Банкаралық несиелерді ресімдеу



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 37 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР

КІРІСПЕ
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3

1. Банкаралық несие НАРЫҒЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Нарықтағы банкаралық несие ұғымы және маңызы
... ... ... ... ... ... ... ... ... .5
1.2 Банкаралық несие – банктік ресурс көздерінің бірі
... ... ... ... ... ... ... ... ... ..9

2. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ Банкаралық несие нарығынЫҢ ҚЫЗМЕТІН ТАЛДАУ
2.1 Қазақстандағы банкаралық несиені нарығының мәні және рөлі
... ... ... ..15
2.2 Қазақстандағы банкаралық несие нарығының қызмет ету механизмін талдау
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...21

3. Банкаралық несие НАРЫҒЫНЫҢ ДАМУ МӘСЕЛЕЛЕРІ
3.1 Банкаралық несиелеудің шетелдік тәжірибесі
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 26
3.2 Банкаралық несиенің негізгі элементтерін жетілдіру жолдары
... ... ... ...31

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ..35

Пайдаланылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... 37

КІРІСПЕ

Осы кезеңге дейін қаралған мемлекеттік меншікті басқару үлгісі
өнеркәсіптік орталықтанған жүйеде бюджеттік қаржы экономиканы дамытудың
мемлекеттік жоспарлауының шеңберінде бөлінетін, қаржылық-несиелік
мәселелердің заңмен қадағалануын ескермеуі. Еліміздегі нарықтық
қатынастардың дамуымен қатар айрықша маңызы бар банктердің пайда болуымен
кәсіпкерлік қызмет субьектісінің қаржылық-несиелік қатынастарын реттейтін
нақты заңдылықтар керек болды. Бірақатр банктерде өз қызметтерінің
орындалуы үшін әрі пайда табу үшін қарызға ақша алуына тура келеді. Қаржы
таратудағы кең таралған форма несиелік келісімшар негізінде банктен қарыз
алу. Клиенттерді кассалық есептік процессте қызмет көрсету және төлем үшін
банктер бір-бірімен өзара қарым-қатынас, яғни корреспонденттік қатынас
орнатады. Мекемелердің банкаралық несиені корреспонденттік шот арқылы
төлеуінің екі нұсқасы бар:
1. Орталықсыздандырылған – коммерциялық банктердің бір-бірімен
корреспонденттік қатынасына құрылған.
2. Орталықтандырылған – банктер бір-бірімен есеп айырысуы үшін
делдалдық етеді және қаржылық айналымды реттеп, бақылайды.
Корреспонденттік шот – бұл Ұлттық банктің жанына ашылған банктердің
өзіндік есептік шоты. Корреспонденттік шотта коммерциялық банктің меншікті
қаржылары, несиелік есептік операцияларға әсер ететін, клиенттердің
касаалық және басқа да қызметтері сақталады. Коммерциялық банктер Ұлттық
банктен ашқан коммерциялық шоттарының көмегімен банкаралық несие тәрізді
операциялар жүргізе алады. Қазақстан Республикасының нарықтық аймағында
орын алатын барлық экономикалық реформалардың табысты жүргізілуінің негізі
тұрақты ақша айналымының ойдағыдай қызмет етуі болып табылады. Банкаралық
несие жүйесі – бұл кез келген мемлекеттің ұлттық шаруашылығының маңызды
саласы. Коммерциялық банктер мемлекеттің ақша-кредит саясатына сәйкес
әрекет ете отырып, ақша ағындарының айналымына, эмиссиясына, жалпы
массасына әсер ету арқылы ақша қозғалысын реттейді. ҚР Президенті Н.
Назарбаев өзінің Қазақстан халқына арнаған кезекті Жолдауында:
...макроэкономикалық саясаттың басымдықтары туралы. Үкімет, Ұлттық банк,
Қаржылық бақылау агенттігі мемлекеттің қаржылық тұрақсыздық қатерлеріне
қарсы жүйелі де жедел іс-қимылдар жасауының ықпалды тетігін қалыптастырып,
халықаралық рыноктардың Қазақстан экономикасына деген сенімін нығайтуы
керек. Бірінші. Қаржылық бақылау агенттігінің жұмысын жүйелі түрде нығайту
қажет. Елдің қаржы жүйесінің, әсіресе, банк секторының бәсекеге
қабілеттілігін және тұрақтылығын арттыру Агенттіктің Ұлттық банкпен және
Қаржы министрлігімен бірлесе отырып атқаратын басты міндеті болуға тиіс.
Өмір біздің жоспарларымызға түзетулер енгізіп тұратын болады. Біз оған
дайын тұруға тиіспіз. АҚШ-тың біздің банктерге елеулі әсер еткен
ипотекалық дағдарысының сабақтарын естен шығармаған жөн. ҚБА әр банктегі
ахуалды неғұрлым мұқият қадағалап, қажет болған жағдайда алдын алатын және
ықпалды шаралар қабылдауы керек, - деп келтірді.
Осы курстық жұмысымда банкаралық несиенің мәні мен орнын, банкаралық
несие нарығының функциясы мен оны ресімдеу тәсілдерін, банкаралық несие –
банктік ресурс көзі екендігін, Ұлттық Банк несиелік қызметін, несие
нарығындағы банктің қызметін, банкаралық несиелендіру жүйесін жетілдіру
жолдарын қарастырамын. Курстық жұмысының мақсаты – нарықтық экономикадағы
банкаралық несиенің мәні мен оның ролін қарастыру.
Осы мақсатқа жету үшін келесі міндеттер шешілуі керек:
- нарықтық экономикадағы банкралық несиенің мәнін анықтау;
- ҚР банкаралық несие нарығын талдау
- Ұлттық Банктің несиелендіру жүйесі мен оның жетекшілік рөлін
анықтау;
- Коммерциялық банктердің банкаралық несие беру механизмін Халық
Банк АҚ мысалында талдау.
- Банкаралық несие жүйесін жетілдіру жолдары мен шетелдік
тәжірибелерді қарастыру болып табылады.
Зерттеу обьектісі: Халық Банк.
Бұл жұмыста зерттеудің теориялық және әдістемелік негізі ретінде заң
актілері, ҚР Президентінің Жарлықтары мен Жолдауы, ҚР Үкіметінің Қаулылары,
отандық және шетелдік ғалым-экономистердің ғылыми еңбектері пайдаланылды.
Зерттеу нәтижелері салыстырмалы талдау, сараптамалық, есептік-құрылымдық,
экономикалық-математикалық әдістерді қолдану көмегімен жасалынды. Курстық
жұмысы кіріспеден, үш бөлімнен, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер
тізімінен тұрады.
Бірінші бөлімде банкаралық несие нарығының функциясы, оны ресімдеу
тәсілдері, банкралық несиенің мәні мен маңызы, қажеттілігі мен механизмдері
қарастырылды.
Екінші бөлімде Ұлттық Банктегі несиелік қызметке талдау жасалды және
коммерциялық банкттердің банкаралық несиелері Халық Банкі негізінде
талданып, несиенің рөлі талданды. Бұдан бөлек, банкаралық несие қызметіне
жалпы сипаттама беріліп, еліміздің банктеріндегі несие беру жағдайы
бағаланып, сараптама жүргізілді.
Үшінші бөлімде банкаралық несиелеу жүйесін жетілдіру жетілдіру жолдары
мен шетелдік тәжірибелер баяндалды. Сөйтіп банкаралық несие жүйесін
жетілдіруді мемлекеттік қажеттілік ретінде қарастыру қажеттігі ұсынылды.

1. Банкаралық несие НАРЫҒЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1.1 Нарықтағы банкаралық несие ұғымы және маңызы

Банктер - нарықтық құрылымдар жүйесінің орталық бөлімшелерінің бірі,
ал оның қызметінің дамуы - нарық механизмін нақты құруға қажетті жағдай
болып табылады. Несие жүйесінің негізгі буыны - банктер болғандықтан,
масштабы мен маңызы жөнінен несие қатынастарының басым көпшілігі банктер
арқылы өтеді. Банктер мемлекет пен кәсіпорындардың, акционерлік қоғамдар
мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің, мектептер, мен
ауруханалардың, институттар мен бала-бақшалардың және халықтың уақытша бос
ақшаларын шоғырландырып, оларды іс жүзіндегі капиталға айналдырады. Сонымен
қатар, банктер төлем, есеп айырысу, несие беру, сақтандыру секілді сан
алуан операциялар жүргізеді.
Бүгінгі күні әлем адамдарға қарағанда жылдамырақ өзгеруде. Бұл әлем
өзінде аса бағалы құндылықтарға жылдамдық пен уақыт айналып келе жатқан,
ресурстар мен қаржылық ағынды белсенді түрде шоғырландырып жатқан ортақ
жаһандық кеңістікке айналып келеді. Жаһанданудың ырғағы мен қарқыны күннен
күнге жылдамдай түсуде. Сондықтан соларға сәйкес болу үшін адамдар ақиқатты
басып озатын межелерге табысты аяқ басудың жаңаша жолдарын іздестіруі тиіс.
Қазақстанның жаңа әлемде лайықты орынға ие болуы үшін мүмкіндіктері
жеткілікті. Қазақстанның алдында нарық субъектілері бәсекелестігін қолдап
әрі дамыту міндеті тұр. Осы ретте банк ісінің де маңызы арта түсті. Соңғы
екі жыл бойы Қазақстанның банк жүйесіндегі несиелік берешек көлемінің
орташа өсімі жылына 50 пайыздан артып отыр. Елдегі ірі банктерде бұл
көрсеткіш тіптен жоғары, мәселен, 2010 жылы Ұлттық Банк бұл көрсеткіші 71
пайызға жуықтады. Бұл құбылысты мұнайгаз өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы мен
құрылыс саласындағы өнім мөлшерінің тез өсуіне байланысты ел экономикасының
үлкен қарқынмен өсуі, сондай-ақ, экономикалық базаны диверсификациялау
қажеттігіне байланысты банк қызметі, шағын және орта бизнес секілді жаңаша
бизнес-сегменттердің пайда болуы, орта тап өкілдерінің өсуі мен халықтың әл-
ауқатының жақсаруымен түсіндіруге болады. Банк секторының дамуы көбінесе
ел экономикасының жағдайымен белгіленеді. Экономиканың шапшаң өсуі
жағдайында банк секторы, әдетте, неғұрлым жоғары қарқынмен дамиды.
Банкаралық несиелер – бұл бір банктің екінші банкке беретін несиесі
немесе банктің басқа банкке салған депозиттері. Бұл жағдайда несиелік
жағдайлардың субьектісі коммерциялық немесе орталық банктер болады. Еркін
несие қорлары бар банктер оларды банкаралық несие нарығында – ақша
нарығында сатады. Банкаралық несиелердің көмегімен банктер өтімділігі жедел
түрде іске асатын істерді басқара алады, өздерінің қаржыларын қажет уақытта
әрі еркін несиелік қорларын уақытша орналастыруға назар аударады.
Банкаралық несиелер нарығының қатысушыларының қатарына өздерінің іс-
қимылдарын тұрақсыз атқаратын қаржылық жағдайларына байланысты тұрақсыз
атқаратын банктер кіреді. Банкаралық несиелер нарығының белсенді
операторлары – дилер банктер, өздерінің атынан әрі өздерінің есебінен қарыз
беруші немесе несие беруші ролін атқарады. Олардың табысы – пайыздық
маржасы, орналастыру мен қорларының айырмасы. Банктер стандартты ақпарат
алып отырады және келісімдердің орындалуы үшін белгілі құралдарды алып
отырады. Операциялық жүйенің табысы қатысушылардың комиссиялық және
абоненттік төлемдері есебінен төленеді. Несиелік банк басқа банктің
несиесін тікелей және делдалдық жолмен (басқа банк, қор биржасы, брокерлік
бақылау т.б.) арқылы тарта алады. Банкаралық несие нарығының қызметі:
1. Қаржылық рыноктың бас секторындағы банктің активті операциялары үшін
қаражат жеткізуші болып саналады;
2. Банктің ағымдық өтімділік құралы болып табылады;
3. Несиенің әр алуан мерзімі бойынша жіктеу есебінен және несие
орналастыру мен тартудағы бағалардың өзара айырмашылығы есебінен келіп
түсетін қосымша түсім көзіне айналады.
4. Банкаралық несиелер – рынок конъюнктураларындағы өзгерістерді барынша
жылдам елейді.
5. Банк қызметінің барынша тұрақты түріне жатады.
6. Банктердің сенімді клиенттер мен серіктестер тауып, оларға тұрақты
түрде несие беруіне зор мүмкіндік жасайды.
Кредиторға қатыстылар - Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі және
екінші деңгейдегі банктер.
Банкаралық несиелендірудің делдалдары: брокерлік бақылаушылар, қор
биржалары, қаржылық үйлер және несиелеу дүкендері.
Қарыз алушылар қатарына жататындар: екінші деңгейлі банктер мен
банктік емес несиелеу мекемелері.
Банкаралық несиеге мұқтаждық классификациясы:
1. Төлем айналымындағы алшақтық – несие сомасы қарыз алушының жеке
капиталынан аспауы керектігі ескертіледі.
2. Ағымдық өтімділікті қолдау.
3. Тартылған және таратылған қаражат сомасы мен мерзімі бойынша
баланстылық.
4. Активті және пассивті операциялар бойынша сыйақы ставкаларындағы
айырмалар есебінен кіріс келтіру.
5. Валюталық қаржылық нарықтағы операциялар аясын кеңейту.
Несие беруші банк алдында өз міндеттерін орындамаған яғни кредитті
мезгілінде қайтармаған банктер тарапынан үлкен қауіп төнуі мүмкін.
Ал несиені өтеу үшін банк аз мөлшердегі ақша займдарын алуға мәжбүр
болады. Бұдан шығатын қорытынды, бұл шешім өтімділік мәселесін шешуге
мүмкіндік береді. Осының салдары банкаралық дағдарыс әкеп соғуы мүмкін.
Банкаралық несие кредит келісімімен ресімделеді. Банкаралық нарықтағы
ынтымақтастық басты келісімдер негізінде жүзеге асады. Кредит келісімі
мыналарды қарастыруға тиіс:
1. келісім түрі;
2. несиелеу нысаны (несие мақсаты);
3. келісім мерзімі;
4. келісім құны (сыйақы);
5. несиелеумен қамту;
6. келісімшарт бойынша жауаптылардың құқықтары мен міндеттері;
7. өзге де шарттары (форс-мажорлық);
8. қолтаңба.
Банкаралық несиелерді ресімдеу. Банкаралық несиені алу кезінде қарызгер
несиелеу бөліміне келесі құжаттарды тапсырады:
- сома көлемі көрсетілген өтініш хат;
-несие ресурстарына деген талабы;
- пайдалану мақсаты;
- қайтару мерзімі ;
- нотариальдық расталған жарғы;
- мекемелік келісім;
- тіркеу туралы куәлік;
- қолтаңба және мөр бедерлемесімен бейнеленген құжат;
- несиеге өтінім беру күні мен жылдық баланс;
- экономикалқ нормативтер есебі;
- баланстық жеке тармақтар бойынша мағынасы;
- несиені уақытында төлеуге қабілеттілігін дәлелдейтін құжаттар;
- өзге несие беру ұйымдарының кепілдемесі, олардың баланстық көшірмесі;
- жеке жылжымайтын мүлігіне құқығы туралы куәлік.
Несие келісімдері бойынша міндетті құжаттарға жедел міндеттемелер жатады.
Осы міндеттемелермен басты келісімдер аясында кредит сомасын (келісім
договоры) алу ресімделеді. Банкаралық несие берілер кезінде несие берушіге
қарызгер төлемді орындайтындығы туралы құжат береді. Өз кезегінде қарызгер
жедел міндеттемелер береді. Жедел міндеттемелер бір мезгілдік мәмілелерді
бекіту болып табылады. Кредитті алғаннан кейін қарызгер банк ұдайы
кредитор-банкке ө есебін, өзге банктерден алған несиелері жайлы мәлімет
беріп отырады, сонымен қатар ҚР Ұлттық банкі бекіткен ликвидтік
нормативтерді сақтау қажеттігін хабарлап отырады. Қарыз беруші банктің
аналитикалық қыметі қарызгер банктердің қаржылық жай-күйін бақылап отырады.
Тараптар келісімге тұрғаннан бастап бір ай ағымында бір-біріне баланстары
мен экономикалық нормативтерін ұсынатын болады. Банкаралық несиені алуға
ұсынысты қарастыру кезінде қарыз беруші банк қарыз алушы банктен мөр
басылған, қол қойылған соңғы есеп датасының балансын талап етеді. Тараптар
келісімдерге қатысты ақапараттардың нақты болуын және берілген құжаттардың
заңдық күшінің болуын (электронды нұсасы түпнұсқамен сай келуі) қатаң түрде
міндетке алады. Уақытша қаржы ресурстары болған жағдайда немесе несиелерді
алуға қажеттіліктерді дилерлер байланыс жүйесі бойынша келісім бекітуге
бағыттайды.
Мәміледе мынадай шарттар көрсетілген:
- банкаралық несиенің сомасы мен валюта түрі;
- пайыздық үстеме және пайызды өтеу мерзімі;
- корреспонденттік шотқа сәйкес қаражатты қою күні;
- сәйкес төлемерді жүзеге асыру жөніндегі нұсқаулықтар;
- қолданыстағы басты келісімдер датасы мен нөмірге сілтеме.
Банкаралық несиені өтеу несиенің соңғы төлем мерзімінде де мүмкін
болады. Егер қарызгер банктің негізгі қарызы мен үстеме пайызын төлеуге
қаражаты жетпесе, қарыз беруші қарызгерге айып төлетуге құқылы. Банкаралық
несиені немесе оның бір бөлігін тез арада қайтару қажет болса, қарыз
берушінің жабаша келісімі қажет. Банкаралық несиені немесе оның белгілі бір
бөлігін жазбаша келісімсіз мерзіміен бұрын өтеген жағдайда, үстеме пайыз
келісімде бекітілген тармақтарға сәйкес болып қала береді. Келісімшарт
жасау кезіндегі маңызды сәт - несиені өз уақытында қайтару. Банкаралық
несие банкті деңгейіне, оның капиталына, қаржылық жағдайына қарамастан
берілген болуы да мүмкін. Алайда келісімдердің басым бөлігінде банкаралық
несие бойынша белгіленген міндеттемелер банкаралық несие нарығындағы
негізгі мәмілелер есебіна сай беріледі. Несиемен қамтамасыз етуде қарызгер
банктің мүліктері де басты орында саналады. Банкаралық несие бойынша
пайыздық қарыздар келесі заңдар негінде бақыланады:
1. Банкаралық несие бойынша ставка;
2. Шаруашылық субьектілерінің депозит бойынша несие ставкасы;
Несиелік қатынастар шарттарын атқарудағы тараптардың өзара
жауапкешілігі негізгі келісімде жазылады. Қарызгер банктің мерзімін
ұзартқан қарызы үшін екі есеге дейін айыппұл төлеуге мәжбүр болады. Қарыз
беруші банк келіп түсуге тиіс қаржы кешіктірілген жағдайда алынатын
қаржының сомасына қарай күн сайын екі пайыздан бес пайызға дейін үстеме ақы
қосып отырады. Бұл белгілі бір кезеңдегі қарыз беруші банктің
корреспонденттік шотынан алынған ақшаның қарыз алушы банк шотына салынуына
дейінгі айрықша маңызды кезеңмен байланысты. Нәтижесінде несиені алу не оны
белгілі бір мақсатта пайдаланудың шынайы мүмкіндіктері кейінге қалдырылады.
Банкаралық несие бойынша кредит шарттары банктерге, банктерде қызмет
атқаратын еңбеккерлерге тікелей тәуелді. Несие көбінесе үлкен пайызбен
қысқа мерзімге беріледі. Кредит мөлшері қарыз алуға ниетті банктің
меншікті капиталының көлеміне бағынышты. Осы реттегі біріктірілген несие
- банктердің немесе басқа несиелендіру институттарының синдикаты берген
қарыз. Әдетте ондай қарыздарды әуелі көшбасы банктердің шағын бір тобы
ұйымдастырады, олар шарттарды өзара ескереді, содан кейін басқа
несиегерлердің жалпы санын сондай қарыздың шағын үлестерін өзіне қабылдауға
үгіттейді. Біріктірілген қарызға қатысу несиегерлерге несиелер белгілі бір
қарызгерлермен төте келіссөздердің негізінде берілгенге қарағанда,
анағұрлым кем тәуекелді қоржынға ие болуға мүмкіндік береді – қарызгерлер
несие шарттарын өздерінің пікірі бойынша басқа несиегерлерді синдикатқа
кіруге тартып, қажетті ақша сомасын жинауға қабілетті бір органмен келісуі
мүмкін.

Ал ең ірі банктердің бірі – консорциумның басшысы несиелік,
кепілдемелік немесе басқа да банктік операцияларды бірлесіп жүргізу
мақсатында уақытша ұйымдастырған банктер тобы. Несиелер беру бойынша
бірлескен жобаларды іске асыру мақсатында және басқа да міндеттерді шешу
мақсатында банктердің бірлескен қызмет туралы шарттың негізінде
консорциумдар құруға және басқа консорциумдардың, қауымдастықтардың
қызметіне қатысуға құқығы бар. Банктердің жекелеген қарызгерлерді немесе
заңды тұлғалар топтарын бірлесіп несиелендіру үшін, сондай-ақ қаржы
нарығында басқа да қызметті іске асыру үшін, егер оларды жүзеге асыру
банктік қызмет туралы заңнаманың талаптарына қайшы келмесе, өздерінің
қаржылық ресурстарын біріктіру жолымен консорциум құруға құқығы бар.
Банктердің консорциумын құру үшін қажетті шарт оның қатысушыларының тең
несиегер банктердің құрамындағы ықтимал өзгерістен тәуелсіз, біріктірілген
(консорциалдық) қарызды беру туралы шарттың ережелерін өздерінің
орындайтыны жөнінде міндеттеме қабылдауы болып табылады. Бірлескен
қызметтің аталған түрінің қатысушыларының құқықтық мирасқорлары туралы
норма банктердің консорциумын құру туралы келісімге енгізілуге тиіс.

1.2 Банкаралық несие – банктік ресурс көздерінің бірі

Банкаралық несиелер – қымбат кредиттік қор, депозиттерден айырмашылығы
резервтік талап етулер қойылмайды. Сондықтан банкаралық несиеден түскен
барлық ақша банктің пайдалы істеріне жұмсалуы мүмкін.
Несиелік ресурстың құны - банкаралық несие нарығындағы кредиттің
проценттік үстемесі – сұраныс пен ұсыныс әрекеттері негізінде бағаланады.
Несиелік және депозиттік келісімдер банкаралық несиелер нарығында
белгілі бір уақытқа және белгілі бір мерзімге беріледі.
Банкаралық несиелер мен депозитке шектеу қойылғанда банкаралық келісім
деген атауға жөн сілтеу дұрыс емес. Мысалға; банкаралық несиені овернайтты
депозит сияқты қарастыруға болады. Банкаралық несие келісімдері – бұл
жазбаша түрде әрі екі тараптың заңдылықтарын реттеп отырады.
Банкаралық кредит жүйесі басқа банктік жүйелер сияқты екі деңгейді
міндеттейді. Бірінші деңгейі ҚР Ұлттық банкі және коммерциялық банк
қаражаттарының ағымын айқындайды, екінші деңгей коммерциялық банктер
арасында.
Банкаралық несиенің маңыздылығы несие субьектісінен басқа оның
бастапқы элементтеріне, ерекшелігіне, бағытының жылдамдығына және ақысына
байланысты.
Банкаралық несиенің бастапқы элементтері – бұл банктік ресурстар
және кепілдік құны: банкаралық несие бағытының жылдамдығы – бұл
ресурстармен ақылы алмасу, сондай-ақ қарыз беруші мен қарыз алушы банктер
арасындағы кепілдік құны; банкаралық несие жылдамдығы – бұл жылдамдықтың
екі кезеңі: қарыз берудегі және оны жабудағы. Осыдан келіп шығатыны,
Банкаралық несиенің маңыздылығы ақылы алмасудың екі сатысын; қарыз (ссуд)
беруде – қарыз беруші банк, қарыз алушы банктің міндеттерімен қамтамасыз
ееттін тікелей алмасу, ал несиені жапқанда – керісінше, ресурс алмасу,
қарыз алушы банк қамтамасыз ету мен міндеттеу, кредит алған кездеқарыз
алушы банкке міндеттейді. Негізінде банкаралық несие мәні қарыз беруші банк
пен қарыз алушы банк арасындағы формалық құндармен алмасу (несиелік және
кепілдік) тұрады.

Кесте – 1. Несиелік және депозиттік келісімшарттардың жағдайы
Несиелік және Келісімшарт уақытыҚаражаттың Қайтару мерзімі
депозиттік аударылу мерзімі және пайыз төлемі
келісімшарттың
жағдайы
Овернайт 1-жұмыс күні Келісімшарттың Екінші күні
(келісімді жұма алғашқы күні Белгіленген
күні жасағанда уақыттан кейінгі
жұмаға дейін қаражатты аудару
дүйсенбіні қоса уақыты
есептегенде)
Толнекс 1-жұмыс күні Келісімшарт Екінші жұмыс күні.
(келісім жасалған жасағаннан кейінгіҚаражаттың
бейсенбі-жұмадан екінші күн түсімінен кейінгі
дүйсенбіні қоса белгіленген уақыт
есептегендегі
кезең)
Бірінші апта 7 күнтізбелік күн Келісішарт Қаржылық
жасалған күні аударымнан кейінгі
белгіленген 7-ші
күн
Екінші апта 14 күнтізбелік күнКелісімшарт Қардылық
жасалған күн аударымнан кейінгі
белгіленген уақыт
бойынша 14 күн

Банкаралық несиелер экономикаға оң әсер етеді.
Банкаралық несиелер – беріктік және мәндеттілік қасиеттерімен
ерекшеленеді. Банкаралық несиелердің беріктігі оның маңызымен,
құндылықтарды ақылы түрде алмасу қарыз беруші банктің қарыз алушы банкке
кепілдік бағасы арқылы анықталады. Банкаралық несиелер беріктік
қасиетінен, оның міндеттілік қасиеті, алдымен, несиелендіру үшін ресурстық
базаны кеңейту қабілеті шығады. Экономикалық дағдарыс банкаралық несие
сапасын қайта бөлу ресурстардың материалдық өндірістік несиелендіруге
шектеу қояды. Алдыңғы жоспарда басқа да функциональдық қасиеттері, қаржылық
банктегі сегменттер банктік ресурстарды қайта бөлу. Банкаралық несиелер
шектеулі немесе дамымаған болса, ол кей жағдайда банктің ақша шығаруына
меншікті вексель немесе акцепт өнімдеріне салынады.
Банкаралық несиелер қасиеті бір-бірімен тығыз байланысты. Банк жүйесі
тәжірибесінде көбіне бірінші қасиетінің екінші қасиетіне ауысады және
керісінше. Несиелік ағымның жалпы заңы, табиғи және өзіне тән ерекшелігі
бар, сондай-ақ банкаралық несие өзінің маңыздылығымен ерекше. Мемлекеттік
құнды қағаздар нарығының банкаралық несие ағымына әсері коммерциялық
банктерді талдағанда кездеседі. Банкаралық несиенің құрылымы пайыздық
үстеменің, оң және теріс сипатына байланысты өзгереді. Теріс пайыздық
үстеме инфляция жағдайында банкаралық несиенің массасынан қысқа
несиелерінің салыстырмалы салмағы кеңейеді. Банкаралық несиенің ұзақ
несиесін көбейту үшін төрт жағдай керек, несиеге берілген заттың қайтаруға
сенімді болуы, еркін айырбасталатын валютаның курсының бірқалыпты болуы,
мемлекеттік құнды қағаздардың табыс деңгейінің бірқалыпты және банкаралық
несиенің пайыздық үстемесі дұрыс болуы шарт. Оның құрылымына қарағанда
көлемі төлем айналымына байланысты жүйелі түрде ауысып отырады, қарыз
алушының төлеу мүмкіндігі айналымы Банкаралық несие көлемі үшін құрылымдық
элемент болып табылады.
Активтермен төлем айналымы қарыз алушымен үнемі тығыз байланыста болады.
Активтердің өсуі немесе төмендеуі көп жағдайларда төлем айналымының өсуіне
әкеп соғады. Төлем айналымындағы өзгерістер Банкаралық несиелер ағымына
әсер етеді.
Банкаралық несиенің міндеті - банкаралық несие банктің ликвидтік
ағынын көтеру мақсатында және қаражатты рентабельді жұмсауға міндеттейді.
Банкаралық несие еркін қаржы ресурстарымен сауда-саттыққа апарады. Қаржы
ресурстаымен қаржылық жағдайы тұрақты коммерциялық банктер сауда-саттық
жүргізеді. Олар - қорлары бар коммерциялық банктер. Қаржыларды таратудан
түскен пайдаға несие беруші банктер банк саласының басқа бағытында
серіктестік қарым-қатынасқа пайдаланады. Банкаралық несиенің мерзімі қсықа.
Ол несие беруші банкті оперативті түрде қаржы салуға бағыттап, айналымнан
түскен ақшаны және басқа да ресурстарды жұмсайды.

Кесте – 2 Ұлттық валютамен берілген несиелер мен ұлттық валютамен
орналастырылған депозиттер.

Ұлттық валютамен Ұлттық валютамен
Күні берілген несиелер орналастырылған депозиттер
Жалпы көлемі Сыйақылардың Жалпы көлемі Сыйақылардың
млн. теңге орташа ставкасы млн. теңге орташа ставкасы
(%) (%)
01.08 394 5,72 26796 3,85
02.08 397 6,00 29656 3,49
03.08 860 4,94 53466 2,56
04.08 427 6,00 32890 3,38
05.08 436 5,44 30967 3,38
06.08 593 6,08 74016 2,63
08.08 467 6,00 42331 2,21
08.08 1164 4,13 42299 3,16
09.08 1261 5,08 51615 2,41
10.08 508 6,00 39899 1,74
11.08 539 6,00 43554 1,86
12.08 702 6,02 110449 2,10

Банкаралық несие нарығындағы қарыз алушы банк бұл нарықтың жағдайы
мен мақсатын жіті білуі керек. Коммерциялық банк қызметіндегі банкаралық
несиенің ролі мен орны, тарихи қалыптасқан функциялары арқылы анықталады.
- қаржыларын есептік шоттарға және жедел салымдарға салу;
- жинақталған қаржыларын ақылы, жедел, қайтымды жағдайда несие беруге
мүмкіндік беру;
- есептің орындалуы.
Жарғыға сәйкес қарыз алушы банк банкаралық несие келісімшартында несиені
қандай мақсатта жұмсауын айтуға құқылы. Бұл жағдай несие уақыты ұзақ болған
жағдайда және бір қаржылық топта жұмыс істегенде іске асады. Қысқа уақыттық
несиеде қаржы қайда, не үшін пайдаланатынын білу қажет емес. Банкаралық
несиенің маңыздылығы несиелік операциялар түрі сияқты, өзіндік
операцияларымен банк баласы қарыз алушы болады. Несиелендіру бір-бірімен
байланысты үш бағытта шешім қабылдауға байланысты. Несие алушының бағасы,
несиелендіру нысанының бағасы, несиенің жеткіліктілік бағасы. Қарыз алушы
банктің бағасы мынадай етіп қойылады:
- қаржылық нарықтағы қарыз алушы банк жағдайы және жарияланған
рейтингтік беделі, сенімділігі мен басқа да мәліметтері,
мемлекеттік органдар мен кәсіби бірлестіктер мәліметі бойынша;
- қарыз алушы банкте бар мәліметтер бойынша, анализ қорытындысы
бойынша қаржылық жағдайы;
- қарыз алушы банктің белгілі мәліметтердегі анализдік нәтижелері
бойынша тарихы.
Банкаралық несиелер мен депозиттер несиелік және депозиттік келісім
бойынша рәсімделеді, банкаралық несие нарығындағы ынтымақтастық – өзара
келісім арқылы болады. Банкаралық несие нарығындағы ынтымақтастық туралы
басты келісім бір-біріне қысқа уақыттық банкаралық несиелерді өзара тиімді
негізде және оның берілу техникасы негізінде жасалады. Соманың нақтылығы,
несие мерзімі келісімімен және қордың сатып алусату ұсыныстарымен жүзеге
асырылады. Ал онда несиені қамтамасыз ету туралы ешқашан сөз болмайды.
Қазақстандық тәжірибедегі банкаралық несиелер кредиттік келісімшартты
қарастырады:
- шарттың мәні – қысқамерзімді несиені белгілі сомада төлеуге
мүмкіндік беру;
- несиелендіру нысаны;
- келісімшарт мерзімі;
- келісімшарт құны;
- несиені қамтамасыз ету;
- келісімшарттың орындалуы үшін екі жақтың мәндеттілігі мен
жауаптылығы;
- келісімшарттың басқа да шарттары.
Белгілі сомадағы несиені қарыз беруші банктер қарыз алушы банктің
жарғылық капиталын, оның қаржылық және заңды сенімділігін есепке алады.
Несиенің көлемі Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің нормативті талабы
бойынша реттеледі, қарыз беруші банктің көп мөлшердегі сомасы, несие алушы
банктің меншігіндегі қаржыдан көп болмауы, яғни қарыз алушы банктің меншік
капиталынан көп болмауы керек. Қарыз алушы банктің алған мөлшері қарыз
беруші банк капиталының 25 пайызынан аспауы керек, барлық ірі несиелердің
жиынтығы 50% баланстық міндеттемелерін қосқанда несие беруші мекеменің
капиталынан 8 есе аз болуға тиіс. Банкаралық несие нарығындағы бос несие
қаржысы болмаса коммерциялық банктер қысқа уақыттық несие үшін Орталық
банктен көмек алуына болады. Ол банк түсінігінде қарыз берушінің соңғы
инстанциясы және коммерциялық банктерге уақытша дағдарыстан тез өтуге
көмектеседі. Банкаралық несие ресурстаның қозғалысы екінші деңгейлі
банктер арасында айналымдағы ақша салмағының өзгеруіне әкелмейді.
Банкаралық нарықта ресурстар көбіне мына түрде орындалады:
- корреспонденттік шоттағы жұмсалмай қалған белгілі бір уақытқа
келісілген бағада сыйақы төленеді;
- корреспонденттік шоттағы овердрофды түрдегі төленетін несие;
- Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің бағалы қағаздарының қайта
кепілдікке салу және оның есебі;
- орталықтандырылған несиелік ресурстар, экономикалық басым
бағыттарды дамытуға және өкілетті банктер арқылы орналастыру;
- аукциондық негізде бөлініп, орталықтандырылған несиелік ресурстар.
РЕПО жобасы - (келісімшар негізінде қысқа мерзімдік банкаралық несие
үшін 1 сағаттан 1 айға дейін беріледі) ақша қорындағы қаржы жұмсауға
болатын өте ыңғайлы қысқа мерзімдік жоба. Бағалы қағаздар түрінде есептесу,
елеулі қауіп-қатерден сақтайды. Бұл өте икемді, екі жаққа да ыңғайлы әр
түрлі мерзімді белгілеуге болады. Бір тәуліктен бастап РЕПО жобасы
бойынша түскен ақша қорға түсіп отырады. Сатып алушы бағалы қағаздармен
жұмыс істеуге құқылы. Ол сол жерде керісінше РЕПО жобасымен келісімшарт
жасай алады және сондай қағаздармен қамтамасыз етуге әрі қор биржаларын,
репоның мерзімі беткенге дейін қағаздарды алып сатуға болады.

Кесте – 3. Несиелерді тарту және жайғастыру ставкасы

Тарту ставкасы Жайғастыру ставкасы
Индекс
4,50 4,50
Овернайт 2,75 6,00
1 апта 2,80 5,95
2 апта 2,85 5,90
Салымдар
Овернайт
Томнекест
1 апта 2,00
2 апта 2,20
1 ай 2,40
Заем Ұсыныс бойынша ставка (%)
Овердрафт 7,50
Овернайт 8,50

2. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ Банкаралық несие нарығынЫҢ ҚЫЗМЕТІН ТАЛДАУ

2.1 Қазақстандағы банкаралық несиені нарығының мәні және рөлі

Республиканың Ұлттық банкінің басты мақсаты – экономиканы төлем
құралдарымен үздіксіз жабдықтауды қаматамыз ету және елдің барлық кредит
жүйесінің қызмет етуіне жағдай жасау, есеп айырысу жүйесін қалпына келтіру,
банк қызметін реттеу. Ол басқа қаржы-кредит құралдарымен бәселеспейді және
өз қызметінде пайда табу мақсатын көздемейді. Коммерциялық және басқа да
кредиттік мекемелер өз клиенттеріне – шаруашылық субьектілері мен халыққа
не жасаса, Ұлттық банк те соны жасайды. Оның клиенттері – коммерциялық
банктер мен басқа да кредиттік мекемелер. Осыдан келіп, Ұлттық банк
банктердің банкі деген атауға ие болды. Коммерциялық банктер мен жинақ
мекемелері халықтан салымдарды қабылдап, оларға қарыз береді, сол сияқты
Ұлттық банк те банктерден және жинақ мекемелерінен салымдарды қабылдап,
оларға қарыз береді. Ұлттық банк өз қызметін атқару үшін:
- коммерциялық банктердің резервтерін сақтайды;
- коммерциялық банктерге қысқа мерзімді қажеттіліктеріне байланысты
қысқа мерзімді қарыздар береді;
- жалпы ұлттық ауқымда қолма-қолсыз есеп айырысуды жүзеге асырады;
- банктердің қызметіне қадағалау және бақылау жүргізеді.
Ұлттық (Орталық) банктің маңызды қызметі – банктердің, жинақ және
басқа да кредиттік мекемелердің резервтер деп аталатын салымдарын сақтау
болып табылады. Қазақстан Республикасының Ұлттық банк туралы және
Қазақстан Республикасындағы банктер жәәне банктік қызмет туралы Заңдарына
сәйкес барлық мекемелер өз резервтерін Ұлттық банкте сақтаулары тиіс.
өйткені, жоғарыда айтылғандай олардың ақша айналысын реттеуде, коммерциялық
банктердің кредиттік қызметін реттеу және өтімділікті қамтамасыз ету үшін
мтратегиялық маңызы бар. Ұлттық (Орталық) банк – коммерциялық банктерді
және басқа да қаржылық кредиттік мекемелерді кредиттеу қызметін атқарады.
Шетелде орталық банктерді соңғы сатыдағы кредит беруші деп атайды. Олар -
коммерциялық банктерден есеп мөлшерлемесін ала отырып, уақытша жетпеген
өтімді құралдардың орнын толтыру үшін кредит береді. әрине, бұл кредиттер,
сауда вексельдерімен, мемлекеттік бағалы қағаздармен немесе банктердің
меншікті қарыздық міндеттемелерімен қамтамасыз етілуі тиіс. Қазақстан
Республикасының Ұлттық (Орталық) банкі, жалпы банктік жүйені қолдау
мақсатында аукциондық негізде, ломбардтық кредиеттерді және РЕПО
операциялары арқылы кредит ұсынады. Аукциондық кредиттерді енгізу (1993
жылдың аяғында), кезінде көп қолданатын директивті кредиттерден айрықша
кредит ретінде нақты пайыз мөлшерлемесін белгілеуге мүмкіндік берді.
Астаналық және аймақтық банктер үшін аукциондар бөлек жүргізіледі.
Аукционға Ұлттық банк белгілеген экономикалық нормативтер мен бұрын
берілген орталықтандырылған кредиттер бойынша шарттарды орындаған банктер
ғана жіберіледі. Банктерге берілетін аукциондық кредиттер – жұмыс істеп
тұрған банкаралық қаржы нарығы пайда болар алдында қолданылатын ақша-кредит
саясатының уақытша құралы болып табылады.
Банктерге ломбардтық кредит беру, тек ақша массасына бақылау
міндетінен туындайтын Ұлттық банктің лимитімен шектеледі. Ломбардтық
кредиттер банктік қызметті жүзеге асыруға лицензия алған, өз активтерінің
құрылымында мемлекеттік бағалы қағаздар мен олардың кепілдігі бар барлық
банктердің резиденттерін тарта алады. РЕПО операциясы екі бөлімнен тұратын
қаржылық операция: бірінші бөлімде Ұлттық банк бастапқы дилерге бағалы
қағаздар сатады, сонымен бір уақытта Ұлттық банкке келісімнің екінші
бөліміндегі қатысушыларға ол бағалы қағаздарды сатып алу міндеттемесін
жүктеп, ал бастапқы дилерге оларды РЕПО келісім белгіленген мерзімді Ұлттық
банкіге ақша қаражаттарына айырбастау үшін қайтаруды жүктейді. Кері РЕПО
операциясынан РЕПО операциясының айырмашылығы – дилер РЕПО-ны жабу кезінде
оларды қайта сатып алады. Бұл операция банктерге қысқа мерзімді кредит беру
немесе банктердің артық өтімді қаражаттарын алу үшін қолданылады.
Банкаралық несие нарығындағы қолданылатын коммерциялық банктердің
көрсеткіштері:
- баланс активінің сомасы;
- банктің меншігіндегі қаржысы;
- салықтан түсетін пайдасы;
- қаржалай қарыздарының қалғаны;
- төленген жарғылық қоры;
- банкаралық несиеден алынған пассив балансының үлесі;
- жедел депозитті пассив балансының үлесі;
- капитал мен активтердің өзара байланысы;
- несие портфеліндегі ақшалай қарыздардың үлесі.
Банк өз қызметінде банкаралық несие нарығында мынадай терминдерді
қолданады:
Ұстаным (позиция), ұстаным мөлшері, ұстаным белгісі. Егер банк осы
уақытта бос қаржыларға ие болса, оның шамасы Р-гриьен, ол банкаралық несие
нарығында орналаса алады және банк оң ұстанымға ие оның шамасы Р-ға тең.
Керісінше, егер банк қаржысы Р-гриьен шамасында болмаса, оның ұстаным
белгісі теріс шамаға ие, ал мөлшері Р-ге тең. Осы терминдерді пайдалана
отыры, банкаралық неисе нарығындағы сұраныс пен ұсынсықа сол уақыт
мерзімінде формалық анықтама беруге болады.
- сұраныс Рк тең болса, к-индексі банкаралық несие рыногыдағы теріс
мәндегі банктердің барлығы болады;
- ұсыныс Рк сомасына тең болса, к-индексі банкаралық несие
нарығындағы банктердің оң көзқарастағы банктердің барлығына бірдей
болады.
Коммерциялық банк басқа банктерден несиені тікелей немесе делдалдық
жолмен тарта алады (басқа банк, фондтық қор, брокерлік қадағалау).
Банкаралық несие - өте қымбат несилік қаржы, депозиттермен салыстырғанда
олардың үстінен резервтік талап етулер болмайды. Сондықтан банкаралық
несиеден түскен барлық пайда банктің пайдалы салымдарына жұмсалады.
Банкаралық несиелендірудегі жоғары талаптар мен оперативті төлемдер қарыз
алушы банкке ірі банктермен бірлесіп әрекет қылуға, тармақталған
корреспонденттік желісі бар Relcom, SPRINT-ті пайдаланатын ал резидент емес
тұлғалармен есептесу үшін SWIFT жүйесін қолданады.

Сурет 2. Несиелеу жүйесінің элементтері
*Шелекбай Ә., Банк ісіндегі тәуекел-менеджмент, оқу құралы Алматы
Экономика – 2009, 18-39 беттер.

Несиелік қаржылардың бағасы – пайыздық үстеме. Ол банкаралық несие
нарығындағы сұраныс пен ұсыныстың бірлескен әрекетінен келіп шығады.
Пайыздық үстеменің деңгейі банкаралық несие нарығында несиенің мерзіміне
байланысты дифференцияланады. Банкаралық несие нарығындағы несиелік мәміле
стандартты уақыт режімінде және басқа да уақытта жүргізіледі. Банкралық
несие шегінде банкаралық келісім атауына жөн сілтеуге болмайды. Мәселен;
бірқатар банкаралық несиені овернайтты депозит сияқты қарастыруға болады.
Сондай-ақ банкаралық несиеге онкольдік қарыздар жатады. Онкольдік қарыз –
бұл банкаралық қарыз, қайтарымдық жағдайда, ақылы, жедел, қамтамасыз
етілген, пайдалануы мен кепілдігі белгіленген, бір ылдан отыз жылға дейін
беріледі. Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің несие портфелі қажетті
несие портфелі мен резервінің болып қалуы мүмкін шығындарды жабу
классификациясын анықтайды. Ұлттық банктен берілетін несиелер қарыз
алушының қайтару уақытын сақтауы, несиемен қамту көрсеткіші және
қарызгенрдің қаржылық жағдайы төмендегі жағдайлар бойынша жіктеледі:
- стандартты;
- күмәнді;
- шығынды.
Стандартты – бұл кепілдік берілген, кешіктіруге болмайтын несие.
Аталған топқа Қазақстан Республикасының Үкіметіне, екінші деңгейлі
банктерге берілетін Еуропаның қайта құру және Даму банкінің қаржылық
есебінен, Қазақстан Республикасының кіші және орта бизнесті дамтыу
бағдаламасы бойынша беіледі.
Күмәнді – бұл стандарттық талаптарды қанағаттандыра алмайтын және көп
шығын әкелетін несие, оны қайтару кезінде 30 күндей кешігетін.
Шығынды - бұл негізгі қарызын уақытынан 30 күндей кешіктіріп төленетін
қарыз. Шығынды несиелер қатарына Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің
соңғы инстанциялық несиелік қарыздары да кіреді. Ұлттық банктің операциялық
шығындарынан резерв бекітеді.
Ұлттық банк мынадай несиелерді банктерге қарызға береді:
1. күндізгі екінші деңгейлі банктердің төлемдері мен ақша
аударымдары үшін корреспонденттік шоттарындағы ақшаларының аз
кезінде және уақытша болмауы кезінде беріледі;
2. овернайт – бір түнге беріледі, банктермен есептесу үшін Ұлттық
банктегі корреспонденттік шоттарында дебеттік сальдоның пайда
болуы негізінде жүзеге асырылады;
3. соңғы инстанциядағы несие беруші ретіндегі қарыз;
4. белгілі бір бағыттағы қарыз.
Қазақстандық көптеген рейтигтік агенттіктер банктің қаржылық
жағдайының мынадай басты бес шартына сүйенеді:
капиталдың жеткіліктілігі;
- активтердің сапалылығы;
- баланстың өтімділігі;
- қызетінің нәтижеілігі;
- банкті басқару деңгейі.
Банкаралық операциялар жүргізу үшін коммерциялық банктер бір-бірімен
келісімшарт (депозит, кредит негізінде) жүргізеді. Ұлттық банктен
корреспонденттік шот ашып, есеп жүргзеді. Ұлттық банк берген лицензия
арқылы әр түрлі операциялар жүзеге асырылады. Коммерциялық банктер Ұлттық
банкпен жасаған келісімшарттарына сәйкес клиенттеріне берген уәделерін
орындау үшін Ұлттық банктен қаржы ала алады. Коммерцилық банктер ақша
сақтау операцияларына (депозит), қысқа, орта және ұзақ мерзімді несиені
кіші және орта бизнеске, ірі корпорацияларға, үкіметтік органдарға,
қаржылай және қор түріндегі қызметтер, электронды және брокерлік қызметтер,
жол жиектері мен операцияларға қатысты клиенттерге кассалық есептік қызмет
етеді.
Банктердің сенімділік рейтингі
Жоғары сенімділік категориясы А
А 3 – жоғары
А 2 - өте жоғары
А 1 – биік
Орташа сенімділік категиясы В
В 3 – қалыпты жоғарылық
В 2 – орташа
В 1 – қанағаттанарлы тұрақты
Қанағаттандырымайтын сенімділік категориясы С
С 3 – қалыпты деңгейде анықталмаған
С 2 – анықталмаған
С 1 – тіпті анықталмаған

Ұйымдастырушы банк әдістемесі бойынша несие төлеу қабілеттілігінің
рейтингі
Жоғары несие төлем категориясы LA
LA – ең жоғары
LA – тым жоғары
LA - жоғары
Несие төлеу қабілеттілігінің төменігі LВ
LВ 3 – анықталмаған
LВ 2 – ортадан жоғарылау
LВ 1 - орташа
Несие қабілеттігінің төменгі категориясы LC (жария етілмейді)
LC 3 – жақсы
LC 2 – төмен
LC 1 - өте төмен
Несие төлеуге қабілесіздік категориясы LD (жария етілмейді)
LD 3 – несие төлеуге қабілетсіздік
LD 2 – төлем қабілетсіздігі
LD 1 – арнайы лицензиясы бар банк

Қазақстан Ұлттық банкі мемлекеттік несие саясатын және оның
анықтайтын және жүзеге асыратын орган болып табылады. Қазақстан Ұлттық
банкі несие саясатының басты мақсаты: ұлттық валютаның тұрақтылығын, яғни
оның төлем қабілеттілігі мен басқа шетел валюталарына қатысты тұрақтылығын
қамтамасыз етуді көздейді.
Несие – бұл айналыстағы ақша жиынын, несие көлемін, сыйақы
мөлшерлемесін өзгертуге, жалпы банк жүйесінің қызметін реттеуге бағытталған
шаралар жиынтығы. Несие саясатының макроэкономикалық деңгейдегі субъектісі-
Ұлттық банк болып табылады. Ал несие саясатының Ұлттық банк тарапынан
реттеу объектілеріне экономикадағы қолма-қол және қолма-қол ақшасыз
жиынының жиынтығы жатады. Несие саясатының түрлері:
Шаруашылық жағдаятына байланысты ақша-несие саясатының екі типі болады:
1) Рекстрикциялық - несие саясаты;
2) экспанциялық -несие саясаты;
Рекстикциялық -несие саясаты- екінші деңгейлі банктердің несиелік
операциялар көлемін шектеуге және қатаң шарт белгілеуге, сондай-ақ сыйақы
мөлшерлемесінің деңгейін арттыруға бағытталатын шаралар жиынтығы.
Экспанциялық -несие саясаты – несие беру көлемін кеңейтумен,
айналымдағы ақша жиынының өсуіне бақылаудың әлсіздігімен және сыйақы
мөлшерлемесінің төмендеуіне байланысты сипатталады. Соңғы жылдардағы ақша-
несие саясатының басты көздеген бағыты: инфляцияны төмендету және теңгенің
тұрақтылығын қамтамасыз ету. Нарық жағдайында банктердің ресурстық
потенциалын өсіру мәселелері және оның тұрақтылығын қамтамасыз ету бірінші
дәрежелі маңызға ие. Несиелік ресурстар халық шаруашылығының уақытша бос
ресурстары мен жинақтары (ақшалай және тауарлай формада) және банктік
жүйенің арнайы несиелеу үшін арналған қаражаттарның жиынтығы.
Несиелік ресурстар - ақшалай ресурстардың бір формасы. Демек, біздің
көзқарасымызша, экономикалық белгісі бойынша анағұрлым дұрысы, несиелік
ресурстардың қайтарымдылық негізде уақытша пайдаланылатын ақшалай
қаражаттарының бөліктері ретінде айқындалуы болып табылады. Коммерциялық
банктер қарыз беру процесінде пайдалану үшін жинақтайтын несиелік ресурстар
келесі көздер есебінен құралады:
• депозиттер;
• банкаралық заемдар;
• коммерциялық банктердің меншікті қаражаттары.

2.2 Қазақстандағы банкаралық несие нарығының қызмет ету механизмін талдау

Банк – коммерциялық ұйым, ақша нарығында операциялар жүргізеді және
негізгі алдына қоятын мақсаты – пайда табу. Сол себепті, банк коммерциялық
мекеме болғандықтан, үнемі пайданы өсіріп отыруын көздейді, банк балансының
ликвидтілігін сақтау іс - әрекеті мен болжамды қауіп шығындар арасында
операциялар жүргізіп отырады. Банк өз тапсырмаларын орындау үшін бірнеше
қызметтерін, қатарын атқару керек. Ол банктің операциялары деп аталады.
Банктің операциялары біріншіден тек қана банктің өзін қарастырып қоймай,
өндіріс саласын, ауыл шаруашылығын т.б.экономика салаларын қарастыру керек.

Банктер екі негізгі тапсырмаларды орындайды:
1. Олар өздеріне халықтағы барлық бос ақшаларды жинақтау.
2. Олар осы ақшаларды экономиканың тиімді саласында орындау, яғни
тиімді пайдалану керек.
Банк функциясының ішінен келесілерді белгілеп көрсетуге болады:
1. Ақша жасау және жою, яғни несие және инвестициялық операциялар
2. Төлем механизмін қамтамасыз ету.
3. Жинақ аккумуляциясын қамтамасыз ету, яғни оларды экономиканың
әлеуметтік жағынан керек салаларға қолдануға жіберу.
4. Банк қызметтерін жүзеге асыру.
5. Сенім операциясы.
6. Құндылықтарды сейфтерде сақтауды жүзеге асыру.
Коммерциялық банктер негізінен өз клиенттерінің шаруашылық
қыметтеріне қызмет көрсетумен байланысты несиелік есеп айырысу және
қаржылық операциялардың барлық түрлерімен айналысады.
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Банкаралық несие
Қаржылық емес агенттерге берілетін несие
Валюталық операциялардың экономикалық мазмұны
Банк несиелері мен қарызға алынған қаражаттардың есебі мен аудиті
Кассалық операциялар
Банкте корреспонденттік қатынастарды ұйымдастыру
Kaspi bank АҚ-ның қызмет ету және несиелерді ұйымдастыру
Валюталық операциялар туралы
Клиенттерден қабылданған депозит суммаларының есебі
Коммерциялық банктегі несиелерді ұйымдастыру
Пәндер