Экономика дамуын мемлекеттік реттеудің әдістері мен ұйымдастыру негіздері
МАЗМҰНЫ
1.
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ...3
1. Қазіргі аралас экономикадағы мемлекет пен экономиканың өзара
қатынасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
.4
2. Экономиканың дамуы және оның мемлекеттік
реттелуі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .6
1. Экономиканың өсуі, экономикалық өсудің типтері,
факторлары ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... .6
2. Экономиканың дамуын мемлекеттік реттеу объектісі, ғылыми-әдіснамалық
негіздері, мақсаттары және
міндеттері ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ..10
3. Экономика дамуын мемлекеттік реттеудің әдістері мен ұйымдастыру
негіздері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
15
4. Елдің әлеуметтік-экономикалық дамуын жоспарлау, бағдарламалау және
болжау ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ..23
3.
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ...30
Пайдаланылған әдебиеттер
тізім ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ...33
КІРІСПЕ
Қазақстан Республикасы егеменді ел болып өзінің ұлттық экономикалық
даму стратегиясын қалыптастыра бастады. Еліміз мемлекеттік меншікке ғана
негізделген жоспарлы экономикадан меншіктің аралас нысандары әрекет ететін
нарықтық экономикаға өту жолын таңдады. Шаруашылық жүргізудің нарықтық
жағдайына өтуді мемлекеттің ешқандай дайындық жұмыстарынсыз және қысқа
мерзімде жүзеге асыруы өнеркәсіптік кәсіпорындарды ауыр жағдайға әкеліп
соқтырды. Ескі әдістермен жұмыс жасаудың мүмкін еместігі және жаңа
әдістерді меңгеру деңгейінің төмендігі олардың қызметіне қатты әсер етті.
Көптеген кәсіпорындар нарық жағдайында өз бетінше жұмыс істеуге дайын
еместігін көрсетті және өз қызметтерін тоқтатуға мәжбүр болды.
Кәсіпорындардың көпшілігі дағдарыс жағдайында тұрды. Мұндай жағдайда
өнеркәсіптік кәсіпорындардың жұмысын оңтайлы түрде жүргізу үшін түбегейлі
өзгерістер енгізуді талап ететіні белгілі. Сондықтан туындаған мәселелерді
шешу жолдарының бірі ретінде әртүрлі меншік нысандарындағы кәсіпорындарды
құру мен олардың тиімді қызмет етуін ұтымды ұйымдастыру, бәсекелік ортаны
қалыптастыру қажеттілігі туындады.
Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алғаннан кейін өзінің ұлттық
экономикасын дамыту жолында экономикалық реформалар жүзеге асырылып,
елімізде нарықтық экономиканың қызмет етуінің құқықтық негізі құрылып,
бірқатар негізгі заңдар мен Үкімет қаулылары, Президент жарлықтары және
әртүрлі арнайы Бағдарламалар, экономикалық даму Стратегиялары қабылданды.
Бұлардың бәрі экономика дамуын мемлекеттік реттеу іс-шаралары болып
табылады.
Курстық жұмыстың мақсаты – экономикалық өсудің теориялық және
практикалық аспект жетістіктерін, экономиканың дамуын мемлекеттік реттеу
ұғымы, экономиканың дамуын мемлекеттік реттеу объектісі, ғылыми-әдіснамалық
негіздері, мақсаттары және міндеттерін жете зерттеу болып табылады.
Курстық жұмыс үш бөлімнен: кіріспе, негізгі бөлім, қорытындыдан және
пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1. Қазіргі аралас экономикадағы мемлекет пен экономиканың
өзара қатынасы және экономиканың ғаламдануы
Батыс қоғамының қазіргі өмір сүру кезеңі аралас экономика
ретінде сипатталады. Ол экономиканың индустриалды тұрпатының дамуы
барысында пайда болды. Шоғырлану процесінің өсуі ғаламдық көлемде
әрекет ететін трансұлттық корпорациялардың қалыптасуына әкелді.
Экономикадағы әскери шығыстарды өсіру мен әскери-өнеркәсіптік кешенді
құру нәтижесінде ғылыми-техникалық ресурстардың, білікті жұмыс күші
мен қаржылық ресурстардың елеулі бөлігі шоғырландырылды. Экономикада
мемлекеттің рөлі артып, халықаралық еңбек бөлінісі тереңдей түсті
және ірі интеграциялық топтар қалыптасты. Бұл процестер өнеркәсіптің
басты салаларын дамытуға, өндірістік инфрақұрылымды құруға мемлекеттің
аса белсенді қатысуы үшін алғы шарттарды дайындады.
Осыған байланысты әлеуметтік сфераның - білім беру мен
денсаулық сақтаудың рөлі артып, бұл сфералардың дамуын мемлекеттік
реттеудің қажеттігін туындатты. Қоғамдағы табыстардың әркелкі бөлінуі
бұл қажеттілікті өсіре түсті. Бұл кезеңнің өзіне тән ерекшелігі –
экономикадағы адамдық фактордың рөлінің өзгеруі. Оның шығармашылық
қабілеттері, біліктілігі, кәсіпкерлігі өседі. Қоғамдағы әртүрлі
әлеуметтік топтардың өзіндік тепе-теңдігі қалыптасады.
Осындай жағдайларда мемлекет қоғамдық ымыраға жетуге, әлеуметтік
қайшылықтарды азайтуға ықпал етеді, бұл мемлекеттің экономикалық
қызметтерінен көрініс алады. Қазіргі аралас экономика келесі белгілермен
сипатталады:
- ірі монополистік, корпоративтік, мемлекеттік, шағын жеке
және т.б. меншік түрлерінің үйлесімді әрекет етуі. Мұндай үйлесімділікті
экономиканың жоғары дамыған технологиялық және өндірістік-техникалық
базасы, әлеуметтік және институционалдық дамыған құрылымы қамтамасыз етеді.
- экономиканың әлеуметтік-рыноктық сипат алуы. Мұнда рыноктық
механизмдер бәсекеге, пайда алу мен кәсіпкерлік әрекеттер үшін
мүмкіншілік мол. Осымен бірге рыноктық емес қызмет секторының үлесі
де елеулі. Мемлекет қоршаған ортаны қорғау, балаларды, мүгедектерді
әлеуметтік қолдау, мәдениетті, білім беру мен денсаулықты сақтау,
іргелі ғылымды дамыту мәселелерін өз жауапкершілігіне алады.
- экономиканы экологиялық сауықтыру процесі үдейді, өндіріске
тартылған табиғи ресурстардың көлемі азаяды, экологиялық қауіпсіз
технологияны пайдалану арқылы қоршаған оратаға тасталатын зиянды
қалдықтар қысқарады. Экологиялық апаттар және олардың алдын алу, әлемдік
мұхит пен ғаламның ластануын төмендету бойынша ұлттық және халықаралық іс
шаралар жүзеге асырылады.
- ортақ міндеттерді шешуде елдер арасындағы тығыз әріптестіктің
қалыптасуына, экономиканың ғаламдануына әкелген интеграциялық
процестердің жедел дамуы. Әлемдік рыноктың ұлттық емес нормалар мен
біріккен шектеулер арқылы реттелуі ұлғая түседі.
Бұл процестердің барлығы, әсіресе, ғаламданудың өсуі мемлекеттің
экономикадағы рөлін міндетті түрде өзгертеді. Барлық елдердің
экономикасы үшін ғаламданудың оң немесе теріс әсерлері болатыны белгілі.
Ғаламдану негізінен дамыған елдерге көп артықшылық беретіндіктен,
дамушы елдер бұл процестің теріс салдарынан көп зиян шегеді. Сондықтан
елдер арасындағы өмір сүру стандарттары алшақтай түседі. Ұлттық
экономиканы қорғауда мемлекеттің рөлі қандай болуы қажет? Экономикалық
қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін қандай экономикалық стандарттарды ұстану
керек?
Мұндай жағдайда мемлекеттің рөлі одан сайын күшейе түседі, бірақ та
оның бірқатар экономикалық қызметтері жаңарып, реттеу нысандары, әдістері
және әрекет ету бағыттары өзгерістерге ұшырайды.
1. Экономиканың дамуы және оның мемлекеттік реттелуі
1. Экономиканың өсуі, экономикалық өсудің типтері, факторлары
Экономикалық өсудің негізгі мақсаттары – халықтың әл-ауқатын көтеру
және ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету. Экономикалық өсудің негізгі
мақсаты материалдық әл-ауқаттың жоғарлауы болып табылады, осының құрамына
кіретіндер:
Орта есеппен бір адамға келетін ұлттық табыстың өсуі. бұл мақсатқа
жетуді ұлттық табыстың жан басына шаққанда келетін өсу шапшандығы
көрсетеді.
Бос уақыттың көбеюі. Бұл елдің нақты жалпы ұлттық өнім немесе ұлттық
табыс көрсеткіштерінде орын алмаған. Сондықтан, осы мақсатқа жету дәрежесін
бағалағанда, байқалып отырған мерзімде жұмыс аптасы мен жұмыс жылы
қысқарғанына, жұмысшылар мен қызметкерлердің еңбек әрекеттерінің жалпы
ұзақтығына назар аудары керек.
Ұлттық табыстың халықтың әр топтараның арасында бөлінуін жақсарту.
Шығарылған тауарлар мен қызметтердің сапасын жақсартып, түрлерін
көбейту.
Экономикалық өсудің өлшеу тәсілдерін екі топқа бөлуге болады:
Нақты жалпы ұлттық өнімнің (ЖҰӨ) өсуі. Бұл әдіс экономикалық
мүмкіншілігінің молаю шапшандығын бағалау үшін қолданылады.
Жалпы ұлттық өнімнің (ЖҰӨ) бір адамға шаққандағы өсуі. Халықтың әл-
ауқатының дамуын талдағанда, немесе елдер мен аймақтардағы тұрмыс дәрежесін
салыстырғанда қолданылады.
Қоғамдық өндірістің типіне байланысты, өнімнің өсу шапшандығы мен
өндіріс факторлары көлемі өзгерістерінің арасындағы сәйкестік әр түрлі
болуы мүмкін, сондықтан экономикалық өсу де бірнеше типке бөлінеді.
Интенсивті типі - техника мен технологияның жетілдірілуі арқылы ұлттық
өнімнің өсуі. Тиімді экономика экономикалық өсудің интенсивті типін
қолдануға тырысады. Экономикалық өсудің интенсивтік факторлары:
қолданылатын ресурстар сапасының өсуі (жұмыс күшінің сапасын өсіру
және заттық капиталдың сапасын жақсарту);
ресурстарды пайдалану әдістерін жақсарту (технологияны жетілдіру,
өндірісті және өткізуді ұйымдастыру мен басқаруды жетілдіру).
Экстенсивті типі – қосымша өндіріс факторларын тарту арқылы ұлттық
өнімінің өсуі. Экономикалық өсудің экстенсивтік факторлары:
– жұмыс күшінің санының өсуі;
– капиталдың көлемі өсуі.
Аралас типі - факторлардың өсуімен қатар техникамен технологияның
жетілдірілуі арқылы ұлттық өнімнің өсуі.
Экономикалық теорияда экономикалық өсудің сапасы деген ұғым әлеуметтік
бағытталуының күшеюімен байланыстырылады, оның сипаттайтын келесі
көрсеткіштер:
халықтың материалдық әл-ауқатының жақсаруы;
адамның бос уақытының көбеюі;
әлеуметтік инфрақұрылым салаларының даму дәрежесінің жоғарылауы;
адам капиталына инвестицияны өсіру;
адамдардың еңбек және өмір жағдайларының қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
жұмыссыздар мен жұмысқа қабілеті жоқтарды әлеуметтік қорғау;
еңбек нарығында ұсыныс көлемінің өсуі жағдайында жұмыспен толық қамтуды
қолдау.
Экономикалық өсудің факторлары дегеніміз өндірістің нақты көлемін және
оның тиімділігі мен сапасын арттыратын құбылыстар ықпалына мен процестер.
Тигізетін ықпалына қарай экономикалық өсудің факторлары жанама және тікелей
факторларға бөлінеді.
Экономикалық өсудің факторлары:
Тікелей факторлар: Жанама факторлар:
-Еңбек ресурстарының саны мен сапасының Сұраныс факторлары – тұтыну,
өсуі. инвестициялық, мемлекеттік
Негізгі капитал көлемінің өсуі және шығындардың өсуі.
сапалық құрамының жақсаруы. Ұсыныс факторлары – бәсекенің дамуы,
Өндірісті ұйымдастырумен қатар ресурстардың бағасының төмендеуі,
технологияның жетілдірілуі. несие алу мүмкіншілігінің өсуі.
Пайдаланатын табиғи ресурстардың саны менБөлу факторлары – қоғамдағы барлық
сапалылығының артуы. ресурстарды тиімді пайдалану.
Қоғамдағы кәсіпкерлік қабілетінің өсуі.
Қазақстан үшін экономикалық өсудің тиімділігі мен сапасы маңызды
мәселе. Ұзақ мерзім бойы еліміздің экономикалық дамуының нәтижесі жалпы
қоғамдық өнімнің сан жағынан өсу қарқындылығы арқылы бағаланып отырды.
Кәсіпорындардың болуы мен дамуы іс жүзінде олардың өздерінің өнімдерін
сатудан түскен табыстар есебінен шығындарын өтеу қабілетімен байланысты
болмады. Бұл жағдай кәсіпорындардың іс-әрекеттерінің тиімділігіне тәуелсіз,
қаржыландырудың тыс көзі және еңбек пен капиталдың шекті өнімділігімен
байланыстырылған табыстарды бөлу жүйесінің болуымен дәлелденеді. Қазақстан
республикасының жүргізіп отырған экономикалық саясатының негізгі мақсаты –
шет ел инвестициясының және ішкі жинақтың жоғары дейгейіндегі экономикалық
ашықтығы негізінде экономикалық өсуге жету. Дамыған елдердегі экономикалық
өсудің стандартты деңгейі негізінен орта есеппен жылына 2 4,5 пайызды
құрайды. Экономикалық өсуге басқа да бір мақсат – жұмыспен толық қамтамасыз
ету қабыса алады. (Жұмыссыздық деңгейінің 2-3 %-дық көрсеткіші қолайлы деп
саналады. Іс жүзіндегі көрсеткіш басқаша: 3,5-8,5 %). Баға деңгейінің
тұрақтылығы мен ұлттық валютаның орнықтылығы мақсатына мынадай жағдайда
жеттік деуге болады, егер инфляция деңгейі жылына 1-2 %-ды құрайтын болса.
(Іс жүзінде әдетте ол 5-10 %-ға жетеді).
Өсу жағдайындағы экономика өзінің азаматтарының жағдайын көтеруге және
туындайтын әлеуметтік - экономикалық мәселелерді шешуге мүмкіндік береді.
Экономикалық өсу – адамзат қоғамының үдемелі дамуын бейнелейтін ең
маңызды үдерістерінің бірі. Соның негізінде адамзаттың “мәңгі”
проблемалары: қажеттіліктерді қанағаттандырудың жолдары мен түрлерін
іздестіру, ғылымды дамыту, табиғатты сақтау мәселелері шешіледі.
Экономикалық өсу ұғымы өндірістің нақты көлемінің қысқа мерзімдік
шарықтаулары мен құлдырауларын емес, ал ұзақ мерзімді уақыт аралығында
өндіргіш күштердің дамуымен байланысты өндірістің нақты көлемінің ұзақ
мерзімді өзгерістерін білдіреді.
Тұрақты экономикалық өсуді қамтамасыздандыру – макроэкономикалық
реттеудің маңызды мақсаттарының бірі болып табылады. Атап айтқанда,
экономикалық өсу мүмкіншілігіне осы елдің экономикалық дамуы, халықтың өмір
сүру деңгейі, мемлекеттің бәсекелестік қабілеті және әлемдік қоғамдағы
орны, сайып келгенде елдің болашақта дамуы толығымен байланысты.
Нарыққа көшу кезінде, экономика және экономикалық қарым-қатынастар
дамуының маңызды көрсеткіштері болып қоғамдық өнім көлемінің өсуі, халықтың
өмір сүру деңгейінің, қоғам ауқаттылығының көтерілуі болып табылады.
Нарықтық қатынастар жолына тұрған тәуелсіз Қазақстан Республикасының
алдында өнім өндіруді жоғарлату сияқты күрделі мәселелер тұр. Бүгінгі күнде
жас мемлекет бұл мәселелерді сәтті шешіп келе жатыр, бірақ экономикалық
өсу қысқа мерзімді мәселе емес, керісінше, болашақта қазақстандық қоғам
дамуының ұзақ мерзімді сұрағы болғандықтан, бұл сұрақ өте маңызды және дер
кезде қаралуын талап етеді.

негіздері, мақсаттары және міндеттері
Қоғамның әл-ауқатын жоғары деңгейге жеткізу үшін экономиканың
аса тиімді жолмен даму жағдайларын қалыптастыру – экономика дамуын
мемлекеттік реттеудің ғаламдық мақсаты десек қателеспейміз.
Экономиканы мемлекеттік реттеудің нарықтық шаруашылық жағдайындағы
мазмұны , қолданып жүрген әлеуметтік-экономикалық жүйені өзгерген жағдайға
бейімдеу және тұрақтандыру мақсатында құқығы бар мемлекеттік мекемелер мен
қоғамдық ұйымдарда жүзеге асырылатын заңдық, атқарушы және бақылау
сипатындағы типтік шаралар жүйесі болып табылады.
Экономиканы мемлекеттік реттеу мәселесінің салыстырмалы түрде
жаңа болуына және оның көптеген жағдайларының зерттелмегендігіне
қарамастан, экономикалық әдебиеттерде экономиканы мемлекеттік реттеу
ұғымына бірқатар анықтамалар берілген. Қазақстандық экономистер Н.
Мамыров және Ж. Ихданов келесідей анықтама береді: Экономиканы
мемлекеттік реттеу - экономикалық тұрақтылық пен рационалды орнықтылықты
қолдау мақсатында мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық процестерге
әкімшілік-экономикалық және ұйымдастырушылық-құқықтық араласуының
негізгі нысанын сипаттайды [7.8б.].
Келесі бір анықтамада: экономиканы мемлекеттік реттеу -
экономикалық өсуді ынталандыру, дағдарыстық, инфляциялық процестерді
жеңілдету, халықты әлеуметтік қорғау мақсатымен салық, несие және
басқа да тетіктер арқылы басқару құрылымдарының ұлттық шаруашылыққа
макроэкономикалық әсер етуі деп көрсетілген [8.23б.].
Ресей экономисі В.П. Орешин өзінің анықтамасын берген:
Экономиканы мемлекеттік реттеу экономиканы дамыту мен тұрақтандыру
және әлеуметтік-экономикалық жүйені өзгермелі жағдайларға бейімдеу
мақсатындағы мемлекеттің өкілетті мекемелері мен қоғамдық ұйымдардың
жүзеге асыратын заң шығарушы, атқарушы, бақылаушы сипаттағы мемлекеттік
іс шараларының жүйесі [9.26б.].
Келтірілген анықтамаларды талдау негізінде бұл процестің аса
елеулі сипаттарын рационалды көрсетуге деген ұмтылысты байқауға
болады. Мұнда оның объектілері, субъектілері, мақсаттары, әдістері
және құралдары қамтылған. Бірақ бұл анықтамалардағы басты сөз
“араласуды” көптеген авторлар сынға алады. Мемлекеттік меншікті
басқару оқулығының авторлары жазғандай: Араласу сөзі адамның ағзасына
хирургиялық араласу секілді дербес жүйенің (мемлекеттің) басқа жүйеге
араласуы туралы ойды қалыптастырады. Оған қоса, олардың пікірінше,
мемлекет сыртқы жүйе емес, қазіргі экономиканың элементі,
құрамдас бөлігі болып табылады [10.31б.].
Әрине, кез келген ұғымның мәнін анықтауда оның көп түрлі
жақтарын, жүзеге асыру мен қызмет ету нысандарын толық ашып көрсету
мүмкін емес.
Бірақ, сонда да жалпы түрде анықтамада бұл процестің өте маңызды
белгілері көрініс тапқаны жөн, яғни, реттеудің объектілері,
субъектілері, мақсаттары және реттеудің жалпы нысандары мен құралдары.
Сондықтан бұл күрделі және көп қырлы процеске экономиканы тұрақты
дамыту мен орнықты ету және оны сыртқы, ішкі жағдайлардың өзгерістеріне
бейімдеу мақсатындағы шаруашылық субъектілері мен әлеуметтік-
экономикалық құрылымдардың іс-әрекеттеріне мемлекеттік басқару
органдары арқылы тікелей және жанама әсер етудің мемлекеттік шараларының
жүйесі деп анықтама беруге болады.
Нарық шаруашылығының даму барысында, жеке меншік шеңберінде
шешілмейтін, яғни экономиканың өзін-өзі реттеу қағидалары негізінде
экономикалық және әлеуметтік проблемалар туындайды және шиеленіседі.
Өндіріс күшінің дамуы елеулі инвестицияның қажеттілігін туғызады, өндірісті
мамандандыру, капиталдың шоғырлануы күшейді, өндіріс пен капиталдың
бірігуі, әр түрлі елдің бір-бірімен өзара тәуелділігі өсті. Сонымен бірге
қоғам дамуының белгілі бір сатысында еңбек пен капиталдың арасындағы қарама-
қайшылық күшейе түсті, жаппай жұмыссыздық пайда болды, экономикалық
дағдарыстар салалық шеңберден асып, жалпы ұлттық кейін әлемдік
дағдарыстарға айналды. Монополияның үстемдігіне әкелген, бәсекелестікті
күшейткен ақша айналымының бұзылуы, нарықтың әрі қарай тиімді дамуына
көмектесетін (экономикалық саясатты жүргізу), нарық пен іс-әрекеттің қарама-
қайшылықтарының жұмсаруына әкелуге тиісті сыртқы күштің әсерін, атап
айтқанда мемлекет күшін талап етеді.
Экономиканы мемлекеттік реттеудің қажеттілігі.
Нарық экономикасына мемлекеттік араласу қатынасы оның дамуы мен
қалыптасуының әр түрлі сатысында түрліше болды. ХVII-XVIII ғасырлардағы
нарықтық қатынастардың қалыптасу кезеңінде үстем болған экономикалық
доктрина-меркантилизм – елдегі сауда мен өндірістің дамуы үшін, мемлекеттік
реттеудің сөзсіз қажеттілігін тануға негізделген.
Нарықтық өатынастардың дамуымен күш жинаған кәсіпкерлер табы
мемлекеттік араласуды және осымен байланысты шектеуді өз қызметтеріне
кедергі ретінде қарастыра бастады. А. Смит өзінің Табиғат және халықтың
баюының себептері туралы зерттеу еңбегінде, экономикалық либерализм
идеяларының пайда болуын алғаш рет толық негізделген және оның көптеген
жақтаушылары болды.
А. Смит көзқарасы бойынша, пайда алуға ұмтылуға байланысты, жеке
мүлде көздеген нарық жүйесі өзін-өзі реттеуге қаблетті екенін байқатты. Бұл
мүлде экономикалық дамудың ең басты қозғаушы ретінде көрінеді.
А.Смиттің іліміндегі идеяларының бірі, экономикадан мемлекеттік
реттеуді алып тастаса, онда экономика тиімді қызмет етеді деген идея
болатын. А. Смит: рынок басты реттеуші болатындықтан, рынокқа толық
еркіндік беру қажет, - деп есептеді.
Рыноктық үйлестіру ресурстардың тиімді пайдалануды қамтамасыз
етпегенде, нарық сәтсіздігі деп аталатын жағдай болатынын экономикалық
тәжірибе растады. Рыноктағы нарық сәтсіздігі қоғамның игілігі мен сыртқы
әсерлерге ғана емес, басқа жағдайларға да байланысты пайда болады. Оның ең
маңызды себебі – рынокқа тән монополияланған беталыс. Бұл жағдайда
бәсекелесті қамтамассыз ету үшін, рынок қызметін реттейтін жағдайды толық
анықтау – монополияға қарсы заңды әзірлеу және оны мемлекеттің қолдануы
өмірлік қажеттілік болды.
Нарық экономикасында мемлекеттің рөлін теориялық танудың маңызды
сатысы көрнекті ағылшын экономисі Дж.М. Кейнстің есімімен байланысты.
Кейнсиан революциясы барысында алға қойылған идеялар, экономикалық
құлдыраудан өз бетімен сауығудың мумкін емес екенін, мемлекеттік саясат
экономиканы дағдарыстық жағдайдан шығару үшін, жиынтықты сұраныс пен
жиынтықты ұсынысты теңдестіруге және әрі қарай тұрақтандыруға көмектесетін
қабілетті құрал ретінде қажет екенін дәлелдеді. Дж.М. Кейнс идеяларын
екінші дүниежүзілік соғыстан кейін әлемнің көптеген елдері қабылдады.
Сұраныс жиынтығын реттеуде кредиттік-ақшалы және қаржылық саясатты
пайдалану, бұл елдердегі экономиканың кезеңдік ауытқуларын жұмсартуға
көрсетеді деп есептеледі.
Сөйтіп, экономиканы мемлекеттік реттеудің объективті мүмкіндігі
экономикалық дамудың белгілі бір деңгейіне жетумен, өндіріс пен капиталдың
үйлесуінде, өндірістің шоғырлануында, өндіріс күші мен өндіріс
қатынастарының дамуында пайда болды. Экономика дамуын мемлекеттік реттеу
қазіргі замандағы жағдайда ұдайы өндіріс үдерісінің құрамды бөлігі болып
табылады. Олар экономикалық өсуді ынталандыру, жұмыспен қамтамасыз етуді
реттеу, салалық және аймақтық құрылымдағы ілгерілеушілікті көтермелеу,
экспортты қолдау сияқты әр түрлі тапсырмаларды шешеді. Экономика дамуын
мемлекеттік реттеудің көлемінің нақты нысаны қоғам дамуындағы әр сатыдағы
сипатпен,экономикалық және әлеуметтік мәселелердің өткірлігімен анықталады.
Экономика дамуын мемлекеттік реттеудің объектілері – бұл автоматты
турде шешілмейтін, немесе алыс келешекте шешілетін қиындықтар, проблемалар
пайда болуы мумкін немесе пайда болған еліміздің өміріндегі әлеуметтік
жағдай мен оқиғалардың аялары, салалары, аймақтары, сонымен бірге бұл
проблемалардың алып тасталуы - әлеуметтік тұрақтылықты қолдау және
экономиканың қалыпты дамуы үшін қажетті.
Экономика дамуын мемлекеттік реттеу-дің негізгі объектілеріне
шаруашылықтың экономикалық кезеңін, секторлық, салалық және аймақтық
құрылымын; капитал жинақтау жағдайын; жұмыспен қамтамасыз етілуін , ақша
айналымын; төлем балансын; бағасын; бәсекелестік жағдайын; әлеуметтік
қатынастарын; әлеуметтік қамтамасыз етілуін; кадрларды дайындауы мен қайта
дайындауын; қоршаған ортаны; сыртқы экономикалық байланыстарды жатқызады.
Мемлекеттің кезеңдікке қарсы немесе шаруашылық жағдаятын реттеу
саясатынын мәні тоқырау мен дағдарыс кезінде тауарлар мен қызметке
сұранысты қолдау мен капртал салу және жұмыспен қамтамасыз етуден тұрады.
Ол үшін жеке капиталға қосымша қаржылық жеңілдіктер беріледі, мемлекеттік
шығындар мен инвестициялар өсіріледі.
Экономиканың ұзақ мерзімді көтерілу кезінде, тауар қорларының
азаюы, импорттың өсуі және баланс төлемінің нашарлауы, жұмыс күшіне
сұраныстың күшеюі тәрізді қауіпті жағдайлар пайда болуы мүмкін және осыдан
келіп, баға мен еңбекақының негізсіз өсуіне әкеледі. Мұндай жағдайда,
Экономика дамуын мемлекеттік реттеудің міндетті - экономиканың қызып
кетуіне жол бермеу үшін, яғни тауарларды артық өндіру мен артық қорланудың
мүмкін болуына кедергі жасау үшін, сұраныстың күрделі қаржы жұмсалымының
және өндірістің өсуіне жол бермеу қажет.
Экономика дамуын мемлекеттік реттеу сонымен бірге, аумақтық құрылым
мен салалық шеңберде маңызды рөл атқарады. Мұнда қаржылық ынталандыру мен
мемлекеттік күрделі қаржы жұмсалымы көмегімен бөлек салалар мен аймақтарға
артықшылықты жағдай қамтамасыз етіледі: бір жағдайда созылмалы дағдарыста
қалған шаруашылық бірліктері мен салаларына қолдау көрсетіледі; басқа
жағдайда – салалардың ішінде, салалар арасында және барлық халық
шаруашылығында оның тиімділігін көтеруде және бәсекелестік қабілетін
арттыруда құрылымдылық ілгерілеушілікке әкелетін, өндірістің түрлері мен
жаңа шаруашылық саласының дамуы көтермелейді. Сонымен бірге, өндірісті
шектен тыс шоғырландыруға кедергі жасауға шаралар қабылдануы да мүмкін.
Экономика мемлекеттік реттеудің объектісі – капиталды жинақтау
болып табылады. Әр түрлі уақытта инвесторлар үшін экономикалық кезең мен
құрылымға ықпал ететін, қосымша ынталандырулар жасалады.
Жұмыспен қамтамасыз етуді реттеу – бұл нарықтық экономика
көзқарасы тұрғысынан жұмыс күшіне сұраныс пен ұсыныс арасындағы қатнастарды
қалыпты қолдау. Бұл қатнастар еңбекақысы еңбекке жеткілікті тартуға қызмет
ететін экономиканың білікті және тәртіпті қызметкерлерге деген талабын
қанағаттандыруы тиіс. Бірақ сұраныс пен ұсыныстың арасындағы қатынастар
ұлттық бәсекелестік қабілетке кері әсер ететін еңбекақының шектен тыс
өсуіне апармауы тиіс. Жұмыспен қамтамасыз етудің қажетсіздігі және тез
төмендеуі жұмыссыздар армиясын көбейтуге, тұтынушы сұранысының , салық
түсімнң төмендеуіне, жәрдемақыға салықтың өсуіне және қауіпті әлеметтік
нәтижелерге әкеледі.
Ақша айналымын реттеуде ерекше назар аударылатын негізгі бағыттар:
инфляциямен күрес, баланс төлемінің жағдайына әсер ету, ұлттық валюта
бағамының көтерлуі мен төмендеуі, (валюталық дәлізді анықтау),
халықаралық экономикалық интеграцияға қатысу.
Реттеудің тағы бір маңызды объектісі баға болып табылады. Бағаның
серпіні мен құрылымы экономиканың жағдайын көрсетеді. Сонымен бірге сол
баға шаруашылық құрылымына, күрделі қаржы жұмсалымының жағдайына, ұлттық
валютаның тұрақтылығына күшті ықпал етеді.
Экономика дамуын мемлекеттік реттеу объектілерінің шешілетін
міндеттерге фирманың деңгейінен, салалардың ұлттық және интернационалдық
деңгейіне дейін байланысты айырмашылықтары және иерархиялық сипаты болады.
Экономика дамуын мемлекеттік реттеудің құралдары. Экономикалық
қызметтерді жүзеге асыру үдерісінің мемлекет алдында тұрған міндеттерді
шешу үшін мемлекет өкімінде бірнеше құралдар болады. Олардың ішіндегі
маңыздыларына - қазыналық және қаржылық саясат, әлеуметтік саясат пен
табыстарды реттеу саясаты; сыртқы экономикалық саясат және т.б. жатады.
Экономика дамуын мемлекеттік реттеудің мақсаттары. Экономика дамуын
мемлекеттік реттеу-дің ең басты мақсаты – экономикалық және әлеуметтік
тұрақтылық, шетелде және елдің ішінде қоғамдық құрылымды нығайту. Осы басты
мақсаттан иерархиялық тәуелділікте болатын көптеген нақты жағдайлар пайда
болады. Бұл нақты мақсат, яғни экономикалық кезеңді тегістеу объектісіне
бағытталған. Шаруашылықтың салалық және аймақтық құрылымын жетілдіру
секторлық, салалық жіне аймақтық құрылымға бағытталған. Көбіне жеке
мақсаттарға дараланып қол жеткізу мүмкін емес.
Экономика дамуын мемлекеттік реттеу құралдары. Мемлекеттік
реттеудің құралдары әкімшілік және экономикалық деп бөлінеді. Әкімшілік
құралдары қосымша материалдық ынталандыруды құрумен немесе қаржылық
залалдың қауіптілігімен байланысты емес. Ол мемлекет билігінің күшіне, яғни
тыйым салу, рұқсат беру, күштеуге негізделеді (мысалы, үкімет Мәскеу
шектерінде кәсіпорын салуға тыйым салды. Ол салық пен айыппұлды көбейткен
жоқ, тек лицензия беруді тоқтатты). Мемлекет өндірістік кәсіпорындарды сол
жерде кәсіптік оқытуға, өндірісте жұмыс істейтін жұмысшылар үшін тұрмыстық
жағдай жасауға күштеу шарасы арқылы мәжбүрлейді.
Нарықтық экономикалы дамыған елдерде реттеудің әкімшілік құралы
елеусіз көлемде пайдаланады. Олардың қызметінің аясы негізінен қоршған
ортаны қорғаумен, әлеуметтік әлсіз қорғалған тұрғындар үшін жағдай жасаумен
шектеледі.
Мемлекеттік реттеудің негізгі құралдары:
- қазыналық саясат, яғни шығындар мен салықтардың құқықтық
аумағындағы саясат;
- ақша саясаты;
- табыстарды реттеу саясаты;
- әлеуметтік саясаты;
- баға бегіленімін мемлекеттік реттеу;
- сыртқы экономикалық реттеу;
Мемлекеттік реттеудің экономикалық құралдары ақша -кредит
қаржылары мен бюджеттік саясатқа бөлінеді.
Негізгі экономикалық құралдар:
- есепке алу мөлшерін реттеу (Орталық банкпен жүргізілетін,
дисконттық саясат);
- елдің қаржылық институттары орталық банкте сақтауға
міндетті, ең аз резервтер мөлшерін белгілеу мен өзгерістері;
-мемлекеттік мекемелердің бағалы қағаздар рыногындағы мемлекеттік
міндеттемелер эмиссиясы олармен сауда жасау және өтеу сияқты операциялары.

негіздері
Біздің мемлекеттің Конституциясында: Қазақстан Республикасы –
президенттік басқару нысанындағы біртұтас мемлекет және өзін зайырлы,
құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады, - деп атап
көрсетілген.
Қазақстан Республикасының Конституциясы мемлекеттің Негізгі заңы
ретінде төмендегіге қатысты негізгі ережелерді бекітеді:
• республиканың мемлекеттілігін;
• басқару ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz