Балалар мен жасөспірімдер туризмінің қалыптасу кезеңдері


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар

I. Кіріспе

II. Негізігі бөлім

  1. Балалар мен жасөспірімдер туризмінің қалыптасу кезеңдері
  2. КСРО-дағы туристік-өлкетану шаралары (Моя Родина СССР)

1. 3 Балалар-жасөспірімдер туризмінің XIX ғасырдағы даму тарихы

1. 4Қазақстандағы балалар мен жасөспірімдер туризмінің тарихы

III. Қорытынды

IV. Пайдаланылған әдебиет
Кіріспе

Туризм - әлем экономикасындағы жоғары табысты салаларының бірі. Қазақстан - туристік нарықта өзіндік орны бар ел. Қазақстанда осы заманғы инфрақұрылым салаларының, соның ішінде туризмге де үлкен мән беріледі. Туризм бүтіндей ел аймақтарының экономикасының дамуына үлкен әсер етеді. Туризм саласында шаруашылық субъектілердің жұмыс жасауы жол көлік, халықаралық сауда, коммуналдық-тұрмыстық, мәдениет, медициналық қызмет салаларымен тығыз байланысты. Қазақстанда танымдық, сауықтыру, этнографиялық, экологиялық, орнитологиялық, балалар және жасөспірімдер туризміне қызмет ете алатын жағдайда.

Қазақстан Республикасында туризмді дамытудың 2007-2011 жылдарға арналған мемелекеттік бағдарламасында балалар мен жасөспірімдер туризмі -ішкі туризмді дамытудың және туристік мәдениетті тәрбиелеудің негізін қалаушы факторлардың бірі делініп, оған көп көңіл бөлінген. Бұл бағдарлама бойынша балалар және жасөспірімдер туризмі басқа туризм түрлеріне қарағанда тәрбиелік мәні жоғары, педагогикалық тәрбиелік жұмыстарда орны ерекше.

Бала жастан туризмнiң әр түрiмен айналысу азаматтық сезiмге, туристiк мәдениетке және қонақжайлылыққа тәрбиелеуге мүмкiндiк бередi, iске асыру кезiнде туризм экономиканың пәрмендi секторы ретiнде табиғат пен қоғам үшiн ең төмен салдарлар әкеле отырып, мемлекеттiң тұрақты

дамуын қамтамасыз етуге ықпал ететiн болады.
Балалар мен жасөспiрiмдер туризмi туризмнiң белсендi түрi бола отырып:
- өскелең ұрпақты табиғатпен байланыстыру арқылы оны салауатты өмiр салтына баулуға, жiгер мен руханилыққа тәрбиелеуге;

- туған өлкенi iс-жүзiнде тануға, қоршаған ортамен, тарих және мәдениет ескерткiштерiмен танысуға ықпал етедi.

Балалар мен жасөспiрiмдер (мектеп жасындағы) туризмiн дамытуды мектептiк бiлiм беру жүйесiндегi он жылдықта жойылған мектептен тыс балалар мен жасөспiрiмдер мекемелерiн қалпына келтiру, көптеген пәндер бойынша оқу бағдарламаларын уақыт талабына сәйкес жаңарту арқылы кешендi түрде жүргiзу қажет:

- оқу бағдарламаларының тақырыптық жоспарларына туристiк техника мен дайындық, Қазақстанның тарихи объектiлерiн, бiрегей табиғи ескерткiштерi бiлiмдерiн, жердi бағдарлау және карта бойынша бағдарлау дағдыларын қалыптастыру жөнiнде сабақтар енгiзу арқылы туристiк бiлiмнiң жалпы бiлiм беру деңгейiн жетiлдiру;

- балалар мен жасөспiрiмдердiң мектептен тыс туристiк мекемелерiнiң желiсiн: балалар мен жасөспiрiмдер туризмi станцияларын республикалық буыннан аудандық буынға дейiн, туристiк клубтарды, балаларға арналған туристiк базаларды қалыпқа келтiру және кеңейту.

1. 1 Балалар мен жасөспірімдер туризмінің қалыптасу кезеңдері

Балалар-жасөспірімдер туризмі мен өлкетану жаңа уақыттың (өмірдің) әлеуметтік құбылысы сияқты өнеркәсіп революциясының бел баласы (детище), Батыс Еуропада буржуазиялық қатынастың пайда болуы өсіп келе жатқан ұрпақтың тәрбиесіне жаңа талаптар тудырды. Тарих сахнасына Қайта өркендеу дәірінде құрылымның жан-жақты дамыған тұлғасы шықты. Ең бірінші туристік жорықтарды тәрбиелік және білім беру мақсатында пайдалануға әрекет жасаған «Ойын үйінде»(«в Доме игр») ұйымы болды - мектепте, 1425 жылы Мантуедегі (Солтүстік Италия) Витторино да Фельтре. Сол жердің тәрбиеленушілері Альпі тау бөктеріне бір күндік және көп күндік жорыққа шықты. Туристік жорықтарды физикалық тұрғыдан тәрбие беру мен білім беру мақсатында пайдалануды қолданған белсенділер мыналар: И. Меркуриалис, Э. Роттердамский, Х. Л. Вивес, Т. Мор, Ф. Рабле, М. Монтель.

XVII ғасырдың аяғы, XVIII ғасырдың басында Англия, Франция, Германия, Австрия, Швейцария және тағы басқа елдердің мектептерінде мұғалімдер жеке пәндерді оқытуда жаяу серуендеу мен өңірлерге баруды қолданды. Мұндай саяхаттың қарапайым түрлері экскурсия деген атқа ие болды. Сонымен қатар оқушының зерттеу қабілетін дамыту қажеттілігін көптеген танымал педагогтар мойындады. Я. А. Коменский, Ж-Ж. Руссо, И. Г. Пестолоцци, А. Дистервег өз жұмыстарында білім беру процесінде көрнекілік, зерттеу әдістерінің маңыздылығын бірнеше ретсызып көрсетті. Жаңа типтес мектептерде - қатысушылар алқасына аптасына бір рет рекреациялық (бос күн), негізінен танымдық мақсатта серуендеуге және жорыққа шығуға мүмкіндік берген. Я. А. Коменский көпшілік орта мектептердің программасын өңдей, жетілдіре отырып ұсынды: « . . . оқу жылы соңында екі немесе үш жыл саяхаттауға қалады».

Ресейде саяхатқа деген қызығушылық өлкетанумен тығыз байланысты болып шықты. Бұрынғы ауылдар, қалалар және облыстар мәліметтері жергілікті және жалпы орыстар шежіресіне енді. XVII ғасырдың соңында С. У. Ремизов орысша ең бірінші этнографиялық және археологиялық атлас жасады.

Балалар-жасөспірімдер туризмінің XVIII-ғасырдағы дамуы

Ең алғашқы өлкетанулық зерттеулер XVIII-ғасырдың құрылу дәуіріне жатады және де 13 ақпан 1718 жылғы I-Петрдің жарлығымен байланысты, онда барлық қызықты табылған жаңалықтар мен олжаларды патшаға баяндау, соларды тапқандарды - марапаттау жайында бұйрық берілген. Сонымен қатар кім де кім патшаның көңілінен шығатындай қандай да көне заттарды тапса, нақты айтатын болсақ: бұрын-соңды көрмеген тастар, адамның немесе малдың, балықтың немесе құстың сүйектері, сонымен бірге қандай да тастағы, темірдегі немесе мыстағы ескі жазулар, не болмаса таңқаларлық, бұрын көрмеген мылтық, ыдыс-аяқ немесе тағы басқа сол сияқты заттар алып келуге тиіс болды.

Халықтың көп бөлігін өлкетанулық зерттеулерге жұмылдырып, көңілін аударуға белсенді атсалысқан В. И. Татищев болды. Ол 1734 жылы Ресей бойынша 92 сұрақтан тұратын, ал 1737 жылы «Ресейдің ежелгі замандағы тарихына» жеке аумақтары бойынша мәліметтер жинау туралы 198 сұрақтан тұратын анкетасын таратты.

М. В. Ломоносов 1760 жылы Академиялық анкетаны жан-жаққа таратып, жауабын ғылым Академиясына жіберуін өтінді. Ал өзі «кіші жастағы шаруа балаларын белгісіз кен орындарын, қымбат металл мен тастарды іздеу жұмыстарына тартуға тырысты».

Шынында «халық ғалымдары» арасынан қызықты жұмыстар пайда бола бастады. «Ресей мемлекетінің әр түрлі провинциялары бойынша саяхаттың күнделік жазбалары» И. И. Лепехина (1780-1790 жж. ) ; «Двинскхалқының тарихи бастамасы» (1785ж. ) ; «Холмогор қаласының тарихи кескіні» (1790ж. ) ; «Архангельск қаласының қысқаша тарихы» (1792ж. ) В. В. Крестинина; «Киелі Русьтегі қайыршылар» (1862ж. ) ; «Ресейдегі тәртіпсіздік тарихы мен орыс халқы тарихының байланысы» (1868ж. ) И. Г. Прыжкова.

Практика, әлемді тану негізі, қайта құру ой өзегі сияқты бір қоршаған шындық болды, XVIII- XIX ғасырларда Ресейде білім саласында жүргізілгендей. Дәл осы бағытты Н. И. Новиков, Ф. И. Янкович, А. Н. Радищев белсенді дамытты.

Солардың қызметінің арқасында қоғамдық педагогикалық ортада зерттеу саласындағы «экскурсиялық әдіс» сияқты белгілі көлемдегі жақтаушылар пайда болды. Н. И. Новиков «Балаларды тәрбиелеу және ақыл-кеңес беру» атты мақаласында: «өздері көріп, естіп, сезе алатындарын кітаптан немесе ауызша оқуға балаларды мәжбүрлемеңдер»- деп жазған. Осындай педагогикалық ойлар 1786 жылы «Ресей империясының халықтық училище жарғысында», сонымен қатар 1804 жылы «Оқу орындары мен университетке қатысты мекеменің жарғысында», сонымен қатар сол кездегі құжаттар қатарынан көрініс тапты.

1782 жылы халықтық училищеде бекітілген бағдарламалар бойынша мұғалімдер әр түрлі өлкетанулық мағлұматтар жинау және қолдану, маңызды жергілікті оқиғаларды жазуға бұйырды. Осылай Ресей мемлекетінің тарихында уақыт өте келе анық зерттелген ескерткіштер болды.

XIX ғасырда Батыс Еуропа елдері, сонымен қатар Ресейде «көрнекілік» ойлар (идеялар) мектептерде үлкен атқа ие болды, осы ойлар балалардың шығармашылық қабілетінің дамуы, сонымен қатар оқудың табысты болуының кепілі болды.

Ең бірінші жоспарға білімнің ой прагматизациясы, оның тәрбиелік қолданылу мүмкіндігі алға қойылды. Неміс тілінен аударылған 1913 жылы басылып шығарылған «Мектептегі шығармашылық жұмыс» атты Ф. Гансберг кітабында « . . . Барлық білім осы заманға және келешекке, біздің өмірімізге, адамзаттың дамуына қолданылуы мүмкін болғандықтан мағынаға ие бола алады» деп тіке айтылған. Қолдану - бұл барлық білімде сыналатын тас, ол биология және әлеуметтану деп аталады. Білімнің қолданылуы - бұл өз жағынан индустриялы-буржуазиялық қоғам құрылуының әлеуметтік тапсырысы болды.

Ресейде осы сияқты идеялардың өзіне жол ашуы жай болған жоқ, ол сөзсіз, XIX ғасырдағы оның тарихи даму жағдайымен байланысты. Жер аударуда болған, Ялутордағы қыздар мектебінде сабақ берген желтоқсаншы И. Д. Якушкин оқушылардың әр түрлі зерттеу жұмыстарының формаларын практикада қолданған бірінші адамдардың бірі. Ол балалармен экскурсиялық жұмыс пен туризмді ұйымдастырушылардың және энтузиасттардың бірі. Ол көбінесе жазғы жорықтар мен экскурсияларды қоршаған табиғатты зерттеу мақсатында тәжірибеден өткізді.

Отандық педагогикаға XIXғасырдың аяғы, әсіресе XX ғасырдың басында туристік - экскурсиялық бағыттағы зерттеу жұмыстарына жоғары көңіл бөліне бастады. Осындай педагогикалық жұмыс түрлеріне қоғамның, педагогтардың және оқушылардың өзінің қызығушылығы бірікті. Ғылыми - практикалық білім көзқарасы тұрғысынан экскурсияның нәтижелілігін дәлелдеуде К. Д. Ушинский, А. Я. Гред, П. Ф. Каптеревтердің еңбегі аз емес.

Өлкетанулық зерттеулерді теориялық тұрғыдан дәлелдеген К. Д. Ушинский «Балалармен тоғай мен алаңда өткізілген бір күн . . . мектеп қабырғасында өткізілген көп аптаға татиды» деп сендірді ол. «Отанды басқару» - танымал, орыс тілі мен география методисті Д. Д. Семенов бұл білім саласын осылай анықтады. «Географияны оқыту өңір географиясынан, өздері отырған сыныптың планын оқыи біліп, зерттеуден басталады». А. Я. Гред жаратылыстануды оқыту практикасынан экскурсияны оқу (үйрену) әдісі ретінде енгізді. Ол мұғалімнің міндеті оқушыны зерттеушінің орнына қою деп есептеді. Бірақ балалар өздері тікелей бақылай алмағандарын немесе басынан өткізбеген жайттарды зерттей алмайды.

Орыстардың дене шынықтыруының негізін қалаушы П. Ф. Лесгафт ересектер мен балаларға серуендеуді, экскурсияны және жорықтарды сауығу және шынығу әдісі ретінде қолдануларына табанды кеңес берді. Ол өлкетанулық тәсілді пайдалана отырып былай деп жазды: «Жалпы мектепте оқытылатын пәндер міндетті түрде өмірмен байланысты болу қажет, бұл қаншалықты мүмкін болса, соншалықты әрқашан өмірден көргенге сүйену қажет». Н. Ф. Бунаков және В. П. Вахтеров оқу (үйрену) кезінде өлкетанулық білімін кең көлемде қолдану методикасын өңдеді.

П. Ф. Каптерев 1885 жылғы «Дидактикалық очерктер» атты жұмысында былай деп жазды: « . . . Күмәнсіз, Жер шарын айналу саяхаты оқыту-тәрбие беру түрінде білім беру ортақ қажетті элемент болатын уақыт келеді, . . . педагог мүмкіндігінше әр білім саласындағы негізгі ұсыныстар мен мағлұматтар толық көрнекі жолмен алынуының қамын ойлау қажет, әйтпесе білім негізділігі мен тұрақтылығының жетіспеушілігі болады». Жалпы туристік іс әрекет Ресей мектептері мен мектептен тыс мекемелерде жан жақты талдаудан өтіп педагогика мен психоглогия саласындағы негізгі зерттеулерге байланысты баспасөз беттерінде және ғылыми журналдарда жарық көре бастады.

1. 2 КСРО-дағы туристік-өлкетану шаралары (Моя Родина СССР)

20-жылдардың аяғындағы КСРО-дағы туристік қозғалыс. Пролетарлық туризм қоғамының мақсаты мен міндеттері.

1917 жылғы революциядан кейін де Ресейде туризм мен экскурсияның дамуы жалғаса берді. Ол әсіресе жалпы білім беретін мектептерде болды. Оқу ағарту халық комиссариаты құрыла салысымен, Ресей Кеңестік Федеративтік Социалистік Республикасы халық комиссары А. В. Луначарский профессор И. И. Полянскийді шақырып алып, 1917 жылға дейін өткізіп жүрген сабақтарын - солтүстік облыстардың мұғалімдеріне жаратылыстану бойынша экскурсия жүргізу жөнінде курстар өткізуін өтінді. Халық ағарту комиссариаты революцияға дейін жинақталған қысқа экскурсиялық дайындықтың тәжірибелерін осылайша пайдалана білді.

1919 жылдан бастап қала сыртындағы жаратылыстану - тарихи станциялары құралып, онда оқушылар тәжірибелі педогогтардың жетекшілігімен экскурсиялар өткізуге қатысты. Жаратылыстану - тарихи бағыттағы ұйымдармен қатар балаларға эстетикалық және гуманитарлық тәрбие беретін гуманитарлық станциялар да ашыла бастады. Бұл станциялар гуманитарлық сипаттағы мұражайларға, архитектуралық ескерткіштерге, қалалардың көрікті жерлеріне экскурсия жасады.

КСРО-да жаппай туристік қозғалыс 20-жылдардың аяғынан басталады. 1929 жылға қарай Туристердің ресейлік қоғамы елдегі туристік қозғалыстардың жетекші орталығына айналды. Қоғамға мүше ретінде енген көптеген жұмысшылар оны Ресей Кеңестік Социалистік Федерациясының пролетарлық туризм қоғамы деп қайта атауды талап етті. Қоғам 1929 жылдың 30 қарашасынан бастап жұмысшылардың талап етуіне қарай аталды. Қоғамның төрағасы болып тауда саяхат жасаудың шебері Н. В. Крыленко тағайындалды.

Жарлықта қоғамның төмендегідей міндеттер қоятынын жазды:

а) еңбеккерлер арасында ұйымдасқан туризм идеясын таратып, еңбек демалысын мәдениетті өткізуді қамтамасыз ететін өзіндік саяхаттар жасап, өз елі және басқа елдерді өз көздерімен көріп хабардар болатын, КСРО халықтарымен қарым-қатынас жасауға жағдай туғызуға, адамдарға көркем дағдылар мен табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттыруға, денсаулықтары мен мінез-құлықтарын шынықтыруға бағытталады;

ә) туризмге кең ұйымдасқан қоғамдық қозғалыс сипатын дарыту;

б) туризмнің техникаларын оқып-үйрену және жақсарту;

в) туристерге ұйымдасқан өзара көмек керсету;

г) туризмді әскерилендіру арқылы КСРО-ны қорғауға көмек
көрсету;

д) саяхат кезінде туристермен қоғамдық жұмыстар ұйымдастыру;

е) туризмге өлкетанудың элементтерін енгізу. 1929 жылдың аяғына қарай пролетарлық туризм қоғамының Қазанда, Петрозаводскіде, Қырғызтан және т. б. қалаларда бөлімшелері ашылды.

Пролетарлық туризм қоғамының маңызды міндеті туризм үшін қоғамдық мамандарды дайындау бодды. Алғашқы болып 1929 жылдың маусымында орталық Кавказдың Безенг ауданында тау туризмі инструкторларының курсы жұмысын бастады. Курсқа сол жылдардың туризм мен альпинизмінің ең тәжірибелі маманы В. Л. Семеновский жетекшілік етті. 1917 жылғы революцияға дейін эмиграцияда болған Семеновский швейцариялық Альпі тауларының күрделі емес маршруттарында істеді, емтихан тапсырған соң кәсіби тау жолсерігі атанды. Семеновский тау туризмі мен альпинизмі бойынша инструкторларды оқыту жөніндегі өз жұмыс тәжірибелерін 1930 жылы бастап шыққан «Горный туризм» атты кітабында баяндады. Бұл кітап көпгеген әуесқой саяхатшылар үшін тургом техникасының нағыз оқулығына айналды.

Елдегі туристік-экскурсиялық жұмысты 20-жылдардың аяғына қарай пролетарлық туристік қоғамнан басқа «Советский турист» деген мемлекеттік акционерлік қоғам да жүргізді. Оны 1928 жылы халық ағарту комиссариаты құрған болатын. Бұл қоғамға қоғамның акциясын сатып алған кез келген азамат мүше бола алатын. Бір акцияның құны 1 сом болғанмен, ең кемінде 100 акциясы бар адамның ғана дауыс құқығы бар еді.

Акционерлік қоғамға жоспарлы туризмнің дамуы жүктелді, яғни оның міндеті елдің барлық жерлеріне турбаза желілері мен маршруттарын жасау болды. Бірақ екі ірі ұйым құрылғанмен, елдегі туризмнің дамуына қатысты мәселелердің бәрі шешіле қалған жоқ. Қайта осы ұйымның әрқайсысы елдегі туристік қозғалысқа өздері жеке-дара жетекші болғысы келді. Өзара дау-дамайлар басталып, ол КСРО Халық комиссарлар кеңесінің 1930 жылы 8 наурызда екі ұйымды қосып, Пролетарлық туризм мен экскурсияның бүкілодақтық ерікті қоғамын құру туралы қаулысымен аяқталып, оның басшылығына Н. В. Крыленко тағайындалды.

Бұл ұйымның негізгі идеялары мен міндеттерін олардың ұрандары айғақтай түседі: «КСРО-ны жақсы құру үшін оны жақсы білу керек. Ал жақсы білу үшін турист бол, » «Пролетарлық туризм жаңа адамның қырларын ашады», «Пролетарлық туризм - өзіндік білімденудің жақсы тәсілі», «Пролетарлық туризм адамның көркем дағдысын қалыптастырады», «Пролетарлық туризм қорғаныс қабілетін күшейтуге қызмет етеді», «Кім қарлы тауда адаспаса, сол ұрыстан да қорықпайды».

Қоғамның басты шаруасы туристік шаралардың сауықтыру қызметтерін арттыру болды. «Туризм - ең жақсы демалыс» деген таныс ұран сол 30-жылдары туындағанды. Туризмдегі физкультуралық элементтерге ғылыми негіз жасау талпыныстары да болды.

Жоғарыда мақсаттар мен міндеттерді іске асыруға Пролетарлық туризм және экскурсия қоғамымен қатар Мемлекеттік орталық Курортология институты да кірісті. 1931 жылы осы институтта туризм және жұмыс демалысы секторы құрылды. Осы сектор жорықтарды өткізудің алғашқы ғылыми ұсыныстарын жасады. Қоғам ұйымдастырған барлық маршруттар қиындық деңгейіне қарай үш категорияға, жорыққа қатысушылардың жасына және денсаулығына қарай қойылатын талаптар айқындалды.

Туризм кабинетінің биік тауларға экспедициясы 1931 жылдан Эльбрустен басталды. «II-приютте» өте биік тау шыңдарына саяхат жасаудың денсаулыққа әсері тексерілді. Дәрігерлердің келесі бір тобы балалар туризміне берілетін физикалық жүктемені анықтау мақсатында жұмыс істеді.

Нәтижесінде дәрігерлердің турбазадағы жұмысы, туристерді медициналық тексерістен өткізу бойынша алғашқы инструкциялық материалдар дайындалып, олар жоспарлы сапарға қатысушыларға да, өздігінен маршрут белгілегендерге де ортақ болды.

Туризм Қызыл әскерде де, әсіресе командирлер құрамын дайындайтын әскери оқу орындарында белсенді түрде пайдаланылды. 1929 жылы жазда Қызыл әскердің Орталық үйі жанындағы әскери турбюро Кавказда күндіз-түні жұмыс істейтін 7 туристік база ашты. 1935 жылы бұл бюро туризм бөлімі болып қайта құрылып, осы жылдан бастап әскери округтердегі туризмнің дамуымен туризм және альпинизм секциясы шұғылдана бастады.

  1. дар басындағы КСРО-дағы туризмнің жағдайы мен дамуы.
  2. 1936 жылы КСРО Орталық атқару комитеті елдегі туризмнің жағдайын талдай келіп, ол әрі қарай даму үшін өзіндік ерікті коғам ретінде болуынан пайда жоқ деп тапты. Осы кезенде КСРО-да екі мықты мекеме бар болатын: Одақтық кәсіподақтарда қаржы көп болып, пролетарлық туризм мен экскурсия қоғамында ақша тапшы болды да, туризмге материалдық база жасауды тежей берді. Осы жағдайды Орталық атқару комитеті ескере отырып, 1936 жылғы 17 сәуірде пролетарлық туризм және экскурсия қоғамын тарату туралы шешім шығарып, бұл іске жетекшілік пен бақылауды КСРО Орталық атқару комитеті жанындағы бүкілодақтық дене тәрбиесі кеңесіне тапсырды. Орталық атқару комитетінің қаулысын орындау мақсатында Бүкілодақтық кәсіподақ комитеті 1936 жылы өзінің туристік-экскурсиялық басқармасын құрды. Бұл басқарма өз істерінің бастамасында негізгі қызметі ретінде жоспарлы туристік маршруттарды жетілдіру деп түсініп, ерікті, өзіндік туризмнің өсіп-өрбуіне кесірін тигізіп алды.

Дегенмен де он мыңдаған саяхат әуесқойларының талап етуімен дене тәрбиесі мен спорт жөніндегі бүкілодақтық комитет 1938 жылдан бастап туризм саласындағы өз іс-әрекетін белсенді түрде жандандыра бастады. Комитет 1939 жылдың 26 наурызында «КСРО турисі» белгісі туралы ережені бекітті. Белгіні алудың талаптарына: 2-категориялы күрделіліктегі бір немесе 1-категориялы күрделіліктегі екі саяхат жасауы керек; арнайы бағдарлама бойынша теориялық сынақ тапсыру қажет, онда топография, өлкетану, туризмнің санитариясы мен гигиенасы, геология, ботаника, зоология, метрология, құтқару жұмыстарын ұйымдастыру бойынша сұрақтар және турист таңдаған туризмнің су, жаяу, шаңғы, тау түрлері бойынша сұрақтар болды. Ал су туристерінен 100 метрге аяқ киімсіз, сырт киіммен, жүзудің кез келген әдісімен, уақыты шектеусіз жүзіп өту немесе 300 метрге киімсіз жүзу талап етілді.

«КСРО турисі» деген белгі алғаш рет Боровской қорғанында болған V Москва слетінде, 1939 жылы маусым айында 36 белсенді туриске тапсырылды.

20-30-жылдардағы кеңестік адамдардың үлкен энтузиазмының арқасында отандық туризм тарихында қалған 3 саяхат болды. 30-жылдары туристер арасында саяхатқа ыңғайлы әрі шапшаң жүретін байдарка кең тарап етек алды. Бұл Кеңес мемлекетіндегі ең бірінші байдаркамен жүзу Москва - Астрахань маршруты 1930 жылы көктемде болды. Екі орындық, жорыққа арналған байдарка Москваның экспериментгік шеберханасында жасалды. Оның ұзындығы - 5, 2 м; ені - 0, 95 м; бортының биіктігі - 0, 42 м еді. Байдарканы 8 мм қалыңдықтағы қарағай тақтайлармен қаптап, амалит жапсырып, нитросырмен бояды. Оның тұмсық бөлігіне көлемі 3, 5 шаршы метр желкен орнатуға болатын. Байдаркада жүзу С. Аникинге және 30-жылдардағы атақты боксер Ж. Пелькинге сеніп тапсырылды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Балалар мен жасөспірімдердің туризмінің қалыптасу кезеңдері
Балалар - жасөспірімдер туризмінің XIX ғасырдағы даму тарихы
Қазақстандағы балалар мен жасөспірімдер туризмінің тарихы
Қазақстан туризмі
Жастар туризмінің мәні
Жәнібек ауданында балалар және жасөспірімдер туризмін дамыту мүмкіндіктері
ҚР - дағы су туризм маңыздылығы және дамуы
Туризм бағдарламасындағы туристік жерлер
Қазақстандағы спорттық туризмнің дамуы
Ақтөбе қаласындағы демалыс пен туризмнің дамуы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz