Айқаспалы туристік байлауы
Мазмұны
Кіріспе
Байлаулар және арқандар туралы жалпы
түсінік ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
І-тарау.
Туристік арқандар түрлері және олардың сақталуы
1. . Туристік арқандар
түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... .5
2. . Туристік арқандардың
сақталуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... 7
ІІ-тарау
Туристік байлаулар және олардың орындалу
ережелері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... 8
2.1. Австриялық
жолсерік ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... .10
2.2. Академиялық байлаулары
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... .10
2.3. Арқанды маркировкалау,
байлауы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
...11
2.4. Айқаспалы туристік
байлаулары ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... 12
2.5. Бақылау

... ... ... ... ... ... ... ...12
2.6. Булинь туристік

... ... ... ...13
2.7.
Брамшкотовый ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .14
2.8. Грейпвайн

... ... ... ... ... ... .14
2.9. Жолсерік

... ... ... ... ... ... ... ..15
2.10. Жылан

... ... ... ... ... ... ... .16
2.11.
Иірімді ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...16
2.12. Карабинді
байлаулар ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... .17
2.13. Қабыстыра
байлау ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ..18
2.14. Қарсы жүргізу

... ... ... ... 18
2.15. Қарсы
сегіздік ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... 19
2.16. Қос жолсерік

... ... ... ... ..20
2.17. Өрмекті

... ... ... ... ... ... ... ... 20
2.18. Сегіздік

... ... ... ... ... ... ... ..21
2.19. Түзу

... ... ... ... ... ... ... ... ... ...22
2.20. Шкотовый

... ... ... ... ... ... .22
Еңбекті
қорғау ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .24
Экономика
бөлім ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ..3 9
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...45
Пайдаланылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... 46
Кіріспе
Туристік жорықтар барысында әр түрлі табиғи кедергілерді меңгеру
операциялары орындалатындықтан көптеген туристік байлауларды қолдану
қажеттілігі туындайды. Әрбір туристік жорыққа қатысушы кездейсоқ кездескен
кедергілерді қауіпсіз меңгеру мақсатында әсіресе жаяу туризм және тау
туризмінде жеке және топтық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін міндетті
түрде туристік байлаулардың жиі қолданылатын түрлерін орындай білгені
абзал.
Байлаулар және арқандар туралы жалпы түсінік
Туризмде арқандар мен байлауларды дұрыс байлау, оларды кез келген
жорықтарда, күнделікті тұрмыста қасиетіне қарай қолдана білу оның әліппесі
болып табылады. Байлаулар тамыры өте тереңде жатыр. Өйткені ертеректе
адамдар күнделікті тұрмыста байлаулар арқылы үлкен көштерді біріктірсе,
саудагерлер керуендерді біріктіру арқылы сол сияқты, дуалдар мен
қоршауларды айналдыра бекітуде тиімді пайдалана білген. Ал бүгінгі жаңа
заманда байлаулар арқылы жасанды өткелдерден өту, құтқару жұмыстары сол
сияқты жеке сақтандыру мен қорғаныс жұмыстарында көптеген операцияларда
орындалады. Туристік байлау түрлері қарапайым болып көрінгенімен оның
байлануының техникасын меңгере білу сонымен қатар қажетті жағдайда
қажетті байлауды дұрыс таңдай және дұрыс байлай білу маңызды болып
табылады. Себебі кейбір байлаулар салмақ түскен жағдайда қатты тартылып
берік беки түссе, кейбірі сол қалпы бастапқы күйін сақтайды немесе кейбір
байлаулар сырғып тұрса, кейбірінің бекіп қалатыны сонша оны кейін
операциядан соң ағытып алу қиынға соғып жатады.
Байлаулар дегеніміз - туристік әр түрлі операциялар барысында
туристік арқандардың, жіптердің, тростардың бір - біріне өзара бекітілуі,
қатысушылардың жеке және топтық сақтандырылуы, немесе арқандардың ілмекті
байлаулар арқылы орындалатын операцияға лайықты қажетті затқа бекітілуі
(терекке, тасқа, бағанға, карабинге, бөренеге т.б.)
Сондықтан туризмде байлауларға мынадай шарттар қойылады:
1) Оңай әрі тез байлануы қажет
2) Өз бетімен салмақ түскенде ағытылмайтындай
3) Операция барысында сырғып жылжымау қажет
4) Кейін ағытылмастай болып бекіп қалмау қажет
5) Кез-келген операцияға лайықты таңдалынуы қажет
Туристік кедергілерді меңгеру операцияларында қолдануға таңдалынған
байлау түрі көңілде сенімсіздік туындатқан жағдайда өміріңізге қауіп
төндірмей басқа сенімді байлауды пайдаланған абзал.
Барлық туристік арқандардың немесе байлаулардың өздеріне тән жеке
қасиеттері бар. Мысалы: кез-келген туристік арқан аязды күндері 30%
әлсізденеді. Сол сияқты суда қалған дымқыл арқан және үнемі арқанға
салынған байлауларда оның беріктігін әлсіретеді. Мысалы: сегіздік байлауы
25%-ға, булинь байлауы 30%-ке, өрмелі байлау 35%-ға тағы сол сияқты. Тағы
да басқа көптеген байлаулар өз сапаларын белгілі жағдайда және белгілі
дәрежеде жоғалтатыны дәлелденген. Сонымен қатар кез-келген турист дымқыл
туристік арқандардың сапасы 30%, және аязды күндері пайдаланылған
арқандар 30%, сапасын төмендететінін есте сақтаған жөн. Мұндай арқандарды
сақтандыру мақсатында қолдануға да болмайтынын ескерген дұрыс.

1. Туристік арқандар түрлері
Спорттық туризмде қолданылатын туристік арқандар сапасы дайындалу
материалдарымен және дайындалу технологиясымен ерекшеленеді. Мұндай
арқандар орамалы және өрмелі болып екіге бөлінеді. Арқанды орамалы түрде
дайындау-бұл көнеден келе жатырған әдіс.Бұл арқанның беріктілігіне
сенімділік беріп ғана қоймай мейілінше ауыр салмақта үзіліп кетпейтіндей
арнайы созылмалы эластикалық тіндер арқылы созылу қасиеті бар арнайы озық
технологияға негізделе дайындалған. Мұндай арқанға салмақ түскен жағдайда
беткі қабатына спиральді әдіспен жүргізілген синтетикалық қабаты оның
үзілмеуін қамтамасыз етеді. Арқанның жеке сапасы яғни салмаққа
төзімділігі, диаметрі жөніндегі ақпаратты арқан орамасында дайындаған
заводтың нұсқамасынан көруге болады. Қазіргі таңда туристік арқанның
нейлон, капрон, перлон және полимидті волоконнан дайындалған түрлері жиі
қолданылады. Соның ішінде капроннан дайындалған арқанды туристік жорықтарда
кездесетін кедергілерді меңгеру операцияларында сенімді қолдануға болады.
Туристік арқандарды қолданылуына қарай негізгі және көмекші болып екіге
бөлінеді.
Негізгі арқан – бұл жорық кезінде кедергіден өту барысында саяхатшының
өмірінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін арналған. Негізгі арқанды
негізінен операцияның қауіпті тұстарында қолданады. Негізгі туристік
арқандарға диаметрі 10, 12, 14, 16, 18, мм қалыңдықтағы арқандар
жатқызылады.
Көмекші арқан – аты айтып тұрғандай қатысушыға топтық сақтандыруды
ұйымдастыру мақсатында, сонымен қатар саяхатшылардың құрал-жабдықтарын
тасымалдап көтеруге т.б қосымша операцияларда қолданылады. Көмекші
арқандарға диаметрі 3, 4, 5, 6, 7, 8, мм репшнурлар жатқызылады. Бізде
өндіріліп қолданылатын отандық репшнурлардың диаметрі 6 мм.
Капроннан және нейлоннан дайындалған арқандарда сапалы болғанымен белгілі
себептерге байланысты өз қасиеттерін жоғалтатынын да ұмытпаған жөн.(тірек
сызба-1)
Тірек сызба-1
2. Туристік арқандардың сақталуы
Туристік арқандарды бухталанған немесе маркировкаланған күйінде
арнайы қоңыр салқын орында ілулі сақтауға кеңес беріледі. Алайда арқан өте
тығыз маркировкаланбауы қажет. Арқанның кесілген шеткі бөліктері
тарқатылмас үшін күйдірілуі қажет. Кесіліп күйдірілген арқан изолента
немесе скотчпен оралғаны жөн. Туристік арқандар өз сапасын сақталу және
қолданылу мерзіміне байланысты да төмендететінін есте сақтаған дұрыс. Тіпті
қоңыр салқын орында сақталған арқанның өзі 4-5 жылдан кейін бір сынама
жұлқуды да көтермеуі ықтимал. Мысалы екі жыл 480 кг салмақпен сақталған
арқан үшінші жылы өлшегенде 280кг құрағанын дәлел ретінде келтіруге
болады. Арқанға тікелей күн сәулесінің үнемі түсуі де оның сапасының
төмендеуін әлдеқайда жеделдетеді. Сондықтан 11 мм арқанның нормативті
сақталу уақыты қалыпты жағдайда 2 жылды құрайды. Сапасының төмендеуіне
немесе үзілуіне байланысты есептен шығарылған арқандарды пруссик ретінде де
қолдануға қатаң тыйым салынады.
ІІ- тарау
Туристік байлаулар және олардың орындалу ережелері
Туристік арқандар сапасы жоғарыда айтып өткендей арқанда орындалған
байлаулардың түріне және дұрыс орындалуына байланысты. Туристік арқан 1000,
2000 кг көтеруге арналғандығына қарамастан адам салмағы орташа есеппен 100
кг, 120 кг құрағанның өзінде арқан сақталуына, пайдалануына байланысты да
өз сапасын жоғалтатынын ұмытпаған дұрыс. Сондықтан арқанда орындалатын
байлауларға операцияға лайықты жауапкершілікпен таңдап орындаған жөн,
өйткені кедергілерді меңгеру барысында арқанға салынған байлаудың
қателігінен қатысушылардың өміріне қауіп туындауы әбден мүмкін.
Туристік байлаулар қолданылуы және қасиеттері.
Туризмдегі байлаулар жеке қасиеттеріне қарай төмендегідей болып жіктеледі:
Байлаулардың туризмде жиі қолданылатын мынадай түрлері бар.
Олар:
1. Австриялық жолсерік
2. Айқаспалы туристік байлауы
3. Академиялық байлауы
4. Арқанды маркировкалау
5. Бақылау байлауы
6. Булинь байлауы
7. Бромшкотовый байлауы
8. Грейпвайн туристік байлауы
9. Жылан байлауы
10. Жолсерік байлауы
11. Иірімді байлау
12. Карабинді байлаулар
13. Қабыстыра байлау
14. Қарсы жүргізу байлауы
15. Қарсы сегіздік байлауы
16. Қос жолсерік туристік байлауы
17. Өрмелі байлау
18. Сегіздік байлауы
19. Түзу байлау
20. Шкотовый туристік байлауы
1. Австриялық жолсерік
Кез-келген күрделі операцияларда қолдануда сенімді байлау түрі.
Туристік арқандардың қажетті кез-келген жеріне байлауға арналған.
Мысалы: орта немесе шеткі бөлігіне салмақ түскен жағдайда
ағытылмастай берік бекіп қалмайды. Операцияларда жиі қолданылсада
жолсерік және сегіздік байлаулар сияқты туристік арқандардың
сапасын әлсіретпейді. Есте қалу үшін тәжірибе қажет етеді. Жіпті
тұзақтап байлауда сол сияқты туристік жорықтарда жасанды баспалар
дайындауда қолданылады. Бұл байлау түрі әсіресе жардан түсу
көтерілу сонымен қатар тау туризмінде кеңінен қолданылады.
1-сурет 1-схема
2. Академиялық байлауы.
Туризмде диаметрі әр түрлі арқандарды жалғауда жиі
қолданылатын әрі оңай орындалатын байлау түрі. Салмақ дәрежесі
артқан жағдайда берік беки түседі. Дымқыл, мұз қатқан арқандарда
орындауға кеңес берілмейді. Өйткені операция барысында сырғып
қатысушылардың өміріне қауіп төндіруі ықтимал.
2-сурет 2-схема
3. Арқанды маркировкалау.
Қарапайым, кез-келген операциядан соң орындауды қажет
ететін сенімді байлау. Туристік жорықтар барысында операциядан соң
туристік арқандарды алып жүруге қолайлы болу үшін сонымен қатар
кездескен кедергілерден өту операцияларында арқанның байланып,
уақыт алып қиыншылық туғызбауы үшін орындауды қажет ететін байлау
болып табылады.
3-сурет 3-схема
4. Айқаспалы туристік байлау.
Туризмде жиі қолданылатын әмбебап байлау түрі. Оңай әрі тез
орындалады. Операция соңында ағытылуы қиындық тудырмайтын, туристік
жорықтар барысында кездесетін кедергілерді меңгеру операцияларында
сырғуды тежеу үшін жиі орындалады. Сонымен қатар туристік арқанның
кез-келген жерінен алып, кез-келген ағашқа, тасқа байлауға қолайлы.
Мысалы жаяу туризм барысында кездескен кедергіден бөрене арқылы өту
операциясында өткелге таңдалынған бөрененің басына байлап
қолданылады.
4-сурет
4-схема
5. Бақылау байлауы.
Бұл байлау түрі операцияларда көптеген байлаулардың
сенімділігін және беріктілігін арттыру үшін, көмекші байлау
ретінде қолданылады. Яғни байлаулардың соңынан орындалады. Мысалы:
түзу байлау, булинь, шкотовый, бромшкотовый, жолсерік (1 ізді
жолаушы) академиялық. Осы аталған байлаулардан кейін міндетті түрде
орыналатын қарапайым көмекші байлау. Өзге байлаулардың операция
барысында ағытылмауын қамтамасыз етеді.
5-сурет
5-схема
6. Булинь байлауы
Қарапайым сенімді байлау түрі, салмақ түскен жағдайда
операциядан кейін ағытылмастай бекімейді. Жорық барысында қажетті
операцияда салмақ мөлшеріне қарай сырғып жылжытылады. Арқанды
ағашқа байлауда терекке, бағанаға немесе тасқа байлауда кеңінен
қолданылады. Тау туризмінде немесе жаяу туризм бойынша кездескен
кездейсоқ кедергілерден өту операцияларында сақтандыру белдігі мен
жилетін өзара бекіту үшін қолданылады. Бұл байлау соңынан
сенімділігін арттыру үшін міндетті түрде бақылау байлауы орындалуы
қажет.
6-сурет 6-
схема
7. Бромшкотовый байлауы
Бұл байлау түрі де шкотовый байлауы қолданылатын операцияларда
қолданылады. Әсіресе шкотовый сенімсіздік тудырған жағдайда
қолданылады. Диаметрлері бірдей сол сияқты әр түрлі туристік
арқандарды байлауда қолданылады. Соңына міндетті түрде бақылау
байлауы байланады.
7-сурет
7-схема
8. Грейпвайн туристік байлауы.
Туристік операцияларда қолданылуда сенімді әрі әдемі орындалатын
байлау түрі. Дұрыс орындау үшін тәжірибелілікті қажет етеді. Салмақ
дәрежесі артқан жағдайда берік тартылып беки түседі. Туризмде
диаметрі бірдей сол сияқты әр түрлі туристік арқандарды жалғауда
пайдаланылады.
8- сурет
8-схема
9. Жолсерік байлауы.
Бұл байлау түрі қажеттілігіне қарай туристік арқанның шеткі
бөліктеріне және кез –келген ортаңғы бөліктеріне де орындала
береді. Арқанға операцияның ерекшелігіне байланысты бір ізбен
жүргізіліп те орындала береді (арқанның шеткі бөліктеріне).
Кемшілігі туристік кедергілерден өту барысында әсіресе қатты
арқандарда жылжып операцияда қиыншылық туындатады. Бұл байлау түрі
арқанды қажетті затқа бекіту мақсатында пайдалануға қолайлы.
Беріктілігін арттыру үшін соңына міндетті түрде бақылау байлауы
орындалады.
9-сурет 9-
схема
10. Жылан байлауы
Бұл байлау түрі өте қарапайым әрі тез орындалады. Операциядан
кейін арқанды шешу жеңіл орындалады. Алайда салмақ дәрежесі
ауыспалы болған жағдайда операция барысында қатысушыларға кедергі
келтіріп сырғып жылжиды. Арқандарды терекке, бағанаға байлауды
кеңінен қолданылады. тұрақты салмақта сенімді, қалыпты тұратын
сенімді байлау түрі.
10-сурет
10-схема
11. Иірімді байлау.
Байлау оңай әрі тез орындалады. Ауыр салмақ дәрежесінде қатты
бекіп қалатындықтан операцядан соң ағытылуы қиындық тудырады. Бұл
байлау түрі диаметрі бірдей туристік арқандарды жалғау үшін
қолданылады. Соңынан сенімділігін арттыру мақсатында міндетті түрде
бақылау байлауы орындалуы қажет.
11-сурет 11-
схема
12. Карабанді байлаулар.
Бұл байлауларды орындау асқан қиыншылық тудырмайды. Оңай
орындалып операциядан соң да оңай ағытылады. Құрғақ сонымен қатар
дымқыл арқандарды пайдалануда да байлана береді. Бір немесе екі
ораулы арқандарда да орындала береді. Негізінен туристік
операцияларда жеке сақтандыруды қамтамасыз ету үшін аспалы өткел
арқылы өту операцияларында, жорықта сырқатты тасымалдау
операцияларында қолданылады.
12-сурет 12-
схема
13. Қабыстыра байлау.
Байлау оңай орындалады. Кедергілерден өту барысында ауыр
салмақ түскен жағдайда берік беки түседі. Операциядан соң оңай
ажыратылып арқанды бастапқы қалпына келтіру оңай жүзеге асырылады.
Оңай байлау болып көрінгенімен тез орындалуы үшін тәжірибелілікті
қажет етеді. Негізінен арқандарға пруссикті бекіту үшін
қолданылады. Мысалы туристік кедергіден аспалы өткел арқылы өту
операциясы барысында негізгі арқанды терекке бекіту үшін пруссик
осы байлау арқылы орындалады.
13-сурет 13-
схема
14. Қарсы жүргізу байлауы.
Бұл оңай орындалатын, әрі сенімді байлау түрі. Кедергілерді
меңгеру операциялары барысында қауіп тудырып сырғып-жылжымайды.
Салмақ дәрежесі артқан жағдайда тартылып берік беки түседі.
Диаметрі бірдей және әр түрлі туристік арқандарды жалғауда кеңінен
қолданылады. Мысалы қажетті операцияда (траверс) пруссик дайындау
үшін жіпті жалғау мақсатында жиі пайдаланылады.
14-сурет
14-схема
15. Қарсы сегіздік байлауы.
Туристік кедергілерді меңгеру операцияларында пайдаланылатын,
қарсы жүргізу байлауы күмән тудырған жағдайда сенімділік үшін
пайдаланылатын берік байлау түрі. Тез орындау үшін тәжірибені
қажет етеді. Бұл байлау да диаметрі бірдей сол сияқты әр түрлі
туристік арқандарды жалғау үшін пайдаланылады.
15-сурет
15-схема
16. Қос жолсерік туристік байлауы
Бұл байлаулардың ерекшелігі аты айтып тұрғандай қос ілмекті
болуында. Осы ілмектер оның операцияда сенімділігін арттырады
немесе салмақ дәрежесінде қатты ағытылмастай бекіп қалады. Сырғып,
жылжып операцияда кедергі келтірмейді. Жорық кезінде сырқатты
тасымалдауда жасанды тасымалдама дайындауда кеңінен қолданылады.
Ілмекті байлау болғаннан кейін қажетті кез-келген жағдайда
қолдануға болады. Тау туризмінде сырқатты тасымалдағанда кеңінен
қолданылады. Ілмек көлемі 40см.
16-сурет 16-
схема
17. Өрмелі байлау
Бұл байлау оңай орындалады. Салмақ түскен жағдайда әсіресе
ауыр салмақта, берік тартылып беки түседі. Ауыспалы салмақ түскен
жағдайда сырғып операцияға кедергі келтіруі ықтимал. Диаметрі
бірдей туристік арқандарды байлауда қолданылады. Байлау
экстремальды операциялар барысында беріктігіне күдік тудырған
жағдайларда міндетті түрде бақылау байлауымен бекітіледі.
17-сурет 17-схема
18. Сегіздік байлауы.
Сегіздік байлауы туристік кедергілерді меңгеру
операцияларының барлығында дерлік орындалатын өте сенімді,
қарапайым әрі әмбебап байлау түрі. Мысалы: сақтандыру жүйесінде,
топтық сақтандыруда, жеке сақтандыруда т.б. Сегіздік байлауы
арқанның кез-келген тұсында байлауға қолайлы. Салмақ дәрежесі
артқан жағдайларда операциядан кейін ағытылмастай берік бекіп
қалмайды. Ілмек қажетті барлық операцияларда қолдануға тиімді
байлау.
18-сурет 18-
сурет
19. Түзу байлау.
Байлау оңай жүзеге асырылады. Салмақ дәрежесі артқан
жағдайда тартылып беки түседі. Сырғып-жылжуға бейім байлау
болғандықтан әсіресе дымқыл арқандарда бақылау байлауынсыз орындап
пайдалануға қатаң тыйым салынады. Жаяу туризмде сақтандыру жилеті
мен сақтандыру белдігін өзара бекіту үшін жиі қолданылады. Операция
барысында пайдаланған жағдайда кейін оңай ағытылу үшін арасына ағаш
салып орындауға кеңес беріледі.
19-сурет
19-схема
20. Шкотовый туристік байлауы.
Жаяу жорық барысында кездесетін кедергілерді меңгеру
операцияларында қолдануға қолайлы, сенімді байлау түрі. Операциядан
кейін ағытылуы қиындық тудырмайды. Алайда кемшілігі операцияда сырғып-
жылжып кедергі келтіреді. Бұл байлау түрі диаметрі бірдей туристік
арқандарды жалғауда пайдалануға қолайлы болып табылады.
20-сурет 20-
схема
1. Туристік маршруттардың ұйымдастырылуы.Туристік
маршрутта сақталуға тиісті сақтық ережелері
Қазіргі кезде жер шарының түрлі аймақтарында экологиялық дағдарыс
шиеленіскен жағдайда экологиялық білім мен тәрбие беруге басты
назар аударылуда. Осыған байланысты ең маңызды орын туризм мен
өлкетануға беріліп отыр. Туризм жастарды жағымсыз қылықтарға қарсы
тұруға( темекі тарту, арақ ішу), мықты денсаулық негізін қалыптастыруға
, пайдалы , қызық істерге , салауатты өмір салтына тәрбиелейді.Ғалым
Ян Амос Каменский табиғатты қорғау қажеттілігі тәрбиелеудің біртұтас
жиынтығын құрайтындығын дәлелдеген болатын. Ж.Ж.Руссо табиғаттың даму
жолдарын , адамзат болашағының қарышты дамуын алғашқы түсінушілердің
бірі болды.Туризм мен экология , табиғатты қорғау мәселесін
В.И.Вернадский ,Э.В.Гирусов, Ю.М.ЛотманА.Д.Урсул қарастырды. Біздің
облысымызда туристік - өлкетану бағытындағы жұмыстарды жолға қойып,
ол туралы зерттеу жүргізіп жүрген В.П.Фомин, Г.Г. Невзоровтардың
зерттеу еңбектері бар.
Диалектикалық даму тұрғысынан туризмді зерттеген ғалымдар ХХ
ғасырдың екңншң жартысынан бастап адамзат қоғамының бұрынғы
стереотипі өзгергендігін байқаған. Бұрынғы өмір салты бойынша
тұрғылықты халықтың көп бөлігі мекен жайларын өзгертпеді. Қазір оның
орнына динамикалық стереотип келді. Жағдайдың өзгеруіне деген сұраныс
бүгінгі күні қаладағы қиындықтарға байланысты өмірдің қажеттілігіне
айналып отыр. А.А. Остапец – Свешников, А.П. Сидельковский тұрғылықты
халықтың қажеттілігіне қарай ұйымдастырылған демалыс, физикалық және
психикалық күштердә қалпына келтіре алмайды. Бқұл жағдай қазіргі
туризм қызметінің тұжырымдамасының негізіне салауатты өмір салтын
енгізу қажеттілігін дәлелдейтін , өз туған өлкесін, оның тарихын,
табиғатын , экономика мен мәдениетін білуге деген қызығушылықты
оятады.Жастар бірсарынды өмірден жаңа өмірге , жаңа жерлерге , алыс
сапарларға ұмтылып отырады. Бұлар табиғат аясында, таза ауада
бойдағы физикалық және психикалық ауыртпалықтан арылу арқылы жүзеге
асады. Осы зерттеу жұмысы барысында ерте кездегі философтардың
адамды тәрбиелеудегі табиғи ортаның , табиғаттың әсерінің зор
екендігі туралы пікірлерінің өміршең екендігіне көз жеткіздік .
Бір сөзбен айтсақ туризм дегеніміз жастар үшін - саяхат
жасау, ол арқылы жетістікке жету, жаңа дүниені танып білу.
Туризмнің түрлері әр түрлі кретерий бойынша бөліп қарастырылады. Олар І.
Туристердің мақсаттары бойынша:
- діни туризм дегеніміз – адамдардың қажылық мақсатта түрлі дін бойынша
қасиетті жерлер мен орындарға бару.
- конгрестік туризм іскер адамдардың келісім шарттар жасауы үшін, т.б.
мақсаттарын жасайтын сапарларымен, осы мақсаттағы немесе ғылыми
конференциялар;
- курортық туризм – туристердің демалысын, емделуін белгілі бір дәрежеде
қамтамасыз ету жұмыстар жиынтығы;
- өз бетінше ұйымдастырылған туризм – бұл қоғамдық топтардың, жеке
адамдардың өз бетінше, бірігіп өткізген жорықтары;
- экскурсиялық немесе танымдық туризм – туристердің белгілі біржердің
табиғи ерекшеліктерінен, табиғи мәдени орындарымен, ұлттық этнографиялық
салт – дәстүрімен танылу.
Пайдаланылатын көлік түрлеріне және өткізілетін туристік жорық аумағына
байланысты – ат туризмі кейінгі кезде кең тараған. Туризмнің бұл түрінің
ерекшелігі жорықтар кезінде арнайы дайындықты, ерекше құрал – жабдықтарды
және аттарға әбден күтім жасауын талап етеді.
Халықаралық және ішкі туризм туризмнің ұйымдық нысандары
болып танылады. Халықаралық туризмі мынадай түрге бөлінеді:
- келу туризмі, Қазақстан республикасының аумағына тұрақты тұратын
адамдардың Қазақстан Республикасы жеріндегі саяхатын айтады.
- шығу туризмі Қазақстан Республикасына тұрақты тұратын адамның
басқа елге саяхатын айтады.
- ішкі туризм Қазақстан Республикасының азаматтары мен оның
аумағындағы тұрақты тұратын адамның Қазақстан Республикасының шегіндегі
саяхаты.Ішкі туризімінің мынадай түрлері бар: Әлеуметтік, экологиялық,
шытырман оқиғалы, спорттық, әскерлік, конгрестік, емдеу – сауықтыру,
мәдени - танымдық, діни және т.б.
Туризм түрлері:
Жаяу туризм – күрделі емес таулы және жазық жерлерде өткізілетін туристік
жорықтар.
Тау туризмі – биік, күрделі таулы жерлерде өткізілетін жорықтар болып
бөлінеді.
Шаңғы – қыс кезінде белгілі бір қар жамылғысы қалыңдығы байланысты
өткізілетін, өзіндік ерекшеліктеріне байланысты құрал – жабдықтары және
қонақжайлары бар жұмыстар тобы.
Су туризмі – белгілі бір су объектілері (өзендер, көл жағалары) бойынша
ұйымдастырылым өткізетін арнайы жүзу құралдары болады.
Велосипед туризмі – ұзақ қашықтықтағы көптеген километрге созылатын
арнайы дайындықты талап ететін, транспорттық құрал велосипед болады
табылатын жорық кезіндегі өзіндік кедергілері бар туристік топ құрамының
шағын болуын талап ететін жорықтарды ұймдастыру жұмыстарының жиынтығы.
Авто – мото туризм – арнайы дайындықты қажет ететін, маршут өтетін
жерлердің жағдайына байланыста үлкен қашықтықтарға созылатын, топтың
құтқару құралдырның болуын талап ететін жорықтарды ұйымдастырып өткізу.
Ұлтқа байланысты туризм келесі түрлерге бөлінеді:
- ішкі туризм ,
- сыртқы туризм
Қажеттілікке байланысты туризм :
- елдік туризм,
- реклияциялық ( театр, аң аулау, фестиваль),
- спорттық туризм,
- тану туризімі
- Қазақстан қызмет мақсатына байланысты туризм
- конгрестік туризім (АҚШ-та жақсы дамыған)
- діни туризм
-өзіндік туризм
Қозғалыс әдістеріне байланысты туризм келесі түрлерге бөлінеді:
- автомобильдік туризм
- темір жол туризімі
- әуе жол туризмі
- су жол туризімі
- автобустық туризм
- велосипедтік туризм
- жаяу туризм
- ат туризмі
Саяхат жасау уақытына байланысты:
- мезгілдік туризм
- мезгілсіз туризм
- бұқаралық туризм
- жанұялық туризм
- жастар туризімі немесе студенттік туризм
- жеке туризм
- балалар туризм немесе мектептік туризм
Ұйымдастыру формасына байланысты туризм келесі түрлерге бөлінген:
- ұйымдастырылған туризм
- ұйымдастырылмаған туризм.
2. Маршруттағы қозғалыс кезінде сақталатын қауіпсіздік ережелері
Жорыққа шығарда қатысушылар топтың маршуттағы қозғалысын, тәртібін
және оның дұрыс ұйымдастыруын меңгеруі, бағыттаушы мен артта
журушінің міндеттерін жақсы білулері керек. Бағыттаушы шамаға шақ
қозғалыс қарқынын және ең қолайлы жолды таңдайды.
Артта жүруші - жетекшінің көмекші болуы мүмкін. Ол
қатысушылардың қалып қоймауын қарайды. Жетекшіге түрлі жол
жағдайлары жөнінде топтың хал – жағдайы, тоқтайтын жер туралы және
т.б. мәлімет береді.
Топтың жетекшісі көбіне колонналар ортасында,топтың қозғалысы
мен жағдайын жақсы көру үшін кейде соңында жүреді. Күрделі
маршут учаскесінде ол алға шығады.Қозғалысты жәй қарқынды бастап,
біртіндеп шапшандықты өсіру қажет,бірақ сағатына 3.5-4 м таулар
арқылы баяу қозғалу керек.
Басынан көпті кешірген турист тәжірибесінен.Олар үлкен түскі
аялдауға дейін жолдың 23 бөлігін , ал түнейтт жерге дейін қалған
бөлігін жүреді.Жетекшінің жеке құқығы бар және оның қозғалыс
тәртібі өзара көмек тапсырылған міндеттің орындалуы жөніндегі
тапсырмасы міндетті және бұлжытпай орындалуы тиіс. Мұнда
демократиялық және жетекшінің қажет кезінде маршутты
өзгертуге немесе жорықты тоқтатуға құқысы бар.
Достық, топтағы көнілді, жарқын көніл- күй - бұл жорықтың
табысты болуының шарты.
Артында едауір тәжірибесі бар ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz