Акцияға пайда стандартына сипаттама
Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
І. Акцияға пайда стандартына сипаттама.
1. Акция ұғымы және
түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ..5
2. Акцияға келетін пайда стандартының мақсаттары мен қолданылу
ортасы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .7
ІІ. Акция келетін пайдасының есептеу әдістері және олар бойынша ақпараттың
берілуі мен ашылуы.
2.1. Акцияға келетін негізгі пайда және
есебі ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ..10
2.2. Акцияға келетін таратылған пайда және
есебі ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ..13
2.3. Ақпараттың ашылуы мен
берілуі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...18
ІІІ. Жетілдіру
жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... .20
Қорытынды мен
ұсыныстар ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ..23
Пайдаланылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... .25
КІРІСПЕ
Курстық жұмыс өзектілігі:
2005 жылдан бастап Қазақстан Республикасындағы акционерлік қоғамдар
қаржылық есептің халықаралық стандарттарына (ҚЕХС) көшті. Демек,
акционерлік қоғамдар қаржылық есепті халықаралық стандарттарға сай беруге
міндеттенеді. Сол себепті жоғарыда аталған институттар үшін ҚЕХС -33
Акцияға пайда ерекше орын алады десек қате болмас. Сонымен қатар, жалпы,
акционерлер, әлеуетті(потенциалды) инвесторлар және қаржылық нарықтың
сарапшылары кез келген компанияның қаржылық жағдайын бағалағанда акцияларға
есептелетін пайда көрсеткіштерін кең пайдаланады. Осыларды ескере келе,
әрине, бұл стандарттың бухгалтерлік есепте алатын орны маңызды да керекті.
Зерттеудің негізгі объектілері ретінде акциялардың өздері(түрлері,
қасиеттері, ерекшелітері), акцияның екі тәсілі – акцияға келетін базалық
және азайтылған пайдалар, кәсіпорында көрсетілуі және соған байланысты
ақпараттарды беруі қарастырылады.
Жалпы алғанда, акция дегеніміз акционерлік қоғам шығаратын және
акционерлiк қоғамды басқаруға қатысуға, ол бойынша дивиденд және
акционерлiк қоғам таратылған жағдайда оның мүлкiнiң бiр бөлiгiн алуға
құқықтарды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде көзделген
өзге де құқықтарды куәландыратын бағалы қағаз.
Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық стандартта көрсетілгендей,
стандарттағы негізі қаралатын жағдай акцияға келетін пайданы есептеудегі
формуламен байланысты делінген. Әр түрлі есеп саясатын қолдана отырып
анықталатын пайда туралы ақпараттың қолданылуындағы шектілігіне
қарамастан, кәсіпорындармен бір әдісті қолданып есептеген көрсеткіш
қаржылық есептің сапасын жоғарлатады.
Курстық жұмыста қозғалған мәселелер нарықта еркін қозғалатын
қарапайым және әлеуетті қарапайым акцияларына ие болатын немесе сондай
құралдарды шығару үрдісі үстіндегі ұйымдармен байланысты және халықаралық
стандарттарда көрсетілген принциптерді біздің еліміздегі ұйымдарға енгізе
келе бірегей ақпараттарды беру немесе қазіргі таңда қолданылып отырған
әдістерді жақсартумен, әр түрлі кәсіпорындардағы қызметтерінің
көрсеткіштерінің бір есеп беру уақытында сәйкес келуімен айналысады. Ал сол
нысандарды жүзеге асыратын құралдар негізінен екі көзден қарастырылып отыр:
➢ қаржылық есептің халықаралық стандарттары;
➢ сол стандарттарға Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің жасаған
методикалық ұсыныстары.
Тақырыпты зерттеу барысында жоғарыда аталған көздерден басқа еліміздегі
беделді ұйым сарапшыларының еңбектері мен ой-пікірлері қолданылды.
Курстық жұмыс кіріспеден, үш тарау, қорытынды мен пайдаланылған әдебиет
тізімінен тұрады. Бірінші тарауда акцияның түсінігі мен түрлері көрсетілсе,
екінші тарауда бір акцияға келетін пайданың базалық және азайтылған
түрлерінің есептелу жолдары мен есепте ашылуы және үшінші тарауда акциядағы
пайданы жетілдіру жолдары талданған. Қорытындыда, негізінен, стандарттың
қаржылық ортаға керектілігі туралы шолып көрсетілген.
І. Акцияға пайда стандартына сипаттама
1.1. Акция ұғымы мен түрлері
Акция, Оразалиннің экономикалық сөздігінде (фр. аction – құнды қағаз) –
акционерлік қоғамның жарғылық қорына енгізілген белгілі мөлшердегі қаржыны
куәландыратын және өз иесіне азамат, заңды құқығы бар адам осы қоғамнан
түскен пайданың бөлісін дивиднет ретінде алуға, сонымен қатар акционерлік
қоғам таратылғанда оның мүліктерін үлестіруге қатысуға құқық беретін бағалы
қағаз.
Сонымен қатар, Кеулімжаевтің айтуынша, акция дегеніміз –акционерлік
қоғамда, яғни шарушылық субъектісін дамытуға қаржы салғаны туралы
куәландыратын және иесіне акционерлік қоғамның пайдасының бір бөлігін
дивиденд түрінде алуға құқық беретін құнды қағаз. Шаруашылық субъектісін
басқаруға қатысу құқығына сәйкес акциялар қарапайым (жай) және артықшылығы
бар – деп аталатын түрлерге бөлінеді.
Қарапайым акциялар – акционерлік қоғамды басқаруға құқық беретін акция
түрі. Бір акция осы субъектідегі акционерлер жиналысында шаруашылық
субъектіге қатысты мәселелерді шешу барысында бір дауысқа ие бола алады.
Қарапайым акциялар үшін дивидент төлеу акционерлік қоғамның таза
пайдасынанрезервтер жасалғаннан (толтырылғаннан) кейін және артықшылығы бар
акциялар бойынша дивиденттер төленгеннен кейін ғана жүргізіледі. Сонымен
бірге, әлеуетті (потенциалды) қарапайым акциялар ұғымы бар. Әлеуетті
қарапайым акциялар – бұл қаржылық құрал немесе қарапайым акцияларға меншік
құқығын беретін кез келген төмендегі шарттар:
• қарыздық немесе үлестік құралдар, оның ішінде қарапайым акцияларға
айналатын артықшылығы бар акциялар;
• варанттар мен опциондар (варант – эмитенттің белгілі бір кезең ішіндегі,
яғни белгілі бір кезең арасындағы белгіленген баға бойынша акциялар сатып
алуына жеңілдік құқығын беретін құнды қағаз болып табылады; опцион –
алдын ала келісілген мерзім ішінде, яғни қандай да бір уақыт аралығында
белгіленген баға бойынша немесе келісілген баға бойынша белгілі бір
активтерді, оның ішінде құнды қағаздар, валюта, сатып алу, сату үшін
құқық беретін екі жақты жасалған келісім-шарт);
• жұмыскерлердің пайда алуға қатысу құқығы;
• басқа шарттарға сәйкес құқықтар, мысалы, ұйымдар мен басқа активтерді
сатып алу шартттары.
Артықшылығы бар акциялар – басқаруға қатысу құқығын бермейді, әйтсе де
олар тұрақты белгіленген мөлшерде дивидентер алу құқыған береді, яғни
белгілі бір мөлшерде табыс әкеліп тұрады. Сонымен қатар артықшылығы бар
акцияларшаруашылық субъектісінің таза табысын акционерлер арасында бөлу
немесе қоғамның жойылуы кезінде қарапайым акциялармен салыстырғанда
артықшылыққа ие болып табылады.
Акцияның бір акционерден екінші акционерге берілу ережелеріне сәйкес
оларды атаулы акциялар және ұсынбалы акциялар деп аталатын екі түрге
бөледі.
Атаулы (иелік) акциялар дегеніміз – олардың иелері міндетті түрде
шаруашылық субъектісінің реестірінде (тіркеу орында) тіркеуге тиісті
акциялар. Бұл ережелер бойынша акционерлер кітабында сатып алған
акцияларының алынған уақыты мен саны көрсетіліп, басқа да тиісті жазулары
жазылған азаматтар ғана акционерлер болып саналады. Атаулы акциялардың иесі
бұл бағалы қағазды сатып алған кезде шаруашылық субъектісінен барлық
акциялар үшін олардың өз иесінің қолында екендігін куәландыратын бір ғана
сертификат алады. Акциялардың мұндай түрін сату барысында сертификаттың
теріс жағында екі тараптың да қолдары қойылған ( сатушы мен сатып алушы)
табыстау туралы келісім-шарт жасалынуы қажет. Содан кейін бұл сертификат
акционерлер тізіміне тиісті өзгертулер енгізу үшін шарушылық субъектісіне
жөнелтіледі. Осыдан кейін барып акцияның жаңа иелері өзінің сатып алған бұл
құнды қағазына жаңа сертификат алады.
Ұсынбалы акциялар иелерінің аты-жөні, яғни олар туралы деректер мен
мәліметтер шаруашылық субъектісінде тіркелмейді. Шарушылық субъектісі,
әдетте, ондай акциялар иелерінің кім екендігін де біле бермейді.
Акциялардың бұл түріне, яғни ұсынбалы түріне иелік ету тек қана шарушылық
субъектілерінің акционерлері бар деп айтуға заңды түрде негіз бола алады.
Ұсынбалы акцияларды сатып алу немесе оларды қайта сату операциясы құнды
қағаздың бұл түрінің бір меншік иесінен екінші меншік иесіне тікелей ауысуы
болып табылады.
Акциялар және облигациялар бағалы қағаздар болып саналады және қаржылық
инвестициялар көзі де болып табылады, яғни субъектінің табыс алу мақсатында
пайдаланатын активі (мысалға, пайыздар, роялтилер, дивиденттер және жалға
ақысы) инвестицияланған капиталдың өсісі немесе алынатын басқа да олжалар
(мысалға, коммерциялық мәміленің нәтижесі).
Акциялар, Топарбаеваның көрсеткеніндей, кәсіпорынның меншік құқығын
көрсететіндіктен, ол акционерлік меншік, яғни белігілі бір даму кезеңінде
өндіріс масштабы, технология деңгейі, қаржыны ұйымдастыру жүйесі
акционерлердің еркін қатысуы негізінде өндірістің жаңа ұйым түрін шығаруға
себеп болатын кездегі жеке меншіктің трансформациясы мен даму үрдісінің
заңдылы нәтижесі болып табылады.
Бухгалтерлік есепте акциялар қаржылық инвестиция ретінде актив
бөлімінде көрсетіледі. Есебі 5020, 5030 шотында жүргізіледі. 5020
артықшылықты акциялар және 5030 қарапайым акциялар шотында
кәсіпорынның, басқа кәсіпорындардың, банктердің және т.б. субъектілер
акцияларын алуға жұмсалған сомалары есептеледі. Акция – акционерлік
қоғамның капиталына белгілі бір соманың салынғанын куәландыратын және ол
оның иесіне дивиднеттер түрінде табыстың бір бөлігін алу құқығын беретін
бағалы қағаз.
Акциялардың негізгі көрсеткіші яғни, оның рентабельділігі, қасиеттері –
оның пайдалылығы. Акцияға түсетін пайданы есептеу, оны реттеу мен қарастыру
қаржылық есептің халықаралық стандарттары бойынша 33-стандартта жүреді.
2. Акцияға пайда мақсаттары мен стандартының қолданылу ортасы.
Акцияға пайда стандартының негізгі мақсаты, Қаржы министрлігіндегі
бухгалтерлік есеп пен аудит әдіснемесі Департаментінің келтіруінше,
Қаржылық есептің халықаралық стандартына сәйкес акциялардың пайдасын
есептеу мен ақпарат беру принциптерін түсіндіріп талқылау болып табылады.
Бұл өз кезегінде стандарттың кәсіпорында қолданылуына көмегін тигізеді және
әр түрлі ұйымдар көрсеткіштерін бір уақытта туралап көрсету және бір
ұйымның әр түрлі есептік кезеңдегі көрсеткіштерін реттеу болып табылады.
Осы стандарттың мақсаты акцияға келетін пайданы есептеу принциптерін
белгілеумен және ол бойынша тиісті ақпарат ұсынумен белгіленеді, ол түрлі
кәсіпорындардың бір және сол кезеңдегі қызмет нәтижелерін, сондай-ақ түрлі
есептік кезеңдерде бір және сол бір кәсіпорындар қызметінің нәтижелерін
салыстыру әдістерін жақсартады. Стандартты қараудың негізгі мәні акцияға
келетін пайданың есептеу формуласындағы бөлім болып табылады. Акцияға
келетін пайда туралы деректерді қолданудың кейбір шектелулеріне қарамастан,
олар “пайданы” айқындау кезінде пайдаланылатын есеп саясатындағы
ерекшеліктерге себепші болады, бірыңғай әдісті пайдалана отырып есептелген
бөлім қаржы есептілігінің сапасын арттырады.
Акцияға пайда стандартты жай акциялары немесе әлуетті жай акциялары
рынокта айналатын кәсіпорындар және жай акцияларды немесе әлуетті жай
акцияларды ашық бағалы қағаздар рыногында шығару барысындағы кәсіпорындар
қолдануы тиіс. Бас кәсіпорынның қаржы есептілігі және шоғырландырылған
қаржы есептілігі бір уақытта берілген жағдайда осы стандартқа сәйкес
қажетті ақпарат тек шоғырландырылған деректер негізінде берілуі тиіс. Бас
кәсіпорынның қаржы есептілігін пайдаланушылар топтың жалпы қызмет
нәтижелері туралы ақпаратын алуға мүдделі және оны қажет етеді.
Ал В.Ф. Палийдің көрсетуі бойынша, ҚЕХС -33 Акцияға келетін пайда
кәсіпорынның әр түрлі есеп кезеңдеріндегі және әр түрлі компаниялардың бір
есептік кезеңдегі қызмет нәтижелерін туралауда қолданылатын бір қарапайым
акцияға келетін пайда мөлшері туралы ақпараттарды ұйымда дұрыс көрсету үшін
барлық субъектілерге бірдей ережелер орнатады, атап айтқанда пайданың
акциялар санына қатынасы формуласы қолданылады. Стандартқа сәйкес оны ашық
нарықта айналыста жүретін немесе енді орналастыру үрдісіндегі қарапайым
акциялар мен қаржылық құралдарды ұстаушы ұйымдар қолданады деп көрсетілген.
Құнды қағаздар нарығында акциялары немесе қаржылық құралдары еркін
айналыста жүрмейтін жабық акционерлік қоғамдар (Ресей заңнамасы бойынша)
мен басқа да ұйымдар бұл стандартты қолдануы міндетті шарт болып
табылмайды. Ал егер олар өз қаржылық есептерінде акцияға келетін пайда
туралы ақпарат ашса, онда олар осы стандарттарта көрсетілген нұсқауларға
жүгінуіне міндеттенеді. Бұл әр түрлі кәсіпорындардағы қаржылық есептерді
сәйкестендіруге жол ашады.
Бұл стандарт қарапайым акциялары немесе әлеуетті қарапайым акциялары
бар ұйымдарға қатысты қолданылады және есепті кезең соңында қаржылық есеп
бергенде маңызды болып саналады.
Акцияға келетін пайда қолданылу саласына қарай екіге бөлінеді:
• Акциясы рынокта айналатын кәсіпорын. Осы стандартты жай акциялары
немесе әлуетті жай акциялары рынокта айналатын кәсіпорындар және жай
акцияларды немесе әлуетті жай акцияларды ашық бағалы қағаздар
рыногында шығару барысындағы кәсіпорындар қолдануы тиіс.
• Акциясы рынокта айналмайтын кәсіпорын. Рынокта еркін айналатын, бірақ
акцияға келетін пайда туралы деректерді ашатын жай акциялары, әлуетті
жай акциялары жоқ кәсіпорын акцияға келетін пайданы есептеуі және осы
стандартқа сәйкес олар туралы деректерді ашуы тиіс.
Акцияға пайда стандарты, Аудиторлы-консалтингтік орталық директоры –
Ю.Лесно ваның пікірі бойынша, келесідей субъектілермен қолданылады, яғни
қолданатын ұйымдар типтері мынадай:
• бағалы қағаздар нарығындағы айналымда жүретін қарапайым немесе әлеуетті
қарапайым акциялары;
• шығару үрдісіндегі қарапайым акциялары мен әлеуетті қарапайым акциялары;
• нарықта еркін айналыста жүрмейтін қарапайым акциялар мен әлеуетті
қарапайым акциялары, бірақ акциялар пайдасы туралы ақпараттың ашылуы және
халықаралық стандарттың 33-стандартына сәйкес акция пайдасының міндетті
есептелуі мен ақпараттардың ашылуы.
Әрине, бұл жоғарыда аталған акция типтері ұйымдардың басым көпшілігінде
бар екенін ескерсек, бұл стандарт ұйымдар арасында маңызды болып табылады.
Сертификатталған бухгалтер-практик – Нүрсеитовтың айтуындай, Акцияға
пайда есебі біздің елде өз актуалділігіне ие болып отыр. Ол еліміздегі
акционерлік қоғамдардың ХҚЕС -ке өтуімен байланысты.
Сонымен бірге, бас кәсіпорынның қаржылық есебімен бірге көрсетілген
біріктірілген қаржылық есепте акцияға келетін пайда көрсеткіші беріледі
және бұл өз кезегінде бас кәсіпорынның қаржылық есебіндегі дәл осындай
көрсетштерді көрсетпеуге де мүмкіндік береді. Бұл стандарттан шығатын
түсінік қаржылық есепті қолданатындардың барлығы толық топқа деген
қызығушылығымен көрсетіледі, яғни бұл стандарттарды қолданушылар ортасы бір
кәсіпорын айласында болмай, біріктірілген есепте топтың ортақ көрсеткіші
масштабында да жүреді.

2.1. Акцияға келетін негізгі пайда және есебі
Акцияға келетін негізгі пайда жай акциялардың иелеріне тиесілі
кезеңдегі таза түсім немесе зиян сомасын кезең ішіндегі айналыстағы жай
акциялардың орташа алынған санына бөлу арқылы есептелінеді.
Акцияға келетін негізгі пайданы есептеу үшін жай акциялардың иелеріне
тиесілі кезеңдегі таза пайда немесе зиян артықшылықты акциялар бойынша
дивидендтерді шегере отырып, кезеңдегі таза пайдаға немесе зиянға
теңестірілуі тиіс.
Кезеңде танылған кірістер мен шығыстардың барлық баптары, оның ішінде
салық төлеу шығыстары, төтенше баптар және азшылықтың үлесі кезеңдегі залал
пайданың немесе зиянның айқындамасына қосылады. Артықшылықты акциялардың
иелеріне тиесілі таза пайданың сомасы, оның ішінде кезең ішіндегі осы
акциялар бойынша дивидендтер жай акциялардың иелеріне тиесілі кезеңдегі
таза пайданы немесе зиянды есептеу үшін кезеңдегі таза пайдадан азайтылады
(немесе кезеңдегі таза зиянға қосылады).
Кезең ішіндегі таза пайдадан азайтылатын артықшылықты акциялар бойынша
дивидендтер сомасы мыналарға тең болады:
• осы кезеңде жарияланған кумулятивті емес артықшылықты акциялар бойынша
дивидендтер сомасына
• дивидендтер жарияланғанына қарамастан, кезеңдегі кумулятивті
артықшылықты акциялар бойынша дивидендтердің белгіленген мөлшердегі
сомасына. Кезеңдегі дивидендтер сомасына ағымдағы кезең ішінде төленген
немесе жарияланған өткен кезеңдегі кумулятивті артықшылықты акциялар
бойынша дивидендтер сомасы қосылмайды.
Акцияға келетін негізгі пайданы есептеу үшін жай акциялардың саны
кезең ішіндегі айналыстағы жай акциялардың орташа алынған санына тең болуы
тиіс.
Қайта сату немесе жою үшін акционерлерден акционерлік қоғам өтеп
алынған кәсіпорынның кіріс болған меншікті акциялардың құнына мынадай жазу
жазылады:
Дт- 5210 Сатып алынған меншікті үлес құралдары шоты.
Кт - 1010, 1040 Есеп айырысу мен кассадағы ақшалар шоты.
Кезең ішіндегі айналыстағы жай акциялардың орташа алынған саны
акциялардың көп немесе аз санының уақыттың түрлі кезеңінде айналыста
болатындығына байланысты акционерлік капитал мөлшерінің кезең ішіндегі
өзгеру фактісін көрсетеді. Бұл көрсеткіш кезеңнің басында айналыстағы жай
акциялардың санына кезең ішінде орташа алынған уақытша коэффициентіне
көбейтіліп, сатып алынған немесе шығарылған жай акциялардың түзетілген
санына тең болады. Орташа алынған уақытша коэффициент бөлінді ретінде
күндер санын бөлумен айқындалады, мұнда акциялар есепті кезеңдегі күндердің
жалпы санына қарай айналыста болады; көптеген жағдайларда орташа алынған
көрсеткішті шамамен есептеуге рұқсат беріледі.
Негізгі пайданы анықтау. Мысалы, есептік кезең ішінде ұйым 1000000
теңге мөлшерінде пайда тапты. Артықшылығы бар акцияларға 350000 теңге
сомасында дивиденттер есептелді. Есептік кезең ішінде базалық пайдасы:
1000000-350000=650000 теңге. Бұл кездегі шот корреспонденциясы:
Дт Кт Сомасы
5610 5510 1000000
5510 6120 350000
Акцияға келетін пайданы есептегендегі келесі қадам есепті кезеңдегі
орташа акциялар саны анықталады.
Есептеу алгоритмі келесідей болады:
1) әр айдың 1-ші күнінде айналымдағы қарапайым акциялар санын қосу;
2) алынған көрсеткішті есепті кезеңдегі акциялар санына бөлеміз.
Мысал 1.
1.01.05 айналымда 2000 қарапайым акциялар болған. Шілде айында және
қосымша 200 акция орналастырылды. Қазан айында акционерлік қоғам
акционерлерден 400 акциясын сатып алды. Демек, 2005 жылы айналымда 2033
акция болған.
Күні Акциялар саны Акциялардың орташа саны
1.01 2000
1.02 2000
1.03 2000
1.04 2000
1.05 2000
1.06 2000 2000*6ай=12000
1.07 2200
1.08 2200
1.09 2200
1.10 2200 2200*4ай=8800
1.11 1800
1.12 1800 1800*2ай=3600
(12000+8800+3600)12=2033
Сонымен, акцияға келетін базалық пайда мөлшері келесідей болады:
6500002033=319,72 теңге.
Акцияға келетін пайданы есептеудің барлық жағдайларында негіз ретінде
есепті кезеңдегі айналымда жүретін қарапайым акциялардың орташа саны
алынады. Есепті кезең ішіндегі шығарылған немесе сатып алынған акциялар
айналым санына әсер етеді және шамалары орташалануы тиіс.
Акциялардың орташа шамасына акциялар, әдетте, дебиторлық берешектің
төлеуі бойынша пайда болғанда есепке алынады (акциялар шығарған кезден
бастап). Сонымен бірге акцияның шығарылуымен байланысты кез келген
шарттарды есепке алу керек:
Жағдайлар Есепке алынуы
Ақша қаражаттарымен төленетін Дебиторлық берешектің оны төлеуі
қарапайым акциялар бойынша пайда болуы
Акциялармен төленетін дивиденттер Дивиденттерді қайта инвестициялау
күнінен бастап
Міндеттемелік құралды жай акцияға Пайыздарды есептеуді тоқтату күнінен
ауыстыру бастап
Пайыздарды не басқа қаржылық Пайыздарды есептеуді тоқтату күнінен
құралдардың негізгі сомасын төлеу бастап
үшін шығарылған жай акциялар
Міндеттемелерді орындау үшін Міндеттемелерді орындау күнінен
шығарылған жай акциялар бастап
Ақшалай емес активтерді сатып алуға Алған активті мойындау күнінен
жұмсалған соманы төлеу үшін бастап
шығарылған жай акциялар
Қызметтерді төлеуге арналған жай Көрсетілген қызметтің нақты
акциялар мойындалуы
Осы және басқа да жағдайларда қарапайым акцияларды есепті кезең
айналысындағы орташа есептелген акциялар құрамына алу олардың шығару
шарттарын ескере келе нақты жағдайға байланысты анықталады.Акцияның
шығарылуына байланысты кез келген шарттар мазмұнын есепке алу керек.
Иеленген кезден бастап қарапайым акциялар бизнесті біріктіру кезінде
орташа есептелген акциялар санына қосылады. Бұл сатып алушы алған ұйым
қызметінің көрсеткіштерін дәл осы сәттен бастап есепке енгізгенмен
байланысты.
2.2 Акцияға келетін таратылған пайда және есебі
Акцияға келетін таратылған пайданы есептеу үшін жай акциялардың
иелеріне тиесілі таза пайда сомасы және айналыстағы жай акциялардың орташа
алынған саны барлық таратылатын әлуеттік жай акциялардың ықпалын ескере
отырып түзетілуі тиіс.
Акцияға келетін таратылған пайданың есебі кезең ішіндегі айналыстағы
барлық таратылған әлуетті жай акциялар ықпалын ескере отырып, акцияға
келетін негізгі пайданың есебі сияқты жүргізіледі, яғни:
• кезеңдегі жай акцияларға түсетін таза пайда таратылатын әлуетті жай
акциялар бойынша кезең ішінде есептелген салықтарды, дивидендтер және
пайыздар сомасын шегере отырып, таза пайдаға көбейеді және таратылатын
әлуетті жай акцияларды жай акцияларға айырбастау нәтижесінде туындайтын
кірістердегі немесе шығыстардағы өзгерістерді ескере отырып түзетіледі.
• егер әлуетті жай акцияларды жай акцияларға айырбастауға рұқсат етілетін
болса, айналыстағы жай акциялардың орташа алынған саны айналысқа
түсетін қосымша жай акциялардың орташа алынған санына көбейеді.
Пайданың азаюы оның акцияның бөлінуі (бірігуі) және акцияның әділетті
құнынан төмен бағамен шығарылуынан басқа, болашақта қарапайым акциялардың
қоғамда сәйкесінше ұлғаюынсыз әсерінен азаюы (зиянның көбеюі) деп
түсіндіріледі.
Таратылатын әсері бар келісім-шарттарды қарапайым акцияларға
конвертациялағаннан кейін конвертацияланатын келіс-шарттарға жататын
дивидент, пайыз және басқа да табыстар мен шығындар таза табысты
есептегенде ескерілмейді, яғни осы конвертацияланатын келісім-шарт бойынша
танылған шығындар сомасында таза табыс. Оның орнына қарапайым акциялар
ұстаушыларына келетін таза табыс алу құқығына ие болады.
Меншікті акцияларды акционерлік қоғам сату кезінде екінші тарату
процесінде бухгалтерлік есеп шоттарында мынадай жазулар жасалады:
Дт - 1010, 1040 Есеп айырысу шоты мен кассадағы ақшалар шоты.
Кт - 5210 Сатып алынған меншікті үлес құралдары шоты.
Сонымен, егер меншікті акциялар олардың номиналды кұнынан артық баға
бойынша сатылса, онда бағалы қағаздың сату мен номиналды кұнының арасындағы
өткізілген айырманың сомасына мынадай жазу жазылады:
Дт - 3030 Қатысушылардың дивидентері мен кірістері бойынша қысқа
мерзімді кредиторлық берешек шоты.
Кт - 5510 Есепті жылдың бөлінбеген пайдасы (жабылмаған
залалы) шоты.
Акцияға келетін таратылған пайда есебі келесі формуламен анықталады:
Акцияға келетін = таза пайда (таратылған) = түзетілген базалық табыс
таратылған пайда АОС (таратылған) түзетілген АОС
Акцияға келетін таратылған пайданы есептеу үшін қарапайым акциялар
ұстаушыларына келетін табыс не зиянды салық салынғаннан кейінгі әсерді
ескере түзету керек:
1) таратылған әсері бар қарапайым акцияларға конвертацияланатын
келісім-шарттарға жататын кез келген дивиденттер мен басқа да
баптар;
2) таратылған әсері бар қарапайым акцияларға конвертацияланатын
келісім-шарттарға жататын кезеңде танылған пайыздар;
3) азайтатын әсері бар келісім-шарттардың қарапайым акцияларға
конвертациялануы әсерінен болатын табыстар мен шығындардағы кез
келген өзгерістер.
Мысалы, 3 облигация 1 акцияға есебі бойынша, облигациялар қарапайым
акцияларға конвертациялануы мүмкін. Конвертация нәтижесінде 250 қарапайым
акция алынды.
... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz