Ақтөбе облысының хроммен ластануы
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... 3
1. НЕГІЗГІ
БӨЛІМ ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... 7
1. Ақтөбе облысына
сипаттама ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... 7
2. Хром туралы жалпы
сипаттама ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ...9
3. Ақтөбе облысының хроммен
ластануы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...12
2. ТӘЖІРИБЕЛІК

..16
2.1 АХҚЗ және АФЗ кәсіпорындар аумағындағы
топырақтың хроммен
ластану ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...16
2.2 Хромның өсімдіктер, жануарлар және адам ағзасында
жинақталуы ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ..2 4
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ..28
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ..29
КІРІСПЕ
Ақтөбе облысының атмосфералық ауа бассейні ластанып барады. Өткен жылы
өндіріс ошақтарынан шыққан зиянды қалдықтардың халықтың өмір сүруіне
қаншалықты әсер етіп отырғанын тексерген санитарлық дәрігерлер осылай деп
дабыл қағуда. Себебі бас пайдасын ойлаған мұнай-газ кәсіпорындары
экологиялық талаптарға назар аудармай отыр.
Ақтөбеде автокөліктерден шығатын зиянды заттар көлемінің күрт өсуі
қоршаған ортаны қорғау бөлімінің мамандарын алаңдатып отыр. Олардың
айтуынша, тек қала бойынша тіркелген автокөлік саны өткен жылы 60 мыңнан
асып түсті. Ал олардан шығатын зиянды заттар көлемі 58 мың тоннаға дейін
жетті. Бұл қала бойынша шығатын қалдықтардың 84 пайызын құрап отыр. Ақтөбе
облыстық аумақтық қоршаған ортаны қорғау басқармасының тексерулері
барысында 717 заң бұзушылық анықталды. Экологиялық талаптарды бұзушылықпен
шаруашылықты атқарып отырған 50 обьектінің жұмысы тоқтатылды. Экологиялық
инспекцияның тексеру материалдары арқылы табиғатқа зиян келтіруіне
байланысты 2 қылмыстық іс қозғалған.
Ақтөбе – Қазақстандағы ауасы ең лас бес қаланың ішінен ойып орын алады.
Ауада формальдегид, азот, күкірт қышқылы жылма-жыл көбейіп келе жатқандығы
соншалық, осы қауіпті газдардың жиынтығы қалыптағыдан 4 есеге ұлғайып
кеткен.
Курстық жұмыс Ақтөбе қаласының қоршаған ортасының хроммен ластануын
экологиялық тұрғыдан бағалап, адам денсаулығына әсерін болжауға арналған.
Ол үшін экожүйелердегі ластану мөлшері анықталып, тұрғындар денсаулығымен
байланысы математикалық модельдеу арқылы зерттелді.
Тақырыптың өзектілігі: Қазақстан Республикасының экологиялық проблемасы
күрделі регионға Ақтөбе облысы да кіреді. Өңдірістен шығатын қатты
қалдықтардың сол өңдіріс орындарының төңіректерінде жинақтала отырып, қар,
жаңбыр суларымен еріп, шайылып, жер асты, жер үсті суларын ластауы, топырақ
бетіне түсіп, өсімдіктерге өтуі бұлардың барлығы осы регионда жасанды эко
геохимиялық провинцияның пайда болуына әкелді. Соңғы уақытта осы аймаққа
тән адам денсаулығына хром әсерінен патологиялар айқын байқала бастады.
Негізгі ластаушы заттардың әсерін зерттеу кезінде оның химияльқ-
физикалық қасиеттеріне мән берумен қатар, осы заттардың таралу
қашықтықтары, таралу бағытына ауа райы жағдайларын ескеру өте қажет.
Сонымен қатар, хромның табиғат компоненттерінде көп жылдық жинақталуын
көрсету де өте маңызды. Үш және алтывалентті хромның қосылыстары улы бола
отырып, ол ағзадағы ферментативті өзгерушіліктерді жүргізу, клетканың
биоэнергетикасын, оның құрылымы мен қызметін бұзылуымен білінді. Аурулар
типологиясын табу медицина саласындағы өте қүрделі мәселе олып табылады.
Бірақ ластану мен аурулар қалыптасуында экологиялық заңдылықтарды
математикалық модельдеу арқылы корреляциялық байланыспен табуға болады.
Сонымен қоса ластану деңгейі арқылы тұрғындар ауруын болжауға мүмкіндік
береді. Ластанған аймақтардағы тұрғындардың денсаулығын болжау әдістерін
табу және дамыту өте езекті мәселе болып табылады.
Курстық жұмыстың мақсаты: Тұрғындар денсаулығына хроммен ластанудың
экологиялық заңдылықтарын табу үшін оның параметрлерін анықтап, өңір
кәсіпорындарының, қоршаған орта компонеттерін және халық денсаулығына
әсерін модельдеуге негізделген.Осы мақсатты шешу үшін нақты міндеттер
қойылды:
- Ақтөбе қаласы өңірінің ластаушы мекемелерден шығарылатын ластандырғыш
мөлшерінің динамикасын анықтау;
- ластану деңгейіне климат факторларының әсерін анықтау;
- ауада, жер бетінде және жерасты суларында, топырақта, жабайы
өсімдіктерде, мәдени көкөністерде, сиыр еті мен сүтінде алты валентті
хромның жинақталуын және динамикасын зерттеу;
- хромның әртүрлі ағзаларда аккуммуляциялануың корреляциялық байланыс
арқылы көрсету;
- модельдің мәліметтер қорын жабдықтау үшін қала тұрғындарының,
денсаулығына сараптама жасау;
- жинақталған параметрлер жәрдемімен қала тұрғындарының денсаулығына
математикалық модельдеу арқылы болжау жасау.
Жұмыс барысында Ақтөбе облысының жасанды биогеохимиялық провинция
жағдайларында экожүйенің әртүрлі компоненттерінде хромның жинақталуының
корреляциялық байланысы анықталған.
Экожүйенің компоненттерінде хромның жинақталуының тұрғындар
денсаулығымен байланысы табылған.
Ластанудың тұрғындар денсаулығына әсер етуін болжаудың математикалық
тәсілін пайдаланып болжау моделі жасалған.
Жұмыстың практикалық кұндылығы:
- Ақпараттық жабдықтау мақсатында қоршаған ортаны басқарудың
автоматтындырылған жүйесін жасау мүмкіндігі анықталған
- тұрғындарды және қоршаған ортаны қорғау атқару органдарының-қаланың
табиғи ортасының жағдайы туралы шынайы мәліметтермен уақытында танысуды
қамтамасыз ету;
- Қоршаған ортаның жағдайы туралы және табиғат қорғау технологиялары туралы
мәліметтер қорын жасап, жүргізу ;
- ақпараттық жүйедегі ағымдарын реттеп және алғашқы мәліметтер мен жүйенің
әртүрлі деңгейлеріндегі қорытындыланған ақпаратты пайдалану тиімділігін
көрсету.
Қорғауға шығарылатын мәселелер:
- Өнеркәсіп орындарынан шығатын ластаушы заттар хром және т.б. адам
денсаулығына қауіпті экологиялық фактор болып табылатыны математикалық
анализдеу арқылы дәлелдеу;
- Ұзақ уақыт бойы өнеркәсіп орындарынан шығатын ластаушы зат-тардың табиғи
ортада - атмосферада, суда, топырақта жинақталу динамикасы мен
заңдылықтарын көрсету;
- Өсімдіктер мен жануарлар организмдерінде де корреляциялық байланыс
арқылы тәуелділігін анықтау;
- Урбанизацияланған территорияларда тұрғындар денсаулығын бағалау үшін
объективті ақпараттар жинау аркылы приоритетті ауру түрлерін анықтау;
- Медико-экологиялық ситуацияны модельдеу мен болжау үшін тұр-ғындар
денсаулығының экологиялық мониторинг жүйесін құру мүмкіндігін айқындау.
Зерттеу объектілері мен әдістері.
Тәжірибе жүргізу үшін ластау көзінен әртүрлі қашықтықта (1; 5; 10; 15
км) топырақ үлгілері алынды. Топырақ үлгілері алынған жерлерден өсімдік
материалдарын да алдық. Өсімдіктерді жеке түрлеріне сәйкес тандап алып,
әуелі жай сумен, сосын дистильденген сумен жуып, құрғақ ауа жағдайына
келгенше кептірдік. Өсімдік материалын таңдап, химиялық анализден өткізу
кезде, сол өсімдік түрінің зерттелетін ауданда кеңінен таралуына және
ластауыштарды жинақтау қабілетіне қарадық.. Мәдени өсімдіктерден қызанақ,
баклажан, сәбіз, қызылша, қырыққабат, бұрыш, картоп, қарбыз алынды.
Топырақтағы және өсімдіктердегі ауыр металдарды анықтау фото-
электроколориметрикалық әдіспен жүргізілді. Хромды сапалық анықтаудың
негізгі реакциясы дифенилкарбазидпен қызыл түсті комплекс түзу болып
табылады. Сапалық анықтау кезінде пробиркаға І мл минерализатты құйып, 4 мл
су, 1 тамшы 10% күміс нитратының ерітіндісін, 0,5 г аммоний персульфатын
қосып қайнап тұрған су моншасында 20 мин. қыздырады. МаН2РО қаныққан
ерітіндісін, КОН ерітіндісін, рН = і,7± 0,2 болғанша және 0,25%
дифенилкарбазид ертіндісін қосамыз. Хром болған жағдайда ерітінді ашық-
қызғылт түстен қанық кызыл-көк түске дейін боялады.
Хромның анықталу шегі оның 100горганда 0,1мг дейін болуы есептеледі.
Хромды мөлшерлік анықтау фотоэлектроколориметрикалық әдіспен
жүргізіледі. Хром комплексі ифенилкарбазидпен 20-30 минуттан соң толығы-нан
боялады.Оның боялу тұрақтылығы 2-3 сағат. Максимум жарық жұтуы 546 нм.
байқалады.
Минерализаттағы хром мөлшерін анықтау кезінде пипеткамен 1 мл
минерализатты өлшеп алып, 4 мл су қосып, сапалық анықтау кезіндегідей
тотықтандыру жүргізеді. Ол үшін пробиркаға немесе колбаға тотыққан хром
ерітіндісін құйып, қаныққан І мл Н2РО қосады да қышқылдығын анықтау үшін
10% сілті ерітіндісіп қосады. 1 мл дифенилкарбазид ерітіндісі мен суды
белгіге дейін қосады. Боялу тығыздығын 10,20, және 30 мин сайын өлшейді.
Тұнбадағы хромды анықтау үшін 1-4г персульфат аммоний жұмсалады. Тұнба
ерігеннен кейін сары түске боялу интенсивтігіне байланысты ерітіндінің
барлық мөлшерін немесе бір бөлігін 25-200 мл колбаға ауыстырьш 1 мл
қаныққан ерітіндісін қосады да, қышқылдығын анықтап, дифенилкарбазид пен су
қосып, жарық жұқтыштығын анықтап дифенилкарбазид пен су қосып, жарық
жұтқыштығын өлшейді.
1. НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1. Ақтөбе облысына сипаттама
Ақтөбе облысы – Қазақстандағы ірі өнеркәсіп және ауылшаруашылығы өңірі,
Республиканың солтүстік –батыс бөлігінде орналасып,4501,-5006, 20,с.ш.и,
53035,-64015,в.д. координаттарымен шектелген. Облыстың солтүстігі Ресей
Федерациясының Орынбор облысымен, оңтүстігі – Өзбекстанмен, батысы –
БатысҚазақстан, Атырау және Маңғыстау, солтүстік-шығысы – Қостанай, шығысы
мен оңтүстік-шығысы – Қарағанды және Қызылорда облыстарымен шекаралас.
Облыстың шекара бағыттары солтүстіктен оңтүстікке 550, батыстан шығысқа 500
шақырымға созылып жатыр. 2009 жылғы 1 қаңтардағы мәлімет бойынша облыс
аумағы 300,6 мың шаршы метр құрайды, халқының саны – 712,1 мың адам.
Облыстың әкімшілік қатынастары 12 ауданға бөлінген, олардың құрамына
Ақтөбе, Алға, Қандыағаш, Темір, Хромтау, Шалқар, Ембі қалалары және қала
тектес Бадамша, Шұбарқұдық, Шұбарши кенттері кіреді. Облыстың іскерлік және
мәдени орталығы Ақтөбе қаласы Елек өзенінің жағасында 1869 жылы іргетасы
қаланған. Қазақстанның физика-географиялық аудандастыруына сәйкес (Қазақ
КСР Атласы, 1982) облыстың солтүстік бөлігі Қазақстан Тауларына, біркелкі
белдіктің жартылай шөлейтті ландшафт аймағына, Орал жағына, Оңтүстік-Орал
облысына, Орал-Мұғалжар алқабына, Ор мен Мұғалжар округтеріне, Ор мен
Мұғалжар үстірттеріне жатады. Қалған аумақ Қазақстан Жазығына, біркелкі
белдіктегі Дала ландшафты аймағына, Оңтүстік шағын аймақты (бетегелі-
селеулі) далаға, Қазақ үстіртін жағына және ұсақ шоқыға, Орал маңы-Торғай
облыстарына, Орал маңы алқабына, Орал маңы үстіртінің оңтүстік-батыс бөлігі
округіне,Ақтөбе ауданына және Орал маңы үстіртінің оңтүстік-шығыс округіне,
Жоғарғы-Ырғыз ауданына; Жоғарғы-Торғай алқабына, Құсмұрын-Сарықопа
округіне, Сарықопа ауданына қарайды. Біркелкі белдіктегі жартылай шөлейтті
ландшафт аймағы шегі Каспий маңы-Торғай жағына, Солтүстік-Каспий маңы
облысына, Өзен-Орал-Ембі алқабына, Ойыл-Ембі округіне, Ойыл және Сағыз-Ембі
аудандарына; Торғай-Орталық Қазақстан облысына, Төменгі-Торғай алқабына,
Батыс-Торғай округіне, Ырғыз-Өлкейік және Торғай аудандарына қарайды.
Біркелкі белдіктің шөлейтті ландшафт арғы шегінде, шөлейттің солтүстік
шағын аймағындағы (жусанды-тұзды) аумақ Оңтүстік-Каспий маңы облысына,
Атырау (Гурьев) шағын облысына, Орал-Ембі округіне, Доссор-Қосшағыл
ауданына және Арал маңы-Сырдария облысына, Солтүстік-Арал маңы алқабына,
Солтүстік-батыс Арал маңы округіне жатады. Оңтүстік шағын аймақ шегінде
(құбылмалы-жусанды) шөлейт Маңғыстау-Үстірт-Красноводск облысына, Маңғыстау-
Үстірт алқабына, Үстірт округіне, Солтүстік-Үстірт ауданына қарайды.
Қоршаған табиғи ортадағы қазіргі маңызды мәселелердің бірі, бұл
геоэкологиялық жағдайдың біздің республикамызда мықтап қалыптасуы болып
табылады.
Біз қарастырғалы отырған Ақтөбе облысы Қазақстан Республикасының батыс
аймағында, ірі өнеркәсібі мен өнеркәсіптері жақсы дамыған территорияға
жатады.
Физикалық- географиялық орналасуы жағынан Ақтөбе облысы Оңтүстік Орал
тауының орталығында, шөлейтті- құрғақ аймақта орналасқан. Бұл аймақ Орал-
Мұғалжар провинциясының Ор- Мұғалжар округіне және Орал маңы (Торғай)
провинциясының, Орал маңы үстіртінің оңтүстік- батыс бөлігі мен оңтүстік-
шығыс бөлігі округіне жатады.
Ақтөбе облысының ландшафттарын антропогендік әрекет ету дәрежелеріне
қарай мынандай категорияларға бөлуге болады (А.В.Чигаркин бойынша):
Табиғи күйіне жақын ландшафттар, территорияның оңтүстік аймақтарын және
шығыстағы табиғи қорықтарды қамтиды.
Аздап өзгерген ландшафттар (көбіне фаунасы мен өсімдіктердің сипаты
жағынан) техногендік процестерге ұшырамаған, көбіне мал шаруашылығымен
айналысатын құрғақ — далалы Байғанин және Ойыл ауданын қамтиды.
Бүлінген ландшафттарға (көбіне өсімдігі мен топырағының сипаты жағынан)
далалы, жайылымды жерлер және территориядағы өтіп жатқан темір жол, тас жол
магистральдары мен мүнай — газ құбырлары жатады.
Антропогендік факторлардың әсерін және табиғи ресурстардың құлдырап,
нашарлау деградациясын есепке ала отырып, Ақтөбе облысын геоэкологиялық
картаға сүйеніп, бірнеше экологиялық аудандарға бөлуге болады.
Алдын — ала құрылған табиғи аудандастыру схемасы табиғи ортаның
геоэкологиялық деградациялық критерийі қойылады. Табиғи ресурстарды және
олардың түрлерін аудандастыру және карталау территориялық түрде, соның
ішінде табиғи территориялық кешендер жүйесімен негізделу қажет. Ақтөбе
облысында геоэкологиялық деградацияның мынандай критерийі анықталды: өте
жоғары, жоғары, қалыпты - жоғары , қалыпты және төмен.
Ақтөбе облысы бойынша жасалынған геоэкологиялық картаның негізінде
территорияда, деградациялық өте жоғары деңгей — 12%, жоғары -14%, қалыпты
жоғары — 24%, қалыпты — 27%, төмен — 23% — ке жуық болды. Сондықтан да,
табиғатты қорғау және табиғатты ұтымды пайдалану мәселелері алдағы уақытта
әлеуметтік, экологиялық және экономикалық тұрғыдан шешілуі тиіс.
2. Хром туралы жалпы сипаттама
Хром ең алғаш рет адамзат баласына 1798 жылы мәлім болған. Хром сөзі
гректің chroma – түс деген сөзінен туындағаны тарихтан білеміз. Аталмыш
металл жер қыртысының ең тереңінде кездеседі. Ғылымға құрамында хромы бар
20 түрлі минералы мәлім. Өндіріске қажетті хромшпинелидтің құрамында
негізінен уваровит, волконскоит, кемерит, фуксит сынды минералдар бар.
Хромнан бояу, тері илейтін химиялық өнiмдер, түрлі құймалар, электр мен
өндіріске қажетті заттар алынады.
Дүниежүзіндегі хромның негізгі минералды-шикізаттық қоры Қазақстан,
Зимбабве және Оңтүстік Африка Республикасында (ОАР) орналасқан. Аталған
елдердегі хромның қоры әлемдегі шикізат қорының 84 пайызын құрайды. Ал 4
пайыз шикізат Үндістан, Финляндия, Филиппин, Түркия, Албанияның еншісінде
болса, қалған 14 пайызы дүнежүзінің әр тарабына таралған. Хром өндірісі
негізінен әлемнің бес елінде жақсы дамығанын айта кетуіміз керек. Олар –
ОАР (45,8 пайыз), Қазақстан (18 пайыз), Үндістан (14,3 пайыз), Түркия (6,9
пайыз), Зимбабве (4,4 пайыз) болып жіктеледі. Қазір әлемде феррохром
өндірісімен айналысатын жетекші компаниялар ретінде Samancor, Қазхром,
Sudelektra, Chrome Resources, Xstrata S.A. (Pty.) Ltd, Anglovaal
компанияларын атауға болады. ОАР-дағы ең ірі Samancor қазіргі таңда 10
хромит кенішін жылына 3 млн. тоннаға дейін феррохром өндіріп келеді.
Феррохром өндірісіндегі компаниялар бүгінде табысты жұмыс істеу үшін бір-
бірімен ынтымақтасуға бет бұрып отыр. Осы ретте Samancor компаниясы
Xstrata кәсіпорынының бақылаушы акциясына иелік етуі біздің сөзімізге
дәлел болады.
Хромның қоры жөнiнен Қазақстан (430 млн. тонна) дүниежүзiнде ОАР-ға
ғана дес беретінін жоғарыда айттық. Ал елімізде өндірілетін хром сапасы
әлемдік нарықта өте жоғары бағаланады. Ақтөбе облысындағы Дөң кен-байыту
комбинаты Кемпiрсай кен орнынан хромит өндiрумен қатар хром концентраты
және ұнтақталған тауарлы көміртекті хром өндірілетінін бәріміз білеміз.
Мамандардың пайымдауынша, Кемпiрсай кенішінде хром қоры 310-320 млн.
тоннаға жетеді. Аталған кенiш Қазхром трансұлттық компаниясының Ақтөбе
мен Ақсу қаласындағы ферроқорытпа зауыттарын қажетті шикізатпен толықтай
қамтамасыз етіп отыр. Ақсу ферроқорытпа зауыты ферроқорытпа балқымаларын,
ферросиликохром, ферросиликомарганец шығарса, Ақтөбе облысындағы
Феррохром ААҚ-ы феррохром мен ферросиликохром шығаруды жолға қойған.
Кәсiпорындардың жылдық феррохром өндіруі 350 млн. тоннаға жеткен. Қазіргі
таңда Қазақстанда феррохромнан жаңа заман талабына сай өнімдер алуда қолға
алынған. Осы ретте феррохромнан отқа төзімді болат өндіру және жоғары
технологиялы сұйық шыны жасау ісі қарқынды дамуда. Отандық феррохром
өндірісі негізінен дүниежүзiлiк нарықты қамтамасыз етуге бағытталған.
Қазіргі таңда Қазақстан дүниежүзiнде хром өндiру жағынан Қытай, Бразилия,
Австралия, Ресей, АҚШ, Үндiстан, Украинадан қара үзіп кеткен.
Осы ретте Казхром трансұлттық компаниясы жоғары көміртек феррохром
шығару бойынша инновациялық технологияларды енгізуге де айрықша мән беріп
отырғанын айтуға тиіспіз. Алып кәсіпорын бұл бағытта 110,5 млрд. теңгеге
бағаланған жобаның бірінші кезеңін 2012 жылы аяқтамақшы. Ал SBS Steel
компаниясы қуаттылығы жылына 500 мың тонна түйіршіктелген шойын өндіретін
инвестициялық жобаны жүзеге асыруға кірісіп кеткен. Жоба барысында әлемдегі
жаңа технологиялардың бірі – ITmk3 технологиясы қолданылады. Аталған
технология бойынша бірінші зауыт осыдан бірнеше жыл бұрын АҚШ-та іске
қосылған болатын. Қазақстандық зауыт озық технологияның бұл түрін
пайдаланған әлемдегі екінші кәсіпорын болайын деп тұр 2013 жылы аяқталатын
зауытқа салынған инвестиция көлемі – 457 млн. долларды құрайды. Осыдан-ақ,
отандық компаниялардың бәсекеге қабілетті өнім өндіру жолында ешқандай
елден қалыспай отырғанын байқаймыз.
Қазақстанда хром ұзақ жылдар бойы өндіріліп, өндірістік қалдық
феррохром қорлары жиналғаны белгілі. Бүгінде Қазхром осы өндірістіқ
қалдықты іске жаратуға бел буып, білек сыбана кіріскен. Осы ретте Ақсу
ферроқорытпа зауыты жылдар бойы жинақталған жоғары көміртекті феррохромның
қорларын қайта өңдеу кешенін жобалау және салу жоспарлап отыр. Феррохром
қоры дегеніміз металлургиялық процесс барысында сұйық металдың бетін
жабатын ауыспалы құрамдағы металлургиялық қорытпа. Зауыттың өндірістік
қалдықты кәдеге жаратуға шындап кіріскені бізді қатты қуантады. Феррохром
қоарын қайта өңдеу компанияға пайданың жаңа көзі болайын деп тұр. Мәселен,
бір ғана Ақсу ферроқорытпа зауытының аумағында 5 млн. тонна феррохром қоры
жинақталған. Жыл сайын оның қоры бір миллион тоннадан астам қормен
толығатынын ескерсек, жер қойнауынан қазып алынған ен байлықтың қаншасы
босқа рәсуа болатынын байқау қиын емес. Енді бұл олқылықтың орны толмақшы.
Зауыт жартылай өнімді кәдеге жарату арқылы миллиондаған тонна шикізат
қорына дайындау мүмкіндігіне ие болады.
Қазақстанда жоғары көміртекті феррохром, ферросилиций, ферросилихром,
ферросиикомарганец кең көлемде өндіріліп келе жатқанына ұзақ жыл болды.
Сондықтан бұл саладағы кәсіпорындардың іс-тәжірибесі орасан зор деп нық
сеніммен айта аламыз. Отандық компаниялардың әртүрлі өнім өндіріп, әлемдік
нарықтағы сұранысты қамтамасыз етуі қазір еліміздің абыройын асқақтатып
тұр. Соңғы жылдары ферросилиции өндірісінің көлемі төмендеп, көміртекті
феррохром және ферросиликомарганецтің өндірісінің көлемі өскен. Осылайша
Еуразиялық өнеркәсіпшілер тобы отандық металлургияда балқымалы металдардың
ассортиментін кеңейтуге айрықша мән беруде. Еліміздегі кәсіпорындар үшін
хром балқымаларына аса сұраныс жоқ. Сондықтан Қазхром өз өнімінің 95
пайызын сырт елдерге экспорттайтыны белгілі. Компанияның жоғары сапалы
өнімдерін болат өнеркәсібімен айналысатын Еуропа, Қиыр Шығыс, АҚШ, ТМД
елдерінің компаниялары сатып алуда. Осы ретте Қазақ елінде өндірілген
феррохромның негізгі тұтынушысы ретінде Австралия, Парсы шығанағы және Қиыр
Шығыс елдерін, Үндістан мен Оңтүстік Американың бірқатар елдерін атауға
болады. Тоқсаныншы жылдары КСРО-ның ыдырауы әріптестік байланыстардың
бұзылуына және еліміздің металлургия саласына айтарлықтай салқынын
тигізгені белгілі. Дәл осы уақытта елімізге Жапонияның Japan Chrome
Corporation компаниясы келіп, феррохром өндірісінде үлкен бетбұрыс жасаған
болатын. Аталған компания өндіріске қажетті капитал мен өндірістік базаны
жетілдіруге инвестицияны аяған жоқ. Бұдан басқа басқару саласына өндірістік
және сауда стратегияларын енгізіп, ірі өндіріс ошағын нарық заңдылықтарына
икемдеу жолында көп тер төкті. Дәл осы жылдары бәсекеге қабілеттілікті
жетілдіру, әлемдік нарықты жаулау үшін сапалы өнім шығару басты орынға
қойылды. Өз кезегінде жапондық инвесторлар кәсіпорындардағы пештерді
модернизациялап, жаңа технологиялар енгізген болатын. Ал 1995 жылы
Казхром трансұлттық компаниясы құрылып, феррохром саласындағы жетекші
өндірістік нысандар– Ақтөбе және Ақсу ферроқорытпа зауыттары мен Дөн кен-
байыту комбинаты қанатының астына алғаны мәлім. 1997 жылдың өзінде-ақ
Қазхром дүниежүзіндегі хром өндіретін өндіріс ошақтарының арасында үшінші
орынға табан тіреді. Осы ретте алып кәсіпорынның ел қазынасына жыл сайын 20
млрд. теңгеден астам салық төлеп отырғанын айтуға тиіспіз. 2005 жылдың
өзінде компанияның өндірген өнімі 151,1 млрд. теңгеге жетті. 2007 жылы
дағдарыс орын алғанда отандық компанияның өндірістік қуаты біршама
бәсеңдеген еді. Ал қазір алып кәсіпорын жұмысын қайта жандандырып, өзінің
әлеуетін әлемдік экономикаға қайта таныта бастады
3. Ақтөбе облысының хроммен ластануы
Ақтөбе қаласы Орал тауларының теңіз деңгейінен биіктігі 217-213 м.
аралығындағы бөктерінде, Елек өзенінің сол жақ жағалауында орналасқан.
Топырағы қызыл-қоңыр, сазды, құм аралас, кейбір жерлері тұзды. Өсімдіктер
типі құрғақ далалық, яғни ақселе мен бетеге комплекісенен тұрады.
Қала климаты шұғыл континенеталды. Абсолютті минимум температуралы-
34°С, ал абсолютті максимум +43°С. Ең суық қаңтар айының орташа айлық
температурасы - 15°С, ең жылы шілде айында + 22°С. Көп жылдық көрсеткіштер
бойынша қалада желсіз жағдайлар басым.
Ақтөбе қаласының атмосфералық ауасының ластануы шығарылып тұрған зиянды
заттар көлемінде қолайсыз климаттық жағдайлар әсерімен қалыптасады. Оларға
төмендегі параметрлер жатады- желдің жылдағымен бағыты (әсіресе бәсең),
инверсиялар сипаттамалары, тұманды және жауын-шашынды күндер (1-кесте).
Кесте 1-1992-1997 жылдар аралығында Ақтөбе қаласында бақыланған ауа
райы құбылыстары.
Жылдар 1992 1993 1994 1995 1996 1997
Жер беті инверсиялардың 40% 35% 36,2% 36,6% 75% 58%
қайталануы
Көтеріңкі инверсиялардың 30% 36% 37,2% 26% 42% 40%
қайталануы
Жыл жылдамдықтарының 46% 38% 49,5% 56% 65% 43%
қайталануы
Тұмандардың қайталануы 0,8% 0,2% 0,4% 0,7% 0,5% 0,7%
Жауын-шашынды күндер саны 183 215 115 148 119 193
Ақтөбе ферроқорытпа зауыты қаланың байырғы (60 жыл) және қалыптасқан
технологиясы бар ең ірі кәсіпорын болып табылады. Оның үлесіне қала
кәсіпорынында барлық қалдықтардың 42,4%- сәйкес 132,3га – Ақтөбе ауданында
шлак бөлінісіне берілген. №1 балқыту цех–жоғары көміртекті және орташа
көміртекті феррохром балқытуға, сонымен қатар халықаралық стандартқа сай
48% - тік ферросилихром өндіруге негізделген.№2 цех – балқыту цехы –
форрохромның төмен көміртекті ФХ-200, ФХ-600 маркаларын
өндіругетнегізделген. №3 цехы- металды балқытуға қоспа ретінде әкті
қолданады. №4 балқыту цехында қолданылатын шихт материялдарын қабылдауға
арналған.
№5 цех-дайын өнім қоймасы болып табылады. Мұнда қорытпаларды бөлшектеу
және оларды темір жол вагондарына тиеу жүзеге асырылады.
Феррохром зауыты бес топқа біріктірілетін зиянды заттардың 29 түрін
шығарады, жылына 7214, 48 т қоршаған ортаны ластайтын заттар шығарады, оның
3495,08 тоннасы қатты, 3819,4 тоннасы газ тәріздес қалдықтар. Зауытта
зиянды заттар бөліп шығаратын 399 көз бар, 67 газ-тозаң аулаушы құрылғы
тазарту жүйесімен жабдықталған жер үсті қалыпты жағдайы мына төрт қоспа
бойынша байқалады-тозаң, хром оксиды, көміртегі оксиді, азот оксиді.
Кәсіпорын балансында Елек өзенінің оң жағасында орналасқан жер
асты су қоймасының 12 скважинасы бар. Олардың 4 жабылған, 4 скважина жұмыс
жасап тұр, төртеуі резервте.
Жер астын және жер үсті суларын хром және оның қосындыларымен
ластау салдарынан 115 км аудан Елек өзені тұсында Георгиевка елді мекеніне
таяу жерде ауыл шаруашылық өндірісінде қолдануға жарамсыз болып қалды.
Облыстың атмосфера қабатын ластаушы көздер Ақтөбе қаласында, сондай-ақ
Темір, Мұғалжар, Хромтау аудандарында шоғырланған пайдалы қазындылар
шығаратын кен орындары және энергетикалық нысандар болып табылады.
Ақтөбе қаласындағы атмосфераны ластаушы көздер Ақтөбе хром қосындылар
зауыты акционерлік қоғамы, Ақтөбе ферроқорытпа зауыты акционерлік
қоғамы, Ақтөбе жылу электр орталығы акционерлік қоғамы болып
табылады.Ақтөбе ЖЭО-ғы газбен және сұйық отынмен жұмыс жасайды, соның
салдарынан ауаға 70 % азот қышқылы тарайды. Ал Ақтөбе ферроқорытпа зауыты
атмосфераны қатты заттармен ластайды.
Ақтөбе хром қосындылар зауыты акционерлік қоғамы атмосфералық ауаның
— 80% газ күйіндегі көмірқышқыл тотығын құрайды.
Қаланың атмосфералық ауа сапасы соңғы жылдары нашарлап кетті. 2008 жылы
ИЗА 10,5 бірлікті құрады.
Ырғыз, Шалқар аудандары Арал экологиялық апат аймағына жақын
орналасқан. Сонымен бірге ауыз су тапшылығы облыс аудандарының елді
мекендерінде кездесіп отырады. Ауыз су құрамындағы тұздылық, нитраттың,
т.б. химиялық элементтердің артуы тұрғындар денсаулығына зиянды әсерін
тигізуде.
Атмосфераның қатты ластануы, әсіресе Ақтөбе қаласында және ірі өндіріс
орталықтары орталықтары орналасқан Алға, Хромтау, Қандыағаш және Ембі
қалаларының маңында байқалады. Осы жерлерде ластанған атмосфералық ауа
көршілес Батыс Қазақстан, Атырау облыстарына және Ресейдің Орынбор
облысына тарайды.
Ақтөбе қаласының ауасын ластайтын зиянды заттардың 49% — ын
ферроқорытпа зауыты шығарса, 25% — ын Ақтөбе хром қосындылары зауыты
шығарады. Мұндағы мекемелерде ауаны ластауды азайтатын кұрал- жабдықтардың
жартысы ғана істейді.
Қазіргі уақытта Ақтөбе облысы бойынша атмосфералық ауаны ластайтын 172
мекеме жұмыс істейді. Бұған Жаңажол мұнай — газ өндіретін кен орны да
жатады. Шаң тазалағыш, өндіріс қалдықтарының дұрыс жұмыс істемеу
салаларынан немесе іске алғысыздығынан бұл қалалардағы шаң — тозаңның
орташа көрсеткіші белгіленген мөлшерден 4 есе, азот қос тотығы 2 есе,
күкіртті ангидрид шамамен 0,2 есе артып отыр.
Елек — Ақтөбе облысындағы ластанған өзеннің бірі. Ластанған заттар
индексі — 15,39; сапасы жағынан — 7 класқа келеді, шектеулі жіберілген
концентрация мөлшерінен бірнеше есе көп, яғни бор — 103,5 ШЖК; фенол — 1
ШЖК; алты валентті хром — 22,17 ШЖК.
Ластаушы көздер АХҚЗ АҚ — ның көне шламды бөгендері болып табылады.
Алты валентті хромның атмосфералық ауада, топырақта кездесетіні байқалады.
Елек өзенін бормен ластауын тоқтату — алдағы міндеттің бірі. Ластану
ареалы 32,5 км2 құрайды.
Ақтөбе каласындағы қатты тұрмыстық қалдықтар полигонын пайдалану 1987
жылдан басталды, оның ауданы 20 га. Полигон жобасыз тұрғызылды және оны
пайдалану экологиялық талаптарға сай жүргізілмейді. Қалдықтарды жинауда
бейберекеттікке жол беріледі. Полигонға жыл сайын барлық қалалардан 260 мың
куб м қалдық тасталады. 2001 жылдың қаңтарында полигонга 2,23 млн. тонна
қалдық жиналған. Полигон инженерлік құрылыстармен және коммуникация
жүйелерімен қамтамасыз етілмеген.
Қазіргі уақытта полигон қалдыктарға толық, бірақ қалдықтарды полигонға
тасу әлі де жалғасып отыр, ал бұл жағдай полигонға іргелес аумақтардың
санитарлы — эпидемиологиялық және экологиялық жағдайына қолайсыз. Полигон
атмосфералық ауаның, жерасты және жер беті суының, жердің интенсивті
ластаушы көзі, инфекциялық ауруларды таратушы.
Елек өзеніне ерекше әсер ететін 3 негізгі суды пайдаланушыларды бөліп
көрсетуге болады:
- Ақбұлақ ОАҚ жыл сайын 7-10 мың текше метр
тазартылмаған су жібереді;
- АХҚЗ АҚ жерасты суы арқылы өзеннің 12 кв.км ареалын ластайды;
- Ақтөбе ЖЭО АҚ. 4-кесте Ақтөбе қаласы бойынша ағыстың сапалық
жағдайы.
2008 ж. Ақтөбе қаласындағы тұрмыстық қалдықтар полигонының жаңа жобасы
жасалды. Жаңа полигонды пайдалану мерзімі 15 жыл, жыл сайын 260 мың текше
метр қалдық тасылады.
Елек өзенінің бормен ластануы Ақтөбе химия зауытының (1941) іске
қосылғанынан басталды. Ластаушы көзі — Елек өзені жайылмасындағы сүзгіші
жоқ зауыттың шлам жинаушылары болып табылады.
Казводоканалпроект институтының мәлімдеуінше, жер асты горизонтында
890 тонна бор жиналған.
Қазіргі уақытта өзен алабының жер асты суының ластану ареалы 32,5 км2
жетті, тіпті бұдан да ұлғайып бара жатыр.
Ақтөбе гидрометеорологиялық ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz