Мәліметтер қоры және мәліметтер қорын басқару жүйелері
Мазмұны
Кіріспе
Негізгі бөлім
1. Мәліметтер қоры және мәліметтер қорын басқару жүйелері
1.1Мәліметтер қорының әкімшілігінің функциялары
1.2Мәліметтер қоры администраторының байланыстары
1.3Ақпараттық моделі
1.4Инфологиялық модель құру
1.5Мәліметтерді нормальдау
1.6Бүгінгі күнгі мәліметтер қоры
1.7Мәліметтер қорының кең түрде қолданылуының алғы шарттары
2. Азия елдері мәліметтер қорын жасақтау
2.1 Кестемен жұмыс
2.2 Сұратуларды қолдану
2.3 Формамен жұмыс
2.4 Есеп беру
2.5 Макроспен жұмыс
2.6 Модульдерді қолдану
2.7 Импорттау және экспорттауды қолдану
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Microsoft Access жүйесінің мәліметтер қорын жобалауға да және оны
пайдалануға да ыңғайлы жақсы мүмкіндіктері бар. Access-ті қолданбалы
программалар ішіндегі қолдануға арналған ең қолайлы құрал болып табылады.
Мәліметтер қорының маңыздылығы ол мәліметтер қорын енгізіп, сол
мәліметтерден керекті мәліметтерді тез және оңай алу үшін қолданады. Бұл
жұмысымда Азия елдері туралы мәліметтер қоры құрылған.
Access терезесімен жұмыс істеуіне бағытталған, өте қолайлы программа
болып табылады. Access кестелері, формалар, сұраныстар, есептер, макростар
және модульдер сияқты мәліметтер қорының объектілерімен жұмыс істейді.
Курстық жұмыстың мақсаты: Азия елдері жұмысын құру негізінде мәліметтер
қорын басқару жүйесінің қолдану аясы кең, оның мәнінің жоғары болуын және
қазіргі кезде мәліметтерді сақтау және өңдеу жұмыстарын соңғы жылдарда
шыққан программалық өнімдер арқылы жылдам әрі тиімді ұйымдастыруға
болатынын анықтау. Бұл курстық жұмысымның өзектілігін көрсетеді.
Осы мақсатқа жетудегі негізгі міндеттері төмендегідей:
1.Мәліметтер қорын басқару жүйесінің негізін ашу;
2.Мәліметтер қоры теориясымен танысу және МҚБЖ түрлерін қарастырып,
олардың ішінен жүйе құру үшін ең тиімді болып табылатынын таңдап алу;
3.Microsoft Access Мәліметтер қорын басқару жүйесінде Азия елдері
бойынша мәліметтер қарастыру;
4.Microsoft Access – те кестелер, сұраныстар, формалар, арқылы
ақпараттық жүйе құру.
Негізгі бөлім
1.1 Мәліметтер қорының әкімшілігінің функциялары
Мәліметтер қорының администраторларының тобының құрамында олардың
атқаратын функцияларына байланысты әртүрлі топшаларды бөліп көрсетуге
болады. Әкімшілік топтың құрамының саны, олардың атқаратын қызметі
мәліметтер қорының масшатабына, онда сақталатын ақпараттың спецификасына,
мәліметтер қорының типіне, қолданыстағы бағдарламалық жабдықтар
ерекшеліктеріне және кейбір басқа факторларға белгілі бір дәрежеде тәуелді
болады.
Мәліметтер қорының әкімшілігінің құрамында жүйелік аналитиктер,
мәліметтер қорына қатысы бойынша сыртқы ақпараттық қамсыздандыруды
жобалаушылар, мәліметтерді өңдеудің технологиялық процесстерінің
жобалаушылары, жүйелік және қолданбалы программисттер, операторлар,
техникалық қамсыздандыру бойынша мамандар болуы керек. Егер әңгіме
коммерциялық мәліметтер қоры жөнінде болса, онда бұл жерде маңызды рольді
маркетинг бойынша мамандар ойнайды[1].
Мәліметтер қорының администраторлары жан-жақты функциялардың үлкен
шеңберін орындайды. Әрі қарай олардың кейбіреуін қарастырып өтуге болады.
Бұл функциялардың негізгілері келесідей:
1.Пәндік облыс анализі: пәндік облысты жазбаша суреттеу, толықтылықты
шектеуді табу, ақпарат статусын анықтау, пайдаланушылар қажеттіліктерін
анықтау, пайдаланушылар статусын анықтау, "мәліметтер - пайдаланушы"
сәйкестігін анықтау, мәліметтерді өңдеудің уақыттық - көлемдік мінездемесін
анықтау.
2.Мәліметтер қорының құрылымын жобалау: мәліметтер қорының файлдарының
құрамы мен құрылымын анықтау, олардың арасындағы байланыстарды анықтау,
Мәліметтерді тәртіптеу әдістері мен ақпаратқа енуі әдістерін таңдау,
мәліметтео қоры мен мәліметтерді жазбаша суреттеу тілдерінің құрылымын
жазбаша суреттеу.
3.Мәліметтер қоры мен МҚ-н өңдеу шараларының құрылымын жазбаша суреттеу
кезінде толықтылықты шектеуді беру: пәндік облысқа жататын толықтылықты
шектеуді беру, мәліметтер қорының құрылымымен шақырылған толықтылықты
шектеуді анықтау, деректерді енгізу мен түзетулерде МҚ-ң толықтылығын
қамтамасыз ететін шараларды құру, көп пайдаланушылар режимінде
пайдаланушылардың параллельді жұмысында толықтылықты шектеуді қамтамасыз
ету.
4.Мәліметтер қорын алғашқы жүктеу мен жүргізу: мәліметтер қорын алғашқы
жүктеу мен жүргізу технологиясын жасау, енгізу формаларын жобалау,
мәліметтерді дайындау, енгізу және енгізуді бақылау.
5.Мәліметтерді қорғау.
5.1 Жүйеге пароль арқылы кіруді қамтамасыз ету: пайдаланушыларды
тіркеу, парольдарды тағайындау және өзгерту.
5.2 Нақты мәліметтерді қорғауды қамтамасыз ету: пайдаланушылар
топтарының және жеке пайдаланушылардың ену құқықтарын
анықтау, жеке пайдаланушылар үшін мәліметтерге жасалатын
рұқсат етілген операцияларды анықтау, мәліметтерді қорғаудың
программалық - технологиялық жабдықтарын таңдауқұру.
5.3 Мәліметтерді қорғау жабдықтарын тестілеу.
5.4Ақпаратқа енудің қарастырылмаған жолдарын анықтаутіркеу.
5.5 Мәліметтерді қорғауды бұзудың пайда болған жағдайларын
зерттеу және оларды жою мен алдын-алу бойынша іс-шаралар
жүргізу.
6.МҚ-н қайта қалыптастыруды қамтамасыз ету: МҚ-н қайта қалыптастырудың
программалық-технологиялық жабдықтарын құру, жүйелік журналдарды жүргізуді
ұйымдастыру.
7.МҚ-на пайдаланушылардың жолдауның анализі: пайдаланушылардың МҚ-на
жолдауының статистикасын жинау, оны сақтау және анализдеу.
8.МҚ-ның жұмыс жасау тиімділігінің анализі мен жүйенің дамуы: жүйенің
жұмыс жасу көрсеткіштерінің анализі (өңдеу уақыты, жадының көлемі, құндық
көрсеткіштер), мәліметтер базасын қайта ұйымдастыру мен қайта құрылымдау,
мәліметтер базасының құрамын өзгерту, программалық және техникалық
жабдықтарды дамыту.
9.пайдаланушылармен жұмыс жасау: пәндік облыстағы өзгерістер туралы
ақпарат жинау, пайдаланушылардың МҚ-ң жұмысын бағалау туралы ақпарат жинау,
пайдаланушыларды оқыту, пайдаланушыларға кеңес беру.
10.Жүйелік программалық жабдықтарды дайындау және қолдау: МҚБЖ және ҚПП
туралы ақпарат жинау және анализдеу, программалық жабдықтарды иемдену,
оларды орналастыру, жұмысқа жарамдылығын тексеру, жүйелік кітапханаларды
қолдау, программалық жабдықтарды дамыту.
11.Ұйымдастырушылық-әдістемелік жұмыс: МҚ-н жобалау әдістемесін таңдау
немесе құру, жүйенің даму бағыттарын және мақсаттарын анықтау, мәліметтер
қорының даму кезеңдерін жоспарлау, ұйымдастырушылық-әдістемелік
материалдарды жасау және шығару[2].
1.2 Мәліметтер қоры администраторының байланыстары
МҚ-ң администраторы өз қызметінің барысында мәліметтер қорының басқа
пайдаланушыларымен, сонымен қатар МҚ-ң пайдаланушылары болып табылмайтын
"сыртқы" мамандармен де қарым-қатынасқа түседі.
Ең алдымен егер мәліметтер қоры қандай да бір кәсіпорынды немесе
ұйымды ақпараттық қамтамасыз ету үшін құрылса, онда осы ұйымның
әкімшілігімен қарым-қатынас қажет. Жоғарыда көрсетілгендей МҚ-ын енгізу
ақпаратты өңдеу жүйесінде ғана емес, сонымен бірге ұйымды басқарудың
бүтіндей жүйесіне де өзгеріс енгізеді. Бұндай үлкен жобалардың ұйым
басшылығының белсенді түрде араласуынсыз және қолдауынсыз орындалмайтыны
анық. Ұйым басшылығы МҚ-мен ұсынылатын мүмкіндіктермен танысуы керек, оның
басымдылықтары мен жеткіліксіздіктері туралы хабарлануы тиіс, сонымен қатар
МҚ-ның құрылуы мен функционалдануы барысында пайда болатын мәселелер туралы
ақпарат алуы тиіс.
Мәліметтер қоры пәндік облыстың динамикалық ақпараттық көрінісі болып
табылатындықтан МҚ-ның администраторлары өз кезегінде ақпараттық жүйе
құрылатын объектінің даму переспективасы туралы уақытында хабарлануы тиіс.
Ұйым басшылығы мен МҚ-ның администраторы МҚ-н құрудың негізгі
бағыттары мен уақыты және оның дамуы, пайдаланушыларды қосу кезектілігі
туралы келісуі қажет.
МҚ-ның бүкіл өмірлік циклінің кезеңдеріндегі өте тығыз байланыс
түпкілікті пайдаланушылармен байқалады. Бұл қарым-қатынас пайдаланушылардың
қажеттіліктері зерттелген кездегі, пәндік облыстың ерекшеліктері анықталған
кездегі жүйені жобалаудың алғашқы кезеңдерінде басталады және жобалау
процессі мен жүйенің функционалдануы кезінде де қолдау табады[3].
Соңғы уақыттарда мәліметтер қорының түпкілікті пайдаланушылары мен
администраторлары арасында функцияларды қайта бөлу жүріп жатқандығын айта
кеткен жөн. Бұл ең алдымен түпкілікті пайдаланушыларға бағытталған тілдік
және программалық жабдықтардың дамуымен байланысты. Бұған қарапайым және
соған қоса күшті сұрау салу тілдері, сонымен қатар жобалауды автоматтандыру
жабдықтары жатады.
Егер мәліметтер қоры қандай-да бір оны қосушы автоматтандырылған
ақпараттық жүйенің құрамында функционалданса, онда бұл жүйеде мәліметтерді
өңдеу бойынша мамандармен қарым-қатынаста жұмыс істеуі қажет.
МҚ-ын мамандандырылған жобалық ұжымдармен бүтіндей немесе МҚ жобалаудың
өзіндік нысаны ретінде жиі құрылады. Бұл жағдайда МҚ-ның әкімшілік қызметі
ұйымдық-өндіруші ретінде де, ұйымдық-тапсырыс беруші ретінде де құрылуы
керек.
1.3 Ақпараттық моделі
Деректердің ақпараттық моделі дегеніміз, яғни оларды қандай және неше
кестелерге бөлінетінін көрсету.
1.4 Инфологиялық модель құру
Инфологикалық модельдің негізгі компоненті пәндік аймақ объектісі
болатын түпмән және оның сипаттамасы болатын атрибуттар болады.
Әрбір түпмән модельдің өзіндік экземпляры ретінде қарастырылады, ал бірдей
экземплярлар түпмәндер жиынтығына топтастырылады.
К.Дейт түпмәндердің үш негізгі классын анықтады: 1) өзектік түпмән, 2)
ассоциативтік түпмән, 3) сипаттамалық түпмән және ассоциацивтік түпмәннің
ішкі классына жататын белгілейтін түпмән[4].
1.5 Мәліметтерді нормальдау
Енді тиімді құрылымды мәліметтерді жобалауға кірісейік. Қазіргі
мезгілде мәліметтердің үш моделі белгілі: иерархиялық, желілік және
реляциялық. Біз жұмыс жасайтын Microsoft Access реляциялық болып табылады.
Реляциялық мәліметтер қорының теориясы қатынастардың математикалық ториясы
негізінде 70-нші жылдары Кодд жасаған[5]. Реляциялық мәліметтер қорында
мәліметтер кесте түрінде сақталады және қормен жұмыс осы кестеге жасалатын
әрекеттер арқылы жүзеге асады. Осы теория негізі кесте, жол, баған, индекс,
кілт және сыртқы кілт, байланыс болып табылады. Кесте мәліметтер қорында
бірегей аты бар жолдар мен бағандардан тұрады. Мәліметтер қоры бір-бірімен
бірдей болатын жолдар арқылы байланысатын көптеген кестелерден тұрады. Осы
әрбір кестеде бірдей типті объект туралы ақпарат сақталады. Нормальдау
дегеніміз – мәліметтерді енгізу, өзгерту, жоюды тиімділеу үшін қорды бір
немесе одан да көп кестелерге бөлшектеу.
1.6 Бүгінгі күнгі мәліметтер қоры
Мәліметтерқоры бұл ақпараттарды сақтау үшін арналған ұйымдастырылған
құрылым. Алғашқы кезде, яғни мәліметтер қоры түсінігі қалыптаса бастаған
жылдары базаларда тек қана мәліметтер сақталып жүрді. Бірақ бүгінгі күнгі
мәліметтер қорын басқару жүйелері (МҚБЖ) өз құрылымында тек қана
мәліметтерді ғана емес, сонымен қатар тұтынушылармен немесе басқа да
программалық-ақпараттық кешендермен қарым-қатынас жүзеге асырылатын
әдістерді (яғни, программалық код) де орналастыруға мүмкіндік береді.
Осылайша біз қазіргі заманғы мәліметтер қорында тек қана мәліметтер ғана
емес, сонымен бірге ақпарат та сақталатындығын айта аламыз[6].
Егер, мысалы, ірі банктің мәліметтер қорын қарастыратын болсақ, бұл
анықтаманы оңай түсіндіруге болады. Бұнда клиенттер туралы, олардың мекен-
жайлары, кредиттік тарихы, есеп шоттарының жағдайы, қаржылық операциялары
және т.б. туралы мәліметтер сақталады. Бұл қорға банктің көптеген
қызметкерлері кіре алады. Бірақ олардың ішінде бұл қорға толықтай ие болып,
оған өзі жеке өзгерістер енгізе алатын адам жоқ. Мәліметттерден басқа қорда
әр түрлі әдістер мен жабдықтар бар, ол әрбір қызметкерге оның
компетенциясына кіретін мәліметтермен ғана жұмыс жасауға мүмкіндік береді.
Қордағы мәліметтердің нақты қызметкерлерге тиісті әдістермен өзара
байланысы нәтижесінде қызметкерлер пайдаланатын және өз компетенциясы
шеңберінде мәліметтерді енгізу мен редактрлеуді жүргізетін ақпарат
қалыптасады.
Мәліметтер қоры түсінігімен мәліметтер қорын басқару жүйесі түсінігі
тығыз байланысты. ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz