа не күтеді? Татар дәуірінен
біздің де аттап өтуіміз керек, бұл жөнінде өкімет бізге жәрдемдесуі керек.
Бұл суға батып кетіп бара жатқан адамды құтқарып жатқан сияқты жәрдем. Ол
үшін татар молдаларын өкімет қолдауды қою керек те, татар мектептерінің
орнына орыс-қазақ мектептерін ашу керек, - деп, ол елін мәдениетке жеткізу
жолында программалық пікірлер ұсынды.
Амал не, ол кезде бұл пікірге патша өкіметі тарапынан айтарлықтай
көмек бола қойған жоқ.
Шоқан Уәлиханов – патшалық Ресейдің екі түрлі сипатын да көре білген
ойшыл. Ол Петербургте болған күндерінен бастап бұқарашыл Ресейдің
Современник журналы айналасындағы университет аудиториясы мен
географиялық қоғамның ішіндегі жаңа тобын, өз жүрегі қалаған адамдар
қауымын тауып қосылды. Бұған дейін ол Омбының ұлықтарын көріп, бірен-саран
ұстаздары мен достарына үміт артса, оның ендігі көрген адамдары мүлде жаңа
еді. Олар көрнекті қоғам қайраткерлері мен ақын-жазушылар: Н.А.Некрасов,
С.Т.Аскаков, Ф.М.Достоевский, С.Ф.Дуров, Л.Н.Майков т.б. озық ойлы ғалым
профессорлар: А.Н.Пыпин, А.Н.Бекотов, П.П.Сеиенов-Тянь-Шанский,
Д.И.Менделеев т.б. революционер-демократтар: Н.Г.Чернышевский,
Н.А.Добролюбовтар болатын. Шоқан Уәлихановтың бұл сияқты жаңа қауымға
араласуы оның өмірінде жаңа кезеңнен бастап санасын арттыра түсті. Бұл оған
жаңа талаптар жүктеді. Шоқан Уәлиханов қолы жеткенге қанағаттанып қалатын
шолақ ойлы, өрісі тар адам емес еді. Ол тынымсыз ізденді. Осыдан ол тез
өсті. Болашақ ғалымның ақыл-ойы, парасаты күннен-күнге шарықтай берді.
Болашақ ғалымның ақыл-ойы, парасаты әлемге танылып, әлем саяхатшылары
мен ғалымдарының еңбектерін, күнделікті жаңалықтар мен дүниежүзі әдебиетін
жақсы білді, жете меңгерді.
Шоқан Уәлиханов көзқарасының қалыптасуына петрашевшілер көбірек әсер
етті. Олардың ішінде С.Ф.Дуровпен жақын дос болды.
Ол – Шоқан Уәлихановқа тікелей ықпал етіп, көп ақыл-кеңес берген
адам. С.Ф.Дуров арқылы Шоқан Уәлиханов ішкі Ресейде болып жатқан саяси
қозғалыстармен танысты.
Сезімтал жастың саяси көзін ашуға Дуров тікелей әсер етіп отырды.
Петербургта жүрген кездерінде Шоқан Уәлиханов Е.П.Ковалевский
ұйымдастырған ғалымдар мен жазушылардың қамқорлық қоғамына қатысты.
Ал Е.П.Ковалевский - өз кезінің ірі қайраткері, сыртқы істер
департаментінің қызметкері, ғалым, жазушы, Еуропа, Батыс Қазақстан,
кейінірек Жетісу мен Қашкар өлкелерін аралаған белгілі саяхатшы. Осы
Ковалевский қоғамына Н.Г. Чернышевский де қатысып жүрді.
Шоқан Уәлиханов бұқарашыл идеяға үн қосады. Енді өзі сол қасиетті
идеяны қазақ жеріндегі жаршысы болуға бел буып, Чернышевский - біздің
досымыз, өзі неткен тамаша адам еді және ол орыстан басқа елдердің де
өмірін жақсы біледі - деп сүйсінді.
Н.Г.Чернышевский әсерінен болса керек, Шоқан Уәлихановтың көзқарасы да
тез өзгереді. Жалпы қазақ деп сөйлеу орнына Шоқан Уәлиханов қара халықты,
көпшілік, жұртшылықты ажырата атап, еңбекші жағына бұрып тұрады. Сондай-ақ,
достарына жазған хаттарында Шоқан Уәлиханов жерлгілікті сұлтандар мен
байларға наразы екенін айта келіп, Ол даланың пролетариатымен доспын,
олармен
тез ұғысам - деп өзінің еңбекші ел жоғын жоқтап жүргенін жасырмайды (1).
Сот реформасы туралы еңбектерінде де Шоқан Уәлиханов қазақ қоғамында
бірімен-бірі келіспес жау, өзара қайшылықтары күшті екі топ бар екенін ашық
айтады. Қоғамдағы үстем таптың пікірін халықтың мұң–мұқтажына қарсы пікір
деп қарау керек. Өйткені, қоғам ішіндегі атақты және бай адамдардың мақсаты
мәдениетті елдердің өзінде де еңбекші көпшіліктің мақсатына жау болады -
дейді ол. Шоқан Уәлихановтың басқа мақалаларында да оның бұл пікірлері
айқын аңғарылады. Ол Қашқар өлкесін зерттей келіп, ондағы әлеуметтік
жағдайды осы тұрғыдан көрсетеді .
Үстем таптың озбырлығы, бұкараны рақымсыз қанау, өлкедегі еңбекші
халықтың ауыр халі, кұкықсыздығы т.б. жайлар демократиялық идея тұрғысынан
сипатталады.
Сөз болып отырған сот реформасы туралы ұсыныс-пікірлерді Шоқан
Уәлиханов терең ой-тұжырымдарын жасап, өзінің озық дүниетану қабілетін
сездіреді. Ол реформаның заман тілегіне сай халықтың мұң-мұқтажына тікелей
қатысты болуы керек, - деп біледі .
Экономика мен саясат бірімен–бірі байланысты нәрсе деп ұққан Шоқан
Уәлиханов саяси реформа экономикалық өзгерістерді жүзеге асырудың құралы
есебінде жүргізілсін деген талаптар қояды. Адам баласы өзінің өрлеу
жолында түпкілікті бір мақсатқа ұмтылады. Ол мақсат - өзінің тұрмысын
жақсарту. Прогресс дегеніміздің өзі осы болмақ. Біз осы тұрғыдан алып
қарайтын
болсақ, адамның тұрмысын жақсартуға жағдай туғызатын реформалар ғана қажет
демекпіз - дейді ол ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz