Аратұмсық акуланың дене құрылысы
12Мазмұны
Кіріспе---------------------------- ----------------------------------- ------
------------- -----3
1.Шеміршекті балықтар класы.
1.1 Шеміршекті балықтардың жалпы сипаттамасы --------------------------- --
--5
1.2 Акуланың тіршілік ортасы--------------- -------------------------------
---- --- ---7
2. Аратұмсықты акулалар отряды
2.1. Аратұмсық акуланың дене құрылысы--------------------------- ----------
-- --12
2.2Аратұмсықтың акуланың қаңқа құрылысы--------------------------- -------
--13
2.3Аратұмсық акуланың тыныс алуы, сезім мүшелері----------------------- --
-15
2.4.Аратұмсықтың акуланың тері жамылғысы-------------------------- -------
---16
2.5Аратұмсық акуланың көбеюі----------------------------- -----------------
----- ---18
3. Аратұмсық акуланың шаруашылық маңыздылығы------------------------ ---
-20
Қорытынды.------------------------- ----------------------------------- -----
---------------23
Пайдаланылған әдебиеттер------------------------- ------------------------
------ -----26
Кіріспе
Балықтар – жер шарының суларын мекен еткен және бiрте-бiрте көне
омыртқалылар – жақсыз балықтарды ығыстырып тастаған, алғашқы су жақауызды
омыртқалылар. Олардың барлық құрылымы суда белсендi желбезекпен тыныс алуға
және тiстейтiн жақтарымен қоректi белсендi ұстау жолымен қоректенуге
бейiмделген.
Ихтиология (лат. ichthys - балық және логия) - балықтар мен
дөңгелекауыздыларды, (миксиндер мен тілтістер) зерттейтін омыртқалылар
зоологиясының бөлімі.
Ихтиология балықтардың сыртқы белгілері мен ішкі құрылысын (морфологиясы
мен анатомиясын), балықтардың сыртқы ортаға бейімделуін, бейорганикалық
және органикалық қарым-қатынасын (экологиясын), даму тарихын – жеке
организмнің эмбриологиясын және түрлердің, туыстардың, тұқымдастардың,
отрядтардың, т.б. эволюциясын немесе филогениясын, сондай-ақ, балықтардың
географиялық таралуын (зоогеографиясын) және балықтар үйірінің санын, оның
ауытқу заңдылықтарын зерттейді; балықтардың мінез-құлығын (этологиясын),
өзара қалай қатынаста болатынын, ұрпағына қалай қамқорлық жасайтынын
анықтап, балықтардың өндірістік қорын анықтау әдістерін жетілдіреді, қысқа
және ұзақ мерзімді балық аулау көлемін болжайды.
Ихтиология мынадай салалардан тұрады: балықтар физиологиясы, балық
өсіру, өндірістік балық аулау, балықтар эмбриологиясы, балық өндірісінің
шикізат қоры, балық тағамдарының технологиясы, балықтар аурулары. Балықты
өңдеу туралы алғашқы деректер Ежелгі Мысырдың (б.з.б. 3700 – 3600 жылы)
папирустары мен жартастарындағы суреттерде кездеседі. Балықтарды ғылым
тұрғыдан зерттеу жұмыстары 16 ғасырдың ортасынан, француз ғалымдары
П.Белона мен Г.Ронделе және италияндық биолог И.Сальвиани еңбектерінен
басталады. 18 ғасырдың басында швед ихтиологы П.Артеди балықтар жіктелімін
жасады. 18 ғасырда Ресейде балықтарды зерттеу С.И. Крашенников, И.Лепехин,
П.Паллас есімдерімен тығыз байланысты. 19 ғасырда К.Бэр мен
Н.Данилевскийдің Каспий, Азов, Қара теңіздеріндегі жүргізген зерттеулері
ерекше орын алды, соның нәтижесінде балықтарды қорғаудың ғылым негізделген
шаралары мен балық аулауды ұтымды ұйымдастыру жолдары ұсынылды.
Жұмыстың мақсаты: Қазіргі заманның басты проблемалары, ашық мұхитпен
ішкі су қоймаларының балықтар түр құрамын, олардың экологиясын,
этологиясын, популяция динамикасын, эволюциясымен систематикасын зерттеу.
Қазіргі уақытта мұхиттық балық аулау кәсіпшілігіне, ішкі су қоймаларында
әртүрлі балық шаруашылығын ұтымды жүргізу, балық қорын жасау мен сақтаудың
биологиялық негіздеріне көңіл бөлу
Балықтар туралы толық ақпарат алу.
Жұмыстың міндеті: балықтар туралы толық мәлімет беру.
Республикамыздағы Ихтиологиялық зерттеулердің нәтижелері республикалық
ғылым-зерттеу институттарының, Қазақстан Ұлттық Ғалымдар Академиясының,
ҚазҰУ-дің ғылым еңбектерінде, ТМД және көптеген шет ел журналдарында
басылды. 5 томдық “Қазақстан балықтары” (1986 – 92); “Қазақстанның
балықтәрізділері мен балықтарының қазақша-орысша анықтауышы” (1999); И.В.
Митрофанов, Бәйімбетов, Мур Джылы Майклдің “Словарь названий рыб
Казахстана” (лат., англ., рус., каз., 1999); К.Ө. Күленов, С.К.
Күленованың, “Балық шаруашылығының орысша-қазақша түсіндірме сөздігі
(1980).
Жұмыспен танысу: балық шаруашылығымен, ихтиология саласы бойынша толық
мәлімет беру. Аратұмсық балықтар туралы көп ақпарат алу. Аратұмсық
акуласының ішкі және сыртқы құрылысымен танысу.
Жұмыстың меңгеруі: Аратұмсық балықтар туралы толық ақпарт алып, оларды
балық шауашылығына маңызын түсіну.
Қарыстыру: Қазақстанда балық шаруашылығын маңызын білу. Сирек кездесетін
балықтар туралы есепке алу. Аратұмсық балықтың қай жақта мекен ететінің
анықтау.
Жұмыстың бақылауы: Аратұмсық балықтың суда тіршілік етуін бақылау.
Балықтың қоректенуі бойынша ақпарат беру.
Жұмыстың салыстыруы: Аратұмсық балықтар мекендеу аймағы бойынша басқа
мемлекеттерде салыстыру. Акула отрядының басқада балықпен салыстыру.
Жұмыстың анализдік талдауы: Балық шауашылығының маңызы, балықтың тіршілік
ортасы, аратұмсық балықтар туралы анализ беру.
Жұмыстың зерттеу обьектісі: Ихтиология саласы бойынша аратұмсық балықтың
ерешілігін анықтау.
Жұмыстың маңызы: Акулалар адамзатқа бірінші тамақ ретінде маңызы бар.
Балықтың организмдерінде көптеген витаминдер бар. Балықттар шауашылық
ретінде маңызы зор.
1. Шеміршекті балықтар класы
1.1 Шеміриекті балықтардың жалпы сипаттамасы
Шеміршекті балықтардың силур дәуірінде тіршілік еткендігін бұдан бұрын да
сөз еткенбіз. Жүз миллиондаған жыл бұрынғы қалпын сақтап, пішіні
айтарлықтай өзгеріске ұшырамаған көне дүниенің тірі куәсі - акула. Мысалы,
қазіргі акуланың бұдан шамамен 300 миллион жыл бұрын тіршілік еткен
акуладан айтарлықтай айырмашылығы жоқ. Аквариумнан акуланы көріп тұрып,
оған немқұрайлы қарауға тіпті де мүмкіншілік жоқ. Әсіресе оның сүйірлене
біткен дене пішінін басқа балықтардың бірде бірінен кездестіруге болмайды.
Акула жүзгенде ешқандай қиналмастан қуатты құйрығымен су сабалап, сәнді де
қаһарлы түрде емін-еркін қозғалады. Акуланың пышақтай өткір тістері
орналасқан мықты жақтары, аузын ашқанда қатар түзеп, айбар береді. Мықты
жақтарының көмегімен олжасын қақпанша қауып, тістеген жерін ойсырата жұлып
алады. Миллион жылдар бойы өзгеріссіз қалуына себепші болған да осы дене
пішіні мен мықты тістері және айбарлы қимылы болар.
Қазіргі кезде акулалардың жаулары да көп емес, достары да жоқтың қасы.
Алайда, адамдар акулаға қорқынышты да сенімсіз көзқараста. Дәлірек айтқанда
акуланың мінез-қылығының нақтылы қандай екендігін зерттеп білу мәселесі әлі
толық шешілген жоқ. Әсіресе, акулалардың адамға шабуылы тым түсініксіз
[1].
Нағыз шеміршекті балықтар (Сһопdrісһthуеs) девон дәуірінен бастап
белгілі болған. Бүлар бірнеше класс тар-мағынан құралған. Оның денесі
бірімен-бірі жанасып жатқан сүйекті пластинкалармен жабылған ұсақ тұщы су
балығы (Асапthodii) арқылы қарастырамыз. Олардың қанаттарының түбі жалпақ,
сол сияқты көкірек және құрсак қанаттарының аралығында бірнеше қосымша ұсак
қанаттары да болған, жақ шеңбері бірнеше бөліктерге бөлінген ( 1- сурет).
Алғашқы акулалардың (Ргоsеіасһіі) девонның соңғы кезіне дейін тіршілік
еткен өкілі (Сіаdіоsеlасһе) болып саналады. Мұның да қанаттарының түбі
жалпақ, ұшы сүйір
болып келген, оны бүйір қатпарының қалдығы деп қарауға болады. Рострумы
және жыныс өнімдерін жинап тұратын мүшелері болмаған, соған сәйкес ұрықтану
сыртқы орталықта жүрген [2].
Тақта желбезектілер (ЕІаsтоЪгапсһіі) қалдығын тас көмір дәуіріндегі
казындылар арқылы анықталған. Олар акула тәрізді балықтарға ұқсаған.
Скаттар—теңіз түбіне жа-қын тіршілік ететін көлденең ауыздылардың
маманданған тармағы — олар мезозойда пайда болған. Бұдан біраз уақыт бұрын
Триас дәуірінде бүтінбастылар (НоіосерһаІі) пайда болған. Олардың саны өте
көп болмаған (3 – сурет ).
Шеміршекті балықтар (Chondrichthyes) — омыртқалылар класы. Қазба
қалдықтары девонның орта шенінен белгілі. 2 класс тармағы:
тақтажелбезектілер (Elasmobranchіі) және бүтінбастылар (Holocephalі), 140-
қа жуық туысы, 730 түрі бар. Шеміршекті балықтардың денесінің ұзындығы 6 см-
ден 20 м-ге жетеді. Қаңқасы тек шеміршекті, қаңқасының ізбестенгендері
(сүйектенбеген) жиі кездеседі. Егер қабыршағы бар болса, ол плакодты
(тісшелі). Көпшілігінде ұзынша тұмсығы болады, аузы тұмсығының астында
көлденең саңылау сияқты көрінеді. Қанат қалақшалары эластинді талшықтармен
бекіген. Құйрық қанаттарының қалақшалары тең емес, үстіңгі қалағы үлкен, 5
— 7 жұп желбезек саңылаулары сыртқа жеке ашылады. Торсылдағы болмайды. Тоқ
ішегінде иірлі қатпарлы қақпақшасы, жүрегінде артериалды конусы бар. Ас
қорыту және несеп-жыныс жүйелері құрсақ қанаттарының жанындағы ортақ қуыс —
клоакаға ашылады. Іштей ұрықтанады. Аталықтарының жұп шағылысу органдары
(птеригоподилері) құрсақ қанаттарының сыртқы талшықтарынан дамыған.
Шеміршекті балықтар тірі туады (сирек) немесе ұрықтанған жұмыртқа салады
(тірідей жұмыртқа туу). Шеміршекті балықтардың ішкі осмостық қысымы
негізінен қанда еритін мочевина арқылы реттеледі. Дене қуысы сұйығының
қысымы сыртқы ортаға қарағанда жоғары болады. Шеміршекті балықтар негізінен
теңізде тіршілік етеді. Бұларды тұщы суға жіберсе, ішкі осмостық қысымы
төмендейді де, олар тез өліп қалады. Араларында тұщы суда кездесетін
түрлері бар, олар осмостық қысымын сақтау үшін өте көп мөлшерде зәр бөледі.
Шеміршекті балықтардың барлығы да жыртқыштар. Бұлардың көп аулануына
қарамастан, кәсіптік маңызы шамалы [2] .
Балықтардың жыныс жүйесі. Ұрықтану. Шеміршекті балықтар. Жыныс бездері
әдетте жұп, кейбір скаттарда тек сол жақ безі ғана дамыған. Пісіп- жетілген
сперматозоидтар тұқым жолы арқылы тұқым көпіршігі мен тұқым қапшықтарында
жиналады. Ұрықтанған кезде сперматозоидтар аталығының клоакасына түсіп,
одан соң шағылысу мүшелерінің (птеригоподий) көмегімен аналығының
клоакасына енгізіледі. Шеміршекті балықтарға іштей ұрықтану тән. Іштей
ұрықтану, жұмыртқада қоректік заттар қорының біршама болуы, жұмыртқаның
мықты сыртқы қабығының көп кездесуі – шеміршекті балықтардың эмбрионалды
және постэмбрионалды өлім-жітімге аз ұшырауына бейімдеушілік болып
табылады.
Аналықтарында жұп жұмыртқа безі болады. Пісіп-жетілген жұмыртқа-
фолликула қабырғасын жарып дене қуысына шығады, бауыр үстімен жылжып
жұмыртқа жолының шанағына түседі. Жұмыртқа жолының оң және сол жағы зәр
емізікшесінің бүйірінен клоакаға жеке-жеке тесік арқылы ашылады [3 ].
Шеміршекті балықтардың жұмыртқалары ірі (10-20см), сарыуызы көп.
өсімталдығы төмен. Бір мезгілде әдетте 1-2, өте сирек 10-12 жұмыртқа
салады. Тек поляр акуласы ұзындығы 8 см 500 жұмыртқа салады. Олардың
жұмыртқасында сарыуыздың мол болуы түрленбей дамуын қамтамасыз етеді.
Көптеген акулалар мен скаттар үшін тірі жұмыртқа тән, яғни ұрықтанған
жұмыртқа жатырда ұзақ уақыт тоқтайды. Ұрық пен аналық ағзасы арасында
ерекше байланыс қалыптаспаған, даму жұмыртқадағы энергетикалық қордың
есебінен жүреді, бірақ ұрық оттегіні аналық ағзасынан диффузиялық жолмен
алуы мүмкін. Кейбір акулалар мен скаттарда нағыз тірі туу кездеседі,
аналық пен ұрық ағзасы арасында тығыз байланыс болады ( 2- 4 - сурет).
1 – суре.т шеміршекті балықтар 2 – сурет. Акула
3- сурет. Скат. 4- сурет. Акула.
1.2 Акуланың тіршілік ортасы.
Акула (Selachіoіdeі, көне норвегше haccal — балық) —тақтажелбезектілер
класы тармағына жататын балықтар [ 4 ].
Қазір акуланың 350-дей түрі бар: олар 6 отрядқа, 20 тұқымдасқа бөлінеді.
Акула барлық теңіздер мен мұхиттарда кең тараған, тұщы суларда да
(Амазонка, Ганга) кездеседі. Денесінің ұзындығы 15 см-ден 20 м-ге дейін
болады, салмағы 14 т-ға дейін тартады. Дене пішіні сүйірлеу, тұмсығы ұзын,
аузы алқымға таяу орналасқан. Құйрық қанатының үстіңгі қалақшасы
астыңғысынан үлкен болып келеді. Қаңқасы шеміршекті, тістері өткір,
торсылдағы және желбезек қақпағы болмайды, басының екі жағында 5-7 жұп
желбезек саңылаулары бар [5 ].
Акуланың көру қабілеті жақсы жетілмеген, ал иіс сезу қабілеті өте жақсы
жетілген және судың майда дірілін бүйір сызығы арқылы сезе алады. Жемін
аулауы осы екі қасиетіне негізделген. Олардың көпшілігі ірі жануарларды
аулайды. Ең ірілері кит акуласы (15 метрге дейін) мен алып акула (20 м-ге
дейін) планктонмен қоректенетіндер тобына жатады. Акула іштей ұрықтанады,
көпшілігі ірі мүйіз қабығы бар жұмыртқа салады, кейбіреуі ұрпағын тірі
туады. Акуланың 50-дей түрі қатерлі жыртқыш болып саналады. Олар көп
жағдайда күндіз адамдар көп шомылатын тропикалық суларда жағаға жақын
жерлерге келіп, шабуыл жасайды. Кейбір түрлерінің кәсіптік маңызы бар.
Акуланың орталық нерв жүйесі бас миы мен жұлынға жақсы жіктелген
(4- сурет ).
4- сурет. Акуланың нерв жүйесі.
Акуланың бас миы дөңгелек ауыздылардікімен салыстырғанда жақсы жетілген.
Ол бас омыртқалылардағыдай бес бөлімнен тұрады. Алдыңғы ми (1) көлемі
үлкейген. Аралық ми (2), бас миының үстінен қарағанда онша көрінбейді, тек
қана оның эпифиз түсі ғана көрінеді (3).
Ортаңғы миы (4)-көлемі үлкен және оның екі көру аймағы жақсы жетілген.
Акуланың мишығы (5) өте жақсы жетілген, дөңгелек пішіндес, көлемі үлкен
және беткі қабығында бірнеше иірімдері бар. Сопақша ми (6) пішіні ұзынша
келген, бас миының соңғы бөлімі. Сопақша мидың артқы шеті жіңішкере барып
жұлынға айналады (7). Жұлын омыртқа жотасының ішіндегі каналмен дененің
артына қарай созылып жатыр.
Акуланың бас миынан 10 жұп аймақтың нервтері таралады. Олар негізінен
сезім органдарының қызметін реттеп отырады.
1. Иіс сезу нервісі -I жұп
2. Көру нервісі - II жұп
3. Көз қимылы нервісі –III жұп
4. Шығыр нерв -IY жұп
5. Үшкіл нерв -Y жұп
6. Әкетуші нерв -YI жұп
7. Бет нервісі -YII жұп
8. Есту нервісі -YIII жұп
9. Тіл жұтқыншақ нервісі - IX жұп
10. Адасқан нерв -X жұп
Акуланың көпшілігі тропикалық сулардан ауланады, бауырынан май алынады,
етінен тағам, қаңқасынан желім жасалынады, терісін де пайдаланылады.
Қазақстанда акуланың қазба қалдықтары бор кезеңінен бастап кездеседі, кең
тараған уақыты — палеоген кезеңі [6 ].
Акулалар мен скаттар барлық теңiздер мен мұхиттарда мекендейдi. Акулалар
түрлерiнiң басым бөлiгi – жыртқыштар. Ұзарған сүйiр торпедатәрiздi денесi,
күштi бұлшықеттерi оларға үлкен жылдамдықпен жүзуге мүмкiндiк бередi.
Акулалар денесiнiң көлемi әр-түрлi. Iшiндегi ең алыбы-кит акуласының
ұзындығы 20 м дейiн жетедi. Ол судан ұсақ планктонды организмдердi сүзiп,
солармен қоректенедi [7].
Акулалардың көпшiлiгi — ашық мұхиттың екпiндi жыртқыштары. Каспий
теңiзiнде көлемi 120 см аспайтын және балықтармен қоректенетiн шағын катран
акуласы немесе тiкендi акула мекендейдi. Баренц және Ақ теңiздерiнде
мекендейтiн катран, майшабақ және жұмсақ қанаттылармен трескамен
қоректенедi. Катранның етi өте дәмдi, бекiренiкiнен кем түспейдi.
Катрандармен өте сақ болу керек. Олардың арқа жүзбеканаттарының түбiнiң
алдында екi өткiр тiкенегi бар болса у бездерi орналасқан. Егер аквалангышы
немесе жүзiп жүрген адамдар сол тiкендермен жараланса у кызартып iсiнiп,
ауру тудырады. Кейде жүрек дүрсiлi жиiлеп, тыныс алуы тарылады. Көбiнесе
ауырғандар жазылып кетедi, бiрақ өлiмге әкелген жағдайлар да кездеседi [8].
Мұхитта акулалардың көптеген түрлерi мекендейдi: көк, ақ, рифтiк, алты
желбезектi, кариб қаражүзбеқанатты, теңiз түлкiсi, ала мысықты, полярлы
және т.б. Аса қызығушылықты, басының алдыңғы ұшында аса үлкен балғаға
ұқсас, әр жағында көздерi мен танаулары бар, рострумы өсетiн акула —
балғалар туғызады. Акула-балғалар — өте қаһарлы және ашқарақ жыртқыштар.
Осы акулалар ең жиi адамға шабуыл жасайды. Басының жалпақ бөлiгiнiң төменгi
бетi жоғары сезiмталдық пен эхолокацияға ие, осыған байланысты олар топырақ
астына көмiлiп жатса да қоректi оңай 2. Шеміршекті және сүйекті
балықтардың тыныс алу ерекшеліктері. Шеміршекті балықтардың тыныс алу
ерекшеліктері. Акулалардың жұтқыншағы өңешке айналатын ұзын жалпақ арна
болып табылады. Жұтқыншақтың екі жағынан дененің үстіне қарай бірқатар
саңылаулар ашылады. Оның алдында әдетте кішкентай тесік – бүріккіш болады,
ол желбезек саңылауының қалдығы және жақ пен тіласты доғаларының арасында
орналасады. Бүріккіште жарты желбезектің қалдығы болатындықна, оны жалған
желбезек деп атайды. Себебі оны венозды қанмен емес артериялық қанмен
қамтамасыз етіледі. Акулада жалған желбезектен қан көзге және миға барады.
Бүріккіштің астына қарай кәдімгі желбезек саңылауларында желбезектер
орналасқан. әдетте су жұтқыншаққа ауыз арқылы өтіп, сыртқа желбезек
саңылаулары арқылы шығады. Су желбезектер үстімен өткенде тыныс алу-газ
алмасу жүреді [9].
Акулалар тыныс алғанда жұтқыншақ аймағы кеңейіп, ауыз тесігінен және
бүріккіш арқылы су сорылады да, су желбезек жапырақшаларн жуып, сыртқы
желбезек қуысына өтеді. Тыныс шығарғанда оң және сол жақтағы желбезек
доғалары жақындап, жұтқыншақ көлемін кішірейтеді. Сыртқы желбезек
қуыстарында қысымның артуы желбезекаралық перделердің шеттерін қайырады, су
сыртқа шығады. табады.
Аса ірі акула
5- сурет. Акула
Аса ірі акула (лат. Cetorhinus maximus) - ламнотектес балықтар отряды,
(Cetorhinidae) тұқымдасынын жалғыз өкілі.
Сипаттама.Сигаратәрізді, денесінің ұзындығы 14-15 м-ге дейін, ұзындығы 9 м
дейінгінің салмағы 4 т-ға дейін. Желбезек саңылаулары үлкен, әр желбезек
доғасында 1300-ге дейін аталық қысаң қабықтары сүзгілі аппараттар құрайды.
Жақ тістері ұсақ, ұзындықтары 5мм-ден артық емес, 4-7 қатарлы, үккішке
ұқсайды. Екі жақ жарты шарлардың бір - келкі жылы сулардың пелагиалилерінде
мекендейді, көктемде және жазда судың жоғары бетінде жүзеді.
Кездесуі.ТМД-да Мурманск жағалауларында сирек кездеседі.
Салыстырғанда аз қозғалмалы. Аталық жыныстығын жойып, тереңдікте қыстайды
[10].
Акулалар бәрін көреді...
Балықтар туралы әлемде қаншама ертегіге бергісіз аңыздар мен аңыздарға
бергісіз ертегілер бар. Олардың барлығы күнделікті өмірде айтылып,
тұрмыстан бөліп алғысыз құндылықтай болып кеткен. Әйтсе де, бір топ
зерттеушілер сезімнің шырмауы мен үлкен шығармашылықты ысырып қоя тұрып,
адам баласының игілігі үшін балға басты балықтарға (акула) зерттеу жасады.
Анықталғаны...
Биологтардың бұл зерттеуі жемісті аяқталды. Олар балға-балықтардың
(акулалардың) басы оның жақсы көруіне септігін тигізерін дәлелдеді. Және
балға-балыққа байланысты алғашқы жаңалықтар The Journal of Experimental
Biology атты журналда жарық көрді.
Ғалымдар балықтардың бірнеше түрлеріне зерттеу жасады. Оның ішінде балға-
балықтардың үш түріне: Eusphyra blochii, Sphyrna corona және Sphyrna
lewini. Жалпы зерттеуге келетін болсақ, ең алдымен ғалымдар балықтардың
көзіне электродтар (анықтайтын аппарат) отырғызған. Соның арқасында олардың
жарықты қабылдау қасиетін жан-жақты бағамдап, бақылау барысында балықтардың
көз көру қасиеттерінің әр бағытта (ара-қашықтық) әр түрлі және жақсы
көретіндеріне көздері жеткен.
Балға-балықтардың яғни акулалардың вертикальды басы балықтың 360 градус
бойына көруіне мүмкіндік береді екен. Ол шынымен жемтігін алды-артынан
көріп, кез келген жағдайда қармап алатын болып шықты( 6- сурет).
Біз ойлағандай, екі көз арасындағы алшақтық оларға кедергі емес.
Керісінше, басқа балық түрлерінен озық шығуының кепілдемесі дерсің: шапшаң,
епті, төзімді.
Балықтың бинокулярлық көз көруі көз алдарындағы кескінді немесе қос
бірдей жемтікті бір көзбен-ақ бір мезетте қүйадағалай алатын болып шықты.
Мысалы, Eusphyra blochii атты түр басқа балықтардан басы ең үлкені болып
саналады: оның көз көру зейінінің ауқымдылығы - 48 градус; ал басқа
балықтарда (акула) - 32 градус ( 7, 8 – сурет).
Осы уақытқа дейін балға басты акулаларды көптеген зерттеушілер көзі
нашар көреді деп есептеп келді. Және көбісі бинокулярлық көз көруді де
аталған балықтың түрінен алысқа алып кетіп, басқа балықтардың түрлеріне
теліп жүрді.
Бір айта кетері, балықтың осылай өсуінің себебін зерттеушілер жер
магнитінің тартылыс заңы мен өздерінің жоғары деңгейдегі жылдамдықтарының
әсерінен деп санайды.
Қоректенуі.Планктофаг, тамақтану жолы мұртты киттерді еске түсіреді,
(суды желбезек аталығынан сүзеді).
Қалқыма су ағзалардың топталуы 20-30 тұратын даралықтар тобырын
құрайды. Гиганттық акуланың бауырының салмағында 60% май, ол денесінің 20%
салмағы. Адамға қауіпті емес [11] .
6- сурет
7- сурет
8- сурет
2. Аратұмсықты акулалар отряды
2.1. Аратұмсық акуланың дене құрылысы
Бұл отрядқа 4 түрі бар бір тұқымдас жатады. Екі арқа жүзбе қанаттары
тікенексіз, аналь қанаты жоқ. Желбезек саңылау – 5 не 6 жұп. Біршама ірі
бүріккіштері көздің артына қарай орналасқан.
Бұл акулаларға ұзарған әрі жалпақ , екі жағында ірі тістері бар
семсертәрізді тұмсық тән. Тұмсықтың астында жұп ұзын мұртшалар орналасқан,
олардың атқаратын қызметі – иіс сезу болуы мүмкін [12 ].
Ара-балықтар , аратұмсықты скаттар (Pristiformes) – шеміршекті
балықтардың бір отряды. Тропиктік және субтропиктік аймақтардағы теңіздерде
және барлық мұхиттардың тұзды суларында, тропиктік тұщы тоғандарда
кездесетін 1 тұқымдасы, 1 туысы, 7 түрі белгілі. Су түбінде тіршілік ететін
балықтар. Денесінің ұзындығы 6 м, салмағы 2400 кг. Денесі қысыңқы, кеуде
жүзбеқанаттарының шеті басымен бірігіп кеткен, желбезек саңылаулары бауыр
жағында орналасқан. Тұмсығы ұзын, екі қырында ара тәрізді жалпақ тістері
бар. Балықтың аты осыған байланысты қойылған. Мұрты болмайды. Қорегі –
омыртқасыз жануарлар, қорегін ара тәрізді тістерімен ұстайды, кейде ұсақ
балықтармен қоректенеді. Ара-Балық әдетте тірідей не жұмыртқалап туады.
Жергілікті кәсіптік маңызы бар балықтар, адамға қауіп төндірмейді [13].
Жапон аратұмсықты акуласы. Майда жануарлармен қоретенеді, оларды
топырақтың ұзын тұмсығымен қазып алады. Денесінің ұзындығы 1,5 м-ге жетеді.
Барлық жүзбе қанаттары, құйрық қанаттарынан басқа, майда плакоидты
қабыршақтармен жабылған ( 9- сурет).
9- сурет. Жапон аратұмсықты акуласы
Өкілдері: Атлант аратұмсығы, Австралия аратұмсығы. ( 10, 11- сурет)
10- сурет. Атлант аратұмсығы 11- сурет. , Австралия
аратұмсығы
Аратұмсық балықтар Австралия материгінде де кездеседі. Ылғалды сулы
аймақта кездесетін австралиялық, кысқытұмсықты, ұзынтұмсықты және
оңтүстікті аратұмсықтар.
Бұлардың салмақ ұзындығы 120 – 135 см болып табылады. 2008 жылы тағыда
аратұмсық отрядына жаңа тұқым табылды. Ол Австралияда кездеседі. Ол өте
үлкен емес. Біршама ұзындығы 85 см әрен жетеді. 250- 400 м тереңдікте жүзіп
жүреді.
Атлантикалық суда, солтүстік Кубада және оңтүстік Флорида да тағы бір
аратұмсық отряды кездеседі. Ұзындығы 80 см болып табылады. Оны көбінесе
багамалық акула деп де атайды. Теңіз тереңдігінді 400- 1000 м жүзіп жүреді.
Бұл акула өте сирек болып табылады [14].
2.2Аратұмсықтың акуланың қаңқа құрылысы
10- сурет. Скелет акулы, схематично :
1 — позвонки, 2 — верхние дуги, 3 — нижние дуги, 4 — ребра, 5 — черепная
коробка, 6 — обонятельная капсула, 7 — слуховая капсула, 8 — жаберная дуга,
9 — подъязычная дуга, 10 — небноквадратный хрящ, 11 — меккелев хрящ, 12 —
радиалии, 13 — плечевой пояс, 14 — тазовый пояс, 15 — базалии
Аратұмсық акуланың сүйегi болмайды және олардың iшкi қаңқасы түгел
шемiршектен тұрады. Олар екi тең емес топқа бөлiнедi: қаңқаның қарапайым
құрылысын сақтап қалған бiрақ аса жетiлген көбею мүшелерi мен жүйке жүйесi
бар тақташажелбезектiлер немесе акулалы балықтардың үлкен тобы 3 және жақ
пен желбезек аппараттарын ұстап тұратын, қаңқалы доғалардың бассүйегiмен
қозғалмалы буындасқан түрiндегi висцеральдi қаңқадан тұрады.
Омыртқа жотасынан және бас сүйегінен тұрады. Омырткаларын дене және
құйрық омыртқалары деп екіге бөледі. Омыртқа денесі алдыңғы, артқы жағынан
да ойыстанады және қатар жатқан омыртқалардың денесінің арасында пайда
болған қуысында хорда сақталады (амфицельдік омыртқалар). Сонымен катар
хорда әрбір омыртқа денесінің ортасындағы жіңішке тесіктің ішінде де
сақталған. Омыртқаларға бекінген қабырғалар дене қуысын үстіңгі және бүйір
жағынан қоршап тұрады.
Бас сүйегі — ми сауытынан, сезім органдарының капсуласы-нан және
рострумнан құралған Ми сауытының төбесі шемір-шекпен қапталған. Демек, осы
шеміршек ми сауытын тұтасынан жауып тұрмағандықтан оның алдыңғы жағы
жарғақпен қапталған. Оны алдыңғы фонтанель деп атайды. Бірінші ауыз
омыртканың бас сүйегімен кірігуі салдарынан бас сүйегінің желке бөлімі
пайда болады.
Бас сүйегінін, алдыңры бөліміяен тараған үш шыбық тәрізді шеміршектерден
рострум құралады [16].
Аяқ скелеттері екі бөлімнен тұрады. Бірінші — аяқтарға ті-реу болатын
белдеу, екінші — бос төменгі бөлімінің скелеттері. Алдыңғы аяқтардың яғни
көкірек қанаттарының белдеуі қалың ет қабатында жатады және ол қанатгарына
тірек болады. Бұл белдеу бір ғана шеміршек доғасынан тұрады. Қанаттары бір
жақ ұшымен белдеу бөлімше бекісе, ал екінші ұшы денесінің сыртында болады.
Белдеу доғасынын, дөңес беті құрсақ жағына қарай бағытталған, демек, белдеу
қаңқасы ет қабатына берік орналасқан. Бұл доғаның әрбір жартысының (оң,
сол) орта жерінде дөңесі бар. Кеуде қанаттарының ішкі ұштары осыған келіп
бекиді. Көрсетілген дөңестің үстіңгі бөлімін — жауырын, астыңғысын —
каракоид деп атайды.
... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz