Әлеуметтік институттардың тұрпаттары мен міндетті қызметтері



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 31 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3

І-тарау Әлеуметтік жұмыстың түсінігі

1.1 Әлеуметтік жұмыстың институциолануы және әлеуметтік
жұмыстың ажырамас 4
бөлігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .

1.2 Әлеуметтік қызмет көрсету 6
түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..

ІІ-тарау Әлеуметтік жұмыс тәжірибесінің институттандырылу
ерекшеліктері

2.1 Әлеуметтік институттардың тұрпаттары мен міндетті 7
қызметтері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... .

2.2 Қазақстан Республикасындағы әлеуметтік ұйымдар мен 13
олардың жұмыс жасау нәтижелері ... ... ... ... ... ... ... .

ІІI-тарау Қазақстандық әлеуметтік ұйымдар секторының негізгі
мәселелері

3.1 Институттандырылған әлеуметтік жұмыс мәселелерін іске 25
асыру жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...



Қорытынды ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... .. .

Пайдаланылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... .

Кіріспе

Курстық жұмыстың өзектілігі: әлеуметтік – бағдарланған нарықтық экономика
жағдайларында өндіріс тиімділігі мен халықты әлеуметтік қорғалуы мәселелері
қызмет саласын шаруашылықтандыру механизмін жетілдіруін талап етеді.
Сонымен экономикалық өсімнің субьективті факторы – адамның, адам
капиталының рөлі мен мәні өседі . Кеңес одағынан кейінгі кезеңнің барлық
мемлекеттерінің арасында Қазақстанда әлеуметтік инститтуттар жүйесіндегі ең
түбегейлі реформалары жүзеге асырылады. Әлеуметтік – нарықтық экономиканы
құруға бағыт алып, біздің мемлекеттегі реформалардың басты мақсаты етіп
халықтың тұрмыстық жағдайын арттыруды белгіледі. Қоғам әлеуметтік
байланыстар мен өзара әрекеттерсіз өмір сүре алмайды. Бұнда өзара
әрекеттесуде қоғам мен индивидтің маңызды қажеттіліктерін қанағаттандыру
негізгі сипатқа ие болады. Ондай өзара әрекеттер институционалдандырылады.
Институционалдандыру – кейбір қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыру
бағытында жұмыс істейтін әлеуметтік нормалар мен ережелерді, мәртебелер мен
рөлдерді айқындау мен бекіту, оларды жүйеге келтіру процесі. Әлеуметтік
байланыстар жүйесіндегі әлеуметтік институттар мен ұйымдар қоғамда
әлеуметтік байланыстар мен қарым-қатынастардың тұрақтылығын қамтамасыз
етеді.
Қазақстанда 18 мыңнан астам үкіметтік емес ұйым бар. Олардың жұмыстары
әлеуметтік саланың кең көлемді мәселелерін де қамтиды. Алайда қолданыстағы
мемлекеттік әлеуметтік тапсырысқа қатысты заң нормалары үкіметтік органдар
мен үкіметтік емес ұйымдар арасында тиімді қарым-қатынастар қалыптастыра
алмай, қоғамда үнемі сынға алынуда.
Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс беру жүйесін жетілдіру мәселесі,
мәселен, 2007 жылы ІІІ Азаматтық форумында қызу талқыланса, содан кейін де
бұл тақырып төңірегіндегі пікірталас толастаған жоқ. Онда Мемлекеттік
әлеуметтік тапсырыс туралы заңда әлеуметтік тапсырыстарды қалыптастыру мен
орналастыру механизмдері көрсетілмегендігі айтылып, әлеуметтік
тапсырыстарды анықтауда да мемлекеттік органдар қызметінде
сәйкессіздіктердің бар екендігі назарға алынған. Сатып алынатын қызмет
түрлері көп жағдайда мемлекеттік саясаттың басым бағыттарына сәйкес келмей,
әлеуметтік тапсырысқа бөлінетін қаржы әртүрлі мемлекеттік органдар арқылы
бірдей мақсатқа бөлініп, бір-бірін қайталап жатты.
Курстық жұмыстың мақсаты: Институттандырылған әлеуметтік жұмыс
мәселелерін ғылыми зерттелген мәліметтерге сүйене отырып тақырыптың
өзектілігін ашу. Осыдан келесідей міндеттер туындайды:
-Қазақстан Республикасындағы институттандырылған әлеуметтік жұмыстың
өзекті де маңызды мәселелерін ашып көрсету,
-олардың қоғамда алар орнын айқындау.
-жастарға арналған қызмет көрсету жүйесін анықтау.
Курстық жұмыстың құрылымы: курстық жұмыс кіріспеден, 3 тараудан,
қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттерден тұрады.

ІӘлеуметтік жұмыстың түсінігі

Әлеуметтік жұмыстың институциолануы және әлеуметтік
жұмыстың ажырамас бөлігі

Жер бетінде адамзат пайда болғаннан бастап "әлеуметтік жұмыс” қоғамдық
құбылысқа айналды. Қоғам өз даму кезеңдерінде сол қоғам мүшелеріне
әлеуметтік қамсыздыру жолында түрлі көмек формаларын қолданған. Алғашқы
рулық қоғамда көмек және өзара көмек түсініктері қолданысқа енді. Осыған
сәйкес әрбір көмектің объектісі мен субъектісі дәстүрлік ұстанымдарға,
түрлер формасына және қоғам мүшелерінің бір-біріне деген рулық көмек
көрсетуімен анықталған.
Әлеуметтік жұмыс түсінігінің көптеген мағыналық түрлері бар. Осы
түсініктердің ішінде базалық түсінік ол әлеуметтік жұмыстың болжау
ерекшелігі.
Қазіргі менеджмент негізін қалаушылардың бірі Анри Файоль былай дейді:
"Басқару – бұл көріпкелдік, алдын ала көру, ал көру – бұл ендігі әрекет
ету”. Яғни болжау болмай жоспар құрылмайды.Болжаудың әлеуметтік салада
жоспарлануы қазіргі таңда өге ауқымды мәселе.
Әлеуметтік жұмыстың ең бір маңызды міндеттерінің бірі ол қоғамдағы
басты проблеманы анықтап, сол проблеманының шешілу технологиясы мен
әдістерін дұрыс таңдай білу, соның ішінде болжау әдістерін дұрыс қолдана
білу.
Ғылым ретінде әлеуметтік жұмыстың дамуының ғасырлық тәжірибесі
шетелдерде тек әлеуметтік ойлаудың классикалық парадигмаларын
модернизациялау ғана ықпал етіп қана қоймай, сонымен бірге қоғамның
әлеуметтік қайта құрылуындағы жаңа ағымдардың ғылыми негізін салды. Қазіргі
уақытта әлеуметтік жұмыс теориясының дамуы дау туғызады. Оның ғылымдар
жүйесіндегі орны туралы мәселе талқылануда. Әлеуметтік жұмыс теориясының
ғылым ретінде қалыптасқандығы туралы болжам жасауға мүміндік беретін барлық
құрылымдық белгілерге ие: оның өзіндік зеттеу объектісі, пәні, оған тән
заңдылықтары, іс-әрекеттің арнайы түсініктері, категориялары, әдіс-
тәсілдері бар. Осымен бірге оны қолданбалы ғылымдар тобына жатқызады және
пәнаралық ретінде сипаттайды.[1]
Қазіргі өтпелі экономикалық жағдайда дамуды келесі сатысына өту
барысында еліміздегі ерекшеліктерді ескере отырып, шетелдік тәжірибелерді
пайдалану керектігін мамандар көптеп айтып жүр. Ақпараттандыру ғасырында
бұл жетістіктерге қол жеткізу қиындық тудырмайды. Осыған орай бітіру
жұмысында шетелдік ғалымдардың да көзқарастары беріледі. Ресей ғалымы
И.В.Романенко өз еңбегінде әлеуметтік және экономикалық болжаудың
артықшылықтары мен ерекшеліктерін ашып көрсеткен. Сонымен қатар болжау
әдістерінің жіктелуін ғылыми тұрғыда қарастырған. АҚШ ғалымдары Майкл
Мескон, Майкл Альберт болжау әдістерін басқару стилінің тәсілі ретінде
қарастырған.
Институттандырылу үдерісі айтарлықтай күрделі де көпнұсқалы. Алайда,
жекелік жағдайда әлеуметтік жұмыс түсінігін институционалдандыру
механизмдерінің айшықты тұстарын белгілеп өтсе болады. Әлеуметтік жұмыс
термині 1990 жылы Симон Паттен ұсынған әлеуметтік жұмысшы терминінен
бастау алады. Бұл термин ағылшындардың арасында бірнеше уақыт бойы
неологизм (жаңа сөз) болды. М.Ричмондтың беделінің үстемдігіне қарамастан,
оның қайырымды термині уақыт соңына ілесе алмай, қолданыс таппай
қалды.Бізге осымен байланысты 3 фактор ұсынылып отыр:
Бірінші фактор- орталық, ол ерікті көмекшілердің қызмет сипатының
өзгерістерімен байланысты. Қайырымдылық бірден бола салмайтын сипатқа
ие,онда тұрақты қасиеттері қалыптаса бастады.Бұл микроәлеуметтік ортада,
қайырымдылық мекемелеріндегі жұмыс тәжірибелерінде жақсы көрініс табады.
Ерікті көмекшілер қызметінде өзін-өзі ұстау мен құндылықты бағдарлардың
жаңа түрлері пайда болды. Қайырымдылық көмегінің дамуының жаңа фазасын
түсінуге қайырымдылық күш конгрестерінің бірқатарында қызметін ұғыну
арқасында мүмкіндік бар.
Біріншіден бастау алатын екінші маңызды фактор, қоғамдық
идеологемдердің өзгерісімен байланысты. Эмпирикалық тәжірибе үшін қызметтік
жаңа идеологемдер қажет болды. Бұл жағдайда Қоғамдық еңбектің бөлінісі
жайлы деп аталатын Э.Дюркгеймнің жұмысы қызығушылық тудырады ( французша
нұсқада De la division du travail social). Әлеуметтік жұмыс тәжірибесі
үшін кейінгі идеологемдер болып қызмет еткен маңызды тұстар мыналар болды:
жекелік феномендерді түсіндірудің интерпретациялық негізі ретінде ұжымдылық
( әлеуметтік жұмыс үшін стратегия орта-тұлға тәжірибелік қағидаларының
бірінде берілді, бұл тәсілдің өзектілігі қоғамдағы, қайырымдылық қорлардағы
жұмыс тәжірибесінде тарихи формаларына сәйкес келді); реституциялы құқық
(кооперативтік), оның мәні- әрекет үшін санкция емес, қателік жасағанға
дейінгі күйге келтіру керек (ерікті көмекшілер қоғамында
стигматизациядан бас тарту), келісім шарт( әлеуметтік жұмыста тараптар
арасындағы еңбек қызметін бөлу саласы ретінде емес, өздеріне жүктелген
міндеттерді алу саласы ретінде мәнге ие болады).[2]
Үшінші фактор жаңа идеологемдердің, тәжірибе түрлерінің, теориялық
көріністердің институциоланған белгісіздігімен және қызметімен тығыз
байланысты. Тәжірибе мен тілді тасымалдаушыларда бар түсінікке қарағанда
кеңірек неологизм (жаңа сөз) қажет болды.Өзінің институциоланған
түсіндірмесін қажет ететін, түсіндірмелі ғылыми кеңістікте бар түсінікке
қажеттелік болды: түсіндірмелі кеңістіктің жүйесінде семантикалық мәні жаңа
пәндік қатынастар мен байланыстардың шынайылылығы арқылы қалыптасады. Бұл
жағдайда Э.Дюркгеймнің – travail social ( қоғамдық еңбек) термині алынып,
ол social work болып өзгереді, анығырақ С.Паттеннің эквивалентінде
social worker.Француз және ағылшын тілдеріндегі синонимдік қатарлар
қоғамдық еңбектен бастап әлеуметтік жұмысқа дейін түрлі эквиваленттер
жасауға мүмкіндік берді. Аударманың баламалы үлгісін біз Макс Фасмердің
этимлогиялық сөздігінде кездестіреміз. 1762 жылы жазылған Ж.-Ж.Руссоның
Contral social (Қоғамдық келісім) еңбегі әлеуметтік терминіне
бергенімен, ғылыми лексикаға ол неміс тілінің sozial сөзініен оның
семантикалық белгісіздігі мен қатысты еместігі түсіндірмелі шынайылықтармен
енеді.

1.2 Әлеуметтік қызмет көрсетудің түрлері, қазіргі түсінігі

Әлбетте, өзге факторлар да рөл ойнады: әлеуметтілік идеологемы
өткен ғасырдың уақыт аралығында ХХ ғасырдың соңындағы экология сияқты
оның көп аспектілігімен анық мәнде болды. Ресейлік философ Н.Бердяев, осы
жаңа әлемтануды және әлемқабылдауды ұстаған күйі ғасырлар тоғысында
Ресей тағдыры еңбегінде былай деп жазды: өмір бағдары мәні бойынша
әлеуметтік болып кетті де, оған барлық өзге бағалар тәуелді болды.Барлық
құндылықтар әлеуметтік келешекке қойылды. Әлеуметтілік ғасырлар
тоғысында әлемнің барлық елдерінің қайырымдылық тәжірибесінде өңделіп,
қолданыс тапты.Осылайша 1900 жылы қайырымдылық күштердің Париждегі
конгресінде басты мақсат- тұлға мен оның отбасының, олардың әлеуметтік
денсаулығының толық тәуелсіздігін қамтамасыз етуді қызметті әлеуметтік
медицина деп анықтау ұсынылды. 1902 жылы Алманияда Альбрехт тәжірибенің
бұндай түрін әлеуметтік жұмыс Wohlfahrtspflege ( siciale) деп анықтауды
ұсынады. Бұл тұсініктің басшылыққа ие болуы, білімнің әлеуметтік жұмыс
облысында унификацияланған кезеңіне дейін, АҚШ жоғары оқу орындарында
еуропалық әлеуметтік қызметкерлерді оқытумен байланысты болды. Тәжірибе мен
теорияның ұлттық модельдерін қалыптастыра отырып, ғасырлар тоғысында
түсіндірмелі атаудың жаңа интерпертацияларын іздестіру
жүргізілуде.Қалыптасқан түсіндірмелі атаудың өзгерісін анықтайтын жаңа
тарихи жағдайлардың қалыптасқаны жайлы айтуға болады.
Жаңа тарихи жағдайларда бұл мемлекеттің жалпы әл-ауқат моделінің және
тұжырымдарының дағдарысымен байданысты әлеуметтік мемлекеттің тәжірибе мен
әлеуметтік жұмыстағы жаңа пішіндерімен, мұқтаж адамның қабылдауының
өзгерісімен және әлеуметтік мәдени байланыстардың өзгерісімен байланысты.
Әлеуметтік жұмыс түсінігіне баламалы түсініктің институттандырылу анық
заңдылықтарды атап өтуге болады. ХХ ғасырдың басындағыдай, түсініктің
институционалдануы қызмет идеологиясының жаңа мәнге ие болуымен және
кәсіпқойдың жаңа тарихи терминологиялық балама ізденісінен басталады.
Осылай, Швецияда әлеуметтік қызметшіні әлеумет ретінде анықтай
бастады, ал Алманияда ол әлеуметтік педагогәлеуметтік қызметкер ретінде
танылса, ал қазір қоғам қызметкері ретінде қабылданады, Ресейде-
әлеуметтік жұмыс маманы. Мүмкін, кәсіпқойды ерекшелей түсетін атауды
анықтаумен, қызмет атауындада да өзгерістер болуы ықтимал.[3]
Әлеуметтануда институттандырылу, әлеуметтік әс-әрекеттер өздерінің
тұрақты әлеуметтік-құрылымдық ерекшеліктерінде анығырақ берілетін үрдіс
нәтижесі ретінде қабылданады.
Ұйымдық құрылымдардың институционалдануының өздерінің ерекшеліктері
бар. Ол ұйымдық құрылым ретінде де,адамдар тобының құндылықты бағдарларына
әсер етуші реттеуіштер ретінде де қарастырылады.
Ғылым арнайы әлеуметтік институт ретінде қарастырылатын ғылыми танымға
сәйкес, ғылыми танымның институционалдануын сипаттайтын қандай да бір
критерилерді ерекшелеу қабылданған. Таным облысы анық, уақыт ағымындағы, өз
дамуындағы тарихи кезеңдерден өтуі тиіс: зерттелетін феноменнің немесе
үрдістің мәнінде қалыптасатын ғылыми талассөздердің рәсімделу кезеңі,
феноменге немесе үрдістәі интерпретациялық тәсіліне мектептер мен
дәстүрлердің рәсімделуі, талассөздер тәжірибесінің берілуі мен оқу
мекемелеріндегі қалыптасқан тәсілдердің таралауы.
Ғылым ретінде әлеуметтік жұмыстың дамуының ғасырлық тәжірибесі
шетелдерде тек әлеуметтік ойлаудың классикалық парадигмаларын
модернизациялау ғана ықпал етіп қана қоймай, сонымен бірге қоғамның
әлеуметтік қайта құрылуындағы жаңа ағымдардың ғылыми негізін салды. Қазіргі
уақытта әлеуметтік жұмыс теориясының дамуы дау туғызады. Оның ғылымдар
жүйесіндегі орны туралы мәселе талқылануда. Әлеуметтік жұмыс теориясының
ғылым ретінде қалыптасқандығы туралы болжам жасауға мүміндік беретін барлық
құрылымдық белгілерге ие: оның өзіндік зеттеу объектісі, пәні, оған тән
заңдылықтары, іс-әрекеттің арнайы түсініктері, категориялары, әдіс-
тәсілдері бар. Осымен бірге оны қолданбалы ғылымдар тобына жатқызады және
пәнаралық ретінде сипаттайды.
Әлеуметтік жұмыстың ең бір маңызды міндеттерінің бірі ол қоғамдағы
басты проблеманы анықтап, сол проблеманының шешілу технологиясы мен
әдістерін дұрыс таңдай білу, соның ішінде болжау әдістерін дұрыс қолдана
білу.

ІІ Әлеуметтік жұмыс тәжірибесінің институттандырылу
ерекшеліктері

2.1 Әлеуметтік институттардың тұрпаттары мен міндетті
қызметтері

Әлеуметтік жұмыстың институционалдануының ерекшеліктерінің мәні оның
институционалдануының іске асыру механизмдерінде. Тарихи қалыптасу кезең
солай өрбіп, ХХ ғасырда үш өзара байланысты үрдіс: тәжірибе, таным облысы,
білім алу қызметі бірдей идентифициоланады-әлеуметтік жұмыс. Алайда, бұл
үрдістердің іске асу механизмдерінің қосымшалары ғана емес, әлеуметтік-
құрылымдық сипаттамалары да түрліше. Осылайша, тәжірибе, таным облысы,
білім саласы өзіндік институттар ретінде даму мен қызмет етудің құрылымдық-
типтік ерекшеліктеріне ие.
Сондықтан да , егер біз әлеуметтік жұмыстың тәжірибесі жайлы айтар
болсақ, онда ол өзара көмек мен қайта бөлудің, реципрокация мен
редистрибуцияның механизмдері қалыптасқан таптық қоғамнан бастау алады.
Тарихи уақыт кезеңінде біз ХХ ғасырдың соғынан осындай дәлелдмелерді
ұшырастырамыз. Бұндай құбылыстардың мейлінше кең географиялық ауқымы
Египет пен Месопотамиядан антикалық Греция мен Римге дейін, инктер
дәуірінен Еуропадағы Каролингтердің гүлденуі мен күйреуіне дейін.[4]
Әлеуметтік жұмысты теория ретінде айтқанда, оның қазіргі кезеңі
кәсіби көмек тәжірибесінде ғана емес, кедейшілік, қайыршылық, инфантацид,
босқындық, жетімдік және т.б. сынды әлеуметтік феномендер рефлекциясында да
көрініс табады. Олар ХІХ ғасырдың қайырымдылық теориясының пайда болғанына
дейінгі адамзаттың әлеуметтік тарихында, ХХ ғасырда пайда болған адам
құқықтары мен әлеуметтік жұмыс тәжірибесінің қолданбалы теорияларында
қалыптасты. Шетелдік ғылыми әдебиетте есептеу 1100 жылдың қайырымдылық
тәжірибесіндегі шіркеушілер басшылығының Декретумінен басталады.
Ресейдегі осындай ресми құжат 1238 жылғы Наставление Владимирского собора
болып табылады.
Біз негізделетін теориялық болжаудан шығатын болсақ, онда әлеуметтік
жұмыстың таным мен тәжірибе саласы көмек үрдісі болып табылады, онда
әлеуметтену үрдісінде адамдар қоғамы қажетті әлеуметтік мәдени
интеграциялық механизмдер ретінде көмек пен қолдаудың түрлі тарихи
институттар типтерін қалыптастырды. Жаңа тарихи шындықтарда қоғамның даму
мен қызмет ету талабы болып табылатын, жүзеге асатын міндетті
институционалданудің өзі сол әлеуметтік ген.[5]
Әлеуметтік институттың алғашқы толық анықтамасын берген американдық
әлеуметтанушы –Т.Веблен. Ол қоғамның бірте-бірте дамуын әлеуметтік
институттардың табиғи сұрыпталуы ретінде талдайды. Әлеуметтік институттар
табиғи жағынан сыртқы өзгерістер жасайтын ынталандыруларға үйреншекті
амалдардың жауап қайтарауы болып табылады.
Әлеуметтік институттар жұмыстарды орындаудың мәдени заңдастырылған
амалы болып табылады. Жекелік институтқа әлеуметтік мәртебелер тетігі
арқылы қатысады. Дж.Бернард пен Л.Томпсон әлеуметтік институтты мінез-құлық
мөлшерлері мн үлгілерінің жиынтығы ретінде ұғындырады. Олар әлеуметтік
институттың мына бөлшектерін көрсетеді: институттың анық қызметтеріне
жататын міндеттері мен мақсатттары; мінез-құлықтың үлгілері мен ережелері;
рәміздік нышандары; тәжірибелік белгілері; ауызша және жазбаша
дәстүрлері.
Әлеуметтік институт ол адам қызмет ететін белгілі салады өмір сүретін
әлеуметтік байланыстар жүйесі және мөлшерлерінің жиынтығы болып табылады.
Мысалы, әлеуметтік топ ол өзара әрекет ететін жекеліктердің жиынтығы.
Әлеуметтік институттар әлеуметтік топтармен тығыз байланысты, өйткені
институт мінез-құлықтың өзара байланыстары мен жүйелер жынтығы ретінді
түбінде адамдардың қажеттіліктерімен анықталады.[6]
Әлеуметтік институттың пайда болуы мен оның міндетті қызмет атқаруының
негізгі шартттарының бірі- ол әлеуметтік мұқтаждық. Институттардың
адамдардың әлеуметтік талаптарын қанағаттандыру мақсатында, олардың
бірлескен әрекетін ұйымдастыру болып табылады. Егер осындай талаптар
мардымсыз болып, жойылып кетсе, онда институттың өмір сүруі қоғамдық
өмірдің дамуын тежейді. Сондықтан қажеті жоқ әлеуметтің институттың
міндетті қызмет атқаруы бірте-бірте жойылады. Ондай мысал ретінде батыста
ақсүйектердің XVII-XIX ғғ. жекпе-жекте тапталған намысын қарумен қорғауы
жатады. Капитализмнің дамуы ескі өнегелердің өзгеруіне әкеледі. Жекпе-жек
иснтитуты жойылды. АҚШ-тың президенті А.Линкольн атысудың орнына 20
қадамнан картоп лақтыруды ұсынған.
Сөйтіп, әлеуметтік институттар- ол аса маңызды және терең, берік
нығайтылған және орныққан, жүйелі өзін-өзі жаңартушы және ретке келтірілген
әлеуметтік әрекеттестіктер. Оларға тікелей қарама-қарсы кездейсоқ, өз-
өзінен пайда болатын, ретсіз, үстірт, анда-санда кездесетін және
ұйымдастырылмаған адамдар және олардың топтарының арасындағы байланыстары
болады.[7]
Осыған байланысты әлеуметтік институттарды біршама жоғары
ұйымдастырылған әлеуметтік жүйе ретінде, орныққан әлеуметтік құрылыммен, өз
бөлшектерінің терең тұсауымен, сан алуандығымен, икемділігімен және
олардың, бүкіл жүйенің де, міндетті қызметтерінің қозғалыстарымен
ерекшеленеді деп анықтауға мүмкіндік болады.



Әлеуметтік институттарды басты немесе іргелі, негізгі және басты емес немесе
негізгі емес, жекелік деп бөлінеді. Негізгі еместер негізгінің ішінде
жасырылады.Негізгі институттарға экономикалық, саяси, отбасы, білім, дін
жатады. Экономикалық институттың ішінде негізгі емес институттар ретінде
нарық, меншік түрі, меншікті қорғау, валютаны конверциялау, мамандарды
іріктеу, еңбекті бағалау, маркетинг т.б. кіреді. Бұл әлеуметтік тәжірибе
негізінде қалыптасады. Әлеуметтік тәжірибені әдет-ғұрып деп атауға болады.
Отбасы институтына туысқандық жүйесі (әкелік, аналық, нағашылық, құдалық
т.с.с.), некелесу, қалың мал алу, тамырласу, мұрагерлік, ажырасу т.б. кіреді.
Әр елде өзгеше әдет-ғұрыптары қалыптасқан. Саяси институттардың негізгі
емесіне сот ісін жүргізу, төлқұжатты тіркеу, соттық сараптама жасау,
сотталғанды қорғау т.с.с. жатады.[8]
Әрбір институт өзіне байланысты әлеуметтік міндетті қызметті атқарады. Осы
міндетті қызметтердің жиынтық әлеуметтік жүйенің негізгі, белгілі түрлері
ретінде әлеуметтік институттың жалпы қызмет атқаруымен құрылады. Әлеуметтік
институттардың атқаратын қызметтері көп. Сондықтан әртүрлі бағыттағы
социологтар олардың таптастыруымен реттелген жүйе ретінде көрсетуге тырысты.
Басқаларға қарағанда толық және қызық топтастыруды институционалдық мектеп
деп ашып көрсетті. Осы мектептің өкілдері (С.Липсет, Д.Ландберг және т.б.)
әлеуметтік институттың төрт негізгі міндетті қызметтерін атап көрсетті.
Олар:

Қоғамның мүшелерін жаңғырту. Ең басты институт болып осы міндетті қызметті
отбасы атқарады.
Әлеуметтендіру мақсатын іске асыру. Жекеліктер, отбасы, білім,дін т.б.
арқылы әлеуметтік қатыенастарды игеріп қоғамдық өмірге енгізеді.
Өндіру және тарату міндеті қызметін атқару. Ол биліктің экономикалық
–әлеуметтік институттарын басқару және бақылау органдарымен
қамтамасыздандырылуы және жүзеге асырылуы.
Басқару және бақылаудың міндетті қызметін атқаруы. Ол тәртіптердің
тұрпаттарын реттейтін әлеуметтік мөлшерлерінің жүйесі арқылы жүзеге
асырылады. Оларға жататындар құқықтық мөлшерлер, әдет-ғұрып, әкімшіліктің
шешімдері және т.б.
Сонымен әлеуметтік институттың әлеуметтік ортамен өзара әрекетінің негізін
оның бас міндетті қызметі-қоғамдық нақты талаптарды қанағаттандыруды іске
асырылуын қамтамасыз етеді.қоғамдық үдерістердің ағыны жекеліктердің,
топтарының, жіктерінің және таптарын өзгертпей қоймайды, сондықтан
әлеуметтік институттардың қоғамдық ортамен қатынастарының сипатын да
өзгертеді.Жазылған ережелер мен мөлшерлер жүйесінде көрсетілген
инститтуттың атқаратын міндетті қызметтерін айқын деп атайды.
Адам қоғамы бірте-бірте қалыптасып, үнемі даму үстінде. Қоғам даму
барысында тұрақты өзгеріп және бейімделу қасиеттері жетіліп тұрады. Кең
философиялық мағынада адамдардың бірлесіп әрекет етіп қалыптасқан кез
келген тарихи жиынтығының нысанын қоғам деп атайды. Оның құрылымдық негізі
күрделене берген және бірте-бірте жекеліктердің өмірі әлеуметтік
институттар арқылы ұйымдастырыла бастайды.[9]
Ағылшын социологы Г.Спенсер ғылымға алғашқы болып әлеуметтік
институт терминін енгізді. Ол әлеуметтік институттарды зерттей отырып,
оның алты түрін сипаттап көрсетті. Олар: өнеркәсіптік, кәсіподақтық, саяси,
рәсімдік, діни, жанұялық. Спенсердің пайымдауынша, барлық әлеуметтік
институттар әлеуметтік әрекеттердің тұрақты құрылымы ретінде қалыптасады.
Әлеуметтік институт (лат. құрылым) – қоғамның негізгі қажеттіліктерін
қанағаттандырып, қоғамдық құндылықтар мен процедураларды біріктіретін
байланыстар мен әлеуметтік нормалардың ұйымдасқан жүйесі.
Әлеуметтік қызметтер – ізгілік пен теңдік қағидаларына, адам өмірінің
түрлі салаларындағы білімге, әлеуметтік мәселелерді бағалау және
қиындықтарды басынан кешкен адамдарды қолдау икемділігіне негізделген,
адамдар мен қызметтердің түрлі топтары арасындағы жаңа қарым-қатынас
моделінде қалыптасқан маңызды кәсіби қызмет.
Әлеуметтік қызметкерлер Халықаралық Федерациясының анықтамасы бойынша
әлеуметтік жұмыс қоғамдағы әлеуметтік өзгерістерге, адамдар өзара қарым-
қатынастарындағы мәселелерді шешуге және адамның бостандық пен лайықты
өмірге құқығына себепші болады. Адамның мінез-құлқы мен әлеуметтік жүйелер
тағылымына негізделе келе, әлеуметтік жұмыс адам қоршаған ортамен өзара
әрекеттестікте болғанда үдеріске қосылады. Адам құқықтары мен әлеуметтік
әділеттік – әлеуметтік жұмыстың іргелі қағидалары.
Бағдарлама міндеттері:
Бекітілген халық ішіндегі әйелдер денсаулығының психоәлеуметтік жағдайын
зерделеу.
Өмір сапасын жақсарту бағдарламасын түрлі әлеуметтік топтардың 20
әйелдерінен құралған фокус-топ отырысында талқылау.
Өмір сапасын жақсарту үшін әйелдердің мұқтаж бен қажеттіліктерін анықтау,
бірлестіктерден волонтерлер мен озаттарын іріктеу.
Қиын өмірлік жағдайларда өзіңді қалайша ұстау және уақытылы көмек алу
керек тақырыбы бойынша әйелдерді оқыту.
Отбасында әлеуметтік-психологиялық мәселелер шешуін үздіксіз үйрететін
бапкерлерді даярлау.
Бағдарламаны іске асыру механизмі, іс-шаралар жоспары, күтілетін нәтижелер
жобасы бар және аралық, бақылау мониторингі мен бағдарламаны бағалау
жүргізіледі.[10]
Әлеуметтік институт қандай да бір салада қызмет ететін адамдардың
жиынтығы және нақты заңдар, басқару шешімдері және практикалық кешендер
жүйесі болып табылады. Әлеуметтік институттар индивидтің, топтардың, тұтас
қоғамның сұраныстарын, қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталады. Яғни,
институттар - әрдайым дамып отыратын жүйе. Қоғамда институттар мынадай
түрлерге бөлінеді:
1) саяси институт – қоғамды басқарып, оның тұрақтылығын, тұтастығын,
тәртібін қамтамасыз етіп, қауіпсіздігін сақтауға бағытталады;
2) экономикалық институт – қоғамның қажеттіліктерін, сұраныстарын
қанағаттандыруға, экономикалық жүйені дұрыс бағытта дамытуға негізделеді;
3) отбасы институты – қоғамның биологиялық үздіксіздігін қамтамасыз етуге,
ұрпақ жалғастырып, оны әлеуметтендіріп, тәрбиелеп, қоғамда жақсы азаматтың
қалыптасуына бағытталады;
4) діни институт – адамдардың рухани жан дүниесін байытып, олардың бойында
адамгершілік қасиеттерді дамытуға, қиындық кезде дұрыс бағыт, қолдау
көрсетуге арналады;
5) білім институты – жастарға білім беріп, тәрбиелеуге, білікті кадрларды
дайындап қоғамды рухани дамытуға ат салысуға бағытталады.
Әрбір институт өздеріне тиесілі қызметтерді дұрыс атқарған жағдайда қоғам
бекіп, тұрақтандырылып және үздіксіз дамып отырады.

2.2 Қазақстан Республикасындағы әлеуметтік ұйымдар мен
олардың жұмыс жасау нәтижелері

Әлеуметтік ұйым – белгілі бір мақсатқа жету үшін құрылатын күрделі,
өзара байланысқан, өзара иерархиялық әлеуметтік жүйелер, екінші қатардағы
ірі әлеуметтік топтар. Әлеуметтік ұйым қоғамның әлеуметтік құрылымының
элементі ретінде, қандай да бір топтың іс-әрекетінің түрі ретінде,
әлеуметтік жүйенің элементтерін қалыптастырудағы ішкі тәртіп, келісімділік
ретінде сипатталады.
Әлеуметтік ұйымның маңызды сипаттары:
1) ұйым табиғи мақсатта құрылады, яғни нақты бір мақсаттарды тез уақыт
аралығы мен нәтижелі түрде жүзеге асыру үшін қалыптасады;
2) ұйымдар әрдайым адамдар бірлестігінің қызметін қамтамасыз ететін құрал
мен тәсілдерді қалыптастырады;
3) ұйымдар адамдар бірлестігінің қандай да бір мақсатты іске асыруға
бағытталған іс-әрекеттерін реттеуге арналады;
4) ұйым мүшелері иерархиялық саты бойынша атқаратын рөлі мен мәртебесіне
сай бөлінеді;
5) ұйым еңбек бөлінісі негізінде және функционалдық белгісіне қарай
қалыптасады;
6) ұйым басқармасы барлық элементтердің іс-әрекеттерін бағыттап отыратын,
оның бөліктері мен ұйымның алға қойған мақсаттан ауытқушылығын мүмкін
деңгейден шығармайтын орган болып табылады.
Қайырымдылық дегенiмiз,ол адамға материялдық көмек көрсету,жақсылық жасау,
яғни филантропия.Филантропия деген сөз грек тiлiнен аударғанда “адамды сүю”
деген мағынаны бiлдiредi екен .Ал ендi бұл қайырымдылықтың негiзi қайдан
шыққан?
Ертеде грек тiлiнде мағынасы игi қайырымдылық кiшiпейiлдiк, рақымшылық
деген ұғымға ұқсас сөз болған. Ол “ eleemon” – қайырымды,
мейiрiмдi,iзгiниеттi деген мағынада,ал шiркеу тiлiнде осы сөз басқа
“caritabilis” деген сөзге айналып қайырымдылық мағынасын бiлдiрген.Олай
болса,ертедегi христиандар грек тiлiнен ''eleemsyne'',яғни бiреудiң
қайғысына ортақтасу,аяушылық бiлдiру деген мағынадағы создi алып қолданған.
Иерусалимде және одан басқа жерлерде,алғашқы христиандар ең әуелi шағын
қауым болып,барлығы бiрiгiп,тiптi өмiр сүруге қажеттiнiң олар үшiн бәрi
ортақ,әркiм өз қажетiне қарай бөлiп алып отырған.Тiптi көптеген дiнге
нанушылар өздерiнiң жүрегi мен қанын да бiр деп есептеген,сөйтiп,олардың
араларында мұқтаж адамдар болмаған.Сол кездегi достықпен туысқандық
қамқорлық деген ұғымды уағыздаушылар (дiндарлар) және дiни кiтап
“Библияның” осы заманғы аудармасында қайырымдылық шынайы қамқорлық деп
түсiндiрiлген.Сонымен қатар,олар оны тек христиандарға тиiстi деп
есептеген.Әлемге қайырымдылық атты идеяны алғаш танытқан христиан дiнi емес
оның қажетi де болмаған.Себебi көне заманғы қалаларда, бiздiң эрамызға
дейiнгi жүздеген жылдар бұрын қайырымдылық өзiнiң кең
жомарттығымен,мейiрiмдiлiгiмен қарқынды дамыған,ал христиан дiнiнiң бұл
туралы түсiнiгi де болмаған.Афина,Рим,Греция мен Италияның кейбiр
қалаларында бай адамдар күнделiктi не аптаның белгiлi бiр күндерi өз үйiнiң
есiк алдында кедейлерге арнап тамақ берудi дәстүрге айналдырған.Сонымен
қатар,кедейлердi тамақтандыру және азық-түлiкпен қамтамасыз ету ауқатты
адамдарға салық ретiнде жүктелген.Соның арқасында кедейлер әрдайым тамақсыз
қалмайтын болған.Оларға азық-түлiкпен қоса ақша да таратып отырған.[11]
Қазақстан Республикасының Конституциясында белгiленгендей, Қазақстан
Республикасы әлеуметтiк мемлекет. Яғни мемлекет өзiнiң бар
мүмкiндiгiн,қамқорлығын өз қоғамының дамуына,ондағы азаматтардың өмiр сүру
деңгейiн көтеруге мiндеттi.Бүгiнге дейiнгi қол жеткiзген табыстарымыз-
егемендiк,тәуелсiздiк бiзге тек қана iлгерiлеуге және өркениетке қарай жол
ашты....Қазақстанның гүлденуi үшiн Республиканың барлық халықтарының
ынтымақтасуына, әр адамның бақыты мен бостандығына,барлық азаматтардың
материалдық және рухани мәдениетiн көтеруге қамқорлық жасау,-дейдi ел
Президентi Н.Ә.Назарбаев.Әлеуметтiк қолдау,ең алдымен,халықтың онсыз өмiр
сүре алмайтын тобына мақсатты әрi нысаналы сипатта көрсетiлуде.Оған дәлел
Қазақстан Республикасының Үкiметi 1996жылы шiлденiң 18-де Мiндеттi
әлеуметтiк сақтандыру туралы заңына,1997 жылы маусымның 16-да Мүгедектiгi
бойынша асыраушысынан айырылу жағдайы және жасына байланысты берiлетiн
мемлекеттiк жәрдемақылар туралы “заңы осы жылдың 20 маусымында
“Зейнетақымен қамтамасыз ету туралы”заңы және 1997 жылдың 10 желтоқсанында
Қазақстан Республикасы Президентiнiң “Тұрмысы төмен азаматтарды қолдау
жөнiндегi Жалпы Ұлттық қщр туралы” Жарлығы қабылданып,онда Қазақстан
Республикасының Үкiметi тұрмысы төмен азаматтарды қолдау жөнiндегi
жалпыұлттық қор құру арқылы,оның қызметiнiң негiзгi бағыттарын,яғни тұрмысы
төмен азаматтарға материалдық,қаржылық ресурстарды беру,қызметтер
көрсету,әлеуметтiк бағдарламалардың iске асырылуына жәрдемдесу,обылыстарда
халықтың табысы аз топтарын әлеуметтiк қорғау жөнiндегi аймақтық
қайырымдылық қорларын құру қарастырылған.Өткен 1999 жылы да әлеуметтiк
сипаттағы шараларға мемлекет тарапынан ерекше маңыз берiлдi.Еңбек,жұмыспен
қамту,әлеуметтiк қорғау салаларының мамандары жергiлiктi билiк орындарымен
бiрлесiп,соғыс және еңбек ардагерлерiне, мүгедектерге, зейнеткерлерге
“қайырымдылық” акцияларын өткiзу барысында ақшалай,азық-түлiктей көмектер
көрсетiлдi,әлеуметтiк қолдау айлықтары ұйымдастырылып,кiрiптар жандарға
материалдық жағынан түрлi жәрдемдер берiлдi. “Қайырымдылық” республикалық
акциясының өткiзiлуi Батыс Қазақстан облысында жалғыз басты қарттарға киiм-
кешек жинауға ықпал етiп 177739 адамға материалдық көмек көрсетiлген.Жамбыл
облысында 1576 адам материалдық көмек алып,97 бекетте 868 адамға арнап
күнделiктi тегiн тамақтандыру орындары ашылған.Шымкент қаласында 40
коммерциялық нүктеде 85 жалғыз басты қарттар мен мүгедек жандарга
күнделiктк түскi ас тегiн ұйымдастырылған.Қаржы көлемi мен тегiн
тамақтандыру,өзге де көмектер қомақты болғанымен,осындай қиын уақытта адам
тағдырына деген жанашырлыққа үндеген шаралардың маңыздылығында күмән жоқ.
Осынау қоғамдық және ұлттық мәселелердi шешу мақсатында оған қол ұшын беру
үшiн Республикамызда көптеген қайырымдылық қорлары жұмыс iстейдi.Ол
қорларды атқарып жатқан қызметi мен алдына қойған мақсат,мiндеттерiне қарай
төмендегiше топтастыруға болады.[12]
1.Балалар қайырымдылық қорлары:
а)Республикалық ''Бөбек'' балалар қайырымдылық қоры.
б)Елiмiздiң облыс орталықтары мен iрi қалаларда ашылған балалар
қайырымдылық қорлары.
2.Мүгедектерге қайырымдылық көмек қорлары:
- Тұрмысы төмен азаматтарды қолдау Жалпы ұлттық қайырымдылық қоры.
- Республикалық “Бибi-Ана” мүгедек әйелдер қоры.
3.Рухани қорлар:
- “Шапағат” қоғамдық қайырымдылық қоры.
- ''Иман'' қайырымдылық қоры.
- ''Қазығұрт'' қайырымдылық қоры.
4.Халықаралық қайырымдылық қорлар.
- “Сорос-Қазақстан” қоғамдық қайырымдылық қоры.
- Халықаралық американ қайырымдылық корпусы.
5.Тұрмысы төмен азаматтарға қайырымдылық көмек қорлары.
- Тұрмысы төмен азаматтарды қолдау жөнiндегi жалпы ұлттық қор.
Республикадағы халықаралық ''Бөбек'' балалар қайырымдылық қорының тындырып
жатқан iсiн айрықша айту керек. Алғаш 1992 жылдың 27 наурызынан бастап
жұмыс iстей бастады.Қордың президентi Сара Алпысқызы
Назарбаева.''Бөбектiң'' негiзгi мақсаты - әлеуметтiк тұрмыс жағдайы нашар
отбасындағы балалардың жағдайын жақсартуға жәрдемдесу,әсiресе,ата-ананың
аялы алақанына зәру жетiмдерге,экологиялық апат аймақтарында тұрып жатқан
ауру-сырқау және мүгедек балаларға қамқорлық жасау.қордың құрылтайшылары –
мемлекет және қоғамдық iрi ұйымдар,әлемдегi iскер адамдар,банктер мен
коммерциялық құрылымдар.Тағы бiр үлкен мәселе:елiмiздегi өнерлi балалардың
талабын қолдау мақсатында ''Айналайын'' ,''Шығыс маусымы'' атты
фестивальдар өткiзу осы ''Бөбек'' қайырымдылық қорының бастамасымен дүниеге
келді.Мемлекет тұрмысы нашар азаматтарға шамасы келгенше қамқорлық жасауға
тырысуда.Елiмiзде көптеген қайырымдылық қорлары құрылып,қайырымдылық
акциялары өткiзiлуде.[13]

1-кесте
Халықтың тұрмыс деңгейінің индикаторлары
пайыз
№ Индикаторлар 2006 2007 200 20082009
1 Табысы күнкөрістің ең 18,2 12,7 12,1 8,2
төменгі деңгейі
шамасынан төмен
халықтың үлесі1), %
қала 13,6 6,9 8,1 4,1
ауыл 24,4 18,1 15,9 12,1
2 Табысы азық-түлік 2,7 ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әлеуметтік институт түсінігін анықтау, негізгі белгілері
Социология пәні мен қызметтері
Әлеуметтанудың әдісі
Банк қызметіндегі тәуекелділік туралы
Мемлекеттің түсінігі мен белгілері
Әлеуметтанудың институттары мен процестері
Банк жүйесінің екінші деңгейінің құрылымы
Мемлекеттің пайда болуының негіздері
Банктің мәні және оның қызмет көрсету аясы
Мемлекеттің пайда болуы жайлы ақпарат
Пәндер