Ертіс алабындағы өзен


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 39 бет
Таңдаулыға:   

Жоспары

Кіріспе 3 1 Шығыс Қазақстан облысының су ресурстары және олардың маңызы

1. 1 Шығыс Қазақстан облысының су ресурстары 5

1. 2 Шығыс Қазақстан облысын сумен жабдықтау және су мәселесі 11

1. 3 Су ресурстарының шаруашылықтағы маңызы. Басты мәселелері 15

2 Шығыс Қазақстан облысының негізгі су магистралі - Ертіс өзені. Ертіс өзенінің қазіргі экологиялық жағдайы

2. 1 Ертіс өзенінің жалпы гидрологиялық сипаттамасы 18

2. 2 Ертіс өзенінің қазіргі экологиялық жағдайы, негізгі ластаушы көздері 21

2. 3 Ертіс өзенінің экологиялық мәселелерін шешу, қорғау жолдары 28

3 Жалпы білім беретін орта мектептерде география сабағындағы ШҚО-ның су ресурстарын оқыту ерекшеліктері

3. 1 Мектеп курсындағы география пәні бойынша су ресурстарының оқыту ерекшеліктері 33

3. 2 "Ертіс өзені. Экологиялық проблемалары" тақырыбына ұсынылған сабақ жоспары 34

Қорытынды 37

Пайдаланылған әдебиеттер 39

Қосымшалар 41

Кіріспе

Курстық жұмыстың тақырыбы: «Шығыс Қазақстан облысының су ресурстарын тиімді пайдалану және оларды қорғау мәселелері», зерттеу нысаны - Шығыс Қазақстан облысының су ресурстары, оның ішінде облыстың өзен сулары ішіндегі ең көлемдісі - Ертіс өзені. Курстық жұмыс 3 бөлімнен тұрады: тек теориялық жағынан ғана емес, сонымен қатар практикалық маңызын, және мектепте пайдалану мәселелері қаралды, тақырыпқа сай кесте-сызбалар тіркелген, пайдаланылған әдебиеттер тізімі көрсетілген.

Тіршілік көзі - су екенін әрбір адам жақсы түсінеді, сондықтан да оны тиімді пайдалану және қорғау керек, су проблемасы -«Ғаламдық» мәселелердің бірі болғандықтан өте өзекті тақырып болып табылады, яғни курстық жұмыстың өзектілігі - бүгінгі күні облысымыздың басты өзені -Ертіс, қуантарлық жағдайда емес, облысымыздың гидрологиялық жағдайын қорғау және жақсарту мәселесі басты тақырыптардың бірі деп санаймын.

Шығыс Қазақстан облысы өзінің табиғи-климаттық жағдайына сәйкес Қазақстан Республикасындағы су қорларымен неғұрлым қамтылған су қорларына бай аймаққа жатады. Суды алу және пайдалану үрдісі 1993 жылғымен салыстырғанда жер беті көздерінен су алудың мөлшері 3 есеге жуық кемігінін көрсетеді. Облыс Солтүстік Мұзды мұхит, Кар теңізі және Балхаш көлінің ішкі ағын бассейндеріне жатады. Су айрық жоталары Тарбағатай және Шыңғыс тауы арқылы өтеді. Климаттың құрғақтығы, жер бедерінің әркелкілігі, геологиялық құрылысының ерекшелігі облыстың гидрографиялық тор сипатын анықтайды.

Курстық жұмыстың мақсаты:

-Шығыс Қазақстан облысының өзендеріне толықтай сипаттама беру;

-сумен жабдықтау мәселесі мен қазіргі экологиялық жағдайын толығымен көрсету және қорғау мәселелерін ұсыну;

Курстық жұмысын орындаудағы негізгі міндеттер:

-курстық жұмыстың тақырыбын толығымен ашу;

-курстық жұмыстың тақырыбын тек теориялық жағынан емес, практикалық маңызын көрсету;

-тақырыпқа сай мәселелерге шешу жолдарын ұсыну;

Су қорларының өнеркәсіптің кен өндіру, металлургия, жылу энергетика салаларының қызметінен аса үлкен техногендік ауыр салмағын сезініп отырғанын атап көрсету керек. Сондықтан, Шығыс Қазақстан облысының өзендері республикадағы ең лас өзендер қатарына жатады.

Жалпы жоғарыда аталған мақсат-міндеттерді толығымен орындауға, курстық тақырыптың тақырыбын ашуға, әдістемелік жұмыстар және мәселелерді шешу жолдары, ұсыныстарды келесі бөлімдерде толық сипатталды.

Жалпы су көзіне бай облыс сонау өткен ғасырлардан бастап өзге ғалымдарды қызықтырған. Мысалы: 1915 жылы 1 қазанда Бухгольц отряды “Ямышев” бекінісін салды. Ол Ертістен 3 км қашықтықта орналасқан еді. Бұл бекініс болашақта орыстардың Ертіс бойымен жылжуына таптырмайтын тірек болды.

Әскер басы Иван Калмыковтың экспедициясынан бастап, экспедициялар бірінен соң бірі осында сапар шекті. Орыс өкіметінің тапсыруы бойынша Калмыков шағын отрядпен 1717 жылы Зайсан көліне жүзіп шықты. Петр Симон Паллас басқарған экспедиция өлкенің жалпы жаратылысын, табиғатын, өсімдіктері мен жануарларын, табиғатын, Ертіс бойында - Семейде, Алтайда болып, Ертістің шабындығын, балығын, тұз шығаратын көлдеріне дейін қалдырмай нақтылы зерттеу жұмыстарын жүргізді. Шоқан Шыңғыс-ұлы Уәлиханов гидрология жайлы Аягөз өзенін жалпы барлық жағынан сипаттады. Евгений Петрович Михаэлис Семейден Зайсанға дейін Ертіс бойымен 700 км қашықтықты зерттеп, оны кеме қатынасына қолайлы деп тапты. Еңбектерінің бірі - Алтай мұздықтарын зерттеуі болып табылады.

Планетамыздағы адамзаттың тұщы суды пайдалануы, жыл сайын өсіп келеді.

Бүгінде еліміз осы су ресурстарының жалпы көлемінен шаруашылық қажеттіліктерге 46 текше шақырым суды ғана пайдалана алады. Ал су аз болатын жылдары ол 25 текше шақырымды ғана құрап қалады. Еліміздегі өзен су ағынының 56 пайызы ғана өз территориямызда құрылады екен. Бұл ахуал Қазақстандағы өзен бастауында орналасқан мемлекеттерге (Қытай, Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан) тәуелді етіп отыр. Климатты зерттеуушілердің болжамына сүйенсек, алдағы уақыттарды республикамыздың негізгі бассейндеріндегі жергілікті ағын су ресурстары 10-20 пайызға қысқарады деп күілуде. Ал трансшекаралық сулардың азаюы негізінде 2010 жылға қарай еліміздегі су ресурстары 100, 5 текше шақырымнан 86 текше шақырымға дейін қысқарады. 2020 жылы бұл көрсеткіш 75 текше шақырымға түспек көрінеді. Айналып келгенде, осы су көлемінің өзі экономиканың дамуына, тұрғындарды ауыз сумен қамтамасыз етуге жеткілікті көрінеді. Бірақ өкінішке орай, осы көлемнің 90 пайызы тек көктемде су тасығанда ғана болады екен де, одан кейін азаяды. Ал су тасып, молайып тұрған кезде оны болашаққа сақтап қоятын су қоймаларының ауқымы өте тар. Нәтижесінде, судың басым бөлігі айдалаға сіңіп жоғалады.

Соңғы жылдары үкіметіміздің қолға алған кешенді мәселелерінің бірі экологиялық мәселелер болып отыр, соның ішінде су экологиясы жұртты көп алаңдатуда. Өндіріс орындары көп шоғырланған аудандарда өндіріс қалдықтарын су бассейніне тазартып жіберу ең оңды жұмыстар.

1 Шығыс Қазақстан облысының су ресурстары және олардың маңызы

  1. Шығыс Қазақстан облысының су ресурстары

Шығыс Қазақстан облысының аумағындағы судың барлық түрлері, өзендер мен көлдер, батпақтар мен жер асты сулары және мұздықтар ішкі суларға жатады. Табиғи су қоймалармен қатар адам қолдан жасаған тоғандар, бөгендер және каналдар бар. Климаттың құрғақтығы, жер бедерінің әркелкілігі, геоглогиялық құрылымның ерекшелігі облыстың гидрографиялық тор сипатын анықтайды.

Облыс Солтүстік Мұзды Мұхит, Кар теңізі, Балқаш көлінің іішкі ағын бассейндеріне жатады. Су айрық жоталары Тарбағатай және Шыңғыс тауы арқылы өтеді.

Шығыс Қазақстан облысының жазық және аласа жерлерінде өзен торы аз кездеседі. Солтүстік Мұзды мұхит алабына жататын Ертіс өзені облыстағы негізгі су магистралі. Оның жалпы ұзындығы - 4451 км, оның 1715 км-рі Қазақстан аумағы арқылы өтеді. Қазақстан аумағында өзен бассейндерінің көлемі 196 мың шаршы км, ағыс көлемі 3, 86 млн м тең.

Ертіске жалпы ағыс мөлшері 26 млн текше км-ге тең 77 ірі салалар келіп құяды. Облыс аумағында 1700 өзен, 19 суқоймасы, 46000 көлдер мен бөгендері бар.

Негізгі салалары - Бұқтырма, Үлбі, Уба, Шар, Қызылсу, Күршім, Қазақтың ұсақ шоқысының өзендері аз сулы, олардың көпшілігі кеуіп қалатын өзендер ( Алтынсу, Шаған, Бұғаз, Бақанас, Қаракөл, Аягөз) . Аумақтың көлдермен қамтылуы 0, 37% - ке тең. Облыс территориясында көлдер біркелкі орналаспаған, негізінде Ертіс пен оның салаларының бассейндерінде, биік таулы Берель мұздығының маңында орналасқан. [9]

Ертіс бағытымен көптеген ұсақ өзендер ағады. Олардың көпшілігінің суы тау етектеріндегі борпылдақ жыныстарға сіңіп жоғалады немесе суармалы жерлерге тарап кетеді.

Батыс региондардағы Шаған, Ащысу, Мұқыр секілді және т. б. жазықтарғы өзендерге тән ерекшелік - суайрығының нашар байқалатындығы. Сонымен бірге өзен бассейндерінің ішінде ағынсыз участкелер кездеседі, ойпат жерлер мен қазаншұңқырларға іркілген еріген қар сулары ағынсыз шағын көлдер мен тұзды сорға айналады.

Зайсан ойпатында ағынсыз аймақтар бар. Сауыр мен Тарбағатайда басталатын шағын өзендер көбінесе өз суларын Зайсан көліне дейін жеткізе алмайды. Олар : Кендірлік, Қандысу, Үйдене, Ұласты, Қарабұға, Базар өзендері.

Бастауын мұздықтардан алатын Берель, Бұқтырма, Сарымсақты, Т. б. өзендерінің суы ең суық, ал аласа таулардан басталатын Шар, Көкпекті сияқты шағын өзендердің суы ең жылы болып келеді. Өзендердегі су темпиратурасы маусым айының аяғында көтеріліп, тамыздың аяғында қайта төмендей бастайды.

Шығыс Қазақстан облысының өзендерінің ішінде тұрақты ағатын өзендер : Ертіс, Үржар, Қатынсу, Еміл. Өзендердің көпшілігі жаз айларында құмға сіңіп (Ащысу, Шаған, Бұғаз, Бақанас, Қарақол) тартылып қалады.

Жыра - сайлармен ағатын маусымды өзендер тек қар суымен, жаңбыр суымен толығады да аңғары мен қазаңшұңқыры құмды қиыршық тасты болғандықтан, құмға тез сіңіп кетеді. Жаз кезінде көптеген өзен сулары тұзды болғандықтан, егістікті суаруға пайдалануды қиындатады.

Қардың алдымен аңғарларда, одан кейін тауларда еруіне байланысты, қар суымен өзендер біртіндеп толықтырылып отырады. Алтай өзендерінің көпшілігі көктемде тасиды. Жылдық ағыстың 10%-ке жуығы күз, қыс кезінде, ал мамырдан тамызға дейін 90%-і ағады, әсері Бұқтырма өзенінің су дейінгі шілде айында көтеріліп, кей жылдары тасқын болып, маңайын су басады. [2]

Ертіс. Облыстың өзен сулары ішіндегі ең көлемдісі. Зайсан ойпатын бойлай ағып өтетін Ертіс өзені. Басын Моңғол Алтайынан алатын Ертіс Ақкезең ойпатының Бала Ертіс, Сібеті, Қу-Ертіс сияқты бұлақтарынан құралып, Зайсан көліне дейін Қара Ертіс деп аталады. Өзен көлден ағып шыққанда-ақ Ертіс деген атау алады. Ертіс алғашқыда белесті-төбелі жазықпен ақса, одан әрі Алтайдың Нарым, Қалба жоталары және басқа тау сілемдерінің аралығындағы тар шатқалды жарып өтіп, ағысының орта тұсында Сарқырамен кесіле ағады. [13]

Бұқтырма өзені. Ертістің оң жақ саласы. Алтайдан басталатын Ертіс салаларының ең мол сулысы. Оның бастауы Алтайдағы Берель мұздығында жатыр. Ағыс барысында Бұқтырмаға бірнеше салалар келіп құяды: Ақберел, Черновая, Сол жақ Березовка, Черемышка т. б.

Бұқтырманың ұзындығы 405 км, алабына су жиналатын аумағы 15620 шаршы км. Өзеннің орта шенінен су шығыны секундына 25 текше м-ге жетеді. Мамыр айында су шығыны секундына 999 текше м-ге дейін барады да, су деңгейі 4 м биіктікке дейін көтеріледі. Ақпан - наурыз айларында су шығыны секундына 10 текше метр ғана болады. Бұқтырма өзенінің Ертіске құятын жеріне бөгет салынып, су электр станциясы орнатылған. Қазіргі ууақытта Бұқтырма суқоймасы көлем жағынан теңізбен пара-пар. Жағалауында демалыс үйлер, балалар лагері, туристік қонақ үйлер бар. Ол өзен өте әдемі жерлер арқылы ағады. Жазыққа шыққанға дейін Бұқтырма аңғары тар шатқалдарды аралап өтеді Өзеннің әрбір бұрылысы табиғаттың жаңа көркем бейнесін бейнелейді. Әсем табиғат құпиясы туристерді қызықтыратындықтан, су туризм әуесқойларын үнемі өзен жағасынан кездестіруге болады. Бұқтырмадан табан, көксерке, торта, алабұға шортаң, ақ қайран, сазан, көкшұбар балық аулалады. Өзендерде энергия қоры мол және ағаш ағызуға қолайлы болып келеді. [14]

Уба . Ақ және Қара Убалардың қосылуынан өзінің бастауын алады, өзеннің ұзыңдығы 278 км. Өзінің жолында Уба Тигирецк және Уба тау жоталарынан басталатын бірнеше ұсақ тайга өзендерін қосып алады.

Үлбі . Филлиповка, Быструха, Громотуха өзендерінің қосылуымен қалыптасқан өзен, ұзыңдығы 156 км. Ең ірі саласы- Кіші Үлбі. Алтайдағы Иванов жотасынан Тихая және Күркіреуік өзендері бір-біріне қосылған жерлерден басталып, Ертіске құяды. Аңғары тік жарлы, шатқалды. Еріген қар, мұздар, жауын-шашын суымен толысады. Суы тұщы, өзен бойында шағын Хайрузов, Тишин, Үлбі СЭС- тері салынған, Лениногор, Өскемен қалалары да осы өзен бойында орналасқан.

Күршім. Ертіс алабындағы өзен, Шығыс Қазақстан облысындағы Күршім ауданының жерімен ағады. Ұзындығы 230 км, су жиналатын алабы 2890 км. Сарымсақты және Күршім жоталарынан басталып, Күршім ауданының батысында 10 км жерде Бұқтырма бөгеніне құяды. Жоғарғы ағысында аңғары тар, шатқалды. Ағысы қатты, суы мол. Жылдық орташа ағыны Вознесенское ауылының тұсында 60, 8 м/с. Егін шаруашылығына, ағаш ағызуға пайдаланады. Балық аулайтын су айдыны бар.

Қалжыр өзені . Басын Марқакөлден алып, Сары тауды аралап қысылып ағады. Ол алқымнан өткеннен кейін жазыла түсіп Қара Ертіске құяды. Сондықтан да, “Қалжыр өзенін екі көлдің тартқан желісі”, - деп халық бекер айтпаған. Ұзыңдығы 123 км. [32]

Шар өзені. Қалба жотасының оңтүстік-шығыс беткейінен басталып, Ақши ауылы тұсында Ертіске құяды. Ұзындығы 210 км шамасында, 50 км-ге жуық жоғарғы ағысы тау өзені, қалған бөлігі жазық өзені болып есептеледі. Ол Сарыарқа мен Алтай тауының шекарасын басып ағады. Жоғары бөлігінде аңғары кең болады. Өзен жауын-шашын, ыза суымен толысады. Суы тұщы болғандықтан елді-мекен тұрғындары ауыз суға пайдаланып, шабындық суаратын бөген (Шар бөгені) салынған.

Қызылсу Шар өзенімен бірге ағады, олардың арасындағы су айрық жотасы - Делбегетей таулары. Өзеннің ұзындығы - 182 км.

Шаған өзені. Шыңғыстаудың батыс беткейіндегі бұлақтардан басталып, Шаған елді мекені тұсында Ертіске келіп құяды. Басты саласы Ащысу, көктемде қатты ағынды болып, жазда қара суларға бөлініп қалады. Қарашада қатып, мұзды сәуірдің бірінші жартысында түседі.

Мұқыр өзені. Семейтуадың шығысындағы бұлақтардан бастау алады. Арнасы тік жарлы болып келеді. Жаздың ыстық айларында өзен суы иірімдерге бөлініп тартылып қалады. Өзен атауы моңғол тілінде “мо-хоо” - доғал, ұшы жоқ, ал “мұ-хар” - қысқа, тұқыл, тұйық мағыналарында қолданылады.

Нарын. Ұзындығы 100км шамасында, Бұқтарма су қоймасына құяды.

Аякөз өзені. Алматы, Шығыс Қазақстан облыстары аумағы арқылы ағатын өзен. Тарбағатай жотасының солтүстік сілемдерінен ( 1661 м) бастау алады. Балқаш көлінің солтүстік-шығыс бөлігіне құяды. Үлкен Аягөз және Кіші Аягөз өзендерінің қосылуынан кейін Аягөз аталады. Ұзындығы 450 км, алабының ауданы 15, 4 мың км2. Жылдық орташа су ағаны мөлшері 5 м/с. Жылдың 2-ші жартысында және құрғақшылық жылдары су Балқаш көліне жетпей, жоғарғы ағысының жағалары тік шатқалды, ал орта және төменгі ағыстары кең жайлымды болып келеді. Балқашта құятын жері сортаң және батпақты, ұзынды-қысқалы 312 саласы бар. Ірі салалары: Нарын, Балқыты, Батпақты, Айғыз, Құрайлы, Таңсық. Негізінен қар және жерасты суларымен толығады. Сәуір-мамыр айларындағы су ағыны мөлшері 870-170 м3/сек-қа дейін жетеді, ал тамыз-қыркүйек айларында 0, 6-2, 0 м3/ сек-ке дейін төмендейді. Қарашаның бірінші жартысында қатып, сәуірдің басында ери бастайды. Суы тұщы, минералдылығы 0, 3-8, 1 г/л. Химиялық құрамы - сульфатты натрийлі. Суы ауыз суға, жайылымды суландыруға және өндірістік - техникалық мақсаттарға пайдаланылады.

Бақанас. Солтүстік Балхаш алабындағы өзен. Ханшыңғыс, Ақшатаудағы бұлақтардан бастау алған. Су тапшы жылдары Аяқ қарауыл төбесінің оңтүстігінде тартылып қалса, суы мол жылдары Аякөзге жақындап, құмға сіңіп кетеді.

Базар өзені. Батыс Тарбағатай баурайындағы бұлақтан басталып Бұқтырма бөгенінің сол жақ бүйіріне құяды. Базар мне Қарабұға өзендерінің су алабын Түйемойнақ жотасы бөліп тұрады. Сондықтан да, өзен суы қар және жер асты суларымен молаяды.

Үржар өзенінің атауы екі компоненттен тұрады. Мұндағы ор-үр сөзі, “терең”, және жар - “өзен” дегенді білдіреді. Сонымен, бұл атау “терең өзен” деген мағынаны білдіреді. Ертедегі түркі жазба ескерткіштерінде “үр” сөзінің бір мағынасы - “ қашанна, бұрыннан, ұзақ” - дегенді нұсқайды. Осы “үр”-ге “жар” түбірін біріктіріп алғашқы мағынасы “бұрыңғы жар” Тарбағатай жотасының оңтүстік батыс беткейінен басталып, Рыбачье тұсында Алакөлге келіп құяды. Үржар селосына дейін аңғары терең, шатқалды, биіктігі 5-8 м болып келсе, Ақжар елді мекеніне жеткенде бірте-бірте кеңейіп, бірнеше өзектерге бөлініп, сағасы сазды, қорысты атырауға айналады.

Қатынсу өзені. Тастау, Жалаулы тауларынан бастау алып Көктал селосынан төменгі жерде Алакөлге қосылады. Жалғасының биіктігі 1-3 м тік жарлы болып келеді. Суының 40-50% қар, 10-12% жаңбыр, қалғаны жер асты суы есебінен толысады. Қатынсудан сегіз канал тартылған.

Еміл өзені. Тарбағатай тауының сілемі Орқашор баурайында бұлақтардан басталып, Алакөлге келіп құяды. Оның ең ірі саласы Шағантоғай. Ол өзінің баурайын Барлық тауын батыс беткейінен алып Емілге құяды. Шағантоғай өзені Барлық бөктерінен келетін шипалы бұлақтарды қосып алған тұста Барлық-Арасан курорты орналасқан.

Дүние жүзінде 2257 су қоймасы бар, олардың әрқайсысының сыйымдылығы 100 млн текше метр, ал жалпы қоры 5, 5 мың текше метр. Шығыс Қазақстан облысында жоғарыда аталып кеткендей 19 су қоймасы бар. Ірілері: Бұқтырма, Шар өзендері.

Көкпекті. Ертіс алабындағы өзен. Шығыс Қазақстан облысының Көкпекті ауданындағы жерімен ағады. Ұзындығы - 217 км, су жиналатын алабы - 9030 км2. Тарбағатайдың солтүстік бөлігіндегі Сарытау, қайрақты тауларынан басталып, Бұқтырма бөгеніне (Зайсан көліне ) құяды. Аңғары кең (0, 3-0, 6 км), жағалауы құмды-сазды, кейбір тұсы гранитті тік жар. Өзен жер асты, жауын-шашын суымен толығады. Жылдық орташа суы ағыны Көкпекті ауылының тұсында 4, 31 м3/сек. Шабақ, аққайраң, сазан, қарабалық, т. б. балықтар бар. Суы егін суаруға пайдаланылады, жайылмасы - шабындық. (Қосымша 1 , Кесте 1)

Шығыс Қазақстан облысында 2 мыңдай көлдер бар. Оның 1003-інің көлемі 1 гектардан артық не кем. Ірі көлдер -18. Тереңдігі үлкен емес, 2 метрден 20 метрге дейін (Қосымша 1, Кесте 2) . Табиғи қазаңшұңқырлар болуы көлдің пайда болуының бірден-бір шарты екендігі белгілі. Олардың бұзылмай тұруына климат қолайлы фактор болады. Облыстың ылғалды климаты шығыс аудандарда суы мол, ағынды, тұщы көлдердің көп болуына жағдай туғызады. Құрғақ клмиатты батыс, оңтүстік батыс аудандарында көлдер аз кездеседі. Олардың суы аз, ағынсыз, кейде құрғап қалады. Шығыс Қазақстанда ірі және орташа көлемді 148 көл бар.

Зайсан көлі. Облыс территориясындағы ең ірі көл болғандықтан, жергілікті халық оны “теңіз” деп те атайды. Өзінің көлемі жағынан Қазақстанда ол төртінші орын алады. Ұзындығы 111 км, ені 27 км, ауданы 1870 км-ге созылған көл суы Бұқтырма бөгенімен қосылғаннан кейін, көлемі 5510 км жетеді. Тереңдігі 10-12 м, деңгейінің абсолюттік ауытқуы 328 см, жылына орташа есеппен 102-249 см-ге ауытқиды.

Листвяга жотасының оңтүстік баурайында Маралды көлі айнадай жарқырап, созылып жатыр. Осы көлден Белое өзені бөлініп шығады.

Рахманов көлі. Алтайдағы тамаша көлдердің бірі. Ол 1761 м биіктікте тік жартастардың ортасында орналасқан. Көл маңайынан темпиратуралары +22 +43 С жететін термальді су көздері қайнап шығып жатады. Өзінің емдік қасиеті жағынан Цхалтуба, Белокуриха суларына ұқсас. Көлге ұзындығы 2, 6 км, ені 60м болатын Арасан өзені келіп құяды.

Қалба- әсем көлдер өлкесі. Олар жотаның солтүстік батыс бөлігінде теңіз деңгейінен 580-620 м биіктікте орналасқан. Тұщы, таза сулы көлдер гранитті, құмды жартастар арасында, тектоникалық шұңқырда пайда болған. Көлдердің суларының мөлдірлігін жағасына өскен өсімдіктердің су бетіне түскен әсем бейнесі дәлелдегендей. Көлде сазан, теңге балық, шортаң, плотва, Қара балық, елең кездеседі.

Балықты көл. Шаған өзенінің солтүстік жағындағы төбе аралығында жатыр. Көлдің түбі ойлы, қырлы, әр жерінде қалыңдығы 0, 3 м болатын ұсақ құм кездеседі. 1964 жылы Шаған өзеніне бөгет салынып, бұл көлдің су деңгейін екі метрге дейін көтеріп, көлемін 50 гектарға ұлғайтты. Балықты көлінің суы ащы, өте сілтілі. Суында микроэлементтер аз кездеседі. Сазан, мөңке, оңғақ, алабұға, теңге балықтары кездеседі. Көлден жыл сайын 6-9 тоннаға дейін балық ауланады.

Жоғарғы Балықты көлінің суы 1, 5 м тереңдікке дейін мөлдір, түсі сары-қоңыр, көлдің орташа тереңдігі 2, 2 м болып келеді. Көлде 5 млн. текше метр су бар. Көлде мөңке, оңғақ, сазан, шармай секілді балықтар кездеседі. Мұнда әртүрлы жабайы үйректер, шағала, жылқышы құсы және ондатра да бар.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан өзендері. Өзен және олардың маңызы
Антропогендік әрекет нәтижесінде тасындылар ағындысының сандық және сапалық өзгеруімен танысу
Су жүйелер экологиясы
Трансшекаралық өзендер
Қазақстан өзендері
Қазақстанның географиялық орны, ірі физикалық георафиялық нысандарына қысқаша сипаттама
Қазақстанның климаты, биологиялық сулары және рекриациялық аудандар
Шығыс Қазақстан облысының ластану факторлары
Суды зарарсыздандырудың химиялық әдісі
Қара Ертіс өзені алабының негізгі өзендерінің жылдық ағынды үлестірімі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz