Атлант мұхиты бассейнінің өзендері



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 24 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ
Кіріспе 3
1 БӨЛІМ АФРИКА ӨЗЕНДЕРІНІҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ 5
2 БӨЛІМ АФРИКА ТЕРРИТОРИЯСЫ БОЙЫНША ӨЗЕН ТОРЫНЫҢ ТАРАЛУ 10
ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
2.1 Атлант мұхиты бассейнінің өзендері 10
2.2 Үнді мұхиты бассейнінің өзендері 17
2.3 Ішкі ағын облысы 23
Қорытынды 25
Әдебиеттер тізімі 26

Кіріспе

Курстық жұмыстың мақсаты - Африка территориясы бойынша өзен торының
таралу ерекшелігімен танысу

Міндеттері:

Су ағынының жалпы ерекшеліктеріне сипаттама беру

Африка ағынының бассейндерін анықтау

Африка өзендерінің гидрологиялық параметрлерімен танысу, оларды есте
сақтау

Ғылыми жаңару: Африка өзендерінің комплексті мінездемесі беріледі.
Өзендердің түрлері және қоректену көздері анықталған.

Африканың ағын бассейндері бойынша су объектілерінің классификациясы
жүргізілген.

Практикалық маңызы: бұл курсттық жұмыс мектептерде 7 сыныптарға
толықтырылатын материал ретінде, Мұхиттар мен материктердің физикалық
географиясы курсын оқу кезінде, және де жоғарғы оқу орындарында
География мамандығының Мұхиттар мен материктердің физикалық
географиясы мен Гидрология пәндерін оқу кезінде қолданылуы мүмкін

Қорғауға шығарылатын мәселелер:

1. Африканың гидрографиялық торына оның географиялық орналасуы үлкен
әсер тигізеді.

2.Африканың гидрографиялық торының негізіне мол ылғалдану жатады.

3. Рельеф ерекшелігінің нәтижесіне байланысты Африкада ірі өзендер
саны көп емес

1 БӨЛІМ АФРИКА ӨЗЕНДЕРІНІҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ

Африканың өзендері кайнозой заманында ғана құрылды. Соның әсерінен
ежелгі өзен системасының көптеген өзендерімен материктің көтерілген жерлері
сондай-ақ тербеліс қозғалыстары қазіргі климаттық жағдайларда бұзылу мен
лақтыруларда қалыптасты. Қамту іздері рельефте өте анық көрінеді. Көптеген
өзендердің профилі толық емес. Оларға бөгеттер және су тасқыны тән.
Өзен торларының қалыңдығы бірдей емес. Ол а) қазіргі кездегі
рельефке, б) климаттық өзгешеліктерге, в) өсімдік түбірі жамылыларына
қарайды. Қазіргі кезде Африкада дүние жүзінің ірі өзендер жүйесі және тұщы
көлдер орналасқан. Сонымен қатар кейбір аудандарда өзен, көлдер жоқ, ішкі
ағын ауданы бар.
5400 км3 болатын жалпы жылдық ағынының көлемі бойынша Африка
Еуразия мен Оңтүстік Америкадан кейін үшінші орын алады, ал қабат қалыңдығы
180 мм. бойынша Австралия мен Антарктикадан басқа материктердің барлығына
орын береді (материк құрғақ болғандықтан ағын көлемі аз). Материк батыс
жағына қарай көтеріңкі болғандықтан, Атлант мұхитына қарай ағын (36,5%)
бағытталған. Мұнда Конго, Сенегал, Оранжевая өзендері құяды. Үнді мұхитында
ағын көлемі еке есе аз. Соның ішінде Замбези (18,48%) ең ұзын және суы
толық өзен. Жерорта теңізіне баратын ағын Ніл өзені (14,88%) арқылы жүзеге
асады.
Өзен су қоры әр түрлі болып келеді, көбінесе жаңбыр суымен толады. Бірақ
Килиманджаро, Кения және Рувензоридан ағатын өзендер мұз және қар суымен
толады.
Африканың өзендері - негізгі минералдық байлық. Бұл материктің өзен
тораптарында гидроэнергиялық қор бар. Дүние жүзілік қордың 32% Африканың
үлесіне тиеді. Ішкі ағын ауданы үлкен, оның үлесіне ағынның жалпы ауданының
30,59%-і тиеді. Бірақ ішкі ағынның көп жерлерінде уақытша су ағынының сирек
тораптары ғана орналасқан (Сахара, Намиб, Калахаридің көп бөлігі, Шығыс
Африканың кейбір жерлері).
Жоғарыда көрсетілген Африканың бөліктерінде жер асты суларының қоры
бар, әсіресе Алжир Сахарасында, Ливия шөлінде екенін атап айту керек. Жер
асты суларының шығар жерінде оазистер орналасқан.
Африканың шөлдерінде, әсіресе Солтүстік Сахара және Калахириге құрғақ
саласы - вади тән. Бұл араб сөзінен шыққан, Солтүстік Африканың шөлдерінде
уақытша немесе әрдайым кеуіп қалған жерлері. Вадидің ұзындығы бірнеше
жүздеген километрге дейін әкетеді. Олар сирек жауатын мол жаңбырдан кейін
ғана суға толады. Вадиді кейде уэдды деп те атайды. Жоғарыда
көрсетілгендей, Африкадағы өзендер әркелкі орналасқан климат пен рельефке
байланысты орналасқан. Ылғалды экваторлық климаттық белдеуде өзен торы жиі
кездеседі. Африканың қалған бөлігі - ондай ылғалды аймақтар жок. Сондықтан
онда өзен жоқ немесе өзен торы ондай дамымаған.
Өзен суының толығу режимі:
- Экваторлық режим - экваторлық аймақтағы өзен суы бүкіл жыл бойы мол.
- Субэкваторлық режим - субэкваторлық климаттық белдеуде оданың мерзімі,
яғни жауын мерзімдері соңында болады.
- Тропикалық режим - шөл климаттық белдеуіндегі өзендер - эпизодтық,
уақытша өзендер. Мұндағы өзендер кеуіп қалған вади, олар көп уақыттағы
үзілістен кейін қысқа мерзімнің ішінде толығады. Бұл өзендердің көбі
ішкі ағын бассейіне жатады.
- Субтропикалық режим - жерортатеңіздік климат аймақтарында су тасуы қыс
кезінде, субтропикалық белдеулерде жаз кезінде өзендер қайтып,
тайызданып қалады.
Материк территориясында жер беті сулары өте ала-құла таралған,
сонымен қатар ағын сулардың таралуы да, режимі де материктің кез келген
бөлігіндегі жауын-шашынның мөлшері мен режиміне тығыз байланысты болады.
Африкада су жүйелерінің қардан және мұздан қоректенуінің ролі тым шамалы.
Өзендердің қоректенуі негізінен жаңбыр түріндегі жауын-шашынның үлесіне
тиеді Экватор бойы аудандарындағы өзендердің су шығыны жыл бойына біркелкі
болып келеді, минимумдары анық білінбейді, бірақ зениттік жаңбырларға
байланысты екі максимумдық кезеңі болады.
Субэкваторлық климат облыстары (Судан, Конго қазан шұңқырының
оңтүстік бөлігі) ағынның анық көрінетін жазғы максимумымен және оған
сәйкес өзеннің су шығынының көбеюімен сипатталады. Материктің солтүстік-
батыс және оңтүстік батыс шет аймақтарының өзендерінің әрбір жарты шардың
қысқы циклондық жаңбырларына байланысты анық байқалатын қысқы максимумы
болады.
Су шығынының жаздық және қыстық максимум облыстарының арасында жалпы
тұрақты ағыннан мақрұм қалған ұлаңғайыр территориялар жатыр. Бұл солтүстік
жарты шардағы Сахара мен оңтүстік жарты шардағы Калахаридің едәуір
бөлігі,бұлардың шың мәнінде арна ағыстары жоқ: оларды оқта-текте кездейсоқ
жауған жаңбыр суымен толатын құрғақ су арналары кесіп өтеді.
Африканың қазіргі қуаңщылық облыстарына құрғақ арналардың
қалыптасқан жүйелерінің болуы тән,мезгіл-мезгіл ғана суға толатын құрғақ
ойыстардың көптігі оның алабында бұдан ылғалдырақ климаттық жағдайлардың
болатындығын көрсетеді.Соңғы плювиальды кезең Орталық Азия мен Аравия
түбегіндегі сияқты,солтүстік жарты шардыњ жоғарғы ендіктеріндегі соңғы мұз
басу дәуіріне сай келген.
Африканың барлық барынша маңызды өзендері Африка платформасының
шеткі бөліктерінде жуырдағы көтерілулердің нәтижесінде пайда болған тау
жоталарымен және тау үстірттері мен мұхиттардан бөлініп тұрған зор
қазаншұңқырларды суландырады. Бұл көтерілулерден кµптеген өзен аңғарларында
эрозия әрекеті жанданады және ірі шоңғалдар мен сарқырамалар пайда болады,
олар кеме қатынасын қиындатады және Африка өзендерінің транспорттық маңызын
қатты төмендетеді.
Африка –төрт онжылдық бойы үлкен территорияларда құрғақшылық және
өзен ағынының төмендеу тенденциясы байқалатын континент. Сонымен қатар бұл
құбылыстар Ніл және Замбези бассейнінде байқалған. Африка өзендерінің су
ресурстарының азаюы және жиілігінің жоғарлауы мен құрғақшылықтың
созылуы,климаттық өзгерулермен ғана байланысты емес,сондай-ақ ормандар мен
саванналардың адамға тұрақты процестің келуімен байланысты. Оның табиғи
экожүйелерінің бұзылуы және жерлердің ауыл шаруашылыққа пайдалы жерлерге
айналуы континент үстінен ылғал айналымының төмендеуіне әкеледі. Африка
үшін толығымен төмен ағын коэффициенті сипатталған,оның шамасы 0,2ге тең,ал
оның ортаглобальды өлшемінің шамасы 0,35 құрайды. Бұл негізінен,континентте
өте биік суммарлы булануымен байланысты. Көптеген өзендердің ағыны үлкен
жыларалық және мезгілдік ауытқулармен реттелген. Солай,ірі батысафрикалық
өзен Нигердің ағыны құрғақшылық кезеңінде лезде төмендейді: 1974 ж. ол 1
м3сек, 1984 – 3 м3сек құраған, ал 1985 жылы нөльге дейін төмендеген.
Сол уақытта республикада күшті нөсерлер болуы мүмкін еді,мысалы,Ниамейден
100 км солтүстікке қарай 1985жылғы нөсер;онда суландыратын жүйелердің
бұзылуымен,күшті тасқындарды алып жүруші,жартыжылдық жауын шашын жиынтығы
түсті. Соған ұқсас жағдай барлық Африка үшін тән. Континеттің су режиміне
маңызды әсерді Эл-Ниньо құбылысы – периодттық оңтүстік жылы ағысы береді.
Ол 199293 жж.Африканың оңтүстігінде: Лесото,Свазиленд, Ботсвана,Мозамбик
бөлігінде, Малави,Замбия және ОАР-да күшті құрғақшылықты әкелді. Африкада
пайдаланылатын судың 88%-ы ауылшаруашылықта суландыру үшін қолданылады.
Практика жүзінде барлық Африка суландырылатын егін ауданын қамтиды. Африка
– бұл ең аз канализациялық жүйелермен қамтамасыз етілген континент.
Су объекттері үшін жаман канализацияның,оның болмауынан гөрі
әсерінен, негативті эффекті жоғары болады.Өйткені топырақ
тазалануы,тазаланбаған ағындардың тура ағылып кетуіне қарағанда, сулардың
аз ластануына әкеледі.Ол өзендердің бактериальды және химиялық (өндірістік
өнеркәсіптердің ағындары) ластануын,халықтың денсаулығына негативті әсер
етуін,әсіресе диареяның таралуын, шарттайды. Африкада онымен байланысты
аурулардың әсерінен жыл сайын 3 млн адам өледі.Бұл континентке дүние
жүзінің 72% холера ауруының оқиғасы тіркелген.
Африка үшін қазіргі өзен жүйелерінің жастығы және материктің
шеткі көтерілімдерінің өзендермен активті эрозиясы ,сонымен қатар ұлан
ғайыр ішкі қазаншұңқырардың баурайлары мінездемелік белгісі болып
табылады.Плювиальды дәуірдің төрттік периодында Африка айтарлықтай,
қазіргі уақытқа қарағанда, суландырылған болатын,бірақ ерте геологиялық
дәуірдегі сияқты, ішкі ағын облыс басымдылығы қалған.
Африкалық үстірт шетіндегі көтерілімдер нәтижесінде , неогенде
және төрттік дәуірдің басында , бұрынғы өзен жүйелерін ұстап қалған, сыртқы
баурайларында қысқа,бірақ сулы өзендердің негізі қаланды. Ұстап қалудың
іздері айқын айқындалған. Конго, Замбези, Оранжевая өзендерінің төменгі
кесінділерінің,сарқырамалар мен табалдырығы бар, iстеп шығарылмаған
профильлері болады.
Тектоникалық қозғалыстар эрозияның жандануын және материк ішілік
қазаңшұңқырлардың баурайларында өзен арнасының шоңғалдануын
шарттаған,солай толығымен өзен аңғарларында ежелгі,жақсы өнделген,және жас
әлі құрылу кезеңінде жүріп жатқан кесінділері алмасады.Өзендердің бұл
себебі бойынша ,ерекше ірі өзендер барлық аралықта кеме қатынасына
жарамсыз,соған қарамастан олар гидроэнергияның үлкен қорларымен иелік
етеді. Африкада дүние жүзі гидроэнергоресурстарының 20% жуығы
шоғырланған. Өзен торының және ағынының дамуына плейстоценнің аяғында
қазіргі климаттың орнатылуы үлкен әсерін тигізді.
Ол ерекше тропикалық ендіктерде, құрғақшылықтың үлкею шарттарында,
төрттік периодының ылғалды дәуірлерінде өзендер мен көлдер сарқылды.Қазіргі
өзен торы мен ағынының таралуы біркелкі емес, және көптеген факторлардың
өзіндік функциясы болады,олардың ішінде басты рөльді жылдық жауын шашын
және оның түсу режимі,сондай –ақ рельеф және топырақ-өсімдік жамылғысының
бейнесі атқарады. Африканың түгелдей дерлік өзендерінің қоректенуі
жаңбырлы. Қарлы және мұздық қоректенуді, қарлы шекарадан (Килиманджаро,
Кения, Рувензори және т.б.). жоғары көтерілген таудан басталатын аз ғана
өзендер алады.
Жауын шашынннан өзен ағынынының тәуелдігі қысқы,транзитті емес
өзендерде байқалады.Экваториальды климаттық белдеуде өзендер жыл бойы
сулы;экваториальды муссон климаттық белдеуде мезгілдік шығын көрсетілген:
максимальды шығындар жаңбырлы мезгілдің аяғына келеді.
Ең көп ағын көлемі ылғалдылығы артық аудандарда қол жеткізеді. Бұл
түгелдей Гвиней шығанағының барлық экваториальды жағалауы,Конго ойпаты,
және де Мадагаскардың шығыс бөлігінің жері.Мұнда ағын қабаты 600-400 мм-ге
жетеді,ал кристалдық жыныстардың шығу және инфильтрацияға бөгет
тигізетін,латеритті қабықтың даму жерлерінде 1500 мм-ге және одан да көп
миллиметрге жетеді.
Субэкваторлық ендіктерде жылдық жауын-шашын соммасының
азаюының,жылудың жоғарлауының және булану интенсивтілігінің арқасында ағын
қабаты тез кішірейіп 50ммді құрайды және тропиктерде одан да аз болады.
Субтропиктерде ,қысқы ылғалды мезгілде температураның төмендеуі
болатындықтан,негізінен жерорта теңіздік климатында ағын қайта жоғарлайды.
Ішкі ағын облысына Африканың ⅔ ауданы жатады.Соның арқасында ,
континентальды суайрық материктің шығыс жағы бойынша өтеді,оның ⅓ ауданы
Атлант мұхиты бассейніне жатады. (20 кесте).
Ағын режимі транзитті емес өзендерде ғана жауын шашынның түсу
режиміне тәуелді.Экваториальды климатта өзендер жыл бойы сулы болып
келеді,ал басқа климаттық белдеуде ағынның мезгілдік сипаты бар,сондай – ақ
жаз бен күздің жаңбырлы кезеніңде және содан кейінгі уақытта ең көп көлем
алады.Тек қана жерортатеңіздік облыстарда ағын максимумы қыс айларында
қозғалады.
Кесте 20.Африка ауданы мұхиттарының су жинау бассейндері бойынша
үлестірілуі
Бассейн атауы Ауданы,млн.км2 Материк ауданынан алынған
процент
Атлант мұхитының бассейні 10,5 36,05
Үнді мұхитының бассейні 5,4 18,48
Жерорта теңіз бассейні 4,5 14,88
Барлығы ... ... ... . 20,4 69,88

Өзендердің суға толынуы,сонымен қатар өзен торының қалыңдығы шөлдік
климат белдеулеріне жақындағанда лезде төмендейді. Онда өзендер эпизодтық
болып келеді, әдетте құрғақ салалары, көпжылдық үзілістен кейін, сумен аз
уақытқа ғана толады.Олардың маңызды бөлігі ішкі ағын бассейніне жатады,ол
Европаға тең келетін шамамен 9 млн. км2 ауданды қамтиды.
Оларға Сахара,кейбір Шығыс Африка грабендерінің ойпаттары,Афар
ойпаты және Калахари ойпатының батыс бөлігі жатады.Сыртқы ағын негізгі аса
ірі бес өзендер— Конго, Ніл, Нигер, Замбези и Оранжевая өзендерімен жүзеге
асады.
Бұл өзендер транзитті,бірнеше климаттық белдеулерді қияды және
олардың қиын ағын режимі болады.Бұл әсіресе, бассейндер ауданы кішігірім,
ең ұзын өзендері —Конго,Ніл және Нигерге байланысты.

2 БӨЛІМ АФРИКА ТЕРРИТОРИЯСЫ БОЙЫНША ӨЗЕН ТОРЫНЫҢ ТАРАЛУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

2.1 Атлант мұхиты бассейнінің өзендері

Ніл —дүние жүзінде ең ұзын өзен,бірақ бассейн ауданы бойынша
бесінші орын ғана алады,Сахарадағы Атбарадан төмен болғандықтан, 2700 км
аралықта ортаңғы және төменгі ағыс салаларын алмайды және көп суды
булануға және инфильтрацияға жұмсайды.Сондықтан Асуандағы жылдық ағыны
83,5 км3, бірақ Каирде ол 70 км3 құрайды.Нілдің ұзындығы -6671
км,бассенінің ауданы-2870 мың км2. Асуандағы орташа шығыны 2600 м3с
құрайды, бірақ әр жыл сайын 500 м3с-тен 15 мың м3с-ге дейін ауытқып
тұрады. Бассейннің табиғат жағдайларының ерекшелігі,гидрографиялық
режимінің сипаты және оның аңғарларында тұратын халықтардың өміріндегі
маңыздылығы жағынан ол дүние жүзінің ерекше және тамаша өзендерінің бірі.
Ніл Шығыс Африка таулы қыратындағы Кагера өзенімен
басталып,Виктория,Кьога және Альберт көлдерінен өтеді.Таулы қыраттың
кемерлерінен түсе келе, өзен сарқырамалар қатарын құрайды.Альберт көлінен
Ніл солтүстікке қуатты және жылдам ағынмен ағып өтеді және Ладо маңында
Шығыс –Судан қазаңшұңқырының жазығына кіреді.Мұнда тыныш өзен салаларға
бөлініп, кең батпақтар арқылы ағады ,онда Бахр-эль-Газаль және Собат
ақырын сулармен шайылатын жерде қосылады. Собатпен құйылуынан төменгі
жерінде, өзен Ақ Ніл атауын алады. Судандағы Нілдің төмен жағалауларын
бойлай қамыс пен папирустың тоғайы созылады. Су тасқындары кезінде толық
аралдардағы су өсімдіктері, грунттан үзілген, ағыс бойынша баяу төмен
қозғалады,жиі Хартумға жетеді.Олар сэддтер деп аталады және жиі сағаны
тығындайды.Ол кеме қатынасына кедергі жасайды.Хартумда Ақ Ніл, кішкентай
жылғамен басталатын Абиссин таулы қыратында ,Көк Нілмен қосылады.Көлден
өзеннің шығуынан кейін көп кешікпей терең шатқалда жасырылады. Ақ пен Көк
Нілдің қосылуынан өзен жай ғана Ніл деп аталады.Солтүстік Суданда Ніл
Сахаро-Аравиялық плитасы фундаментінің кристалдық жыныстарына
соқтығысады.Бұл кесіндіде ол өзінің соңғы саласы – Атбараны қосып алады
және содан кейін еңді аңғармен (10—25 км) солтүстікке ағады.Каирдан төмен,
Қырым түбегі ауданына дельта формасы бар сағасы басталады. Ніл ағыны шапшаң
мезгілдік ауытқуларға ұшырайды.Өзен деңгейінің көтерілуі мауысым мен
қырқүйекте басталады және максималды өлшемге төменгі ағысында жетеді.
Каирдегі су көтерілуі 6—7 м құрайды. Вади-Хальфада орташа тәуліктік су
шығыны 718 млн. м3сек, Каирде 554 млн. м3сек.Содан кейін су қайтуы
басталады. Ол мамырға дейін,су деңгейі өте төмен болғанда жалғасады. Вади-
Хальфада мамырда су шығыны 51 млн. м3сек, Каирде 48 млн. м3сек дейін
қысқарады. Мұндай күшті шығындардың ауытқуы,бассейн ауданынан мезгіл
бойынша, ағынның шапшаң ауытқуымен түсіндіріледі. Ніл сағасы негізінен үш
өзен ағынынан —Көк Ніл және Атбара (84%),Ақ Нілден (16%) құрылады. Көк Ніл
мен Атбараның максимальды ағыны жазда,Абиссин таулы қыратында құйынды
жаңбырлар жауғанда болады. Қыста Көк Нілдің көлемі күшті төмендейді,Атбара
түгелдей құрғап қалып Нілдің қоректенуі Ақ Ніл мен грунтты сулар арқасында
болады. Көк Нілге қарағанда, Ақ Ніл аз суды алады, өйткені Суданда ол
шамамен өзінің суының булануына жартысын жоғалтады. Ағынның көлдермен
реттелуі арқасында өзеннің деңгейі аз мезгіл ішінде ауытқиды. Ніл Суданның
солтүстік бөлігі мен Египет үшін үлкен мағына береді.Оның екі жағасы
бойынша түгел Сахарада құнарлы суландырылған жерлермен оазистер
созылған.Көк Нілдің жазғы тасқындарымен Ніл аңғарына құнарлы тұңба,
Абиссин таулы қыраты баурайынан шайылатын, келеді.Ніл өзенінің су
жинауында ,су ресурстарының қысқару тенденциясы байқалады. Соңғы төрт
оңжылдық ішінде орташа жылдық өзен ағыны нормадан төмен болған.
Нілдің аңғары және негізінен атырауы ежелгі цивилизация орталығының
бірі болған. Бұрынғы уақыттан бері Нілдің су ресурстары даланы суландыру
және табиғи тыңайту,балық аулау, сумен қамтамасыз ету және кеме қатынасы
үшін қолданылады. Негізінен,өзен Египет үшін маңызды, 15—10 км еңі бар
жолағында халқының 97%-ы тұрады. Асуан гидрокомплекстің құрылуы Ніл ағынын
реттеуге, катастрофалық су тасу қаупін ликвидациялау және суландырылатын
жердің жалпы ауданын жоғарлатуға мүмкіндік береді. Суданда Нілдің суы
Гезир мақта өсіру ауданына ең маңызды болады. Өзен ағының реттеу мақсатында
және каналдарды сумен қамтамасыз ету үшін Ніл және оның салаларында
бөгеттер салынған: ескі Асуан бөгеті (су қоймасының көлемі 5,5 км3), Насер
(164 км3), Ақ Нілде Гебель-Аулия (2,5 км3); көрерілетін (барраждар) —
Исна, Наг-Хаммади, Асьют, Мухаммед-Али, Зифта, Эдфина (АРЕ), Көк Нілде
Сеннар бөгеті (Судан).
Потенциальды Нілдің энергетикалық ресурстары шамамен СЭС-тің 50 Гвт.
құрайды.: Асуан (қуаты 2,1 Гвт), Наг-Хаммади, Эль-Файюм (Юсуф каналында),
Виктория-Нил өзенінде (Уганда) 150 Мвт. қуаты бар Оуэн-фолс. Ніл бойынша
кеме қатынасының ұзындығы 3мың км2-тан асады. Ніл бассейнінің сулары
балыққа бай;кәсіптік мағынас нілдік алабұға,многоперлер, жолбарыстық балық,
тісті тұқы, жайын,балти (африкалық тұқы) және т.б бар.
Нілдің басты ағысы аз дегенде 112 балық түрінің мекені болып
табылады, олардың 16 түрі басқа жерде табылған. Ең маңызды Африканың тұщы
суларын мекендетін балықтарына - цихлидалар (Tilapia) жатады. Олар тез
көбейіп, тез өседі, саны көп болып кездеседі,адамның тамағына жарамды және
минерализацияланған су қоймаларының суларынан басқа, әрбір өзенде, тасқын
жән көлде өмір сүреді.Оларды белсенді культивациялайтын жерде жылдық өнім
су ауданы гектарынан 4000 кг-ға жетеді; тіпті жыл ішінде кейбір жабайы су
қоймаларынан бір гектардан бірнеше жүз килограмм балық алуға болады.
Нілдік латес (bates niloticus), алабұғалар жанұясының алып өкілі, может
весить до салмағы 160 кг- ға дейін тартады және метрлік ұзындыққа жетуі
мүмкін. Ол Нілден басқа, алыс батыста, Нигерде тіршілік етеді.Мұндай
өзендердің мекендеушілері үшін, басқа алып- балықтар жоқ жерде, нілдік
латес — ең қорқынышты жауы. Африка өзендерінде басқа да алып-балықтар
кездеседі.Африкалық клариевті жайын (Clarias), клариевтылар жанұясының ең
ірі өкілі, 1 метрге өсуі мүмкін, бірақ қызықтысы бұл емес.Айтылғанға
қосымшаға, бұл жайынның желбезегінде ағашқа ұқсас лабиринтті органы
болады, еріген ауаны жұтуға мүмкіндігін едәуір жоғарлатады.Бұл құрылғы
жайынға, тіршілік етуге керек газ жетіспейтін суларда тұруға мүмкіндік
береді. Мүмкін,дәл бұл ерекшеліктерімен, оның тыныс алу аппаратының түнгі
саяхаттарында қорсылдайтын дыбыстары байланысты.
конецформыначалоформыКагера (Kagera) — Шығыс Африкадағы өзен,
Руанда, Танзаниия және Уганда территорияларында, және де олардың
арасындағы шекарасын алып жатыр.Нілдің аса ұзын саласы болып табылады.
Ньяваронго және Рувуву өзендерінің қиылысында,Рверу көлінен алыс емес жерде
пайда болады,оның сағасына дейінгі ұзындығы 420 кмді құрайды;Бурундиде
орналасқан, Танганьика көлінің солтүстік шетінен , Рукарара өзенінің
бастауынан санағанда алыс емес жерде орналасқан, және сағасы ең
алыстатылған Кагера өзен жүйесінің нүктесі болып табылады,оның ұзындығы
шамамен 800 км құрайды.
Кагера солтүстікке қарай кең батпақты аңғарда,көптеген үлкен емес
көлдерді алып, ағады.Кагитумба елді мекеніне (Руанда, Танзания және Уганда
шекараларына) жақын жерде Кагера шығысқа бұрылады және Букобадан 40 км
солтүстікке қарай Виктория көліне құяды.Ол көлге құятын ең ірі өзен болып
табылады.Орташа жылдық су шығыны 1500 т³сек.Ең ұзын Кагераның саласы
Лукарара,ең оңтүстік — Рувиронза болып табылады.
Жоғарғы өзен ағысында Русумо сарқырамасы (en:Rusumo Falls)
орналасқан.
Орташа ағыстың батпақты ойыс жерінде Кагера ұлттық паркі құрылған. Кеме
қатынасы өзеннің көп бөлігінде мүмкін емес,тек Танзаниядағы Куака жалғыз
порты төменгі ағысында кішігірім кемелерге қызмет көрсетеді.
Кагера 1862 жылы Джон Спик экспедициясымен ашылған,бірақ БСЭде оны
1876 жылы Генри Стенли ашты деп көрсетілген.Содан кейін өзен австриялық
О. Бауман (1892—93) және Кандтпен (1898) зерттелген болатын.Руандедағы
геноцид уақытында өзенге ағыс бойынша , өлгендердің мәйіттері Виктория
көліне жаппай жүзген.
Оранжевая өзені -(Orange River),немесе Гарип (Gareep, Gariep) — Кап
колониясының ең маңызды өзені , және де Африка ішіндегі ұзын өзендерінің
бірі; оның ағысының ұзындығы 2140 км., бассейн ауданы 1275000 км2 алып
жатыр.Өзінің бастауын Катламба тауының батыс жағында ,екі саламен,олардың
ішінен оңтүстік Ну-Гарип немесе Қара өзені,сонымен қоса Оранжевая, Нока-
Синку жоғарғы ,ал солтүстік Гей-Гарип немесе Ваал к. (Сары ө.) төменгі
салалары болып саналады. Екеуі де сансыз көп салалары батыс бағытта ағады
және 29°10' о. е. және 24°18' ш. б.қосылады, Ну Гарип немесе Оранжевая
Каткин Пиктің 3160 метр биіктігінде ағып өтіп, базутостардың жерлерін
суландырады,ал қалған жолда Оранжевая республикасы мен Кап колониясы
ортасындағы шекараны құрайды.Оң жақтан оған Каледон немесе Могокара
өзендері құяды.Гей Гарип немесе Ваал немесе Ликва Эрмело төңірегінен ағып
өтеді және Оранжевая республикасын Оңтүстік Африка республикасынан
бөледі,сондай -ақ оң жақтан Моои және Хартсты қосып алады. Оранжевая
өзенінің екі саласының қосылуынан готентоттар жерлерінің оңтүстік
шекарасын құрайды және 28°38' о. е. Атлант мұхитына ағып құйылады.
Мерзімдік салалары:солтүстікте Хигап немесе Молопа,Куруман мен Нозобо,және
Ауб немесе Үлкен Балық өзені;оңтүстікте Кап колониясынан: Онгарс және
Хартибес (ұзындығы 270 м. ). Соңғы екі өзен құйылысы орнының арасында
Оранжевая өзені 46 метрлік Анграби сарқырамасын құрайды; жаңбырлы уақытта
өзінің төменгі ағысында Оранжевая өзенінің 5км ені бар. Оранжевая өзені
барлық жерде айтарлықтай таяз, және соның салдарынан өзінің ұзындығына
қарамастан кеме қатынасына жарамсыз ; өзен сағасында құмды қайраңмен
шектелген.Африка бөлігінің өзіне тән найзағайлы нөсерлері судың деңгейін
6—10 метрге көтереді.
Сенегал өзені –Батыс Африкада орналасқан, және Сенегал мен Мавритания
мемлекеттерінің арасындағы табиғи шекараны құрайды. Өзен ұзындығы —
шамамен 1970 км.Өзеннің бассейн ауданы 419`575 км2 құрайды және Атлант
мұхитына жылдық су түсуі 8 миллионам км2 жақындайды.Негізгі салалары:
Фалем,Каракоро және Горгол.
1972 жылы Мали,Сенегал және Мавритания мемлекеттері , өзен бассейнін
бірлесіп басқару үшін, Сенегал өзенің қалпына келтіру ұйымын құрды.Гвинея
бұл ұйымға 2005 жылы келіп қосылды.
Конго - Африка өзендерінің ішінде өзінің ұзындығы жағынан екінші
орынды алады,бірақ бассейнінің ауданы мен суының молдылығы жөнінен Конго
Африка бойынша бірінші орында және ол дүние жүзі бойынша Амазонкадан
кейінгі екінші орында тұр.
Конгоның бастаулары болып Луалабу мен Чамбези өзендері есептеледі.
Өзеннің ұзындығы бірінші бастаудан -4320 км, екіншісінен 4700км.
Бассейннің ауданы -3,7 млн.км2 жуық . Өзен сағасындағы жылдық орташа шығын-
40 мың м3с, былайша айтқанда ол Нілдің орташа шығынынан 15 есе асып
түседі.
Конго солтүстік және оңтүстік жарты шарларда ағады да экваторды екі
рет кесіп өтеді. Атлант мұхитына құяр алдында ол Африка платформасының
жоғары көтерілген шеттерін кесіп шығады.
Конго бассейні (Африкадағы өзен) Заир, Халықаралық Конго
Республикасы, Камерун, Орталық Африка Республикасы, Руанда, Бурунди,
Танзания, Замбия және Ангола шегінде орналасқан.Физико-географиялық көңіл
бөлуде Конго ойпатын ,оның таулы үстіртінің шегін қамтиды.Аңғар
құрылысының ерекшелігіне байланысты 3 негізгі учаскені бөледі:жоғарғы
(бастаудан Стэнли сарқырамасына дейін,шамамен 2100 км),ортаңғы ( Стэнли
сарқырамаларынан Киншаса қаласына дейін, 1700 км жоғары) және төменгі
(шамамен 500 км).
Жазықтар және үстірттер шегінде орналасқан, Конгоның жоғарғы ағысы
үшін (Луалаба ө.) тынық ағыспен шоңғалдық учаскілер мен түзетілген
бьефтердің кезектесуі мінезделген. Ең құламалы құлауымен (475 м аралықта
шамамен 70 км) Луалаба Нзило шатқалынан ерекшеленеді, ол Митумба тауының
оңтүстік шоңғалдарын киып өтеді.Букума қаласынан бастап өзен баяу
ағады,және Упемба грабенінің тегіс түбі бойынша қатты меандрылады. Порт-д,
Анфер (Тозақ қақпа) шатқалымен, Конголо қаласынан төмен, Луалаба
кристаллдық жыныстардан, шоңғалдар мен сарқырамалар құрып өтеді; ағыс
бойынша төмен қарай тағы бірінен соң бірі бірнеше шоңғалдар мен
сарқырамалар тобы өтеді. Кинду мен Убунду қалалары арасында өзен тағы
жалпақ аңғар арқылы баяу ағады. Дәл экваторда ол үстірттің шеткі кемерінен
Конго ойпатына,Стэнли сарқырамаларын құра отыра, түседі.
Ортаңғы ағыста, Конго ойпаты шегінде алынған, шамалы құлауымен
(шамамен орташа 0,07 мкм.) өзен тынық мінез алады.Өзен арнасы, төмен
және тегіс батпақты жағаларының басымдылығы, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Африканың ішкі сулары
Жеке материк ретіндегі қарастыруға мүмкіндік беретін табиғатының негізгі ерекшеліктері
Оңтүстік Африка тау үстірті
Оңтүстікке қарай
Экватордан солтүстікке қарай
Шығыста қазан шұңқыр Шығыс Африка тау қыратының жарқабақты шетімен күрт шектеледі, одан
Африканың субтропикалық климатына сипаттама
Амазонка өзенін танып білу
ЕУРОПА АЙМАҒЫНА ФИЗИКАЛЫҚ ГЕОГРАФИЯЛЫҚ СИПАТТАМА
Солтүстік Америка материгінің ішкі су қоры және таралу заңдылықтары мен ерекшеліктері
Пәндер