Қылмыс жасаған адамды ұстағанда зиян келтіру



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 31 бет
Таңдаулыға:   
М а з м ұ н ы

Кіріспе
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... . 3

Негізгі бөлімі

1. Қажетті
қорғану ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ..4-9
2. Қажетті қорғану шегінен асып
кеткендік ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ...10-13
3. Жалған
қорғану ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ..14-15
4. Аса (мәжбүрлі)
қажеттілік ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... 16-20
5. Қылмыс жасаған адамды ұстағанда зиян
келтіру ... ... ... ... ... ... ... ... 21-24
6. Орынды
тәуекел ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... 25-28
7. Күштеп немесе психикалық
мәжбүрлеу ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... 29-30
8. Бұйрықты немесе өкімді
орындау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. . 31-32

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... 33-34

Колданылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... . ... ...35-
36

К і р і с п е
Әрбір азаматтың конститутциялық борышы- қоғамдық қатынастарды
қылмыстық жолмен келтірілген зияннан қорғау.Осы міндетті жүзеге асыруда
жеке адамға, қоғамға,мемлекетке қарсы бағытталған іс-әрекеттерді дер
кезінде тыюдың, тойтарудың маңызы ерекше.Қоғамға қауіпті іс-әрекетті
тойтаруда,оның зияндылығын тыюда, сол қауіпті төндірген адамға материялдық,
моральдық және басқа да зиян келтіруі мүмкін. Мұндай әрекеттер формальдық
жағынан алғанда Қылмыстық кодекстің Ерекше бөлімінің жекелеген баптарында
көрсетілген қылмыс құрамына жатуы мүмкін.Бірақ та бұл әрекеттер белгілі бір
жағдайларда қылмыс болып табылмайды. Өйткені мұндай әрекетте қылмыстың
материялдық белгісі болып табылатын басты белгі- қоғамға қауіптілік жоқ.
Керісінше, мұндай жағдайларда, қоғамдық қатынастарға зиян келтіруге
бағытталған қауіпті жою,тойтару қоғамға пайдалы іс-әрекет деп
танылады.Қолданылып жүрген қылмыстық заң бойынша бұларға қажетті қорғану;
аса (мәжбүрлі) қажеттілік; қылмыскерді ұстау; орынды кәсіби тәуекел; күштеу
немесе психикалық мәжбүрлеу; бұйрықты немесе үкімді орындау әрекеттері
жатады.
Аталған жағдайларда істелген әрекет немесе әрекетсіздік сырттай қылмыс
белгілеріне ұқсамағанымен, толарда қоғамға қауіптілік болмағандықтан,
қылмыс қатарына жатпайды. Өйткені бұл аталған институттар қоғамға пайдалы
іс-әрекеттер қатарына жатады. Енді осы мән-жайларға талдау жасайық.

1. Қажетті қорғану
Қылмыстық заңға сәйкес барлық адамдардың кәсіби немесе өзге де
арнаулы даярлығына және қызмет жағдайына қарамастан тең дәрежеде қажетті
қорғануға құқығы бар. Бұл құқық адамға қоғамға қауіпті қол сұғушылықтан
құтылу басқа адамдардың немесе мемлекеттік органдардың көмегіне жүгіну
мүмкіндігіне қарамастан тиесілі болып табылады.(32-бап, 2-бөлік). Қажетті
қорғану жағдайында қол сұғушы адамға зиян келтіру, яғни қорғанушының немесе
өзге бір адамның жеке басын, тұрғын үйін, меншігін, жер учаскісін және
басқа да құқықтарын, қоғамның немесе мемлекеттің заңмен қорғалатын
мүдделерін қоғамдық қауіпті қол сұғушылықтан қол сұғушыға зиян келтіру
жолымен қорғау кезінде,егер бұл орайда қажетті қоғану шегінен асып
кетушілікке жол берілмеген болса, ол қылмыс болып танылмайды делінген (32-
бап, 1-бөлігі).
Бұл жерде мемлекеттік, қоғамдық мүдделерге қорғанушының өзіне, басқа
адамның заңды құқықтарына, құқықтық тәртіпке тікелей қауіп төндіріп тұрған
істі тоқтату мақсатымен соны төндірушіге зиян келтірушілік, қылмыстық
құрамда көрсетілген белгілерге дәл ұқсағанымен қылмыс болып саналмайды
делініп отыр.
Қажетті қорғану - әрбір адамның заңды және заңмен көтермеленетін
әрекеті болып табылады. Әлеуметтік мәні бойынша қажетті қорғанудың қоғамға
қауіптілігі жоқ. Қажетті қорғану адамның ең қасиетті, табиғи құқықтары,
өмірін, денсаулығын, бостандығын, меншігін т.б. басқа да игіліктерін
қорғаудың тәсілі болып табылады. Қажетті қорғану қылмыстылықты тыюды,
зорлықпен істелетін қылмыстарға және меншікке, басқа да қылмыстарға қарсы
күресудің пәрменді құралы болып табылады.
Сондай-ақ қажетті қорғануды қолданудың аса маңызды сақтандырушылық
мәні зор. Өйткені, қиянат келтірушінің өзі зиян келтіру жолымен тойтарыс
берілетінін сезінуі оны көп жағдайларда қылмыс істеуден тартындырады.
Міне, осыған байланысты қажетті қорғану Коститутцияда көрсетілген
азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғаудың кепілі, қоғамға
пайдалы әрекет деп саналады.
Мұндай жағдайда қиянат жасаушының өмірі, денсаулығы, меншігі оның
қылмыс істеуіне байланысты қылмыстық заңның қорғануынан тысқары қалады.
Қажетті қорғану жағдайында оған зиян келтіру қылмыстық құқылық әрекетпен
заң қорғайтын объектіге қол сұғушылық болып табылмайды. Қажетті қорғану
қиянат жасауды тыюдың, оған тойтарыс берудің белсенді нысаны болып
табылады. Бұл шабуыл жасаушыға қарсы істелген тікелей әрекет болып
саналады. Сол себепті де мемлекет заңда белгілеген тәртіппен кейбір тәртіп
сақшыларына мұндай реттерде қару қолдану құқығына жол береді.
Қылмыстық заңға сәйкес адам басқа қоғамға қауіпті қол сұғушылықтан
құтылу немесе мемлекет органдарынан көмек сұрауға мүмкіндігі болғанына
қарамастан қажетті қорғануды қолдануға құқылы.
Көмек сұрау мүмкіндігіне қауіпті қиянаттан қашып кету, жасырынып
қалу, жұлқынып шығу, қиянат жасаушыға басқадай бөгеттер жасау, айғайлап
көмекке шақыру, телефонмен құқық қорғау органдарына, туысқандарына,
көршілеріне, таныстарына хабарлау сияқты әрекеттер жатады. Заң бойынша
барлық азаматтар - кәсіби немесе өзге де даярлығын, қызмет жағдайына
қарамастан қажетті қорғануды жүзеге асыруға бірдей негізде құқылы. Заңда
лауазым адамдары немесе басқадай құқық қорғау органдары үшін қажетті
қорғанудың ерекше талаптары белгіленбеген. Көптеген азаматтар үшін қажетті
қорғануды қолдану олардың жеке құқығы болып табылады.
Қажетті қорғануды пайдаланудан бұлтарған немесе бас тартқан адамдар
тек қана моральдық жағынан айыпталады. Керісінше заңға, уставқа, басқадай
нормативті актілерге сәйкес қажетті қорғануды жүзеге асырмаса оның әрекеті
қылмыстық немесе тәртіптік жауаптылыққа жатады. Мысалы, милиция қызметкері
Қазақстан Республикасының Жоғары Соты Пленумының Азаматтардың өмірі мен
денсаулығына қарсы әрекеттер үшін жауапкершілікті реттейтін заңдарды
соттардың қолдануы арқылы 1994 жылғы 23 желтоқсандағы № 7 қаулысын
Қылмыстық кодекстің тиісті бабына сәйкес қажетті қорғану құқығы
азаматтардың өмірін, денсаулығын, арын, беделін, сондай-ақ мүлкін қоғамдық
қауіптерден қорғаудағы коститутциялық құқығын жүзеге асырудың ең бір кепілі
екендігіне соттардың назарын аудару керек.
Азаматтар заңға сәйкес шабуылдан қашып қорғанудан немесе басқа
амалдар қолданудан тыс, заңға сәйкес қоғамға қуіпті шабуылға қарсы залал
жасау жолымен белсенді шараларды қолдануға қақысы бар. Мұндай кезде олар
қоғамға қауіпті шабуылдан қорғану жағдайында келтірілген залалы үшін жауап
бермейді деп атап көрсетілген. Қажетті қорғануды жүзеге асырудың негізгі
шарттары бар.
Қиянатқа байланысты қажетті қорғануды қолданудың заңға сыйымдылық
шарттары: оның біріншісі қиянат қоғамға қауіпті болуы керек, яғни қиянат
арқылы заң қорғайтын мүдделерге тікелей зиян келтіретін немесе зиян келтіру
қауіпін тудыратын жағдайда қажетті қорғануды қолдануға болады.
Қоғамға қауіпті қол сұғушылық жоқ болса, қажетті қорғану да жоқ. Қол
сұғушылықтың түрлері Қылмыстық кодекстің 32- бабында қорғанушылықты немесе
басқа адамның жеке басына тікелей төнген қауіпті қиянаттан болған әрекеттер
деп көрсетілген. Бұл әрекет шабуыл арқылы жүзеге асырылады. Шабуыл – бұл
ашықтан - ашық кенеттен пайда болған зорлық әрекет. Өмірге қауіпті зорлық
өлімге әкеліп соғуы, ал өмірге қауіпті емес зорлық денсаулыққа зиян
келтіруі мүмкін. Қажетті қорғану қауіпті тудыру ошағына арналғандықтан, оны
кім немесе не төндіргені қарамайды. Қорғаныс заңсыз істеудің нәтижесінде
заң қорғайтын мүддеге қауіп төндіретін лауазымдық жағдайын пайдаланушыға
да, жасы қылмыстық жауаптылыққа толмағандар мен есі дұрыс еместерге,
қорғаудың шегінен асып кетушілік әрекеттеріне және жалған қорғануға қарсы
қолданылуы мүмкін. Заңда бұларды бір сөзбен айтқанда, қауіпті қиянатты
төндіруші деп айтады. Қауіпті төндірушілерге заң бойынша жоғарыда айтылған
іс-әрекетті істегендердің бәрі жатады.
Қажетті корғануды заңды әрекетке қолдануға болмайды, сол сияқты
қажетті қорғануды қандай да бір әрекетінде қылмыстың формальдық жағынан
белгілері бар, маңызы шамалы әрекет немесе әрекетсіздікке қолдануға
болмайды. Мұндай әрекеттерге өте арзан заттарды ұрлау, жасөспірімдердің бау-
бақшадан жеміс-жидек ұрлауы сияқты әрекеттері жатады. Адам мұндай іс-
әрекеттері арқылы зиян келтірсе, онда олар жалпы негізде жауаптылыққа
татылады.
Қажетті қорғану әкімшілік теріс қылыққа да қарсы қолданылуы мүмкін.
Мысалы, ұсақ бұзақылыққа қарсы. Қажетті қорғануды қолдануда негіз болатын
қоғамға зиянды қасақана әрекеттің өмірге, денсаулыққа, бостандыққа,
меншікке, басқа да құқықтарына, қоғам немесе мемлекет заңды мүдделеріне,
қоғамдық тәртіпке дереу зиян келтірілуі мүмкін болғанда ғана қолдануға
болады. Мысалы, кісі өлтіруге, әйелді зорлауға, ұрлыққа, тонауға оқталу.
Егер қиянаттың қоғамдық қатынастарға дереу, тез зиян келтіруге қабілеті
болмаса, онда ондай әрекеттерге қарсы қажетті қорғануды қолдануға болмайды.
Мұндай жағдайда төнген залалды тойтару басқа жолмен жүзеге асырылады.
Қажетті қорғануды қарсы әрекетке ғана қолдануға болады. Құқылық
міндетін орындамаған әрекетсіздікке қажетті қорғануды қолдануға негіз жоқ.
Мұндай құқылық міндетті орындаушылық орын алған жағдайда оған зиян
келтірмей-ақ, оны зорлап орындатушылық орын алады. Заңда көрсетілген
қылмысты қиянатпен қол сұғу қасақана болуы қажет, абайсыздықпен қол сұғу
басқа жолмен тоқтатылады.
Қажетті қорғануды қолданудың екінші шарты – қорғану қол сұғушылық
нақты бар болғанда ғана қолданылады. Қол сұғушылықтың объективтік категория
ретінде басталуы және аяқталуы болады. Нақтылы төніп тұрған қол сұғушылық
деп заң қорғайтын объектіге зиян келтіруге кірісуді бастағалы жатқан немесе
кіріскен әрекетті айтамыз. Яғни, қол сұғушылықтың кірісуі деп қоғамға
қауіпті әрекеттің басталған уақытын айтамыз. Қасақана қылмыстар үшін қол
сұғушылықтың бастамасы болып, қылмыс істеуге оқталғандық әрекеті айтады. Ал
қол сұғушылықтың аяқталуы болып, іс-әрекеттің нақты біткен, шын мәнінде
оның доғарылған уақыты саналады. Қол сұғушылық алға қойған мақсатқа жетуге
немесе одан ерікті түрде бас тартуға байланысты доғарылуы мүмкін. Егер қол
сұғушылық бітіп кетсе, оған қажетті қорғануды қолдануға болмайды. Өйткені
қажетті қорғанудың мақсаты – болатын, орын алатын зиянды тойтаруға, оны
болғызбауға бағытталған. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты өзінің
1994 жылғы 23 желтоқсандағы Азаматтардың өмірі мен денсаулығына қарсы
әрекеттер үшін жауапкершілікті реттейтін заңдарды соттардың қолдануы
туралы қаулысында қажетті қорғану құқығы тек қоғамға қауіпті қол сұғушылық
сәтінде ғана емес, шабуыл жасау қаупі анық төнген кезде қолданылатынын
көрсеткен. Яғни, қажетті қорғануды нақтылы қауіп төніп тұрған қол
сұғушылыққа ғана қолданады. Нақтылы төніп тұрған қаупі біткен қылмысқа оны
қолдануға болмайды. Осыған орай, кейде қажетті қорғануды қолданушы
қылмыстың біткен немесе бітпегенін ажырыта алмаудан қолдану жағдайлары да
кездесуі мүмкін. Жоғарыда аталған Жоғарғы Сот Пленумы қаулысының 21-
тармағына сәйкес мұндай реттерде Шабуыл аяқталғаннан кейін, бірақ істің
мән-жайларына сәйкес қорғанушы үшін оның бітіп қалу сәтінің түсініксіз
жағдайына сәйкес қылмыстың біткен немесе бітпегенін ажырата алмай біткен
қылмысты бітпеген қылмыс деп ұғып, қажетті қорғануды қолданса, ол әрекетті
қажетті қорғануға жатқызуы керек делінген. Егер қорғанушы қауіптің
біткенін біле тұра қажетті қорғануды қолданса, ондай әрекет қорғану
шегініен шығып кеткен деп есептеледі. Қауіпті емес әрекетті оның қауіпті
екендігін білуге мүмкіндігі болмай шынымен қауіпті іс деп санап, қажетті
қорғану қолданса, ол үшін қажетті қорғануды қолданушы жауапкершілікке
жатпайды.
Егер қорғанушы іс-әрекеттің қауіпті емес екендігін байқауға
мүмкіндігі болып тұрып, қорғануды қасақана емес күйде жүзеге асырса, бұл
жағдайда ол абайсыздық түрінде істелген әрекет үшін қылмыстық жауаптылыққа
тартылады.
Қажетті қорғанудың үшінші бір шарты – қоғамға қауіпті қол сұғу
айқын, шын мәнінде, яғни қоғамдық қатынастарға анық зиян келтіретін болуы
керек. Адамның санасында ғана елестетілетін қиянаттың зиян келтірумен
ешқандай байланысы жоқ. Елестетілетін қиянаттан қорғануды жалған қорғану
дейміз.

2. Қажетті қорғану шегінен асып кеткендік
Қылмыстық кодекстің 32-бабының 3-бөлігіне сәйкес қол сұғушыға анық
шектен тыс, жағдай мәжбүр етпейтін зиян келтірілетін, қол сұғушылықтың
сипаты мен қоғамдық қауіптілігі дәрежесіне қорғанудың көрінеу сай келмеуі
қажетті қорғаныс шегінен шығу деп танылады. Бұлайша шектен шығу тек
қасақана зиян келтірілген жағдайларда ғана қылмыстық жауаптылыққа әкеп
соқтырады. Қажетті қорғану шегінен шығып кеткендік қоғамға зиянды.
Сондықтан да мұндай әрекеттердің қылмыстық жауаптылығы және жазасы заңға
сәйкес нақты келтірілген зиянға байланысты шешіледі. Қиянат келтірушіге
қажетті қорғану шегінде, қол сұғылған қиянатты зиян келтірместен тойтаруға
мүмкіндік болмаса, қоғамдық немесе жеке мүддені қорғау мақсатымен
келтірілген зиян әр уақытта да заңға сыйымды болып табылады. Егер қиянат
келтірушіге зиян шектен тыс және сол қиянаттың сипаты мен қауіптілігіне
сөзсіз сәйкес келмесе, онда қорғанушы жөнінде, қажетті қорғанудың шегінен
шығып кеткені үшін, жауаптылық мәселесі туындайды. Мұндай жағдайда
келтірілген зиян шабуылдан қорғану мүддесіне сәйкес жүзеге асырылды деп
санауға болмайды. Сонымен бірге ескере кететін бір жайт, қажетті қорғану
шегінен асып істелген қылмыс жауаптылықты жеңілдететін мән-жайлар қатарына
жатады.
Заң қиянаттың қаупі мен сипатына қорғанудың сөзсіз сәйкес келмеуін
қажетті қорғану шегінен асып кеткендік деп санайды.
Егер қорғанушы қиянаттың қаупі мен сипатына нақты жағдайда сөзсіз
сәйкес келмейтін қорғану құралдары мен тәсілдерін қолдану арқылы, қиянат
жасаушыға орынсыз, қажетсіз негізде ауыр зиян келтірсе, оның әрекеті
қажетті қорғану шегінен шығып кеткендік болып саналады.
Мысалы: К. деген азамат қажетті қорғану шегінен асып кеткен жағдайда
денені ауыр жарақаттағаны үшін (109-бап, 2-бөлігі) мына төмендегі жағдайда
кінәлі деп табылып, сотталған. Сыраханада К-ға қызу күйдегі, бір аяғы жоқ
Ж. деген мүгедек адам тиісіп, өзіне екі құмыра сыра алып беруді талап
еткен. Ж-ны итеріп жіберіп К. далаға шықпақшы болған, итеруден құлап түскен
Ж. жалма-жан тұра сала К-ны балдағымен ұрып, тағы да екінші рет ұрмақшы
болған, осы кезде К. қолындағы құмырасымен Ж-ны бастан ұрып, оған ауыр
дәрежедегі дене жарақатын келтірген. Сот үкімінде қажетті қорғану шегінен
асып, қиянаттың қаупі мен сипатына сай келмейтін жағдайда Ж-ға зиян
келтірген деп көрсетілген. Ж. бір аяғы жоқ мүгедек әрі ауыр күйде мас
болған. Осы жағдайға байланысты К. оны басынан құмырамен ұрмай-ақ, оның
қолындағы балдағын жұлып алып, басынан ұрып, ауыр дәрежедегі жарақат салмай-
ақ, қиянатты тоқтатуға толық мүмкіндігі бар еді.
Қорғанушы қорғану шегінде немесе одан асып, әрекет істеді ме деген
мәселені шешу үшін, істің барлық мән-жайын мұқият, жан-жақты есепке алуды,
оқиға болған жағдайда қорғанушының, сондай-ақ қиянат келтірушінің жеке
басын, олардың күштерінің арасалмағын анықтау қажет.
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 1994 жылғы 23 желтоқсандағы
Пленумының №7 қаулысында соттар қажетті қорғану шегінен асып кеткендіктің
бар немесе жоқ екендігі мәселесін шешкен кезде тек қорғану мен қауіп
төндіру құралдарының сәйкестігін немесе сәйкессіздігін ғана емес,
қорғанушыға қауіп төндірушінің қауіптілік сипатын, шабуылға қарсы тұрудағы
оның күші мен мүмкіндігін, сондай-ақ шабуылшы мен қорғанушының күштерінің
арасалмағына ықпал ететін басқа барлық жағдайларды да ескеруі керек деп
атап көрсеткен. Қорғану әрекетінің заңға сыйымдылығын бағалағанда ең
бірінші қиянаттың үрдістігін, яғни қауіп төндірудің сипаты мен дәрежесін,
шабуылдын қарқыны мен күшін есепке алу қажет. Қиянаттың сипаты мен қаупі
көп жағдайларда қауіп төнетін объектінің маңыздылығына да байланысты.
Адамның өмірі, денсаулығы, меншігі сияқты маңызды объектілерге шабуыл
жасап, нақты қауіп төндіру қорғанушыға да қорғанудың өте ыңғайлы тәсіліне
жүгінуге құқық береді. Яғни, қорғалатын игіліктің бағасы құнды болған
сайын, оған төндірілетін қиянат та қауіптірек, сондай-ақ қажетті қорғануды
қолданудың шегі де және қиянат келтірушіге зиян мөлшері де елеулі,
ауқымды болады. Қиянаттың үрдістігінің дәрежесі көп жағдайларда
қылмыскердің қолданатын құралы мен қару-жарағына да байланысты. Бірақ та
бұл жерде қорғанушы шабуылды қандай құрал немесе қаруды қолданса соған
сайма-сай құралмен немесе қарумен тойтаруға ғана құқылы деп айту қате болар
еді. Мұндай пікірді қуаттаған жағдайда қорғанушының қару жұмсау арқылы
өзінің немесе басқа адамның өміріне нақты қауіп төндіріп тұрған
қаруланбаған қылмыскердің әрекетін тойтаруы негізсіз қылмыс болып саналар
еді. Мысалы: К. деген азаматттың әрекеті заңға сыйымды істеген қажетті
қорғану деп танылған. Кешкілік, қараңғы түскен сәтте Ж. мен С. деген екі
мас К-ны көше бойында тоқтатып,оған негізсіз тиіскен. К. олардың сөзіне
құлақ аспай, өз жөнімен жүре берген. Бірақ әлгі мас, оны қуып жетіп, ай-
шайға қарамастан ұрып, жерге құлатып, тепкілей бастаған. Жан сауғалап
қорғанған К. қалтасынан бәкісін алып Ж-ның қарнына оны тереңдете салып
жіберген. Ж. табан астында қаза тапқан. Алдын ала тергеу К-ны қажетті
қорғану шегінен асып, пышақ қолданып, кісі өлтіргені үшін жауапқа тартқан.
К. қаруы жоқ адамға пышақ қолданды деп айыпталған. Бірақ та сот бұл
қорытындымен келіспей, өз үкімінде К-ға төнген қиянаттың оның өміріне
қауіпті болғанын және екі бірдей қауіп төндірушінің күші бұл жерде басым
екенін есепке алып, оның әрекетінде қажетті қорғану шегінен шығушылық жоқ
деген шешімге келген. Мұндай қауіп төндірушілікке қорғанушы көп жағдайларда
кенеттен тап болған қиянатқа байланысты соның салдарынан қатты абыржу,
қорқу жағдайында болады, сондықтан да барлық уақытта қауіп төндірудің
сипатына дәл баға бере алмайды және соған сәйкес келетін қорғану құралын
қолдануға мүмкіндігі болмайды.
Сонымен қажетті қорғану шегінен асып кеткендік деп танылуы үшін
қиянаттың қаупі мен сипатына қорғаудың сөзсіз сәйкес келмеуі қажет. Бұл
жерде сөзсіз сәйкес келмеушілікке қорғанушының айдан айқын, анық түрде
қорғану шегінен асып кеткен қиянат келтірушіге негізсіз, орасан зор зиян
келтіруін айтамыз. Сот тәжірибесінде едәуір емес мөлшердегі бөтен біреудің
мүлкіне қол сұққан қиянат келтірушінің өлтіру, адамның өміріне,
денсаулығына қауіпті емес күйде істеген бұзақылықты, ұсақ ұрлықты
тойтарудағы басқа адамның ауыр дене жарақатын келтіру фактілері жиі орын
алады.
Заңда қажеттті қорғаныс шегінен шығу кезінде жасалған кісі
өлтіргендігі (99-бап) және қажетті қорғаныс шегінен шығу кезінде
денсаулыққа ауыр зиян келтіргені үшін (109-бап) әдейі жауаптылық көзделген.
Бұл, яғни қажетті қорғану шегінен асып кеткедігі үшін жауатылық, тек
қасақана қылмыстар істегені үшін ғана қарастырылғанын көрсетеді.
Абайсыздықпен істеген қажетті қорғану шегінен шығушылық үшін заңда
жауаптылық белгіленбеген.

3. Жалған қорғану
Қажетті қорғанудан жалған қорғануды ажырата білудің маңызы да ерекше.
Жалған қорғану деп – қиянат келтірушіліктен жорамалды түрде қиянат
келтіреді екен деп ойлап, байыбына бармай қорғануды айтамыз. Яғни, жалған
қорғануда төніп тұрған қиянат, қауіп жоқ.
Жалған қорғану қорғанушының әр түрлі обьективтік жағдайларға
байланысты істелген қатесі болып табылады. Мысалы, қорғанушы
жәбірленушінің қоғамға қауіпті емес әрекетін қоғамға қауіпті екен деп
қателесуі мүмкін. Жұман деген азамат кешкілік, қараңғы түскен кезде күндегі
әдетінше жұмыстан соң қалың бақтың арасындағы жалғыз аяқ жолмен үйіне
қайтады. Бір қарағанда ол өзінің артынан келе жатқан бір адамның сүлбесін
байқайды. Сол адамнан қауіптенген ол жүрісін жылдамдатып, бақ ішінен сыртқа
шықпақшы болады. Оның артынан келе жатқан адам да жүрісін жеделдетіп, оған
таяу келеді. Өзінше қылмыскер шабуыл жасайды деп ойлаған Жұман кілт тоқтай
қалады да, жүгіріп келе жатқан әлгі адамды таяқпен ұрып құлатады.
Нәтижесінде бейтаныс адамға ауыр дене жарақаты келтіріледі. Істі тергеу
кезінде анықтағанда Жұманның артынан қалмай келе жатқан адам соның тұрған
жерінің тұрғыны болып шығады. Қараңғыда ол да жалғыз жүруден қорқып,
алдында келе жатқан адамнан қалмауға тырысып, желе-жортып Жұманды қуып
жетіп, артына ілесіп отырады. Жұманның әрекеті жалған жағдайда істелген
қорғану деп танылған.
Жалған қорғану – қоғамға қауіпті әрекет.
Жалған қорғануды жүзеге асырған адам кінәлі деп танылып, қылмыстық
жауапқа тартылады. Егер адам қажетті қорғануды қолдануда өзінің қатесін
болжамаса немесе болжауға мүмкіндігі болмаса, онда ол келтірілген зиян үшін
жауап бермейді. С. деген азамат жолдасының үйіне кірудің орнына шатасып,
бір соған ұқсас үйге кіріп кеткен. С-ның үйге кірген тарсылынан ұйықтап
жатқан үй иесі К. оянып кетіп, үйіне ұры кіріп кетті екен деп ойлап, ешбір
ойланбастан төсектің қасында тұрған орындықпен шақырылмаған қонақтың
басынан ұрып, оған ауыр дәрежедегі дене жарақатын келтірген. К-ның
қорғануы, бұл ретте, заңды қорғану болып табылады. Бірақ ол өзінің
жәбірленушіге деген әрекетінің қате екенін сезбеген, сезуге міндетті
болмаған және де оны сезуге мүмкіндігі болмаған. Яғни, оның әрекетінде
қылмыс белгісі жоқ. Егер мұндай жағдайда ол өзінің қатесін сезуге міндетті
болса немесе сезе алатын болса, онда ол абайсыздықпен істеген қылмысы үшін
жауаптылыққа тартылар еді.
Жалған қорғануда да нақты төнген шын қауіпті тойтарудағы сияқты зиян
келтірілуі мүмкін.
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 1994 жылғы 23 желтоқсандағы №7
қаулысының соттар шын қорғануды жалған қорғанудан айыра білуі керек.
Мұндай жағдайда өзінің болжау қателігін аңғармай және қателігін аңғару
мүмкін болмаған адамның қорғану құралдарын қолдануын қажетті қорғану
жағдайында істелген әрекет деп қарауы керек делінген. Егер адам жасалған
шабуылдың жалғандығын ұғынбай, зиян келтіретін болса, бірақ істің мән-
жайына қарай мұны ұғына алатын және ұғынуға міндетті болса, онда мұндай
адамның әрекеті абайсызда залал келтіргені үшін жауапқа тартылып, оның іс-
әрекеті Қылмыстық кодекстің баптары бойынша сараланады.

4. Аса (мәжбүрлі) қажеттілік
Қылмыстық кодекспен қорғалатын мүдделерге аса қажет болған жағдайда
зиян келтіру, яғни белгілі бір адамның немесе өзге де адамдардың өміріне,
денсаулығына, құқықтары мен заңды мүдделеріне тікелей қатер төндіретін
қауіпті жою үшін зиян келтіру, егер бұл қауіпті басқа адамдармен жою мүмкін
болмаса және бұл орайда аса қажетті шектен шығып кетушілікке жол
берілмесе, қылмыс болып табылмайды (34-бап, 1-бөлігі).
Төнген қауіптің сипаты мен дәрежесіне және қауіптің жойылған
жағдайына сөзсіз сәйкес келмейтін зиян келтіру заңмен қорғалатын мүдделерге
оларды сақтап қалғаннан гөрі, көбірек зиян келуі аса қажеттіліктің шегінен
шығуы болып табылады. Мұндай шектен шыққан зияндылық үшін тек қасақана
әрекеттерде ғана жауапқа тартылады. Осы заңнан туатын қорытынды: аса
қажеттілік деп - біріншіден заң қорғайтын мүдделерге төнген қауіпті жоюға
бағытталған әрекет, екіншіден осы төнген қауіпті басқа амалдармен жоюға
болмайтындай болса, заңмен қорғалған мүдделері сақтап қалу үшін келтірілген
зиян болғызылмаған зияннан кем болуы, төртіншіден бұл істелген әрекет аса
қажеттіліктің шегінен шығып кетпесе, онда істелген әрекет қылмыс болып
табылмайды.
Аса қажеттілікте қауіп құқықтық норма қорғайтын белгілі бір мүддеге
немесе мүдделерге төнеді. Осы мүддеге немесе мүдделерге төнген зиянды
немесе қауіпті заң қорғайтын басқалай мүддеге зиян келтіру жолымен ғана
тойтаруға болады. Мұндай жағдайда келтірілген зиянның мөлшері тойтарылған
зиян мөлшерінен кем болуы керек. Аса қажеттілікте қылмыстық заң қорғайтын
екі мүдденің қақтығысы орын алады. Мұндайда біреуі жойылмайынша, екіншісін
сақтауға мүмкіндік болмайды. Мысалы, тұрғындарды тасқын су басып кету қаупі
болғанда, оны болдырмау үшін үйіп қойған ұнтақ тастарды рұқсатсыз алып
пайдалануды айтамыз. Бұл жерде елді мекенді су алып кетпеу үшін рұқсатсыз
ұнтақ тасты алып пайдалану аса қажеттіліктен туып отыр. Жайшылықта осы
ұнтақ тастарды рұқсатсыз алу, рәсуә ету, заңды бұзушылық болар еді. Ал
көрсетілген жағдайда аса қажеттіліктен туындайтын осы әрекетті істеу қылмыс
қатарына жатпайды. Өйткені келтірілген зиян тойтарылған зияннан анағұрлым
кем. Аса қажеттілік кейбір жағдайларда екі бірдей міндеттілікті қатар
орындау қақтығысы жағдайында да болуы мүмкін. Мысалы, екі бірдей ауру
дәрігерді бір мезгілде көмекке шақырса, дәрігер ауыр сырқатқа алдымен
жәрдем көрсетіп, жеңілірек аурумен ауырған адамға кешігіп келеді. Сөйтіп,
ол ауыр қауіпті бұрынырақ тойтарады.
Обьективтік жағынан алғанда аса қажеттілік көп жағдайларда әрекет
арқылы, кейбір уақыттарда әрекетсіздік арқылы істелуі мүмкін. Мысалы,
әрекетсіздікке жоғарыда айтылған екі бірдей ауру адамның, ауыр науқаспен
ауырғанына барып, жеңілірек ауруға бармай немесе оған кешігіп келуін
айтамыз.
Аса қажеттілік жағдайында жасалған әрекет заң қорғайтын кез келген
мүддеге келтірілетін зиянды тойтару арқылы жүзеге асырылады. Аса
қажеттілікті сылтау етіп, өзінің заңсыз, заңға қайшы мүдделерін заң
қорғайтын басқа мүдделерге зиян келтіру жолымен жүзеге асыруға болмайды.
Аса қажеттілікті қолдану жеке адамның немесе басқа адамдардың өміріне,
денсаулығына, құқықтарына және заңмен қорғалатын мүдделеріне, қоғамның
немесе мемлекеттің мүдделеріне тікелей төнген қауіпті тойтару үшін
қолданылады. Іс-әрекет аса қажеттілік жағдайында болуы үшін бірнеше
шарттардың жиынтығының болуы қажет.
Бірінші шарт: нақтылы қауіп қылмыстық заң қорғайтын мүддеге тікелей
төнеді. Бұл қылмыстық заңның өзінде тап осы адамның немесе басқа адамдардың
өміріне, денсаулығына, құқығына және заңмен қорғалатын мүдделеріне,
қоғамның, мемлекеттің мүдделеріне тікелей төнген қауіпті жою үшін істелетін
әрекет деп көрсетіліп отыр. Ол қауіп стихиялық апаттардан, машиналар мен
механизмдердің ақауынан, хайуанаттардың шабуылынан, адам организімінде
болатын физиологиялық өзгерістерден, басқа да бір адамның тарапынан орын
алған тікелей төнген қауіптен болуы мүмкін. Мысалы, тұңғиық орман ішінде
адасқан адамның аңшылар үйінде қалған азық-түлікті өз пайдасына тұтынуы.
Ауру адамды ауруханаға жеткізу үшін тіл алмаған адамның машинасын иесінен
тартып алып, ауыр науқасты ауруханаға жеткізу.
Аса қажеттілік актісін қолдануға адамның қоғамға қауіпті іс-әрекетті
жасауы да негіз болады. Егер адам заң қорғайтын белгілі бір мүддені
қорғауда қиянат жасаушыға зиян келтіру жолымен жүзеге асырса, бұл сөз жоқ
қажетті қорғану болады. Мұндай жағдайда аса қажеттілік жоқ. Себебі бұл
жерде зиян тікелей қиянат жасаушыға келтіріліп отыр. Егер тікелей төнген
қауіпті тойтару үшін зиян үшінші бір жаққа келтірілсе, онда ол аса
(мәжбүрлі) қажеттілікке жатады. Мысалы, Просвещенец демалыс үйінің
жүргізушісі Д. тынығушыларды демалыс үйінен Медеу мұз айдынына автобуспен
апара жатып, шұғыл бұрылыстан өзіне қарама-қарсы жолмен жол жүру ережесін
өрескел бұзып келе жатқан машинамен соғысып қалмау үшін, өзі жүргізіп келе
жатқан автобусты жалма-жан сол жаққа бұрып үлгереді. Нәтижесінде автобус
аударылып, 3 жолаушы орта дәрежелі жарақат алған. Д. аса қажеттілік халінде
әрекет жасау арқылы үлкен зиянның алдын алған, өйткені екі машина бетпе-
бет келіп соғысса, орасан зор зиян орын алуы, адам шығыны болуы сөзсіз еді.
Бұл жерде аз зиян келтіру арқылы, ірі зиянға жол берілмеді. Осы мысалда
қауіп тудырудың көзі болып қарсы келе жатқан автокөлік жүргізушінің
қоғамға қауіпті ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қылмыс істеген адамды ұстағанда сай емес зиян келтіру және оған қылмыстық жауаптылықтың сипаты
Екінші шарт - орынды кәсіби тәуекелді қолдану арқылы заң қорғайтын мүдделерге зиян келтіру
Қажетті қорғану шегінен шығып кеткендік қоғамға зиянды
Қажетті қорғану
Қылмыс және одан қорғану шаралары
Қылмыс жасаған адамды ұстағанда зиян келтірудің түрлері
Қажетті қорғану шегінен асып кеткендік
Жалған қорғану
Әрекеттің қоғамға қауіптілігі мен құқыққа қайшылығын жоятын мән - жайлардың түрлері
ЖАЛҒАН ҚОРҒАНУ ТУРАЛЫ МАҒЛҰМАТ
Пәндер