Азаматтық құқықтық қатынастың объектілері


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 60 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

Кіріспе

1 Азаматтық құқықтық қатынастың түсінігі және түрлері

1. 1 Азаматтық құқықтық қатынастың түсінігі және ерекшеліктері

1. 2 Азаматтық құқықтық қатынастың түрлері

2 Азаматтық құқықтық қатынастың объектілері

2. 1 Азаматтық құқық объектілерінің түсінігі және түрлері

2. 2 Мүліктің түсінігі және оның түрлері

2. 3 Мүліктік емес құндылықтар және оны қорғау

3 Азаматтық құқықтық қатынастың субъектілері

3. 1 Жеке тұлғалар азаматтық құқықтың субъектілері ретінде

3. 2 Мемлекет және әкімшілік аумақтық бірліктер азаматтық құқықтық

қатынастың субъектілері ретінде

3. 3 Заңды тұлғалар азаматтық құқықтық қатынастың субъектілері ретінде

Қорытынды

Қолданылған қайнар көздер тізімі

КІРІСПЕ

Тандаған тақырыбымыз, біздің көз қарасымыз бойынша бүгінгі күні проблемалы және актуалді тақырыптардың бірі. Осы тақырыптың ауқымдылығы кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын азаматтар мен заңды тұлғалар азаматтық құқық нормалары реттейтін құқықтық қатынастарға тұрақты түрде түсіп отырады. Азаматтар өздерінің күнделікті өмірінде әртүрлі ұйымдардың қызмет көрсетуін пайдаланады, сондай - ақ азаматтық құқық нормалары реттейтін құқықтық қатынастарға түсіп отырады. Азаматтық құқық нормалары азаматтар арасында жүйелі түрде пайда болатын құқықтық қатынастарға және іс - әрекеттерге таралады. Азаматтық құқық реттейтін қоғамдық қатынастардың шеңбері өте кең және әралуан, сондықтанда олардың тізімін айту мүмкін емес.

Қазіргі кездегі қоғамды азаматтық қатынастардың дамуының өнімі деп айтуға болады. Бірақта осы әралуан қатынастардың ішінде ең маңызды орынды құқықтық қатынасқа берілген, өйткені ол барлық қоғамдық байланыстарға қатысты жалпы реттеуші функцияны орындайды. Қоғамдық қатынастардың жекелеген түрлерін реттейтін әртүрлі құқық салаларында да құқықтық қатынастың орны ерекше. Құқықтық қатынас әрекетінің механизмін нақты анықтау үшін ең алдымен құқықтық қатынастың түсінігін және басқа қоғамдық қатынастардың жекелеген түрлерінен ерекшелейтін ерекшеліктерді анықтау керек.

Кез келген құқық саласы сияқты азаматтық құқық тиісті қоғамдық қатынастарды реттейтін құқықтық нормалардан тұрады. Азаматтық құқық реттейтін қоғамдық қатынастардың шеңбері өте кең.

Азаматтық құқық нормалары реттейтін қоғамдық қатынастар адамдар арасында пайда болатыны жалпыға белгілі.

Сондықтанда азаматтық құқықтық қатынастың субъектілері ретінде жекелеген индивидтер немесе адамдардың белгілі бір ұжымы болады.

Азаматтық құқықтың күші сонымен қатар азаматтар қатыспайтын қоғамдық қатынастарға да таралады. Мәселен, азаматтық құқық нормалары өнімді өндіруді іске асыру, оны көлікпен тасымалдау үдерісінде пайда болған ұйымдардың арасындағы құқықтық қатынастарды реттейді. Сонымен қатар азаматтық құқық Қазақстан Республикасы және әкімшлік аумақтық бірліктер қатысатын құқықтық қатынастарды реттейді.

Бірақта азаматтық құқықтың пәнін және азаматтық құқық қатынастардың мәнін түсіну үшін ең алдымен мұндай қатынастардың субъектілерін, оның ерекшеліктерін және түрлерін анықтап алу керек. Өйткені азаматтық құқықтық қатынастың әртүрлі субъектілерінің азаматтық құқықтары мен міндеттерін, сондай - ақ құқық қабілеттілік пен әрекет қабілеттілік көлемін білмей, олардың азаматтық құқық жүйесіндегі орны мен мәртебесін дәл анықтау мүмкін емес.

Айта кететін бір жайт, азаматтардың құқықтары мен мүдделерін қорғау бүгінгі күні актуалді болып табылады. Азаматтардың мемлекет пен қоғам ісінен алшақтауы үдеріс ретінде біртіндеп дамиды, ең алдымен психологиялық өзін өзі алшақтау, кейін саяси алшақтау жүреді.

Азаматтарды алшақтаудың осындау түрлерін қалыптастыру үшін негізгі себеп ретінде мыналар болады: азаматтардың өз заңды құқықтарын қорғаудағы шенеуліктердің алдындағы әлсіздігі, мемлекеттік аппараттағы жемқорлықтың нәтижесінда азаматтың мемлекетке сенбеуі, мемлекеттік мекемелерде азаматтардың пікірлерін елемеуі, маңызды мемлекеттік істерден, өміріне байланысты елеулі шешімдерді қабылдаудан азаматтарды аластатуы, мемлекетте, өзінің қаласында және аймағында жағдайды өзгерте алмау мүмкіншілігі және басқа да факторлар.

Бұл өз алдына мемлекет пен қоғамның тұрақсыздығын көрсетеді, глобализация кезінде елдің мемлекеттік институттарын және бәсеке қабілеттігіне нұқсан келтіреді. Сонымен қатар, жоғарыда аталып өткендей, қазіргі кезде адам мен азаматтың құқықтары мен заңды мүдделерін тиісті қорғауды қамтамасыз ететін міндет күрделініп қана қоймай, актуалді болуда.

Көптеген мемлекеттерде адам мен азаматтардың құқықтары ме заңды мүдделерін қорғаудағы институттардың бірі жоғары өкілдік орган бекітетін омбудсмен институты. Қазақстанда бұл тұлға «адам құқығы жөніндегі өкілетті тұлға» деп аталып, Қазақстан Республикасы Президентімен 5 жылға тағайындалады. Глобализация кезеңінде адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғаудың қазақстандық институтын жетілдіруді қажет етеді.

Сондай - ақ осы жұмыста азаматтық құқықтық қатынасқа қатысушылардың құқық азаматтық қабілеттілі мен әрекет қабілеттігі ұйымдары да қарастырылған. Азаматтық әрекет қабілеттіліктің құндылығы келесі мән жаймен анықталады, яғни, азаматтық әрекет қабілеттігі жеке тұлғалардың экономикалық айналымға, шаруашылық өмірге, өзінің мүліктік құқықтарын жүзеге асыруға, әсіресе, меншік құқығын, сондай - ақ мүліктік емес жеке құқықтарды іске асыруға белсенді қатысуын заңи түрде қамтамасыз етеді. Сондықтан да азаматтық әрекет қабілеттілік санаты ең қымбат қазына болып табылады, өйткені ол мүліктік және мүліктік емес жеке қатынастар саласында жеке тұлғаның «егеменді» бостандығы білдірудің заңи құралы. Ал азаматтық құқық қабілеттілік жеке тұлғаға туғаннан беріледі және ол оның қайтыс болғанға дейін болады.

Сондай - ақ азаматтық құқықтық қатынастардың объектілері атты тарау нақты қарастырылған. Азаматтық құқықтық қатынастардың объектілері бұл қатысушылардың әрекеті неге бағытталды сол. Ең көп таралған азаматтық құқықтық қатынастардың объектілері заттар (оларға ақша, бағалы қағаздар және валюталар) және заттарға құқық.

Азаматтық кодес заттарды үшке бөледі, атап айтқанда, еркін айналымдағы, айналымы шектелген, айналымнан алынып тасталған заттар.

Бұл жұмыстың мақсаты:

-азаматтық құқықтық қатынастардың түсінігі, құрылымы және түрлері терең зерттеу;

- азаматтық құқықытық қатынастардың түсінігі және ерекшеліктері ашу;

- азаматтық құқықтық қатынастардың түрлерін зерттеу;

- азаматтық құқық объектілерінің түсінігі және түрлерін терең зерттеу;

- заттардың түсінігі және оның түрлерінің ерекшеліктерін анықтау;

- материалдық емес құндылықтар және оны қорғаудың мәнің зерттеу;

- азаматтық құқықтық қатынастың субъектілерін зерттеу;

- жеке тұлғалар азаматтық құқықтың субъектілері ретіндегі ерекшеліктерін зерттеу;

- мемлекет және әкімшілік аумақтық бірліктер азаматтық құқықтық қатынастың субъектілері ретінде ерекшеліктерін зерттеу;

- заңды тұлғалар азаматтық құқықтық қатынастың субъектілері ретінде ерекшеліктерін зерттеу болып табылады.

1 АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚАТЫНАСТЫҢ ТҮСІНІГІ МЕН ТҮРЛЕРІ

1. 1 Азаматтық құқықытық қатынастың түсінігі және ерекшеліктері

Өздерінің қажеттерін қанағаттандыру барысында азаматтар мен заңды тұлғалар үнемі өзара әр түрлі қатынастарға түсуге мәжбүр болады. Адамдар және заңды тұлғалар арасында қалыптасатын нақты қатынастар сан түрлі болады. Оларды әр түрлі әлеуметтік нормалар, атап айтқанда, моральдық және этикалық нормалар реттеп отырады. Айта кететін бір жайт, мұндай қатынастардың айтарлықтай бөлігін құқық нормаларды да реттейді, олар құқықтық қатынастар нысанына ие болады. Құқықтық реттеудің нәтижесінде қолданыстағы қоғамдық қатынастармен қатар, әлде бір жаңа құқықтық қатынастар пайда болмайды. Құқықтық қатынастар дегеніміз - бұл нақты қоғамдық қатынастардың нысаны ғана [1, 326 б. ] .

Қоғамдық қатынастарды құқықтың түрлі салаларының нормалары реттеп отырады. Азаматық құқық негізінен меншік қатынастарын және тауар - ақша айналымы саласында қалыптасатын қатынастарды реттейді. Азаматтық құқық сондай - ақ өзіндік мүліктік емес қатынастарды да реттейді. Мүліктік емес игіліктер өзіндік мүліктік емес қатынстардың объектілері болады. Азаматтық құқық нормалары реттеген қоғамдық қатынастар құқықтық қатынастар, атап айтқанда, азаматық - құқықтық қатынастар сапасына ие болады. Азаматық - құқықтық қатынастар дегеніміз - азаматық құқық нормалары реттеген қоғамдық қатынастар.

Азаматтық - құқықтық қатынастардың ерекшеліктері азаматтық - құқықтық реттеудің объектісі мен әдістерне байланысты. Азаматтық - құқықтық қатынастардың аса маңызды белгісі, ең алдымен, оған қатысушылардың заң жүзіндегі теңдігі. Азаматтық - құқықтық қатынастардың субъектілері билік пен өзара бағыну қатынастарында болмайды, өзара міңдеттермен және құқықтармен ғана байланысты болады. Азаматтық - құқықтық қатынастарға қатысушылардың бірінің екіншісіне міндеттерін орындау жөнінде талап қоюы биліктің өкілеттігіне емес, оған тиесілі субъективтік азаматтық құқыққа сүйенеді. Азаматтық - құқықтық қатынастар субъектілерінің тендігі олардың мүліктік дербестігіне сүйенеді.

Азаматтық - құқықтық қатынастар ерікті болады. Әдетте, мұндай қатынастар оларға қатысушылардың қалауы бойынша жасалады, өйткені азаматтық - құқықтық қатынастардың басым бөлігі шарттың негізінде пайда болады. Алайда олар өзге де себептермен пайда болатын жағдайда мұндай құқықтық қатынастардың мазмұның құрайтын құқықтар мен міндеттер қатысушылардың ерікті ерекеттерімен жүзеге асырылады.

Азаматтық құқықтық қатынастарды қарастыра отырып, оны құқықтық қатынастың басқа да түрлерінен ерекшелейтін бірқатар белгілерін атап өту керек:

- азаматтық құқықтық қатынастың субъектілері бір бірінің алдында тең, нақты құқықтық қатынаста оларға жүктейтін функциялардан тәуелсіз болады, сондықтан да міндетті тұлға құзыретті тұлғаға бағынбайды, олар тек нақты міндеттермен байланысты;

- азаматтық құқықтық қатынастардың кең көлемді субъектілері ретінде азаматтары, заңды тұлға, Қазақстан Республикасы болуы мүмкін;

- азаматтық құқықтық қатынастар объектілерінің көптігі (заттар, жұмыс және қызмет көрсету, ақпарат, интелектуальдық қызметтің нәтижелері, материалдық емес құндылықтар) ;

- тараптардың өзара келісімімен азаматтық құқықтық қатынастың мазмұның анықтау мүмкіншілігі (ал құқықтық қатынастардың басқа түрлері тек тиісті құқық нормасы болған жағдайда ғана пайда болады) ;

- азаматтық құқықтық қатынас субъектілерінің құқықтары мен міндеттерін нақты жүзеге асырудың құқықтық кепілдігі ретінде ең алдымен мүліктік сипаттағы шараларды қолдану (шығынды толтыру және тұрақсыздық айыбын өндіріп алу) ;

- азаматтық құқықтық қатынастардың тікелей заңда көрсетілмеген, бірақ оған қайшы келмейтін негіздер бойынша пайда болу мүмкіншілігі;

- бұзылған азаматтық құқықтарды қорғаудың ерекше тәртібі мен тәсілі, яғни азаматтық құқықтық қатынасқа қатысушылардың өз құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау үшін сот органдарына тиісті талап арыз беру арқылы жүгіну мүмкіншілігі;

- азаматтық құқықтық қатынастардың заңи факт деп аталатын ерекше өмірлік мән-жайлар негізінде пайда болуы.

Сонымен, азаматтық құқықтық қатынастар - бұл азаматтық құқық нормаларымен реттелген, қатысушылары бір бірімен өзара субъективтік құқықтар мен заңи міндеттермен байланысты ерікті қоғамдық мүліктік және мүліктік емес жеке қатынастар.

1. 2 Азаматтық - құқықтық қатынастың түрлері

Азаматтық - құқықтық қатынастардың нормалары реттейтін объектіге қарай азаматтық - құқықтық қатынастардың мынадай түрлерін ажыратады:

- мүліктік қатынастар;

- мүліктік қатынастармен байланысты мүліктік емес өзіндік қатынастар;

- мүліктік қатынастармен байланысы жоқ мүліктік емес өзіңдік қатынастар.

Азаматтық - құқықтық реттеудің объектісі, ең алдымен, мүліктік қатынастар болатындықтан, азаматтық - құқықтық қатынастардың басым бөлігі мүліктік сипатта болады. Мүліктік азаматтық-құқықтық қатынастардың объектісі материалдық игіліктер мен құқық (мүлік) болып табылады. Меншік қатынастары, мүліктің бір тұлғадан екінші тұлғаға өтуіне (сатып алу - сату, айырбас, займ және тағы сол сияқты) делдалдық жасайтын қатынастар мүліктік азаматтық - құқықтық қатынастарға жатады. Интеллектуалдық шығармашылық қызметтің нәтижелері мүліктік қатынастармен байланысты мүліктік емес өзіндік құқықтық қатынастардың объектісі болып табылады. Интеллектуалдық шығармашылық қызметтің нәтижелеріне құқық мүліктік емес сипатта болады (авторлық құқығы, шығармаға қол сұғылмау құқығы және тағы сол сияқты), алайда оларды басқа тұлғалардың пайдалануы ақылы негізде жалпы ереже бойынша жүргізіледі, осының салдарынан аталған құқықтық қатынастар мүліктік емес болғандықтан, мүліктік қатынастармен байланысты болып шығады. Адамның жеке басына қатысты материалдық емес құқықтар мен игіліктер - ар - намыс, қадір - қасиет, іскерлік бедел және тағы сол сияқты мүліктік қатынастармен байланысы жоқ мүліктік емес өзіндік қатынастардың объектісі болып табылады.

Сонымен қатар, абсолюттік және салыстырмалы азаматтық - құқықтық қатынастар болады. Абсолюттік құқықтық қатынастарда құқық берілген адамға міндетті ретінде үшінші адамдардың беймәлім тобы қарсы тұрады, мұндай құқықтық қатынастарда іс жүзінде әркім және барша жүрт міндетті болып шығады. Мысалы, меншіктің құқықтық қатынастары абсолюттік қатынастарға жатады, мұнда меншіктің субъективтік құқығына барлық үшінші тұлғалардың бұл құқықты бұзбау, оны жүзеге асыруға кедергі жасамау міндеті ұштасады. Салыстырмалы құқықтық қатынастарда нақты адам (адамдар) міндетті болып табылады. Салыстырмалы құқықтық қатынастар құқық берілген тараптың да, міндетті тараптың да нақты тұлғаларын байланыстырады, яғни дербестелген болып табылады. Мәселен, зиян келтірген адам жәбірленушіге зиянның орнын толтыруға, сатып алушы өзі сатып алған заттың құнын төлеуге міндетті. Кез келген адам абсолюттік құқықты бұзып алуы мүмкін, тиісінше, мұндай құқық субъектісіне оны кез келген адамның бұзуынан қорғау құқығы ұсынылады. Мәселен, автордың шығармасына қол сұғылмау құқығын кез келген адам бұзуы мүмкін. Салыстырмалы құқықты міндетті адам ғана бұза алады. Мердігер атқарған жұмыстың ақысын талап ету құқығын тек тапсырыс беруші бұза алады. Демек, салыстырмалы құқық нақты адамдар тарапынан болатын құқық бұзушылықтан қорғаумен қамтамасыз етілген, келтірілген мысалда - тапсырыс беруші тарапынан қорғалады.

Азаматтық - құқықтық қатынастар заттық және міндеттемелік азаматтық - құқыктық қатынастар болуы мүмкін. Заттық құқықтық қатынастарда құқық берілген субъектінің затқа өзінің әрекетімен ғана жүзеге асатын құқығы болады ("өзі әрекет ету" құқығы) . Заттық құқықтың субъектісі өзінің затқа деген мүддесін басқа адамдардың көмегіне жүгінбестен, затқа тікелей әсер ету жолымен қанататтандыра алады. Атап айтқанда, меншік құқықтық қатынастары заттық құқықтық қатынастар болып табылады. Меншік иесі өзіне тиесілі затты иеленуге, пайдалануға және оған билік етуге құқылы, ал міндетті субъектілер - қандай да бір әрекеттер жасамауы тиіс, оларға меншік иесінің өз құқығын жүзеге асыруына кедергі жасамау жөнінде енжар міндет жүктеледі. Міндеттемелік құқық субъектісінің затқа деген мүддесі басқа адамның белгілі бір әрекеттер жасауы жолымен қанағаттандырылуы мүмкін. Міндеттемелік құқықтық қатынастарда құқық берілген адам міндетті адамнан белгілі бір әрекеттер жасауды талап етуге құқылы ("бөгде әрекет" құқығы) . Мәселен, сатып алушы сатушыдан өзіне затты беруді талап ете алады, ал сатушы оны сатуға, яғни белгілі бір әрекеттер жасауға міндетті.

Зат қашан да заттық құқықтық қатынастардың объектісі болып саналады, ал міндеттемелік қатынастардың объектісі - зат болмауы мүмкін. Мысалы, баспа мен автордың арасыңдағы әдеби туыңды жасау жөніндегі шарттан туындаған құқықтық қатынастың объектісі зат емес, интеллектуалдық қызметтің нәтижесі - әдеби шығарма болады.

2 АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚАТЫНАСТЫҢ ОБЪЕКТІЛЕРІ

2. 1 Азаматтық құқықтық қатынас объектілерінің түсінігі және түрлері

Құқықтар объектілері ұғымы - құқық ғылымындағы даулы ұғымдардың бірі. Бұл тарауда философияда талданған және құқық ғылымында жиі пайдаланылатын объектінің жалпы ұғымына сәйкес, құқық субъектісі ықпал ететін немесе ықпал ете алатын нәрселердің бәрін субъективтік құқық объектісі деп түсіну керектігін ғана атап көрсетеміз. Мұнда құқық субъектісі құқық объектісіне өзінше ықпал етеді. Ол объектінің табиғи және өзге де заңдық емес қасиеттерін өзтертпестен, оның заңдық қасиеттері мен күйіне ғана, оның үстіне, заңдарда көзделген ауқымда ғана ықпал етеді [2, 258 б. ] .

Азаматтық Кодекс (әрі қарай АК) азаматтық құқықтар объектілеріне арнаулы тарау бөлген, ол, негізінен, азаматтық құқықтар объектілерінің және ақша, бағалы қағаздар секілді маңызды әрі ерекше объектілердің құқықтық режимінің жалпы мәселелерін реттейді. Алайда құқық объектілерінің жекелеген түрлерінің құқықтық режимінің бірқатар арнайы мәселелерін АК-ның жалпы және ерекше бөлімінің басқа тараулары және өзге де азаматтық заңдар реттейді.

Мүліктік және мүліктік емес өзіңдік игліктер мен құқықтар азаматтық құқықтар объектілері бола алады. Сонымен, АК азаматтық құқықтар объектілерін мынадай негізгі екі топқа бөледі: мүліктік игіліктер мен құқықтар және мүліктік емес өзіндік игіліктер мен құқықтар.

Азаматтық құқық субъектілерінің материалдық және өзге де қажеттерін қанағаттандыра алатын, әдетте, ақшалай бағалауға жататын және азаматтық құқық реттейтін қатынастар саласына енгізілген материалдық заттарды және өзге құндылқтарды (атап айтқанда, энергияны, жұмысты және көрсетілетін қызметті) мүліктік игіліктер деп түсінеміз.

Мүліктік игіліктерге (атап айтқаңда, мүліктік игіліктерді пайдалану, иелену және оларға билік ету) субъективтік азаматтық құқықтарды мүліктік құқықтар деп түсінеміз.

Мүліктік игіліктер мен құқықтардың негізгі түрлері АК - ның 115-бабының 2-тармағында аталған. Оларға заттар, ақша, оның ішінде шетел валютасы, бағалы қағаздар, жұмыс, қызмет, шығармашылық интеллектуалдық қызметтің объектіге айналған нәтижелері, фирмалық атаулар, тауарлық белгілер және бұйымдарды дараландырудың өзге де құралдары, мүліктік құқықтар мен өзге де мүлік жатады.

Мүліктік игіліктер мен құқықтардың АК - да келтірілген тізбесі жеткілікті емес. Мысалы, қазіргі уақыт үшін маңызды болып табылатын ақпарат секілді мүліктік игілік оған енгізілмеген.

Азаматтық құқық субъектілерінің жеке тұлғасымен ажырамастай тығыз байланысты құндылықтар мүліктік емес өзіндік игіліктерге жатады, ал мүліктік емес өзіндік құқықтар дегеніміз- бұл аталған құндылықтарға құқықтар болып табылады. Мысалы, адамның өмірі мүліктік емес өзіндік игіліктерге, ал өмірі сұру құқығы - мүліктік емес өзіндік құқықтарға жатады.

Құқық объектілері - мүліктік емес өзіндік игіліктердің мүліктік емес өзіндік құқықтармен тығыз байланысқаны соншама, АК кейде тек мүліктік емес өзіндік құқықтар туралы мәселе қозғап, онда осы ұғымдар арқылы мүліктік емес өзіндік игіліктерді меңзеп отырады.

АК - ның 115 - бабының 3 - тармағында негізгі мүліктік емес өзіндік игіліктер мен құқықтардың тізбесі берілген. Бұл жеке адамның өмірі, денсаулығы, қадір-қасиеті, абырой, игі атақ, іскерлік бедел, жеке өмірге қол сұқпаушылық, жеке құпия мен отбасы құпиясы, есім алу құқығы, автор болу құқығы, шығармаға қол сұқпаушылық құқығы және басқа материалдық емес игіліктер мен құқықтар. Көріп отырғанымыздай, мүліктік емес игіліктер мен құқықтардың тізбесін түпкілікті толық деуге болмайды.

Тізбеге екі түрге жататын мүліктік емес өзіндік игіліктер мен құқықтар енгізілген: мүліктік игіліктермен және құқықтармен байланысы жоқ, мысалы, жеке адамның өмірі, қадір - қасиеті және мүліктік игіліктермен және құқықтармен байланысты, мысалы, автор болу құқығы, шығармаға қол сұқпаушылық құқығы.

Мүліктік емес өзіндік игіліктер мен құқықтар оқулықтың басқа тарауларында да қаралады. Ал мұнда мүліктік өзіндік игіліктер мен құқықтардың бірқатары адамның және азаматтың құқықтары ретінде ҚР Конституциясында баянды етілгенін атап көрсету керек. Бұл, мысалы, өмір сүру, қадір - қасиет, жеке өмірге қол сұқпаушылық құқығы.

ҚР Конституциясының 12 - бабының 2 - тармағына сәйкес, адамның құқықтары мен бостандықтары әркімге тумысынан жазылған, олар абсолютті деп танылады, олардан ешкім айыра алмайды. Олар заңдардың және өзге де нормативтік құқықтық актілердің, оның ішінде азаматтық-құқықтық құжаттардың мазмұны мен қолданылуын айқындайды.

Азаматтық құқықтардың объектілері - мүліктік және өзіндік құқықтарға сипаттама беруде мынаны ескеру қажет: заң әдебиеттерінде азаматтық құқықтық қатынастарды қарастыруда субъективтік құқықтар, әдетте, құқықтық қатынастардың объектілері ретінде емес, олардың мазмұнының немесе нысанының элементтері ретінде айқындалады. Бірақ мұндай көзқарас құқықтық қатынастардың дамуын, субъект ұғымының, мазмұн объектісінің және құқықтық қатынастар нысанының салыстырмалы сипатын тиісті дәрежеде ескермейді. Субъективтік мүліктік құқық құқықтар объектісі ретінде әрекет ете алады және көбіне осылай әрекет етіп келеді, бұл АК - ның 115 -бабының 1 - тармағында тікелей көзделген. Мүліктік құқық, мысалы, жаңа құқықтық қатынастар түзетін мәмілелердің нысанасы болатын кезде құқық объектісі ретінде әрекет ете алады және әрекет етеді. Мысалы, жерді тұрақты пайдалану құқықтық қатынастарында объект мүліктік игілік - жер учаскесі болып табылады. Бірақ жерді тұрақты пайдалану құқығы мәмілелердің нысанасы болуы мүмкін. Сонымен, жерді тұрақты пайдалану құқығын сату немесе өзгеше беру жағдайында жаңа міндеттемелік қатынас, мысалы, жерді пайдалану құқығын сатып алу - сату міндеттемесі пайда болады. Бұл арада "құқыққа құқық", сатып алу - сату міндеттемесінің объектісі - жер пайдалану құқығына сатушы мен сатып алушының құқығы пайда болады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Азаматтық құқық объектілерінің түрлері
Азаматтық құқық субъектілерінің түсінігі
Құқықтық қатынастар
Азаматтық-құқықтық қатынастың түсінігі мазмұны және түрлері
Азаматтық құқықтық қатынастың субъектілері
Мүліктік қатынастарға байланысы жоқ мүліктік емес жеке қатынастар
Азаматтық құқықтық қатынастардың жіктелуі
Азаматтық - құқықтық қатынастар объектілері
АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚАТЫНАСТАРДЫҢ ТҮСІНІГІ
Құқықтық қатынастың субъектілерінің кұқығы мен міндеттері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz