АВТОБЕКЕТ ДЕРЕКТЕР ҚОРЫ


МАЗМҰНЫ
Қарапайым деректер қорының құрылымы . . .
Деректер қорының қауіпсіздігі . . .
Деректер қорымен жұмыс жасау режимі . . .
Деректер қоры объектілері . . .
Деректер қорын жобалау . . .
Деректер схемасын жасау . . .
Кіріспе
Соңғы компьютерлік технологиялардың пайда болуы көптеген жұмыстардың орындалуына едәуір жеңілдік берді. Қазіргі кезде мәліметтерді сақтау және өңдеу жұмыстарын соңғы жылдарда шыққан программалық өнімдер арқылы жылдам әрі тиімді ұйымдастыруға болады. Заманымыздың өркендеуіне байланысты мәліметтер ағымының көлемі де ұлғая түсті.
Деректер қоры , деректер қорын басқару жүйесі (ДҚЖБ), электрондық кесте т. с. с. компьютерлік жаңа программалардың дамуы қажеттігін көрсетеді. Сондықтан компьютерлік технологиялар қарқынды дамып, көптеген жерлерде қолданылуда.
Соңғы уақытта ДҚЖБ туралы әдебиеттер көптеп шығып жатыр, бірақ қазақ тілінде санаулы ғана. Соның ішінде менің сіздердің алдарыңызға ұсынып отырған, «Автобекет » деректер жүйесінің атқаратын жұмысы зор деуге болады. Оның атқаратын қызметі, яғни берілген барлық Автобекеттер иесі жайлы мәлімет жинау және оны сақтау, берілген Автобекет түрін, бағасын, қуаттылығы, Автобекет маркасы, шығу жері мен шығу жылы жайында мәліметтер жинау және пайдалана алу т. с. с. көптеген жұмыстарды орындауға мүмкіндік бар.
Курстық жұмыстың мақсаты деректер қорын жобалау теориясы туралы методикалық құрал жасау Micrоsoft Access деректер қорын басқару жүйесінің көмегімен «Автобекет» деректер басқару жүйесін құру.
- Деректер қоры теориясымен танысу;
- Автобекет жайлы мәліметтер жинау қамтитын жұмыстарын зерттеу (Жол жүру ақысы, жүру аумағы, жүргізушілер туралы мәліметтермен танысу, жүйе объектілерімен анықтау т. с. с. ) ;
- Micrоsoft Access-те кестелер, сұраныстар, формалар, есеп шоттар арқылы ақпараттық жүйе құру.
Курстық жұмыс екі тараудан тұрады:
Бірінші тарауында - деректер қоры және оның мүмкіндіктері, ақпараттық жүйе сатылары рет-ретімен мысалдар арқылы түсіндіріледі. Жалпы бірінші тараудағы мәліметтер Micrоsoft Access деректер қорын басқару жүйесін тиімді пайдалана білу, онда жұмыс істеу принциптері жөнінде ақпарат береді.
Екінші тарауда - «Автобекет» ақпараттық жүйесінің зерттеу аймағы және ақпараттық жүйе құруға қажетті кестелер сипатталады.
1 бөлім. Деректер қорымен жұмыс
1. 1 Деректер қорының негізгі түсініктері.
Деректер қоры және деректер қорын басқару жүйесі.
Деректер қоры дегеніміз - мәліметтерді сақтауға арналған ұйымдасқан құрылым.
Бұл деректер қорының құрылымына информациямен қатар, оларды ұйымдастыруға, қолдануға арналған тәсілдер мен әдістер кіреді.
Деректер қоры деректер басқару жүйесімен (ДҚБЖ) тығыз байланысты. Бұл программалық құрылымдар кешені жаңа қордың құрылымын құруға, оны деректермен толтыруға, мазмұнын редакторлеуге және ақпаратты визуалдандыруға арналған. Қор ақпараттарын визуалдау дегеніміз берілген критерий бойынша экранға шығаратын мәліметтерді таңдап, оларды белгілі бір ретке келтіріп, безендіріп артынан баспаға немесебайланыс каналдарына беруді айтамыз. Әлемде деректер қорын басқаратын көптеген жүйелер бар. Олар әр түрлі объектілермен түрліше жұмыс жасап және қолдануға әр түрлі функциялар мен құралдар ұсынуға қарамастан, көптеген ДҚБЖ-рі тұрақталған негізгі кешенді ұғымдарға сүйенеді. Бұл бізге бір жүйені қарастырып, оның ұғымдарын, әдіс-тәсілдерін ДҚБЖ-нің барлық классына жинақтап қорытуға мүмкіндік береді. Оқыту объектісі ретінде Microsoft Office пакетіне Microsoft Word және Microsoft Excell пакеттерімен қатарлас кіретін Microsoft Access объектісін таңдаймыз. Егер операцияның нақты тәсілдері программа версиясына тәуелді болған жағдайда, біз Microsoft Access 2002 соңғы версиясына сүйенеміз, бірақ негізінен программа версиясы екінші ретте болатын жинақталып қорытылған түсініктермен тәсілдерге тоқталамыз. [1] Қарапайым деректер қорының құрылымы.
Алдымен мынаны түсініп алайық, егер қорда ещқандай деректер болмаса, қор бәрібір де ұйымдасқан деректер қорына жатады. Бұл айғақта методикалық мағына бар. Қорда деректер болмағаны мен, онда мәлімет бар - ол қордың құрылымы. Қор құрылымы осы қорға деректерді енгізу мен сақтау әдістерін анықтайды. Деректер қорының қарапайым «компьютерлік емес» варианты - ол іскерлік күнделік, онда әрбір күнге бір беттен бөлінген. Оған бір жол жазу жазылмаса да, ол күнделік болып қала береді. Өйткені, оның жазба кітапшаларынан, жұмыс дәптерінен және басқа да жазба қағаздардан айқын айыратын құралы бар.
Деректер қорыда әртүрлі объектілер болуы мүмкін, бірақ қандай деректер қорын алмасаңыз да, оның негізгі объектілері болып таблицалар саналады. Қарапайым деректер қорында кем дегенде бір таблица болады. Осыған сәйкес, деректер қорының құрлымы ондағы таблица құрлымымен бірдей.
Біз білеміз, екі өлшемді таблицаның құрлымын бағаналар мен жолдар құрайды. Қарапайым деректер қорының құрлымында оларды өрістер мен жазбалар деп атайды.
Егер жазбалар таблицада жоқ болса, онда оның құрлымы тек өрістерден құралады.
Базалық таблицаның өрістер құрлымын өзгертсек, онда біз деректер қорының құрлымын өзгертеміз және соған сәйкес жаңа деректер қорын аламыз.
Деректер қорының қауіпсіздігі.
Деректер қоры бұл ерекше құрылымдар, оның ішіндегі сақталатын мәліметтері өте құнды және ондағы ақпараттар қоғамдық рөл атқарады. Көп жағдайда деректер қорымен мыңдаған адамдар жұмыс жасайды. Деректер қорында сақталған мәліметтермен көп адамдардың игіліктері ьайланысты. Сондықтан деректер қорын пайдалану барысында жасаған қателіктерге байланысты деректер қоры бұзылмауы керек.
Деректер қорының құрлымының өзгерту, жаңа таблица немесе басқа да объектілерді құру операциялары деректер қорының файылы сақталған іске асады.
Бұл операциялар туралы ДҚБЖ қолданушыға ескертеді. Бұл былайша айтқанда, глобальді операциялар. Оларды деректер қоры көшірмесімен орындайды.
Екінші жағынан, қордың құрлымына сәйкес мәліметтердің мазмұндарын өзгерту операциялары максимальді автоматтандырылған және ескертусіз орындалады.
Егер мәліметтер таблицасымен жұмыс жасау барысында, біз мәліметтер құрамында бірдеңе өзгертсек, онда өзгерістер тез арада және автоматты түрде сақталады. Қор таблицаларындағы өзгерістердің барлығы автоматты дискіде сақталады. Осылайша, деректер қоры таблицаларын өзгерткенде жаңа жазбаларды құрып және ескілерін жойғанда біз тікелей қатты дискпен жұмыс жасаймыз [1, 3] .
1. 2 Деректер қорын қалыптастыру.
Деректер қорымен жұмыс жасау режимі
Әдетте деректер қорымен екі категориялы орындаушылар жұмыс жасайды.
Бірінші тобы - жобалаушылар, яғни, деректер қорын жасаушылар. Олардың жұмысы - деректер қоры таблицасының құрлымын жасап, тапсырушымен келістіру. Таблицалардан басқа жобалаушылар бір жағынан жұмысты автоматтандыру үшін, екінші жағынан оның функцианалдық қасиеттерін шектеу үшін деректер қорының басқа объектілерін жасайды. Жобалаушылар деректер қорын мәліметтермен толтырады.
Деректер қорымен жұмыс жасайтын екінші категориялы орындаушылар - қолданушылар. Олар бастапқы деректер қорын жобалаушылардан алып, оларды мәліметтермен толтырады. Жалпы қолданушылар деректер қорының құрлымын өзгерте алмайды, тек деректер қорының мәліметтерімен жұмыс жасай алады. Сәйкесінше деректер қорының басқару жүйесінде екі режимдік жұмыс бар. Жобалаушылар және қолданушылар. Біріншісі - қор құрлымын және оның объектілерін құрады. Екіншісі - арнайы дайындалған объектілерді толтыру және ішінен деректерді алып пайдалану. Бірінші режим қордың және олардың объектілерінің құрлымын құруға немесе өзгертуге арналған. Екінші режимде қорды толтыру үшін бұрын дайындалған объектілерді қолданады.
Деректер қоры объектілері.
Деректер қоры көптеген объектілермен жұмыс жасайды. Олардың негізгілері:
- Таблицалар -деректер қорының негізгі объктісі. Біріншіден оларда деректер қорының барлық мәліметтері сақталады, екіншіден таблицалар деректер қоры құрлымын сақтайды.
- Сұраныстар -таблицадан мәліметтерді қолданушыға ыңғайлы түрде таңдайтын объект. Сұраныстың көмегімен мынандай амалдар орындалады: сұраптау, реттеу, сүзу. Сонымен қатар сұраптаудың көмегімен берілген алгоритм бойынша мәліметтерді түрлендіруге болады, жаңа таблица құруға болады, автоматты түрде таблицаны мәліметтермен толтыруға болады, ол мәліметтерді басқа таблицадан алу арқылы, таблицадағы қарапайым амалдарды орындауға болады. Сұраныстың ерекшелігі: олар мәліметтерді базалық таблицадан алып, олардың негізінде уақытша нәтижелік таблица құрады немесе бұл таблицаларды жедел сурет деп атайды. Таблицалармен жұмыс істеген уақытта мәліметтерді қатты дискіден аламыз, сол себепті мәлімет алмасу уақыты ақырын өтелі. Сұраныстармен жұмыс істеген уақытта таблица жедел жатта сақталады. Сол себепті одан мәліметтерді алу одан жылдам орындалады. Таблицаларға жаңа мәлімет енгізгенде оның құрлымы өзгеруі мүмкін, бұл проблемалар деректер қорын басқару жүйесінде сұраныстардың көмегімен шешіледі. Яғни, негізгі таблицаларда мәліметтердің реттеліп орналасуы есептелмейді, ал қолданушыға олар реттелген түрде қажет болса, немесе іріктеп алу керек болса, ол сәйкес сұранысты жасайды. Егер ондай сұраныс болмаса оны жасау керек.
Төмендегі суретте: Бір кестенің (базалық кестеден) негізінде жасадған екі сұраныс.
Базалық кесте
Нәтижелі кесте-1
Нәтижелі кесте-2
- Формалар -мәліметтерді шығару құралдары. Форма экранға сұраныстар жасаған қолданушыға қажетті мәліметтерді береді. Формаларда арнайы басқару элементтері орналасады: есептеуіштер, жалаушалар т. б. форманы бланктер түрінде жасауға болады. Көмекші суретте форманы қалай толтырудың жобасы тұрады. Формаға мәліметтер шығару үшін сұраныстар қолданылады. Форма арқылы деректерді тек қана енгізуге ғана емес, сонымен қатар экранға шығаруға да болады. Сұраныстар да деректерді экранға шығара алады, бірақ оны ешқандай безендіруі жоқ нәтижелі таблица түрінде жасайды. Форма арқылы деректерді енгізгенде арнайы безендіру әдістерін қолдануға болады.
Қолдануға дайын формалар.
- Есеп құжаттары өзінің қасиеттері жағынан есеп құжаттары көбіне формаға ұқсас, бірақ олар деректерді экранға емес баспаға шығаруға үшін арналған. Сондықтан есеп құжаттарында енгізілген топтау үшін арнайы каналдарымен баспаға шығарылатын құжаттарға лайықтап безендіруге арналған элементтер болады.
Қарапайы есеп құжатының үлгісі.
- Беттер- Microsoft Access ДҚБЖ -нің соңғы версияларында іске асырылған деректер қорының арнайы объектілері, немесе, дәлірек айтқанда, оларды деректерге өту беттері деп атауға болады. Іс жүзінде бұл Web бетінде HTML кодымен орындалған және сол бетпен тұтынушыға берілетін ерекше объект. Бұл объект өздігімен деректер қоры бола алмайды, бірақ онда тұтынушыға берілген Web бетімен басқа жақтағы деректер қоры байланыстыратын компоненттері бар. Бұл компоненттер арқылы Web торабының қолданушысы деректерге өту беттері тұтынушы мен басқа жақтағы деректер қоры арасында интерфейс жүргізеді. Бұл міндетті түрде Microsoft Access-тің деректер қоры болуы тиіс емес. Microsoft Access арқылы жасалған өту беттері, сонымен қатар Microsoft SQL Server деректер қорымен жұмыс істей алады.
Мәліметтерді көрсететін өріс Көруді басқарудың панелі
Макростар мен модульдер. Бұл объектілердің категорияалары деректер қорын басқару жүйесімен жұмыс жасағанда қайталанатын амалдарды автоматтандыру үшін және программалау арқылы жаңа функцияларды құруға арналған. Microsoft Access ДҚБЖ-де макростар ДҚБЖ-нің ішкі командаларының тізбегінен тұрады және қормен жұмыс істегенде автоматтандырудың Visual Basic for Applacations тілінің құралдарымен жасалады. Макростар мен модульдер арқылы қорды жасаушылар оған қолданушыдың стандартты емес функцияналдық мүмкіндіктерді, арнайы шарттарын қанағаттандыратын және басқару жүйесінің жылдамдығы мен қорғаныс қасиетін арттыратын қасиеттерді енгізе алады [10] .
Макростар құру терезесі
Деректер қорын жобалау
Жобалау кезінде жіберілген бұрыс шешулер мен қажеттіліктер артынан жөндеу өте қиынға түседі. Сондықтан бұл кезең - негізгі кезең болып табылады.
Техникалық тапсырмаларды жасау. Деректер қорын жобалағанда тапсырманы қолданушы ұсыну керек. Ол үшін қолданушы ең болмағанда жалпы түрде терминалогия мен ДҚБЖ-нің негізгі техникалық мүмкіндіктерін білу керек.
Сондықтан қолданушы мен жұмыс жасау үшін келесідей іс әрекет жасалады:
- Қолданушыға оның жұмысына ұқсайтын жұмыстар көрсетіп, ондағы спецификалық айырмашылықтар айтылады.
- Егер ұқсас жұмыс болмаса тапсырушының мәселелері мен қажетін біліп, оған техникалық тапсырманы дайындауға көмектеседі.
Техникалық тапсырманы дайындауға келесілерді құрады:
- Тапсырушы қолданатын мәліметтердің тізімін жасау керек.
- Тапсырушының өз ұжымын басқаруға арналған қажетті мәліметтердің тізімін, яғни компьютерден шығатын мәліметтердің тізімін.
Бұл арада тек қана бас тапсырушының мекемесімен шектелмей, сол сияқты деректер қорын қолданылатын барлық бөлімдер мен қызмет ету орындарымен сұғбаттасуы керек. Мәселен, жоғарғы оқу орнында студенттер мен абитуриенттерге арналған деректер қорын дайындағанда тек қана ректор мен барлық деканаттардың құжаттары талқылап қана қоймай, сонымен қатар деректер қорынан қызмет ету орындары нені талап ететінін түсіну керек. Мұғалімдердің оқыту ауырпалығын талдайтын, студенттердің жатақханада тұру үшін арналған аудиторлық фондты бөлуге талап беретін бөлімдердің жұмысын талқылау қажет. Кітапхана, кадрлар бөлімі және т. с. с. қызмет ету орындары да есепке алынуы қажет. Мысалға, кез келген уақытта кітапхана администрациясының студенттердің оқу жайлы біреуге белгілі бір уақыт сайын құжатын ұсыну қажет екені туралы мәлімет шығуы мүмкін, тапсырушының осындай сияқты тілектерін қорды құрудың алдында жобалау кезеңінде дайындау керек.
Деректер схемасын жасау.
Енді тасырушының қолданатын немесе беретін мәліметтерін сұраптап болғаннан соң, деректер қоры жүйесін, яғни оның негізгі таблицаларының құрлымын жасймыз.
- Жұмысты ең негізгі өрістердің тізімін құрудан бастаймыз. Онда тіпті жүздеген өрістер болуы мүмкін.
- әр өріске жазылатын мәліметің типіне сәйкес, сол өріске ең жақын келетін типтерді анықтау керек.
- Деректер қорының қанша бөлімдері болса, сонша таблицаларды белгілеп алып, оларды ары қарай бөледі. Таблицаларды бөлуге негізгі критерий - көршілес жазбалардағы мәліметтердің қайталануы. Суретте көрсетілген таблицалардағы мекен жай өрісінде мәліметтер қайталанып тұр, ал оны болдырмау үшін таблицаны екі бір-бірімен байланысты таблицаларға бөлу керек.
- Әрбір таблицада негізгі кілт өрісі таңдап алынады, мұндай мәліметтер қайталанбау керек. Мысалы, студенттер туралы мәліметтер таблицасында студенттің жеке шифры жазылған өрісті кілт өрісіне жатқызуға болады. Сабақтың кестесі бар таблица үшін мұндай өріс табылмауы да мүмкін, бірақ оны жасанды жолмен «сабақ уақыты» және «аудитория номері» өрістерін қиыстыру арқылы құруға болады. Бұндай қиыстыру қайталанбайды, өйткені бір уақытта, бір аудиторияның ішінде әр түрлі сабақтар жүре алмайды. Егер таблицада кілт өрісі ретінде мүлдем ешқандай өріс табылмаса, онда қосымша қайталанатын мәліметтері жоқ есептегіш енгізуге болады.
- Клиент таблицасын қарастырайық, мұндағы клиент коды өрісі болады. Бұл түсінікті, өйткені әр бір клиенттің бірігей өз коды болады. Ал енді заказды (тапсырыс) таблицасын қарастырайық, мұнда біз клиент коды бірегей бола алмайтынын көреміз, өйткені әр бір клиент қаншама қаншама көп тапсырыс жасай алады. Деректер схемасында бұл өрістер байланыс түзулері арқылы қосылған. Бұл жағынан бұл түзу «1» деген жұлдызшамен, ал екінші жағынан «шексіздік» жұлдызшасымен белгіленген. Бұл графикалық әдіс «Бірдің көпке» байланысын көрсетеді.
![]()
Таблица аралық байланыстың схемасы.
Тапсырыс таблицасындағы кілт өрісі - тапсырыс коды болады. Онда кім, қашан, қандай бағаға ненін тапсырғаны туралы айтылады. Бұнда тағы да қай жұмысшы іске асырғаны туралы білуге болады. Бір жұмысшы көп тапсырманы қабылдай алмағандықтан тапсырыс таблицасында қызметкер коды өрісі не бірігей, не кілт өрісі бола алмайды, бірақ та қызметкер таблицасында бұл өріс бірігей болады. Мұндай таблицаларды реляциялық қатынаста байланысқан таблицалар деп аталады. Сәйкесінше, байланысқан таблицалар жұмыс жасай алатын басқару жүйелерін реляциондық ДҚБЖ деп атайды, ал деректер схемасын техникалық әдебиетте реляциондық қатынаста схема деп атайды
- Деректер схемасын жасап болғаннан кейін, техникалық тапсырманың «қағаздық» кезеңі бітеді. Бұл схеманы жұмыстың тапсырушысымен ақылдасып келістіру керек, содан кейін барып деректер қорын құруға кірісуге болады. Бірақ мынаны ұмытпау керек, жобаны жасау барысында жұмысты тапсырушының басына жаңа идеялар келіп отырады. Жобалаудың барлық кезеңінде ел бір жүйеге мекеменің барлық жаңа бөлімдері мен қызмет ету орындарын кіргізуге тырысады. Тапсырушының барлық тілектерін орындау мүмкіндігі көбіне дектер қорын жасаушының мамандық дәрежесімен анықталады. Егер деректер схемасы дұрыс болса, қорға жаңа таблицаларды қосу қиын емес. Ал егер қордың құрылымы тиімсіз болса, жобалаушы қиын сынақтан өтіп, тапсырушымен қайшылыққа ұшырайды. Орындаушы мен тапсырушының арасындағы қайшылық әрқашан орындаушының мамандық дәрежесінің төмендігін көрсетеді. Сондықтан деректер қорын алдын ала жобалау кезеңін негізгі кезең деп санау керек. Оның табысты болуына, деректер қоырының қаншалықты ыңғайлы болатыны және қолданушылар онымен жұмыс істеуі тәуелді болады. Егер қолданушылардың оған сұранысы болмаса, бұл олардың төмен дәрежелі қолданушылар болғаны емес, қорды жобалаушының мамандық дәрежесінің төмен болуының айғағы.
Деректер қорын алдын ала жобалау осы кезеңде аяқталады және келесі кезеңде оны тікелей компьютерде іске асыру басталады. Осы кезең ДҚБЖмен жұмыс жасау басталады. Біздің мысалымызда біз Microsoft Access 2002 ДҚБЖ-ны қарастырамыз. [5, 8]
2 бөлім. «Автобекет» деректер қоры
Автобекет деректер қоры автокөліктердің түрлері, жол ақысы, жол жүру жері, көлік иесі туралы ақпарат секілді көптеген мәлімметтермен тығыз байланысты. Әрқашан да ол мәліметтерді сұрыптап отыру, және сол мәліметтердің ішінен керек мәліметті алып шығу қиынға соғады. Сондықтан автобекет жұмысына компьютер керегі сөзсіз. Ал автобекет үлкен деректер базасы болып келгендіктен, ол компьютерге ДҚЖБ құру керек. Менің Microsoft Access-те құрған ДҚБЖ сол Автобекет жұмысын автоматтандыру үшін арналған. Соны сіздердің алдарыңызға ұсынамын.
2. 1 Кестелер құрылымы.
Мәліметтерді алу үшін деректер қорында 14 кесте құрылды, олар: «График», «Жүргізуші», «Маршрут», «Кестесі» кестелері құрылды.
Бұл объектілердің жалпы түрі төменде көрсетілген, Автобекет деректер қорынын кестелері.
«Жүргізуші» кестесі:
«График» кестесі:
«Кесте» кестесі:
Кестеде толтыру кезінде қолданатын әртүрлі кеете аттары жазылған, бұл кесте мәліметтер көзі болып пайдаланылады.
Сондағы біздің деректер қорымыз мынандай схемада сақталынады:
Автобекет деректер қоры
2. 2 Сұраныстар.
Мәліметтерді сұрыптау үшін Сұраныстар құрамыз:
- Автобекет - негізгі кестеден мәліметтерді шығу жылы бойынша сұрыптау
Ол үшін Запросы (Сұраныстар) терезесін ашып, конструктордың көмегімен сұраныс құрамыз. Сұраныс «Автобекет» кестесі бойынша құрылады. Оның барлық бағаналарын кірістіреміз де, сұранысқа тек «Шығу жылы» бағанасын пайдаланамыз.
Конструктор терезесі
Нәтижелі кестенің өрістерінде:
«Жүргізуші» бағанасының «Условие отбора» (Таңдау шарты) жолында сұранысты текстін құрамыз - Like [Қандай жүргізуші керек?]
Сонда сұранысты шақырған кезде мынандай диалогтық терезе пайда болады:
Диалогтық терезе
Алаңға жүргізушінің аты-жөнін енгізіп, ОК батырмасын бассақ, сұраныстың шарты бойынша «Автобекет» кестесінен енгізілген жүргізушінің көлігі бойынша мәліметтер сұрыпталынып алынады.
Автобекет - негізгі кестеден мәліметтерді атауы бойынша жоғарыда сұраныс құру жолын көрсеткендей: маршрут бойынша сұраныстар құрдым.
Запросы (Сұраныстар) терезесі
2. 3 Формаларды құру.
2. 3. 1. Ең алдымен «Автобекет» негізгі формасын құрайық!
Ол үшін «Формы» (Формалар) парағын ашып, ондағы форма жасау варианттарынан «Создание формы с помощью мастера» (Форманы мастердің көмегімен құру) командасын орындаймыз.
«Формалар» терезесі
«Создание форм» (Формаларды құру) терезесі ашылады.
Формалар құру терезесінің 1-ші парағы
Осы терезедегі «Таблицы и запросы» (Кестелер мен сұраныстар) - форма құру үшін мәліметтер көзі болатын кестені таңдау тізімінен «Таблица: Автобекет» кестесін таңдаймыз.
Таңдағаннан кейін «Доступные поля» (Бар бағаналар) алаңына график кестесіндегі барлық бағаналар тізімі шығады. Сол бағаналарды >> батырмасы арқылы «Выбранные поля» (Таңдалған бағаналар) алаңына ауыстырамыз.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz