Мемлекеттің халықты әлеуметтік қорғау жүйесін жетілдіру жолдары
Жоспар
Кіріспе 3
І-тарау. Халықты әлеуметтік қамтамасыз ету және оны жүзеге асыруда қаржының
рөлі 5
1.1 Халықты әлеуметтік қорғау жүйесінің рөлі мен қалыптасуы 5
1.2 Әлеуметтік көмекке арналған бюджет шығыстарын қалыптастыру 7
1.3 Әлеуметтік бағдарламаны қаржыландыру көздері 12
ІІ-тарау. Әлеуметтік бағдарламаны жүзеге асырудың қазіргі кездегі жағдайын
талдау 16
2.1 Қазақстан Республикасының азаматтарын әлеуметтік қорғаудың бағыттары
16
2.2 Атырау облысында Жұмыспен қамту-2020 бағдарламасы бойынша атқарылған
жұмыстарын талдау 22
ІІІ-тарау. Мемлекеттің халықты әлеуметтік қорғау жүйесін жетілдіру жолдары
26
3.1 Мемлекеттік бағдарламаларды ұйымдастыру және дамыту 26
3.2 Әлеуметтік жәрдем мен әлеуметтік қамтамасыз ету мекемелерін
қаржыландыру 28
Қорытынды 31
Қолданылған әдебиеттер тізімі 32
Кіріспе
Курстық жұмыстың өзектілігі: Қазіргі таңда халықтың әлеуметтік жағдайы
Қазақстан Республикасының ең өзекті мәселелерінің бірі болып отыр.
Елбасымыздың биылғы Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – мемлекеттің басым
бағыты атты халыққа арнаған кезекті Жолдауында мемлекет өмірінің барлық
салалары жан-жақты қамтылып, жүзеге асырылатын 10 нақты міндеттер
анықталды. Соның ішінде әлеуметтік саладағы ауқымды, әрі жүйелі шараларды
жүзеге асыру бойынша үлкен жұмыстар әлеуметтік модернизация арқылы әрі
қарай жалғасын таппақ.
Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев қандай да қиындықтарға төтеп
беру үшін ел бірлігінің мықты болуын тағы бір мәрте ескертті. Ендігі міндет
көшбасшы партия ретінде Елбасы Жолдауында көрсетілген мақсат-мұраттарды
барлық жұртшылыққа жеткізіп, ол міндеттердің тиімді, заңнамалық тұрғыда
жүзеге асырылуын қамтамасыз ету.
Елбасымыздың халыққа Жолдауында барша қазақстандықтардың әлеуметтік
жағдайы мен елдің саяси жүйесін жетілдіру мәселесі сөз етілді. Бұл ел үшін,
халық үшін өте маңызды екені сөзсіз. Халық – мемлекеттің ең бірінші
байлығы. Халықтың жағдайын жасай отырып, мемлекет өз іргетасын мықтаудың
маңызы зор. Биылғы Жолдауында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бүгінде өзекті
саналып отырған – баспана тұрғызу, жалақыны көтеру, зейнетақы жүйесін
жетілдіруді кеңінен сөз етті.
Қазақстан тәуелсіздік алысымен, әлеуметтік саясатты басты бағыттардың
бірі етіп таңдады. Бұған 1991 жылы қабылданған Үкімет қаулысы дәлел. Осы
қаулы арқылы балалы отбасыларға мемлекет тарапынан әлеуметтік көмек көрсету
мәселесі жолға қойылды. Азық-түлік пен балалар киімінің тым қымбаттауына
байланысты бұл жәрдемақы жасы кәмелетке толмаған балалары бар отбасылардың
бәріне дерлік берілетін. Тек бір жылдан соң, яғни 1992 жылдың 4 ширегінен
бастап бұл жәрдемақыны шын мәнінде мұқтаж отбасылар ғана алатын
болды.Әлеуметтік саясат азаматтарға лайықты өмір сүруге, еркін дамуға
мүмкіндік беру арқылы жүзеге асады. Қазақстандағы әлеуметтік саясаттың
басты бағыты тұрғындардың өмір сүру деңгейін біртіндеп жақсартуды көздейді.
Бұл мақсат сапалы білім алу, денсаулықты күту, қарттарға, ана мен балаға
қамқорлық, әлеуметтік мұқтаж адамдарға көмек, еңбекпен қамтамасыз ету
шаралары арқылы жүзеге асады.Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін әлемде
әлеуметтік мемлекет құру идеясы кеңінен тарады. Бүгінде әлеуметтік мемлекет
дегенде Скандинав елдері, Финляндия, Канада мен Жаңа Зеландия мемлекеттерін
үлгі ретінде атауға болар. Батыстық дамыған мемлекеттердегі әлеуметтік
қорғау жүйелерін үш топқа бөлуге болады: скандинавиялық, швед және ағылшын.
Скандинавиялық жүйе Швеция, Норвегия, Финляндия және Данияда. Бұл
мемлекеттерде барлық тұрғын әлеуметтік көмек алу құқығына ие. Жұмыс
істейтіндердің бәріне дерлік жеңілдіктер тиесілі, ал мемлекет баршаны
жұмыспен қамту жауапкершілігін өз мойнына алады.Ал Германия, Франция,
Грекия сияқты елдерде мемлекет адамға лайықты өмір сүруге қажетті табыс
табуы үшін оны еңбекпен қамтамасыз етеді. Бұл елдерде жұмыс табу
жауапкершілігі жұмыскердің мойнында, ал мемлекет оның табысын қорғау
функциясын атқарады.
Курстық жұмыстың мақсаты – әлеуметтік бағдарламаны жүзеге асыруда
қаржының рөлін анықтау және халықты жұмыспен қамту бағдарламасына баға
беріп, одан туындайтын салдарымен күресудің жаңа жолдарын іздестіру және
жетілдіру.
Курстық жұмыстың міндеттері:
– еңбек нарығының қалыптасуы мен әрекет етуі, халықты жұмыспен қамту
мәселелері, оның ақпараттық функциялары мен халықаралық және
қазақстандық тәжірибеде реттеудің нормативті-құқықтық базасының
теориялық-әдістемелік негіздерін зерттеу;
– Атырау облысының еңбек нарығындағы жұмыссыздықтың қазіргі жағдайын
талдау, халықты жұмыспен қамтуға байланысты іс-шараларға және
жұмыссыз азаматтарды әлеуметтік қолдауға жұмсалатын шығындар
сметасының орындалуын бағалау;
– халықты әлеуметтік қамтамасыз ету бағдарламаларын жетілдіру
жолдарын іздестіру;
Осыдан екі жыл бұрын біз дәйекті әлеуметтік жаңаруға қарай бет бұрдық.
Көп нәрселерге қол жеткіздік. Біз үшін ең бастысы – маңызды әрі көкейкесті
өмірлік қағидаттарды іске асыру үшін қазақстандықтарға:
- отбасын қамсыздандыру;
- тұрғын үй иелену;
- денсаулықты нығайту;
- зейнетақыға жинақтаулар қалыптастыру жөнінде барлық қажетті жағдайлар
туғызу болып табылады.
Өзіміздің алдыңғы тәжірибемізден және әлемнің басқа елдерінің
тәжірибесінен біз екі маңызды қорытынды шығара аламыз.
Біріншісі. Мемлекет тарапынан халықты әлеуметтік қолдау ол нысаналы әрі
атаулы сипат алған жағдайда ғана нәтижелі болады. Мемлекет қоғамның осындай
көмеккке шынында зәру мүшелерін қолдауға міндетті және сол үшін
жауапкершілікті іс жүзінде өзіне алып отыр, олар, ең алдымен: балалар, көп
балалы аналар, ардагерлер, мүгедектер.
Екінші. Ең пәрменді әлеуметтік саясат өнімді еңбекке ынталандыру және
жаңа жұмыс орындарын жасақтау болып келді, әрі солай болып қала береді.
Біз, ең алдымен, қандай да бір себептермен жұмысынан айырылып қалған
адамдардың еңбекке оралуына нақты мүмкіндіктер туғызуымыз, олардың жаңа
мамандық алуына жағдай жасауымыз керек. Сонымен қатар жастар ортасында
жұмысшы мамандықтарының, әсіресе өнеркәсіптегі мамандықтың беделін асырып,
кеңінен насихаттауды қайтадан қолға алуымыз қажет.

рөлі
1.1 Халықты әлеуметтік қорғау жүйесінің рөлі мен қалыптасуы
Дамыған әлеуметтік қорғау жүйесінің болуы мемлекетің дамығанын
білдіреді. Осы елдерде әлеуметтік қорғау жүйесінде азаматтарды әлеуметтік
қолдауға, оларға кепілдік беруге, сондай-ақ әлеуметтік көмек көрсетуге
бағытталған институттар мен іс-шаралар жүйесі қолданылады. Аталған
шаралардың арқасында ел азаматтары үшін қолайсыз болған әр түрлі
тәуекелдердің салдары жойылып, қоғамдағы әлеуметтік тұрақтылықты қолдау
қамтамасыз етіледі.
Осы мемлекеттерде әлеуметтік қорғаудың әр түрлі жүйелері қолданылады.
Әлеуметтік қорғау шараларының ерекшелігі мен жүйесі ұлттық экономикалық
жүйеден туындайды. Ұлттық әлеуметтік қорғау жүйесі ұзақ уақыт бойы тарихи
дамудан пайда болған өнім. Ол экономикалық фактордың ықпалымен ғана емес,
сонымен бірге саяси пікірталастың, жалдамалы қызметкерлердің өз құқықтарын
қорғау нәтижесінде қалыптасты. Батыс елдерінде әлеуметтік қорғау жүйесінің
қалыптасуымен бұрынғы социалистік мемлекеттердің халыққа әлеуметтік
кепілдіктерді қамтамасыз еткен мысалы үлгі болды.
Әлеуметтік қорғау жүйесінің мазмұны, бағыты мен рөлі жөніндегі мәселені
шешкенде оның қоғамдағы әлеуметтік тұрақтылықты қолдаудың біртұтас
жүйесіндегі маңызын негізге алу керек. Осы тұрғыдан алып қарағанда, егер
әлеуметтік-еңбек қатынастары экономикалық процестің негізгі
субъектілерінің, яғни жұмыс берушілер мен қызметкерлердің қатынастары
деңгейіндегі әлеуметтік тұрақтылықты анықтайтын болса, ал табыс пен өмір
сүру деңгейі тұрақтылықты қолдайтын мүмкіндіктерді оның құрылымы мен
көздерін көрсетеді, әлеуметтік қорғау шараларының мүлде басқа рөл
атқаратыны айқын.
Әлеуметтік қорғау, оның институттары мен іс-шаралары азаматтардың
жағдайын, олардың мәртебесі мен қоғамдағы жағдайына қарамастан әлеуметтік
тұрақтылығын қамтамасыз етуге тиіс. Сөйтіп ол қоғамның еңбек қатынастарына
кіретін де, сондай-ақ сол немесе басқа себептермен қоғамның субъектісі емес
барлық мүшелерінің қалыпты тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін аса маңызды
функцияны орындайды, сол себептен әлеуметтік қорғау нысандарының көптігі
де, олардың ұдайы дамып, өзгеретінің осы себептерге байланысты.
Әлеуметтік қорғаудың әлеуметтік тұрақтылықты қолдауда атқаратын рөлінің
арқасында ол қарама-қайшылықтарды тегістеп, әлеуметтік-еңбек қатынастарының
қолайсыз салдарын, табысты бөлудегі кемшіліктерді барынша қысқартуға
мүмкіндік береді, сонымен бірге сол немесе басқа себептермен еңбек
қызметіне атртылмаған адамдардың игіліктерге қол жеткізуіне кепілдік беруін
қамтамасыз етеді.
Сөйтіп, әлеуметтік қорғау қоғамның әлеуметтік тұрақтылық жүйесінде келесі
функцияларды орындайды. Біріншіден, ол еліміздің барлық азаматтарының кез
келген адамның тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін базалық әлеуметтік
игіліктерге қол жеткізуіне ең аз кепілдіктерді қамтамасыз етеді. Екіншіден,
ол еліміздің азаматтарын олардың өміршеңдік циклі процесінде туындайтын
тәуекелден сақтандыруды қамтамасыз етеді. Үшіншіден, ол қандай да бір
себептерге байланысты қоғамда қиын, кейде өте қиын жағдайда қалған
еліміздің азаматтарына көмек пен қолдау көрсетуді қамтамасыз етеді.
Өзі атқаратын функцияларға және әлеуметтік қорғау көрсетілетін оқиғалар
мен жағдайлардың көптігіне байланысты аталмыш жүйе көп деңгейлі болып
құрылған. Әлеуметтік қорғау үкімет, өңірлер, жергілікті органдар, сондай-ақ
жұмыс берушілер мен қызметкерлердің өздері қолданатын шараларды қамтиды.
Қазақстан Республикасында әлеуметтік қорғаудың дамуын бірнеше кезеңге
бөлуге болады.
Бірінші кезең (1992-1996жж.)-халықты әлеуметтік қорғау мәселесі бойынша
заңнама базасы жасалды, осы кезеңде халықты жұмыспен қамту,еңбекақы төлеу,
азаматтарға әлеуметтік кепілдік беру және халықтың аз қамтылған топтарын
әлеуметтік қорғау сияқты басымды бағыттарда әлеуметтік әріптестіктің
негіздері қаланды.
Екінші кезең (1997-1999жж.)-зейнетақы жүйесін реформалау, жеңілдіктер
белгіленген заңнаманы сәйкестендіру басталды, осының нәтижесінде барлық
әлеуметтік жәрдемақылар атаулы әлеуметтік көмек қатарына көшіріліп,енді
оның мөлшерін жергілікті билік бюджеттің мүмкіндігіне орай анықтайтын
болды. Осының нәтижесінде әлеуметтік көмек алатындардың саны 5095 мың
адамнан (1992ж.) 917 мың адамға дейін (1999ж) күрт азайды.
Үшінші кезең (2000-2004жж.)-халықты әлеуметтік қорғау тұжырымдамасы
қабылданып (2001ж.), атаулы әлеуметтік көмекке көшу кезеңі. Халықты
әлеуметтік қорғау тұжырымдамасына:
➢ республиканы бүкіл азаматтарына бюджет қаражаты есебінен әлеуметтік
тәуекелге байланысты бірдей деңгейде мемлекеттік төлем төлеу;
➢ міндетті әлеуметтік сақтандыру;
➢ жинақтаушы зейнетақы жүйесі;
➢ әлеуметтік көмек пен азаматтардың белгіленген санаттарын бюджет
қаражаты есебінен қолдаудың мемлекеттік арнайы бағдарламалары кіреді.
1.2 Әлеуметтік көмекке арналған бюджет шығыстарын қалыптастыру
Қазақстан Республикасында экономикалық реформалар басынан бастап
әлеуметтілік бағдардағы реттелетін Ұлттық нарық жүйесін құруға бағытталған.
Экономика дамуының әлеуметтік бағыттылығының бір көрінісі болып елдің
қаржы ресурстарын орталықтандыру мен қайта бөлісі табылады. Осының
салдарынан мемлекет, әр түрлі механизмдердерді майдалана отырып, нақты
мұқтажды азаматтарға жәрдемақы төлеу арқылы адрестік әлеуметті көмек
көрсетеді. Мысалы, 2005 жылы әлеуметтік қамтамасыз ету бағдарламаларды
қаржыландыруға арналған оеспубликалық бюджеттің шығындар көлемі ішкі жалпы
өнім құнына шаққандағы деңгейі 4,4%-ға жетті.
Мемлекеттің әлеуметтік саясатының мазмұнын оның әлеуметтік көмек көрсету
мен әлеуметтік қамтамасыз ету жөніндегі барлық іс-әрекет қосындысы
қалыптастырады. Әлеуметтік саясаттың маңызы мемлекеттің нақты әлеуметтілік
функцияларын іске асыруда көріністі болады.
Әлеуметтік экономиканы мемлекеттің барлық экономикасының дамуынан бөлек
қарастыруға мүмкін емес, себебі әлеуметтік саланың іс-әрекетте болуының
басты шарты – ол бұл саланы қаржылық қаматамасыз ету. Әлеуметтік саланы
қаржыландыруды нарықтық экономикадағы мемлекетің рөлі жөніндегі
мәселелермен бірге қарастыру қажет, себебі экономикалық реформаларда
мемлекет пен нарықтың әсер салаларын шектеудің өте маңызды мәні бар.
Мемлекттік араласу ауқымдары нақты елге тән ерекшеліктер, дәстүрлер және
әлем экономикасының бүгінгі дамуымен анықталады.
Шаруашылықты жүргізудің нарықтық механизімінің объективтік
кемшіліктерін жеңу үшін қажетті экономиканы мемлекеттік реттеу формалары
мен мемлекеттің араласу ауқымдары түрлі болуы мүмкін.
Біріншіден, ол мемлекттік реттеудің тек қорғау функциясын атқару ретінде
болатын, ал қайта бөлу іс-әрекеті жалпы минималды шығындарды
қаржыландырумен шектелетін мемлекттің араласуының минималды формасы. Мұндай
әдістеме мемлекеттік қаржылық реттеудің механизмдерін пайдаланудың
шекарасын шектейді, сондықтан әлеуметтік саланың көптеген мәселелері
мемлекет көмегімен шешілуі мүмкін емес.
Екіншіден, ол мемлекеттік реттеудің нарықтық механизмге кірісуі, демек,
соған бағынатын мемлекеттің араласуының тікелей емес формасы. Бұл арада
мемлекеттің белгілі және күмән емес функцияларын бөліп айтуға болады, олар
құқықтық базаны қаматамасыз ету, бәселестікті қорғау, кірістерді қайта
бөлу, ресурстарды бөлуді корректіреу, экономиканы тұрақтану мен
экономикалық өсулі ынталандыру. Демек, мемлекет өзіне экономикалық және
әлеуметтік салалар арасындағы қарама-қарсылықты реттеу міндеттемелерін
жүктеген. Біздің Республикада экономиканы мемлекетік реттеудің осы формасы
әске асырылуда.
Үшіншіден, мемлекеттік реттеудің нарықты өзіне бағындырған,
орталықтандырылған жоспарлау арқылы экономикаға шексіз әсерін тигізетін
мемлекеттің араласуын тікелей формасы.
Мемлекеттік араласудың барлық формалары басқа іс-әрекет түрлері мен қоса
бөліп және қайта бөліп тұратын іс-әрекет түрі арқылы іске асырылады. Ал бұл
іс-әрекет көбінесе мемлекетік бюджет арқылы көріністе болғандықтан
мемлекеттің әлеуметтік саясаты іске асыру негізі бюджет болады. Сондықтан,
мемлекеттің өз әлеуметтік функцияларын қамтамасыз ету шығындары
Республикалық және Жергілікті бюджет құралдары арқылы әрекеттенеді.
Демек, халыққа көрсететін әлеуметтік қызметтер деңгейі бюджеттің
қалыптасуымен атқарылуына байланысты, ал өз алдына әлеуметтік салаға
жұмсалатын бюджеттік құралдар деңгейі олардың алға қойған мақсаттарды
тиімді атқару қабілеттілігі маңыздылық шамадан мемлекеттік бюджеттің
саясатының жалпы принциптеріне әсерлі.
Қазақстан Республикасында қазіргі шарттарға сәйкес әлеуметтік саланың
әртүрлі институттары жұмыс атқаруда. Олардың барлығы халыққа әлеуметтік
қызмет көрсететін жүйені құрады. Бұл институттар өз іс-әрекеттерінде
мүгедектерге, кәрілігі жеткендерге, көп балалы және толық емес жанұяларға,
сондай-ақ басқа да мұқтаж азаматтар категорияларына әртүрлі әлеуметтік
қызмет көрсетеді. Бұлардың іс-әрекеттері тиісті заңнамалық және нормативтік
акттілер ережелеріне негізделеді.
Қазақстан Республикасы азаматтарының зейнетақылық қамтамасыз етуге
құқтары бар. Бұл аумақтағы мемлекеттің саясаты ҚР Конституцмясына
негізделеді және зейнеттік қамтамасыз ету жөнінде атты заңмен реттеледі.
Осы заңға сәйкестік 1998 жылдан бастап Қазақстанда зейнеттік қамтамасыз
етудің сол уақытқа дейін әрекетте болған ынтцымақтық жүйенің орнына
жинақтаушы жүйесі енгізілді. Бұл Заңмен тағы бір тағайындалған шарт – ол
1998 жылдың сәуір айының 1 жұлдызына дейін зейнетке шыққан азаматтарға
мемлекет зейнеттік қамтамасыз етуге құқықтары бар азаматтарға зейнетақы
републикалық бюджет құралдарынан төленеді.
Зейнетақы төлемдері жөніндегі уәкілетті орган ретінде мемлекеттік
кәсіпорын формасында құрылған Зейнетақы төлемдер жөніндегі орталық болады.
Бұл Орталық келесі функцияларды орындайды:
▪ зейнетақымен қамтамасыз етуге құқықтары бар азаматтарға
республикалық бюджет құралдары арқылы зейнетақы төлеу;
▪ азаматтарға әлеуметтік жеке кодтар иелену;
▪ міндетті зейнетақылық жарналардың кейіптеулік есебі;
▪ міндетті зейнетақылық жарналарды агенттерден жиынтық зейнеттік
қорларға аудару;
▪ мемлекет алдында салықтық міндеттемелер атқаруға бақылауды
қамтамасыз ететін орталық атқарушы органға агенттердің тізілімдемелері
мен төлемді құжаттарын ұсыну.
Осы Орталық жаңа зейнеттік жүйе енгізу барысында зейнетақылық төлемдерді
категориялар бойынша келесі тәртіппен тағайындады:
а) 1998 ж. 1 қаңтарға дейін зейнетақы алатын азаматтарға;
ә) зейнеттік жасқа жеткен азаматтарға:
• 1998 ж. 1 қаңтардан бастап 61 жасқа толған ер адамдарға, 56 жасқа
толған әйелдерге;
• 1998 ж. 1 шілдеден бастап 61,5 жасқа толған ер адамдарға, 56,5 жасқа
толған әйелдерге;
• 1999 ж. 1 шілдеден бастап 62 жасқа толған ер адамдарға, 57 жасқа
толған әйелдерге;
• 2000 ж. 1 шілдеден бастап 62,5 жасқа толған ер адамдарға, 57,5 жасқа
толған әйелдерге;
• 2001 ж. 1шілдеден бастап 63 жасқа толған ер адамдарға, 58 жасқа толған
әйелдерге.
Орталық азаматтың жас шамасына байланысты зейнетақылық төлемдерді ер
адамдардың еңбек стажы 25 жылдан және әйелдердің еңбек стажы 20 жылдан кем
болмаған шартта оларға толық көлемінде зейнетақы тағайындайды, ал толық
емес көлеміндегі зейнеттік төлемдер нормативтік актілерге белгілеген
тәртіппен есептеледі. Зейнетақылық төлемдер өмір бойы төленеді. Егерде
зейнетақы алушы қайтыс болса, онда оның жанұясына орталықтан мезгілді 15
айлық есептемелік көрсеткіш мөлшерінде төлем беріледі.
Орталықтан төленетін зейнетақылық төлемдер әрбіреу 3 жыл қатарының орташа
айлық табысының 60 пайыз мөлшерінде есептеледі. Бұл арада табыс құрамына
еңбекақының барлық түрлері мен үкімет белгілеген басқа да табыстар кіреді.
Осы табыстың көлемі тиісті жылға республикалық бюджет жөніндегі заңмен
белгіленген 15 айлық есептемелік көрсеткіштен аспауы тиіс. 1998 жылы 1
қаңтарға дейінгі мерзім үшін орташа айлық табыс мөлшері халықты әлеуметтік
қорғау аумағындағы орталық атқарушы орган анықтаған тәртіппен жиынтық
зейнетақы қорға міндетті зейнетақылық төлемдер жасалған табысқа сәйкес
белгіленеді. Осылай есептелген зейнетақылар төлемдердің максималды мөлшері
25 айлық есептемелік көрсеткіштің 75 пайызынан аспауға тиіс.

Халықты әлеуметтік қорғау жүйесінде жәрдемақылар маңызды орын алады.
Республика азаматтары мүгедектікке байланысты, асыраушы адамнан айырылып
қалу орайда және жас шамасына байланысты мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы,
сондай-ақ мемлекеттік адрестік әлеуметтік жәрдем алуға құқықтары бар.
Жәрдемақы төлемдері республикалық бюджет құралдары арқылы іске асырылады,
тек қана мемлекеттік адрестік әлеуметтік жәрдем төлемдері жергілікті
бюджеттер құралдарынан төленеді.
Республикалық маңызы бар қалалар, Астана және аудан бюджеттер құралдары
арқылы әлеуметтік жәрдем мен әлеуметтік қамтамасыз ету көрсетіледі, яғни
келесілер:
← баспаналық жәрдем көрсету жөніндегі төлемдер;
← мұқтаж азаматтарға үйлерінде әлеуметтік жәрдем;
← анықталған мекен жайы жоқ тұлғаларды әлеуметтік икемделу;
← ата-анасыз қалған балалар мен жетімдерге, мүгедектер мен қарияларды
әлеуметттік қамтамасыз ету;
← халықты еңбекпен қамтамасыз ету;
← жергілікті өкілдік органдарының шешімі бойынша азаматтардың жеке
категорияларына әлеуметтік жәрдем жасау.
Облыстық бюджет құралдары арқылы ата-анасыз қалған балалар мен жетімдерге,
мүгедектер мен қарияларға әлеуметтік қаматамасыз ету жөніндегі төлемдер
іске асырылады.
Жәрдемақы тағайындау жөніндегі белгіленген құжаттар қосымша өтініш
жәрдемақы құқы бар тұлғаның тұрған жеріндегі жергілікті халықты әлеуметтік
қорғау органына ұсынылады. Жас шамасы бойынша жәрдемақы өтініш берген
күннен бастап тағайындалады. Асыраушы адамнан айырылып қалуына байланысты
жәрдемақы. Осы жәрдемақыны алуға марқұмның асырауында болған жанұясының
мүгедек мүшелерінің құқы бар.
Мүгедектік бойынша жәрдемақы тұлғаның мүгедектігі жұмыс істегеніне
немесе істемегеніне, жұмыс уақытында немесе жұмыстан кейін болғанына
қарамастан мүгедектік анықталған күннен бастап тағайындалады. Бұл
жәрдемақыға құқықтары барлар келесі мүгедектер:
➢ жедел қызметтегі әскери қызметкерлер санынан;
➢ ішкі істер органдарының басқарушы және қатардағы әскери қызметкерлер
санынан;
➢ жарақаттан кейін мүгедек болған әскери қызметкерлер санынан;
➢ төтенше экологиялық жағдайдан кейінгі мүгедектер.
Жоғарыда келтірілген барлық мүгедектерге айлық жәрдемақы мөлшері олардың
мүгедектік топтарына сәйкес айлық есептемелік көрсеткіш негізінде
белгіленген саны арқылы тағайындалады. Мүгедектік бойынша жәрдемақы жұмыс
істеушілерге толық көлемінде төленеді. Егерде Мемлекеттік орталық және
жинақтаушы зейнетақы қор арқылы төленетін барлық жәрдемақы көлемі
мүгедектік бойныша төленетін айлық жәрдемақы көлемінен аз болса, онда
мүгедектік бойынша жәрдемақы зейнетақылық төлемдерге тиісті қосымша ретінде
беріледі.
Мемлекеттік арнайы жәрдемақы – ол азаматтарды әлеуметтік қорғауға
бағытталған ақшалай төлемдер. Осы жәрдемаөы жөніндегі арнайы заңға сәйкес
ай сайын республикалық бюджет құралдары арқылы және алатын еңбекақыға
тәуелсіз төленеді. Бұлжәрдемақы алу құқық 1998 ж. 1қаңтарға дейін зейнетке
шыққан азаматтарға берілмейді. Жәрдемақы мөлшері 8 айлық есептемелік
көрсеткіш көлемінде тағайындалады және зейнетақы төлем жөніндегі
мемлекеттік орталықпен төленеді.
Арнайы мемлекеттік жәрдемақы – ол әлеуметтік қорғауға мұқтаж азаматтарға
басқа жәрдемақы түрлерінен тәуелсіз берілетін ақшалай төлемдер. Бұл
жәрдемақы мемлекеттік әлеуметтік қамтамасыз ету жүйесі жүйеге кіреді және
оны алуға құқы бар азаматтарға өз алды ай сайын төленетін ақша. Арнайы
мемлекеттік жәрдемақы алу құқығы заңнамалық және нормативтік актілермен
белгіленген азаматтарда бар. Жәрдемақының мөлшері айлық есептемелік
көрсеткіш негізінде белгіленген саны арқылы тағайындалады.
Арнайы мемлекеттік жәрдемақыны алуға құқы бар тұлға өзі тұрған жеріндегі
жергілікті уәкілетті органға белгіленген қажетті құжаттар қосымша өтініш
ұсынады. Жәрдемақыны тағайындау мен төлеу тәртібін Қазақстан
Республикасының Үкіметі бекітеді. Оны төлеу жәрдемақы алу құқы пайда болған
уақыттан бастап айсайын және жәрдемақы беру шарттары сақтау мерзімі бойынша
төленеді.
2005 жылдан бастап міндетті әлеуметтік сақтық жөнінде атты Қазақстан
Республикасының Заңы қолданады. Бұл заңда азаматарды әлеуметтік қорғаудың
бір формасы ретінде міндетті әлеуметтік сақтықтың құқықтық, экономикалық
және ұйымдық негіздері белгіленеді және ол мемлекет, жұмыс беруші мен
жұмыскер арасындағы әлеуметтік қамтамасыз ету жөніндегі жауапкершілікті
бөлу жүйесін құрудың нормативтік базасы ретінде іске асырылады.
1.3 Әлеуметтік бағдарламаны қаржыландыру көздері
Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры АҚ - жарғылық капиталына
мемлекеттің жүз пайыз қатысуымен "Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қоры"
акционерлiк қоғамын құру туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004
жылғы 27 ақпандағы N 237 қаулысына сәйкес құрылды.
Қордың Жарғылық капиталы республикалық бюджет қаржысынан қалыптасады және
45 950 000 теңгені құрайды. Қордың жарғылық капиталын көбейту Қазақстан
Республикасы заңнамасымен қарастырылған тәртіппен соттың немесе жалғыз
акционердің шешімі негізінде жүргізілуі мүмкін.
2004 жылдың 21 сәуірінде Қор заңды тұлға ретінде тіркелді (тіркеу туралы
куәлік №16157-1901-АО). 2004 жылдың 01 шілдесіндегі № 10 қабылдау-беру
Актісіне сәйкес, Қор акцияларының мемлекеттiк пакетiне иелiк ету және
пайдалану құқықтары ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрлiгiне
берілді. Жарғылық капиталы 45 950 000 теңге болғанда акция шығару көлемі
номиналды құны 1 000 (бір мың) 45 950 мың теңгені құрайды. Шығарылған
акциялардың саны 45 950 жай акцияны құрайды KZ1С51240014, шығу формасы
құжатсыз. Акция шығару толықтай төленген, Қорда орналастырылмаған акция
жоқ.
Қордың құрылтайшысы ҚР Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттік мүлiк және
жекешелендiру комитетi атынан ҚР Үкіметі болып табылады.
Жалғыз акционер Қордың жоғарғы органы болып табылады. Жалғыз акционердің
құқықтары мен міндеттері әлеуметтік сақтандыру туралы Заңмен белгіленген
шектеулері ескеріле отырып, Акционерлік қоғамдар туралы Қазақстан
Республикасының 2003 жылғы 13 мамырдағы № 415-11 Заңымен белгіленеді.
Директорлар Кеңесі Қордың басқару органы болып табылады. Директорлар Кеңесі
Қазақстан Республикасы заңнамасына және Қор Жарғысына жататын жалғыз
акционердің ерекше құзырларынан басқа Қор қызметіне жалпы жетекшілікті
жүзеге асырады.
Қордың ағымдағы қызметіне басшылықты жүргізетін Қор Президенті атқарушы
орган болып табылады.
Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қоры бiрден-бiр құрылтайшысы мен
қатысушысы мемлекет болып табылатын акционерлiк қоғам нысанындағы
коммерциялық емес ұйым.
Қор әлеуметтiк аударымдарды шоғырландыруды және міндетті әлеуметтік
сақтандыру жүйесіне қатысушыларға - асыраушысынан айрылған отбасы мүшелерін
қоса алғанда, әлеуметтік тәуекел туған жағдайда - әлеуметтік төлемдер
төлеуді жүргізеді.
Қор қызметінің негізгі мақсаты Қазақстан Республикасында міндетті
әлеуметтік сақтандыру жүйесін енгізу, әлеуметтік аударымдардың сақталуы мен
мақсатты жұмсалуын қамтамасыз ету болып табылады.
Қордың негізгі қызметтерi:
- әлеуметтiк аударымдарды шоғырландыруды жүзеге асырады;
- мiндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесiне қатысушыларға - асыраушысынан
айрылған отбасы мүшелерін қоса алғанда, әлеуметтік тәуекел туған жағдайда -
әлеуметтік аударымдарды жинап, әлеуметтік төлемдерді төлеуді жүргізеді
- Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi арқылы қаржы құралдарына Қор
активтерін орналастыру жолымен инвестициялық қызметті жүргізеді
Қордың
• мiндеттi әлеуметтiк аударымдарды шоғырландыруды жүзеге асыруға;
• бағалы қағаздарға және басқа да қаржы құралдарына байланысты қызметпен
айналысуға;
• Қор қызметiн жүзеге асыруға комиссиялық сыйақы алуға;
• қаржы қозғалысы туралы Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтан
ақпарат алуға;
• мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесiнiң қатысушыларынан Қор қызметiн
қамтамасыз етуге қажеттi ақпаратты сұратуға және алуға құқығы бар.
Қор:
• Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтың әлеуметтiк төлемдердi
жүзеге асыруы үшiн қаражаттың уақтылы аударылуын қамтамасыз етуге;
• Қордың уақытша бос қаражатын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi
арқылы қаржы құралдарына орналастыруға;
• Жыл сайын аудит өткiзудi қамтамасыз етуге;
• Қазақстан Республикасының заң актiлерiне сәйкес өзге де мiндеттердi
атқаруға мiндеттi.
Қор:
• Қор активтерiн кепiлге беруге;
• кәсiпкерлiкпен және Заңмен көзделмеген өзге де қызметпен айналысуға
құқылы емес.
Әлеуметтік сақтандырудың қазақстандық моделінің мынадай негізгі
ерекшеліктерін атап өтуге болады.
1. Қазақстандағы әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысудың міндетті
сипаты.Әлеуметтік аударымдарды әлеуметтік салық төлейтін жұмыс берушілер
мен өзін-өзі жұмыспен қамтыған тұлғалар төлейді. Сонымен қатар төленген
әлеуметтік аударымдар сомасына төлеушілер әлеуметтік салық сомасын
азайтатындықтан әлеуметтік сақтандыруды енгізу салық ауыртпалығын
түсірмейді. Бұл жағдайда әлеуметтік салық қаражаты мақсатты түрде
әлеуметтік қажеттіліктерге бағытталады. Сонымен бірге әлеуметтік аударымдар
міндетті сипат алатынын атап өткен жөн. Бұл ретте әлеуметтік қатер туған
жағдайда әлеуметтік төлемдерді жүйеге қатысушылар, яғни әлеуметтік
аударымдар төленген тұлғалар ғана алады және әлеуметтік төлемдердің мөлшері
төленген әлеуметтік аударымдар көлеміне байланысты болады.
2. Әлеуметтік сақтандырудың қазақстандық моделінің келесі бір маңызды
ерекшелігі - Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының құрылуы болып
табылады.
Қор әлеуметтік аударымдарды шоғырландыра отырып акционерлік қоғам
нысанындағы коммерциялық емес ұйым ретінде құрылған. Қордың акционерлік
қоғам нысанында құрылуы бірнеше мақсатты алға қойды. Ең бастысы заңи тұлға
мәртебесінің болуы Қорға мемлекеттік бюджетке салмақ салмай әлеуметтік
төлемдер бойынша міндеттемелерге жауаптылық жүктейді. Бұл ретте әлеуметтік
аударымдардың әлеуметтік төлемдерге төленуі, Қордың қызметін бақылау және
қадағалау, оның қызметінің коммерциялық емес сипатын, жеке бухгалтерлік
есепті жүргізуін, инвестициялық қызметтердегі және басқа шектеулерді ескере
отырып Қордағы қаражаттың сақталуын қамтамасыз ету бойынша мемлекеттік
кепілдіктер заңнамалық шаралар жүйесі арқылы жүзеге асырылады. Сонымен
қатар тиісінше қаржылық және басқа есептеме Қордың акционерлік қоғам
нысанында жұмыс істеуі әлеуметтік төлемдер алушылар алдындағы кез келген
міндеттемелерді ескермеуге мүмкіндік бермейді. Соңғы жағдай сондай-ақ
әлеуметтік сақтандырудың отандық моделінің қаржылық ерекшеліктерімен өзара
байланысты.
3. Резервтерді қалыптастыру - әлеуметтік сақтандыруды қаржыландыру әдісі.
Әлемдік тәжірибеде әлеуметтік сақтандыруды қаржыландырудың екі негізгі
әдісі қалыптасқан. Ынтымақтастық қаржыландыру (pay-as-you-go немесе
бірден төле деген мағынаны білдіреді) - бұл жүйеге төленетін ағымдағы
жарналар ағымдағы жәрдемақыны төлеу үшін пайдаланылатын қаржыландыру әдісі.
Қолданыстағы жүйенің бастапқы кезеңіндегі жарна мөлшері жоғары болмайды,
одан әрі әлеуметтік төлемдер алушылар санының біртіндеп өсуі себебінен
жарналар жылдам қарқынмен көбейеді. Сонымен бірге, алғашқы кезеңде,
әсіресе, экономиканы көтеру кезеңінде осы тәсілмен қаржыландырылатын
әлеуметтік сақтандыру арзан болып көрінуі мүмкін. Ұзақ мерзімді
әлеуметтік төлемдерді алушылар (мысалы, мүгедектігі, асыраушысынан айрылуы
бойынша жәрдемақылар) санының өсуіне қарай экономикалық құлдырау
кезеңдерінде ағымдағы жарналардың азаюы себебінен және әлеуметтік төлемдер
бойынша ұзақ мерзімді міндеттемелердің болуынан жүйенің қаржылық
тұрақтылығына байланысты мәселелер туындайды. Бұл әдіс әлемдік тәжірибеде
кеңінен қолданылады, бірақ жоғарыда айтылған мәселелер қатар жүреді.
Резервтік әдіс - бұл ағымдағы жарналардан активтер қалыптастыру үшін
қолданылатын қаржыландыру әдісі, бұдан болашақта алушыларға әлеуметтік
төлемдер төленеді. Бұл әдістің ерекше сипаттрына жарналардың тұрақты
деңгейін, жүйенің қаржылық тұрақтылығының бұзылу тәуекелділіктерін
уақытында бағалау мүмкіндігін жатқызуға болады. Халықаралық тәжірибелерге
жасалған талдауларды ескере отырып, Қазақстанның әлеуметтік сақтандыру
жүйесін қаржыландырудың моделін жасағанда басымдық резервтік әдіске
беріледі.Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры қызметінің тәжірибесінде
бұл әдіс былайша жүзеге асырылады:Еңбек ету қабілетінен айрылу,
асыраушысынан айрылу бойынша Қордың алушылардың алдындағы міндеттемесі ұзақ
мерзімді сипатта болады. Мысалы, еңбек ету қабілетінен айрылу жағдайында
төленетін әлеуметтік төлемдер алушы зейнеттік жасқа толғанша төленуі
мүмкін; өз кезегінде асыраушысынан айрылу жағдайында төленетін әлеуметтік
төлемдер асырауында болған балалар кәмелеттік жасқа толғанша төленеді, не
олар оқу орындарының күндізгі бөлімінде (колледждерде, ЖОО-ларда) оқуларын
жалғастырған жағдайда сол оқу орнын бітіргенше төленеді.Қордың актуарлары
алушылардың болашақ әлеуметтік төлемдерінің келтірілген құнын көрсететін
провизиялардың есебін үнемі жүргізіп отырады. Қордың қаржылық
тұрақтылығынын жағдайын сипаттайтын көрсеткіш Қордың активтері мен
провизияларының айырмасы ретінде айқындалатын Қор резервінің мөлшері болып
табылады. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылгы 11 маусымдағы №654
қаулысымен қаржы жылының басында есептелетін резервтің ең төменгі мөлшері
Қор провизиясының 10 пайызынан кем емес деңгейде айқындалады. Бұл көрсеткіш
өзінше қорғанды білдіреді, яғни оның мағынасына қарап Қордың қаржылық
тұрактылығы туралы саралауға болады. Егер резервтің мөлшері рұқсат етілетін
ең төменгі мөлшерлерден төмен болса, бұл жүйеге ағымдағы аударымдар
есебінен әлеуметтік төлемдер алушылардың алдындағы Қордың міндеттемесін
орындауға байланысты алда тұрған мәселелер туралы алдын ала (екі-үш жыл
бұрын) берілген белгі болып табылады. Сондай-ақ Қорда, уәкілетті орган -
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде,
Қазақстан Республикасының Үкіметінде әлеуметтік аударымдар мөлшерлемесін
арттыру, не уақытша қаржылық көмек және т.б. алдын алу шараларын қабылдау
үшін уақыт жеткілікті болады.
4. Әлеуметтік сақтандырудың қазақстандық моделінің тағы бір ерекшелігі
міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің қатысушылары арасындағы
қызметтерді бөлу болып табылады.Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрлігіне Қордың қызметіне бақылау және қадағалау
жұмыстары бекітілген.Қорға - әлеуметтік аударымдарды шоғырландыру,
әлеуметтік төлемдерді қаржыландыруға Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік
орталықтың (ЗТМО) өтінішін уақытында орындау, әлеуметтік аударымдарға,
әлеуметтік төлемдерге мониторинг, Ұлттық банк арқылы инвестициялық қызмет
бекітілген.
Міндетті медициналық сақтандыру жүйесі мемлкеттік билік органдарымен
қадағаланып, үш түрлі қайнар көзден қаржыланады:
1.Мемлекет субсидиясы
2.Жұмысберушілердің мақсатты салымдары
3.Жұмысшылардың салымдары
Әлеуметтік сақтандыру фондтары мен салымдары салық жүйесінің бір бөлігі
болып есептеліп, мемлекеттің қадағалауында болады. Сақтандыру фондтары
мақсатты негізде қалыптасып, белгілі бір тұлғалардың қатысатын сақтандыру
бағдарламасында жүзеге асады. Бұндай жүйенің өзіндік ерекшеліктері бар.
Басты ерекшелігі мақсатты қаржыландыру денсаулық сақтау саласын саламақты
позицияға орнықтырады. Мақсатты салымдар ортақ бюджетке бармай тікелей
денсаулық сақтау саласының қажеттілігіне кетеді және салым төлеушілерге
қаражатының өзіне қайтарымы болатына кепілдік береді. Қаржыландырудың
мақсатты түрі медициналық көмектегі қажеттіліктерге шапшаң әрекет еткізеді.
Мақсатты салымдар табысы бар барлық азаматтарға міндетті және еңбек ақының
белгілі бір пайызы төленеді.

талдау

Әлеуметтік ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz