Экономика салаларындағы қауіпсіздік мәселелері


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ4
- ЭКОНОМИКАЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІК ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚАЗІРГІ ЗАМАНҒЫ ТЕОРИЯЛЫҚ АСТАРЛАРЫЭкономикалық қауіпсіздіктің теориялық мәні мен сипаттамалары………7Экономика салаларындағы қауіпсіздік мәселелері . . . 9Экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету шаралары. 11
- ЕЛ ЭКОНОМИКАСЫНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІКТІ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДЕГІ МЕМЛЕКЕТТІК ОРГАНДАР ҚЫЗМЕТІН ЖЕТІЛДІРУДІ ТАЛДАУЭкономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі мемлекеттік органдар. . 14Экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі кедендік органдар қызметі17Сыртқы экономикалық қауіпсіздік және оны қамтамасыз етудегі протекционистік саясат. 19
- АЗЫҚ-ТҮЛІК ҚАУІПСІЗДІГІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДЕГІ МЕМЛЕКЕТТІК ОРГАНДАРДЫҢ ҚЫЗМЕТІН ЖЕТІЛДІРУ МӘСЕЛЕЛЕРІАзық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі мемлекеттік органдар қызметін жетілдіру . . . 23Ауыл шаруашылығы саласындағы органдардың қауіпсіздікті нығайтудағы қызметінің жетілдіру жолдары. 25
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 27
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР. . 29
КІРІСПЕ
Кез-келген мемлекет үшін өзінің ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесі қашанда өзекті болып, заман талаптарына сай күрделене түсіп, мемлекет және қоғам өмірінің барлық жақтарын қамтитын жүйелі саясатқа айналды. Жаһандану үрдісі күшейген сайын ұлттық қауіпсіздік мәселесі, әсіресе экономикалық қауіпсіздік бағыты ерекше орын алды. Өйткені әлемдік қауымдастықта егеменді ел ретінде әрекет ету мемлекеттің экономикалық қуаттылығы, ал түбінде ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуінің бірден-бір көрсеткіші - ұлттық экономикалық даму деңгейі болады.
Бұл курстық жұмыстың өзектілігі экономикалық қауіпсіздік түсінігімен танысу және қазіргі дүниежүзілік шаруашылықта елдің экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету барысында экономикалық қауіпсіздік жолдарын жетілдіру, елдегі экономикалық қауіпсіздікке жауапты органдардың қызметінің тиімділігінің артуы және де нарықтық экономикадан Қазақстанның белгілі бір орын алуы болып табылады.
Курстық жұмыстың мақсаты: экономикалық қауіпсіздік ұғымын терең зерттей отырып елдің экономикалық қауіпсіздігін нығайтуға ұсыныстарды талдау.
Берілген курстық жұмыстың міндеті экономикалық қауіпсіздікке терең түсінік беру және Қазақстанның экономикалық қауіпсіздік мәселелерін зерттеу.
Курстық жұмыстың объектісі болып Қазақстандағы экономикалық қауіпсіздікке жауапты мемлекеттік органдар, олардың қызметі, мемлекеттік органдардың қауіпсіздікті арттыруда іске асырып жатқан бағдарламалары мен іс-шаралары жатады.
Қазіргі ұлттық экономиканың қуаттылығы өндіргіш күштердің даму деңгейімен ғана анықталмай, бірінші кезекте мемлекеттің сол өндіргіш күштердің немесе ұлттық экономиканың белсенді дамуына жағдай жасап, ұлттық мүдделерді анықтап, оларды қорғау мүмкіндігімен көрінді. Жаһандану үрдісінің ұлттық экономикаға тигізетін оң ықпалын барынша тиімді пайдалану мен оның теріс әсеріне тойтарыс беру мемлекеттің белсенді іс-әрекетімен жүзеге асады. Сондықтан Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасының 2010-2015 жылдарға арналған Ұлттық қауіпсіздік стратегиясының жобасын талқылауда «Қауіп-қатерлерді алдын-ала анықтап, жоюға, тұтастай алғанда елдің дағдарысқа қарсы әлеуетін арттыруға бағдарланған тиімді де осы заманғы ұлттық қауіпсіздік жүйесін қалыптастыру қажет, бұл ретте аталған жүйе халықаралық қауіпсіздік саласындағы осы заманғы әлемдік үрдістерге бейімді келіп, икемді, қауіпсіз ішкі және сыртқы ортаны қалыптастыру жөніндегі белсенді іс-әрекетке қабілетті болуы тиіс» деп көрсеткен.
Мемлекеттің ұлттық қауіпсіздігі елдің ұлттық мүдделерінің нақты және әлеуетті қатерлерден қорғалған жағдайында өз құрамына экономикалық, қорғаныс, білім, ақпараттық, т. б. құрамдас бөліктерді біріктіреді. Ашық экономика бағытында дамып келе жатқан Қазақстан Республикасына, осы жағдайларда ұлттық экономикалық мүдделерді қалыптастыру, оны қорғау мен жүзеге асыру қажет. Ұлттық экономикалық мүдделерді жүзеге асыру мен оларды қорғаудың дәстүрлі құралы протекционистік саясат. Әлемдік рыноктағы шиеленісті бәсеке барысында талаптарына сай түрленгендіктен, біздің еліміздің алдында әлемдік тәжірибеге сүйеніп, экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің мүмкін болатын шаралар жүйесін жасақтау өзекті болып табылады. Себебі, әлемде ғаламдану үрдістері кең құлашын жайып отырған кезеңде, Қазақстан Республикасының экономикалық өсуінің әлемдік экономикалық кеңістікке интеграциялануынсыз өтуі мүмкін емес.
Бұл курстық жұмысты жазу барысында Р. А. Алшановтың, Ә. Ә. Әбішевтің, Ж. Я. Әубәкірованың, А. Е. Есентугеловтің, Н. Қ. Исинғаринның, Б. К. Қазбековтың, А. А. Қошановтың, Г. И. Оразбаковтың, С. Пірімбетовтың, С. С. Сатубалдиннің, Б. Б. Темірбековтың, Қ. Тоқаевтың, А. Д. Челекбайдың және т. б. еңбектері пайдаланылды.
Курстық жұмыстың құрылымы: курстық жұмыс кіріспеден, негізгі бөлімнен жіне де қорытындыдан тұрады. Негізгі бөлім үш тарауға бөлінген: бірінші тарауда экономикалық қауіпсіздік және оның қазіргі заманғы астарлары баяндалады; екінші бөлімде Қазақстандағы экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі мемлекеттік органдар қызметін жетілдіру жолдары талданады; үшінші бөлімде азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі мемлекеттік органдардың қызметін жетілдіру мәселелері қарастырылады.
1 ЭКОНОМИКАЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІК ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚАЗІРГІ ЗАМАНҒЫ ТЕОРИЯЛЫҚ АСТАРЛАРЫ
1. 1 Экономикалық қауіпсіздіктің теориялық мәні мен сипаттамалары
Ұлттық экономикалық қауіпсіздікті мақсатқа сай және жүйелі қорғаушы ұйымдық жүйе ретінде тек ХХғ. құрыла бастады. Бірақ, ұлттық экономикалық қауіпсіздікті қорғау мәселелерінің теориялық түсінігі Рузвельттік Федералдық Комитеттің құрылуына дейінгі жүз жылдықта пайда болды. Ұлттық экономикалық қауіпсіздіктің теориялық концепциялары - бұл ұлттық мемлекеттің тиімді экономикалық саясатының пайда болуына арналған барлық базалық экономикалық концепциялар.
Соңғы жарты жүз жылдықта ұлттық экономикалық қауіпсіздіктің басты қауіп-қатерлерін қалай есептеу керек және онымен қалай күресу керектігі бойынша экономист-теоретиктердің үш негізгі тәсілі құрылды :
- сыртқы экономикалық қауіпсіздікті қорғаудың камералисттік концепциясы ( ХIХғ. ортасынан бастап ) ;
-ішкі макроэкономикалық қауіп-қатерлерден қорғаудың кейнсшілдік концепциясы ( ХХғ. II жарты жылдығынан бастап) ;
-әкімшілік тосқауылдардан қорғаудың институтционалдық концепциясы ( ХХғ. аяғынан бастап) .
Ұлттық экономикалық қауіпсіздіктің камералисттік түсінігі осы қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін күрестің негізгі ауыртпалығы импортты шектеу бойынша заңдарды бастаушы орталық үкіметке, сонымен қатар шетел тауарларының контрабандасымен күресті жүргізетін кеден және шекара қызметкерлеріне түседі деп болжайды.
Пайда болу уақыты, концепция негізін қалаушы. 1840 жж., Фридрих Лист. 1930 жж., Джон М. Кейнс. 1980 жж., Эрнандо де Сото.
Нарық «құлдырауы» - экономикалық өсу тұрақсыздығы, жұмыссыздық, инфляция. Мемлекет «құлдырауы» - әкімшілік тосқауылдары, рента іздеушілік.
Ұлттық экономикалық қауіпсіздік үшін күрес мақсаты. Экономикалық тәуелсіздік. Экономикалық және әлеуметтік тұрақтылық. «Құқықтарды басқару», меншік құқықтарын қорғау.
Ұлттық экономикалық қауіпсіздік үшін күресу әдістері. Протекционисттік сауда саясаты. Өндірісті, жұмысбастылықты және ақша айналымын мемлекеттік басқару. Тіркеу процедуралары мен төлемдерін төмендету, бюрократизм және жемқорлықпен күрес.
Кейнсшілдер ұлттық экономика үшін негізгі қауіптер шетел тауарларының бәсекелесі емес, жұмыссыздық және экономикалық тоқырау болып саналды. Осы қауіптермен күресу үшін үкіметке шаруашылық қызметін белсенді реттеуді тек субсидия мен мемлекеттік тапсырыстарды үлестіріп беру арқылы ғана емес, сонымен қатар бәсекелестікті тікелей әкімшілдік бақылау орнату арқылы жүзеге асыруды ұсынды.
ХХғғ. екінші жартысында кейнсшілдердің әсері азайып, неоклассикалық экономикалық теорияның приоритетті әсері пайда болды. Егер кейнсшілдер мемлекеттік реттеуді дұрыс деп үміттенсе, ХХғғ. екінші жартысындағы неоклассиктер оның шектеулілігін алға тартты.
Дегенмен, неоклассиктер ұлттық экономикалық мүддеге қауіптермен күресу әдісін ұсынды. Олар осынысымен кейнсшілдерден ерекшеленді. Бірақ, олар сол мүдделерді түсінуге кейнсшілдермен ұсынылған тәсілді қабылдады. ХХғғ. екінші жартысында неоклассиктер декларация деңгейінде жалғыз экономикалық субъект индивид деп сендіруді жалғастырды.
Э Де Сотоның институтционалдық нұсқасына сәйкес ұлттық экономикалық қауіпсіздіктің негізгі қауіп-қатерлері әкімшілік тосқауылдар табылады - «жаман» заңдар немесе «жақсы» заңдардың нашар орындалуы. Сәйкесінше, мазмұны экономикалық демократияның нормаларына сай келетін және осы заңдардың орындалуын бақылайтын жаңа заңдардың қабылдануы осы қауіп-қатерлерді тоқтату шаралары болуы тиіс[1] .
Ұлттық экономикалық қауіпсіздіктің үш негізгі парадигмалары - камералисттік, кейнсиандық және институтционалдық - бір-бірін өзара толықтырады. Әрбір елдің ұлттық экономикасына нақты немесе потенциалды қауіп-қатерлер шетелдік бәсекелестерден де (Ф. Лист осыған көңіл бөлген), «нарық құлдырауымен» де (Дж. М. Кейнс осы туралы жазған), және «мемлекет құлдырауымен» де (Э Де Сотоның ойы бойынша) болуы мүмкін. Ұлттық саясаттың мақсаты - барлық қауіп-қатерларге қарсы әсер ету үшін шектелген ресурстарды үнемді пайдалана отырып, неғұрлым қауіпті қатерлерді объективті түрде сипаттау.
«Экономикалық қауіпсіздік» түсінігінің дәстүрлі теориялық-тұжырымдамалық әзірлемесі жетекші ғылыми шетелдік мектептер аясында жүзеге асырылған. Осы тақырып бойынша отандық зерттеулердің жеткіліксіздігі және іс жүзінде жоқтығы мына жайтпен түсіндіріледі, яғни ұлттық қауіпсіздіктің тарихи мәселесі ұлттық, соның ішінде экономикалық мүдделердің қалыптасуы мен әзірленуі жүзеге асырылатын тәуелсіздікке қол жеткізу мен мемлекеттің қалыптасуы кезеңдерінде туындайды.
«Экономикалық қауіпсіздік» мазмұны, оны құраушы элементтер, сондай-ақ қамтамасыз ету механизмдері әр түрлі интерпретацияланады, ол әр алуан теориялық-әдістемелік тәсілдемелер аясында мәселені зерттеумен байланысқан. Көптеген зерттеушілердің пікірінше, ұлттық экономикалық қауіпсіздік - бұл экономиканың және билік институттарының жай-күйі, ол ішкі және сыртқы процестердің дамуының өте қолайсыз нұсқалары кезінде де ұлттық мүдделердің кепілдікті қорғанысын, елдің үйлесімділігін, әлеуметтік бағытта дамуын қаматамасыз етеді.
Ғылыми әдебиеттерде экономикалық қауіпсіздік келесі ретте қарастырылады:
1. Ұлттық қауіпсіздіктің біртұтас, бөлінбейтін қатаңдығы.
2. Ұлттық қауіпсіздік аясында дербес, автономды жүйе. Осы орайда бұл мәселе екі аспектіде қарастырылады:
- экономикалық қауіпсіздік экономиканың әр түрлі факторлар мен қауіптерден қорғалуы ретінде. Қауіпсіздік экономика саласындағы мемлекеттік-ұлттық мүдделердің барлық қажетті құралдармен және мүдделермен сенімді қорғалуын, яғни ішкі және сыртқы қауіптерден, экономикалық және материалдық залалдардан қорғалуын түсіндіреді;
- жай-күй ретіндегі экономикалық қауіпсіздік жағдайында оның белгіленген шекті мәндері сақталады. «Экономикалық қауіпсіздік дегеніміз -қоғамның, мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық және әлеуметтік-саяси тұрақтылығын және заң талаптарын орындайтын қоғамның әрбір мүшесінің экономикалық және құқықтық жағдайын қамтамасыз етуге экономиканың дайындығы мен мүмкіндік жағдайы»[2] .
Экономикалық қауіпсіздіктің мәні индикатор-көрсеткіштер жүйесінде жүзеге асырылады. Экономикалық қауіпсіздіктің индикатор-көрсеткіштерінің жиынтығы - бұл экономикалық қауіпсіздіктің мәнін айқындайтын маңызды процестер тұрғысынан экономиканың жай-күйін бағалау. Индикатор-көрсеткіштер жүйесі төніп тұрған қауіп жөнінде алдын-ала ескертіп, оны болдырмау шараларын қабылдауға м. мкіндік береді.
Осылайша, бөлімді қорытындылай келе әлемдік экономикалық ілімде экономикалық қауіпсіздік дәстүрлі түрде экономикалық жүйенің маңызды сапалық сипаттамасы ретінде қарастырылады және ол оның қабілетін анықтайды; олар халықтың қалыпты өмір сүру жағдайын қолдау; халық шаруашылығының дамуын тұрақты түрде ресурстармен қамтамасыз ету; ақырындап ұлттық-мемлекеттік мүдделерді жүзеге асыру.
1. 2 Экономика салаларындағы қауіпсіздік мәселелері
Экономикалық қауіпсіздік - экономикалық тәуелсіздігі мен тұрақты дамуына қауіп төндіретін ішкі және сыртқы факторлардан, үдерістерден, жағдайлардан қорғау. Экономикалық қауіпсіздікке төнетін қауіп мемлекеттік жүйенің басқару жүйесінің негізгі буындарының құлдырауы, ұлттық байлыққа нұқсан келу, технологиялық артта қалушылық, қаржы - несие, валюта жүйесінің бұзылуы, ғылыми әлеуметтік регресс, қоғамның ыдырауы, конституциялық әлеуметтік және кепілдікпен адамдарды қамтамасыз ете алмау сияқты ішкі және сыртқы факторлардың әсерінен туындайтын қауіптің мүмкіндігі. Факторлар - үдеріс, құбылыстардың пайда болу жағдайы, олардың сипатын анықтайтын жеке белгілер, нәтижелер, ішкі немесе сыртқы болуы мүмкін, бір мезгілде, бір немесе бірнеше бағытта болуы мүмкін. Экономикалық қауіпсіздікке әсер ететін факторларға табиғи, техногендік және экологиялық сипаттағы төтенше жағдайларды жатқызуға болады.
Экономикалық қауіпсіздік жүйесі - экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатына қол жеткізуге бағытталған және нормативтік актілердің жиынтығы.
Экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жүйесі - атқарушы билік органдарымен, төтенше жағдайлардың салдарын жою мен бөлу қаупінің алдын алуға арналған қаражаттар мен күшті қамтитын экономикалық қауіпсіздік жүйесінің құрамдас бөлігі.
Экономикалық қауіпсіздік объектісі - экономика мен мемлекетті тиімді басқару жүйесі аумақтық тұтастықты, егемендікті сақтауға ықпал ететін жағдайлар.
Экономикалық қауіпсіздік субъектісі адам мен қоғам заңды-атқарушы сот билігі түріндегі мемлекет.
Экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету стратегиясы, негізгі мақсаттары мен оларға қол жеткізу жолдары, жалпы қоғамның әрекетінің ортақ бағыттылығын қамтамасыз етуге бағытталады. Қазақстан Республикасының экономикалық қауіпсіздік саясатының мақсаты болып, әлуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз ету жағдайын жасау, негізгі құндылықтарды қорғау, Қазақстан халқының өмір сүруінің материалдық негіздерін, оның құқықтары мен бостандықтарын, республиканың ішкі және сыртқы саясатына саяси қысым мүмкіндіктерін болдырмауға жағдай жасау.
Қазіргі жағдайда ұлттық қаупсіздікке қол жеткізу, ең алдымен экономикалық қауіпсіздікке сүйенеді, яғни Қазақстанның даму стратегиясының негізгі бағыттарының маңыздысы экономикалық жүйенің қаупсіздігі болып табылады. Еңбекті аймақтық бөлу және орталықта жоспарлау жылдарында қалыптасқан өнеркәсіптік және минералдық шикізаттан және қайта өңделетін кейбір өнімдерден басқалары өнімдерді өткізудің альтернативті рыногының болмауы, өндірістің технологиялық артта қалуы, оның өтелмейтін монополиялануы мен шоғырландырылуы Қазақстан экономикасын қауқарсыз етеді. Ол экономикалық тетіктерді, республикалық саяси қысым жасау үшін, Қазақстаннан басқа елдермен қарым-қатынасындағы ұлттық мүдделерге қысым жасауға пайдалану мүмкіндігін тудыруы тиіс. Сондықтан да, біздің пікірімізше, «экономикалық қауіпсіздік - азаматтардың әлеуметтік және экономикалық қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында аз еңбекті шығындай отырып, шикізат ресурстары мен қоршаған ортаны табиғи қорғап, пайдалану арқылы елдің экономикалық дамуын қамтамасыз ету, яғни экономикалық қауіпсіздік - тек ұлттық мүдденің қорғалуы ғана емес, сондай-ақ Үкімет институттарының отандық экономиканы дамытудағы және қоғамның әлеуметтік саяси тұрақтылығын сақтап тұрудағы ұлттық мүддені қорғауға қабілеттілігі және даярлығы болып табылады».
Бөлімді қорытындылай келе, экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үрдісі ішкі және сыртқы қауіптерден немесе қатерлерден қорғалу механизмдерін қалыптастыруға негізделген. Өйткені, экономикалық қауіпсіздік - ішкі-сыртқы экономикалық қатерлердің бетін қайтаруға қабілетті, экономикалық тұрақтылықты сақтау және ұлттық экономиканың мемлекет тарапынан қорғалуына бағытталған өзара байланысты экономикалық кешенді шаралардан тұратын динамикалы жүйені білдіретін экономиканың жай-күйі ретінде анықталады.
1. 3 Экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету шаралары
Қазақстан экономикасы - Қазақстанда нақты жұмыс істейтін нарықтық экономика құрылған. 2011 жылғымамырда экономикадағы жұмыспен қамтылғандар саны 7991, 4 мың адам болды. Өнеркәсіптің жетекші салаларының қатарына түсті және қара металлургия жатады. Қазақстанның мысы, қорғасыны, мырышы және кадмийі сапасының жоғары деңгейде болуына байланысты әлемдік нарықта сұранысқа ие және бәсекеге қабілетті.
Қазіргі таңда экономикалық дамудың негізгі көзі елдің шикізат әлеуетін пайдалану болып табылады. 1985 жылмен салыстырғанда көміртегі шикізатын өндіру көлемі 225 пайызға өсті, ал дүние жүзі бойынша бұл көрсеткіш 1, 3 есеге жуық өсті. 2011 жылы мұнай өндіру (газ конденсатын қоса алғанда) 61, 9 млн. тоннаға, табиғи газ өндіру 25, 2 млрд текше м болды. Қазақстанда болашақта ашық кен орындарын игеру есебінен 2015 жылға қарай 150 млн. тонна мұнай және 79 млрд текше м газ мөлшерінде көмірсутегі шикізаты өндіріледі. 2013 жылдан бастап мұнай өндірудің негізгі өсімі Каспий шельфінде байқалады деп көзделіп отыр.
Еуропа елдері Қазақстан экспорты көлемінің негізгі бөлігін алады. Қазақстан ірі отын-энергетикалық өңір болып табылады. Еуропа елдері арасында Қазақстан экспортын негізгі тұтынушылар Швейцария, Италия, Польша, Германия болып табылады. Еуропа елдеріне экспорт жасау мұнай, ферроқорытпалар, металлургия өнеркәсібі өнімдерін, бидай сату есебінен артып отыр. Азия өңіріндегі елдерге қазақстандық өнімдерді жеткізу көлемі ұлғайды, онда негізгі тұтынушылардың бірі қытай өнеркәсібі болып табылады.
1998-2011 жылдар аралығында ЖІӨ-нің нақты көлемі 1, 8 есе артты, ал ЖІӨ-нің орташа жылдық өсімі 9, 1 % болды. 1998-2011 жылдары ЖІӨ-нің жан басына шаққандағы көлемі 2, 5 есе артты. Қазақстанның ЖІӨ-нің көлемі 2011 жылы 76 млрд. долларға жетті, ол жан басына шаққанда 5, 1 мың АҚШ долларын құрайды.
Қазақстанның қаржы жүйесі ТМД елдерінің ішіндегі ең озық жүйенің бірі деп танылды. Банк секторы өз дамуында Достастықтың басқа елдерінен айтарлықтай алдыңғы қатарда келеді. Қазақстан банктерінің жиынтық активтері (50 млрд. АҚШ долларынан астам) Украина банктерінің жиынтық активтеріне теңеседі. Қазақстан Шығыс Еуропа елдерінің бірқатарынан алдыңғы қатарда. Қазақстанның капиталы сыртқы нарықта белсенді орын алуда, 2011 жылы бұл көрсеткіш 15 млрд. АҚШ долларына жетті. Қазақстан тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуды, сыртқы қолайсыз жағдайларға тәуелділікті төмендетуді қамтамасыз ету үшін бірінші болып Ұлттық қор құрды. 2001 жылдан бастап барлық мұнай түсімдерінің 60 % Ұлттық қорда жинақталады. Аталған қордың көлемі 2010 жылдың соңындағы 8 млрд долларға қарағанда, 2011 жылы 14, 5 млрд. АҚШ доллары болды. Елдің алтын валюталық қоры Ұлттық қорды қоса есепке алғанда 2011 жылғы 30 қарашада 15, 086 млрд. АҚШ долларына дейін өсті.
2011 жылы Қазақстанның халықаралық қорлары Ұлттық қордың қаржысын қоса алғанда ағымдағы бағамен 29 764, 8 млн. АҚШ долларын құрады.
Республикадағы саяси және экономикалық тұрақтылық, қолайлы инвестициялық жағдай дүние жүзіндегі Қазақстанның жоғары рейтингінің сақталуына ықпал етті.
Ауыл шаруашылығы - материалдық өндірістің ең маңызды түрлерінің бірі. Ауыл шаруашылығы халықты азық-түлікпен және өнеркәсіпті шикізаттың кейбір түрлерімен қамтамасыз етумен айналысады. Ауыл шаруашылығы екі үлкен саладан, яғни өсімдік шаруашылығынан және мал шаруашылығынан тұрады. Сонымен қатар оның құрамына балық аулау, аңшылық және омарта шаруашылығы да кіреді. Ауыл шаруашылығы - шаруашылық салаларының ішіндегі ең ежелгі және табиғат жағдайларына тікелей тәуелді саласы. Сонымен қатар ауыл шаруашылығы - неғұрлым көп тараған сала. Шындығында, дүниежүзінде халқы ауыл шаруашылығының түрлі салаларымен айналыспайтын бірде-бір ел жоқ. Ауыл шаруашылығының барлық жерге таралуы оның алуан түрлілігіне байланысты. Ғалымдар шамамен онын 50-ге жуық түрін бөліп көрсетеді. Қазіргі мәлімет бойынша дүниежүзінде бұл салада шамамен 1, 3 млрд-тан астам адам еңбек етеді, оған ауыл шаруашылығындағы шаруа отбасыларын қосатын болса, онда ол көрсеткіш 2, 6 млрд адамға жетеді. Еңбекке жарамды ер адамдардың ауыл шаруашылығындағы үлесіне сәйкес елдер индустриялы, постиндустриялы және аграрлы болып жіктеледі. Дүниежүзінде экономикалық белсенді халықтың (ЭБХ) 46%-ы осы салада еңбек етеді[3] .
Дүниежүзінің кез келген елінің ауыл шаруашылығы өзара бір-бірімен тығыз байланысты екі саладан - өсімдік және мал шаруашылығынан құралады. Олардың арасалмағы әр елдің әлеуметтік-экономикалық жағдайы мен еңбек ресурстарының көрсеткіштеріне және табиғат жағдайларының ерекшелігіне сәйкес өзгеріп отырады. Экономикалық деңгейі жоғары елдерде (АҚШ, ГФР, Франция және т. б. ) ғылым жетістіктері мен агротехникалық шаралар кеңінен қолданылуы нәтижесінде мал шаруашылығы өнімдерінің үлесі жоғары. Мұндай жағдай кейбір жекелеген дамушы елдерде де байқалуда, бірақ оның басты себебі климаттың қолайсыз әсерінен өсімдік шаруашылығының өркен жаюына мүмкіндіктің болмауы. Бұл керініс Таяу Шығыстың кейбір елдеріне тән. Өсімдік және мал шаруашылығы тек қана өзара байланысып қоймай, олардың өнімдерін өңдейтін өнеркәсіп салаларымен де тығыз байланысты. Бұл салалар арасындағы өзара байланыс агроөнеркәсіптік кешен (АӨК) арқылы жүзеге асады. Мұндай кешендер құрылымы мен қуатына қарай алуан түрлі болып келеді және дамыған елдерде кең қанат жайған. Ал дамушы елдерде олар жаңа-жаңа белең алып келеді.
Бүгінгі таңда жерге иелік етудің бірнеше түрі қатар кездеседі. Олар: жеке-меншіктік, мемлекеттік меншік және кооперативтік меншік. Ең көп таралғаны жерге жекеменшік иелігі, олар дүниежүзіндегі тауарлық ауылшаруашылық өнімдерінің басым бөлігін өндіреді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz