Аудитордың мәнділік деңгейін қарастыруы


Мазмұны
Кіріспе . . . 5
Тарау 1 Аудиторлық мәнділіктің мәні мен мазмұны . . . 7
- Аудиттегі мәнділік . . . 7
- Аудиттік ауытқулар . . . 10
- Халықаралық аудит стандарты 320 «Аудит мәнділігі» . . . 14
Тарау 2 Аудиттегі мәнділік деңгейін анықтау . . . 21
2. 1 Мәнділік деңгейінің көрсеткіштерін тәжірибелік анықтау . . . 21
2. 2 Мәнділікті бағалау үшін критерийлер . . . 26
Қорытынды . . . 28
Пайдаланылған ақпар көздері . . . 30
Кіріспе
Аудиттің ақпараттық негізі бухгалтерлік есеп болып табылатындықтан ұйымдарды тексеретін аудиторлар бухгалтерлік есептеме нақтылығымен олардың аудиторлық дәлелдерін және өндірісті жетілдіру мақсатындағы шығындарды, қаржыларды жетілдіру жөніндегі ұсыныстарды, жобаларды бизнес жоспарлармен жоспарларды жасау үшін дәйекті ақпараттар алу және қызмет процессін басқарудың тиімділігін арттыру мақсатында басқа іс-шараларлы іске асыруүшін тексерудің арнаулы әдістері мен тәсілдерін қолдана білу керек.
Қазақстан Республикасының бүкіл халық шаруашылығының нарықтық экономикаға өтуі, кәсіпкерліктің жедел дамуы, ұйымдардың жаңа ұйымдастыру-құқықтық нысандары мен меншіктің сан қырлы нысандарының пайда болуы экономикалық бақылау жүйелері мехнизмдеріне түбегейлі әсер етті.
Аудиторлық қызмет негізгі қағидаларын сақтау негізінде жүргізіледі. Аудиттің мақсаты - кәсіпорынның қаржылық жағдайы туралы және қаржылық жағдайының өзгеруі туралы бақылау жүргізу.
Аудиттің мазмұнын қарастыру барысында оның нақты құрамы туралы айту қажет. Олар мыналар: шаруашылықтағы субъект мәлімет аудитордың мамандығы фактілерді жинау және бақылау аудит стандарты аудитор ақпараты, есебі.
Курстық жұмыстың өзектілігі: елдің микроэкономикасын басқару құралына аса қажетті аудиторлық мәнділік осы курстық жұмыста кеңінен және түбегейлі қарастырылады. Мәнділік аудитордың міндетін ұйымдағы қаржылық есптемені тексеруді болжамайды және есептемеде құрылған нақты бірлік өлшеміне дейін оның сенімділігіне қорытынды бермейді. Мәнділік - бұл ақпараттағы мүмкін өзгерістер параметрі, яғни өзінің компетенттелген тұтынушысының пікіріне әсер етуі. Мәнділік - тұрақты абсалюттік санда көрсетілмеуі мүмкін. Әрбір нақты жағдайда, әрбір мекеме үшін мәнділік түрліше болуы мүмкін.
Курстық жұмыстың негізгі мақсат міндеті аудиторлық мәнділіктің мәні мен мазмұны және аудиторлық мәнділіктің деңгейін анықтау. Оның ішінде келесідей сұрақтарды қарастырады:
- Аудиттік ауытқулар
- Мәнділік деңгейінің көрсеткіштерін тәжірибелік анықтау
- Мәнділікті бағалау үшін критерийлер
- Халықаралық аудит стандарты 320 «Аудит мәнділігі»
Бірінші тарауда, аудиттегі мәнділік дегеніміз не деген сұраққа жауап жазылады, яғни аудит мәнділігі бұл қаржылық есеп берудің кейбір баптарын, көрсеткіштердің бұрмалаушылықтарының мүмкіндік деңгейі немесе жарық көрген қаржылық есепте көрсетілетін және мәнді емес деп қарастырылатын пайдаланушыларды жанылыстырмайтын барынша мүмкін қателіктер.
Мәнділікті бағалау аудитордың тәжірибесіне, мамандық дәрежесіне байланысты және олардың өздерімен әрбір аудит жүргізілетін ұйым үшін, оның қызметінің көлемі және ерекшелігімен бірге анықталады. Және бұл тарауда аудиттегі мүмкін ауытқуларды анықтау оларды есептеу жолдары мен тәсілдері көрсетілген. Мәнділік деңгейі дегеніміз есеп беру қателерінің сол шектіе мәні, содан бастар бұл есеп беруді пайдаланушы кәсіби маман үлкен болжау дәрежесімен ол арқылы дұрыс қорытынды жасамайды және дұрыс экономикалық шешім қабылдамайды.
Қаржылық есеп берудін кейбір көрсеткіштері жеткілікті дәл болмауы мүмкін. Бірақ, бұл арқылы есеп беру дұрыс емес деп шешім қабылдауға болмайды. Дәл еместіктер есептеу кезіңде қате жіберуден немесе олар бағалаушы болғандықтан болуы мүмкін. Аудитормен анықталған мұндай дәл еместіктер есеп беруде реттелінуі қажет. Оның үстіне субьектілер әрқашан түзетулерді бір деңгейде еңгізбейді.
Екінші тарауда, мәнділік деңгейінің көрсеткіштерін тәжірибелік анықтау және мәнділікті бағалау үшін қойылатын негізгі критерийлер туралы қарастырылады. Курстық жұмысымды осы аталған тарауларға жеке -жеке тоқталып, қорытынды жасадым.
Тарау 1 Аудиторлық мәнділіктің мәні мен мазмұны
- Аудиттегі мәнділік
Аудиттегі мәнділік дегеніміз - қаржылық есеп берудің кейбір баптарын, көрсеткіштердің бұрмалаушылықтарының мүмкіндік деңгейі немесе жарық көрген қаржылық есепте көрсетілетін және мәнді емес деп қарастырылатын пайдаланушыларды жанылыстырмайтын барынша мүмкін қателіктер.
Мәнділікті бағалау аудитордың тәжірибесіне, мамандық дәрежесіне байланысты және олардың өздерімен әрбір аудит жүргізілетін ұйым үшін, оның қызметінің көлемі және ерекшелігімен бірге анықталады.
Қаржылық есеп берудін кейбір көрсеткіштері жеткілікті дәл болмауы мүмкін. Бірақ, бұл арқылы есеп беру дұрыс емес деп шешім қабылдауға болмайды. Дәл еместіктер есептеу кезіңде қате жіберуден немесе олар бағалаушы болғандықтан болуы мүмкін. Аудитормен анықталған мұндай дәл еместіктер есеп беруде реттелінуі қажет. Оның үстіне субьектілер әрқашан түзетулерді бір деңгейде еңгізбейді.
Көбінесе аудиторлар бухгалтерлік есеп беруге дәл еместіктерді жібереді:
- Олар майда және қаржылық есепті пайдаланушылардың шешіміне әсер етпейді, яғни маңызды емес;
- Майда қателерді анықтауға және түзетуге кететін шығында өте жоғары;
- Оған кететін уақыт бухгалтерлік есеп берудің жарық көруін кешіктіреді.
Сонымен, аудитор есеп көрсеткіштері абсолютті дәл болмайтындығын жібереді, бірақ сонымен бірге бухгалтерлік есеп беру дұрыс екендігін дәлелдейді. Көбінесе көрсеткіштердің 5%-ке дейіңгі аутқуы мәнсіз, ал 10% жоғары мәнді болып саналады.
Қателердің абсолюттік шамасы. Қатенің абсолюттік шамасы басқа факторларға байланысты болмайақ қажетті болуы мүмкін, себебі кез келген ірі сома басқа жағдайларсыз материалды болып табылады.
Қателердің салыстырмалы шамасы. Бұл бағалау болжамдалған қателердің тиісті базалық шамасына қатынасы ретінде пайдаланылады. Мұнда терістікті санап шығару үшін осы базалық шаманы таңдау проблема болып табылады. Мысалы жалпы кірісті база ретінде пайдалануға болады, өйткені оның мөлшері таза кірістін мөлшеріне қарағанда тербелістерге аз тартылады.
Есеп берудің баптарының маңызы. Бұл материалдылықты анықтаудағы қажетті фактор. Өтімді ликвитті активтердің шоттары бойынша мұмкін қателер, басқаларға қарағанда (негізгі құралдар, болашақ кезеңнңн шығындары) өте маңызды болып қарастырылады.
Нақты шарттар. Аудитор пайдаланушыларға ұсынылған қаржылық есептің болмашы қателерінеде үлкен көңіл қоюы қажет. Мұның өзі аудитордың мұқият жұмыс істеуіне және материалдылықтың қатал критерийлерінен шығуына себепші болады.
Белгісіздік. Ұйымның төлем қабілеттілігі жоқтығына байланысты немесе жақын арада төлем қабілеттілігін жоғалту проблемалары аудитор үшін болашақ оқиғалардың белгісіздігін тудырады. Бұл жағдайда аудитор материалдылықтың өте қатал белгілерін пайдалануы керек.
Кумулятивтік тиімділік. Аудитор белгілі және мүмкін қателердін жалпы мөлшерін бағалауға міндетті.
Материалдылық (мәнділік) аудитті жоспарлау кезеңінде аудиторлық тексерудің тиімділігін қамтамасыз ету үшін бағаланады.
1-сурет. Мәнділік концепциясы
Мәнділік түсінігі аудиторға аудиторлық процедуралардың көлемін және орындалу мерзімін, сипатың анықтауда және бұрмалаушылықтардың әсерін бағалауда қажет.
Халықаралық тәжірибеде 10% шегіндегі баланс бабының ауытқуына әкелетін қателер мәнді болып табылмайды. Халықаралық тәжірибеде немесе Қазахстан Республикасында мәнді қателер туралы нормативтік нақтыланған талаптар жоқ.
«Аудиттегі мәнділік» 320 ХАС мынаны қарастырады: «Егер пайдаланушылардың экономикалық шешіміне әсер ететіндей қате мәнді болса ақпарат мәнді болып табылады». Қабылданған тәжірибеге сай әр аудиторлық мекеме немесе аудитор өзінің тәжірибесі мен кәсібі пікірі арқылы мәнділіктің деңгейін орнатады. Мәнділік деңгейін бағалау тәсілі аудиторлық фирманың ішкі стандарттарына жазылуы тиіс.
Қаржылық есептілікті тексеру барысында аудитор аудиттегі мәнділіктің екі жағын тексеруі тиіс:
- Сандық мәнділік деңгейін;
- Сапалық деңгейін, яғни ҚР әрекет ететін құқықтық актілердін тараптарымен жүзеге асырылатын операциялардың ауытқулары;
- Мәнділік денгейін аныүтау барысында екі өлшем қолданылады;
- Абсолютті өлшем - бұл аудитордың субьективті пікірі, ол мәнді емес көлемде анықтауда мәнді болып табылады.
Салыстырмалы өлшем - бұл қабылданған базалық өлшемді пайыздық қатынаста анықтау.
Аудиттегі мәнділік туралы мынадай қорытынды жасауға болады:
- Мәнділік аудитордың міндетін ұйымдағы қаржылық есптемені тексеруді болжамайды және есептемеде құрылған нақты бірлік өлшеміне дейін оның сенімділігіне қорытынды бермейді.
- Мәнділік - бұл ақпараттағы мүмкін өзгерістер параметрі, яғни өзінің компетенттелген тұтынушысының пікіріне әсер етуі.
- Мәнділіек - тұрақты абсалюттік санда көрсетілмеуі мүмкін.
- Әрбір нақты жағдайда, әрбір мекеме үшін мәнділік түрліше болуы мүмкін.
- Мәнділікті бағалау критериясы болып, тек сол шамадағы белгі қаржылық есептемеде мүмкін қателердің, яғни оның жағдайына дейін квалификацияланған тұтынушыға дұрыс қорытынды жасау негізінде шешімдер және экономикалық негізделген қабылдауын өзгертуі мүмкін.
Мәнділік жөніндегі пікір аудиторлық тексеру мен оның нәтижесін бағалауға әсер етеді, шешілген анықтамалардың қаржылық есеп беруде дұрыс көрсетілгендігі болып табылады.
№ 320 ХАС «Аудиттегі мәнділікке» сай : «Аудитор мәнділікті қарау керек»
- Аудиторлық процедуралар көлемі мен мерзімінің анықтау сипаты;
- Шығуға әсер ететін бағалау;
Аудитор шығуды ескеру керек, яғни қаржылық есептемеде келтірілген шағын сомадағы салыстыруға тиісті шешімдерге маңызды әсер ететін жиынтықта көрсетіледі.
2-сурет. Аудитордың мәнділік деңгейін қарастыруы
Мәнділік деңгейі қаржылық есептеме аспектісіне байланысты айырмашылығы болуы мүмкін.
1. 2 Аудиттік ауытқулар
Мәнділікті бағалауда негізгі екі тәсіл пайдаланылады индуктивтік және дедуктивтік.
Индуктивтік тәсіл әр бап үшін мәнділікті бөлек бағалауда, сонан соң бағалауды қосу арқылы мәнділікті анықтауды ұйғарды. Мұндай тәсілді өте абайлап қолдану керек, себебі қате есеп берудің бір бабына қатысты маңызды болуы мүмкін.
Дедуктивтік тәсіл мәнділікте жалпы бухгалтерлік есеп беру күшін немесе бөлек бір бөлімін, сонан кейін бағалауды есеп берудің кейбір баптары бойынша бөлуді, әр шот бойынша жұмыстың көлемін анықтауды ұйғарды.
Аудитор мәнділікті бағалау кезінде оның екі жағын қарастыруға міндетті.
Сапа тұрғысынан аудитор өзінің кәсіби пікірін пайдалануы керек. Сандық тұрғысынан аудитор қатенің мәнділік деңгейін бағалауы қажет. Сандық бұрмалаушылыққы есептік саясатты дұрыс емес немесе жеткіліксіз сипаттау, , түбінде экономикадық шығындарға айып түрінде әекп соқтыратын заңдылық бұзушылықтарды ашпау жатады.
Мәнділік деңгейі дегеніміз есеп беру қателерінің сол шектіе мәні, содан бастар бұл есеп беруді пайдаланушы кәсіби маман үлкен болжау дәрежесімен ол арқылы дұрыс қорытынды жасамайды және дұрыс экономикалық шешім қабылдамайды.
Бұл көрсеткішті есептеуде аудиторлық ұйымдар мәнділік деңгейін анықтаудың Халықаралық стандартына «аудиттегі мәнділік» сүйену керек.
Стандартқа сәйкес мәнділік деңгейі былай анықталады: жылдық есептін нәтижесі бойынша ұйымда 1-кестеде көрсетілген қаржылық көрсеткіштер анықталады. Олардың мәндері осы кестенің екінші бағанасына ақшалай өлшем бірлігімен еңгізіледі.
Бұл көрсеткіштердін проценттік үлестері алынып, олар кестенің үшінші бағанасында көрсетіледі және нәтижесі төртінші бағанаға енгізіледі. Аудитор кестенің төртінші бағанасының сандық мәндерін талдау қажет, егер кейбір мәндер басқаларға қарағанда көп және аз жағына ауытқыса, онда ол мұндай мәндерді алып тастайды.
Басқа көрсеткіштердің негізінде болашақ жұмыс үшін дөңгелектенетін орташа шамасы есептеледі. Бірақ, дөңгелектегеннен кейін оның мәні орта мәнмен 20%-тен артық, олай былай өзгермеуі керек.
Бұл шама аудитор өз жұмысында пайдаланылатын мәнділік деңгейінің бірінғай көрсеткіш.
1-кесте
Мәнділік денгейін іс жүзінде анықтау үлгісі
Есеп берудің негізгі
көрсеткіштерінің мәндері, мың теңге
Үлес салмағы
%
Үшінші бағананың көрсеткіштері аудиторлық ұймның ішкі ережелерімен (инструкция) анықталады және тұрақты қолданылуы тиіс. Төртінші бағананың мәні 2 бағананың мәліметтерін 3 бағананың , 100% ке бөлу арқылы табылады.
4-ші бағананың көрсеткіштерінің арифметикалық ортасы:
(1250+2116+2003+2443+1627) :5=1888 мың тг
Ең төменгі мәні орташадан
(1888-1350) /1888*100%=33. 8%-ке кем
Ең жоғары мәні орташадан
(2443-1888) /1888*100%=29. 4%-ке артық.
1250 мың теңге орташадан едәуір кем, ал 2443 мың теңге онша емес және, сонымен қатар, шамасы бойынша екінші көрсеткіш 2116 мың теңге. 2443 мың теңге өте жақын, сондықтан болашақта есептеген кезде ең төменгі мәнді алып тастауға, ал ең жоғарысын қалдыруға шешім қабылдайды жаңа арифметикалық орташасы мынаған тең болады:
(2116+2003+2443+1627) /4=2047 мың теңге
Алынған шаманы 2100 мың теңгеге дейін дөңгелектеуге және мәнділіктің мәні ретінде пайдалануға болады. Мәнділік деңгейінің дөңгелектегенге дейінгі және дөңгелектегеннен кейінгі мәндерінің арасындағы айырмашылық
(2100-2047) /2047*100%=12. 6%, яғни 20% аралығында.
Бұл әдіс бойынша негізгі кемшілік, егер базалық көрсеткіштер бір бірімен жоғары айырмашылықта болса, онда олардың есептеу мәндері, олардың орташа шамасынан едәуір айырмашылықта болады. Сондықтан есептеу кезінде ең төменгі жоғары мәндерін алып тастауға, ал мәнділік деңгейін есептеу үшін - тек бір ғана базалық көрсеткішті пайдалану керек. Бұл аудитті жоспарлау кезеңінде дұрыс емес бағытқа, сонымен қатар оны жүргізу кезеңдерінде қате қорытындыға әкеп соқтырады.
Сондықтан аудиторлық ұйымдар мен аудиторлар стандартпен ұсынылған тәртіпті өзгерте алады: коэффициенттердің мәнін өзгертіп: енгізе, алып тастай, харжылық кірсеткіштерді ауыстыра, олардың мәні ретінде өткен жылдардың көрсеткіштердің және өзгерулерінің динамикасын есепке ала алады, өздігінен кестені құрастыра және мәнділік деігейін есебі схемаларын еңгізе алады.
3-сурет. Аудиттік ауытқулар
Егер мекеме басшылығы қателер мен алаяқтық салдарынан табылған заңсыз мәліметтерді жою іс-әрекеттерін қолданбаса, аудитор өзінің қызметін тоқтата алады. Мәнділік деңгейін алдын ала анықтаудың аудиторлық жұмысты дұрыс жоспарлауда үлкен мәні бар. Сондықтан оның көлемін анықтауды тәжірибелік тұрғыдан қарастырайық.
2-кесте
Мәнділік деңгейінің көрсеткіштерін тәжірибелік анықтау
2-кестенің жалғасы
Б бағанасында алдынғы жыл немесе 2008 жыл үшін мағыналар көрсетілген. Г бағанасындағы орташа арифметикалық көрсеткіш мынаны құрады:
(3250+3400+1600+4300+2050) :5=2630.
Ең кіші мағына орташа мағынадан былай ерекшеленеді:
(2630-1600) :2630* 100=40%.
Ең үлкен мағына орташа мағынадан төмендегіди ерекшеленеді:
(4300-2630) :2630*100=63%.
Ең үлкен мағына мен ең кіші мағыналардың екі жағдайда да ауытқуы басқалардан маңызды болғандықтан, 1600 және 4300 көрсеткіштерін қолданбау шешімі қабылданды, сонымен қатар орташа мағынаны анықтаудада қооданылмайды.
Жаңа орташа өлшем анықталады: (3250+3400+2040) :3=2896.
Алынған көрсеткішті 3000 теңге шамасында дөңгелектеуге болады. Кез келген аудиторлық ұйым мәнділіктін деңгейін есептейтін әдістемені өз бетінше анықтауы тиіс. Анықтаудың тұрлі нұсқалары болғанымен, кең тараған екі нұсқаны ұсынып отырмыз.
Екі нұсқанында мәні мынада: базалық көрсеткішті анықтау және оны мәнділік деңгейінің пайыздық ставкасына көбейту. Алынған қорытынды 20% шамасында дөңгелектенуі мүмкін. Базалық көрсеткіштерге мыналар жатады:
- Таза пайда;
- Комерциялық емес ұйымдарға тиісті өткізуден түскен табыс немесе шығындардың жалпы сомасы;
- Капитал мен резервтер;
- Таза активтер
Мәнділік деңгейінің пайыздық ставкасын аудиторлы ұйым өзі жеке бекітеді., өйткені Халықаралық аудит стандарттарында осы мәселеге шектеу қойылмаған. Практикада мәнділік деңгейі мына мөлшерде бекітіледі:
- Таза пайда-5-10%
- Коммерциялық емес ұйымдарға тиісті өткізуден түскен табыс немесе шығындардың жалпы сомасы-1-4%
- Капитал мен резервтер-5-10%
- Таза активтер-1-4%
Мәнділік денгейін есептейтін 1-нұсқа ең жеңіл, оған қоса ең сенімсіз. Аудитор базалық көрсеткіштің бірін таңдап, оны мәнділік денгейіне көбейтуі тиіс. Базалық көрсеткішті таңдау аудитордың кәсіби пікіріне, ұйымның қай салада қызмет етуіне байланысты анықталады. Мысалы, сауда ұйымы үшін ең тиімді базалық көрсеткіш өткізуден түскен табыс болып табылады.
Мысал: Аудитті жоспарлау кезеңінде болатын базалық көрсеткіш ретінде капитал мен резервтердің 12000 мың теңге көлемін қолдану шешім қабылданды. Ішкі аудит стандарттарына сәйкес мәнділік деңгейінің пайыздық ставкасы капитал мен резервтер сомасына қатысты 5%-ды құрады.
Осылайша, мәнділік мынаны құрады:
12000 мың теңге * 5% = 600 мың теңге.
Мәнділік денгейін есептейтін 2-нұсқа зиян мен падаға қатысты тиімді болғанымен, идеалды емес. Оның мәні - барлық базалық көрсеткіштер бойынша орташа арифметикалық мәнді есептеу және ең кішкі мәндерді есептен шығару. Мысал: Тексерілетін ұйым келесі базалық көрсеткіштерге ие (мың теңге) :
- Таза пайда - 4 ең кіші мән ретінде есептен шығарылады;
- Коммерциялық емес ұйымдарға тиісті өткізуден түскен табыстың жалпы сомасы - 3
- Капитал мен резервтер -25
- Таза активтер - 4
3-кесте
Мәнділік денгейін есептеу
Мәнділік деңгейінің
сомасы, мың теңге
Осылайша, мәнділік деңгейі (3000+125000+4000) :3-6500 мың теңгеге тең. Алынған мән 6500 мың теңге шамасында анықталады.
- Халықаралық аудит стандарты 320 «Аудит мәнділігі»
«Аудитті Орындау Жəне Жоспарлаудағы Маңыздылық» 320 (АХС) Аудиттің халықаралық стандарты «Тəуелсіз Аудитордың Жалпы міндеті жəне Аудиттің Халықаралық Стандарттарына сай Аудитті Жүргізу» 200 АХС стандартымен бірге оқылуы тиіс.
Аудитордың халықаралық стандартының (АХС) мақсаты аудитордың қаржылық есептілік аудитін орындау мен жоспарлаудағы маңыздылық бойынша концепцияны қолдануға жауапкершіліктері бойынша нұсқау беру. 450 АХС«Аудиторлық Тексеріс Барысында Анықталған Бұрмалануларды Бағалау. » маңыздылық аудитке анықталған бұрмалаулар немесе қажет болса қаржылық есептілікке түзітілмеген бұрмалау әсерлерін ететініне бағалауға қалай қолданылатынын түсіндіреді.
Аудит Мәнмәтіндегі Маңыздылық
Қаржылық есеп жүйесі әдетте қаржылық есептілік дайындау мен ұсыну мәнмәтінде маңыздылықты қарастырады. Қаржылық есеп жүйелері маңыздылықты әр түрлі жақтарынан қарастырса, олар әдетте:
• Бұрмалаулар, жіберілген қателер маңызды болады, егер олар жеке немесе барлықтарды бірлесіп қолданушылардың экономикалық шешімдеріне қаржылық есептілік негізінде әсер етеді ме, жоқ па;
• Маңыздылық бойынша көзқарастар қоршаған жағдайларға байланысты, және бұрмалау мөлшері немесе сипатына әсер етеді; және
• Қаржылық есептілікті қолданушыларға маңызды болатын мәселелер бойынша көзқарастар қолданушылар жасақ сияқты жалпы қаржылық ақпарат қажеттіліктерін қарастыруға негізделеді. Қолданушылардың қажеттіліктері әр түрлі болуы мүмкін. Бұрмалаулардың белгілі бір жекелеген қолданушыларға ықтимал әсерлері қарастырылмаған.
Егер қолданыстағы қаржылық есеп жүйесі қарастырыса, сондай талқылау аудиторға аудиттің маңыздылығын қарастыруға жәрдемдеседі. Керісінше 2 параграфта көрсетілген сипаттамалар аудиторға мұндай сілтеу желісін қамтамасыз етеді.
Аудитор маңыздылықты шешім қабылдауы кәсіптік көзқарас мәселесі болып табылады. Аудитор қаржылық есептілікті қолданушылардың қаржылық ақпаратқа қажеттіліктерін қарастыруы аудитор маңыздылықты шешім қабылдауына әсер етеді.
Осыған орай, аудитор:
(a) Бизнес пен экономикалық қызметтер және есеп-қисап туралы білуі қажет пен қаржылық есептілік туралы ақпаратты ынтамен зерттеуі қажет;
(b) Маңыздылық деңгейлері дайындалған, көрсетілген және аудиттеленген қаржылық есептілік туралы білім алуы қажет;
(c) Баға берулер, көзқарас пен келешектегі жағдайларды қарастыру негізіндегі сомаларды санауға бөлінбес белгісіздікті мойындауы қажет; және
(d) Қаржылық есептіліктегі ақпарат негізінде жасалған тиісті экономикалық шешімдер қабылдауы қажет.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz