ИСПАНИЯДАҒЫ ТУРИЗМ ДАМУЫНЫҢ НЕГІЗГІ ФАКТОРЛАРЫ
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... 2
1.ИСПАНИЯДАҒЫ ТУРИЗМ ДАМУЫНЫҢ НЕГІЗГІ ФАКТОРЛАРЫ
1. Испаниядағы туризм дамуынының табиғи
факторлары ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ..4
2. Испаниядағы туризм дамуынының мәдени-тарихи

... 10
1.3 Испаниядағы туризм дамуынының әлеуметтік-экономикалық
факторлары ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ..12
2.ИСПАНИЯНЫҢ ТУРИСТТІК ИНДУСТРИЯСЫ
2.1 Испанияның туристтік инфрақұрылымының
дамуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .17
2.2 Халықаралық туристтік нарықтағы испан
туроператорлары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
...22
2.3 Испаниядағы туризм статистикасы ... ... ... ... ... ... 25
3.ИСПАНИЯДАҒЫ ТУРИЗМНІҢ АЙМАҚТЫҚ ДАМУЫ. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .31
3.1 Теңіз маңы аумақтарының туризмі ... ... ... ... ... ... .31
3.2 Испанияның тарихи қалалары ... ... ... ... ... ... ... ...37
3.3 Испаниядағы туризм дамуының ұлттық
ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... .39
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 43
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН
ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . ... 45
КІРІСПЕ
Әлемнің көптеген мемлекеттерінде туризм нақты елдің және оның халқының
тарихымен, мәдениетімен, салт-дәстүрлерімен, рухани, сонымен қатар діни
құндылықтарымен танысуға барша мүмкіндік бере отырып мемлекет қазынасына
пайда әкелетін жүйе ретінде дамуда. Бұл жүйенің көптеген туристтік
қызметтер көрсетуге қатысы бар жеке және хұқықтық тұлғаларды
тамақтандыратынын айтпаса да болады. Пайда келтірумен қатар туризм елдің
маңыздылығын әлем қауымдастығы мен қатардағы азаматтар алдында арттыратын
алып фактор болып табылады.
Қазіргі уақытта туроператорладың көпшілігі Жерорта теңізі елдерімен
жұмыс жасауда. Ол елдер арасында Испания теңіз маңындағы курорттары аса
танымал.
Испания – мозаика ел. Ол құрлықтық және аралдық бөліктреден тұрады.
Аулдары мен жағалаулары бір-бірінен ерекшеленетін тұрпат пен мінезге ие.
Бір-біріне жақын орласқан курорт қалалардың өздері де айырымашылықтарға
толы: біреу шығанақ жағалауында салынып және пальмалық жағалауымен, кең
жаға жайларымен тамсандырса, келесі теңізге қырлар бойымен саты-көшелер
арқала көтеріле биік жартастардан қарайды; үшіншісі фешенебельді қонақ
үйлері мен мейрамханалары бар әсем кеме-клубына айналған.
Еуропалық көршілерден Пиренейлер тау барьерімен ажыратылған пиреней
түбегіндегі Атлант мұхиты мен Жерорта теңізі арасында көптеген ыңғайлы
табиғи су жағалаулары бар географиялық орналасудың маңызы Испания
спецификасын, ерекшелігін анықтады, оның дамуына африкамен көрші болу да
әсер етті.
Испанияның теңіз маңы аймақтары халықаралық маңызы бар рекреациондық
зоналар болып табылады. Бұл облыстардың дамуы арқасында туризм испан
экономикасының басты табыс көзіне айналды. Испан теңіз маңы зоналары кең
танымал және онда орналасқан курорттарға баратын туристтер саны жалдан
жылға өсуде.
Бұл зерттеудің мақсаты Испания турисстік нарығын талдау, оның әлемдік
туризм секторындағы рөлін және осы сектордың табысты әрекетіне тигізетін
ықпалын меңгеру. Сонымен қатар жұмыс мақсаты – ғылыми-зерттеу және
тәжирибелік-танымдық материал негізінде әлемдік туризмде Испанияны алғашқы
орындардан көрінуіне ықпал жасайтын басты факторлады анықтау, туристтік
инфрақұрылым дамуының, елдің түрлі аймақтарында туризм дамуының шарттарын
қарастыру.
Курстық жұмыс Испаниядағы туризм жайлы және жалпы испан
туроператорларының қызметі туралы статистикалық мәліметтер мен ақпараттық
материалдар негізінде орындалған.

1 Испаниядағы туризм дамуынының табиғи факторлары
Испания Еуропаның оңтүстік-батысында орналасқан және Пиреней түбегі
аумағының шамамен 85%-н алып жатыр, бұл түбектің оңтүстік ұшы Солтүстік
Африкадан 13 км қашықтықта орналасқан. Испанияның Франциямен -623 км,
Португалиямен -1,214 км, Андоррамен-65 км және Гибралтар ағылшын
колониясымен - 1,2 км қашықтықты алып жатқан құрғақ шекаралары бар. Испания
иелігінде Жерорта теңізінде орналасқан Балеар архипелагының аралдары және
Атлант мұхитында, Африканың батыс жағалауларына жақын орналасқан Канар
архипелагының аралдары бар. Испания басқаруында Сеута және Мелилься
(Марокко) қалалары мен Велес де ла Гомера, Алусенас и Чафаранас аралдары
бар.
Ел аумағы шығысы мен батысында Жерорта теңізімен, батысында Атлант
мұхитының суларымен шайылып жатыр. Испания Еуропаны Африка мен Америка
құрлықтарымен байланыстыратын маңызды теңіз және әуә жолдарының тоғысында
жатыр. Елдің үлкен бөлігі жазықтармен және айналасын үстірттер мен ойпаттар
қоршаған тау қыраттарымен көмкеріліп жатыр. Елдің орталық бөлігін Сьерра-де-
Гуадаррама, Сьерра-де-Предос, Сьерра-де-Гатадан тұратын Орталық
Кордильерлер тау желісі бар кең Месета жазығы алып жатыр. Солтүстікте
Кантабрия таулары орналасқан. Франциямен шекара бойында Пиреней таулары
жатыр, шығысында Иберия және Каталон таулары жатыр. Солтүстікте Сьерра-
Морена мен Андалусс таулары орналасқан. Биіктігі 3482 м Муласен тауы
–Испанияның ең жоғарғы құрлықтық нүктесі – Андалусс тауларында орналасқан.
Пико-де-Тейде (3710 м) тауы Канар аралдарының ең ірісі – Тенерифе аралында
жатыр.
Ел аумағында көптеген өзендер ағып өтеді, олардың ең ірілері - Тахо,
Дуэро, Эбро, Гвадалквивир, Гвадиана. Елдің жалпы ауданы – 504,788 шаршы км.
Батыс Еуропа елдері арасында аудан бойынша Испания тек Франциядан ғана
кейін тұр.
Рельеф Батыс Еуропадағы Швейцариядан кейінгі ең таулы ел – Испания.
Теңіз деңгейімен салыстырғандағы биіктік орташа есеппен 660 метрді құрайды,
бұл ортаеуропалық шамадан айтарлықтай жоғары. Теңіз деңгейінен жоғары
биіктік ел аумағының 47%-н құрайтын 600 метрден 1200 метрге дейінгі
биіктікте орналасқан жерлердің басымдылығымен шартталады. Оған қарама-
қарсы биіктігі 200 метрден аспайтын жазық жерлер жалпы аумақтың 11%-н ғана,
ал биіктігі 2500 метрден жоғары болатын таулы аймақта 1 %-ды да құрамайды.
Испания рельефіне тән қызық сипат оның рельеф элементтернінің аумаққа
мозаикалы болып таралуы. Жағалауға жақын орналасқан Испанияның негізгі тау
массивтері – Пиреней таулары, оңтүстік шетінде Бетике Кордильерлері,
батыста және солтүстікте Кантабрия мен Галисия таулары. Шеткі аумақтардан
айырықша орталықта кең Месета жазығы орналасқан. Жазықтың орташа биіктігі
шамамен 700 м құрайды.
Пиренейлерде және Сьерра-Невадада (Андалусс таулары) қазіргі мұз қату
аймақтары бар, олар тіпті белсенді түрде болмаса да таушаңғылық трассалар
ретінде пайдаланылады.
\ Жалпы сондай алуан түрлі және жиі тамсандыратын рельеф Испания
ландшафттарының эстетикасын басым айқындайды және де сөзсіз туристтерді
баурайтын факторлардың бірі болып табылады.
Климат Испанияның басым бөлігі жазы ыстық, шөлді, ал қысы жұмсақ әрі
жауынды (географиялық орналасуы бойынша – солтүстік ендіктің 43 және 36
градусы арасында орналасқан) болатын субтропикалық жерорта климатының
аймағында жатыр. Испания географиялық орналасуының ерекшелігі, таулардың,
жазықтар мен ойпаттардың кезектесе кездесуі, Атлант мұхитының әсері мен
құрғақ Африка құрлығының жақындығы елдің түрлі аймақтарындағы климаттық
ерекшеліктерді шарттайды. Олар солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай
айқын байқалады. Елдің таулы рельефіне байланысты вертикаль климаттық
белбеулік те үлкен маңыздылыққа ие. Дерліктей түгел испан аумағының жылдық
орта температурасы нөлден жоғары 14 және 19 С градус аралығында құбылады.
Қаңтар айының орта температуралары солтүстігі мен орталық аймағында 8-10(С
арасында, ал оңтүстік аймақта 10-12( С арасында құбылады. Маусым айының
орташа температуралары – ең ыстық айдың орташа температуралары – солтүстік-
батыс теңіз маңындағы аймақтарында және елдің солтүстігінде 18-20(С құраса,
жерорталық жағалауға жақын аймақтарда 26(С құрайды. Сонымен қатар мұндай
айырмашылықтар жауын-шашын мөлшері мен үлестірілуіне де тән. Солтүстік және
солтүстік-батыс аймақтар жылдық жауын-шашын мөлшерінен Еуропа бойынша
алғашқы орындардың біріне ие, аа орталық және оңтүстік-шығыс аймақтар
әлемнің осы бөлігіндегі ең шөлді аймақтары. Осыған байланысты елдің барлық
аймағын климаттық және басқа сипаттарына қарай шартты түрде сулы Испания
және құрқақ Испания деп ажырату дәстүрге айналған. Олардың арасындағы
шекара Галлия массиві бойымен және Кантабрия тауларымен өтеді. Жылдық жауын-
шашын мөлшері сулы Испанияда орташа есеппен 900 мм (максимальді 3000 мм)
құрайды. Елдің қалған аумағында, шөлді Испанияда жылдық жауын-шашын
мөлшері, әдетте, 500мм-ден аспайды, және олардың көбісі көктем мен күзде
түседі.
Табиғи ресурстар Табиғи ресурстардың қамтамасыздануымен Испания ешқашан да
алғашқы орында болмаған. Экономикалық даму ерекшелігінің арқасында (Испания
басымдылықпен аграрлық ел болатын), жерлердің басым бөлігі жайлаулар мен
егістік орындарына берілген. Шикізат пен пайдалы қазбалар қорларының
көпшілігін Испания анағұрлым бай елдерден импорттайды (мұнай мен газды
негізінен Парсы шығанағы елдерінен; көмірді көрші Франциядан). Дегенмен де,
елдің кейбір аймақтарында (негізінен, оңтүстік-батысы мен шығысында)
пайдалы қазбаларды өндіру дамыған. Көмір, темір кені, қорғасын, мыс, сынап
– елдің маңызды пайдалы қазбалары, олардың игерілген өндірілетін орындары
Атлантиканың солтүстік жағалауында орналасқан. Өндірістің азын-аулағында:
уран, меркурий, пирит, флюорит, гипс, цинк, вольфрам, каолин, поташ
өндіріледі.
Испания сонымен қатар сынап пен цинк кенін өндіруден әлем басшысы болып
табылады.
Су ресурстары Испанияның өзендік желісі жақсы салаланған. Оның негізін 5
ірі өзен құрайды. Олардың 4-і өз суларын Атлант мұхитына апарады (Тахо,
Гвадиана, Дуэро және Гролавадалквивар) және тек Эбро – Жерорта теңізіне
құяды. Испанияның барлық басты өзендері өз бастауларын орта биіктіктегі
таулардан алады. Ең суы мол өзен – Эбро бастаулары Кантабрия тауларында,
ал Басты салалары – Ниренейлерде. Эбро жылдық ағын су мөлшері 17,5 млрд.
куб м. есептеледі. Испанияның гидроэнергетикалық ресурстары Батыс Еуропа
масштабында аса маңызды. Су энергиясының қоры 16,5 млн. квт. бағаланады. Әр
жыл сайын 58 млрд. кВт(киловатт)-сағат электроэнергиясын өндіруге болады.
Гидроресурстардың көпшілігі Испанияның солтүстігінде шоғырланған, айта
кететін жайт, онда көмірдің негізгі қорлары орналасқан. Мұндай жайт ел
аумағында ірі энергетикалық түйіндердің орналасуын анықтайды.
Гидроресурстардың бар болуы елдің осы бөлігінің инфрақұрылымдары, олардың
арасында туристтік индустрия үшін үлкен артықшылық болып табылады.
Өсімдік әлемі Испания флорасы – Еуропадағы ең байы: түбекте саны 8000
дейін жететің өсімдіктер түрлері кездеседі. Сулы Испанияға екінші яруста
мәңгі жасыл түрлеремен араласқан кеңжапырақты ормандар, шырынды бай
жайлаулар тән. Ағаш түрлерінің арасында қайың, бук, каштан, ясень, емен
басым кездеседі. Кантабрия таулары мен Галия массивінің атлант беткейлері
ең бай және қалың көкшілікпен көмкерілген. Құрғақ Испанияда орманадар аз,
мұнда жероратлық типті өсіктер басымыр-ақ. Ормандар құрғақ Испанияда тау
беткейлерінде және өзен далаларының бойында кездеседі. Испанияныңең құрғақ,
оңтүстік-шығыс аймағына альфа шөптері немесе эспарто, гарига бұталары
тән. Гариганың бір түрі – веерлік карлик пальмасы – Еуропадағы жабайы
өсетін жалғыз пальма болып табылады.
Испанияның өсімдік қауымдастығы көптеген мемелекеттер тұрғындары үшін
өте экзотикалық болып табылады, сондықтан да шетел азаматтарын баураудағы
маңызды факторларының біріне жатады.
Хайуанаттар әлемі Испания бай хайунаттар әлеміне ие. Елдің
солтүстігінде фауна жалпы ортаеуропалық типті, барлық қалған аймақтарда
фауна жерорта солтүстік африкалық типке жатады. Сүтқоректілерден Испанияда
көбіне кездесетіндер: бұғы, лань, косулья, серна, тау ешкісі, қабан. Ірі
жыртқыштардан саны аз қасқыр, түлкі және Гвадалквивир маңындаға ғана
кездесетін испан сілеусіні кездеседі. Құс фаунасы Еуропадағы ең байы болып
табылады. Мұнда көп эндемикалық түрлер (бүркіт, филин, көкек, тоқылдақ және
т.б.) көп кездеседі.
1.2 Испаниядағы туризм дамуының мәдени-тарихи факторлары
Пиреней түбегі Еуропаның оңтүстігінде орналасқандығына және
жекешеленгендігіне қарамастан ол әрқашанда басқа аумақ халықтарымен тығыз
байланыста болған. Бұл Испания мәдениетіне із қалдырды, демек мәдени мұра
сипатына әсер етті.
Испания мекендеушілері жөнінде алғашқы нақты деректер ертеде Пиреней
түбегіне сапар шеккен бөтен ел адамдарынан алынған, және б.д.б 6 ғасырға
жатады. Әдетте, бұл хронологиялық кезеңнен Испанияның тарихи сипатын
бастайды. Испанияның байырғы тарихының кезеңі, жалпы қалыптасқан ойға
байланысты б.д.б. 5 ғасырда, Испанияға Солтүстік Еуропа халықтары басып
кіргенде аяқталды деп есептеледі. Испанияны мекендеген алғашқы халықтар
иберлер болған, Испанияның байырғы атауы – Иберия – осы халықтарға
байланысты.
Испания тарихында дәл б.д. 5 ғасырдан бастап орта ғасырлар деп
аталатын және осы аймақта мұсылман халықтарының үстемдігімен өткен жаңа
кезең басталды.
Бұл кезең Испания үшін 1492 жылы, католикалық корольдер осы
аймақтардан мұсылмандарды ығыстырғанда аяқталды. 1492 жылы үшінші кезең –
жаңа заман басталды. Бұл Испанияның Жаңғыру дәуірі, экономика мен
мәдениеттің гүлдену дәуірі, ұлы географиялық ашылулардың дәуірі, Колумб пен
Магелланнан бастап, одан кейін – жаңа жерлерді жаулап алу және игеру
дәуірі, нәтижесінде Испания әлемнің ең ірі метрополиясына айналды.
Испания дамуының соңғы кезеңі әдетте 1808 г. жылдан – наполеондақ
Франциямен тәуелсіздік үшін соғыстың басталуынан саналады, бұл соғыс
Испанияның саяси режиміне айтарлықтай өзгерістер ендірді. Испанияның
қазіргі тарихының маңызды оқиғасы Франко фашистік режимін құлату және
билікке Хуан Карлос I келуі болып табылады. Демократиялық құндылықтарға
қайта оралу ел дамуына жаңа импульс берді.
Испания – бұл түрлі мәдениеттердің ғажайып қоспасы: кельт, грек,
финикия, рим, араб, иудей және христиан мәдениеттері. Саяхатшы Испанияның
қай жолында болмасынғ барлық жерде де ескерткіштер мен монумиенттер арқылы
танылатын жұмбақ өткен шақпен кездеседі. Испания Рим үстемдігі дәуірінен
өтті, оған дәлел римдік акведуктар, антикалық театрлар мен ареналар
элементтері, күзет сарайлары мен қорғаныс слалынымдары, бола алады. Испания
мәдениетінде арабтар маңызды із қалдырды, олардың үстемдігі б.д. 8 ғасырдан
басталып шамамен сегіз жүз жылға жалғасқан. Олар испан өнеріне дамыған
өрнек мәдениетін әкеліп, мавритандық стильдегі бірқатар керемет
архитекуралық ескеркіштерді қалдырды, олрадың арасында Кордова мешіті (8
ғ.) және Гранададағы Альгамбра сарайы (13–15 ғғ.). Арабтар жаулап алған
жерлерді христиандықтар қайтарған соң католикалық ортағасырлық мәдениетпен
белгіленген жаңа дәуір басталады. Жақсы сақталған роман шіркеулері мен
монастырьлері, зәулім кафедральді соборлар мен храмдар, корольдік сарайлар
мен қамалдар – мұның барлығы да күнделікті өмір бөлігіне айнылап өткен мен
осы шақтың үзілмес байланысының таңбасы болып табылады. Испан тарихында
бүкіл әлемге танымал Эль Греко, Веласкес, Гойя шығармашылықтары маңызды
орындарға ие, олардың және де жаңғыру заманының ғажайып басқа да
суретшілердің шығармаларының көбісі Мадридтік Прадо мұражайында сақталған.
ХХ ғасырының ең танымал испан суретшілері Пабло Пикассо мен Сальвадор Дали
болып табылады. ХIХ және ХХ ғасырлар тоғысында пайда болған архитектура
стилі – модернизм – өзінің жарқын көрінісін белгілі каталон архитекторы
Антонио Гауди жұмыстарынан тапты, Гаудидің Барселонандағы аяқталмаған
шығармасы - Әулие Жанұя Соборы – осы қаланың нышанына айналған.
1.3 Испаниядағы туризм дамуының әлеуметтік-экономикалық факторлары
Испания экономикасының қысқаша мінездемесі
Испания – өнеркәсібі дамыған ел. Үкімет ел экономикасын жеке секторды
стимуляциялауға, шетел капиталын кең түрде пайдалану, бағалар мен еңбек
ақысының өсуін тежеуге, мемлекет бюджетінің дефицитін азайтуға негізделе
отырып модернизациялауға және аймақтық диспропорцияларды теңдестіруге
бағытталған курсты біртіндеп жүзеге асыруда. Испания экономикасындағы күшті
позицияларына АҚШ, ГФР, Ұлыбритания, Швейцария, Франция капиталы ие болып
табылады. Испания 1982 жылдан бастап НАТО мүшесі (бірақ оның әскери
құрылымына енбейді). 1986 жыджан бастап Испания –Еуропалық Одақ мүшесі.
1988 жылдан бастап ЗЕС мүшесі.
1999 жылдың 4 қаңтары әлем экономикасының дамуындағы маңызды күн
болды: ортақ жалпы еуропалық валюта – еуро өз ресми қолданысы бастады. Көп
экстперттердің ойы бойынша, ортақ валютаны қолданысқа ендіру туристтік
сектордың нығаюына әкеп соқты. Негізгі артықшылықтар арасында банк
операцияларының оңайлауы, нарық мөлдірлігі, турқызмет көрсетулер үшін
бәсекелестіктің өсіп, сапасының көтерілуі.
Бүгінгі таңда Испанияда Экономика министрлігі мен туристтік өнеркәсіб
Ассоциациясының мүшелері арасында еуроны ел аумағында ілгерілету, сонымен
қатар Еуроны пайдалану кодексі орнату жөніндегі сұрауларды шешуге
бағытталған 15 келісім бар. Дербес жағдайда тауарлар бағасын ақшаның екі
бірлікте көрсету жөнінде шешім қабылданды.[1]
Испания экономикасындағы туризм рөлі.
Елдің даму факторы туризмнің пайда болуының негізі болып табылады.
Себебі туризм және оған байланыстылардығ барлығы да – тек тарихи
алғышарттар емес, сонымен қатар экономикалық дамудың барлық аспекттеріндегі
деңгеймен шартталатын қызмет көрсету деңгейі.
Туризм, пайдалы және жоғары табысты сала ретінде, Испания экономикасына
ілкен әсерін тигізеді. Туризм арқасында халық шаруашылығының барлық
салаларында приоритеттер өзгеріп, адамдардың өмір сүру деңгейі өсті.
Сонымен қатар туризм жұмыс күштері мен қаржы ағымдарының үлестірілуіне
ықпалын тигізеді, дербес жағдайда туризм тауарлары мен қызмет көрсетулеріне
деген өзін-өзі ақтайтын сұранысына тигізетін әсері.
Сонымен қатар туризм Испания экономикасының басқа да салаларының дамуын
нығайтады. Мысалы, Испанияда жарнама бизнесінің мәні артуда, картография
мен жалпы ақпарат құралдары даму үстінде. Туризм ел инфрақұрылымының
дамуына әсер етеді. Туризм саласында көп өнеркәсіптер ашылуда, сәйкесінше
он мыңдаған жұмыс орындары, маңызды қаржы ағымдары да көбеюде.
Испанияның жерорталық және оңтүстік зоналарынан өзгеше елдің
солтүстігінде туризм айтарлықтай дамымаған. Дегенмен де, жергілікті билік
басындағылар осы зоналарға туристтік ағымдардың күшеюіне қызығушылық
танытып демалушыларды баурау жолында барынша күш салуда.
Туризмнің экономикаға ықпалының кейбір теріс жақтары да бар. Туризм
дамуына байланысты пайда болған ең көкейкесті мәселелердің бірі қоршаған
орта жағдайы, бұл мәселе, ең алдымен Испанияның жерорталық және оңтүстік
теңіз маңы зоналары үшін көкейкечті. Мәселенің мәні бұл аумақтардың
жағалауларында туристтер шектен тыс көп, нәтижесінде соңғы уақытта бұл
теңіз маңы зоналарының әкімшілігі осы аймақтардың ішкі облыстарының
аймақтарына туристтерді көңіл бөлуін нығайтуға тырысып жатыр. Сонымен қатар
Испания басқарушыларының әрекетіндегі анағұрлым прогресс ретінде экология
сұрауларына ертерек көңіл бөлінбесе де табиғи қорғау зоналарының жағдайын
жақсартуға тырысуын атап өтуге болады. Ел аумағының 5%-ы аймақтық үкіметтің
немесе мемлекеттің қорғауына алынған. Мұнда шамамен 500 табиғи саябақтар
мен қорықтар жатады. ЕО экология сұраулары жөніндегі атқарушылардың
шешімімен испан қорғалған табиғи аумақтардың ауданы 2005 жылда үш есе артуы
түсуі болжанған болатын.[2] 2003 жылы Испанияда он бір ұлттық саябақтар бар
болатын.
Испания халқы 1992 жылғы ақпарат бойынша (14,8) Испания халқы 39
млн. адамды құрайды. Сонымен қатар, халықтың орташа тығыздығы бір шаршы
километрге шаққанда 78 адам, басқаша айтқанда еуропалық одақтағы ең төменгі
тығыздықтардың бірі болып табылады (Грекия, Ирландия және ЕО жаңа мүшелері
– Финляндия, Норвегия, Швецияға қарағанда сәл ғана төмен және Нидерландығ
қарағанда 5 есе төмен). Халықтың аймақтар бойынша тең бөлінбеуі аймақтар
арасындағы үлкен алуантүрлілікке әкеліп соқтырды, соның салдарынан сол
аймақтарда тығыздықтың әртүрлі деңгейі қалыптасты. Халықтың перифериялық
аудандарда жағалауға жақын (негізінен Жерорта теңізінің жағалауы)
шоғырлануының тұрақты бағыты қалыптасқан. Дей тұра, елдің ішкі
аудандарында, Мадрид және басқа кейбір қалаларды санамағанда, халық санының
төмендеу бағыты байқалып отыр. Бұл негізінен туризм индустриясының дамуымен
байланысты.
Испанияда жұмыс күшінің ауылшаруашылығынан және кейбір жағдайларда
өнеркәсіптен анағұрлым табысты, туристерге қызмет көрсетумен байланысты
салаларға ауысуы орын алды. Мәселен, Малагада (Испания провинциясы) 1950
жылдан 1965 жылға дейінгі кезеңде қызмет секторындағы жұмысшылардың үлесі
28%-дан 40%-ға дейін өсті. Сонымен қатар, халықтың маусымды жергілікті
миграциясы да байқалады, бұл туризмнің маусымдылығының салдары болып
табылады. Мәселен, Пальма қаласында (Балеар аралдары), қыстағы экономикалық
белсенді халықтың саны 143 мың адам болса, туризм маусымы кезінде,
туристерге қызмет көрсетуші адамдардың келуіне байланысты олардың саны
шамамен алғанда 100 мыңға артады. Коста-Браваның халқы маусым кезінде 2
мыңнан 27 мыңға артады.
Туризм мезгілдігі – жасырын жұмыссыздықтықтың себебі (қыста оның
таралу аймақтарында). Туризмнің маусымдылығының салдары көбінесе теңіз
маңындағы рекреациялық аймақтарында байқалады. Мейлінше белсенді туристік
маусым шамамен төрт ай бойы – маусым айынан қыркүйек айына дейін созылса,
ең жоғарғы шекті жүктемесі шілде және тамыз айларында орын алады. Тұтастай
алғанда Испанияда осы айларда туристердің саны, олардың тыныштық кезіндегі
туристер санынан асып түседі. Осылайша, Испания халқының орналасу және
жұмыспен қамтылуының құрылымын туризм дамуының жағымды факторларына
жатқызуға болады. Халықтың туризм мейлінше мықты дамыған аудандарға
(Жерорта теңізінің жағалауы, Канар және Балеар аралдары) осылай көшуі Испан
халқының туризмнің одан әрі дамуындағы мүдделіліктерін, қызығушылықтарын
айшықтайды. Жұмыспен қамтылғандардың саны бойынша туризм әлемдік
шаруашылықтың, бүкіл әлемде де, Испанияда да ірі саласы болып табылады
және 101 млн. адамға немесе жер шарындағы әр он алтыншы адамға жұмысты
қамтамасыз етеді. 1989 жылдағы Испанияны алсақ, туризмде жұмыс
істейтіндердің саны бұл елде – 980 мың адамды құрады (Халықаралық Сауда
Ұйымы). Пайыздық қатынаста алатын болсақ, бұл көрсеткіш жалпы әлемдік
жұмыспен қамтылудың 10%-құра ды. Бұл, мұндай көрсеткіш 7%-ға да
жетпейтін Батыс Еуропа елдері ішіндегі ең үлкен көрсеткіш.[3] Мұндай
жағадай айтарлықтай дәрежеде халықтың туризмдегі және оның дамуындағы
мүдделі болуына байланысты қалыптасып отыр.
Осылайша, Испанияның жалпы алғанда экономикалық дамуының жалпы деңгейі
және атап айтқанда инфрақұрылымның (көлік, қонақүй қызметі, қоғамдық
тамақтану мекемелері және т.б.) дамуының жоғарғы деңгейі – туристік
индустрияны дамытудың мықты, қуатты факторы болып табылады. Оған мұнымен
қатар, жарнамалық-ақпараттық қызметтердің дамыған жүйесі, елдегі
халықаралық туризмнің сипаты да айтарлықтай дәрежеде септігін тигізіп отыр.
2. ИСПАНИЯ ТУРИСТТІК ИНДУСТРИЯСЫ
2.1 Испанияның туристтік инфроқұрылымының дамуы.
Испания инфрақұрылымы керемет дамыған, сапаға және көптүрлілікке ие.
Испан Ұлттық туризм институтының мәліметтері бойынша Испанияда 11598 қонақ
үйлер бар, олардың 1872-і 4-5 жұлдызды категориясына жатады. (Бұл барлық
испан қонақ үйлерінің 16%-ы және орналасу орындарының үштен бірі), 125.
мың. Орынға арналған пансионаттар және 1,2 млн. орынға арналған кемпингтер.
Бұл секторда жұмыскерлер саны 144 мыңға жуық. Жалпы Испаниядағы орналасу
орындарының саны 1.04 млн., олардың 86%-і қонақ үйлердің үлесінде. Қонақ
үйлердің ең көп саны Каталонияда (1197 қонақ үйлер) ал Балеар аралдары ең
көп орналасу орындарына ие (301957). Сонымен қатар туристтерге 58.8 мың
мейрамхана және 226 мың барлар, гольфке арналған 172 орын, таушаңғылық 27
станция, кемелік спортпен айналысуға арналған 226 спорт портары ұсынылады.
Туристтерге филиалдармен қосқанда 2.992 туристтік агенттіктер қызмет
көрсетеді.
2000 жылдың мәліметтеріне сүйенсек туристтердің 71%-ы қонақ үйлерді
таңдап (34,1 миллион адам), туыстары мен достарына 15% туристтер тоқтаған
(7,4 миллион). 7% туристтер жалдамалы мекендерде тоқтаған.[4]
Испанияның қонақ үй секторы жақсы дамыған және түрлі класс пен
иеліктің түрлі формаларындағы объекттермен көрсетіледі. Мекендердің,
тұрғын орындарының бағасы мен орналасуына, қызмет көрсетулеріне байланысты
ажыратылатын бірнеше түрлері бар. олар: қонақ үйлер, парадорлар,
пансиондар, апартамент қонақ үйлер, остальдер, пәтерлер, кемпингжәне
курорттар.
Испания қонақ үйлері халықаралық стандарттар бойынша категорияларға
бөлінген, категориялар * дан бастап ***** ға дейінгі жұлдыздар санымен
белгіленген. Елдегі ***** қонақ үйлердің саны көп емес. ** және *** қонақ
үйлері орналасудың ең үлкен көлеміне ие, олар қызмет көрсету жиыны бойынша
жақын.[5]
Парадорлар қонақ үйге бейімделген қамалдар мен бекеттер, монастырьлар
мен сарайлар – тарихи және архитектуралық құндылықтарға ие ғимараттары
болып табылады. Ел бойынша 86 парадорлар бар.
Пансиондар –10-20 номерден тұратын кішігірім қонақ үйлер, олар бір
жанұяның иелігінде. Әдетте жанұядағы атмосфераға толы қымбат емес
пансиондар *ден **ге дейін категорияланған.
Испанияда ең көп орналасу санына апартамент қонаұ үйлер ие. Тұрғын
орнының бұл түрі *дан ****ға дейін категорияланған. Ол бір немесе одан да
көп бөлмені қамтитын және асханалық құрылғылары бар апартамент-номерлерден
тұрады. Апартаменттер қонақ үй номерлеріне әлдеқайда арзан, тұрғын орнының
бұл түрі балалары бар жанұялар үшін өте ыңғайлы.
Остальдер деп Hotels халықаралық студенттік желісінің иелігіндегі
қонақ үйлерді атайды. Мұнда бағалар ең арзан деген қонақ үйлердің бағасынан
2-3 есе арзан, қызмет көрсету мен орналасу шарттары бағасына сай.
Испанияда шамамен 800 кемпингтер бар. Олар бүкіл аумақ бойына, әсіресе
жағалау бойына орнласады. Жабдықталуына байланысты олардың категориясы *
дан ***ға дейін. Одан басқа Испанияның дерліктей барлық жағалауы бойында
мебельденген пәтерлерді жалға ұсынады.
Испанияда бальнеологиялық курорттардың бар екендігі (spa - курорты)
бәріне аян емес, олар релаксация мен емделуге керемет сәйкес келеді.
Олардың саны 90-ға жуық. Бальнеологиялық курорттарда ** дан ***ға дейінгі
категориялы қонақ үйлер ең көп кездеседі, әрине жоғары деңгейлі қонақ үйлер
де бар.
2002 жылы испан жаға жайлары мен спорт порттарының рекордты саны Көк
жалаулар алды. Бұл айырықша белгімен марапаттау ADEAC-FEEE ұйымының
шешімімен жүзеге асады және жағалау маңы зонасындағы қоршаған орта
тазалығының деңгейінің артуын меңзейді, демек барлық нормаларды орындау
және су мен құмның сапа және гигиенасы стандарттарына сәйкестік, сонымен
қатар зоналарды қорғау мен зерттеу қызметтерінің болуы, осылардың арқасында
жаға жайлар шомылуға икемді болады.
Қонақ үй секторынан басқа Испания дамыған көліктік коммуникациясына
ие. Самолет әлі де елге келу барысындағы ең көп пайдаланатын көлік құралы
болып табылады. осылайша, 2000 жылы, елге келгендердің 70%-ы (34,3
миллион) өз сапарларын әуе жолымен іске асырды. 22% (10,8 миллион)
автожолдарме келсе, 5% теңіз жолын (2,5 миллион) таңдап қалған 3% темір
жолмен келген.
Испанияның ішкі көлік жүйесі көп мадридте тоғысатын автожолды және
теміржолды линиялардың үлкен саны бар радиалды құрылымды болып келеді.
Испанияда теміржол линиялары RENFE (Испан Темір жолдарының Ұлттық Желісі)
мемлекеттік компаниясымен пайдаланылады. Испан поездары жылдамдық пен
комфорт деңгейіне байланысты бірнеше түрге бөлінеді темір жол желісінің
жалпы ұзындығы шамамен 22 мың км, 1994 жылғы мәлімет бойынша оның шамамен
төрттен бірі электрленген. Бас линиялар кең колеяны пайдаланады; ұзындығы
жалпы желінің 16-құрайтын жергілікті линиялардың тар колеясы бар.
1987 жылы темір жол қатынастарының 13-жылдық жоспардың жүзеге асуы
және 1993 жылы ЕО субсидиялары арқасында алғашқы жоғары жылдамдықты Мадрид
– Кордова – Севилья пассажир линиясы жіберілді, содан соң Кордова – Малага.
Техниканың соңғы үлгілерімен жасалған поездар 300 кмсағ жылдамдыққа дейін
нығайа алады, және состав 5 минуттан асып кешіксе, пассажирлерге билеттер
үшін төленген ақшаны қайтарады.
Испанияда екі мемлекеттік компаниялар әрекет жасайды – Иберия және
Авиако, сонымен қатар жергілікті линияларда бірқатар жеке әуе
компаниялары да жұмыс жасайды. 2001 желтоқсанында Еуропада пассажирлер саны
13.7%-ға төмендеді, ал Солтүстік Америкаға ұшатын трансатлантикалық
рейстерде 22%-ға жуық төмендеді. Осы тенденция 2002 жылдың қаңтарында да
байқалды. Дегенмен ақпан айында пассажирлер саны 2.1%-ға өсті [6]
Испанияның автожолдық желісі 332 мың км құрайды, оның 25-і – қатты
жабынды.
2.2. Халықаралық туристтік нарықтағы испан туроператорлары
Туризмнің индустриальдідан бұрынғы дәуірінде, әдетте, сапар жеке
сипатқа ие болатын. Оны жоспарлау және өткізу сапар шегетін адамның өзімен
немесе оның бұйрығымен және нұсқауларына сәйкес сапарлар бюросы арқылы
жүзеге асырылатын. Кейіннен бұл функцияны туроператорлар деп аталатын
фирмалар өз мойындарына алды. 50 ж.ж жаппай туризмі туристтік қызмет
көрсетулердің стандартизациясының, алдын ала дайындалған, жоспарланған және
есептелген қызмет көрсетулер жиынын әзірлеудің алғышарты болды. Бұл
қызмет көрсетулер жиыны бір бағамен тұтынушыларға туроператорлар
каталогтарында ұсынылады. Сапар бағдарының, тамақпен қамтамасызданудың,
орналасудың, тур бағдарламасының жоспарлануы демек бұрын туристтің өзі
жасауға міндетті болатын заттардың барлығы да 50-60 жж.-дан бастап
туристтік фирмалармен конвейерлік өндіріске қойылды. Ұйымдасқан қоғамдық
сапарлар 1945 жылға дейін де болған, бірақ сандық мәні соғыстан кейінгі
жылдардағы көлемдермен салыстырғанда әлдеқайда төмен болатын.
Туроператор нарықта тікелей өндірушілердің (қонақ үйлердің, әуә
компанияларының, және т.б.) қызметін өткізіп қана қоймайды. Оның қызмет
көрсетулер айырықшылығы негізгі және қосымша туристтік қызмет көрсетулерді
таңдау мен комбинациялау (экскурсиялар, спорт және т.б.), оларды алдын ала
жоспарлау мен стандарттау, басқаша айтқанда жиынтығында туристтік сапарды
құрайтын бағасы бірдей болатын қызмет көрсетулердің бағдарламалық жиынын
құрау.
Испнаия туроператорларын қарастыра отырып олардың бар болуы туризмнің
даму көрсеткіші болатындығын атап өткен жөн.
Испаниядағы ең ірі оператор Turespana - әлемнің 28 елінде
бөлімшелері бар мемлекеттік ұйым. Бұл көшбасшы фирмадан басқа туризмға
қатысты мемлекеттік емес ұйымдар да бар – туроператорлар. Испанияның
мемлекеттік емес туроператорларының ең ірілерінің бірі – Sol Melia.
Испанияның бұл туроператорлары қызмет көрсетулердің бағдарламалық жиынын
құраумен айналысады.
Бұл туроператордың негізгі жұмысы оның жоғары сапасының сипаты болып
табылатын екі бағытта жүзеге асады.
Біріншісі – бөтен құраушылар негізінде құралған турпакеттерді
комбинациялау және өткізу
Екі бағыт – турпакеттерді тек өз құраушыларынан құрастыру
(инфрақұрылым, экскурсиялық бюро және т.б.). Sol Melia жұмысының бұл
бағыты олардың жұмысындағы басты бағыт болып табылады. Айта кететін жайт,
оператор қызметі Испания аумағымен ғана шектеліп қоймайды.
Инфрақұрылымының сапасы бойынша бұл туроператор ең жақсылар қатарына
енеді. Sol Melia туроператоры керемет қонақ үйлер желісіне ие (барлық
деңгейлі – 2-жұлдыздыдан 5-жұлдыздыға дейін). Олардың иелігінде қонақ
үйлердің екі деңгейі бар, турөнім тұтынушысының талаптарының деңгейіне
тәуелді: 1. Sol Hotels қонақ үйлері, 4 және 5 жұлдызға жобаланған.; 2.
Melia Hotels қонақ үйлері – анағұрлым төмен деңгейлі, 3-жұлдыздан төмен.
Бұл қонақ үйлер желісі тек Испанияда ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz